Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і ~рбір аралы~ ба~ылауда магистрант 2 тапсырысты MS Excelде ~збетінше орындап орында~ан ж~мысы бойынша компь

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 16.5.2024

“MS Excel-де бизнес–шешімдер қабылдау” пәнінен аралық бақылауларды өткізуге арналған есептер жиыны

Көңіл аударыңыз! Аралық бақылау 8 және 15 апталарда өткізіледі. Әрбір аралық бақылауда магистрант 2 тапсырысты MS Excel-де өзбетінше орындап, орындаған жұмысы бойынша  компьютерде презентация жасауға міндетті.

1-ші аралық бақылауды (8-аптада) өткізуге арналған тапсырыстар

Сызықтық модельдер арқылы бизнес-шешімдер қабылдау

1-ші тапсырыс

Ескерту: Әрбір магистрант нақтылы нұсқаның нөмірін  қарастырылып отырған пәннен сабақ жүргізетін оқытушы бекітеді.

1-нұсқа. Кәсіпорында 3500 м2 егіске көкөніс өндірілмекші. Барлық көкөніс өнімдері 100 ц кем болмауы міндеттелген және  1 ц көкөніс өндіруге кететін шығындар төменде кестеде келтірілген.

Көкөніс түрлері

1 ц көкөніс өндіруге кететін шығындар

Ақша шығыны, мың.теңге

Егіс ауданы, м2

Көк жуа

25

35

Қияр

30

30

Помидор

35

28

Жалпы өзіндік құн минимальды болатын көкөніс өндіру жоспарын анықтаңыз.

 2-нұсқа.  Үш фермерлік қожалық 10 мың центнерден кем емес  сүт өндіруге тиіс.  Әрбір фермерлік қожалық туралы керекті мәлі-меттер төменгі кестеде келтірілген. Жалпы сүттің өзіндік құны минимальды болатын өндіріс жоспарын құрыңыз.

Фермерлік қожалықтар

1 ц сүттің өзіндік құны, теңге

Сиырлар саны, бас

Бір сиырдан өнді-рілетін өнім, ц

І

24

100

32

ІІ

26

120

31

ІІІ

27

110

34

3-нұсқа. Фермерлік қожалықты максимальды пайда алуға  жеткізетін өндіріс жоспарын құру керек. Өндірістің 1 га есептелген экономикалық көрсеткіштері төмендегі кестеде берілген.

Көрсеткіш

Бидай

Арпа

Картоп

Өндірілетін өнім, ц

13

20

120

Механикаландырылған жұмыстағы еңбек шығыны, адам-күн

3

2

25

Қолмен істелетін жұмыстағы еңбек шығыны, адам-күн

5

4

50

1 ц өнімнен түсетін табыс, мың теңге

12,5

12,5

8

1 га егіске кететін толық шығын, мың теңге

30

35

45

    

Фермерлік қожалық, 5000 га жыртылған жер мен механика-ландырған жұмыс үшін 15000  адам-күн мен және 30000 адам-күн жұмысшылар қорымен қамтамасыздандырылған.

  4-нұсқа. Бір кәсіпорын екі түрлі (А және В) заттарды құрастыру үшін үш түрлі технологиялық құралдар қолданады. Заттардың әрқайсының бір данасын құрастыру үшін осы үш құралдың қанша уақыт қолданылатыны төмендегі кестеде келтірілген.

Құралдар

Заттың бір мөлшеріне қажетті уақыт, сағат

А

В

І

2

8

ІІ

1

1

ІІІ

12

3

Шығын, мың теңге

2

3

 Кәсіпорын бірінші және үшінші құралды, сәйкесінше 26 және 39 сағаттан артық қолдана алмайды. Екінші құралды 4 сағаттан кем қолдану  тиімсіз.

Мақсат құрастырылған заттардың жалпы өзіндік құны өте аз болу үшін кәсіпорын әрбір затты қандай мөлшерде құрастыру  керек.

5-нұсқа. Бұршақ, сұлы және азықтық қызылша өндірілмекші. Шаруашылықта егістік жер – 500 га, еңбек қоры – 4200 адам-сағат, қаржы – 100000 тенге. Азықтық қызылша өндірілетін егіс ауданы 50 га аспау керек.

