Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ты~ жеке азаматты~ы бар; жеке территориясы бар

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

  1.  Еуропалық одақтың Конституциясы қай жылы бекітілді? 29.10.2004 жылы
  2.  Еуропалық одақ Конституциясы қай қалада бекітілді? Рим қаласында
  3.  Еуропалық парламент депутаттарының сайлану ерекшелігі Еуропалық одақ азаматтарымен ортақ дауыс беру арқылы баршаға ортақ және тікелей дауыс беру жолымен
  4.  Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық одақтың басқа ұйымдардан айырмашылықтары?  Еуропалық одақтың жеке дербес бюджеттік жүйесі бар; жеке дербес валюталық жүйесі бар; ЕО-тың жеке азаматтығы бар; жеке территориясы бар.
  5.  Еуропалық одақ институттары арасындағы немесе институттар мен мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарға қатысты төреші (арбитр) міндетін атқарушы орган Еуропалық одақ соты
  6.  ЕО-тың жеке бюджеттік жүйесінің басты ерекшелігібюджет ауылшаруашылық тауарларын сыртқа шығарудан төскен пайда мен сол тауарлар бағасының үстіне қосылатын салықтар мен ішкі жалпы өнім есебі сияқты жеке құралдар есебінен жинақталады.
  7.  Еуро аймаққа күру үшін мемлекеттер қандай талаптарға сай болу керек?  Экономикалық даму мен тұрақтылық Пактісінің жиынтығын қамтитын нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған талаптарға сай болу керек.
  8.  Еуро аймаққа кіру талаптары қандай шартта қарастырылған? Маастрихт шарты
  9.  ЕО-тың жеке азаматтығы дегеніміз не? ЕО азаматтығы мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларынан туындайтын, яғни мүше мемлекеттердің азаматтығына ие әрбір тұлға ЕО азаматтығына да ие бола алады.
  10.  ЕО-тың жеке территориясы дегеніміз не? – ЕО-қа мүше мемлекеттердің ұлттық территорияларынан құралатын және одаққа кірмейтін мемлекеттермен, Ашық теңізбен шектесетін жер аумағы.
  11.  Еуропалық сот қайда орналасқан? – Страсбургте
  12.  Еуропалық кеңес қай қалада орналасқан? – Страсбург
  13.  Жеке тұлғалармен немесе Конвенцияға мүше мемлекеттерден түскен шағымдар алдымен қай органның қарауына ұсынылады? –  Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия
  14.  Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия шағымдарды оларға қатысты соңғы шешімді шығару үшін қандай органға жібереді? – Еуропалық сотқа
  15.  Еуропалық соттың қарауына жіберілмеген шағымдардың шешімін қай орган шығарады? –  Министрлер комитеті
  16.  Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция нормаларының мүше мемлекеттермен орындалуы мен сақталуын қандай орган қамтамасыз етеді? – Еуропалық сот
  17.  Еуропалық сот Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция нормаларының мүше мемлекеттермен орындалуы мен сақталуын қандай жолмен қадағалайды? – жеке тұлғалар, топтар немесе үкіметтік емес ұйымдардың шағыдарына сараптама жүргізу арқылы
  18.  Еуропалық сотқа ЕО азаматарынан басқа кімдер шағымдана алады? – Еуропалық конвенцияға мүше мемлекеттер тарапынан жәбір көрген мүше емес мемлекеттердің кез келген азаматы
  19.  Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық сотымен шығарылған шешімдерін өзгерте алады ма? – жоқ
  20.  Еуропалық Конвенцияның 46 бабына сәйкес Еуропалық сот шешімдерінің орындалуын қадағалау міндеті қандай органға жүктелген? – Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетіне
  21.  Еуропалық конвенцияға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында Конвенцияға сәйкес орын алған қайшылықтарды жою міндеті қандай органға жүктелген? – Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетіне
  22.  Еуропалық комиссияның штаб-пәтері қай қалада орналасқан? – Брюссель
  23.  Еуропалық комиссияның жұмыс тілдері – ағылшын, француз және неміс тілдері
  24.  Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының «тұрақты комиссия» немесе «шағын комиссияларының» сессиялары жылына қанша рет өткізіледі? – 2
  25.  Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының резолюциясын қабылдау тәртібі – тек осы сессияға қатысқан мүшелердің 3/2 дауысы арқылы қабылданады.
