У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Зерттелуге тиісті н~рсені~ бірі ~ Абайды~ Ескендір бейнесін Шы~ыс классиктерінен бас~аша бейнелеуі [23 236

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 7.3.2025

53.Ескендір поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.

Академик С.Қасқабасов: «...Зерттелуге тиісті нәрсенің бірі – Абайдың Ескендір бейнесін Шығыс классиктерінен басқаша бейнелеуі» [23, 236] деген пікір білдіреді. Абай поэмасының кейіпкері Ескендір бейнесін парсы ақындарының кейіпкерлерімен салыстыра зерттеу абайтану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

       Абай ең алдымен оқырманынан  Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып, оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық арасында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы «Қос мүйізді Зұлқарнайын» деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай тарихи шындыққа сай Ескендірдің Филипп патшаның перзенті екенін, оның Македонияны мекен еткенін, қызғаншақ адам болғанын жазады.

       Шығыс ақындарының ішінде Ескендір тақырыбына алғашқылардың бірі болып қалам тартқан ақын – хакім Әбілқасым Фердоуси (936-1027). Ол араб халифатының езгісіне душар болған иран халқының  ұлттық намысын ту етіп көтерген  «Шаһнаме» (شاهنامه) еңбегінде Ескендірдің бет-бейнесін сомдауға үлкен бір тарау арнаған. Ескендір жайлы үлгі боларлық дәрежеде жыр жазған, кейін ол жырлаған шығарма басқа ақындардың еліктеу үрдісіне айналған Низамидің «Ескендір-намесі»  (اسکندرنامه) – «Хамсеге» енген соңғы бесінші поэма. А.Македонский жайлы парсы тілінде шығарма жазған үнді-иран ақындарының бірі – Амир Хосроу Деһлеви (1253-1320). Амир Хосроу Деһлевидің «Хамсесіне» енген төртінші поэмасы «Ескендірдің айнасы» (آینه اسکندری) деп аталады. Парсы әдебиеті тарихын зерттеушілердің әрқилы пікірлеріне қарамастан, қалыптасқан үрдіс бойынша,  «парсы әдебиетінің классикалық кезеңінің аяқтаушысы» деген құрметті атаққа Әбдіррахман Жәми ие болған. «Һафт ауранг» деген жеті шығармадан тұратын мәснауилерінің соңғысы «Хераднаме-йе Ескандари» – «Ескендірдің даналық кітабы» деп аталады.

 Абай өз поэмасында Ескендір жайлы тарихи мәліметтер мен деректер келтіріп,  оның қандай адам болғанын өз оқырманына  нақты мәліметтермен жеткізуді мақсат еткен:

                             Филипп өлді, Ескендір патша болды,

                             Жасы әрең жиырма бірге толды [7, 130].

       Фердоусидің кейіпкері Ескендір Файлақус дүние салғаннан соң таққа отырады. Амир Хосроу Деһлевидің «Ескендірдің айнасы» шығармасындағы Ескендір де Файлақустың дәм-тұзы таусылып, дүние салған соң әкесінің орнын басады:

                            Файлақустың жұлдызы жерге сіңгенде,

                            Жаһан Ескендірдің аяғын сүйді [9, 44].

       Ескендір Әбдіррахман Жәмидің  шығармасында Файлақустың қартаң тартқан шағында дүниеге келген. Оның жасы жеті-сегізге келгенде шаһтың басынан билік таяды. Содан Ескендір халықтың алдына шығып елге қорған болатын басшы сайлау қажеттілігі туындағанын мәлімдейді. Сол сәтте  жиналған жұртшылық бірауыздан Ескендірді билік тізгінін ұстауға  сен лайықсың деп табады:

                             Патшалардың патшасы да, төресі де – өзіңсің,

                             Патшалардың ұлығының ұлысы да – өзіңсің [15].

      Ескендір тақырыбына қалам тербеткен Шығыс ақындарының шығармаларымен салыстырар болсақ, Абайдың осы поэмасынан Ескендірдің шынайы болмысы көрініс бергенін байқаймыз. Ол нағыз өмірдегідей даңққұмар, қатігез, ынсапсыз жан ретінде суреттелген. Тарихи деректерде Александрдың әкесінің тірі кезінде-ақ билікке ұмтылып, оның жүргізген билігі мен жасаған әрекеттеріне көңілі толмағаны жайлы деректер бар.

      Ашкөз мұрагер үшін қанішердің қолынан қаза тапқан әкесі Филиптің көзі тірісінде алдына қойған мақсаттары, әсіресе, гректер мен македониялықтарды біріктірсем деген ойы тым қораш көрініп, Александр тарапынан еш қолдау таппайды. Александрдың ойы тым әріге кеткен еді. А.Македонскийге Македония тарлық ете бастайды. Ол бүкіл әлемді, ұлттар мен ұлыстарды біріктіруді мақсат етеді. Александр енді шетсіз-шексіз әлемнің билеушісі болуды армандайды. Осы ретте Абайдың Ескендір жайлы тарихи дерек көздерімен кең түрде таныс болғандығына көзіміз жете түседі:

                             Араны барған сайын қатты ашылып,

                     Жердің жүзін алуға ой ойлады [7, 130].

