Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~~н ж~не Хань империялары арасында~ы геосаяси м~селелер ~~ндар мемлекеті б

Работа добавлена на сайт samzan.net:


1. Ғұн және Хань империялары арасындағы геосаяси мәселелер

 Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты. Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғүндарды алғаш рет атайды. Ғүндар б.з.д. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия кұрлығындагы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынанбастап, батысында Тарбағатай тауларына дейін кең құлаш жайып жатты. Кейбір зерттеушілер: 'Бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізіне дейін жеткен' деген пікірлер айтады. Б.з.д. IVIII ғасырларда ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтар олардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді: Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" — шығыс, "ху" — тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман төңірқұты болатын". Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді. Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді.

Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді. Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бүдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.

 

2. Ғұндардың Батысқа жылжу процесін көрсетіңіз. Қытай әскерлері  үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлыктар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады. Б.з.д. 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д. 55 жылы оңтустік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады. IV ғасырда Еуразия тарихында Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірі басталуы әлем тарихындағы ең ірі тарихи процестердің бірі. Бұл процесте Еуразияның батыс аймақтарын мекен еткен көптеген халықтарды батысқа қарай ығыстырып, Халықтардың қоныс аударуына бірден-бір түрткі болған көшпелі ғұн тайпаларының орны ерекше. Шығыстан Батысқа қарай жылжыған көшпеліғұн тайпалары жол-жөнекей көптеген тайпалар мен мемлекеттерді бағындырды, жаңа территорияларды иемденді. Бірте-бірте Шығыс Еуропа халықтарын батысқа қарай ығыстырған көшпелі Ғұн тайпалары Еуропа жеріне келеді, мұнда өз мемлекетін құрды, уақыт өте ол империя дәрежесіне дейін көтеріле алды. Осылайша, көшпелі ғұн тайпаларының басқыншылық әрекеттері, олардың өз мемлекетін құруға мүмкіншілік алып берді. Сөйтіп, өз мемлекетін құрып, оның шекарасын нақтылап алған ғұндар, енді сол уақытта Еуропада өмір сүріп жатқан Батыс жәнеШығыс Рим империяларымен көршілес болып қалды.  Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақюэчжиүйсінқаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар(шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.

 

3. Ғұн және Византия империясы: тарихи сабақтастығын көрсетіңіз. Ғұндардың Шығыс Рим империясының территорияларына ене бастауына келер болсақ, олар империя жерлеріне IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басынан бастап, қауіп төндіре бастады. Тонаушылық әрекеттерге машықтанған ғұндар, алғашқы жорықтарында нақты бір маңызды қадамдар жасамай, тек тонаушылық қимылдарын жүзеге асырып жүрді. Олар алғашында,  империяның Дунай аңғарларындағы территорияларына шабуыл жасап жүрді. Мұндай әрекеттердің бастамасы – ғұндар остготтарға қысым жасап, оларды батысқа қарай ығыстырып, олардың 376 жылы Шығыс Рим империясының территориясына қарай қашуынан басталады. Осыдан бастап, ғұндардың Шығыс Рим империясымен қарым-қатынасының шиеленісуі басталады. Міне, осылай біртіндеп ғұндар Шығыс Рим империясына үрей алып келе бастады. Мұның барлығы хронология бойынша IV ғасырдың соңына тура келеді және бұл тұста ғұн билеушісі Валамбер (Баламир) болатын. Шығыс Рим империясының ғұндармен осы кезде орын алған қарым-қатынастары тікелей Ульдиннің тұлғасымен байланысты болды. мысал ретінде келесі оқиғаны айтуға болады. 400 жылы германдық бүлікші Гайнас Фракия арқылы төменгі Дунайға өтуге әрекет жасады. 412 жылы Шығыс Рим империясының үкіметі ғұндармен дипломатиялық қатынастарды қайта орнатты. Олимпиадор еңбегінен алынған үзіндіден оның миссия құрамында Константинопольден ғұндарға жіберілгенін түсінеміз. Жолда елшілер Қара теңізде дауылдың астында қалады, бірақ ғұндардың королі Донатқа аман-есен жетеді. Келіссөздер барысында елшілер Донатты сатқындықпен өлтіреді. Оның корольдігі күш жинай бастаған еді және сондықтан префект Антемий басқарып отырған Шығыс Рим империясының өкіметі қауіптің басын осындай жолмен қайтармақшы болды. Донаттың орнын басқан ХаратонОлимпиадор мен оның достарына қырғи-қабақпен қарады. Бірақ елшілер мұндай жағдайға дайын еді, олар Феодосийдің атынан Харатонға бағалы сыйлықтар тартады. Император сыйлықтары жаңа билеушінің «көңілін тауып» ашуын басты да, бейбітшілікті қайта орнатты. Ғұндар мен Шығыс Рим империясының арасындағы қарым-қатынастар Аттила билік еткен тұста кеңінен жүргізіле бастайды. Осы кезде Шығыс Рим империясын Феодосий билеп тұрған еді. Аттила бастаған ғұндардың тегеурінінен қорыққан империялықтар олармен елшілік арқылы бейбітшілік келісімдер іздей бастайды. Аттиланың билік жүргізу кезіндегі ғұндар қайтадан қорқыныш үрейді бүкіл әлемге алып келген. Ругиланың өлімі көптеген бейбітшілік келісімдерді бұзылуына әкелді.

4. Аттила және оның саяси қызметі.  Аттила және оның дәуiрi тарихта өшпес iз қалдырды, белгiлерiн тек тарихи шығармалар, жылнамалар және эпикалық шығармалар ғана сақтап қалған жоқ. Мәселен, германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқанын айтуға болады. Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунайға дейінгі жер Ғұн Еуропаға жорық кезінде қайтыс болуы. Оның орнына әкесімен бірге шерулі жорықтарға қатысып, қолбасшылық дарыны танылып, үлгірген батыр баласы Эллақ отырады. Еділ өзінің көзі тірісінде оны мұрагері етіп белгілеген болатын. Еділ бастаған ғұн әскері 447 ж. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.Арада төрт жыл өткеннен кейін Рим императоры III Валентиннің қарындасы Онорияның өтінішімен Еділ батысқа аттанып, Галлияға басып кіреді. Галлияны билеуге Рома императоры жіберген атақты қолбасшы Аэций вестгот, алан, фраңги ұлықтарымен тіл табысып, Еділге қарсы көп әскер шығарады. Осының алдында Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Хилдикаға) ғашық болып қалған еді. 453 ж. елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады. Сөйтіп билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясының жеріне жер, еліне ел қосып, даңқын алысқа жайған Еділ қаған Шығыстың ұлы жаугер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдарЕскендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарь есімдерінің қатарына қояды». Германдықтардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында, скандинав сагаларында Аттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады. Византияның атақты жылнамашысы, 5 ғ. тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 ж. жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос, жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» Еділді iрi мемлекет тұлғасы, ұлы iстермен айналысқан дана билеушi, талантты мәмiлегер және әдiлеттi сарапшы ретiнде, Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.

5. Еуропадағы ғұн тайпаларының қоғамдық өмірі.  Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы.Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.  Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған. Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды». Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған кәңмен (труба) жылытылған. Ғұндарда қол өнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан жасай білген. Ғұн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған. Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған.

6. Ғұн және Батыс Рим империялары: саяси және әлеуметтік-экономикалық  мәселелер. Тарихшы Иорданның көрсетуі бойынша, Италия жерлеріндегі ғұндардың ең алғашқы шабуылы Венетий провинциясының басты қаласы – Аквилеяны қоршауға алудан басталған. Италияға жорық ұйымдастырудағы Аттиланың негізгі мақсаттарының бірі, ол жоғарыда айтып өткеніміздей, Рим ханшайымы Гонорияны өзінің бар мұрасымен қоса әйелдікке алу еді. Сондай-ақ, ол Италияға жорыққа шықпас бұрын, Гонорияны беруді тағы да сұрап, Рим билеушілеріне талап қояды. Бірақ, бұл талап орындалмайды. Осылайша, бұл мәселе, Италия соғыстарының ең үлкен себептерінің біріне айналды. Сөйтіп, Аттила өзінің сан мыңдаған әскерімен Альпы тауларын асып өтіп, Аквилеяға келді. Аттила бастаған ғұн әскерлері, жол-жөнекей Альтинум, Конкордия, және Падуя қалаларын бағындырып, оларды тонады. Бұдан соң, елдің ішкері аумағында орналасқан Винченц, Верона және Бергамо қалалары жермен-жексен етілді.  Аквилеядан кейін бүкіл Солтүстік Италия, бүкіл түбек дерлік Аттилаға ашық болып қалды. Прискіге сілтеме жасай отырып Иордан былай деп көрсетеді: Осыдан кейін одан сайын өрескел бола түскен және римдіктердің қанына әлі қанбаған ғұндар басқа венет қалаларының қанын ішуге рақымсыздықпен ұмтылуда. Олар сондай-ақ Литургияның бас қаласы, бір кездері астана болған Миланды талан-таражға салуда, сонымен бірге Тицианды тас-талқан етіп, оның маңайындағы мекендерді жауыздықпен қыруда, ең ақырында түгел дерлік Италияны талқандауда». Көп ұзамай ол өзінің әскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне – Римге қарай бет алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен беріле салды. Қала басшысы қаланы өзі ашты. Аттила сол үшін қайырымдылық жасап, қаланы жай ғана тонады. Миланмен бірге Павия да ғұндарға өз еркімен берілді. Сол үшін Аттила тарпынан бұл қалаға да рақымшылдық көрсетілді. Бұл қалалардың өз еркімен берілудегі мақсаты, олар көптеген адамынан айырылуды және қаланың тып-типыл етілуін қаламады. Біз бұдан аталмыш қалалардың билеушілерінің, Аттилаға біраз байлық беріп құтыламыз деген пиғылда болғандығын байқаймыз. Ендігі кезек Римдікі еді. Бұл жолда Аттила, өз әскерлерін бастап, Альпі мен Аппенин түбегін көмкеріп тұрған бай Ломбардия жазығын бос қалдырып кетеді де По өзенін кесіп өтеді. Антик авторлардың айтуына қарағанда, мұндағы қалалар соғысқа қатыспаған. Бірақ, ғұндардың бұл қалаларға не үшін тиіспегенін және ол қалалардың неге соғысқа қатыса алмағаны беймәлім. Бүкіл солтүстік Италияны ғұндар басып алғаннан кейін, олардың Римге баратын жолы ұзақ емес еді. Империяның қаһарлы жаулаушылардың шапқыншылығын тоқтата алатындай күші жоқ екендігі барған сайын айқын бола түсті. Аттила әлемді билеуге жақын тұрды. 4 бөліктен тұратын империя солтүстік шекараларда Скифиядан (ғұн патшалығы) Германияға дейін жалғасып жатты. Оңтүстікте Аттилаға қос Рим империясы да (Шығыс Рим және Батыс Рим) алым төледі. Бұны Аттиламен қоштасу толғауларының мазмұны айғақтап, ол билеушінің ұлы істерін еске алған толғаулар еді. Осылайша Аттиланың державасы өз территориясы мен ықпалы бойынша Еуропаның барлық төрт бөлігін дерлік: шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейін қамтыды.

 

7. Каталаун шайқасы және оның әлем тарихындағы орнын көрсетіңіз.  Каталаун шайқасы — Каталаун даласында 451 ж. маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзб ж.) КаннНаполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады. 451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды. Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франсия) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар мен Еділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды. Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет». Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi. Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын. Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды. Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi. Тюрингия арқылы Еділ әскерiмен Паннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды». Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды.

