Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Ерекше мәдени-прагматикалық әлеуетімен фраземика мен паремия сипатталады. Себебі олар адамның интеллектуалды-эмоционалды қызметінің нәтижелерін белгілейді, түзу емес және жанама-туынды атау қызметін атқарады, белгіленген нысандардың модальды-бағалауыштық сипаттарынан тұрады. Халықтың материалды және рухани мәдениетімен, тарихы мен дәстүрімен тығыз байланыста болғандықтан, дискурсивті тілдік бірліктер өзгеше ұлттық-дара миктомифтар болып табылады. Өз құрамында «ата-бабалардың ұрпақтарына аманат еткен қысқа нақылдармен айтылған өнегелі заң мен парасатты мағынадан» тұрады (Буслаев, 1959:204).
Идиомалардың прагматикалық құндылығы олардың даралығында болып табылады. «Ал, даралық, оғаш болса да, - В.М.Мокиенконың көркемдік бейнелеуінде, - ұлттар мен олардың мәденеиттері қарым-қатынастарының арасында ерекше нығыз цементтеуші қоспа болып табылады. Ол халықтардың өзара мәдени алмасуында ұлттық «валюта» болып табылады» (Мокиенко, 1986: 5). Дискурсивті идиомалардың семасиологиялық нұсқаулықтары фразеологиялық мәндердің өзіндік ерекшелігі оның құрамындағы коннотативті мазмұнымен айқындалатынын көрсетеді. Өз алдына коннотативті мазмұн лексикалық мағынаға қарағанда қосымша мазмұн болып табылмайды, фразеологиялық мәннің міндетті интенсионалды (ядролы) мағыналық бірлігі болып табылады.
Фразеологиялық коннотация этникалық, мәдени-тарихи және ұлттық-тілдік сипаттағы айналымдардың этимологиялық бастаулары туралы әр түрлі ақпараттан тұрады. Мағынаның коннотативті микробірлігі олардың эмоционалдық күйлері, интеллекті, әлеуметтік жағдайы, коммуникативті ойлары және т.б. тұрғысынан қатынастарды сипаттайды. Фразеологиялық коннотацияның мұндай түсінгі оны дискурсивті идиоманың негізгі танымдық мәні ретінде тануға мүмкіндік береді. Дискурсивті идиоманың прагматикалық мәні құрылымында экспрессивті, эвокативті (аппелятивті) фатикалық және эстетикалық құрамдарын ерекшелеу жөнді болып табылады (Якобсон, 1975: 193-230; Эмирова, 1988. 15).
Дискурсивті идиомалардың прагматикалық мәнінің экспрессивті бөлігі айтушының ой затына квалитативті-бағалауыштық қатынасын және көңіл-күйді білдіреді. Осылайша, человек с большой буквы, из ряда вон секілді дискурсивті идиомалар осы тұрақты тіркестер айтылған адамға құрмет пен таңғалуды білдіреді. Мұндай идиомалардың экспрессивті бөлігі айтуышының коммуникативті-прагматикалық ойлары мен контекст сипатына қарай түрленеді. Келесі дискурсивті идиома, мысалға, қарсылықты, наразылықты білдіруде пайдаланылуы мүмкін. Сол себепті мұндай идиомаларды барлық коммуникативті-прагматикалық жағдайларда қарым-қатынастың сыртқы кешені шарттарын түсіну арқылы, яғни айтушы кім-не-қайда-қашан-кімге-неге коммуникативті актіні жүзеге асыруында орынды пайдалануы керек (Э.С. Азнаурова). Оның өзге құрамдас бөліктері мүмкіндікті (потенциалды, тілдік) және өзекті (сөйленістегі) коммуникативті-прагматикалық әсерлер болып табылады. Себебі идиомалардың прагматикасы ақыр аяғында оның семантикасымен, стилистикасымен тілдік қарым-қатынастың ерекшеліктері мен шарттары бірлігінде айқындалады. Салыстырайық: 1) Шекспир из ряда вон выходящее явление в мировой литературе және 2) Сколько можно опаздывать на занятия?! Ваше поведение можно назвать, мягко говоря, из ряда вон выходящим (ауыз екі сөйл.).
