У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Е~ ~здік ~зін~зі тану п~ні м~~алімі бай~ауыны~ ережесі 1

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-30

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.2.2025

«Ең үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі» байқауының ережесі

1.Жалпы ереже

Ереже байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды

2. Байқауды ұйымдастырушылар

Байқауды ұйымдастырушы-Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Байқаудың мақсаты:  Мұғалімдердің талантты шығармашылықпен жұмыс істеуін, кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберліктерін қалыптастыру.

Байқаудың міндеттері:

  1.  Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің инновациялық тәжірибе

жұмыстарын анықтау;

  1.  Үздік сабақтарды анықтау және жаңа буын әдістемелік материалдар базасын қалыптастыру;
  2.  Шығармашыл өзін-өзі тану пәні мұғалімдерін анықтап, қолдау көрсету.

3. Байқаудың өткізілу реті

Байқау екі кезеңнен тұрады.

І кезең сырттай өткізіледі. (27-28 наурыз 2014 жыл)

Байқауға аудандағы жалпы білім беретін мектептердің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысады.

ІІ кезеңге І кезеңнен өткен мұғалімдер жіберіледі. Жаңа құрылымдағы өткен сабағын қорғайды.

4. Байқауға қатысу реті

Байқау қатысушыларын мектеп әкімшілігі анықтайды және аудандық байқауға қатысу туралы сұраныс хатына тіркеп, жібереді. Байқау материалдары электронды (компакт дискіде) және баспа түрінде 2014 жылдың   27-28 наурызына дейін қабылданады.

5. Байқауға ұсынылатын материалдарды рәсімдеу үлгісі

 «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтың жаңа құрылымы:

Сабақтың мерзімі, сабақтың нөмірі, құндылығы, қасиеттер, мұғалім, сынып, сабақтың мақсаты, міндеттері, сабақтың барысы:

  1.  Ұйымдастыру кезеңі – тыныштық сәті;
  2.  Үй тапсырмасын тексеру;
  3.  Дәйексөз;
  4.  Әңгімелеу (мұғалім сыйы);
  5.  Шығармашылық,топтық жұмыс;
  6.  Топпен ән айту;
  7.  Үй тапсырмасы;
  8.  Соңғы тыныштық сәті.

6. Байқау материалдарын бағалау реті

  1.  Сабақ мазмұнының мақсатына сәйкестігі;
  2.  Сабақ материалдарының мазмұндылығы;
  3.  Ақпараттық-техникалық құралдарды тиімді пайдалану;
  4.  Байқау материалдарының жүйелілігі мен бірізділігі;
  5.  Байқау материалдарының шығармашылық бағыттылығы;
  6.  Байқау материалының рәсімделуі.

7. Байқаудың қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқау тұжырымдамасын, оны өткізу тәртібін анықтап, қазылар алқасын бекітеді. Байқау туралы ережелер мен ағымдағы құжаттарды дайындайды. Сонымен қатар, байқау кезеңдері мен материалдарын бағалау мен сараптауды ұйымдастырады.

Қазылар алқасы тапсырылған жұмыстардың сапасын, мазмұны мен безендірілуін, шығармашылық және кәсіби деңгейін бағалай отырып, жұмыстың негізгі идеясының маңыздылығы мен дәйектілігін, бірізділігін қадағалайды.

Қазылар алқасының шешімі хаттамамен толтырылып, ұйымдастыру комитетінің төрағасымен хатшысының қолымен бекітіледі.

8.Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі

Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптар мен белгілерге сәйкес анықталып, марапатталады.




1. тематическому плану на изучение общевоинских уставов ОВУ отводится 6 часов
2. ТЕМАТИКИ МАГДА Олена Вікторівна УДК 517
3. Под физической нагрузкой понимается степень воздействия на организм физических упражнений и характе
4. а и о ценностях самого права
5.  Понятие и принципы предпринимательского права
6. Теория прав человека
7. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня доктора технічних наук Луга
8. ВАРИАНТ 1620 16 Что такое банковская статистика отрасль социальноэкономической статистики зад
9. Тема- Важность духовного отцовства 1
10. ВВЕДЕНИЕ Сахарный диабет является одним из самых распространённых заболеваний эндокринной системы орган