8. Ғұн мемлекеті және Еуропадағы варварлық корольдіктер. Варварлық корольдіктер – остготтар, вестготтар, готтар, франктер және вандалдар. Ғұндарға қарсы Еуропада белсенді қимыл көрсеткен тайпалардың бірі остготтар болды. Сондықтан да, батыс деректері негізінде олардың ғұндармен арасында болған қарым-қатынастарын бір ізге түсірмес бұрын готтарға тоқтап кетудің ешқандай да артықшылығы жоқ сияқты.  Қалай болған күнде де готтардың батысқа жылжуына ең алдымен ғұндардың шапқыншылығы көп әсерін тигізді. ІV ғасырдың екінші жартысында ғұндар қуатты мемлекет құрған соң, өздерінің саясатын іргелес қоныстанған елдерге таңа бастайды. Олар ең алдымен осы уақыттарда Қара теңіздің солтүстік жағалауларын жаулап алы, сарматтарды, одан кейін аландарды бағындырғанын біз айтып өттік. Сөйтіп, солтүстік ғұндардың Еділ мен Жайық аралығын мекендеген бөлігі Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі аймақты өздеріне бағындырады да, әскери жорықтарын өршіте бастайды.  Осы кезде остготтар оларға қарсы тұрды. Остготтарды мемлекеттік деңгейге шығарған Эрманарих тұсында аландар, сарматтар осы тайпалық одаққа бағынышты болды. Бұл жерде, әрине ең алдымен 375 жылғы ғұндардың шабуылы шешуші роль атқарғанын айта кеткен жөн. Остготтар мен ғұндар арасындағы саяси қарым-қатынастарды үлкен-үлкен екі кезеңге бөлуге болады. Бұл кезде остготтар ғұндарға толық тәуелді болып тұрды. Тіпті бірнеше жылдар бойы кіріптарлыққа түсті. Одан кейін Италияға қарай ығысып, Батыс Рим империясының шекараларынан пана іздей бастады. Олар батысқа қарай жылжу арқылы ғұндардың тәуелділігінен құтылуға ұмтылды. Бұл жағдайлар халықтардың қоныс аударуының бірден-бір көрінісі болды. Екінші кезеңде, остготтар өздерімен туыстас тайпаларымен бірге ғұндарға қарсы тұрды, өйткені олар өздерінің территориялары мен байлықтарынан айырылғысы келмеді. Осы мақсатпен олардың кейбір бөліктері кейіннен Каталаун шайқасына қатысты. Ғұндар бұл жылы остгот, герул, генид тайпаларын бағындырады да, Кавказ елдеріне шабуылын бастайды. 395 жылы олар Кавказдан өтіп, Кіші Азияға басып кіреді. Біздің ойымызша, ғұндармен бірге осы жорыққа остготтар да қатысуы мүмкін. Әрине, бұл мәселеге арнайы зерттеуді қажет етеді. Вестготтар мен ғұндардың арасында соқтығысқан жері Днестрдің жағалауында болды. Осы жерде вестготтар қатты соққының әсерінен, олар жеңіліп екіге бөлінеді. Атанарих бастаған бір бөлігі Карпатқа кетсе, ал Фритигерн бастаған бір бөлігі Римнен көмек сұрады. Осының негізінде, 376 жылы ғұндардың қысымына шыдамаған вестготтар Дунайдан ары өтіп, Рим өкіметінің рұқсатымен Рим провинциясы Мезияға қоныстанып, римдіктерге бағынуға және әскери қызмет етуге міндеттенеді. IV ғасырдың 70-жылдары ғұн шапқыншылықтарынан қашқан батыс готтар, бірте-бірте Батыс Рим империясының территориясына ене бастайды. Кейіннен олар Батыс Рим империясына шабуылдар жасай бастады. Сөйтіп, готтардың шапқыншылықтары бара-бара уақыт өткен сайын Батыс Рим империясының әлсіреуіне себепкер болды. Осылайша, остготтардың көршілері вестготтар ғұндар шабуылынан қорқып, өздерінің жанұялары мен туған жерлерін тастап, Дунай арқылы Рим империясының территориясына өтті. Сөйтіп 376 жылы Рим үкіметі оларды өз федераттары империя одақтастары ретінде Мезияға (қазіргі Болгарияның бір бөлігі) орналастырды. Федераттар ретінде шекара аймақтарына орналасқан вестготтар өзінің басқару жүйесі мен әдет-ғұрпын сақтады және шекараны қорғау үшін әскери қызмет атқаратын болды. Бірақ Рим үкіметі уәделерін бұзып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етпеді. Рим шенеуніктері тарапынан болған қорқытып-үркітушілік, зорлық-зомбылық вестготтарды көтеріліске итермеледі. Оларға басқа германдық варвар тайпаларынан әскерлер және Дунайдан ғұндардың бір бөлігі келіп, қосылды.

 

9. Аттиланың Италия жеріндегі соғыстарындағы саяси мақсаттарын айқындаңыз. Тарихшы Иорданның көрсетуі бойынша, Италия жерлеріндегі ғұндардың ең алғашқы шабуылы Венетий провинциясының басты қаласы – Аквилеяны қоршауға алудан басталған. Италияға жорық ұйымдастырудағы Аттиланың негізгі мақсаттарының бірі, ол жоғарыда айтып өткеніміздей, Рим ханшайымы Гонорияны өзінің бар мұрасымен қоса әйелдікке алу еді. Сондай-ақ, ол Италияға жорыққа шықпас бұрын, Гонорияны беруді тағы да сұрап, Рим билеушілеріне талап қояды. Бірақ, бұл талап орындалмайды. Осылайша, бұл мәселе, Италия соғыстарының ең үлкен себептерінің біріне айналды. Сөйтіп, Аттила өзінің сан мыңдаған әскерімен Альпы тауларын асып өтіп, Аквилеяға келді. Аттила бастаған ғұн әскерлері, жол-жөнекей Альтинум, Конкордия, және Падуя қалаларын бағындырып, оларды тонады. Бұдан соң, елдің ішкері аумағында орналасқан Винченц, Верона және Бергамо қалалары жермен-жексен етілді.  Аквилеядан кейін бүкіл Солтүстік Италия, бүкіл түбек дерлік Аттилаға ашық болып қалды. Прискіге сілтеме жасай отырып Иордан былай деп көрсетеді: Осыдан кейін одан сайын өрескел бола түскен және римдіктердің қанына әлі қанбаған ғұндар басқа венет қалаларының қанын ішуге рақымсыздықпен ұмтылуда. Олар сондай-ақ Литургияның бас қаласы, бір кездері астана болған Миланды талан-таражға салуда, сонымен бірге Тицианды тас-талқан етіп, оның маңайындағы мекендерді жауыздықпен қыруда, ең ақырында түгел дерлік Италияны талқандауда». Көп ұзамай ол өзінің әскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне – Римге қарай бет алды. Милан қаласы Аттилаға тіпті өз еркімен беріле салды. Қала басшысы қаланы өзі ашты. Аттила сол үшін қайырымдылық жасап, қаланы жай ғана тонады. Миланмен бірге Павия да ғұндарға өз еркімен берілді. Сол үшін Аттила тарпынан бұл қалаға да рақымшылдық көрсетілді. Бұл қалалардың өз еркімен берілудегі мақсаты, олар көптеген адамынан айырылуды және қаланың тып-типыл етілуін қаламады. Біз бұдан аталмыш қалалардың билеушілерінің, Аттилаға біраз байлық беріп құтыламыз деген пиғылда болғандығын байқаймыз. Ендігі кезек Римдікі еді. Бұл жолда Аттила, өз әскерлерін бастап, Альпі мен Аппенин түбегін көмкеріп тұрған бай Ломбардия жазығын бос қалдырып кетеді де По өзенін кесіп өтеді. Антик авторлардың айтуына қарағанда, мұндағы қалалар соғысқа қатыспаған. Бірақ, ғұндардың бұл қалаларға не үшін тиіспегенін және ол қалалардың неге соғысқа қатыса алмағаны беймәлім. Бүкіл солтүстік Италияны ғұндар басып алғаннан кейін, олардың Римге баратын жолы ұзақ емес еді. Империяның қаһарлы жаулаушылардың шапқыншылығын тоқтата алатындай күші жоқ екендігі барған сайын айқын бола түсті. Аттила әлемді билеуге жақын тұрды. 4 бөліктен тұратын империя солтүстік шекараларда Скифиядан (ғұн патшалығы) Германияға дейін жалғасып жатты. Оңтүстікте Аттилаға қос Рим империясы да (Шығыс Рим және Батыс Рим) алым төледі. Бұны Аттиламен қоштасу толғауларының мазмұны айғақтап, ол билеушінің ұлы істерін еске алған толғаулар еді. Осылайша Аттиланың державасы өз территориясы мен ықпалы бойынша Еуропаның барлық төрт бөлігін дерлік: шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейін қамтыды.

10. Аттила және Рим императоры ІІІ Валентиниан арасындағы саяси  факторларға тарихи талдау жасаңыз. Римдіктер өте шұғыл қимылдады. Император Валентиниан ІІІ вестгот королі Теодерихке елшілік жіберіп, мынаны айтты: «Тайпалардың ішіндегі ең ержүрегі – сіздердің тайпаларыңыз бүкіл әлемге озбырлық жасап отырған қатыгез билеушіге (тиран) қарсы бізбен күш біріктірсе, бұл сіздің тарапыңыздан ақылмен атқарылған іс болар еді. Ол (Аттила –Қ. Жұмағұлов) бүкіл әлемді өз құлына айналдырмақшы, ол ешбір себепсіз-ақ соғыс аша береді, өзінің іс-әрекеттерінің бәрін заңды деп есептейді. Өзінің даңғойлығын ол шынтағымен өлшеп, тәкаппарлығын өзімшілдігімен басады. Ол құқық пен құдай заңын жек көріп, өзін табиғаттың жауы етіп көрсетеді. Өзінің өзгелерге жау екенін жар салып, жария етуші - шын мәнінде жұрттың жаппай қарсылығына тап болады. Еске алыңыздаршы, мен сіздерден онсыз да ұмыту мүмкін емес жағдай жөнінде өтініп тұрмын; ғұндар ашық соғысқа шықпайды, ашық шайқаста болатын бақытсыздық жалпыға ортақ құбылыс, олар зұлымдықпен жасырынып келіп тиіседі., - бұл асқан жауыздық! Мен өзім жөнінде айтпаған күнде де, сіздер қалай ғана өздеріңізге жасалған озбырлық үшін кек алуға ұмтылмайсыздар? Сіздердің қаруларыңыз аса қуатты, сондықтан да өздеріңізге жасалған зұлымдық үшін кек алуға бар күштеріңізді жинақтаңыздар! Өздеріңіз мүше болып отырған империяға да көмектесіңіздер. Бізге бұл одақтың қаншалықты қажет, қаншалықты қымбат екендігін жауымыздан сұраңыз!». Италиядағы атышулы оқиғаларда айтар  болсақ, бұл жерде енді жеңімпаз әскерді Аттила басқарып тұрған еді. Бұл кезде, Батыс Рим империясы үшін ауыр жағдайда ІІІ Валентиниан Равеннада ары қарай не болар екен деп қайғы жеп, ешбір әрекетсіз жатты. Қолбасшы Аэций де не істерін білмей дал болды. Рим әскері бұдан әрі қарай ғұндардың тегеурініне төтеп беруге дәрменсіз болды, оларды ғұндардың Солтүстік Италиядағы табыстары әбден абыржытып тастаған еді. Ақыры, Шығыс ромейліктердің тәжірибесінде бар тәсілді қолдануды, яғни Аттилаға арнайы елші жіберуді ұйғарды. Италия жеріндегі бірқатар қалаларды бағындырған соң, Аттила бастаған ғұндар Римге келді. Қала халқы мемлекет билеушісінен бастап, Аттиланың алдында діріл қақты. Астана, халық, сенат және папа мұны көргеннен кейін үлкен әбігерге түсті. Мұнда негізінен сол кезде Батыс Рим императоры болып тұрған ІІІ Валентиниан Аттиланың жойқын шабуылының сәтті болуынан және римдіктердің жаппай қырылуынан қатты қауіптеніп, оның бетін қайтару мақсатында Аттиламен келісім жасау үшін сенатпен келісті. Бұл маңызды шараны жүзеге асыру үшін римдік сенаторлардың ішінде ең беделдісі болған, өзінің консулдық атағымен және асқан дарындылығымен танылған тәжірибелі эксконсул Авиен тағайындалды. Өйткені, Авиен келіссөздер жүргізуге өте шебер адам болатын. Сондықтан, ол көптеген билеушілермен келіссөздер жүргізіп, әрқашан да жақсы нәтижеге жетіп отырған. Авиенге көмекші етіп, Италиядағы преториандық префекті қызметін атқарған Тригеций тағайындалды. Ал, Римдік епископ қызметін атқарып жүрген Лев қандай қауіп болса да өз басын тігетіндігін айтып, ол да елшіліктің құрамына қосылатындығын білдірді. Батыс Рим басшылығының елшілері мен Аттиланың арасындағы кездесу Минций (қазіргі Минцо) өзенінің орта ағысындағы Амбулей даласында болып өтті: Міне, әлі де болса Аттиланың рухы осы бір қауіпті іске байланысты екі ойлы болып, шеше алмай жатты. Бару керек пе, бармау керек пе өзімен-өзі ойланып, жүрісін ақырындата түсті, оған Риммен бейбіт келісіммен елшілік те келіп жетті. Оған Венетий провинциясындағы Амбулей даласында, Минций өзенінің кезбелер тобырымен қиылысатын жерінде папа Левтің өзі келеді.