1 га есептелген көрсеткіштер

Егіс өнімдері

1 га шығындар

1 га өндірілетін өнім мөлшері, теңге

Еңбек, адам-сағ.

қаржы, тенге

1. Бұршақ

5,2

100

6700

2.Сұлы

4,8

100

6680

3. Азықтық қызылша

42,0

250

33200

Өндірілген өнімдердің жалпы бағалар сомасы максимальды болуын қамтамасыз ететін ауылшаруашылық дақылдарының оңтайлы сәйкестендірілген егіс ауданын анықтаңыз және оңтайлы шешімді талдаңыз.

6-нұсқа. Шаруашылықта көк азық және ірі азық үшін көпжыл-дық және біржылдық шөп  өндіріледі. Егіс ауданы – 400 га, еңбек қоры – 2000 адам-сағат,  көк азық үшін көпжылдық шөптің егіс ауданы 100 га аспауға тиіс.

Мал азығы дақылдарын өндірудің тиімділігі

Көрсеткіштер

Көпжылдық шөп

Біржылдық шөп

көк азыққа

ірі азыққа

көк азыққа

ірі азыққа

1. 1 га еңбек шығыны, ад.-сағ.

2,0

3,0

3,5

4,5

2. 1 га өндірілетін азық, ц  а.ө.б.

30,0

25,0

25,0

20,0

Оңтайластыру критериясыбарлық егіс ауданынан макси-мальды азық өндіру (ц а.ө.б. бойынша), есептің шешімін талдау.

7-нұсқа. Бұршақ, сұлы, қыстық бидай және картоп өндіріл-мекші. Шаруашылықта егістік жер – 700 га, қыстық бидайдың егіс ауданы, барлық  дақылдардың егіс ауданының 1/3 бөлігінен аспау керек және картопқа қажетті егіс аудан 200 га көп болмауға тиісті.

1 га алынатын өнім және 1 ц өнімнің сатылатын құны

Өнім түрлері

1 ц алынатын өнім, ц/га

1 ц өнімнің сатылатын құны, мың теңге

1. Бұршақ

65,0

20,0

1. Сұлы

20,0

9,0

2. Қыстық бидай

25,0

13,0

3. Картоп

150,0

6,0

Өндірілген өнімдерді сатып, алынған табыс максимальды болуын қамтамасыз ететін ауылшаруашылық дақылдарының оңтайлы сәйкестендірілген егіс ауданын анықтаңыз және оңтайлы шешімді талдаңыз.

8-нұсқа. Шаруашылықта сұлы, жүгері силосқа және ірі азық үшін көпжылдық шөп өндірілмекші. Егіс ауданы – 600 га, еңбек қоры – 3000 адам-күн. Сұлының егіс ауданы 200 га көп болмасын. Силосқа арналған жүгерінің егіс ауданы қалған жердің ауданының жартысынан аспау керек.

Өндірілген мал азығының азық өлшем бірлігі максимальды болуын қамтамасыз ететін ауылшаруашылық дақылдарының оңтай-лы сәкестендірілген егіс ауданын анықтаңыз және оңтайлы шешімді талдаңыз.

Мал азықтық өнімдерді өндіру көрсеткіштері

Көрсеткіштер

1 га алынатын азық, ц а.ө.б.

1 га еңбек шығыны, адам-күн

1. Сұлы

25,0

3,0

2. Силос үшін жүгері

24,0

2,0

3. Ірі азыққа көпжылдық шөп

16,0

2,0

9-нұсқа. 1000 га жерге көпжылдық шөп егілген. Осы көп-жылдық шөпті ірі азыққа, көк шөпке және силосқа жинамақшы. Оның ішінде кем дегенде 21000 ц а.ө.б. ірі азық және 12000 ц а.ө.б. силос алынуы керек. Шаруашылықта жалпы еңбек қоры 15760 адам-сағат.