Дискурсивті идиомаларды прагматикалық талдаудан кейін мақсатты түрде олардың ономасиологиялық мінездемесіне өту мәдени-прагматикалық зерттеудің әдістерін жоғары түрде игеруді талап етеді. Мұндай зерттеулердің мәні фразмелардың денотатты қатыстылығы сипатында ұғынуға негізделеді. Себебі, Г.Г.Почепцованың пікірінше, қарым-қатынастың өзін есепке алу негізінде «прагматикалық семантика бір денотатты жағдайға қатысты бірнеше семантикалық құрылымдармен жұмыс жасайды», «прагматикалық семантика таңдау семантикасы» (Почепцов, 1984: 35). Мысалы, қарсылықты, наразылықты білдіруде айтушы дискурсивті идиомаларды таңдағанда, из рук вон (нашар) деген секілді идиоманы айтуда этого еще не хватало (жетіспегені осы еді), ни на что не похоже, ни в каике ворота не лезет, черт знает что, не укладывается в голове секілді фразеологизмдерден айыра білуі керек.
Мұндай дискурсивті идиомалар айтылатын ойдың рематикалық бөлігін білдірумен қарым-қатынаста келтіріледі. Мұндайда әр түрлі суперсегментті фонетикалық құралдар (наразылықты білдіретін интонация, жеке дыбыстарды күшейтіп не созып айтуда қатысатын эмфатикалық екпін) көмекке келеді. Бұдан өзге фразеологиялық мәннің экспрессивті құрамдарын беруші паралингвистикалық құралдар бар. Олар: көздердің, қол қимылдарының, бет-әлпет өзгеруінің, дене қозғалысының белгілері. Дискурсивті идиомалардың мәнінің экспрессивті бөлігі әдетте эвокативпен бірлікте жүзеге асырылады.
Фразеологиялық семантиканың эвокативті құрамдасы тыңдаушыға дискурсивті идиоманың әсерімен байлнанысты. Расымен де, өз құрамында идиомалардан тұратын барлық дискурсивті-коммуникативтік туындылар имплицитті және эксплицитті түрде тыңдаушыларға белгілі бір қызметке тарту мақсатында бағытталады. Мұнымен қоса, жанама әрекет әдетте шынайы коммуниканттартарға қатысты айтылмай, керісінше, магиялық мазмұндағы идиомалар (қарғыс, эвфемизм, перифраздар) көмегімен әр түрлі тылсым күштерге қатысты айтылуымен жүзеге асырылады (замолвить словечко, вставать с левой ноги, Христа ради, рай земной, отдавать богу душу, перемывать косточки және т.б.).
Эмоционалды, интеллектуалды және тәрбиелік әрекетті тыңдаушыға лингвистикалық және паралингвистикалық құралдардың толық кешені арқылы жүзеге асырады. Жекелей, диалогта пайдаланылатын дискрусивті идиомалардың көмегімен жүзеге асырылады. Әдетте бұлар идиомалардың эвокативті немесе императивті түрлері болып табылады: палец в рот не клади біреу өзгенің қателігін пайдалану әрекетін мүлт жіберіп алмайды. Әр түрлі диалогтік қатынастарда мұндай идиомалар қарым-қатынасқа түсушілер арасында фразеологиялық мәнге және сөйлеу актілері шарттарына сәйкес эмоциялық әсер тудырады. Мұндай әсер етуді бірінші кезекте төмендегі лингвисткалық құралдар жүзеге асырады: а) дискурсивті идиоманың предикатты-рематикалық қызметі, б) қарсылық білдірумен етістіктің императивті формасы, в) барыс септігінде міндетті түрде толықтыру (өзгенің қателігін пайдалану әрекетін мүлт жіберіп алмайтын адамның кім екенін анықтау). Мұндай идиоманың прагматикалық қызметі ескерту, бұл адам сәйкесінше шешім шығарсын деген мақсатта адамның бағалауыштық сипаты болып табылады, сондай-ақ сол адамның өзінінің бағасы (Яранцев, 1977: 196, 361-362).
Өзге коммуникативті-прагматикалық жағдайда осы дискурсивті идиома «өз-өзіне қорған болатын адам осындай» мағынасында қолданыла алады.
Келесі идиома зарубить себе на носу бір мағынада екі комуникативті-танымдық жағдайларды көрсетеді: ескерту және бір қажетті нәрсені есіне сақтау жағдайы. Салыстырыңыз: 1) Зарубите себе на носу, случится что-то с вашим сыном, нам даже не придется предъявлять особые доказательства вашей вины. Они слишком очевидны, так что берегитесь! (Р.Тендряков. Расплата) және 2) Я еще в детстве, как говорится, зарубил себе на носу правило не откладывать на завтра того, что можно сделать сегодня (Р.И.Яранцев). Көрсетілген коммуникативті-прагматикалық жағдайлар әр түрлі лингвистикалық құралдармен бейнеленген. Біріншісі «ескерту, сақтандыру, қауіп» - тұрақты тіркес баяндауыш қызметінде жұмсалады, ал етістікті құрам императив пішімінде көрінеді. Екіншісі «маңызды бір нәрсені есте сақтау қажеттілігі» - предикатты-рематикалық бөлікте айтылады, етістікті құрам бұл жерде де императив пішімде немесе өткен шақ формасында қолданыла алады. Идиоманы айтарда «осы» сілтеу есімдігімен тура толықтауыштың болуы шарт.
