Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра Химия
Химия пәні бойынша зертханалық жұмыстарды жасау әдістемесі
Мамандықтары 5В070200- Автоматтандыру және басқару мамандығының
студенттеріне арналған
Астана 2013
7
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Зертханада жұмыс жасау ережелері және
бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Мақсаты: Зертханада жұмыс жасау ережелерімен, химиялық
аспаптармен, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының алыну
жолдарымен танысу, арнайы таразымен жұмыс істеуге дағдылану;
Жоспары:
I Теориялық сұрақтар
1.1 Химия пәні
1.2Жай және күрделі заттар
1.3Оксидтер, олардың алынуы және химиялық қасиеттері
1.4Қышқылдар және негіздер, олардың алынуы мен химиялық
қасиеттері
1.5Тұздар, олардың алынуы және химиялық қасиеттері
Химия зертханасында жұмыс істегенде келесі ережелер сақталу қажет:
Реактивтер жӘне олармен жұмыс жасау тӘртібі.
Зертханалық жұмысты орындау үшін лабораторияда реактивтердің белгілі бір артық мөлшері болу керек, яғни, бір бөлігі лабораториялық столда, екінші бөлігі шкафта.
Тазалығы жағынан реактивтер химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т.) болып бөлінеді.
Реактивтерді қолданғанда олардың негізгі қасиеттерін білу қажет: отқа қауіптілігі, улылығы, басқа реактивтермен қопарылыс түзуі.
Ерітінділер және құрғақ реактивтер қақпағы шыны немесе резинадан жасалған шыны ыдыстарда сақталады. Әрбір ыдыста реактивтің аты мен сапасы көрсетілген этикеткасы болу керек. Егер этикеткасы болмаса ол реактивті оқытушының рұқсатынсыз қолдануға болмайды.
Реактивтерді қолданғанда келесі ережелерді сақтау қажет.
Зертханада жұмыс істегенде қауіпсіздік
техникасының ережелері.
1-сурет 2- сурет
Зертханалық жұмыс2
Химиялық ыдыстар жӘне олармен жұмыс істеу тӘртібі.
Химиялық тәжірибелердің көпшілігі өте жұқа шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Бұндай шынылар кәдімгі шыныға қарағанда температураның тез ауытқып кетуіне төзімді келеді. Өте көп қолданылатын ыдыстарға жататындар:
шыныдан жасалған сынауық, стакан, колбалар (Вюрц, конус тәрізді, түбі дөңгелек, түбі жалпақ колбалар) мен реторталар. Сонымен қатар шыны ыдысқа кристаллизаторлар, әр түрлі воронкалар немесе құйғылар, сағат шынысы, аллонж жатады. (3-сурет).
7 3-сурет
1- сынауық, 2- колба,3- құйғы, 4- стакан, 5-тамшуыр, 6- склянка, 7- отбақыраш
Ірі кристалл заттарды еріту алдында оларды ұнтақ күйге дейін үгітеді. Ол үшін фарфордан,шыныдан, металдан жасалған табақшалар мен келішелер қолданылады. (4-сурет)
1 2 3
4-сурет
1-шыны, 2- фарфор,3- металл үгіткіштер
. Күйдіргіш сілтілерді және күшті улы заттарды үгіту үшін бетке маска мен респиратор, ал қолға- резина қолғап киеді. Өте улы заттарды ауа сорғыш шкафта жүргізеді. Еріткіштердің көлемдері өлшеуіш цилиндрлар мен мензуркалар (5-сурет) арқылы өлшеніп алынады және миллилитрмен (мл) өрнектеледі. Еріткіш пен затты стаканға салғаннан кейін шыны таяқшамен араластырады. Бұл процесті тездету үшін ерітіндіні қыздырады(6-сурет). Сулы ерітінділер дайындау үшін міндетті түрде дистильденген су пайдаланылады.