Жинау тәсіліне байланысты көпжылдық шөпті өндіру төмен-дегідей көрсеткіштермен сипаталынады:

Көрсеткіштер

Көпжылдық шөп

Ірі азыққа

Көк шөпке

Силосқа

1. 1 га алынатын өнім, ц

50,0

125,0

250,0

2. 1 ц өнімге керекті еңбек шығыны, адам-сағат

0,2

0,128

0,1

3. 1 ц азықтағы азық өлшем бірлігі (а.ө.б.)

0,5

0,4

0,16

Оңтайластыру критериясы – максимальды азық өндіру, а.ө.б. Есептің шешіміне талдау жүргізіңіз.

10-нұсқа. Кәсіпорнында төрт түрлі: Ө1, Ө2, Ө3 және Ө4 өнімдер өндірмекші. Олардың бір бірлігін өндіруге керекті еңбек, материальдық және қаржы қорлар шығындары төменгі кестеде берілген.

Сұранысқа байланысты әрбір өнімнің төменгі және жоғарғы өндіру шектері анықталған (кестені қараңыз). Осы деректермен есептің максимальды пайдаға көзделген математикалық моделін тұрғызыңыз. Есептің шешіміне экономикалық-математикалық тал-дау жасаңыз.

Қорлар

Өнім түрлері

Қорлар мөлшері 

Ө1

Ө2

Ө3

Ө4

Еңбек шығыны

1

2

3

4

40

Материалдық шығын

6

5

4

3

110

Қаржы

4

6

8

12

100

Өнім өндіру шегі

Төмегі

12

5

2

3

-

Жоғарғы

3

-

Пайда

60

70

120

130

2-ші тапсырыс

(Магистрант журналдағы реттік нөмірі бойынша орындайды)

Төмендегі шартпен өнім өндірудің оңтайлы жоспарын құру есебін шығарыңыз.

Екі түрлі өнім үш түрлі шикі заттардан жасалынады. Бірінші өнімнің бір данасын жасау үшін  шикі заттар,  сәйкесінше: а1, в1 және с1 кг мөлшерде, ал екінші өнім үшін: а2, в2 және с2 кг мөлшерде қажет. Кәсіпорында шикі заттар мөлшері, сәйкесінше: А, В және С кг. Бірінші өнімнің бір данасынан түсетін пайда Р1 а.б. (ақша бірлігі) және екінші өнімнің бір данасынан – Р2 а.б. Алынған оңтайлы шешімге экономикалық-математикалық талдау жүргізіңіз.   

Нақтылы мәліметтер кестесі

нұсқа

а1

в1

с1

а2

в2

с2

А

В

С

Р1

Р2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

14

14

6

5

8

12

350

392

408

10

5

2

16

9

6

4

9

12

400

333

360

9

12

3

12

4

3

3

5

14

284

136

266

6

4

4

14

4

3

4

4

12

252

120

240

30

40

5

15

4

4

2

3

14

285

113

322

15

9

6

16

3

3

2

2

15

304

83

375

10

12

7

13

4

3

2

4

14

260

124

280

12

10

8

9

7

4

5

8

16

1431

1224

1328

3

2

9

6

5

3

3

10

12

714

910

948

3

9

10

15

5

4

4

3

8

225

100

192

6

8

11

2

3

4

5

6

36

80

102

91

5

11

12

10

8

6

4

6

12

196

168

182

18

10

13

3

2

1

6

5

5

102

80

75

3

10

14

4

2

6

10

10

12

166

138

182

6

20

15

3

4

2

4

7

8

182

807

768

3

2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

16

3

4

3

5

8

11

453

616

627

2

5

17

3

4

5

6

3

2

102

91

105

7

9

18

5

3

2

2

3

3

505

393

348

7

4

19

5

4

3

3

3

4

750

630

700

5

6

20

6

4

3

2

3

4

600

520

600

6

3

21

4

7

6

3

5

3

552

607

476

3

6

22

5

5

9

7

1

5

446

503

333

10

12

23

8

7

2

9

9

4

252

321

450

13

7

24

6

5

4

7

2

8

267

444

650

7

12

25

4

5

6

7

8

9

765

655

546

4

3

26

3

2

3

5

5

8

620

345

400

2

7

27

14

9

3

4

3

15

260

85

280

3

9

28

16

4

3

2

2

14

714

948

910

12

9

29

12

4

4

2

4

16

225

102

91

5

10

30

15

3

3

5

10

8

80

102

91

8

4

2-ші аралық бақылауды (15-аптада) өткізуге арналған тапсырыстар

Транспорттық типтес модельдер бойынша бизнес-шешімдер қабылдау

1-ші тапсырыс

Ескерту: Әрбір студентке нақтылы есептің нөмірін  қарастырылып отырған пәннен сабақ жүргізетін оқытушы бекітеді.