  26.  Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот қандай шағымдарды қарамайды? – жеке тұлғалар мен ұйымдарға қарсы түскен шағымдарды.
  27.  Еуропа биліктерінің жергілікті және аумақтық конгрессі қай жылы құрылды? – 1994 жылы
  28.  Еуропа биліктерінің жергілікті және аумақтық конгресс қандай палаталардан тұрады? – (2) Конгресстің жергілікті биліктерінің палаталары мен аумақтар палаталар
  29.  Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясы қай жылы күшіне енді? – 09.09.1988
  30.  Еуропа биліктерінің жергілікті және аумақтық конгрессі қандай есептерді дайындайды? –  3 есепті: Мониторинг бойынша есептер, жалпы сипаттағы есептер және Сайлауларды бақылау бойынша есептер
  31.  Хатшылық Еуропа кеңесінің қандай органы? – саяси органдары ретінде Ұйым мүдделеріне қатысты істерді жүзеге асырушы орган
  32.  Еуропа Кеңесінің Хатшылығы қандай бөлімдерден тұрады? – (3 бөлім) қазмет көрсететін Негізгі органдар, әкімшілік-үйлестіруші және тақырыптық бөлімдер
  33.  Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот судьялары қанша жылға сайланады? – 6 жылға
  34.  Копенгаген саяси критерияларына нені жатқызамыз? – демократия, заңның үстемдік етуі, адам құқықтары және аз ұлт өкілдері құқықтарын қорғау мен құрметтеу
  35.  Копенгагеннің экономикалық критериясы деп нені түсінеміз? – мүше мемлекеттердің жұмыс істеп тұрған нарықтық экономикасының бар болуы мен ондағы өндірушілердің Одақ аясындағы бәсекелестік қысымына төтеп беруі басты талап болып табылады.
  36.  Копенгагеннің заңдық теңестіру критериясы деп нені түсінеміз? – Одаққа мүше барлық мемлекеттер өз ұлттық заңнамаларын еуропалық құқық қағидаларына, яғни қауымдастықтың құқықтық-нормативтік актілеріне сәйкестендірулері керек.
  37.  Еуропалық қауымдастықтар дегеніміз не? – ортақ басқару органдары бар 3 тәуелсіз халықаралық ұйымдардың жиынтығы. (Көмір және темірдің Еуропалық Қауымдастығы (ЕУОС), Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭС), Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық (Евратом))
  38.  Көмір және темір Еуропалық Қауымдастығының негізгі мақсаты –  мүше елдер арасында көмір және темір металлургиясы саласында “ортақ нарықты” қалыптастыру.
  39.  Көмір және темір Еуропалық Қауымдастықты құру туралы идеяны ұсынған саяси қайраткер – Францияның Сыртқы істер министрі Робер Шуман
  40.  Көмір және темірдің Еуропалық Қауымдастық қай жылы өз қызметін тоқтатты? – 2002 жылы
  41.  Еуропалық экономикалық қауымдастық қай жылы өз қызметін тоқтатты? – 1993 жылы
  42.  Еуропалық одақ соты қанша судьядан тұрады? – 27
  43.  Еуропалық орталық банк қай жылы құрылды? – 1998 жылы
  44.  Еуропалық орталық банктың штаб-пәтері қай қалада орналасқан? – Франкфурте-на-Майне қаласында
  45.  ЕО салалары – Еуропалық кеден құқығы, Еуропалық экологиялық құқық, Еуропалық қаржы құқығы, Еуропалық банк құқығы, Еуропалық көлік құқығы, Еуропалық салық құқығы;
  46.  Еуропалық сот алғаш қандай бірлестіктердің аясында құрылды – Еуропалық қауымдастық деп аталатын ортақ басқару органдары бар 3 тәуелсіз халықаралық ұйымдардың жиынтық аясында құрылған. 1951/ Көмір және темірдің Еуропалық Қауымдастығы (ЕУОС), 1957/ Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭС), 1957/Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық (Евратом)
  47.  Көмір және темірдің Еуропалық Қауымдастығы қай жылы құрылды? – 1951
  48.  Еуропалық экономикалық қауымдастық қай жылы құрылды? – 1957
  49.  Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық (Евратом) – 1957
  50.  Еуропалық сот алғашқы кезде қалай аталды? – Еуропалық қауымдастықтар соты.