5-сурет 6- сурет
Өлшеуіш ыдыстар Қатты заттардың суда еруі
Зертханалық жұмыс-3
БОР, АЛЮМИНИЙ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Мақсаты: Бор, алюминий және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерімен танысу. Теориялық түсінік: Бордың қасиеттері. Бор екі жай зат аморфты және кристалды түрінде кездеседі: Аморфты бор қара қоңыр түсті, ұнтақ зат. Кристалды бор қызылқоңыр түсті кристалл. Химиялық қасиеттері жағынан бордың металл еместік қасиеті басым. Ол көміртегі мен кремний сияқты әрі тотықсыздандырғыштық, әрі тотықтырғыштық қасиеттер көрсетеді. Қосылыстардағы оның тотығу дәрежесі 3+. Бор бейметалдар сияқты металдармен, әсіресе, сілтілік және сілтілік жер металдармен әрекеттесіп боридтер түзеді, мысалы: 3Mg + 2B = Mg3B2 Магний боридіне тҧз қышқылымен әсер ету арқылы әр тҥрлі құрамдағы борсутектерін В2Н6, В4Н10 т. б. алады: Mg3B2 + 6HCl = 3 MgCl2 + B2H6 Борсутектер тұрақсыз қосылыстар олар ауада үздігінен тұтанып бор оксиді мен су түзеді және көп жылу бөліп шығарады: B2H6 + 3O2 = B2O3 + 3H2O ΔH = - 2035 кДж Бор көптеген бейметалдармен әрекеттеседі. Ол қалыпты температурада тек фтормен реакцияласады: 2B + 3F2 = 2BF3 Ауада қыздырғанда (7000С дейін) бор оттегімен әрекеттесіп бор оксидін түзеді: 4В + 3О2 = 2В2О3 Бор металдармен қосылысқанда ковалентті немесе ионды, ал бейметалдармен тек ковалентті байланыс арқылы қосылысады. Қалыпты температурада борға су әсер етпейді, бірақ қыздырғанда металдар сияқты судан сутегін ығыстырады: В + 6Н2О = 2HBO3 + 3H2 Бор тҧз қышқылымен және сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттеспейді, бірақ ол тотықтырғыш қышқылдарда, азот қышқылында және концентрлі кҥкірт қышқылында еріп ортабор қышқылына айналады: В + 3HNO3 = H3BO3 + 3NO2 2B + 3H2SO4 = 2H3BO3 + 3SO2 Борды ауада сілтілермен қосып балқытқанда тотығып метабор қышқылының тұздарына айналады: 4B + 3O2 + 4NaOH = 4NaBO2 + 2H2O Алюминийдің қасиеттері. Алюминий күмістей ақ тҥсті металл. Ол жеңіл металдарға жатады, жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді, суықтай және ыстықтай өңдеуге икемді.
25
Химиялық қасиеттері жағынан алюминий өте актив металдардың қатарына жатады. Қалыпты температурада ол галогендермен әрекеттесіп галидтер түзеді, мысалы, 2Al + 3Cl2 = 2AlCl3 Алюминий ауада өзгермейді, оның себебі металдың бетінде өте тығыз, берік алюминий оксидінің қабаты түзіледі де оны ары қарай тотығудан сақтайды. ұсақталған алюминийді қыздырғанда ауадағы оттегімен қуатты әрекеттесіп алюминий оксидін түзеді және жылу көп бөлініп шығады. 4Al + 3O2 = 2Al2O3 ΔH = -1670 кДж Алюминийді өте қатты қыздырғанда (800 10000С) күкіртпен, азотпен әрекеттесіп, сәйкес алюминий сульфидін, нитридін түзеді: 2Al + 3S = Al2S3 2Al + N2 = 2AlN өте жоғары температурада (20000С) алюминий көміртегімен әрекеттесіп алюминий карбидін түзеді. 4Al + 3C = Al4C3 Түзілген алюминий карбиді сумен әрекеттесіп (гидролизденіп), көмірсутектердің қарапайым өкілі метанды бөліп шығарады: Al4C3 + 12H2O = 4Al(OH)3 + 3CH4 Алюминий сутегімен тікелей әрекеттеспейді, ал оның гидридін басқа әдіспен алуға болады, ол ақ түсті аморфты зат. Алюминийдің стандартты электродтық потенциалының мәні теріс (-1,67 В) болғанымен ол суда өзгермейді, өйткені оның сыртындағы оксид қабаты металды еруден сақтап тұрады. Оксидтен тазартылған алюминий сумен қуатты тҥрде әрекеттесіп, сутегін ығыстырып шығарады: 2Al + 6H2O = 2Al(OH)3 + 3H2 Алюминий амфотерлі болғандықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесіп тиісті тұздар түзеді және сутегі бөліп шығарады. 2Al + 6HCl = 2AlCl3 + 3H2 2Al + 6KOH + 6H2O = 2K3[Al(OH)6] + 3H2 Соңғы реакцияның нәтижесінде түзілген комплекс қосылысы калийдің гексагидроксо алюминатында (ІІІ) алюминий анионның құрамында болады. Сыртында қорғаныш қабаты түзілгендіктен, алюминий суық азот қышқылында және концентрлі күкірт қышқылында пассивтеледі, яғни ары қарай әрекеттеспейді. ұнтақталған алюминий мен ауыр металдың ұсақталған оксидтерінің қоспасын жаққанда металдар иондарынан тотықсызданады және реакция нәтижесінде көп жылу бөлініп шығады. Жоғарғы температурада металдарды олардың қосылыстарынан басқа бір металл арқылы тотықсыздандыру процесін металлотермия, ал оларды алюминий арқылы тотықсыздандыру алюмотермия дейді. Тапсырма:
1. Реактивтерді таңдап алу;
2. Бор, алюминийдің қышқылдар мен негіздермен әрекеттесуін зерттеу;
26
3. Тәжірибеге бақылау жасау;
4. Байқағаныңызды жазыңыз және түсіндіріңіз.