1-есеп. Үш қоймада А, Б, В,  әртүрлі сортты дәнді дақылдар мынадай мөлшерде: 100, 150, 250 т  сақтаулы. Осы дәнді дақыл-дарды төрт шаруа қожалығына (ШҚ) тұқымдыққа мынадай мөл-шерде: 1-ШҚ – 50 т,  2-ШҚ – 100 т, 3-ШҚ – 200 т, 4-ШҚ – 150 т жеткізу керек.  Бір тонна дәнді тақылдарды  ШҚ жеткізу шығыны кестеде берілген.

Қоймалар

Шаруақожалықтары, 1 т/ мың тгн

Дәнді

дақылдар, т

1-ШҚ

2-ШҚ

3-ШҚ

4-ШҚ

А

1,0

1,5

0,8

0,75

100

Б

2.0

2.1

2.3

2,0

150

И

1,0

1,6

0,9

1,5

250

Д.д керек мөлшері, т

50

100

200

150

Дәнді дақылдарды оңтайлы тасымалдау жоспарын құрыңыз.

2-есеп. Жүк тасумен айналысатын жекеменшік шаруашылығы бар кәспкер келсім шарт бойынша үш шаруа қожалығынан мына-дай мөлшерде, сәйкесінше:  1-де – 60 т, 2-де – 130 т және 3-де – 90 т, жиналған картопты, төрт сату орнына: 1-ге –30 т,  2-ге –80 т, 3-ге –60 т және  4-ге –110 т  мөлшерде таситын болды. Тасымалдау тарифы (1 тонна картоп тасымалдауға кететін жанармай мөлшері, л) жол қашықтығы және автокөліктің техникалық сипаттамасы бойынша есептелініп, кестеде келтірілген.

            вj

aі

30

80

60

110

60

6

8

15

4

130

9

15

2

3

90

6

12

7

2

Кәсіпкерге жанармай шығыны минимальды болатын оңтайлы жоспар құру керек.

3 -есеп. Мынадай мөлшерде:  90, 190, 40, 130  ц  түйе сүтін өн-діретін төрт шаруа қожалығынан, үш сүт зауытына: 270, 40, 110 ц мөлшерде сүтті тез арада жеткізу керек. Шаруа қожалықтарымен сүт зауыттарының арақашықтығы кестеде берілген.

Сүт таситын автокөліктің әрбір шаруа қожалғымен әрбір сүт зауытының арасында жүріп өткен жолы минимальды болатын оң-тайлы жоспар құру керек

            вj

aі

270

40

110

90

7

15

3

190

13

8

15

40

9

7

20

130

8

10

6

4-есеп. Төмендегі кестеде М - өте үлкен оң таңбалы сан, яғни М белгісі жазылған торлар толтырылмайды.

Осы кестедегі мәліметтерді пайдаланып мақсат функцияның ең кіші мәні ізделетін тасымалдау жоспарын құрыңыз.

Тұтынушылар

Қамтамасыз етушілер

аі

1

2

3

1

6

4

9

6

2

5

М

2

3

3

М

3

6

4

bj

5

5

5

5-есеп. Үш пункте бір өнім түрі, мынадай мөлшерде: 200, 170, 130 т жиналған. Осы өнім бес тұтынушыларға: 50, 220, 80, 110 және 140 т мөлшерде жеткізілуі керек. Әрбір пункттен тұтынушылырға өнімнің бір тоннасын жеткізу құны мына матрица түрінде берілген:

Төлем ақшаның болмауына байланысты бірінші өнім өндіру пунктінен бірінші тұтынушыға және екінші өндіруші пункттен үшінші тұтынушыға өнім тасымалдау уақытша жабық. Тасымалдау шығыны ең аз болатын жоспар құрыңыз.

