Будь умным!

У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

тематикалы~ болжамдар а~парат алмасу амалдары болаша~ты~ м~ні бар ~леуметттік жобалар к~семс~з ~исыны мен

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.11.2024

.         «Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіні мен қызметі» пәні

Ғаламдастыру проблемалары және бүкілтүркілік ақпараттық кеңістік ұғымын таратып беріңіз.

Жиырма бірінші ғасыр қалмгерлігі, ақпарат құралдарының  сан сипатты деректі игеру мен кәдеге жарату тәсілдері тікелей және жанама өндірістік күшке, ел экономикасының стандартты емес саласына айналуда. Заманалы ғарыштық қондырғылар, озық  технологиялық модельдер, перспективалық математикалық болжамдар, ақпарат алмасу амалдары, болашақтық мәні бар әлеуметттік жобалар көсемсөз қисыны мен тәжірибесінің қас-қабағына қарай бой түзейтіні бірте-бірте айқындалып, ғылыми жұртшылық санасына сіңісіп келеді. Тетелес адамияттық һәм нақтылы  пәндер мамандары масс-медиа аясында, коммуникация тану форматында  сауатты да өтімді ойын өрнегін көрсетуі арқылы, мейлі,  бәсеке алаңында болсын, мейлі, имидждік тұрпатта болсын игілікке жететінін нақты ұғына бастады. Осы шақта көсемсөз бен журналистика идеологиялық қана емес, идеялық, инновациялық-навигациялық көшбасшылыққа қол созып отыр. Бұл табиғи және жасанды эволюцияның нақты көрінісі. Қазіргі таңда ақпарат саласы (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен сервистен кейін) эконономиканың «төртінші секторына» айналды, осы шаруашылықпен шұғылданатындар саны Батыс елдерінде 50 пайызға таяп қалды. Демек, бүгінгі заматта журналистиканы, басқа қоғамдық пәндерді қазақ топырағында да жаңа пайымдағы экономика саласына -  ынталандырушы, пассионарландырушы, ақпарат өндіруші бағытқа жатқызуға әбден болады. Яғни, журналистикамен одақтаспау, оның ықылас-бейілінен сырт айналу бұл уақытта жалқы есімге де, жалпы есімге де еш пайда әпермек емес. Осылайша бүгінгі қоғамдық сөз өнерінің методикасы мен формаларының аса прогрессивті, ажарлы ұлттық сипаты келбеттеніп, кемелденіп, бір елдің арнасынан асып-төгіліп барады. Сондықтан коммуникология мен ғаламдану сабақтастығын еске алсақ,  әлемдік сананы, әрине, жалпылық мәні бар проблемалар да, жекелік маңызы бар мәселелер де толғандырады. Оң-солын жете таныған дүние ешқашан индивидтер мен жеке мемлекеттер орбитасын місе тұтпайды, гуманистік әлем сөз жоқ, идеялар мен информация төңірегіне топтасады. Осынау тезисті әрі қарай таратсақ, прогресивті ұлттық журналистиканың өркенін өсіру үшін Алаш зиялылары парадигмасымен генетикалық жағынан сабақтасқан, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы аналитикалық журналистикасының «дауыл мен бұрқасын» идеяларының жағымды зарядын сіңірген жандар пікір біріктіруде, тізе қосуда. Оларды да қалың қазақ аудиториясын да бүгінгі таңда «кім?» және «не?» төңірегіндегі қусырылған  жалаң мәліметтер қанағаттандыра алмайды. Сондықтан «журналистер республикасында» қордаланып, шешімін күтіп қалған проблемалар жетіп артылады. Ол журналистік білім беру саясатынан бастап, бүгінгі ұлттық коммуникация құралдарының шығармашылық және технологиялық мәселерін түгелдей қамтиды. Ендеше, бүгінгі қазақ журналистикасының көкейтесті проблемаларын мемлекеттік деңгейде талқылаудың кезегі келіп-ақ тұр. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұрындық болып математиктердің, тарихшылардың халықаралық жиындарын өткізіп, екі саланы ғылыми бастамашы етіп отырғанын журналистер қауымы құптай да қуана жазды. Енді дәл сондай мәртебелі мәжіліске, меніңше, қазақ журналистикасы тарихының зерттелуі, ұлттық баспасөздің бүгінгі күнгі  практикасы мен ертеңгі күнгі тағдыр-талайы, жоғарғы оқу орындарында журналистика кадрларын даярлау мектебінің жай-күйі ортан қолдай тақырып бола алады. Тек мұндай келелі бас қосуға Білім және ғылым, Ақпарат, Мәдениет министрліктерінің ортақ мәмлесі мен ықыласты шырайы керек.

Ұлттық журналистика бұл күндері тепе-теңдік заңының аясында тіршілік етуде, сондықтан ол тек идеологиялық әдіс қана емес, сонымен бірге  рухани капитал, бизнес саласы. Ендеше, қазақ журналистиканың ақпараттық рыноктағы ахуалын тексеретін, мониторинг жүргізетін Стандард Пур секілді агенттік керек секілді. Әлеуметтік парадигма мен алгоритм қағидалары бізге қазақ ұлысы, қазақ әлемі дүние жүзіне танылуы үшін оған ең алдымен озық журналистика керек дегенді табанды түрде ұсынып отыр. Көсемсөзтану ғылымының бір саласы - имиджелогия да бізге солай қарай жөн-жоба сілтейді. Ұлттық жігері мықты журналистика халықаралық аренада мүлтіксіз тіл қатса, ол қазақтың мәртебесі, Қазақстанның ұшпаққа шыққаны. Әлемдік журналистика полифониясын байытуға қанына жыраулар дабысын, қазақ домбырасы мен қобызының сарыны сіңген ұлттық көсемсөз оркестрі белсенді үн қосуы керек. Сондықтан тәуелсіздіктің елең-алаңында ашылып, бертін келе жабылып қалған халықаралық журналистика мамандығын қайта қалпына келтіргеннен біз еш ұтылмаймыз. Оның үшін журналистика факультеті студенттерінің де, оқытушыларының да қосымша екі тілді - ағылшын және орыс тілін  жыға танығаны құба-құп. Әлбетте, қазақ тілі - саяси саудадан тыс мемлекеттік тіл өз елімізде,  әр университетте  шын мәніндегі ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуы қажет.

Өз кәсібін құлай сүйе білген адам - нағыз маман. Әйгілі театр реформаторы К.С. Станиславскидің өнер мен актер арасындағы қарым-қатынас  туралы максимасы, меніңше, журналистерге де қатысты. Консерваториядан, театр, кинематография сияқты жоғарғы мектебінен кәсіби икемсіздігі үшін оқудан шығарып жатады. Қоғамдық пікір тізгінін ұстайтын болашақ сөз шеберлеріне біз де сондай талап қоюымыз қажет. Ал өзімізге, қазіргі ұстаздар контингентіне, келер болсақ, практикалық журналистика саласында бір күн де тер төкпеген  адам  теория мен практика хақында өнеге айтып еш опа таптырмайды. Қазіргі күні құрғақ әкімшілік әуселемен де ұзаққа шаба алмайсың. Басқару - үлкен өнер, шығармашылықтың ерекше түрі. Олай болса, журналистика факультетінде «Ұлттық басқару өнері» тақылеттес арнаулы курс өткізуді осы бастан қолға алған жөн.

Бұл күндері сыртпен қарым-қатынасымыз әжептәуір, басқа жұрттан келіп-кетіп жүрген оқытушы-мамандар саны да жетерлік. Дей тұрғанмен сол шет елден ат-түйедей қалап щақырылған оқытушылар біліктілігін анықтау үшін магистранттардың, докторанттардың жазбаша түрдегі пікірлерін білгеніміз еш артық етпейді. Әлі күнге дейін біз профессор-оқытушылар біліктілігін анықтауда тек сандық көрсеткіштерге  жүгінеміз, сапалық көрсеткіш мүлде еске алынбайды десе де болады. Оның да өзіндік себебі бар. Біріншіден, сапалық көрсеткішті анықтаудың азабы көп, екіншіден, қазақ тілінде жарық көрген ғылыми-шығармашылық еңбектерге баға бере алатын деңгейдегі адам көпшілік ректорат маңайынан табылмайды. Қазіргі кезде мерейі үстем болып тұрған кредиттік жүйенің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері де баршылық. Артықшылықтары: оқытушылар мен студенттердің мобилизмі, жаупкершілігі артты, электронды оқулықтар мен оқу құралдары жарыққа шыға бастады, дистанциялық білім беру жолға қойылды, видеодәрістер, виртуалды зертханалық сабақтар жүйеленуде, оқытушылар шет тілін үйренуге ден қойды, халықаралық ғылыми байланыстар күннен күнге артып келеді. Біздің әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 20 ғылыми инновациялық жоба табысты жүзеге асырылуда, IF жоғары ғылыми мақалалар легі көбеюде.  Ең бастысы, ғылым мен білім реформасына ғылыми-педагогикалық ортада  жағымды көзқарас белең алды. Сонымен қабат  әзірге үдеріс жолындағы кредиттік әдістің өзіміздік нұсқасының кемшін тұстары да, түзетер тұстары да аса мол: студент пен оқытушының ертеден қара кешке дейін аудиториядан шықпауы шығармашылық ұмтылысты тежейді. Ондай асқын салмақты ешбір тән де, жан да көтере алмайды, алты сағаттан кейін қандай данышпан дәріскердің болсын лекциясын студент миы сіңіре алмайды. Оның үстіне кредиттік жүйе оқытушылардың сағат санын анағұрлым көбейтіп жібергені байқалады. Осының бәрі жөн болар ма еді, егер газет-журналдар редакциялары, республикалық және қалалық телеарналар, мәдени, рекреативті құрылымдар әр университеттің өз ішінде болса. Оның үстіне журналистикада білім мен тәжірибе айнала, қоршаған ортамен тілдесу әдісі арқылы да жиналады.

Қай заманда болмасын публицистика мен журналистика - тарихи үдеріс жемісі, әрі стратегиялық, әрі тактикалық қару. Жалпы тарихи эволюция үздіксіз десек, қазақ тарихы да үздіксіз, біртұтас. Қазіргі күні тарих идеологиялық текетірес құралына айналды. Ал тарих ұлттың өзіндік санасымен тікелей байланысты. Халықтың өзіндік санасы бұқара іс-әрекетіне әсер етер пәрменді фактор. Біздің ұлттық тарихтан айрылғанымыз -  даралықтан айрылғанымыз - даралықтан айрылғанымыз - иммунитеттен айрылғанымыз, ұлттық даналықтан, ұлттық танымнан жұрдай болғанымыз. Қорғанышсыз ел - құл ел. Осындай проблеманы шапшаң да сауатты шеше алмайтын санаткерлер мен саясаткерлер орын алып отырған жағдайды әдейі полижұртшылық алаңына шығарады. Ондағы үміті:  проблеманы әртектілер диффузиялайды, оның ісігін дискуссия қайтарады, ол ешкімге зардабын тигізбей өз-өзінен тарап кетеді. Осы, кейінгі жылдары, біздің неотеоретиктер ұлттық құндылықты қорғаушыларды консерваторлар, кертартпа топ өкілдері, ел бірлігіне іріткі салушылар деп  үркітуді үрдіске айналдырып алды. Бұл қате де зиянды түсінік. Олар, қайта, ұлтты ұйыстырушылар, тұтастандырушылар, ал елді алатайдай бүлдірушілерді сырттан, тек өз болашағына алақтаған іштегі алакөздерден, информациялық экспансиядан, блогосферадан іздеген жөн. Блогосфера, әлеуметтік желілер реті келгенде саяси арандату, ұлттық мемлекетке ықпал-әсер ету үшін ұтымды пайдаланылады. Мәселен, қазақ тілі туралы заңға байланысты  «бостандықшыл» интернеттің шабынған, тепсінген пікірлер легін ұйымдастыру науқаны соның айқын дәлелі. Демократиялық Батыс, тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, қай салада болмасын, тек күш әлеуетін ғана мойындайды. Бет-әлпеті репродукцияланған елді ешкім де сыйламайды, ондай клондармен ешкім де санаспайды. Өзіндік «менінен» айрылған жұрт информациялық, саяси және экономикалық қақпайлауға көнбіс те иліккіш келеді. Осы тұрғыдан барлап-байқасаңыз, Европадағы, араб дүниесіндегі, Израильдегі, саяси-экономикалық дүрбелеңдерді әлеуметтік желілер,  сан санаттағы блогерлер ұйымдастырып, бағыт-бағдар нұсқап, жол сілтеп отыр. Мәселен, Египет блогері Асмаа Махфуз әлеуметтік желілер арқылы мыңдаған адамды митингіге шақырып, Каирдегі Тахрир алаңына шығарды. Европарламент фракцияларының көшбасшылары «араб көктемін» ұйымдастырушы Ахмед әл-Зубаир әл-Сануси (Ливия), Разан Зайтунех (Сирия), Әли Фарзат (Сирия), Мұхаммед Буазизи (Тунис) және Асмаа Махфуз (Египет) сынды  бес «каһарманды» жазбай танып, оларға  Сахаров атындағы «Ой-сана бостандығы» сыйлығын беру туралы апыл-ғұпыл шешім қабылдап та үлгерді.

Қазіргі қазақстандық ақпараттық кеңістікте блогтық жұтаң тіл, кибер ой жүйесі жедел қалыптасып келеді. Тіпті аса бай, аса құнарлы қазақ тілінің варианты осы деуге сенгің де келмейді. Сауатсыздық пен білімсіздіктің көрінісін іздесеңіз, тап қазір блогосфераға жүгініңіз. Өтпелі, уақытша құбылыс болса да  қазіргі Интернет сауатсыздық резервациясына, шала сауаттылардың дау-дамай, байбаламы мен бетжыртыс алаңына айналды. Ол -  индивидтер, жіктер, әлеуметтік топтар мәдениеті мен көзқарасының айнасы, сонымен қатар писхологиялық терапия, тұрмыстық тауқыметтен, сыбағалы мифологемадан дистанциялық тілдесу, ақпарат алмасу арқылы арылудың әдісі. Белгілі бір дәрежеде көңілдегі кірді кетіру, психологиялық дерттен емделу тәсілі. Интернет  -  ортақ тарихи талқының,  ортақ тарихи құлазудың да көрінісі.

Бұл заматта қазақ журналистикасы көркемдіктен жүрегі кілкіп, тіл диетасына көшкен сықылды. Менюдегі жанрлық мәтін сан түрі болу керектігін мүлде ұмытқандай. Бәлкім, менікі асылық шығар, бірақ қазіргі журналистер белгілі бір бағытқа программаланған орындаушы роботтар мен манипуляторларға айналып бара жатқандай. Оны өздері де сезбейтін сияқты. Ал «бейтарап ақпарат» жалауын желбіретушілер журналистиканы азаматтық позициядан, саяси реңнен аулақтатуды көздеуде. Телеарналар айналасында осы күндері шығармашылық процестің табиғатын тани алмайтын жылтырбеттер қаптап кетті. Бізде қазір қай саланы болмасын менеджерлер басқару керек деген ұғым қалыптасты. Мен кешегі күн басшыларының да біразын көзім көрді, бүгінгі күннің әкім-рақымдарын да аңдап жүрмін. А.З. Закарин, Т.С. Амандосов, Т.Қ. Қожакеев, Ә.Н. Шманов, К.С, Смаилов, Ш.Р. Елеукенов, Ә.Т. Әлімжанов, Ө.Ж. Жәнібеков,  Ө.А. Жолдасбеков, К.Н. Нәрібаев, Б.Т. Жұмағұлов, Е.М. Арын есімдері шығармашылық және ғылыми көпшілік аузынан түспейді. Себеп? Өйткені бұлар - қазақ  қоғамының бетке шығар қаймақтары, ұлт жанашырлары, интеллектуалдар. Азат пікірді, шығармашылық берекені, ғылыми сонылықты, ұлттық даралықты, дарынды тұлғаларды қажыр-қайраттары жеткенше қолдағандар. Ал осы сан санаттағы аты аталған арғы-бергі менеджерлер бойынан басқа адами қасиеттерді былай қойғанда, парасат пен тектіліктің биязы самалы есіп тұратын. Өкінішке қарай, мен қазіргі ғылыми-біліми атқамінерлер бітімінен дәл әлгіндей асыл тебіндерді байқай алмай келемін. Біздің әрі шолақ, әрі олақ қолтума белсенділер  орта буын менеджерге керегі  экономистік, техникалық, заңгерлік білім, басқарушылық құлшыныс, әрі бүгінгі тікелей басшыға берілгендік деп қана түсінеді. Белгілі бір саланы дөңгелетіп алып кететін адамның психологиядан да, философиядан да, эстетикадан да, қоғамдық қатынастардан да, көркем әдебиеттен де хабары мол болуы керектігі қаперлеріне кіріп шықпайды. Ал дәстүрлі, өлмейтін құндылықтарға жүгінер болсақ, ең бастысы - арлылық, тазалық.  Қолы тазаның - ары таза. Арлылар ғана өсіп келе жатқан ұрпаққа ғибрат айтуға хақылы. Оған қосар үстемеміз: шығармашылық шеберлік турасында жөн-жоба сілтеуге жүрек дауалау үшін ең алдымен тиісті саланы бес саусағыңдай білгенің жөн. Бұл - бір. Екіншіден, өзіңнің де елге, оқырманға шығармашылығың арқылы кеңінен танымал тұлға болғаның абзал. Сол саладан хабары мол адамның азаматтық та, ғылыми да инициативасы  ұлттық мүддемен қымсынбай қол алысып жатады. Ондай жандардың әдетте іші де, тысы да азат. Тымырсық пен тұмшаны, бейеркіндікті үнатпайды

Қазір ақпараттық кеңістікте құндылық ауыстыру, түсінік пен ұғымды өзгерту мақсаткерлікпен жүргізілуде. Егер индивидтің санасы мен жадынан өткен жылдар өнегесін өшіріп тастасаң, ол кез келген идеяны таңбалайтын таза тақтаға айналады. Осы астарлы саясатты, залады тенденцияны барлық пәндер (мәдениет, экономика, ғылым, саясат және т.б.) территориясында өнімді жұмыс істейтін журналистика талайдан бері жазып та келеді, айтып та келеді. Өйткені журналистика мен мәдениет - ел қорғанысы, ол қатардағы қазақтың әділдік пен әділеттілікке деген сұранысын қамтамасыз етуші бірден-бір құрал.  Сондықтан біз  мақұлдаушы, малданушы, сауықшыл, тоқмейілсіген журналистикадан іргені аулақ салып, талдаушы, расшыл журналистиканы өркендетуіміз керек. Қай салада болмасын пікір даралығы бағаланады, шет елде де сенің ұлттық  мүддеңді, өзіндік ерекшелігіңді жан-тәніңмен қорғауыңды қадір тұтады.

Журналистика қолы ұзындарға, нетократтарға қызмет көрсететін даяшы емес. Баспасөздің ежелден қалыптасқан моральдық нормалары, ұлттық эталоны бар. Ұлттық ақпараттық кеңістікті тіпті ең жақын одақтастарыңа да бермеу керектігін, оны көздің қарашығындай қорғау керек екенін австралиялық медиамагнат Руперт Мердоктың Англиядағы News of the World газетінің жабылуы тағы бір рет дәлелдеп берді. Демократиялық үрдісті мықтап ұстанатын елдің бұл позициясы бізге де қажет. Ақпараттық тоталитаризм, адам болмыс-бітімін виртуалды дизайндау сияқты бейгуманистік тәжірибе бізге жат болуға тиіс.   ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жақында ғана БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-ыншы сессиясында бірқатар соны пікір білдірді, оның ішінде электронды экстремизм туралы мәселе көтеріп, халықаралық ақпараттық кеңістікті заңды жолмен реттеу туралы сындарлы ұсыныс енгізді. Сол идеялардың ізін ала жүрсек, бұрыннан қалыптасып қалған қасаң стандарттарды өзгертудің күні туды, оған қазақ дүниесі де, ойшылдары да дайын. Мысалы, азаматтық қоғам туын ұстаушылардың «өркениет, заман көшіне ілесу» деген тұжырымы бүгінгі күні сәнге айналып,  сол қағиданың дәурені жүріп тұр. Сонда заман көші, өркениет қадамы дегеніміз Батыстың, не болмаса АҚШ-тың  даму үдерісі ғана ма? Ол түркілердің, Шығыс әлемінің, нақтылап айтқанда, қазақ ұлысының, қазақ өркениеті мен мәдениетінің алға басу жолы, бет-ажары толысып келе жатқан жұрттың прогреске ұмтылысы емес пе? Ағылшын археологы Г. Чайлд өзінің «Прогресс және археология» кітабында адамзат қауымдастығы арасында экономикалық және мәдени ауыс-күйіс туралы айта келіп, мынадай қызықты деректерді алға тартады. Жоғары палеолит дәуірінде игіліктердің таралу радиусы 800 километр болса, біздің заманымызға дейінгі екі мыңышы жылдары экономикалық және мәдени байланыс радиусы 8 мың километрге жеткен, ал біздің дәуіріміздің ҮІІІ ғасырында ондай алмасу бүкіл Азия, Африка мен Европаны қамтыған. Демек, ғаламадасу атты саяси және экономикалық теориясының тарихи отаны да, тарихи негізі де ап-анық. Ал қазіргі  жаһандану теориясының батыстық моделінде әмбебаптық, патерналистік  сипат басым. Тіпті, мен айтар едім, творчестволық еркіндікке жол бермейтін тоталитарлық ой-сана үстем.  Ол дамушы елдердің, шығыс менталитетін ескере бермейді. Жаһандану қисынын әлем биігіне шығарғысы келетіндер экономика, саясат, ғылым мен технология, инновациялық тәсілдер, мәдениет формалары тек Батыстан өріс алып, тек күнбатыстан тарау керек деген ескірген тұжырымға сүйенеді. Еврокіндіктік ұғымның бұл да бір көрінісі. Тарихи сабақтастық заңдылығын еске алсақ, өркениет пен мәдениет көші шығыстан басталғанын осы күні зиялы жұрттың бәрі мойындайды. Ендеше, қазіргі озық ойдың түп тамырын шығыстық философиядан іздеген жөн. Сондықтан дәл қазіргі уақытта жаһандану процесінің шығыстық үлгісін ұсыну, күн тәртібіне қою - аса зәру мәселердің бірі. Амбициялық мақсаттарды алға қойған қазақ ойшылдары тіпті ғаламдасудың шығыстық, бүкілтүркілік, қазақтық теориясы мен практикасын жүзеге асыра алады. Ол теория ең алдымен әр елде өмір кешіп жүрген қазақ ұлтының мүддесіне сәйкесіп жатуы қажет. Бұл теорияда әр ұлттың еркін өркендеуі, соның арқасында әлемдік өркениет пен мәдениетке өзіндік үлес қоса алуы, бауырластық, адам құқықтары, демократизм принциптерін ұлттық прагматикамен үйлестіруі айқын бедерленуі керек. Яғни планетарлық қауымдастық алдында ұлттық жауапкершіліктің беделін көтеру, ұлттық жаупкершілік пен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы байланысты нығайта түсу. Соның жарқын көріністерінің бірі - қазан айының аяғында Алматыда өткен түркі елдері басшыларының бас қосуы, Анкарада түркі тілдес елдердің медиа-платформасының құрылуы.

Қазіргі заманда азаматтық қоғам орнату идеясы философияға, әлеуметтануға ғана емес, журналистика саласына да әсер етуде. Коммуникавистика ғылымы толықтай толысқан азаматтық қоғам қағидасына иек артады. Ал осы модель біз үшін пәлендей жаңалық па? Бұнда зәредей де сонылық жоқ, ол бастамаларды шығыс ойшылдары, әсіресе әл-Фараби өз философиялық трактаттарында әлімсақтан шегелеп, орнықтырып кеткен. Азаматтық қоғам әсте біртектілікті білдірмейді, ол - ұлттық құндылықтардың, оның ішінде әділдік пен заңның, тұлға әлеуетінің кемелденуі. Бір сөзбен айтқанда, азаматтың  эволюциясы, сол арқылы қоғамның, әр ұлттың гүлденуіне мүмкіндік туғызу. Ұлттық журналистика да сол сияқты - бұл дәстүр жалғастығы, тарихи сабақтастық. Әрі-беріден соң ол қоғамдық сананың бірден-бір көрінісі. Журналистика өндірісін, оны оқыту әдіс-тәсілін жаңа кәсіпорын салғандай, ЖШС құрғандай тез арада өзгерте алмайсың. Формалық стандарттарды, маңдайшадағы таңбаларды ауыстыру, тұзы жеңіл, маңызы жұтаң конференциялардың санын арттыру  ол ғылым мен білім саласының реформасы емес. Журналистика ғылымын, білім беру саласын ілгерілету жөнінде біз баспасөзде бұдан бұрын да шамамыз жеткенше сөз қозғағанбыз.

Қазақстандағы  әзірше ел құлақ түретін, сеніммен қарайтын беделді институттардың бірі - баспасөз. Оның сөзі ресми мәлімдемелер мен дипломатиялық рауттардағы спичтерден де дуалы екенін іш те, сырт та аңғарады, журналистиканың ілгерінді ой мен идея инвестициялайтыны және мәлім. Бірақ бір қамығарлығы, қазақ көсемсөзі жағымды өнегеден, оң мысалдан алыстап барады. Біздегі жақсы мәлімет, жібі түзу кейіпкер саны   әзірге формулярлық тізімнің басынан  аса алмай келеді. Масс-медиа алаңында тер төгіп жүрген әріптестеріміз Жан Батист Мольердің: «Жақыныңның жабығуы жаныңды жадыратады», - деген әзілінен алысқа ұзамайтын сықылды. Әрине, Қазақстандағы кей проблеманы бейнелеу үшін, шындықтың бетіне тіктей қарау үшін кей ретте Персейдің қалқаны керек. Заманалы журналистика билікпен, әкімшілікпен тайсақтамай тілдесе алса ғана - ол «төртінші билік». Ол, әлбетте,  әр журналистің өзіндік талғамы мен азаматтық ұстанымына тікелей пропорционал.

Электронды коммуникация бұл күндері бұқаралық, халықтық сипат алып келеді. Оны пайдаланушылардың сауаты да, білімі мен біліктілігі де жүре келе өседі. Ол ағымдағы кезеңде белгілі бір дәрежеде сауат ашудың ролін атқарып отыр. Таяу болашақта оқулықтар мен оқу құралдары планшеттік компьютерге - iPad-қа көшірілуі ықтимал. Қазақстан мен Ресей қазірдің өзінде бұл шараға қомақты қаржы бөліп, қажетті өндіріс саласын іске қосуға кірісіп кетті. Сырттан тасымалданған таңсық технология мен әлем-жәлем бұйым емес, өзіндік төл товар. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда өздерін әлеуметтік пікірді зерттеу институттары деп жарнамалап жүрген мекемелердің білігі де, кәсіби ұстанымы да қалыптасу, даму үстінде. Демек, олардың деректері әлі бе болса әлсіздеу, халықаралық қауымдастықтың сеніміне ие болып отыр деп айта алмаймыз. Сондықтан баспасөздегі озық идеялар мен пікірлерді жинақтайтын, сараптайтын инновациялық идеялар банкін, әр оқытушының ғылыми-шығармашылық жұмыстары мен құжаттарының ақпараттық банкін ұйымдастыру қажет. Ол сателлиттік пиғылдан ада, батыстық, не болмаса ресейлік бағдардың ықпалында болмауы тиіс. Сонымен қабат озық идеялар, инновациялық жобалар құнды қағаздар сияқты биржада сатылуы керек. Рыноктық қарым-қатынас заңының бір парасы, міне, осы.  Бүгінгі таңда дәурені жүре бастаған әлеуметтік желілер, электронды ақпарат құралдарының ықпалы мен әлеуеті де әлсірейтін кез әлі алда. Ол да классикалық информация құралдары сияқты келе-келе модадан қала бастайды. Сол уақытты мөлшерлеп көрсете алатын, модельдей алатын қызмет керек. Ол рынокты жобалау, товар ассортиментін өзгерту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа тұрпаттағы мамандарды даярлау үшін қажет. Олай десек, аталы сөз министрлер мен ректорлардың аузынан қашан шығар екен деп жаутаңдап отырудың жөні жоқ. Теориялық журналистика саласында еңбек етуші ғалымдардың девизі: «Мен ата-бабалар көсемсөзі қисынын ұшпаққа шығарамын», - болса, сақа қаламгерлердің де, жас талапкерлердің де басты принципі: «Мен ұлттық журналистикаға қызмет етемін», - болуы керек.

2. Түсіндірме жанрының құрылымы, мәтіні және стиліне тоқталыңыз.

Түсіндірме-көркем шығарманың қандай жағдайда,қай уақытта жазылғаны жайлы анықтама,оның идеалық мазмұнын,құрылыс бітімін неғұрлым терең танып білуге қажетті деректер.Баспасөзде:

1.Кітапқа түсініктеме-мәтінді түсіндіру,кітаптың ғылыми-аппаратының бөлігі.Түсіндірме қысқа,үнемді,ыңғайлы болады.

2.Жалпы БАҚ жүйесіндегі насихат материалдарының бір түрі.Түсіндірмені қоғамдық-саяси оқиғалардың,құжаттардың жайын,мәнісін түсіндіруге т.с.с пайдаланады.

3.Радио,теледидар саласындағы материалдардың жедел түсіндірмесі.Қоғамдық-саяси,әлеуметтік-экономикалық,спорт және т.б өзекті мәселелер мәнін жан-жақты ашып жеткізу.

Комментатор (түсініктемеші)-белгілі сала бойынша білетіні,көргені көп,сол арқылы не бір шешуі қиын проблемалар туралы кесіп-пішерлік пікір-ой айта алатын,өзіндік ойларға,батыл болжамдарға бай,өмірлік құбылыстарды қабылдап,оларға баға беруде өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін тұлға.Бұл үшін оның тиісті бір сала бойынша мамандануы,сол саладан ол білмейтін құпия болмайтындай дәрежеге көтерілуі қажет .Коментатор белгілі бір ұғымның атынан сөйлегенімен,өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады.Коментатор-әрі диктор,әрі режиссер,әрі редактор,әрі репортер,әрі жүргізуші,әрі сұхбаттасушы.

Түсіндірме (комментарий) – факттің ауқымдытүсіндірілуі, оның түсініксіз және нақты емес жақтарын талдау. Ең көп дегенде 60-70 жолдан құралады.

Түсіндірменің түрлері:

Кеңейтілген түсіндірме – факттың ауқымды талдануы.

Маманның түсіндірмесі – факт маман тұрғысынан, білікті тұлға тұрғысынан түсіндіру.

Полярлы түсіндірме – әр түрлі мамандарменайқындалатын факт.

Синхрондық түсіндірме – журналисттің өз жеке пікірі тұрғысынан мәтінді талқылау.

Егжей-тегжей түсіндірме – фактті ұсақ-түйекке дейін талқылау.

3.«Абай KZ» басылымының төлтақырып қою үлгілеріне  нақты мысал келтіріңіз.     

Мақаланың тақырыбынан бөлек, төлтақырыбы болады. Төлтақырып – мәтіннің кіріспе сөзі. Басты міндеті- оқырмандардың көңілін аударып, мәтінді оқуға қызықтыру, мәтіннің мағынасын аша білу.

Оның бірнеше түрі бар:

Үндеу

Кеңес беру

Хабалау

Сұрақ (қалай?)

Мәселелі

Метафоралы (гшипербола, идиома, т.б)

Сонымен қатар, бұл төлтақырып қою үлгісінен басқа әр басылымның немесе журналистің төлтақырып қоюда өз ерекшелігі, өз қолтаңбасы болуы мүмкін.

Мысалы, Абай.кз сайтында жарияланған маұалалардың төлтақырыбы (тақырыптан кейінгі алғашқы кіріспе абзацы немесе «подзоголовок») мақаланың мәтінінің бір бөлігі. Төлтақырыптағы мәтін мақала ішінде де кездеседі. Мәселен 1 қазан 2013 ж сайтта жарияланған «Ләйлә Сұлтанқызы- «Біз-қазақ боламыз дейтін бүлдіршіндерге арналған арнамыз» деген тақырыптағы сұхбаттың төлтақырыбы ретінде журналист Динар Камилованың: «Елде балалар түгілі, үлкендерге арналған әдебиеттің өзі жұтаң тартып тұрған шақта, шығармашылықты дамытудың қандай жолдары бар деп ойлайсыз?» деген сұрағына Ләйлә Сұлтанқызының: «Бүгінгі күні балалар тақырыбына жазатын сценарийсттер аз. Осыған орай қаламгерлерге арнайы байқау да өткіздік. Баланы оқып үйренуге ұйыту оңайға түспейді. Алайда бағдарламалар барысында әртүртлә тәсілдерді пайдалаунға тырысамыз.Негізінде баланы үйретуге жетелейтін жауапкершілік алдымен ата- ананың міндеті, одан кейін ұстаздардың, ең соңғы жүк «Балапанға» артылады» деген жауабы алынған.

4. Журналист шығармасындағы тақырып, ойбітім (замысел) және идея туралы ойыңызды білдіріңіз.

шығармашылық ақыл-ойдың деректі жемісі – журналистика жанрының (мәтінінің) фабуласы, композициялық мүмкіндігі мен құрылымы эстетикалық талдау санаттарының ішіндегі ең құйқалысы.Сондықтан журналистиканың жанрлық мәтіндеріне қатысты құрылымдық сараптау осы салада талай-талай сонылыққа қол жеткізеді деп ойлаймыз.Баянды сонау классицистер дәуірінен бастасақ, олар сюжет пен фабуланы поэтикалық константа ретінде қарастырады. Сюжет пен фабула бар, болады, олардың дүниеде барлығы даусыз дей отырып, сөз етілген тұрақтылықтың мән-мағынасына үңіледі. Егер классицистердің өздері зерттеген категориялары туралы түрлі-түрлі пікірлерін жүйелесек, онда төмендегідей үш ұғымдық аспектіге назар аударамыз. Біріншісі – сюжет пен фабула шығармадан озық жүретін құбылыс, екіншісі – шығармадағы іс-әрекеттің дамуы, үшіншісі – шығарманың өзі. Әрине, бұл жүйелеуді әбден піскен ғылыми байлам ретінде қабыл алу қиын, өйткені бұл жердегі әңгіме тек классицстердің поэтикасына ғана байланысты емес, ең алдымен олардың шығармашылық үдеріске деген көзқарастарының әркелкі және қайшылықты болғандығына қатысты.

Кез келген жанрдың ұйысуына ішкі және сыртқы факторлардың әсер ететінін, ол белгілі бір дәрежеде жинақы шынайылыққа айналатынын қадап айтады.

Әр жанр заман мазмұнын өзінше береді, дәуір үнін өзінше жеткізеді. Саналы жанның айналаны тану мүмкіндігі де бұл мәселелерге сапалық өзгерістер ала келеді. Осы ретте көркем ойлау сияқты, деректі ойлау да даму, өркендеу барысында өзін-өзі ұйыстырады, әр дәуір, әр формация туындатқан теорияларға ғана бас имейді, ол сонау өткендегі дәстүрлердің, бүгінгі күні қалыптаса бастаған танымдар бастау-бұлақтарының ішкі ағыстарымен есептеседі. Әр жанрлық мәтін – өмір шындығының репродукциясы, есте қаларлық фрагменті. Фрагменттің өз ішінде де өзін-өзі ұйыстырар құрылым бар, ол да әрбір жанр сияқты «өзінің өткенін ұмытпайды». Ол өзінің арғыжанрлық әмбебаптығын, ұдайы даму мен қалыптасу үстінде екенін естен шығармайды. Ол кейде журналистика жанрларын бастапқы формаларына, синкретті әдіске жетелейді, поэтика ережелерін емес, табиғатқа еліктеу қағидаларын ұсынады. Оның өзі регресті емес, прогресті айқындайды, табиғат пен адамның одағын нығайтады, экологиялық проблемаларға назар аудартады.

Сондықтан әрбір жанр, не жанрлық-тақырыптық цикл өзінің формалық өзгешелігін және фабулалық тұтастығын көрсететін «егемендігіне», мазмұндық және оқиғалық тұйықталуына қарамастан, шығарманың біртұтас мәнмәтініне кірігеді және басты публицистік мақсатқа бағынады. Осыдан барып журналистің адамгершілік позициясы, бет-ажары, қаламгердің тікелей декларациялық мәлімдемелерін былай қойғанда, өз шығармаларының күрделі эстетикалық құрылымы арқылы анықталады.. Сол туындылардың «сырты мен ішін» сауатты талдау арқылы біз автордың дүниетанымдық характерін сипаттай аламыз.

Журналистік шығарманың фабулалық-композициялық құрылымы нақты ойбітімге байланысты. Автор өзі жинаған фактілерін, деректерін, оқиғалық материалын әдеби ажарлап, уақыт пен кеңістік аумағына сай орналастыруды көздейді. Дербес шығармашылық міндетті орындау жолында автор қолда бар элементтерді реттейді, синтездейді, белгілі бір қатарларға қалап шығады. Осы творчестволық үдеріске септігін тигізетін бірқатар формальды құралдардың ішінен фабула мен композицияны бөле-жара айтуға болады. Жалпы, композиция дегеніміз – шығарманың ішкі құрылымы (идеялық-көркемдік тұтастықты ұйыстыратын бейнелеу тәсілдерін іріктеу, топтастыру және бір ізге түсіру). Тұтастық, әрине, пішін мен мазмұн бірлігінен туындайды. Сонымен қабат журналистика саласында, композициялық ғимарат тұрғызу барысында дизайндық жобаның мәтінге, публицистика жанрларының басылымдардың безендіру үйлесіміне әсері анық байқалады. Көсемсөз жанрларының ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі формаларын басылым кеңістігіне көркем де сайлы орналастыру, мән-мазмұн саясатын ескеру көсемсөз жанрлары туындыларын даралай түсуге себепші болады. Сөздік қорды, лексикалық мүмкіндікті әр жанрдың әуселесіне және оның газет бетіндегі алар орнына қарай іріктеу, ұтымды пайдалану жағы да қарастырылады. Кейде жанрлар мәтіндерін дайын рама, қажетті шаблонға сай орналастыра салу тәжірибесі де бар. Ең бастысы, кетігін тауып қаланған шығарма басылым картинасын ажарландыра түскені абзал. «БАҚ тілі – белгілі бір дәрежеде ұлттық тілді модельдейтін іргелі-стильдік құрылымның көрінісі», - деп И.М. Дзяшолинский Г.Я. Солганиктің бір кездегі пікірін айна-қатесіз қайталайды, дайын ойды дайын арнаға салады. Біз бұл жерде тілдің модельдеуші қасиетінің мәтінге, мәтіннің модельдеуші әдісі композицияға көшетінін айтқымыз келеді.

5. Хабалама жанрлар. Ақпараттың формалары хақында сөз қозғаңыз.

Журналистика жанрлары: 1) Хабарлама (ақпараттық) жанрлар; 2)Талдамалы жанрлар; 3) Деректі публицичтикалық жанрлар.

Соның ішінде хабарлама немесе ақпараттық жанрға жататындар:

А) Хроника – журналистиканың ақпараттық жанрларына жататын шағын ақпараттық мақала.

Хрониканың басты ерекшелігі ретінде оның басына тақырып қойылмайтындығын айтуға болады. Шағын, кейде тіпті көлемі бірер жол ғана болатын ақпараттық сипаттағы мақалалар. Осындай қысқа сөйлемдерден тұратын бір-екі жолдық хроникалар болған оқиға жайында егжей-тегжейлі емес, тек фактілер келтіріп жазылады. Хроникада Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап беріледі. Көптеген газеттерде хроникалар «Жер-жерден», «Қысқаша да бәрі», «Облыс бойынша», «Мәдени хабарлар» т.б. бас тақырыптарға біріктіріліп беріледі.

В) Сұхбат – белгілі бір адамның тілші ұсынған мәселесі бойынша хабарламасы.Сұхбат міндетті түрде диалог түрінде болу керек. Сұхбаттың түрлері: Сұхбат хабарлама, сұхбат суреттеме, сұхбатдиалог, эксклюзивті сұхбат, технологиялық, ретроспективалық сұхбат, портреттік сұхбат тб.

Г)  Репортаж  -оқиғаның барысы, үдеріс, процессінің айтылуы.Репортаж мазмұнына байланысты бөлінеді: Оқиғалы,талдамалы, танымдық, түсіндірмелі.

хроникалық коммуникация  дәстүрлі репортажға тән ,яғни,басталуы,ортасы, аяқталуы бар.Ал газетте оындарын ауыстырып жаза береді.

Ғ) Есеп – репортажға жақын жанр. Ресми түрде жазылады.Ол көбінесе жиналыс, мәжілістерден жазылады және есепте жабық түрде өткен көріністе өткен шаралар айтылады. Сонымен қатар талдамалы жанрлар қатарына ақпарат, баспасөз сауалнамалары т.б. кіреді.

Жанр жөнінде ғалым тағы да мынадай пікір білдіреді: «Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы пішініне ғана қарап қоймаймыз. Олардың атқаратын функцияларын негізге аламыз, өйткені олардың атқаратын функцияларына қарай сипаттама беруге болады. Жанрлардың түрлерге бөлінуі, ол түрлердің іштей ерекшеленулері жанрлардың жалпы даму заңдылығымен байланысты болуға тиіс. Публицист өз шығармасы арқылы заманымыздың оқиғалары туралы жалпы бағыт беруді қолай көреді. Немесе жанды фактілер арқылы оқырманға әлеуметтік өмірдің заңдылығы мен тенденциясын түсіндіруді мақсат етеді. Болмаса, оқырманға қазіргі өміріміздің әлеуметтік сипаттары туралы баяндап беруді көздейді. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем-публицистикалық болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіне тән заңдылығы, өз ерекшеліктері, өмір шындығын көрсетуде өз әдістері бар» дей келе, профессордың өзі жанрларды төмендегідей жіктейді. Хабарлама жанрларына: заметка, есеп(очет), әңгімелесу (интервью) және репортаж жатады.

Публицистиканың хабар жанрларының негізін қоғамдық ой-пікірлер, әлеуметтік фактілер құрайды. «Өмірдің күнделікті оқиғаларына қоғам мүшелері ілесіп, олардын толық хабардар болу үшін хабар жанрлары «Көрер көзіміз, естір құлағымыз, қимылдар қолымыз» сияқты публицистиканың бірден –бір ебдейлі жанрлары болып табылады». Профессор Амандосовтың пікірінше, факті – хабар жанырының жүрегі болып табылады. Публицистиканың хабар жанрлары бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі өмір шындығын жан-жақты көрсетеді,егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Біздің өміріміз қандай ұлан-ғайыр болса, хабар жанрларының мүмкіндігі де сондай болуға тиіс.

Хабар жанрлары – заманымыздың елеулі істері мен сипатын көрсететін уақыт шежіресі: ол кеше мен бүгін не болғаны,ертең не болатыны туралы баяндай алады. Хабарлар біздің ілгері басқанымызды, экокномикалық жағынан сапалы өзгерістерге қолымыз жеткенін білдіреді. Ал мұндай жаңа құбылыстарды көрсететін оқиғалар күн сайын болып жатады. Мұны газеттеріміз жедел де тартымды жазып келеді.

6. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі Р. Сыздықтың «тұлғасы Шоқанның тілтанымдық» атты ғылыми-көпшілік мақаласын талдаңыз (22-28 қазан, 2010).

Шоқанның тілдік тұлғасы орыс тіліндегі шығармалары бойынша зерттелсе, соның ішінде түркі тілдері , қазақ тілі бойынша оры алған фактілер назардан тыс қалмауы тиіс. Білім дидиапазоны қаншама кең болғанмен , Шоқан ғылымның тіл білімі «тіл таным лингвистика» саласымен тікелей айналысқан жоқ,  яғни оның теориялық ұстанымдарын арнайы сөз еткен емес. Сөйте тұра жеке бір тілдердің, оның ішінде ана тілі – қазақ тілінің бірқатар сөздерінің номинативтік мән – мағынасын танытуға үлкен білімділік көрсетті. Құр білушілік емес, өзінің іздемпаздық , салыстырушылық , аудармашылық қабілетін көрсетті. Шоқан тілге келгенде назарын тек ана тіліне ғана емес ,  өзге түркі тілдеріне де аударған. Ол «записки о киргизах» деген өте мол мағлқматты , тарих үшін маңызды ізденістерінің ішіндегі көлемді шығармасында қырғыздардың тілі туралы арнайы сөз қозғайды. Қырғыздың халық тілінде  көне көне түркі сөздері мен монғол сөздеріі көбірек кездесетінін , сондықтан  бір алуан сөздерді қайсақтар «қазақтар» түсінбейді деп көрсетеді. Олардың бірсыпырасын қазақша баламасымен беріп, мысалға келтіреді. Қопмақ – түрегелу, тұру, мұштамақ – ұрмақ, чуғылмақ – қазақтарда бұл сөз жоқ. Чоң – ұлкен ,  және т.б. осы жерде жерде қырғыз бен қазақ тілдеріндегі кейбір фонетикалық өзгешіліктерді көрсеткен. Мақалада басқа да Шоқанның тілтанымдық еңбектері мен зерттеулері хақында айтылады.

7. Талдамалы жанрлар түрлерін тізіп беріңіз.

Талдамалы  жанр түрлеріне мақала, рецензия, шолу, хат жатады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән.

Рецензия – латын сөзі. Қазақша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Рецензия дегеніміз - әдеби шығарманы сыни тұрғыдан бағалап, талдайтын, пікір білдіретін сын жанры.  (Қазақ совет энциклопедиясы. 9-том, 1976ж. 480-б.). Рецензияның аннотациядан ерекшелігі – бағалаушылық қызметі. Рецензияның басты мақсаты - өмірге келген әдеби туындыларды талдап, баға беру. Әдетте рецензия кез кедген шығармаға жазыла бермейді. Қоғамдық, әдеби мәні бар елеулі шығармаларға немесе айтар ойы бұлдыр, көркемдік құндылығы төмен, нашар шығармаларға жазылады.

Шолу. Шолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері ол аса қатаң фактологиялы, мұнда дерек автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқындап, араларындағы байланысты ашады, әрі іздестіреді; үшіншіден шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, көпшілігінде хроникалық шеңбермен шектеледі.

Құнды дерек көздерінің бірі – хаттар. Хаттар оқырмандармен байланыс орнатуда белгілі бір ақпаратты беріп, таратуда маңызды. Хаттар оқырмандармен байланыс орнатуда белгілі бір ақпаратты беріп, таратуда маңызды. Газет ісін жандандыруда оқырмандармен тікелей байланыс орнатып, түрлі аудиторияның қажеттілігн өтеу жағынан алғанда хатқа шолу жүргізу аса маңызды болып табылады.

Мақала талдамалы жарға жатады. Мақаланың өзіне тән ерекшеліктерін келсек: тақырып айқын, мәселемен журналист жақсы танысу керек. Дәйектер көкейге қонымды болуы керек. Фактілер бір – біремен байланысты. Дәйектер сараланған соң ғана журналстің өз тұжырымы жасалады. Сыңаржақ пікірден аулақ болу керек.

«Мақала – публицистикалық жанр, қоғамдық - әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп, талдау және оларды жинақтау негізінде нақты идея мен ой – пікірді немесе оларды жүзеге асыруға үн тастайды», -деп анықтама берілген. Мақаланың мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап – бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақаланың ғылыми, публицистикалық сипаттары болады.  Мақала авторы көтеріліп отырған мәселеге қатысты өз ойларын дәлелдеуге дәйектерді бір дерерккөзден немесе бірнешеуінен алуы мүмкін. Мақала әдеби өмірдің өзекті мәселелерге батыл барып, толымды талдаулар жасауына шамасы да, мүмкіндігі де мол жанр. Мақаланың түрлері: проблемалық, полемикалық, бас мақала т.б.

Корреспонденция. Зерттеуші-ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, корреспонденция репортажға жақын, сол сияқты оның бойынан мақала мен очерктің де элементтері кездесіп қалады. Бірақ, онда да өзіндік жазылу шеңбері, сөз қолдану жүйесі бар. Корреспонденцияның стилдік әрі жанрлық ерекшелігі материалды жинап, қорытуынан, оқырманға ұсыну үлгісінен байқалады. Бұл жанр газет бетінде көп кездеседі. Ол негізінен озат адамдардың істерін үлгі етіп, жақсы тәжірибелерді көпшілікке насихаттайды.

Корреспонденция көбіне баяндау стилімен жазылады. Оқиға, болмысты, фактіні, өмірде орын алған құбылысты ретімен, өзіндік жүйесімен логикалық байланыста баяндайды.

Баспасөз бетінде қазір көбіне проблемалық корреспонденциялар жиі жарияланып жүр. Бұл бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайларға тікелей байла-нысты болуы керек.

Корреспонденция үнемі жаңғыртылып, желпіндіріліп жазылуы қажет. Бірқалыптылық, бірізділік оған жат көрініс. Керісінше, бұл жанрдың тіліне мақал-мәтел, қанатты сөз, эпитет, келісті көріністерді суреттеу тән. Корреспонденцияның тағы бір ерекшелігі ол нақты фактінің жанры болғандықтан, көрген, әбден зерттеген объекті немесе субъектісін шындықпен әр қырынан алып суреттейді.

Баспасөз беттерінде өзінің тұрақты оқырмандарын қалыптастыру үшін корреспонденцияларды белгілі бір айдарлардың аясына топтастыру арқылы береді. Мұндай жағдай, оқырманның көп әуреленбей, оны жылдам тауып оқуына себеп болады. Көбіне, оларға қойылатын айдарлар бір-бірлеріне ұқсас болып келеді. Өйткені, сол тақырып арқылы оқырман алда сөз болатын информациядан түсінік алуға тиіс. Яғни, бұл жерде тақырып мәтіннің мазмұнын ашып көрсететіндей дәрежеде болуға тиіс. Корреспонденцияның грамматикалық формасы тек жалғыз бастауыш немесе сын есіммен бірлескен бастауыш, тағы да басқа сөз топтарымен байланысқан бастауыш, кейде қос бастауыш түрінде болып келеді.

Сондай-ақ, бастапқы жолдар да корреспонденция-да үлкен роль атқарады. Себебі, онда бұл жанрда берілетін информация туралы қысқаша сипаттама беріледі.

Композициялық, мағыналық, стилистикалық тұрғыдан алғанда корреспонденция мәтініндегі бастау (зачин) бірнешеге бөлінеді. Мұнда бастау айтарлықтай орын алмаса да, оқырманға проблеманы түсіндіру, өте маңызды, ол корреспонденциядағы негізгі сұраққа жауап беру қызметін атқарады. Жалпы алғанда, бастау мәтіні оқуға түрткі болуға тиіс. Олардың стилистикасына, мәтіні мен ара қатысына қарап төмендегідей топтарға бөлеміз:

Суреттеме бастау.

Сюжетті бастау.

Ақпаратты бастау.

Көріністі суреттейтін бастау.

Сілтеме (отсылочный) бастау. Корреспонденция жанрының екінші бір ерекшелігі оның аяқталу түйінінің болуында жатыр. Бүл жанрдың құрылымдық негізінде түйіндеудің орны ерекше болып келеді. Өйткені, мұнда қорытынды болуы шарт. Қорыта айтқанда, түйіндеуде корреспонденцияның мазмұнын ашатын ойдың қысқаша дәні берілуі тиіс. Мәтінмен байланысына, грамматикалық безендірілуіне (модальдық) және стилистикалық бояуларына қарай түйіндеулерді мынадай реттіктермен қарастыруға болады.

8. Рецензия және баспасөзге шолудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіп беріңіз.

9. Қазақ басылымдарындағы Ә. Әлімжановтың 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық портреттерге тоқталыңыз.

Ә.Ә- 1930 жылы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келген қазақ жазушысы.

ӘӘ қаламгерліктегі елдік пен ерлікті, туған халқының асқақ  рухын ту етіп көтерген ерекшелігі, «Қазақ әдебиеті» газетіне бас редактор бола жүріп, басылымды қалың оқырман мінберіне  айналдырғаны , Қазақстан Жазушылар одағын ұзақ жылдар бойы басқару барысында қарашаңырақты қоғамдық ойдың қайнаған орталығы жасауға жол ашқандығы айтылды. Творчестволық ұйымның шет елдермен байланыс жасауына негіз қалап, Қазақстанда Азия және Африка елдері жазушыларының конгресін тұңғыш ұйымдастырғаны да тиек етіліп, өмір өткелдері туралы да танымдық, кең сараптамалы материалдар өзінің төл басылымы- «Қазақ әдебиеті» газетінде бірнеше дүркін жарияланды. Ұлттық кітапхана сайтында қаламгердің туғанына 80 жыл толуына арнап жазылған «Біздің Әнуар- Наш Ануар» жинағы жарияланғаны жөнінде мақала  шықты. Сондай- ақ кітапхана қорынан ӘӘ туралы туғанына 80 жыл толуына орай «Жазушы- азамат» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, тұңғыш халықаралық жазушы ретінде танылған ӘӘ творчестволық және қоғамдық істерін көрсететтін 322 басылым қойылғаны жөнінде ақпарат пен фоторепортаж жарияланды.

«Ана тілі» газетінде:

«ӘӘ- «ақ мылтық» журналист. Ол «Литературная газетаның» белді тілшісі болды. «Қазақ әдебиетінің» редакторының қызметін атқарды. Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралыө журналист атанды. Қысылтаяң кензде бірніші Әнуардың дауысы естілетін...

...Кезінде Мұхтар Әуезов туралы естелік жазғанда, кейін өзінің де сол есімдердің қатарынан аталатынын ойлады ма екен?» деген «Әуар әлемі» деген мақалада. Онда ӘӘ әдебиеттегі орыны мен азаматтығы да ашылып жазылған. Семей полигонын жабу керек деген пікірде пленумға шығып сөйлеген сөздерінен үзінділер келтіріле отырып, Ә мұрасын танып- таразылып, ұрпақ кәдесіне жжарату керек»- деп аяқтайды Біләл Қуаныш.

Балалық шағынан жетiмдiктiң тауқыметiн көп көрген Әнуар Әлiмжанов өзiнiң шыдамдылығы мен бiлiмпаздығының арқасында талай биiк белестерге жеттi. Ол кiсiнi ұлтшылдығына қарап Тұрар мен Мұстафаға ұқсатсақ, өршiлдiгi мен батырлығына қарап Махамбетке ұқсатасың. Халқы үшiн барлық күш-жiгерiн, қажыр-қайратын, маңдай терiн, абырой-беделiн сарп еттi. Қарап отырсаңыз, Әнуар Нұрлыбекұлының қазақ халқына сiңiрген сүбелi еңбегi аз емес. Кешегi КСРО-ның таралуына қол қойған, 11 жыл Қазақстан Жазушылар одағын басқарған, 6 жыл Қазақстанның тарихи ескерткiштер қорғау қоғамының төрағасы болған, 8 жыл Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бiрiншi хатшысы қызметтерiн абыроймен атқарған. Семей ядролық полигонын жабу керек деп бозторғайдай шырылдап, ол жақта ұлы Абайымыз, Шәкәрiмiмiз, Мұхтарымыз туып, Қозы мен Баянымыз жатқан қасиеттi өлкемiз деп Ұлыбританияның жоғары қауым палатасына дейiн ашына ақиқатты айтқан осы Әнуар емес пе едi. Былтырғы жылы, яғни 2010 жылдың 12 мамырында қас жазушының 80 жылдық мерейтойы болды. Алайда болды деген аты болмаса, әлi күнге дейiн жазушыға лайық үлкен мерейтойды өткiзе алмай келемiз. Заманның ұлық тұлғаларын ұмытуға тиiс емеспiз. Елiм, жерiм, халқым деген тұлғаларды ескермеу – елдiгiмiзге сын.

10. Баспасөз жанрларын жіктеудің негізгі принциптерін таратып беріңіз.

Баспасөз Жанрлары — мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық шығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз Жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж), талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат) және көркем-публицистикалық (суреттеме, очерк, публицистика, эссе, баллада) жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпиграмма, пародия, шарж, т.б.) бар. Баспасөз Жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеум. тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. Баспасөз Жанрларының негізгі, басты міндеті — өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. Ол үшін журналистің білімі терең, ой-өрісі кең, жазу қабілеті мол болуы, сонымен қатар Баспасөз Жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі шарт. Баспасөз Жанрларын тиянақты меңгеру — журналистің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалдарының сапалық деңгейін арттырудың кепілі. Сондықтан да әр баспасөздегі белгілі жанрлардың өзіндік ерекшелігі мен принциптері бар.

11. Халықаралық қамтудың (обозрение) тақырыбы, дерек көзі туралы не білесіз?

Қамту -  аналитикалық түсіндірмені қолдана отырып аудиторияны болған оқиғамен таныстырады. Бір сөзбен айтқанда «оқиғаның көрінісі».

Қамтудығ түрлері:

Ішкі қамту – мемл-тің ішкі оқиғалары туралы.

Халықаралық қамту – халықаралық өмір туралы.Мезгіліне байланысты: күн сайынға, аптасайынғы, жыл сайынғы болйп бөлінеді. Олар ақпараттық және талдамалы болып та жіктеледі.

Мынандай тақырыптарды қамтиды:Саяси, экономикалық,спорттық,ауыл шаруашылығы,мәдени т.б.

Ал, басылым мен хаттың шолуы қамту жанрының ерекше түрі болып табылады.

Қамту- белгілі бір хронодогиялық немесе географиялық шеңбердегі оқиғалар мен дәйектерді саралайтын талдамалы жанр. Ол ішкі және халықаралы; апталық, айлық, жылдық; ақпараттық немесе талдамалы болып бөлінеді. Ал көтерген мәселесіне қарай:

•Саяси

•Экономикалық

•Ауылшаруашылық

•Әдеби

Халықаралық қамту- екі немес бірнеше мемлекет арасындағы орын алған жағдайлар м туралы ақпарат. Мысалы 1982 жфлдан бері шығып келе жатқан «Халықаралық марксистік қамту» журналы ағылшын тіліндегі теоремалық әрі талдамалық журнал. Оның негізгі дерек көзі мемлкеттер мен олардың саяси хал- ахуалы және ақпараттық агенттіктер.

12. «Жас қазақ» газетінің сараптамалық мақалаларыан нақты мысал келтіріңіз.   

   БЕЛСЕНДІЛЕР БӘСЕКЕСІ

Заң жобаларын өте жылдам мақұлдаудан біздің Мәжіліс Гиннестің рекордтар кітабына кіруге лайық! Өткен сәрсенбіде соған тағы көз жеткіздік. Күн тәртібіндегі 9 мәселені бір сағатқа жеткізбей «қылғытты». Мереке алдындағы көңіл-күйдің әсері шығар. 2012 жылдың басынан бері 170 заң жобасын қабылдаған қалаулыларға... 9 құжат деген не тәйірі?

Қош делік. Енді жылан жылы марғау мәжілісшілер үшін несімен есте қалды. Соған келейік. Әрине, әттеген-айдың көп болғаны рас. Мақұлдағыш мәжілісшілер әуелі әйелдердің туытақысына қатысты заң жобасын аты шулы түзетулерімен өткізді. Одан кейінгі зейнетақы заңына қатысты дау-дамай да депутаттарды абыройдан айырды. Бейнетінің зейнетін көре алмайтын қарияларға Елбасының өзі араша түсті. «Тағдыры ауыр» заң жобасы кейінге шегеріліп, «жұмыртқамен» таяқ жеген Серік Әбденов қызметінен кетіп тынды. «Жұмыртқа оқиғасынан» көп ұзамай Ұлттық Банктің мәңгілік төрағасы Марченко да жылы орнын суытты.

Әрине, әлгі көз майын тауысқан 170 заңның арасында қоғамда қолдауға ие болғандары да бар. Астамшылыққа салық салу, жолда жүру ережелері туралы және т.б. заңдар. Бір қызығы, депутаттардың өмірі кәдімгі балабақшадан аумайды. Белсенді деген 7-8 «бала» бар. Солар күнде қол көтереді. Қалғандары – ашылмаған аралдар. Депутаттар да солай. Сөйлейтіндері – аз, ұйықтайтындары – көп. Сол сөйлегіштердің қатарына «қызтекелерге қарсы заң шығарайық» деген Бақытбек Смағұлды жатқызуға болады. Тағы бір сөйлегіш Жұматай Әлиев «жылдың ең әпербақаны» деген аталымға лайық. Әйтпесе, 14 жастағы бозбала-бойжеткендердің некелесуіне рұқсат берейік дегенді сау адам айта ма?

«Қоқыс полициясын құрайық» деген коммунист Тұрсынбек Өмірзақов «ең пайымшыл, ойшыл депутат» дегенге сұранып тұр. Экс-депутат Ерген Дошаевтың өз еркімен қызметінен кетуін «жылдың жұмбағы» деп атадық. «Жас қазаққа» сұхбат берісімен мандатын тапсырғанына таң қалдық. «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» былық-шылығының бетін ашқан «ақ жолдық» Нұрлан Жазылбековтің қылығы құптарлық-ақ. «Балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы» жаңа заңды бір өзі жазып, палатаның қолдауына ие болған Алдан Смайылды «жылдың ең еңбекқор депутаты» десек, несі айып?

«Жылдың желаяғы» деген атақты Сыртқы істер вице-министрі Сама т Ордабаев жеңіп алды. Палата төрағасы мәжіліс залынан қуып шыққан соң, Сәкең Парламент дәлізін желаяқтардың жарыс жолы деп қалды ма, алды-артына қарамай қашты. Ордабаевты «орнына қойған» төраға Нұрлан Нығматулин бас экономист Ерболат Досаевты да «тәубесіне келтірді». «Уәке, Бәке» деген ұлттық үлгідегі сыпайылығыңызды дастарқан басына қалдырыңыз! Депутаттардың аты мен әкесінің атын айтыңыз!» деп министрге шүйліккен спикерге еріксізден еріксіз «жылдың айтқышы» деген аталымның жүлдесін бердік. Бір сөзбен айтсақ, мәжілісшілер мәләдес! Жылқы жылы да осы «мінезінен» таймайтын шығар дейміз! Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын!                                    

13. Мақала жанрының түрлері, мақаладағы логикалық тізбек туралы айтып беріңіз.

Мақала талдамалы жанрға жатады. Мақаланың өзіне тән ерекшеліктерін келсек: тақырып айқын, мәселемен журналист жақсы танысу керек. Дәйектер көкейге қонымды болуы керек. Фактілер бір – біремен байланысты. Дәйектер сараланған соң ғана журналистің өз тұжырымы жасалады. Сыңаржақ пікірден аулақ болу керек.

«Мақала – публицистикалық жанр, қоғамдық - әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп, талдау және оларды жинақтау негізінде нақты идея мен ой – пікірді немесе оларды жүзеге асыруға үн тастайды», -деп анықтама берілген. Мақаланың мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап – бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақаланың ғылыми, публицистикалық сипаттары болады.  Мақала авторы көтеріліп отырған мәселеге қатысты өз ойларын дәлелдеуге дәйектерді бір дерерккөзден немесе бірнешеуінен алуы мүмкін. Мақала әдеби өмірдің өзекті мәселелерге батыл барып, толымды талдаулар жасауына шамасы да, мүмкіндігі де мол жанр. Мақаланың түрлері: проблемалық, полемикалық, бас мақала т.б.

Мақала – қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық шығарма.Ол:

Бас мақала – заманның негізгі бағытын үкіметтің алға қойған саяси,шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді.

Проблемалық – шешуді,тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді.

Насихаттық – ғылым, техника, өнер жаңалықтарын заман талабына сай бүгінгі өмірдіңпрактикалық міндеттерімен байланыстырып отырады.

Публицистикалық – қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндау.

14. Баспасөз мәслихаты, брифинг және пресс-релиз мақсат-міндеті туралы ой қозғаңыз.

Баспасөз мәслихаты – органдардың, коғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны.

Мұнда көтерілетін мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз мәслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз мәслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.

"Баспасөз мәслихаты" 70-жылдарға тән жанрдың бірі студияда өтетін баспасөз мәслихаттары еді. Қоғам үшін өзекті тақырып табылғанда немесе Қазақстанға өте танымал тұлғалар ат басын тірегенде олармен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылатын. Оған тележурналистерден басқа газет пен журналдардың, радионың тілшілері шақырылып, жан-жақтан түрлі сұрақтар қойылады.

Брифинг-1)белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің, БАҚ журналистердің алдында шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі.[1].Мысалы:халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

2)Үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.

3)Нұсқау, қысқа мәжіліс. Баспасөз өкілдерінің кездесуі. Онда белгілі бір мәселе төңірегінде үкіметтің позициясы баяндалады немесе халықаралық келіссөзге, конференцияға қатысушы жақтардың көзқарасы хабарланады.Брифинг баспасөз конференциясының үлгісі тәріздес. Брифингте мемлекеттің қандай да бір бағыттағы мәселеге көзқарасы ашық баяндалып, оған БАҚ-тың көзқарасы тексеріледі. Брифинг материалының баспасөз-конференциядағыдай баспасөзде жариялануы міндетті емес.

4)Эксклюзивті пресс-конференция. Брифинг–бұл сенімге кірген журналистерге арналған пресс-конференция. Брифинг мүмкін болған жағдайда кез-келген жерде өткізіле береді.Оның ғимаратта өтуі шарт емес, далада, су жағасында, балабақшада, саябақ аумағында кейде корабльде немесе ұшақта да өте береді.

Баспасөз маслихаты — әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз маслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз маслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.

Баспасөз релизі – баспасөзге арналған бюллетень түрі.

Тұрақты шығып туратын бюллетеннен өзгешелігі ол тұрақты шығарылмайды; қандай да бір қабылданған акция, мәлімдеме немесе жарияланымның мәтін сөздеріне, хабарланатын ақпаратқа қызығушылық кажеттілігі кезінде ғана шығарылады. Америкалықтар тәжірибесінде, пресс-релиз, тұрақты бюллетень негізінде қабылданған.

15. Р. Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» эссесінің түпкі идеясы жайлы өз ойыңыз.

«Менің ұлым авар анасы  үйреткен тілді ұмытпауға тиіс»  деп басталатын бұл эссенің мағынасы тереңде.  Тіліңді ұмытқаның – еліңді, тарихыңды, анаңның ақ сүтін ұмытқанмен пара пар деген түпкі идея жатыр. Тілін ұмытқан кез келген адам – өткенін де бүгінін де мәңгі ұмытты деген сөз. Бұл эсседе өз ана тіліңді ұмытып өзге елде ғұмыр кешкенше, тірі басып жүрмей-ақ қойғаның абзал деген мазмұн бар.

«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» - деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

16. Баспасөзге шолудың шағын (тақырыптық) түрлері. Жалпы шолу туралы пікір білдіріңіз.

Газет пен журналдардың жеке номерлеріне немесе оларда жарияланған кейбір материалдар талданады, оған баға беріледі. Бұл талдамалы жанрдың бір түрі – шолу болады. Орталық газеттерден бастап, облыстық, аудандық газеттерге дейін әр түрлі шолулар жариялап отырады. Шолудың бірінде, газет беттерінде, мал шаруашылығының озат тәжірибелерін тарату тақырып болса, екінші біріне социалистік жарыста алынған міндеттемелердің орындалу барысы өзек болуы мүмкін. Үшінші біреуінде мораль тақырыбы газет бетінде қалай жазылып отырғаны сөз болуы ықтимал. Шолудың тақырыбы жан-жақты келеді. Баспасөзге шолудың негізгі міндеті – газет жұмысының бай тәжірибелерін кең тарату болады.

Баспасөзге шолу газеттеріміз бен журналдарымыздағы бастаманы, ондағы материалдардың жаңа бір сипатын іліп алып, жуналистер қауымына тарату ісінде публицистиканың ебдейлі жанры боп табылады.

Публицистиканың шолу жанрының сапасы мен сипаты советтік баспасөздің жалпы дамуымен, оның дәрежесінің өсуімен қатар қалыптасты. Коммунистік құрылыста баспасөзіміздің күшті құралға айналуына байланысты шолудың да ролі арта түсуде...

Баспасөзге шолудың негізгі міндеті: коммунистік құрылыстың қойып отырған саяси және шаруашылық міндеттерін орындауға жұмылдыра білу болуға тиіс. Баспасөздің кемшілігі немесе жетістігі туралы шолу жазғанда автор баспасөздің жұмысына көмектесуді көздейді.

Мерзімді баспасөзде шолу жарияланғанда одан шолу берілген газет қана емес, басқа газеттердің қызметкерлері де үлгі алып отырады. Ол үшін шолудағы талдау өткір де ұнамды болуы қажет. Мұның өзі принциптілікті және объективтілікті талап етеді.

Баспасөзге шолу – публицистиканың көрнекті жанрларының бірі. Ол белгілі бір газет пен журналдың мазмұнын талдап, оның жанрларының сипаты мен ерекшеліктеріне баға береді. Шолудың өзі күнделікті баспасөздің талап-тілектерінен туған, кезең қойып отырған көкейкесті мәселелерді көтеріп отырады. Сөйтіп, шолуға қойылатын талаптарды қысқа ғана қайталып айтсақ, газеттердің күнделікті тәжірибесін зерттей отырып, олардың идеялық-саяси дәрежесін көтере түсуге көмектесу; газет материалдарының мазмұнын талдап, оның кеишілік-жетістіктерін, объективті түрде көрсету, оның күнделікті жұмысының жақсаруына қамқорлық жасап, оған үнемі көмектесу; газет жұмысындағы жақсы бастамалар мен үздік тәжірибелерді кең тарату, жергілікті газеттерде жарияланған тәуір материалды іліп алып, үлгі ретінде көпке тарату.

Тақырыптық шолу белгілі бір тақырыпқа арналады. Мысалы, шолу жазушы журналист бір аудандық газеттің қызметін байқап, оның тікпелерімен танысқаннан кейін, кейбір тақырыпты қалыс қалдырып отырғанын байқайды. Айталық ауданның негізгі экономикасы – мал шаруашылығы болса да газетке бұл мәселелер нашар жазылады екен. Міне, республикалық не облыстық газеттер осы мәселеге байланысты тақырыптық шолу арнауы мүмкін. Яғни, тақырыптық шолу белгілі бір тақырыпқа: партия тұрмысы мәселелеріне, өнеркәсіп, мал шаруашылығы немесе егіншілік мәселелерінеарналады. Демек, газеттегі тақырыптық шолу – нақтылы бір тақырыпқа арналып жазылады.

Жалпы шолу қандай тақырыптарды алып, қандай мәселелерді өзіне өзек жасаса да газеттің күнделікті ісіндегі елеулі жағын көрсетуге тиісті. Газеттің идеялық-саяси дәрежесін, іскерлігі мен жаңашылдығын, тақырып тапқырлық әдістерін жарқын көрсете білуі керек.

Жалпы шолу екі түрлі жазылуы мүмкін. Бірінші жағдайда газеттің жақсы істері мен қол жеткен  табыстарының әдістері көрсетіледі, ал екінші жағдайда газет қызметінде орын алған кемшіліктер, оның себеп-салдары талданады. Ол кемшіліктерді жоюдың жолдары көрсетіледі.

