У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ты~дауы сия~ты

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

10 тарау

Баланың отбасында қарым – қатынас жасауының бұзылуы

Ерте жаста қарым – қатынас жасауды дамыту

Балада қарым – қатынас жасау өмірінің алғашқы айларыннан басталады. Бала өмірінің бірінші айында өмірге деген алғашқы әсерлер пайда бола бастайды. Балаға деген жылы дауыс немесе жымию баланың түсінігіне әсер етеді, ол баланың ерні жай ғана алға жылжиды, бұл баланың ерін арқылы «тыңдауы» сияқты. Осы әсерден кейін күлмсіреу пайда болады. Жаңа туған сәбидің даму барысында бала ойыншықтың дыбысына емес, адамның дауысына көп көңіл бөледі.

Баланың 1 – 3 айында ересек адаммен эмоционалды қарым – қатынас жасау барысында көруі мен естуі үлкен маңызға ие. Олар бірінші күлімсірейді, кейіннен күлкі пайда болады. 3 айында бала ересек адамды көргенде эмоционалды әсер байқалады.

2 – 5 айларында бала өзіне көп көңіл бөлетін белгілі бір адамға бауыр басып қалады. Ол адамды көзімен бақылап отырады, кетіп қалса жылайды, сол адамға көп күлімсірейді, сол адамның қасында көбіне гуілдейді. Осы этаптың соңында бала өзіне таныс емес адамды көрсе жылап, қорқыныш сезімі пайда болады.

6 – 7 айында бала көп қоршаған ортамен жиі қарым – қатынасқа түседі. Ересек адаммен ойнау барысында белсенді болады, біртіндеп сөзді түсіне бастайды. Тек 1 жасқа таяу бала басқада ересек адамдарға бауыр басып уйренісе бастайды. Ол жақын адамдар болуы мүмкін.

Сондықтан балада эмоционалды бауыр басу 22 аптадан 1 жасқа дейін созылады. Эмоционалды бауыр басудың құрылымы әрдайым біркелкі емес. Көбіне баланың психикалық дамуына қауіпсіз адамға үйрену маңызды. Ол кезде бала өзін сенімді және қауіпсіз сезінеді. Мұндай бауыр басудың түрі көбіне ана мен бала арасында қалыптасады.

Баладағы әлеуметтік – эмоционалды дамуының бұзылысы көбіне анасының эмоционалды көңілінің балаға көрсетпеуінен пайда болады. Анасы баласына қамқор болады, күн тәртібін сақтайды, бірақ баламен аз ойнайды.

Қарым – қатынастың осы түрі баланың невротикалық әсерінің дамуына, бәрінен бұрын қорқынышқа және аутизмге бейімдеуі мүмкін. Баланың  церебральды сал ауруы бар баланың физикалық күйі анасымен қарым – қатынасына әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай бала көбіне басын стай алмайды, дұрыс отыра алмайды, ол бала қимылдау үшін күш жұмсайды, ол баланы қолға көтергенде қайқияды, сондықтан ана ол баланы құлатып алудан қорқады. Осының бәрі үлкен толқу мен уайым әкеледі.

Эмоционалды – әлеуметтік әрекеттесудің қалыптасу кезінде тек сезу емес, сонымен қатар көру,естудің де алатын орны зор.

 Аутизм

МКБ – 10 шешімі бойынша, аутизм – психикалық дамудың өзіндік бұзылысы. Ол әдетте өмірге келгеннен кейін 30 айда байқалады. Аутизм ең алғаш рет 1943 жылы Лео Канне – ром сипаттаған. Аутизмнің ең басты белгісі – баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасының бұзылуы. Ол тұйық және өзімен жасты құрдастарынан шеттеледі, ол балада мимика және жест байқалмайды, ол басқа адамдарға көзіне тік қарағысы келмейді. Сонымен қатар бұл балалар жақындарының сүйіспеншілігінен қашады. Оларды жалғыз қалдырғанда өздерін жақсы сезінеді. Аутизмі бар бала басқа адамдарды байқамайды, олар үнемі бір қимылды қайталап отыруы мүмкін. Егер ересек адам ол баламен қарым – қатынасқа түсуге ұмтылса, аутизм бар бала өзін қобалжулы сезінеді, қоршаған ортаға агрессиялық күйде болады.

Аутизмі бар балаларға  біркелкілік тән. Қимыл – қозғалысы бір позада қалып қоюы мүмкін.

 Ақыл – ойының даму деңгейі аутизмі бар балаларда әр түрлі: кей жағдайларда баланың интелектісі қалыпты болуы мүмкін, ал кей жағдайларда ақыл – ойы артта қалады, сонымен қатар аутизм бар балалар арасында ерекше аса дарынды балалар кездесуі мүмкін.

