Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~аза~ ССР халы~тарыны~ денсаулы~ын са~тау ж~не ~рмен~арай медициналы~ к~мек к~рсету ~рекеттерін арттыру

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

1960-1970 жылдардағы Қостанай облысындағы    Денсаулық сақтау.

   Коммунистік Партияның Орталық  Комитетінің  және Қазақ ССР-дың  06.17.1960 жылғы «Қазақ ССР халықтарының денсаулығын сақтау және әрменқарай медициналық көмек көрсету әрекеттерін арттыру» туралы қаулысын орындау  барысында  денсаулық сақтау органдары, қалалық , ауылдық  еңбекшілердің  Кеңес депуттаттарына төмендегідей жұмыстар жүктеді.

          1960 жылы Обком партиясының  бюросы  және Облысытық Кеңестің  исполкомы 1960-1963 жылдар аралығында  амбулаториялық-емханалық мекемелерде  аурулардың жататын  орындарын ашу, сүт  асүйлерін , дәріханалардың санын көбейту және халықтың денсаулығын көтеру туралы Облыстық еңбекшілерінің Кеңес депутаттары  исполкомы отырысында  15 рет қарап, осы бағытта    нақты  іс-шаралар  жургізу туралы қаулы қабылдады.

    Денсаулық сақтау саласының бюджетті жыл сайын өсіп отырды  және 1960  жылы 9 916 000 рубльді, ал 1962 жылы 18 814 000 рубльді құрап, 3298 мың рубльге, ал жатын орындары алдыңғы жылмен салыстырғанда 2025 орынға  өскені  нақты байқалды.

  Облыстық және қалалық ауруханаларда  мамандандырылған медициналық  көмек көрсету  жатын орны  2765 орын, аудандық және бөлімшелік ауруханаларда  3960 орын, сонымен қатар фельдшерлік-акушерлік пунктар-243 орын  болды.

    Рудный қаласындағы   аурухананың негізгі корпусында  400  орындық қаралу емханасы,150 орынға  арналған перзентхана  құрылысын аяқталды.

    Октябрскіде 75 аурулардың жатын орны,Жетіғарада 400  ауруларды қабылдау емханасы 2 аусымда  жұмыс жасаса,Федоров  ауданында 120 орындық аурухананың құрылысы жүріп жатты,ал Қамысты ауданында  75 орындық,Әулиекөлде 50 орындық, типтік  ауруханалар  құрылысы  аяқталды, 12  аурухана  салынып қолданысқа берілді.  Облыс совхоздарында Исполком еңбекшілері депутаттарының шешімі бойынша 13 ыңғайластырылған  ғимарат емдеу-профилактикалық мекемесіне  берілді.

              Осы  бөлімшелік ауруханалар  құрылысын салу кезінде , аяқталмастан  Преснегорськ ауданының Озерный пунктінде  алдын-ала қаралып бір бөлімшелік аурухана қолданысқа берілді.Сондықтан  әлі күнге дейін аурухана қалыпты жағдайда емес.

Емдеу  мекемелеріне  күрделі жөндеуін жүргізуге 1960-1962 жылдары  облыс бойынша 3798 мың рубль  жұмсалды.Бірақ  1962 жылдың 1 қазанына текті 1790  мың рубль ғана игерілді.

      Көбіне  игерілмеген қаражат облыстық өндіру басқармалары мен  ауыл шарушылығы тағамдарын  өндіруге жұмсалды.

    Ауылды жерлерде халыққа мамандандырылған көмекті нығайту ісінде дәрменсіз  ауруханаларды  шамалы ірілеу  50-75 жатын  орындық ауруханаларға қосу,тарату арқылы ұйымдастырды.