Орталық баспасөз органдары жергілікті газеттерде жарияланған, сирек кездесетін материалдармен қалың оқырманды хабардар етуге үнемі ұмтылып отырады. Шолудың мұндай түрі газеттерде тартымды, қызығылықты шыққан подборкалар мен арнайы беттерді оқырмандарға хабарлауды, елеулі жақсы нәрселерді тез жеткізуді көздейді. «Аудандық газеттерден», «Газет беттерінен» тағы басқа рубрикалармен беріледі. Шолу жанрының мұндай түрлері «газеттер мен журналдар беттерінен» деп аталады.

 «Соңғы почтадан» деп аталатын шағын шолу оқиғаны, мәселені іле-шала жариялауды мақсат тұтады. Онда оперативтік салдар күшті келеді де, фактілер «таңқаларлық» болады. Мұны ықшамдалған шолудың түрі деуге де болады. Шолудың «Соңғы почтадан» деген түрі газеттердің арнайы беттеріне, қос беттеріне (разворот), жеке номерлеріне қысқа рецензия жариялайды. Бұл қысқа рецензиялар газеттің жақсы, үздік тәжірибесін, жаңа бастамасын қолдап отырады.

  Шолудың «Соңғы почтадан» деген түрінде газеттердің күнделікті істерінде кездесетін кемшіліктер де қатты сыналады. Газет жанрларының жалпы мазмұныңда тіл мен стильде кездесетін олақтықтар мен солақайлықтар әжуа етіледі. Сөйтіп, ол басқа баспасөз органдарына сабақ болады.

  «Газет тақырыбына» деген  рубрикамен жарияланатын материалдар  журналистиканың теориясы мен тәжірибесінен туған проблемаларға арналады. Бұл проблемалар бүгінгі талап тұрғысынан газетте партия тұрмысы қалай жазылуы тиіс, немесе газет бетін ажарлау тәсілдері, газеттің тілі мен стилі туралы проблемаларға арналады. Журналистиканың тарихы, публицистиканың теориялық проблемаларына арналған ғылыми-зерттеу мақалалары да кейде «газет тақырыбына» деген рубрикамен беріледі.

     Қазіргі мерзімді баспасөз беттерінде «Баспасөзге шолу орнына», «Газет оқушылары газет туралы», «Газет инициативасы» деген рубрикалармен материалдар да көрініп қалады. Мұндай рубрикалармен берілген материалдар газет шолуларының хабар түрлері боп саналады.

   Талдамалы жанрлардың түрлерін нақты бір тақырып немесе белгілі бір мәселе туралы шолу және еңбекші хаттары (ашық және коллективтік хаттар) туралы да айта кеткен жөн.

   Үгіт пен насихаттың бұқаралық құралдарында шолу кең таралып, дербес жанр ретінде жақсы қалыптасты. Бұл жөнінде әсіресе халықаралық шолулардың мерзімді баспасөзде, радио мен телевизияда жиі берілетіндігі бұл күндері жұрттың бәріне аян. Бұл шолуларда жер жүзілік оқиғалар жан-жақты, тереңірек әңгіме болады. Мұндай шолуларда әлеуметтік өмірдің жеке көріністері терең де жарқын және аумақты қамтылады.

   Талдамалы жанрдың шолу түрі қазіргі өміріміздің әлеуметтік оқиғаларын арқау жасап, біздің қазіргі өміріміздің әлеуметтік фактілерін: оқиғаны, жағдайды, құбылысты, процесті жинақтап, шолып отырады.

    Бұл жанрды жалпы шолу, тақырыптық шолу, хаттарға шолу сияқты түрлерге бөлуге болады.

   Белгілі бір кезең ішінде бүкіл жер жүзінде болған оқиғалардың басты-бастыларын, бұл жөнінде жалпы пікір айтумен қатар оны жан-жақты да аумақты қамтыса мұндай шолулар «Әлем өткен аптада», «Халықаралық шолу» рубрикаларымен беріледі.

   Әлеуметтік өміріміздің бір жағына немесе экономикалық, қоғамдық және мәдени өміріміздің бір саласына ғана арналған шолулар – тақырыптық шолу.

17. Ретроақпараттың табиғаты туралы айтып беріңіз.

Ретроақпарат – өткен күннің оқиғасын сөз ету.

Біздің елімізде ақпараттық технологиялардың дамуы кеңестік жүйенің ыдырауымен қатар келді.

Заманауи жаңа үрдістерді түсінуге ынтызарлық ретроақпаратқа деген сұранысты туғызды. Мұның өзі

тарихи процестің жалғасуы болып табылады. Тарих өткеннің белгісі ретінде бүгінмен тығыз

байланысты, онымен барынша араласып кеткен. Өзінің белгілерін ол қазіргінің қоғамдық,

экономикалық, əлеуметтік, мəдени, саяси үрдістерінен көрсетіп береді. Сол себепті аталмыш зерттеу

дискурсытарихи эвристиканың өзекті проблемасыболып отыр

Ретроақпарат – өткен шақтағы оқиғаларды сөз ету. Бұл ақпараттың қажеттілігі , өйткені оның өнегелік мазмұны болады. Болашақпен салыстырып жазылады. Өткен күндерден белгі береді, мысалы кеше қандай болдық, бүгін қандаймыз дегендей сұрақтарға жауап іздейді. Аты айтып тұрғандай ретролық стильді ұстанады.

Ретроақпаратқа біз неге көңілаударамыз?! Өйткені, бүгінгі күнге ықпалы, әсері бар.Бүгінгі күнмен, келешпен оны салыстырамыз.

18. Қ. Мырза-Әлінің «Иірім» эссесінің деректік негізі, көздеген мақсаты туралы өз ойыңыз.

2005 жылы «Қазығұрт» баспасынан шыққан Қадыр Мырза Әлінің көптомдығының бір томы «Иірім» атты естелік кітабы. Кезінде республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланып, біраз айқай-шуға арқау болған естелік-эсседе ақын Ғали Орманов туралы да бірқатар әңгіме берілген екен. Қадыр Мырза Әлі ақын ағасы туралы бүй дейді: …Ешкімге зияны жоқ, өзімен-өзі жүретін қызық ағаларымыздың бірі Ғали Орманов болатын. Мен «Жұлдыз» журналында істеп жүрген кезде ол кісі Қазақстан жазушылар одағында екінші хатшының қызметін атқарды. Жасы да, жолы да үлкен Ғалекең жұмыс бабында жиі-жиі шақырып тұратын. Ол ағамыз туралы небір қызық әңгімелер айтылады. Соның көбін құрастырған құрдастары, замандастары болуы керек. Әдетте Ғалекеңді сараң адам ретінде бейнелейді. Көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң, сене қою қиын…

19. Репортаждың дәстүрлі үлгісі. Репортаждағы авторлық импровизация дегеніміз не?

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпаратәңгіме.[1]Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз-оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі-өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып боладыы деу дұрыс бола бермейді. Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайтланбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж-шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым оперативті болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-жақты, жүйулі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.

Репортаж өз жанына сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады. Бұл жанрдың ерекшеліктерін анықтауға қиындық тудырады. Кейде репортажға өзге жанрлар кірігеді. «Газетте – дейді Е.Рябчиков өзінің «Радиохабарлар мен теледидардағы репортаж» деген жинаққа енген мақаласында, - репортаж күнделікті қолданылып отырады. Бірақ бұл айдарға мүлде бөлек дүниелер кірігеді.Кәдімгі ақпарат пен заметканы біз репортаж деп атап жүрміз. «Репортаж» айдарына көбіне немесе кейде «өткір» мақалалар енеді. Ал бұл оқырманның түсінбеушілігіне және сезіміне селкеу түсіреді. Репортаж, сұхбат, сурет қайда? Жай мақала қайда өзі? Деген сұрақтардың тууына ықпал етеді».(5бет) Сонымен бірге С.Гурьевич те «Репортаж» мақаласында («Газет жанрлары» жинағы.М.1972) сыни көзқараспен: «Газетте «Репортаж» айдарымен берілетін тілшілік, сұхбат, тіпті

заметкаларды неге екенін белгісіз жиі кездестіріп жатамыз. Ал кейде журналистер репортажды жиналыс, кездесу немесе маслихаттардан алынған оқиға, хабар деп түсінеді». (107бет) Осы шиеленістерге байланысты жанрдың нақты анықтамасын алға тарту оңайға түспей отыр.

Жанрдың тек өзіне ғана тән қасиеттері қандай? С.Гурьевич «Газеттегі репортаж» дейтін оқиға мен репортерді қамтыған брошюралық кітапшасында анықталған белгілермен: «Репортаж – бұл оқиғалар жайындағы оперативті, қозғалмалы,көңіл күйге негізделген әңгіме. Ол өзінің құжаттылығы, көрнекілігі арқылы автордың бұл оқиғаға қатысқандағы куәгерлік рөлінің қатысы арқылы ерекшеленеді.(15 бет) Ал В.Ученова «Баспасөздегі ақпараттар проблемалары» деген жинақта: «Репортажда оқиғаны шынайы суреттеу, оны талқыға салу автордың ой-пікіріне негізделеді» деп оқиға мен оған араласу қырларын анықтап көрсетеді. Репортаждағы оқиға болған заматта жариялануымен құнды. Оның түбіне жету үшін журналист шығармашылық бабында болып, жанынан шығарып айтуға, төкпелей айтуға икемделуі тиіс.

Теледидар, радио және баспадағы репортаждың ұқсас ерекшеліктерін анықтау үшін, оның түрлерін салыстыра отырып, жалпылама шешімге келуге болады. Қайсыбір жағдайда да екі компонент: оқиға мен репортер арасындағы байланыс репортажға негіз болады.

Репортаж – оқиғаның басы-қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін, объективті, жедел шығарма.

20. Ақпарат көздері, ақпараттар топтамасының сараптамалық сипаты туралы не айтасыз?

Ақпарат көзі дегеніміз – мақалаңызды құру элементтері. Жақсы ақпарат көзін тапсаңыз, мақала өзінен-өзі жазылады. Ал егер жақсы ақпарат көзін жоғалтып алсаңыз, материалыңыздың қалай баяндалғанына, тақырыптың маңыздылығына немесе батыл берілуіне қарамастан, жариялауға жарамсыз болып қалады. Ақпарат көзін бағалау кезінде аса сергек болыңыз әрі өз-өзіңізге сын көзімен қарауды да ұмытпаңыз. Сізге беріп отырған ақпараттың анық-қанығын жақсы білетіндей ақпарат көзі лауазымды қызмет атқара ма, сенімді ме, әлде әншейін қауесетке сүйеніп жүргендер ме? Сіздің оқиғаны баяндау барысында келтірген дәлелдеріңіз қатал тексерістен немесе тәуелсіз тексеруден өте ме? Нақтылайтын ақпарат көздері бір-бірінен тәуелсіз бе? Егер сіздің мақалаңыз белгілі бір құжаттарға негізделіп жазылса, ол құжаттар сізде бар ма? Әлде ауызша естігеніңізге сүйеніп жаздыңыз ба?

Ақпарат көзінің сенімді болуы өз алдына, жақсы журналист ақпарат көздерінің ашықтығына да иек арта алады. Ақпарат көздеріне сүйене отырып салмақты материал жазып шығатын болсаңыз, аудитория оның сенімділігі мен объективтілігі жөнінде өзіндік пікір қалыптастыра алатын болады. Қақтығыстар, дау-дамай және айтыс-тартыс туралы материал дайындағанда ақпарат көзіне нақты анықтама беру өте маңызды. Журналист басынан бастап-ақ материалды барынша сенімді етіп дайындап, өзін «бейтараптықты сақтамады» деген айыптан қорғауы тиіс. Ақпарат көзін анықтау үшін «Оны біз қайдан білеміз?» деген сауал туындайтыны заңдылық. Осы сауалды қою арқылы қарсы тарап ақпараттың сенімді екенін дәлелдеуді талап ете алады.

Мысалы, біз «төбелес кезінде 12 адамның қайтыс болғанын» білеміз, оны бізге біреу айтты немесе өзіміз мүрделерді санап шықтық дейік. Ал егер ақпарат көзі қарсыласушы екі тараптың бірі болса, біз оның шынайылығына қалай көз жеткіземіз? Үкіметтің есебіне сүйенсек, биылғы жылы пісте өндірісі өскен. Алайда, үкіметтің есебіне құлай сенуге бола ма? әлде басқа да ақпарат көздерімен салыстыру керек пе? Ең басты міндет – ақпарат көздерін оқырман өзі шешім қабылдай алатындай етіп көрсету.

21. Нодар Думбадзенің «Я, бабушка, Илико и Илларион», «Я вижу солнце» повестеріндегі факті-образға тоқталыңыз.

Бұлар автобиографиялық туындыға жатады.Екеуінің де оқиға желісі кішігірім ауылда өрбиді.Бұл ауылдарда ҰлыОтан соғысы кезінде ер кісілерден тек шалдар мен қарт адамдар ғана қалған болатын. Жетім бала Зурико әжесімен бірге тұрып, оның қолында өседі. Мектепте оқып жүргенінде сабағын оқымай, данышпан,оқымысты ата-бабаларынан ерекеленеді. Әжесі екеуі де сөзге тапқыр, қалжыңбас, бірақ, мейірімдіәрі ақылгөй. Көмек беріп, қол ұшын созуғаәрдайым дайын. Әжесі Зуриконы көп ұрсып, қарғайтын, бірақ, оған жамандық тілемейтін.Бір ретте тіпті «Когда язык мой прокленает, сердце мое благословляет тебя,сынок мой» деп айтып қалыпты.

«я вижу солнце» - қарапайым ғана бір ауылдың тарихы. Әпке мен інінің бір-біріне деген қамқорлық сезімі. Ұлы Отан соғысы. Тылдағы, соғыс лаңындағы өмір. Кітап жылатып отырып күлдіреді, күлдіріп отырып жылатады. Барлық кейіпкер оптимист. Өмірді тек жақсы тұстарын кқре алатын жандар . Грузиядағы қоңырқай күндер. Кітаптың «Я вижу солнце» деп аталуы, кейіпкер бойжеткен қыз туғаннан көзі көрмейді. Ал, күнді көре алатын жанның жанарын емдеуге болады

22. І. Жансүгіров газет тілі мен стилі туралы не айтқан?

І. Жансүгіров қазақтан шыққан тұңғыш жоғарғы білімді, кәсіби журналист. Сонау 30-жылдары Мәскеудегі коммунистік журналистика институтын бітіріп келгеннен кейін осы саланың дамуына , көркеюіне өлшеусіз үлес қосты. 1930 жылы жарық көрген еңбегі «Кереге газеті» деп аталады. Осы еңбегінің  3 баспатаяқтай яғни 60 беттей болатын. Қазақ даласында журналистика саласын кәсіби деңгейде зерттеп , сол жылдары қазақ баспасөзіне жаңа серпін сыйлаған тұңғыш еңбектің бірегейі болатын. Бұл еңбекте газеттің тілі мен стилі хақында түрлі тұжырымдар айтылды.

Ең алдымен газет қандай болу керек, оның бөлімдері туралы, әр бөлімнің құрылымы жайында сол жылдардағы қазақ баспасөзінің қарлығаштарына арнап жазылған еді. Газет мынанда маңызды қағидаларды ұстану керек:

* дәл уақыт талабына сай , өзекті мәселелерді қозғау

* сөз шымырлығы

* оқырманды тартатындай тақырыптар қоя білу

* таңдалған тақырып  оқырманды тарта білу керек

* сөз басы солаң болма керек

* бастысы журналист халыққа етене жақын болу керек, халық арасындағы барлық жағдайға күә болу керек деген тұжырымдар жасайды. І. Жансүгіров өзінің «Жаңа әдебиет» журналына  берген сұхбатында: «менің басты табысым – журналистика деген екен.»

23. Портреттік очерк пен сұхбат-портрет. Ұқсастығы мен айырмашылығынп тоқталыңыз.

Портреттік очеркте – озат азаматарлдың асқақ бейнесінде жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың міінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері,  соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк ккейде бір жеке шаруашылықтың , өнеркәсіп ұжымының еңбегін көрсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арнлады.

Портреттік сұхбат – журналистің рөлі берілетін сұрақтармен тежеліп қалмайды. Ол да әңгіменің тақырыбы немесе сұрақтары жөнінде өзінің алған әсері туралы хабарлайды. Белгілі бір дәрежеде өзінің әңгімелескен адамының бейнесін жасайды. Сұхбат беруші әңгіме барысында өз портретін өзі береді

24. Фазиль Искандердің «Созвездие козлотура» повесіндегі заман шындығы, идеология ықпалы қалай берілген?            

 «Созвездие козлотура» тповесіндегі басты кейіпкер Москвадағыи  жастар газетінен жұмыстан босатылғаннан кейін өзінің отаны Абхаздағы Мухус өаласына келді де, ауылындағы газеттің ауылшаруашылық бөліміне жұмысқа орналасады.

Ол кезде ауылшаруашылыңында реформалар жүргізіліп жатқан еді. Сол кездегі басшылықтың ықпалымен Платон Самсоновтың ойлап тапқан козлотур, тұқымы пайда болды. Ол етті әрі жүнді болғандықтан, басшылыққа оны қалай селекциялық жолмен алынатындығы маңызды емес, «айтылды – орындалуы керек» деген саясат жүрді де, қиыншылықтарын қарамастан, козлотур алынуы керек деген тапсырма берілді.

Нәтижесінде, козлотур – өзіне жіберілген аналықты маңына жолатпай, іс насырға шабады. Ал, басты кейіпкер өзі абхазша сөйлей алатындығын білдірместен басшысына кіргенде, олар өзара абхазша басқаша сөйлегенімен, кейіпкерге орысша мүлде басқа нәрсені айтады. Кейіпрке осылай басшылықтың екіжүзділігіне күйіп, бір жағынан тапсырманың орындалуы мүмкін емес екендігін мақала қылып жазып шығарады. Бір мақала барлығын өзгертуі керек болатын, бірақ бас редактор Автандиль Автандилович газеттің сол номерін ұстап қалып, кейіпкерге ескерту береді. Бір адамның ғана идеясымен басталған сенімсіз жоба осылай сәтсіз аяқталады. Бірақ, тағы бір идея туып келе жатады.     

25. Эпистолярлық жанрлар және ұлттық мәдениет хақында сөз қозғаңыз.

Эпистолярлық Әдебиет, эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады. Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден басталады. Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. Кейін хатпен жазылған роман пайда болды. Мыс., орыс жазушысы Н.М. Карамзиннің “Орыс саяхатшысының хаттары” (1789 – 1792) – Эпистолярлық әдебиеттің тамаша үлгісі. Қазақ әдебиетінде Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің орыс достарына, Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат мұра. Эпистолярлық әдебиет 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты халық поэзиясынан кең көрініс тапты (Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұлұлына жазған хаты”, т.б.). Бұл жыр-хаттар ақ патшаның бұйрығына наразылық, ыза-кек білдіріп, тікелей көтеріліске шығуға, Амангелді Иманов бастаған топқа қосылуға үндейді. Майданнан жазылған хаттарда жауыздық пен әділетсіздікке қарсылық білдірсе, майданға жазылған хаттарда ел-жұрттың сағыныш сезімі, амандық-саулық баяндалады. Эпистолярлық әдебиет кеңестік дәуірде кең өріс алып, айрықша дамыды. (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б.). 1916 жылғы сәлем хат жырлары 2-дүниежүзілік соғысы жылдарында туған Эпистолярлық әдебиетке келіп жалғасты. Бұл кезде жазылған хаттарда патриотизм, Отанды қанқұйлы жаудан қорғап қалу, дұшпанға деген өшпенділік сезімі басым. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов, т.б. жазысқан хаттар Эпистолярлық әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.

26. Деректі-көркем-публицистикалық жанрларды атап шығыңыз.

Деректі-көргем публицистикаға: эссе,очерк,фельетон, памфлет, суреттеме т.б. жатады.

Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссенің түрлері:Салыстырмалы эссе,Пайымдық эссе,Көркем-әдеби эссе.

Эссе құрылымы:Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.

Очерк мақсаты – ақпаратты қызғылықты етіп және байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Очерк журналистің құрғақ фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көркемделіп, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап беруге болады.

Фельетон (фр. feuіlleton, feuіlle – парақ) – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма. Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың “Журнал де Деба” газеті өзінің қосымша шығарған парақтарын Фельетон деп атаған. 19 ғасырдың 1-жартысында болған француз революциялары кезінде бұл парақтарда негізінен қоғамды сынайтын мақалалар басылды. Кейіннен “Фельетон” термині Франциядан Германияға, кейін Ресейге ауысты. Неміс, орыс баспасөздерінің белгілі бір беттері Фельетон деп аталып, онда қоғамдық-саяси мақалалар, сыни-айтыс еңбектер, әдеби шолулар жарияланды. Келе-келе Фельетон белгілі бір нысананың кемшіліктерін күлкіге айналдыратын сатиралық жанрға айналды. Қазақ жерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін Фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды. 1920 – 30 жылы Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, 1940 – 50 жылы А.Тоқмағамбетов бұл жанрды әрі қарай дамытты. Кейіннен бұл жанрда О.Әубәкіров, С.Адамбеков, т.б. жемісті еңбек етті.

Памфлет, қаһарлы сөз (ағылш. рamphlеt – парақ) – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма; өткір сатираға құрылған әдеби туынды; қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір тұлғаны немесе құбылысты өткір сатирамен масқаралайтын, нысаналы, айқын тілмен ерекшеленетін, жағымсыздық, жамандық такырыбын әшекерлейтін саяси публицистиканың жанры.[

Публицистиканың жанры ретінде қара сөзбен ғана емес, өлең түрінде де жазылады. Памфлет белгілі бір құбылыс, оқиға, деректерді, мемлекеттік саяси жүйе мен беделді қоғам қайраткерлерінің ықпалын қысқа негізде сатира үлгісінде де әшкерелейді.

Суреттеме - жур-т қысқа, бірақ, жіті де образды өзінің алған әсері жайында айтып береді, өзінің байқағандарын жеткізеді. Ол фактілерді жинақтап қана қоймайды (бұлар суреттеу үшін себеп болады), біраз көргендерінің толық картинасын беру үшін жағдайды сипаттап жазу үшін обьектті күні бұрын іріктеп алатыны табиғи нәрсе.

27. «Жұлдыздар отбасы» журналындағы Әнуар Әлімжановқа арналған материалдарға (№22, қараша 2013) тоқталып өтіңіз.

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов

Дүниеге келгені:  1930 мамыр

Талдықорған облысы, Андреев ауданы , Қарлығаш ауылы

Қайтыс болғаны:  1993 қараша

Мансабы:  жазушы

Қазақстанның  халық  жазушысы,  қоғам  қайраткері  Әнуар  Тұрлыбек-ұлы  Әлімжанов  1930  жылы  12  мамырда  қазіргі  Алматы  облысы  Үйгентас  ауданындағы  Қарлығаш  ауылында  дүниеге  келген.

Ол  шешеден  ерте  айрылды,  көп  ұзамай  әкесі  «халық  жауы»  атанып, итжеккенге  айдалып  кетті.  Жас  бала  нағашы  әжесінің  қолында  қалды, кейінірек  Екпінді  ауылындағы  интернатта  тәрбиеленді.  Оның  балалық шағы  екінші  дүниежүзілік  соғыспен  тұспа-тұс  келді.  Сондықтан  ауыл балаларының  барлығының  пешенесіне  сол  жылдары  не  жазылды,  ол соның  бәрін  көрді.  Жастай  ауыр  еңбекке  араласып,  өгіз  соқамен  жер жыртты.  Лепсі  стансасындағы  астық  қабылдау  пунктіне  бидай  тасыды, аудандағы  май  айыру  зауытына  күнбе-күн  сүт  тасымалдады.  Осылайша болашақ  журналист,  публицист,  көрнекті  жазушы  қаршадайынан  өмірді,

реалистік  суреттерді  көзбен  көріп,  көкірегіне  түйіп  өсті.  Балғын  кезінде

жан сарайында жатталған деректер мен естеліктер кейін «Вечные корни» (1960) атты очерктер мен әңгімелер жинағында көрініс тапты.

     Ә.  Әлімжанов  1949  жылы  Ойжайлаудағы  Лепсі  педагогтік  училищесін  тамамдады.  Оқу  бағдарламасын  толық  игеруі  өз  алдына,  бір  ғажабы,  училище  қабырғасында  жүргенде  ол  көркемөнерпаздар  үйір-месіне  белсене  қатысып,  саксафон  аспабында  классикалық  шығарма-ларды  құйқылжыта  орындауды  үйренді.  Бұл  өнері  оған  Венада,  Прагада  өткен  дүниежүзілік  демократияшыл  жастар  фестивальдарында көп  септігін  тигізді.  Оның  шығармашылық  саласында  теориялық білімін  шыңдауға  қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетіндегі  ұстаздары,  атап  айтқанда,  М.О.  Әуезов,  Х.Н.  Бекхожин көп  көңіл  бөлді.  Студент  Ә.  Әлімжановтың  сол  дәуірдегі  асқан ерлігі  –  данышпан  тәлімгері  Мұхтар  Әуезовті  Республика  НКВД-сының  қанды  шеңгелінен  құтқарып,  Мәскеу  қаласына  жасырын аттандырып  салуы.  Бұл  тарихи  оқиға  туралы  Халық  жазушысы  Ә.  Әбішев,  белгілі  қаламгер  Ғ.  Қабышев,  филология  ғылымдарының  докторы  Т.  Жұртбай  Мұхтар  Әуезовтің  өз  сөзіне,  дәлелді  фактілерге сүйене  отырып,  арнайы  мақалалар  жазғаны  белгілі.  Одан,  кейінгі  кезде мәлім  болғандай,  бір  топ  студент,  оның  ішінде  Әнуар  Әлімжанов,  Сәкен Жүнісовтер  бар,  профессор  М.О.  Әуезовті  университетке,  оқытушылық жұмысқа  қайтадан  шақыру  туралы  СОКП  Орталық  Комитетіне  хат жолдапты.

Қаламы  жүрдек  шәкірттің  түрлі  тақырыптағы,  әртүрлі  жанрдағы материалдары университеттің көп тиражды газетінде студенттік жылдары жиі-жиі жарияланады. Идеологиялық тенденциясы басым кеңестік жоғары мектеп  аудиториясында  осындай  мәнді  істерге  араласқан  ол  1954  жылы журналистика  мамандығы  бойынша  диплом  алып  шығады.  Қаламгер өзінің  кәсіби  қызметін  облыстық  «Алма-Атинская  правда»  газетінен бастайды.  Басылым  тілшісі  ретінде  шеберлік  мектебінен  өтеді,  үйренеді, адам характерлерін ажырата білуге дағдыланады, проблемалық мақалалар, портреттік  очерктерді  лек-легімен  жариялайды.  Негізінен  орыс  тілінде жазатын қаламгер алпысыншы жылдары «Лениншіл жас» газетінің очерктер  бәйгесіне  қатысып,  жүлделі  орынға  ие  болады.  Облыстық  басылымнан  алған  қаламгерлік  тәжірибесі  кейіннен  кеңестік  журналистикада үлкен  құбылыс  ретінде  қабылданған  «Повесть  о  пахаре»  атты  көркем-публицистикалық  шығарманың  желісін  ширатуға  едәуір  әсерін  тигізеді.

Атақты  күрішші  Ыбырай  Жақаев  туралы  очерктегі  қақтығысты  Әнуар Әлімжанов  индивидтер  арасындағы  текетірес  деңгейінде  қалдырмайды, оны дүниетанымдар арасындағы күреске дейін көтереді. Ауданнан келген әпербақан  өкіл  мен  жер  қасиетін  бес  саусағындай  білетін  диқаншының образдары  ақ  қағаз  бетіне  естен  кетпестей  таңбаланады.  Тақырыпты жеріне жеткізе зерттеген журналист кәнігі ғалым-агрономдай, натуралист-зерттеушідей сөйлейді.

Қазақстан  ЛКЖО  Орталық  Комитетінің  органы  «Ленинская  смена» газеті  редакторының  алғашқы  қазақ  орынбасары  болған  да  Әнуар Әлімжанов еді. Сол жылдары ол ел аралады, шетелдік іссапарларға шықты, жастар  фестивальдарына  қатысты.  «Белый  друг,  желтый  друг,  черный друг» (1958), «Когда встречаются друзья» (1959), «Вечные корни» (1960), «Пятьдесят тысяч миль по воде и суше» (1962), «Караван идет к солнцу» (1963)  атты  кітаптар  сол  бір  романтикалық  дүние  пайымның  жемісі дегіміз келеді. Жас жазушы Ә. Әлімжановтың алғашқы көркем дүниесі – «Караван идет к солнцу» повесіне алғы сөз жазып, ақ жол тілеген данагөй қаламгер, ұлы ұстазы Мұхтар Омарханұлы Әуезов еді. Ғұлама ағаның ақ батасы себепші болды ма, Ә. Тұрлыбекұлы КСРО Жазушылар Одағының басылымы  «Литературная  газетаның»  Қазақстан  және  Орта  Азия  бойынша меншікті тілшілігіне бекітіледі. Ол кезде «Литгазетаның» тірек басылымы Ташкент шаһарында орналасқан-ды, сол тілші қосынын Алматы қаласына  көшіруге  Ә.Т.  Әлімжанов  көп  күш  жұмсады.  «Литературная газета»,  сол  кездегі  елдің  бас  дауысы  саналатын  «Правда»  газетінің Қазақстан  бойынша  меншікті  тілшісі  қызметін  атқара  жүріп,  ол  әлемнің көптеген  мемлекетін  аралады,  алпысыншы  жылдардың  елең-алаңында Африка құрлығында басталған жаппай отарсыздану үдерісін көзімен көрді, батыс  елдерінің  материалдық  және  рухани  қысымшылығына  қарсы  бас көтерген халықтың көсемдерімен жақын танысты. Қазақтың халықаралық журналистикасының  шынайы  бастаушысы  болған  Ә.Т.  Әлімжанов Кения  халқының  көшбасшысы  Джома  Кениата  (Уильям  Дюбуа)  туралы «Пылающее копье» деген деректі повесть жазды. Оқиғаның өзіндей жалын атқан  туындының  осы  күнге  дейінгі  көкейтестілігіне  таңғалмасқа  лажың жоқ.

«Қарлығаш»  атты  кішкентай  қазақ  ауылында  туып-өскен                Ә.Т. Әлімжанов өз ана тілімен қатар және орыс тіліне де мейілінше жетік еді. Оның әдеби геройлары қаншама эрудит, азуын айға білеген қаншама дөй қайраткер болса да, жеті жұрттың өркениетін өрімдеп шықса да туған жеріне, ұясына қарлығаштай қайтып оралып отырады. Осы ретте «Синие горы»  (1964),  «Сувенир  из  Отрара»  (1966),  «Мост  Карасункара»  (1966) сияқты повестерін атауға болады.

Ол  1969  жылы  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  бас  редакторлығына тағайындалды.  Қазақстан  Жазушылар  Одағы  басқармасының  бірінші хатшысы  қызметін  абыроймен  атқарды  (1970-1979).  Осы  тұста  қазақ жазушыларының  шетелдермен  байланысы  жолға  қойылды.  Сол  жыл-дардың тәттісі мен тауқыметі туралы жазушы Б. Тілегенов «Тұйық өмірдің құпиясы» роман-эссесінде тартымды баяндап бергенді.

Қазақстан  Жазушылар  Одағындағы,  КСРО  Жазушылар  Одағындағы қат-қабат  ұйымдастыру  жұмыстарымен  жүрген  қаламгер  шығарма-шылықтан  қол  үзген  емес.  «Стрела  Махамбета»  (1969),  «Гонец» (1974),  «Возвращение  учителя»  тарихи  романдары  бірінен  соң  бірі  дүниеге келіп жатты.

Жүрегі  қазағым,  шығыс  мәдениеті  деп  соққан  қаламгер  ұлы  бабамыз Әбу  Нәсір  әл-Фарабиді  қазақ  топырағына  алып  келуге  нақты  үлес қосқандардың алдыңғы легінде жүрді. Кейінірек, кеңестік кезеңнің өзінде-ақ  ұлы  қазақтың  бірі  –  Мұстафа  Шоқайды  ақтап  алу  үшін  Мәскеудегі «Дружба народов» журналына көлемді мақала жариялады.

Ә.Т.  Әлімжанов  өнегелі  сөзімен  де,  нақты  ісімен  де  туған  халқына

аянбай  қызмет  етті.  Өзінің  бар  күш-жігерін,  беделін  жұмсап  1973  жылы Алматыға  әкеліп  өткізген  Азия-Африка  жазушыларының  ІҮ  конферен- циясы  түйсігі  бар  қазақ  ойшылдарына  үлкен  ғибрат  қалдырды,  отар-шылдықтан  құтылған  елдер  тынысы,  азат  пікірлі  қаламгерлер  шығар-малары  қазақ  әдеби  кеңістігіне  кеңінен  тарады.  Шынайы  азаттықты аңсаған,  ұзағынан  ойлап-толғанатын  арлы  азамат  жазушының  басты идеясы да сол еді.

Ә.Т.  Әлімжанов  «Күнге  бет  алған  керуен»  повесі  үшін  Қазақстан комсомолы  сыйлығына  (1965),  «Көгілдір  таулар»  кітабы  үшін  Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа (1967), «Отырардан жеткен сый» және Үндістан  тақырыбына  жазған  басқа  да  шығармалары  үшін  Джавахарлал Неру  атындағы  халықаралық  сыйлыққа  (1969),  халықаралық  «Лотос» сыйлығына, Агостиньо Нето атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды.

1991  жылы  26  желтоқсанда  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Республикалар палатасының төрағасы, кешегі «халық жауының» ұлы Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов  КСРО-ның  халықаралық  субъект  ретінде  құқығы жойылғандығы туралы декларацияға қол қойды.

28. Қазіргі есеп пен репортаж: ұқсастықтары мен айырмашылығын ашып көрсетіңіз.

Еліміздің өмірінде елеулі оқиға болып саналатын Коммунистік партияның съездері, пленум мәжілістері мен СССР Жоғарғы Советінің сессиялары және де әр түрлі қоғам ұйымдары коллективтерінің жиналыстары, мәжілістері мен кеңестері туралы жазуды мерзімді баспасөзіміз дәстүрге айналдырған. Мұндай оқиғаларға арналған баспасөз материалдары – публицистиканың хабар жанрларының бір түрі – газет бетіндегі есеп деп аталады.

Есеп – репортажға жақын жанр. Ресми түрде жазылады.Ол көбінесе жиналыс, мәжілістерден жазылады және есепте жабық түрде өткен көріністе өткен шаралар айтылады. Сонымен қатар талдамалы жанрлар қатарына ақпарат, баспасөз сауалнамалары т.б. кіреді.

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпарат, әңгіме.[1] Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз-оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі-өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып боладыы деу дұрыс бола бермейді. Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайтланбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж-шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым оперативті болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-жақты, жүйулі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді

29. Т.С. Амандосов пен Б.В. Стрельцовтың очерк туралы тұжырымдарына тоқталыңыз.

Көркем публицистикалық жанрлардың ішіндегі ең шоқтықтысы ретінде очеркті таңдап алып, профессор Амандосовтың және  журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген өзге де ғалымдардың пікірімен салыстыра отырып талдайық. очерк – үгіт пен насихаттың жауынгер де әсерлі формаларының бірі. Ол өмір шындығының құбылыстары мен оқиғаларын батыл да терең талдап, тартымды тілмен шағын «сурет» салып береді. Бір құбылысты, бір мәселені әр түрлі жанрлар түрінде салыстырып қарағанда, очерк адамның ішкі жан дүниесін суреттеп, оның еңбек сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін аша түседі екен. очеркін профессор Амандосов өз еңбегінде жөл-жөнекей очерк деп атап көрсетсе, очерктің осы түрін Колосов дейтін ғалым одан әрі жандандырып,  газет және журнал очеркі деп екіге бөліп қарастырады.  Жалпы, жол-жөнекей очерктің жол-сапар очерктен өзгешелігі – жол-сапар очерктер әдетте журналдарда жарияланса, жол-жөнекей очерктері көбінесе газет беттерінде беріледі.

профессор Амандосов өз еңбегінде жөл-жөнекей очерк деп атап көрсетсе, очерктің осы түрін Колосов дейтін ғалым одан әрі жандандырып,  газет және журнал очеркі деп екіге бөліп қарастырады.  Жалпы, жол-жөнекей очерктің жол-сапар очерктен өзгешелігі – жол-сапар очерктер әдетте журналдарда жарияланса, жол-жөнекей очерктері көбінесе газет беттерінде беріледі.

Ал енді портреттік очерктерге келер болсақ, Б.В.Стрельцов дейтін белорус ғалымы: «Портреттік очеркте деректерге сүйене отырып замандас образы жасалады, ішкі жан дүниесі суреттеледі, жалпы очерктің бұл түрінде тип пен характер синтезделеді» деген пікірді алға тартса, А.А.Тертычныйдың пікірінше, портреттік очерктің нысаны – тұлға (личность) болғандықтан да, бұл жанрда кейіпкердің характері күрделі жағдайда көзге көрінеді.

Түйіндей келе айтарымыз – очеркте жалпылық пен жалқылық біте қайнасады.

Жанрлардың осындай өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, ескере отырып, Тауман ағамыз: «Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеуметтік тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. Баспасөз Жанрларының негізгі, басты міндеті — өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. Ол үшін журналистің білімі терең, ой-өрісі кең, жазу қабілеті мол болуы, сонымен қатар баспасөз жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі шарт. Баспасөз жанрларын тиянақты меңгеру — журналистің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалдарының  сапалық деңгейін арттырудың кепілі» -деген қорытындыға келеді[5].

30. «Казахстанская правда» басылымындағы көшіріп басу пішініне талдау жасаңыз.

Бүгінде жарық көргеніне 94 жылдан асқан республикалық бірден-бір ұлттық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Бүгінде ол еліміздегі таралымы ең көп газет болып отыр. Екі жылдан бері 200 мың дананың үстінде тираж алып келе жатқан газеттің күні бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолы республикамыздың тарихымен үндесіп жатыр. Қазір газет еліміздің барлық облыстарының орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады. 

Біз республикалық газеттің тарихын айтқанда заманында ұлтымыздың ұстыны, халқымыздың мақтанышы болған көптеген толымды тұлғалардың есімдерін еске түсірмей тұра алмаймыз. Сонау 19-шы жылы жарыққа шыққан «Ұшқыннан» бастап, бүгінгі «Егемен Қазақстанға» дейінгі аралықта газетіміздің кешегісі мен бүгінгісіне қызмет еткен сондай қарымды қайраткерлердің қатарында Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары бар. 
Осынау 94 жылдың толғауында газеттің аты да сан рет өзгеріске ұшырады. Ол алғашқы «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы» да атанды, «Еңбекшіл қазақ» та болды, «Еңбекші қазақ» та болды, әлденеше ондаған жылдар бойы алдымен «Социалды Қазақстан», содан кейін «Социалистік Қазақстан» ретінде де оқырманға кеңінен танылды. Ал еліміз егемендік алған алғашқы елең-алаң кезде «Егеменді Қазақстан» болып тәуелсіз жұртымен қауышса, 1993 жылдан бері «Егемен Қазақстан» болып біржолата орнықты. Дегенмен, осы жылдардың бәрінде газеттің аты өзгергенімен, заты өзгерген жоқ. Ол қалай аталғанда да өзінің елдіктің биік мінбері міндетін абыроймен атқара білді және атқарып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басылымға «Отанымыздың бас газеті» деген баға берді.
 
Елдің бас қаласы ауысқан сайын ұлттың бас басылымының шығатын орны да Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана болып ауысып жатты. Алайда, газеттің елдің өңіріндегі орны өзгергенімен елдің өміріндегі орны, халықтың көңіліндегі орны өзгерген жоқ. Қайдан шыққанда да ойдан шықты.
 
Қазіргі заманның талабына сай үстіміздегі жылдың қаңтарынан бері газет редакциясы жанында интернет-редакция құрылымы құрылып, ол газеттің электронды нұсқасынан бөлек, тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс жасайтын интернет-ресурс жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Бұл газеттің интернеттегі нұсқасымен күнделікті танысушылар қатарын ұдайы өсіре түсуде. Бұл үшін осыған байланысты хосттың күнделікті 500-ге жетер-жетпес деңгейден қазір үш мыңға дейін көтерілгенін айтсақ та жеткілікті. Күннен-күнгі газет қарау мөлшері бастапқы 1000 реттік шамасынан бүгінде 9000-ға дейін жетіп отыр. Қазір газетте шын мәнінде egemen.kz және egemennews.kz деп аталатын екі бірдей сайт жұмыс істеп тұр.

31. Р.С. Немов жеке тұлға психологиясының ерекшеліктері туралы қандай қорытындыға келген?

Үлкенге жалпы адам баласына инабаттылық көрсетіп, адамгершілік қасиеттерімен көріне білген адам мұсылман (момын). «Момынның ісін құдай оңдайды» дейді қазақ. Өйткені момынның ісі әділетті болады.

Момын мен ынжық екі басқа. Момындық – ақылды, ынжықтықтың ақыл парасаты болмайды. Момын адам өз ісіне ықтиятты, «тындырымпаз» тиянақты болады.

Пайыммен пайда болатын момындық мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Момын болсаң жолың болады» дейді халық, момындық мінез үлгі. «Үндемеген үйдей бәледен құтылады». Ұлттық тәрбиеде біз момындықтың әдептілікпен сабақтастығын дәлелдеп, ұрпақты қарапайымдылыққа тәрбиелейміз.Мұсылмандық мінез тәлімі. Жайсаңжандылық, ар-имандылық, шыншылдық, әділеттілік, момындық, қайырымдылық, мейірімділікті көрсететін мұсылмандық мінез – діни қағидаларды орындау нәтижесінде қалыптасқан қасиетті мінез.

«Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар» деген хадистік қағида бойынша, мұсылман адам жайсаңжандылықпен қарым-қатынаста өзінің сыпайылығын, әдептілігін көрсетеді.

Мұсылман адам өтірік айтпайды. «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді», «өтірік айтқан адам – мұсылман емес» деген хадистік қағида шыншылдықтың шынайы мәнін көрсетеді. Шыншылдық – имандылықтың бір белгісі.

Мұсылмандық мінез – жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін қасиетті мінез. Біз оның тәрбиелік мәнін пайымдап, пайдалану тәсілдерін үйретеміз.

Парасаттылық мінез тәлімі. Сабырлылық, ілтипаттылық, инабаттылық, әдептілік, пайымдылық, мейір-шапағаты жеке тұлғаның парасаттылық мінезін паш етеді.

Сабырлық, шыдамдылық, төзімділік адамның адами қасиетін қалыптастырып, парасатты бейненің кейпін кемелдендіреді. Жақсылыққа да жамандыққа да шыдау ақылға байланысты.

Ақыл-парасаты бар адам ашуланбайды, алуан түрлі қайшылықтарды ақылға жеңдіреді. Парасаттылық – ақылдың жеңісі. «Ашу аптығады, ақыл аяңдайды» деп, халық ақыл-парасатты жоғары бағалайды.

Сабырлы, салмақты, инабатты адамның әдептілігі оның беделін арттырады. Әдеп – парасаттылықтың алтын арқауы, адами қасиеттің нұры.

Парасатты адам пайымды болады. Ол сезімтал, әрнәрсенің парқын білетін тұлға. Жан-жақты пайымы жоқ адам «парасатты» болмайды.

Парасатты адам айналасындағыларды, мейірім шапағатымен баурап алады. Ол жақсы көргенін өбектемейді, «өзім» деп, «өзгеше» қызмет жасайды.

Мейірім-шапағаты мол парасатты адам жанбіткенді жақсы көріп, жадырап, қатынас жасайды, тек жақсылық ойлайды, жаһаннамға жақсылық жасайды.

«Жақсыдан парасат, жаманнан кесапат», «парасатты мінез, патшадайын бір өзі» деп халық, парасатты мінезді адамнан үлгі-өнеге алуды уағыздайды. Біз ұрпаққа ұлттық парасаттылық мінезді қабылдаудың тәсілдерін үйретеміз.

Сабырлылық мінез тәлімі. Ақыл тоқтату, шыдамдылық, төзімділік, салмақтылық, байыптылық, кешірімпаздық, кемелділік нысандарын көрсететін сабырлық жеке тұлғаның беделін арттырады.

Сабырлы адам қуанышта, қайғыда «ақыл тоқтатып, жақсылықта тасымайды, жамандықта жасымайды». Сабырсыз, арсыз адам одан соққы көріп, сабыр сақтамаудың сазайын тартады.

Қиындықта, қысылтаяңдыққа шыдамдылық көрсету, сабыр сақтаудың нәтижесі. Қилы заманның қиындықтарына шыдай біліп, сабыр мен ақыл ұстанған адам мақсатына жетеді.

Төзімділік шыдамдылықтан пайда болады. Сабырлы адам «бәріне де төзеді». Аштыққа ары-май, тоқтыққа толмай, төзімділік жасаған адам ақылдың айбарымен адамдығын сақтайды.

Сабырлы адам әрбір әрекетті байсалдылықпен бастайды. Байсалды басталған іс баянды болады. Байыптылық пен байсалдылық іс-әрекеттің өнімділігіне себепші болады. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» дейді қазақ. Байсалдының күші басым болады.

«Сабыр түбі-сары алтын, сақтасаң жетерсің мұратқа» деп қазақ халқы ұрпағын сабырлыққа тәрбиелейді.

Сабырлылық – байып пен байсалдылық арқылы қалыптасқан өнегелі мінез. Біз жастарға сол мінезден үлгі алу жолдарын үйретеміз.

Салауаттылық мінез тәлімі. Салауаттылық-жеке тұлғаның тазалығын, тақуалылығын, адалдығын, денсаулығын, жансаулығын, саналығын, сергектігін көрсететін ұлттық мінез.

Жан тазалығы, тән тазалығы, сөз тазалығы, ой тазалығы тұлғаның салауаттылық өлшемдері болып табылады. Жаны жайсаң, тәні таза, ана тілінде таза сөйлейтін, жамандық ойламайтын, жақсы ниетті адамды салауатты адам дейміз.

Өз тілін, өз ділін, өз дінін құрметтейтін тақуа адам нағыз адам. Тілдің құдыретін бағалап, адами қасиеттерін, ар-ожданын қалыптастыра білген тұлға – салауатты.

Салауатты адамның асы да адал, ниеті ақ. Ақ жүректі, ақпейілді адам жақсылық жасайды, жақсылық ойлайды. «Ердің саналығы -салауаттылығында». Салауатты адам денсаулығын сақтай біледі.

Біз ұлттық тәрбиеде салауаттылық мінезді жастарға өнеге тұтып, оларды салауаттылыққа тәрбиелейміз.

Ұлтжандылық мінез тәлімі. Ұлттық намыс, ұлттық сана, ұлттық әдеп, ұлттық рух, ұлттық дәстүр, ұлттық болмыс, ұлттық қағида арқылы пайда болған ұлтжандылық мінез қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қасиетті ұлттық мінезі.

«Атаңның ұлы бол, халқыңның құлы бол» деп қазақ халқы ұрпағын отансүйгіштікке тәр-биелейді. Ұлы күрестерде, қилы-қилы замандарда қалыптасқан ұлттық намыс ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелейді. Қазақ ұлты қан төкпеген, қанішерлерді ұлттық ақыл-айламен жеңіп, ұланғайыр жерін, ержүрек елін қорғап қалған.

Қазақ халқы ұлттық әдепті бойына сіңіріп өскен ұрпақты ұлағаттайды, әдептілік мінез қалыптасқан ұлттық әдептіліктің үлгілерін уағыздайды. Әдепті халық ұлттық әдепті қастерлей біледі, адамгершілікті ардақтайды.

Ұлтжандылық мінез қазақ халқының ержүректік, қонақжайлылық, қайырымдылық, имандылық, әдептілік қасиеттерімен қалыптасқан.

Ұлтжандылық мінез әрбір қазақтың қажеттілігі, болмыстық құндылығы. Ол қасиетті жастардың бойына сіңіре білу үшін біз дидактикалық тәсілдерді қолданамыз.

Ұялшақтық мінездің тәлімі мен тәрбиесі. Ізеттіліктен, имандылықтан, әдептіліктен, арлылықтан, адамдықтан, сыйласымдықтан пайда болатын ұялшақтық мінез әдепті көрсетеді.

Ұялу – имандылықтың нышаны. Иманды адам жақсылық жасап, қайырымды, мейірімді болуға бейім болады. Адамдық асыл қасиеттерді толық орындай алмай, толғанған адам ұялады, мейірлене түседі.

Ұялшақтық әдептіліктен пайда болады. «Зияты бардың ұяты бар» дейді қазақ. Әдеп сақтап, әдет-ғұрыптарды құрметтеп, ұлттық мәдениетті құндаған адам – ұлттық тұлға ретінде сол құндылықтарды игере алуға бейім.

«Арым, ұятым – барым миятым» деп, әрбір ұлттық тұлға адамдық арын биік қойып, ұлттық құндылықты толық игере алмағаны үшін ұялады, талпынады, шынығады.

Ұяттық сезім – адамдық қасиет. Әрбір адам өз кемшілігі үшін ұялады, абыройын «жабады». Сөз айтуда, киінуде, жүріс-тұрыста, мінезде өз кемшілігін сезген адам ұялады. Ол туралы «зияты бардың ұяты бар», «қазаннан қақпа» деп қазақ халқы ұяттылық туралы өнеге айтады.

Ұялшақтың ынжықтық емес (ол туралы айтамыз), ол – әдептіліктің бір белгісі. Мысалы келіннің қайнағадан ұялуы – әдептілік болып табылады. Біз ұрпаққа «ұятқа қалмау» тәсілдерін үйретіп, оларды ізеттілікке тәрбиелейміз.

32. Мақала және корреспонденция: ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталыңыз.

Корреспонденция - негізі және ең көне оперативті газет жанрларының бірі. Корреспонденцияның міндеті - өмірдің бір пұшпағын көрсету, оның мақсаты - бір немесе бір топ фактіні талдау, саяси, экономикалық және мәдени өмірден бір оқиғаны, құбылысты көрсету. Мақалалардан айырмашылығы корреспонденцияда фактілер мен мысалдар орталық, өзекті орынды алады. Фактілерді жинап, автор әуелі оларды сипаттап жазады және осы фактілерді талдау негізінде тиісті қорытындылар жасайды. Демек, корреспонденцияларда хабарлаған фактілерді басқа, тіпті тепе-тең фактілермен алмастыруға болмайды. Мақала мен корреспонденцияның арасындағы принципиальды айырмашылық туралы қысқаша былай деуге болады: мақалада автор жалпыдан жекеге қарай, ал корреспонденцияда жекеден жалпыға қарай айтылады. Корреспонденцияны жергілікті жерде болмай, хат жағдайын егжей-тегжейлі зерттемей, оның тақырыбына қатыстылардың бәрін білмей тұрып жазуға болмайды. Демек, корреспонденцияға, ең алдымен, оперативтілік, тақырыбының нақтылығы және адресінің дәлдігі тән қасиет саналады. Кейбір журналистер корреспонденция -мақаланың алғы шарты деседі.Алайда, корреспонденция дегеніміз - тек сипаттан жазу тұрғысындағы материал ғана, онда үлкен пікірсіз-ақ өтуге болады деу дұрыс қорытынды болмас еді. Таза информациялық корреспонденция да болатындығы түсінікті, бірақ олар да ерекше нысаналы міндетті атқарады және бұларды сипаттап жазу белгісіне қарамастан, белгілі бір идея жүргізіледі. Корреспонденцияда, көбінесе тек фактілер ғана сипатталып жазылмайды. сонымен қатар олардың мән-жайы, ішкі мағынасы ашылады, әрекет болған жердің егжей-тегжейлері хабарланады, оқиғаның толық, байланыстырылған картинасы, кейіпкерлердің сипаттамасы беріледі. Мұнда автордың осы фактіге немесе құбылысқа көзқарасы білдіріледі, оның бағасы беріледі.

Мақала - Жаңа, жас журналис өмірдің шын мәнінде қиын дүние екендігін алдына жайылған ақ қағазына бір де сөз жаза алмай, элоктрондық құралының дисплейі тап-таза қалпында, редокторға өткізуге тиісті материалының уақыты бітіп бара жатқан тұста, терең түсінеді. Сөйтіп отырып, қасындағы тәжірибелі журналис тамаша материалды аз уақытта жазып тастағанын көргенде, қайбір жеңіл мамандықты (парашоттан секіру сияқты) таңдамағанына өкінеді. Егер, әлгі журналис ақпараттық материал жазу, белгілі бес сатыдан тұратын нәзік құрылым екенін жақсы түсініп білген болса, өкініші бұдан да аз болар еді. Бұл қағиданы жақсы білу жас журналистерге ғана емес, аға журналистердің өзіне де мақаланың қай сатысында жүргенін түсінуіне, «жазу мүмкіндігі болмаған» кезде тығырықтан шығуына көмектеседі. Жас журналистердің көңіл құлазуының бір себебі, шынымен жақсы жазылған бір материалды оқыса, оны оп-оңай жазыла салған дүниедей ойлап, таңдануынан туындайды. Шеберліктің биік үлгісінде жазылған әңгімеден лид етіп көрсететін деректі табу үшін шаршағандағы белгі, қанша рет жазып өңдеген ауыр еңбектің ізін аңдау тіптен мүмкін болмайды. Сондықтан, жазушылықты енді ғана бастағандар өздерінің кезекті шұбалаңқы «шығармаларын» бітіргеннен кейін, мұны журналис адам жазды дегенге оқырмандар сенер ме екен деген күмәнді ойға қалатыны бар. Бұл – таңғалдыратын нәрсе емес. Өйткені, журналистика дегеніміз ұста мен ағаш шеберінің кәсібі сияқты ерекше шеберлікті қажет ететін, өзіндік құпиясы мол өзгеше мамандық. Тәжірибелі журналистер ғана осы өзгеше істі нағыз өнерге айналдыра алады.

33. Ы. Алтынсариннің этнографиялық, Ш. Уәлихановтың жол-сапар мәтіндерінің мазмұнына тоқталыңыз.   

           Ы. Алтынсариннің: «Этнографиялық очерктерінде»: шариғат, үй сынық, жесір, тоқал, ілу, жыртыс, кемпір өлді сүт ақы, сәукеле кигізу т.б. айтылады.

Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.

Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай-талай қиындықтар мен кедергілерден өтеді, жалған атпен Әлімбай болып керуен басының туысы ретінде аттанады, Тянь-Шань биіктерінін, бірі Сырт деп аталатын хауіпті әрі адам қадам баспаған биік асуларында түтекке тұншығып, суыққа тоңып, қарлы жаңбырда тайғанақтаған ат-туйелері де біраз шырынданып, кейде алыс ауыл тұрғындарының қауесет-сенімсіздіктеріне де кездесіп, талай бөгеттерді өткеріп, керуен 1858 жылдың 27 сентябрінде Қытай шекарасынан өткен.

Қашғарияда Шоқан 1858 жылдың 1 октябрінен 1859 жылдың март айының ортасына дейін болған кезде бұл аймақты — Қашғар қаласы мен Алты шаһар елін терең зерттейді. Ол кезде алты шаһар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Күн-Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан қалаларын айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің өнімді де пайдалы болуына едәуір жәрдемдескен.

Ш. Уәлиханов Қашғарияның экономикалық -саяси құрылысын, тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген, бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдармен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп, мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсіріп алған, нумизматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған. Зерттеуге қажет деп саналған талай бұйымдар да жиналған. Сөйтіп, бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп Шоқан керуені 1859 жылдың апрелінде елге оралған.

Қауіп-қатері мен қиыншылығы мол сапардан ауырып қайтқан Шоқан Петербургке үсті-үстіне шақыртып жатса да, Омбыда экспедиция материалдарын жүйелеп, қорыту ісімен біраз айналысады да, Петербургке келеді. Ш. Уәлихановтың Петербургке келу кезі әр-түрлі жазылып жүр, 1860 жылғы февральда, енді бір мәлімет бойынша 1859 жылдың аяғында. Ол 1860 жыл бойы астанада болған. Қашғария сапарының нәтижелі жемісі — Ш. Ш. Уәлихановтың «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаланың жайы» .атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Сондықтан орыс ғалымдары мен саяси қайраткерлері оны шығыстың тарихы мен географиясы туралы Европа ғылымын толықтырған шын мәнісіндегі географиялық жаңалық, ал Қашғарияға салар нағыз ерлік деп таныды. Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Ш. Ш. Уәлиханов Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Бұл Ш. Ш. Уәлиханов енбектері Батыс Европада жорары бағаланушының айғағы еді. Қашғария экспедициясының қорытындылары нәтижелері ресми үкімет тарапынан да аталып өтті. Оған дәлел 1860 жылғы 8 апрельдегі Үкімет указы бойынша «..пооручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабсротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі Ізгі Владимир ордені және бір жолғы көмек ретінде 500 сом күміс ақша берілсін» — делінген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К. К. Гутковский т. б. бар. Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қостң. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды.

34. Сұхбат-портрет, технологиялық сұхбат. Сұхбаттың талдамалық сипаты туралы не айтасыз?

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.

3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылтан жауап маңызды рөл атқарады.

Технологиялық сұхбат – құрал-жабдықтардың дамуына байланысты дүниеге келген. Басты ерекшелігі-қазіргі технолоиялық құрал-жабдықтарға сүйенеді. Мысалы: Детектор лжи.

35. «Лид» ұғымы, оның мақсат-міндеті. Лидтің жұмсақ түрлерін атап көрсетіңіз.

Жұмсақ немесе баяу лид.

1. Баяндау лид (дәстүрлі ақпарат)

2,Контраст лид (оқиғаға негіз болған жағдай,уақытқа байланысты) салыстырмалы;

3. Стакато лид (қысқа,телеграф стилі,үзік-үзік,2 фраза,3сөзден тұрады.)

4.Бағытталған лид (бірінші сөзден,бірінші абзацтан бағыты білініп тұрады.)

5. Сұраулы лид (ашық сұрақ,астарлы сұрақ)

6.Цитата лид (дәйек сөзден болады)

7. Шолжаң лид (қалжынға,әзілге орам береді.)

36. Ж. Жанділдиннің «Мұнай өңдеу зауатын салу қажет» («Айқын», 20 қараша 2013.) мәтінін қай жанрға жатқызуға болады?      

Қуа натын ештеңесі жоқ, табиғи қор бай лығының мөлшері және оның өн ді рісі бо йынша біз осындай қуатқа ие ел еке ні міз баяғыдан белгілі. Қазақстанда энер ге тика көздері саналатын көмір де, мұнай да, газ да, уран да жеткілікті мөлшерде. Тіп ті уран өндірісі мен экспорты жағынан әлем нің көшбастаушы мемлекетіне ай нал дық. Қысқасы, энергетика қауіп сіз дігіне қатысты табиғи байлықтың жет кі лікті екені айдан анық. Оның үсті не осы ларды өндіріп, экспорттауға әлем нің бар лық құрлығындағы алып мемле кет тер, транс континентальды компаниялар біз де жұ мыс істеп жатыр. АҚШ пен Кана да дан Қиыр Шығыстағы Жапонияға дейінгі ара лықта біздің табиғи энерге тикалық көз дерімізді пайдаланбайтын, озық тех но логиялы мемлекеттерден бізде дәл осы са лада жұмыс істемейтін мемлекеттер кем де-кем. Өйткені Қазақстанның таби ғи энер гия қоры осы ғасырға толық же теді. Бұл жағынан алғанда біз «Құдай бер ген» ха лықпыз. 
Дей тұрсақ та, «бармақ тістететін» жағ дайлар осы салаға қатысты жүйеде де жет кілікті болып тұр. Айталық, Қазақстан ең алдымен өзіне қажетті энергияның қо мақты бір бөлігін Қырғызстан мен Ресей Фе дерациясынан импорттайды. Ол ол ма мұ найға белшемізден батып отырып Ре сей Федерациясынан жанар-жағармай импорты тыйылмай келеді. Ішкі рынокта сұ ранысқа ие полимерлік материалдар дың біраз бөлігін өзімізден шикі мұнай сатып ала тын Еуропадан тасымалдау дәстүрге ай налды. Ал полимерлік мате риал дардан жа салған күнделікті тұрмыс та қол данатын бұйымдар мен балалар ойын шықтары түгелдей дерлік Қытайдан әке лінеді. Қытай бізден шикі мұнай са тып ала тын басты әріптесіміз. Бұл – бір.
Екіншіден, «Қазақстан – 2050» стра те гиясы бойынша әлемнің алдыңғы қа тарлы 30 экономикасының сапында бо лу бағ дарламасын жасап, қарқынды жүзе ге асы рып жатқан біздің ел. Бұл салада Ел ба сымыз дер кезінде лайықты ескерт ке ніндей, олқылықтарымыз болса да ғы лы ми көзқарас 2050 жылға дейін-ақ Қа зақ стан жылдық ішкі жалпы өнім нің мөл шері жағынан әлемнің 30 алып мем ле ке-
тінің бірі болатынын айғақтайды. Де мек, экономика мен халқымыз дың әлеу мет тік-тұрмыстық жағдайы қазіргіден екі жа рым, үш есеге ұлғаяды. Ал бұл өз ке зе гінде энергия тұтыну мөлшерін сон шаға арттыратын игілік. Мұндай жағдайда қа зірдің өзінде жетіспей жатқан энергия тап шылығы егер бүгін «қимылдамасақ» етектен тартатын бір кесел болып шығары сөз сіз. Олай болса, отандық КЕГОК ком па ниясы энергия өндірісінің 2050 жылға де йінгі кезеңге арналған нақты ғылы ми не гізді бағдарламасын осы бастан жасап, жү зеге асыруға кіріскені жөн. Бәлкім, бұл бағ дарламаны «кең пішкен» дұрыс шығар. Өйткені...
Иә, өйткені энергия тұтынатын нарық біздің экономикалық өсімнен әлдеқайда жылдам, әлдеқайда мол мөлшерде өсуі мүмкін. Айталық, қазірдің өзінде біраз бөлігі пайдалануға берілген «Ұлы Жібек жолы» транзиттік дәлізі әрі кеткенде 4-5 жылда қозғалыс толастамайтын үлкен ар наға айналады. Біздің елдегі күре та мыр лар арқылы локомотивтер де, жүк тасуға арналған ауыр автокөліктер де толассыз әрлі-берлі жүріп жатады. Ол ол ма уақыт озған сайын Қазақстанның дипломатия лық және экономикалық әріптес мем ле кеттерінің қатары көбейіп келеді. Солар мен әуе қатынасы да көбейе түседі. Ал біз болсақ әуе кемелері пайдаланатын жа нар майлардың басым бөлігін Ресейден импорттап жүрміз. Айтқандай, Ақтау теңіз айлағы арқылы келер жылдан бастап халықаралық құрғақ жүк тасымалдай тын арнайы арна жұмыс істей бастайды. Де мек, бізге теңіз кемелері пайдаланатын жа нармай түрін де мол өндіру қажет бо лады.
 
Осылардың бәрін ой елегінен өт кі зе келе біз әлемдегі энергети ка лық қауіп сіздігі сенімді алты мемлекеттің бірі деген бағаға лайықпыз ба, деген орынды сұрақ туады. Ақиқатқа тура қарар болсақ, дәл қазір біз ондай бағаға тек табиғи қор бай лы ғы жөнінен ғана лайықпыз, деумен шек телген дұрыс. Ал барлық жағынан «ла йық» болу үшін әлі көп жұмыс істеу керек.
 
Ең алдымен біз электр энергиясын импорттамайтын елге айналуға тиіспіз. Бұл жағын шешетін КЕГОК компа ния сы. Олар не істей алады, оны уақыт көр сетер. Ал енді Мұнай-газ министрлігі мен «ҚазМұ найГаз» ұлттық компаниясы «Самұрық-Қазына»

37. Электронды басылымдардың баспасөз жанрларына әсері туралы не айта аласыз?

Элоктронды басылымдардың баспасөз жанрларына әсеріне тоқталмас бұрын,баспасөз және электронды басылымға анықтама бере кетейік.

Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда— 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет.

Electronic Publication (ePub) — Сандық басылымдар бойынша Халықаралық форум IDPF тарапынан жасалынған кітаптардың электронды нұсқаларының ашық форматы. Бұл форматтағы файлдардың кеңейтпесі .epub болып табылады. Формат баспагерлер тарапынан, құбылмалы беттеуі бар сандық кітаптар мен басқа да басылымдарды жаңғыртуға қажетті, бағдарламалық әрі аппараттық қамтылуды қамтамасыз ете отырып, сандық басылымды бір файлға жаңғырту мен таратылуына мүмкіндік туғызады.

ePub контейнерінің ZIP-мұрағаты XHTML, HTML немесе PDF форматындағы мәтін, XML-дағы басылым анықтамасы, қасындағы бумалар — векторлық (SVG) графикадан, алдын-ала салынған қаріптерден, стилі кестелерінен және т.б. тұрады. Алғашқы нұсқа — Open eBook Publication Structure немесе «OEB» 1999 жылы ойластырылып, оның релизі ePub — 2007 жылы өткен болатын.

            Элоктронды басылымдардың баспасөз жанрында алар орны ерекше.Қазіргі таңда барлық баспасөздер-газеттердің де,журналдардың да,кітаптардың да,бюллетеньдердің де элоктрондық нұсқасы пайда болуда.Элоктронды басылымдар әр уақытта да қолайлы.Мысалы элоктронды кітаптарды алар болсақ,қай жерде болса да,автобуста,қоғамдық көліктерде,кештерде,саяси-әдеби жиындарда,т.б жиналыстарда,барлық жерлерде қолдану өте ыңғайлы.Сонымен қатар,көп адамдар қазіргі таңда әр баспасөздің элоктронды нұсқасын қолданады.Және бұл-ең ыңғайлы,қолайлы тәсіл болып табылады.

38. Ретроспективалық сұхбаттың табиғатын ашып көрсетіңіз.

Ретроспективалық сұхбатқа тоқталмас бұрын,сұхбат және оның түрлерін атап кетейік.

Сұхбат

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат. Сұрақ — 1) оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау. Сұхбат оқушылардың, студенттердің білімін әр қырынан тексеру үшін қойылады

Күнделікті қоғамдық өмірде жаңа бір құбылыс өріс алып,пайда болып,өркен жайса,екінші бір құбылыс өз қызметін атқарып ,өмірден өтіп жатады.Сөйтіп,адамзат  қоғамы үнемі өсумен ,ілгерілеумен болады.Бұл дамудың барысында талай мәселе,талай проблема туады.Ал осы мәселелер мен проблемалар туралы бұқараға нақты түсінік беру үшін,оны үгіт пен насихатты бұқаралық құралдары арқылы кеңінен насихаттау үшін журналист бұл мәселені,проблеманы терең білетін мамандармен ақылдысу үшін кеңірек,нақты түсінік алу мақсатында олармен кездеседі.Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы бәлетін,болған оқиғаны  дұрыс бағалай алатын адаммен сұхбаттасу журналист үшін өте бағалы болып саналады.

Сұхбаттасудың тақырыбы да,обьектісі де кең.

Мәселе-кез-келген адаммен кездесіп,онымен ауызба-ауыз сөйлескен әңгімені бұлжытпай жазып алуда емес.

Журналист әңгімеге лайық тақырып таңдай алды ма?Әңгімені алу үшін кіммен сөйлесу керек,журналистің өзінің әзірлігі қалай,лайықты сұрақтар қоя біле ме?Міне,осындай негізгі талаптарды журналист орындағанда оның әңгімесі тартымды шығады.Күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамныңой-пікірін біледі немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады,онымен сқйлеседі.Осыларды әдеби өңдеп,қорытып жазады,міне,осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар анрының бір түрі-сұхбат деп аталады.Сұхбат-баспасөзге ерте кезеңдерден тараған жанрлардың бірі.Сұхбат бірнеше түрге бөлінеді:

Технологиялық сұхбат

Ретроспективті сұхбат

Сұхбат-әңгіме

Сұхбат-анкета

Ал, енді ретроспективалық сұхбатқа келер болсақ:

           Ретроспективалық сұхбат дегеніміз-өмірден озып кеткен,алайда тарихта ізі қалған,есімі қалған,белгілі қоғам қайраткерлерінен ,танымал болған кісілерден,қазақ қоғамынан,тарихынан ойып тұрып орын алатын ақын-жазушылардан,үш жүздің басын қосқан билерден,елі үшін жан аянбай күресіп,қасық қаны қалғанша шайқасқан батырлардан,от ауызды,орақ мойынды шешендерден,бір елді тұтас басқарып,елге бейбітшілік сыйлаған хандардан,болыстардан алынатын сұхбат болып табылады.Мысалы, қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаевтан,орыс-географиялық қоғамының мүшесі болған,жастайынан қыршын кеткенШоқан Уәлихановтан,Ә.Бөкейхановтан,А.Байтұрсыновтан,М.Дулатовтан,бес арыстан,үш бәйтеректен,үш биден ,Мұқағали Мақатаевтан,Әз Жәнібек ханнан,тіптен аңызда есімі қалған,тарихта өзіндік орны бар,нақыл сөздері болашақ ұрпаққа мұра болып қалған Қорқыт атадан да,бір сөзбен айтқанда ұрпаққа мол мұра қалдырған кез-келген қоғам қайраткерінен ретроспективалық сұхбет алуға болады.Бұл сұхбаттың негізі- олардың өздері емес,артында қалдырған мұралары,романдары,қара сөздері,эпостолярлық хаттары,қоғамның түйіткіл мәселелеріне арналған жазбалары болып табылады. Журналист санасында мәңгі әркез жүрген, көкейкескен,алаңдатып,мазалаған сұрақты қою арқылы сол ата-бабаларымыздың мұраларынан өзіне жауап іздей алады.Яғни,ол сұрақтың жауабын іздеу үшін де, көп еңбек қажет.Ізденіс,талпыныс қажет.Мысалы,бұл сұхбат үшін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының қара сөздері таптырмас асыл мұра болып табылады.Бұл сұхбатқа мысал ретінде, “ана тілі” газетінде 2009жылдың 11 наурызында  жарық көрген Жадыра есімді қызымыздың Ш.Уәлихановпен сұхбатын алуымызға болады.Ол сұхбаттың басы былай бастапты: Соңғы кезде Абылайхан атындағы Орталық кітапхана әлденені айтқысы келгендей әрі-бері өткенде томсырайып қарап тұрады. Барған сайын әлдеқандай беймаза көңіл-күймен қайтып жүрдім. Бір күні Шоқан Уәлихановтың бес томдық таңдамалылар жинағы қолыма түсті. Содан ба екен кітап қоймасы да жадырап сала берді. Ал Мұхаммед-Ханафия Шыңғысұлы сөйлеп жатыр. 