 Сөйлеу тілінің дамуы: кейбір балалар өзінің құрдастарына қарағанда сөйлеу тілінің даму уақытымен және темпімен алға озып кетуі мүмкін, ал кейбіреулерінің сөйлеу тілі артта қалған. Көбіне аутизмі бар баланың сөйлеу тілінің ерекшелігі дауысының өзгеруі : не өте кедей, немесе мағынасы жағынан анық емес.

Көбіне бала жеке дыбыстарды немесе буындарды анық, дауыстап айтады. Аутизм кезінде дауыстың тембрі өзгеше: көтеріңкі, фразаның соңына қарай күшейеді.

Сөз қоры аутизмі бар балаларда көбіне түсініксіз сөздерден тұрады.

Аутизм баланың сөйлеуі қоршаған ортаға арналмаған, яғни бала қарым – қатынасқа түскеннен емес, өзінен шыққан сөздерден, дыбыстардан  және фразалардан ләззат алады, рахаттанады. Кейбір жағдайларда бала мүлдем сөйлемейді. Аутизмі бар балалар музыканы ұнатады, олар ұзақ уақыт бойы өзіне ұнайтын әуенді тыңдап жүре алады.

Олар қоршаған ортаға деген үлкен сезімталдық танытуымен ерекшеленеді. Өзіне үйреншікті ортаның өзгеруіне үлкен қиындықпен қарайды, таныс емес заттарды көргенде қорқыныш пайда болады, кейде күнделікті қарапайым заттардан, мысалы шаңсорғыштың дыбысынан, лифттен, жануарлардан үрейленуі мүмкін.

Аутизм әр түрлі жағдайлардың әсерінен пайда болуы мүмкін: ерте жас кезіндегі баланың бас миының зақымдалуы, тұқым қуалаушылық психикасының ерекшелігі. Аутизм қыздарға қарағанда ұлдарда жиі кездеседі.

Аутизм 10000 жаңа туған сәбидің 5-нде кездеседі. Дамуында ауытқуы бар балалардың көбінде аутизмнің ерекшелігі кездесуі мүмкін: фенилкетонурия, БЦСА, көруінде ауытқуы бар балаларда – мүлдем көрмейтін немесе нашар көретін, сонымен қатар кейбір психикалық жүйке жүйесі бұзылған балаларда.  Аутизммен ауратын балалардың 1\3 неврологиялық ауытқу байқалады.

Егер отбасында шизофрениямен ауратын адам болмаса, екіні дүниеге келетін баланың аутизм ауруына ұырауы екіталай. Бірақ, отбасында екі баланың да аутизм болып туылуы кедескен, олардың егіз болып туылуы оған себеп бола алады.

Соңғы жылдары аутизммен ауратын балаларда  Х – хромосомасының ерекше өгерісі байқалды. Бұл бұзылыс Х – хромосомасының сынғыш синдромы деген атау берілді. Сондықтан аутизмнің барлық жағдайында цитогенетикалық зерттеулер көрсетілген.

Аутизмі бар балаларға әсерлі,нәтижелі көмек көрсету үшін ерте жастан диагноз қою өте маңызды. Әсіресе 1 жасында баланың көру кемістігін, анасымен эмоционалды қарым – қатынастың болмауы, қорқыныштарды бала бойынан көруге болады.  Баланың ортаға бейімделуінің ең маңызды рөлді жеке жүргізілетін психологиялық – педагогикалық іс – шаралар алады. Аутизмі бар балаларды бірте – бірте қоршаған ортаға үйрете бастайды, осылай оларды ересек өмірге үйретеді.

Аутизмі бар балаларға отбасының, мұғалімнің, тәрбиешінің, дәрігерлердің, психологтардың көп көмегі қажет.

8 жылғы ерте жастағы аутизмі бар балаларға  бақылау жүргіземіз.