Зертханалық жұмысқа қажетті ыдыстар мен реактивтер: Пробиркалар, фенолфталеин, алюминий пластинка, Hg(NO3)2, HgCl2, HCl, H2SO4, KМnO4, Al2(SO4)3, Al(NO3)3, AlCl3 Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау: Реактивтермен жұмыс жасағанда белгілі көрсетілген концентрация бойынша алу керек. Жұмыстың орындалу тәртібі: 1 тәжірибе. Бураның гидролизі Пробиркаға бураның кесегін аздап салып 2 мл суға ерітіңдер де 2 3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңдар. Индикатордың түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. рН ын анықтаңдар. Гидролиз теңдеуін жазыңдар. 2 тәжірибе. Метабораттар алу Бураның аз мөлшерін суға ерітіп екі пробиркаға бөліп қойыңдар. Әр пробиркаға 1 Cr+2 ионы бар қосылысты, 2 Pb+2 ионы бар қосылысты қосыңдар. Метаборат түзілетінін ескере отырып реакция теңдеулерін жазыңдар. 3 тәжірибе. Амальгаманы алу Екі алюминий пластинка (сымы) алып наждак қағазымен тазалаңдар, спиртпен өңдеңдер. 1 пластинкаға Hg(NO3)2 немесе HgCl2 тамшысын қосып, бақылаңдар амальгама түзілуін (Al мен Hg қортпа). Пластинкаға салқын судың әсерін бақылаңдар, содан кейін қыздырып қараңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 4 тәжірибе. Алдыңғы тәжірибедегі сияқты тазалаңдар сосын таза пластинкаға сұйытылған күкірт қышқылымен әсер етіңдер. Содан кейін үстіне аздап KМnO4 ерітіндісін қосыңдар, керек болса қыздырыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 5 тәжірибе. Алюминийдің химиялық қасиеті Алюминийге әртүрлі қышқылдармен сілтілермен (әртүрлі концентрациялы) әсер етіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. 6 тәжірибе. Алюминий тұздарының гидролизі
27
Пробиркаларға Al2(SO4)3, Al(NO3)3, AlCl3 тұздарының ерітіндісін қойып индикатормен әсер етіп бақылаңдар. Түсіндіріңдер. Гидролиз теңдеуін жазыңдар. Есеп беруге қойылатын талаптар: Есеп беру мазмұны: 1) Жұмыстың мақсатымен атауы; 2) Теориялық бөлім; 3) Тапсырма; 4) Зерттеу құрылысының сызбанұсқасы; 5) Жұмыстың қысқаша қортындысы. Бақылау сұрақтары:
1) Бор, алюминий және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері;
2) Бор, алюминий химиялық қасиеттерін анықтау;
3) Оның басқа элементтермен әрекеттесуі.
Әдебиеттер: 1.Бірімжанов Б.А., Нурахметов Н.Н., «Жалпы химия», Алматы: Ана тілі, 1992. 2.Аханбаев К. «Жалпы және анорганикалық химия», Алматы: Санат, 1999. 3.Н. В. Коровин «Общая химия» Москва: Высшая школа, 2000.
28
Зертханалық жұмыс-4
Сутек
1-тәжірибе. Сутектің алынуы және оның жануы
а) Газ сіңіретін түтікше орналасқан пробиркаға бірнеше түйір мырыш салып, оған пробирканың 1/3 бөлігіне келгенше 20% күкірт қышқылы құйылады.
Газдың бөлінуін бақылаңыз. Одан бөлінген сутектің тазалығын тексеріңіз. Жарты минуттан соң, от жалынына апарыңыз.Егер пробиркада таза сутек жиналса, онда ол тыныш және көгілдір жалын беріп жанады, егер ауа қоспасы болса, онда әлсіз жарылыс болады. Таза сутек жиналғанына көз жеткізсек, сутекті аяғына дейін жағыңыз. Реакция теңдеуін құрыңыз.
б) Пробиркаға күйдіргіш натр ерітіндісін құйыңыз да, оның үстіне бірнеше алюминий жаңқасын салыңыз. Газдың бөлінуін бақылаңыз. Одан бөлінген газдың тазалығын тексеріңіз.Реакция теңдеуін құрастырыңыз.
2-тәжірибе. Сутектің тотықсыздандырғыш қасиеті
Құрғақ шыны түтікшеден , басынан аяғына дейін газөткізгіш түтіктен тұратын құрылғыны жинаңыз. Түтік қабырғасына аз мөлшерде қара түсті мыс (ІІ) оксидінің ұнтағын салып, оны пробиркаға иілдіріп штативке горизантальды түрде орналастырыңыз. Кипп аппаратынан пробиркаға сутекті жіберіңіз. Пробиркадағы ауаны ығыстырғаннан кейін сутекті аяғына дейін жағыңыз, ал мыс (ІІ) оксидін қыздырыңыз. Мыс (ІІ) оксидімен болатын өзгерісті және ыдыс қабырғасында пайда болған суды бақылаңыз. Мыс тотықсызданғаннан кейін қыздыруды доғарыңыз, бірнеше уақыт сутекті айдаңыз, себебі мыс ауа құрамындағы оттекпен тотығады. Реакция теңдеуін жазыңыз
3-тәжірибе. Молекулалық және атомдық сутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру
Екі пробиркаға сұйытылған күкірт қышқылын құйыңыз, оның үстіне бірнеше тамшы калий перманганаты ерітіндісін тамызыңыз. Пробирканың біріне мырыштың түйіршігін салып, екіншісіне Кипп аппаратынан сутек жіберіңіз. Екі пробиркадағы түстің қанық болуын және екі пробирка да түссіздену жылдамдығын бақылаңыз.Бірінші пробиркада тотықсыздандырғыш мырыш емес, сутек екеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін күкірт қышқылын қоспай калий перманганат ерітіндісіне мырыш түйіршігін қосыңыз.