           1962 жылғы 18 тамыздағы  ҚССР-дың  Қазақ Минсирлер Кеңесінің қаулысына сәйкес  Облыстық еңбекшілерінің Кеңес депутаттары  исполкомы 1963-1965  жылдарда   облыс бойынша  совходар аралық ауруханалар ашу туралы қарастырды.1963 жылы облыс бойынша 727 дәрігер,3811 орта білімді медициналық қызметкерлер жұмыс жасады.Егер бұл көрсеткішті  1960-1965 жылдар аралығындағы көрсеткішпен салыстырсақ,онда нақты дәрігерлер  саны  205 адамға, орта білімді медициналық қызметкерлер  саны 449 адамға  өскенін көруге болады. Бірақ  жылсайынғы қызметкерлердің саны өскенімен  кадрлардың   жетіспеушілігі  көп болды:емдеу мекемелерінде  дәрігерлермен қатар қызметкерлер де жетіспеді. Мысалы: 51 бөлімшелік ауруханада 111 дәрігер жетіспеді және аудандық ауруханалар  жетекші мамандандармен қамтамасыз етілмеді.

         Мұның негізгі себебі тұрмыстық жағдайлары жасалмағандықтан  медициналық    кадрлардың тұрақсыздығынан    болды.Бір ғана Қарасу ауданыннан 3 жас маман  тұратын  баспана берілмегендіктен кетіп қалды.

         Халыққа медициналық қызмет  көрсету  және денсаулық сақтауда жеткен кейбір жетістіктерге жетуде  алаңдатарлықтай кемшілікте қатары болды. Бурцеллез  , іш сүзегі және туберкулез бойынша инфекциялық аурулар көп болды. Іш сүзегі  ауруы бойынша  облыста екі аудан жоғары болды. Олар:Жангелді  және Амангелді аудандары.Бұл екі аудан 1962 облыс бойынша іш сүзегі ауруының   жалпы санының 50% құрады.Бұл аудандарда аурудың күшейуінің негізгі себебі ауылдық  жерлерде  жалпы санитарлық жағдайдың төмендігі және ішетін суды халыққа жеткізуде үнемі шарушылық  құрылысының асықпай,су құбырларының баяу өткізлуінен  сумен қамтудың төмендігі .Осы мақсатта  бөлініп отырылған қаражат игерілмеді.Жалпы сметаның  құнынан  жыл ішінде   1 828 000 рубль ,29%,ал 10 ай ішінде 1962 жылы  50 000 рубль  немесе 27% игерілді.Мұнан да  сорақысы кәріз  құрылысы.

     1961 жылы  бөлінген қаражаттың 352 000 рубльі,ал 10 1962 жылы 10 ай ішінде ешқандай қаражат игерілмеді.Торғай алюмин құрылысы  тресінің бастығыны кінәсінан  жүргізіліп жатқан су құбырлары болса да,  Арқалық  поселкасының халқы  көптеген уақытқа дейін  су қоймаларының жауын сулары мен қар  суларын  ішуге мәжбүр болды. Айта кету  керек Амангелді  және Жангелді аудандарының көптеген совхоздарында   басшылар  таза,сапалы  ауыз суды халыққа жеткізуде  қажетті қызмет көрсетпеді.                        