11. Аттила және Византия императорлары: саяси және экономика тартыстар. Ғұндар мен Шығыс Рим империясының арасындағы қарым-қатынастар Аттила билік еткен тұста кеңінен жүргізіле бастайды. Осы кезде Шығыс Рим империясын Феодосий билеп тұрған еді. Аттила бастаған ғұндардың тегеурінінен қорыққан империялықтар олармен елшілік арқылы бейбітшілік келісімдер іздей бастайды. Ғұндар империя территорияларындағы соғыстарын жалғастыра берді. Қазір анықталмай отырған Дунайдың өткелдерінің бірінен империя территориясына басып кірген олар өзеннің оңтүстік жағалауында орналасқан қалалар мен бекіністерді тонайды. Виминаций қаласының алынуы ғұндардың бұл кампаниядағы бірінші ірі жеңісі еді. Қаланы басып алған ғұндар оны жермен-жексен етті. Бұл қайғылы оқиға шекаралық қалалар үшін үлкен қасірет болып, олардың қобалжуларына алып келді. Бұдан кейін ғұндар Найс қаласының маңында римдіктерге күшті соққы берді. Ғұндар Нишава өзенінің бойымен Константинопольге жақындай түсті. Енді Аттиланың жолында ІІ Феодосий жасақтаған империяның жаңа армиясы тұрды. Бұл әскерді алан тайпасынан шыққан аспар мен германдық Ареобинд басқарды. Бірақ бұл күштер Аттилаға тең емес еді. Сөйтіп, ғұндар Константинопольге жетіп келді және соғыс басталып Аттила табысты соғыстар жүргізе бастайды.  Сөйтіп, ғұндар Константинопольге жетіп келді және соғыс басталып Аттила табысты соғыстар жүргізе бастайды. Бұдан қауіптенген және ешқандай амалы қалмаған император ІІ Феодосий Аттиламен келіссөздер жүргізуге ұмтылады. Келіссөздерді жүргізу Иран жорықтарынан сәтті оралған Анатолийге тапсырылды. Аттила қатаң талаптар қойды. Ол бойынша, қашқындарды дереу қайтарып, жыл сайынғы 6 мың либр салық ғұндарға тез арада берілуі тиіс, одан бөлек жыл сайынғы салық сомасы көбейтіліп, енді оларға жыл сайын 2100 алтын либр алынып тұратын болды. Бұдан соң, әрбір қашып кеткен римдік тұтқын үшін 435 жылғы келісімдегі 8 солид орнына Аттила 12 солид талап етті. Және соңғысы римдіктер қашқын «варварларды» қабылдамауы тиіс. Келісім шартты түрде 443 жылы 27 тамызда жасалып,тиянақты нүкте қойылды.

12. Аттила мен Рим папасы І Лев және Рим қаласының тағдыры. Император мен сенаттың бұйрығымен келген Рим папасы Лев, Аттилаға келіп, одан бүкіл христиан әлемінің орталығы болған, Батыс Рим империясының мәдени құндылықтары сақталған, көптеген ғасырдан бері келе жатқан құнды кітап қоры сақталған кітапханалары бар және көркем тарихи-архитектуралық ескерткіштер орналасқан Рим қаласын тонамауын сұрайды.Сол күндердің куәгері болған Проспер Тиро былай деп жазады: Бірқатар провинциялардың, қатты қирауы, жаудың жан түршігерлік қатыгездігі мен тойымсыздығы үкіметін, сенатты және Рим халқын, аяушылық дегенді білмейтін корольге (Аттилаға) елшілік жіберіп, жалбарынып бітім сұрауға мәжбүр етті. Бұл іс эксконсул Авиен мен экспрефект Тригецийге және шапағатты папа Левке тапсырылды. Папа болса бар үмітті құдайға артып, тек содан ғана қайырым күтті. Ол өз сенімі мен алдамайтынын білді. Елшілік сый-құрметпен қабылданды, король шіркеуінің ең жоғарғы басшысының өзінің келгеніне көңілі толып, соғысты ары қарай жүргізуден бас тартты, бейбітшілікті сақтауға және Дунайдың арғы бетіне қайта оралуға уәде етті. Елшілер Аттиланың лагеріне келіп, оның күркесіне  кіреді де, өздерінің жоғарыда айтқан ұсыныстарын баяндайды. Олар Италия жерін құтқару мақсатында, одан әскерлерін алып кетуін сұрап, Аттилаға көп мөлшерде (қанша екені белгісіз) алтын ақша беруге уәде етті. Бұған Аттила келісті. Сол тұста Аттила құтырынып алған әскерінің екпінін тоқтатып, бейбітшілікті сақтаймын деген уәдесін бергеннен соң өзі келген жағына бет бұрып, Дунайдің арғы жағына өте бастады. Сөйтіп, әлем мәдениетінің орталығы болған Рим қаласы аман қалды. Осылайша, күтпеген жерден Аттила келісім берді. Оның неге бірден келісімге келгендігі туралы сұрақ туындайды. Бұл келісімнің бекітілуі оның кетуін тездетті және оның армиясының жағдайын жеңілдетті. Себебі, оның әскерлерінің көпшілігі жергілікті климатқа сіңісіп кете алмады. Сондай-ақ, солтүстікте әбден сүт ішіп, ет пен ірімшік жеп үйренген ғұн әскерлері, римдік аспаздардың дайындаған етті тағамдары мен нандарынан және дайындаған шараптарын ішіп ауруға душар бола бастады. Сонымен қатар, ғұн әскерлерінің арасында оба сияқты түрлі қауіпті аурулар қаптап кетті. Мұның барлығын ғұндар, итальяндықтар әдейі істеп жатыр деген ойға да келді. Осылайша римдіктердің ұсынысына қанағаттанған Аттила, өзінің жеңілмейтін әскерлерін алып кері қайтты. Ғұн патшасы Паннонияға кетпекші болады. Алайда, Аттила бұл соғыста жеңгенімен Гонорияны алып кете алмады. Өйткені, римдіктер көп мөлшерде алтын төлегендіктен, оған қоса Гонорияны бергісі келмеді.  Бірақ, сонда да Аттила кетіп бара жатып алған бетінен қайтпай, Гонорияны әйелдікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Алайда, Аттила қайтып келмеді. Айта кетерлік жәйт, Рим дуалдарының алдында тұрған Аттила папаның сөзін жерге тастамай, оның алдында тоқтаған болса, сол дәуірдің тағы бір кейіпкері вандал королі Гейзерих мүлде бұлай жасамады. Үш жыл уақыт өткеннен кейін, 455 жылы сол І Лев оны тоқтата алмаған еді. Вандалдар Римді қиратып, тас-талқан етіп, оның халқын тып-типыл тонады. Осыдан кейін мәдени және материалдық құндылықтарды жаппай жою, қанішерлік пен жауыздық мағынасын білдіретін «вандалдық» (вандализм) деген ұғым пайда болды. 14 күнге созылған Римді тонаудан кейін Гейзерих өз әскерімен қаладан кетіп қалды. Вандалдар королі қаладан мыңдаған Рим қолөнершілерін де тұтқынға ала кетті деген мәліметтер де бар. Атап айтқанда, Прокопий Кесарийскийдің көрсетуі бойынша Гейзерих «кемелерге орасан зор көлемде алтын және басқа да патша қазынасын артып, сарайдан мысты да, басқаны да қалдырмай алып Карфагенге қарай жүзіп кетті. Ол Юпитер Капитолийский храмын тонап, оның шатырының жартысын бұзып алады. Ең жақсы мыстан жасалып, қалың қабат алтынмен жаланған бұл шатыр керемет сұлу, таңғажайып болып көрінетін. Гейзерих кемелерінің ішінде мүсіндер артылған біреуі ғана суға батып, қалғаны аман-сау Карфаген айлағына жеткен дейді».

13. Ғұн мемлекетінің әлем тарихындағы орны. б.з.б. ІІІ-ІІ ғ.ғ. Орталық Азияда құрылып, өздерінің жаужүректілігі мен батырлығы арқасында үлкен абыройға кенеліп, бір кездері Қытай мемлекетін өзіне кіріптар еткен көшпелі ғұн мемлекеті, уақыт өте түрлі себептерге байланысты, бытыраңқылыққа ұшырады. Ірі бөліктерге бөлінген көшпелі ғұн тайпаларының бір бөлігі уақыт ағымымен (бұл процесс екі-үш ғасыр уақытты қамтыды) батысқа қарай жылжыды. Ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғасырында басталса, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Сөйтіп, Еуразия жеріндегі халықтардың батысқа қарай көшіп, Еуразия тарихында Халықтардың Ұлы қоныс аударуына бірден-бір себепкер болады. Олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Еуразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.  454 жылы Аттила өлгеннен кейін Батыс Ғұн Империясы ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. Бұрынғы үлкен империя құрамында тек ғұн тайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар ғана қалды. VI ғасырдан бастап Батыс Ғұн империясы “Уарғұндар қағанаты” (Арғындар қағанаты) деп аталды. Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағанатына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Баян хан Арал теңізі маңынан Тарниак, Котзагер, Забен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді. Уарғұндар қағанатын 798 жылы Франк королі — Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң ғұндар мемлекеті бас көтерген жоқ. Батыс Ғұн империясы адамзат мәдениеті тарихында өзіндік терең із қалдырды. Зергерлік өнердің ерекше дамыған түрі — полихрома стилін алғаш батыс ғұн зергерлері салған. Олардың полихрома стилімен жасалған бұйымдары әлемнің талай музейлерін безендіріп тұр. Батыс Ғұн империясында алтыннан жасалған 92 экспонат Санкт-Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы. Цирк өнеріне қатысты ат үсті ойындарының негізін ғұндар салған. Олар мұны өзімен бірге Еуропаға алып барды. Ғұндар Еуропада баспана ретінде төрт доңғалақты арба үстіне орнатылған киіз үйлерді пайдаланған. Ғұндардың кілемдері мен киіздері түрлі оюлармен өрнектелетін болған. Еуропалық аймақтарда жүргізілген археол. қазба жұмыстары кезінде ғұндардың ағаштан, қыштан, металлдан жасалған ыдыс-аяқтары мен түрлі бұйымдары табылған.

14. Галлия жеріндегі соғыстарға сипаттама беріңіз.  Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірінде, Еуропада Ғұн мемлекетінің ең басты қарсыласы Батыс Рим империясы мен оның айналасындағы варварлық корольдіктер болғаны жайлы біз айтып өттік. Қашан болса да, осы аталған ірі күштердің арасында бір қанды шайқастың болуы анық еді. Ол Галлия жеріндегі халықтар шайқасы еді.  Жақындап келе жатқан бұл шайқастың себептерінің қатарына рипуарлық франктердегі тақ үшін күреске байланысты оқиғаны да жатқызуға болады. Соңғылар Солтүстік Галлия аумағында орналасқаны белгілі. Франктердің королі қайтыс болғаннан кейін, оның балаларының арасында тақ үшін күрес басталды. Присктің айтуы бойынша үлкен ұлы Аттиламен, ал кіші ұлы Аэциймен жақындаса бастады. Еуропадағы үстемдік үшін күресе отырып, Аттила Галлиядағы бургундтардың, вестготтар мен франктердің бай жерлерін жаулап алуға тырысты. Ғұндар мен оларға бағынышты герман тайпалары – остготтар, гепидтер, скирлер, ругийлер, герулдар, тюрингтер және сондай-ақ аландар бірге болды.     Аттиланың әскерлері Рейннен өтіп Трирге қарай бет алды, ары қарай – екі қатар саппен – Галлияның солтүстік-шығысына бет алды. Төніп келген қауіп римдіктер мен олардың германдық одақтастарын тез арада біріктірді. (Еуропа халқы ғұндардың алғашқы басқыншылығын әлі ұмыта қойған жоқ еді). Батыс Рим империясы мен оның Галлиядағы және Германияның бір бөлігіндегі одақтастарының біріккен әскерін ғұндарды жақсы білетін римдік қолбасшы Флавий Аэций  басқарған.  Иорданның тұжырымы бойынша Аттиланың әскері жарты миллион адам болған.  Галлияға аттанар алдындағы ғұндар әскерінің саны жарты миллион адам болды деп, гот тарихшысы әрине өсіріп айтып отыр. Өйткені, қазір Аттиланың армиясы ең көп дегенде 100 мыңнан 120 мың адамға дейін болғанын; оның қарсыластарының күші де шамамен осынша болғанын нақты айтуға болады.Аттиланың Галлияға жорығының барысына келер болсақ, 451 жылы 9 сәуірінде екі күндік қоршаудан соң, Мец құлады. Бұдан кейін Тонгерен, Шпейер, Реймс отқа оранды. Парижді де қатты үрей биледі. Көне Лютецияның тұрғындары қашуға дайындала бастаған еді. Аңыз бойынша қаланы әулие Геновея (Женевьева) деген әйелдің ерекше батыл әрекеті сақтап қалады, ол кейіннен Париждің қамқоршысы ретінде белгілі болды. «Әулие Геновеяның өмірі» атты атты аңыз былай көрсетеді: Ол кезде ғұн королі Аттила, Галлияның провинцияларын тас-талқан етіп қирата бастады. Париж тұрғындары оның қатыгездігі мен ашуынан қорыққандықтан барлық әйелдер мен балаларды және бірқатар дүние-мүлікті сенімді жерге жөнелту туралы шешім қабылдады. Осы тұста әулие Геновея келіп, әйелдерді өздері туып-өскен қаланы қауіп төнген уақытта тастап кетпеуге, қайта өздерін және өз ерлерін қорғанысқа даярлауға шақырды. Олар құдайдан көмек сұрап, өздерін құтқаруы туралы жалбарынуы қажет. Аналар әулиені тыңдап, қалаға қалуға және құдайдың шапағатына үміт артуға тәуекел етті. Осылайша, әулие әйел ер азаматтарды Парижден кетпей, құдайдан көмек сұрауға көндірді, ол төніп тұрған қауіптен құдайға жалынып-жалбарыну арқылы ғана аман қалуға болады деп сендірді.