Қабылдауда 2 жыл 8 айдағы Сергей және оның әжесі. Баланың нашар сөйлеуі, нашар ұйықтайтыны, қорқыныш сезімі бар екенін, сонымен қатар ойыншықтармен ойнамайтыны байқалады.  Балалар психиатрына баланы туғаннан бастап бақылаған балалар невропотолог жіберген. Бала дүниеге келгенде баланың церебралды сал ауруы болуына күдік болған. Әжесімен әңгімелесу барысында баланың ата – анасының дені сау және уақытында дүниеге келген. Ата – аналары бала болғанын қаламаған, бұл анасының бірінші жүктілігі, жүктілік қалыпты өткен. Бала гемотомамен туылған.  1 – 2 минуттан кейін айқайлайды,салмағы – 4500г, бойы – 50 см. Бала әлсіз, көп ауырған. Бала 1 жасында аяғына тұрып, аяғының ұшымен жүреді. Ең алғаш сөздерді 1,5 жасында айтады. 2 жасында фразаларды, таппақтарды айта бастады. 2,5 жасынан бастап сөйлеуі нашарлай бастады, айаласындағы адамдармен қарым – қатынас үзе бастады, бір ойынды жалғыз ұзақ уақыт бойы ойнады, өзінен өзі күле бастады, бір жіпке немесе затқа ұзақ уақыт бойы қарап отыра берді, түсініксіз дыбыстарды қайталай берді. Қатты дыбыстардан, судан үрейлене бастады. Баланы дефектолог қарап шықты. Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жаттығулар нәтижесінде Сергейдің жағдайы жақсара түсті. Ол дефектлог – педагогтың бақылауы бойынша бұрыңғыға қарағанда қарапайым тапсырмаларды орындай бастады, сурет сала бастады, суреттерді бояды, біраз шыдамды бола бастады. Бірақ , ол өзімен – өзі жүгіре беретін, бір қимылды ұзақ уақыт бойы қайталап тұрды, түсініксіз дыбыстарды қатты дауыстап айтатын болды. Жалпы және психиканың артта қалуы айқын көріне бастады. Баланы орталық жүйке жүйесі бұзылған балаларға арналған балабақшаға орналастыруға мүмкіндік болды. Балабақшаға үйренісу өте қиынға соқты. Бірақ әжесінің тәрбиесі мен систематикалық емдеулер баланы жағдайын жақсатуға көмегін тигізді. Сонын арқасында бала мектепке дейін сол балабақшада болды. Балабақшада баланың ақыл – ойы біршама дамыды, бірақ эмоционалды – ерік сферасының артта қалғаны байқауға болады. Уақыт қте баланың қимыл – қозғалысы мақсатты бғытталмағаны көрініс табады. Ол жүгіре бастады, бір орында секіріп, ат сияқты айқайлап, бөлек дыбыстарды қатты дауыстап айта бастады. Бұл көбіне бала шаршағанда көрінді. Бала сұрақтарға жауап бермеді, оған сөйлеп тұрған адамның көзіне тік қарамады. Жалпы және ұсақ моторикасының бұзылысы байқалды. Мектепке дайындық кезеңінде бала әріптерді таныды және 10 – ға дейін санай алды. Сөйлеу тілінің кемістігі анық көрінді, себебі бала жай, қарапайым сюжетті суреттерден мәтін құрай алмады. Көп дыбыстарды бұрмалап айтты, дауысы жоғары, қатты, интонациясы түсініксіз. Баламен жүргізілетін түзетушілік жұмыстар әрі қарай жалғаса берді, 8 жасында баланы арнайы психикалық ауытқуы бар балаларға арналған мектепке берді. Мектеп бағдарламасын меңгере алды, балалармен бірте – бірте қарым – қатынасқа түсе бастады, тәртібі жақсара бастады.

Бұл бақылау, осындай психикасының ауыр бұзылысы кезінде, ерте жастағы аутизмі бар балалармен жүйелі, емдеу – психилогиялық – педагогикалық түзету жұмысын жүргізу әлеуметтік бейімдеуін жақсартады.

Ерте жастағы аутизмі бар баланы тәрбиелегенде белгілі бір қимылды орындатуға мәжбүрлемеу керек. Ата – ана балаға өз айтұанын істетуге тырысса, бала соғұрлым қырсығып, анасының айтқанын орындамайды. Балаға жақсы тәрбие беру үшін, оны белгілі бір күнделікті кун тәртібіне, гигиеналық дағдыларға үйрету керек. Аутизмі бар балалар жағымсыз қылытарды тез меңгеруге бейім болады. Мысалы, баланы өте суық немесе ыстық суға түсірсе, бала ұзақ уақыт бойы судан қорқып жүруі мүмкін.

Аутизмі бар балалардың көбі қатты әсер ететін дыбыстардын қорқады. Сондықтан олар судың дыбысынан немесе кір жуатын машинаның даусынан үрейленуі мүмкін.

Келесі тапсырма – баланың өз еркімен гигиеналық дағдыларға үйрету. Баланы кез – келген кішкене жеңістеріне мақтау айтып, мадақдап отыру керек. Оған әрдайым сенімділік көрсетіп отыру қажет.

Егер аутизмі бар бала ұзақ уақыт бойы гигиеналық дағдыларды үйрене алмаса, оған ата – ана төзімділікпен, шыдамдылықпен қарау қажет.

Баланы тамақтануға үйреу кезінде тамақтану тәртібін жасаған жөн. Күнделікті бір уақытта баланы тамақтандырған дұрыс. Тамақтану үшін балада өзінің суйікті ыдысы болу керек.

 Балаға жаңа тағам түрін бергенде ата – ана абай болу керек. Себебі, бала ол тағамнан үрейленуі мүмкін. Сондықтан жаңа тағам түрін баладан алыс қою қажет және оны балаға бермес бұрын ересек адам «Қандай дәмді!»- деп балаға қорқудың қажеті жоқ екенін түсіндіру керек.  Біртіндеп балада қызығушылық пайда болып, бала ол тағамның дәмін көргісі келеді.