6-есеп. Ұсынушыларда жиналған жүктің мөлшері А=(18,10,12) және тұтынушылардың қанша жүк қабылдай алатындығы В=11,9,13,7, сонымен қатар жүкті жеткізетін уақыт мынадай матрица түрінде берілсін:

Тұтынушыларға жүкті қысқа мерзімде жеткізетін жоспар құру керек.

7-есеп. Фермерлік қожалықта 4 түрлі жұмыс орны бар. Осы жұмыстардың барлық түрінде орындай алатын, бір-біріне қатысы жоқ 4 маман, фермермен жұмыстардың түрлеріне байланысты әр- түрлі айлық жалақыға келсім шарт ұсынды. Шарттарда көрсетілген жалақы мөлшері ($-доллар) кестеде келтірілген.

Осы мәліметтер бойынша мамандарды қандай жұмысқа тағайындаған фермерге тиімді болатынын анықтау қажет.

Мамандар

       Жұмыс орындары

1

$190

$100

$125

$90

2

$185

$150

$100

$75

3

$250

$125

$150

$85

4

$200

$90

$100

$100

8-есеп. Кәсіпорынға компьютерлік технологиялар жетістік-терін енгізу үшін бес жұмыс орындарының ерешеліктерін ескеріп, бес түрлі компьютерлік программылық өнімдер жасауға қажеттік туындалды. Осы программаларды жасауға 6 программисттер өзде-рінің келсімдерін беріп, және оларды әрқайсысы қанша күнде бітіретіндерін ұсынды (кестені қараңыз). Кәсіпорын әрбір програм-ма өнімдерін жеке-жеке тек бір программист жасау керек деп шешті. Сондықтан бір программистке тапсырыс берілмейді.

Програм-мистер

Программалық өнімдердің жасалынатын уақыты, күн

1-прогр.

2-прогр.

3-прогр.

4-прогр.

5-прогр.

Ахметов

43

52

19

61

63

Треуов

47

56

32

65

70

Сейдалиева

44

53

21

62

60

Қырғызбаева

46

59

22

64

73

Асаев

45

65

20

60

75

Молдабеков

48

54

28

64

68

Әрбір программистке кәсіпорын күніне 4500 теңге төлеуге келісті. Осы мәліметтер бойынша программисттерді қандай про-граммалық өнімді жасауға тағайындаған кәсіпорынға тиімді бола-тынын анықтау қажет.

9-есеп. Шаруашылықта төрт түрлі техникаларда (шынжыр табанды трактор, дөңгелекті трактор, комбайн және жүк таситын автомобиль), көрсетілген техниканың кез келгенін меңгерген, 4 механизаторларға жұмыс істеу ұсынылды.  Механизаторлар қарас-тырылып отырған техникалармен істелінетін жұмыстардың ерек-шеліктерін әркім өзінше бағалап,  әртүрлі айлық жалақыға келсім шарт ұсынды. Шарттарда көрсетілген айлық жалақы мөлшері ($-доллар) кестеде келтірілген.

Механиза-торлар

       Техника түрлері

Дөңгелекті

трактор

Шынжыр табанды

Комбайн

Автомобиль

1

$290

$300

$225

$190

2

$285

$350

$250

$175

3

$250

$425

$250

$185

4

$200

$390

$300

$150

Осы мәліметтер бойынша  механизаторларды қандай техни-каға тағайындаған шаруашылыққа тиімді болатынын анықтау қажет.

10-есеп. Оқу үрдісіне жаңадан енгізілген бір курстан сапалы сабақ жүргізу үшін басқа оқу орындарынан сағаттық төлемақымен оқытушылар шақырылды. Әрбір оқытушы сабақтардың барлық түрін (дәріс, тәжірибелік, зертханалық және семинарлық) өткізе алады. Бірақ әрбір  оқытушы аталған сабақтардың тек біреуін ғана жүргізуге келісіп, және  сабақтардың түріне байланысты сағаттық төлем ақыны қаншадан төлеу керектігін ұсынды (кестені қараңыз).