Осыдан-ақ Абайдың бұрынғы Шығыс ақындарының таптаурын болған сүрлеуімен жүрмей, тың, жаңа бағыт ұстанғанын көреміз.

      Абай поэмасындағы Ескендірдің атағы зұлымдығымен, қанішерлігімен жаһанға жайылады.         

       Фердоусидің «Шаһнамесіндегі» Ескендір бірден ақылды билеуші бейнесінде көрініс бермейді. Ол қалыптасу, өсу, жетілу кезеңдерінен өтеді. Шығарма басында Ескендір бейнесі адамгершілігі мол мейірбан, әділ бейнеде көрінеді. Дараның өлер алдындағы соңғы өтініштерін орындап, оның қызы Раушанакқа үйленеді, жер-жаһанды абаттандырып, әлемде әділет орнатуға тырысады. Әрі қарай Ескендірдің жер шарын шарлаған жиһангерлік жорықтарында кейіпкер бейнесі бұрынғы парасаттылықтан айрылып, солғын тарта бастайды. Кейбір кездерде Ескендірдің өмірде қандай мақсат ұстанып, ненің соңына түсіп жүргені де түсініксіз көрінеді. Фердоуси бұл тарауда Ескендір бейнесін шығармадағы толып жатқан басқа да патшалар сияқты, қалыпты жағдайда сипаттайды. Ескендір шығармада не асып бара жатқан ерлігімен, не даралығымен көрінбейді [9].

      Ал Низамидің шығармасындағы Ескендір бейнесі Абайдың Ескендіріне мүлдем қарама-қарсы. Ол таққа отырып, басына тәжін киген соң әкесінен көрген жақсы үрдісті әрі қарай жалғастырып, әділдікпен, көрегенділікпен елді басқарады. Қол астындағы халқына тек жақсылық жасауға тырысып, саудагерлерді де салық төлеуден босатады. Қалаларды гүлдендіріп,  алтынмен аптап, безендіреді, бау-бақты жасыл желекке орандырады. Низами Ескендірінің жомарттығы, мәрттігі айдай әлемге жайылып, даңқы қиырлардан асады. Бұл шығармада ақын Ескендірді бірден үлгілі кейіпкер дәрежесіне жеткізбейді. Ескендірге әр түрлі оқиғаларды басынан кешкізіп, шығарма барысында жетілдіру үстінде болады.     Қытай қағанына жансыздың әкелген хабарынан Низами шығармасындағы Ескендір бейнесі нақты көрініс тапқан. Низами Ескендірді бөтен жұрттың аузымен де көтермелей суреттеп, одан парасатты патша бейнесін сомдамақ болып барын салған. Адам бейнесіндегі періште. Жағымды кейіпкердің бейнесін ашу үшін мұндай теңеуден артық не керек?! Өте шыдамды. Жер-жаһанды қол астына қарату жолында шыдамдылық – қаһарман бойынан табылуға тиіс ең басты қасиет. Аз сөйлейді. Аз сөйлеп, көп тыңдау текті адамның ғана қолынан келеді. Сөйлеудегі қысқалық нұсқалықпен ұштасып жатса, ол да асылдықтың белгісі [10,11].        

        Амир Хосроу Деһлевидің Ескендірі салтанат құрған кезеңде әлемде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман» орнайды[14].

       Жәмидің Ескендірі де Абайдың Ескендіріне мүлдем қарама-қарсы бейнеде көрінеді. Ол да – алдыңғы Шығыс ақындарының шығармаларындағыдай жағымды кейіпкер. Халықтың қалаулысы, елдің таңдаулысы. Жүрген жеріне жақсылық пен  шапағат сыйлайтын мейірімді жан [15].

       Абай жоғарыда аты аталған ақындардың шығармаларымен қатар тарихи шындықпен таныс болғаны шәксіз. Ақын таланты әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында фольклор мұраларында кең тараған аңыз-әпсаналармен қатар тарихи шындық деректерді негіз етіп, өзінің ақындық ой-көрігінен өткізіп, Ескендірдің еш боямасыз, өзіндік шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір – тарихи тұлға. Ол – бос әсірелей жырлаудан ада, тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.

       Абай поэмасында Ескендірдің мөлдір бұлаққа кез болу сюжеті парсы ақындары шығармаларының бас кейіпкерлерінің мәңгілік түнек аймағы – Зұлматқа барып, хаят суын іздеу сюжеттерімен үндеседі. Абай поэмасындағы Ескендір патшаның кепкен балықты дәмі тіл үйіретін суға салып, қайтып алып шыққанында дәмі, исі өзгеріп шыға келетін тұсы Низамидің Ескендірнамесіндегі Қызыр мен Ілияс пайғамбардың қолындағы кепкен балықтың бұлаққа түскеннен кейін тіріліп кететінімен ұқсас.

Абайдың «Ескендір» поэмасы біршама тарихи, әдеби деректер негізінде жазылған, бірақ тектес шығармалардың ешқайсысына ұқсамайтын, олардың барлығынан өзгеше, дара туынды.     