Осы секілді дискурсивті идиомалар мазмұны мен пішімінің коммуникативті-прагматикалық шарттылығымен байланысты ерекше мәнге оларды сәйкесінше жағдайда пайдаланудағы таңдау жұмысы ие болады. Осылайша, «қауіпті» білдіру үшін орыс тілі келесі қатардағы идиомаларды таңдауға мүмкіндік береді: придержать язычок, прикусить язык, показать где раки зимуют, костей не собрать, спустить шкуру, спустить три шукры, стереть в порошок, свернуть шею, стереть с лица земли, мокрое место останется және т.б. Осындай дискурсивті идиомалардың прагматикалық мәндерінен эвокативті аспектілерді анықтап, тыңдаушының қатысты әсерін туындатуға, оны сәйкесінше сөйлеу тәртібі тонына салуға болады.
Фраземалардың прагматикалық мәндерінің фатикалық құрамдастары сөйлеу актілері қатысушылары арасында байланыс орнатуда қызмет атқарады. Бұлар амандасу, танысу, қатынас басындағы сөз секілді тұрақты сөз формалары, сондай-ақ коммуниканттар арасында қатынасты қуаттауға бағытталған идиомалар: милости просим, в добрый час, будьте добры, прошу любить и жаловать және т.б.. Фразеологиялық мәннің фатикалық құрамдасы психологиялық күйді, кейде дискурсқа қатысушылардың әлеуметті жағдайымен таныстырады.
14.2. Сөздің мәдени-прагматикалық коннотациялары.
Коннотацияны зерттеушілердің көбі оның маңызды құрамдастары ретінде тіл бірліктерінің эмотивтілік, экспрессия, баға, бейнелілік және стилистикалық сипаттарын қарастырады.
Коннотация сөзін термин ретінде кең көлемде лексикографиялық тәжірибеде (Websters, 1951) пайдаланыла бастады. Анығырақ айтсақ, екі негізгі мәнде пайдаланылды: а) сөздік мақалаларда белгіленетін лексикалық мағыналардың «қосалқы» (модальді, бағалауыштық және эмотивті-экспрессивті) бірліктерін белгілеу үшін, б) лексикалық мәннің бірлігі болып табылмайтын белгіні білдіруші заттарға бағалауыштық қатынасын белгілеу үшін пайдаланылады. Алайда бұл айырмашылық әдетте ескерілмейтін, сол себепті терминологиялық шиеленістерге әкеп соқтырды:
Ұсынылған мәндердің көпбейнелілігі: басында пішімделген екі ұстаным экстралингвистикалық және жеке лингвистикалық ұстанымдарына әкеп соқтырады.
Алғашқысы Ю.Д.Апресян еңбегінде ашылады: коннотация «атауы берілген сөз болып табылатын белгіленген тілде заңдастырылған шынайылылық нысанының бағасы», анығырақ айтсақ, белгіленген ұғымның тіршілік етпейтін, алайда тұрақты белгілері, олар белгіленген тілден ұжымда қабылданған пән бағасын белгілейді. Бұл белгілер лексикалық мәннің құрамдастары, шешімдері болып табылмайды (Апресян, 1995: 159).
Коннотация анықтамасында мәдени акценттерді Е.Бартминский ерекшелеп көрсетеді. Ол мұны берілген қоғам мәдениетінде бекітіліген, бірақ әр кезде байлныспаған жиынтық» деп қарастырады (Bartminskii, 1980). Ю.Д.Апресян коннотация мен лексикалық мәндердің шектеу қажеттілігін айтады. Алғашқылары, екіншіге қарағанда айтылатын ұғымның тіршілік етпейтін, жоқ белгілеріне нұсқайды. Салыстырсақ, әтеш деген сөздің негізгі мағынасында жатқан ұғым тауықтың аталығы деген ұғымды және «ерте жатып, ерте тұратын» деген коннатацияны білдіреді.
Сөздің семантикалық құрылымына кіретін дерексіз, бірақ тұрақты бірліктерді ажырату тіпті Л.Н.Иорданский мен И.А.Мельчук тәжірибелік тесті көмегімен де әркез мүмкін бола бермейді. Олардың тәжірибесінің мәні мынада: «егер, семантикалық сәйкестік коннатция атына қарсы келмесе, бұл белгі лексикалық мәннің емес, коннотация бірлігі болып табылады. Және керісінше, мұндай үйлесімнің мағынасыздығы оның бұл белгісінің лексикалық мән бірлігі болуында. «ақымақтық» белгісі қой лекемасы үшін коннотатты, себебі бұл лексеманың сәйкесінше антониммен үйлесімі толығымен мүмкін: «Цирк әртісі қызметін қарт ақылды қой атқарады». Дәл сол белгі қой лексемасы үшін екінші мағынада адам - оның лексикалық мәнінің семасы болып табылады, себебі жаттықтырушы ақылды қой тіркесі ойға қонымсыз.