15. Ғұн тайпаларының еуропалық өркениетке тигізген әсерін бағалаңыз. Л.Н.Гумилев: "Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады" деп санады. Оның ойынша, "бүкіл тарихи үдеріс географиялық, биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді". Л.Н. Гумилевтің осындай көзқарастары кезінде сыналған да еді. Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты.Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді. Жазба және археологиялық деректер бойынша түркі тайпасы – ғұндар Еуропаға Орталық Азиядан келген. Батыстағы Ғұн тарихы зерттелмеген мәселелер қатарына жатты. Әйгілі ғалым Л.Н. Гумилев Шығыстағы ғұндардың (хунну) тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан еді. Ал Еуропадағы бұл тайпа бірлестігінің тарихы кеңес дәуірінде қарастырылмаған тақырыптардың бірі болды.  IV-V ғғ. Еуропадағы ғұндар тарихынан Еуразия тарихы жасалды. Еуропаның бірқатар халықтары мен тайпа ұйымдары Ғұн державасын Рим империясының жаулаушылық әрекеттерінен және езгісінен құтқарушы, оған қарсы тұрған күш, қалқан ретінде түсінген. Осыған, бір-ақ мысал келтіруге болады. Латын және грек деректерінде Аттиланың одақтастары ретінде ғұндарға бағынышты түрлі герман тайпалары: остготтар, гепидтер, скирлер, ругийлер, герулдар, тюрингтер және т.б. болғандығы айтылады. Тағы бір айта кететін жағдай, ол наным-сенім мәселелері болды. Ғұндардың діні тәңіршілдік болғанын білеміз. Ал Солтүстік, Орталық және Шығыс Еуропаны мекендеген халықтар мен тайпа ұйымдарында бұл кезде христиан діні әлі тараған жоқ, олар көп құдайларға табынды. Сондықтан да бұл халықтар, менің ойымша, күшейіп келе жатқан Ғұн державасын өздерін христиандық Рим империясынан қорғаушы күш ретінде сезінді.
Византияның атақты хронисі, V ғ. тарихшысы және мәмілегері, ғұн патшасына 448 ж. жіберілген Византия елшілігінің мүшесі грек Приск Панийский (Priskus Panites), жеке үзінділер түрінде жеткен өзінің «Византия тарихында» (“Historia Bysantina”) Аттиланы ірі мемлекет тұлғасы, ұлы істердің басындағы дана билеуші, талантты мәмілегер және әділетті қазы ретінде сипаттады. Ғұндармен байланысты тағы бір мәселені қозғап кеткім келеді. Олардың жылқыға деген көзқарасы ерекше болды, бұл жануарды олар айрықша құрметтеді деуге болады. Ғұндардың қоғамдық жағдайын жылқыға негізделген көшпелі өркениет (Reiternomadische Kultur) деп сипаттаған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ғұн қару-жарақтарының үлігілері: бір жүзді қылыштар мен қанжарлар, үшкір басты жебелер, атақты ат әбзелі. Бұлар жөнінде ғұндарға дейін Еуропа білмеген болатын. Басқа да мысалдарды келтіре кетеуге болады. Мысалы, Византия императоры Юстинианның қолбасшысы Велисарий дәл осы ғұндар мен аварлардың ықпалымен өз әскерінің басты бөлігін садақ, жебе, қылыш және қалқанмен жарақтандырды. Осының арқасында Италиядағы готтарды ол жеңген болатын.
Ғұндардың зергерлік өнерінің тамаша үлгілері ерекше қызығушылық туғызады. Бұл алтын мен күмістен жасалған диадемалар, алқалар, сырғалар, фибулалар (сәнді түйреуіштер) және көптеген басқа да бұйымдар. Бұлардың бәрі үлгісі бойынша қазақтардың зергерлік шеберлігімен үндес болып келеді. Ғұндардың атақты қола қазандығы ғылымда ерекше қызығушылық туғызып отыр, олар Еуропа мен Еуразиядан, соның ішінде Қазақстаннан да табылды. Бұл нәрселер Алматыдағы Орталық Мемлекеттік Мұражай қорларында сақтаулы тұрған сақ дәуірінің осындай түрлерімен ұқсастығын байқауға болады. Еуразия тарихының орта ғасырлық кезеңіне өту мен ортағасырлық өркениеттің қалыптасуына алып келген Еуропадағы халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірінде Ғұн державасы маңызды рөл атқарды. 451-452 жылдардағы шайқастардан кейін кең-байтақ Рим империясы әлсіреп, ыдырайды. Сөйтіп, түркі-ғұндар Еуропа мен Еуразия тарихындағы жаңа кезең – ортағасырлық қоғам мен өркениетке өтуге жол ашты.

16.  Авар қағанаты ның тарихы және оның түркі әлемі мен Еуропа тарихындағы орнын  көрсетіңіз.    Авар (avaris, avares) қағанаты құрушылар мен олардың құрамына енген тайпалар, одақтың тарихы жайында  ешқандай мемуар, немесе жазба ескерткіштер, құжаттар т.б. сияқты  мәліметтерді қалдырмаған. Сондықтан жұмысымыз барысымызда көбінесе жазба деректер мен археологиялық мәліметтерді басшылыққа аламыз.  Аварлар Шығыс Еуропа даласында, біздің жыл санауымыздың VІ ғасырларда қалыптасып, авар атты қағандық құрып, үлкен саяси одаққа айналды. Авар қағанатын құрушылар Еуропа мемлекеттерінің тарихына  өзінше  ықпал етіп, әсер қалдырушылар болды. Ақырында қағандық ыдырап жергілікті халықтармен ассимиляцияға ұшыраудың нәтижесінде ІХ ғасырда тарих сахнасынан кетеді. Авар тайпаларының ежелгі қоныстанған территориясын және оның күнделікті өмірі жайындағы мәліметті, Византия, латын жазба деректерімен археологиялық ескерткіштер береді.      V ғасырдың аяғынан VІІІ ғасырдың аяғына дейін Шығыс Еуропа даласында Авар қағанаты өмір сүреді. Аварлар құрған тайпалық одақта, негізгі рөлді түркі тілдес тайпалар атқарды, сондықтан негізгі тілі де түрік тілі болды . Аварлар алғашқы еуразиялық болған, ғұн державасы құлағаннан кейін бірнеше түркі тілдес тайпалар ішінен аварлар бөлініп шығады және де оларға шығыстан жужандар келіп қосылып VІғ. 60 жылдарында Авар қағандығын құрады. Бұл тайпалық одақтың қағаны Баян болады. Ұлы Қоныс аудару дәуірінде ғұн державасы Еуропа тағдырына, Еуразия тарихында жаңа кезеңге, яғни орта ғасыр өркениетіне өтуге бірден бір ықпал етсе , ал аварлар осы ғұн дәстүрін; яғни шығыс дәстүрін жалғастырушылар болды. VІғ. ортасында аварлар ауқымды территорияны жүріп өтіп, Карпат жеріне келеді, олар өздерімен қоса басқа да этникалық топтарды ала келеді. Айталық Еділ өзені бойынан герандықтарды, оңтүстік орыс даласынан кутригурларды т.б. Осындай жағдайлардан кейін аварлардың өздері, басынан-ақ таза аварлар болмады, олар этникалық жағынан аралас халық болды.  

17.  Авар қағанатының Византия империясымен жүргізген соғыстары.         Менандр Протектордың  «Тарих» атты еңбегін, грек тілінен 1860 жылы С. Дестунис орыс тіліне аударды және бұл еңбекте аварлардың Византия империясымен қатынасы, славян, гепид, лангобордтармен жаугершіліктері, Византия мен Түрік қағаны арасындағы елшілік байланыстарының  тарихы баяндалады. Империяның көшпелі тайпалармен қарым-қатынасын сипаттайтын, Византия тарихшыларының арасында ерекше орын алатын деректердің бірі Псевдо-Маврикийдің «Стратегикон» еңбегі болып табылады. Византияда Юстиниан патша тағына отырған кезде уар және хунни тайпасының кейбір бөлігі қашып Еуропаға келіп қоныстанған. Олар өздерін авар деп атап, көсемдерін құрметтеп қаған деген атақ берген.  Бұл жерде енді мынандай сұрақ туады: Не себепті олар өз аттарын өзгертті деген. Сұраққа жауап былай болады: Барселт, унугур, савир т.б. ғұн тайпалары уар және хундардың қашып келе жатқан бір бөлігін көріп олардың орталарына келгендерді қорыққандарынан а-балар деп ойлап, авар деп атап кеткен. Сондықтан қашқындарға тамаша сыйлықтар беріп, өздерінің қауіпсіздіктерін қамтамасыз етеміз деп ойлайды. Уар және хуннулықтар тиімді жағдайдың болып  жатқандығын  көргенде,  жергілікті  тайпалар  елші  жіберіп, оларды авар деп қате атағанын пайдаланып, өздерін де аварлармыз деп атай бастайды. Византия былайша талқылаған екен: Яғни аварлар  жеңе ме әлде жеңіле ме, қай-қайсысы болмасын, римляндар үшін тиімді. Сонымен аварлар бастапқыда византияның ықыласы бойынша Савир және сал (барсил) тайпасына басқыншылық соғыстарын бастап, одан кейін византияның үмітін ақтамай, өз жолдарын тауып кетеді. Византияның жауы кутригурлармен соғысқанның орнына, олар болгар тайпаларының арасындағы соғысқа араласып, кутригурлармен одақтасып, империяның сенімді одақтасының бірі утигурларға тонаушылық жасап, басып алады. 568 жылы лангобардтар Италияға кетеді де, аварлар бүкіл Паноннияның иесі болады . Енді авар қағанаты Византия империясының қауіпті жауы болып, империяның бұрын кутигур мен утигурларға жыл сайынғы салығын төлеуді қоса талап етеді. Византиямен сәтсіз келіссөздерден кейін 570 ж. аварлар жеріне басып кіріп қарсы тойтарысқа тап болады. Тек 573 ж. бейбіт келісім шарт жасасады. Бірақ бейбітшілік ұзаққа созылмады; себебі аварлар үздіксіз салықтың мөлшерін өсіріп отырды және де олар империяның Балқан аймақтарын тонаушылыққа ұшыратады. Византиялық авторлардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ, аварлардың күшінің мықтылығы мен санының көптігі, олардың жаугершілік соғыс барысында бірнеше тайпаларды өзіне бағындырып  алса, ал кейбіреуімен одақтасты дейді. 601ж. Византия әскері Дунайдың арғы бетіне өтіп, Тисс өзенінің бойында екі шайқаста, авар жасағын күйретеді. Империяның қолына түскен тұтқындардың тек бесінші бөлігі ғана аварлар болған, жартысы славяндар, ал қалған бөлігі “әртүрлі варварлардан” құралған . Византия әскер қолбасшысы Тивери аварлардың қағанат құрамындағы славян тағы басқа тайпаларымен қарым-қатынасын жақсы білді де, аварлармен бейбіт келісімнен кейін, кепілдікке авар қағанының өзінің баласын емес, одан да “скифтік” княздердің баласын алған жөн дейді. Себебі, егер де авар қағанының өзі бейбітшілікті бұзбақшы болса, онда дәл осы княздер кедергі келтіреді деп кәміл сенемін білдірген.