  51.  Еуропалық қауымдастықты құрушы шарттардың негізін қалаушы шарт – Ниццкі шарты
  52.  Ниццкі шарты қай жылы бекітілді? – 2001 жылы
  53.  Ниццкі шарты қай жылы күшіне енді? – 2003 жылы
  54.  Біртұтас еуропалық акт негізінде 1988 жылы Кеңестің №88/591 шешіміне сәйкес қандай сот құрылды? – Бірінші сатылы (инстанциялы) сот құрылды.
  55.  Ниццкі шартына сәйкес және ЕО Сотының Жарғысына енгізілген өзгерт улер мен толықтырулар нәтижесінде қандай соттық органдар пайда болды? – 1) ЕО Соты 2) Бірінші сатылы Сот және 3) мамандандырылған сот палаталары
  56.  Қазіргі таңда ЕО-ның соттық жүйесінің нақты сипаты қандай құжатта көрініс тапқан? – ЕО Конституциясында
  57.  ЕО Конституциясына сәйкес ЕО-ның соттық жүйесі қандай жеке соттық сатылардан құралады? – 1) ЕО Соты 2) Жалпы юрисдикциялы (сот жүргізуге құқылы) Сот және 3) қосалқы  немесе көмекші мамандандырылған сот палаталары ретінде емес, жеке соттық сатылар ретінде қолданылатын органдардан тұрады
  58.  Ерекше сипаттағы, яғни Қауымдастықтар мен олардың қызметкерлері арасындағы дауларды, зияткерлік меншік пен патенттік құқықтарға қатысты шағымдарды қай соттық жүйе қарастырады? – Бірінші сатылы Сот
  59.  Азаматтық қызмет істері жөніндегі Сотты құру мәселесі қандай құжатта көрініс тапты? – ЕО Сотының Жарғысында
  60.  Саяси мүдделерге жауапты ЕО органдары: – ЕО Кеңесі, Комиссиясы мен Парламенті
  61.  ЕО-ның саяси емес сипаттағы мамандандырылған институты: – ЕО Соты
  62.  ЕО Соты өз қызметі барысында қандай құқықтық қайнар көздерге сүйенеді? – ЕО Конституцияға, екінші құқықтық қайнар көздерге жататын актілерге және ЕО Соты институтының қызметтік аясын реттеуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерге, ЕО Сотының Жарғысына.
  63.  ЕО Сотының құрылуына қатысты құқықтык актілер – 1) 1951 жылы Париж қаласында бекітілген Көмір және темірдің Еуропалық Қауымдастық (ЕУОС) Сотында қолданылған арнайы протокол, 2) 1957 жылы Брюссель қаласында бекітілген Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭС) пен Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық (Евратом) Сотында қолданылған арнайы протоколдар. Себебі, осы 1957 жылғы арнайы протокол негізінде біртұтас Еуропалық Қауымдастықтар Соты құрылды. 3) Ал, қазіргі таңдағы әрекет етуші Жарғы 2001 жылғы бекітілген Ниццкі шартына қосымша протоколдар негізінде жасалған. 4) Сонымен қатар, соттық органдардың қызметін реттейтін маңызды нормативтік-құқықтық актілдердің түріне – соттардың процессуалдық (сот жүргізу) тәртіптерін жатқызуға болады.
  64.  ЕО құқығының қолданулын қадағалаушы орган? – ЕО Соты, Комиссия
  65.  Ниццкі шартына сәйкес Бірінші сатылы Сот қандай қағиданы ұстанады? – «Бір мемлекеттен – бір судья»
  66.  Судьялар мен бас адвокаттардың құрамы әрбір қанша жыл сайын жаңарып отырады? – үш жыл
  67.  ЕО соты судьялары мен авдокаттарының мәртебесі қандай құжатта сипатталған? – Сот Жарғысында
  68.  Судьялар мен бас адвокаттар қызметіне талапкерлерді таңдауға қатысты қойылатын талаптар – жоғары кәсіптік біліктілік пен тәуелсіздік, қызметтерін әділ орындау туралы ант беру мен қызметтік мерзімі барысында өзіне берілген өкілеттілікті тиісті пайдалану туралы хабарлау.