Қышқылдаған ерітіндіге мырыш қосқан кезде бірінші атомдық сутек түзіледі. Ол Кипп аппаратынан түсетін молекулалық сутекке қарағанда белсенді:
Тотығу тотықсыздану реакциясын құрыңыз.
Бақылау сұрақтары:
Атомдық сутекті қалай алады? Молекулалық сутектен айырмашылығы неде?
Галогендердің тотығу дәрежесі қаншалықты тұрақты және табиғатта қандай қосылыстар құрамында кездеседі?
Егер газ 14,32г мыс (ІІ) оксидінің тотықсыздануына жұмсалатын болса, онда сутек алу үшін сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесетін мыстың массасын анықтаңыз.Сутектің қолданылу дәрежесі 50%.
Күкірт қышқылы электролизі кезінде катодта 56 (қ.ж) газ бөлінді. Анод өнімінің массасын анықтаңыз.
200 мл судан алынатын сутектің көлемін (қ.ж) анықтаңыз: электролиз; натрий қатысында;
Зертханалық жұмыс-5
Галогендер
1-тәжірибе. Галогендердің алынуы
а) Газ өткізгіш түтігі бар пробиркаға марганец диоксидін салып, оның үстіне марганец диоксидін толық жабатындай концентрлі күкірт қышқылын құйыңыз. Қоспаны абайлап қыздырыңыз және бөлінген газды калий иодидімен суланған фильтр қағазымен тексеріңіз. Бөлінген газдың түсіне көңіл аударыңыз. Хлорды құрғақ пробиркаға жинаңыз. Хлорды жинау барысында газөткізгіш түтікті соңына дейін апару керек. Осы реакция теңдеулерін жазыңыз.
б) Калий бромидінің немесе калий иодидінің 2 -4 тамшы кристалына, сондай мөлшердегі марганец диоксидімен араластырып, бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып, жайлап қыздырыңыз. Байқалған құбылысты түсіндіріңіз.
2-тәжірибе. Галоген иондарына сапалық реакция
Күміс (І) және қорғасын (ІІ) иондарының галоген иондарына әсерін байқаңыз. Түзілген тұнбаның түсін белгілеңіз. Тұнбалардың қайсысы жарық әсерінен ыдырайды. Реакция теңдеуін жазыңыз
3-тәжірибе. Галогендердің тотықтырғыш қасиеті
Үш пробиркаға 3 5 тамшы күкіртсутек кұйып, біріншісіне хлор суын,екіншісіне бром суын, үшіншісіне иод суын лайланғанша тамызады. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңіз.
4-тәжірибе. Галогендердің тотықтырғыш қасиетінің салыстырмалы сипаты
Бір пробиркаға 3 5 тамшы натрий бромиді ерітіндісін, ал қалған екеуіне 3 5 тамшы калий иодиді ерітіндісін тамызады. Үш пробиркаға да органикалық еріткіш құяды. Бромид және иодид ерітінділері бар пробиркаға 3 -4 тамшы хлор суын, ал үшінші иодид ерітіндісі бар пробиркаға сонша мөлшерде бром суын тамызады. Қоспаны шыны таяқшамен араластырып және органикалық еріткіш бетінде пайда болған түстерге қарап қай пробиркада кандай галоген бөлінгенін анықтаңыз. Тотығу тотықсыздану реакциясын құрыңыз және оларды тотығу дәрежесі төмендеуі бойынша орналастырыңыз. Экстракция үшін органикалық еріткіш (мысалы,бензол) пайдаланады: бром және иод, олар полярсыз қосылыстарда жақсы ериді.
5-тәжірибе. Сутек фторидінің алынуы және оның шыныға әсері
Фарфорлы тигельге аз ғана кальций фторидін тамызып, оның үстіне бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын құйды. Жарты бөлігі парафинді қабатпен қапталған шынымен тигель бетін тезірек жабыңыз. 3 5 минут тигельді әлсіз жалын үстінде абайлап қыздырыңыз. Тигельдің суығанын күтіңіз. Парафинді тазалап шынының екі жағын салыстырыңыз. Сутек фторидін алу реакциясын жазыңыз
6-тәжірибе. Сутек хлоридін алынуы және тұз қышқылы
Газ өткізгіш түтігі бар пробиркаға натрий хлоридін сеуіп, бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып, аздап қыздырыңыз. Газ өткізгіш түтікке ылғал лакмус қағазын және аммиактың концентрлі ерітіндісімен суланған шыны түтікшені жақындатыңыз. Байқалған құбылысты түсіндіріңіз. Ерәтінді тұз қышқылы екенін сапалық реакциямен дәлелдеңіз.
