Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ЖЖЖ
Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз жаңару процесі, ол екі түрлі болады: жай және ұлғаймалы.
Жәй ұдайы өндірісте өндіріс жылдан жылға тұрақты көлеммен жаңарап отырады. Кеңейтілген ұдайы өндіріс кезінде өндіріс процесінің көлемі ұлғайтылып отырады.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің нәтижесінде қоғамдық өнім көлемі ұлғаяды. Бірақ қоғамды тек өндіріс көлемін ұлғайту ғана емес, сол өнім өндірісіне кеткен шығындардың тиімділігі де толғандырады.
Жетілген және жетілмеген бәсеке. Нарық қатысушылары қалай бәсекелесетіндігіне қарай бәсеке жетілген және жетілмеген болып бөлінеді.. Жекеленген фирмалардың бағаға әсері аз болған сайын нарық жетілген болады. Жетілген бәсеке бәсекенің идеалды формасы, оның ерекшеліктері:1)нарықта бірдей мүмкіндіктері бар бір- біріен тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмететеді;2)айырбас стандартты және ұқсас тауарлар арқылы жүзеге асады;
3)сатушылар мен сатып алушылар өнім туралы толық ақпаратқа ие;4)нарыққа еркін ену және одан кету мүмкіндігі, фирмалардың бірігуіне себептер жоқ.
Жетілген бәсекеге толығымен жету мүмкін емес, оған тек жақын болуға болады,
жетілген бәсеке 19ғ ортасына дейін орын алды. 19ғ. ортасынан бастап ҒТП дамуымен өндірісті шоғырландыру процесі жүреді, бұл процесс ірі және өте ірі кәсіпорындар, демек монополияның пайда болуына әкелді.
Нарықта монополисттің пайда болуымен жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады.
Жетілмеген бәсеке нарығы- еркін бәсеке нарығының ең болмағанда бір жағдайы орындалмайтын нарық.
Жетілмеген бәсекені үш типке бөледі:1)Монополиялық бәсеке 2)Олигополиялық бәсеке3)Таза монополия.
Э.Чемберлин Дж. Робинсон, Дж.Хикс жетілмеген бәсеке механизмін зерттеуге үлкен үлестерін қосты. Талицада бәсеке түрлері мен нарықтық құрылымдар берілген.
Жер рентасы және оның түрлері.
Жер және оның қойнауы әкелетін табыс рента. Басқа өндіріс факторлерінен жердің өзгешелігі: оның ұсынысының шектеулігінде, сондықтан оның ұсынысы икемсіз, демек оның бағасы қанша артқанмен ұсыныс көлемі өзгермейді. Рента дифференциалды және абсолютті болады.Дифференциалды рента- сапалы және орташа жер учаскелерінде қалыптасады, сапасыз жерлерде ол болмайды.Абсолютті рента- жердің барлық учаскелерінде болады, ол ауыл шаруашылығының өнімдерінің құны мен оны өндіру құны арасындағы айырмашылықтан пайда болады.
Егер меншік иесі жерді жалға берсе, ол жал төлемін алады, оған жер рентасы және жердегі құрылыстарды пайдаланғаны үшін төлем кіреді.
Нарықтық экономикада жер сату объектісі болғандықтан, оның бағасы бар. Жер бағасының көлемі екі көрсеткішке байланысты:
1. жер иесі болып, алынатын жер рентасының көлемінен;
2. ссудалық процент ставкасынан.
ссудалық капитал көлемі
Жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері. ЖҰӨ-ді есептеудің екі әдісі бар: елдегі жасалған өнімге («шығындар легі») кеткен шығынға байланысты; не өнімді өндіру нәтижесінде алынған табыстың сомасына («табыс легі») байланысты.
Бірінші әдіс «шығындар легін» қарастырайық. Егер бар шығындарды қоссақ, оны пайдалана отырып, біз ЖҰӨ көлемін табамыз.
Шығындар мынадан тұрады:
Ұлттық өндірістің көлеміне, осы елдегі өндірілген нәрсе ғана кіретіндіктен, басқа елдердің шығынын алып тастау керек. Мысалы, Жапонияда шығарылған автомобильді Қазақстанға әкеліп сатады. Бұл жағдайда, автомобильді өндіруге кеткен шығынды Жапонияның шығындарына жатқызады, ал әкеліп, сатуға кеткен шығынды Қазақстан шығынына жатқызады.