  69.  ЕО Сотының шағын Мамандандырылған Сот Палаталары қанша судьядан тұрады? – 3 немесе 5 судьялардан
  70.  ЕО Сотының үлкен Мамандандырылған Сот Палаталары қанша судьядан тұрады? – 11 судьядан
  71.  ЕО сотына қатысты грефье ұғымы: – тұрақты хатшы
  72.  ЕО сотына қатысты грефьені қанша жылға сайланады? – 6 жылға
  73.  Грефье қызметіне жататын істер? – қабылдаулар, кіріс-шығыс құжаттарды реттеу мен оларды сақтау, Сот мұрағатына жауапты және сот шешімдерін жариялау, сол сияқты мөрлерді сақтау
  74.  Сот залы мен сотқа қатысты құжаттарды дайындау міндетіне жауапты қызметкер: – графье
  75.  Лингвистикалық қызметті атқаруға кімдер лайықты? – белгілі құқықтық мәдениет пен бірнеше тілді меңгерген сарапшылар
  76.  ЕО сотының судьясы болу үшін қандай тілді білу міндетті болып табылады? – француз тілі
  77.  ЕО сотының кеңесу бөлмесіндегі талқылау мен шешім шығару қай тілде жүргізіледі? – тек француз тілінде
  78.  ЕО Соты, Бірінші Сатылы Сот пен мамандандырылған сот палаталарының іс жүргізу ережесі қандай құжаттармен реттеледі? – құрылтай актілермен, Сот Жарғысымен және Процессуальдық тәртіптермен реттеледі
  79.  ЕО Сотының ережесіне сәйкес істі қарау қай уақыттан басталады? – ЕО Сотының хатшысына жазбаша түрдегі шағым келіп түскен сәттен басталады
  80.  ЕО Сотының ережесіне сәйкес істі қозғау үшін қорғаушы (адвокат) немесе арнайы өкіл қандай шағымданушыларға қатысты тағайындалады? – жеке тұлға
  81.  Соттық тәртіп қандай сатылардан тұрады? – жазбаша және ауызша
  82.  ЕО-ның Сот залының тілі? – ЕО-ға мүше мемлекеттердің кез келген тілі     
  83.  ЕО Сотымен қаралатын талаптардың түрлері? – міндеттемелерді орындамағындығы туралы талаптар; әрекетсіздіктен туатын талаптар; заңдылық туралы талаптар; зақым келтіргендігі туралы талаптар.
  84.  Еуропалық құқық дегеніміз не? – Еуропалық интеграциялық құқықты, адам құқықтарын қорғаудың еуропалық жүйесін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін, сол сияқты еуропалық халықаралық шарттардың құқықтық нормаларын қамтитын құқықтық нормалардың жиынтығы.
  85.  Еуропалық құқықтағы бірінші құқық дегеніміз не? – ЕО-тың құқығы;
  86.  Еуропалық құқықтағы екінші құқық дегеніміз не? – ЕК-нің құқығы;
  87.  Кең мағынадағы еуропалық құқықтың ұғымы – Барлық Еуропадағы экономикалық, әлеуметтік, саяси, ғылыми және мәдени қатынастардың жиынтығы мен ұйымдардың, жалпы еуропа құрлығындағы барлық халықаралық ұйымдардың қызметін қамтитын құқықтық қатынастардың реттелуі. Осы тұрғысынан еуропалық құқық халықаралық құқықтың бір бөлімі болып табылады;
  88.  Тар мағынадағы еуропалық құқық ұғымы? – ЕО құқығы;
  89.  Бастапқы құқықтық қайнар көздер – ЕО пен Еуропалық қауымдастықтың құрылтай шарттарында бекітілген нормалар. Олар ЕО пен Еуропалық қауымдастықтың мақсатын, қағидаларын, міндеттерін және т.б. бекітеді;
  90.  Екінші құқықтық қайнар көздер – бастапқы құқықтың негізін құрайтын және ЕО пен Еуропалық қауымдастықтың юрисдикциясының шеңберінде ЕО құқығының субъектілері (мемлекеттер, жеке және заңды тұлғалар) арасындағы қатынастарды реттейтін, сол сияқты ЕО институттарының міндетті заңдық шешімдері ретінде шығарылған нормалар жиынтығын қамтиды;
  91.  Үшінші құқықтық қайнар көздер – құрылтай шарттары мен институттарының актілері болып табылмайтын басқа құқықтық қайнар көздерді қамтиды, яғни мүше мемлекеттермен бастапқы және екінші құқықтық қайнар көздер актілерін орындау үшін бекітілген келісімдер тобын құрайды;
  92.  ЕО дегеніміз не? – аймақтық интеграцияға бағытталған 27 еуропалық мемлекеттердің экономикалық және саяси бірлестігі;
  93.  ЕО қандай шартпен және қағидалармен құрылды? – 07.02.1992 жылы Маастрихт (Нидерланды) қаласында бекітілген Маастрих шарты мен Еуропалық қауымдастықтар қағидалары негізінде құрылған;
  94.  Маастрихт шарты қашан күшіне енді? – 01.11.1993 жылы;
  95.  Еуропалық валюталық одаққа кіру үшін қойылатын талаптар қандай шартта көзделген – Маастрих шартында 5 критериясы белгіленген.