18. Авар қағанатының әлеуметтік саяси құрылысы. Авар қағанының билік түрі жайында деректер, монархиялық билік тек лонгобардтарда және түркілерде, сонымен бірге аварларда болды дейді. Яғни бұл жерде біз, Авар қағанатында монархиялық биліктің, әкеден балаға мұра ретінде берілетінін байқаймыз.  Біздің негізгі қарастыратынымыз Авар қағанатының тарихы болғандықтан, алдымен осы “қаған” “қағанат” деген атауға тоқталуды жөн көрдік. Гаган (“gaganus”) түркі сөзі “қаған” хан деген мағынаны білдіреді. Қаған – бұл атақ, барлық түркі халықтар арасында кең тараған. Қағанат атауы түркілер дәуірінен басталады, яғни түркі қағанаты батыс түрік қағанаты деген сияқты, Авар қағанаты болды.  Қаған, хан, патша сөздерінің мағыналары бір. Мәліметтерге қарағанда авар тайпалық одағында ерекше басқарушы рөлді “Вархонит” (Uarchonitae ) тайпасы атқарған. Яғни вархониттер руынан негізінен ақсүйектер шыққан. Оларға бағынатын бірнеше тайпалар, соның ішінде гепидтерді (герман тайпасы, кезінде ғұндарға бағынышты болған), өздерінің құлдары ретінде есептеп, жиі-жиі алым жинап отырған. Алым ретінде көбінесе азық-түліктер, жер шаруашылығынан шығатын өнімдердің жартысын жинаған. Мысалы, Франк қолбасшысы Сигибертті тұтқыннан босатып алу үшін аварларға ұн, жемістер, қой және өгізді төлем ретінде төлеген. Менандр осы мәселені жобалап былай дейді; аварлар гепид тайпасынан барлық төрт түлік малдың оннан бір бөлігін талап еткен, олар лангобардтармен одақтасып гепидтерді жеңгеннен кейін, түскен олжаның жартысын және бүкіл гепид жерін талап еткен. Сонымен авар қағанатының құрамына қандай көп мөлшерде келімсектер келіп кірсе де, олар жергілікті тайпалық одақтың дәстүрін, жалғастыра отырып варварлық жартылай мемлекеттің жаңа кезеңін қалыптастырды. Аварлардың үлкен  тайпа ұйымы  көптеген  рулардан тұрған. Жылнамашы  әсіресе аварлардың  әскери ұйымына баға берген. Олардың  саяси қатынастарына  келе, автор қағанның билігін  ерекше атайды. Ғұндардағыдай, аварлар соғыс өнерінде, әсіресе садақпен жебені қастерлеген. Аварларда  түркілерге  тән атты әскер басым болған да, олар атүстінде шауып, қарсыластарын садақ оғымен баудай түсіретін. Қарулары  қылыштан, садақ пен жебеден, найзадан  тұрған. Сондықтанда  аварларға  төтеп беру үшін, оларға қарсы атты  әскермен  шығу керек. Аварларға жайылымды жер бермеудің жолын  іздестірген  дұрыс  деген,  себебі олар  аттарынан  басқа, өздерімен  бірге  басқада көптеген мал  түрлерін айдап жүреді. 

19. Авар қағанатының Түркі халықтарының тарихындағы рөлін өркениеттілік  көзқарас негізінде сипаттаңыз. Авар (avaris, avares) қағанаты құрушылар мен олардың құрамына енген тайпалар, одақтың тарихы жайында  ешқандай мемуар, немесе жазба ескерткіштер, құжаттар т.б. сияқты  мәліметтерді қалдырмаған. Сондықтан жұмысымыз барысымызда көбінесе жазба деректер мен археологиялық мәліметтерді басшылыққа аламыз.  Аварлар Шығыс Еуропа даласында, біздің жыл санауымыздың VІ ғасырларда қалыптасып, авар атты қағандық құрып, үлкен саяси одаққа айналды. Авар қағанатын құрушылар Еуропа мемлекеттерінің тарихына  өзінше  ықпал етіп, әсер қалдырушылар болды. Ақырында қағандық ыдырап жергілікті халықтармен ассимиляцияға ұшыраудың нәтижесінде ІХ ғасырда тарих сахнасынан кетеді. Авар тайпаларының ежелгі қоныстанған территориясын және оның күнделікті өмірі жайындағы мәліметті, Византия, латын жазба деректерімен археологиялық ескерткіштер береді.      V ғасырдың аяғынан VІІІ ғасырдың аяғына дейін Шығыс Еуропа даласында Авар қағанаты өмір сүреді. Аварлар құрған тайпалық одақта, негізгі рөлді түркі тілдес тайпалар атқарды, сондықтан негізгі тілі де түрік тілі болды . Аварлар алғашқы еуразиялық болған, ғұн державасы құлағаннан кейін бірнеше түркі тілдес тайпалар ішінен аварлар бөлініп шығады және де оларға шығыстан жужандар келіп қосылып VІғ. 60 жылдарында Авар қағандығын құрады. Бұл тайпалық одақтың қағаны Баян болады. Ұлы Қоныс аудару дәуірінде ғұн державасы Еуропа тағдырына, Еуразия тарихында жаңа кезеңге, яғни орта ғасыр өркениетіне өтуге бірден бір ықпал етсе , ал аварлар осы ғұн дәстүрін; яғни шығыс дәстүрін жалғастырушылар болды. VІғ. ортасында аварлар ауқымды территорияны жүріп өтіп, Карпат жеріне келеді, олар өздерімен қоса басқа да этникалық топтарды ала келеді. Айталық Еділ өзені бойынан герандықтарды, оңтүстік орыс даласынан кутригурларды т.б. Осындай жағдайлардан кейін аварлардың өздері, басынан-ақ таза аварлар болмады, олар этникалық жағынан аралас халық болды.  

20. Авар қағанатының көрші елдермен қарым-қатынастары.  568 жылы лангобардтар Италияға кетеді де, аварлар бүкіл Паноннияның иесі болады . Енді авар қағанаты Византия империясының қауіпті жауы болып, империяның бұрын кутигур мен утигурларға жыл сайынғы салығын төлеуді қоса талап етеді. Византиямен сәтсіз келіссөздерден кейін 570 ж. аварлар жеріне басып кіріп қарсы тойтарысқа тап болады. Тек 573 ж. бейбіт келісім шарт жасасады. Бірақ бейбітшілік ұзаққа созылмады; себебі аварлар үздіксіз салықтың мөлшерін өсіріп отырды және де олар империяның Балқан аймақтарын тонаушылыққа ұшыратады.

 558 ж. түркілер Еділге шыққанда, аварлар – абарлар бұл кезде күйреген болатын. Аварлардың құлауы түркілердің эфталиттерді жеңуіне себепкер болды. Жоғарыда көрсетілген уақыт дұрыс болмауы мүмкін, толығымен жеңбеді немесе ол тек  569 жылы аяқталған. Қытай деректері бұл оқиғаны 555 ж. деп эфталиттер түркілерден жеңілді дейді. Ф.Симокаттаның мәлімдеуінше абарлардың (а-ба) аварлармен тең түсінік болған, олар жайында VІ-VІІ ғғ. Қытай дерегі бойынша байланыстырады. Жоңғарияда тұрған 585 ж. Түркі қағанатында ұлы тұрақсыздық кезінде а-балар түркі қағанының Далобянның тұрағына шапқыншылық жасаған, ал 603 ж. теле тайпаларымен бірігіп Дяньгу Бугяханға қарсы көтерілісіне қатысқан.  VІІ ғ. Авар қағанаты үшін, қарқынды дамушылыққа толы жылдар болды. Авар жерінің батыс шекарасында франк көпесі Само бастаған аз уақыт өмір сүрген мемлекет құрды (623 – 658 жж.). Само бастаған көтеріліс қағанатты әлсіретеді. Сонымен қатар 631 ж. франктерді жеңеді. Бірақ бұл мемлекет Само қайтыс болған соң  ыдырап кетеді. Бұл уақыттарда Авар қағанаты ішкі терең дағдарысты басынан кешіріп жатты, себебі дәл осы кезде Баян әулетінің билігі аяқталумен байланысты болды. Алтын тақты иемдену мақсатында кутригур-болғарлар ел ішінде көтеріліс ұйымдастырады, оны аварлар басады. Көп ұзамай көтерілістен кейін кутригур – болғарларды қағанат жерінен ығыстырылады.

21. VІ-ХІ ғ.ғ. Еуропа даласындағы түркі халықтарының тарихы мен Еуропа   халықтарымен өзара әрекеттесуін көрсетіңіз.  Авар (avaris, avares) қағанаты құрушылар мен олардың құрамына енген тайпалар, одақтың тарихы жайында  ешқандай мемуар, немесе жазба ескерткіштер, құжаттар т.б. сияқты  мәліметтерді қалдырмаған. Сондықтан жұмысымыз барысымызда көбінесе жазба деректер мен археологиялық мәліметтерді басшылыққа аламыз.  Аварлар Шығыс Еуропа даласында, біздің жыл санауымыздың VІ ғасырларда қалыптасып, авар атты қағандық құрып, үлкен саяси одаққа айналды. Авар қағанатын құрушылар Еуропа мемлекеттерінің тарихына  өзінше  ықпал етіп, әсер қалдырушылар болды. Ақырында қағандық ыдырап жергілікті халықтармен ассимиляцияға ұшыраудың нәтижесінде ІХ ғасырда тарих сахнасынан кетеді. Авар тайпаларының ежелгі қоныстанған территориясын және оның күнделікті өмірі жайындағы мәліметті, Византия, латын жазба деректерімен археологиялық ескерткіштер береді.      V ғасырдың аяғынан VІІІ ғасырдың аяғына дейін Шығыс Еуропа даласында Авар қағанаты өмір сүреді. Аварлар құрған тайпалық одақта, негізгі рөлді түркі тілдес тайпалар атқарды, сондықтан негізгі тілі де түрік тілі болды . Аварлар алғашқы еуразиялық болған, ғұн державасы құлағаннан кейін бірнеше түркі тілдес тайпалар ішінен аварлар бөлініп шығады және де оларға шығыстан жужандар келіп қосылып VІғ. 60 жылдарында Авар қағандығын құрады. Бұл тайпалық одақтың қағаны Баян болады. Ұлы Қоныс аудару дәуірінде ғұн державасы Еуропа тағдырына, Еуразия тарихында жаңа кезеңге, яғни орта ғасыр өркениетіне өтуге бірден бір ықпал етсе , ал аварлар осы ғұн дәстүрін; яғни шығыс дәстүрін жалғастырушылар болды. VІғ. ортасында аварлар ауқымды территорияны жүріп өтіп, Карпат жеріне келеді, олар өздерімен қоса басқа да этникалық топтарды ала келеді. Айталық Еділ өзені бойынан герандықтарды, оңтүстік орыс даласынан кутригурларды т.б. Осындай жағдайлардан кейін аварлардың өздері, басынан-ақ таза аварлар болмады, олар этникалық жағынан аралас халық болды.  

22. VІ-ХІ ғ.ғ. Еуропа даласындағы түркі халықтарының  мәдениеті.  Деректердің хабарлауы бойынша Хазарлар төменгі Еділ өзені бойында қыстаған. Иосиф қаған мəліметі бойынша хазарлар Еділде үнемі тұрақтамағанын айтады. Феофан жəне Никифор жылнамаларда хазарлардың бастапқы елі – ішкі Берсили, алғашқы сарматтардың жері деп көрсетеді. Берсилидің орналасуы Терек жазығындағы солтүстік Дербент. Артамоновтың хабарлауы бойынша хазарлардың астанасы Семендер – қазіргі Махачкаланың тұсында дейді.

ҮІІ-ІХ ғғ. аралғы Хазар қағанатының гүлденіп даму кезеңі болып табылады. Хазарлар Шығыс Еуропа мен Орта Еділ жерлерінің бірнеше тайпаларын өзіне қаратты. Дəл осы уақытта прототүріктік элементтер Бұлғар жеріне енген болатын. Олардың бір бөлігі ғұн тайпаларының жеріне енді. Х ғ. ортасына дейін бұлғарлар хазарларға тəуелді болды. Х ғ. қалыптасқан Бұлғар мемлекеті көп тайпалық бірлестіктен тұрды. Балымер ауылынан табылған Шолом қорғаны бұлғарлардың археоллогиялық мəдени ескерткіштерінің бірі. Еділ Бұлғардың тарихы туралы маңызды дерек ибн-Фадланның еңбектері болып табылады. Бұлғар мемлекетінің қалыптасуы сауда – саттықпен тығыз байланысты болды. Бұлғарлар вису, оғыз, Саманидтер мен русатар сияқты тайпалармен тығыз байланыста болған.  VІ-VІІІ ғғ. Авар қағанаты Шығыс пен Батысты өркениетті тұрғыдан байланыстырушы көпір  болды.  ҮІ-ҮІІІ ғғ.  Авар қағанатының әскері сақ, ғұн, түріктік салт-дәстүрін жалғастыра отырып ерте ортағасырлық еуропалық өркениетпен ықпалдасты. Авар қоғамының жартысынан көп бөлігі, жауынгерлерден тұрған. Оны археологиялық қазба жұмысы кезінде қабірлерден көптеген қарулардың табылуы, дәлел болады. Қабірлерде жауынгермен қоса қару жарағын бірге жерлеу, ертеден келе жатқан наным сенім. Яғни, о дүниеде де керек болады деген ұғым. Авар дәуірінің зираттарын қару жараққа бай деп жоғарыда көрсетілген суреттерден байқауға болады. Көбінесе қымбат бағалы заттар, жайдан-жай жауынгердің зиратынан табылмайды, ол мүмкін әкеден балаға мұра ретінде берілуі мүмкін. Қабірлерде садаққа толы қорамсақ табылмаған (тек жалғыз – Боче қабірінде көсем жерленген мәйітте ғана толы қорамсақ табылған). Көбінесе садақтың саны оннан аспаған. Шамасы әр садақ еркін он жауынгердің билеушісін білдіретін нышаны болса керек – себебі, авар әскерінің ұйымы Азиялық бойынша ондық жүйемен құрылған. Ерте және орта кезеңдерге қатысты қабірлердің көпшілігі Венгрияның орталық аймақтарында шоғырланған. Ал соңғы кезеңге тән қабірлер жұпыны құрал-саймандары бар мәйіттердің саны көбейген. Яғни қоғам ішінде жікке бөлінгенін, тәуелді, жеке меншігінен айырылған адамдардың санының өскендігін байқауға болады, сонымен қатар христиан дінінің ықпалыда болса керек,  шіркеу бұл дәуірде пұтқа табынушылыққа сонымен  қатар жауынгерлерді қаруымен, атымен жерлеуге тиым салса керек. Бірақ соған қарамастан қабірлерден әшекей бұйымдары да табылған, (сырға, білезік, сақиналар, жүзіктер) және де  киімдер, осыларға  қарап жерленген адамның қауымдағы дәрежесін білуге болады.