7-тәжірибе. Галоген сутектерінің тотықсыздандырғыш қасиетін салыстыру
Бөлек пробиркаға калий иодидін және калий бромидін себіңіз. Оның үстінде аздап күкірт қышқылын қосып, қыздырыңыз. Бөлінген газдардың түсін байқаңыз. Иістерін абайлап қағазына зерттеңіз. Реакция теңдеуін құрыңыз
8-тәжірибе. Галогендердің гидролизі
Натрий хлориді және алюминий ерітіндісіндегі қасиеттерін анықтаңыз.
Зертханалық жұмыс-6
10 тәжірибе. Натрий (I) оксохлоратының алынуы (натрий гипохлораты) (тяга).
Конусты колбаға 10-15 тамшы сілті ерітіндісін салып, оны салқын суы бар стақанға қойыңдар. Айдағыш түтікшесі бар тығынмен жабылған пробиркаға калий перманганаты 2-3 кристалын, 1-2 тамшы су мен 3-4 тамшы концентрлі тұз қышқылын құйыңдар. Пробирканы штативке орнатыңдар. Түтікшенің ұшын сілті еріттіндісіне салыңдар да, одан 2-3 минут бойы бірінші пробиркадан бөлініп жатқан хлорды өткізіңдер. Хлордың бөлінуі жеткіліксіз жүрсе, хлорды алуға арналған қоспасы бар пробирканы әлсіз жалында қыздырыңдар.
11 тәжірибе. Калий (V) оксохлоратының алынуы (тяга).
Концентрлі калий гидроксидінің ыстық ерітіндісі бар стаканға 3-5 мин бойы хлор өткізіңдер. Содан кейін ерітіндіні суытыңдар. Кристалдар түзілуін түсіндіріңдер.
12 тәжірибе. Бром мен иодтың сілтілерге әсері (тяга).
Сұйық бромға (кристалдық иодқа) тамшылатып сілті ерітіндісін қосыңдар. Түссіздену байқалады. Содан кейін сұйылтылған күкірт қышқылын қышқылдық орта түзілгенше және бензолдың бірнеше тамшысын қосыңдар. Қоспаны араластырыңдар. Байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер.
13 тәжірибе. Натрий гипохлориті мен хлорлылау қышқылының тотықтырғыш қасиеттері.
құйыңыз.Оның біріне метил күлгін ерітіндісінің 3-4 тамшысын, ал екіншісіне 3-4 тамшы калий иодиді KI ерітіндісін қосыңыз. Метил күлгін және калий иодидінің тотығу нәтижелерін бақылаңыз да, гипохлоритпен тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар:
тамшы натрий гипохлориті ерітіндісін қосыңдар. Марганец диоксиді тұнбасының түзілуін және газ түріндегі хлордың бөлінуін бақылаңыз. Тотығу тотықсыздану теңдеуін жазыңдар.
14 Тәжірибе. Оксохлорат (I) және оксохлорат (V) иондарының тотықтыру активтілігін салыстыру.
КІ ерітіндісінің және ерітіндісімен әрекетін салыстырыңдар. Жартылай реакциялардың стандартты потенциалдарын пайдалана отырып, тәжірибе нәтижесіндегі айырмашылықтарды түсіндіріңдер.
15Тәжірибе. а) Оксохлорат бес иондарының тотықтырғыштық активтілігіне ортаның әсері.
Екі пробиркадағы ерітіндісіне КІ ерітіндісін қосыңдар. Содан соң пробиркалардың біріне сұйылтылған күкірт қышқылын құйыңдар. Тәжірибе нәтижелерін салыстырыңдар және түсіндіріңдер.
б) Концентрлі тұз қышқылының оксохлоратпен (V) тотығуы (тяга).
Бертолле тұзына концентрлі тұз қышқылымен әсер етіңдер. Реакция нәтижесінде қандай газ бөлінетінін тәжірибе жүзінде дәлелдеңдер.
16Тәжірибе. Иодты қышқылдың түзілуі және оның тотықтырғыш қасиеттері (тяга).
а) Суы бар пробиркаға 2-3 тамшы КІ және бензол ерітінділерін құйыңдар, содан кейін тамшылатып хлор суын қосыңдар. Алдымен ерітіндіде түстің пайда болып, сосын түссізденуін түсіндіріңдер.
б) ерітіндісіне тамшылатып натрий сульфаты ерітіндісін қосыңдар. Алдымен ерітіндіде түстің пайда болып, сосын түссізденуін түсіндіріңдер.
Бақылау сұрақтары:
Зертханалық жұмыс-7
Оттегі
1-тәжірибе. Тұздардың ыдырауы нәтижесінде оттегін алу және оның тотығу қасиеттері.(тяга)
Калий оксохлоратын (V) (бертолет тұзы) катализатор ( қатысында ыдыратып оттегін алыңыз және оны үш цилндрге толтырыңыз. Оттегі бар цилиндрдің әрқайсысына жанатын қызыл фосфор, жанатын күкірт және темір қабықшасын салыныз. Байқалған құбылыстардың реакция теңдеулерін жазыңыз.