      54.Әбубәкір Кердері толғауындағы қазақ тағдырының жырлауны.

Кете Жүсіп сияқты шыққан руына қарап Кердері атанып кеткен Әбубәкір он тоғызыншы ғасырдағы кітаби ақындардың бірі. Оның түп тегі Кіші жүздегі Жетіру тайпасының Кердері руынан тарайды. Соның ішінде ол Таран деген тұқымның тумасы. Ел арасында «Таран таранып тойға бармаса, той той болмайды» деген мәтел бар екен. Соған қарағанда, бұл әулеттен ойын-тойдың әрін кіргізер әнші-күйші, сал-серілер көбірек шыққан тәрізді.

 Ақынның атасы Айтқұл батыр болған. Әкесі Боранқұл сауыққой әншілігімен қатар он саусағынан өнер тамған бесаспап шебер, зергер ұста болған кісі. Ұдайы қолөнермен шұғылданып ер шауып, етік тігіп, сақина соғып, шоқиып отыратын болғандықтан жеңгелері әзілдеп «Шоқан» атап кеткен. Оның зайыбы Жансұлудың әулетінде де шешен сөйлеп, өлең шығаратын өнерпаз, дарынды адамдар аз болмаған. Ата салты мен ана сүтінен нәр алған ақындық олардың үш ұлының үлкені Әбубәкірге дарыған.

 Әбубәкір Шоқанұлы Жайық бойындағы Теректі өңірінде тауық жылы дүниеге келген. Патша өкіметінің жарлығымен Теректі жері келімсек казак-орыс көшендеріне беріліп, жаңа қоныстанушылармен жанжалдасып ешқандай әділдік таппайтынына көзі жеткен Айтқұл ұрпақтары ауа көшіп, Ақтөбе төңірегіндегі кердерілерге келіп паналайды. Болашақ ақынның балалық шағы осында өтеді. Оның:

 Біз Кіші жүз ішінде

 Кердері деген халықпыз.

 Су ішінде балықпыз.

 Аңдушы дұшпан көп болып,

 Оралдан келіп қалыппыз, – дейтіні де тегін емес.

 Әбубәкір Кердері – жастайынан білім қуып, Орынбор, Тройцкіде оқып, медресе бітірген, әдеби де, діни де сауаты мол ақын. Өз заманының оқыған-тоқығаны мол ұлағатты азаматы ретінде Орал, Ор, Ақтөбе қалалары маңындағы қазақ ауылдарында ұстаздық етіп, бала оқытып, молдалық құрған. Ел арасында бала оқыта жүріп ол замана ағымы, діни тәрбие, өнер-білім, қазақтың өткендегі және қазіргі хал-ахуалы жайында өлең-жырлар, толғаулар жазады. Кердері Әбібәкір Боранқұлұлы «Заманның опасыз халіне Әубәкір молданың айтқан өлеңі» атты жырында:

Артылған заман болды аттан есек,

Залымның ғибадаты ұрлық-өсек

Қор болды бұл заманда алты нәрсе , - дейді. Ол алты нәрсесі: билік, сопы жолы, шекер мен шай, кебіс-мәсі, сұлтан-төре, ақыл. Ақын бұлардың бәрін деталь арқылы беріп отыр. Мәселен, оның айтайын деп отырған қор болған нәрсесі мәсі емес, яғни тек молда мен қарттар киетін мәсінің сол заманда қадірі кетіп, тіпті ұрыларға дейін киюі заманның азғаны деп түсіндіреді.

Қыздар, мына бір толғауды тек оқып, өз сөздеріңізбен айтыңыздар!

«Өткен еркіншілік заманды жоқтап айтқан толғауы»

 Бисмелла деп сөйлесем, 

Тілге жәрдем бере көр,

Тіл жаратқан жәләлім.

Жанға жәрдем бере көр,

Жан жаратқан жәләлім,

Қаным қайғы бейбәкір

Қайғылы болды заманым.

Заманым солай болған соң,

Тайғақ болды табаным.

Патшадан жәрдем болмаса,

Төзуге жоқты амалым.

Сөйлей көр тіл мен көмейім,

Бұлайша демей не дейін.

Көрген алаш көз салсын,

Көлденеңдеп желейін.

Заманның қандай түрінен

Сыбағалап берейін.

Заманым түгіл ел азды,

Ел ішінде ер азды.

Айқын-айқын сулардың

Балығы кетіп көл азды.

Ойтаң-ойтаң жерлердің

Оты кетіп жер азды.

Еділ, Жайық - екі су

Кент орнаған жер екен.

Онан сыртқы Қобда, Елек

Ел жайлауға кең екен.

Көдесі мақпал түгіндей

Құмайттаған жер екен.

Құрағы көктеп гүлдеген

Мақпалдай шөбі тұр екен.

Өзен судың арасы

Миуалы жеміс гүл екен.

Су аяғы төмен жақ

Онан сыртқы Ойыл, Жем,

Ел орнаған су екен.

Қарағай, қайын, тал, терек,

Қалың орман ну екен.