Күннен күнге бала өзі тамақтану дағдыларын үйреніп, өзі тамақ іше алатындай жағдай туғызу керек.

Аутизмі бар балаларды ерте жастан үй жұмысына көмектесуге үйреткен жөн. Балалар тамақ пісіруге, үй жинауға, ыдыс жууға араласқаны дұрыс. Аутизмі бар балаға үйде үй жануары болғаны дұрыс, себебі бала ерте жастан жануарға қамқор болуға үйрету керек.

Мұндай балаларға ерте жастан түзету жұмыстарын, сабақтарын жүргізен жөн. Себебі, олардың жалпы және ұсақ моторикасын, танымдық процесстерін, сөйлеуін дамыту керек. Осы сабақтар балалардың үлкен адамдармен қарым – қатынас жасау кезінде тәрбиесіне, эмоционалды күйіне және өмірлік тәжірибесін жетілдіруге көмегін тигізеді. Отбасында тәрбелеуге педагог, педагог – дефектолог көмектесе алады.

Аутизм кезінде баланың қарым – қатынас жасауының бұзылуы.

Баланың ерте жас кезінде ересектердің көңіл бөлуін, өздерінің дауыс шығару арқылы немесе қимыл – қозғлыс, жест арқылы көрсетуі белгілі.

Қарым – қатынастың басты, маңызды функцясы өтініш жасау. Өтініш жасау көбіне вербальды және верьбалды емес түрде берілуі мүмкін. аутизммен ауратын адамдар эмоцияны, басқа адамдардың көңілін түсіну дамымаған. Олар әлеуметтік соқыр адам ретінде көрінуі мүмкін, бірақ оларды өзімшіл адам емес, оларда танымдық процесстердің дамымау салдарынан болған бұзылыс деп қараған дұрыс. Казіргі кезде шетелдік авторлар аутизммен ауратын адамдарды бірнеше топтарға бөліп қарастырады. Олар, сонымен қатар, бұл адамдардың әлеуметтік жағдайы өзгеруі мүмкін деп тұжырымдайды.

6 – 60 айдағы баланың әлеуметке бейімделуі туралы кесте.

Жасы

Әлеуметке бейімделуі

6 ай

8 ай

12 ай

24 ай

36 ай

48 ай

60 ай

Қалыпты дамыған балаға қарағанда белсенділігі төмен. Көру контактісі нашар.

Бала ашулы болса, оны көндіру өте қиын. Балалардың 1\3 бөлігі көңіл бөлгенді қажет етеді, бірақ басқа адамдарға қызығушылығ жоқ.

Бала еңбектеп жүре бастағанда қарым – қатынас жасау нашарлай бастайды.

Анасынан алыс кеткенде ешқандай көңілі қалатындай әсер болмайды. Ересек адамдардан ата – анасын таниды, бірақ ешқандай бауыр басатын әсер көрсетпейді. Біреуді сүйіп, құшақтай алады, бірақ бұл біреудің өтінішімен автоматты түрде жүреді. Ата – анасынан басқа ересек адамдарды ажырата алмайды. Үлкен қорқыныш сезімі болады.

Жалғыз болғанды қалайды, өзіне басқа ересек адамды жақындатпайды.

Ойын шарттарын түсінбейді.

Өзінің құрдастарына қарағанда ересектер қызықтырады. Жиі адамдармен қарым – қатынасқа түседі, бірақ түсініксіз және біркелкі қалыпта болады.

Ерте жаста аутизмнің ерекшеліктері

Ерте жастағы аутизмнің баста ерекшелігі – баланың қоршаған ортаға деген қарым – қатынасының толық болмауы. Балада ересектермен қарым – қатынас жасау ұзақ уақыт бойы қалыптасады немесе мүлдем қалыптаспайды. Ол ересек адамға нашар көңіл аударады, анасымен де қарым – қатынасқа түспейді, бұл « ана және бала»қарым - қатынасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Бұл жағдайда ерте жастан түзету жұмыстарын жүргізу керек.

См: Питере Т. Аутизм: теориялық түсініктен педагогикалық әсер ету.

Бала анасына қиындықпен үйреніседі. Ерте жастағы балаға тән маңызды бейімделетін реакциялар қиындықпен қалыптасады. Ересек адам балаға қарап тұрғанда оған қолын созбайды, сонымен қатар аутизмі бар бала анасының қолында тұрғанда өзінің ыңғайсыз, жайсыз сезінеді.

Ерте жастағы қалыпты балада көрінетін қимылдардың бірі – ересек адамның түріне қарау болып табылады. 1 айлық баланың өзі анасының түріне үңіле қарауы мүмкін. Көру қарым – қатынас жасаудың ең басты құралы болуы мүмкін.

Аутизмнің белгілеріне көру қабілетінің бұзылуы жатады. Көптеген авторлар көру қабілетінің бұзылуын аутизмнің орталық бұзылысы деп санайды.