           Бурцеллезге қарсы күрес жұмысы аса  назар аударуға  тұрарлық. Кіші-гірім санитарлы-ветеринарлық ережелерді сақтамаудың салдарынан  облыста  көптеген жылдар бойы    бурцеллезбен  ауырған адамдар бұрынғы жылдарға қарағанда 2 есе артып (1950-1960 жылдар)  есепке алу арта түсті. Әсіресе  бурцеллез   ауруы  Таран және Әулиекөл аудандарында етек ала бастады.Бурцеллез ауруының өсуі  мал шаруашылығы жұмыскерлерінің  арнайы  қорғаушы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеуі деп түсіндірілді. Бурцеллезбен  ауырған   жануарлар  жеке емдеу изоляторлары жоқтығына байланысты жеке бағылмайды.Бурцеллез сиырдың  сүттеріне арнайы орынның және пастерлеу апаратының     жоқтығына байланысты  пастерлеу (ысыту арқылы зарарлы микроптарды дамытпау) жұмысы жүргізілмеді.  Басты кінә облыстық   ауылшаруашылығы  басқармасына тағылады.Өйткені дер кезінде осы кемшіліктерді дұрыс жолға қоюға  байланысты шара қолданылмады. Облыстық еңбекшілерінің Кеңес депутаттары  исполкомы  1962 жылы медициналық қызмет жасауды арттырудың    және денсаулық сақтау  жұмыстарының  жеткіліксіздігі  туралы  шешім қабылдады.Бұл шешімде балаларды тамақтандыру  облысымыздың  шалғай  аудандарда төменгі деңгейде  ұйымдастырылғаннына   аса  назар аударды. Аудандық  еңбекшілерінің Кеңес депутаттары  исполкомы  және  бас дәрігерлердің бұл сұраққа қажетілігінше назар аудармайтындығы  көрсетілді.1963 жылдан  кешіктірмей барлық аудан  орталықтары мен ірі совхоздарда  сүт асүйін  ұйымдастыру және  және балалар тағамын  жеткілікті  де,сапалы жеткізу көзделді.Соңғы жылдары облыстық  денсаулық сақтау органдарында   жергілікті жерлерде  инфекциялық аурулардың алдын алуға байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді.

Қортындысында 6 жылдың ішінде жергілікті жерлерде  инфекциялық аурудың  ауыру мөлшері азая түсті.Мысалы: 1965 жылы 1960 жылмен салыстырғанда  ауыру мөлшері анағұрлым азайғаны байқалды.Дизентирия  29,3 % пайызға , Палоеомелит 4 есе , Талшықты туберкулез   19,7 % пайызға , сіреспе 22.3 % пайызға, Дифтерия  на 18 % пайызға , қызылша 16 %. пайызға азайды.Осы жылдар ішінде облыс территориясында   тулиромия, безгек  және   палеомелит  мүлдем  тіркелген жоқ.

       Облыс бойынша 1969 жылмен салыстырғанда 1970 жылдың 10 айында  инфекциялық  ауруларды тағыда  азая бастағаны байқалады.Мысалы: Дизентирия – 12 %, Дифтерия- 42%, Қызылша -39 % пайзға азайды.Ал ішек инфекциясы арқылы іш сүзегі, іш сүзегі тектес жұқпалы ауру (паратифы), жұқпалы іш ауруы (дизентерия)  және эпидемиялық  гепатит аурулары тез көбейді.Ақазан және ішек ауруларының  топтары бойынша  ең сәтсіздері Рудный,Қостанай қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында тіркелді.Облыс бойынша жалпы  жұқпалы іш ауруының ауыр түрінің  (дизентерия)  50% пайызын Рудный  қаласы мен Қостанай қаласы құраса, іш сүзегі ауруы бойынша 50% пайызын Амангелді,Жангелді аудандары құрады.

      Облыста 1960-1970 жылдар аралығында мамандандырылған  көмек  көрсету  бойынша бөлімдер ұйымдастырылып,қалыптасты.Олар: құлақ-тамақ,мұрын, травмотология , урология,кеуде оташы бөлімдері  және көмекші кабинеттер ұйымдастырылды.Олар: электрокардиография кабинеті, кардиотравмотология кабинеті, биохомиялық  лаборатория.

      Оташылық көмек  облыс ,қала ауруханаларынан басқа да 16  аудандық   және 17 совхоздық ауруханаларда көрсетілді.Облыстық  қан құю бөлімінің жұмысы айтарлықтай жақсара түсті.7 аудандық ауруханадан балалар бөлімі және және балар тағамын жақсарту үшін  7 сүт асүйлері  ұйымдастырылды.

       Облыстық медицина қызметкерлері туберкулезге ,трахомоға (жұқпалы көз ауруы) және тері-мерезі   аурыларына қарсы күрес  жұмысын жүргізді.

