У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Техносферада~ы тіршілік ~ауіптері

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ

Орындағандар : Рахат Гүлнұр

Тобы: СТ – 10 – 6К

Қабылдаған : Альжанова Б

Шымкент 2012 жыл

Техносферадағы тіршілік қауіптері

Өмір сүру ортасы адамға әр уақытта өзінің жағымсыз әсерін тигізіп келді. Бірақ, көптеген ғасырлар өте өмір сүру ортасы өзінің бейнесін біршама өзгерте бастады. Осыған орай жағымсыз әсерінің түрі мен деңгейі де өзгерді. ХХ ғасырдың аяғынан бастап жағдай нақты түрде өзгерді. Адамның белсенді әсер етуінің нәтижесінде онда елеулі өзгерістер болды. Жер бетінде биосфераның шамадан тыс ластанған аймақтары пайда болды. Биосфера өзінің мәнін жоғалтып, адам көп шоғырланған жерлері техносфераға өтті. Нәтижесінде ғаламшарда экожүйесі бұзылмаған территориялар аз қалды. Әсіресе дамыған елдердің экологиялық жүйесі көбірек бұзылуды (Европа, Солтүстік Америка, Жапония).

Биосфера – атмосферанының төменгі қабатынан, гидросферадан және литосферанынң жоғарғы қабатынан тұратын, техносфераның әсеріне шалдықпаған жердегі тіршіліктің орналасқан аймағы.

Техносфера – адамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін техникалық құралдардың көмегімен тікелей немесе жанама әсерінен түрленген биосфера аймағы.

Қазіргі жағдайдағы техносфераның пайда болуына келесідей аспектілер әсер етті:

- Жер бетіндегі тұрғындар санының қарқынды түрде артуы және олардың урбанизациялануы;

- энергетикалық ресурстарды тұтынудың және шоғырының артуы;

- өндірістік және ауылшаруашылық өнеркәсіптердің қарқынды дамуы;

- транспорттық құралдарды жаппай қолдану;

- әскери бағыттағы шығындардың артуы және т.б.

Техносфераны жасай отырып, адам баласы тіршілігінің үптелген жағдайын жоғарылатуға тырысты. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап өндірістік өнеркәсіптер 100 есеге артты. Бұл прогресс адам баласын ең жоғарғы деңгейге шығарды, бірақ ол өзінің кері әсерін, яғни жер қойнауының кедейленуіне әкеліп соқты.

Қазіргі уақыттағы қауіптердің ішінде үлкен мәнге ие болатыны – биологиялық қауіп. Биологиялық қауіп екі жолмен туындауы мүмкін. Бірінші – тіршілік иесіне сырттан келетін қауіп (эпидемия және экологиялық қатер), екінші – тіршілік иесіне іштен келетін қауіп (гендік инженериямен байланысты қауіптер).

Потенциалды және қолданылу дәрежесіне қарай қауіпті объектілер мен техникалық жүйелер келесідей топтарға бөлінеді:

- жаппай қырып-жою қарулары (ядролық, химиялық, биологиялық) және қорғаныс кешенінің объектілері;

- ядролық цикл және ядролық энергетика объектілері;

- атомды реакторлар (стационарлы энергетикалық, транспорттық, зерттеу және технологиялық кешендер);

- ракета-космостық кешендер;

- мұнай-газ кешендері;

- көп мөлшерде қауіпті заттармен қорланған химиялық және биотехнологиялық кешендер;

- энергетика объектілері;

- өндірістік қондырғылар және тасымалдаушы кешендер;

- металлургиялық кешендер;

- транспорттық кешендер объектісі (жерүсті, суүсті, суасты және әуе транспорты кешендері);

- магистральды газ-, мұнай және азық-түлік тасымалы;

- инженерлік құрылыстар (көпірлер, платиналар, галерея және стадиондар т.б.);

- тау-кенді қазбалау кешендері;

- өнеркәсіптер мен азаматтық құрылыстың алпауыт объектілері;

- басқару, байланыс жүйелері.

Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер транспорттық авариялар, жарылыс пен өрт, радиациялық авариялар, химиялық және биологиялық қауіпті заттармен ластайтын апаттар, гидродинамикалық апаттар, тазалау және электроэнергетикалық объектілердегі апаттар.

       Қауіп дегеніміз – үрдістердің, объектілердің, заттардың және де олардың жекелеген қасиеттерінің белгілі-бір жағдайда адамның денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға және әлеуметтік-экономикалық жүйеге, техникалық объектілерге тікелей немесе жанама жағымсыз әсері. Қауіптілік химиялық немесе биологиялық белсенді компоненттері бар жүйе және оның негізгі сипаттамалары адам тіршілігінің жағдайына сай келмейді.

Қауіп – табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи қауіп – стихиялық құбылыстармен, климаттық жағдайлармен, жергілікті рельефпен шартталады. Кауіптің адам мен қоршаған ортаға кері әсері өкінішке орай тек табиғи қауіптермен шектелмейді. Адам өзінің материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қоршаған табиғи ортаға техникалық құралдармен, өндірістік тастанды қалдықтармен т.б. өмір сүру ортасына антропогендік қауіп төндіруде. Техникалық құралдармен туындаған антропогендік қауіптерді техногендік қауіптер деп атайды. Қауіптердің жасырын және айқын түрі белгілі. Жасырын қауіптер туындайтын жағдайды себеп дейді.

Қауіптің негізгі көздері келесілер: адам, объектілер (машина, станоктар, құралдар, ғимараттар, жер, жол, энергия т.б.), еңбек өнімдері - технологиялар, операциялар мен әрекеттер, табиғи-климаттық орта (жауын-шашын, су тасқыны, күннің белсенділігі және т.б.), флора мен фауна.

Қауіптің сыртқы көздеріне жататындар: табиғи жағдайлар, элеуметтік-экономикалық және техникалық жүйелер, жұмысшы персоналдық күтпеген қате әрекеті (адами фактор).

Ішкі қауіпке – адамның жеке ерекшеліктерінің әлеуметтік және психологиялық сапасына кері әсері жатады.

Тәуекелділік – қауіптілік кезіндегі адамның нақты іс-әрекеті.




1. х годах прошлого века
2. а. Этот момент устанавливается судом в каждом конкретном деле в зависимости от характера причин пропуска сро
3. Біосфера і концепція ноосфери ВІ Вернадського»
4. это или выманить это обманом
5.  Hllo Представление
6. Казахстано-российские отношения в постсоветский период
7. Методика виявлення фармацевтичних препаратів, що містять кальцій
8. Семья и ее основные функции, типология
9. В.Н. Шилов Политическая система Росси
10. Методические рекомендации по выполнению контрольной работы по курсу Эконометрика Тема- Уравнение лин
11. Стенька Разин под Петербургом
12. Становление и развитие политологии как науки
13. Аналіз вокальних методик другої половини ХХ століття- на прикаді методичного досвіду І
14. тематического анализа и МОМ Наименован
15. Правовые меры охраны атмосферного воздуха
16. Пушкинский текст современной поэзии
17. общая медицина на 20112012 уч
18. Лекция Ведение в языкознание Хафизова А
19. Сосудистые факторы риска развития глаукомы с нормальным давлением
20. РЕФЕРАТ НА ТЕМУ- САМОКОНТРОЛЬ ПРИ ЗАНЯТИЯХ ФИЗКУЛЬТУРОЙ И СПОРТОМ