2-тәжірибе. Оксидтердің судағы қатынасы.
Дистилденген суы бар екі пробиркаға кальций оксидін (II) және фосфор оксидін (V) салыңыз. Реакция жүреді ме және ол қандай ортада өтетінін бақылаңыз.
3-тәжірибе Аквакомплекстердің түзілуі. Кристаллогидратының алынуы.
Пробиркаға 1 г сусыз мыс сульфатын салып, оған бөлшектеп 5-10 мл дистилденген суды құйыңыз. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңіз.Ерітіндіні фарфор ыдысқа ауыстырыңыз және жартылай буландырыңыз. Ерітіндіні суытып, тұнбаға түскен кристаллдарды Бюхнер воронкасы арқылы бөлініз.
4-тәжірибе. Сутегінің асқын тотығын алу.
5 мл 2 М күкірт қышқылын стаканга құйып, оны мұз немесе қармен салқындатыңыз. Кейін оның үстіне 1 г барий пероксидін құйыңыз. Алынған қоспаны шыны таяқшамен 4-5 мин шамасында араластырыңыз. Ерітіндіні тұнбадан бөліп алып, ондағы түзілген сутек пероксидін калий йодиді ерітіндісімен тексеріңіз.
5-тәжірибе . Сутек пероксидСутек пероксиднің сапалық реакциясы.
Калий йодиді ерітіндісін сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен қышқылдатып, кейін сары түс түзілгенше тамшылатып сутек пероксидін қосыңыз.Йодтың түзілгенін анығырақ бензолдын тамшыларын қосқаннан кейін байқауға болады. Реакция теңдеулерін жазыңыз.
6-тәжірибе . Натрий пероксидінің гидролизі.
Суы бар пробиркаға натрий пероксидінің бір түйіршегін қосыңыз.Қандай газ бөлінгенін және қандай ерітінді түзілгенін табыңыз.Реакцияны жылдамдату үшін катализаторын қосуға болады.
7-тәжірибе Сутек пероксидінің тотығуөтотықсыздану қасиеттері.
а) Күкірт қышқылымен бірдей көлемде қышқылданған калий йодиді ерітіндісіне сутек пероксиді ерітіндісін құйыңыз.Тұнба түзілуін түсіндіріңіз.
б) Калий тетраоксоманганаттын күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісіне сутек пероксидін құйыңыз. Газдың бөлінуін түсіндіріңіз.
в) Сутек пероксидін қыздырғанда қандай газ бөлінетінін анықтаңыз.Реакцияны жылдамдату үшін катализаторын қолдануға болады.
Зертханалық жұмыс-7
Күкірт
1-тәжірибе. Ромбалық күкірттің алынуы. (тяга)
Құрғақ пробиркаға 4-5 мл құйыңыз және аз мөлшерде күкірт ұнтағын қаныққан ерітінді түзілгенше себіңіз. Ерітінді тамшысын заттық шыныға қойып, бетін шынымен жауып, микроскоппен кристалдардың қалай өсетінін бақылаңыз.
2-тәжірибе. Моноклинді күкірттің алынуы. (тяга)
Күкірт ұнтағын ақырын фарфорлы тигельде балқытыңыз. Сосын тигельді кристалдық қабық түзілгенше салқындатыңыз. Кристалдар орталыққа біріккенде , жылдам қатпаған күкіртті суымен стаканға құйыңыз. Лупа көмегімен қараңыз және түзілген кристалдардың суретін салыңыз. 1-2 тәжірибелердегі түзілген кристалдарды салыстырып, олардың формасын түсіндіріңіз. Алынған 2-3 кристаллды -де сағаттығ шыныда ерітіңіз және еріткіш буланғаннан кейін тағыда түзілген кристалдың формасын бақылаңыз.
3-тәжірибе. Күкірттің полиморфты күйге айналуы. (тяга)
Құрғақ пробиркага ақырын күкірт қайнағанша қыздырыңыз. Осы кезде журетін процесті түсіндіріңіз.
4-тәжірибе. Пластикалық күкірттің алынуы. (тяга)
Пробирканы жартысына дейін күкірттің түйіршіктерімен толтырыңыз және ақырын плитаның аздаған жалынымен қыздырыңыз. Балқуын және түстің өзгеруін және күкірттің жабысқақтығын бақылаңыз. Күкірт қайнағанша қыздырылған кезде, оның кішкене тамшысын салқын сумен кристализаторға құйыңыз. Алынган массаны судан ажыратып, фильтр қағаздарының арасында кептіріңіз. 1-2 сағаттан кейін пластикалық күкірттің қасиетінің өзгеруіне көңіл аударығыз.
5-тәжірибе. Күкірттің диспропорциолануы.
Тигельдегі күкірт ұнтағына концентрлі сілті ерітіндісін құйыңыз. Қоспаны 10 мин. қайнатыңыз. Қорғасын (II) нитраты қағазының көмегімен ерітіндіде сульфид ионының қатысқанын анықтаңыз.
6-тәжірибе. Күкірттің тотықтырғыш қасиеті.