– Халық ауыз әдебиетінін, тарихын тірнектеп жиған жан, сіздей-ақ болсын. Ендеше қазақ атауының қалыптасуына, Алаш идеясының тууына өзіндік көзқарасыңыз қандай?
– Қазақ немесе алаш елінің о бастағы – шығу тегі қайдан деген сұраққа, халық арасындағы жыр-дастандарынан қанағаттанарлық тәп-тәуір түсінік алуға болады. Егер Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы 1392 жылы басталса, сол жылы қазақтардың алғашқы ханы – Алаш пен оның балалары өлтірілсе, шамамен мөлшерлеп, Алаштың 14-ғасырдың орта шенінде ғұмыр кешкені анықталады. Татар қазақтарының шыққан тегін Алаш, Алашамен байланыстыруында да тарихи шындық жатыр. Себебі еркіндік аңсаған азиялықтардың да шартты түрде өз ханы, өздерінің саяси бірлігі – мемлекеті, әр түрлі тайпалар одағын ұстап тұратындай пірі-көсемі – сиынатындай ата-бабасы болуға тиіс еді. Қыпшақ пен Түркістан ордаларынан босқан халықтардың есесімен, қазақ одағының өсіп, нығаюы бірте-бірте, астыртын түрде болды. Тайпалар одағының қуаты мен санына байланысты – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген ұғым қалыптасты. Көшпелі тұрмыс, жаугершілікке бейімділік далалықтардың күнделікті тірлігінде ізін қалдырды. «Шайбанинама» деректеріне қарағанда, қазақ деген жаңа қауым адамдары құрметті, отырықшылардан рухани жоғары деген ұғымда баяндалады.

– Азттығымызды алғанымызға біршама уақыт өтті. Жыл сайын реформадан реформа. Дегенмен қазақ қоғамы қандай өзгерістерге зәру?
– Біздің заманымызда регламентация (тәртіп белгілеу) мен формализмге анохронизм ретінде немесе қытайдың 10 мың салтанат есебінде қарау керек. Формализм мен бюрократизм кертартпалық-тоқырауға себепші болды да, бұған дейін қандай да болмасын пайдалы қоғамдық іске қытай қорғаны сияқты тосқауыл жасап, халықтың жасампаз жігерінің талабымен – жиілеп, күн санап құлпырып, жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатты. Қандай да болмасын өзгерісті ұластырып, орын тептіріп, әрі сақтап қалу үшін біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалып отырғандықтан, оның материалдық мұқтажына шақталуы, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістің бәрі де зиянды, әрі аномал (жағымсыз) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып мешеулетуі мүмкін

39. В. Песковтың фауна мен флораға арналған мәтіндеріне тоқталыңыз.

Табиғаттың есігі деп аталатын кітабы бар.Соның ішінде Қарғалар жайлы әңгімесінде Аязды таң.ұмытпаймын. Желкөздің жылуы жәй сезіледі.Тармақта бас желкөзде торғай отырады.Торғай абайлап қимылдауға тырысып жатыр. Бірақ ақ өте жөн және терезенің басында отыр.Торғай елегізілген бір көзбен қарайды. Қимылдауға тырысады. Жақында мен әңгімелеген  теңізшіде де,кемеде көндік торғайды жазып алдым. Деп бастайды аталмыш әңгімесінде.Песков табиғатты зерттеген атақты жазушылардың бірі.

40. Эссе мен очерк: ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беріңіз.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.

41. Қазіргі фельетонның тақырыбы мен пішіндері жайлы өз пікіріңіз.

Қазіргі фельетонның тақырыбы мен пішіндері жайлы өз пікіріңіз.

Фельетон (фр. feuіlleton, feuіlle – парақ) – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма. Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың “Журнал де Деба” газеті өзінің қосымша шығарған парақтарын Фельетон деп атаған. 19 ғасырдың 1-жартысында болған француз революциялары кезінде бұл парақтарда негізінен қоғамды сынайтын мақалалар басылды. Кейіннен “Фельетон” термині Франциядан Германияға, кейін Ресейге ауысты. Неміс, орыс баспасөздерінің белгілі бір беттері Фельетон деп аталып, онда қоғамдық-саяси мақалалар, сыни-айтыс еңбектер, әдеби шолулар жарияланды. Келе-келе Фельетон белгілі бір нысананың кемшіліктерін күлкіге айналдыратын сатиралық жанрға айналды. Қазақ жерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін Фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды.

42. К. Смайылов пен Ш. Мұртазаның эпистолярлық туындыларының көкейтестілігін атап көрсетіңіз.

К. Смайылов пен Ш. Мұртазаның эпистолярлық туындыларының көкейтестілігін атап көрсетіңіз.

​Азаматтық бағыты айқын, ұлттық психология мен ұлттың рухани әлемін терең түсінетін, ел болашағын айқын бағдарлайтын жазушы - публицистердің көш басында Халық жазушысы Шерхан Мұртаза мен журналист-жазушы Камал Смайыловтар тұр. Олардың өмір, еңбек жолы қатар, жазушылық шеберліктері ауқымды. Зерттеуде аталмыш авторлардың республикалық “Егемен Қазақстан” басылымында жарияланған “Хаттары” (кейіннен “Елім, саған айтам, Ел басы, сен де тыңда” деген атпен жинақ боп шыққан) мен 2000-2002 жылдары “Егемен Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” және “Жас Алаш” газеттерінің беттерінде жарық көрген мақалаларында адам сезімі мен эмоциясының тілдік тәсілдер арқылы бейнелену шеберлігі басқа ақын-жазушылардың көркем публицистикасының тілімен салғастырыла отырып талданды. Ғылыми еңбектің соңында зерттеу материалдары арнайы тізімде көрсетілді. Авторлардың “Елім, саған айтам, Ел басы, сен де тыңда!” атты хаттар жинағы зерттеу барысында “Хаттар” деп көрсетіліп отырды. Қазіргі баспасөзді айдынға теңесек, аққулары аз, авторлар сиреп кетті. Сондықтан да бүгінгі журналистер бұқарамен тығыз байланыста тіршілік жасауы керек. Сонда ғана ол аққулы айдындай өзінің сәнімен жарасып тұрады.

Тәуелсіздік алған жылдары Камал Смайылов пен Шерхан Мұртаза екеуі «Егемен Қазақстан» газетінде хат жазысты ғой. Кейін «Елім, саған айтамын, Елбасы, сен де тыңда» деген кітап болып басылды. Соған байланысты мен пародия жаздым. Сол пародияны Камал Смайылов оқып, ренжігені бар. Бастауы былай болатын:

Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда.

Камал дос, сен де құлақ түр,

Себебі, сен – соқа, Ал мен – трактор

43. Эксклюзив сұхбаттың өзіндік ерекшеліктеріне назар аударыңыз.

Эксклюзивті сұхбат дегеніміз –жаңа,тың,басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына берілмеген сұхбатты айтамыз.Эксклюзивті сұхбат басқада сұхбаттарға ұқсамайды.Сонымен қатар,оның өзіндік ерекшеліктері бар.Ол-жаңашылдығы.Эксклюзивті сұхбат алатын журналист те, ол сұхбатқа жауап беруші қонақ та алдын ала дайындалып,мәліметтермен қанық болуы керек.

44. Түсіндірме және репортаж. Монологтық және диалогтық репортажға анықтама беріңіз.

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпарат, әңгіме.[1] Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз-оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі-өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып боладыы деу дұрыс бола бермейді. Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайтланбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж-шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым оперативті болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-жақты, жүйулі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.

45. «Ақиқат» журналының ғылыми-технологиялық прогреске, инновацияға арналған мақалаларын атап айтыңыз.                    

            Ақиқат журналындағы ғылыми-техникалық прогреске,инновацияға арналған мақалаларының бірі инновациялық технология және шетел тілі мақаласы.Мақала авторы Жанетта ЕРАЛИНА Алматы энергетика және байланыс университетеінің оқытушысы.

Шет тілі – қазіргі  заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Шетел тіліне оқытуда интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге, белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу сияқты интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады                

46. Фельетон мен памфлет: ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтып беріңіз.

Памфлет, қаһарлы сөз (ағылш. рamphlеt – парақ) – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма[1]; өткір сатираға құрылған әдеби туынды; қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір тұлғаны немесе құбылысты өткір сатирамен масқаралайтын, нысаналы, айқын тілмен ерекшеленетін, жағымсыздық, жамандық такырыбын әшекерлейтін саяси публицистиканың жанры. Памфлет термин ретінде 12 ғасырда қолданыла бастағанымен, оның классикалық түрі Қайта өрлеу дәуірінде (16 ғ.) қалыптасты. Ежелгі Грекия мен Римде шешендік сөз, ғылыми трактат (Демосфен, Цицерон, Ювенал) түрінде келіп, кейін мазмұн, пішін тарапынан барлық жанрды қамтыды. Памфлет қара сөзбен де, өлең түрінде де келеді, насихатқа негізделіп, барша қауымға түсінікті болады. Памфлет қоғамның саяси-әлеуметтік тынысын бейнелейді, нақты оқиға, дерекке байланысты туындайды. Кейде Памфлет жала жабу мағынасында келсе, пасквиль деп аталады. Публицистиканың жанры ретінде қара сөзбен ғана емес, өлең түрінде де жазылады. Памфлет белгілі бір құбылыс, оқиға, деректерді, мемлекеттік саяси жүйе мен беделді қоғам қайраткерлерінің ықпалын қысқа негізде сатира үлгісінде де әшкерелейді. Сәбит Дөнентаев мысал, фельетон жазумен қатар, қазақ сатирасын сюжетті сықақ өлеңдермен байытты. С.Сейфуллин "Күзетші иттер", "Ұлтшылдың сандырағы", "Отарба мен ақ төбет", "Қара aрбада", т.б. сатиралық өлеңдер жазды. Бейімбет Майлин шығармаларын, сатираға мол орын берілді.

      Фельетон (фр. feuіlleton, feuіlle – парақ) – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма. Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың “Журнал де Деба” газеті өзінің қосымша шығарған парақтарын Фельетон деп атаған. 19 ғасырдың 1-жартысында болған француз революциялары кезінде бұл парақтарда негізінен қоғамды сынайтын мақалалар басылды. Кейіннен “Фельетон” термині Франциядан Германияға, кейін Ресейге ауысты. Неміс, орыс баспасөздерінің белгілі бір беттері Фельетон деп аталып, онда қоғамдық-саяси мақалалар, сыни-айтыс еңбектер, әдеби шолулар жарияланды. Келе-келе Фельетон белгілі бір нысананың кемшіліктерін күлкіге айналдыратын сатиралық жанрға айналды. Қазақ жерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін Фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды.

47. Қатқыл лидтің түрлері және олардың қызметіне тоқталыңыз.

Лид (журналистика) – қарапайым, түсінікті жазылған ең бірінші, ең алғашқы екі сөйлем. Яғни мақаланың басы Лид деп аталады. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар беріледі. Қысқа хабар беру 2 түрлі болады: қатты, жұмсақ. 1. "Қатты" ақпарат - болып жатқан оқиға жайлы сенсациялық ақпарат.Ол ақпаратта лидтің мынадай түрлері ажыратылады. -Бір элементтік лид жаңалық жасап тұрған ең маңызды элемент. Ол адам аты, оқиға соңы, уақыты болуы мүмкін. -Жинақтау лид ақпаратта маңыздылығы бірдей бірнеше элемент болғанда қолданылады. -Ілмекті лид ,Жалғыз оқ лид . -әңгімелеу лиді -Салыстыру лиді бірінші абзацта кеше мен бүгін, ескі мен жаңа қарама- қайшылық ретінде суреттеледі. Мысалы, "Кешегінің жастары баспын дейтін, бүгінгінің шалдары жаспын дейді". -Бағытталған лид ой тастау мақсатында үзінді түрінде жазылған телеграфтық қысқа сөйлемдер. Бірінші абзацта ойды оқырманға бағыттап, "Егер сіз..." немесе "Сіз..." деп басталады. -Сұрақты лид сұрақ ашық түрде қойылады. Мысалы, "Конференция барысында айтылғанның бәріне сенуге бола ма?" ("Қатты" ақпарат ешқашан сұрақпен басталмайды.) -Дәйексөз лиді абзац ашық тырнақшадан басталады. Бұл тәсіл Еуропалық баспасөзде кеңінен тараған. -Шолжаң лид кекесінді лид. Ол шығармашылық бағыттағы ақпараттарда өте жиі қолданылады

48. «Алаш айнасы» газетінің лидтерін атап көрсетіңіз.

Біздегі білім реформасы күнде көйлек ауыстыратын сәнқой келіншек секілді

Білім саласының сырт елдің жылт еткенінің бәрін үстіне жапсырып алып, соңында өзін де, өзгені де әуреге түсіруі жұрттың жүйкесіне тигені бүгін емес. Сондықтан шығар, реформашыл білімнің әсіресәнқойлығы. Білім саласының сырт елдің жылт еткенінің бәрін үстіне жапсырып алып, соңында өзін де, өзгені де әуреге түсіруі жұрттың жүйкесіне тигені бүгін емес. Сондықтан шығар, реформашыл білімнің әсіресәнқойлығы кейінде жиі сынға ұшырай бастады. Реформадан реформа қоймай жүрген білім-ғылым саласы күніне көйлегін бірнеше рет ауыстыратын, соңғы сәндегі көйлекті кимесе, ішкені бойына сіңбейтін сәнқой келіншек секілді кейде. Министрлер ауысқан сайын, сөйтіп, білімге су жаңа көйлек, анау-мынау емес, батыстың «брендтік» көйлектерін «кигізуге» кұмар-ақ...

  Ондағы оқтын-оқтын емес, дүркін-дүркін жүзеге асатын реформа мұғалімді де, баланы да, ата-ананы да, ең ақырында жоғары жақтағылардың да жынына тигені мәлім. Ол бер жағы. Қарап отырып, «жүректері айнитын» болған. Олай етпей ше, білімнің маңдайына кейінгі 13 жылда жеті министрді жазыпты. Бағы ма, әлде соры ма, білмейміз. Бірақ министрі ауысқан сайын реформасы қоса ауысатын саланың өзі де бүгінде реформа десеңіз, құлын тастайтын күйге жетті. Өйткені мектепалды даярлықтан бастап, ғылымға дейінгі аралықты қамтыған білім саласы сынақ алаңына айналып кеткелі қашан. Реформасы көбейгенімен, нәтижесі артпай тұрғаны да ешкімге құпия емес.

   Бұдан бұрын министрлік жария еткен мәліметтер реформаға әуес білімнің биіктен көріне алмай жүрген пұшайман кейпін көрсеткен-ді. Атап айтқанда, дәл қазіргі таңда Қазақстан «Бастауыш біліммен қамту» индикаторы бойынша – 118, «Ғылыми-зерттеу ұйымдары­ның сапасы» бойынша – 108, ғалымдар мен инженерлердің қолжетімділігінде – 104, ЖОО мен бизнестің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар арасындағы ынтымақтастығы бойынша – 90, «математика мен жаратылыстанудың сапасы» бойынша 81 орында екені белгілі болған-тын. Реформасы көп саланың реңі неге бұлай солғын?! Автор: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды

49. В.В. Ворошилов: қазіргі очерктің композициясы туралы не айтқан?

Очерк мақсаты  ақпаратты қызғылықты етіп және байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Очеркжурналистің құрғақ фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көркемделіп, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап беруге болады.

Очерк-жедел,ықшам жанр,үлкен туындының нобайы.Ол беллетристикалық жанрлар сияқты оқиғаны,кейіпкерді тәптәштеп суреттемейді.Адам өмірінің басты-басты тұстарын,биік қасиеттерін ғана қамтиды.Ол қысқа болса да аяқталған,толыққан,шыңына жеткен шығарма болуға тиіс.Очерк көркем публицистика жанрына жатады.Очерк портреттік,проблемалық,аналитикалық,суреттемелік болып бөлінеді.

Көркем әдебиеттің жанры ретінде де, публицистиканың жанры ретінде де очерктің төл қасиеті деп, оның дерекшілдігін (документальность, подлинность) атап өткен жөн. Бұл ретте, очерктің белгі- нышандарын жазу мәдениеті орныққан кез-келген тарихи-әлеуметтік ортадан шырамытуға болады. Өйткені, жазу атаулы ой-дерек көрінісі. Ал, ой-дерек болса белгілі бір әлеуметтік ортаның болмысын танытуға негізделеді

Көркем – публицистикалық жанр ретінде очерк болмысында әдебиеттің көркемдеу құралдары мен публицистикалық элементтердің қатар өріліп, шендесіп жататынын пайымдауға болады. Ал, очерктану – әдебиеттану саласының бір түрі. Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының қалыптасуы туралы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Төлеубай Ыдырысов “Очерк туралы ойлар” (1969 ж.)[3], “Очерк және бесжылдық” (1982 ж.)[4], “Шеберлік бастауы” (1974 ж.) [5] т.б. әдеби зерттеулер жазды. Автор жоғарыдағы еңбектерінде очерк пен публицистиканың қазақ баспасөзі мен әдебиетінде қалыптасуына, дамуына, көркемдік жағына, тәрбиелік мәніне жан-жақты тоқталып, тілдік ерекшеліктерін де саралайды.

Шынында да очерк – дербес көркем шығарма. Сондықтан ол көркем шығарма мен оған қойылатын талаптар мен шарттарға да белгілі дәрежеде жауап береді. Очеркке берілген анықтамалардан аңғарылатыны, очерк – өзінің табиғатында өмірдегі өзгерістерге тез бейімделетін жанр. Әдебиеттану терминдерінің қысқаша сөздігінде: “Очерк – эпикалық, суреттеушілік әдебиеттің бір түрі, ол басқа түрлерден (роман, повесть, әңгіме) айқын мағлұматтарымен ерекшеленеді, яғни очеркте нақты өмірде болған оқиғалар белгілі дәрежеде дәлірек бейнеленеді, оған қатысушылар өмірде болған адамдар” [9,102], — дейді. Ал, Г.Поспелов “Әдебиет теориясында”: “Бірыңғай көркемдік міндет атқаратын новелла мен әңгімеге қарағанда, очерк баяндау тұрғысындағы шығарма, оның мақсаты – бейнелі түрде елестете баяндау, әрі бейнелі хабарлау” [10,142] деген тоқтамға келген.

Қазақ әдебиеттануының негізін салушылардың бірі академик Зейнолла Қабдолов: “Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әртүрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс”[11,132], — дейді.

Профессор Тауман Амандосов: “Көркем – публицистикалық жанрлардың бір түрі – көркем очерк. Очерк үгіт пен насихаттың жауынгер де әсерлі формаларының бірі екендігін өмірде дәлелдеген, дәлелдей де беретін көркем-публицистиканың алғы шептегі жанры болып қалыптасты. Бұл жанр өмір шындығының құбылыстары мен оқиғаларын батыл да терең талдап, тартымды тілмен шағын “сурет” салып береді” [12,241] деген тұжырым жасайды. Міне, очерк теориясында зерттеушілердің қай-қайсысы болсын очеркке көркем-публицистикалық жанр деп баға береді. М.Горький очеркке берген анықтамасында оның түп-төркінін “очертить”, “очерчивать” деген етістіктерден шыққанын ескеру керек екенін атап айтқан. Яғни, белгілі бір заттың елесін сызу, беру деген сөз. Белгілі бір идеяны әсерлі, айшықты формада жеткізу, оны бейнелеу құралдары негізінде көркемдеу деген сөз.

Әсілі, очерк – шын оқиғаны қысқаша суреттейтін, көлемі шағын, әдеби көркем шығарма. Егер осындай анықтамаға ден қоятын болсақ, онда қазақ очеркінің пайда болуы, қалыптасуы ХІХ ғасыр аясынан бастау алады деуге негіз бар.

Қазақ әдебиетіндегі Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Сланов, Б.Момышұлы, З.Шашкин, Қ.Сатыбалдин, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, С.Бақбергенов, Ә.Сәрсенбаев, С.Шаймерденов, Ғ.Қайырбеков, Ә.Нұршайықов, О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Р.Нұрғали, Қ.Салғара т.б. қатарлы сөз зергерлерінің өнегелі мектебі очерк жанрының толыса орныққан өресіне жан-жақты айғақ. Бұл авторлардың қай-қайсысының да очерк жазуда өмір құбылыстарын қалай жинақтағанын, көркемдік элементтерді шебер пайдаланудағы әдістерін тәптіштеп, тілдік, стильдік жақтарын да саралаудың мән-маңызы айрықша зор. Басты назар аударатын мәселе очерктің көркем – публицистикалық жанр екендігін дәлелдеу. Очерк қаншалықты нақты, адресі бар шығарма болғанымен, одан эстетикалық ләззат алуға болады. Очеркші, жазушының міндеті – өмірді көркем нақышпен бейнелеу. Очеркте оқиғалар мен фактілер жаңа мазмұнға ие болады, көркем образға кенеледі. Егер очеркте образдылық болмаса хабар, корреспонденциядан айырмашылығы болмас еді. Очеркті образды публицистикадан бөліп қарауға келмейді. Оның әңгіме, повесть, романнан басты айырмашылығы – публицистикалық элементтерінің басымдығында. Очерк өмір шындығын көркем құралдардың көмегімен (образдылық, портрет, сюжет, композиция, пейзаж т.б.) сонымен қатар публицистикалық элементтердің (публицистикалық жинақтау, тарихи параллель, анологиялық цитата, цифр, құжат, қаулы-қарар, өлең-жыр т.б.) көмегімен жеткізетіні мәлім.

Түптеп келгенде очерк — шындықты саяси тұрғыдан қорытатын жанр. Оқырман очеркті оқып отырып одан адамдардың аты-жөнін, лауазымын емес, фактінің “психологиясын”, оның ішкі жан-дүниесін ашатын қызықты әңгімені іздейтіні тағы талассыз. Очерктің негізгі түрлеріне талдау жасау міндетті де маңызды мәселе. Қазақ әдебиетінде очерктің қалыптасқан, бір жүйеге түскен түрлері мен формалары бар. Әдебиет пен өнердің басқа жанрлары сияқты очерктің түрлері де тыңнан туып, дамып, өзгеріп, жаңғырып отырады. Бұны, әрине, жеке авторлар ойлап тапты деу қиын. Қоғамның дамуына, экономика мен мәдениеттің өсуіне сәйкес очерктің жаңа түрлерінің белең алуы, бұрыннан бар түрлердің кенжелеп қалуы да заңды құбылыс. Очерк түрлері жайында күні бүгінге дейін әдеби-зерттеу еңбектерде әрқилы пікірлер айтып жүр

Бір шындықтың басы ашық, әр очеркшінің өзіне тән мәнері, суреткерлік тегеуріні бар. Мысалы, Сәбит Мұқанов баяндау тәсілін жиі қолданады. Ғабит Мүсірепов очерктерінде ұшқыр ой түйіндеулер, шешендік сөздер көп. Мұхтар Әуезов табиғат суреті мен адам бейнесін мүсіндеуге ұста. Әзілхан Нұршайықовта оқиға желісі белгілі бір жүйемен өрбіп отырады. Сәуірбек Бақбергенов қазіргі мен өткенді шендестіру арқылы түйін жасайды.

Очерктегі образ жасау тәсілінің өзіндік ерекшелігі арналы әңгімеге арқау. Образ көркем шығармаларға ғана тән, очеркке тек нақтылық керек деген пікірде біржақтылық бар. Очеркшіге өмірдің қайнаған ортасында жүрген, сол ортаның елеулі де қалаулы тұлғасы ретінде танылған, болмыс-бітімі үлгі-өнеге боларлық кез-келген адам кейіпкер бола алады. Қаламгер үшін очерк кейіпкерінің мінезін, рухани жан-дүниесін, мақсат-мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен суреттеу — образ жасаудағы, характер ашудағы басты мұрат болса керек. Очеркте экспозиция, оқиғаның өрбуі, шарықтау шегі, шешуі, т.б. болады. Кейде сюжетке құрылған, оқиға желісі қою, бұған қоса көркемдік шеберлікпен жазылған очеркті әңгімеден айыру қиын. Бұны Бейімбет Майлиннің “Борамбайдың бірінші адымы”, Мұхтар Әуезовтің “Түркістан солай туған”, Әзілхан Нұршайықовтың “Алыстағы ауданда” очерктерінен айқын аңғаруға болады.

50. Ақпарат жинау мен сұрыптаудың журналистік әдістеріне тоқталыңыз.

Ақпарат көзі дегеніміз – мақалаңызды құру элементтері. Жақсы ақпарат көзін тапсаңыз, мақала өзінен-өзі жазылады. Ал егер жақсы ақпарат көзін жоғалтып алсаңыз, материалыңыздың қалай баяндалғанына, тақырыптың маңыздылығына немесе батыл берілуіне қарамастан, жариялауға жарамсыз болып қалады. Ақпарат көзін бағалау кезінде аса сергек болыңыз әрі өз-өзіңізге сын көзімен қарауды да ұмытпаңыз. Сізге беріп отырған ақпараттың анық-қанығын жақсы білетіндей ақпарат көзі лауазымды қызмет атқара ма, сенімді ме, әлде әншейін қауесетке сүйеніп жүргендер ме? Сіздің оқиғаны баяндау барысында келтірген дәлелдеріңіз қатал тексерістен немесе тәуелсіз тексеруден өте ме? Нақтылайтын ақпарат көздері бір-бірінен тәуелсіз бе? Егер сіздің мақалаңыз белгілі бір құжаттарға негізделіп жазылса, ол құжаттар сізде бар ма? Әлде ауызша естігеніңізге сүйеніп жаздыңыз ба?

Ақпарат көзінің сенімді болуы өз алдына, жақсы журналист ақпарат көздерінің ашықтығына да иек арта алады. Ақпарат көздеріне сүйене отырып салмақты материал жазып шығатын болсаңыз, аудитория оның сенімділігі мен объективтілігі жөнінде өзіндік пікір қалыптастыра алатын болады. Қақтығыстар, дау-дамай және айтыс-тартыс туралы материал дайындағанда ақпарат көзіне нақты анықтама беру өте маңызды. Журналист басынан бастап-ақ материалды барынша сенімді етіп дайындап, өзін «бейтараптықты сақтамады» деген айыптан қорғауы тиіс. Ақпарат көзін анықтау үшін «Оны біз қайдан білеміз?» деген сауал туындайтыны заңдылық. Осы сауалды қою арқылы қарсы тарап ақпараттың сенімді екенін дәлелдеуді талап ете алады.

Мысалы, біз «төбелес кезінде 12 адамның қайтыс болғанын» білеміз, оны бізге біреу айтты немесе өзіміз мүрделерді санап шықтық дейік. Ал егер ақпарат көзі қарсыласушы екі тараптың бірі болса, біз оның шынайылығына қалай көз жеткіземіз? Үкіметтің есебіне сүйенсек, биылғы жылы пісте өндірісі өскен. Алайда, үкіметтің есебіне құлай сенуге бола ма? әлде басқа да ақпарат көздерімен салыстыру керек пе? Ең басты міндет – ақпарат көздерін оқырман өзі шешім қабылдай алатындай етіп көрсету.

51. Публицист Ш.Р. Елеукеновтің этнографиялық байқамдарын талдаңыз.

Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов (3 қыркүйек 1929 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылы) – филология ғылымының докторы (1988), профессор (1990).

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1951–59), ҚазМУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы (1959–63), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1967–71), Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетітінің төрағасы (1971–86), Әдебиет және өнер институтының директоры (1986–88), осы институттағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі (1988–96) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған институтта бас ғылыми қызметкер және ҚазҰУ-дың журналистика факультеті кітаптану кафедрасындапрофессор.[1] Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне арналған. «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (1968), «Замандас парасаты» (1977), «Фольклордан роман-эпопеяға дейін» (1987), «Мағжан» (1995, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1998), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), т.б. зерттеу кітаптары жарық көрген. Елеукенов «Мағжан» монографиясында ұлы ақынның шығармаларына жан-жақты талдау жасап, байыпты баға берген. «Қазақ романының идеялық-эстетикалық және жанрлық өзгешелігі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның «Кітаптану негіздері» (1997), өзге авторлармен бірігіп жазған «Газет жанрлары» (1964), «Қазақ кітабының тарихы» (1999) кітаптары баспагерлер үшін құнды оқулықтар болып табылады. «ҚұрметБелгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2]

52. Газет айдарлары мен төлтақырыптар ролі туралы айтып беріңіз.

Газет айдарлары мен төлтақырыптар ролі туралы айтып беріңіз.

Газет айдарлары (рубрикалар)-газеттің ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны танытатын басты компоненттерінің бірі. Айдаралар қызметі жағынан негізгі және арнаулы болады. Бірнеше газет типтеріне ортақ жалпылама және бір ғана газет типіне тән, соған ғана лайық арнайы айдарлар да ұшырасады.

Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, «Қазақ» газетінде «Сыртқы хабарлар», «Ішкі хабарлар», «Оқшау сөз», т.б. айдарларының әрқайсысы берер хабарының шығу тегін (ішкі, сыртқы) немесе өзгелерге ұқсамайтын оқшаулығын аңартып тұр. «Қазақ» газетіндегі «Сыртқы хабарлар» қазіргі газеттердің көбіне тән «Шетел жаңалықтары» рубрикасына сәйкес. 1913-1918 жылдары «сыртқы» сөзінің орнына «шетел» сөзін пайдаланса, әрине, оқырманға түсініксіз болар еді. Яғни, бұл жерде оқырманның қабылдау деңгейіне лайықты «сыртқы» лексемасы таңдалынып алынып отыр. «Қазақ» әуелі «Европа», «Азия» және олардағы түрлі «патшалықтар» туралы сериялы танымдық бағытта жазып, ондаған мақалалардан кейін ғана «Европадан хабар» атты айдар пайда болды. Мұның өзі газеттің біраз уақыт дайындық іспетті жасаған іс-әрекетінің нәтижесі, оқырман көзқарасы көкжиегінің кеңи түскендігінің көрінісі, газет лексикасында оқырманның әлеуметтік деңгейіне байланысты өзгеріс пайда болғандығының айғағы.

Бірнеше газет типтеріне ортақ рубрикалар мемлекеттік дәрежеде көтерілген саяси, әлеуметтік мәселелердің газеттердің насихатталуы барысының көрсеткіші сынды дүниеге келіп отырады. Айталық, 1980-жылдарғы газеттерге партия, оның саясаты, мемлекет басшыларының позицияларынан туындайтын, әр түрлі көзқарастарды аңғартатын айдарлар ортақ болып келді. Сол тұстағы айдарлардың көбі бейтарап лексика элементтерінің қатысуымен жасалған, құрылысы қарапайым. Мысалы, «Съезд мінберінен», «Делегаттар сөйлейді». Бірнеше газет типтерінде ұзақ жылдар бойы мезгіл-мезгіл көрініп отыратын айдарлардың бірнешеуіне тоқталайық. Мәселен, «Алтын орақ», «Алтын дән», «Егін орағы-...» деп аталады. Бұлардың алдыңғы екеуі бағалауыштық қасиеттке ие болса, соңғысы- бейтараптанған лексикалық элементтерден тұрады. Бейтараптанған лексикалық элементтерлер туралы М.Белбаева былай дейді: «Барлық стильде бірдей қолданыла беретін стильдік бейтарап сөздердің тобына негізгі сөздік қордағы сөздер енеді. Мысалы: тау, жер, су, үй, киім, жүру, тыңдау, сөйлеу, ақ, қара, көк, мен, сен, т.б. Стильдік бейтарап сөздер күнделікті өмірде жиі және жалпылама қолдану қасиетімен сипатталады» (26,63). Яғни, бейтараптану үшін бағалаушылық қасиет болмау керек екен. Затқа, оның сапасы мен санына іс-әрекетке айтушы немесе жеткізуші баға бермейді, жай ғана хабарлайды. Мұндай бейтараптанған айдарлардың құрамы көбіне қарапайым, сөз, сөз тіркесі түрінде болады. Мысалы: «Тәртіпті кеңес іс үстінде»(19.09.98) дегенде, тәртіптік кеңес ісіне баға берушілік, бағалау тұрғысында көзқарас білдіру қасиеті мүлде жоқ, информация ғана беріліп тұр. Көзқарасты бейтараптандыру, уақыт пен көлем жағынан ұта түсу, мақсатынан туындаған мұндай синтаксистік құрылымдар газет бетінде жиі қолданылады. Оған мысал ретінде «Бүгінгі номерде», «Бүгінгі оқитындарыңыз», «Баспасөз баршаға», т.б. айдарларды келтіруге болады. Газетте, жарнама жиі кездесетін эллипсистенген сөйлемдер контексті тұтас алып қарастырғандағы дәл сондай сөйлемдерден ерекше болып келеді. Өйткені, контест ішіндегі (бұл жерде кең көлемдегі контекст) эллипсис сөйлем мен өзінің алдындағы немесе өзінен кейін келетін бірнеше сөйлем арқылы, сол сөйлемдердің мазмұны арқылы ашылады, толығады.

Ал зерттеуші З.Ш.Әділова кейбір тілдік конструкцияларды неғұрлым динамикалы конструкциялармен алмастырудың нәтижесінде эллипсистенген тұлғалар пайда болады деген ой айтады(134). Газет тілі айдарларында кездесетін эллипсис тұлғалар табиғатты осы пікірмен сабақтасып жатыр. Қазақ газеттерінің, сонымен бірге көркем шығармалар тақырыптары мен жарнамалардың эллипсис түрінде келуін тек орыс тілінің әсері деп

Жоғарыда келтірілген мысалдардағы

бейтарап лексикамен берілген айдарларға қарама-қарсы бағалауыштық мәндегң айдарлар саны да жеткілікті. Мысалы: «Оқшау сөз», «Серке сөз», «Дені саудың – жаны сау» (AA.,1998) т.б.

Бір ғана газетке тән арнайы айдарға «Жетісудың сауалнамасы» сынды қолданысты мысалға келтірер едік (Ж.,1998 ж.).

Айдарлар тілінің синтаксистік құрылысы, айтып кеткеніміздей, аса күрделі болмайды. Мысалы:

1. Кейде адам аттары атау тұлғада тұрады. «Абай және біз» (Ж.,13.08.98). Сондай-ақ, абстрактілі ұғымға құрылған «Ата жұрт – алтын бесік» айдарын да осы аталған құрылысқа жатқызуға болады.

2. Атаулық тіркес түрінде келетін айдарлар «Қазақтағы» ең өнімді және ең ұтымдылары болған деп есептейміз. Атаулық тіркес термині ғалым, профессор С.Исаевтың қаламына тән. Мысалы: «Оқшау сөз», «Серке сөз» «Қазақ» газетіндегі «кезекші» айдарлар, яғни қолданыстан үнемі түспеген рубрикалар. «Серке сөз» айдарымен Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, кейде Әлихан Бөкейханов қаламынан туындаған мақалалар беріліп отырған. Кейін дәл осы құрылым сол күйінде «Ана тілі» апталығында қайта түледі. Қазір көптеген басылымдар бетінен ұшыратуға болады.

Осы үлгідегі айдарлар «Ұсыныс хат», «Жұмыр жер» (Ж.,13.08.98), «Суыт хабар» (Ж.,18.08.98), «Ақжолтай хабар» (Ж.,18.07.98), «Сүйінші дана» (АТ.,13.09.91).т.б. Мысалы, «Жұлдыз жорамал» (ЕҚ.,29.09.98) айдары кез-келген басылымда кездеседі, себебі де жоқ емес, мақсат – оқырманды тарту, қызықтыру. Осы көрсетілген рубрикалардың ішінде «Суыт хабар», «Ақжолтай хабар» сияқты тіркестерде бағалауыштық сипат басым. Қалғандары – бейтараптанған. Сондай-ақ «Оймақтай ой» (ЕҚ.,17.07.98) айдары экспрессивті-эмоционалды лексикамен құрылған. Осы типтес «Сөз төркіні», «Өткір сұрақ», «Жан басылым» - «Ана тілі» апталығында жиі ұшырасатын айдарлар.

1. Қос сөз түріндегі айдарлар: «Өлең-жыр» («Қазақ»), «Ақшам-ақпарат» (АА.,21.08.98), «Нарық-саясат», «Көші-қон» (Ж.,18.08.98) т.б. компоненттері мағыналарын жоғалтпаған дербес сөздердің қосарлануының нәтижесінде пайда болған. Бірақ мұндай айдарлар кез келген сөздердің қосарларуынан жасалмайды, компоненттер көбіне қоғамдағы актуальді құбылыстар мен ұғымдар атаулары болып келеді де, күрделі сөз қосарлану нәтижесінде екі сөздің де негізгі семаларын жинақтап бере алады. «Сөзбе-сөз» (АА.,10.08.98) айдарында айтар ойды дәл, нақты, айнытпай бере тұратындығынан хабардар ететіндей экспрессия бар.

2. Септік жалғаулармен келген айдарлар:

а) Жатыс септік жалғауымен: «Республикалық қазақ тілі қоғамында» (АТ.,30.05.91), «Жергілікті ұйымдарда» (АА.,16.05.91), «Тіл тағылымы университетінде» (АА.,09.05.91), «Тәртіптік кеңесте» (Ж.,18.09.98), «Жол полициясында» (Ж.,18.08.98), «Дөңгеленген дүние үйіңізде», «Бір шаңырақ астында» (АТ.,07.03.91), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (Ж.,18.07.98) т.б. Осы сынды айдарлар баяндалатын оқиғаның, болған немесе болатын істің мекенін білдіреді.

ә) Шығыс септік жалғауымен: «Басқармадан» («Қазақ»), «Басқарма қоржынынан», «Ел аузынан» (АТ.,07.03.91), «Аулақтан сұхбат» (АТ.,21.03.91), «Көңілден шыққан көрікті сөз» (АТ.,03.01.91), «Оқырман хаттарынан» (АТ.,10.08.98) т.б.

б) Барыс септік жалғауымен: «Оқырман назарына» (АТ.,14.04.91), «Қаламдастарға құлаққағыс» (АТ.,28.02.91), «Талдықорған облаткомының назарына» (АТ.,14.02.91), «Республикалық «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің назарына» (АТ.,14.01.91), ««Ана тіліне» хат» (АТ.,07.01.91), «Қазақ КСР Жоғары Кеңес сессиясының назарына» (АТ.,03.08.91), «Шаңыраққа – 50 жыл» (Ж.,18.08.98), «Білгенге маржан» (АТ.,21.03.91). Барыс септігі қатысуы арқылы жасалған эллипсис тұлғалардың оларға деген зәрулік пен тілдің үнемдеу заңы нәтижесінен туындайтындығын аңғаруға болады. Сондықтан да, біздің ойымызша, кейбір зерттеушілер айтып жүргендей, эллипсис тұлғалардан тек қана орыс тілінің әсерін іздей берудің жөні жоқ. Айталық, «Білгенге маржан» конструкциясы орыс тілі әсерімен дүниеге келді деп қалай дәлелдеуге болады. Керісінше, ұлттық колорит, ұлттық бояу ашық байқалады дер едік. Өйткені, қабылдаушы (адресат) осы айдардың мәнін анық түсінуі үшін

қазақтардың психологиясы мен мәдениетінен хабардар болуы тиіс.

Көптеген мысалдардың айдарларың көбі экспрессивті-эмоционалды болып келеді, ал ресми элементтермен келген рубрикалар аз ұшырасады. Яғни, газет айдарларының мазмұны мен мәні, лексикасы оның типіне бағындырылып тұр.

Біздің байқағанымыздай, экспрессивті-эмоционалды лексика бірліктерімен жасалған айдарлар дені әр нөмір сайын қолданылған «кезекші» рубрикалар. Мысалдар «Ана тілі» апталығының 1991 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары арасындағы нөмірлерінен алынды.

Енді «Егемен Қазақстан» газетінің 1998 жылғы 17 шілде күні айдарларына назар аударайық: «Президент почтасынан», «Сұхбат», «Шарайна», «Қазақстан Республикасының заңы», «Тәртіптік кеңесте», «Алыпқашпа сөздің ақиқаты», «Семинар», «Дін – дәстүр діңгегі», «Ғалым. Ғылым. Ғасыр», «Дөңгеленген дүние үйіңізде», «Замандас», «Оймақты ой». Айдарлардың өзінен-ақ бұл газеттің типін аңғаруға болады, олар түгелдей дерлік қоғамдық-саяси лексика элементтерінен құрылған. Тек «Оймақты ой», «Дөңгеленген дүние үйіңізде» айдарларына ғана эмоциялық мән үстемеленіп тұр. «Дөңгеленген дүние үйіңізде» айдарымен апталық теледидар программасы беріледі. Бұл мысалдарда газет типінің газет айдарына әсері, қоғамдық-саяси басылым болғандықтан, оқырманның ой-өрісі, деңгейі, әлеуметтік сұранысы мен олардың нені талап ететіндігін түсініп, соны қанағаттандыруға бағытталғанын көреміз.

«Жетісу» газетінің бір күнгі (1998 жылғы тамыздың 18-күнгі) нөмірінде: «Ресми хабарлар», «Біздің миллионерлер», «Көші-қон»ғ «Қосымша табыс көзі», «Жүрген аяққа жөргем ілінеді», «Тарихтың ащы сабақтары», «Біратар», «Жол полициясында», «Шаңыраққа – 70 жыл», «Суыт хабар», т.б. сынды рубрикаларды кездестірдік. Жоғарыда айтқанымыздай, газеттің осы типіне тән лексикалық ала-құлалық, стильдік әртүрлілік бұл газеттің бетінде әбден орын алған, өйткені газет типі, типіне байланысты аудитория сұранысы осы. Оқырман құрамы әр алуан, оның деңгейі мен әлеуметтік сұранысы да сан әртүрлі. Айталық, «Ресми хабарлар», «Көші-қон», «Қосымша табыс көзі», «Тарихтың ащы сабақтары», «Жол полициясында» қоғамдық-саяси лексиканың қатысымен, «Суыт хабар» ауызекі сөйлеу стилі негізінде жасалған. Демек, газеттегі хабарлар мазмұнына айдар атаулары семантика-стилистикалық тұрғыдан бағынышты.

Айдарлар негізінен төл тілдік элемент арқылы жасалады да, кірме сөздердің проценттік мөлшері өте аз болып келеді. «Ана тілі» газетіндегі 1991 жылғы 40-қа жуық айдардың 36-сы таза төл тілдік элементтерден құралғанын келтірілген мысалдардан анық көруге болады.

Синтаксистік құрылысы жағынан айдарлар көбінше сөз тіркесі күйінде келеді де: тәртіптік кеңесте, оймақтай ой, ел аузынан, алтынның сынығы, тілбұзарлар тұғыры, сүйінші дана сияқты тіркестерде байланысу тәсілдерінің барлық түрі қамтылған. Аяқталған ойды білдіретін сөйлем түріндегі айдарлар да біршама: Ұлт болсам десең, ұрпағыңды ойла; Төл әліппе ата жазуымызды үйренейік; Ақылдасайық, ағайын; Айтылмаса сөз өледі; Дін – дәстүр діңгегі; Жүрген аяққа жөргем ілінеді, т.б.

53. Дэвид Рэндалл сұрақ қою әдістері жайлы не айтқан?

1) Дэвид Рэндаллдың «Универсальный журналист» кітабының бесінші бөлімінде яғни «Искуство задавать вопросы» атты бөлімінде автор сұрақ қоюдың құпияларын ашып берген сынды. Дэвид Рэндаллдың айтуы бойынша журналист сұхбат алғанда жауап беруші сұраққа бір сөзбен жауап беруі, немесе оның тіл байлығы төмен болуы мүмкін. Осындай жағдайдан журналист тапқырлық танытып, шыға білуі қажет. Сұрақ қою үшін мыналарды есте ұстағанды жөн санайды: 1. Сұхбатқа дейін өзіңіздің мақсатыңызды, сұхбат берушіден не күтетініңізді біліп алыңыз. Сұхбат беруші туралы барлық ақпаратты алдын-ала біліп алуыңыз қажет. Нақты, анық, түсінікті сұрақтар қойыңыз. Өзіңіздің осы сұхбат туралы мақалаңызды ойлаңыз. Ұсақ сұрақтар қоймаңыз. 2. Сұхбатқа дейін көп мәлімет жинаңыз. Өзіңіздің көп білетініңізді көрсетуге қынжылмаңыз. Алайда көп білемін деп артық та сөйлеп жібермеңіз. 3. Сұрағыңыз неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым өзіңізге де сұхбат берушіге де тиімді. Қарапайым сұрақтар әрдайым сіз үшін бірінші орында болсын. Ең қарапайым сұрақтар: Кім? Не? Қайда? Қашан? Не мақсатпен? Қалай? Егер сіз осы сұрақтарға нақты жауап алсаңыз, онда сіздің мақсатыңызға жеткеніңіз болып табылады. Сұхбат беруші бір оқиға желісін айтып отырғанда «одан әрі не болды?» деп сұрауға қысылмаңыз. Оқиғаны ең соңына дейін анықтап біліп алыңыз. 4. Сұхбат беруші сұхбат беру барысында белгілі бір адамдар мен компаниялардың немесе ұйымдардың атауын атаса оны дұрыстап сұрап не болмаса жазып алыңыз. Қиын есімдерге кезіксеңіз сұхбат берушіден қағазға дұрыстап жазып беруін сұраңыз. Нақтылық журналист үшін әрдайым бірінші орында болғаны дұрыс. 5. Сұхбатты сұрыптай біліңіз. Яғни, сұхбаттың керек, маңызды жерлерін ғана оқырмандарға ғана ұсыныңыз. 6. Сұхбат берушінің сізге өтірік айтуына жол бермеңіз. Білімді болыңыз, сұхбаттың тақырыбы туралы кез-келген ақпаратты біліп жүріңіз, зерттеңіз. Өзіңіздің ол туралы бәрін білетіңізді сөзіңіз арқылы көрсетіп қойыңыз. 7. Сұхбат берушінің жауабын мұқият тыңдаңыз. Себебі, сізде жол-жөнекей сұрақ туып қалуы да мүмкін. 8. Сұхбатты қалай жариялайтыныңыз туралы ешқандай уәде бермеңіз. Сұхбатты қалай жариялау керек екенін тек қана редактор шешеді. Өзіңіздің жай ғана репортер екеніңізді айтып мән-жайды түсіндіріңіз немесе редактордың телефон нөмірін, мекен-жайын беріңіз.

Сұхбатты газет бетін толтыру үшін алмаңыз, қандай да бір ақпарат алу үшін жұмыс жасаңыз. Әрдайым сыпайы сөйлесіңіз. Қандай жағдайда да ашуға бой алдырмаңыз.

54. «Известия» газетіндегі И. Петровскаяның шолуларына тоқталыңыз.

Шолудың бірнеше  түрлері  бар: баспасөзге шолу,  жалпы  шолу,   тақырыптық  шолу,  мекен  жайсыз  шолу,  презентациялы шолу.  Баспасөзге  шолу – белгілі бір мәселенің газет  беттерінде қалай   көтеріліп  жүргендігіне  талдау. Жалпы шолу  көбіне  жағымды  сипатта   жазылады. М-лы,   мерейтой  болғанда газеттің,  телеарнаның  тарихына шолу  жасау.   Тақырыптық шолу – белгілі бір  тақрыпты  қалай  көтеріп  жүргендіг  туралы. Мекен-жайсыз -  белгілі  бір тақырыптық  баспа бетінде қалай   көтеріліп  жүргендігіне шолу  жасалады.  Бірақ  нақты қай   газет  екендігін  көрсетілмейді. «бір газеттерде» ,  «басқа  газетте»  сынды тіркестер  қолданды.  Презентациялы  шолу  - белг.бір  жаңа  газеттің  ашылғандығы  туралы толық  мағлұматтың екінші   бір  баспада  жарияланауы.     

И. Петровская  1995-2011  жылдар  аралығында  Известия  газетінде  шолушы  болып  қызмет  атқарды.  «Теленеделя»  күнделікті  рубрикасын жүргізіп   отырды.1996  жылы  мамыр айында  оның  «Один на один с $15 тыс.»  атты  мақаласы  жарияланды.  Онда    «Один на один»  бағдарламасының  жүргізушісі   Александр Любимовтің   қызметіне,  еңбек жолына   шолу  жасайды.  

55. Эссе жанрының тарихи эволюциясы туралы айтып беріңіз.

Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. естеліктер жиынтығын құрайтын журналистикада кең тараған жанрдың бірі. Көбінде эссені жасы үлкен, мемлекеттік маңызы бар адамдармен бірге жүрген, дәмдес-тұздас болған адамдар, жазушылар, қоғам қайратерлері жазады. Шағын әңгіме деуге де болады. Мұнда уақыт пен деректерге сондай-ақ дәлелдерге сүйенеді. Эссені әрлеу үшін көркем әдеби тәсілдер қолданылады.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. Эссе жанры - ел келешегін болжап көсемсөзбен көмкерілген кестелі керемет тұжырымды көрермендердің көкейіне қондыратын ой – толғам.

Эссе түрлері:

1. Салыстырмалы эссе

2. Пайымдық эссе

3. Көркем-әдеби эссе

Эссе құрылымы:

Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.

Сұрақ:Зейнолла Қабдоловтың: «Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады» деген тұжырымы бар. Осы тұжырымға сәйкес очеркті баспасөзден түгелдей кетті деуге бола ма? Сондай-ақ көпшілік ескідегі очеркке бүгінгі эссе деп қарайды. Эссені – очерктің өзгерген түрі деуге бола ма?

Жауап:Бұл тұжырымды академик Зей¬нолла Қабдоловтан талай ғасыр бұрын Аристотель, әл-Фараби, Белинский, Ахмет Байтұрсынов, Бахтин сынды зерттеушілер шегелеп кеткен. Жас жур¬на¬листер классиктердің еңбектерін бір кісідей білгені жөн. Очерк пен эссе – екі түрлі жанр. Журналистика факультетінде олардың ара-жігін ажыратып оқытады. Очерк нақты фактіге, кейіпкер әрекетіне, нақты құбылысқа сүйенеді. Эссе – еркін ой ағымы. Эссені философиямен егіз десе де болады. Батыс мектебі эссе Ми¬шель Эйкем Монтеньннің «Les Essais» – «Өнегелер» еңбегінен бастау алады деп жүр. Профессор Ш.Елеукенов¬тің әліптеуінше, Абайдың ғақлиялары – қазақы эссенің ажарлы бір түрі. Белгілі жазушы Оразбек Сәрсенбай ағамыздың «Жас Алашта» жарияланып жүрген рисалалары да – сол эссенің нақ өзі.

56 .А.П. Чеховтың «Шведская спичка» және Артур Конан Дойлдың «Человек с рассеченной губой» әңгімелеріндегі тексерім әдістерін салыстырыңыз.

57. «Егемен Қазақстан» басылымындағы ресми есепке мысал келтіріңіз

«Егемен Қазақстан» басылымындағы ресми есепке мысал келтіріңізБаспасөздегі есеп – қандай да бір өткен оқиғаны, іс-шараны шағырландырып ұсынады. Есеп басқа жанрлардан құрғақтығымен және баяндаудың сатылануымен ерекшелінеді. Есептің түрлері: тікелей есеп – оқиға болған жерден артық түсініктемелерсіз тікелей беру; есеп-коммюнике – өткен саяси кздесу туралы әңгіме;түсініктеме беру элементтері бар есеп-толғау; Кеңейтілген есеп – кеңейтілген түсініктемелермен ілеспе жүретін оқиғаны беру. Есептің тілі мен стилі – ресми-іскерлік мәнерде жазылады. «Теория и практика советкой периодической печати» атты ұжымдық монографияда есеп түрлерін былай бөледі: «Тікелей ақпараттық есеп, талдамалы есеп, тақырыптық есеп, бір адамның сөзіне құрылған есеп, бірнеше сұрақтарға құрылатын есеп, проблемалық есеп». Ал қазақ журналистикасын зерттеген ғалым Т.Қожекеев: «Қысқа есеп, кеңейтілген есеп, төте есеп, тақырыптық есеп, проблемалық есеп», - деп бөлуі көңілге қонымды.

Қазіргі таңда есеп жанры жанр ретінде мерзімді баспасөз беттерінде сирек кездеседі. Кейбір зерттеулер есептің тіпті жағалып кеткені туралы айтады. Бірақ олай емес. Есеп әлі ле өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланған жоқ. Бұл жанр әлі де газеттік публицистикада өмір сүре алады деуге негіз бар.

Есеп – белгілі бір аудитория (конференция, жиналыс, спорттық жарыстар және түрлі көрмелер, т.б) қатысқан іс-шаралар жөніндегі ақпараттық хабарлама. Айтылған мағұлматтардың сипатына қарай есеп жалпы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен айтылу ерекшеліктеріне қарай – ақпараттық (айтылған пікірлер, оқиғалар, деректер жүйелі түрде) немесе сараптамалық (назар белгілі бір оқиғаға аударылып, оған баға беру, түсіндіру) болып бөлінеді. Есепті іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау мақсатында жазады.

Есеп – баспасөз тәжірибесінде бұрыннан қолданып келе жатқан жанр. Шамамен XVII ғасырда пайда болған. Алғашқы есеп жанрының белгілері орыстың «Ведомость» газетіндегі Петр патшаның іс-сапарлары мен өзге ел өкілдерін қабылдауы жөніндегі мақалалардан байқалады. Есеп –іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау. Олардың қатарына: конфиренция, съезд, жиналыс және тағы басқа жатқыза аламыз. Есеп авторы жиналыс барысындағы мән-жайды толығымен жазады. Есеп жанрының баспасөз тәжірибесінде бірнеше түрі қолданылады. Олар: тіке және тақырыптық болып бөлінеді. Тіке есепжанрын газет бетінен гөрі радиода жиі кездестіреміз. Мұндағы ұшыртпай қаз-қалпында оқырманға я тыңдарманға жеткізу. Ал ақырыптық есеп барысында автор талқыға алынған мәселенің мәнін ашып, ол жайында түсініктеме береді. Орыс ғалымы А.Тертычныйесеп жарнының сараптамалық түрін қарастырғанда: «Сараптамалық есеп сөйлеген сөздер мен баяндамалардың өзара байланысы», - деп анықтама береді.

58. Дайджест пен баспасөзге шолу: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Дайджест деген не? деп отырсаңыз… Дайджест дегеніміз ағылшынның digest сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест дегеніміз әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады. Дайджест – басқа басылымдардың негізгі материалдарын қықарта көшіріп басатын мерзімді басылым.

Дайджесті айдарлар мен тақырыптар бойынша, уақыттық ерекшеліктер бойынша шығаруға болады. Интернет сайттарда да дайджест жасауға болады. Бірақ қазіргі кезге дейін Қазнеттің әжетханасына айналған 1-2 сайт «дайджест дегеніміз орыс тіліндегі мақалаларды жариялау» деп түсініп жүр. Олар қателеседі. Дайджест дегеніміз қазақтілді сайтта орыстілді мақалалалар жариялау емес.

"Дайджест дегенің — осы екен" деп, Интернет-сайттардан мақала ұрлай беруге болмайды. Шығаратын дайджестіңіз ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына қайшы келмеу керек. Бұл не деген сөз? Бұл дегенміз сіздің дайджестіңізде жарияланатын мақалалар автордың немесе редакцияның рұқсатымен жинақталу керек, міндетті түрде ақпарат көзіне сілтеме берілу керек. Ісіңіз оңай болу үшін тұрақты түрде мақала алып тұратын ақпарат көзімен алдын ала келісімге келіп алуыңызға болады.

Баспасөзге шолу жанры. Қазір пайдаланылмайды. Алайда, қазіргі журналистиканың деңгейін көтеру үшін керек. Әр творчестволық индивидтің кемшіліктерін көрсете білу керек.  Шолудың 2 түрі бар:

1.Жалпы шолу;

2.Тақырыптық шолу.

Жалпы шолу – өте сирек кездеседі. Телеарналардығ, газет-журналдардың мерейтойы кезінде сол арнаның не баспаның өмір тарихына шолу жасалады. Жағымды сипаттар жазылады.

Тақырыптық шолу газетті басқаларға үлгі етіп көрсетеді, жанашырлық пікір білдіреді. Сонымен қатар, кемшіліктерді де ашып көрсетеді.  Себебі, «ауруын жасырғанның өлім артын ашады» демекші кемшіліктерді айтпаса да кейін бәрібір ол белгілі болады.

Өнер мәселесін, қазақ прозасы туралы «Қазақ әдебиеті» қалай көтеріп жатыр.  тақырыптық шолу жазған кезде газеттерді ерекше ескеру керек, мін тағуға да болмайды.  Бұрындары иерархиялық принцип басым болатын, ал қазір ол принцип жоқ,сондықтан да болар шолулар газет принциптерінде бар. Сыннан облыстық газеттер қорытып шығарып отырады.  Қазір өзара сын жоқтың қасы, бұл – дұрыс емес. Газет-журналдардың деңгейін көтеру мақсатында шолу жазылады.

59. Профессор Б.В. Стрельцов суреттеме ерекшелігі туралы не деген?

Суреттеме – жанрында көркемдік ақпараттықта үстем болады. Көпшілігінде теледидарда суреттемені көріністі суретке түсіру не кадрлардың байланыстағы бірлігі деп те атайды. Суреттемеде дәл айқындалған оқиға болмаса да операторлық жұмысқа жоғары талаптар қойылады. Онда әрбір кадрдың композициялық шешімділігі қатаң қадағаланып, жарық мәнері мен ракурске дейін таңдалады. Кадрден тыс оқылатын мәтінге айрықша талап қойылады, себебі автор құрғақ ақпаратпен хаттамадан аулақ болып, тілдің бейнелік құралын кеңінен пайдалану керек. Теледидардағы суреттеме жанры жан-жақты шығармашылықты талап етеді.

60. Ж. Аупбайдың портреттік очерктерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Ж. Аупбайдың портреттік очерктерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.Очеркті көркем-публицистикалық жанрдың «патшасы» деп атайды. Бұл ең қиын жанрлардың бірі, себебі ол журналистен шынайы әдеби шеберлікті талап етеді. Очеркте аналитика және бейнеліліктің бастамалары бірлеседі. Бір сөзбен айтқанда, журналист тек фактты ғана емес, сонымен қатар, көркемдеу әдістерін де қолдану қажет.

Очерктің басты үш түрі:

портреттік очерк;

проблемалық очерк;

жолсапар очерк;

Портреттік очерк. Көп ретте автор кейіпкердің публицистикалық образын жасайды. Мысалы, ол адам әлеуметтік топтың не кәсіптің өкілі болуы мүмкін. Осындай очерктің түрі саяси портрет деп аталады. Кейіпкердің (президент, парламент депутаты, әкім, қоғам қайраткері) жұмысына баға беріледі және саяси биографиясының маңызды кезеңдері мен эпизодтары көрсетіледі. Саяси портреттерді көбінде сайлау алды кампаниялар кезінде жариялайды.

Егер де кейіпкерге көркем сараптама тұрғысынан жасалынған очеркті қарастырсақ, оның саяси, іскер, интеллектуалды ұстаным негізінде дайындалған сараптамадан өзгеше екенін байқаймыз. Суретші-автор мен ойшыл-автор бір-бірімен полемикаға түскендей болады. Көркемдеу әдісі авторға образдың типтік болуына ықпал жасап, кездейсоқ ұсақ-түйектерден арылтады, саяси, іскер, кәсіби, экономикалық немесе басқа сараптамадан тәуелсіз, тұлғаның рухани жақтарын көрсетеді. Ондай очерктер ақын-жазушыларға, әртістерге көптеп жасалынады.

Проблемалық очерк. Осы очерк түрінің негізі – әлеуметтік маңызды мәселелер. Мысалы, саясат, экономика, имандылық, этика т.б. Очерктің авторы маңызды проблемалардың шешуіне ықпал жасауға тырысады, өзінің оппонентімен полемикаға түседі. Логикалық құрылымға қарай проблемалық очерк аналитикалық жанрларға жақын, мысалы, мақалаға. Бұл ұқсастықтың себебі – зерттелінетін проблеманың мәртебесі. Мақала мен проблемалық очеркте автор проблеманың себебін ашуға тырысады, оның бағытын болжамдайды, шешуші жолдарды анықтайды. Соған қарамастан, проблемалық очеркті проблемалық мақаладан ажырату қиын емес. Оның ең басты ерекшелігі – проблемалық очеркте проблемалық жағдай ешқашан да «жалаң түрде» көрсетілмейді, яғни, статистикалық заңдылық немесе ортақ пікір, ортақ шешім түрінде жеткізілмейді, бұл мақала жанрына тән. Очерктегі проблема – өмірде бар жағымды және жағымсыз мінезді адамдар өтуге тиісті тосқауыл іспеттес. Очеркистпен талқыланатын проблема адамдар мүдделерінің күресі немесе конфликті арқылы көрсетіледі. Бұл конфликтер мен олардың дамуын зерттей келе, автор проблеманың себебін түсіндіре алады.

Жолсапар очерк – бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға көбірек мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әр түрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б.

Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді».

Жолсапар очерк – публицист-суретшінің жазудағы ең ашық формалардың бірі. Жазушы материалды еркін жеткізіп, оқырманмен ашық қарым-қатынаста болады. Осы очерктің түрінде тарих, статистика, жаратылыс ғылымдардың элементтері мен саясатқа қатысты мәселелерге пікір білдіру, жеке ойлар, сезімдер бар.

Жолсапар очерктің тамаша үлгілері: М. Әуезовтың «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері», Б. Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н. Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы».

61. Журналистік айқындаманың түрлері мен әдістеріне тоқталыңыз.

Журналистік жанрлар соның ішінде деректі  публистикалық жанрлар қатарында айқындама-( аннотация) өзіндік сипатқа ие.Қазіргі таңдағы журналистикада ақпарат таратудың негізгі тәсілдерін ала отырып ,ақпараттық жанрлардың  өзіндік құрылымы мен функциясы күрделене түседі. Ақпарат таратудағы негізгі функция ретінде ақпараттың  түпкі мазмұны мен мәнін сақтай отырып тарату.Журналистік айқындама ақпараттың мазмұны  мен құрылымдық жүесін сараптай отырып,оның маңызды болып келетін фактілерін жинақтай отырып,ақпараты айқындап береді.Айқындалатын ақпаратта негізгі  ой мен тұжырым сақталып,ақпарат жинақталып беріледі.Журналистік айқындама ретінде түрлі БАҚ құралдарында жарияланатын ақпарат көздерін сонымен қатар сол ақпараттарға қатысты берілген басқада жаңалықтар легін айтсақ болады.

62. Газет «жаңалықтарының» салыстырымдылық және циклдық сипатын таратыңыз

Газет беттеріндегі жарияланатын ақпарат негізінде жаңалықтар жатады.Олар өзіндік құрылымы және сипатына қарай бөлініп,әртүрлі айдарлардан шығып отырады.Бұндай жаңалықтар аймақ,облыс жалпы ғаламдық негізгі ақпараттарды ұштастырады.Осы орайда газет беттерінде жарияланатын жаңалықтар легі айдарына байланысты біршама айрықша болып бөлінеді.Апта сайын,не болмаса аптаның белгілі бір күнінде шығатын газеттер шығу мерзіміне қарай циклдық болып келеді.Бұндай жаңалықтар бір газет пенен екінші газет шыққан аралығындағы уақат кеңестігінде болған жаңалықтарды қамтып отырады және жаңалықтар легіменен беріледі.Газеттің  мән мазмұндық не болмаса құрылымдық сипатына қарай ақпараттың да маңызды не шамалы болып беріліу қарастырылады.Бұндай таралым циклдық газеттерге тән.

63. «Ана тілі» газеті тілшісі Ж. Елдосқызының Шоқан Уәлихановпен ретросұхбаты туралы баяндап беріңіз.

         (Ретроспективалық сұхбат)

Соңғы кезде Абылайхан атындағы Орталық кітапхана әлденені айтқысы келгендей әрі-бері өткенде томсырайып қарап тұрады. Барған сайын әлдеқандай беймаза көңіл-күймен қайтып жүрдім. Бір күні Шоқан Уәлихановтың бес томдық таңдамалылар жинағы қолыма түсті. Содан ба екен кітап қоймасы да жадырап сала берді. Ал Мұхаммед-Ханафия Шыңғысұлы сөйлеп жатыр.

– Халық ауыз әдебиетінін, тарихын тірнектеп жиған жан, сіздей-ақ болсын. Ендеше қазақ атауының қалыптасуына, Алаш идеясының тууына өзіндік көзқарасыңыз қандай?

– Қазақ немесе алаш елінің о бастағы – шығу тегі қайдан деген сұраққа, халық арасындағы жыр-дастандарынан қанағаттанарлық тәп-тәуір түсінік алуға болады. Егер Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы 1392 жылы басталса, сол жылы қазақтардың алғашқы ханы – Алаш пен оның балалары өлтірілсе, шамамен мөлшерлеп, Алаштың 14-ғасырдың орта шенінде ғұмыр кешкені анықталады. Татар қазақтарының шыққан тегін Алаш, Алашамен байланыстыруында да тарихи шындық жатыр. Себебі еркіндік аңсаған азиялықтардың да шартты түрде өз ханы, өздерінің саяси бірлігі – мемлекеті, әр түрлі тайпалар одағын ұстап тұратындай пірі-көсемі – сиынатындай ата-бабасы болуға тиіс еді. Қыпшақ пен Түркістан ордаларынан босқан халықтардың есесімен, қазақ одағының өсіп, нығаюы бірте-бірте, астыртын түрде болды. Тайпалар одағының қуаты мен санына байланысты – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген ұғым қалыптасты. Көшпелі тұрмыс, жаугершілікке бейімділік далалықтардың күнделікті тірлігінде ізін қалдырды. «Шайбанинама» деректеріне қарағанда, қазақ деген жаңа қауым адамдары құрметті, отырықшылардан рухани жоғары деген ұғымда баяндалады.

Қалада тұратын туыстары өзбек, ноғайлардан (татарлар) көшпенділер өздерін жоғары санаған, еркіндіктің символы – қазақ деген атты мақтаныш тұтқан. Г. Левшиннің тұжырымынша: 16-ғасырда Қыпшақ даласы мен Жетеде (чете) екі қуатты ұлыс болды: ол Дадан мен Қазақ хандық құрған – Моғолстан. 16 ғасырда ыдыраған Алтын Орда мемлекетінің халқынан: қыпшақ, найман, қоңырат, жалайыр, қаңлы, т.б. әйгілі рулар өз еріктерімен не күшпен қазақтарға келіп қосылып, Қазақ ордасын құрды… [1[

– Отыз рулы елдің бір ордаға бас қосуы қалай жүзеге асты екен?

– Қазақтардың соңғы ханы тұсындағы жаңа, қосымша рулардың дүниеге келуін онша қиналмай-ақ түсіндіруге болады, осы құбылысты, тіпті қазақ жүздері мен байырғы руларының қалай құрылғанының үлгісі ретінде қарауға болады. Хан Абылай 1757 жылы қырғыздарды шапқанда бірнеше жүз тұтқын жесірлерді ордасына алып кеп, арғын ішіндегі атығай арасына қоныстандырады. Келе-келе уақыт өте сол тұтқын қырғыздар атығайлықтармен араласып, өздерінің шығу тегін Атығайдың түп атасы Дәуіттің (атығай ру басы) 12 баласының бірінен таратып: жаңа қырғыз, бай қырғыз деп атап кетті. Жаңа рулардың пайда болуына тағы бір мысал: Ұлы жүздің Керейт атты тайпасы қазақтардан бөлініп шығып, өзбек құрамындағы керейіттерге барып қосылды да, ал қалған аз бөлігі далаға қайта оралып кеп, Кіші жүзге қосылып, соның бір тармағы ретінде, өздерін Қарақат бабадан таратады.

Қазақтардың өзі, мен жоғарыда атап өткендей, ру аттарын бағзы замандарда өткен ру басыларының, бабаларының атымен байланыстырады. Ал қыпшақ, найман, қоңырат, т.б. негізгі руларды, ертеден Шыңғыс заманынан келе жатқан ел деп таниды және ол тайпалар қай жүздің құрамында болмасын, өздерінің шығу тегін де сол жүзден тараған, біртұтас құрамдас бөлігіміз деп санайды [2].

– Азттығымызды алғанымызға біршама уақыт өтті. Жыл сайын реформадан реформа. Дегенмен қазақ қоғамы қандай өзгерістерге зәру?

– Біздің заманымызда регламентация (тәртіп белгілеу) мен формализмге анохронизм ретінде немесе қытайдың 10 мың салтанат есебінде қарау керек. Формализм мен бюрократизм кертартпалық-тоқырауға себепші болды да, бұған дейін қандай да болмасын пайдалы қоғамдық іске қытай қорғаны сияқты тосқауыл жасап, халықтың жасампаз жігерінің талабымен – жиілеп, күн санап құлпырып, жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатты. Қандай да болмасын өзгерісті ұластырып, орын тептіріп, әрі сақтап қалу үшін біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалып отырғандықтан, оның материалдық мұқтажына шақталуы, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістің бәрі де зиянды, әрі аномал (жағымсыз) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып мешеулетуі мүмкін[3].

Сондықтан да қоғамдық мәселеде халық реформасынан аса қажет мәселе жоқ. Заң шығарушылар мен реформаторлар қоғам мүддесін көздеп келгені, соны көздейтіні жайында күдік болмаса керек. Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа – эконоикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді. Осы ойға жүгінгенде, адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылады [4].

– Шетелдік тәжірибені жиі айтамыз, соған өлердей әуеспіз. Бірақ кейде шынында да ұлттық ерекшелікті ескермеу орға жығатыны анық қой?

– Қоғамдық тұрмыс мұқтаждығын жақсартуға бағытталған қандай да болмасын реформа қоғамның мұқтажы мен қаражаты белгілі болғанда ғана кездейсоқтыққа ұшырамай, діттеген мақсатына жете алады. Джон Стюарт Мильдің, қандай да болмасын қауымның адамдарына жаңа право берместен бұрын бұл қауым адамдарының ақылдық қабілетін, өнегілілігін және саяси сана сезімділігін ғылым тұрғыдан мұқият зерттеуі қажет деуі әбден орынды. Расында, дәрігер ауру адамның сырқатын ғана емес, оның себебін білгенде ғана емі қонып, жазатынына сенімді болады емес пе. Қоғамдық мұқтажды білмегендіктен, гуманистік теорияға шамадан тыс қызғаншақтықпен қараудың салдарынан, қазіргі белгілі жағдайда мүлдем қажеті жоқ жаңа өзгерістер реформалар туындауда. Егер әр түрлі реформаны қабылдар алдында ауылшаруашылығындағы өсімдікті егуге қолданылған әдістерді пайдаланса, ондай қателіктен тез арылуға болады. Ьұл әдіс бойынша әуелі өсімдіктің өзін толық зерттеп, содан кейін барып қандай топырақта өсетінін, оған күн көзі, жылу, т.б. жағдайлар қанша мөлшерде қажеттігін білу лазым. Теорияның тұжырымы өсімдікті қажетті заттармен қамтамасыз етіп, оған залал келтіретін дүниелерді жою.

Реформа оңтайлы жасалғанда, яғни қоғамдық организм жан-жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтымды реформа болады. Мұндай реформаны ешқандай жағдайда да бөгемей, қайта қолдау керек [5].

– Жатқа жалтақтай берудің қажеттілігі жоқ демексіз бе?

– Бұл айтылған пікірімізге қарап, бізді халықшылдардың тар шеңбердегі (теориясына), яғни халықтардың тағдырын алдын ала кесіп-пішіп… топшылайтын топқа жатқызудан аулақ болған жөн. Керісінше біздің тұжырымыз еуропалық, әрісі жалпы адам баласына тән ғылым-білім бұлағынан нәр алуда, со мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу. Бұл дамуға, мәдениетті өрістетуге қабілеті қандай да болмасын халықтың түпкі мақсаты болу керек [6].

– «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дейді. Жарты жылға жуық уақыт Орталық Гүлстанды мекен еттіңіз. Қытайлық шенеуніктер қандай екен?