  96.  Еуропалық валюталық одаққа кіру үшін қойылатын Маастрихт критерияларын атаңыз – Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3% аспауы керек; Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 60% төмен болмауы керек; Мемлекет 2 жыл аралығында валюталық курс механизме қатысып, ұлттық валютаны белгіленген диапазонда ұстау; Инфляция (құнсыздану) деңгейі ЕО-қа мүше үш бағасы тұрақтылау мемлекеттің ортақ белгісінен 1,5% артық аспауы керек.
  97.  ЕО (7) институттарын атаңыз – Еуропалық кеңес, ЕО Кеңесі, Еуропалық комиссия, ЕО соты, Еуропалық парламент, Еуропалық орталық банк және Еуропалық есеп палатасы.
  98.  ЕО-қа кіруші мемлекеттерге қойылатын талаптар қандай шартта қарастырылған? – 1995 жылғы желтоқсанда бекітілген Копенгаген критериялары.
  99.  Копенгаген критерияларын атаңыз – демократиялық қағида, адам құқықтарын құрметтеу және бостандық қағидасы, құқықтық мемлекет қағидасы, сонымен қатар кіруші елдегі бәсекелістікке қабілетті нарықтық экономикасы мен ЕО-тың және саяси, экономикалық, валюталық одақтардың стандарттары мен ережелерін сақталуы керек;
  100.  ЕО-тан шығу талаптары мен тәртіптерін қандай шартта көзделген? – Лиссабон шартында көзделген (19.10.2007);
  101.  Лиссабон шарты қашан күшіне енді? – 01.12.2009 жылы;
  102.  ЕО кіруге тілек білдіруші немесе кандидат мәртебесі ие мемлекеттер саны – 5 (Исландия, Македония, Турция, Хорватия және Черногория);
  103.  Еуропалық кеңес ЕО-тың қандай органы? – ЕО мүше мемлекеттердің үкімет және мемлекет басшыларынан тұратын ЕО-тың саяси орган болып табылады;
  104.  Еуропалық одақ кеңесі ЕО-тың қандай органы? – ЕО-тың заңнамалық органы (Екінші заңнамалық орган – Еуропалық парламент);
  105.  Еуропалық комиссия ЕО-тың қандай органы?- ЕО-тың билігін атқарушы жоғарғы орган, яғни Одақ шешімдерінің орындалуы мен оның заңдарының мүше мемлекеттер территориясында сақталуын қадағалайды және ЕО сотында мүшелік міндеттемені бұзған мемлекеттерге қарсы істі қарайды;
  106.  ЕО соты ЕО-тың қандай органы? – ЕО-тың жоғарғы соты;
  107.  Еуропалық парламент ЕО-тың қандай органы? – үш маңызды міндетті атқарушы орган, яғни заңнамалық, бюджеттеу және Еуропалық кеңесті бақылаушы институт;
  108.  Еуропалық орталық банк ЕО-тың қандай органы? – Одақ пен оның мекемесінің бюджетіне аудиторлық тексеру жүргізуші институт;
  109.  Еуропалық орталық банк ЕО-тың қандай органы? – Еуро аймағы мен ЕО-тың орталық банкісі;
  110.  Еуропалық құқықтың құрылуына бастамалық еткен мемлекеттер – Бельгия, Германия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Франция;
  111.  Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция қашан бекітілді? – 04.11.1950 ж. Рим қаласында;
  112.  Еуропа Кеңесімен 1950 жылы Рим қаласында бекітілген маңызды құжаттың атауы? – Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция;
  113.  Еуропа Кеңесі қашан құрылды? – 05.05.1949 жылы Еуропа Кеңесінің Жарғысына Лондон қаласында 10 мемлекетпен қол қойылды;
  114.  Еуропа Кеңесінің Жарғысы қашан бекітілді? – 05.05.1949 жылы Лондон қаласында;
  115.  Еуропа Кеңесінің негізгі мақсаттары Жарғысының қай бөлімінде қарастырылған? – 1-бөлім, а) және б) тармақтарында;
  116.  Еуропа Кеңесінің негізгі мақсаттарын атаңыз? – Бостандық, демократия, адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдігіне негізделген біртұтас Еуропаны құру;
  117.  Еуропа Кеңесі қандай ұйым болып табылады? – Еуропадағы ескі халықаралық саяси ұйым;
  118.  Еуропа Кеңесінің құрылымы: – Министрлер комитеті; Праламенттік Ассамблея; Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот; Еуропа биліктерінің жергілікті және аумақтық конгрессі; Еуропа Кеңесінің хатшылығы;