Бос күкірт металдарды тотықтыруы мүмкін, мүнда ол сульфидтерге дейін тотықсызданып, -2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Дайындалған 6г мырыш ұнтағын және 3г біртекті түсті S қоспасын асбестті торға себіп, газдық отқа қыздырамыз. Реакция көп жылу бөлінуімен қатар өатты жарық береді. Түзілген мырыщ сульфиді ақ бұлт тәрізді жоғары көтеріледі.
7-тәжірибе. Күкірттің тотықсыздандырғыш қасиеті.
Пробиркаға 2-3 мл конц.ерітіндісіне күкірттің аз ғана массасын қайнағанша қыздырыңыз. Мұнда барий хлориді ерітіндісін қосу арқылы анықтауға болатын азот (II) оксидіне дейін тотықсызданады, ал күкірт ионға дейін тотығады. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.
Зертханалық жұмыс-8
Күкірт
8-тәжірибе. Күкіртсутектің алынуы.
Пробиркаға темір (II) сульфидінің 3-4 түйірін салыңыз және оған 3-5 мл сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісін құйыңыз, пробирканы газ өткізгіш түтікшесі бар тығынмен жабыңыз. Күкіртсутектің алыну және жану реакцияларын жазыңыз.
9-тәжірибе. Күкіртсутектің қышқылдық қасиеті.
Пробиркаға күкіртсутектің ерітіндісі мен лакмустың бейтарап ерітіндісін құйыңыз. Индикатор түсі қалай өзгереді? Күкіртсутек қышқылының диссоциациялану теңдеуін жазыңыз.
10-тәжірибе. Сульфидтердің алынуы және ерігіштігі.
тұздардың ерітіндісі бар пробиркаға -ң ерітіндісін қосыңыз. Қай пробиркада тұнба түзіледі? Тұнба түзілмеген пробиркаларға ерітіндісін қосыңыз. Осымен қайсысы тұнба береді? Қандай сульфидтер суда ериді? Байқалған реакция теңдеулерін жазыңыз.
11-тәжірибе. Сульфидтердің толық гидролизі.
ионы бар ерітіндіге ерітіндісін құйыңыз. Қай қосылыстың тұнбасы түзілетінін тәжірибе жүзінде дәлелдеңіз.
12-тәжірибе. Күкіртсутектің тотықсыздандырғыштық қасиеті.
Қатты сұйытылған және қышқылданған ерітіндісіне құйыңдар. Ерітіндінің лайлануын түсіндіріңіз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.
13-тәжірибе. Натрий полисульфидінің алынуы.
Пробиркаға 5-10 мл конц. ерітіндісіне 0.5г күкірттің ұсақ ұнтақтарын салып, ерітінді түсі өзгергенше қайнатыңыз. Алынған ерітіндіні бөліп, басқа проьиркаға құйыңыз.
14-тәжірибе. Сутек полисульфидінің алынуы.
Натрий полисульфиді ерітіндісіне тұз қышқылының тамшы ерітіндісін қышқылданғанша құйыңыз. (лакмус қағазымен тексеріңіз). Каллоидты тұнбаның пайда болуын түсіндіріңіз.
15-тәжірибе. Күкірт диоксидінің алынуы және судағы ерігіштігі.
Вюрц колбасына сусыз салып , 40% тамшылы воронкамен құйыңыз. Бөлінген цилиндрге жинап, бетін шыны пластинкамен жабыңыз.Сумен кристализатор дайындап, алдыңғы еріндіге 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін және 2-3 тамшы көк лакмус ерітіндісін қосыңыз. Кристализаторда цилиндрді айналдырып, су астында пластинканы ашыңыз. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.
16-тәжірибе. Күкірт диоксидінің және сульфитінің химиялық қасиеті.
а) Үш пробиркадағы күкірт диоксидінің ерітіндісіне: 1-хлор суын, 2-бром суын, 3-йод суын құйыңыз. Не байқалады? Тотығу тотықсыздану реакцияларын жазыңыз.
б) Пробиркаға ерітіндісі мен сұйытылған қоспасына сулы ерітіндісін және қосыңыз. Ерітіндінің түс өзгерісін байқаңыз.
в) Пробиркаға пен салып, араластырыңыз. Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.
г) Пробиркада пен 3% ерітіндісін қосыңыз. Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.
17-тәжірибе. Концентрлі күкірт қышқылының сутартқыш қасиеті.
Конц.күкірт қышқылы бар пробиркага шырпыны тусіріңіз. Шырпының күйдірілуін түсіндіріңіз. Шыны таяқшыны ерітіндіге батырып алып, кейін оны қағазға салыңыз.Не байқалады?
18-тәжірибе . Концентрлі күкірт қышқылының тотықтырғыштық қасиеті.
2 пробиркаға 5-10 тамшы конц. ерітіндісін алыңыз. Біріншісіне мырыш, екіншісіне - мыс . Пробиркаларды аздаған оттың жалынына қыздырыңыз. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.
19-тәжірибе. Сульфат ионының анықталуы.