Ерте жастағы күлімсіреудің ерекшеліктері

Аутизмі бар баланың күлімсіреуі қалыпты уақытта пайда болады. Бірақ эмоционалды қарым – қатынастың бұзылысы аутизмі бар баланың алғашқы өмір жылында байқалады. Ол белсенділіктің төмендігінен және эмоционалды қарым - қатынастың жетіспеушілігінен көрініс табады.

Негативизм

Негативизм – бұл психологиялық қарсыласу, барлық нәрсені керісінше жасауға ұмтылу. Қалыпты балаларда да кездесуі мүмкін. Көбіне жүйке жүйесінің, психикалық ауытқуы бар балаларда кездеседі (эпилепсия, аутизм, шизофрения).

Бұл қарсылық көрсеткен жағдайда, қарым – қатынастан қашу кезінде, протест болуы мүмкін. Мұндай бұзылыстың бірнеше себептері болуы мүмкін: дұрыс тәрбие бермеу, адамның жеке ерекшеліктері және т.б.

Негативті бала балалар психоневрологтың қабылдауына баруы тиіс.

Күрделі негативизм немен байланысты болуы мүмкін?

Негативизмнің күрделі түрі ерте жастағы аутизмі бар балаларда көрініс табады; Даун синдромымен байланысты ерте жастағы аутизм, ерте жастағы аутизмнің алалиямен байланысы, сонымен қатар, ақыл-ой кемістігінің кейбір формаларында байқалады.

Негативизмнің механизмі қандай?

Өзіндік коммуникативті жағдайсыздыққа гиперкомпенсаторлық әсердің типі бойынша пайда болады және орнықталады деп есептелінеді.

Бала тәрбиесіндегі негативизмді қалай жеңуге болады?

Н.Н. Школьникова келесідей нұсқауларды ұсынады:

1) баламен қарым-қатынс кезінде психологиялық қысым көрсетпеу керек.

 

Ерте жастағы балалар шизофрениясы

Ерте жастағы шизофренияның ең негізгі белгілерінің бірі-аутизм болып табылады. Оның негізгі белгісі-психикалық белсенділіктің бірден төмендеуі, жақындарға келеңсіз қарым-қатынас, қоршаған ортаға қызығушылықтың жоғалуы. Бала қоршаған ортаға ешқандай қызығушылық таныппайғ жұмыссыз отыра береді. Бұл әрекеттер оянумен, стеоротипті яғни қолының саусақтарын қимылдатумен, секірумен, жүгіру қимылдарымен алмасады. Бірте-бірте балаларды сөйлеу тілі жоғала бастайды, бала қоршаған ортадаға адамдармен қарым-қатынасқа түсуден бас тартады, олар бір-екі сөзді жаттап алып, қайта-қайта қайталайды. Өздері жайлы 3-жақта сөйлейді. Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары бұзылады, бала киім мен тамаққа немқұрайлылық танытады.

Осылайша, егер ерте жастағы аутизмде жоғарыда аталғандай ерекшеліктер болса, онда ерте жастағы шизофрениясы бар балаларда өзіндік ерекшеліктер болады.

Кейбір балаларда ауру кейбір қорқыныштармен, галлюцинациялармен басталады. Баланың эмоционалды ерік-жігер сферасында өзгерістер пайда болады, бала ашуланшақ болады, қорқыныштар пайда болады. Балалар ұзақ уақыт бойы бір аяқпен жүгіруі мүмкін. Көп жағдайда баланың күйі тұрақсыз болады, өзінің айналасындағыларын түрлі қиялдармен қорқытады, өзін қалыпты ұстамайды.

Шизофрения генетикалық негізде болып келетін психикалық ауру. Сонымен қоса шизофрения түрлі психикалық аурулардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Шизофрения - этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, наукас тұлғасының типті озгерістерімен әлеументтік адаптация және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру.

Интеллектуалды бұзылыстар ойлау бұзылысының әртүрлі вариантымен көрінеді: науқастар бағынбайтын ой ағынына немесе кідірісіне, шағымдар айтады.Жеке сөйлемдерден, сөздерден ерекше мағына түйсіну, жаңа сөздер ойлап табу (неологизмдер) бақыланады.Ойлауы жиі қалқымалы болып келеді, сөздерінде логикалық байланыссыздық бір тақырыптан бір тақырыпқа ауысу байқалады. Дертті өзгерістер тереңге кеткен науқастардың сөздеріндегі логикалық ретсіздік сөз үзілісі ( шизофазия) сипатын алады.

Эмоциональды бұзылыстар моральды-этикалық қасиеттерді үйірлік және жақындарына деген аяныш, түсіністік сезімін жоғалтудан басталады, ал кейде бұл жеккөру және ызалылық сезімімен бірге жүреді. Сүйікті ісіне қызығушылық төмендеп, уақыт өте келе тіпті жоғалтады, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамайды. Аурудың елеулі белгісі олардың жүріс-тұрыстарының ерекшеліктері де болып табылады.

