У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Французды~ газетте жарнамалы~ хабарландырулар басып шы~аратын аны~тама ке~сесін ашты

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

                        № 13 Емтихан билеті

  1.  Баспалық жарнама
  2.  Коммерциялық PR.
  3.  Жарнама мәтінінің  тақырыбы  және  ұрандар

1.Ең  алғашқы баспада басылған жарнама 1472 жылы шықты.  Еуропада  баспалық жарнаманың негізін салушы болып дәрігер Теофраста Реностно табылады. Ол 1630 жылы Парижде «Француздық  газетте» жарнамалық хабарландырулар  басып шығаратын анықтама кеңсесін ашты. Бұл газетте жарияланған  алғашқы жарнамалық хабарландыру болып 12 ұрланған жылқының қай жерде екенін көрсеткен адамға сыйақы беру туралы хабарландыру табылады. Кейінірек газет көтерме, бөлшек сауда мазмұнындағы хабарландырулармен толыға бастады.

Бүгінде баспасөз бүкіл әлемде ұсынылатын қызмет түрлері бойынша басқа жарнама тасушылармен қарқынды бәсекелесуде. Баспасөз арсеналында  ірі немесе шағын, ұлттық немесе жергілікті, талғампаз немесе талғампаз емес кез келген  жарнама беруші үшін қажетті ыңғайлы қызмет түрі болып табылады.

Әрбір қызмет түрі басылым аудиториясына маркетингтік мақсатқа, стратегияға, жарнама берушінің қаражатына сай жауап беретін жарнамалық ықпал етудің жолдары мен түрлі дәрежелерін білдіреді.

Газет пен журналда жарнама берушілер модульді және жолма-жол хабарландыруларды жариялап, айдарлы, көп бетті, демеушілік, салымдық, аймақтық, визуалды емес, электронды жарнама түрлерін пайдаланып, түпнұсқа-макет және әртүрлі жарнамалық мәтіндерді дайындап, маркетингтік зерттеулер өткізіп, поштамен таратуды жүзеге асыра алады.

Жарнама безендірілуіне байланысты мынадай болып бөлінеді: ақ-қара, көп түсті, мәтіндік, фото иллюстрациялармен безендірілген, стандартты емес.

Қазіргі таңда газеттегі жарнаманың орналасу аумағына байланысты 70%- модульді, 30% - айдарға топтастырылған.

Жарнама беруші газетке жарнама жариялау кезінде мынадай факторларды ескеруі қажет:

- мақсатты аудиторияны анықтау;

- баспасөзді зерттеу;

- жарнама орналасатын орынның құнын білу;

- жарнаманың жарияланатын орнын белгілеу;

- жарнаманың түрін, түсін, көлемін т.б анықтау.

Баспасөзге жарнаманы жариялау кезіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – қызықты, ерекше идея ойлап табу. Көп жағдайларда жарнаманың ұтымды, тартымды шығуына оның жаңа идеялылығы көп мүмкіндік береді. Басты жарнамалық-коммерциялық тақырыпты дұрыс жеткізу – келешектегі қомақты табыстың кепілі. Жарнама оқырманның көңілін бірден өзіне аударып алуы қажет. Бұл үшін көптеген амал-тәсілдер қолданылады. Баспасөздегі жарнаманың оқырманға әсер ету психологиясын қарастыратын арнаулы зерттеулер бар. Соларға сүйенсек, жарнаманы газет бетінің жоғарғы және соңғы жолдарында жариялау тиімдірек болады. Егер жарнама беттің жоғарғы оң жағында орналасса, онда оған назар аудару коэффициенті төменгі сол жақ тұста жарияланатын жарнамадан екі есе жоғары болмақ. Баспасөздегі жарнаманың ең басты аспектісі – дұрыс, сәтті жазылған мәтін. Сонымен қатар жарнама мәтінінің стилін анықтап, ұрандарды, иллюстрацияларды орынды пайдалана білу өте маңызды.

Бүгінгі таңда газет пен журналдар  көбіне модульді жарнамаларды жариялау қызметін пайдаланады. Бұл біздің  түсінігіміздегі дәстүрлі жарнама – хабарлама, белгілі стандартты орынды алып тұратын – модуль.  Модульді жарнама бір мезетте тауардың барлық қажетті сипаттамасын -  техникалық деректерін, ұтымды тұстарын, кіріс бағасын және т.б келтіре отырып көрсетуге мүмкіндік береді.

2.Коммерциялық мекемелердегі PR-ға тоқталатын болсақ,мұнда да өзіндік ерешеліктеріміз бар.Мәселен,1990-шы жылдардың басында Қазақстанда жарнама нарығы қарқынды түрде дамыды,тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды,жарнама өнімін өндірушілер көбейді.Осыған орай,жарнама мен пиар тығыз байланыста қарастырылды,екуі бір деген мағынада ұғынылатын болды.Сол түсінік әлі күнге дейін кәсіпкерлердің санасында біржола қалыптасып қалғандай.Көптеген жарнама агенттіктері өздерін әрі пиар агенттігі деп таныстырады.Ірі компаниялар мен фирмалардың жарнама бөлімдері қоғаммен байланыс қызметін қоса атқарады.Осыдан болу керек «жай жарнама»және «саяси жарнама»деген ұғымдар қалыптасқан. Жалпы алғанда,шетелдің инвестор компаниялары болмаса,отандық акционерлік қоғамдар мен фирмалар өнеркәсіп,сауда және қызмет көрсету салаларында қоғаммен байланыс қызметін ойдағыдай пайдаланып отырмағаны байқалады.

3.Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4-5 есе көп.

Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда  ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек: жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі; қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль».

Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске асады.

«Пермавиа - акция с вериталным взлетем! » «Пермавиа» фирмасының атауын еске түсіреді.Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс.Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек. Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес. Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек:

1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады.

2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның  ұтымдылығы 28 пайызға өседі.

3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады.

4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу керек.

5. Жеке қызығушылықты ояту.

6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы.

7. Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына емес, өнім сапасына аударып бағыттау.

8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету.

9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық стилімен тарту.

10. Қажет болмаған жағдайда тақырыпты қисайтуға, егер тақырып бір  қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс.




1. ТЕМА 6 РЫНКИ ФАКТОРОВ ПРОИЗВОДСТВА Ресурсы это совокупность всех материальных благ и услуг используемы.
2. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня доктора технічних наук Київ 2002
3. Тема 23 для 11а класса 23
4. Тема- отморожение и замерзание
5. 26 Вторник 21 Среда
6. задание 2
7. ТЕМА- ОБЩЕСТВО К признакам общества выделенным Э
8. Формирование умения проектировать и моделировать свою деятельность и поведение а также деятельность уч
9. Роль личности педагога в воспитательном процессе в техникуме
10.  История возникновения лизинга
11. Развитие психологической социологии (конец 19 века)
12. Тема- Контрольные задания Специальность- 220703 Автоматизация тех
13. Кумб-мела
14. Чёрные дыры- объекты космических исследований
15. Величина кожного выроста обычно имеет размеры не более 1~15см
16. Контрольная работа по дисциплине Социология Вариант 3 Эмиль Дюркгейм и его теория эволюционного раз
17. HELENE J 250613 300913 1141 group Se Nvigtion Fculty Dusko Vld
18. Реферат- Реконструкція автомобільної дороги
19. 10 Физическая культура Черевишник Н
20. 1Гражданин Гусев подал заявление в жилищный орган на приватизацию занимаемой им по договору жилищного найма