Оқытушылар

      Сабақтың түрлері бойынша төлем ақы, 1 сағат

1

$190

$100

$125

$90

2

$185

$150

$100

$75

3

$250

$125

$150

$85

4

$200

$90

$100

$100

Осы мәліметтер бойынша  оқу орнына тиімді болатындай жоспар құрып, әрбір оқытушы  нақтылы  қандай сабақты өткізу керектігін анықтап, оларға өткізетін сабақ түрін бекіту керек.  

 

2-ші тапсырыс

Ескерту: Әрбір магистрантқа нақтылы есептің нөмірін  қарастырылып

отырған пәннен сабақ жүргізетін оқытушы бекітеді.

Бүтін санды  және бульдік айнымалы

модельдерге есептер

 1-есеп. Ауыл шаруашылығы машиналарын шығаратын зауыт-та  бірінен кейін біріне өтетін үш цехта  соқаның үш түрлі моделі құрастырылады. Цехтардың бір тоқсандық қуаттары, сәйкесінше:  300, 250 және 200 адам-күн құрайды. Бірінші цехта бір соқаны жинауға әрбір тоқсанда, олардың модельдеріне сәйкесінше: 6; 4 және 2 адам-күн  жұмсалса, екінші цехта, сәйкесінше: 3; 4 және 5 адам-күн, ал  үшінші цехта соқаның әрбір моделін жинау үшін 3 адам-күн қажет. Соқаның әрбір моделінен зауытқа түсетін пайда, сәйкесінше: 15; 13 және 10 мың доллар құрайды.

Зауытқа оңтайлы жоспар құрып, есептің шешімін талдаңыз.

2-есеп. Ауылшаруашылығының бір ірі  кәсіпорны  өндірген өнімдерін нарықта өткізетін, 7 қалада сату орындарын ашқан. Менеджердің жіберген қателігіне байланысты кәсіпорынның экономикалық жағдайы нашарлап бара жатқаны байқалып,  кәсіп-орынға еріксіз 65 млн. теңге несие алуға тура келді. Соңында, алынған несиесін уақтылы жабу үшін, кәсіпорынға, қалалардағы өнімдерін нарықта өткізетін орындарының біразын  тез арада сату керек болды.

Бағалау комиссиясының шешімі бойынша қалалардың реттік нөмірлеріне сәйкес, оларды мынадай: 26,0; 24,5; 22,5; 18,0; 17,0; 16,0  және 15,5 млн. теңге бағаларға  сатуға болатыны анықталды.  Бірақ, өнімдерді өткізетін орындарды сату, біршама адамдарды жұмыссыз қалдырады, олардың саны қалалардың нөмірлерінің реттері бойынша: 200, 190,  180,  170,  150,  130 және 110  жұмыс-шы құрайды.

Кәсіпорынның мақсаты жұмыстан шығарылатын жұмысшы-лар саны минимальды болатын, қандай қалалардағы өнімдерді өткі-зетін орындарды сату тиімді екенін анықтайтын жоспар құру керек.

Ескерту: Есептің оңтайлы шешімін табу үшін бульдік айнымалылар қолданылады.

  3-есеп. Ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыру зауыт-тының әкімшілігі,  өндірісті жетілдіру мақсатында, онда біршама техникалық-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізбекші. Осы жасалы-натын жұмыстар өдіріс аудандарын, еңбек және қаржы шығын-дарын  төмендегі кестеде келтірліген мөлшерде қажет етеді.

Барлық жұмыстарды жүргізу үшін зауыт: 1300 адам-күн еңбек қорын, 50 млн. теңге  қаржы және 700 м2 өндіріс аудандарын бөлмекші.

Осы бөлінген қорлар деңгейінде, зауыттың өндірісін жетілдіру мақсатта қандай жұмыстарды орындағанда, оның  жалпы эконо-микалық тиімділігі максимальды болатынын анықтаңыз.