Таяқ кеспес ту екен

Шөпті қалың өсірген,

Тамылжыған қалың шық

Қара жердің буы екен.

Көлденең жатқан қара шың -

Бұлдырлаған тау екен.

Арасын қазақ қыстаған

Жұттан малы сау екен.

Көңірсіген көң қыстап,

Тау жырасын ел қыстап,

Қысы, жазы бірдей жылы екен.

Арқаның киік, құланы,

Қара алмен бір екен...

Заманның түбін барлаймын,

Бұрынғының бірі жоқ,

Жақсылардың күні жоқ,

Соларды жоқтап зарлаймын...

Ағадан кетті ағалық.

Ініден кетті інілік.

Інісі болды терен жар,

Жүрмеді аға сүрініп.

Атаның салган ақ жолы,

Тоқтап қалды кідіріп.

Заман деген желмая,

Қалмасақ халқым жақсы еді,

Желмаядан жығылып.

Атаны билеп ұл кетті,

Қожаны билеп құл кетті.

Баласы келсе он беске,

Ата-анадан күн кетті,

Білмеді бала құрметті.

Ағайын туған,қарындас

Бір-бірінен бұл кетті.

Қыз ананы биледі,

Анаға билік тимеді.

Ата қосқан адамның

Өз дегені болмаса,

Халалым деп сүймеді.

Қыз ұяттан айрылып,

Көңілін шайтан сүйреді.

Абырой кетті жігіттен,

Айрылды әдеп, биліктен.

Әдеп, ақыл сары алты

Алтынды таза сақтамай,

Қалай етіп шіріткен.

Ерінің айтқан сөзіне

Қатындар мойнын сұнбады,

Ерге қызымет қылмады.

Жалынып күнін көрмесе,

Қатты айтпасаң қатын тұрмады.

Кітаптің сөзін тәрк етіп,

Өсекті баса таңдады.

Қарттардан кетті ауырлық,

Сопыдан кетті сабырлық,

Төмен басты заманды

Біз заманға не қылдық.

Заманның түбі қыл деді,

Қыл үзілсе басыңнан

Жалғыз сағат тұрмайды

Аспанда ай, күн тұтылды.

Көріп пеедің мұндайын,

Ишарат қылып сөйледім,

Болған соң солай заманым.

Расын айтып шығардым

Дүниедегі шамның.

Әбубәкір хат жазып

Сөзін етті тәмәмін

Замандас ақындармен айтысқа түсіп, ойы ұшқыр, пікірі ұтқыр жыр дүлдүлі екенін танытады. Жаны жақын, ой-өрісі өрелес адамдарға өлеңмен хат жазады.

 Ақын өзінің өлең-жырларында бір жағынан халықты оқу, білімге шақырса, екінші жағынан қазаққа шарапаты тиіп, мектеп ашып, жастарды оқуға тарта бастаған сол тұстағы билікті де мадақтайды. Өнер-ғылымды, отарба сынды машиналардың шығуын мақұлдай отырып та ол өткенді аңсаудан арыла алмайды.

 Әбубәкірді өлеңмен сапарнама жазған («Орскіге келген сапар») алғашқы қазақ ақыны деуге болады. Шежірені өлеңмен жазу қазақта ежелден бар дәстүр. Әбубәкір де сол дәстүрден айнымай, Қазақ шежіресін өлеңмен өзінше түзген. Оның көпті көрген көкірегі даңғыл қариялардан жазып алған тарихтан сыр шертетін асыл қазыналары да аз емес. Әбубәкір Кердерінің өлеңдері оның көзі тірісінде «Әдеби қазақия» деген атпен Қазандағы Кәрімовтер баспасынан екі мәрте жарық көрді. Естелік-деректерге қарағанда, оның жай айтқан сөзінің өзі ұйқас, ырғаққа түсіп, құйылып отыратын көрінеді.

55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары

 Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырда және ХХ ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісіне әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен» – дейді Мұхтар Әуезов. Және 1909 жылы ұлы ақынның өлеңдер жинағы басылып шыққан соң, «Абайға еліктеп өлең жазушы ақындар Қазақстанның қай жерінде болса да кездесетін болады». «Бұл жағынан қарасақ, – дейді Мұхтар Әуезов, «ХХ ғасырда Абайдың әсері көпке жайылып, кең өріс таба береді. Ақын мұрасының өзінен соңғы қазақ әдебиетіне былайша қатынасуы, оның жалпы қазақ әдебиет тарихына көрсеткен үлгісі, әсері деп түсінеміз». Бұл мәселені зерттеу тексерулер ХХ ғасыр әдебиет тарихының міндетіне қарай ауысатынын айта келіп, Абайдың өз айналасында үнемі бірге болып, ұлы ақынның анық жақын шәкірті болған ақындардың шығармаларын зерттеу мәселесіне көңіл аударды.
Абайдың ақындық өнердегі тарихи еңбегі қазақ халқының мәдени даму, өркендеп өсу жолындағы ерекше елеулі кезеңдерінің бірі болды.

Мұхтар Әуезов «Абай шәкірттері туралы» атты мақаласында:

«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.

Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.
Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебеиттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады» – дейді.
Мұхтар Әуезов осы айтқандарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, 1950 жылы «Абай шәкірттері туралы» атты әдеби зерттеу мақаласын жазып, онда Ақылбай, Мағауия, Көкбай ақындардың шығармаларына талдау жасап, өмір тарихтары жөнінде мағлұмат берген болатын. Қайым Мұхамедханов Абайдың ақын-шәкірттері тақырыбын 1940 жылдардан бастап зерттеп, ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абайдың ақын шәкірттері» деп аталатын 4 кітаптан тұратын зерттеу еңбегін жазды.

Мағауия Абайұлы поэмалары

Мағауия Абайұлы - ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училище деген орысша мектепке оқуға түсіреді, Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің касында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Өз ауылындағы мектеп-медреседе оқып, білім алды. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды.

Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы да қазақтан жырақ, алыс елдер өмірінен алынған. Ақылбай ізденген жолменен тың тақырып, мазмұнды да Мағауия Африка елінің болмысынан алады:

«Бір әңгіме қозғайын ойымдағы,

Мақсат болды әшкере болынбағы,

Бай мейірсіз ер құлдан саза тартқан,

Африкада, Ніл дария бойындағы...» -

деп сөз бастайды. Поэмадағы тартысқа араласатын адамдарының жайын да әңгіменің басынан-ақ таныстыра кіріседі. Мейірсіз байдың ер құлдан саза тартқанын әңгіме етемін деп, ақын өз тақырыбының айшығын танытады. Осыдан соң оқиғаның болатын географиялық ортасын танытып, Африканы, Ніл дариясының жағасын, оның айналасында тоған салып кәсіп еткен Мүлік нәсілін әңгімелейді. Осылайша поэма тақырыбын оқушыға алдын-ала таныс ете көрсету үшін шығыс әңгімесінің үлгісі емес, Ақылбайдың Кавказ тауын, Дағыстан жерін, соғыста ойран болған қалаларын суреттеуден бастап өз геройына біртіндеп, белгілі бір күнге, арнаулы бір мезетте, ерте сәскеде көз салатыны сияқты. Мағауия да; «Медғат-Қасым» поэмасында жаңағыдай жер мекендерін айтып, ол өлкеде кәсіп еткен адам қауымдарын айтып, өте дәл реалистік шындық көрсетеді. Абайдың өзі сияқты, бұл ақындар да Европа және орыс классикалық поэзиясының дәстүрінен үлгі алған. Ол дәстүр көбінесе конкрет түрдегі дәлдікті, нақтылы шын халді сүйеді. Шығыс әңгімесі болса, бірі айтылса болады, одан ары өмірлік дәлдік ескертілмейді. Мағауия тек бұл айтқан жайда ғана емес, поэмасының кейін көрінетін барлық құрылыс, стилі мен сюжеттік, образдық мәдениет өрнегімен және қазақ поэмасына кіргізген көркемдік жаңаша шеберліктері мен орыс поэмаларынан көп үлгі алғанын айқын танытады...

«Медғат-Қасым» поэмасы да - романтизм сарыныңдағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да, бұл поэманың реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды берген тартыстары, мінездері (характерлері) дәлелді көркемдікке сүйенген. Романтизм негізгі сарыны дейтініміз бұл поэманың үлкен желілері және де бір-екі сезіммен түйілген геройлардың іс-әрекетінен туады. Ол сезімдер бұл поэмада да геройларды өздеріне нық бағындырады. Ішкі дүниелерін, сөз ойларын, мінез-қиялдарын және тартыс армандарын бір араға түйеді... Кейін шыққан шығармалардың ішінде осы «Медғат-Қасымнан» көркемдігі және әсіресе идеясы, ойы зор еңбек жоқ деп айтуға болады. Бұнда Мағауия үлкен ізденгіштік, ағартушылық және қоғамдық озғын идеялы, ірі мәдениеттілікпенен жақсы үйлестірген. Қасымның кек алу жолында істеген мінездері өмір шындығына анық үйлеседі. Шығарманың адам мінезіне байланысты негізгі тақырыбы, идеясы осы болғанда, бұл бір Қасымның басының ісі емес. Поэмадағы осы жөніндегі тартыста үлкен обобщениелік қасиет бар. Осылайша анық классикалық поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия өлең, теңеу, сөздік жағынан да өз шығармасының төркін-тегін, жеке реальностарыменмен жақсы аңғартып отырады. Оқушы бұл шығарманы жазған адам анық оқымысты, білікті ақын екенін поэманың ішкі-сыртқы мазмұны, жалпы стилі, тілі сияқты үлкенді-кішілі элементтерінің барлығынан толық тани алады.