23. Түрік тайпаларының этногенез құрылымының даму сатылары . Түрік тайпаларының бастауы, тарихы - сақтардан басталады десек, қателеспеген болармыз.  Сақтар Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет. Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн. Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. 2. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ). Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді. Қаңлылар. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. 3. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы. Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр. Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.

24. VI-IX ғғ.Түркілердің наным-сенімдерінің қоғамға ықпалын көрсетіңіз  Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады. Ұмай ана Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Төнікөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!». Отқа табыну Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құткарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы алас- тадықдеп сенгендей болды». Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғаның археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Қалалардың жұрттарын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен байланысты екені даусыз. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды.Ұлы» тастың құдіретті.Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «ұлы» тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады.

25.  Печенегтер мен олардың Еуропа тарихына тигізген әсерін бағалаңыз. Печенегтер — орта ғасырлардағы тайпалар одағы. Грек тілінде пачынах, түрікше бажанак немесе бәжәнәк, славян тілдерінде печенег аталған тайпа атауының этимологиясы әлі анықталған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде Печенегтер көне түркі көшпелілерінің сармат және угро-фин тайпаларымен араласуы нәтижесінде қалыптасқан деп есептелінеді. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің аздаған үлесі байқалатын еур. нәсілге кіреді.

Печенегтер түркі тілінде сөйлеген. С.Г. Кляшторный б.з. 1-мыңжылдығының ортасында печенег-кангарлар тұрағы Қанға, яғни Сырдарияның орта ағысы болды деп көрсетеді. М.Қашқари: “Бажанак — Рұмға жақын жайласқан түрік тайпасы. Бажанак — оғыз руларының бірі. Бәженек деп те аталады” деп жазады. 8 — 9 ғасырларда Печенегтер Еділ мен Орал аймағында өмір сүрген. 9-ғасырдың соңына қарайоғыздархазарларқимақтардың қысымымен батысқа қарай жылжиды. Қара теңізі далаларында көшіп жүрген венгрлерді ығыстырып, Еділ менДунай аралығындағы аймаққа орнықты. Олар батыс және шығыс тармақтарға бөлінген 8 тайпа, 40 рудан құралды. Тайпаларды жиындарда сайланатын көсемдер басқарды. 915, 920, 968 жылдары Печенегтер Руське бірнеше рет жорық жасады. Киев князьдары Игорь мен Святослав 944, 971 жылы олармен одақтасып, Византия мен Дунай Бұлғариясына қарсы соғысты. 972 жылы Печенегтердің Курей ханы Святослав Игоревичтің жасағын талқандайды. Бұдан кейін де Руське, көрші елдерге әлсін-әлсін жорық жасап тұрды. 1036 жылы Ярослав Мудрый Киев қаласының түбінде Печенегтерге күйрете соққы беріп, олардың Руське шабуылын тоқтатты. 10 — 11 ғасырларда Печенегтер Византияны ішкі-сыртқы саясатта қолдап тұрған. 10 — 12 ғасырларда олардың біраз бөлігі Венгрияға қарай ығысқан. 13 — 14 ғасырлар шенінде Печенегтер ыдырап, түрік тілді, сондай-ақ венгр, орыс, т.б. халықтармен сіңісіп, осы халықтардың этн. тарихында өз ізін қалдырды.

26. Хазар қағанатының Еуразия тарихындағы ролі.  Хазар қағандығы Тарихының алғашқы кезеңін маңайлас Кавказ елдерімен соғыспен бастаған хазарлар 626 ж. Кавказ Албаниясын бағындырды. Византияменбірігіп, Тбилисиді басып алды. Арменияға жасалған 684 жылғы шабуыл өте жойқын болып, Григорий патша өлтірілді. Араб жаулап алу жорықтарының қақ жолында орналасқан хазарлар олармен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. 654 ж. Дағыстан жеріндегі үлкен орталық Беленжерге бағытталған араб шабуылы тоқтатылды. 8 ғ-дағы араб-хазар соғыстары ауыспалы жеңіспен жүрді. 730/731 ж. болған ең ауыр шайқаста хазарлар Ардебиль қ-н шауып, арабтың 25 мыңдық қолын талқандады. Хазар әскері Мосулға дейін жетті. 737 ж. қолбасшы Марван 120 мыңдық араб әскерімен келіп, ел астанасы Семендерді басып алды. Бұл қағандықтың басты орт-тарының Еділ мен Дон алқаптарына қарай жылжуына, ал Дағыстан жерінің бұдан былай мемлекеттің оңт-тегі қиыр аймағына айналуына әсер етті. Хазарларға үнемі арабтар ислам дінінің, ал византиялықтар христиандықтың түпкілікті енуіне ықпал жасауға тырысты. Араб-хазар қатынастарының ымырасыздығы исламның хазарларға түбегейлі тарамауына әсерін тигізді. 9 ғ-дың басында Обадия қағанның өз әулетімен иудей дінін қабылдап, оны жалпы мемлекеттік дін ретінде күштеп жариялауы ел ішіндегі наразылықты күшейтті. Өлкелер қаған билігіне қарсы шықты. Бұған дінбасылардың әуелі христиандықты, іле-шала исламды қуғындауы әсер етті. 9 ғ-дың ортасына қарай ішкі-сыртқы қайшылықтардың әсерінен мемлекеттің аумағы кішірейді. Шығыстан печенег және оғыз тайпаларының шабуылы күшейді. Византия түркі көшпелілерінің басын қосу арқылы қағандыққа қарсы коалиция ұйымдастырды. Көптеген славян тайпаларының өзіне емес, хазарларға бағынышты болып, алым-салықты соларға төлеп тұрғанына наразы Киев князі Святослав та осы кезде қағандыққа қарсы көтерілді. Печенегтердің үзіліссіз шабуылынан қатты әлсіреген, ішінен де бүлініп, ыдырау алдында тұрған қағандықтың ірі орт. Саркелді Святослав 965 ж. басып алып, қала мұнан кейін орыс жылнамаларында Белая Вежа аталды. Мемлекет дербестігінен айрылды. Ислам дінін қабылдап, Хорезмнен көмек сұрауға бағытталған әрекет нәтиже бермеді. Бірте-бірте шығыстан келген құман (половец) тайпалары хазар жерін толығынан иемденді. 11 ғ-дың 2-жартысында деректерде соңғы рет аты аталған хазарлар жекелеген топтар болып құмандарға, славяндарға, т.б. сіңіп кетті. Зерттеушілер Х. қ-н Ғұн мемлекетінің мұрагері деп санайды. Бірақ ғұндар мен хазарлардың байланысы дәйекті түрде зерттелмеген. Көптеген ғалымдар Х. қ. Шығыс Еуропа халықтары үшін көп жағдайда “қалқан” қызметін атқарды деп бағалайды. Мұндай пайымдаулар бойынша хазарлар араб халифатының Дербент арқылы Шығыс Еуропаға бағытталған экспансиясын тоқтатқан және шығыстан ағылған түркі көшпелілерін ұзақ уақыт тежеп тұруы арқылы шығыс славян тайпаларының үлкен аумақтарды иемденіп, іргесін көтеріп алуына жағдай жасаған. 

27. Хазар қағанаты және арабтар: сыртқы саяси, әлеуметтік және діни  мәселелер. Ерте заманда Хазария елінің болғанын тарихтан білеміз. Сол ел өзге діндерге басымдық береміз деп, «аққу көкке, шортан көлге, шаян жерге тартып», соңында ел ретінде жер бетінен жойылып кеткен екен. Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып, Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады.  Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады. ІХ ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал Х ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған. Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Сол көлдердегі балықтар семіз болып келіп, оларды хазарлар өз майына қуырады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста - балық, жазда - бидай жинады.  Сегізінші ғасырда Хазар қағанаты мен Византия арасында тығыз қарым-қатынас орнауы христиандықтың таралуына қолайлы жағдай тудырды. Хазар қағанаты жерінде митрополия – діни орталық ашылып, жеті эпархия пайда болды. VІІІ ғасырдың ақыры мен ІХ ғасыр басында қағанаттың тізгінін ұстаған Обадия иудаизмді мемлекеттік дін деп жариялады. 735 жылы Каспий жағынан басып кірген арабтар Хазар қағанатының әскерін қиратып жеңеді. Осыдан кейін қаған мен оның төңірегіндегілер мұсылман дінін қабылдайды.

28. Хазар тайпалық бірлестігінің құрылуын көрсетіңіз. Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, олар өз елдерін құрды. Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып, Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады.  Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады. Хазарлар — ортағасырлық түркі тілді халық. Мамандардың есептеуінше Шығыс Еуропада 4 ғ-да ғұн шапқыншылығынан кейін пайда болған. 6 ғ-дың 60-жылдары Батыс Түрік қағандығына бағынды. Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін Солт. Кавказ бен Қара т. жағалауында 7 ғ-дың ортасына қарай Хазар қағандығын құрды. 8 — 9 ғ-ларда Шығыс Еуропада жетекші мемлекет құрған Хазарлар 10 ғ-дан бастап өз ішінде жікшілдікке ұшырап, әлсіреп кетті. Осыны пайдаланған көршілес Киев Русі мен басқа да түркі тілдес ұлыстар (оғызпеченег, т.б.) тарапынан шапқыншылыққа ұшырап, 10 ғ-дың соңына қарай, тарих сахнасынан мүлдем жойылды. Мемлекеттілік жойылғаннан кейін жергілікті тайпалар басқа көшпелі түркі халықтарына сіңіп кетті. Хазарлар құрамында түркі тектес халықтардың, әсіресе, Кіші жүз тайпаларының аты (мыс., керейт, беріш, т.б.) жиі ұшырасады. Араб жиһангезі әл-Масуди Х-дыңмұсылманхристиан, иудей дінін қатар ұстанғанын жазған. Белгілі тарихшы М.И. Артамонов Хазар жеріне 8 ғ-дың басында, 9 ғ-дың орта шенінде Византия, араб миссионерлері христианислам дінін енгізуге әрекеттенгенімен, қағандықты басқарған хазар нәсілі Обадия иудашылдықты мемл. дін ретінде жариялағанын дәлелдеді. Жалпы -Хазарлардың этн. құрамы жөнінде тарихта әр алуан пікірлер қалыптасқан. Иудаға табынушы ел билеушілерінің мұсылман, христиан дініндегі, сондай-ақ тәңіршілдікті тұтынған бұқара халықтан оқшау өмір сүруінің, басқару тетіктерін пайдалана алмауының салдарынан мемлекет ішінде этн.-діни алауыздық өршіп, тұрақсыздық ахуалы белең алған.