– Қытайда қарын ақыл қоймасы болып саналатындықтан, құрсағыңыз неғұрлым қомақты, жуан болып келсе, ақылыңыз да солғұрлым мол болатыны өзінен-өзі белгілі. Бұл сонау Цинь (біздің заманымызға дейінгі 221-206 жылдары – Қытайдың құл иеленушілік дәуірдегі тұңғыш патша әулеті) әулетінің заманынан бері қарай бірде-бір қытайдың шүбәләнуға батылы барып көрмеген ақиқат, шындық және екіні екіге көбейткенде төрт болтыны сияқты, бұған сенбеудің өзі де қиын болар еді. Тегі бұл бохшо өзінің «ақыл-парасатына» даңдайсып, қатты мақтанатын сықылды (өзінің артықшылығы ап-айқын көрініп-ақ тұрған соң қайтіп мақтанбасын). Ол біздің ақыл-ой, парасатымыздың шамасын білмек болып, қарнымызға қадалып қарап тұрды да, жадау сиқымызды көрген соң, бізді менсінбеген кісіше теріс айналып, аса бір астамшылықпен аяғын маң-маң басып өз жайына кете барды…[7]

– Әр ұлтты ұлт ретінде ерекшелеп тұратын кейде өзгелерге миға сыйымсыз көрінсе де осындай қанға сіңген балаң ұғымдар шығар. Қытайлар өздеріне бек сенімді халық қой сірә?

– Қытайлардың астамшылдығында шек жоқ. Қытайдан басқаныкін ешқашан да мақтамайды. Шампан арағын татып көріп, ол сізден қытай джуын – күріштен істеген арағын – қайдан сатып алдыңыздар деп сұрайды[8]. Біздің шарабымызды ішіп, ішкенде де өздері ұнатып, сүйсініп ішкен болу керек, өйткені сықсиған көздерінің өзі-ақ солай екенін байқатып тұрды, сөйтіп мандариндер бізбен үш сағат дидарласып отырғаннан кейін үйлеріне қайтып кетті. Шараптың буына еліккен туғолдайдың: – Болса жұмақ аспанда, жер жұмағы Шанхайда, – деп өлеңдетіп жібергенін де айта кетейік [9].

– Әркімге өз туған жерінен асқан жер жоқ. Бірақ батыс Қытайдың табиғаты аса қолайлы деп ешкім айта қоймас.

– Борохуджир атты бірінші қарауылдан бастап Құлжаға дейін созылған байтақ даланың өзі бір ең құнарсыз, құмды шөл екен. Бұл құлазыған құла түзге ел орнату біздердің… ойымызға де келмес еді, қоныс аударып, көшіп келгендерге мұқтаждық көрсетпей, азап шеккізбей қалай қоныстандырудың амалын да білмес едік. Бірақ қытай төзімділігі баршасын да жеңіп шыққан. Бұл жерлерге талай ел қоныстанып отыр, мұнда сегіз шаһар, әлденеше қыстақ бар; қалжырап келген жолаушы үйге кірмей-ақ, осынау жасыл нуға жасырынған шаһарды ажарландырып тұрған биік ағаштар мен сымбатты сұлу теректердің саясында дем алса, рақаттанып, жаны жай табатыны, әлбетте, өзінен-өзі түсінікті. Балшықтан соғылған үйлерінің бәрі де сырттай қарағанда тап-таза, көше деген онда тегі жоқ, бірақ әрбір жеке үйдің өзі-ақ бүкіл империя рухын, оның томаға-тұйық сипатын аңғартып тұрғандай. Бүкіл шаһары сияқты әр үйі өз алдына дараланып, балшық дуалмен қоршалған, шамасы көршісінің жүзін көрмеу, сөйлеспеу үшін жан-жағын тас қып бітеп, қоршап алған сықылды [10].

– Мемлекеттік қызметке адалдық жайы жауыр болуға айналды. Бірақ сыбайлас жемқорлықпен ұсталып жатқан лауазымды тұлғалар да аз емес. Көрші елдің бұл тұрғыдан үлгі болар жағы бар ма?

– Қытайда бізде бардың көбі жоқ, бірақ бізге үлгі болғандай нәрселер Қытайда да аз емес. Бізде Қытай бағдыханы бір азиялық деспот, өзінің қол астындағы халықтың мейірімсіз қатал әсіршісі, Қожа-Бабаны айтқанда, бүкіл адамзаттың қас-жауы деп ойлайды. Жоқ, олай емес. Оның билігі белгілі бір шеңберден аса алмайды. Оның өз алдына жеке мал-мүлкі немесе біздегідей еншісіне берілген меншікті жер-суы да жоқ. «Сенде жаныңа керегіңнің бәрі бар, – дейді оған халқы, – бәрін біз табамыз, молшылыққа кенеліп, шалқып отырғанда сен мүлікті қайтесің. Өз дүниесімен болып, пайда табудың айласын іздегендей сен бір саудагер емессің, сен өз байлығыңды ойламай, өзіңнің бақ-дәулетің болып отырған халқыңның игілігін ойлауың керек». Шынында да, Қытайдағы жер иелену тәртібіне қараңыздаршы, соған тереңірек зер салып көріңізші. Бұл Қытай тәртібінің идеяларына Европаның енді ғана, тек біздің мәдениетті ғасырымызда қолы жетіп отыр [11].

– Қытай талай соғыс пен төңкерістерді бастан өткерген. Бірақ әлі күнге дейін бес мыңжылдық тарихымен құлпырып келеді. Сыры неде?

– Қытай өзінің алажабыр алаң тіршілігі, мәжусилік философиясы мен өзімшілдігі жағынан да, титықтап қалған күш-қуатының дәрменсіздігі жағынан да, құдды баяғы құлап, мерт боларының қарсаңындағы қиын-қыстау кезеңін бастан кешіріп отырған көне Рим сияқты. Қытай тарихына үңілген сайын бұл ұқсастыққа таң қаласың. Варварлар Қытайға талай рет қысымшылдық көрсеткен. Бірақ Қытай оларға қарсы төтеп бере алмай, жалпы әлсіздерге тән әдіс қолданып, қулық жасайды да, сыйлықтарын үйіп-төгіп, олардың көңілін аулайды, салық төлейді және оны солардың еңбек ақысы деп мардымсиды, варварларды қызметке қойып, бірін-біріне айдап салады, бір кездегі Римнің патриций атағын үлестіргені сияқты князь, ван, гун атағын беріп, даңкқұмарлық сезімдерін қоздырып отырады. Мұның үстіне олар салықтың тағы да бір өте абыройсыз түрін де төлейді, яғни Византия патшаларының өз ханшайымдарын орыс Владимиріне, варвар Беркенің інісі моңғол Ноғайға бергені, ал енді Түркия сұлтандары қаласа зор бақыт санап, қыздарын қолынан жетектеп апарғандай боп жүретіні сияқты, қытайлар да өздерінің ханшайымдарын варварларға үлестіріп берумен келеді.

Қытайдың қалайша мерт болмай келе жатқандығына қайран боласыз: Рим сияқты мұны да жат елдік жаулар талай рет талап, олжаланып келді, бірақ соның бәрінде де тек патша әулеттері ғана құлап, Қытайдың өзі мемлекет ретінде мызғымай қала берді. Қытайды жаулап алған варварлардың өздері де қытай мәдениетінің күшті ықпалымен сол елге сіңіп, қытай болып кете берген [12].

– Алтышаһарға саяхат денсаулығыңызға ауыр тиді. Бірақ тән азабынан қарағанда, жан азабыңыз мазалап жүрген сыңайлы.

– Мен әзір тірімін; бірақ денсаулығым да нашар, көңілім де өте жабырқау. Біріншіден зеріктім; екіншіден – қазақтардың оңбаған қылықтарын сағат сайын, минут сайын көремін де үнемі күйінемін. Айналаңда ақылдасар адамның жоқтығы еңсеңді көтертпей езе беретін болса, бұдан бір құтылармын-ау деген үміттің жоқтығынан, дұрысын айтқанда үміт сәулесінің жоқтығын сезгенде жаңағы күйік төзбестік халге жеткізеді [13].

– Десе де Сіз толық еуропаша білім алған тұңғыш қазақ екеніңізді жақсы түйсіндіңіз. Сұлтан болсам дедіңіз. Ондағыңыз қарапайып халқыңызға үміт артқаныңыз емес пе еді?

– Отандастарыма пайда келтірейін, оларды чиновниктердің және қазақ байларының деспотизмінен қорғайын деп бір кезде сұлтан болсам деп едім ғой. Сондағы, көбінесе, ойлағаным оқыған сұлтанның қандай пайдалы болатындығын жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді. Сонда олар шын оқыған адам орыс чиновнигі емес екендігін, орыстың чиновнигіне қарап орыстан алған тәрбие туралы қорытынды жасауға болмайтынын көрген болар еді. Осы мақсатпен мен Атбасар округінің ағасұлтандығына сайлануға ризалық бердім, бірақ сайлау чиновниктердің әртүрлі қулық-сұмдығысыз өте алмады. Облысты төңіректеген және приказда отырған бұл мырзалар менің сайлануыма түгелдей қарсы шықты. Оның себебін өзің де білесің. Облыстағы чиновниктер ағасұлтанның алатын мың-мыңдаған ақшасынан айрылатын болды, ал енді приказдағылар, мен сұлтан болсам, қайыр сұрап, қаңғырып кететін болды…

Чиновниктер бай және баққұмар қазақтардың өзімшілдік пікірін қоздырып, егер Уәлиханов сұлтан болса, онда сендер бәлеге қаласыңдар, ол теңдік жолын қуаттайды және сендерді аталарыңа, дәулеттеріңе қарай бағалайтын нағыз қарапайым қазақтарыңдай болмайды деп қорқытты, және мені құдайға да сенбейді, Мұхаметке де қас дегенді жұртқа жайып бақты [14].

– Қазақтың болашағына қырағы көзіңізбен қараңызшы. Не көрдіңіз?

– Біз ұлан-ғайыр тұтас территорияны алып жатырмыз, ал өзге бұратана халық орыс тұрғындарының арасында бытырай орналасқан. Россияның ортаазиялық саудасы деп атайтынымыз біздің саудамен пара-пар. Шынтуайтқа келсек, қазақ халқы ең бейбітшілікті сүйгіш халықтардың бірі. Меніңше алдағы өркендеу де бізге – қазақтардың үлесіне тиеді [15].

64. Памфлеттің табиғаты, жанр ретінде қалыптасуына тоқталыңыз.

Памфлет-бәрін күйдіремін,жалындаймын деген сөз.

XII ғасырда  көпшілікке кең тараған "Pamphilins Len de Emore" деген комедияның басты кейіпкерінің есімі;Қаһарлы сөз-көркем-публицистикалық немесе өткір сатиралық шығарма.Памфлет бүтін бір қоғамдық құбылысты,саяси жүйені тұтас алып,немесе олардың кеселді жақтарын,кертартпа әлеуметтік топтары,идеологиясы мен көзқарастар жүйесін жер - жебіріне жете әшкерелеуді мақсат етеді.Памфлет жазылу формасы мен компазициялық құрылысы жағынан негізгі 4 топқа бөлінеді:

1.Публисицтикалық жанрлар нұсқасында жазылатын памфлеттер:

-Памфлет-сұхбат

-Памфлет-есеп

-Памфлет -корреспонденция

-Памфлет-репортаж

-памфлет-шолу

-Памфлет-мақала

Памфлет-рецензия

-Памфлет-очерк

2.Көркем әдебиет жанрлары үлгісінде жазылатын памфлеттер:

Прозалық памфлеттер:

П-әңгіме,п-новелла,п-ертегі,п-повесть,п-роман,

Поэзиялық памфлеттер:

п-өлең,п-мысал,п-поэма,

Драмалық памфлеттер:

п-көрініс,п-пьеса,п-комедия,п-сценарий

3.Саяси құжаттар түрінде жазылатын памфлеттер:

п-үндеу,п-прокламация,п-шақыру,п-мәлімдеме,п-сөз

4.Іс-қағаз түрінде жазылатын памфлеттер:

п-хат,п-күнделік,п-мемуар,п-өмірбаян,п-некролог,

     Памфлет термин ретінде XII ғасырда қолданыла бастағанымен,оның тарихы әдебиет пен публицистика  тарихымен тамырла,сабақтас жатыр.Ол көне Греция мен Римде шешендік сөз,ғылыми трактат түрінде аяқтанып,келе-келе мазмұн-пішін жағынан молығып,әдеби шығармашылықтың барлық жанрын жаулап алды.    

65. М.М. Бахтин жанр табиғаты туралы не айтқан.

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

66. Н.Ә. Назарбаевтың және В.В. Путиннің саяси портреттеріне назар аударыңыз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өз қоғамының әрбір этносының өзекжарды мәселелерін терең түсінетін саясаткер. Оның санасы мен іс-әрекетінің мазмұнын қазақ ұлтының және барша қазақстандықтардың мүдделері анықтайды. Мемлекет басшысының әлеуметтік-саяси, мәдени-психологиялық сапаларының қайнар көзідері оны қоршаған қазақи ортадан, ата-анасынан, Шамалған ауылынан бастауын алады. Н.Назарбаевтың елдік тәжірибесі оның сапалық қасиеттерін, кәсіпкерлігін және харизмасын ашып оған деген халық құрметін жасады;

- Президент ретінде әлеуметтік-саяси, экономикалық-финанстық модернизациялау саясатының негізгі бағыттарын анықтаушы және іске асырушы болуы Н.Назарбаевтың феноменінің негізгі белгісі;

- Егемен Қазақстан халқының арман-мақсаттарымен ұлт көшбасшысының мүдделерінің сәйкестігі Қазақстанды бейбіт эволюциялану жолына бастаған маңызды субъективті фактор болды. Қоғамдық-саяси жүйенің демократиялануы ел алдындағы стратегиялық міндеттерді шешуге халықты ұйытты жэне т.б.

Елді Путин басқарғалы бергі сегіз жылдың басты олжасы – отаншылдықтың орасан артқаны. Путин Ресейдің біртұтастығын сақтауды салған беттен қатты қолға алды. Ол 2000 жылғы 26 наурыздағы президент сайлауынан кейін өз қызметіне ресми түрде 7 мамырда кірісті. Іле-шала 13 мамырда Путин жеті федералдық округ құру туралы ұсыныс жасап, ол округтарға өзінің өкілетті өкілдерін тағайындады, сөйтіп өңір басшыларына өзінің ықпалын күшейтті. Араға 10-ақ күн түскенде, 17 мамырда Парламенттің жоғарғы пала та сын жасақтаудың жаңа тәртібін енгізді. Оған дейін Федерация Кеңесі губернаторлардан құ ра латын, губернаторлар әрі орындаушылық, әрі заң шығарушылық құқықтарға ие болатын, енді олар Федерация Кеңесіне өз өкілдерін жіберетін болып белгіленеді. Сол күні Путин Орталық пен федерация субъектілерінің қарым-қатынасына байланысты тағы бір маңызды бастама көтереді, оның мәні негізінен өңірлік лидерлердің орынсыз дабырайтылған ықпалын кемітуге тірелетін

67. Ақпараттарды топтастыру приниптері мен тиімділігі туралы өз ойларыңыз.

«Ақпаратсыз  ең мықты саясаткер,ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік  ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат сияқты болып қалады.» - Марат Барманқұлов.

Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат болып қалады.

Ақпарат дегеніміз – күнделікті тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі. Субьективті оқиғаны сезіну. Ақпарат болған оқиғаны болды дейді. Ақпаратты тек болған оқиғаға ғана қатысты емес, оны хабарлағанға да, яғни қоғамға дабайланысты. Аудитория сапалы, элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат ұсынылады. Телевидение үміткерді өлтіре алады. Міне, сондықтан Ширак шығар кезде әрбір майда-шүйдеге мән берді. Митингілерде камераны 12 метр қашықтыққа орналастырды. Трибунадан сәл жоғарырақ қойылды. Түсірілім сағат 7.00-ге жоспарланды., өйткені сегіз сағаттық тележурналдан көрсетіліп үлгеруі керек.

Телевидение шындықты көрсеткенді ұнатады. Саясаткерлер телевидениені өздерін жақсы жағынан көрсеткені үшін жақсы көреді. Дегенмен, телевидение саясаткерлердің шынай өмірін көрсетіп қана қоймай, олардан өшін алады. Шындыққа айналып кеткен өтірікті де көрсетеді.

68. Әлеуметкерлік зерттеудің әрі жанр, әрі ғылыми әдіс ретіндегі сипатына тоқталыңыз.

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлемзаңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану,экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады. Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлемзаңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану,экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің

69. «Известия» газетінің «Мнеия. Комментарии» айдарына нақты мысал келтіріңіз.

 Шамсаил Саралиевтің «Ислам и ваххабизм — это разные понятия» мақаласы,мұнда:

«В последнее время в России участились преступления на религиозной основе. Взрывы, захваты мечетей, поджоги церквей, призывы «Смерть неверным!», частые «сводки военных действий» из Дагестана... Большинство встревоженных этими событиями российских граждан по умолчанию считают именно мусульман нарушителями мирного спокойствия в России. Но так ли это на самом деле? Ведь всего несколько десятилетий назад в единой дружной стране мирно уживались представители разных религий.

Ислам и ваххабизм — противоположные понятия, далекие друг от друга по своей сути. Ислам — религия мира, добра и толерантности, это традиционная культура и высокая мораль, где нет места хаосу и насилию. Ведь Всевышний говорит в Священном Писании: «Поистине милость моя с теми, кто творит благие деяния». Ваххабиты не творят благое. Из-за жестокости деяний, совершаемых ими во всех уголках мира, и ложных убеждений, расходящихся с положениями ислама, ваххабитов нельзя считать мусульманами. Облаченная в религиозную оболочку идеология, которую они навязывают, сеет ненависть и страх. Ваххабиты — изгои во всех исламских странах, их осуждает всё мусульманское духовенство, справедливо считая их источником зла.» делінеді. Бұл мақалаға оқырмандар өз пікір,комментариилерін қалдыруда. Мысалы: Спасибо автору за статью, многое прояснилось для меня. В любой религии убийство считается большим грехом. Что же творится в мозгах ваххабитов, которые обвязавшись взрывчаткой, сознательно идут на лишение себя и других жизни? До какой же степени безумия надо дойти, чтобы решиться на теракт, на убийство безвинных людей? Жизнь - это бесценный Божий дар и разве может истинно верующий человек пренебречь этим даром? На такое способны только заблудшие, отошедшие от религии ( коими и являются эти ваххабиты). И правильно здесь в комментариях сказано, что все российские мусульмане должны объединится против них. Пора очистить Россию от этой чуждой нам нечисти.Ольга Круговая.

70. Профессор М.К. Барманқұлов репортаж жанры туралы не айтқан?

Репортаж (reportageфранц. – хабарласу) – Тележурналистиканың маңызды және заманауи жанрларының бірі, журналисттің оқиға орынынан беретін дәйекті ақпараты. Репортаждың жанрлық элементтері:

1.Мекенжай

2.Оқиға

3.Тілшінің баяндауы

4.Оқиғаға қалыптасышының немесе оқиғаға куәгердің сөзі

5.Оқиғаның ахуалы

Репортаж түрлері:

1.Оқиғалық – қоғамдыұ маңызды оқиғаны хронологиялық тәртіппен жеткізеді.Ең көп тарағын түрі.

2.Проблемалық – оқиғалық сараптау элементтері авторлықжарияламалар және қортындылар. Автор қосымша ақпараттар, сандар және құжаттар ұсына алады.

3.Тікелей.

4.Тікелей емес.

Теледидардағы соңғы жаңалықтар тізбегінің қай-қайсысы да репортажсыз, репортаждың қатысынсыз жарық  көрген емес. Шешенстаннан жасалған репортаж, апат оырн алған жерден репортаж, велосипед жарысы өткен жерден алынған репортаж. Репортаж  жекелеген көп уақыт аралығын қамтитын бағдарламаларға. Футбол сайысынан алынған, Жамбылдың  150 жылдығынан, «Азия даусы» байқауынан, Алматыдағы жаңа қонақ үйдің ашылу сальтанатынан, «Балалар суреті» конкурсынан , астық жинау науқанынан, опера театрының алдындағы  алаңда өткен  байқаудан, мерекелік жиындардан, Байқоңыр ғарыш айлағынан алынған репортаждар...Репортаж өз жанына сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін  сияқты жанрларды шоғырландырады. Бұл жанрдың ерекшеліктерін анықтауға қиындық тудырады.  Кәдімгі ақпарат пен заметканы біз репортаж деп атап жүрміз. Репортаж – бұл оқиғалар жайындағы оперативті,  қозғалмалы, көңіл-күйге негізделген әңгіме. Ол өзінің құжаттылығы, көрнектілігі арқылы автордың бұд оқиғаға қатысқандығы куәгерлік рөлінің қатысы арқылы ерекшеленеді.

Репортаж – оқиғаның басы-қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін, обьективті, жедел шығарма. Жалпы, репортаждың негізгі элементтері: оқиға, мекен-жай, куәгер сөзі.

Репортаж өз жанына сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады.

71. Түсіндірме (комментарий) және қамтудың (обозрение): өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Комментарий (лат. Commentarius - түсіндіру) жедел аналитикалық материалдың бір формасы, өзекті саяси қоғамдық оқиғаның не құжаттың  мағынасын түсіндіруші

Телекомментарий -  қоғамдық маңызы бар фактіге қолма – қол талдау жасап, баға беретін талдамалы жанрлардың ішіндегі ең оңтайлы, ең шағын, ең оперативті жанр.Комментарий бір ғана мәселені тілге тиек етеді. Елең еткізеді, астарында бір түйткіл бар-ау деген пікір қалыптастырады. Коментарий ашық демократиялық сөз бостандығы дамыған елдерде болады. Бұл – ашық қоғамның белгісі. Коментарий жасаушының қолында нақты дерек болмайды,ол өзінің болжамын, ойын айтады. Қателесу құқығы бар, ол үшін оны ешкім сөкпейді. Коментарий ұзақ болмауы керек, шамамен 60-70 жол.

1)Кеңейтілген түсіндірме – факттың ауқымды талдануы.

2)Маманның түсіндырмесі – факт,маман тұрғысынан, білікті тұлға тұрғысынан түсіндіріледі.

3)Полярлы түсіндірме – әр түрлі мамандармен айқындалатын факт.

4)Синхрондық түсіндірме – журналисттің өз жеке пікірі тұрғысынанмәтінді талқылау.

5)Егжей-тегжей түсіндірме – фактті ұсақ-түйегіне дейін талқылау.

Қамту (Обозрение) жанры онша көп қолданылмайды. Төменнен жоғары қарай көріну аймағы кеңейе түседі. Белгілі бір уақыт аралығындағы оқиғаны тілге тиек етеді. Ең дұрысы бір апта аралығындағы оқиғаларды қамтиды. Оқиғаларды екшеп алып ел назарына ұсынады.

Бірінші оқиға екінші оқиғаны туындатып отырады. Мостикпен байланыстырып отырады.  Апта аралығындағы нәрселерді, яғни апталықты қамту.    Ара-қашықтықтық принципі бар.

72. «Заң газетіндегі» заңдылық мәселелеріне арналған корреспонденцияға нақты мысал келтіріңіз.

Жалпы, «Заң» газеті – «Заң» медиа-корпорациясынан 1994 жылдан бастап шығып келетін қоғамдық-саяси, құқықтық газет. Аты да айғайлап соқырға таяқ ұстатқандай айқындалып тұр – «Заң».

Бұл газет бетіндегі ұраны, эмблемасы бар.  Газеттің жоғарғы сол жағында берілген:

«Сөздің төресі – халықтың өресі».

Енді «Заң» газетіндегі құқық мәселелеріне арналған мәтіндердің пішіндері туралы айтайын.

Мәселен, «Ұсақ құқық бұзушылыққа қарсы өз нәтижесін бере бастады мақаласындағы бастаңғы лид мынандай: «Барлық жақсылық та, жамандық та кішкентай нәрседен басталады. Кәдімгі орта мектептегі физика пәні бойынша шағын үйірмеге қатысып жүрген оқушы әлемнің ғажайып физигі болып шығуы мүмкін. Керісінше, ауладағы кішкентай бұзақының ұсақ бұзақылығына дер кезінде шара қолданбаса, өсе келе қаланың аты-шулы тентегіне айналуы ғажап емес. Әңгімені бүлай бастауымызға Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған ұсақ бұзақылыққа «нөлдік төзімділік» принципі себепші болып отыр»,-делінген. Иә, балалардың құқық бұзушылыққа жол беруі жайында айтылған.

Сонымен қатар, «Зияткерлік құқық саласындағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру қажет», «Міні көп министрлік адасумен келеді»  сынды материалдардың мақсаттары: халыққа ақпарат жеткізу, барлық жайттардан хабардар ету, бір жағынан коп ата-аналарға құлаққағыс ретінде жазылған  

Бұл газетте «Би-Логистик» деген айдармен «Нормативтік құқықтық актілер» де жарияланып тұрады.

Есеп жанрына жататын «Билер құрамы тұрғындармен жүздесті» сынды материалдарды, «Миранда ережесін» сақтауға құқық қорғаушылар құлықты ма» деген мақаланы да жатқызуға болады.

Бұл газетте, айта кетерлік бір нәрсе, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Заң және Біз» атты тележобаның газет нұсқасы «Сот шешімдерінің орындалмау себебі» атты тақыраппен жарық көрді.

Мұның бәрі «жаңалықтар желісі» принципіне жатады.

73. Қазіргі журналистика жанрлары мен  қажеттілік теориясын байланыстырыңыз.

Қазіргі журналистика жанрлары мен қажеттілік теориясын байланыстырыңыз.

Журналистика жанрлары – мақаланы немесе журналистің кез келген жұмысының түрлі жанрларға бөліп қарастырылуы.

Ол мынадай жанрларға бөлінеді

•​Ақпараттық жанрлар:

•​хроника,

•​ақпарат,

•​кеңейтілген ақпарат,

•​сұхбат,

•​есеп,

•​репортаж,

•​арнайы репортаж,

•​баспасөз сауалнамасы және т.б.

•​Талдамалы жанрлар:

•​корреспонденция,

•​комментарий,

•​мақала,

•​хат,

•​түйіндеме,

•​әңгіме-сұхбат,

•​шолу,

•​естеліктер және т.б.

•​Көркем-әдеби жанрлар:

•​көркем-публицистикалық суреттемелер,

•​эссе,

•​очерк,

•​фельетон

74. Корреспонденция табиғаты және  корреспонденция-толғаныс туралы айтып беріңіз.

Корреспонденция (журналистік жанр) дәлелдер мен дәйектерді журналистік сараптау. Корреспонденция болған оқиға жайында дәлелдер келтіре отырып, сол арқылы сарапқа салып, талдап қорытындылайды. Корреспонденцияны жазуда шапшаңдық пен нақтылық маңызды рөл атқарады. Журналистің корреспонденциясы арқылы оның кәсіби шеберлігін айқындауға болады. Қате айтылған әр дәйек корреспонденцияның беделін бір-ақ сәтте түсіреді.

  Корреспонденция-қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеруі,үгіт пен насихаттың құралдары арқылы берілуі жағынан алғанда публицистиканың негізгі жанрының бірі.Корреспонденция оқырман назарын келелі міндеттерге аударып,оны іс жүзінде орындауға жұмылдырады.

  Корреспонденцияда орын,уақыт,жағдай бірлестігі және адамның қатысуы міндетті нәрсе.

   Корреспонденция -публицистикалық жанр,белгілі бңр нысандағы нақты әлеуметтік жағдай мен оқиғаларды,құбылыстар мен фактлерді зерттеп,талдау және қорыту негізінде жазылатын мерзімді баспасөздік шығарма.Ол қоғам өміріндегі жаңалық-құбылысты,озат тәжірибені насихаттауды,шұғыл шешуді қажет ететін келелі міндеттерді және олқылық-кемшіліктердің бетін ашуды мақсат етеді.Жазылу стилі мен әдісі жағынан ақпараттық және талдама корреспонденция топтарына бөлінеді.Ақпараттық корреспонденция белгілі бір уақытта болған  фактлер мен оқиғаларды хабарлап,оған баға береді.Талдама корреспонденция белгілі бір құбылыстың,оқиғаның,фактінің себеп-салдарын талдау арқылы ішкі мазмұн-мәнін аша отырып,олар жөнінде белгілі бір пікір -қорытынды жасайды.

    Жедел корреспонденция – корреспонденцияның аса жылдамдықпен, тез орындалатын түрі.[1] .

Жедел корреспонденция арқылы журналистің табиғи дарыны мен қабілетінің шамасын оп-оңай анықтауға болады. Себебі жедел корреспонденцияда журналист барлық қарым-қабілетін ортаға жайып салады. Оны түзетуге немесе өзгертуге уақыттың тығыздығы кедергі келтіреді. Сондықтан жедел корреспонденция жасауға кәсіби маманданған, қабілетті, аса дарынды журналистер ғана батыл бара алады.

Ол озат бастама мен тыңнан туған ой-пікірлерді тақырыбына негіз жасай отырып, жан-жақты, нақтылы, деректі әрі дәйекті корреспонденцияны жылдам жазып шығару керек.

   Портреттік корреспонденция – суреттеу стилінде жазылатын корреспонденцияның ерекше түрі. [1]. Ондағы негізгі мақсат: болған оқиғаны, құбылысты оқырманға, көрерменге көркем тілмен суреттеп беру, жеткізу. Портреттік корреспонденцияда ойдан шығару, ойдан қосу дегендер болмайды.

Корреспонденцияның барлық түріне тән дәлелдер, дәйектер, деректер мұнда да міндетті түрде орын алуы тиіс. Сондай-ақ мұнда кейіпкер портретінің элементтері ғана кездеседі. Ол күрделі мәселелерді көтермейді немесе белгілі бір мәселені шешуді міндет етіп қоймайды. Проблемалық сарын бұған шарт емес, сондықтан мұнда болған кемшіліктерге талдау жасау, себептерін анықтау, оны жоюдың жолдарын көрсету жағына назар аударылмайды.

   Проблемалық корреспонденция – проблемалық, түйінді мәселелер жайлы жазылатын корреспонденцияның айрықша түрі.

Мұнда журналист мәселеге жан-жақты әрі терең талдау жасайды. Сондай-ақ оқиға барысының баяндалуы мен оны қорытындылау анағұрлым күрделі болуы тиіс. Проблемалық корреспонденция күрделілігі және маңыздылығы жөнінен ауқымды әрі салмақты болып келеді, ал жедел және суреттеме корреспонденциялардың тақырыбы шағын және шектеулі болып келеді. Онда оқиға дәйектерін талдау, оның себептерін ашу, оларды түйіндеу арқылы ой-пікілердің туындауы жиі кездеседі.

Корреспонденциядағы түйін оқиғаның қорытындысы журналист көзімен түйінделеді.

    Суреттеме корреспонденция. Корреспонденцияның бұл түрі суреттеу стилімен жазылады.Мұндағы негізгі мақсат-болған оқиғаны,құбылсы оқырманға көркем тілмен жеткізу.Суреттеме корреспонденцияда ойдан шығару(вымысел),ойдан қосу дегендер болмайды.Корреспонденцияның бұл түрінде кейіпкер элементтері ғана болады.Суреттеме корреспонденция күрделі мәселені шешуді міндет етіп қоймайды. Суреттеме корреспонденция көбінесе адамдардың еңбек табыстарын,қажырлы еңбектің жемісін көркем тілмен баяндап береді.Күрделі бір мәселе көтеруді,оның төңірегінде пікір туғызуды суреттеме коррепонденция мақсат етпейді.Суреттеме корреспонденцияда көбінесе өміріміздің жағымды жақтары қамтылады.Сондықтан мұнда болған кемшіліктерге талдау жасау,себептерін анықтау,оны жоюдың жолдарын көрсету жағына назар аударылмайды. Мысалы суреттеме корреспонденцияға "Дала қарлығашы" деген суреттемені алсақ; "Басында түлкі құлақшыны бар,үстінде шолақ қара тон киген жас шапан әдемі қара жорғасын шалқайта басып,ат маңдайын үй сыртындағы бір теен шөпке тіреді.Қанжығасына ілген тағауызын ұстап,бір қолымен ат жалын қамти жерге ырғып түсті де,атының е-тоқымын алмастан ,алдына бір айыр шөп тастады. М.И.Калиннің корреспонденцияда "адамның психологиялық рухани көңіл күйі......көрсетілсе"деген талабы бұл суреттеме корреспонденцияға жақсы іске асқан.Сөйтіп,суреттеме корреспонденция көбінесе еңбекке сән берген адам ,адамға абырой әперетін еңбек жайлы тартымды тілмен нанамды суреттеп береді.

   Қазір газет-журналдарда корреспонденция - толғаныс (раздумье) деп атауға болатын материалдар көрініп жүр.Мұны көбінесе оқырмандардың өзі жазады.Оларда авторлар көбіне өз өміріндегі ерекше бір жайларды,бастан кешке қиын оқиғаларды жұрттың талқысына салады.Елмен пікірлесе отырып бачндап,өз ойларын айтады,түсінігін білдіреді.Сол жөнінде оқырмандардың не дейтінін сұрайды.Мысалы "Комсомольская правда "газеті"Очень личная"деген рубрикамен Лариса деген қыздың"Ақыры жалғыз қалдым"деген өкініш толғанысын берді.Айтуына қарағанда Лариса балалар үйінде өскен,ата-ананың  аялы алақаның көрмеген, жанашыр жақын,дос- жараны да болмаған.Ол адам жылылығын аңсаған.Жолы болмай жүрген,жұрт адам санатына санамай шеттетіп тастаған біреуді тауып,қол ұшын беріп,адам қатарына қосып,соның сүйіспеншілігіне бөленуді ойлаған.Ақыры ол  өзі оқитын инситутта  бүкіл коллективте жексұрын болып,жалғыз қалған,ішімдікке салып,милициядан шықпайтын,сабақ үлгере алмай,степендиядан айрылған "ол да-бір шіріген жұмыртқа "- деп ата-анасы безген Вололдия деген студентті табады.Соның тағдарына араласады.Көп қиындықпен қаржымен бөтелкелес достарынан құтқарып алып,өзі оқытып,қатарға қосады.Бірде ол аяғын сындырып ауруханада,жатаханада айлап жатқан.Сонда не әке-шешеден не курстастарынан еш қайыр болмаған.Оны аузындағысын жырып беріп,күндіз-түні қасында болып Лариса баққан.Төрт жыл сүйреп жүріп институтты бітірген.

   Сөйткен Володия Ларисаны шоққа отырғызып кеткен.Ол басқа қызға үйленіп кеткен.

   Сонымен мен не таптым ақымақ болдым ба,әлде адамгершілік істедім бе,жақсылыққа - жақсылық деген қайда,жалғыздықтың тақсіретін тартып,тағы аңырап қалғаным ба?-деп сұрады Лариса.Корреспонденция соңында газет оқырмандары  Лариса ісіне баға беруге,оған ақыл-кеңестерімен көмектесуге шақырды.

    Міне,бұлар жай хабар-ошар емес,редакцияға жазыла салған хатта емес,нағыз корреспонденция.Өйткені оларда Володияның жат ортаға қалай тап болғаны,қалай теріс жолға түскені,ешкімге керексіз болып,өмірі бітуге айналған оның адамдар қатарына қалай қайта қосылғаны талдана баяндалған.Володияның әке-шешесі бар,олардың бедел-ықпалы да бар,жас маман мені алысқа жібертпей қалада қалдырып,тәуір креслода отырғызады деген есеппен басқа қызға аунап түсу сыры да терең ашылған.

  Корреспонденцияның бұл түрін әр-газеттен ақ кездестіруге болады."Правда" газеті мұны "Факт төңірегінде толғаныс" Хаттар төңірегінде ойланыс "деген рубрикамен беріліп жүр.""""""""

75. С. Дөнентаев пен С. Сейфуллиннің памфлеттеріне тоқталыңыз.

Памфлет, қаһарлы сөз (ағылш. рamphlеt – парақ) – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма[1]; өткір сатираға құрылған әдеби туынды; қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір тұлғаны немесе құбылысты өткір сатирамен масқаралайтын, нысаналы, айқын тілмен ерекшеленетін, жағымсыздық, жамандық такырыбын әшекерлейтін саяси публицистиканың жанры.

Публицистиканың жанры ретінде қара сөзбен ғана емес, өлең түрінде де жазылады. Памфлет белгілі бір құбылыс, оқиға, деректерді, мемлекеттік саяси жүйе мен беделді қоғам қайраткерлерінің ықпалын қысқа негізде сатира үлгісінде де әшкерелейді.

           Памфлет нұсқасы қазақ әдебиетінде революцияға дейін-ақ бой көрсеткен.Мұның мысалы ретінде С.Дөнентаевтың 1915 жылы жазылған "Бозторғай "өлеңін алуға болады.Бұл-бүкіл патшалық құрылысқа,оның әділетсіздігіне қарғыс айтып,қарсы үн көтерген ащы сатира.Ондағы зорлықшыл тұрымтай,қанға тойып ыңқ-ыңқ етіп отырған қырғи,көп үйректі шулатқан қаршыға,көкірек керіп қаз етін жеп отырған лашын - бәрі де патша чиновниктерінің бейнесі.Өлеңде суреттелген әлгі құстардың әрекеті-сол чиновниктердің қиянаты.Мұнда бозторғайдай жайдары,бөденедей момын еңбекші халықтың үстем тап өкілдерінен көрген қорлығын,шеккен жапасын,әділдік іздеп олардан таба алмағаның ақын ашына айтқан.Патшалық құрылыстың әділетсіздігі,ондағы үстем тап өктемдігі,қаншерлігі қатты әшкереленген.Бірақ,осы идея астарлап,аллегориялап жеткізілген.Сондықтан бұл туынды- мысал памфлет.

        Мысал памфлетті Сәкен де жазған.1917 жылы "Тіршілік" газетінде Сәкеннің "Күзетші иттер" атты өлеңі басылды.Бір ауылдың адамдары тойға жиналады.Өздері жоқта қарап тұрсын деп қотандағы қойға күзет қоюды ұйғарады.Күзетке"бөріден гөрі сенімді ғой,жеген тамағың ақтар" деп бірнеше ит әкеп қояды.Түнге қарай Айтжан деген қария қотанды бір көріп қайтайыншы деп келсе,сенімді деп қойған күзетші иттер бірнеше қойды жарып тастапты.Айтжан қарт аттан салады.Сонда әлгі өзі асыраған иттер өзіне жабыла кетеді.

    Сәкеннің осы сюжетінде үлкен сыр,астар жатыр.Февраль революциясынан кейін уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері құрылды.Оған буржуазияшыл ұлтшылдар мен бұрынғы жуандар,тілмаштар мен хажы-қазіреттер кіріп алды.Олар бұл комитет езілген елге теңдік,бостандық береді,оны қолдандар деп лақап тартады.Бұған қазақ еңбекшілерінің көбі шынымен иланды,"жоғымызды жоқтайтын осылар екен ғой "деп оларға сенім білдіріп,үлкен үміт артады.Бірақ көп ұзамай "ұлтым"елім"қазағым" деп емешегі езілген қазақ ұлтшылдары өздерінің кім екенін көрсете бастайды.Елге өздері ауыз салады,тоңайды,алдайды.Сәкен аталған ысқағында байшыл ұлтшылдардың,міне,осы опасыздығын әшкерелеген.

   "Күзетші иттер"-мысал памфлет.Оның  мысал болатын себебі- әлгі опаыздардың әрекеті ашық сыналмай,қотан қорыған иттердің ісі  деп астарлап,аллегориялап сыналған.Ал,памфлет болатын себебі-ол идеалық,саяси жау тапқа,жау топқа қарсы жазылған.Соларға қарсы бітіспес күреске шақырып,оларды құрытып-жоюды үндеген.Сын обьектісі етіп жау жақтың жетекші адамдарың алған.Байқап қарасақ Сәкеннің де,Сәбиттің де памфлеттері шартты түрде жазылған.Оларда нақты адамдар айтылмайды,оқиға болған жері көрсетілмейді.Памфлет бұлай шартты болып та келе береді.

76. Сұхбат пен әңгімелесудің шығармашылық «рамкалары» туралы не білесіз?

Сұхбат-публицистикалық жанр,журналистің бір немесе бірнеше адаммен қоғамдық мәні бар елеулі оқиғалар  мен толғақты мәселелер жөнінде пікір алысып әңгімелесуі.

Сұхбат бірнеше түрге бөлінеіді:

Эксклюзивті сұхбат.Осы сұхбатты алатын журналист өзінің көңіліне ұнайтын адамды обьективті таңдай алады.Керісінше,сұхбат беруші адам сұхбат беретін газетті,телерадионы,арнаны таңдай алады және өзінің идеасын бұрмаламайтын арнаны таңдайды.Эксклюзивті сұхбат ешқашан қайталанбаған,мысалы,шет ел азаматтарынан алынған сұхбат болуы мүмкін.

77. Ақпарат ассиметриясы туралы түсінікке тоқталыңыз.

Ақпарат ассиметриясы – оқиға, факті, деректі халыққа ұсынады, бірақ дәл қаз-қалпында бере алмайды. Тіпті ол ақпараттың болған жеріндегі түсірілген суреттер де, құрылған әрбір мәтінде оны дәл болған оқиға сияқты жеткізе алмайды. Әсірелеп, мадақтап жібереді, яки төмендетіп, мүлде құлдыратып тастайды. Болған оқиға өзіндей болмайды. Өйткені ақпарат жеткізуші әр журналист оқиғаны әр түрлі етіп сипаттайды, әрқайсысының ойлауы да, жазуы да өзгеше. Сондықтан кез келген оқиға немесе ақпарат түп нұсқа бола алмайтындығын ақпарат ассиметриясы деп атаймыз.

Ақпарат ассиметриясы – оқиға,фактты жазатын адам ,аудиторияға, халыққа жеткізетін журналист.Сол оқиғаныаудиторияға қаз-қалпында жеткізу мүмкін емес. Сондықтан журналист, басқа бір адамның жазғаны, кез-келген ақпарат ассиметриялы ақпарат болып келеді.

Ақпараттықасимметрия — ақпараттық үйлесімсіздік (ресурстарды иеленушілердің немесе сатып алушылардың екі тобының біреуі ғана істі жүргізу үшін қажетті ақпаратты иеленетін жағдай) …

Бірнеше ақпарат жүйелері өзара әрекет еткен кезде ақпараттың ассиметриясы пайда болады. Мысалы, контрагенттердің бірі ақпарат көзі ретінде бағаға бағытталады, ал өзге басқа (дәстүрлі ақпараткөзі) сатушы репутациясына бағытталады

78.«Айқын» газетінің «Ақ сөйле!» айдары туралы өз ойыңыз.

Негiзгi бет

Ақ сөйле!

Қоршаған ортаны көркейтіп, қамқорлыққа алған жөн

20.05.13

Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау және оның проблемалары туралы жұртшылық қаншалықты хабардар? Бұл салада мамандықтар қайда дайындалады? Бұл және басқа да сауалдарды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің профессорлары, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану академиясының академигі Қуандық Сапаров пен белгілі эколог-ғалым, биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, Ұлыбритания Экологтар қоғамының толық мүшесі Айтқажы Биғалиевке қойған едік.

– Биоалуантүрлілік және биоресурстар туралы мәселелерді қалай түсінуге болады жә не бұл салада қандай жұмыстар жүргі зі луде?

Профессор Қуандық Сапаров:–Жер шарында биоалуантүрлілікті сақтау және жа нуарлар мен өсімдік түрлерінің биоре сурс тарын тиімді пайдалану – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселелерді рет тейтін экологиялық алуантүрлілікті сақтау жөнінде халықаралық келісім бар. Ол келісім 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода өт кен БҰҰ-ның Қоршаған орта және даму жө ніндегі конференциясында әлемдік конвен ция қабылданды. 1993 жылғы конвенцияға

168 мемлекет (Қазақстан да бар) қол қойды.

– Конвенцияға қатысқан елдер өздеріне қандай міндеттер алды?

– Атап айтар болсақ, әрбір мемлекет өз ре сурстарын табиғат қорғау саласындағы сая сатының негізінде қолдана алады және іс-әре кеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің та биғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты. Биологиялық алуантүрлілікті сақ -тау, тұрақты әрі тиімді пайдалану мақ сатын-

да басқа да ортақ мүддесі болған жағ дайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп, іс-әрекет жасайды. Биологиялық алуантүрлі ліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұ рақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зар дап тарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргі зіледі. Биологиялық алуантүрлілікті және оның құрамын сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақ сатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарлама ларын дайындайды және іске асырады, ғы лы ми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.

– Қазақстанның конвенцияға қосылуы мемлекетке не береді?

–1993 жылы 29 желтоқсанда биология -лық алуантүрлілік туралы конвенция күшіне енді. Сондықтан 29 желтоқсан – Халықаралық алуантүрлілік күні болып есептеледі. Қазақ стан конвенцияға 1994 жылы ғана кірді. Негізі, Қазақстанның экожүйесі күрделі және ерек ше болып келеді. Өз жерімізде өсетін өсім діктердің 500-ге жуық түріне қазір жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады, оларға да қауіп-қатер бар. Мемлекетіміздің экология сына, табиғатына байланысты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында рес публикамызда 2004–2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі ту ралы концепция қабылданды. Осыған бай ланысты биоалуантүрлілікті сақтап қалу үшін мемлекетімізде ерекше күзетілетін табиғи аймақтар құрылды. Қазақстанда оның аумағы 13,5 млн гектарды немесе 4,6 пайызды құрайды. Экологтардың айтуынша, бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға жеткіліксіз. Әлемдік стандарт – 10 пайыз. Сондықтан да дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аймақтарды 17,5 млн гектарға дейін арттыруы көзделіп отыр.

– Әрине, істің тетігі кадрға байланысты екені сөзсіз. Қазақстанда осы салада ма ман дарды дайындайтын оқу орындары бар ма?

– Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни верситетінде, биология және биотехнология факультетінде биоалуантүрлілік және био ресурстар кафедрасы осы салада мамандар дайындайды. 2011 жылы биология және био технология факультетіндегі ботаника, зоо ло гия, гистология кафедралары біріктіріліп, биоалуантүрлілік және биоресурстар ка фе д расы болып құрылды. Кафедраның негізгі бағыты –Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемін жан-жақты зертеуде.

79. Профессор А.А. Тертычный мәтіндегі аргумент ролі туралы не айтқан?

Аргументы – логический фундамент доказательности. И убедительность доказательного рассуждения во многом, если не в основном, зависит от тех из них, с помощью которых доказывается истинность основной идеи. Поэтому при подготовке материала журналист должен провести тщательный анализ имеющихся в его распоряжении исходных фактов, статистических сведений, научных данных, свидетельств очевидцев и т.п. Слабые и сомнительные аргументы отбрасываются, сильные и достоверные остаются.

При отборе аргументов важно руководствоваться логическими требованиями, предъявляемыми к используемым доводам. Основные из них таковы: 1) в качестве аргументов могут выступать лишь истинные, не подлежащие сомнению положения; 2) аргументы должны быть достаточными для доказательства данного тезиса; 3) истинность аргументов доказывается самостоятельно, независимо от тезисов; 4) аргументы не должны противоречить друг другу.

Необходимость истинности аргументов определяется тем, что они выступают в качестве оснований или посылок, из которых по правилам логики вытекает тезис (вывод). Если они обладают вероятностным характером, то из них можно сделать лишь правдоподобный, но не достоверный вывод. Аргументы, как уже сказано, выполняют роль основания, на котором строится все здание доказательства. И если журналист использует недостаточно проверенные или сомнительные факты, он ставит под угрозу весь ход доказательства: об убедительности такого рассуждения не может быть и речи. Нарушение логического требования истинности аргументов, использования в этом качестве предположений приводит к ошибкам, называемым «основным заблуждением», «предвосхищением основания».

80. Ақпаратты теңдестіру проблемалары туралы айтып беріңіз.

Мақсаттардың өлшеулілігін қамтамасыз ету үшін көрсеткіштер жүйесі мен қажет ақпаратты теңдестіру үшін оларды өлшеу әдістерін де ерекше бөліп алған жөн. Барлық көрсеткіштер сапа, сан және уақыт өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Көсеткіштердің сапасы мониторингтің, талдау және ресми дәлелдеудің негізінде қалыптасатын нормалар арқылы анықталады. Нормалар процестер жетілген сайын өзгеруі мүмкін. Ары қарай көрсеткіштерді өлшеуге (дербес әдістемені құрастыру немесе танымалдысын пайдалану), оларды мойындалған нормалармен салыстыруға және басқарушы ықпалдарды қалыптастыруға үйрену қажет. Кейде кейбір көрсеткіштерге жету уақыты маңызды сипаттама болуы мүмкін. Әрбір мақсат көрсеткіштердің жүйесімен байланысты болуы тиіс. Бұл кезеңде жоспарланған іс-шарамен тығыз байланысты құралдар мен шығындар жоспарланады.

Ақпарат тез өзгереді сондықтан оны теңестіріп отыру қажет.Бүгін судай жаңа болған ақпарат ертең ескі болып шығады. Ақпарат таразы секілді, мұнда салмақ өскен сайын  гір тасын салсақ, қоғамда күн өткен сайын ізденіп, ақпаратты жаңартып тұры қажет.

81. «Қазақ әдебиеті» басылымының «Қалжыңқалта» айдарының оқырмандарға әсері туралы не айтасыз?     

  Ор-ағам осып түсер еді

Орекең (Оралхан Бөкей) жұмысқа келгенде қызмет машинасын Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратының төменгі жағындағы «Балалар әлемі» дүкені жанындағы Төле би көшесінде қалдырып, арқардың құлжасынша қайқайып, темекісінің түтінін көкке қарата үрлеп, ешкімге бұрылмастан келіп, Одақ есігіне тура тартатын. Бұл жолы да солай болды. Дүкен жақтан темекісін бұрқырата будақтатып, аспанмен «тілдесе» қайқайып, алшаң басып келеді. Одақ үйінің жоғарғы жақ алаңында әңгіме-дүкен құрып Әлжаппар Әбішев, Сағынғали Сейітов, Мұзафар Әлімбаев, Жаппар Өмірбеков бастаған алты-жеті ақын-жазушы ақсақалдар тұр. Біз – Талаптан Ахметжан марқұм екеуміз есік алдындағы тал көлеңкесін сағалаулымыз. Орекең ешкімді «көрместен» кілт есікке бұрылды. Оны байқап тұрған ақсақалдардың бірі:

– Әй, Оралхан, бұрыла кет, – деді. Орекең жалт қарап, оларды енді көргендей жақындап барып, қолын әдеттегісінше қисайта ұсынып:

– Қазақ әдебиетінің ақсақалдарын мен көктен іздеп жүрсем, мұнда, мына жерде тұр екенсіздер ғой, – деп жымия күлімсіреді. Әңгімешілер бір-біріне ұрлана қарасып, үнсіз қалды.                                    

82. Г. Щепилованың Гюнтер Вальраф шығармашылығына арналған зерттеуін қысқаша мазмұндаңыз.

Кез-келген адамды қызықтыратын жан, не болмаса құбылыс, оқиға болады. Әсіресе, журналисттер қауымы үшін өмірде орын алып жатқан әрбір оқиға, жұмбақ жандардың өмірі, табиғаты, мінезі, іс-әрекеті қызығушылық туғызады. Өзін қызықтырған мәселені не адамды бақылау, оның құпиясын ашу жолында еңбек ету – журналисттік зерттеу деп аталады. Журналистика саласында еңбек етіп жүрген жандардың көбі журналисттік зерттеу жасап жүр. Алайда олардың бәрі дерлік қалаған сұрағының жауабын алып жүр деп айта алмаймын. Журналисттік зерттеу еңбегі үшін псих-больницаға жатқандар да, қайыр сұрап көргендер де болды. Сол себепті менің ойымша зерттеу жүргізуші жан кез-келген әрекетке дайын болуы керек секілді. Осындай батыл қадамға тәуекел етіп өзін қызықтыратын немістің ұлы журналисті әрі жазушысы Гюнтер Вальраф туралы зерттеу жүргізген батыл жан Галина Щепилова болды. Ол өзінің кейіпкерін жан-жақты қырынан зерттеді. Және Гюнтер Вальрафтың жаңа қырларын аша біле отырып ол туралы көкейін тескен сұрақтарға жауап ала білді деп ойлаймын. Гюнтер Вальрафтың журналистика саласындағы алғаш қадамы «Мой дневник из бундесвера» атты мақаласы болды. Осыдан бастап Гюнтер журналистика саласында ешкім жаза бермейтін өзекті мәселелерді қозғап, жағымды ақпараттарымен неміс баспасөзінде өзіндік бағасын алды.  Жазушылық саласында да әдебиетке құнды шығармалар қалдырды. Осындай елеулі еңбектердің авторы туралы  Галина Щепилова зерттей отырып, оның публицистикасы, жазу мәнері, тіл байлығы, сөздерді орынды қолдануы туралы сол күнге дейін ешкім айтпаған мәліметтер келтірді.

83. Бұқаралық журналистика жеке адам проблемалары хақында не айтады?

ХХ ғасырда әлемде нағыз «ақпараттық жарылыс» кезеңі басталды, яғни бұқаралық ақпарат құралдары саласында едәуір сандық және сапалық өзгерістердің күрт артуы байқалды. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың сана-сезіміне ықпал етіп, қоғамдық пікірді қалыптастырады, бұқара байланысты жүзеге асырады.

Кеңестік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни баспасөз, радио және телевидениеде билік органдарының іс-әрекеттерін насихаттаушы сараптамалық материалдарға баса мән берілсе, бүгінде БАҚ қызметтерінде түбегейлі өзгерістер болды. Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғамды дамытуды қолға алған кез келген демократиялық мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдарының басты қызметі – ағымдағы іс-әрекеттердің әлеуметтік бағасын бұқара санасына сіңіру болып табылады.

«Болашақ әлемді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне баға жетпейді»,-деп мәлімдеген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев .

Ресей зерттеушісі Д.В. Ольшанскийдің пікірінше: «бұқаралық байланыс – мақсаты әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға ықпал ету болып табылатын, әлеуметтік-маңызды ақпараттардың қалыптасу, таралу және қызмет етуінің ерекше ортасы» . Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың бұқара бөлігі үшін ақпарат алудың басты көзі болып табылады.

Бұқаралқ ақпарат құралдарының Қазақстанның өміріндегі орны мен рөлін қарастыру үшін мемлекетте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өмір сүруін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам категориясына зерттеу жүргізу қажет. Себебі, демократиялық мемлекеттерде азаматтық қоғамның өмір сүруі және толыққанды жұмыс істеуі арқылы қоғам мен мемлекеттің тиімді әрекеттестігі байқалады.

Азаматтық қоғам – бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы, ең бастысы адамдардың экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғаралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни қатынастар мен құрылымдардың жиынтығы және тұлға бостандығының, саяси плюрализмнен, демократиялық құқықтық тәртіптен негіз алған индивидтер мен ұжымдардың қажеттіліктері және өзін-өзі көрсетуі жағдайларын қамтамасыз етудің саласы.

Азаматтық қоғамды құруға бірнеше факторлар ықпал етеді, олардың қатарына азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарды мойындау, түрлі салалар бойынша ұйымдар, ассоциациялар құру, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін, әрі көппікірде жұмыс істеуі, саяси партияларды қаржыландыру, орта тапты қалыптастыруда шағын бизнесті дамыту үшін қайырымдылық мекемелерінің заңдастырылуы, өзін-өзі басқаруды негізгі институттарға беру жатады.

Азаматтық қоғамның демократия жағдайында өмір сүруінің негізгі алғышарты адам құқығын қорғайтын және индивидтердің бұл құқықтарын жүзеге асыруда өзгенің құқықтарын бұзбайтын тәртіпті бекітетін жеке және ұжымдық бостандықты құқықтық және заңдық негізде қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай жүйе билікті әлсіретпейді, керісінше көпшілік еркіндігін нығайтуда анархияға жол бермейтіндей етіп күшейтеді. Нәтижесінде мемлекет барлық билікті иеленуші институт емес, өз өкілеттігі шектелген, заңмен басқарылатын және азаматтардың контируктивті идеяларын қолдайтын басқару институтына айналады.

84. «Қазақ университеті» газетіндегі студенттер шығармашылығына талдау жасаңыз.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бұл жанрдағы тұңғыш же тістігі, тұңғыш роман. Әдеби ортада өзінен кейінгі көтерер жүгі, мақсатты мен бағы ты бір көптеген романдарға алғышарт болды. Тек көркемдік жағынан ғана емес, тіл, форма жағынан да біраз дүниелерге сара жол болғаны анық. Роман алғаш рет қазақ әйелдерінің бас бостандығының жаршысы болған туындыға айналды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан қолға тимей қазақ арасына тез тарап кетті. Қаламгердің қызы Г. Дулатованың «Ардақтап өтем әкемді» атты эссе естелігінде (Жұлдыз, 1990, No 6) былай дейді: «...Бұл кітабы да елге тез тарап кетті, бізге көршілес ауылдан келушілер сылтау тауып, қалап әкететін болды. Жамалдың өлеңмен баяндайтын аянышты өмірінен қыз келіншектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, уһілеп отыра тын. Үлкендер жағы кешкі отырыстар да «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, жастар жиын тойларда кі таптағы өлең жырларды әнге қосып айтатын».

Роман сол кездің өзінде екі рет басылып (1910, 1914) шыққандығының өзі көп дүниені айтқандай. Сол заман, сол кездің саяси көзқарасымен қарағанда

бұндай тақырыптағы роман екі рет қатарынан басылу ел қалауы, талабы екендігі анық. Содан бері басылып келеді. Әлі басылып келеді. Оқырманын әсте жоғалтқан емес.

Енді романның көркемдік жағына ойыссақ. Романның жазылу формасы өлеңмен басталып, қара сөзбен өріледі. Осы тұста автордың ақындық қасиетін баса айтып кеткен абзал. Роман әр тұсында жаңа бір баян, жаңа сюжет желісіне ауысқанда өлең арқылы ауысып отырғанын байқаймыз. Ғалидың да, Жамалдың да аузына автор ішкі сезімін, толғанысын өлеңмен салып отырған. Мысалы, Жұманға атастырып, малға сатып жіберген ата анасына ренжіп былай дегені бар:

Мен қайран ата-ананың сатқанына, Бір тазды жалпақ елден тапқанына. Атама мен не жазып ем қор қылғандай, Болмаса бір мінезім жақпады ма? –

деген бір ауыз өлең күллі қазақ қызының арызы іспетті. Романда баяндаудың хат үлгісін қолдануы қазіргі прозамызда дәстүрге айналған тәсілдің бірі. Ғали мен Жамалдың бір біріне хат жазып хабар алысып, бағыт бағдар алысқаны бір дара мотив екендігі белгілі.

Романда автор кейіпкерлерінің бол мысын портрет арқылы танытудың ше бері екендігін танытады. Екі жастың қа сіреті мен қайғысына себепкер болған

Байжан мен мейірімсіз әке Сәрсенбайдың портреттері, сонымен қатар Ғали мен Жамалдың портреті шебер жасалған. Біріне тоқталсақ, автор Ғалидың портретін жасауда біршама суреттеуге барады. «Бұл жігіт орта бойлы, қияпатты, азырақ бетінде қорасан дағы бар, жаңа мұрт шығып келе жатқан, сөйлеген сөзі сыпайы, әдепті, киімі ноғайшалау, Ғали есімді бір зат еді. Көлденеңнен қарап салыстырғанда бұл үйдегі жігіттердің абзалы Ғали, қыздардың абзалы Жамал секілді көрініп, екеуінің қатар отырула ры бек жарасып кетті». Романда Жамал мен Ғалидың артықша болмысын әркез толықтыра суреттеп отырады. Жиын отырыстардағы жарасымдылықтарымен қоса, өнерлерімен елді сүйсінтулері екеуінің бірін бірі үшін жаралған жан екендіктерін паш еткендей. Көңіл қосып, жар болуға серттескен жарасымды жастарды трагедияға ұшыратқан заман әділетсіздігі мен ескілік. Жамал кешкен қасіретті, азапты жағдай талай қазақ қыздарының тағдырын көрсетті.

Салтанат Минайхан 1 курс стцденти филология факультети

85. Баспасөз бен оқырман, интерактивтілік мәселелеріне түсінік беріңіз.

Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.

Оқырман - әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушы шығарманы тудырушы болса, оның қаншама ұзақ өмір сүретіні, әдебиетте қандай орын алатыны оқырмандарға байланысты. Сондықтан шығарманы оқырмандардың қалай қабылдап, зейінге алатынымен, сезініп-түсінетінімен жазушы санаспай отыра алмайды. Ол шығарма жазғанда белгілі ортаның ой-санасын, идеялық мақсат, тілек-талаптарын, көркемдік ұғым түсініктерін ескереді. Оқырман дегенді тек дайын шығарманы зейінге алып, қабылдаушы деп қана түсінбеу керек. Оқырман қауым жазушының шығарманың процесіне ықпал жасайды. Жазушы өз шығармғында болашақ оқырмандардың тілек-талаптарымен, ұғым-түсініктерімен қалайда санасады. Яғни, оқырман қауымның көңілінен шығуды ойлайды деуге болады. Бірақ мұны тар мағынасында түсінбеу керек. Сонымен бірге ол өзі айтып отырған жайлардың, өмір шындығының оқырман қауымға қаншалықты жақын, қызықты екендігін ескермей отыра алмайды. Өйткені автор түптеп келгенде шығарманы өзі үшін ғана емес, көпшіліктің, қалың оқырманның назарына салу үшін жазады.

Ауыз әдебиеті дәстүрінде өлеңді, жырды жұрт алдында табанда шығарып айтатын ақын, жыршылар өз тыңдаушыларымен тікелей байланысты болады, тыңдаушыларға ненің ұнайтынын, оларды не қызықтыратынын жіті байқап олардың талабын, талғамын жанымен сезініп, сол талаптарға тиісті жауап беруге тырысады. Ал жазба әдебиетінде көркем шығарма баспа арқылы жарияланып, таралатын жағдайда жазушы мен оқырман арасындағы қарым-қатынас, өзара байланыс-жалғастық айқын көзге көріне бермейді. Ал бірақ ондай байланыс, жалғастық бар екені ешбір даусыз. Әдеби шығарма оқушы қауым көпшілік қабыл алып, қажетіне жаратқанда ғана, халықтың мәдени мүлкіне айналғанда ғана өзінің қоғамдық міндетін атқара алады. Олай болса шығарманы оқырмандар қалай қабылдап, түсінетіні аса маңызды мәселе. Бұл жағына көңіл аудармай, шығарманың оқырманға қандай идеялық ықпал жасап, көркемдік әсер беретінін анықтау қиянға соғады. Оқырманның шығарманы қабылдап сезіну, түсіну ерекшеліктерін белгілейтін жағдайларды сөз қылғанда, оның ой-сезім өзгешелігі, өмір тәрбиесі, қандай ортада туып-өскендігі, қай ұлттың, халықтың өкілі екендігі, тағы сондай жайлар маңызды болады.

Әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін, оқушы қауымға қандай идеялық-көркемдік әсер беретінін толық анықтау, айқындау үшін, оқырмандардың, олардың әр түрлі топтарының шығарманы белгілі ортада, нақтылы жағдайда қалай қабылдайтынын, ұғып-түсінетінін айқын ашып көрсету шарт. Әдеби шығарманы оқырмандардың қабылдауы әдебиет зерттеу ғылымы түрғысынан алғанда келелі мәселе екені көркем аударма проблемаларын тексергенде айқын аңғарылады. Әдеби шығарма қай қоғамда туса, қай тілде жазылса, сол ортаның, сол халықтың мәдени дәстүрлерімен, ұғым-түсініктерімен тығыз байланысты болатыны белгілі. Оны екінші бір тілге аударғанда басқа халықтың өкілдері шығарманың кейбір түстарын, жеке ерекшеліктерін басқаша сезінетіні белгілі. Бұл жағдай тіл өзгешеліктерінен ғана тумайды, екі халықтың өміріндегі, мәдени дәстүрлеріндегі, өзіндік ерекшеліктермен де жалғасып жатады

Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті.

86. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 ж. 13 қазанда ҚазҰУ-де оқыған дәрісінің танымдық мән-маңызына назар аударыңыз.

Елбасының дәрісі – ҚазҰУ-дың белсенді жастарына үлкен тәлім, мол тәрбие. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Елімізде қазіргі таңда жастар үшін кез-кедген жағдай жасалған, жастар нені қаласа соған қол жеткізе алады. Бұл президентіміздің жастарға деген ерекше көзқарасының арқасында деп білемін. Елбасымыз  2009 ж. 13 қазанда ҚазҰУ-де оқыған дәрісінде жастарға ерекше сенім артатынын тағы да бір рет атап өтті. Еліміздің болашағы белсенді де білімді, өнерлі де мәдениетті, сауатты да жан-жақты жастардың қолында екенін, болашақта еліміздің көркебіне жастардың қосар үлесі зор екенін айтып өтті. 1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі. Біз жасөспірімдер, өз еліміздің басты генераторымыз. Біз ертең көзді ашып-жұмғанша, елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз.Әр индивидум өз болашағын өз көзімен елестейді.Елбасының да көксейтіні осы. Дәріс барысында ҚазҰУ жастарының Отанға деген сүйіспеншілігі арта түсіп, бойларында ерекше рух, асқан патриотизм пайда болды.  Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз!

87. «Жетісу» газетінің экономиканың ауыл шаруашылқ секторына арналған корреспонденцияларына тоқталыңыз.

«Жетісу» газетінің экономиканың ауыл шаруашылық секторына арналған корреспонденцияларына тоқталыңыз

«жетісу» облыстық газет болса да қамтитын тақырыптары тұтас Республиканың мәселелерін шолып өтеді. Жетісу газеті өз ақпараттарын «Экономика», «Елбасы тапсырмалары іс жүзінде», «Білім», «Денсаулық», «саясат», «Имандылық», «Спорт», «Халық тарих толқынында» және «Ауыл шаруашылығы» айдарларына бөлініп ел назарына ұсынылады. Қазір Ауыл шаруашылығы айдарына тоқталар болсақ бұл айдардың ерекшелігі мен ұтымды жері оқырмандарға ауыл өмірінің көріністерін берілген ақпараттар легі арқылы оқырман назарына ұсына алатындығы. Қазіргі таңда жастар қауымы барлық жағдай қалада деген сөзден таяр емес. Осы орайда Ауыл шаруашылығы айдарында жарық көрген кейбір мақалалар осы сөздерге қарсы бола алады. Мысал 2013 жылдың әр айында газет бетінде көрінген «АГРОбизнес – 2020» мақаласы , «Мол өнім алынды», «Астық бітік шықты», «Жас мамандар ауылда», «Отбасылық бизнес» атты мақалалар ауыл өмірінің керемет тұстарынан сыр шертеді. «Шаруа шырайын келтірді» мақаласында Амирден Тохтахуновтың өзі туып өскен ауылын көркейтіп сонда өзінің жеке кәсібін ашқандығы туралы баяндалады. Ірі қара мал басын 10 нан 100 ге толтырып 100 ден 300 ге жеткізіп қазіргі таңда өзінің жеке табиғи сүт өнімдерімен тұтас аймақты қамтамасыз етіп отырғандығы сыйлауға тұратын жағдай. Осы секілді мақалалар ауылдан да көзін тапсаң кез келген істің басын иіріп әкете алуға болатынын айқындайды. Бұл айдар тек қана ауылдағы қуанышты, табысты жағдайларды ғана жариялап қоймай, кейбір ауылдардың жоғын жоқтап, мұңын зарнап жоғарыдағы билік өкілдерінің құлағына жеткізеді. Өздеріңіз білетіндей көп ауыл мәселелері тек қана БАҚ өкілдерінің араласуымен шешіліп жатады.

88 Рицензия және портреттік очерктің өзіндік ерекшелігіне тоқталыңыз.

Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.

Рецензия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі қажет.

Портреттік очерк ол адам бейнесін қаз қалпында беру емес. Ия суреттеуге өте ұқсас бірақ портреттік очеркте тұлғаның болмысын тек қана оның келбетінің ерекшеліктерімен ғана айқындап қоймай іс әрекеті мен қимыл қозғалысы да бағаланады. Очерк өзі факттіге негізделсе де автордың өз қолтаңбасы яғни өз фантазиясының жарқын көріністеріне орын алуға рұхсат етеді.

88. Рецензия және портреттік очерктің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Рецензия  — журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.

Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.

Реценхия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі қажет.

Портреттік очерк. Мұнда озат азаматтардың асқақ бейнесі жасалады, олардың үлгілі ісі, рух-байлығы, адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік белсенділігі, басқа да жағымды қасиеттері, соларды қалыптастырудағы қоғамның, ортаның ықпал-әсері ашылады. Портреттік очерк кейде бір жеке шаруашылықтың, өнеркәсіп ұжымының еңбегін керсетуге, солардың ұжымдық портретін жасауға арналады.

89. Дербес және кеңейтілген ақпараттың табиғаты туралы не айтасыз?

Ақпарат – қарастылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады.  Дербес ақпаратта ой қысқа да нұсқа әрі нақты айтылады. Яғни репортаждағыдай мұнда ұзыннан шуақ сөйлеу болмайды. Ой барынша қысқартылып айтылады. Ал кеңейтілген ақпаратта сөз болып отырған ақпарат жайында барлық сұрақтарға жауап айтылады, барлық жағдай мән-жайын дейін түсіндіріледі, кең көлемде баяндалады.

90. «Егемен Қазақстан» басылымындағы хроникаға мысал келтіріңіз..

Бүгінде жарық көргеніне 94 жылдан асқан республикалық бірден-бір ұлттық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Бүгінде ол еліміздегі таралымы ең көп газет болып отыр. Екі жылдан бері 200 мың дананың үстінде тираж алып келе жатқан газеттің күні бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолы республикамыздың тарихымен үндесіп жатыр. Қазір газет еліміздің барлық облыстарының орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.  Сол кезден бері аталған басылым беттерінде хроникалар жиі басылып жүр. Хрониканың басты ерекшелігі ретінде оның басына тақырып қойылмайтындығын айтуға болады. Шағын, кейде тіпті көлемі бірер жол ғана болатын ақпараттық сипаттағы мақалалар. Осындай қысқа сөйлемдерден тұратын бір-екі жолдық хроникалар болған оқиға жайында егжей-тегжейлі емес, тек фактілер келтіріп жазылады. Хроникада Кім? Қайда? Қашан? деген сұрақтарға жауап беріледі. «Егемен Қазақстанда» жарияланған мысал ретінде Сұлтан Бозайғырдың «Қызылордада акция кезінде бір тұрғын пулемет табыс етті» атты хроникасы.

Қызылордада акция кезінде бір тұрғын пулемет табыс етті

Қызылорда облысында қолдағы қаруларды тапсыруға арналған акция кезінде Жалағаш кентінің бір тұрғыны көне пулемет тапсырды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі таңда республика көлемінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізілуде. Осы акция аясында 25 қыркүйек күні Жалағаш ауданының тұрғыны қайтыс болған әкесінен қалған қол пулеметін Жалағаш аудандық ішкі істер бөліміне өткізетіндігі жөнінде өтініш білдірген», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері азаматтың өтінішін қанағаттандыру мақсатында үйіне барып, пулеметке тексеріс жүргізген. Анықталғандай ол пулемет өтініш білдірген азаматтың әкесінен қалғандығы белгілі болды. Ол азаматтың әкесі Ұлы Отан соғысына қатысып, 1945 жылы соғыс аяқталғанда өзімен бірге 7,62 калибрлі «Дегтярёв» қол пулеметін алып келіп, өз үйінің шатырында сақтаған болып шықты.