Алайда коннотациялар жанама-туында номинативті бірліктер құрамдас метафораларды (житейское море, пламя страстей), парафраздарды (махаббат әншісі бұлбұл, шөл кемесі түйе) және фраземдері (как баран на новые ворота смотреть) көрсететін тұрақты ассоциациялық-бейнелік құрылымдардың пішімделу орталығы болып табылады. Салыстырайық: шөп өседі үйлесім сөйлеу үрдісіне қарсы емес, шөп өспе болымсыздық жұрнағымен қоса етістіктің бұйрық райы бейжайлылық коннотациясын қосады. Ю.Д.Апресян әділетті байқағандай, тәжірибелік тестер абсолютті сенімді болып табылмайды, себебі жеке сөздерге қатысты қолданылмайды, антиинтуитивті нәтижені береді не коонотацияны лексикалық мән құрамындағы қосымша семадан ажыратуға мүмкіндік бермейді. Осылайша, болжанатын үйлесімде тәжірибелік тестер релятивті коннотацияларды анықталмаған күйде қалдырады. Сонда коннотациялар өз алдына неден тұрады, лингвистикалық немесе экстралингвистикалық (мәдени) құбылыстар болып табылады ма?
Ю.Д.Апресяннің коннотацияның экстралингвистикалық маңыздылығын негіздеуде жұмыстары тек онша үлкен емес сөздер тобы этномәдени номинанттарға қатыстылығы рас. Салыстырыңыз: swines flesh шошқа еті (мясо свинины), apork свинина. Бір нысанды белгілегенде тек иудей танымында ғана алғашқы тіркес таза емес деген коннотациямен байланысты. Көп жағдайда коннотацияның экстралингвисткалық сипаты тұрақты емес, тіл сыртындағы коннотацияның мәдени табиғаты туралы айтылатыны жөн. Автор өзі жазады: «коннотация, негізінде, сөздердің негізгі мағынасын сипаттайды, ал ауыспалы мағына метафоралар мен теңеу, туынды сөздер, фразеологиялық бірліктер, синтаксистік құрылымдардың анықталған типі арқылы олар заттанады» (Апресян, 1995: 163). Шошқа тәрбиесіз, дөрекі адам, арам немесе қара ниетті адам,(нашар тәртіп коннотациясы), шошқа секілді ішіп алу (дөрекілік және адырлық коннотациясы), соғыстың аты соғыс (жамандық, арсыздық, құлықсыздық, жалғызсырау коонтациясы). Осы және өзге де мысалдар коннотацияның экстралингвистикалық болмысын жақтауышлардың ойынша, төмендегіні көрсетуі керек: коннотация белгілерінен мәдени заттар тұрады, тілдік бірліктердің өздері емес.
Бздің көрсетуімізде қарастырылатын қатынастар үш сөйленістегі координаттар қарым-қатынасының күрделі механизмімен негізделеді: а) шынайылық затын таным үрдісінде референт ретінде, б) оның адам санасында бейнеленуі және в) вербалдану құралы. Таным нәтижесінде, яғни аталмыш заттардың көрінуі мен орындалуы нәтижесінде олардың облигаторлық және факультативті қасиеттері мен белгілері жайлы білімдер белгіленеді. Алынған білімдер таным мазмұны мен оның болуының тәсілінен тұрады, оның мәні білімнің шынайылықпен сәйкесуінде, қайта пайда болған білімнің оған дейін толыққан тәжірибемен сәйкесуінде. Тілдік білімдер тілдік танымның мазмұны және өмір сүру тәсілі болып табылады. Алғашында облигаторлық тіл білімдері интенсионал сәйкесінше тілдік мәннің мазмұндық негізін қалыптастырады, ал факультативті тіл білімдері оның периферяисын импликационал тек танымдық нысанмен ғана емес, сонымен қатар оның өмір сүруінің барлық әлеуметтік-психикалық контекстімен байланысты адамның ассоциативті-бейнелілік және экспрессивті-бағалауыштық қатынастарын қалыптастырады. Интенсионал дәстүрлі түрде жеке лексикалық (заттық-логикалық) мән ретінде қабылдануы, ал импликационал сөздің мәдени коннотациясы ретінде, яғни оның мәні ретінде түсінілетін.