Ақындық мектеп тек ұстаз ақынның өзі тапқан жол, жаңалықты қайталап қана қойса, ол аз болар еді. Абай берген бағыт бойынша ізденген шәкірт ақын Мағауия осы шығармасында Абайдың өзі жазбаған анық сюжетті поэманы туғызады. Ақылбай мен екеуі де романтикалық поэманың стилін қазақ әдебиетіне әкеліп кіргізгенде, анық соны, жаңа, жақсы ағым қосты деу керек. Сонда Ақылбай шығармасыңда идея жағынан, жоғарыда біз айтқандай, кемшіні қайшылық болса, Мағауия өз шығармасында бұл жөнде де ілгерілеп түсіп, анық бағалы табыс әкеледі. Егер сол Абай, Мағауиялар уақытында қазақтың баспасөзі болып, сыншылық, зерттеушілік, әлеуметшілік ойы өскен болса, Мағауияның осы поэмасының орны қазақ әдебиетінде 19 ғасырдың соңында шыққан жаңалықтардың көрнекті тұрғысының бірі деп атауға жарар еді.

Абайдың өз маңындағы өнерлі жастар «Медғат-Қасымды» шынында, дәл осы біз айтқандай бағалай білген. Мүрсейіт сияқты Самарбай, Дайырбай, Махмуд бар және басқа көп көзі ашық жастар «Медғат-Қасым» поэмасын да, Абайдың өлендерінде жиі көшіріп, көп таратқан. Ал, Мұқа, Әлмағамбет сияқты әнші өнерпаздардың бәрі де, олардан бері замандағы жастар, жаттап алып, әнге салып жырлап айтады. Осындай оқушы мен тыңдаушыға бағалы болғанқасиеттердің себебінен «Медғат-Қасым» поэмасы жоғалмастан және де бір жолға ауысып, ұмытылмастан біздің заманымызға түгел жетіп отыр.

«Медғат-Қасым» - Мағауияның ең соңғы поэмасы. Бұдан бұрын Абайдың тақырып етіп, шәкірт достарына тапсырыс беруі бойынша, Мағауия қазақ өмірінің өзінен алып, тағы бір поэма жазған. Бұл қазақ тарихындағы сарттық болмыстан туған «Еңлік-Кебек» жайындағы қоспа поэма болатын. «Еңлік-Кебек» - Мағауияның алғашқы жазған шығармасы. Өлеңдік жағынан ол әлі поэма тіліне жете шеберленбеген күйді танытады. Тілі тұтқыр және анық поэзиялық шеберлігі жағынан олақтау келген сырт құбылыс байқалады. Бірақ идея жағынан қарағанда, бұл поэманың да өзінше өз тұсындағы ақындардың шығармаларынан оқшау тұрған, озғын жайы бар. Сол ерекшеліктің үлкені - Кеңгірбайдың образын, ісін бейнелеуде айқын көрінеді. Мағауияның уақытында, рушылдық салт бойынша тобықтының аруақ тұтып, қадірлейтін атақты биі – Кеңгірбай болатын. Заманында оның істеп кеткен озбыр, содыр істері болса да рушылдық, ақсақалдық салт-сана бойынша кейінгі ұрпақ Кеңгірбайды сынамастан «баба» деп, «би» деп қадірлейтін. Абай болса, қазақтың бұндай ескілікті кертартпа санасына өзінің сыны мен ақылын билеткен, бағындырған емес. Ол Кеңгірбайдың өз заманындағы парақорлық сияқты арамдықтарын ашып айтып, әшкерелеп жүретін. Еңлік пен Кебектің өліміне себепші болған - Кеңгірбайдың билігі. Ол осы билікті Матайдан пара алып айтты деп деп сынайды. Жаңа буынның сыншыл, әділетшіл, гуманистік талабын өзіне ең үлкен мақсат етіп, өткен заманның үлкен авторитеттерімен трагедиялық істерін батылдықпен ашып, әшкерелеп жырлайды.

Еңлік пен Кебектің тағдырын шешкен түп себепті айта келіп, Мағауия:

Тобықтыда сол күнде Кеңгірбай би,

Қыз қыз қайнынан астыртын алыпты сый.

Айтады қыз кайнына бітім жерде,

Әуелі ұстап алып, қызыңды тый...

деп, биліктің сырын ашады.

Кейін сол билік бойынша Еңлік пен Кебек өлтірілген соң, ақын өзінің ызалы сынын Кеңгірбайға бұрады:

«Қылжырлықтан атандың биім»Қабан»,

Қабан түбі шошқа ғой, білсең надан.

Үлкен билік алдында сөйлесермін

Жазасы не болады бидің арам!..» - дейді.

Бұрынғы ру авторитетіне мұншалықты батылдықпен өкім айтуға жеткен ақындық сана, Абай тұсындағы жас талапкерлердің ойлары, ізденулері қаншалық кең өріске, үлкен азаттыққа жеткенін көрсетеді. Адамгершілік, гуманистік сарын бұл поэманың соңыңда Еңлік пен Кебектен қалған жас нәрестенің өлім халін айтудан да көрінеді:

«Балаға ешбір пенде қарамапты,

Тобықты неткен жандар діні қатты,

Шеткі Акшоқы басында бесігімен

Деседі бір күн бойы жылап жатты...», - деп бітіреді. Поэманың осы соңғы жолдары да надан заманның, қараңғы ортаның қатал мінездеріне қарсы айтылған ашулы өкім есепті болады. Осылайша образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынап көрсетуде, адамгершілік талабын ең үлкен мақсат, арман етіп биік сапада танытуда Мағауияның бұл поэмасы да өз уақытындағы бағалы еңбек болатын.