Қазіргі таңда «Дегтярев» қол пулеметына сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Бұл пулемет 1933 жылы шыққандығы да белгілі болды.

91. Ғаламдастыру проблемалары және бүкілтүркілік ақпараттық кеңістік жайлы өз ойыңызды айтыңыз.

Ғаламдық проблемалар- адаматтың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік жамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс- ғаламдық қауіп- қатердің өршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге өрши түсуде. Соның бірі жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынысқа байланысты нәрселер.

Бұл мәселені шешу төңірегінде көп қолданылатын қару- ақпараттық кеңістік. А.К дегеніміз- ақпарат туындайтын, орын ауыстыратын және қолданылатын кеңістік.

Ұлттық а.к- ті тіпті ең жақын одақтасыңа да бермсеу керек. Айқвн дәлелі-австралиялық Мердоктың Англиядағы News of the world газетінің жабылуы.

Ақпараттық тоталитаризм туралы Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сындарлы пікір білдірді.

Мысалы, азаматтық қоғам туын ұстаушылар «заман көшіне ілесу» деген тұжырымды қолдайды. Бірақ «заман көшіне ілесу» деген Американың, Батыстың даму үдерісі ғана емес. Тарихи сабақтастық заңдылығын ескерсек, өркениет пен мәдениеттің көші шығыстан басталған. Сондықтан қазіргі ғаламдастыру мәселесін шығыстық үлгіде күн тәртібіне қою маңызды.

Амбициялық мақсаттарды алға қойған қазақ ойшылдары ғаламдастырудың шығыстық, бүкілтүркілік теорияны жүзеге асырады. Ол теорияда әр ұлттың еркін өркендеуі, соның арқасында әлемдік өркениет пен мәдениетке өзіндік үлес қоса алуы, бауырластық, адам құқықтары, демократизм принциптерін нығайта түсу.

92. Түсіндірменің құрылымы, мәтіні және стилі хақында ой қозғаңыз.

Түсіндірме-көркем шығарманың қандай жағдайда,қай уақытта жазылғаны жайлы анықтама,оның идеалық мазмұнын,құрылыс бітімін неғұрлым терең танып білуге қажетті деректер.Баспасөзде:

1.Кітапқа түсініктеме-мәтінді түсіндіру,кітаптың ғылыми-аппаратының бөлігі.Түсіндірме қысқа,үнемді,ыңғайлы болады.

2.Жалпы БАҚ жүйесіндегі насихат материалдарының бір түрі.Түсіндірмені қоғамдық-саяси оқиғалардың,құжаттардың жайын,мәнісін түсіндіруге т.с.с пайдаланады.

3.Радио,теледидар саласындағы материалдардың жедел түсіндірмесі.Қоғамдық-саяси,әлеуметтік-экономикалық,спорт және т.б өзекті мәселелер мәнін жан-жақты ашып жеткізу.

Комментатор (түсініктемеші)-белгілі сала бойынша білетіні,көргені көп,сол арқылы не бір шешуі қиын проблемалар туралы кесіп-пішерлік пікір-ой айта алатын,өзіндік ойларға,батыл болжамдарға бай,өмірлік құбылыстарды қабылдап,оларға баға беруде өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін тұлға.Бұл үшін оның тиісті бір сала бойынша мамандануы,сол саладан ол білмейтін құпия болмайтындай дәрежеге көтерілуі қажет .Коментатор белгілі бір ұғымның атынан сөйлегенімен,өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады.Коментатор-әрі диктор,әрі режиссер,әрі редактор,әрі репортер,әрі жүргізуші,әрі сұхбаттасушы.

93. «Жас Алаш» және «Комсомольская правда» газеттерінің төлтақырып қою үлгілеріне тоқталыңыз. Бұл «Жас Алаш», «Комсомольская правда» газеттерінің төлтақырып қою үлгілері ұқсас болып келеді. Тақырыптары газет оқырмандарының назарын аударып, елең еткізердей  екендігі газетті ерекшелендіреді. Мысалы «Жас Алаш» - өзінің шыншылдығымен, шынайы жазбаларымен, оппозициялық газет ретінде көпшілікке таныс. 24 желтоқсанда шыққан санындағы тақырыптарға назар аударар болсақ, «Алтынбек Сәрсенбайұлына жасалған қастандық – саяси террор!» , « Сот ашық әрі әділ өтсе президенттің өзіне деген күмән сейіледі», «Екі миллиардер текетіресі немен тынады», «Кәрім Кәрімді қойып кетті» деген сияқты тақырыптар оқырманды өзіне тартпай қоймайды. Бұл баспасөздің өзіне көпшіліктің назарын қамту барысында жүзеге асырылғандығының көрінісі.  Тек төлтақырып кана емес, суреттер де тақырыпқа сай орайластырып беріледі.

94. Жанрлық мәтінге қажетті фактілерді ірктеу мен сұрыптаудың маңыздылығын дәлелдеңіз.

Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін тұтасқан синтез ретінде бір жерден тауып, танымайынша оның жанрлық табиғатын түсіну мүмкін емес. Сондықтан қандай жанр болмасын оның тек сыртқы белгілерін ғана жіпке тізе бермей, ішкі мазмұнындағы сырлардың байыбына барыңқырап, жанрлық болмысындағы заңдылықты аша білу керек.» - деген болатын[5]. Демек, оқырманды тарту үшін де жанрды жаңғыртып, түлетіп отырудың рөлі орасан зор екендігін жағарыдағы ғалым сөзінен тұжырымдаймыз. Бүгінгі «қысқалық мен нұсқалық керек» деп, барынша қысқалыққа, жалаңдыққа, тек қана ақпарат жазуға бейімделіп келе жатқан қазақ журналистикасы көркемдіктен ажырап, мүлдем жұтаңданып кеткен сыңайлы. Бір мақаланың ішіне бірнеше жанрлық элементтері енгізіп, жанрлық қойыртпақтыққа тап болып отырғанымыз - өз алдына үлкен проблема. Кезіндегі баспасөз бетінде үлкен сілкініс туғызған Камал Смайылов пен Шерхан Мұртазаның арасында өрбитін эпистолярлық жанр да ұмыт болып барады. Профессор Қожакеевше айтсақ, газет-журнал материалдарының, радио және телевизия хабарларының өмір сүру және көрініс беру формасы - жанрлардың «жүрек соғысы» қазіргі басылымдарда тіптен мүшкіл. 
Жанр жөнінде белгілі ғалым, профессор Т.Қожакеев: «Жанр дегеніміз – газет-журнал материалдарының, радио және телевизия хабарларының өмір сүру және көрініс беру формасы» деп тұжырымдаса, М.М.Бахтин есімді ғалым: «Жанр – всегда тот, и не тот, всегда стар и нов одновременно. Жанр взрождается и обновляется на каждом этапе развития литературы и в каждом индивидуальном произведении данного жанра. Жанр живет настоящим, но всегде помнит свое прошлое. Жанр – представитель творческой памяти в процессе литературного представителя. Конец цитаты» деп дәйектейді. Яғни, жанр қашанда таныс һәм бейтаныс. Көнелігі мен сонылығы қашанда мезгілдес. Жанр - әдебиет дамуының әр кезеңінде және сол жанрдың әрбір жеке шығармасында жаңғырып, жасарып отырады. Жанр – бүгінгі күнмен өмір сүреді, бірақ өзінің өткенін естен шығармайды. Жанр - әдебиет дамуы үдерісіндегі шығармашылық жадтың өкілі. Дәйексөздің аяғы. (ауд. – К.Қамзин. – Н.Ж.).
Демек, жанр дегеніміздің өзі француздың «qenre» деген сөзінен шығып, біздің тілімізде «түр» деген баламаны береді екен. Яғни, жанр – ол, біздіңше, түр. « Газет жанрлары әр алуан, олардың ерекшеліктер де әр түрлі екені мәлім. Газет материалдарының сапалы болуы олардың жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті қолдана білсе, газет материалдары бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсап тұрмай, бірін-бірі қайталамай, арқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді, саны жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді, нәтижесінде, ондай газет материалдарын оқушылар сүйсініп, қызыға оқитын болады.
Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін тұтасқан синтез ретінде бір жерден тауып, танымайынша оның жанрлық табиғатын түсіну мүмкін емес. Сондықтан қандай жанр болмасын оның тек сыртқы белгілерін ғана жіпке тізе бермей, ішкі мазмұнындағы сырлардың байыбына барыңқырап, жанрлық болмысындағы заңдылықты аша білу керек.». [5]
Жанр жөнінде ғалым тағы да мынадай пікір білдіреді: «Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы пішініне ғана қарап қоймаймыз. Олардың атқаратын функцияларын негізге аламыз, өйткені олардың атқаратын функцияларына қарай сипаттама беруге болады. Жанрлардың түрлерге бөлінуі, ол түрлердің іштей ерекшеленулері жанрлардың жалпы даму заңдылығымен байланысты болуға тиіс. Публицист өз шығармасы арқылы заманымыздың оқиғалары туралы жалпы бағыт беруді қолай көреді. Немесе жанды фактілер арқылы оқырманға әлеуметтік өмірдің заңдылығы мен тенденциясын түсіндіруді мақсат етеді. Болмаса, оқырманға қазіргі өміріміздің әлеуметтік сипаттары туралы баяндап беруді көздейді. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем-публицистикалық болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіне тән заңдылығы, өз ерекшеліктері, өмір шындығын көрсетуде өз әдістер 

95. Жанрлар  ұласуы. Ақпараттық пішіндер туралы не білесіз.

Жанрлар ұласуы. Ақпараттық пішіндер туралы не білесіз.

Жанр жөнінде белгілі ғалым, профессор Т.Қожакеев: «Жанр дегеніміз – газет-журнал материалдарының, радио және телевизия хабарларының өмір сүру және көрініс беру формасы» деп тұжырымдаса, М.М.Бахтин есімді ғалым: «Жанр – всегда тот, и не тот, всегда стар и нов одновременно. Жанр взрождается и обновляется на каждом этапе развития литературы и в каждом индивидуальном произведении данного жанра. Жанр живет настоящим, но всегде помнит свое прошлое. Жанр – представитель творческой памяти в процессе литературного представителя. Конец цитаты» деп дәйектейді. Яғни, жанр қашанда таныс һәм бейтаныс. Көнелігі мен сонылығы қашанда мезгілдес. Жанр - әдебиет дамуының әр кезеңінде және сол жанрдың әрбір жеке шығармасында жаңғырып, жасарып отырады. Жанр – бүгінгі күнмен өмір сүреді, бірақ өзінің өткенін естен шығармайды. Жанр - әдебиет дамуы үдерісіндегі шығармашылық жадтың өкілі. Дәйексөздің аяғы. (ауд. – К.Қамзин. – Н.Ж.).

Демек, жанр дегеніміздің өзі француздың «qenre» деген сөзінен шығып, біздің тілімізде «түр» деген баламаны береді екен. Яғни, жанр – ол, біздіңше, түр. « Газет жанрлары әр алуан, олардың ерекшеліктер де әр түрлі екені мәлім. Газет материалдарының сапалы болуы олардың жазу үстінде журналистің баспасөз жанрының әрқайсысына тән сол ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер жаза білуіне байланысты. Егер журналист газет жанрларының теориясын жақсы біліп, оны өз ісінде жемісті қолдана білсе, газет материалдары бір-біріне егіздің сыңарындай ұқсап тұрмай, бірін-бірі қайталамай, арқайсысы өз жақсылығымен жарық көреді, саны жақсарады, жазылу түрі соны сипат табады, мазмұны тереңдейді, нәтижесінде, ондай газет материалдарын оқушылар сүйсініп, қызыға оқитын болады.

Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктерін тұтасқан синтез ретінде бір жерден тауып, танымайынша оның жанрлық табиғатын түсіну мүмкін емес. Сондықтан қандай жанр болмасын оның тек сыртқы белгілерін ғана жіпке тізе бермей, ішкі мазмұнындағы сырлардың байыбына барыңқырап, жанрлық болмысындағы заңдылықты аша білу керек.».

Жанр жөнінде ғалым тағы да мынадай пікір білдіреді: «Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы пішініне ғана қарап қоймаймыз. Олардың атқаратын функцияларын негізге аламыз, өйткені олардың атқаратын функцияларына қарай сипаттама беруге болады. Жанрлардың түрлерге бөлінуі, ол түрлердің іштей ерекшеленулері жанрлардың жалпы даму заңдылығымен байланысты болуға тиіс. Публицист өз шығармасы арқылы заманымыздың оқиғалары туралы жалпы бағыт беруді қолай көреді. Немесе жанды фактілер арқылы оқырманға әлеуметтік өмірдің заңдылығы мен тенденциясын түсіндіруді мақсат етеді. Болмаса, оқырманға қазіргі өміріміздің әлеуметтік сипаттары туралы баяндап беруді көздейді. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем-публицистикалық болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіне тән заңдылығы, өз ерекшеліктері, өмір шындығын көрсетуде өз әдістері бар» дей келе, профессордың өзі жанрларды төмендегідей жіктейді. Хабарлама жанрларына: заметка, есеп(очет), әңгімелесу (интервью) және репортаж жатады.

96. «Ана тілі» газетінің проблемалық мақалаларының мазмұнына тоқталыңыз.

Проблемалық мақала - белгілі бір мемлекеттің немесе қоғамның проблемалары, өзекті мәселелері сөз болатын мақалалар түрі.

Проблемалық мақала - белгілі бір мемлекеттің немесе қоғамның проблемалары, өзекті мәселелері сөз болатын мақалалар түрі.

«Ана тілі» газетіндегі проблемалық мақалаларды атап айтсақ, Бейбітгүл Исаеваның «Зейнетақы жүйесін жаңғырту қолға алынуда»,Исатай Қорғанбаевтың «Әлеуметтік мәселе – ұдайы назарда»,Анар Дүйсенбайқызының  «Мультфильмдердің бала тәрбиесіне әсері қандай?»,Бағдагүл Балаубаеваның «Тән саудасы мен жан жарасы»,Сұлтан Қадырбектің «Қазақ халқының өсіміне не кедергі?» мақалалары проблемалық мақала түрлеріне жатады.

97. Талдамалы жанрлар түрлерін атап көрсетіңіз.

Талдамалы  жанр түрлеріне мақала, рецензия, шолу, хат жатады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән.

Рецензия – латын сөзі. Қазақша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Рецензия дегеніміз - әдеби шығарманы сыни тұрғыдан бағалап, талдайтын, пікір білдіретін сын жанры.  (Қазақ совет энциклопедиясы. 9-том, 1976ж. 480-б.). Рецензияның аннотациядан ерекшелігі – бағалаушылық қызметі. Рецензияның басты мақсаты - өмірге келген әдеби туындыларды талдап, баға беру. Әдетте рецензия кез кедген шығармаға жазыла бермейді. Қоғамдық, әдеби мәні бар елеулі шығармаларға немесе айтар ойы бұлдыр, көркемдік құндылығы төмен, нашар шығармаларға жазылады.

Шолу. Шолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері ол аса қатаң фактологиялы, мұнда дерек автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқындап, араларындағы байланысты ашады, әрі іздестіреді; үшіншіден шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, көпшілігінде хроникалық шеңбермен шектеледі.

Құнды дерек көздерінің бірі – хаттар. Хаттар оқырмандармен байланыс орнатуда белгілі бір ақпаратты беріп, таратуда маңызды. Хаттар оқырмандармен байланыс орнатуда белгілі бір ақпаратты беріп, таратуда маңызды. Газет ісін жандандыруда оқырмандармен тікелей байланыс орнатып, түрлі аудиторияның қажеттілігн өтеу жағынан алғанда хатқа шолу жүргізу аса маңызды болып табылады.

Мақала талдамалы жарға жатады. Мақаланың өзіне тән ерекшеліктерін келсек: тақырып айқын, мәселемен журналист жақсы танысу керек. Дәйектер көкейге қонымды болуы керек. Фактілер бір – біремен байланысты. Дәйектер сараланған соң ғана журналстің өз тұжырымы жасалады. Сыңаржақ пікірден аулақ болу керек.

«Мақала – публицистикалық жанр, қоғамдық - әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп, талдау және оларды жинақтау негізінде нақты идея мен ой – пікірді немесе оларды жүзеге асыруға үн тастайды», -деп анықтама берілген. Мақаланың мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап – бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақаланың ғылыми, публицистикалық сипаттары болады.  Мақала авторы көтеріліп отырған мәселеге қатысты өз ойларын дәлелдеуге дәйектерді бір дерерккөзден немесе бірнешеуінен алуы мүмкін. Мақала әдеби өмірдің өзекті мәселелерге батыл барып, толымды талдаулар жасауына шамасы да, мүмкіндігі де мол жанр. Мақаланың түрлері: проблемалық, полемикалық, бас мақала т.б.

Корреспонденция. Зерттеуші-ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, корреспонденция репортажға жақын, сол сияқты оның бойынан мақала мен очерктің де элементтері кездесіп қалады. Бірақ, онда да өзіндік жазылу шеңбері, сөз қолдану жүйесі бар. Корреспонденцияның стилдік әрі жанрлық ерекшелігі материалды жинап, қорытуынан, оқырманға ұсыну үлгісінен байқалады. Бұл жанр газет бетінде көп кездеседі. Ол негізінен озат адамдардың істерін үлгі етіп, жақсы тәжірибелерді көпшілікке насихаттайды.

Корреспонденция көбіне баяндау стилімен жазылады. Оқиға, болмысты, фактіні, өмірде орын алған құбылысты ретімен, өзіндік жүйесімен логикалық байланыста баяндайды.

Баспасөз бетінде қазір көбіне проблемалық корреспонденциялар жиі жарияланып жүр. Бұл бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайларға тікелей байла-нысты болуы керек.

Корреспонденция үнемі жаңғыртылып, желпіндіріліп жазылуы қажет. Бірқалыптылық, бірізділік оған жат көрініс. Керісінше, бұл жанрдың тіліне мақал-мәтел, қанатты сөз, эпитет, келісті көріністерді суреттеу тән. Корреспонденцияның тағы бір ерекшелігі ол нақты фактінің жанры болғандықтан, көрген, әбден зерттеген объекті немесе субъектісін шындықпен әр қырынан алып суреттейді.

Баспасөз беттерінде өзінің тұрақты оқырмандарын қалыптастыру үшін корреспонденцияларды белгілі бір айдарлардың аясына топтастыру арқылы береді. Мұндай жағдай, оқырманның көп әуреленбей, оны жылдам тауып оқуына себеп болады. Көбіне, оларға қойылатын айдарлар бір-бірлеріне ұқсас болып келеді. Өйткені, сол тақырып арқылы оқырман алда сөз болатын информациядан түсінік алуға тиіс. Яғни, бұл жерде тақырып мәтіннің мазмұнын ашып көрсететіндей дәрежеде болуға тиіс. Корреспонденцияның грамматикалық формасы тек жалғыз бастауыш немесе сын есіммен бірлескен бастауыш, тағы да басқа сөз топтарымен байланысқан бастауыш, кейде қос бастауыш түрінде болып келеді.

Сондай-ақ, бастапқы жолдар да корреспонденция-да үлкен роль атқарады. Себебі, онда бұл жанрда берілетін информация туралы қысқаша сипаттама беріледі.

Композициялық, мағыналық, стилистикалық тұрғыдан алғанда корреспонденция мәтініндегі бастау (зачин) бірнешеге бөлінеді. Мұнда бастау айтарлықтай орын алмаса да, оқырманға проблеманы түсіндіру, өте маңызды, ол корреспонденциядағы негізгі сұраққа жауап беру қызметін атқарады. Жалпы алғанда, бастау мәтіні оқуға түрткі болуға тиіс. Олардың стилистикасына, мәтіні мен ара қатысына қарап төмендегідей топтарға бөлеміз:

Суреттеме бастау.

Сюжетті бастау.

Ақпаратты бастау.

Көріністі суреттейтін бастау.

Сілтеме (отсылочный) бастау. Корреспонденция жанрының екінші бір ерекшелігі оның аяқталу түйінінің болуында жатыр. Бүл жанрдың құрылымдық негізінде түйіндеудің орны ерекше болып келеді. Өйткені, мұнда қорытынды болуы шарт. Қорыта айтқанда, түйіндеуде корреспонденцияның мазмұнын ашатын ойдың қысқаша дәні берілуі тиіс. Мәтінмен байланысына, грамматикалық безендірілуіне (модальдық) және стилистикалық бояуларына қарай түйіндеулерді мынадай реттіктермен қарастыруға болады.

98. Рецензия мен баспасөзге шолу: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын нақтылаңыз.

Рецензия – латын сөзі. Қазақша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Рецензия дегеніміз - әдеби шығарманы сыни тұрғыдан бағалап, талдайтын, пікір білдіретін сын жанры.  (Қазақ совет энциклопедиясы. 9-том, 1976ж. 480-б.). Рецензияның аннотациядан ерекшелігі – бағалаушылық қызметі. Рецензияның басты мақсаты - өмірге келген әдеби туындыларды талдап, баға беру. Әдетте рецензия кез кедген шығармаға жазыла бермейді. Қоғамдық, әдеби мәні бар елеулі шығармаларға немесе айтар ойы бұлдыр, көркемдік құндылығы төмен, нашар шығармаларға жазылады.

Шолу. Шолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері ол аса қатаң фактологиялы, мұнда дерек автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқындап, араларындағы байланысты ашады, әрі іздестіреді; үшіншіден шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, көпшілігінде хроникалық шеңбермен шектеледі.

99. Қазақ басылымдарындағы Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған шығармашылық портреттерге тоқталыңыз.

(Қазақ әдебиеті газетінде осы мағлұматтар  ғана берілген екен)Бауыржан Момышұлының портретін кімге осы билет туседі сол жазып алар)))))

Бауыржан Момышұлы (1910-1982 жж.)

Қазіргі Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.

Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мүғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы кайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.

Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.

1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына үндеу хатында: "Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді... өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін... әділдік менен осыны талап етеді", — деп жазды. Бұл да аяқсыз калады. Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысады.

Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп (1950 ж.), сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Тактика төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі. Баукең әдебиет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес каһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бауыржан Момышұлының басты шығармалары: "Офицер күнделігі", "Бір түннің оқиғасы" (1956), "Москва үшін шайқас" (1958), "Майдандағы кездесулер" (1962), т.б. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфилов жайында "Біздің генерал" деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал "Үшкан ұя" романы 1976 жылы Казақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Біртуар қолбасшы туралы оқырман қауымға Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз", З.Ахметова "Шуақты күндер", Бақытжан Момышұлы "Қасымда сен барда", "Әкеге құрмет", М.Кдвдыбаев "Үмытылмас кездесулер" атты шы-ғармаларын ұсынса, режиссер М.Бегалиннің "Артымыз-да Москва" кинофильмі, В.Шацковтың МХАТ сахнасын-да қойылған "Волоколам тас жолы" пьесасы Момышұ-лының әскери өмірбаянын суреттейді. Оның соғыстағы ерлігін бейнелеген белгілі орыс жазушысы Александр Бектің "Арпалыс" повесі әлемді шарлап кетті...

228

Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1990 жылы). Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев-тың қолдауы арқасында, халқымыздын ардақгы үлы — көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқгы жау-ынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп еді. Бүгівде Бауыржан ба-тыр есімін иеленген мектептер, көшелер, елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала-даласында көптеп кездеседі. Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақга орнатылған, әскери мектеп-лицей бар.

100. Баспасөз жанрларын жіктеудің негізгі принциптерін айтып беріңіз.

Баспасөз Жанрлары — мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық шығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз Жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж), талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат) және көркем-публицистикалық (суреттеме, очерк, публицистика, эссе, баллада) жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпиграмма, пародия, шарж, т.б.) бар. Баспасөз Жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеум. тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. Баспасөз Жанрларының негізгі, басты міндеті — өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. Ол үшін журналистің білімі терең, ой-өрісі кең, жазу қабілеті мол болуы, сонымен қатар Баспасөз Жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі шарт. Баспасөз Жанрларын тиянақты меңгеру — журналистің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалдарының сапалық деңгейін арттырудың кепілі. Сондықтан да әр баспасөздегі белгілі жанрлардың өзіндік ерекшелігі мен принциптері бар.

101. Халықаралық қамтудың (обозрение) тақырыбы, дерек көзі туралы не білесіз?

Қамту -  аналитикалық түсіндірмені қолдана отырып аудиторияны болған оқиғамен таныстырады. Бір сөзбен айтқанда «оқиғаның көрінісі».

Қамтудығ түрлері:

1)Ішкі қамту – мемл-тің ішкі оқиғалары туралы.

2)Халықаралық қамту – халықаралық өмір туралы.Мезгіліне байланысты: күн сайынға, аптасайынғы, жыл сайынғы болйп бөлінеді. Олар ақпараттық және талдамалы болып та жіктеледі.

Мынандай тақырыптарды қамтиды:Саяси, экономикалық,спорттық,ауыл шаруашылығы,мәдени т.б.

Ал, басылым мен хаттың шолуы қамту жанрының ерекше түрі болып табылады.

Қамту- белгілі бір хронодогиялық немесе географиялық шеңбердегі оқиғалар мен дәйектерді саралайтын талдамалы жанр. Ол ішкі және халықаралы; апталық, айлық, жылдық; ақпараттық немесе талдамалы болып бөлінеді. Ал көтерген мәселесіне қарай:

•Саяси

•Экономикалық

•Ауылшаруашылық

•Әдеби

Халықаралық қамту- екі немес бірнеше мемлекет арасындағы орын алған жағдайлар м туралы ақпарат. Мысалы 1982 жфлдан бері шығып келе жатқан «Халықаралық марксистік қамту» журналы ағылшын тіліндегі теоремалық әрі талдамалық журнал. Оның негізгі дерек көзі мемлкеттер мен олардың саяси хал- ахуалы және ақпараттық агенттіктер.

102. «Жас қазақ» газетінің сараптамалық мақалалары жайлы түсінігіңіз.    

     Сараптамалық мақала- белгілі бір  проблеманы шешу жолында істелініп  жатқан шаралардың тиімділігі мен даму барысын сараптап, мәселенің өткені мен бүгінін салыстыра жазылатын мақала.

Мысалы, «Жас қазақ» газетінің қараша айындағы нөмірінде жарық көрген Көлбай Жеңістің «Үдемелі дамудың үрдістері» атты сараптамалық мақаласын алайық.           

Мақалаға арқау етіліп «Үдемелі индустриялық- инновациялық даму» бағдарламасы аясында 5 жылда бітуге тиімсті жобалардың 2015 жыл емес, 2020 ж бітетінін  Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтың сөзінен деректкер келтіре отырып, мәселенің түп- төркініне талдаулар жасалады.

Бағдарлама аясындағы айтарлықтай нәтижелератап көрсетілген. Мысалы, соңғы 3 жылда шикізат саласына қарағанда өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Машина жасау өнеркәсібінде 20% өсім бар. Сонысмен қатар өнеркәсіпте 85 мың жаңа жұмыс орны ашылып, ол еңбек нарығында әсер етті. Соның нәтижесінде ЖІӨ жыл сайын артып келеді дей келе:

«бірінші бесжылдыққа аранлаған меже аяқталуға жақын, ал екеінші бесжылдық жоспардың міндеті, елбасы айтпақшы: «Индустрияны арттыру емес- халықтың бақуаттылығын арттыру». Олай болса, екінші бесжылдыққа арналған бағдарлама осы мақсатта не істьей алады?» деп аяқталады.

Жалпы сараптамалық мақаланың негізгі мақсаты- нысанға алынған объектінің даму барысы, тиімді не тиімсіз тұстарын ашып көрсетіп, барлық жағынан талдап, сараптау.                                     

103. Мақала жанрының түрлері, мақаладағы логикалық тізбек не үшін керек?

Мақала талдамалы жанрға жатады. Мақаланың өзіне тән ерекшеліктерін келсек: тақырып айқын, мәселемен журналист жақсы танысу керек. Дәйектер көкейге қонымды болуы керек. Фактілер бір – біремен байланысты. Дәйектер сараланған соң ғана журналистің өз тұжырымы жасалады. Сыңаржақ пікірден аулақ болу керек.

«Мақала – публицистикалық жанр, қоғамдық - әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп, талдау және оларды жинақтау негізінде нақты идея мен ой – пікірді немесе оларды жүзеге асыруға үн тастайды», -деп анықтама берілген. Мақаланың мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап – бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақаланың ғылыми, публицистикалық сипаттары болады.  Мақала авторы көтеріліп отырған мәселеге қатысты өз ойларын дәлелдеуге дәйектерді бір дерерккөзден немесе бірнешеуінен алуы мүмкін. Мақала әдеби өмірдің өзекті мәселелерге батыл барып, толымды талдаулар жасауына шамасы да, мүмкіндігі де мол жанр. Мақаланың түрлері: проблемалық, полемикалық, бас мақала т.б.

104. Баспасөз мәслихаты, брифинг және пресс-релиздің айрмашылықтарын айтып беріңіз.

Баспасөз мәслихаты – органдардың, коғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны.

Мұнда көтерілетін мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз мәслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз мәслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.

"Баспасөз мәслихаты" 70-жылдарға тән жанрдың бірі студияда өтетін баспасөз мәслихаттары еді. Қоғам үшін өзекті тақырып табылғанда немесе Қазақстанға өте танымал тұлғалар ат басын тірегенде олармен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылатын. Оған тележурналистерден басқа газет пен журналдардың, радионың тілшілері шақырылып, жан-жақтан түрлі сұрақтар қойылады. «Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» - деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

Брифинг-1)белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің, БАҚ журналистердің алдында шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі.[1].Мысалы:халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

2)Үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.

3)Нұсқау, қысқа мәжіліс. Баспасөз өкілдерінің кездесуі. Онда белгілі бір мәселе төңірегінде үкіметтің позициясы баяндалады немесе халықаралық келіссөзге, конференцияға қатысушы жақтардың көзқарасы хабарланады.Брифинг баспасөз конференциясының үлгісі тәріздес. Брифингте мемлекеттің қандай да бір бағыттағы мәселеге көзқарасы ашық баяндалып, оған БАҚ-тың көзқарасы тексеріледі. Брифинг материалының баспасөз-конференциядағыдай баспасөзде жариялануы міндетті емес.

4)Эксклюзивті пресс-конференция. Брифинг–бұл сенімге кірген журналистерге арналған пресс-конференция. Брифинг мүмкін болған жағдайда кез-келген жерде өткізіле береді.Оның ғимаратта өтуі шарт емес, далада, су жағасында, балабақшада, саябақ аумағында кейде корабльде немесе ұшақта да өте береді.

Баспасөз маслихаты — әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз маслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз маслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.

105. Р. Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» эссесіндегі ұлттық болмыс-бітім туралы не айтасыз?

«Менің ұлым авар анасы  үйреткен тілді ұмытпауға тиіс»  деп басталатын бұл эссенің мағынасы тереңде.  Тіліңді ұмытқаның – еліңді, тарихыңды, анаңның ақ сүтін ұмытқанмен пара пар деген түпкі идея жатыр. Тілін ұмытқан кез келген адам – өткенін де бүгінін де мәңгі ұмытты деген сөз. Бұл эсседе өз ана тіліңді ұмытып өзге елде ғұмыр кешкенше, тірі басып жүрмей-ақ қойғаның абзал деген мазмұн бар.

«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» - деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

106. Баспасөзге шолудың шағын (тақырыптық) түрлері. Жалпы шолу. Осылардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Шолу. Шолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері ол аса қатаң фактологиялы, мұнда дерек автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқындап, араларындағы байланысты ашады, әрі іздестіреді; үшіншіден шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, көпшілігінде хроникалық шеңбермен шектеледі.

107. Футуроақпараттың табиғатын ашып көрсетіңіз.

Болашаққа ой тастап жазылатын ақпарат түрі. Белгілі бір жаңашылдықты, ақпараттың жаңалықтарын білдіреді. Болашаққа ой тастап жазылатын ақпарат түрі. Белгілі бір жаңашылдықты, ақпараттың жаңалықтарын білдіреді. Болашақты сөз ету мақсатында оқиғаларды сипаттайды. Ол бізге болашақтан хабар береді, алдымызда қандай оқиға немесе жаңалық күтіп тұрғандығынан хабардар етеді. Оған дәлел ретінде болашақта өтетін ЭКСПО-2017-ні айтуымызға болады. Осы ЭКСПО аясындағы өтетін іс-шаралар, жарыстар, көрмелердің қалай өтетіндігі жайлы бізге ақпарат таратады. Бүгінгі күні журналистер қауымы осы тақырып төңірегінде жарыса жазып жатыр.

108. «Финляндияға қазақ боксы мектебінің мықтылығын мойындаттым» сұқбатының («Алаш айнасы», 20 қараша 2013.) деректік негізі, идеялық мақсаты.

Жалпы бұл сұхбат бокс тақырыбында өрбігенімен, біздің елдің кемшіліктері мен ерекшелігі, жетістігі мен жеңілісі кеңінен көрініс береді. Еліміздегі қазақ азаматының өзге елде жұмыс атқарып, Финляндия елінің чемпионы атанып жүргенінің басты себептері негізгі дерек болып айтылады.

Сұхбат беруші -  Асқар Сәрсенбаев, бокстан Финляндия ұлттық құрамасының бас бапкері. Қазақстанның 1997 жылдары халі мүшкіл болғандықтан, өзге елге барып еңбек етіп, қазақты кеңінен танытып, қазақ жеріндегі бокс мектептерінің мықтылығын дәлелдетіп, мойындатып қайтқандығы нағыз ер азаматқа тән қасиет. Оған дәлел сұхбатта мына  тұстар айшықты жеткізілген: «Сонымен не керек, бастапқыда Суо­ми елінде қалғым келген. Алайда өз жерім­ді де ойладым. Кентауға барып әке-ше­шемнің қасында болайын деп шештім. Сөйтсем, елдегі жағдай тіптен мүшкіл екен. Ауылда не газ, не жарық, не су жоқ. Халық­тың күнкөрісі төмендеп кеткен. Әркім өз шаруасымен жүр. Күнін әрең көріп жүрген ха­лық боксты не қылсын?! Содан көп ойланбай қайта Санкт-Петербургке барып, артынан Голландияға өтіп кеттім. Ол жақта біраз тұрдым. Ұнамады. Халықтың мен­та­ли­теті мүлдем басқа. Боксшы ретінде қал­дыр­ғылары келген. Өзім бас тарттым. 1997 жылы ғой, елге оралсам жағдай өзгер­мепті. Сол баяғы бәз қалпы. Екі қолға бір жұмыс таппай, Санкт-Петербургке қай­та кетуге мәжбүр болдым. Сөйтіп жүргенде бір күні әлгі финляндиялық бапкер қайта ша­қырды. «Біздің елге жүр. Шәкірт тәр­биеле. Жаттықтырушы бол. Қаласаң, өзің де шар­шы алаңға шығарсың» деп қолқа салғаннан кейін ойланбастан Тампереге кетіп қалдым. Заңдары бойынша ішкі бірін­шіліктеріне қатысу үшін екі жыл сол елде тұруым керек екен. Алдымен халық­ара­лық турнирлерді ұтып жүрдім де, кейін 60 келіде Фин­ляндияның төрт дүркін чем­пионы болдым. Соңынан ел чемпионы бола беруден ұялып, тек халықаралық тур­нирлерге ғана қатысып жүрдім. Шаршы алаңда 35 жасыма дейін жұдырықтасып, біраз алтын алып бердім. Бапкерлікті де тастаған жоқпын. Менің клубым – Суоми еліндегі ең үздік клуб. Соны көрді де, мені Финляндия жасөс­пірімдер құрамасының аға жаттық­ты­рушысы етіп тағайындады. Мұнда да біраз жетістіктерге жеткен соң, қыздар құра­ма­сының тізгінін ұстатты. Артынша ұлттық құраманы да маған берді. Қысқаша айтқанда, қазақ боксы мектебінің мық­ты­лығын мойындаттым ғой.»- дегені расымен ойландыратын, ұтымды жауап.  Енді өзіміздің де елге осындай білікті мамандар керек екені анық. Сондықтан өзге елге өз мықтыларымыз кетіп қалып, өзге елде сұлтан болып жүргендері расымен, көңілге қаяу түсіреді және бұл сұхбатта ол Филяндия елінде қазақ қыздарын көп кездестіретіні жайлы айтылған, бұл дегеніміз – қазақ ұрпағын емес, басқа ұлттың ұрпағын көбейтіп жүрген қара көздерге деген реніш. Идеялық мақсаты – өз еліміздің майталмандарын өзге елге жібермеу үшін барымызды салу қажет.

109. Репортаждың дәстүрлі үлгісі. Репортаждағы авторлық импровизация дегенміз не?

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпаратәңгіме.[1]Репортаж оқиға болған жердің топырағында туады. Сондықтан да репортаж дегеніміз-оқиғаның өзі. Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі-өткен оқиғаны емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды, соны суреттейді. Ол жаңадан ғана қонған космонавтар туралы да, іске қосылып жатқан құрылыс, жаңа ашылған стадион немесе мәдениет сарайы жайында да, қалай болғанда да болып жатқан оқиға ғана баяндалады. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып боладыы деу дұрыс бола бермейді. Репортердің жазуға ықыласы ауған оқиғасының екінші бір жерде ешбір қайтланбайтын ерекшеліктері болады. Репортаждың мақсаты-болған оқиғаны бұлжытпастан суретке түсіру емес. Сол оқиғаның әлеуметтік мәні мен маңызын аша отырып, оқырманның талғамын таба білу. Репортаж жазу ісі нақтылықты талап етеді. Репортаж-шын фактілер мен оқиғаларды дәл, іле-шала көрсете алатын жанрдың бірі. Сондықтан репортаж неғұрлым оперативті болып, оқиғаны оқушыларға неғұрлым тез, айқын, әсерлі түрде ой толғарлық дәрежеде жеткізсе, ол соғұрлым бағалы, ықпалды да тартымды болады. Репотажға тән нәрселер: репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз қалпында суреттеп жазады, оған өзінің қатысын білдіріп, оны қоғамдық пікір талабымен толықтырады. Кез келген ұсақ-түйек оқиғалардың бәрі бірдей репортаж жазуға негіз бола бермейді. Оның негізінде қоғамдық-әлеуметтік маңызды оқиғалар жатуға тиіс. Оқиғалар толық, жан-жақты, жүйулі түрде жазылады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі нәрлі, стилі тартымды келеді.

Репортаж өз жанына сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады. Бұл жанрдың ерекшеліктерін анықтауға қиындық тудырады. Кейде репортажға өзге жанрлар кірігеді. «Газетте – дейді Е.Рябчиков өзінің «Радиохабарлар мен теледидардағы репортаж» деген жинаққа енген мақаласында, - репортаж күнделікті қолданылып отырады. Бірақ бұл айдарға мүлде бөлек дүниелер кірігеді.Кәдімгі ақпарат пен заметканы біз репортаж деп атап жүрміз. «Репортаж» айдарына көбіне немесе кейде «өткір» мақалалар енеді. Ал бұл оқырманның түсінбеушілігіне және сезіміне селкеу түсіреді. Репортаж, сұхбат, сурет қайда? Жай мақала қайда өзі? Деген сұрақтардың тууына ықпал етеді».(5бет) Сонымен бірге С.Гурьевич те «Репортаж» мақаласында («Газет жанрлары» жинағы.М.1972) сыни көзқараспен: «Газетте «Репортаж» айдарымен берілетін тілшілік, сұхбат, тіпті

заметкаларды неге екенін белгісіз жиі кездестіріп жатамыз. Ал кейде журналистер репортажды жиналыс, кездесу немесе маслихаттардан алынған оқиға, хабар деп түсінеді». (107бет) Осы шиеленістерге байланысты жанрдың нақты анықтамасын алға тарту оңайға түспей отыр.

Жанрдың тек өзіне ғана тән қасиеттері қандай? С.Гурьевич «Газеттегі репортаж» дейтін оқиға мен репортерді қамтыған брошюралық кітапшасында анықталған белгілермен: «Репортаж – бұл оқиғалар жайындағы оперативті, қозғалмалы,көңіл күйге негізделген әңгіме. Ол өзінің құжаттылығы, көрнекілігі арқылы автордың бұл оқиғаға қатысқандағы куәгерлік рөлінің қатысы арқылы ерекшеленеді.(15 бет) Ал В.Ученова «Баспасөздегі ақпараттар проблемалары» деген жинақта: «Репортажда оқиғаны шынайы суреттеу, оны талқыға салу автордың ой-пікіріне негізделеді» деп оқиға мен оған араласу қырларын анықтап көрсетеді. Репортаждағы оқиға болған заматта жариялануымен құнды. Оның түбіне жету үшін журналист шығармашылық бабында болып, жанынан шығарып айтуға, төкпелей айтуға икемделуі тиіс.

Теледидар, радио және баспадағы репортаждың ұқсас ерекшеліктерін анықтау үшін, оның түрлерін салыстыра отырып, жалпылама шешімге келуге болады. Қайсыбір жағдайда да екі компонент: оқиға мен репортер арасындағы байланыс репортажға негіз болады.

Репортаж – оқиғаның басы-қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін, объективті, жедел шығарма.

110. Ақпарат көздері, ақпараттар топтамасының сараптамалық сипатын ашып беріңіз.

Ақпарат көзі дегеніміз – мақалаңызды құру элементтері. Жақсы ақпарат көзін тапсаңыз, мақала өзінен-өзі жазылады. Ал егер жақсы ақпарат көзін жоғалтып алсаңыз, материалыңыздың қалай баяндалғанына, тақырыптың маңыздылығына немесе батыл берілуіне қарамастан, жариялауға жарамсыз болып қалады. Ақпарат көзін бағалау кезінде аса сергек болыңыз әрі өз-өзіңізге сын көзімен қарауды да ұмытпаңыз. Сізге беріп отырған ақпараттың анық-қанығын жақсы білетіндей ақпарат көзі лауазымды қызмет атқара ма, сенімді ме, әлде әншейін қауесетке сүйеніп жүргендер ме? Сіздің оқиғаны баяндау барысында келтірген дәлелдеріңіз қатал тексерістен немесе тәуелсіз тексеруден өте ме? Нақтылайтын ақпарат көздері бір-бірінен тәуелсіз бе? Егер сіздің мақалаңыз белгілі бір құжаттарға негізделіп жазылса, ол құжаттар сізде бар ма? Әлде ауызша естігеніңізге сүйеніп жаздыңыз ба?

Ақпарат көзінің сенімді болуы өз алдына, жақсы журналист ақпарат көздерінің ашықтығына да иек арта алады. Ақпарат көздеріне сүйене отырып салмақты материал жазып шығатын болсаңыз, аудитория оның сенімділігі мен объективтілігі жөнінде өзіндік пікір қалыптастыра алатын болады. Қақтығыстар, дау-дамай және айтыс-тартыс туралы материал дайындағанда ақпарат көзіне нақты анықтама беру өте маңызды. Журналист басынан бастап-ақ материалды барынша сенімді етіп дайындап, өзін «бейтараптықты сақтамады» деген айыптан қорғауы тиіс. Ақпарат көзін анықтау үшін «Оны біз қайдан білеміз?» деген сауал туындайтыны заңдылық. Осы сауалды қою арқылы қарсы тарап ақпараттың сенімді екенін дәлелдеуді талап ете алады.

Мысалы, біз «төбелес кезінде 12 адамның қайтыс болғанын» білеміз, оны бізге біреу айтты немесе өзіміз мүрделерді санап шықтық дейік. Ал егер ақпарат көзі қарсыласушы екі тараптың бірі болса, біз оның шынайылығына қалай көз жеткіземіз? Үкіметтің есебіне сүйенсек, биылғы жылы пісте өндірісі өскен. Алайда, үкіметтің есебіне құлай сенуге бола ма? әлде басқа да ақпарат көздерімен салыстыру керек пе? Ең басты міндет – ақпарат көздерін оқырман өзі шешім қабылдай алатындай етіп көрсету.

111. Нодар Думбадзенің «Я, бабушка, Илико и Илларион», «Я вижу солнце» повестеріндегі факті-образ туралы өз ойыңыз.

Бұлар автобиографиялық туындыға жатады.Екеуінің де оқиға желісі кішігірім ауылда өрбиді.Бұл ауылдарда ҰлыОтан соғысы кезінде ер кісілерден тек шалдар мен қарт адамдар ғана қалған болатын. Жетім бала Зурико әжесімен бірге тұрып, оның қолында өседі. Мектепте оқып жүргенінде сабағын оқымай, данышпан,оқымысты ата-бабаларынан ерекеленеді. Әжесі екеуі де сөзге тапқыр, қалжыңбас, бірақ, мейірімдіәрі ақылгөй. Көмек беріп, қол ұшын созуғаәрдайым дайын. Әжесі Зуриконы көп ұрсып, қарғайтын, бірақ, оған жамандық тілемейтін.Бір ретте тіпті «Когда язык мой прокленает, сердце мое благословляет тебя,сынок мой» деп айтып қалыпты.

«я вижу солнце» - қарапайым ғана бір ауылдың тарихы. Әпке мен інінің бір-біріне деген қамқорлық сезімі. Ұлы Отан соғысы. Тылдағы, соғыс лаңындағы өмір. Кітап жылатып отырып күлдіреді, күлдіріп отырып жылатады. Барлық кейіпкер оптимист. Өмірді тек жақсы тұстарын кқре алатын жандар . Грузиядағы қоңырқай күндер. Кітаптың «Я вижу солнце» деп аталуы, кейіпкер бойжеткен қыз туғаннан көзі көрмейді. Ал, күнді көре алатын жанның жанарын емдеуге болады.

112. Ұлттық идеология. А. Байтұрсынов көсемсөз туралы  қандай тұжырым қалдырған?

Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Мұндай идеология Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін азаматтық және мәдени бірегейлігін нығайтуға жәрдемдесетін болады, елдің үдей түскен жаһандану жағдайында төтеп беріп қана қоймай, өзінің ұлттық келбетін сақтауға көмектеседі, сонымен бірге оның түрленуінің, оның «басқажаһандану» белгісімен ойдағыдай жүзеге асырылуының алғышартына айнала алады.

Қазақстанның әлемге паш етуге лайық қазынасы бар. Ол — бірлік. Әлемге тәуелсіз және егеменді ел болып қалыптасқан Қазақстанның көптеген этностары мен конфессияларының өзара түсіністігі мен өзара келісімі тәжірибесі ерекше маңызга ие бола бермек.

Күшті күшпен ғана тоқтатуға болады деп ежелден есептеліп келді, әйтсе де данышпандар бұған керісінше пайымдады: «Өшпенділікті өшпенділікпен тоқтатуға болмайды — тек сүйіспеншілікпен ғана тоқта- туға болады». Қазақстан әлемге қарапайым, бірақ ұлы акиқатты дәлелдеді: татулықта және бейбітшілікте, жанжалсыз өмір сүруге әбден болады, қара- ма-қайшылықты пікір алысу үрдісінде шеше аламыз, мәдени және кон- фессиялық алуан түрлілікті сақтай отырып, бірлікке толық қол жеткізуге болады, күшке шынында да күшті — ұлттық Рух күшін қарсы қою керек. Сөйтіп қазақ ұлттық идеясы ғылыми айналымға жаһандану жағдай- ында Қазақстанның орнықты дамуынын күрделі проблемаларын зерделеу үшін аса маңызды біріктіргіш принцип ретінде енгізілген қазақстандық ұлттық идея болып табылады. Әнгіме қазір этносаралық қарама-қайшы- лықтарды шешу формасы қазақ ұлтының және басқа ұлттық диаспоралар- дың мүдделерін бірыңғай топтасқан қазақстан халқы болып қалыптасқан біртұтас мемлекет шеңберінде шебер ұштастыру негізінде этносаралық ықпалдасу тәсілі ретіндегі қазақстан идеясы туралы болып отыр.

Жоғарыда аталған бүгінгі ұмтылыстар, өмірлік басымдыктар және қазақстандықтардың өркениеттік мұраттары Қазақстанның ұлттық идея- сының мазмұның, ең болмағанда, таяудағы он жылға арналған мазмұның көрсете алады. Сөйтіп ұлттық идеяның мәні мынадай тұжырымда тезистік түрде айтылуы мүмкін: «Бастау-көзді ұмытпай, біз бірге әрбір қазақ- стандықтың игілігі үшін гүлденген және демократиялық күшті Қазақстан орнатамыз». Ұсынылып отырған ұлттық идея тұжырымы барлық көп этностық қоғамды топтастыра және азаматтық бірегейлік векторын күшейте оты- рып, мемлекетті нығайтудың, жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру- дың аса манызды әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларын шеше отырып, Қазақстанның барған сайын күшейе түсіп отырған жаһан- данушы әлемдегі орнын нығайтуға жәрдемдеседі. Ұсынылып отырған формадағы ұлттық идея қазіргі заманғы жаһанданудын бой көрсетуі ал- дында бүкіл елді жұмылдырудың нақты практикалық тетігі бола алады.

Міне, терен сипатты пікір алысу қазақ ұлттык идеясынын қазақстан- дық идея, барлық этностарды біртұтас халыққа біріктіретін, жаһандану үдерісінде өзінің мәдени және ұлттық бірегейлігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге оның өмір сүруін қажетгі құрылымдаушы факторына айна- ла алатын қазақстандық идея мәртебесін ала алатын тәсіл болып табыла- ды. Тек ұлттық идея ғана әлемдік қоғамдастыққа ұлттық мақтаныш сезімімен, өзінің мәні мен салмағын таныған санамен кіруге қабілетті нақты күш бола алады.

Идеология сондай-ақ мемлекеттін таяудағы жылдарға арналған сая- сатын айқындаушы ұлттық бірқатар мүдделерді де қамтиды. Бұл, ең алды- мен, қазақ ұлтының өзінің экономикалық өcyi және мәдени өрлеуі; ауыл- дың, ауылдық елді мекендердің қайта түлеуі. Ұлттық мүдделер қазақтар мен басқа да этностардың материалдық және рухани дамуынқолдаудың арнаулы әлеуметтік багдарламаларын әзірлеуді көздейді. Идеялар мен мүдделер жүйесі пікір алысу қағидасына орай құрылымдалады

Ахмет Байтұрсынұлы (1872—1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы,  ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

  Көсем сөз

Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатпен шығарылатын сөз.

Шешен сөзден мұның айрылатын жері — шешен сөз ауыз айтылады, көсем сөз жазумен

айтылады. Көсем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем

сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, істеу

ыждағатымен айтылады.

Әлеумет, шаруалық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағысын тағы сондай

қоғамшылық істерін түзеу, жаңалау, өзгерту керек болған кезінде халықты соған көсем

сөз арқылы ұйытып, көбінің миына қондырып, көңіліне сіңіреді. Көсем сөз күндегі мәселе

жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып тұрған газет-журнал жүзінде шығады.

Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан жұрт ісіне мәні зор

болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті

адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке басшылық қылатын адам көпті

көрген көсем, білімді адам боларға керек. Әйтпесе дүмше молда сияқты көбі көсемдік

қыламын деп әлеуметті адастырып, пайда орнына зиян келтірмек.

113. Саяси портрет және портреттік очерк: ұқсастығы мен айырмашылығын ашып беріңіз.

Саяси портрет (журналистік жанрдың бір түрі) – халықаралық немесе мемлекеттік саяси шенеуніктердің мінез-құлқын ашу мақсатында жазылады. Ішкі және сыртқы пішінінін суреттеу арқылы кейіпкерінің бейнесін (я жағымды, я жағымсыз) сомдау. Белгілі бір саяси тұлғаның саяси портретін жасау үшін, ол адам туралы қайда, қандай сөздер айтқанын, нені уәде еткенін, жеке өмірінде қандай жетістіктер мен табысқа жеткенін, неден сүрінгенін, неге көңілі құлағанын егжей-тегжейлі зерттеу қажет.Мәселелерфактілер дәлелді, айқын болуы шарт

Портреттік очерк. Көп ретте автор кейіпкердің публицистикалық образын жасайды. Мысалы, ол адам әлеуметтік топтың не кәсіптің өкілі болуы мүмкін. Осындай очерктің түрі саяси портрет деп аталады. Кейіпкердің (президент, парламент депутаты, әкім, қоғам қайраткері) жұмысына баға беріледі және саяси биографиясының маңызды кезеңдері мен эпизодтары көрсетіледі. Саяси портреттерді көбінде сайлау алды кампаниялар кезінде жариялайды.

Егер де кейіпкерге көркем сараптама тұрғысынан жасалынған очеркті қарастырсақ, оның саяси, іскер, интеллектуалды ұстаным негізінде дайындалған сараптамадан өзгеше екенін байқаймыз. Суретші-автор мен ойшыл-автор бір-бірімен полемикаға түскендей болады. Көркемдеу әдісі авторға образдың типтік болуына ықпал жасап, кездейсоқ ұсақ-түйектерден арылтады, саяси, іскер, кәсіби, экономикалық немесе басқа сараптамадан тәуелсіз, тұлғаның рухани жақтарын көрсетеді. Ондай очерктер ақын-жазушыларға, әртістерге көптеп жасалынады.

114. Фазиль Искандердің «Созвездие козлотура» повесіндегі газеттің ұстанған бағыты  туралы не айтасыз?

Созвездие козлотура» тповесіндегі басты кейіпкер Москвадағыи  жастар газетінен жұмыстан босатылғаннан кейін өзінің отаны Абхаздағы Мухус өаласына келді де, ауылындағы газеттің ауылшаруашылық бөліміне жұмысқа орналасады.

Ол кезде ауылшаруашылыңында реформалар жүргізіліп жатқан еді. Сол кездегі басшылықтың ықпалымен Платон Самсоновтың ойлап тапқан козлотур, тұқымы пайда болды. Ол етті әрі жүнді болғандықтан, басшылыққа оны қалай селекциялық жолмен алынатындығы маңызды емес, «айтылды – орындалуы керек» деген саясат жүрді де, қиыншылықтарын қарамастан, козлотур алынуы керек деген тапсырма берілді.

Нәтижесінде, козлотур – өзіне жіберілген аналықты маңына жолатпай, іс насырға шабады. Ал, басты кейіпкер өзі абхазша сөйлей алатындығын білдірместен басшысына кіргенде, олар өзара абхазша басқаша сөйлегенімен, кейіпкерге орысша мүлде басқа нәрсені айтады. Кейіпрке осылай басшылықтың екіжүзділігіне күйіп, бір жағынан тапсырманың орындалуы мүмкін емес екендігін мақала қылып жазып шығарады. Бір мақала барлығын өзгертуі керек болатын, бірақ бас редактор Автандиль Автандилович газеттің сол номерін ұстап қалып, кейіпкерге ескерту береді. Бір адамның ғана идеясымен басталған сенімсіз жоба осылай сәтсіз аяқталады. Бірақ, тағы бір идея туып келе жатады.     

115. Эпистолярлық жанрлардағы тіл қату пішіндеріне тоқталыңыз.

Эпистолярлық Әдебиет, эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады. Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден басталады. Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. Кейін хатпен жазылған роман пайда болды. Мыс., орыс жазушысы Н.М. Карамзиннің Орыс саяхатшысының хаттары” (1789  1792) – Эпистолярлық әдебиеттің тамаша үлгісі. Қазақ әдебиетінде Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің орыс достарына, Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат мұра. Эпистолярлық әдебиет 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты халық поэзиясынан кең көрініс тапты (Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұлұлына жазған хаты”, т.б.). Бұл жыр-хаттар ақ патшаның бұйрығына наразылық, ыза-кек білдіріп, тікелей көтеріліске шығуға, Амангелді Имановбастаған топқа қосылуға үндейді. Майданнан жазылған хаттарда жауыздық пен әділетсіздікке қарсылық білдірсе, майданға жазылған хаттарда ел-жұрттың сағыныш сезімі, амандық-саулық баяндалады. Эпистолярлық әдебиет кеңестік дәуірде кең өріс алып, айрықша дамыды. (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б.). 1916 жылғы сәлем хат жырлары 2-дүниежүзілік соғысыжылдарында туған Эпистолярлық әдебиетке келіп жалғасты. Бұл кезде жазылған хаттарда патриотизм, Отанды қанқұйлы жаудан қорғап қалу, дұшпанға деген өшпенділік сезімі басым. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов, т.б. жазысқан хаттар Эпистолярлық әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.  

116. Профессор Т.Қ. Қожакеев жанрды анықтаудағы басымдық туралы не айтқан?.

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

Қазақ әдебиетінің тарихында жанрлардың түрленуіне Абай Құнанбаев пен М.Әуезов шығармаларының рөлі ерекше болды. Поэзиядағы ұлы құбылыс болып табылатын Абай қазақ өлеңін жанрлық жағынан қайта түлетсе (“сегізаяқ”, “алтыаяқ”, т.б.), Әуезов түркі әдебиетін әлем әдебиеті деңгейіне көтерген “роман-эпопеяның” түрленген түркілік нұсқасын тудырды. Әдебиеттегі жанрларды тегі мен түріне қарап лирикалық, эпостық және драма жанрлар деп бөлеміз. Әлемдік әдебиетте лирикалық жанрларға: элегия, эпиграмма, эпитафия, ода,идилла, сонет, рондо, мадригал, ғазел, хокку, танка, баллада, памфлет, романс, өлең, терме, толғау, т.б. жатқызады. Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімнің үндесуі лирикалық жанрлардың басты ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік реңк, бояуымен де ерекшеленеді: элегия — мұң, эпиграмма — сықақ, ода — мадақ, т.б. Лирикалық жанрларды мазмұны мен тақырыптық өзгешелігіне қарап қана емес, бейнелеген өмір құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеумет лирика, философия лирика,көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. Эпостық жанрларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән. Дегенмен, бұл жанрлардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар (әңгіме, повесть, роман). Эпостық жанрлар ұлттық әдебиеттердегі аңыз, ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі заманғы әдебиеттегі эпостық жанрларға: новелла, мысал, әңгіме, повесть, поэма, роман, роман-эпопея, т.б. жатады. Эпостық жанрлардың әрқайсысы өзіндік табиғатына, алған тақырыбына байланысты іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Мыс., роман жанрның өзі іштей тарихи роман, лирикалық роман, деректі роман, мемуарлық роман, шытырман оқиғалы роман, серілік роман, психологиялық роман, т.б. болып жіктеледі. Ал әдеби ағымға, әдеби бағытқа, стильге қатысты романтикалық роман, реалистік роман, классикалық роман, т.б. түрлерге бөлінді. Кейде қалыптасқан дәстүрлі жанр табиғатынан өзгеше көркем шығармалар пайда болады. Кезінде, Л.Н. Толстой өзінің “Соғыс және бейбітшілік” атты шығармасын дәстүрлі бір жанр аясында қарастыруға қарсы болып, “Бұл роман емес, тіпті поэма да емес, ал тарихи шежіреден мүлдем алыс” деп пікір білдірген. Кейін автор оны “Илиада” мәнеріндегі шығарма деген. Яғни көне эпикалық дәстүрдің өз шығармасының жанрлық табиғатында көрініс тапқанын сезген. Әдебиеттану ғылымы бұл стильде жазылған көркем шығармаларға екі жанрлық анықтама беріп, “роман-эпопея” деп атады. Кейін сөз өнерінде бұл жанрлық түрде іргелі шығармалар жазылды (Дж.Голсуорси, М.А. Шолохов, Әуезов,Ә.Нұрпейісов, т.б. роман-эпопеялары). Драмалық жанрлардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан ірі 3 түрі бар. Трагедия жанры тарихи-эволюция ұзақ даму кезеңінен өтті. Эсхил, У.Шекспир, Ф.Шиллер, Г.Ибсен, М.Метерлинк, Ж.Б. Мольер, Ю.А. Стриндберг, Әуезов, т.б. қаламынан туған трагедияларды бір жанрлық қатарға қоя алмаймыз. Әдеби дәуір, ағым мен бағыт әрбір жанрға ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір суреткердің даралық, ұлттық, классик. стилінің жанр табиғатына өзгеріс енгізетіні де әдебиеттану ғылымында белгілі (қ. Стиль). Драм. Ж-лар іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Трагедия мен комедияның бір-бірімен ұштасқан трагикомедия, ал комедияның лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, т.б. түрлері бар. Комедияда өмірдің келеңсіз құбылыстары, адам мінезіндегі мін — күлкі, әзілмен беріледі. Ал трагедияның жанрлық ерекшелігі — шығарма күрделі оқиға, ымыраға келмейтін тартысқа құрылып, соңы қайғылы аяқталады. Әлем әдебиетінде трагедия жанры У.Шекспир шығармалары арқылы биікке көтерілді (“Отелло”, “Гамлет”), қазақ әдебиетінде трагедия жанрының үздік үлгісін Әуезов (“Қаракөз”, “Абай”) жасады. Жалпы драмалық жанрларға оқиғаны ширыққан тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне жеткізе суреттеу тән (қ. Драма)

117. Г.Х. Андерсеннің «Корольдің жаңа киімі» памфлетіндегі астары туралы не айта аласыз?.

Андерсен халық ертегілерінің образдарын пайдаланған жоқ, өзі бұрын мүлде беймәлім жаңа образдар ойлап тапты. «Інжу мен алтыннан да қымбат» атты ертегі-пьесасында дракондар бұзылып қалады. Бір драконның сол жақ қанаты сынып қалса, екіншісінің аузынан от шашатын механизмі істен шығады. Әрине, бұл күйінде дракондар ұша алмайтын болғандықтан, ертегі кейіпкеріне транспорттың басқа түрін табуға тура келеді. Андерсен ертегілерінде бәрі бар: темір жол, ұшатын шар, тіпті газетке дейін басылып шығады. Ертегілерде заттарға жан бітіп, ойыншықтар белсенді әрекет жасайды. Ұршық допты бағып жүрсе, тарақ етікке күйеуге шығады немесе қайтпас қайсар қалайы солдат көптеген адам сенгісіз оқиғаларды басынан кешіреді. Автор адам бойындағы жаман әдеттерді, әлсіздіктерді заттарға телиді. Мәселен, тебен ине өзін жіңішке сезінгендігі сонша, соңында жіңішке тігін инесі екендігіне сеніп қалады. Тебен иненің өзін-өзі дәріптеуі тіпті күлкі туғызады. Ертегіші бір ханшайымның ерекше ақылдылығын суреттегенде: «оның ақылдылығы сонша, әлемдегі барлық газетті оқып шықты, бірақ оқығанының барлығын ұмытып қалды» деп жазады. Осы мазмұндағы сатиралық ертегілер Андерсенде көптеп кездеседі («Корольдің жаңа көйлегі» т.б.).[2] Андерсен ертегілері қазақ тіліне де аударылды. Оның бастамашысы аудармашы Сасан Нұрғалимов болды. Ол танымал ертегішінің ел арасына кең тараған он бес ертегісін көркем тілмен аударып, Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасынан 1951 жылы жеке жкітап түрінде жариялады. Бұл кітап бүгінге дейін жас балалардың қызыға оқитын кітаптарының бірі.

118. Есеп жанрының оқиғалары неге негізінен жабық кеңістікте өтеді, тілі ресми болады дейміз.

Баспасөздегі есеп – қандай да бір өткен оқиғаны, іс-шараны шағырландырып ұсынады. Есеп басқа жанрлардан құрғақтығымен және баяндаудың сатылануымен ерекшелінеді. Есептің түрлері: тікелей есеп – оқиға болған жерден артық түсініктемелерсіз тікелей беру; есеп-коммюнике – өткен саяси кздесу туралы әңгіме;түсініктеме беру элементтері бар есеп-толғау; Кеңейтілген есеп – кеңейтілген түсініктемелермен ілеспе жүретін оқиғаны беру. Есептің тілі мен стилі – ресми-іскерлік мәнерде жазылады. «Теория и практика советкой периодической печати» атты ұжымдық монографияда есеп түрлерін былай бөледі: «Тікелей ақпараттық есеп, талдамалы есеп, тақырыптық есеп, бір адамның сөзіне құрылған есеп, бірнеше сұрақтарға құрылатын есеп, проблемалық есеп». Ал қазақ журналистикасын зерттеген ғалым Т.Қожекеев: «Қысқа есеп, кеңейтілген есеп, төте есеп, тақырыптық есеп, проблемалық есеп», - деп бөлуі көңілге қонымды.

Қазіргі таңда есеп жанры жанр ретінде мерзімді баспасөз беттерінде сирек кездеседі. Кейбір зерттеулер есептің тіпті жағалып кеткені туралы айтады. Бірақ олай емес. Есеп әлі ле өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланған жоқ. Бұл жанр әлі де газеттік публицистикада өмір сүре алады деуге негіз бар.

Есеп – белгілі бір аудитория (конференция, жиналыс, спорттық жарыстар және түрлі көрмелер, т.б) қатысқан іс-шаралар жөніндегі ақпараттық хабарлама. Айтылған мағұлматтардың сипатына қарай есеп жалпы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен айтылу ерекшеліктеріне қарай – ақпараттық (айтылған пікірлер, оқиғалар, деректер жүйелі түрде) немесе сараптамалық (назар белгілі бір оқиғаға аударылып, оған баға беру, түсіндіру) болып бөлінеді. Есепті іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау мақсатында жазады.

Есеп – баспасөз тәжірибесінде бұрыннан қолданып келе жатқан жанр. Шамамен XVII ғасырда пайда болған. Алғашқы есеп жанрының белгілері орыстың «Ведомость» газетіндегі Петр патшаның іс-сапарлары мен өзге ел өкілдерін қабылдауы жөніндегі мақалалардан байқалады. Есеп –іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау. Олардың қатарына: конфиренция, съезд, жиналыс және тағы басқа жатқыза аламыз. Есеп авторы жиналыс барысындағы мән-жайды толығымен жазады. Есеп жанрының баспасөз тәжірибесінде бірнеше түрі қолданылады. Олар: тіке және тақырыптық болып бөлінеді. Тіке есепжанрын газет бетінен гөрі радиода жиі кездестіреміз. Мұндағы ұшыртпай қаз-қалпында оқырманға я тыңдарманға жеткізу. Ал ақырыптық есеп барысында автор талқыға алынған мәселенің мәнін ашып, ол жайында түсініктеме береді. Орыс ғалымы А.Тертычныйесеп жарнының сараптамалық түрін қарастырғанда: «Сараптамалық есеп сөйлеген сөздер мен баяндамалардың өзара байланысы», - деп анықтама береді.

119. Т.С. Амандосовтың: «мақала идеядан бастау алады», - деген тұжырымына қосыласыз ба?

Мақаланың негізгі желісі – идея. Ол тақырыбының маңыздылығы, мақсаты мен байыптауының кеңдігі және қорытындысының аумақтылығы жағынан ерекшелене түседі. Белгілі бір идеяның, әлеуметтік ой-пікірлердің негізінде пайда болған мақала сол идея мен ой-пікірді насихаттайды немесе соны іске асыруға үн тастайды.

Мақала теориялық мәселелерге арналады. Немесе қоғам өміріндегі елеулі оқиғалар мен құбылыстарды қамтиды. Бұл жанр партия мен үкіметтің ішкі-сыртқы саясатын іске асыру үшін бүкіл халық пен мемлекеттің алдында тұрған міндеттердің негізінде туады. Сол міндеттерді еңбекшілерге жеткізе насихаттайды және оларды орындауға бүкіл халықты жұмылдырады, сөйтіп, бұл жанр кезеңінің қоғам алдында қойып отырған күрделі міндеттерінің негізінде пайда болады.

Бұл жанр адамның әлеуметтік өмірінің барлық жағын да, яғни оның өндірістік, экономикалық, саяси идеологиялық және тағы басқа жақтарын толық қамтиды. Ол қоғамдық немесе әлеуметтік өміріміздің белгілі бір тарауы, болмаса белгілі бір саласына арналады. Мұның өзі түсінікті де, өйткені, публицистиканың негізгі жанры ретінде «мақала бір ара салмақты алып, соны айқын көрсетеді, соның өзі жеткілікті».

Біздің жоғарыда айтқанымыздай, мақала бір идеяның, ал корреспонденция автордың бір объектіні зерттеуінің негізінде жазылады. Корреспонденцияның жазылуы орын мен уақытқа және жағдайға байланысты, оған адам қатысы талап етіледі. Ал, мақала үшін бұл талаптардың түгел болуы шарт емес. Мақаланы жазу үстінде автор қаулы-қарарларға, ресми документтерге, мемлекет қайраткерлерінің ресми хаттарына, редакцияға түскен әлеуметтік мәні бар хаттарға, немесе кітаптар мен газеттер тікпелерінен алынған деректер негізінде жазылады.

Мақала жаңа идеяның, жаңа мәселенің негізінде туады, бұқараға партия мен мемлекетіміздің шешімдерін жеткізу үстінде құбылыстар мен оқиғаларды жаңа міндет, жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіреді. Сөйтіп, оның тақырыптары заманымыздың міндеттерінен туған қоғамдық-саяси проблемалармен байланысты. Егер журналист бүгінгі күннің көкейтесті тақырыбын орынды көтеріп, теориялық және практикалық жағынан да түсінікті бере білсе, оның оқушыға ықпалы әсерлі келеді. Сондықтан да журналист «өз мақаласын жазып отырғанда ол басыла ма, жоқ па деп ойламай, оқушыға қалай ықпал жасайтынын ойлауға тиіс». Өйткені «газет орасан зор парламент немесе коллективтік түрде біріне-бірі үйретеді». Бұқараға осындай ықпал жасап, оларға партиямыз бен үкіметіміздің ішкі-сыртқы саясатын дәл түсіндіріп, оларды осы міндеттерге жұмылдыра білу – абыройлы міндет.

Бұл жанр туралы пікірімізді жинақтап айтсақ: мақала – қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп және талдап, жинақтаған қорытындының негізінде жазылатын публицистикалық шығарма.

120. «Казахстанская правда» қазақ газеттерінің материалдарын неге көшіріп басады?

Бүгінде жарық көргеніне 94 жылдан асқан республикалық бірден-бір ұлттық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Бүгінде ол еліміздегі таралымы ең көп газет болып отыр. Екі жылдан бері 200 мың дананың үстінде тираж алып келе жатқан газеттің күні бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолы республикамыздың тарихымен үндесіп жатыр. Қазір газет еліміздің барлық облыстарының орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады. 

Біз республикалық газеттің тарихын айтқанда заманында ұлтымыздың ұстыны, халқымыздың мақтанышы болған көптеген толымды тұлғалардың есімдерін еске түсірмей тұра алмаймыз. Сонау 19-шы жылы жарыққа шыққан «Ұшқыннан» бастап, бүгінгі «Егемен Қазақстанға» дейінгі аралықта газетіміздің кешегісі мен бүгінгісіне қызмет еткен сондай қарымды қайраткерлердің қатарында Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары бар. 
Осынау 94 жылдың толғауында газеттің аты да сан рет өзгеріске ұшырады. Ол алғашқы «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы» да атанды, «Еңбекшіл қазақ» та болды, «Еңбекші қазақ» та болды, әлденеше ондаған жылдар бойы алдымен «Социалды Қазақстан», содан кейін «Социалистік Қазақстан» ретінде де оқырманға кеңінен танылды. Ал еліміз егемендік алған алғашқы елең-алаң кезде «Егеменді Қазақстан» болып тәуелсіз жұртымен қауышса, 1993 жылдан бері «Егемен Қазақстан» болып біржолата орнықты. Дегенмен, осы жылдардың бәрінде газеттің аты өзгергенімен, заты өзгерген жоқ. Ол қалай аталғанда да өзінің елдіктің биік мінбері міндетін абыроймен атқара білді және атқарып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басылымға «Отанымыздың бас газеті» деген баға берді.
 