Клиникалық туберкулезге тексерілді-521800, рентгенофлюрографиядан өтті 288592 адам. 1963 -1964 жылдары трахомоға (жұқпалы көз ауруы) қарсы күресуге байланысты  айлық өткізілді,нәтежиесінде облыс бойынша бұл аурумен ауыратын адамдар анықталған жоқ. Психоневрологилық  және онкологиялық көмек облыста қойылған талаптарды  қанағатандыра алмады.

Психоневрологилық ауруларға арналған жатын орын небәрі 255 орын,мұның ішінде  психоневрологиялық аурулардың емделіп жатудан бас тартқандары да бар.Облыс бойынша наркомания мен ішкіштіктен азап шегуші ауруларды емдеу мүлде жүргізілмеді. Онкологиялық  диспансерде  небәрі 35 ауру жататын орын болды.  Онкологилық ауруды емдеу радиоактивті әдіспен жүргізлімеді,ал онкологилық мекемелердің жұмысының көптігінен  ауруларды емдеуге төтеп бере алмады. Сондықтан  аурулар  ауруларына  емді көбіне  облыстан тыс жерлерден  іздеді.1968  жылы облыстық емдеу- алдын алу шаралары мекемелерін транспортпен және медициналық құрал-жабдықпен қамту барысында облыста  орталықтандырылған  түрде 228000 рубль жұмсалды.Соңғы жылдары Қызыл Крест қоғамы   жақсы көрсеткіш көрсетіп Республика бойынша  бірінші  орынға  ие болды.

         Облыс бойынша үздік аудандық  комитеттер     Жетіғара, Боровской, Тобыл және  Қостанай  аудандары болды.Жылма-жыл бөлімшелік сапа өскенімен ,соның өзі әлі төмен болатын. 1968 жылы  амбулаториялық қабылдау 62,2 пайыз,1969 жылы 68,8 пайыз құрады.1968 жылы  емхананаға  барлығы 201518 адам 1967 жылға 77 %пайыз құраса,Үйде бақылауға 10298 адам  1963 жылға 139% пайызды құрады.Әр тұрғын емханаға   қалыпты жағдайда 5 рет  келу керек болса,олар 4,5 рет келді.1967 жылы 4,3 рет.1968 жылы емханаға келу  1964 жылы №2 емхана салынып ,қолданысқа  берілгендіктен  азая  түсті.Ауруларды үйден бақылау күшейгендіктен  оның саны арта түсіп 40 пайызды құрады. Дәрігердің қабылдаудағы орта жүктемесі  сағатына  5.6 адамды құрады. Үйде бақылау өте төменге деңгейде  тек 3 адамды құрады.Оны  стационардағы тегін кезекшілікті  дұрыс ұйымдастырмаудан деп түсіндірді.  

      1968 жылы Ауыл  тұрғындарның  емханаға  баруын  қадағаланда, онда  барады 3,4 %  қарсы 0,7% пайыз екені анықталды.

        1968 жылы бір тұрғын  дәрігер мамандардың  негізі түрі бойынша көмегінің қажеттілігі:терапевт  және оташылық қалыптан төмен болды.Терапия бойынша 2 орынның орнына 1.4 орын,оташылық бойынша 1.5 орынның орнына 0.9 орын. Сол кездерде отоларингология қалыптыдан жоғары 0.4 орнына 0.7 орынды және 0.57 орнына 0.4 және 0.9 орынды құрады.

«Соколоврудстрой» жұмысшыларының уақытша еңбекке  қабілеттілігінен айрылуына   байланысты аурулары.

      Құрылысшыларға медициналық көмек көрсету  қалалық  ауруханада жүргізіледі.Емханада  құрылысшыларға қызмет көрсету ұйымдастырылып,алдын-ала  дәрігер-мамандарға  жазу және тіркеу бөлімдерінде  арнайы жеке тіркеу  терезелері  ұйымдастырылған.1964 жылы жалпы науқастану  бойынша 54.3 жағдай және100 жұмысшының   680 күн жұмысқа жарамсыздығы тіркелді.1963 жылмен салыстырғанда ауыру саны 12.4%-ға,еңбекке жарамсыздық 0.4%ға өсті. Көбіне аурудың салмақтысы грипп ауруы болды ол 8.8%,ангина7%,әйелдердің жыныс мүшелерінің ауруы 4,5%, шеткі нерв жүйесі 3.0% пайыз болды.