Сенестопатиялық көріністердің орналасуы соматикалық ауруларда болатын ауру сезімдеріне сәйкес келмейді.

Қабылдау бұзылуыжиі есту галлюцинацияларымен және әртүрлі сезім мүшелерінің әрқилы жалған галлюцинациялармен көрінеді,ал сандырақтық күйзелістер ішінен әртүрлі формаларынбақылауға болады: паранойяльді, параноидты, парафренді,аурудың ерте сатыларында – жиі паранойяльды сандырақтар кездеседі.Шизофренияға авторларының есімімен Кандинский–Клерамбо синдромы деп аталатын псивдогаллюцинациялармен бірге жүретін физикалық әсер ету сандырағы айтарлықтай тән болып келеді.

Қозғалыстық бузылыстар өздерінің көрініс берулері жағынан көпқилы. Олар ерікті әрекеттер бұзылысы түрінде де және күрделі актілер патологиясы формасында да көрінеді.Ерікті әрекет бұзылысының көрнекі түрі кататониялық синдром болып табылады. Кататониялық синдромның құрамына кататониялық ступор және кататониялық қозу кіреді. Кататониялық ступордың екі түрі болуы мүмкін: люцидті және онейроидты. Люцидті ступор кезінде науқастарда қоршаған ортада қарапайым бағдарлау және ондағы құбылыстарды бағалау сақталады, ал онейроидты жағдайда науқастың санасы өзгереді.

Шизофренияның клиникалық көріністерінің спекторы өте кең,сондықтан оның диагностикасы көптеген қиындықтар тудырады,ал дифференциальды-диагностикалық бағасын үш бағытта жүргізу қажет,экзогенді психоздардан,аффективті психоздардан,соның ішінде маниакальды-депресивті психоздан,және невроздар мен психопатиядан ажырату керек. Экзогенді психоздар белгілі бір зияндылықтармен байланысты басталады. Аффективті психоздар кезінде шизофренияға тән тұлғалық өзгерістер байқалмайды. Психопатологиялық көріністер негізінен аффективті бұзылыстармен көрінеді.

Шизофрения ауруының даму ағымына қарай екі түрі болады. Ұстама тәріздіағымда шизофрениядаауру ұстамаларының ашық аралықтармен кезектесуі бақыланады. Ауру ұстамасы жедел психопатологиялық жағдайлармен сипатталады. Галлюцинаторлы, сандырақтық немесе басқа психопатологиялық көріністер эмоциональды кернеліс күйімен – қорқыныш, депрессия, көңіл-күйдің көтерілуімен, кейде сана бұзылысымен бірге жүреді.

Үзіліссіз агымды шизофрения шеңберінде үрдістің қатерлілік дәрежесімен анықталатын аурудың жеке формалары анықталады: қатерлі (ядролық), орташаүдемелі (параноидты), баяу ағымды немесе невроз тәрізді және психопатия тәрізді болып кездеседі.

Шизофренияның үш классикалық турі: гебефрениялық, кататониялық, параноидты және төртінші – қарапайым түрі болады.

Қазіргі кезде шизофрения ауруларын емдеуде көп мумкіндіктер бар.Сандырақ және галлюцинациялары басым көрініс берген психотикалық қозу жағдайында нейролепиктер,транквлизаторлар қолданылады. Депрессивті және деприссивті-параноидты көріністері бар жағдайында науқастарға антидепресанттар тағайындау керек. Күрделі психопатологиялық синдромдар тізбегі бар психотикалық жағдайында, қажет препараттардың комбинациясын қолдану арқылы емделеді. Ауру көрінісінде негативті бұзылыстар басым болған жағдайда ынталандырушы әсері бар нейролептиктерді қолдануға болады.

Науқасқа еңбек түрін таңдауды, науқастың психикалық күйін және бұрынгы мамандығын ескере отырып, дәрігер - психиатр жүргізеді. Бұл мүмкіндік болмаған жағдайда наукас мугедектік алуына болады.

Шизофрения профилактикасының мәселелері психиартрияның маңызды міндеттерінің бірін құрайды. Қазіргі кезеңде шизофренияның біріншілік профилактикасы медикогенетикалық кеңеспен шектелуде. Екіншілік және үшіншілік профилактика шараларын жургізу үшін медикаментозды және реабилитациялық тәсілдер қолданылады. Реабилитациялық шаралар көп жағдайда еңбектік белсенділік пен сүйемелдеуші терапияны ретті жүргізуді дұрыс үйлестіруге байланысты.

Ескерусіз қалған балалар мен гипербелсенді балаларды отбасында тәрбиелеудік негіздері.