Екінші әдіс «табыстар легін» қарастырайық. Егер бүкіл табысты қоссақ, біз ЖҰӨ-ді аламыз. Табыстарға мыналар кіреді: жалақы, рента, пайыз, пайда, жанама салықтар, амортизациялық төлемдер. Екінші рет қайталанған есеп болмас үшін ЖҰӨ кірмейтіндер:
1) аралық тауарлар немесе келесі қайта өңдеуге жіберілетін өнімдер. Оларға шикізат отын, көмекші материалдар т.б. жатады. Мысалы, ЖҰӨ-ге бидайдың, ұнның, ашытқының, наубайхана өндірісінің соңғы тауарларын алуға керекті заттардың құны кірмейді. Егер біз оларды ЖҰӨ-ке кіргізсек, онда ЖҰӨ-ның құнын қосылған құнның көлеміне өсірген болар едік, соңынан екі жақты есептеу пайда болар еді;
2) барлық өндірістік емес келісімдер немесе өндірілген өнім санының өсуіне ықпал етпейтіндер. Оларға: а) трансферттік төлемдер (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, т.б.); б) бағалы қағаздарды сату-сатып алу келісімдері; в) ұсталған заттарды сату-сатып алу.
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
Жалпы тепе-теңдік- барлық нарықтарды бір уақытта жиынтық сұраныс сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдікгі орнаған ұлттық экономика жағдайы.
Жиынтық ұсыныс (АS) - бағаның әр түрлі деңнейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалры көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: табиғи және еңбек ресурстарының саны және сапасы, негізгі капитал қоры, технология деңгейі.
Жиынтық сұраныс (AD) - тұтынушылар, кәсіпорындар мен мемелекет бағаның әр түрлі деңгейлерінде сатып алуға дайын ұлттық өндірістің шынайы көлемі, оған келесі бағалық емес факторлер әсер етеді: еңбек ақы, мемлекеттің фискалды саясаты салық және несие саясаты, тұрғындардың жинақтауға бейімділігі.
Жұмыссыздық түсінігі, себептері. Жұмыссыздық дегеніміз елде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу деңгейі жағдайында жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы Біріншіден, адамдар бір жерден екінші жерге үнемі көшіп жүреді, бір қызметтен екіншісіне ауысып, жұмысты тосып, іздеп жүреді.
Осы себептерге байланысты жұмыста жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне деген сұранымға құрылымдық өзгерістер әкеледі. Жұмыс орындарының жаңа құрылымы бұрынғы жұмыс күші құрылымына сәйкес емес, ал ол құрылымдық жұмыссыздықты құрайтын жұмыскерлердің бір бөлегін өндірістен шеттетуге әкеледі.
Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыс күші құрылымының жұмыс орны құрылымына сәйкес еместігінен пайда болған жұмыссыздық.
Жұмыссыздықтың - циклдық жұмыссыздық деп аталатын (нарық шаруашылығының циклдығына байланысты) түрі бар.
Циклдық кезеңдік жұмыссыздық - бұл экономиканың төмендеуінен туатын жұмыссыздық.
Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталады.
Жұмыссыздық түрлері. Оукен заңы. Жұмыссыздық дегеніміз елде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу деңгейі жағдайында жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы. Жұмыссыздықтың түрлері:Уақытша жұмыссыздық.' Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандыөтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді. Мұндай жағдайда жұмыссыз қалған адамдардың жаңа жағдайға бейімделе білуі, еңбек нарғында сол сәтте сұранымға ие жаңа мамандық алуға құлшыныс таныта білуі маңызды.
Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.
Әлемдік тәжірибеде Оукен заңы пайдаланылады, ол Заң бойынша, жұмыссыздықтың ағымдағы деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейінен 1 % артса, онда ол мүмкін ЖҰӨ-мен салыстырғанда ЖҰӨ-нің 2,5 % -ға құлауына әсер етеді.
Жұмыссыздық деңгейі нормамен сипатталады. Ол жұмыссыздардың жалпы санының жұмыс күші санына шаққандағы процентпен алынған қатынасы арқылы есептеледі:
Жұмыссыздық деңгейі |
= |
жұмыссыздар саны |
х 100 % |
жұмыс күші саны |
Жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы. Филипс қисығы
инфляция қағаз ақшаның құнсыздануын және тауар бағасының өсуін білдіреді. Инфляцияны ашық және қысымды (подавленная) деп бөледі. Біріншісі баға өсуімен көрінеді, екіншісі тауардың жоғалуымен ерекшеленеді.
Номиналды еңбекақы мен жұмыссыздық арасында байланыс орнатудың ең алғашқы жолын Филлипс (1958 ж.) жасауға тырысты. Оның қорытындысы бойынша, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі баға мен еңбекақының өсуімен қоса жүреді оны АD қисығы (Филлипс қисығы) арқылы көреміз.
Бірақ, практика көрсеткендей, бұл қорытынды тек қысқа мерзімге ғана тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) тіпті жұмысбастылықтың төмен деңгейі инфляция өсуінен құтқара алмайды, оған кәсіподақтар мен фирмалар бағаны, жалақыны көтеру арқылы итермелеп отырады.
Статисканың көрсетуінше, инфляцияны 1 % төмендету үшін, жұмыссыздық бір жыл бойына өзінің табиғи деңгейінен 2 % жоғары болуы керек. Жұмыссыздықтың көмегімен инфляцияны төмендету идеясымен экономистердің көбі келіспейді. Әзірше бұл мәселе өз шешімін тапқан жоқ.