Елдің бас қаласы ауысқан сайын ұлттың бас басылымының шығатын орны да Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана болып ауысып жатты. Алайда, газеттің елдің өңіріндегі орны өзгергенімен елдің өміріндегі орны, халықтың көңіліндегі орны өзгерген жоқ. Қайдан шыққанда да ойдан шықты.
 
Қазіргі заманның талабына сай үстіміздегі жылдың қаңтарынан бері газет редакциясы жанында интернет-редакция құрылымы құрылып, ол газеттің электронды нұсқасынан бөлек, тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс жасайтын интернет-ресурс жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Бұл газеттің интернеттегі нұсқасымен күнделікті танысушылар қатарын ұдайы өсіре түсуде. Бұл үшін осыған байланысты хосттың күнделікті 500-ге жетер-жетпес деңгейден қазір үш мыңға дейін көтерілгенін айтсақ та жеткілікті. Күннен-күнгі газет қарау мөлшері бастапқы 1000 реттік 889шщшамасынан бүгінде 9000-ға дейін жетіп отыр. Қазір газетте шын мәнінде egemen.kz және egemennews.kz деп аталатын екі бірдей сайт жұмыс істеп тұр.

121. Р.С. Немов жеке тұлға психологиясын қалай жіктеген?

Үлкенге жалпы адам баласына инабаттылық көрсетіп, адамгершілік қасиеттерімен көріне білген адам мұсылман (момын). «Момынның ісін құдай оңдайды» дейді қазақ. Өйткені момынның ісі әділетті болады.

Момын мен ынжық екі басқа. Момындық – ақылды, ынжықтықтың ақыл парасаты болмайды. Момын адам өз ісіне ықтиятты, «тындырымпаз» тиянақты болады.

Пайыммен пайда болатын момындық мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Момын болсаң жолың болады» дейді халық, момындық мінез үлгі. «Үндемеген үйдей бәледен құтылады». Ұлттық тәрбиеде біз момындықтың әдептілікпен сабақтастығын дәлелдеп, ұрпақты қарапайымдылыққа тәрбиелейміз.Мұсылмандық мінез тәлімі. Жайсаңжандылық, ар-имандылық, шыншылдық, әділеттілік, момындық, қайырымдылық, мейірімділікті көрсететін мұсылмандық мінез – діни қағидаларды орындау нәтижесінде қалыптасқан қасиетті мінез.

«Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар» деген хадистік қағида бойынша, мұсылман адам жайсаңжандылықпен қарым-қатынаста өзінің сыпайылығын, әдептілігін көрсетеді.

Мұсылман адам өтірік айтпайды. «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді», «өтірік айтқан адам – мұсылман емес» деген хадистік қағида шыншылдықтың шынайы мәнін көрсетеді. Шыншылдық – имандылықтың бір белгісі.

Мұсылмандық мінез – жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін қасиетті мінез. Біз оның тәрбиелік мәнін пайымдап, пайдалану тәсілдерін үйретеміз.

Парасаттылық мінез тәлімі. Сабырлылық, ілтипаттылық, инабаттылық, әдептілік, пайымдылық, мейір-шапағаты жеке тұлғаның парасаттылық мінезін паш етеді.

Сабырлық, шыдамдылық, төзімділік адамның адами қасиетін қалыптастырып, парасатты бейненің кейпін кемелдендіреді. Жақсылыққа да жамандыққа да шыдау ақылға байланысты.

Ақыл-парасаты бар адам ашуланбайды, алуан түрлі қайшылықтарды ақылға жеңдіреді. Парасаттылық – ақылдың жеңісі. «Ашу аптығады, ақыл аяңдайды» деп, халық ақыл-парасатты жоғары бағалайды.

Сабырлы, салмақты, инабатты адамның әдептілігі оның беделін арттырады. Әдеп – парасаттылықтың алтын арқауы, адами қасиеттің нұры.

Парасатты адам пайымды болады. Ол сезімтал, әрнәрсенің парқын білетін тұлға. Жан-жақты пайымы жоқ адам «парасатты» болмайды.

Парасатты адам айналасындағыларды, мейірім шапағатымен баурап алады. Ол жақсы көргенін өбектемейді, «өзім» деп, «өзгеше» қызмет жасайды.

Мейірім-шапағаты мол парасатты адам жанбіткенді жақсы көріп, жадырап, қатынас жасайды, тек жақсылық ойлайды, жаһаннамға жақсылық жасайды.

«Жақсыдан парасат, жаманнан кесапат», «парасатты мінез, патшадайын бір өзі» деп халық, парасатты мінезді адамнан үлгі-өнеге алуды уағыздайды. Біз ұрпаққа ұлттық парасаттылық мінезді қабылдаудың тәсілдерін үйретеміз.

Сабырлылық мінез тәлімі. Ақыл тоқтату, шыдамдылық, төзімділік, салмақтылық, байыптылық, кешірімпаздық, кемелділік нысандарын көрсететін сабырлық жеке тұлғаның беделін арттырады.

Сабырлы адам қуанышта, қайғыда «ақыл тоқтатып, жақсылықта тасымайды, жамандықта жасымайды». Сабырсыз, арсыз адам одан соққы көріп, сабыр сақтамаудың сазайын тартады.

Қиындықта, қысылтаяңдыққа шыдамдылық көрсету, сабыр сақтаудың нәтижесі. Қилы заманның қиындықтарына шыдай біліп, сабыр мен ақыл ұстанған адам мақсатына жетеді.

Төзімділік шыдамдылықтан пайда болады. Сабырлы адам «бәріне де төзеді». Аштыққа ары-май, тоқтыққа толмай, төзімділік жасаған адам ақылдың айбарымен адамдығын сақтайды.

Сабырлы адам әрбір әрекетті байсалдылықпен бастайды. Байсалды басталған іс баянды болады. Байыптылық пен байсалдылық іс-әрекеттің өнімділігіне себепші болады. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» дейді қазақ. Байсалдының күші басым болады.

«Сабыр түбі-сары алтын, сақтасаң жетерсің мұратқа» деп қазақ халқы ұрпағын сабырлыққа тәрбиелейді.

Сабырлылық – байып пен байсалдылық арқылы қалыптасқан өнегелі мінез. Біз жастарға сол мінезден үлгі алу жолдарын үйретеміз.

Салауаттылық мінез тәлімі. Салауаттылық-жеке тұлғаның тазалығын, тақуалылығын, адалдығын, денсаулығын, жансаулығын, саналығын, сергектігін көрсететін ұлттық мінез.

Жан тазалығы, тән тазалығы, сөз тазалығы, ой тазалығы тұлғаның салауаттылық өлшемдері болып табылады. Жаны жайсаң, тәні таза, ана тілінде таза сөйлейтін, жамандық ойламайтын, жақсы ниетті адамды салауатты адам дейміз.

Өз тілін, өз ділін, өз дінін құрметтейтін тақуа адам нағыз адам. Тілдің құдыретін бағалап, адами қасиеттерін, ар-ожданын қалыптастыра білген тұлға – салауатты.

Салауатты адамның асы да адал, ниеті ақ. Ақ жүректі, ақпейілді адам жақсылық жасайды, жақсылық ойлайды. «Ердің саналығы -салауаттылығында». Салауатты адам денсаулығын сақтай біледі.

Біз ұлттық тәрбиеде салауаттылық мінезді жастарға өнеге тұтып, оларды салауаттылыққа тәрбиелейміз.

Ұлтжандылық мінез тәлімі. Ұлттық намыс, ұлттық сана, ұлттық әдеп, ұлттық рух, ұлттық дәстүр, ұлттық болмыс, ұлттық қағида арқылы пайда болған ұлтжандылық мінез қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қасиетті ұлттық мінезі.

«Атаңның ұлы бол, халқыңның құлы бол» деп қазақ халқы ұрпағын отансүйгіштікке тәр-биелейді. Ұлы күрестерде, қилы-қилы замандарда қалыптасқан ұлттық намыс ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелейді. Қазақ ұлты қан төкпеген, қанішерлерді ұлттық ақыл-айламен жеңіп, ұланғайыр жерін, ержүрек елін қорғап қалған.

Қазақ халқы ұлттық әдепті бойына сіңіріп өскен ұрпақты ұлағаттайды, әдептілік мінез қалыптасқан ұлттық әдептіліктің үлгілерін уағыздайды. Әдепті халық ұлттық әдепті қастерлей біледі, адамгершілікті ардақтайды.

Ұлтжандылық мінез қазақ халқының ержүректік, қонақжайлылық, қайырымдылық, имандылық, әдептілік қасиеттерімен қалыптасқан.

Ұлтжандылық мінез әрбір қазақтың қажеттілігі, болмыстық құндылығы. Ол қасиетті жастардың бойына сіңіре білу үшін біз дидактикалық тәсілдерді қолданамыз.

Ұялшақтық мінездің тәлімі мен тәрбиесі. Ізеттіліктен, имандылықтан, әдептіліктен, арлылықтан, адамдықтан, сыйласымдықтан пайда болатын ұялшақтық мінез әдепті көрсетеді.

Ұялу – имандылықтың нышаны. Иманды адам жақсылық жасап, қайырымды, мейірімді болуға бейім болады. Адамдық асыл қасиеттерді толық орындай алмай, толғанған адам ұялады, мейірлене түседі.

Ұялшақтық әдептіліктен пайда болады. «Зияты бардың ұяты бар» дейді қазақ. Әдеп сақтап, әдет-ғұрыптарды құрметтеп, ұлттық мәдениетті құндаған адам – ұлттық тұлға ретінде сол құндылықтарды игере алуға бейім.

«Арым, ұятым – барым миятым» деп, әрбір ұлттық тұлға адамдық арын биік қойып, ұлттық құндылықты толық игере алмағаны үшін ұялады, талпынады, шынығады.

Ұяттық сезім – адамдық қасиет. Әрбір адам өз кемшілігі үшін ұялады, абыройын «жабады». Сөз айтуда, киінуде, жүріс-тұрыста, мінезде өз кемшілігін сезген адам ұялады. Ол туралы «зияты бардың ұяты бар», «қазаннан қақпа» деп қазақ халқы ұяттылық туралы өнеге айтады.

Ұялшақтың ынжықтық емес (ол туралы айтамыз), ол – әдептіліктің бір белгісі. Мысалы келіннің қайнағадан ұялуы – әдептілік болып табылады. Біз ұрпаққа «ұятқа қалмау» тәсілдерін үйретіп, оларды ізеттілікке тәрбиелейміз.

122. Сұхбат жанрының монологтык әдісі туралы не білесіз?

Ғасырдың соңында сұхбат жанры Еуропада тарала бастады. Заманауи британдық журналист 1900 жылдың соңында ағылшындар сұхбат жанрын қолдана бастайды. Белгілі британдық журналист У.Стид 1902 жылы сұхбатты америкалықтар ойлап тапты дейді. Ол Англияға бірінші рет америкалық баспасөзден үлгі алған сұхбатты жібереді. Неміс журналистикасының теоретигі Э. Довифат 1927 жылы АҚШ журналистикасы туралы кітап жазды. Онда сұхбат жанрын нақты америкапық жаңалық ретінде мойындайды.

Сұхбат жанрын қолдануда, яғни «сұрақ - жауап» үлгісімен жазылған, журналист пен кейіпкердің әңгімесінің сол күйінде берілуін газет оқырмандары өзгеше қабылдайды. Өйткені оқырмандардың сұхбат берушіге емес, сұхбаттасушының жеке өміріне назары ауады. Ертеректе оқықырмаңдардың көңілін газетпен баураған жауапкеріпіліктен айылылған журналист, өзіндік қолтаңбасын енгізіп, қоғамдық пікірді білдірушіге айналды. Журналистің ирониясы, сарказмі, сұхбаттың драматургиясын құрастыра білуі, әнгімелесушіден ақпаратты ала білу шеберлігі сұхбат алушыға деген оқырмандардың ықыласын туғызды. Сұхбат алушы журналист атақты кейіпкерлерден алған сұхбаттары арқасында өзінің шеберлігін шыңдап, оқырмандарға жақындай бастайды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде насихатқа қажеттілік тууы Еуропада сұхбат жанрының дамуына түрткі болды. Соғыстан кейінгі кезенде еуропалық баспасөзде кеңінен таралған да осы сұхбат жанры болды. XX ғасырдың 30-шы жылдарында сұхбат газет журналистикасында дамыған жанрлар санатына қосытты және бұл кезеңде сұхбаттың түрлері де көбейді.

Еуропада қазіргі журналистік зерттеудің шебері саналатын неміс публицисі Понтер Вапьрафер неміс қоғамының әлеуметтік тенсіздігі мен озбырлығын, ФРГ азаматтарының демократиялық құқықтарын қорғайтын көптеген материалдардың авторы ретінде аты тарихта қалады.

Журналистердің алғашқы кемелденген кодексі қоғамдық сынның басылымға деген көзкарасы негізінде пайда болды. Батыс Еурапада жиырмасыншы жылдары журналистің этика нормалары өз бағытын өзі аныктау прцесін біршама белсенді жүргізді. Кәсіби журналистика әдебіндегі норманың формаларды  түрде бекітуін  реттеуші құжаттар, журналистака этикасыньщ базалык процестерін көптеген жылдар анықтады. Оның құрылымында кәсіподак пен журнатистика ассоциясы, ремкторлар мен баспагерлерді біріктіретін ұйымдар өз үлесін қосты. Ұлттык журналистерді біріктіретін кәсіподақтар Францияда 1918 жылы «Француз журналистерінің кәсіби міндеттерінің кодексін» өндеді.

Дәлелсіз айыптау, жасанды құжаттарды шығару, дәлелдерді бұрмалау мен ең маңызды қылмыс жайлы өтірік айту секілді өсекті жариялауға тыйым салды. Кодекс журналистерді коммерциялық және жарнамалық сипаты бар материалдарға қол қоймау кәсіби статусты жоғарылатады деді. Кодекс бойынша, журналистік қызмет кодекс бойынша журналистика коғамда болған әрекетті, оқиғаны ғана ұсыну емес, қоғамның сыни көзқарасын және жұмыс әдісін ресми түрде қалыптастыруға үлес қосу деп есептеді. Этикалық кодексте журналистика мен жарнама қызметінің қатал бөлінісінің ұстанымы жарияланды. Коммерциялық алға өрлеуде баспасөз қызметкерлерінің қатысуын теріске шығарады. Ертеректегі бұқаралық баспасөз өндірісі жарияланымдарына жаңалық түріндегі жарнама материалдары енген еді. Журналистер XX ғасыр басында жарнама агентгіктері мен газеттерде жарнама берушілердің тапсырысымен жазылған мақтау материалдарын орналастырып жариялады. Коммерциялық екеніне нұсқау жасалмай, бұл жарияланымдар тапсырыспен жазылғаны айтылады.

123. М.О. Әуезовтің   Индия сапары туралы  очеркіне тоқталыңыз.

«Индия очерктері» - жазушының 1955 жылы Үндістанға барған сапары туралы шығармасы. Очерктің алғашқы жолдарында саяхаттың басталуы туралы сөз болады. Бұдан әрі дәстүрлі түрде, сапарнамадағы баяндау бір жүйелілікпен жалғасады. Мұнда екі әлемнің қатыстырылуы да қалыптасқан шарт: оның біріншісі - «мен» (сая- хатшы) және екіншісі - «мен» арқылы танылатын «сыртқы әлем». «Тәжмахал» тек аппақ мрамордан ғана сапынған. Іші ою нақыстармен көп безелген, тас кестелі кейбір әсем бөлімдерін безендіруге ақ мрамордан басқа 18 түрлі тастар қолданылған. Астыңғы платформасымен санағанда ең жоғары ұшпа басына шейін 78 метр деп мелшерленеді. «Тәжмахал» дүние жүзіндегі адам колымен тұрғызылған жеті ғажайып архитектура ескерткішінің біреуі саналады.

Автордың осы баяндауынан оқырман қаншалықты мол мағлұмат алатындығы көрініп тұр. Очерктің енді бір тұсыңда сол ғимаратты ұлы моғолдар патшасы Шахжиһан салдырғандығы, оның Ақсақ Темірдің ұрпағы екендігі, түркі тектес халықтарға ортақ рухани қазына - «Бабырнама» жайында қызықты деректер келтіреді. Қай Ипмағамбетов оқиғаны баян етсе де, Әуезов-очеркист оқырманға Үндістанның тұрмысы мен тіршілігі, мәдениеті мен салт-санасы жайынан тосын жаңалық жеткізуге тырысады. Жолсапар очерктің құндылығының өзі де сонда. Дегенмен Әуезов бәрін білетін, асқан оқымысты болып көрінбейді. Қайта өзі де білуге ынтызар ретінде танылады. Мұның өзі очерк эпизодтарын тартымды жазуға жетелеген. Меселен, «Соңғы жаңалықтар» деген тарауда урду тілінде жазатын ақындардың мүшәйрасы туралы қызықты әңгімелеу бар. Автор үнді еліндегі мушейраны біздің ақындарымыздың мүшәйрасымен салыстыра отырып сөз қозғайды. Әуезовтің бұл очеркі 50- жылдардағы қазақ публицистикасындағы алғашқы сапарнамалардың бірі болатын. Шынында оқырмандар өз жазушыларымыздың шет жұрт өмірін бейнелейтін шығармаларына мейлінше зәру болып отырған жағдайда, аса көрнекті суреткеріміз Әуезовтің «Индия очерктері» атты кітабының жарыққа шығуы - әдебиетіміздегі елеулі құбылыс болған еді. Очерктің «Діндар қала Бенаресте», «Ескі Индияның ескі мұра мерзімдері», «Соңғы жаналықтар», «Қайтыс сапар», «Мушайра» сияқты жекелеген тараулары 1956 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Жазушы кейін бұл тарауларды толықтырып, 1958 жылы «Индия очерктері» деген атпен жеке кітап етіп, жарықка шығарды. Мұнан кейін бұл очерктер қаламгердің 12 томдық (2-кітап), 20 томдык шы- ғармалар жинағына (8-кітап) өзгеріссіз енгізілді

124. Сұхбат-портрет, технологиялық сұхбат. Сұхбаттың талдамалық сипаты туралы не білесіз?

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.

3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылтан жауап маңызды рөл атқарады.

Технологиялық сұхбат – құрал-жабдықтардың дамуына байланысты дүниеге келген. Басты ерекшелігі-қазіргі технолоиялық құрал-жабдықтарға сүйенеді. Мысалы: Детектор лжи.

125. «Лид» ұғымы, оның мақсат-міндеті. Лидтің жұмсақ түрлеріне тоқталыңыз.

Жұмсақ немесе баяу лид.

1. Баяндау лид (дәстүрлі ақпарат)

2,Контраст лид (оқиғаға негіз болған жағдай,уақытқа байланысты) салыстырмалы;

3. Стакато лид (қысқа,телеграф стилі,үзік-үзік,2 фраза,3сөзден тұрады.)

4.Бағытталған лид (бірінші сөзден,бірінші абзацтан бағыты білініп тұрады.)

5. Сұраулы лид (ашық сұрақ,астарлы сұрақ)

6.Цитата лид (дәйек сөзден болады)

7. Шолжаң лид (қалжынға,әзілге орам береді.)

126. С. Цвейгтің «Гений одной ночи» эссесін талдап беріңіз.

Ұлттық әнұранның қатарында франциялық марсельеза айрықша орын алады. Осы ән туралы узак әңгімелеуге болады, бірақ сол сәтті шыгатыны беймалим, тек австриялық жазушы Стефан Цвейга(1881-1942) гана новелланы"жұлдызды сағаттар адамзат" атты жинақка косты

127. Электронды басылымдардың баспасөз жанрларына әсері туралы не айтасыз?

Элоктронды басылымдардың баспасөз жанрларына әсеріне тоқталмас бұрын,баспасөз және электронды басылымға анықтама бере кетейік.

Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда— 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет.

Electronic Publication (ePub) — Сандық басылымдар бойынша Халықаралық форум IDPF тарапынан жасалынған кітаптардың электронды нұсқаларының ашық форматы. Бұл форматтағы файлдардың кеңейтпесі .epub болып табылады. Формат баспагерлер тарапынан, құбылмалы беттеуі бар сандық кітаптар мен басқа да басылымдарды жаңғыртуға қажетті, бағдарламалық әрі аппараттық қамтылуды қамтамасыз ете отырып, сандық басылымды бір файлға жаңғырту мен таратылуына мүмкіндік туғызады.

ePub контейнерінің ZIP-мұрағаты XHTML, HTML немесе PDF форматындағы мәтін, XML-дағы басылым анықтамасы, қасындағы бумалар — векторлық (SVG) графикадан, алдын-ала салынған қаріптерден, стилі кестелерінен және т.б. тұрады. Алғашқы нұсқа — Open eBook Publication Structure немесе «OEB» 1999 жылы ойластырылып, оның релизі ePub — 2007 жылы өткен болатын.

            Элоктронды басылымдардың баспасөз жанрында алар орны ерекше.Қазіргі таңда барлық баспасөздер-газеттердің де,журналдардың да,кітаптардың да,бюллетеньдердің де элоктрондық нұсқасы пайда болуда.Элоктронды басылымдар әр уақытта да қолайлы.Мысалы элоктронды кітаптарды алар болсақ,қай жерде болса да,автобуста,қоғамдық көліктерде,кештерде,саяси-әдеби жиындарда,т.б жиналыстарда,барлық жерлерде қолдану өте ыңғайлы.Сонымен қатар,көп адамдар қазіргі таңда әр баспасөздің элоктронды нұсқасын қолданады.Және бұл-ең ыңғайлы,қолайлы тәсіл болып табылады.

128. Ретроспективалық сұхбат туралы не білесіз?

Ретроспективалық сұхбатқа тоқталмас бұрын,сұхбат және оның түрлерін атап кетейік.

Сұхбат

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат. Сұрақ — 1) оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау. Сұхбат оқушылардың, студенттердің білімін әр қырынан тексеру үшін қойылады

Күнделікті қоғамдық өмірде жаңа бір құбылыс өріс алып,пайда болып,өркен жайса,екінші бір құбылыс өз қызметін атқарып ,өмірден өтіп жатады.Сөйтіп,адамзат  қоғамы үнемі өсумен ,ілгерілеумен болады.Бұл дамудың барысында талай мәселе,талай проблема туады.Ал осы мәселелер мен проблемалар туралы бұқараға нақты түсінік беру үшін,оны үгіт пен насихатты бұқаралық құралдары арқылы кеңінен насихаттау үшін журналист бұл мәселені,проблеманы терең білетін мамандармен ақылдысу үшін кеңірек,нақты түсінік алу мақсатында олармен кездеседі.Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы бәлетін,болған оқиғаны  дұрыс бағалай алатын адаммен сұхбаттасу журналист үшін өте бағалы болып саналады.

Сұхбаттасудың тақырыбы да,обьектісі де кең.

Мәселе-кез-келген адаммен кездесіп,онымен ауызба-ауыз сөйлескен әңгімені бұлжытпай жазып алуда емес.

Журналист әңгімеге лайық тақырып таңдай алды ма?Әңгімені алу үшін кіммен сөйлесу керек,журналистің өзінің әзірлігі қалай,лайықты сұрақтар қоя біле ме?Міне,осындай негізгі талаптарды журналист орындағанда оның әңгімесі тартымды шығады.Күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамныңой-пікірін біледі немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады,онымен сқйлеседі.Осыларды әдеби өңдеп,қорытып жазады,міне,осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар анрының бір түрі-сұхбат деп аталады.Сұхбат-баспасөзге ерте кезеңдерден тараған жанрлардың бірі.Сұхбат бірнеше түрге бөлінеді:

Технологиялық сұхбат

Ретроспективті сұхбат

Сұхбат-әңгіме

Сұхбат-анкета

Ал, енді ретроспективалық сұхбатқа келер болсақ:

           Ретроспективалық сұхбат дегеніміз-өмірден озып кеткен,алайда тарихта ізі қалған,есімі қалған,белгілі қоғам қайраткерлерінен ,танымал болған кісілерден,қазақ қоғамынан,тарихынан ойып тұрып орын алатын ақын-жазушылардан,үш жүздің басын қосқан билерден,елі үшін жан аянбай күресіп,қасық қаны қалғанша шайқасқан батырлардан,от ауызды,орақ мойынды шешендерден,бір елді тұтас басқарып,елге бейбітшілік сыйлаған хандардан,болыстардан алынатын сұхбат болып табылады.Мысалы, қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаевтан,орыс-географиялық қоғамының мүшесі болған,жастайынан қыршын кеткенШоқан Уәлихановтан,Ә.Бөкейхановтан,А.Байтұрсыновтан,М.Дулатовтан,бес арыстан,үш бәйтеректен,үш биден ,Мұқағали Мақатаевтан,Әз Жәнібек ханнан,тіптен аңызда есімі қалған,тарихта өзіндік орны бар,нақыл сөздері болашақ ұрпаққа мұра болып қалған Қорқыт атадан да,бір сөзбен айтқанда ұрпаққа мол мұра қалдырған кез-келген қоғам қайраткерінен ретроспективалық сұхбет алуға болады.Бұл сұхбаттың негізі- олардың өздері емес,артында қалдырған мұралары,романдары,қара сөздері,эпостолярлық хаттары,қоғамның түйіткіл мәселелеріне арналған жазбалары болып табылады. Журналист санасында мәңгі әркез жүрген, көкейкескен,алаңдатып,мазалаған сұрақты қою арқылы сол ата-бабаларымыздың мұраларынан өзіне жауап іздей алады.Яғни,ол сұрақтың жауабын іздеу үшін де, көп еңбек қажет.Ізденіс,талпыныс қажет.Мысалы,бұл сұхбат үшін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының қара сөздері таптырмас асыл мұра болып табылады.Бұл сұхбатқа мысал ретінде, “ана тілі” газетінде 2009жылдың 11 наурызында  жарық көрген Жадыра есімді қызымыздың Ш.Уәлихановпен сұхбатын алуымызға болады.Ол сұхбаттың басы былай бастапты: Соңғы кезде Абылайхан атындағы Орталық кітапхана әлденені айтқысы келгендей әрі-бері өткенде томсырайып қарап тұрады. Барған сайын әлдеқандай беймаза көңіл-күймен қайтып жүрдім. Бір күні Шоқан Уәлихановтың бес томдық таңдамалылар жинағы қолыма түсті. Содан ба екен кітап қоймасы да жадырап сала берді. Ал Мұхаммед-Ханафия Шыңғысұлы сөйлеп жатыр. 

– Халық ауыз әдебиетінін, тарихын тірнектеп жиған жан, сіздей-ақ болсын. Ендеше қазақ атауының қалыптасуына, Алаш идеясының тууына өзіндік көзқарасыңыз қандай?
– Қазақ немесе алаш елінің о бастағы – шығу тегі қайдан деген сұраққа, халық арасындағы жыр-дастандарынан қанағаттанарлық тәп-тәуір түсінік алуға болады. Егер Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы 1392 жылы басталса, сол жылы қазақтардың алғашқы ханы – Алаш пен оның балалары өлтірілсе, шамамен мөлшерлеп, Алаштың 14-ғасырдың орта шенінде ғұмыр кешкені анықталады. Татар қазақтарының шыққан тегін Алаш, Алашамен байланыстыруында да тарихи шындық жатыр. Себебі еркіндік аңсаған азиялықтардың да шартты түрде өз ханы, өздерінің саяси бірлігі – мемлекеті, әр түрлі тайпалар одағын ұстап тұратындай пірі-көсемі – сиынатындай ата-бабасы болуға тиіс еді. Қыпшақ пен Түркістан ордаларынан босқан халықтардың есесімен, қазақ одағының өсіп, нығаюы бірте-бірте, астыртын түрде болды. Тайпалар одағының қуаты мен санына байланысты – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген ұғым қалыптасты. Көшпелі тұрмыс, жаугершілікке бейімділік далалықтардың күнделікті тірлігінде ізін қалдырды. «Шайбанинама» деректеріне қарағанда, қазақ деген жаңа қауым адамдары құрметті, отырықшылардан рухани жоғары деген ұғымда баяндалады.

– Азттығымызды алғанымызға біршама уақыт өтті. Жыл сайын реформадан реформа. Дегенмен қазақ қоғамы қандай өзгерістерге зәру?
– Біздің заманымызда регламентация (тәртіп белгілеу) мен формализмге анохронизм ретінде немесе қытайдың 10 мың салтанат есебінде қарау керек. Формализм мен бюрократизм кертартпалық-тоқырауға себепші болды да, бұған дейін қандай да болмасын пайдалы қоғамдық іске қытай қорғаны сияқты тосқауыл жасап, халықтың жасампаз жігерінің талабымен – жиілеп, күн санап құлпырып, жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатты. Қандай да болмасын өзгерісті ұластырып, орын тептіріп, әрі сақтап қалу үшін біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалып отырғандықтан, оның материалдық мұқтажына шақталуы, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістің бәрі де зиянды, әрі аномал (жағымсыз) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып мешеулетуі мүмкін

129. Е. Раушановтың фауна мен флораға арналған мәтіндері туралы өз ойыңыз.

Ақын Есенғали Раушанов өзінің 2010жылы 12наурызда “Егемен Қазақстан”газетінің №90-93 санында жарық көрген фауна мен флорға арналған “Астана орманы''мақаласының басын былай бастайды: Жер деген не? Ол жалпы көлемі 510 миллион шаршы шақырымды құрайтын алып планета. Сол байтақтың 2717,3 шаршы шақырымы біздің Қазақстанның еншісінде. Бұл, әрине, тіпті де аз жер емес. Аз нәрсе не? Ол – орман. Жер бетінде 38 миллион шаршы шақырым орман болса, соның бар-жоғы 0.3 пайызы ғана біздің еншімізде көрінеді. Демек, бұл Қазақстан жерінің бар-жоғы 4,3 пайызы орман деген сөз. Әрине, аз. Өте аз. Аз болғандықтан-дағы ел картасында көк жасыл бояудан гөрі сұрғылт түс басым. Мысалы, көрші Ресей жерінің 46 пайызы, Украинаның 18 пайызы, Беларуcсия жерінің 34 пайызы, Грузия жерінің 34 пайызы, Молдова жерінің 13 пайызы, Түркия жерінің 25,9 пайызы, Әзірбайжанның 11, Арменияның 15 пайызы ағаш өскен алқаптарға жатады. Әлемдегі ағаш атаулының жартысынан көбі негізінен төрт мемлекеттің жерінде өсіп-өнеді екен. Атап айтсақ, дүние орманының 22 пайызы Ресейде, 16 пайызы Бразилияда, 7 пайызы Канадада, 6 пайызы АҚШ-тың еншісінде. Бұл тізімде де біз жоқпыз. Қайтеміз, батысынан шығысына, оңтүстігінен солтүстігіне қарай ұшқан құс тек қана ағаш басына қонып ұшатын бірөңкей жасыл жеріміз жоқ, қалай десең де Құдай Тағаланың бергені осы. Бәлкім, бұл соншалықты қиналатындай ауыр мәселе емес шығар. Ғылыми деректерге сүйенсек, орманы бізден де аз елдер бар. Олар да өмір сүріп жатыр. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей. Жалпы, осы орман деген неге керек? Бұл өзі бүкіл әлем жақсы көретіндей соншама маңызды зат па?

Атмосферадағы шаң-тозаң, көміртегі секілді зиянды дүниелерді жұтып, ауаны тазартатынын тағы ескеріңіз. Жер де, жан-жануарлар да адам сияқты тыныс алады. Ауамызды тазартатын көп фактордың бірегейі жасыл флора десек, біз бәрін былай қойғанда дені сау ұрпақ туралы, яки генофонд жәйлі айтамыз. Генофонд туралы әңгіме біз сияқты етек-жеңін енді жиып, ертеңгі күніне үлкен үміт артып отырған жас халық, жаңа мемлекет үшін ең маңызды әңгіме екені даусыз. Қай халық та тіршілік үшін күреседі, әсіресе біз тарих сахнасынан шетке ысырылып түсіп қалмау үшін барымызды саламыз. Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас, қалай болғанда да гәптің ашығы осы. http://old.egemen.kz/indexold.php?act=readarticle&id=5432 осы сайттан керегін қосып аларсыздар

130. «Рисала» атты жанр туралы не білесіз?.

«Рисала» - Шығыс әдебиетінде ежелден бар жанр. Қазақта бірінші рисала жазған адам - Абай. Абай «қара сөздер» деп емес, «сенім-наным кітабы» деп жазған екен. Кейінгілер оны «бірінші сөз», «қырық бесінші сөз» деп нөмірлеп шыққан. Абайдыкі ғақылия түрінде келсе, менікі Ислам дініне негізделген дүниелік философияның прозалық түрі деуге болар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың жаңа кiтабына оның соңғы жылдарда өндiрте жазып, күнделiктi баспасөз беттерiнде үзбей жариялап жүрген рисалалары енгiзiлген.

Бiрден көңiл аударарлық нәрсе – осы кезге шейiн әр түрлi жанрларда талантты шығармалар жазып, оқырман қауымға әбден танымал болған аға жазушымыздың бұл шығармалары әуелден-ақ талғампаз оқырманның назарына түсiп, жоғары бағаланған едi.

Қазақтың жазба әдебиетiнде ұлы Абайдың «Ғақлия сөздерi» бар. Осы «Ғақлия сөздер», бiздiңше, бiздiң жазба әдебиетiмiзде ежелгi Шығыс ойшылдарының өнеге-iзiмен жазылған ең алғашқы рисала жанрының үлгiлерi едi.

131. Фельетон жанрының саябырсуы не себептен деп ойлайсыз?

Фельетон (фр. feuіlleton, feuіlle – парақ) – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма. Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың “Журнал де Деба” газеті өзінің қосымша шығарған парақтарын Фельетон деп атаған. 19 ғасырдың 1-жартысында болған француз революциялары кезінде бұл парақтарда негізінен қоғамды сынайтын мақалалар басылды. Кейіннен “Фельетон” термині Франциядан Германияға, кейін Ресейге ауысты. Немісорыс баспасөздерінің белгілі бір беттері Фельетон деп аталып, онда қоғамдық-саяси мақалалар, сыни-айтыс еңбектер, әдеби шолулар жарияланды. Келе-келе Фельетон белгілі бір нысананың кемшіліктерін күлкіге айналдыратын сатиралық жанрға айналды. Қазақ жерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін Фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды. 1920 – 30 жылы Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, 1940 – 50 жылы А.Тоқмағамбетов бұл жанрды әрі қарай дамытты. Кейіннен бұл жанрда О.Әубәкіров, С.Адамбеков, т.б. жемісті еңбек етті.

Фельетон.Бұл жанр Францияда XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі буржуазиялық-революциялық баспасөзісен бірге шықты және бұл алғашқыда тапқырлықпен жазылған,көлемі шағын әдеби сын мақала немесе театр рецензиясы болған.Революцияға дейінгі Россияда фельетон деп оның жанрлық ерекшелігі ескерілмей,газет бетінің төменгі жағында етек мақала болып басылған материалды айтқан.

Біздің түсінігімізде фельетон дегеніміз-бүгінгі таңда өте маңызды өткір сын рухында жазылған өзінің көздеген мақсатына баяндаудың  ерекше тәсілдерін қолдану арқылы жететін әдеби материал.Фельетонда сықақ пен мысқылдың элементтері болады,оның стильі образды,қызықты және жеңіл келеді.Кекесін мен келекені,өткір де мәнерлі теңеулерді шебер қолдана отырып,фельетонист совет адамдары санасындағы капитализмнің сарқыншықтарын уытты өткір тілмен әшкерелейді,көргенсіздік пен менмендікті,бюрократизм мен қағазбастылықты,үйренген бір әдеттен таңбаушылық пен кертеартпалықты,жағымпаздық пен жарамсақтықты,сұғанақтық пен ұрлықты шенейді.

   Фельетонның авторы алған тақырыбының қаншалықты маңызды екенін,өзі қандай мақсатты көздеп жазып отырғанын,өзі пайдаланбақшы болған көркем сөз құралдары белгіленген  мәселені шешуге қаншалықты көмек болатынын ойластыруы керек.

Фактілерді келтіргенде әдепсіздік істеу,сөзуарлық,өрекпеушілік біздің публицистикамызға жат қылық.Мұндай қылықтарға фельетоннан да орын жоқ.

Фельетонның жұртқа белгіілі бірнеше түрі бар.Әсіресе нақты тақырыпқа жазылған фельетон жиі кездеседі.Сонымен қатар,проблемалық фельетондар да жарияланып тұрады,оларда шынайы кейіпкерлер жоқ,олардың кейіпкелері ойдан шығарылған болады.

Ұнамды сипаттта жазылған фельетондар да кездеседі.Олардың астарында достық әзіл,көңілді,бірақ зілсіз күлкі болады.

Қазіргі таңда фельетон жанрының саябырсуының себептері көп.

132. «Елім саған айтам, елбасы сен тыңда» шығармасын қай жанрға жатқызар едіңіз?

Азаматтық бағыты айқын, ұлттық психология мен ұлттың рухани әлемін терең түсінетін, ел болашағын айқын бағдарлайтын жазушы - публицистердің көш басында Халық жазушысы Шерхан Мұртаза мен журналист-жазушы Камал Смайыловтар тұр. Олардың өмір, еңбек жолы қатар, жазушылық шеберліктері ауқымды. Зерттеуде аталмыш авторлардың республикалық “Егемен Қазақстан” басылымында жарияланған “Хаттары” (кейіннен “Елім, саған айтам, Ел басы, сен де тыңда” деген атпен жинақ боп шыққан) мен 2000-2002 жылдары “Егемен Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” және “Жас Алаш” газеттерінің беттерінде жарық көрген мақалаларында адам сезімі мен эмоциясының тілдік тәсілдер арқылы бейнелену шеберлігі басқа ақын-жазушылардың көркем публицистикасының тілімен салғастырыла отырып талданды. Ғылыми еңбектің соңында зерттеу материалдары арнайы тізімде көрсетілді. Авторлардың “Елім, саған айтам, Ел басы, сен де тыңда!” атты хаттар жинағы зерттеу барысында “Хаттар” деп көрсетіліп отырды. Қазіргі баспасөзді айдынға   теңесек, аққулары аз, авторлар сиреп кетті. Сондықтан да бүгінгі журналистер бұқарамен тығыз байланыста тіршілік жасауы керек. Сонда ғана ол аққулы айдындай өзінің сәнімен жарасып тұрады.
Тәуелсіздік алған жылдары Камал Смайылов пен Шерхан Мұртаза екеуі «Егемен Қазақстан» газетінде хат жазысты ғой. Кейін «Елім, саған айтамын, Елбасы, сен де тыңда» деген кітап болып басылды. 
Соған байланысты мен пародия жаздым.  Сол пародияны Камал Смайылов оқып, ренжігені бар. Бастауы былай болатын:
Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда.
Камал дос, сен де құлақ түр,
Себебі, сен  – соқа, Ал мен – трактор, – деп Шерхан Мұртазаның атынан жазғанмын ғой.  Соған Камал ағамыз: «Мені соқаға, Шерханды тракторға теңепсің. Мен оған келісе алмаймын!» – деп кейіді. Шерағаң ашуға басу айтып былай деді: «Камеке, жердің бәрін жыртатын соқа. Жердің  шырайын кіргізіп, егін де егетін,  құнарлы топырақтың құнын келтіріп, баптайтын да, сақтайтын да – соқа. Сізді соқаға дұрыс теңеп тұр. Соқасы болмаса, трактор айдалада бір өзі не бітіреді?!»  Осы байламға Камал аға баладай қуанған болатын. 

133. Көше сұхбатының өзіндік ерекшеліктерін айтып беріңіз

Сұхбат

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.

3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылтан жауап маңызды рөл атқарады.

Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Сөйлеу әдісінде анкета арқылы анықталуы қиын, ұсақ-түйек детальдармен мәселенің түп-төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды, өйткені зерттеушінің әнгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған топтармен де (отбасы әулеті,дос-жарандар тобы т.б ) жүргізіледі. Сұхбаттың стандарттық (алдын ала жасалған нақты бағдарлама бойынша), үлкен тақырыптық төңірегінде құрылған түрлері де бар.

134. Диалогтық репортаждың дүниеге келуін немен түсіндірер едіңіз?

Репортаж ұғымы 19-шы ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған.Латынша «reportare» хабарлау , айту дегенді білдіреді. Репортаж –оқиғаның басы- қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін, объективті жедел шығарма. Ол хабарлама жанрына жатады. Дегенмен репортажға әр түрлі жанрдың элементтері кірігеді. Тертычный репортажды көркем-публицистикалық жанрлар қатарына жатқызуды жөн дейді. Оның пікірінше, онда оқиғаны бақылаушының көркем тіл-мен баяндау тәсілі қолданылады. Ал, «Основы творческой деятельности журналиста» атты жинақта  Воронеж мемлекеттік университетінің профессоры Л. Е. Кройчик репортажды публицистикалық жанрлар қатарына жатқызады. Мұнда бірінші планға ақпаратты талдау мәселесі қойылады. Бұл жанрда «сараптама – мақсат емес, болған оқиғаның немесе айтылған комментарийлердің нәтижесі мақсаттың үдесінен шығуы тиіс». Репортаж- болған оқиға жөнінде журналистің ой-толғамы мен көңіл терезесінен өткізген тұжырымдары» деген де пікірлер бар. Мұнда – баяндау әдісі, ті-келей әңгімеге тарту, мәнерлі шегініс, кейіпкерлердің мінез-құлқын сомдау, тарихи шегініс т.б. да тәсілдер қолданылады. Болған оқиғаға орай мамандардың, оқиғаға қатысушы адамдардың пікірін тыңдап, қорытынды жасау – сараптамалық міндетті атқарады. Ал, оқиға жайында бірінші жақта баяндау, журналистің өз ой толғамдарының кірі-суі – көркем очеркті көз алдыңа елестетеді. Демек, репортажда – бүгінге дейін шартты түрде журналистика жанрлары аталып келген үш үлкен топтың да элементтері бар.Репортаждағы оқиға болған заматта жариялануымен құнды оның түбіне жету үшін журналист шығармашылық бабында болып, жанынан шығарып айтуға, төкпелей айтуға икемделуі керек.

Оқиға- репортажға негіз болатын,кеңістік пен уақыт ішінде жинақталған көрнекі , өзекті қоғамдық маңызы бар жай. Адамдардың қатысуымен орын алатын, олардың көңіл-күйін білдіретін,қайта көрсетуге, қайталауға келмейтін қоғамдық құбылыстардың пайда болып, дамып, өркендеуін анықтайтын құбылыс. Газетте оқиға өзге масштабтарға негізделеді. Онда көзбен шолуға мүмкіндік жоқ.Оқиға мәні, мысалы, лабороториядағы ғылыми ашылымның бағасы бірден берілмеуі мүмкін.Кей репортаждар бірнеше адамның қатысуымен «диалогқа» негізделеді.Репортаж еш қоспасыз, шындыққа негізделеді және репортер оқиға ішінде болуы шарт. Репортаж оқиға барысында сөйленген сөздерден көрінеді Оқиға куәгерінен сұхбат алу,диолог құру  арқылы, оқиға дәлелдене түседі.

135. «Мысль» журналының журналистика теориясына арналған мақалаларына тоқталыңыз.

Мысль журналы 1920 жылы жарық көрді. Оның қарастыратын сан қилы тақырыптарында өзіндік мақсат болады. Ол еліміздегі демократиялық мәселелерді жеделдетуге, азаматтық қоғамды орнықтыруға, мәдениет пен мұрасы мол өнерді ілгері дамытуға өз үлесін қосты. Журналистикаға арналған теориялары журналистика саласының заманмен қатар дамуына, қоғамға өзіндік пайдасын тигізіп, қоғамдық пікірді қалыптастыруда, окырмандардың танымдық жағынан дамуына, еліміздің бақ қуралдарының дамып көркеюіне аса мол септігін тигізді.

136. Памфлет жанрының саябырсуын немен түсіндірер едіңіз?

«Памфлет» деген атау гректің раm (бәрін), phledo (күйдіремін, жандырамын) деген екі сөзінен шыққан. Екінші бір әдебиетшілердің айтуынша, бұл термин ХІІ ғасырда Англияда қойылған «Памфилиус» деген комедияның атына байланысты туған. Шындығында да, ол алғаш отты пікірлі, әшкерелеуші пафосты, үгіттік мазмұнды «Ұшпа листок», прокламация деген мағынада қолданылған. Одан жалынды үндеу мақала түріне ауысып, бара-бара сатира жанрларының біріне айналған.

Памфлет ұғымын толық түсіндіре кету үшін, оны фельетонмен салыстыра кетейік. Памфлет те, фельетон сияқты, бүгінгі күннің тақырыптарына, көкейкесті проблемаларына килігеді. Одан да сол кездің күрес тынысы, жаңалық үні, әлеуметтік пафосы есіп тұрады. Ол да халықаралық және ішкі тақырыптарға бірдей жазыла береді. Сөйтсе де, памфлет, фельетонға қарағанда, объектісінің табылуы жағынан да, жазылуы жағынан да қиын да күрделі жанр. Олай дейтініміз, кез келген фактіні, кім болса соны памфлет етуге болмайды.

Егер фельетон күнделік өмірдегі кез келген жағымсыз фактінің негізінде жазылса, памфлет бізге жат бүтін бір қоғамдық құрылысты, тұтас системаны негізге алып жазылады. Соны бүкіл бітімімен әшкерелейді, оның жалпы әлеуметтік тәртіп, жөн-жосық, әдет-дағдысын жоққа шығарады.

Фельетон қоғамның үлкенді-кішілі кез келген мүшесін сын объектісі ететін болса, памфлет белгілі бір құрылысты, системаны мансұқ ету үшін көбіне сол қоғамның ірі қайраткерлерін, тіпті өкілдерін объектіге алады.

Егер фельетон кез келген тақырыпқа, халық шаруашылығының барлық саласындағы кемшіліктерге негізделіп жазылса, памфлет көбіне идеялық күреске, қоғамдық-саяси мәселелерге арналып жазылады, зиянды саяси әрекет, саяси психологияға қарсы бағытталады.

Фельетон көбіне өз объектісін сынап-мінеп түзетуді, бір мезгіл, тіпті, жағымды фактіні шаттық күлкімен көрсетуді ниет етсе, памфлет қадалған объектісінен үнемі құртып-жоюды, біржола жоқ етуді мақсат етеді. Яғни ол – сынның мүлде қайырымсыз, бітіспес, ымыраға келмес әдеби көрініс. Құртып-жою міндет, мақсатынан келіп, памфлеттің әшкерелеу үшін пайдаланар әдіс-тәсіл, құрал-қаруы ерекшеленеді. Әдетте, тарихи, таптық тайталастардың етек алған, күшейген тұсында сатира өрлей, буырқана көрінеді. Халықтың ханға деген ашу-ызасы, өшпенділігі шегіне жетті. Ақын, жыраулар хандардың, сұлтандар мен билердің қанқұйлы іс-қимылын, сатқындық саясатын батыл әшкерелейді. Осы орайда қазақ памфлетінің кейбір нұсқалары тағы бой көрсетті. Мысалы, Махамбеттің Жәңгір ханға, Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқандарында памфлет пафосы, памфлетке тән адуындық айқын сезіледі. Махамбет Жәңгірге ылаңсың, жылансың, қасқырсың, шаянсың деп тепсіне, Шернияз Баймағамбетті төбетсің, қас итсің, қас қатынсың деп жерден алып, жерге салады. Хан, сұлтандарға ауыз салуынан, олардың әділетсіздігін, жауыздық саясатын мансұқ етуінен де бұл туындылардың алғашқы памфлет көріністері екенін аңғарамыз.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде де памфлет үлгілері жоқ емес. Мұның дәлелі – С.Дөнентаевтың 1915 жылы жазылған «Бозторғай» мысалы. Бұл – бүкіл патшалық құрылысқа, оның әділетсіздігіне қарғыс айтып, қарсы үн көтерген ащы сатира. Ондағы зоршылдық тұрымтай, қанға тойып ыңқ-ыңқ етіп отырған қырғи, көп үйректі шулатқан қаршыға, көкірек керіп қаз етін жеп отырған лашын – бәрі де патша чиновниктерінің бейнесі. Өлеңде суреттелген әлгі құстардың әрекеті – сол чиновниктердің қиянаты. Мұнда бозторғайдай жайдары, бөденедей момын еңбекші халықтың үстем тап өкілдерінен көрген қорлығын, шеккен жапасын, теңдік іздеп, олардан таба алмағандығын ақын ашына айтқан. Патшалық құрылыстың әділетсіздігі, үстемдердің өктемділігі қатты әшкереленген. Бірақ осы идея астарлап жеткізілген. Сондықтан да бұл туынды – мысал-памфлет. Памфлеттің жазылмайтын түрі жоқ. Цензуралық террор тұсында ол мысал, ертегі түрінде де көрініп отырған. Л.Толстой да бірсыпыра аллегориялық ертегі-памфлет жазған. Памфлет қазіргі қазақ әдебиеті мен баспасөзінде өте сирек көрініп жүр. Олардың көбі шын мәнінде памфлет емес.

Жазған нәрсе нағыз памфлет дәрежесіне көтерілу үшін оған қойылар алғы шарттар бар. Ең алдымен, жанр объектісі етер елдің, мемлекеттің, ортаның, ағымның тарихын, тіршілік тынысын, әдет-салт, арман-аңсарын, саясат сырын автор жетік білуге тиіс. Бұлсыз ол объектіге нақты сипаттама, мінездеме бере алмайды.

Нағыз памфлетте сатиралық образ жасалуға тиісті. Белгілі бір қоғамдық құрылысты, оның жасап отырған ойран-сорақылығын мансұқ ету үшін соны бастап, ұйымдастырып отырған «көсемдердің» арам пиғыл, жаулық әрекеттері әшкереленіп, бет-пердесі ашылуға керек. Солардың образ-бейнесін қоғамның сиқы, саясат сыры танылу керек. Отты, тілсіз, патетикалық үнсіз, жалынды жігерсіз, тегеурінді зілсіз памфлет болмайды. Памфлет болмысты, фактіні әйгілеп, хабарлап қана қоймай, оның сырын, орын алу себебін, салдарын, қайда апарарын, неге ұрындырарын ашуға міндетті. Соның бәріне көз жеткізіп, дәлелдеуге тиісті. Памфлетте дәлелдеу тенденциясы басым жатады деп М.Кольцов текке айтпаған. Баз бір памфлетте осылай талдау жетпейді. Мысалы, А.Ысымовтың «Америка трагедиясы» атты памфлетінде цифр көп, мәліметтер тіркеле берген. Ал олардың сыры, өзара байланысты ашылмаған. Солардың негізінде ой айту, толғанысқа бару, фактілерге баға беру жоқ, қисынды дәлелдермен логикалық түйіндер жасау кем.

Памфлет жазам деуші қазақ әдебиеті мен баспасөз өкілдерінен үлкен ойлылық, мол саяси ой-өріс, халықаралық проблемаларды терең де жетік түсіну, ондағы әрбір фактіні дұрыс бағалай білу, сатиралық ірі қорытындыға көтерілу талап етіледі. Әр дәуір, әр заманның күн тәртібіне қойып, шешіп жатқан проблемалары, жұртшылыққа түсіндіріп, насихаттар идеясы болады десек, сол мәселелерді көтеріп, сол ой-пікірлерді айтып беретін өзіндік жанры, формасы болады. Кезең, уақыт мазмұны өзін сыйғыза жырлар, дәл де тиімді ашып берер жанр іздейді, түр таңдайды.

137. «Лид» ұғымы нені білдіреді, лид қызметін таратып беріңіз?

Лид (журналистика) – қарапайым, түсінікті жазылған ең бірінші, ең алғашқы екі сөйлем. Яғни мақаланың басы Лид деп аталады. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алып, мақаланы оқуға деген ынтаны ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар беріледі. Қысқа хабар беру 2 түрлі болады: қатты, жұмсақ. 1. "Қатты" ақпарат - болып жатқан оқиға жайлы сенсациялық ақпарат.Ол ақпаратта лидтің мынадай түрлері ажыратылады. -Бір элементтік лид жаңалық жасап тұрған ең маңызды элемент. Ол адам аты, оқиға соңы, уақыты болуы мүмкін. -Жинақтау лид ақпаратта маңыздылығы бірдей бірнеше элемент болғанда қолданылады. -Ілмекті лид ақпараттық материалды түгел тауысады. Автор бірінші абзацта- ақ бүкіл сұраққа жауап бере салады. -Жылдам сәйкестендіру суреттеліп отырған оқиға танымал тұлғаның қатысуымен өтетіндіктен, ақпарат бірден "кім?" деген сұраққа жауап беруден басталады. -Баяу сәйкестендіру оқиғаға себепкер болған адам- елге танымал емес, тек болған оқиға барысында ғана көзге іліккен қарапайым адам. Мысалы, кісі өліміне себепкер болған адам жайлы ақпарат. -Жалғыз оқ лид ақпарат өте қысқа, бірақ афоризм тұрғысынан алғанда маңызды. Мысалы, "Басқа пәле- тілден". -Талдамалы лидақпарат жинақы, ақпарат беру барысында журналист болған оқиғаға байланысты өз ойын қосады. Ол "дегенмен", "алайда", "бірақ та" секілді қыстырма сөздермен жүзеге асады. -Каламбур лид әдетте жергілікті көңіл көтеретін баспасөз беттерінде кездеседі. Лидтің негізі болып кинофильмдер, телебағдарламалар немесе танымал жұлдыздардың есімі алынады. Мысалы, "Баян Есентаева сендіре алмай жатыр..." 2. Жұмсақ ақпарат-ақпарат толық, кішкене бөлшектеріне дейін сипаттала отырып жазылған. Халықты "жұмсақ" ақпаратпен құлақтандыру кезінде төмендегі лид түрлері қолданылады: -әңгімелеу лиді -Салыстыру лиді бірінші абзацта кеше мен бүгін, ескі мен жаңа қарама- қайшылық ретінде суреттеледі. Мысалы, "Кешегінің жастары баспын дейтін, бүгінгінің шалдары жаспын дейді". -Бағытталған лид (стаккато) ой тастау мақсатында үзінді түрінде жазылған телеграфтық қысқа сөйлемдер. Бірінші абзацта ойды оқырманға бағыттап, "Егер сіз..." немесе "Сіз..." деп басталады. -Сұрақты лид сұрақ ашық түрде қойылады. Мысалы, "Конференция барысында айтылғанның бәріне сенуге бола ма?" ("Қатты" ақпарат ешқашан сұрақпен басталмайды.) -Дәйексөз лиді абзац ашық тырнақшадан басталады. Бұл тәсіл Еуропалық баспасөзде кеңінен тараған. -Шолжаң лид кекесінді лид. Ол шығармашылық бағыттағы ақпараттарда өте жиі қолданылады.

Лид жазғанда неден абай болу керек?

- жалпыға белгілі нәрсе туралы лидтен

- «қайтадан», «жалғасуда» не, «бұрын хабарлағанымыздай», «... белгілі жағдай» деген сияқты лидтерден

- жаңалық хабардың лидінде кім екенін таныстырмай тұрып, белгісіз тұлғалардың есімін пайдаланбау керек

- оқырман қалай қабылдау керектігін нұсқап тұратын лидтерден қашқатау керек. «...қуанышты хабар алынды» немесе «...қайғылы оқиға орын алды» деген сияқты

138. «Алматы ақшамы» газетінің лидтері туралы не айтасыз?

Алматы Ақшамы  Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихатының ресми басылымы. Бірінші саны 1988 ж. 1-шілдесінен бастап “Вечерняя Алма-Ата” газетінің аудармасы ретінде жарық көрген. 1990 ж. 17-ақпаннан дербес газет болып шыға бастады. Газеттің алғашқы бас редакторы — И. Бейсебаев. Алғашқыда 40 мың данамен тек Алматыда, 1982 жылдан кейін Алматы,Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарына тарады. Қазір республиканың барлық облысына тарайды. Газет қалалық әкімдік пен мәслихаттың жұмысын, Алматы қаласының әлеум.-экон. өмірін жазып келеді. Редакцияда қоғамдық-саяси өмір, экономика және әлеум. мәселелер, құқық, әдебиет-өнер, хат және қоғамдық пікір бөлімдері бар. Алматы ақшамы газетінің 2013 жылдың 7 желтоқсан күні шыққан  №148(4866) санын толық қарастыра отырып,ондағы лидтерге тоқтала кетсек.Ең алғашқы мақала "Жол жиегінде көліктер азайды" деген атпен берілген.Ол мақаланың лиді:Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 5 желтоқсан күнгі жауын-шашыннан кейінгі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

-Алматыда жол жиегіне көлік қою азайыпты.Бұл көшелерді қалың жауған қардан тазалау қызметіне қолайлы болып тұр,-дейді мамандар.

    Алматыда 5 желтоқсан күні таңғы сағат 8.00-ден бастап жаңбыр жауып,аяғы қарға ұласқан болатын.Қалада жауын-шашын кешкі сағат 18.00-де Медеуде 20.15 те тоқтады.

Индустриалдық аймақ-дамудың басты бағыты деген мақаланың лиді:

Қала әкімі Ахметжан Есімовтіың төралығымен Алатау ауданындағы Индустриялық аймақты дамыту үшін енгізуге үміткер инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша жиын өтті.

Қазақ күресін қазақ қызы қаржыландырды деген мақаланың лиді:

2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен Алматы қаласының ашық біріншілігі өтті.Бұл шараның алдыға қойған мақсаты-Тәуелсіздік күні қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттап,жасөспірімдер арасында қазақ күресін дамыту болатын.

Менің бұл газетті оқып отырып байқағаным - көп мақала лидсіз берілген.Жай ғана тақырыбы беріліп,бірден басталып кетіпті.Бұл жағдай оқырмандардың мақалаға деген қызығушылық,оны оқуға деген ниетті арттырады деп ойламаймын.Керісінше,ол әр оқырманды дәп сол маңызды мақалаларды оқымауға итермелейді.Алайда мақалалардың тақырыптарына айтар уәжім жоқ десем де болады.

Мысалы,ЖОО-ға түсерде жемқорлықтан қалай құтылуға болады? немесе "Вандализмге ұшыраған "Битлз",тағы да сол сияқты "Қарулы қарақшы құрықталды "деген сияты адамның оқуға деген ниетін оятар тақырыптар жетерлік.

Тағы да біршама лидтерге тоқталар болсақ,Астана жастар театры қонаққа келді деген Роза Әленнің сұхбатының лиді:

Апта басында Алматыға Астана Жастар театры кішігірім гастрольддік сапармен келді.Ұжым әкемтеатр сахнасында Б.Соқпақбаевтың "Көзіме бір көрін сен бала ғашық"қойылымын,С.Раевтың "Меккеге қарай ұзақ жол"әфсанасын қойды.Кішігірім гастроль барысында театр ұжымымен аз-кем тілдескен болатынбыз.

Вандализмге ұшыраған"Битлз" мақаласының лиді:

Бұдан алты жылдай бұрын бір топ қазақ кәсіпкерлері "Көктөбеде"" Битлз" рок-тобының ("Досмұхасанның"емес)ескерткішін аттай қалап,салдырған-ды.Алайда,туристер де көз тікпей кетпейтін сол ескерткіштің түр-әлпеті күннен-күнге өзгеріп барады.Мәдени демалуды білмейтін бозбалалардың бейпіл әрекетінен кейін бұл шағын сәулет нысанының берекеті кетіпті.

Алдымен Тәуелсіздік,содан барып жаңа жыл лиді:

Менің түсінігімде мұсылман баласы үшін үш қасиетті мереке бар.Ол ең алдымен Тәуелсіздік күні,Құрбан айт күні және Наурыз мейрамы.Ал енді Тәуелсіздіктің жөні мүлдем бөлек.Кешегі өмірі ат үстінде өткен ата-бабаларымыз армандап өткен Тәуелсіздік бұл.Егер еліміз тәуелсіздік алмағанда қазіргі күніміздің қандай болатынын мен көз алдыма елестете алмаймын.

139. В.В. Ворошилов қазіргі очерктің композициясы туралы не айтқан?

Очерк мақсаты  ақпаратты қызғылықты етіп және байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыру. Очеркжурналистің құрғақ фактілерді ой елегінен өткізіп, жанымен сезініп, оқырман жүрегіне жеткізуді талап етеді. Фактілер барынша көркемделіп, әдеби бағытта өрбиді және оларды баламалап беруге болады.

Очерк-жедел,ықшам жанр,үлкен туындының нобайы.Ол беллетристикалық жанрлар сияқты оқиғаны,кейіпкерді тәптәштеп суреттемейді.Адам өмірінің басты-басты тұстарын,биік қасиеттерін ғана қамтиды.Ол қысқа болса да аяқталған,толыққан,шыңына жеткен шығарма болуға тиіс.Очерк көркем публицистика жанрына жатады.Очерк портреттік,проблемалық,аналитикалық,суреттемелік болып бөлінеді.

Көркем әдебиеттің жанры ретінде де, публицистиканың жанры ретінде де очерктің төл қасиеті деп, оның дерекшілдігін (документальность, подлинность) атап өткен жөн. Бұл ретте, очерктің белгі- нышандарын жазу мәдениеті орныққан кез-келген тарихи-әлеуметтік ортадан шырамытуға болады. Өйткені, жазу атаулы ой-дерек көрінісі. Ал, ой-дерек болса белгілі бір әлеуметтік ортаның болмысын танытуға негізделеді

Көркем – публицистикалық жанр ретінде очерк болмысында әдебиеттің көркемдеу құралдары мен публицистикалық элементтердің қатар өріліп, шендесіп жататынын пайымдауға болады. Ал, очерктану – әдебиеттану саласының бір түрі. Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының қалыптасуы туралы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Төлеубай Ыдырысов “Очерк туралы ойлар” (1969 ж.)[3], “Очерк және бесжылдық” (1982 ж.)[4], “Шеберлік бастауы” (1974 ж.) [5] т.б. әдеби зерттеулер жазды. Автор жоғарыдағы еңбектерінде очерк пен публицистиканың қазақ баспасөзі мен әдебиетінде қалыптасуына, дамуына, көркемдік жағына, тәрбиелік мәніне жан-жақты тоқталып, тілдік ерекшеліктерін де саралайды.

Шынында да очерк – дербес көркем шығарма. Сондықтан ол көркем шығарма мен оған қойылатын талаптар мен шарттарға да белгілі дәрежеде жауап береді. Очеркке берілген анықтамалардан аңғарылатыны, очерк – өзінің табиғатында өмірдегі өзгерістерге тез бейімделетін жанр. Әдебиеттану терминдерінің қысқаша сөздігінде: “Очерк – эпикалық, суреттеушілік әдебиеттің бір түрі, ол басқа түрлерден (роман, повесть, әңгіме) айқын мағлұматтарымен ерекшеленеді, яғни очеркте нақты өмірде болған оқиғалар белгілі дәрежеде дәлірек бейнеленеді, оған қатысушылар өмірде болған адамдар” [9,102], — дейді. Ал, Г.Поспелов “Әдебиет теориясында”: “Бірыңғай көркемдік міндет атқаратын новелла мен әңгімеге қарағанда, очерк баяндау тұрғысындағы шығарма, оның мақсаты – бейнелі түрде елестете баяндау, әрі бейнелі хабарлау” [10,142] деген тоқтамға келген.

Қазақ әдебиеттануының негізін салушылардың бірі академик Зейнолла Қабдолов: “Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әртүрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс”[11,132], — дейді.

Профессор Тауман Амандосов: “Көркем – публицистикалық жанрлардың бір түрі – көркем очерк. Очерк үгіт пен насихаттың жауынгер де әсерлі формаларының бірі екендігін өмірде дәлелдеген, дәлелдей де беретін көркем-публицистиканың алғы шептегі жанры болып қалыптасты. Бұл жанр өмір шындығының құбылыстары мен оқиғаларын батыл да терең талдап, тартымды тілмен шағын “сурет” салып береді” [12,241] деген тұжырым жасайды. Міне, очерк теориясында зерттеушілердің қай-қайсысы болсын очеркке көркем-публицистикалық жанр деп баға береді. М.Горький очеркке берген анықтамасында оның түп-төркінін “очертить”, “очерчивать” деген етістіктерден шыққанын ескеру керек екенін атап айтқан. Яғни, белгілі бір заттың елесін сызу, беру деген сөз. Белгілі бір идеяны әсерлі, айшықты формада жеткізу, оны бейнелеу құралдары негізінде көркемдеу деген сөз.

Әсілі, очерк – шын оқиғаны қысқаша суреттейтін, көлемі шағын, әдеби көркем шығарма. Егер осындай анықтамаға ден қоятын болсақ, онда қазақ очеркінің пайда болуы, қалыптасуы ХІХ ғасыр аясынан бастау алады деуге негіз бар.

Қазақ әдебиетіндегі Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Сланов, Б.Момышұлы, З.Шашкин, Қ.Сатыбалдин, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, С.Бақбергенов, Ә.Сәрсенбаев, С.Шаймерденов, Ғ.Қайырбеков, Ә.Нұршайықов, О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Р.Нұрғали, Қ.Салғара т.б. қатарлы сөз зергерлерінің өнегелі мектебі очерк жанрының толыса орныққан өресіне жан-жақты айғақ. Бұл авторлардың қай-қайсысының да очерк жазуда өмір құбылыстарын қалай жинақтағанын, көркемдік элементтерді шебер пайдаланудағы әдістерін тәптіштеп, тілдік, стильдік жақтарын да саралаудың мән-маңызы айрықша зор. Басты назар аударатын мәселе очерктің көркем – публицистикалық жанр екендігін дәлелдеу. Очерк қаншалықты нақты, адресі бар шығарма болғанымен, одан эстетикалық ләззат алуға болады. Очеркші, жазушының міндеті – өмірді көркем нақышпен бейнелеу. Очеркте оқиғалар мен фактілер жаңа мазмұнға ие болады, көркем образға кенеледі. Егер очеркте образдылық болмаса хабар, корреспонденциядан айырмашылығы болмас еді. Очеркті образды публицистикадан бөліп қарауға келмейді. Оның әңгіме, повесть, романнан басты айырмашылығы – публицистикалық элементтерінің басымдығында. Очерк өмір шындығын көркем құралдардың көмегімен (образдылық, портрет, сюжет, композиция, пейзаж т.б.) сонымен қатар публицистикалық элементтердің (публицистикалық жинақтау, тарихи параллель, анологиялық цитата, цифр, құжат, қаулы-қарар, өлең-жыр т.б.) көмегімен жеткізетіні мәлім.

Түптеп келгенде очерк — шындықты саяси тұрғыдан қорытатын жанр. Оқырман очеркті оқып отырып одан адамдардың аты-жөнін, лауазымын емес, фактінің “психологиясын”, оның ішкі жан-дүниесін ашатын қызықты әңгімені іздейтіні тағы талассыз. Очерктің негізгі түрлеріне талдау жасау міндетті де маңызды мәселе. Қазақ әдебиетінде очерктің қалыптасқан, бір жүйеге түскен түрлері мен формалары бар. Әдебиет пен өнердің басқа жанрлары сияқты очерктің түрлері де тыңнан туып, дамып, өзгеріп, жаңғырып отырады. Бұны, әрине, жеке авторлар ойлап тапты деу қиын. Қоғамның дамуына, экономика мен мәдениеттің өсуіне сәйкес очерктің жаңа түрлерінің белең алуы, бұрыннан бар түрлердің кенжелеп қалуы да заңды құбылыс. Очерк түрлері жайында күні бүгінге дейін әдеби-зерттеу еңбектерде әрқилы пікірлер айтып жүр

Бір шындықтың басы ашық, әр очеркшінің өзіне тән мәнері, суреткерлік тегеуріні бар. Мысалы, Сәбит Мұқанов баяндау тәсілін жиі қолданады. Ғабит Мүсірепов очерктерінде ұшқыр ой түйіндеулер, шешендік сөздер көп. Мұхтар Әуезов табиғат суреті мен адам бейнесін мүсіндеуге ұста. Әзілхан Нұршайықовта оқиға желісі белгілі бір жүйемен өрбіп отырады. Сәуірбек Бақбергенов қазіргі мен өткенді шендестіру арқылы түйін жасайды.

Очерктегі образ жасау тәсілінің өзіндік ерекшелігі арналы әңгімеге арқау. Образ көркем шығармаларға ғана тән, очеркке тек нақтылық керек деген пікірде біржақтылық бар. Очеркшіге өмірдің қайнаған ортасында жүрген, сол ортаның елеулі де қалаулы тұлғасы ретінде танылған, болмыс-бітімі үлгі-өнеге боларлық кез-келген адам кейіпкер бола алады. Қаламгер үшін очерк кейіпкерінің мінезін, рухани жан-дүниесін, мақсат-мүддесін, ой-сезімін шыншылдықпен суреттеу — образ жасаудағы, характер ашудағы басты мұрат болса керек. Очеркте экспозиция, оқиғаның өрбуі, шарықтау шегі, шешуі, т.б. болады. Кейде сюжетке құрылған, оқиға желісі қою, бұған қоса көркемдік шеберлікпен жазылған очеркті әңгімеден айыру қиын. Бұны Бейімбет Майлиннің “Борамбайдың бірінші адымы”, Мұхтар Әуезовтің “Түркістан солай туған”, Әзілхан Нұршайықовтың “Алыстағы ауданда” очерктерінен айқын аңғаруға болады.

140. Факті мен құбылыстың ақпаратқа айналуы үшін не керек?

Факт — әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады.[1]

Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.

Объективті тіршілік ететін шындық, нақтылық

Факті ме құбылыстың ақпаратқа айналуы үшін журналистің шапшандығы керек.Журналистің қабілеті керек.Мысалы болған оқиға,яғни құбылысты өзгеден гөрі,журналист өз көзімен көріп,оны зерттей түсіп,және нақты деректер келтіріп,яки видеоматериал немесе аудиоматериал,тіптен ол болмай жатса,фотосурет түсіріп үлгеруі қажет.Қандай жағдай болмасын оған сенімділік танытуы үшін ол барлық жағдайды қолдана алуы қажет.Сонымен қатар,журналист өткір ойлы, өз ісіне қабілетті,сөзге жүйрік болуы қажет.Ол болған оқиғаны халыққа жеткізу үшін де біраз еңбек қажет екені баршамызға мәлім.Негізгі деректерді қолдана отырып, журналист қолында бар мәліметтерді өндеп барып қана БАҚ арқылы таратады.Факті мен құбылыстың керемет ақпаратқа айналуы үшін тағы да журналист үлкен рөл атқарады,Журналист болып жатқан оқиға орнынан тікелей репортаж жүргізе алады.Және ол репортаж сәтті шықса,ол керемет ақпарат болып табылады.Факті мен құбылыстың ақпарат көзіне айналуы үшін сонымен бірге техникалық,журналистке қажетті барлық құралдың болғаны абзал.

Профессор Ш.Р. Елеукенов Абай «Қара сөздерін»  қандай жанрға жатқызған?

Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов (3 қыркүйек 1929 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аршалы ауылы) – филология ғылымының докторы (1988), профессор (1990).

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген 
мәдениет қызметкері (1981). ҚазМУ-ды (1951, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Шығыс Қазақстан облысы«Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1951–59), ҚазМУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы (1959–63), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1967–71), Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетітінің төрағасы (1971–86), Әдебиет және өнер институтының директоры (1986–88), осы институттағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі (1988–96) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған институтта бас ғылыми қызметкер және ҚазҰУ-дыңжурналистика факультеті кітаптану кафедрасында профессор.[1] Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне арналған. «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (1968), «Замандас парасаты» (1977), «Фольклордан роман-эпопеяға дейін» (1987), «Мағжан» (1995, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1998), «Әдебиет және ұлт тағдыры» (1997), т.б. зерттеу кітаптары жарық көрген. Елеукенов «Мағжан» монографиясында ұлы ақынның шығармаларына жан-жақты талдау жасап, байыпты баға берген. «Қазақ романының идеялық-эстетикалық және жанрлық өзгешелігі» деген тақырыпта докторлықдиссертация қорғады. Оның «Кітаптану негіздері» (1997), өзге авторлармен бірігіп жазған «Газет жанрлары» (1964), «Қазақ кітабының тарихы» (1999) кітаптары баспагерлер үшін құнды оқулықтар болып табылады. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.[2]

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті орыс журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірген.

1951 — 1959 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық «Алтай болыпевигі», кейін «Коммунизм туы» газетінде істейді.

1963 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы әдебиет теориясы бөлімінің аспирантурасына түседі.

«Қазақ романы және қазіргі заман» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғайды.

1964 жылы «Газет жанрлары» атты оқу құралы,

1968 жылы «Казахский роман и современность» атты монографиясы жарық көрді.

19671971 жылдары партия қызметіне: ККП ОК-нің Насихат және үгіт бөлімінің нүсқаушысы, баспасөз, радио және теледидар секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

1971 — 1986 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды.

1986-1988 жылдары Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарды.

Газет айдарлары мен төлтақырыптар роліне тоқталыңыз.

Оқырмандар үшін   газет айдарлыры мен төлтақырыптарының рөлі өте маңызды болып табылады.Себебі,әр тақырыпты іздеу барысында ең алдымен газеттегі айдарға аса мін береді.Әр газеттің өзіндік жеке-жеке айдарлары болады.Сол айдарларға байланысты әр түрлі төлтақырыптармен мақалалар беріледі.Мысалы әрбір газетті алып қарасақ,соның ішінде айқын газетін алар болсақ,оның саясат,құжат,тіршілік,парасат,әлеумет,топжарған деген айдарлары бар.Ондағы тақырыптарды атап өтейік,мысалы саясат айд арында'Енді шетелге қашқандардың мал мүлкі тәркіленеді''Биліктегілердің өзі''борондарға''бас шұлғып жүр ме?''деген сияқты төлтақырыптар берілген.Құжат айдарында:''Нұр Отан'' партиясының саяси доктринасы'' деген мәселе талқыланған.Сол сияқты тіршілік айдарында ''Зағип жандарға арналған кітапхана'' ''әлеумет айдарында'' қауіпті қызмет иесі'' топжарған айдарында''сегіз өреніміз жартылай финалға шықты'',-деген мақалалар жарық көріпті.Әр газеттің қызмет істеу барысы әртүрлі.Сол сияқты,әр газеттің айдарлары да,төлтақырыптары да әртүрлі болмақ.Мысалы,ұлттық апталық ''Жас қазақ '' газетінің №42 (458) 1қарашада 2013 жылы шыққан санын  қарастырсақ, газеттің'' 7күн 168сағат''қоғам''дәулет''коммент''өлке''еңбек қоғамы''мазасыз мүйіс'' тарих'' ел бірлігі''қазақ индустриясы''көкейкесті''латын емлесі'' “даму” “спорт” “соңғы бет”айдарлары бар екен.Әрқайсысындаә әртүрлі төлтақырыптармен мақалалар берілген.Мысалы,даму айдарында “бірлік түбі береке ” “ұрпақ тазалығы”,спорт айдарында  “қазақ жұдырығының құдіреті’көкейкесті айдарында “сібір сергелдеңі”латын емлесі айдарында “жаңа әліпби жаңалыққа бастайды”ел бірлігі айдарында “Отаны бірдің ойы бір”мазасыз мүйіс айдарында “шайқалмасын шаңырақ”тарих айдарында “Сырымбеттің етегі сыршыл тарих мекені” деген төлтақырыптармен бірнеше мақалалар берілген.Ал балалар мен жасөспірімдердің Республикалық газеті Ұлан газетінің айдарларына тоқталар болсақ, “Бәрекелді” “Мәселе” “Бір әннің тарихы” “Өзің жазған хаттардан” “баспасөз” “ әдемі әуестәк ” айдарлары бар екен.Міне газеттегі айдарлар мен төлтақырыптардың оқырмандар үшін алар орны ерекше

141. Профессор Ш.Р. Елеукенов Абай «Қара сөздерін»  қандай жанрға жатқызған?

Эссе жанрына.

Көркем публицистикалық жанрлардың бір түрі- көркем очерк.Очерк үгіт пен насихаттың жауынгер де әсерлі формаларының бірі екендігін өмірде дәлелдеген де, дәлелдей беретін де көркем публицистиканың алғы шептегі жанры болып қалыптасты. Бұл жанр өмір шындығының құбылыстары мен оқиғаларын батыл да терең талдап, тартымды тілмен шағын «сурет» салып береді. Очерк жеке-дара емес, газет бетінің бір бөлігі ретінде, нөмірдің барлық материалдарымен үйлесе келіп, жалпы міндетті шешуге батыл араласып отырады.Очеркті публицистиканың басқа жанрларымен салыстырғанда төмендегідей ерекшеліктерді аңғаруға болады.Бір құбылысты бір мәселені әр түрлі жанрлар түрінде салыстырып қарағанда, очерк адамның  ішкі дүниесін суреттеп, оның еңбек сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін аша түседі.

Жазушы тек оқырман үшін де жазбайды деп санаймын. Ол өзінің рухани дүниесі үнемі тіл қатқанда қағазға отырады. Оларды ешкім мәжбүрлемейді, біз білеміз: мына дүниеде еш тақауырсыз жұмыс істейтін, жұмыс болғанда да «ардың ісін» жасайтын жалғыз азапқор жандар бар. Ал «ар жазасы бар жазадан ауыр жаза» деп заңғар жазушы М.Әуезов айтып кеткен екен. Бүгінге, болашаққа айтып кетсем екен дейтін ізгі тілекпен өмір сүретін қазақ жазушылары соңғы жиырма жылдың көлемін де көптеген романдар жазып тастады. Олар туралы профессор Ш.Елеукенов бірнеше ғы лыми кітаптарға көлемді тараулар жазған. Ненің бар ненің жоқ екенін сол мақалаларды оқысақ көзіміз анық же

142. Газет айдарлары мен төлтақырыптар роліне тоқталыңыз.

Әрбір журналисттік идеяның негізі тақырып болып саналады.Ал жүздеген мақалалардың ағынын біріктірген газеттердегі айдарлардың ролін айтпаса да белгілі. Газет халыққа қызықты болу үшін ең біриіші оның айдарларының алатын маңызы ерекше. Айдар деп отырғанымыз сарындас мақалаларды біріктіріп оларға ортақ тақырып қою. Қойылатын айдарлардың тақырыбы қаншалықты эксклюзивті әрі қызықты болса оқырманның да оған көңіл аударатыны, макаланың да, газеттің де отімді болатыны сөзсіз.

143. Дэвид Рэндаллдың сұрақ қою әдістеріне не қосар едіңіз?

Девид Рендальдың сұрақ қою тәсіліне тоқталайық:

1. Сұхбат алуға оқталғанда әуелі  сұхбат берушіден қандай жауап алғыңыз келіп отырғанын айқындап алғаныңыз жөн.

Сұрақ қою кезінде сіз нақты қандай ақпарат алғыңыз келетінін ойыңызда сақтаңыз.Алдағы уақытта жазатын мақалаңызды ұмытпаңыз. Сол тұрғыда дұрыс әрі нақты сұрақтар қойсаңыз, сұхбат берген адамыңызды қайта мазаламайтын боласыз.

2.Сұхбат алу басталғанша, сұхбатқа қажетті бар материалды түгелдеп алыңыз.

Өзіңіздің «қадалған жерден қан алатын» журналист екеніңізді көрсетуден қорықпаңыз. Бірақ қозғалған тақырып аясындағы біліміңіз сұхбат берушімен тең дәрежеде болсын.

3. Қарапайым сұрақтар-ең керемет сұрақтар.

Жақсы мақала шығу үшін мына ең қарапайым сұрақтарға көңіл көншітерлік жауап алсаңыз болғаны.Кім? Не? Қайда? Қашан? Қалай? Неліктен? Егер жауап беруші адам оқиғаның басы –қасында соңына дейін болып, бәрін білетін болса, «Сосын не болды?» деген сұрақты қоюдан еш именбеңіз.

4. Сұхбат алған адамыңыздың аты-жөнін, қызмет орнын біліп алыңыз.

Сұхбаттасушы адамыңыздың аты-жөнін, қызметін, жасы мен мекен-жайын анықтап сұрап алыңыз. Қойын кітапшаңызға бәрін түртіп алып отырыңыз.

5.Телефон нөмірлерін көбірек алыңыз.

Сұхбаттасушыңыздың жұмыс орнының, үйінің,көлігінің  нөмірлерін сұрап алыңыз.

6.Ақпаратты артығымен жинақтаңыз.

Сұхбат алушы адамыңызға сұрақты артығымен қоюға тырысыңыз. Қандай шебер журналист болсаңызда , сіз мақалаңыздың қалай болып шығатынын білмейсіз гой.

7.Ақымақ болып көрінуден қорықпаңыз.

Егер сұхбаттасушы адам сізге түсініксіз, сіздің хабарыңыз жоқ нәрсе туралы айтып жатса, түсініп отырған кейіп танытпай, оны анықтап сұрап алыңыз. Кейін мақала жазуға отырғанда өзіңізге қиын тиетінін ойлаңыз. Егер сіздің білмегеніңізді алға тартып намысыңызға тиетін сөздер айтып жатса да, ол үшін қорықпаңыз.

8.Сұрақты оның пікірін немесе әсерін білу үшін емес, қандай да бір ақпарат алу үшін ғана қойыңыз.

9. Штампты сұрақтар қоюға тырыспаңыз.

Егер басынан қайғылы жағдайды өткерген адамнан «Өзіңізді қалай сезінесіз?» деп сұрасаңыз, ол адамнан сұхбат алам деу бос әурешілік болып қалады.

10. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

11. Жауаптарға ден қойыңыз, оның дұрыстығына көз жеткізіңіз.

12. Алдағы уақыттағы сұхбаттың жарияланатынына ешқашан уәде бермеңіз. Оны тек редактор шешуге тиіс. Сіз сұхбат алған адам міндетті түрде осы туралы сұрайтыны анық. Өзіңіздің тек қана репортер екеніңізді ескертіп, оған редактордың телефон нөмірін беріңіз.

Сұхбаттасушы адамыңызбен қай жерде кезедесіп сұхбат жүргізу керектігін біліп алыңыз. Не болса да өзін қауіпсіз, еркін сезінетін орын болғаны дұрыс.Оған сай болыңыз, яғни сырт келбетіңіздің үлкен рөл атқаратынын ұмытпаңыз. Мысалы: үйі жоқ, жағдайы төмен адамнан сұхбат алмақшы болдыңыз дейік.Оған барар кезде ең көрнекі киіміңізді киіп бармаңыз.Сіздің алдыңызда ол өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін.Керісінше, премьер-министрден сұхбат алмақшы болсаңыз, соған лайықты болып киініп баруыңызға тура келеді. Оның көңілін бұрып алуға тырысыңыз.Егер кеңседе немесе үйде кездесетін болсаңыз, айналасындағы суреттер, сувенирлерді әңгімеге қосыңыз.Ұсақ-түйекті сұрау арқылы оны ашылып әңгіме айтуға тартыңыз. Жеке сұхбат жүргізгенде  бірден дәтеріңізге жазып, диктофоныңызды қосып қоймаңыз.Адам әңгімеге төселе бастаған кезде ғана біртіндеп жаза бастасаңыз болады.Өзіңізді қызықтырған мәселені сұхбаттасушыдан жасырмаңыз бірақ бәрін жайып салудың да керегі шамалы. Сұхбат басталмастан «ең басты» сұрағыңызыды қоймаңыз. Егер ештеңе шықпай жатса, оған жайлап сөйлеп, өтініп көріңіз.(өз ойың)

144. «Халық сөзі» газетіндегі «Олжас қандай ақын, «АЗиЯ» қандай кітап!» (15 қараша 2013) пікірталасы туралы өз ойыңыз.

http://www.halyksozi.kz/news/view/id/2572. мынадан да көріп оқыңыздар!Бұл жалғасы!Пікірді оқып болған соң жазарсыздар!

Олжас Сүлейменовтің жаңадан жазған, қайта басылған, қазақшаға аударылған шығармаларын екі бөліп талдағанды жөн көрдік. Оның біріншісі – зерттеу еңбектері мен көсемсөздері, екіншісі – өлеңдері. Белгілі әдебиетшілер Мырзан Кенжебай мен Әмірхан Балқыбектің айтары екі басқа екен. Сұхбат «Мәдениет» телеарнасында түсіріліп, газеттік нұсқасы «Халық сөзіне» ұсынылып отыр.
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Келмеске кеткен Кеңес заманында Олжас десе ішкен асымызды жерге қоятынбыз. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейін көпшілігіміз бірте-бірте Олжастан теріс айналып кеткендей түріміз бар. осының сыры неде? Олжас Сүлейменов өзгерді ме, әлде біз өзгердік пе?
Әмірхан БАЛҚЫБЕК: Тәуелсіздік алғаннан кейін бізде жалаңаш батырлар, жалаңқылыш көсемсөзшілер шықты. Ал Олжекең тасада қалып қойды. Еңбектері насихатталып жатқан жоқ. Уақытында «АЗиЯ»-сы үлкен дүмпу тудырған болса, кейінгі жазған сүйекті еңбектеріне әдебиетшілер тарапынан да, ғылыми орталардың тарапынан да ешқандай пікір айтылып жатқан жоқ. Не тісі батпайды, не жәй әншейін әуесқойлық деп есептейді. Мысалы соңғы шыққан, орысшасы «Тюрки в доистории», қазақшасы «Атамзаманғы түркілер» деген кітабы мүлдем елеусіз қалды. Ал бұл сол «АЗиЯ»-ның жаңғырығындай еңбек екенінде дау жоқ. Сосын бізде: «Басқаң тоқтап, ғалым айтсын» деген қисық ұғым бар ғой. «Олжекең бар болғаны ақын, болмаса аудармашы, ары кеткенде қоғам қайраткері. Ол неге лингвистикаға, неге арғы тарихқа барады?» деген секілді қасаң түсініктер бар. Олжекеңнің көтеріп жүрген тақырыптары өте күрделі. Адамзат тарихының түп негізін іздеу, соның негізінде түркінің де түп төркінін іздеу. Оған бара алатын ғалымдар қазақта жоққа тән.  Өзбектер, мысалы: «Сендерде Олжас бар, қырғыздарда Шыңғыс Айтматов бар, бізде ондай тұлға болмай қалды» дейді. Интеллектуалдық ортада, әдеби ортада, әлемдік әдеби ортада өзінің бағасын алып қойған ақын ол. Болашақта қазақ ақыны ретінде, қазақ ойшылы ретінде тарихта қалатынына ешқандай күмәнім жоқ. 
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Олжас Сүлейменовті құрметтейтіндер баршылық, аз да емес. Бірақ, неге екені белгісіз, Тәуелсіздік алғаннан кейін Олжас Сүлейменовтің кейбір айтқан сөздеріне, шығармаларына да қарсы пікір туындап жатқаны өтірік емес. Тіпті, оның салқыны бұрынғы жазған шығармаларына да тиіп қалуда. Неге біз екі кезеңде екі түрлі көзқараста болып отырмыз, мен соны анықтай түскім келеді?
Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Жаңа өзің: «Кеңес заманында Олжасты керемет көретін едік», – дедің. Осы жерде есіме бірнәрсе түсіп отыр. Өтежан Нұрғалиев деген ақын ағамызды Әмірхан өте жақсы біледі, керемет сыйлайтын еді. Кейде ол кісінің арсы-күрсі сөйлейтіні де бар еді, оны білесің ғой... 
Әмірхан БАЛҚЫБЕК: Қожанасыр секілді сөйлейді ғой. «Астарын өзің түсініп ал. Түсіне алатын болсаң, түсін. Миың жетпей жатса, мен саған неге түсіндіріп жатамын?», – дейді. Ол кісінің ұстанымы сондай болатын.
Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Сол Өтежан ағаның: «Мына орыста жүзден астам Абай бар. Бірақ, орыстар өйтіп бір адамды аспанға көтермейді. Мына біздер сөйтіп бір адамды аспанға көтеріп аламыз», – деген сөзі бар еді. Кеңес заманында бір идеологияға табынған заман болды. Оның үстіне орысша өлең, проза жазғандар керемет болып есептелді, олар көтерілді сол кезде. Қазақта бар әдет бір адамды аспанға көтеріп аламыз да, соған тіреліп қалып тоқтаймыз. Соны аспаннан жерге түсіру бізге қиынның қиыны, мүмкін емес. Анаған қарсы бір сөз айтып, «ол олай емес, былай ғой десең», өзің бәлеге қаласың. Олжастың өлеңдері де бірде олай, бірде былай. Мінезі де бірде олай, бірде былай. Қарама-қайшылыққа толы ақын. Сондықтан бұрын интернационалист болса, бүгін де соның елесімен жүр.
Өзінің бір сөзі бар: «Біз де маргиналмыз», – деген. Ол сол интернационалист-маргинал адам. Ол Кеңес заманында, 1972 жылы: «На земле за полвека появилась новая общность людей, новая нация – советский народ, в который вошли представители десятков национальностей», – деп жазды. Ол «Құдай жоқ» депті. Совет заманының жыршысы болды. Шынын айтқанда, орыстың жыршысы болды. Олжас бүгінде киімін, сырт бейнесін ғана өзгертті. Бұрынғы Олжас қалпында қалды. Ол қазақ халқының алдында кешірім сұрайтын адам. Бірақ оны істеген жоқ. Қазақтар сол кезде аспанға көтерген мынандай өлең бар: «Возносил и сносил богов. Я создал эти реки. И ветер швырнул в моря. Ты, Земля, Поклонись Человеку, Твой бог — Я», – дейді. Енді жалма-жан оның өзгергенін, құбылмалылығын, қарама-қайшылығын айтайын. Жаңа: «Жер, адамға табын», – деді ғой, енді: «Адам, сен табиғатқа табын», – деп былай шыға келді. Бұл – бір. Олжастың тағы бір қарама-қайшылығын айтайын. 1975 жылы шыққан «АЗиЯ» кітабында: «Күндердің күні болғанда христиан дініне, мұсылман дініне, буддизмге сенбейтін адамдар шығады», – деп жазды. Сөйтті де «АЗиЯ»-ның келесі басылымында ол сөйлемді алып тастады да, «ырымшылдар оған сенбейді» деп жалма-жан өзгерте қойды. Олжас заманға емес, жыл қалай өзгерсе келесі жылы солай аунап түсе беретін адам. Әбубәкір Кердері деген ақын мұндайлар туралы: «Қалай қарай жел соқса, солай қарай майысқан», – деген. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейін де кейбір кездері Олжас орыстардың мүддесін жақтап шыға келді. Оның айтуынша, «Орыстар, орыс тілі Қазақстанда зәбір көріп жатыр екен. Қазақстанда тек қана қазақтар тұрмайды. Басқа да ұлттар тұрады. Сондықтан Қазақ республикасы деген болмайды, мұны Қазақстан Республикасы деп атайық» деген де Олжас. «Ашаршылық туралы қазақ жазушыларының бір кітабы жоқ», – дейді. Оу, айналайын, ашаршылық туралы талай жазушы жазды ғой. Сонда бұл қазақ әдебиетін оқымайтын адам болып тұр ғой. Міне, сондай ұшқары пікірлері үшін де кешірім сұрау керек қазақ халқынан. Енді маргиналдығына келейік. 1977 жылы Ташкентте Азия-Африка жазушыларының бір жиыны болды. Ол сонда: «Американың социологтары маргинал дегенді «космополитизмге, нигилизмге жақын, аумалы-төкпелі адамдар» дейді. Ол дұрыс емес, бәріміз маргиналмыз», – деді. Олжастың орысқа керегі жоқ. Тірі кезінде қолданса қолданар, пайдаланса пайдаланар. Орыстарға керек болса, «Антология русской поэзии» деген кітаптың ішіне Олжасты кіргізген жоқ қой, шынын айтқанда. Мұның өзі бақытсыздықтың бір түрі. 
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Мырзеке, айтып отырған сөзіңіздің орны бар. Нақтырақ айтсақ: «Я не боюсь ошибиться, заявив, что все мы в той или иной степени люди маргинальной формации», – деген екен. Бірақ басқадай сөздерін де келтіруге болады. Мысалы, 1972 жылғы бір сөзінде: «Орыс тарихындағы жүздеген есімдер мен оқиғаларды кез-келгеніміз айта аламыз. Англия, Америка, Испания, Араб, Қытай тарихын да білеміз. Ал қазақ тарихындағы есімдер мен оқиғаларды дәл сондай білмейміз. Тіпті, ар жағы тас қараңғы», – депті. Сөйтіп намысымызды қайрайтын да тұстары бар. Әрине, Мағауиндар күле қараған шығар, бірақ сол кез үшін жалпы алғанда жалған сөз емес.  Бірақ айтайын дегенім ол емес. Расында да біздің қоғамда Олжас Сүлейменов туралы бір-бірімен басы піспейтін екіжақты пікір бәрібір бар. Оны қоя тұрып, қолымыздағы кітапты талқылауға келейікші. «Атамзаманғы түркілер» атты кітабына «Ежелгі түркі тілдері мен жазуының пайда болуы хақында» деген анықтама беріліпті. Мұнда славян тілдеріндегі түркизмнің, түркі сөздерінің ықпалы туралы көп айтылады. Жаңа Мырзекең айтып кеткен әңгімені жеңілдету мақсатында бір ғана мысалын келтірейін: «Мишень» деген сөзді түркіге қатысы бар деп ойламайсыз. Ал осыны Олжас Сүлейменов былайша талдайды: «Парсыларда нишан деген сөз бар. Сол нишан нышан болып, содан кейін нысана болып, қазаққа келген» дейді. Ал «мишень» мен «нысананың» мағынасы екі басқа болса, сөздің ұқсастығына бола бір-біріне теліп отырмыз деп айтуға болар еді. Бірақ, екеуінің мағынасы бір. «Нысана» мен «мишеньнің» мағынасы бір. Сондықтан «мишень» деген сөз «нишаннан», «нысанадан» шыққан» деп, барынша түркілігімізге, қазақтығымызға бәрібір тартып отыр. «Атамзаманғы түркілерде» осындай сөздерді көп береді. Тіпті, күлкілі жағдайларды да келтіреді. «Проф. Шанскийдің кезінде 200 мың дана болып шыққан «Краткий Этимологический словарь русского языка» сөздігінде чучело сөзін чукча этнонимінен шығаруға тырысқан», – дейді. Одан да оның түбіріне мағыналық жағынан түркі-алтай тілдеріндегі чочи, чучи, яғни үрейлену деген етістік жақын екенін алға тартады. «Жалбырап шыға келген кезде адам шошып кететін чукча дегеннен шыққан» дегендердікі анекдотқа бергісіз әңгіме ғой. Негізінде ол олай емес, ол түркінің сөзі, одан кейін қуа берсең қазақтың сөзі дегенге келтіреді. Қазақта шошала, сосын шошу, шошымалы деген сөз бар расында. Чукчаға қарағанда, чучело сөзі біздің ұғымымызға келіп тұр ғой дейді. Міне, осындай славян тіліндегі түркі сөздерін дәлелдей отырып, дегенменде өзінің қанына тартқан ғой, Мырзеке. Дәлелі болған соң, әрине.
Әмірхан БАЛҚЫБЕК: Біз «АЗиЯ»-ны оқыған кезде, сол кездегі қазақтың ұғым-танымымен қараған уақытта бірінші тарауына ғана үңілдік. Түркизмге қатысты бөліміне ғана үңілдік. Шындап келген кезде, оның айтатын негізгі ойы «АЗиЯ»-ның «Шумер-наме» аталған екінші бөлімінде жатыр. Осы бөлімінде қазақтың, түркінің тарихын 5 мың жылға кері шегіндіртеді. Бірақ, біздің қазақ оны оқығысы келмейді. «Үйренген жау атыспаққа жақсы» деп, орысқа қарсы бағытын ғана біледі.«Орыстың «Слово о полку Игореве» жыры ең атақты жыр екен, соны қазаққа, түркіге әкеліп беріпті. Соның ішіндегілердің бәрі түркілер екен» деп соған ғана қарады да, екінші тарауына қараған жоқ. Бұл қазақтың білімінің деңгейін көрсетеді. Әлі де сондаймыз. Олжекеңнің еңбектеріне де қарап жатқан жоқпыз. Ағамыз дінсіз дегендей болып отыр ол кісіні. Шындап келгенде Олжекеңнің ұстанымы былай: «Ғылым мен дінді жақындатайық» дейді. Ең басты ұстанымымыз. Бәріміз Адам Ата мен Хауа Анадан тарағанбыз дейміз. Енді соны зерделеуге ғылым керек. Сонау Африкадан, Экватордың төменгі аймақтарынан бір кездері саналы адамдар шыққан. Соның ұрпақтары бүкіл әлемге тараған. Гендік нұсқадан бәрі дәлелденген. Демек, сөздің бәрі бір жерден шықты деген сөз. Қазір ғылым соған келіп отыр. Оны Олжекең осыдан 20 шақты жыл бұрын айтқан. Адам Ата мен Хауа Ана сөйлеген тілді белгілі бір деңгейде қалпына келтіруге болады. Барлық сөздердің басын қоса отырып. Мұндай теория бар. Бұл теорияны алғаш алып келген адам Олжас Сүлейменов ағамыз. Осы жағынан келгенде Олжекең ешқандай дінсіз болып шықпайды. Араб әдебиетінен бұрын, Ислам әдебиетінен бұрын мәдениеттер болған. Соған біздің қазақ таласа алмай жатыр. Соған алғашқы баспалдақтарды түркілердің тарапынан жасап отырған осы Олжас ағамыз. ХІХ – ХХ ғасырлардың бас-аяғында археологияда да, тілтануда да ұлы жаңалықтар ашылды емес пе. Египет ашылды, Египеттің иерогливтері арқылы адамзаттың тарихын бес мың жылға аштық. Солардың бәріне неге арабтар, еврейлер немесе үнді еуропалықтар ғана таласуы керек? Неге түркі тілдерінің хақысы жоқ. Біздің өзегімізде ұлы мәдениеттердің өзегі жатыр. Олжекеңнің айтатыны осы. Шумер, аккадтар да мәселен бізде жатыр. Егер Кіші Азияның территориясындағы мемлекет Еуразиялық тілдердің атасы болатын болса, санскритте де, бұрынғы тіл, сондағы сөйлем құрау жүйесі біздің түркі тіліне келеді. Оның ішінде қазақ тіліне де келеді. Демек, біздің тіліміздің жасалу жолы өте көне.
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Әмірхан, сенің де айтып отырғаның рас-ау. Біз Олжас Сүлейменовті қай тұрғыдан, қай тараптан келіп оқуымыз керек? Әңгімені осы мағынада да қозғап отырсың. Мейлі, ұнатайық, ұнатпайық, сөз төркіннен бастап, «Игорь жасағы туралы жыр» жайындағы ғылыми еңбегін де қай тұрғыда оқу керек? Дәлел болмаса тағы болмайды. Мысалы, «Атамзаманғы түркілерде» «bооk» деген сөзді мың түрлі қылып талдайды. Қазір кітап дүкендерінің маңдайшасында жазулы тұр ғой, сол сөзді басқа да түрлі болжамдармен бірге «бүк», «бүкпе», «бұқ», «бұқпа»  деген сөздерге де жақындатып қояды. Бүктеге де келеді. Таңба түрінде ағаш бейнесіне де келтіреді. Соның бәрі «кітап» сөзінің мағынасынан алыс емес. Содан айналып келген кезде кітаптың сипатын бүк, жина, жинақтап шығарылған қолжазба деген мағынада да талдауға болатын сияқты. Егер өстіп айта беретін болсақ, «Атамзаманғы түркілер» кітабының ішінде көптеген сөздердің анықтамасы кездеседі. Бұл жердегі бір ерекшелігі мынау: негізді түпнұсқадан іздеп отырады. Мағына мен түпнұсқаның арасынан іздейді. Егер түпнұсқа дәл келіп, мағына дәл келмесе ол сөзге жоламайды. Егер түпнұсқадағы түбір сөз бен мағына дәл келетін болса, оның түрлі етістіктермен, жұрнақтармен өзгеріп кеткен варианттарын шығарып айтады. Әлі де қолданыста бар көптеген сөздің түбіріне талдау береді. Әрине, біреуіне күліп қараймыз, біреуіне таңданып қараймыз. Кітапта жазылған нәрселерді оқысаңыз бір бөлек те, кейбір мақалаларындағы пікір бөлек шығып, қарама-қайшы болып жатқаны рас, оны жасыра алмаймыз. Мырзеке, сіз Олжас Сүлейменов қазақтың ақын-жазушыларын оқыған жоқ деп отырсыз. Бірақ, менің ептеген күмәнім бар. Кейбір адамдар өзінің оқыған дүниесін көкірегінде жасыра алатын болуы керек. Себебі 1972 жылғы баяндама ретінде жазылған мақаласында қазақ жазушыларының ішінен Сайын Мұратбековті, Қалихан Ысқақовты, Мұқағали Мақатаевты ерекше бөліп айтады. Нені меңзеп отырғанымды түсінген шығарсыздар. Олжас Сүлейменов пен Мұқағали Мақатаевты бөлек екі ұғымда қарастырамыз. Екеуін бір-біріне қарама-қайшы ақындар сияқты көрсетеміз. Осы тұрғыдан алғанда, Мырзеке, Олжас Сүлейменовтің судың бетіне шыққан пікірлерін ғана теріп алып жүрген жоқпыз ба?
Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Діншілдігіне келейік. Олжас діншіл болса «Я видел бога» деп айта ма? Пушкинді көрген адам, Құдайды көрген деп есептеле ме? Атеист болып туған, атеист болып қалды. 
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: «Пушкинді көрдім, Құдайды көрдім» – ауыспалы мағынада емес пе? 
Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Ауыспалы мағынада болсын жарайды. Бірақ, «Құдай құсап кек алды» дегені қай сасқаны. Дені сау адам бүйтіп айтпайды. Құдай еш уақытта кек алмайды. Құдай не кешіреді, не жазалайды. Білдің бе? Осыдан-ақ Олжастың кім екенін білуге болады. Енді «АзиЯ»-ға  келейік. Ол қалай жазылды? 
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: «АЗиЯ»-ға келгеніңіз дұрыс. Мына «Атамзаманғы түркілер» кітабында «АЗиЯ»-ға көптеген сілтемелер жасаған. Кітап туралы әңгімеден алшақтасақ сөз көбейеді.
Мырзан КЕНЖЕБАЙ: «АЗиЯ»-ны мақтаған ешбір ғалым жоқ. Ол кітаптың ішінде ұлт туралы бір ауыз сөз жоқ. Оның бәрін қайдан алды? Айтайын ба? Шиповадан, Кызласовтан, Бартольдтан алды, түркітанушылардан алғаны тағы бар. Түркі тілінің ғаламат екені Олжасқа дейін де айтылған. Оны академик Марр айтқан. Ол дүние жүзінің тілін төртке бөлді. Соның ішінде ғаламат тіл деп түркі тілін айтқан. Енді «АЗиЯ»-ның түкке тұрмайтын кітап екенін Лев Гумилев те айтты. Сөзбе сөз келтірейін: «АЗиЯ» неимеет никакой литературной ценностей», – дейді. Кітаптың ешқандай әдеби құндылығы жоқ екенін талай айтқан. Редьярд  Киплингтің: «Шығыс өз орнында қалады, батыс өз орнында қалады» деген сөзі бар ғой. Оны Олжас: «Нет Востока, нет Запада» деп алады. Ол дұрыс емес қой. Шығыстың мәдениеті өз алдына, Батыстың мәдениеті өз алдына. 
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: «Бірақ, күнбатыс бар, күншығыс бар» дейді ғой. 
Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Иә, ол бар дейді. Қазір дүнижүзінде мультикультуризмнен безіп жатыр. Қазақтар ғана үш тілді үйреніп, бүкіл мәдениетті жинаймыз деп жатқан. Олжасты ғалым дегенге сенбеймін. Өйткені, өзінің туған тілін дұрыс білмейтін адам, бүкіл түркі тілін қайдан зерттейді? «АЗиЯ»-ның жазылуы былай. Қазақтар ойлайды: «Олжас Сүлейменовтің «АЗиЯ» деген кітабы Азия деген континент туралы екен, оның ішінде қазақтар туралы екен деп. Шумерлерді айтады. Ол Шумерлерді Олжасқа кім дайындап берді? Кейбір ғалымдар дайындап берді. Ғалымдардың ішкі қулығы болды. Олардың қулығы былай: Төл мәдениеті болған жоқ орыстың. Орыстың төл тарихы, төл әдебиеті жоқ дегенге саятын қылып, Олжасқа мына "АЗиЯ»-ны жасап берген де адамдар болуы мүмкін. Бұл – бір. Екіншіден, Азат Сүлеев деген азамат болды. Біләл Сүлеевтің баласы. Оның Мәскеуде МГУ-де оқып жүргенде осыған ұқсас тақырыпта жазған үлкен еңбегі бар. Үшіншіден, Олжас Сүлейменов мұндағы сөздерді қайдан алды? Түркі тілін ол зерттеген жоқ. Ол Шиповадан, Бартольдтан, Кызыласовтан алды. Олжасты ғалым деп айту үлкен қателік. Ел-жұрт екі сөзінің бірінде Олжасты ғалым, саясаткер, ақын деп ойлайды. 
Әмірхан БАЛҚЫБЕК: Ғылым деген қалай дамиды? Мырзан ағамыз «анадан алған, мынадан алған» деп отыр. Ғылым деген өзіне дейінгілердің жаңалықтарын қорыту және жаңадан бір пікір ұсыну ғой. Олжекең бір жерде: «Ресейдің ғылым академиясының түркология бөлімі мың түркі сөзіне талдау жасапты» дейді. Демек, Олжас үлкен ғылыми еңбектерге сүйеніп отыр. Мысалы, орыстың Сергей Марков деген қаламгері бар. Орыстың саяхатшылары туралы, қазақ саяхатшысы Шоқан Уәлиханов туралы еңбек жазған. Сол атақты Сергей Марковтың бір өлеңінде: «Менің жас досым Олжас осы түркі сөздерін анықтап берді» деген жолдар бар. Шындап келгенде, Олжекең бұл еңбекке бекерден бекер барған жоқ. Әдебиет институтында оқып жүргенде осы тақырыпты алған. Жаңалық ашайын деген жоқ, бірақ уақыт өте келе қызығушылық пайда болады ғой. Бірден түркітанушы болып кеткен жоқ қой. Бастапқыда Әдебиет институтының аударма бөліміне түскен. Уақыт өте келе әркімдердің ұсынысымен, өзінің қызығушылығы бар, осы тақырыпқа келді. Осы тақырыпты жазған кезде француз ғалымдарының да еңбектеріне сүйенді. «Слово о полку Игореведе» түпнұсқа жоқ, өртеніп кеткен. «Бұл қолдан жасалған нәрсе» деген әңгіме содан шыққан. Орыс әдебиетінің даңқын көтеру үшін деп. І Петрдің заманында, Екатериналардың кезінде болған дүние, әйтпесе неге түпнұсқасы көрсетілмейді деген секілді. Бірақ, Олжекең оны бірден жоққа шығарып тастамайды. Еңбегі бар дейді. Олжекеңе қарсы шығатындар кімдер? Орыстың Лихачев бастаған ғалымдары ғана пікір айта алады. Басқа тілден келгендер: Шыңғыс Айтматов болсын, Олжас Сүлейменов болсын, орыстың әдебиетіне ештеңе қоса алмайды. Бөтен бәрібір. Шовинистік, әсіре патриоттық көзқараста болған адамдарға қарсы шықты. Олжекеңді қолдаған адамдар да болды. «Слово о полку Игореве» туралы Лев Гумилевтің де еңбегі бар. «Бұл еңбектің арғы жағында Шыңғыс ханның жорығы жатыр. Түпнұсқасы басқашалау болады. Бірақ, заман өте келе бейімдеп жіберді. Бұл жыр Шыңғыс хан заманында шыққан болуы керек», – дейді әйгілі ғалым. Былай қарағанда, Лев Гумилевтің де өзіндік көзқарасы бар бұл жырға. Олжас Сүлейменовтен бөлек. Гумилевтің көзқарасын осы тақырыпты зерттейтін орыстың ғалымдары қабылдай бермейді. Ал керісінше жай ғана ақын, осы тақырыпқа әуесқой ретінде барған Олжас Сүлейменовтің үш өзгеріс енгізгенін мойындайды. Олжекеңнің айтатыны бар ғой: «Біз тек қана соғыстың тарихын ғана білеміз, бейбіт заманды білмейміз. Сонда біздің бабаларымыз үнемі соғыса берген бе? Жоқ, қыз алысып, қыз беріскенбіз. Мысалы, князь Владимирдің шешесі түркінің қызы», – деген. Олжекең осының бәрін қамти отырып, түркіге, оның ішінде қазаққа жақын тартады. Олжекең ура қазақшыл, ура түркішіл емес. Адамзаттың түбі бір. Мәдениеттің шығу нүктесі бір. Жер – Ана бір бәрімізге. Сол нүктеге баруымыз керек. Сонда біз бір-бірімізді түсінісе аламыз. «Мен мықтымын, сен менен төмен тұрсың» деуге болмайды. Мысалы, олардың көзқарасынша бұл тақырыпқа қазақ неге араласуы керек?«Алматыдан келген бір бала, ата-бабасы кеше ғана орыстың тілін білген, бұл қалай орыстың ұлы ғалымы Лихачевке қарсы пікір айта алады?» дегендей ғой баяғы. Осы жағынан қарауымыз керек. Олжеке ол жағынан сеңді бұзды. Ал ол кезде біздің ғалымдарымыз мұндай тақырыпқа барған да жоқ. Қазір айта аламыз, мына Шипова Алматыда болған әйел кісі. Ол кісі Олжасқа біраз пікір берген болуы мүмкін. Марковтың өзі біраз дүние берген болуы мүмкін. Мысалы, Морис Симашко Мысырды билеген Бейбарыс сұлтан туралы жазды ғой. Ол шығарманы алғаш әдеби айналысқа шығарған Олжекең. Қазір біз Олжасты да, Морис Симошконы да ұмытқанбыз. Орыстың ғалымдарының ішінде де түркіге жаны ашитындар бар. Бартольд секілді, Мичуриндер секілді. Бүкіл орыс қазаққа жау десек болмайды. Және қазақ бүкіл орысқа жау десек, ол да болмайды. Олжекең: «Біз тек соғыстың тарихын білуге ғана тырысамыз» деп жай айтқан жоқ. Бейбіт замандар да болды. Ылғи соғыс бола бермеген, бейбіт заман көптеу болды. Ол кезде мәдениет те, тіл де, барлығы да араласып жатты. Осы жағынан қарауымыз керек.
Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Біреулердің Олжасты керемет ғалым дегеніне үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені, қайталап айтамын, бұл кітап орыс ғалымдарының, неміс ғалымдарының, еврей ұлтының ғалымдарының, түркітанушылардың еңбектерінен жинап-жинап алған нәрсе. Олжасты түркітанушы ғалым, қазақ тілінің маманы деп те айта алмаймын. Керемет ақын деп те айта алмаймын. Өйткені, Олжастан әлдеқайда керемет ақындар бар. Олжасты түкке тұрмайтын, нашар ақын деп те айта алмаймын. Өйткені, Олжастан да төмен ақындар бар. Сондықтан Олжасты көкке көтеріп, аспандатудың қажеті жоқ. Ол қатардағы ақын. Ал ақындығына кейін тоқталамын. 
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Осы жерден тоқтайық. Сізге де сол сұрақ: Олжастың ақындығы жөнінде не айтасыз?
Әмірхан БАЛҚЫБЕК: Әлем мойындаған ұлы ақындардың бірі. 
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Бәрекелді! Біз хабарымыздың бірінші бөлімінде Олжас Сүлейменовтің ғылыми еңбектері және көсемсөздері деген тақырыпты алып отырмыз. Әңгіменің аяғы бәрібір «АЗиЯ»-ға келіп тірелді. Оның себебі де бар. Оның себебі бүкіл Кеңестер одағы ауқымында, шет жағасы шетелге де шыққан болуы керек, осы «АЗиЯ» өте көп сөз болды. Осы жерде айтарым, бәлкім сол «АЗиЯ»-ны сынап отырған орыс ғалымдары мен славяндардың өздері Олжас Сүлейменовке рахмет айтулары керек шығар. Себебі, осы «Игорь жасағы туралы жырда» біздің ақынымыз славян тілдерінің поэтикалық қуатын жоқтап отыр. Жоқшы болып отыр. Ал енді біздің түркілердің де алғыс айтатын тұсы бәрібір бар сияқты. Себебі, орыс тілінде жарық көрген осы шығармадан түркизмді іздеп отыр. Орыстікі деп дәлелдегенмен де, «мұны кім жазды?» деген сұрақ бәрібір шығып отыр. Әрине, біз оның бас-аяғына бір хабарда жете алмаймыз. Бізге дейін де жете алмаған. Бізден кейін де жете алмайтын шығар. Осылай пікір екіге жарылып жүре беретін шығар деп ойлаймын. Ал хабарымыздың екінші жартысында Олжас Сүлейменовтің ақындығы туралы жаңағы сіздер айтқан екі түрлі пікірді дәлелдеуге талпынып көрерміз. Біздің сұхбатымызда кейбір мәселелер, кейбір кітаптар осылай таласқа түсіп, екі-үш бөлімнен тұратын сұхбатқа ұласып кететін кездері болады. Сондықтан сұхбатымыздың екінші жартысында Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы, әсіресе ақындығы туралы бұдан да қызық пікірлер айтылып қалар деген үміттемін. 

«Халық сөзіне» дайындаған – Балжан МҰРАТҚЫЗЫ. 

145. Эссе жанрындағы еркін ой ағымы туралы не білесіз?

Эссе – еркін ой ағымы. Эссені философиямен егіз десе де болады. Батыс мектебі эссе Ми¬шель Эйкем Монтеньннің «Les Essais» – «Өнегелер» еңбегінен бастау алады деп жүр. Профессор Ш.Елеукенов¬тің әліптеуінше, Абайдың ғақлиялары – қазақы эссенің ажарлы бір түрі. Белгілі жазушы Оразбек Сәрсенбай ағамыздың «Жас Алашта» жарияланып жүрген рисалалары да – сол эссенің нақ өзі. Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма.(Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі) Эссе – философияның, эстетиканың, әдеби сынның, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.

– Бұл тұжырымды академик Зей нолла Қабдоловтан талай ғасыр бұрын Аристотель, әл-Фараби, Белинский, Ахмет Байтұрсынов, Бахтин сынды зерттеушілер шегелеп кеткен. Жас жур на листер классиктердің еңбектерін бір кісідей білгені жөн. Очерк пен эссе – екі түрлі жанр. Журналистика факультетінде олардың ара-жігін ажыратып оқытады. Очерк нақты фактіге, кейіпкер әрекетіне, нақты құбылысқа сүйенеді. Эссе – еркін ой ағымы. Эссені философиямен егіз десе де болады. Батыс мектебі эссе Ми шель Эйкем Монтеньннің «Les Essais» – «Өнегелер» еңбегінен бастау алады деп жүр. Профессор Ш.Елеукенов тің әліптеуінше, Абайдың ғақлиялары – қазақы эссенің ажарлы бір түрі. Белгілі жазушы Оразбек Сәрсенбай ағамыздың «Жас Алашта» жарияланып жүрген рисалалары да – сол эссенің нақ өзі.

146. О. Чайковскаяның «Литературная газетадағы» сот очерктерінің проблемалары туралы айтып беріңіз..

Ольга Чайковская ең алдымен 70-80 жылдары  «Литературная газета » басылымында жарық көрген  өзінің  сот ісі туралы өткір өзекті тақырыптағы очерктерімен танымал. Сонымен бірге Литература  газетінің бөлім бастығы болып жұмыс істеген әріптесі Игорь Гамоюнов Ольга Чайковскаяға  сот ісі очеркін қайта жаңғырта білген төрт публицистің бірі деп үлкен баға береді.

Ол өз заманның белгілі төрт танымал публицистің қатарында  болды. Оларды атап өтетін болсақ: Евгений Богат,Александр Борин,Аркадий Ваксберг және Ольга Георгиевна Чайковская болатын.

Совет үкіметінің тұсында сот істерін жазу, яғни сот очерктері болмаған еді, олар осы жанрды жаңғыртушы болды.

Сонымен қатар ол сөзді виртуозды түрде игере білген.

Таңдандыра білетін тағы бір қыры ол кішкене ғана ойымен,ЦК ның насихат бөлімшесінің өзі түсінбейтін бірақ үлкен аудиториямен байланыс жасай алатын. «Оның мақалалары адамдардың тағдырына өз ықпалын тигізіп әділетсіз жазаға ұшыраған адамдырдың кінәлары алынып,бостандық алды»  Ольга Чайковскаяның соңғы мақаласы жаңа қылмыстық процессуалды кодексі туралы 2002 жылы жарыққан шықты.

Гоголь : «Әділетсіз сот Ресейдің мәңгі жазылмас жарасы»,- деп заманының жауыздығын ашық айтқан еді.Олга Чайковская да сол жауыздық үшін күресіп өткен тұлға болатын.Оның сот очерктері әділетсіздіктің құрбаны болғандардың сөзін сөйледі.

147. «Егемен Қазақстан» басылымындағы қысқа есепке тоқталыңыз.

Баспасөздегі есеп – қандай да бір өткен оқиғаны, іс-шараны шағырландырып ұсынады. Есеп басқа жанрлардан құрғақтығымен және баяндаудың сатылануымен ерекшелінеді. Есептің түрлері: тікелей есеп – оқиға болған жерден артық түсініктемелерсіз тікелей беру; есеп-коммюнике – өткен саяси кздесу туралы әңгіме;түсініктеме беру элементтері бар есеп-толғау; Кеңейтілген есеп – кеңейтілген түсініктемелермен ілеспе жүретін оқиғаны беру. Есептің тілі мен стилі – ресми-іскерлік мәнерде жазылады. «Теория и практика советкой периодической печати» атты ұжымдық монографияда есеп түрлерін былай бөледі: «Тікелей ақпараттық есеп, талдамалы есеп, тақырыптық есеп, бір адамның сөзіне құрылған есеп, бірнеше сұрақтарға құрылатын есеп, проблемалық есеп». Ал қазақ журналистикасын зерттеген ғалым Т.Қожекеев: «Қысқа есеп, кеңейтілген есеп, төте есеп, тақырыптық есеп, проблемалық есеп», - деп бөлуі көңілге қонымды.

Қазіргі таңда есеп жанры жанр ретінде мерзімді баспасөз беттерінде сирек кездеседі. Кейбір зерттеулер есептің тіпті жағалып кеткені туралы айтады. Бірақ олай емес. Есеп әлі ле өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланған жоқ. Бұл жанр әлі де газеттік публицистикада өмір сүре алады деуге негіз бар.

Есеп – белгілі бір аудитория (конференция, жиналыс, спорттық жарыстар және түрлі көрмелер, т.б) қатысқан іс-шаралар жөніндегі ақпараттық хабарлама. Айтылған мағұлматтардың сипатына қарай есеп жалпы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен айтылу ерекшеліктеріне қарай – ақпараттық (айтылған пікірлер, оқиғалар, деректер жүйелі түрде) немесе сараптамалық (назар белгілі бір оқиғаға аударылып, оған баға беру, түсіндіру) болып бөлінеді. Есепті іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау мақсатында жазады.

Есеп – баспасөз тәжірибесінде бұрыннан қолданып келе жатқан жанр. Шамамен XVII ғасырда пайда болған. Алғашқы есеп жанрының белгілері орыстың «Ведомость» газетіндегі Петр патшаның іс-сапарлары мен өзге ел өкілдерін қабылдауы жөніндегі мақалалардан байқалады. Есеп –іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау. Олардың қатарына: конфиренция, съезд, жиналыс және тағы басқа жатқыза аламыз. Есеп авторы жиналыс барысындағы мән-жайды толығымен жазады. Есеп жанрының баспасөз тәжірибесінде бірнеше түрі қолданылады. Олар: тіке және тақырыптық болып бөлінеді. Тіке есепжанрын газет бетінен гөрі радиода жиі кездестіреміз. Мұндағы ұшыртпай қаз-қалпында оқырманға я тыңдарманға жеткізу. Ал ақырыптық есеп барысында автор талқыға алынған мәселенің мәнін ашып, ол жайында түсініктеме береді. Орыс ғалымы А.Тертычный есеп жарнының сараптамалық түрін қарастырғанда: «Сараптамалық есеп сөйлеген сөздер мен баяндамалардың өзара байланысы», - деп анықтама береді.

үгінде жарық көргеніне 94 жылдан асқан республикалық бірден-бір ұлттық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Бүгінде ол еліміздегі таралымы ең көп газет болып отыр. Екі жылдан бері 200 мың дананың үстінде тираж алып келе жатқан газеттің күні бүгінгі күнге дейін жүріп өткен жолы республикамыздың тарихымен үндесіп жатыр. Қазір газет еліміздің барлық облыстарының орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.

Біз республикалық газеттің тарихын айтқанда заманында ұлтымыздың ұстыны, халқымыздың мақтанышы болған көптеген толымды тұлғалардың есімдерін еске түсірмей тұра алмаймыз. Сонау 19-шы жылы жарыққа шыққан «Ұшқыннан» бастап, бүгінгі «Егемен Қазақстанға» дейінгі аралықта газетіміздің кешегісі мен бүгінгісіне қызмет еткен сондай қарымды қайраткерлердің қатарында Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары бар.

Осынау 94 жылдың толғауында газеттің аты да сан рет өзгеріске ұшырады. Ол алғашқы «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы» да атанды, «Еңбекшіл қазақ» та болды, «Еңбекші қазақ» та болды, әлденеше ондаған жылдар бойы алдымен «Социалды Қазақстан», содан кейін «Социалистік Қазақстан» ретінде де оқырманға кеңінен танылды. Ал еліміз егемендік алған алғашқы елең-алаң кезде «Егеменді Қазақстан» болып тәуелсіз жұртымен қауышса, 1993 жылдан бері «Егемен Қазақстан» болып біржолата орнықты. Дегенмен, осы жылдардың бәрінде газеттің аты өзгергенімен, заты өзгерген жоқ. Ол қалай аталғанда да өзінің елдіктің биік мінбері міндетін абыроймен атқара білді және атқарып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басылымға «Отанымыздың бас газеті» деген баға берді.

1."Нұр Отан" партиясының игі бастамасы

Ағымдағы жылдың  5 қаңтар күні  «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалының ұжымы «Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау акциясын өткізді. Оны  Алматы облыстық партия филиалының ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г. Тойлыбаева ашып, жиналғандарға арнап сөз сөйлейді. Акцияға жастар өкілдері мен Талдықорғанға  жақын орналасқан елді мекендердің және қала  тұрғындары қатысады. Олар көңіл көтеріп, тегін шаңғы тебу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, түрлі  спорт жарыстары  өтті. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шараның мақсаты – өңір тұрғындарын спортпен  тұрақты айналысуға үндеу, белсенді демалыс түрлерін ұйымдастыруға арналған жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық сезім мен жалпыұлттық құндылықтарға баулу болды. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы.

2.   «Бағдарламалардың іске аспайтыны – бақылаудың әлсіздігінен» атты тақырыпта мақала жарық көрді. Мақаланың лиді: «Кеше «Қазмедия» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары мен айтқан сындарына орай парламент мәжілісінің депутаты Светлана Романовская мен «Демократияны  дамыту институты» ғылыми-зерттеу ассоцияциасы» қоғамдық ұйымының директоры Юлия Кучинская журналистермен брифинг өткізді».

148. Дайджест пен баспасөзге шолудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

Баспасөзге шолуға профессор – «мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған рецензия жазудың бір формасы» деп баға береді.

Жалпы, «баспасөзге шолуды – газеттеріміз бен журналдарымыздағы бастаманы, ондағы материалдардың жаңа бір сипатын іліп алып, жұртшылық қауымына тарату ісінде публицистиканың ебедейлі жанры болып табылатындығын, белгілі бір газет пен журналдың мазмұнын талдап, оның жанрларының сипаты мен ерекшеліктеріне баға берілетіндігін, күнделікті баспасөздің талап-тілектерінен туып, бүгінгі уақыттағы көкейтесті мәселелерді көтеріп отыратындығын» ескерсек, автордың жоғарыдағы пікірімен әбден келісуге болады.

Бұдан түйеріміз: «Баспасөзге шолу – газеттеріміз бен журналдарымыздағы бастаманы, ондағы материалдардың жаңа бір сипатын іліп алып, жұртшылық қауымына тарату ісінде публицистиканың ебедейлі жанры болып табылады».

Тақырыптық шолу атында айтып тұрғандай, белгілі бір тақырыпқа арналса, жалпы шолу қандай да бір тақырыптарды алып, қандай мәселені өзіне өзек етсе де, газеттің күделікті ісіндегі елеулі жағын көрсетуге тиіс.

​Жалпы шолу екі түрлі жазылуы мүмкін. Бірінші жағдайда газеттің жалпы жақсы істері мен қол жеткен табыстарының әдістері үлгі етіледі де, ал екінші жағдайда, газет қызметінде орын алған кемшіліктер, оның себеп-салдары талданады. Ол кемшіліктерді жоюдың жолдары көрсетіледі.

Дайджест дегеніміз ағылшынның digest сөзінің қазақша баламасы. Жалпақ тілге салып айтар болсам, дайджест дегеніміз әр түрлі ақпарат көздерінен жиналған, кейде маңызды жерлері ғана берілетін басылым. Оның жинақ, кітапша, немесе журнал типтес баспа өнімі болуы мүмкін. Дайджест қағазы арқылы емес, ішіндегі әр жерден жиналған контенті бойынша ерекшеленіп тұрады.

Дайджесті айдарлар мен тақырыптар бойынша, уақыттық ерекшеліктер бойынша шығаруға болады. Интернет сайттарда да дайджест жасауға болады. Бірақ қазіргі кезге дейін Қазнеттің әжетханасына айналған 1-2 сайт «дайджест дегеніміз орыс тіліндегі мақалаларды жариялау» деп түсініп жүр. Олар қателеседі. Дайджест дегеніміз қазақтілді сайтта орыстілді мақалалалар жариялау емес.

Дайджест - қысқартып алынатын ақпараттың мазмұндамасы. Трактат пен манускрипт арасында мәліметтерді іздеу қажеттілігі көнелікте пайда болды. Сол қажеттілік әдебиеттің дигестам - көне түрін өмірге әкелді. Латын тіліне аударғанда, бөлу, ретімен орналастыру, толығымен жазу деген мағынаны білдіреді. Дигесттер – манускриптегі негізгі идеялардың, фактілердің қысқаша үзінділері. Олар білім концентраттар қызметін атқарады (бір орында жиналу).

    Қазіргі уақытты көне дигесттер екінші рет дүниеге келді. Олар жаңа жағдайларда қайта туылды және «дайджесттер» деген жаңа атауын алды, ағылшын тіліне аударғанда «қысқаша мазмұндама» деген мағынаны білдіреді.

Газет пен журналдардың жеке нөмірлері немесе оларда жарияланған кейбір материалдар талданады, оған баға беріледі. Бұл талдамалы жанрдың бір түрі –шолу болады. Орталық газеттерден бастап, облыстық, аудандық, газеттерге дейін әртүрлі формада шолулар жариялап отырады. Баспасөзге шолу- публицистиканың көрнекті жанрларының бірі.Ол белгілі бір газет-журналдың мазмұнын талдап, оның жанрларының сипаты мен ерекшелігіне баға береді.Шолудың өзі күнделікті баспасөздің талап-тілектерінен туып,бүгінгі уақыттағы көкейтесті мәселелерді көтеріп отырады.Мерзімді баспасөзге шолу жарияланғанда одан шолу берілген газет қана емес,одан басқа газеттің қызметкерлері де үлгі алып отырады.Ол үшін шолудағы талдау өткір де ұнамды болуы қажет.

149. Профессор Б.В. Стрельцов суреттемені неге хабарлама жанрына жатқызады?.

Суреттеме – жанрында көркемдік ақпараттықта үстем болады. Көпшілігінде теледидарда суреттемені көріністі суретке түсіру не кадрлардың байланыстағы бірлігі деп те атайды. Суреттемеде дәл айқындалған оқиға болмаса да операторлық жұмысқа жоғары талаптар қойылады. Онда әрбір кадрдың композициялық шешімділігі қатаң қадағаланып, жарық мәнері мен ракурске дейін таңдалады. Кадрден тыс оқылатын мәтінге айрықша талап қойылады, себебі автор құрғақ ақпаратпен хаттамадан аулақ болып, тілдің бейнелік құралын кеңінен пайдалану керек. Теледидардағы суреттеме жанры жан-жақты шығармашылықты талап етеді.

150. Ж. Аупбайдың портреттік очерктеріндегі кейпкерлері туралы не айтар едіңіз?

Аяз. Қожыр-қожыр қой¬тас¬тардың арасындағы қарлауыт жол. Таң¬ғы бұрқасын үріп тастаған онымен жүр¬генімізге де біраз уақыт болған. Бірақ алдымыздағы қайқайып жатқан құбажон қыраттар таусылар емес. Бір белестен соң… бір белес. Шеті де, шегі де жеткізбейтіндей көрінеді адамға.

Аудан орталығынан шыққалы бері әр әңгіменің басын бір шалған біздер мәшиненің жайсыз жүрісінен кейін үн¬сіз қалғанбыз. Тек жүргізуші жігіттің қимы¬лында ғана дамыл жоқ. Тарам-тарам дала жолдарының сұлбасын тапжылтпай тап баса отырып, Газ-69-ды ұршықша үйіріп келеді. Ал, айнала төңірек болса… шыр-көбелек айналып, артта қалуда. Дүние тым-тырыс. Көкала аяздан көзін аша алмай тұрған Арқаның айшықты белдері марғау тіршілікке бөгіп тұр.

Міне, жол тағы бір жолбарыс жонды жотадан асып түсті. Осы мезетте мәшине рөлімен алысып келе жатқан жүргізуші жігіт: «Әне, Тасқора!» – деп қуана дауыс¬тап жіберді. Алға көз тіккенімізде сырты аппақ жұмыртқадай боп әктелген, еңселі әрі ауласы қардан тап-таза боп аршылған үш үй көрінді. Жақындай келе байқадық, мамағашта ертоқымды кертөбел ат тықыр¬шып тұр. Қора жақта қасқырға салсаң да қаймықпайтындай қауқары бар қарала төбет төңіректі басына көтере үруде. Ал, қоршаудың күншуақ жақ бетіндегі тұғыр¬да дүр-дүр сілкіне шаңқылдаған шегір көзді қыран бүркіт отыр. Осының бәрі қиян¬дағы мына қыстаудың өзгеге көп ұқсай бермей¬тін өмірінен бірден хабардар еткендей».

Жоғарыдағы бұл  шағын үзінді Жанболаттың «Қазақстан» баспасынан жарық көрген «Ашылмаған аралдар» кітабынан алынып отыр. Алғашқысы – «Он екі жасында орден алған» очеркінен, ал екіншісі «Сарыарқаның «Сетон-Томпсоны» деректі әңгімесінен. Осынау екі туынды да көзі қарақты, ойы сергек талғампаз оқырманның есінде болса керек. Ұмытылуы мүмкін емес. Кімді болсын, бейжәй қалдырмай, елең еткізер тақырыптарынан-ақ ауызға алған бетте жаймашуақ көңілің бөлекше қанаттанып, керемет бір сезім күйіне бөленерің хақ.

Кеңес дәуірінде оқулықтардан, газет-журналдардан суреті түспей, жанкешті еңбекқорлығымен дүйім державаға үлгі болған қаршадай қыз – бір күнде 102 килограмм мақта терген «кішкентай стахановшы» Мамлакат Нахангова өмірінен сыр шертетін очерктің кілтінен көп жайды аңғару қиын емес. Бірінші сөйлемнен-ақ аңыз-кейіпкердің түр-тұлғасынан, оның өнегелі ғұмыр белестерінен хабардар боласың. Екінші дүниеде қазіргі заманның қаһарманы – фермер Тілеуқабыл Есен¬бекұлы хақында әңгімелейді. Әрине, ке¬шегі мал соңында салпаңдаған қарабайыр шаруа емес, азат елдің азат ойлы кәсіпкер-фермері, менеджер-инженері Қарағанды облысының шалғайдағы ауданында табыс көзін еселеп жүр. Қиян қыстауда құдды қаладағыдай күн кешуде.

Қайран қалмасқа, таңдай қақпасқа шараң жоқ. Өмірдің өзінен ойып алған осындай кейіпкерлерді қаламгер Жанболат Аупбаев шарқ ұрып іздеумен келеді. Көкөрім балауса кезінде «Ленжаста» басталған іссапар байсал тартқан шағында да үзілген емес. «Егеменде» одан әрі жалғасуда. Оған айғақ – әлгінде назарларыңызға ұсынған штрих-үзінді. Зер салып үңілгенде ғана байқайтын жалғыз деректі қаперіңізге ескерте кеткенді жөн көрдім. Тілге тиек еткен екі дүниенің арасында бақандай жиырма үш жыл жатыр. Бірақ, көзге көрінбейтін құдіретті уақыттың демі сетінемей, әп-әдемі қалпында, сезімдерді шымырлатып, ғажайып әсерге шомылдырғандай. Бұл – қағылез қаламгер шеберлігі, бұл – қайратты қалам қуаты.

Орайлы тұста «Ашылмаған ара묬да𬬬¬¬¬¬¬дың» сүйегін құрайтын туындыларды бұ¬¬та𬬬¬лап талдамай, желе-жортып шол¬ғанды дұ¬¬¬¬рыс санадым. Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлының тұң¬ғы¬шы Толқынды аялап ұстап отыр¬ған әйгілі ғарышкер Алеꬬсей Леонов («Жер – ғарыш жағалауы»), атақ¬ты қол¬өнер шебері Дәркембай Шоқпар¬ұлы («Үндестік заңы»), ғарышқа тұңғыш рет жол салған Юрий Гагаринге сабақ берген ақмолалық ұстаз Ж.Ысқақов («Гагаринді оқытқан Жақыпбек»), әлемнің 65 елін¬де болып, «Киносаяхаттар клубын» жүргі¬зу¬ші жүрекжұтқан тележурналист-сая¬хат¬шы, есімі «Гиннесстің рекордтар кіта¬бы¬на» жазылған Ю.А.Сенкевич («Дүлей мұхит. Қамыс қайық. Адамдар»), сирек маман¬¬¬дық иесі Тыныбек Танин («Каскадер»), ионосфераны зерттеуші физик-ғалым Данବбек Бименов («Антарктидаға барған»), «Комсомолец» сүңгуір қайығы¬ның 1-ші рангалы капитаны Талғат Бөріқұлақов («Біз білмей¬тін бейне»), тағ¬дыр тәлкегін белден кешкен жазушы Кәмел Жүнісов («Диссидент»), т.б. деп соза беруге болар еді. Өйтпедік.

Жанболат-журналистің, Жанболат-жазушының авторлық айдары аясында қаламынан туған тамаша туындылардың ұзын-ырғасы үш-төрт томға жетерлік. Сүйікті тақырыбына құлай ынтыққан оның кейіпкерлері сан алуан мамандық өкілдері. Сондықтан да оларды қаламгер өзінше жіктеп, өзінше тізіп жеке-жеке кітаптардың алтын арқауына талғап-таңдап іріктеуі тегін болмаса керек. «Ұлылардың ұрпақтары», «Біртуарлар» аталатын кере қарыс кітаптардан бәрі-бәрін ұшыратасың. Шетінен – таныс, шетінен – мәшһүр. Бұдан бұрын жүздескен бейнелер. Әр кітапты парақтаған сайын бір-біріне ұқсамайтын іс-әрекетімен, мінез-құл¬қымен, бітім-болмысымен қарсы ала¬тыны және күмәнсіз. Олар — антрополог, орнитолог, генерал, альпинист, диктор, ақын, жазушы, футболист, суретші, актер, инженер, атбегі, фотограф, мұнайшы, жұмысшы… Бұлардың легіне атақтары жер жарған ұлылардың ұрпақтарын қосыңыз… Тұтастай бір кейіпкерлер көрмесін, образдар галереясын тамашаларыңыз даусыз.

Сөзбен өрнектелген, сөзбен сом¬далған, сөзбен қашалған қаһарман¬дардың тылсым сырына үңіліп, жұмбақ ғұмырына саяхат шегесің, яғни, қаламгер Әлиханұлының әлемін әр қырынан қызықтайсың. Ғажабы сол, әркім өз іздегенін табады. Мен оған бек сенімдімін.

***

…Журналистика жүйрігі Жанболат қол¬таңбасына тән дара сипат оның сафари жолжазбалары мен сыр-сұхбаттары¬нан да «менмұндалап» тұрады. Қаламгер¬дің өзіндік жазу мәнер-машығын әр туын¬дының лүпілінен сезесің. Ең бас¬тысы, сөз сапыруды жаны қаламайтын ол оқиғаны сағызша созбай, тақ-тұқ сөз¬дермен жеткізуге ұмтылады. Қызықты танымдық деректерді молынан, әрі орнымен пайдалана отырып ежелгі қоңыр әуенінен жаңылмайды.

Әрдайым ізденісте жүретін публицист кейіпкеріне қатысты көп жұрт біле бермейтін елең еткізер дәйектерді, бей¬мәлім штрихтарды ұтымды қиюлас¬тырады. Әдетте, «сұхбаттар, интервьюлер, сапарнамалар оқылмайды, бірін-бірі шиырлап, қайталап жатады» деп безбенге салатынымыз бар. Жоқ! Олай айту – ұшқарылық. Тек бәрі де жазушының шеберлігіне, ұсталығына, қарымдылығына байланысты.

Жанболат фамилиясын неге өзгертті?

Қаламдас ағайындармен кездескенде осы сауал үнемі алдымнан шығып жүрді.

Әрқайсысына жеке-жеке қалай түсіндіресің. Реті келді. Айтайын. Оқиға былай болған еді.

…Жылашар нөмірде (2001 ж.) Жан¬болаттың «Ашылмаған аралдар» аталатын төл айдарымен «Диссидент» очеркі шығып бара жатқан-ды. Ол өзінің материалына тұңғыш рет мынадай подпись қойған – Жанболат Әлиханұлы (Аупбаев). Әдеттегідей кешкісін мерекелік газеттің әзірленген ең соңғы беттерін жалбыратып апарып Бас редактордың заңғарадай бөл¬месіндегі дөңгелек үлкен үстелге жайып тастап, редактораттың мүшелері шұқшиып қарай бастаған. «Егемен Қазақстанға» жаңадан басшы боп келген Сауытбек Абдрахманов әр бетке ықтияттап жанар жүгір¬тіп, келесі бетке үңілген күйі:

– Жәке, ендігі жерде подписіңізді осы¬лай жазасыз ба? Жақшадағы фамилия қашанға дейін тұрмақ, – деді жымиып.

– Бұдан былай аты-жөнімді өстіп жазбақшымын, Сәке. Жаңа төлқұжат алдым. Атамның аруағы риза шығар маған. Ендігі жерде дүниелеріме өз әкемнің атын қоямын. Наурызға дейін оқырманның көзі үйренсін, сосын жақшадағы фамилияны алып тастаймын ғой.

Жанболаттың мына сөзінен кейін еш¬теңеге зер сала қоймаған редактораттың өзге мүшелері де жақшадағы фамилияға тесіле түскен еді. Қаламдас достың өмір¬баянына қатысты осынау беймәлім жайт біраз сырдың ұшығын жеткізгендей. Ашылмаған аралдардай көрінер сұрапыл оқиғаның сызын сездіреді. Зерде қоңырауын қағып жіберсең, 28 бен 37-ші жылғы зобалаң құрсауына түсіп, тағдыр тәлкегін кешкен әулеттің, Әлихан әкенің қилы-қилы өткелекті ғұмыр белестерінен әңгіме өрбітіп қоя беретіндей…

Міне, содан бері де бір мүшел айналыпты-ау!? Сөйтсе де, оқырман қауым сүйікті қаламгерін тек «Аупбаев» тұлғасында көргісі келетін тәрізді.

151. Очерктің журналистік тексерім пішіні туралы не айтар едіңіз?.

Әңгімемізді «очерк» атты жанрдың этимологиясынан, түп-тұқиянынан бас¬тайық. Оны орыс зерттеушілері, олар¬¬дың ізін ала қазақ журналистикат¬а¬ну¬шылары А.Горькийдің Жигаға жазған хатына сүйене отырып, «очерчивать» етістігінен таратады. Ол мүлде қате тұжырым, өйткені орыс журналистика¬сында Горькийге дейін де натуралистік очерктің нелер түрі болған. Мұны айтып отырған себебім, бодандық кезеңде, кеңестік дәуірде қазақ журналистикасы орыс көсемсөзінің идеялық-идеология¬лық шеңберінен шыға алмады, әсерінен арыла алмады. Мен өзімнің «Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үде¬рісі» атты монографиямда очеркті «очи» – «көз», «жанар» деген сөздерден тарата¬мын. Басқаша айтқанда, көзбен көрген құбылысты, фактіні жүйелі, образды мәтінге айналдыру шеберлігіне назар аударамын. Шынына келер болсақ, газет, журнал қызметкерлерінің барлығы¬на менің жоғарыда аты аталған еңбегімді, профессор А.Тертычныйдың «Жанры периодической печати» оқу құралын мұқият оқып шығуды ұсынар едім. Сон¬да олар бұдан қырық жыл бұрынғы ұстаным¬дарынан арылып, ұлттық журналисти¬камыздағы, әлемдік масс-ме¬диа¬дағы уақыт пен кеңістік кон¬тек¬сіндегі соны үдерістерді анық бағамдар еді. Жасырып не керек, тәжірибелік журналистика саласында еңбек етіп жүрген әріптестеріміз ғылыми-теория¬лық салада нендей жаңалық дүниеге келіп жатқанынан көп жағдайда бейха¬бар. Жанр деген лексеманы біз биология саласынан алып отырмыз. Яғни жур¬налистика палитрасы табиғатпен, ғалами құбылыстармен біте қайнасып жатыр. Ол, біздің ұстаздарымыз айтқандай, тек қоғамдық, әлеуметтік құбылыстарды ғана тілге тиек етіп қоймайды. Таным қа¬ламгер ақыл-ойы, қиялы арқылы адам көзі тоқтаған жерден де алысқа қол соза¬ды. Очерк, міне, осындай жанр. Құдайға шүкір, жолсапар, портреттік очерктер баспасөз кеңістігінде жоқ емес, бар.