29. Селжұқтар мемлекетінің Еуропаға ықпалын көрсетіңіз. Түрік-селжұқтар қалыптасқан Византия империясының территориясы ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың көз алартушыларын өзіне тартқандығы белгілі. Бұған басты себеп Византияның территориялық жағдайы еді. Византия тұрған жер ежелден Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған «Алтын көпір» болатын. Еуропалық державаларға жортуыл жасай жүздеген жылдар бойы барлық мемлекеттерді қырығы және ержүрек болуға мәжбүр етті; олар бұл жерді мекен еткендердің ортақ мүддеге бірігуіне жол бермеді, — мейірімді аз, ал зұлымдылығына шек болмады, — Еуропаның жерұйық жерін шөл қуарты, ал бір кездегі ғұлама грек жұртын басыбайлы құлға, азғындалған тағыларға айналдырды. Қасиетсіз түріктер өнердің қаншама туындыларын бүлдірді десеңші! Көзі жойылған мұрағатардың көптігі сонша, енді оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Түрік- селжұқтардың Кіші Азияда өз мемлекетін қалыптастыруы бір жақты ғана көрсетіледі. Түрік- селжұқтардың крестілермен қақтығыстары өте үстіртін, салғырт түрде берілген. Кеңес үкіметі тұсында шыққан «Орта ғасырлар тарихы » (мектеп оқулығы ) селжұқтардың Герман-Франк біріккен қолын Кіші Азияда тас-талқан еткендігі жөнінде (ІІ крестілер жорығы) ештене айтпайды. [4, 12] Бұған себеп біріншіден — ғасырлар бойы өзара жауласқан Батыс мемлекеттері үшін Византия территориясында мұсылман мемлекетінің қалыптасуы қауіпті де, қатерлі де болып саналады. Екіншіден — Шығыс пен Батысты жалғастырған Жібек жолы бойындағы селжұқ мемлекеті Еуропа экономикасына сауда қатынасының үзілуіне байланысты кері әсерін тигізетін. Үшіншіден — Рим Католик шіркеуі мен Константинополь православие шіркеуі арасындағы бәсекелестікке байланысты Рим Папасы қандай жолмен болсын Константинополь патриархын өзіне қаратуды мақсат еткен еді. Төртіншіден – түрік әскерінің Балқан түбегінде славян жерлерін өзіне қаратуы Розсип тарихшыарының түріктерге деген кері көзқарас туғызуына әсер етті. Еуропалықтарға мұсылман әлемін бағындыруға болмағандықтан Діні бөлек мөнғолдарды миссионер – елшілер арқылы өздеріне тартпақ болды. Алғашқы орыс византиятанушының бірі, Петербург университетінің профессоры В.Г. Васильевский (1838 – 99) «Византийский временник» журналының редакторы боп жүрген кезде түрік – селжұқ (Рум сұлтанының) мемлекетінің Византия территориясында қалыптасуын Орта азиядан шыққан түркі халықтарының әскери өнерді жете меңгерген және феодалдық тәртіптің күштілігімен байланыстырады десе, Мәскеу университетінің оқытушысы П.Н.Кудрявцев ( 1816 – 1858) түрік – селжұқтардың Кіші Азияға келуі Византия империясының өзара феодалдық қырқыстар мен билікке талас әсерінен әлсіреу уақытына сәйкес келеді деп есептеді.

30. Қыпшақтар туралы  тарихи зерттеулерге сипаттама жасаңыз. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Араб географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында». Екі қыпшақ хандықтарында да хандық тақ бір ханнан екіншісіне мұрагерлік бойынша, әкеден балаға көшіп отырды. Қыпшақ хандарының билігі туралы тарихи жәдігерліктерде мынандай деректер сақталған: "Жас кезінде қазақ сондай ақсүйектерімен жақын қатынастары болды. Олар бірге соғысты және қыз алысып, қыз берісті, яғни туысқан болып кеткендер. Мысалы, көптеген қыпшақтар Хорезмшахтың сарайында және оның әскерлерінде қызмет етті. Қыпшақтар мен Хорезмшахтың әскерлері бірігіп, бірнеше шайқастарда қарақытайларды ұрып алады. Қыпшақтар              және олардың Хорезм мемлекетімен қарым-қатынастары мәселесі    турасында алғашқы зерттеулер ХҮІІІ ғасырда орын алды. Әлбетте, бұл проблемада орыс зерттеушілері алғашқылардың бірі болып көңіл           аударды. Олардың қатарында В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин, С.М. Соловеьев, В.Г. Василевский, П.В. Голубовский сынды тарихшылар мен ориенталистер (шығыстанушылар деген мағына береді, яғни шығыс халықтарының        тарихын зерттеушілерді осылай атаған) болды. Аталған зерттеушілер қыпшақтардың (половецтердің) тарихын Киев Русінің тарихымен             тікелей саяси, экономикалық, этникалық, мәдени байланысы тұрғысынан қарастырып, сонымен қатар олардың басқа да халықтармен байланысын зерттеді. Әлбетте, соның ішінде Қыпшақ-Хорезм қатынастары да олардың назарынан тыс қалмады. Н.М. Карамзин қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысына назар аударды. 1884 жылы П.В. Голубовскийдің «Печенеги, тюрки и половцы                  до нашествие татар» деген еңбегінің маңызы орасан [3].  Оның бұл           зерттеуі қазіргі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ және осы            мәселеге қалам тартқан тарихшыларға бағыт-бағдар ретінде танылды.     Еңбекте мынадай мәселелер қарастырылған: бірінші, орыстар мен       половецтер арасындағы әскери қақтығыстар. Бұнда автор көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан «жабайы көшпенділер»                тек тонаушылық мақсатта соғыстар жүргізген деген көзқарастан бойын         аулақ ұстап, мәселеге кәсіби және өркениеттілік тұрғысынан келген.    Сонымен қатар, екі елдің арасында да бейбіт қатынастар болып,        нәтижесінде сауда және мәдени, елшілік, неке байланыстары жүзеге асқандығын алғашқылардың бірі болып дәлелдейді. Екінші, моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қыпшақтар мен Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен арадағы саяси, экономикалық, мәдени қатынастарына  бірашама  көңіл бөледі.

31. Қыпшақ тайпаларының әлем тарихындағы  рөлі. «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректеріне қыпшақтар тұңғыш  рет   араб географы  Ибн Хордабехтің (ХІғ.) жылнамалық  жағынан  VIII ғ. жататын, түрік  тайпаларының  тізімінде көрсетіледі.656 ж. Батыс  түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғ. соңында оларды қимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. IX—X ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақтар қимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді. XI ғ. басында Кимек қағанаты тарағаннан кейін, қимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді    қимыл-әрекеттерге    кірісіп,    Орта Азия және Оңтүстік- Шығыс Еуропа мсмлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі. XI ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз жабғысын Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуалап жібереді. Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. Екінші ширегінін, бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болады. Маңғыстау мен  оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетіп барады. XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжи бастайды. Батысқа қарай жылжып өрлеген сайын кумандар тайпаларының қалың жұрты бірінші болып, Шығыс Еуропаның әсіресе орыс, Византия, Венгрия халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.

32.  Қыпшақ хандығы және Еуропа мемлекеттері: саяси, әлеуметтік, экономикалық   байланыстар және этникалық  әрекеттесулер. «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі.XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.Аймақтағы этникалық саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші жартысында жазба деректерде бұрын осы жерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті- қыпшақ аты пайда болды.Ертістен Днестірге дейінгі бүкіл территорияны алып жатқан Дешті-қыпшақтың тарихи географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлестікке бөлуге болады: басында тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетін, Орта азиядағы Хорезм шахтар және Қарахандар әулетімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген. XI ғ. бірінші жартысында буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың обьективті себебіне айналды.XI ғасырдың басында Кимек қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы.Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген кез XI ғасырдың ортасы.Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру-ел бөрілі деп аталынған. Махмұд Қашқаридің айтуына қарағанда, XI-XIII ғғ басындағы қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы Абар хан болған екен (Табар). Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен армиясын басқарған ханның басқару апараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты Ордасымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат-ордасымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.Билеуші ақсүйек топтарының (хандар, тархандар, басқақтар, югурлар, бектер мен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай болінген. Орталық Азиянын көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпаладың қатаң иерархиясы қоғамдық және тайпалардың қатаң негізгі принципі болды.

33. Оғыздар мен селжұқтардың Батысқа қарай жылжуы. Оғыздар түркі халықтарының ішіндегі өсіп-өнген мол тармағы еді. Сондай-ақ ұзына тарих бойында саяси тұрғыдан да, мәдени тұрғыдан да аса маңызды рөл ойнаған бір тармағы болатын. Оғыздар печенегтерді ығыстырып жіберген соң олардың орнын нық басып тұрақтады да, мұсылман дінін қабылдап, әйгілі Селжук мемлекетін құрды. Османлыларды өз ішіне алғанда күллі орта шығыс пен Анадолыда бой көтерген мемлекеттер мен бекеттердің бір, екеуін айтпағанда барлығын дерлік оғыздар құрғандығы белгілі. Оғыздардың Балқанға кіруі және соңғы шоғы. Арал мен Хазар аймағында тұрып жатқан оғыздардың бір бөлігі солтүстіктегі қыпшақтардың қысымымен батысқа үдере көшуге мәжбүр болды. Осы Оғыздар тобы тоқтаусыз ілгерілей отырып, Дунай жағалауына және ол жерден Балқан өңіріне жетіп тоқтады. Тракия мен Македонияны жаулап-талады.  Оғыздардың аман қалған азын-аулақ бөлігі Балқан мен Македонияға жетіп орнықты. Бірақ уақыт өте келе олар да бөтен халықтар арасында елдігін сақтап қала алмай бүтіндей сіңісіп кетті. Оғыздың ХІ-ХІІІ ғасырларда Закавказье мен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауыз халықтарының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Хазар қағандығының құлауы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себепші болды. 10 ғасырдың аяғында оғыз жабғулары Киев князьдарымен біріге отырып, Еділ бұлғарларын күйрете жеңді. Бірақ 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде ішкі саяси-әлеуметтік қайшылықтар туып,  әлсірей бастады. Бұл жағдайды Жент маңына 10 ғасырдың орта кезінде келіп қоныстанған салжұқтар пайдаланды. Салжұқтар Жент қаласын  басып алғанымен, ұзақ уақыт ұстап тұра алмай, кетуге мәжбүр болды. Көп ұзамай оғыздар қайта күшейіп, 1041 жылы Хорезмді басып алады. Алайда 2 жылдан кейін оғыз жабғуларының соңғысы Шәһмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтарға қарсы ұзақ жылдар жүргізілген соқтығыстар ме қақтығыстар Оғыз мемлекетін іштей әлсіретіп, ол қыпшақ тайпаларының соққысынан бір жолата құлады. Оғыздардың бір бөлігі Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауренахрдағы Қарахан әулетінің және Хорасандағы салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Қалғандары 11 ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына бірте-бірте сіңісіп кетті.

34.  Оғыздар мен селжұқтардың Кіші Азиядағы саяси әрекеттерін сипаттаңыз. Оғыздар түркі халықтарының ішіндегі өсіп-өнген мол тармағы еді. Сондай-ақ ұзына тарих бойында саяси тұрғыдан да, мәдени тұрғыдан да аса маңызды рөл ойнаған бір тармағы болатын. Оғыздар печенегтерді ығыстырып жіберген соң олардың орнын нық басып тұрақтады да, мұсылман дінін қабылдап, әйгілі Селжук мемлекетін құрды. Османлыларды өз ішіне алғанда күллі орта шығыс пен Анадолыда бой көтерген мемлекеттер мен бекеттердің бір, екеуін айтпағанда барлығын дерлік оғыздар құрғандығы белгілі. Оғыздардың Балқанға кіруі және соңғы шоғы. Арал мен Хазар аймағында тұрып жатқан оғыздардың бір бөлігі солтүстіктегі қыпшақтардың қысымымен батысқа үдере көшуге мәжбүр болды. Осы Оғыздар тобы тоқтаусыз ілгерілей отырып, Дунай жағалауына және ол жерден Балқан өңіріне жетіп тоқтады. Тракия мен Македонияны жаулап-талады.  Оғыздардың аман қалған азын-аулақ бөлігі Балқан мен Македонияға жетіп орнықты. Бірақ уақыт өте келе олар да бөтен халықтар арасында елдігін сақтап қала алмай бүтіндей сіңісіп кетті. Оғыздың ХІ-ХІІІ ғасырларда Закавказье мен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауыз халықтарының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Хазар қағандығының құлауы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себепші болды. 10 ғасырдың аяғында оғыз жабғулары Киев князьдарымен біріге отырып, Еділ бұлғарларын күйрете жеңді. Бірақ 11 ғасырдың басында Оғыз мемлекетінде ішкі саяси-әлеуметтік қайшылықтар туып,  әлсірей бастады. Бұл жағдайды Жент маңына 10 ғасырдың орта кезінде келіп қоныстанған салжұқтар пайдаланды. Салжұқтар Жент қаласын  басып алғанымен, ұзақ уақыт ұстап тұра алмай, кетуге мәжбүр болды. Көп ұзамай оғыздар қайта күшейіп, 1041 жылы Хорезмді басып алады. Алайда 2 жылдан кейін оғыз жабғуларының соңғысы Шәһмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтарға қарсы ұзақ жылдар жүргізілген соқтығыстар ме қақтығыстар Оғыз мемлекетін іштей әлсіретіп, ол қыпшақ тайпаларының соққысынан бір жолата құлады. Оғыздардың бір бөлігі Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауренахрдағы Қарахан әулетінің және Хорасандағы салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Қалғандары 11 ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына бірте-бірте сіңісіп кетті.