Жұмыстар

Еңбек қорлары, адам-күн

Қаржы қорлары, мың теңге

Өндіріс ау-дандары, м2

Экономикалық тиімділігі, мың теңге

Станоктар сатып алу

350

2000

130

65000

Ағымдағы жөндеу

250

450

-

15000

Монтаж жасау

100

300

300

40000

Крандарды орналастыру

200

1500

150

60000

Сапалық бақылау

130

-

150

12500

Өндіріске автоматтық жүйені енгізу

800

2500

100

75000

4-есеп. Сут зауытында үш түрлі малдың сүті (түйенің, жыл-қының және сиырдың)  төрт түрлі (25, 30, 35 және 40 тонналық) арнайы сиымдықтарда сақталынады. Зауытқа пайдалы жұмыс істеу үшін, күніне жиналатын,  аталған малдардың сүттері сәйкесінше:  20, 40 және 60 т  кем болмауға тиіс. 1 т түйенің сүтін сақтау шығыны жылқының сүтіне қарағанда 20%, ал сиырдың сүтінен 10%  жоғары. Сүттерді бірге бір сиымдыққа сақтауға болмайды.

Сүттерді тиімді сақтау үшін қанша және қандай көлемдегі сиымдықтар қолданылатынын анықтаңыз.

5-есеп.  Өндіріс орны үш түрлі бұйымдарды жасау үшін үш түрлі қорларды, мөлшерлері сәйкесінше 10, 11 және 123  өлшем бірліктей пайдаланады. Әрбір бұйымдардың бір данасына керекті қорлар шығындары және  олардың бір данасынан түсетін пайда төмендегі кестеде келтірілген.

Қорлар мөлшері

Бұйымдардың бір данасына кететін шығын

1-бұйым

2-бұйым

3-бұйым

10

3

2

0

11

1

4

0

13

3

3

1

Пайда, а.б.

4

5

1

Өндіріске максимальды пайда келтіретін жоспар құрыңыз және есептің шешімін талдаңыз.

6-есеп. Кәсіпорын 100 мың теңгеге, өндірістік ауданы  38 м2  жерге орналастыру үшін  екі түрлі жабдық сатып алмақшы.  А типті жабдықтың 1 данасының бағасы 25 мың теңге, бір жұмыс күні 7 мың бірліктей өнім өндіреді және оны өндірістік ауданы 8 м2 құрайтын жерге орналастыруға болады, ал   Б типті жабдықтың 1 данасының бағасы 10 мың теңге, бір жұмыс күні 3 мың бірліктей өнім өндіреді және оны оналастыруға керекті  өндірістік аудан 4 м2  құрайды.

Өндірістік ауданның күнделікті өндіретін өнімінің максималь-ды  болуын қамтамасыз ететін жабдықтарды  сатып алудың оңтай-лы нұсқасын анықтаңыз.

Кфедра кеңесінде талқыланып, бекітілген, хаттама №1, 28.08.2013ж.

Құрастырған, профессор                           Қ.А. Ахметов

PAGE  297




1. 170 см. Спортивный без вредных привычек простой с чувством юмора.
2. Конденсатор ~ устройство с определённым значением ёмкости и малой омической проводимостью способное нака
3. Тема1 Менеджмент ~ наука практика и искусство управления В буквальном переводе с английского языка сл
4. Визначення економіки як науки
5. Тема должна соответствовать интересам студента
6. Основы составления статистической сводки и группировки
7. Учите иностранные языки- Знание хотя бы одного европейского языка английский немецкий французский сокра
8. Система инструментального обеспечения автоматизированного производства
9. .Формирование информационных ресурсов на основе Статистического регистра хозяйствующих субъектов 2
10. Экосистема.html
11. Тема - Машиностроительный Химико лесной комплексы мира.html
12. поступил через сутки от начала заболевания с жалобами на боль внизу живота и в правом поясничном участке
13. Шесть вопросов об отпуске без сохранения зарплаты
14. Пояснительная записка
15. Лекции по общей теории права
16. Экономическая теория
17. Ориентация на внутренних потребителей при усовершенствовании системы управления для кого выполняется эта работа
18. Вахте о вахте
19. Оценка повышения уровня конкурентоспособности разрабатываемой техники и его экономической эффективности
20. Педагогічні основи використання загадок як засобу розумового виховання молодших школярів