Осы синдромның негізгі белгісі клесідей:

  1.  Қимыл-қозғалыстың жалпы бұзылысы, бір жерде отырмау, тұрақсыз тәртіптің болуы;
  2.  Зейіннің тұрақтылығының бұзылысы;
  3.  Әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалды қызметтің бұзылысы;
  4.  Қоршаған ортадағылармен қарым-қатынастың бұзылысы;
  5.  Өз-өзіне төмен баға беру.

Зерттеулер көрсеткендей бұл кемістіктердің пайда болуына келесі факторлар әсер еткен:

  1.  Толық емес отбасы;
  2.  Ұрыстар;
  3.  Ата-аналар білімінің жеткіліксіздігі;
  4.  Ата-анадан айырылу;
  5.  Дұрыс емес тәрбие.

Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету.

Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы оқушының бір қалыпты жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы, мұғалімге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.

Жанұя, мектеп, көше – бұл әр баланың қарым-қатынас сферасының ең басты негіздері, бұл сфералардың кейбір модификациясына қарамастан, баланың қатынасу ортасы және өмірлік тәжірибесі аз, қажеттілігі кішігірім, еркіндік оянуы мағынасыз, соған байланысты оның ішкі әлемі тіршіліктің салмақты қамымен, әлеуметтік жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық немесе басқа кейіпте фантазия секілді қалыптасқан. Баланың ақылына барлығы қызық болып көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер түрлі болып келеді. Бұрынғы кездегідей қазір де балалар мейірімге, жанашырлыққа бейім: өр көкіректік, қызғаныш, ең күшті тұлға болуға ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз жағдайларды тез ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте сақтайды.Олар пәктігімен, өзінділігімен, тез өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала есейген сайын өз сезімдерін көрсетуге ұялады. Осыдан көрініп қалатын дөрекілік, жоғары және терең сезімдерін ашық елемеу, өз-өзін қандай бағамен  болса да көрсеткісі келу пайда болады. Мұғалімге әсіресе өз тәрбиеленушілерінің кейбіреулерінің жанұясындағы, достарымен, немесе оқудағы келеңсіз жағдайы болған кездері қиын тиеді.  Бұның барлығы өз оқушылармен қатынасу кезінде жоғары педагогикалық мәдениетті, шыдамдылықты, әдептілікті ең бастысы тәрбиеленушімен болып жатқан жағдайды түсіне білуді талап етеді.

Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы өзара байланысты, келісілген әр түрлі формада, түрде және жағдайда іске асатын байланыстың тізбегін ұсынады. Бұл тізбекте ерекше рольді мұғалім өткізетін сабақ атқарады. Кез-келген пән тәрбиелеу ісіне белгілі бір негізде әсер етеді. Ол рухани байланысу,  өз ойларымен алмасу, салмақты түрде әңгімелесу.  Дегенмен, сабақтың мазмұны есте қалу, мұғалім мен оқушының ашық қатынасуы үшін сабақ үйретудің сапалы жұмысын әрқашан қадағалау қажет. Сабақ оқытудың мәселесі – бұл психологиялық қтынасудың мәселесі және «бұны психологиялық қарым-қатынастың негізіне көңіл аудармай шешу мүмкін емес»- деп белгілі психолог А.Н.Леоньтев айтқан.

«Әрбір мектептегі сабақ қарым-қатынас түрі ретінде ақпаратпен алмасу, осымен қатар немесе осымен бірге бір бұрышында басқаша ұйғарылуы, кез-келген сабақ – іскер қарым-қатынасты тәртіпті, өнерді, ынтаны,өз беттілікті қалыптастыруға бейне бере алады. Тәрбиелеу элементі ғылымды үйретуде, мұғалімнің өз ғылымына деген махаббатында және оны оқушыға  бере алуында»-  деп Л.Н.Толстой тура көрсетіп айтқан. «Оқушыны ғылыммен тәрбиелегің келсе,- деді ол - өз ғылымыңды сүй, сонда ғана тәрбиелей аласың, ал оны өзің сүймесең, онда қанша күш алсаң да ғылым тәрбиеге ықпал жасай алмайды.»

Оқушы тұлғасына ықыласпен көңіл қою – бұл сынып ұжымының расында оның ешкімге ұқсамайтындығын, мінезінің ерекшелігін, еркін ойын, қылығының айрықша екенін мойындау. Педагог әр баламен ерекше санасуы қажет.

Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Жеке қатынасудың мұғалімге қоятын талабы көп, ол тәрбие міндеттерін іске асыру кезінде түрлі формаларды пайдалана алуы қажет.

Бұл кезде мұғалімнің алдында ең басты психологиялық міндет тұрады: ол оқушыларды тани білу, талабын ашу,бағалы қасиеттерін табу, оған кедергі болып жүрген жағдайлардан алып шығу т.б. әрбір оқушының өз темпераменті, қабілеті мен мінезі болады. Бұның бәрімен санасу қажет. Сондықтан әрбір оқушылармен әр түрлі қатынасып көңіл қойып, жұмыс істеу керек. Бұл үшін өзінің нақты мамандандырылған, жекешеленген қарым-қатынас стилінің болғаны дұрыс. әрбір оқушымен ізгілікті түрде қатынасудың ең қажет психологиялық талабы – ол құнттылық, ықылас қою, өтімділік және асықпаушылық.