 

35.  Түркі тайпаларының Еуропаға Ислам дінін таратудағы  ролі. Мұсылман ғалымдары Ежелгі Грекия ілімін сақтады, әрі күшейтті, қазіргі заманғы ғылымның, медицинаның, астро-номия мен кеме жүргізу ілімінің негізін салды, бүгінгі мәдени жетістіктерге бастау берді. Мұсылман әлемі алдындағы бұл қарыздың қашан болсын толықтай өтелуі неғайбыл. Керісінше, бұл заманда мұсылмандар сенімсіз, қатал, әрі лаңкес деген атаулардан арыла алмай келеді». Еуропа тарихынан мұсыл-ман іздерін жою үрдісі еуро-палықтардың Исламның ғылыми мұрасын меңгеріп, үлкен күшке айналуынан кейін басталып, олар бұған дейін өзінің оқытушысы, әрі тәлімгері болған мұсылмандарға қарсы бой көтеруге шықты. Еуропа шіркеулері мен билеушілері тарих бетіне батыстың Жандануы өзіндік талпыныс нәтижесінде жасалды, оған ешқандай және ешқашан басқа өркениет әсері болған емес деген пікірді қалдырғысы келді. 
Жоғарыда айтып өткен Уоллес-Мэрфи кітабының соң-ғы тарауында былай дейді: «Тарихқа көз жүгіртер болсаң, еуропалық мәдениеттің мұсылман әлемі алдында қарыздар екенін көресің. Бұл – теңдессіз үлкен қарыз. Мұсылмандар мен еуропалықтар арасындағы мәдени және ғылыми ауыс-түйіс бірнеше ғасыр бойына үздіксіз жалғасты. Қайта өрлеу таңы ата бастаған шақта христиандық Еуропа халықтары шығыс киімін киетін болды, араб әндерін шырқап, испандық мұсылмандардың философиялық туындыларын оқыған.  Бүгінде мұсылман өркениетінің орта-ғасырлық Еуропаға қандай терең ықпал еткендігі ашық айтыла бастады. Төменде соған қатысты кейбір деректерге тоқталып өтпекпіз. Еуропаға араб сандары мен санау жүйесінің келуі еуропалықтардың математика, алгебра, геометрия салаларын-дағы танымына күрт өзгеріс әкеліп, соның негізінде бүгінгі Еуропаның білім беру жүйесі, сәулет өнері, сауда-саттығы, экономикасы мен басқа да өндірісі гүлденіп шыға келді. Одан басқа, мұсылмандар Еуорпаға дін қағидаларын таныстырып, оқу мен білімге, батырлық пен бауырластыққа деген құрметті үйретті.  Грэхэм мұсылман ойшылдарының, ақындары мен ғалымдарының Еуропа Қайта өрлеуіне негіз салғанын жазады. Ол мұсылман ғалымдарының, мысалы, андалусиялық философ Ибн Рушдтың (Аверроэс) фило-софиялық тұжырымдарының еуропалық университеттерге қалайша тамыр жайғанын, ортодоксальді шіркеудің қате, әрі сірескен діни қағидаларын жоққа шығарып, Еуропа қоғамында жаңа ғылыми әдіснама жолын салғандығы жайында мысалдар келтірген. 

36.  Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды.
Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.
Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.

37.  Алтын Орда хандарының Еуропаға ықпалы Алтын Орданың орталық аймағы - Еділ бойы (қазіргі Саратовтан Астраханьға дейін ) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид), негізгі әскери күші - қыпшақтар. Астана Сарай Бату дан Сарай Беркеге көшірілді де, кейін Сарайшық қаласы Кіші Астана болды.  Алтын Орда өзін билеген хандары –  Батый 1241-1256;  Берке -1257-1266;  Мөңке-Темір-1266-1280;  Төде-Мөңке-1280-1287;  Төле-Бұқа -1287-1291 жж,  Тоқа-1291-1312 жж;  Өзбек-1312-1342;  Жәнібек-1343-1357жж.

күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Монғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада - оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды. 1380 ж. Алтын Орда ханы Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Ноғай Ордасына арқа сүйеп, Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, «Куликово даласы» деп аталатын жерде Қырым ханы 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскері жеңіліске ұшырады. Оның үстіне 14 ң. Соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан Бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары империядан толық тәуелсіздігін алды. 
Сол шамада бірінен соң бірі Қазан, Қырым, Астрахань, Ноғай, Көшпелі Өзбек, Қазақ, Сібір хандықтары құрылды. Ал Шағатай ұлысының орнына Моғолстан мемлекепті құрылған болатын. Ол да Ақсақ Темір шабуылдарынан әліреп, одан соң солтүстігіндегі ойрат-жоңғарлардың шабуылынан тыным көрмей, ыдырап тынды. Осылардың ішінде Жошы ұлысының орнына келген және далалық дәстүрлерді сақтап қалған ең ірі мемлекет соның ішінде Қазақ хандығы болды. Кейін 16 ғасырда Қазақ хандығы Алтайдан Еділге дейінгі жерлерді иемденіп, бұрынғы Жошы ұлысының жеріне иелік етіп қалды. 

38. 16-17 ғ.ғ.Ресейдегі түркі халықтарын генеологиялық жағынан көрсетіңіз. Башқұрттар — Башқортостан Республикасының байырғы халқы, түркі халықтарының бірі. Ресейдің ЧелябіҚорғанОрынбор,ПермьСвердловСаратов облыстарында, шағын тобы Қазақстан мен Орта Азияда да тұрады. XVI ғ-дың орта кезінен Башқұрттар Ресей ипериясының отарына айналды. Башқұрттар әскери қызметке, алтын кен орындарына жұмысқа тартылды. Татарлар – түркі тілдес ұлт , Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан Республикасының байырғы тұрғындары. Татарлардың жалпы саны жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар. Татар этнонимі Байкалдың оңт.-шығыс жағын мекендеген көшпелі түркі-моңғол тайпаларының арасында 5 – 9 ғ-ларда белгілі болған. 13 ғ-да моңғол шапқыншылығы кезінде Татарлар Еуропаға еніп, 13 – 14 ғ-ларда олардың шағын тобы Алтын Орда құрамындағы түркі халықтарына сіңіп кетті. 16 – 19 ғ-лардағы орыс жазбаларында КавказдыЕділ мен Оралөңірін, Орт. Азияны мекендеген түркі тайпалары Татарлар деп жалпылама аталып келген. Ертеректе Еділ бойы Татарлары өздерін болгәр, қазан кешесе, қазанлы деп әрқалай атаған. 20 ғ-ға дейін марилер Қазан Татарларын сюас деп, удмурттар бигер деп, қазақтар ноғай деп атаған. Қырым татарлары - Орыс империясының құрамында өте көп теперіш көрген халықтың бірі осы қандастарымыз еді. Отанынан бір айырылып, жерінен тағы айырылған және әлі күнге дейін елі мен жері үшін тегеурінді күресіп келе жатқан халықтардың бірі — қырым татарлары. Әуелі қырым татар этнониміне тоқталып өтсек. Қарап отырсақ, татар халқы деп аталатын түркі баласы көп. Өз атауы қырымлы, негізінен Украинаның Қырым автономиялық республикасында тұрады. Қырымда тұратын қырым татарларының саны шамамен 300 000 төңірегінде.  Ноғайлар - түркі тілдес, Еуразияның халықтарынын бірі. Ноғай тілі түркі тілдері тобының,қыпшақ-ноғай немесе қазақ-ноғай тармағына жатады. XV ғасырдың басында Ноғай Ордасы ыдырай  бастайды. 1550 жылдардың ортасында Қазан, Астрахан хандықтарының Ресейге қосылуына байланысты Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінеді. Оның ыдырау  кезінде халқының кейбір бөліктері Кіші жүз қазақтарының құрамына қосылады. Ноғай ордасында бас билікті князь иеленді, негізгі бұқарасы «ұлыс адамдары» немесе «қара халық» деп аталды. Ұлыстарды шонжар қауымынан шыққан ақсүйек мырзалар басқарды. Ресей Қазан мен Астрахан хандықтары халқының едәуір бөлігін қырып жіберіп, қалғандарын өзіне күштеп қосып алғаннан кейін, XVІ ғасырдың екінші жартысында Ноғай ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестерге ыдырап кетті. Яғни, алдыңғы Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Ембі өзенінің бойында Алты ұлыс ордасы қалыптасып құрылды. Белді де беделді ноғай Исмаил мырзаның қарамағындағы сан түрлі тайпалар неді Үлкен Ноғай ордасына бірігіп, 1557 жылы Ресей мемлекетіне осы мемлекеттік бірлестіктер өзінің бодан екендігін  ресми түрде мойындады.

39. Осман түркі мемлекетінің құрылуы. XI ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік Осман империясы құрыла бастады. XI ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғрыл-бек Хорезмді, Иранды, Әзірбайжанды, Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды. Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрды. Монғолдар шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258-1326) қалаған еді. XIV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352-1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполь және бірқатар калаларын басып алады. Бұдан кейін осман түріктері Балкан түбегінде тұрып жатқан оңтүстік славян тайпаларынан құрылған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетіне қарсы соғыс бастайды. 1363 жылы сұлтан I Мұрад Андрионопольды алады да, өз астанасын сонда көшіреді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналады. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді. 1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасайды. Шешүші ұрыс 15 маусымда Косово даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны I Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич I Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтіріледі. Балқан түбегін бағындыру I Мұрадтың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдырым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгардың Тырнова патшалығын бағындырады. Балқан түбегіндегі славяндар айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды. Содан соң түріктер Византия мемлекетінін; астанасы Константинопольге жорық бастайды. 1453 жылы сәуірдің басында II Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алады. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин XI Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза табады. Константинопольдің құлауы Византия империясының өмір сүруін тоқтатты. Константинополь Стамбул (Истанбул) атымен Осман империясының астанасына айналдырылды. Түркия Осман империясы болып жарияланады. Осман түріктері XIV-XVII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды.

 

40. Осман мемлекетінің әкімшілік және әскери басқару формасы. Түрік иелігіне қараған халықтар өз қожаларына тікелей тәуелді болды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін әкімшілік-басқару жағынан санжакқа (облыстарға) бөлді. Санжактарды түрік сұлтаны тағайындаған бейлер басқарды. Балқан түбегіндегі жер түрік сұлтанының иелігіне көшті. Түрік жерінен шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды. Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдык құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. I Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжактарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді. Осман империясында coт жуйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін - шейх-уль-ислам жүргізді. Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды: 1) Рухани феодалдар; 2) Әскери феодал; 3) Көпестер мен қала тұрғындары; 4) Шаруалар. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды. Түркияда жер мемлекет меншігі саналды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Олар сұлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір оскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен шенеуніктер неғұрлым ірі лендерді - хассаларды алып отырды. Халықтың ендігі бір бөлігі - феодалдық тәуелді шаруалар өздерінің жер үлестерін мүрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды. Балқан түбегіндегі халықтарға өте ауыр мемлекеттік салықтар салынды. Жер салығы – харадж енгізілді. 5 - 7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді. Харадж салығы кәпірлерге (христиан дініндегі адамдарға) салынатын салық еді. Үшір салығы - өнімнің түсімінен алынатын салық (оннан бірі) түріне жатты. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Ислам дінін қабылдағандарға жеңілдіктер жасалды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балкан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық құреске шығып отырды.

 

 

 




1. тема нацелена на глубокое исследование конкретной научной проблемы широкая ~ на исследование ряда смежных п
2. Сказание о Сиавуше
3. Форс-мажорные обстоятельства в условиях кризиса
4. на тему- Біографія М
5. bbinte i verbi lle espressioni fre il giornle in Internet un fest leggere il pino un giro in bici scrivere uno strumento sport giocre un concerto
6.  Учет рабочего времени
7. Правовое регулирование службы судебных приставов
8. обратимые нарушения нервной деятельности проявляющиеся эмоциональными вегетативными диссомническими ра
9. Образ Петра I в романе АН Толстого Петр I
10. Продажи Pirect. Наиболее распространенное средство поддержания деловых отношений с Россией посредством прям
11. ТЕМА СИСТЕМ. УРОВНИ ЯЗЫКА Уровни языка Основные ед
12. на тему- ldquo; Способи та методи формування творчого мислення у дітей шкільного віку на прикладі досвіду пе
13. Monet, Claude
14. Нелинейные САУ
15. Реферат- Новые гипотезы о романских бронзовых воротах Софийского кафедрального собора в Новгороде
16. РЕФЕРАТ1
17. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук.html
18.  Кредитные картыПетя Клюшкин получает 30 тысяч рублей в месяц
19. непосредственное действие огня на горящий предмет горение; дистанционное воздействие на предметы и объек
20. по первой части психологии ПСИХОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ Психология обучения и воспитания Пс