56. Біржан мен Сара айтысы.

Біржан — бүрынғы-соңғы қазақтың сал сері ақындарының ағасы, үстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мүрасы мөңгі бірге жасамақ. (Е. Ысмайылов.)

"Біржан мен Сара” айтысы — өзінің қүрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.

Біржан мен Сара жайында. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағүлүлы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы кайтыс болған. Бейіті Степняк қаласының жанында. Біржан жас шағынан өнге, өлеңге өуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп үзамай-ақ "анттті, ақын, сал Біржан” деген атаққа ие болады. Ел аралап,ән салып, айтыска түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халык Біржанның әнін катты сүйіп, өнерпаз жас акындар мен өншілер оны өннің пірі түтып, үстаз деп таниды.

Сара Тастанбеккызы казіргі Алматы (бүрынғы Талдыкорған) облысының Аксу ауданында туған. Әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан жокпіылык таукыметін тартады. "Түрмыстан туысымен таяқ жедім” деген Сара сөзі жарлы өскен сол жетімдік халін меңзейді.

Сара жастайынан сауыкшыл, домбырашы, күйші, әнші, ақындар кауымы ортасында өседі. Атакты Молықбай кобызпхы, Түбек акындар сол өңірден шьщкан. Ән мен күй, аскак жыр өнерлі жас жанды ынтыктырып, оны өз биігіне бастайды. Он үшінен домбыра алып, әнші кыз шаршы топка түседі.

Сара өз заманында топтан озған асқак өнер иесі болған. Сол өнерімен көпке танылған. Ол талай акын-дармен сөз жарысына түсіп, оза шауып бөйге алған жүйрік атанады. Мүны Сараның мына сөздерінен аңғарамыз.

Белгілі канша жүртқа атым — Сара, ішінен ер Қаптағай шықтым дара.

Домбыра ап, он үшімнен сөз сөйледім,

Келемін бір сүрінбей жеке-дара.

Мінеки, он сегізге биыл шықтым,

Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.

"Біржан мен Сара” айтысыныц негізгі өзегі.

Қажыеке, күні қүрсын үрғашының Билігі болмаған сон бір басының.

Берген сон тері-терсек ит те алады

Пұлындай берекесіз арбашыньщ...—

деген Сара сөзі сол кездегі казак әйелдерінің ауыр түрмысын көзге толык елестетеді. Әрі сүлу, өрі өнерпаз Сара да өзінің сүйгеніне бара алмай, малға сатылып, еріксіз кете барады.

Сараның: "Жок екен жүйрік иттей өлсем қүным”, "Ажал да кісі таңдап алады екен, сол итті неге койған алып кетпей?!”, "Дені сау кез болмадым бір тазаға”, — деген жолдарынан көз жасын бүлаған казак кыздарының зары елестейді.

Қалың мал — казак өйелдерін шырмаған ескіліктің мыкты торы, айтыста сол кырсьщты ескі әдет-ғұрыпка, салт-санаға наразылык білдіріледі.

Сара ақыл-парасаты, акындық-әншілігі жағынан Біржанмен иыктас, пара-пар, тең, оның "өнерге екі жағы бөрі бірдей”, Біржаннан кем түспейді. Сара өзі туралы:

Сөзіме он жасымнан өң берілген

Еркек жок өз басыма теңгерілген,

Нөп-нөзік көзге олқы көрінсем де,

Сан жүйрік койдан онай өңгерілген, —

дейді.

Өнімен, өлеңімен Орта жүзді тамсандырған, ерен жүйрік, талай акынмен айтыста жүлде алға Біржан да "Қарамды әр-берден соң бір көрмейсің”, — деп, айтыс үстінде өрлік білдіре сөйлесе де:

Ел-жүртың корыкпайды екен көз жасыңнан,

Сан жүйрік көріп едім мен жасымнан.

Кемітер дұшпан шіркін кай жерінді,

Адамзат озар емес бір басыңнан, —

деп, Сараның акындығына ден кояды.

Сол өнерімен тең түскен Сараны Біржан баска жерден сүріндіреді. Есімбек, Түрысбек сиякты ел билеушілері оны жаны да, тәні де кемтар Жиенқүлға атастырып койған. Біржан оны осы осал жерден үстайды.

Майысып, сегіз кырлы жүйрік Сара,

Кай жерден болжамайсың тынарынды,

Мактаған Есімбегің дөнеме емес,

Басыңнан айыртпаған мұратыңды,

Шакыртып күйеуіңді осында алдыр,

Көрейін таңдап алған сыңарьщды, —

деп, Біржан оның сағы сынар жерінен жазбайды. "Сөйлесе май тамызған бүлбүл” тілімен Сара Біржанға сөзін мірдің оғындай канша кадап өнер таластырса да, Жиенкүлға келгенде мүдіре береді. Акыры, Сара акындар айтысының дағдылы дөстүрі бойынша, топ алдында жеңілгенін мойындап, оның себебін айтып, өз басының мүңын, ішкі күйінішін жыр етеді.