         Гриппен  ауыру 8,4%  және 12,1 күнге,бронхит 16,7%,ревматизм 32,4%, туберкулез 27.8 %түсті.Мұнымен қатар ангина 52.1%, панарициями  және флегмонам  17.6%  ға, фурункулами 50%, гипертоникалық аурулар 40%.пайызға өсті.Ауыру парақшасында болу ұзақтығы орта есеппен  ревматизм болған жағдайда 4,4% 30,4 күүнің орнына 26 күн,асқазан аурулары кезінде 9.6,% 36.4 күннің орнына 26.8 күн.Бірақ  туберкулезбен ауырған кезде  17,2%,гипертониялық аурулар кезінде 3.0%  болды.Орта есеппен ауыру парақшасында болу  ұзақтығы азайды.1964 жылы грип бойынша 4,6% ангина кезінде  5.3, радикулит кезінде 9.7 күн  ,бронхит кезінде  7.1 күн.Бұл көрсеткіш Республика бойынша орта сан көрсеткіші.

Өндірістік жарақат алу 3 есе,еңбекке қабілеттілгінен айрылу 3күннен,1,5 есеге артты. Бірақ  өлімге әкелген  жарақа бірден азайды  7%дан 1%ға дейін.

Өндірістік жарақат алу кезінде  соншалықты бейберекет өндіріс орныдары  болып  пс-2,ПС-4, ДСК мекемелері табылды.

Өндіріс орны  атауы

Еңбекке қабілетсіз болған күндер

Жағдайлар саны

1.ЖБИ-1

838.1

64.9

2.ПС-2

802.8

61.6

3.ДСК

693.0

56.5

             Осы деңгейде көптеген инфекциялық ауруларға байланысты аурулардың өршуі мен өндірістік жарақаттар көбейді.1965 жылы еңбекке қабілетсіздікті анықтау мақсатында кейбір іс-шаралар қабылданып,уақытша еңбекке қабілетсіздікті анықтауға байланысты мамандандырылған топ құрылды және экспериза жасау бас дәрігерінің орынбасарымен,ВКК –ның жұмысы күшейтілді, дәрігерлермен экспертизаның сапасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді.Бірақ   ауырудың себебін анықтау,цех және нысан бойынша оның толық талдамасын алу  цехтың қызмет  көрсетуінсіз мүмкін болмады.1969 жылы  цехтық қызмет көрсету  қалалық ауруханада жаңа  ғана жұмысын бастады,сондықтан бас дәрігерге ең басты назар аударылды.

 




1. Злочин i кара Ф М
2. Расчет привода швейной иглы
3. Задание А14 Биология ЕГЭ2013 Класс земноводные или амфибии Земноводные или амфибии считаются переходным
4. Образование сложных аналогий
5. Ложные друзья переводчика
6. Histon cst mgistr vite История наставница жизни говорили древние
7. Тема- Е А Благинина Цель- расширить знания детей о жизни и творчестве Е
8. Східний Сибір; у XVIII ст
9. Зависимость черт характера от групп крови
10. Закрепление знаний учащихся по теме Числа 1-10 и число 0
11. население и совокупная рабочая сила.
12. Технология от греч
13. Для оценки состояния тормозных колодок без снятия барабана в щите тормоза имеется смотровое окно
14.  ПРЕДМЕТ И ЗАДАЧИ ПСИХОФИЗИОЛОГИИ 1
15. Пастушья сумка
16. Реферат- Случайное проглатывание едких веществ
17. ..Простые глагольные
18. Консалтинговые услуги в России и за рубежо
19. на тему- ldquo;Антивірусні програмиrdquo; Перевірив-
20. социальная педагогика активно употребляется с начала ХХ в