  119.  Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция қашан күшіне енді? – 03.09.1953 жылы;
  120.  Министрлер комитеті Еуропа Кеңесінің қандай органы? – Басқару органы;
  121.  Еуропа Кеңесі деген атауды ұсынған саяси қайраткер? – Ұлыбританияның мемлекеттік және саяси қайраткері Уинстон Черчиль (19.09.1946 ж. Цюрихскі университетінде);
  122.  Еропа Кеңесі Министрлер комитетінің қызметкерлері кімдерден құралады? – Мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінен;
  123.  Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті жылына қанша сессия өткізеді? – 1 немесе 2 сессия;
  124.  Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетіне төрағалық етуші мемлекеттердің алмасу тәртібі – Әрбір 6 ай сайын әліпбе бойынша ротация негізінде жүреді;
  125.  Парламенттік ассамблея Еуропа Кеңесінің қандай органы? – Консультативті (кеңесші) органы;
  126.  Еропа Кеңесі Парламенттік асамблеясының қызметкерлері кімдерден құралады? – мүше мемлекеттердің парламенттерінен келген өкілдерден;
  127.  Еуропалық құқықтағы интеграция дегеніміз не? – Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің одақпен бекітілген мақсаттарға жету мақсатында өзара ықпалдасуы;
  128.  Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы жылына қанша сессия өткізеді? – 4 сессия;
  129.  Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясына төрағалық етуші мемлекеттердің алмасу тәртібі – Әрбір 3 жыл сайын ротация тәртібімен бір аяси топтан екіншісіне өту арқылы;
  130.  Еуропа Кеңесінің штаб-пәтері қайда орналасқан? – Страсбург (Франция) қаласында;
  131.  Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соты қандай істердің атқарылуын бақылайды? – Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы Еуропалық конвенция нормаларының жүзеге асуын бақылайды;
  132.  Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот судьялары кім арқылы тағайындалады? – Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясымен;
  133.  Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот судьяларының жасына қарай қойлатын талап: – 70 жас;
  134.  Вето ұғымы – тұлға немесе тұлағалардан құралған топтың бір жақты тәртіп негізінде шешім қабылдауына тыйым салудағы өкілдік құқығын білдіреді;
  135.  Ротация қағидасы – билік органдарындағы өкіл мүшелерінің жартылай жаңару қағидасы;




1. О ловкости и ее развитии Николай Александрович Бернштейн О ловкости и ее развитии.
2. Детский сад 62 Весняночка Выступление на кустовом методическом объединении воспитателей
3. с нуля от инструкторов скалодрома Луч Горячий обед плов приготовленный на открытом огне в казане Fr
4. Основные виды и характеристики фильтрующих противогазов
5. Менеджмент та конкуренці
6. на тему Методы очистки воздуха при выполнении окрасочных работ в автомобильных камерах
7. 1ПРЕДМЕТнаименование и количество товара Предметом договора могут быть любые вещи не изъятые из гражданс
8. Вавилон
9. Тема- Финансовое обеспечение деятельности органов управления и подразделений ГПС.
10.  повышение эффективности использования топливноэнергетических ресурсов 2
11. Склепа который будет здесь в Занудвилле
12. квалификационных групп занятых на предприятии
13. 117 Экономика отрасли Исходные данные.
14. НА ТЕМУ Стратегический менеджмент Выполнил- Иванян Гаянэ Сагателовна
15. Система государственной и ведомственной поверки средств измерений
16. Инвестирование в виде объектов интеллектуальной собственности на примере табачной промышленности РФ.html
17. Тема 6 Педагогічна думка в Україні у XVIII ст
18. к ней относятся ученые и мыслящие практики которые благодаря своей работе и внятным высказываниям вытесняю
19. Магнитогорский государственный технический университет им Г
20. Низшие Ракообразные