Арғынға жол бермеген есіл тілім,

Күн өтпей кор боп үшкан қызыл гүлім.

Арғынға ұялғаннан үндемеуші ем,

Есекке косактаулы өтті-ау күнім!

Сара бүл жерде тек өз басының мүңды халін ғана емес, казак қыздарының мүң-шерін де білдірген.

Айтыста Біржан халкымыздың үлы акыны Абайды окшау алып, дара, дана түлға етіп бейнелейді.

Абайдың әділдігін, халык алдында беделділігін, жүрттың оны аса кадірлейтіндігін, заманынан озыктығын айтса, екінші бір жерінде:

Абайға тамам елің Найман жетпес...

Зейіні түпсіз дария көзің жетпес...

Дос көрген олар заһит ғалымдарды,

Алдынан атасының тағлым алды.

Момынға жөбір-жапа қыласың деп,

Жіберген жер аудартып залымдарды, —

деп, бір жағынан, Абайдың өз дәуіріндегі әрі білімді, әрі өмірді терең толғаған, кеңінен түсінетін адам екенін көрсетсе, екінші жағынан Абайдың карапайым халыктың, момындардың жоқшысы, шаруаларға жәбір-жапа көр-сетуші адамдарға, жалпы зүлымдыкка карсы күресуші екенін айтьш, оны жүрт алдында мактан етеді. Өз дәуірі-нің үлы перзенті болған Абайды Біржан аса бағалаған.

Айтыстағы Біржан мен Сараньщ сипаттары. Айтыста екі акын да өздерінің адамгершілік, акындық сипат-тарымен көрінеді. Біржан да, Сара да —үздік өнер иесі. Бір-бірінің өнеріне сүйсінеді, бірін-бірі бағалайды. Екі акын да ә дегеннен-ак бір-біріне жүйріктік, ірілік таныта бастайды. Біржан: "Сайраған Орта жүздің бүлбүлымын”, "Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, ауылыңда Түрысбектің өлер жері”, "Міні жок бізден шығар сөз бедері”, — деп, аскак әуенге басады. "Қыскартам ады-мыңды бір-ак аттап”, — деп Сараға үрейлендіре сөйлеп, иыктап алуды ойлайды. Біржанның сөз саптасынан Сараның қажы атасы да: "Сөзі бүзық ант үрған екен”,— деп сескеніп калады. Ол Сараға: "Өнерің үлдан артык, қарағым-ай”, — деп, ата-бабаң аруағы жебесін деп, жігер береді. Сара да каймыкпай, сөз нөсерін төгеді.

Найманда екі жүзді наркескенмін,

Желкенді кеспек үшін койған сактап.

Тозанын анда-санда бір бүрқ етер,

Саулатсам бейпіл тілді екі жактап, —

деп, Біржаннан ығыса коймайды. Сара "сандалтып орта жүзді өнмен кырған” Біржанның өнерін салған жерден-ақ байкаса, Біржан да: "Бар екен жаннан артык сөйлер сөзің”, — деп, айтыс үстінде өнерлі қыздың аяк алысын бірден таниды. Сөзден үтылмасына көзі жетіп, Сараның өнеріне таңдана, тамсана карайды, өділ бағалайды. Сараны майыскан сегіз кырлы жүйрік деп ардактайды.

Өнер саңлағы, айтулы ару Сараның басына төнген караңғылыкка, есекке қосақтаулы тағдырына Біржан катты толғанып, налиды. Сара да Біржанды жасы үлкен аға деп кадірлейді, өнерін, ақындық-өншілігін, адамгер-шілігін жоғары бағалайды.

Сара Біржанды Орта жүздің өнер тарланы деп таниды. "Өніңнің көз жетпейді бүрмасына” деп шеберлігіне сүйсінеді, оның үздік таланты алдында бас иеді.

Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмүнына сыртқы күрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлык күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенкүлды өлтіре сынайды. Сол аркылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді.

Сөйтіп, "Біржан мен Сара” айтысының негізгі түйіні — әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлактың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға аркау етуі, ескі феодалдық салтка қарсы шығуы өз дөуірі үшін прогресшіл идея еді.

Күрылысы, түрі жағынан алғанда, бүл айтыс — салт айтыстың ең биігі.




1. Палладий
2. действие химического вещества
3. карательной операции против ее обидчиков он соглашается
4. п С помощью ccess можно разрабатывать простые и удобные формы ввода данных а также осуществлять обработку да
5. ОБ ОХРАНЕ АТМОСФЕРНОГО ВОЗДУХА Принят Палатой представителей 19 декабря 1996 года Одобрен Советом Ре
6. Тема- Общая и медицинская протозоология
7. Введение Республика Мордовии богата обрядовыми танцевальными культурными традициями
8. Лабораторная работа 10 Исследование искусственного освещения рабочих мест Выпо
9. английски Добавляем 1 Скажи где он-она живет
10. ТЕМА Окремі види службових документів телеграма телефонограма доручення МЕТА Навчити студентів склада