Оқушымен табысты жұмыс істеудің кепілдігі – үздіксіз шыншыл, өзара сынмен талдау арқылы тәрбиеленушілермен өзара байланысу. Әңгіме, кездесу, сөйлесуде әрқашан ұтымды жағын тауып, баланың ішкі жан дүниесімен күресе білетін нақты көмекшілерді іздеп таба білу қажет. Оқушылармен жұмыс істегенде ең бастысы – жақсы ұжым тудыра отырып мұғалімге барлық тәрбиелеу ісіне көмек жасау. Маңызды тәрбиелеудің құралы – мектеп жұмысына біріккен сынып ұжымы. Барлық сыныптың жақсы жұмысының арқасында  әрбір оқушыға әсер ете алу әдістері оңай табылады.

Ерекше көңіл аударарлық сфера болып, оқушының ата-анасымен мұғалімнің қарым- қатынасы саналады. Мектептің алдына  қойған міндеттер келер көмекті күшейтуді, жас өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне деген жауапкершілікті көтеруді үздіксіз талап етеді.

Оқушы тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты.

Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарам-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ .

Педагогтың оқушы ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген  сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.  

Көптеген мұғалімдер өз оқушыларының ата-анасымен тығыз байланысып, кездесуді ұйымдастыруға онша белсенбейді, жылдан жылға ата-аналар жиналысы белгілі бір сценарий бойынша орындалса, онда нақты ақпарат жоқ, нақты педагогикалық қатынас болмайды. Ал көптеген ата-анаға педагогикалық қарым-қатынас өте қажет, оларға өз балалары туралы ақылдасу, жиналған көп сұрақтарды қою, баласының мінез-құлқын білу керек. Оларға көмек беру орнына кейбір мұғалім оны қалай жасау керек екенін өзі де білмейді. Кейде мұғалім ата-ананың жоғарғы жұмыс орнына, жасына , даңқына қарап жасқанады. Ата-анамен (кез-келген категориядағы) қатынасуда мұғалімнің қиналуы оның зиялы әңгіме жүргізе алмауында байланысты. Анықтап қарасақ педагогқа балаға баға қою мен мінезі туралы әңгімеден басқа тақырып жоқ секілді. «Мектеп тақырыбынан» басқа әңгімеден, жан-жақты сөйлесуден мұғалімнің алар ақпараты байланысқа көп әсер береді. Ашық талқыланған ата-ананың өз балаларына қатынасы емес тақырыпта әңгімелесуі, мұғалімнің олар туралы көз-қарасын жөндеуге, кейбір жағымсыз ақпараттарды қай  кезде және қалай жеткізудің жөн екенін табуға көп көмек береді.

Мұғалім ата-анамен үй жағдайында қатынасу тиімдірек. Көптеген мұғалімдер оқушы қиын, әлсіз, кінәлі болса ғана пәтерлеріне барады.Бұл дұрыс емес. Барлық жақсы немесе жаман оқитын оқушылардың үйлеріне барып тұруы қажет. Ата-ананың  «мектепте ол не істеп қойды?»  деген сұрағына жауап беріп, алдын ала баратындығы туралы ескертіп қою керек.




1. Влияние физкультуры на развитие личности.html
2.  Файлы а Общие понятия о файлах Данные размещаемые программой в памяти компьютера исчезают при выключе
3. ТЕМА 10 Ряды Числовые ряды
4. Тема 1. Хозяйственное право Предмет хозяйственного права Хозяйственное право базируется на гражданском п
5. Ликвидность коммерческого банка
6. 3 по силе но не менее 50 без сдачи
7. Гендерные особенности профессионального отбора менеджеров
8. Дания
9. Психология восприятия
10. то ~ и так далее по цепочке
11. Профессор но как можно владеть таким числом Ультим без ущерба для себя Ведь волшебники уже после трех изуче
12. Оценка стоимости недвижимости Правовая база и основные правовые документы регламентирующие деяте
13. ПРАВО ИНТЕЛИКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ
14. иностранцах в БГУ Социальнодемографические группы Знаете ли
15. Тема 1 Соціальна профілактика як аспект соціальної політики держави ПЛАН Сутність соц
16. ОРЛОВСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ИНСТИТУТ ЭКОНОМИКИ И ТОРГОВЛИ
17. О внешнеэкономической деятельности 959XII от 16
18. По принципу действия наиболее часто встречающиеся в промышленности насосы можно разделить на четыре группы
19. управленческих и правовых дисциплин ДОКУМЕНТИРОВАНИЕ МУНИЦИПАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
20. Все имена персонажи места действия и описываемые эпизоды целиком и полностью являются плодом авторского в