Біз тәуелсіздік алған жылдары жап¬пай Батысқа еліктеп, образды журналис¬тиканы бекерге шығара бастадық. Жалаң фактіні беруге, көрсетуге дағдыландық. Енді соның зардабын тартып отырмыз. Америка журналистикасының білгірі Томас Вулф «бейнелі жазуға біз өткен ғасырдың жетпісінші жылдары ден қоя бастадық» дейді. Демек, олар бізден үйре¬не бастаған. Ал біз барымыздан айыры¬лып отырмыз.

Рас, қазір проблемалық очеркті басы¬лым бетінен табу қиын. Проблема көп. Проблемалық очерк жоқ. Парадокс. Бұл, біріншіден, экономикалық ұстаным мен саяси-идеологиялық ұстанымның басы бірікпеуінен туындап жатқан кереғарлық. Қоғамдық қарым-қатынас трансформацияланды, меншік түрі өзгерді. Екіншіден, марапаттау сарыны басым заманда проблемаға қайдан орын тисін?! Үшіншіден, қай журналист тап бүгіндері шахтаға түсіп, зауыт-фабрика¬ларды аралап жүр. Ғалым зертханаларын жағалаған қаламгер бар ма қазір? Азар болса, мықтаса, сұхбат алар. Біздің журналистика офистік, кабинеттік журналистикаға айналды. Очерк жазу үшін нысанды апталап, айлап зерттеу қажет. Біз бұрынғы адамтанушы, құбы¬лыстанушы, табиғаттанушы шебер очер¬кистер мектебінен айырылып қалдық. Оның әзірге орнын толтыра алмаймыз. Әртүрлі басылымдарда еңбек етіп жүрген жас журналистердің тек ақпарат алуға, сұхбат жүргізуге ғана қауқары бар. Олар¬ға ең алдымен талант, бейнелі тіл, интел¬лект, маңдайдан тер сорғалатар еңбек қажет

152. Газет «жаңалықтарының» өтпелілік қасиеті туралы не білесіз?.

«Газета – халықтың  көзі,  құлағы һәм тілі»

Ахмет Байтұрсынұлы

«Ақпаратсыз  ең мықты саясаткер,ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік  ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат сияқты болып қалады.» - Марат Барманқұлов.

Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат болып қалады. Ақпарат дегеніміз – күнделікті тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі. Субьективті оқиғаны сезіну. Ақпарат болған оқиғаны болды дейді. Ақпаратты тек болған оқиғаға ғана қатысты емес, оны хабарлағанға да, яғни қоғамға дабайланысты. Аудитория сапалы, элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат ұсынылады.  

153. «Ана тілі» газеті тілшісі Жанар Дәуренбекованың Шоқан Уәлихановпен сұхбатын интервьюдің қай пішініне жатқызуға болады?

Бұл сұхбатты ретроспективалық сұхбатқа жатқызамыз.

Ретро «артқа қарау» деген мағынаны білдіреді.Дүниеден өткен ақын-жазушыларымызбен сқхбат жүргіетін болсақ,олардың шығармаларынан жауап іздейтін боламыз.Мысалы

Естеріңізде болса, ретроспективалық сұхбатымыз Абай мен Ахмет атамыздан бастау алған болатын. Бұл жолы Әлихан Бөкейхан бабамызбен болған сыр-сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Ел қамы үшiн қара басын ажал оғына байлап, соңына өлмейтін өнеге қалдырған тұлғасы өзгеше ұлт перзенті Әлекеңнің (Әлихан Бөкейхан, 1866-1937) еңбегі ұшан-теңіз. Ол ұлт мүддесін өз ұста¬нымынан жоғары қойған ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы, көрнекті қоғам және мемлекетқайраткері, ғұлама ғалым, Алашорда өкіметінің негізін қалаушылардың бірі. Әлекең Алаштың шын көсемі және болашақ ұлт көсемдерінің тұлғалық һәм кісілік бейнесіне үлгі болып, Алашпен бірге жасай бермек. Тәуелсіз мемлекетіміз гүлденген сайын Әлиханның да жарқын бейнесі жарқырай бермек.

–  Әлихан аға, дәстүрлі дініміз бен ұлттық болмысымызды сақтай отырып, өркениет көшінен кеш қалмауымыз үшін ең бірінші не істеуіміз керек?

– Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады. Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?! Міне, Әлихан Бөкейхан «қазаққа сөз үйретіп жатыр» деп айтады. Мен қазаққа сөз үйретпесем... Менің не керегім бар еді. Қазақ жоғалып кетеді, «бұған жер неге керек» деп оттаған дұшмандар бар. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Ол үшін осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «қазақ мәдениетін» құрып, бір жағынан «қазақ әдебиетін» тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы...

–  Тіршіліктің ағымы алға кетті. Ендеше, біз қандай болуымыз керек?

– Тіршіліктегі жүйріктік – ақылда, ұсталық пен жанкештілікте... Қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі. Аустралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербор базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр. Профессор Күлешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ... Кім шебер болса, жалықпай талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі соныкі.

154. Памфлет табиғаты, жанр ретінде қалыптасуы туралы не білесіз?

Памфлет, қаһарлы сөз (ағылш. рamphlеt – парақ) – белгілі бір құбылыстарды, беделді саяси және мәдени қайраткерлерді әшкерелеуге арналған өткір сатиралық шығарма[1]; өткір сатираға құрылған әдеби туынды; қоғамдық-саяси өмірде қандай да бір тұлғаны немесе құбылысты өткір сатирамен масқаралайтын, нысаналы, айқын тілмен ерекшеленетін, жағымсыздық, жамандық такырыбын әшекерлейтін саяси публицистиканың жанры.[2]

Публицистиканың жанры ретінде қара сөзбен ғана емес, өлең түрінде де жазылады. Памфлет белгілі бір құбылыс, оқиға, деректерді, мемлекеттік саяси жүйе мен беделді қоғам қайраткерлерінің ықпалын қысқа негізде сатира үлгісінде де әшкерелейді.

Тарихы:

Памфлет термин ретінде 12 ғасырда қолданыла бастағанымен, оның классикалық түрі Қайта өрлеу дәуірінде (16 ғ.) қалыптасты. Ежелгі Грекия мен Римде шешендік сөз, ғылыми трактат (Демосфен, Цицерон, Ювенал) түрінде келіп, кейін мазмұн, пішін тарапынан барлық жанрды қамтыды. Памфлет қара сөзбен де, өлең түрінде де келеді, насихатқа негізделіп, барша қауымға түсінікті болады. Памфлет қоғамның саяси-әлеуметтік тынысын бейнелейді, нақты оқиға, дерекке байланысты туындайды. Кейде Памфлет жала жабу мағынасында келсе, пасквиль деп аталады.

Өкілдері: Публицистикалық Памфлет үлгілеріне Дж.Милтонның “Ареопатика” (1644), “Бөшке ертегісі” (1704), Дж.Свифттың “Вольтер туралы трактат” (1763), М.Горькийдің “Әзәзіл билеген қала” (1906), Л.Н. Толстойдың “Үнсіз қала алмаймын” (1908), т.б. шығармалар, ал сатиралық Памфлет қатарына Свифттың “Гулливердің таңғажайып саяхаттары” (1726), М.А. Булгаковтың “Қан қызыл арал” (1928), т.б. туындылары жатады. Памфлет жанры В.Г. Белинскийдің “Гогольге хат” (1847), П.Я. Чаа-даевтың “Философиялық хат” (1836) секілді еңбектерінен көрінсе, соғыс жылдарында И.Эренбург, Я.Галланың фашизмді айыптаған публицистикалық Памфлеттері жарық көрді. Қазақ әдебиетіндегі памфлетті А.Байтұрсынұлы “Әдебиет танытқышында” (1926) толғау түрінің біріне (күліс) жатқызып, “мазақ қылу” деп атайды. Қазақ өлеңіндегі памфлеттің алғашқы нышандары жыраулық поэзия өкілдерінен байқалады. Мысалы, Жанкісі жыраудың“Қоқан ханына айтқаны”, Махамбеттің Жәңгір ханға, Шернияздың Баймағамбет сұлтанға, Тұрмағамбеттің Құлжанға айтқандарында Памфлетке тән пафос бар. Абай “Болыс болдым, мінекей”, “Мәз болады болысың”, “Күлембайға” деген топтама Памфлет өлеңдерінде болыс-билердің типтік-психологиялық, сатиралық портретін жасады. Әсет пен Ырысжанның жұмбақ айтысы мен С.Торайғыров өлеңдерінен Памфлеттік сарын байқалады. С.Дөнентаевтың “Бозторғайы” (1915), С.Сейфуллиннің “Күзетші иттері” (1917) мысал Памфлетке жатады. Соғыстан кейінгі жылдары Қ.Аманжоловтың “Дүние дұшпандарына”, “Аденауер ұсқыны”, А.Тоқмағамбетовтың “Трумэннің қонақтары”, “Қорқаулар комедиясы”, “Бұрандалы бұлбұлдар”, т.б. Памфлеттері жазылды. Қазіргі кезде республикалық баспасөз беттерінде халықаралық тақырыптарға жазылған памфлеттер жарияланып жүр.

155. Профессор Т.Қ. Қожакеевтің жанрға берген анықтамасын айтып беріңіз.

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

Қазақ әдебиетінің тарихында жанрлардың түрленуіне Абай Құнанбаев пен М.Әуезов шығармаларының рөлі ерекше болды. Поэзиядағы ұлы құбылыс болып табылатын Абай қазақ өлеңін жанрлық жағынан қайта түлетсе (“сегізаяқ”, “алтыаяқ”, т.б.), Әуезов түркі әдебиетін әлем әдебиеті деңгейіне көтерген “роман-эпопеяның” түрленген түркілік нұсқасын тудырды. Әдебиеттегі жанрларды тегі мен түріне қарап лирикалық, эпостық және драма жанрлар деп бөлеміз. Әлемдік әдебиетте лирикалық жанрларға: элегия, эпиграмма, эпитафия, ода,идилла, сонет, рондо, мадригал, ғазел, хокку, танка, баллада, памфлет, романс, өлең, терме, толғау, т.б. жатқызады. Адамның көңіл-күйі, ой мен сезімнің үндесуі лирикалық жанрлардың басты ерекшеліктері болып табылады. Олар өзара өзіндік реңк, бояуымен де ерекшеленеді: элегия — мұң, эпиграмма — сықақ, ода — мадақ, т.б. Лирикалық жанрларды мазмұны мен тақырыптық өзгешелігіне қарап қана емес, бейнелеген өмір құбылыстары, ой-сезім өрнектері ерекшеліктеріне байланысты саяси-әлеумет лирика, философия лирика,көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы, т.б. жүйелеп топтастыру үрдісі де бар. Эпостық жанрларға эпикалық кең тыныс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән. Дегенмен, бұл жанрлардың да шағын, орта және үлкен түрлері бар (әңгіме, повесть, роман). Эпостық жанрлар ұлттық әдебиеттердегі аңыз, ертегі, батырлық, тарихи жырлардан бастау алады. Қазіргі заманғы әдебиеттегі эпостық жанрларға: новелла, мысал, әңгіме, повесть, поэма, роман, роман-эпопея, т.б. жатады. Эпостық жанрлардың әрқайсысы өзіндік табиғатына, алған тақырыбына байланысты іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Мыс., роман жанрның өзі іштей тарихи роман, лирикалық роман, деректі роман, мемуарлық роман, шытырман оқиғалы роман, серілік роман, психологиялық роман, т.б. болып жіктеледі. Ал әдеби ағымға, әдеби бағытқа, стильге қатысты романтикалық роман, реалистік роман, классикалық роман, т.б. түрлерге бөлінді. Кейде қалыптасқан дәстүрлі жанр табиғатынан өзгеше көркем шығармалар пайда болады. Кезінде, Л.Н. Толстой өзінің “Соғыс және бейбітшілік” атты шығармасын дәстүрлі бір жанр аясында қарастыруға қарсы болып, “Бұл роман емес, тіпті поэма да емес, ал тарихи шежіреден мүлдем алыс” деп пікір білдірген. Кейін автор оны “Илиада” мәнеріндегі шығарма деген. Яғни көне эпикалық дәстүрдің өз шығармасының жанрлық табиғатында көрініс тапқанын сезген. Әдебиеттану ғылымы бұл стильде жазылған көркем шығармаларға екі жанрлық анықтама беріп, “роман-эпопея” деп атады. Кейін сөз өнерінде бұл жанрлық түрде іргелі шығармалар жазылды (Дж.Голсуорси, М.А. Шолохов, Әуезов,Ә.Нұрпейісов, т.б. роман-эпопеялары). Драмалық жанрлардың драма, трагедия, комедия сияқты тарихи қалыптасқан ірі 3 түрі бар. Трагедия жанры тарихи-эволюция ұзақ даму кезеңінен өтті. Эсхил, У.Шекспир, Ф.Шиллер, Г.Ибсен, М.Метерлинк, Ж.Б. Мольер, Ю.А. Стриндберг, Әуезов, т.б. қаламынан туған трагедияларды бір жанрлық қатарға қоя алмаймыз. Әдеби дәуір, ағым мен бағыт әрбір жанрға ықпал етеді. Сонымен қатар әрбір суреткердің даралық, ұлттық, классик. стилінің жанр табиғатына өзгеріс енгізетіні де әдебиеттану ғылымында белгілі (қ. Стиль). Драм. Ж-лар іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Трагедия мен комедияның бір-бірімен ұштасқан трагикомедия, ал комедияның лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, т.б. түрлері бар. Комедияда өмірдің келеңсіз құбылыстары, адам мінезіндегі мін — күлкі, әзілмен беріледі. Ал трагедияның жанрлық ерекшелігі — шығарма күрделі оқиға, ымыраға келмейтін тартысқа құрылып, соңы қайғылы аяқталады. Әлем әдебиетінде трагедия жанры У.Шекспир шығармалары арқылы биікке көтерілді (“Отелло”, “Гамлет”), қазақ әдебиетінде трагедия жанрының үздік үлгісін Әуезов (“Қаракөз”, “Абай”) жасады. Жалпы драмалық жанрларға оқиғаны ширыққан тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне жеткізе суреттеу тән (қ. Драма)

156. «Парасат» журналындағы Маргарет Тетчэртің, «Литер» газетіндегі Дэн Сяопиннің саяси портреттері.

Парасат[1] республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем безендірілген журнал журнал.

Алғашқы саны 1958 жылы шілдеде “Мәдениет және тұрмыс” деген атпен шықты. Журналдың тұңғыш саны 10 мың дана тиражбен жарық көрді.

1990 жылдан “Парасат” деп аталады. Журнал бетінде тарих пен әдебиет, мәдениет пен өнер, руханият мәселелері көтеріледі. Басылымның “Ойтолғақ”, “Жаңғырық”, “Тарих-тағдыр”, “Таным”, “Дерек пен дәйек”, “Салауат”, “Ғұмырдария”, т.б. тұрақты айдарлары бар. Айына 1 рет шығады. Мекен жайы : Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 13-үй,2-ші қабат ( Маметованың бұрышы ). E-mail: para-sat@rambler.ru, байланыс телефоны 8(727)273-05-18

«Менің жеке басыма қол сұққандардың әрекетіне тек қана қуанамын. Демек қарсыластарымның менің саяси ісімнен еш кінәрат таппағаны.» Маргарет Тетчер

«Үй - істейтін еш нәрсе қалмағанда ғана келетін орын».   Маргарет Тетчер

Маргарет Хильда Тэтчер (ағылш. Margaret Hilda Thatcher; 13 қазан 1925, Грэнтем — 8 сәуір 2013, Лондон) — 1979—1990жылдары аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі, баронесса (1992 жылдан бастап). Бұл лауазымда болған алғашқы және әзірше жалғыз әйел адам. Сонымен қатыр, еуропа мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі. Тэтчердің премьерлігі ХХ ғасырда ең ұзақ саналады. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны, әрі «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып кеткен консервативтік шаралары үшін «темір ханым» аталып кеткен.

Маргарет Тэтчер, қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында дүниеге келдi. Aқылды және сабырлы қызға әкесiнiң табысы мектепте оқуға және 19 жасында Оксфорд университeтiнe түсуге жеттi. Оны «Органикалық химия» мамандығы бойынша 5 жыл оқып бiтiргеннен кейiн Маргарет бipаз yaқыт химия кәсiпорындарында icтeді.

Алайда заң iлiмiне деген зор құштарлық өз дегенiн icтетiп, ол көңiлi хош көрген заң курстарында дәрiс алды.

Маргарет адвокат атағына емтиханды үздiк тапсырып, адвокаттық кәсіппен шұғылдана бастады. Ол белсендi өмiрлiк ұстанымы, ойын кернеген күш-жiгерi мен iскерлiк құлшынысы арқасында 1959 жылы Парламентке сайланды. Ол сол уақытта күйеуге шыққандығына және егiз балалы (ұл мен қыз) болғандығына қарамастан отбасы — ошақ қасымен шектелмей мемлекеттiк iстерден қол үзген жоқ. 1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде оқу және ғылым министрi болды. Ол консерваторлар партиясының белсендi мүшесiне айналып 1975 жылы Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк орынды иелендi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жеттi және Тэтчер британдық тарихта тұңғыш рет әйел премьер-министрi болды.

Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар өз идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен жүз жылдықтың 70-шi жылдары консерваторлар үшiн cәттi болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар келiп, консервативтi идеялар кеңiнен тарала бастады. Ол бiрден салықты төмендетiп, үкiмeттiң кәсiпкерлерге бақылауын әлсiреттi. Ол үшiн әрбір британдықта жеке үйiнiң, меншiктің кез келген түрінің: қозғалмайтын мүліктің, автокөліктің болуы немесе акцияларды иеленуі аса маңызды еді.

«Меншiккерлер демократиясы» немесе «Халықтық капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер қолындағы аса құнды бағдар болды.

Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды. Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның шағын бизнестi қолдап-қуаттауы. Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгiштікті, шаруашылықты үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзiнiң ұcaқ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нaғыз жарнамалық науқaнғa айналдырып, өзiнiң қоғaм алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана», халықтың мұң-мұқтажын бөлiсушi және көңiл-күйiн түciнeтiн тұлға peтiндe көрсете бiлді.Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi, икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi көре бiлгендiгi. Ол өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнiң дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi.

Тэтчеризм ретiнде неоконсерватизмнiң британдық нұсқасы түсіндіріледі, оған Маргарет Тэтчер қайталанбас әйелдiк нақыш пен тың серпiлic бердi. 80-шi жылдардaғы Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнiң ықпалымен дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр адым ayытқыған жоқ. Aғылшын тарихында билiкте болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-министр лауазымы енriзiлген cәттeн бастап, жетiншi орын алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады. Тэтчер жақтаушылары мүмкiндiктер теңдігін қолдады: барлық адамдардың өмiрдегi мәрелiк жағдайы бiрдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер теңдiгiне жеткiзбейдi. Адамдар пайданы бөлiсуде де, ақыл-ой қабiлетiн көрсетуде де бipдей емес. Олар тiптi заң алдында да тең емес. (Бай адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа ақша төлеу мүмкiндiгi жоғары) Тэтчер саясатындағы негiзгi сәт — оның «әрбiр адамның маңызы бiрдей» деп санауы.

Сыртқы және iшкi саясаттағы Тэтчердiң қатаңдығы оны «айбынды ару» атандырды.

1990 жылдың аяғында оның танымалдығы төмендей бастады. Оны маңызды мәселелерді шешуде шектен тыс «өзiм бiлемдiкке» салынды деп айыптай бастады. Ол қайтадан консервативтiк партия басшысы болып сайланбады және қызметiнен кетiп, орнын Джон Мейджорға босатып бердi.

Осы бiр дaңқты әйелдің жазған естелiгінің алғашқы басылымы миллиондаған данамен таралды. Маргарет Тэтчер тасы өрге домалаған бизнесменнiң әйелi, екі баланың анасы, Ұлыбритания Корольдiк Қоғамының мүшесi, Соммервилл колледжiнiң Құpмeттi профессоры, Корольдiк химия институтының Құрметтi профессоры.

Дэн Сяопин (Дың Шяупин) қыт. 鄧小平; (туылғаннан Дэн Сяньшэн қыт. 鄧先聖 (1904-1997)) - Қытайдың мемлекет және қоғам қайраткері. [1]

1915-1918 жылдары бастауыш мектепте білім алады.

1920 жылы Францияға оқуға кетіп, екі жылдан кейін осында құрылған Қытай коммунистік жастар одағына мүше болады.

1926 жылы саяси қызметі үшін Франциядан қуылып, Мәскеуге келіп, Сунь Ятсен атындағы университетте оқыды.

1927 жылы есімін өзгертіп, Қытайға қайтадан оралып, саяси күреске араласады. Ол Цзянси провинциясында болған котеріліске жетекшілік етті,Қытайдың 7-қызыл армиясын құрды, жапон басқыншылығына қарсы 8 жылға созылған азаттық күрес басшыларының бірі болды. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін (1949) Дэн Сяопин елдің басқару жүйесіндегі әртүрлі қызметтерде болды.

1956 жылы Қытай Коммунистік партиясы ОК-нің Бас хатшылығына сайланып, 10 жыл бойы осы қызметті атқара жүріп, Қытай коммунистері кәсемдерінің біріне айналды. "Мәдени төңкеріс" жылдарында (1966-1976) орнынан алынып, саяси қуғынға ұшырады. Дэн Сяопин саяси әміріндегі өрлеулер мен құлдыраулар оның принциптілігіне, батылдығы мен жаңашылдығына тікелей байланысты. Ол мәдени революция аяқталганнан кейінҚытай халқын "екінші төңкеріс" жасауға шақырды.

1978 жылы желтоқсан айында өткен Қытай Компартиясы ОК-нің 3-пленумында Дэн Сяопиннің жаңа бағдарламасы қабылданды, онда социализмжайында ел экономикасын нарықтық қарым-қатынастарға көшіру идеясы негізделді. Бағдарламада ел экономикасын дамытудың үш кезеңдік тұжырымдамасы бекітілді. Реформа алдымен ауыл шаруашылығында басталып, шаруаларға үкімет тарапынан қызу қолдау көрсетілді. Кейін ауыл шаруашылығындағы реформаның тәжірибесі қорытындылана келе, қайта құрулар толқыны қалаға қарай ойысты. Нәтижесінде XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап Қытайда экономика тез қарқынмен дами бастады. Д.Сяопин енді елдің шет елдермен қарым-қатынасын жан-жақты кеңейту мәселесін көтерді. Осы мақсатта арнайы ашық экономикалық аймақтар құрылды. "Ашық есік" саясаты ел экономикасының даму қарқынын одан әрі жеделдетті. Қытайдың тұтастығын қалпына келтіру үшін ол нақты жағдайды ескере отырып, "бір мемлекет - екі құрылым" деген тұжырымдама ұсынды. Бұл саясатта өз жемісін беріп, 1997 жылы жүз жылдан аса ағылшын отары болған Сянган (Гонконг) аралы Қытайға бейбіт түрде қайтарылды.

1989 жылы өз өтініші бойынша зейнеткерлікке шыққан Д.Сяопин XX ғасырдағы "Қытай реформасының атасы" болып қалды. Ол өмірінің соңына дейін бас ақылшы ретінде елдегі саяси және қоғамдық істерге араласып отырды

157. Ақпараттарды топтастыру не үшін керек?.

«Ақпаратсыз  ең мықты саясаткер,ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік  ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат сияқты болып қалады.» - Марат Барманқұлов.

Барлығына да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіз зат болып қалады.

Ақпарат дегеніміз – күнделікті тұрмыстық шындықтың санадағы көрінісі. Субьективті оқиғаны сезіну. Ақпарат болған оқиғаны болды дейді. Ақпаратты тек болған оқиғаға ғана қатысты емес, оны хабарлағанға да, яғни қоғамға дабайланысты. Аудитория сапалы, элитарлы болуы мүмкін. Бірақ, оларға бір ақпарат ұсынылады. Телевидение үміткерді өлтіре алады. Міне, сондықтан Ширак шығар кезде әрбір майда-шүйдеге мән берді. Митингілерде камераны 12 метр қашықтыққа орналастырды. Трибунадан сәл жоғарырақ қойылды. Түсірілім сағат 7.00-ге жоспарланды., өйткені сегіз сағаттық тележурналдан көрсетіліп үлгеруі керек.

Телевидение шындықты көрсеткенді ұнатады. Саясаткерлер телевидениені өздерін жақсы жағынан көрсеткені үшін жақсы көреді. Дегенмен, телевидение саясаткерлердің шынай өмірін көрсетіп қана қоймай, олардан өшін алады. Шындыққа айналып кеткен өтірікті де көрсетеді.

158. Әлеуметкерлік зерттеу әрі жанр, әрі ғылыми әдіс ретінде қалай көрінеді?

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлемзаңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану,экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады. Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлемзаңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану,экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің

159. «Известия» газеті тілшісінің Н.С. Михалковпен сұхбаты.

Ники́та Серге́евич Михалко́в (род. 21 октября 1945, Москва, СССР) — советский и российский актёр, кинорежиссёр, сценарист и продюсер, народный артист РСФСР (1984).

Председатель Союза кинематографистов России с 1998 года. Лауреат кинопремии «Оскар» (1994) в номинации «Лучший фильм на иностранном языке» за фильм «Утомлённые солнцем».

Родился 21 октября 1945 года в Москве в семье советского литератора Сергея Михалкова и поэтессы, писательницы и переводчицыНатальи Кончаловской. Старший брат — Андрей Михалков-Кончаловский.

В 1956—1959 годах Никита Михалков учился в Центральной музыкальной школе при Московской консерватории по классу фортепиано, занимался в театральной студии при Драматическом театре имени Станиславского.

В 1963 году поступил в Театральное училище имени Щукина; в 1966 году, будучи студентом четвёртого курса, был исключён за съёмки в кино (студентам в то время это запрещалось). Перешёл на второй курс режиссёрского факультета ВГИКа.

В 1971 году закончил режиссёрский факультет ВГИКа (мастерская Михаила Ромма). Дипломной работой стал фильм «Спокойный день в конце войны», сценарий которого был написан Михалковым совместно с Рустамом Ибрагимбековым.

В возрасте 27-ми лет был призван на военную службу, в 1972—1973 годах проходил её на Камчатке на флоте, на крейсере ТОФ «Михаил Кутузов»[3]. По словам сослуживцев, участвовал в художественной самодеятельности, регулярно выступал с концертами, собирая полные залы

В кино Михалков начал сниматься в 14 лет. В 1960 году сыграл роль школьника, пародирующего православного священника, в фильме Василия Ордынского «Тучи над Борском», в 1961 году — в фильме Генриха Оганесяна «Приключения Кроша». В 18 лет сыграл одну из главных ролей в фильме Георгия Данелия «Я шагаю по Москве» и спел там одноимённую песню, после чего получил широкую известность.

В 1972 году стал автором сценария первого рекламного кинофильма для советского зрителя «Шоколад»[5][6].

В 1974 году 28-летний Михалков снял свой первый фильм «Свой среди чужих, чужой среди своих». Десятилетие с 1974 по 1984 год прошло для Михалкова очень плодотворно. Почти ежегодно на экраны страны выходили его фильмы; многие из них получили международное признание, завоевали множество призов на международных и всесоюзных фестивалях. На рубеже 1980-х годов Михалков много и успешно снимался в кино. Самые известные его роли: «Сибириада» — режиссёр Андрей Михалков-Кончаловский (1979), «Вокзал для двоих» (1982) и «Жестокий романс» (1984). В 1984 году Никите Михалкову было присвоено звание народного артиста РСФСР.

Михалков как актёр, генеральный продюсер и художественный руководитель (от студии ТриТэ) принимал участие в фильме «Статский советник» (2005, режиссёр-постановщик Филипп Янковский).

В 2007 году Никита Михалков получил награду — «Специальный лев» 64-го Венецианского кинофестиваля за фильм «12» и вклад в киноискусство.

Ал, жалпы, «Известие» газетіне келер болсақ, «Известие» газеті Ресейдегі 1917 жылдан бері жұмысын жасап келетін қоғамдық-саяси күнделікті тиражда шығып тұратын газет.  Кеңес Одағы кезінде СССР-дің ресми органы болған. 1991 жылдың тамыз айынан бастап қоғамдағы ақпараттардың, жаңалықтардың жаршысы болып келеді.

Газет тематикасы – Ресейдегі жаңалықтар, өзге елдердегі жаңалықтар,  бизнес және экономика тақырыбындағы  өзекті мәселелер,  мәдениет және спорт жайындағы ақпараттар.

. Профессор М.К. Барманқұлов  репортаж жанры туралы не айтқан?

Репортаж өз жанына сұхбат , суреттеме , авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады.Бұл жанрдың ерекшеліктерін анықтауға қиындық тудырады. Кейде репортаж жанрына өзге жанрлар кірігеді.Репораждағы оқиға болған заматта жариялануымен құнды.Оның түбіне жету үшін журналист шығармашылық бабында болып, жанынан шығарып айтуға, төкпелей айтуға икемделуі тиіс. Теледидар, радио және баспадағы репортаждың ұқсас ерекшеліктерін анықтау үшін, оның түрлерін салыстыра отырып,жалпылама шешімге келуге болады. Қайсібір жағдайда да екі компонент: оқиға мен репортер арасындағы байланыс репортажға негіз болады. Репортаж – оқиғаның басы –қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін , объективті жедел шығарма.Репортаж екі негізгі элемент: репортер мен оқиғаның қатысуынсыз мағына бермейді.Қатысқаны білініп тұруы үшін тыңдарман және көрермен кеңістік пен уақыт аралығындағы қозғалысты сезінуі керек, қатысушы мен оқиғаның орны бөлек. Толық репортаждың көп бөлігі оқиғаның қатысынан дараланған.Мысалы: газет жалпылама түрде «оқиға болған жерден репортаж» деген тосын айдарды алға тартуға міндетті. Егер осы бір түсінікті санамыздан сылып тастайтын болсақ, онда өздігімізден екі тамаша жағдайды зерделеуге мүмкіндік алар едік. Неге оқиғаны түсінуге барынша күш салуға тиіспіз? Репортаждағы шұбалаңқы ойды, көп уақыт алып отырған оқиғаны қалай қысқартамыз?Деген сұрақтарға жауап іздеуден туындайтын жағдай. Егер толықтыруды мақсат етсеңіз, онда репортажды оқиғалылықты кеңейтілген түсінігімен байланыстыра қарастырған жөн. Ал егер репортаждың оқиғасыздығына қол жеткізу қажет болса , онда оқиғалы этюдтерді ығыстырып тастауға ұмтыламыз.Мұндай шегіністер жаңылысуға апарып соқтырады.Оның орнын ештеңе де толтыра алмайды.  

161. Түсіндірме (комментарий) және қамту (обозрение): өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Комментарий (лат. Commentarius - түсіндіру) жедел аналитикалық материалдың бір формасы, өзекті саяси қоғамдық оқиғаның не құжаттың  мағынасын түсіндіруші

Телекомментарий -  қоғамдық маңызы бар фактіге қолма – қол талдау жасап, баға беретін талдамалы жанрлардың ішіндегі ең оңтайлы, ең шағын, ең оперативті жанр.Комментарий бір ғана мәселені тілге тиек етеді. Елең еткізеді, астарында бір түйткіл бар-ау деген пікір қалыптастырады. Коментарий ашық демократиялық сөз бостандығы дамыған елдерде болады. Бұл – ашық қоғамның белгісі. Коментарий жасаушының қолында нақты дерек болмайды,ол өзінің болжамын, ойын айтады. Қателесу құқығы бар, ол үшін оны ешкім сөкпейді. Коментарий ұзақ болмауы керек, шамамен 60-70 жол.

1)Кеңейтілген түсіндірме – факттың ауқымды талдануы.

2)Маманның түсіндырмесі – факт,маман тұрғысынан, білікті тұлға тұрғысынан түсіндіріледі.

3)Полярлы түсіндірме – әр түрлі мамандармен айқындалатын факт.

4)Синхрондық түсіндірме – журналисттің өз жеке пікірі тұрғысынанмәтінді талқылау.

5)Егжей-тегжей түсіндірме – фактті ұсақ-түйегіне дейін талқылау.

Қамту (Обозрение) жанры онша көп қолданылмайды. Төменнен жоғары қарай көріну аймағы кеңейе түседі. Белгілі бір уақыт аралығындағы оқиғаны тілге тиек етеді. Ең дұрысы бір апта аралығындағы оқиғаларды қамтиды. Оқиғаларды екшеп алып ел назарына ұсынады.

Бірінші оқиға екінші оқиғаны туындатып отырады. Мостикпен байланыстырып отырады.  Апта аралығындағы нәрселерді, яғни апталықты қамту.    Ара-қашықтықтық принципі бар.

162. «Заң газетіндегі» құқық мәселелеріне арналған мәтіндердің пішіндері туралы не айтасыз.

Жалпы, «Заң» газеті – «Заң» медиа-корпорациясынан 1994 жылдан бастап шығып келетін қоғамдық-саяси, құқықтық газет. Аты да айғайлап соқырға таяқ ұстатқандай айқындалып тұр – «Заң».

Бұл газет бетіндегі ұраны, эмблемасы бар.  Газеттің жоғарғы сол жағында берілген:

«Сөздің төресі – халықтың өресі».

Енді «Заң» газетіндегі құқық мәселелеріне арналған мәтіндердің пішіндері туралы айтайын.

Мәселен, «Ұсақ құқық бұзушылыққа қарсы өз нәтижесін бере бастады мақаласындағы бастаңғы лид мынандай: «Барлық жақсылық та, жамандық та кішкентай нәрседен басталады. Кәдімгі орта мектептегі физика пәні бойынша шағын үйірмеге қатысып жүрген оқушы әлемнің ғажайып физигі болып шығуы мүмкін. Керісінше, ауладағы кішкентай бұзақының ұсақ бұзақылығына дер кезінде шара қолданбаса, өсе келе қаланың аты-шулы тентегіне айналуы ғажап емес. Әңгімені бүлай бастауымызға Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған ұсақ бұзақылыққа «нөлдік төзімділік» принципі себепші болып отыр»,-делінген. Иә, балалардың құқық бұзушылыққа жол беруі жайында айтылған.

Сонымен қатар, «Зияткерлік құқық саласындағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру қажет», «Міні көп министрлік адасумен келеді»  сынды материалдардың мақсаттары: халыққа ақпарат жеткізу, барлық жайттардан хабардар ету, бір жағынан коп ата-аналарға құлаққағыс ретінде жазылған  

Бұл газетте «Би-Логистик» деген айдармен «Нормативтік құқықтық актілер» де жарияланып тұрады.

Есеп жанрына жататын «Билер құрамы тұрғындармен жүздесті» сынды материалдарды, «Миранда ережесін» сақтауға құқық қорғаушылар құлықты ма» деген мақаланы да жатқызуға болады.

Бұл газетте, айта кетерлік бір нәрсе, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Заң және Біз» атты тележобаның газет нұсқасы «Сот шешімдерінің орындалмау себебі» атты тақыраппен жарық көрді.

Мұның бәрі «жаңалықтар желісі» принципіне жатады.

163. Қазіргі журналистиканы қажеттілік теориясы аясында қарстырып көріңіз.

Журналистика кай кезенде болмасын идеологиялык, халыкты тарбиелейтин,букараны баскаратын курал. Журналистика халыктын санасына, психологиясына тикелей асер ете отырып, когам мен заманмен катар дамиды. Казирги танда журналистиканын когамга берери коп. Когам ушин кажетти салалардын бири. Алемде болып жаткан турли акпаратты тарата отырып, алеуметтик маселелерди котере отырып жане адилдикти жогаргы дарежеде талап ете отырып, ол озинин когамдагы орнын, кажеттилигин ози айкындап береди.

164. Корреспонденция-толғаныс туралы профессор Т.Қ. Қожакеев не деген?

Тектес жане дербес деп екіге бөлген.

Кореспонденция француз тілінде «респондент» - «жауап беру» деген мағынаны береді. Профессор Т.Қожакеев корреспонденцияны толғаныс деп атайды. Сондай-ақ, ол кісінің пікірінше, корреспонденцияда оқиға жалқыдан жалпыға қарай дамиды. Оның белгілі бір қамту ауқымы болады. Оның қамту ауқымы негізінен бір мекеме, аудан көлеміндегі оқиғаларды тілге тиек етеді. Корреспонденцияда оқиғаны, фактіні баяндаудан гөрі мәселе көтеру, кемшілікті талдау басымырақ болып, фактілер бірсарынды баяндалмай, терең саралануы керек[6].

Корреспонденция үнемі жаңғыртылып, жаңа леппен жазылуы тиіс. Бірқалыптылық, бірізділік оған жат көрініс. Керісінше, бұл жанрдың тіліне мақал-мәтел, қанатты сөздер, эпитет, теңеу, келісті көкемдеулер тән.

Корреспонденция - нақты фактінің жанры. Оны жазуға негізгі арқау – факті. Бұл жөнінде профессор Т.Амандосов: « Факті - корреспонденцияның құрылыс материалдары тәрізді» дей келе, аталмыш жанрдың негізгі ерекшелігін: «ол кез келген фактіге сүйенбейді, жазғалы отырған объекті мен құбылыстың типтік фактілеріне сүйенеді» - деп тұжырым жасайды.

М.Горкийдің дәл айтқанындай, факт – белгілі бір шығарманың желісі, желі болғанда да корреспонденцияның желісі.

Сонымен, «корреспонденция – жағдай мен уақытқа байланысты өмір оқиғалары мен құбылыстарын белгілі бір объектіде зерттеп, адам еңбегін өзінің желісі ете отырып, типті фактілерді талдау мен қорытудың негізінде туатын публицистикалық шығарма» . . Корреспонденцияның тілі нәрлі, көркем, ұғымды болып, публицистикалық стильде жазылуы керек. Т.Амандосов корреспонденцияны 3-ке бөліп қарастырады:

Суреттеме корреспонденция – жеңіл, суреттеу стилімен жазылады. Суреттеме корреспонденция тіл, стилі жағынан, жазылу әдісі жағынан очеркке ұқсас келеді. Мұндағы негізгі мақсат – болған оқиғаны, құбылысты оқырманға көркем тілмен жеткізу.

Оперативтік корреспонденция - өмірдің бүгінгі талабына ілесе үн қосып, уақыт пен жағдайға байланысты нақтылы объектінің фактілерін өзек ете отырып, ерекше оперативтік сарынмен жазылған корреспонденция жанрының түрі.

Проблемалық корреспонденция – газеттің корреспонденция жанрларының басқа түрлеріне қарағанда едәуір күрделі түрі. Егер корреспонденция өмірдің бір бөлшегін қамтиды десек, ал проблемалық корреспонденция сол өмірдің қандайынан болса да проблемалық мәселе көтереді.

Проблемалық корреспонденцяның тақырыбы өзінің күрделілігі мен маңыздылығы жағынан аумақты және салмақты. Ал, оперативтік және суреттеме корреспонденциялардың тақырыбы шағын да шектеме келеді.

Күрделі тақырыптарды өзек ету – проблемалық корреспонденцияға тән нәрсе.

Ал, белгілі ғалым Т.Қожакеев болса, кореспонденцияны хабарлама және талдамалы деп 2-ге бөліп, талдамалысын өз алдына жағымды және сыни деп жіктейді.

165. С. Сейфуллиннің «Күзетші иттер» памфлеті қандай мәселе көтереді?

С. Сейфуллиннің «Күзетші иттер» памфлеті қандай мәселе көтереді?

​ Памфлетті Сәкен де жазған.1917 жылы "Тіршілік" газетінде Сәкеннің "Күзетші иттер" атты өлеңі басылды.Бір ауылдың адамдары тойға жиналады.Өздері жоқта қарап тұрсын деп қотандағы қойға күзет қоюды ұйғарады.Күзетке"бөріден гөрі сенімді ғой,жеген тамағың ақтар" деп бірнеше ит әкеп қояды.Түнге қарай Айтжан деген қария қотанды бір көріп қайтайыншы деп келсе,сенімді деп қойған күзетші иттер бірнеше қойды жарып тастапты.Айтжан қарт аттан салады.Сонда әлгі өзі асыраған иттер өзіне жабыла кетеді.

Сәкеннің осы сюжетінде үлкен сыр,астар жатыр.Февраль революциясынан кейін уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері құрылды.Оған буржуазияшыл ұлтшылдар мен бұрынғы жуандар,тілмаштар мен хажы-қазіреттер кіріп алды.Олар бұл комитет езілген елге теңдік,бостандық береді,оны қолдандар деп лақап тартады.Бұған қазақ еңбекшілерінің көбі шынымен иланды,"жоғымызды жоқтайтын осылар екен ғой "деп оларға сенім білдіріп,үлкен үміт артады.Бірақ көп ұзамай "ұлтым"елім"қазағым" деп емешегі езілген қазақ ұлтшылдары өздерінің кім екенін көрсете бастайды.Елге өздері ауыз салады,тоңайды,алдайды.Сәкен аталған ысқағында байшыл ұлтшылдардың,міне,осы опасыздығын әшкерелеген.

"Күзетші иттер"-мысал памфлет.Оның мысал болатын себебі- әлгі опаыздардың әрекеті ашық сыналмай,қотан қорыған иттердің ісі деп астарлап,аллегориялап сыналған.Ал,памфлет болатын себебі-ол идеалық,саяси жау тапқа,жау топқа қарсы жазылған.Соларға қарсы бітіспес күреске шақырып,оларды құрытып-жоюды үндеген.Сын обьектісі етіп жау жақтың жетекші адамдарың алған.Байқап қарасақ Сәкеннің де,Сәбиттің де памфлеттері шартты түрде жазылған.Оларда нақты адамдар айтылмайды,оқиға болған жері көрсетілмейді.Памфлет бұлай шартты болып та келе береді.

166. Профессор М.К. Барманқұлов сұхбат пен әңгімелесудің айырмашылығы туралы не айтқан?

Марат Кәрібайұлы Барманқұлов Қазақстандағы алғашқы тележурналистердің бірі, телевизиялық және радиожурналистика теориясының, сондай-ақ телевизия және радиожурналистика кафедрасының, ҚазҰУ-дағы телевизиялық және радиостудияның негізін қалаушы. Ол республикалық газет-журналдарда және электрондық БАҚ-тың әр саласында қызмет істейтін журналистердің құрметті ұстазы. 

Ғалым-ұстаз алғаш рет Қазақстанда журналистер арасында алғаш рет Интернет әлемінің маңызын, БАҚ-тың болашағы ғаламдық кеңістікте екенін атап кетті. Марат Барманқұлов бірнеше тарихи кітаптардың және журналистиканың теориясы мен тәжірибесіне арналған оқу құралдарының авторы. Ғалымның кітаптарын және басқа да (Марат Кәрібайұлы 17 кітап жариялады) ғылыми-публицистикалық, тарихи-танымдық жарияланымдарын бүгінгі жас ұрпақ та, зиялы қауым да аса қызығып оқиды.

167. Ақпарат ассиметриясы туралы не айта аласыз?.

Ақпарат ассиметриясы – оқиға, факті, деректі халыққа ұсынады, бірақ дәл қаз-қалпында бере алмайды. Тіпті ол ақпараттың болған жеріндегі түсірілген суреттер де, құрылған әрбір мәтінде оны дәл болған оқиға сияқты жеткізе алмайды. Әсірелеп, мадақтап жібереді, яки төмендетіп, мүлде құлдыратып тастайды. Болған оқиға өзіндей болмайды. Өйткені ақпарат жеткізуші әр журналист оқиғаны әр түрлі етіп сипаттайды, әрқайсысының ойлауы да, жазуы да өзгеше. Сондықтан кез келген оқиға немесе ақпарат түп нұсқа бола алмайтындығын ақпарат ассиметриясы деп атаймыз.

Ақпарат ассиметриясы – оқиға,фактты жазатын адам ,аудиторияға, халыққа жеткізетін журналист.Сол оқиғаныаудиторияға қаз-қалпында жеткізу мүмкін емес. Сондықтан журналист, басқа бір адамның жазғаны, кез-келген ақпарат ассиметриялы ақпарат болып келеді.

Ақпараттықасимметрия — ақпараттық үйлесімсіздік (ресурстарды иеленушілердің немесе сатып алушылардың екі тобының біреуі ғана істі жүргізу үшін қажетті ақпаратты иеленетін жағдай) …

Бірнеше ақпарат жүйелері өзара әрекет еткен кезде ақпараттың ассиметриясы пайда болады. Мысалы, контрагенттердің бірі ақпарат көзі ретінде бағаға бағытталады, ал өзге басқа (дәстүрлі ақпараткөзі) сатушы репутациясына бағытталады

168. «Айқын» газетінің «Ақ сөйле!» айдарынан бір мысал келтіріңіз.

Негiзгi бет

Ақ сөйле!

Қоршаған ортаны көркейтіп, қамқорлыққа алған жөн

20.05.13

Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау және оның проблемалары туралы жұртшылық қаншалықты хабардар? Бұл салада мамандықтар қайда дайындалады? Бұл және басқа да сауалдарды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің профессорлары, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану академиясының академигі Қуандық Сапаров пен белгілі эколог-ғалым, биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, Ұлыбритания Экологтар қоғамының толық мүшесі Айтқажы Биғалиевке қойған едік.

– Биоалуантүрлілік және биоресурстар туралы мәселелерді қалай түсінуге болады жә не бұл салада қандай жұмыстар жүргі зі луде?

Профессор Қуандық Сапаров:–Жер шарында биоалуантүрлілікті сақтау және жа нуарлар мен өсімдік түрлерінің биоре сурс тарын тиімді пайдалану – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселелерді рет тейтін экологиялық алуантүрлілікті сақтау жөнінде халықаралық келісім бар. Ол келісім 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода өт кен БҰҰ-ның Қоршаған орта және даму жө ніндегі конференциясында әлемдік конвен ция қабылданды. 1993 жылғы конвенцияға

168 мемлекет (Қазақстан да бар) қол қойды.

– Конвенцияға қатысқан елдер өздеріне қандай міндеттер алды?

– Атап айтар болсақ, әрбір мемлекет өз ре сурстарын табиғат қорғау саласындағы сая сатының негізінде қолдана алады және іс-әре кеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің та биғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты. Биологиялық алуантүрлілікті сақ -тау, тұрақты әрі тиімді пайдалану мақ сатын-

да басқа да ортақ мүддесі болған жағ дайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп, іс-әрекет жасайды. Биологиялық алуантүрлі ліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұ рақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зар дап тарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргі зіледі. Биологиялық алуантүрлілікті және оның құрамын сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақ сатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарлама ларын дайындайды және іске асырады, ғы лы ми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.

– Қазақстанның конвенцияға қосылуы мемлекетке не береді?

–1993 жылы 29 желтоқсанда биология -лық алуантүрлілік туралы конвенция күшіне енді. Сондықтан 29 желтоқсан – Халықаралық алуантүрлілік күні болып есептеледі. Қазақ стан конвенцияға 1994 жылы ғана кірді. Негізі, Қазақстанның экожүйесі күрделі және ерек ше болып келеді. Өз жерімізде өсетін өсім діктердің 500-ге жуық түріне қазір жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады, оларға да қауіп-қатер бар. Мемлекетіміздің экология сына, табиғатына байланысты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында рес публикамызда 2004–2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі ту ралы концепция қабылданды. Осыған бай ланысты биоалуантүрлілікті сақтап қалу үшін мемлекетімізде ерекше күзетілетін табиғи аймақтар құрылды. Қазақстанда оның аумағы 13,5 млн гектарды немесе 4,6 пайызды құрайды. Экологтардың айтуынша, бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға жеткіліксіз. Әлемдік стандарт – 10 пайыз. Сондықтан да дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аймақтарды 17,5 млн гектарға дейін арттыруы көзделіп отыр.

– Әрине, істің тетігі кадрға байланысты екені сөзсіз. Қазақстанда осы салада ма ман дарды дайындайтын оқу орындары бар ма?

– Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни верситетінде, биология және биотехнология факультетінде биоалуантүрлілік және био ресурстар кафедрасы осы салада мамандар дайындайды. 2011 жылы биология және био технология факультетіндегі ботаника, зоо ло гия, гистология кафедралары біріктіріліп, биоалуантүрлілік және биоресурстар ка фе д расы болып құрылды. Кафедраның негізгі бағыты –Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлар әлемін жан-жақты зертеуде.

169. Орыс журналистикатанушылары аргументті аксиомаға неге теңейді?

Журналистикадагы манызды угымдардын бири аргумент. Аргумент ойдын деректин акикаттыгына келтирилген далел. Ал аксиомага аныктама берсек, шындык болгандыктан далелдеусиз алынатын кагида. Екеуинин манызды бир уксастыгы бар ол екеуинин де негизи акикат. Журналистикада шындык деректи факт десек, аргумент факттын негизи саналады. Ал факт толык зерттелип алынган акпарат болгандыктан далелди кажет етпейди. Сондыктан аргументти аксиомага тенеуге толык негиз бар.

170. Ақпаратты теңдестіру проблемалары туралы не айтасыз?

Мақсаттардың өлшеулілігін қамтамасыз ету үшін көрсеткіштер жүйесі мен қажет ақпаратты теңдестіру үшін оларды өлшеу әдістерін де ерекше бөліп алған жөн. Барлық көрсеткіштер сапа, сан және уақыт өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Көсеткіштердің сапасы мониторингтің, талдау және ресми дәлелдеудің негізінде қалыптасатын нормалар арқылы анықталады. Нормалар процестер жетілген сайын өзгеруі мүмкін. Ары қарай көрсеткіштерді өлшеуге (дербес әдістемені құрастыру немесе танымалдысын пайдалану), оларды мойындалған нормалармен салыстыруға және басқарушы ықпалдарды қалыптастыруға үйрену қажет. Кейде кейбір көрсеткіштерге жету уақыты маңызды сипаттама болуы мүмкін. Әрбір мақсат көрсеткіштердің жүйесімен байланысты болуы тиіс. Бұл кезеңде жоспарланған іс-шарамен тығыз байланысты құралдар мен шығындар жоспарланады.

Ақпарат тез өзгереді сондықтан оны теңестіріп отыру қажет.Бүгін судай жаңа болған ақпарат ертең ескі болып шығады. Ақпарат таразы секілді, мұнда салмақ өскен сайын  гір тасын салсақ, қоғамда күн өткен сайын ізденіп, ақпаратты жаңартып тұры қажет.

171. «Егемен Қазақстан» басылымының «Сөз сойыл» айдарының тақырыптары.

 Cөз сойыл
Сенбі, 23 наурыз 2013 0:12 

Әзіл – оспақ, сын – сықақ

«Сөз сойылдың» серкесі

«Егемен Қазақстан» газетінде «Сөз сойыл» әзіл-сықақ отауы бойынша белгілі жазушы-сатирик Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде үшін сайыс жалғасқан болатын. Міне, бүгін жүлде жеңімпазы анықталды.
Сарапшылар алқасының шешімімен «Сөз сойыл» әзіл-сықақ отауында жыл бойы жарық көрген мазмұнды да көркем туындылары үздік деп танылған Қазыбек Әшірбекұлына Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде берілді.

Жүлдегер
Қазыбек ӘШІРБЕКҰЛЫ.

«Егемен Қазақстан» газеті бетіндегі «Сөз сойыл» әзіл-сықақ отауының белсенді авторларының бірі – Қазыбек Әшірбекұлы – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасына қарасты Қазақстан сықақшылары «Найзагер» қауымдастығының мүшесі. Сыр елінің ақпараттық танымдық басылымы «Ақмешіт апталығы» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазақстан Журналистер одағының дипломымен және грамоталарымен марапатталған.
Ол ширек ғасыр Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасында әртүрлі жауапты қызмет атқарып, қазір отставкадағы ішкі қызмет майоры.
«Күлкі керуен», «Ұрт пен мұрт», «Жебе» сияқты сатиралық шығармалардың авторы.

Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде

Сатира сарбаздары! Ауызы дуалы, тумысынан сайқымазақ, әзіл- қалжыңды қанжығасына байлап өскен қалжыңбас қалың көпшілік, «Егемен Қазақстан» газеті өзінің «Сөз сойыл» әзіл-сықақ отауында жарияланатын өткір де өтімді, салмақты да сайқымазақ, шалымды да шат-шадыман әзіл-оспақ туындыларға, нақты да нанымды фельетондарға – Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлдені жалғастырады. Жүлдегерге берілер арнайы диплом, жетпіс бес мың теңге сый-сияпатымыздың бар екенін ескертеміз

172. Профессор К. Қамзиннің журналистика жанрларын жіктеуі туралы не айтасыз?

біріншіден, ұлттық публицистикадағы жанрлардың қалыптасу үрдісін, қазақ кәсіби журналистикасы жанрларының жүйеленуін, жанрлардың жіктелу принциптерін, жанрлар жүйесіндегі өтпелі және тұрақты коммуникация мәселелерін көтергенде нақты деректер арқылы салыстырмалы-талдау әдісін қолданған.

Екіншіден, публицистика жанрларының жаңа жүйесі мен модельдері, PR мен жарнама жанрларының үрдісін салыстыра қарастырғанда оның тәжірибелік маңызын ерекше назарда ұстаған.

Үшіншіден, қазіргі қазақ публицистикасы жанрларының архитектоникасы, фабуласы, композициясы; хронотоп және монтаж мәселелері журналистиканың бүгінгі бейнесін анықтап, оның келешектегі келбеті мен бедерін жобалайтындай ғылыми дәлел мен болжам жарыстырыла бағамдалған.

Зерттеу монографиялық тұтастыққа ие.

Публицистика жанрының эволюциясы жылнамалық желімен талданған. Көркемдік ерекшеліктер жинақтала сараланған. Теориялық талдаулары жүйелі..

173. Журналистика жеке адам проблемалары хақында не дейді?

ХХ ғасырда әлемде нағыз «ақпараттық жарылыс» кезеңі басталды, яғни бұқаралық ақпарат құралдары саласында едәуір сандық және сапалық өзгерістердің күрт артуы байқалды. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың сана-сезіміне ықпал етіп, қоғамдық пікірді қалыптастырады, бұқара байланысты жүзеге асырады.

Кеңестік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни баспасөз, радио және телевидениеде билік органдарының іс-әрекеттерін насихаттаушы сараптамалық материалдарға баса мән берілсе, бүгінде БАҚ қызметтерінде түбегейлі өзгерістер болды. Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғамды дамытуды қолға алған кез келген демократиялық мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдарының басты қызметі – ағымдағы іс-әрекеттердің әлеуметтік бағасын бұқара санасына сіңіру болып табылады.

«Болашақ әлемді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне баға жетпейді»,-деп мәлімдеген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев .

Ресей зерттеушісі Д.В. Ольшанскийдің пікірінше: «бұқаралық байланыс – мақсаты әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға ықпал ету болып табылатын, әлеуметтік-маңызды ақпараттардың қалыптасу, таралу және қызмет етуінің ерекше ортасы» . Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың бұқара бөлігі үшін ақпарат алудың басты көзі болып табылады.

Бұқаралқ ақпарат құралдарының Қазақстанның өміріндегі орны мен рөлін қарастыру үшін мемлекетте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өмір сүруін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам категориясына зерттеу жүргізу қажет. Себебі, демократиялық мемлекеттерде азаматтық қоғамның өмір сүруі және толыққанды жұмыс істеуі арқылы қоғам мен мемлекеттің тиімді әрекеттестігі байқалады.

Азаматтық қоғам – бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы, ең бастысы адамдардың экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғаралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни қатынастар мен құрылымдардың жиынтығы және тұлға бостандығының, саяси плюрализмнен, демократиялық құқықтық тәртіптен негіз алған индивидтер мен ұжымдардың қажеттіліктері және өзін-өзі көрсетуі жағдайларын қамтамасыз етудің саласы.

Азаматтық қоғамды құруға бірнеше факторлар ықпал етеді, олардың қатарына азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарды мойындау, түрлі салалар бойынша ұйымдар, ассоциациялар құру, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін, әрі көппікірде жұмыс істеуі, саяси партияларды қаржыландыру, орта тапты қалыптастыруда шағын бизнесті дамыту үшін қайырымдылық мекемелерінің заңдастырылуы, өзін-өзі басқаруды негізгі институттарға беру жатады.

Азаматтық қоғамның демократия жағдайында өмір сүруінің негізгі алғышарты адам құқығын қорғайтын және индивидтердің бұл құқықтарын жүзеге асыруда өзгенің құқықтарын бұзбайтын тәртіпті бекітетін жеке және ұжымдық бостандықты құқықтық және заңдық негізде қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай жүйе билікті әлсіретпейді, керісінше көпшілік еркіндігін нығайтуда анархияға жол бермейтіндей етіп күшейтеді. Нәтижесінде мемлекет барлық билікті иеленуші институт емес, өз өкілеттігі шектелген, заңмен басқарылатын және азаматтардың контируктивті идеяларын қолдайтын басқару институтына айналады

174. «Алаш айнасы» газетіндегі жастар шығармашылығы туралы не айтасыз?

«Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің «Алаштың жас тұлпары» қосымшасы кітапша форматына ауысты. Газеттің 5-6 беттерін қиып, көлемі екі баспа табағы болатын кітапша жасап алуға болады. 10 мың данамен тарайтын басылымның кітапшасы ендігіде аптасына бір рет шығып отырады.

Әзірге оған поэзияда қалам тербеп жүрген жастардың өлеңдері салынады екен. Ал келе-келе прозалық шағын әңгімелер де басылады дейді «Алаштың жас тұлпары» қосымшасының редакторы Алмат Исәділ. Тың дейтіндей емес, газет ішінде кітап шығару бұрыннан бар дүние. Бірақ кейіннен мұндай форматта кітапша жасауға әркім барып жүрген жоқ. Мұндай үрдісті көбіне балалар басылымдары сақтап қалған. «Алаш айнасы» газеті саяси-ақпараттық газет болғандықтан рухани дүниелер, мәселен өлең-әңгімелер неге берілмейді, әдебиет неге көрініс таппайды деген пікірлер бар. Бірақ көзіқарақты оқырман газеттің қосымшаларын байқайды, «Алаштың шоу-бизнесі», «Алаштың жас тұлпары», «Алаштың киноиндустриясы» секілді қосымшалар бар. Осы қосымшада қазақ ақын-жазушыларының шығармалары шығып тұрады, әдебиетке таласы бар жас қаламгердің мінбері десек те болады.

175. Баспасөз бен оқырман байланысы, интерактивтілік мәселелері туралы не айтасыз?

ХХ ғасырда әлемде нағыз «ақпараттық жарылыс» кезеңі басталды, яғни бұқаралық ақпарат құралдары саласында едәуір сандық және сапалық өзгерістердің күрт артуы байқалды. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың сана-сезіміне ықпал етіп, қоғамдық пікірді қалыптастырады, бұқара байланысты жүзеге асырады.

Кеңестік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни баспасөз, радио және телевидениеде билік органдарының іс-әрекеттерін насихаттаушы сараптамалық материалдарға баса мән берілсе, бүгінде БАҚ қызметтерінде түбегейлі өзгерістер болды. Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғамды дамытуды қолға алған кез келген демократиялық мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдарының басты қызметі – ағымдағы іс-әрекеттердің әлеуметтік бағасын бұқара санасына сіңіру болып табылады.

«Болашақ әлемді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне баға жетпейді»,-деп мәлімдеген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев .

Ресей зерттеушісі Д.В. Ольшанскийдің пікірінше: «бұқаралық байланыс – мақсаты әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға ықпал ету болып табылатын, әлеуметтік-маңызды ақпараттардың қалыптасу, таралу және қызмет етуінің ерекше ортасы» . Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың бұқара бөлігі үшін ақпарат алудың басты көзі болып табылады.

Бұқаралқ ақпарат құралдарының Қазақстанның өміріндегі орны мен рөлін қарастыру үшін мемлекетте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өмір сүруін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам категориясына зерттеу жүргізу қажет. Себебі, демократиялық мемлекеттерде азаматтық қоғамның өмір сүруі және толыққанды жұмыс істеуі арқылы қоғам мен мемлекеттің тиімді әрекеттестігі байқалады.

Азаматтық қоғам – бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы, ең бастысы адамдардың экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғаралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни қатынастар мен құрылымдардың жиынтығы және тұлға бостандығының, саяси плюрализмнен, демократиялық құқықтық тәртіптен негіз алған индивидтер мен ұжымдардың қажеттіліктері және өзін-өзі көрсетуі жағдайларын қамтамасыз етудің саласы.

Азаматтық қоғамды құруға бірнеше факторлар ықпал етеді, олардың қатарына азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарды мойындау, түрлі салалар бойынша ұйымдар, ассоциациялар құру, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін, әрі көппікірде жұмыс істеуі, саяси партияларды қаржыландыру, орта тапты қалыптастыруда шағын бизнесті дамыту үшін қайырымдылық мекемелерінің заңдастырылуы, өзін-өзі басқаруды негізгі институттарға беру жатады.

Азаматтық қоғамның демократия жағдайында өмір сүруінің негізгі алғышарты адам құқығын қорғайтын және индивидтердің бұл құқықтарын жүзеге асыруда өзгенің құқықтарын бұзбайтын тәртіпті бекітетін жеке және ұжымдық бостандықты құқықтық және заңдық негізде қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай жүйе билікті әлсіретпейді, керісінше көпшілік еркіндігін нығайтуда анархияға жол бермейтіндей етіп күшейтеді. Нәтижесінде мемлекет барлық билікті иеленуші институт емес, өз өкілеттігі шектелген, заңмен басқарылатын және азаматтардың контируктивті идеяларын қолдайтын басқару институтына айналады.

176. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 ж. 13 қазанда ҚазҰУ-де оқыған дәрісінің идеологиялық мән-маңызын ашып көрсетіңіз.

13 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан», «Хабар», «Астана қалалық теледидары» телеарналары

мен «Қазақ радиосы» бойынша өткен тікелей желіде азаматтардан телеэфир, телефон, интернет және sms ха-

барламалары арқылы түскен 34 мыңнан астам сұрақтың ең негізгілеріне жауап берді. Егер 2007 жылы 7 маусымда Қазақстан

Президентіне интернет-конференция арқылы 4,7 мың сұрақ түссе, осы жолы тек интер-нет арқылы түскен сұрақтар одан үш

еседей, ал жалпы саны бойынша алты-жеті еседей артық шықты. Өйткені, осы жолы әр Қазақстан азаматының

Елбасыға өз сауалын оңай әрі жылдам жол-дауына кеңінен жол ашылды. Яғни арнайы сауалдар жолдап қана

қоймай, оның интернетте жариялануын қадағалауға, басқа азаматтардың да сұрақтарын оқып, олармен танысуға мүмкіндік

беретін арнайы www.lіne.gov.kz пен www.akorda.kz сайттары жұмыс істеді. Сондай-ақ, мұны – Қазақстан

халқының Елбасыға деген берік сенімінің жылдан-жылға артып келе жатқандығының жарқын көрсеткіші деу-

ге болады

Жастарға Мағжанша сене білу жарқын болашақтың кепілі болмақ. Бұл орайда кешегі асылдардың ізін алғастырып, жас өрендердің зияткерлігі мен зиялылығына болжам жасап, үлкен үміт артуда бүгінгі қоғам қайраткерлері де орынды қадам жа-

сауда. Олар еліміздің саяси өміріндегі бетбұрыстарды жастармен талқыға салып, жастардың көзімен қарауда, жастардың пікірімен санасуда үлкен мән барын сезінгендей. Осы кезекте қараша айының 23 жұлдызында білімнің қара шаңырағы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджановтың үздік оқу орданың белсенді студенттерімен жүздесуі жастарға деген мол сенімнің айғағы болды. Бұл

кездесудің негізі –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жуырда өткен халықпен тікелей жүйедегі жүздесуін саралауға арналды

177. «Дидар» газетінің ауыл экономикасына арналған корреспонденциясына тоқталыңыз.      

    Үдемелі-индустриялық даму бағдарламасына сәйкес Күршім ауданында да осындай жобалар қолға алынды. Бүгінгі күні бұл жобалар нақтыланып, келешекте атқарылмақ іске даярлық жасалуда.

Олар – «Бұқтырма уылдырық шашу-балық өсіру шаруашылығы» ЖШС-нің балық өсіру және «ГРК МЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қаршыға» мыс кені орнында кен байыту кешенін ашу жобасы. Қазірде алғашқы қадамдарын жасай бастаған бұл жобалар 2015 жылы толық қуатымен іске қосылатын болады. Сонымен қатар, 2013 жылы Боран ауылдық округіне қарасты «Қызылащы» шаруа қожалығының сүт өңдеу және Күршім ауылдық округіндегі «Дастан» шаруа қожалығының қымыз өндіру-өңдеу жобалары облыста қаралып, бекітілді.

«Бұқтырма уылдырық шашу-балық өсіру шаруашылығы» ЖШС-нің жобасы 2014 жылға енгізіліп отыр. Оған бөлінген инвестиция көлемі 100 млн. теңгені құрайды. Арнайы келісім бойынша Бұқтырма су қоймасына 400 мың екі жылдық, 200 мың бір жылдық карп, 997,5 мың биылғы жылғы личинкалар жіберілді. Ал осы шаруашылықтағы жасанды су қоймаларында 2097 дана екі жылдық, 73540 дана бір жылдық карп пен 11 млн. дана личинка өсіріліп жатыр. Мұны келешекте Бұқтырма су қоймасындағы балық қорын арттыруға себепкер болатын қарымды еңбек деп айта аламыз.

Ал «Қаршығадағы» кен байыту кешені жобасының жалпы құны 17 млрд. 400 мың теңгеге бағаланып отыр. Бұл жобаның іске асу уақыты 2012-2019 жылдарға белгіленген. Кешен құрылысы қызу жүрген уақытта 700 адам жұмысқа алынатын болса, кен байытыла бастаған кезде 400 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Кешенде жылына 40 мың тонна мыс концентратын және 3300 тонна катодты мыс өндіру жоспарланып отыр. Осынау жылдық өндіріс қуаты 6 млрд. 525 млн. теңгені құрайтын кешеннен бюджетке жыл сайын 100 млн. теңге салық түсіп тұрады деп күтілуде.

- Бірақ осы жобалардың кейбірін іске асыру бағытында кедергі жоқ деп те айта алмаймыз, - дейді бізді осы ақпараттармен қамтыған аудандық кәсіпкерлік бөлімнің бастығы Қуанған Қарағызов. – Ол, әрине, қаржы тапшылығы. Мәселен, «Қызылащы» шаруа қожалығы қолға алып отырған жобаның толық жүзеге асуы үшін тағы да 6 млн. теңге қажет. Ал «Дастан» шаруа қожалығының жобасы 110 млн. теңгеге бағаланып отыр десек, соның 50 млн. теңгесі жетіспейді. Сол себепті «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан қаржылай көмек сұралуда.

Хасен Зәкәрия

Күршім ауданы.                                                       

178. Рецензия жанрының объектіне нені жатқызасыз?

Басқа автордың шығармасы, яғни, роман, мақала,кітабы т.б.

Рецензия (ағылш. Review) — журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.[1]

Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.

Реценхия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі қажет.

179. Байқам (заметка) жанры туралы не айта аласыз?

«Заметка дегеніміз – ең шағын және оперативті жанр. Ол өмір шындығының нақты фактілері, құбылыстары туралы дәлме-дәл тұжырымды хабарлайды. Заметканың негізінде бір оқиға, бір құбылыс, бір объект ғана жатады. Заметканың авторы өз пікірін байыптау мен қорытынды жасамайды. Тек бір мәселені немесе құбылыс пен бір жақсы бастама, не бір аяқталған жақсы іс туралы үн қатады. Заметка – үгіт-насихатты тек фактімен жүргізудің бірден-бір құралы», -деп тұжырымдай келе ғалым заметка жанрын екіге бөліп зерттейді:

Заметканың негізінде бір оқиға, бір объект ғана жатады және аталмыш жанр ортақ немес дербес тақырыптармен беріледі. Өз алдына дербес тақырыпшасы болмай, бірнеше жолдық болып, бір атаумен берілетін заметка түрі – тектес заметка деп аталады. Ал, дербес заметка тектес заметка сияқты ортақ тақырыпшамен берілмейді., мұнда барлығы керісінше. Және заметканың бұл түрінде мәселе толығырақ қамтылып, тектес заметкаға қарағанда көлемі жағынан да анағұрлым кең болады.

180. «Жас қазақ» басылымындағы өнер мәселелері қалай жазылады?  

Жас казак - казак жастарынын тунгыш когамдык - саяси жане адеби басылымы. Жас казак оз жолында турли такырыптарды тилге тиек етип, казак жастарынын патриотты болып ер жетуине тигизген пайдасы мол. Арбир басылым болгандыктан ол белгили бир саланын маселелерин козгауды алдына максат етеди. Жас казак газети оз когамындагы туйткилди маселелермен катар онер саласынада айрыкша ман берди. Халкымыздын мадениетиндеги улттык тарбиени, ата бабамыздан жеткен жигерликпен пен биик рухты насихаттады. Казирги тандагы онер саласындагы мадениетимиздин оз денгейинде насихатталмай жатканын, дастурли андеримиздин жайын, жарнамашыл шоу бизнестин кателиктеририн сынап, келели маселелерди козгай алды. Сонымен коса онер саласындагы болып жаткан сенсациялы, эксклюзивти малиметиеримен елди акпараттандырып отырды.

1. і нанокапсули 11
2. Диспропорции в экономике и пути их преодоления
3. ..спорт сегодня это главный социальный фактор способный противостоять нашествию дешевой культуры и дурным
4. логічний навч. посібник - А
5. то скучный и бесполезный
6. Адай Т~рмеден ~аш~ан к~йлеріні~ авторы- ~~рман~азы Са~ырбай~лы Ауылды ке~естендіру ~ранымен ~аза~с
7. Налоговым правонарушением признается виновно совершенное противоправное в нарушение законодательства о
8.  3 5 Верны ли следующие суждения о соединениях металлов А
9. проверять в полном объеме документацию связанную с финансовохозяйственной деятельностью аудируемого лиц
10.  Художественная повествовательная литература
11. Практическая энциклопедия бухгалтера
12. Статья- Особливості інноваційної діяльності у зеленому туризмі
13. Борисова Юлия Константиновна
14. Тема 11 ОДНОЭТАЖНЫЕ ПРОМЫШЛЕННЫЕ ЗДАНИЯ 11
15. Стратагемы китайские секреты успеха
16.  Государство возникает в результате конкуренции без правил
17. Задание 1 МОДЕЛИРОВАНИЕ КОМПОЗИЦИИ геометрических тел Цель задания- Научить студента узнавать и изобр
18. х годов ~ 16 Михаил Афанасьевич Булгаков ГЛАВПОЛИТБОГОСЛУЖЕНИЕ Конотопский уисполком по догово.html
19. Складові ланки та грошові потоки міжнародних фінансів Міжнародні фінансові відносини являють собою доси
20. административный порядок принятия и исполнения политических решений имел отрицательное воздействие на общ