Бір пробиркаға 2-3 тамшы ерітіндісін , екінші пробиркаға 2-3 тамшы ерітіндісін құйыңыз.Оларды тұз қышқылымен қышқылдап, 1-2 тамшы қосыңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.
20-тәжірибе. Натрий тиосульфатының күкірт қышқылымен әрекеттесуі.
Пробиркаға ерітіндісін және ерітіндісін құйыңыз.Қай зат тұнбаға түседі? Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
21-тәжірибе. Тиосульфаттың тотықсыздандырғыштық қасиеті.
ерітіндісіне хлор суын тамшылап құйыңыз. Хлор иісінің жоғалуын бақылаңыз және ерітіндідегі сульфат ионын анықтаңыз.
22-тәжірибе. Натрий тетратионатының алынуы мен қасиеті.
Иод суы бар проьиркаға ерітіндісін тамшылатып қосыңыз. Ерітіндіге сұйытылған күкірт қышқылын қосқонда белгілі өзгеріс байқала ма, тексеріңіз.
23-тәжірибе. Пероксокүкірт қышқылының түзілуі.
Аммоний персульфаты ерітіндісіне сұйытылғын күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Бөлінген газдың табиғатын түсіндірініз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
24-тәжірибе. Персульфаттың тотықтырғыштық қасиеті
а) Калий иодидінің ерітіндісіне аммоний персульфатын қосыңыз.Ерітіндінің тус өзгерісін түсіндіріңіз.
б) ерітіндісіне тұзын қосып, катализатор ретінде қолданыңыз. Ыстық ерітіндіге аммоний персульфатының кристалын салып, қызғылт түске айналғанша қыздырыңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
25-тәжірибе. Ағынды сулардағы сульфидтерді анықтау.
50 мл зерттелетін ерітінді бар стаканға 50мл су және 10 мл 10 % кадмий тұзы ерітіндісін салыңыз. Түзілген кадмий сульфиді тұнбасын фильтр қағазымен фильтрлеңіз.кейін тұнбаны суық сумен шайып, тұнбасы бар фильтрді конус тәрізді колбаға ауыстырыңыз, тұнбаға 25 мл 0,01M йод ерітіндісін және 5мл тұз қышқылын қосамыз. (1:9) Қалған йодты 0,1M тиосульфат ерітіндісімен крахмал қатысында титрлеңіз. 1 л зерттелетін ерітіндідегі күкірт массасын келесі формуламен шешеміз:
m= [c (1/2
Зертханалық жұмыс-9
АЗОТ
1-тәжірибе.Азотты аммоний оксинитратын (III) ыдырату арқылы алу.
Пробиркаға тең жағдайда қаныққан натрий оксинитратын (III) және аммоний хлоридін(жалпы көлем-пробирканың ½ )құйып және оны реакция басталғанша аз ғана жылытыңыз.Реакция теңдеуін жазыңыз.Бөлінген газды жинап,жануды қолдайды ма тексерініз.Азот диоксидін көміртегіден қалай ажырытуға болады?Азоттың реакция қабілеттілігінің аз екендігін қалай түсіндіруге болады?Өндірісте азотты қалай алады?
2-тәжірибе.Аммиакты алу және қасиетері.
а)1-2 г аммоний хлориді мен 1-2 г сөндірілген әктің(кальций гидроксиді) қоспасын дайындаңыз.Аммиактың түзілуі анықталады ма?Қоспаны пробиркаға салыңыз және пробирканы газ өткізетін түтікше арқылы жабыңыз.Қоспасы бар пробирканы қыздырыңыз.Концентрленген тұз қышқылына малынған лакмус қағазын газ өткізгіш түтікшенің ұшына жақындатыныз(қандай құбылыс байқалады?).Реакция теңдеуін жазыңыз.Аммиакты сыйымдылығы 50-100 мл қабырғасы қалың құтыға жинаңыз.Құтыны капилляры бар тығынмен жабыңыз және оны суы бар ваннага салыңыз.Қандай құбылыс байқалады?Аммиактың судағы ерігіштігі қандай?Ерітіндіде қандай тепе-теңдік орнайды?Аммиактың судағы ерітіндісі неге әлсіз электролит болады?
б)Пробиркаға 2 мл сұйытылған аммиак ерітіндісін құйып қыздырыңыз.Аммиак-су жүйесінде температураны өзгерткенде тепе-теңдік қалай жылжиды?
в)Пробиркаға 2 мл 25 %-тік аммиак ерітіндісін құйып оған натрий годроксидінің кішкентай бөлігін салыңыз.Не байқалады?Байқалатын құбылысты әсер етуші массалар заңына сүйеніп түсіндіріңіз?Аммиакты өндірісте қалай алады?Аммиакты қайда қолданады?
3-тәжірибе. Аммоний тұздары
а)Тигельдің қақпағына аммонидің тұздарының бірінің бірнеше кристалын,фосфор қышқылын қойып қыздырыңыз.Қыздырудан кейін қанйсы зат қақпақта қалады?Реакция теңдеуін жазыңыз.
б)Тигельдің қақпағына бірнеше аммоний сульфатын,аммоний нитратын(бөлек) салып қыздырыңыз.Реакция теңдеуін жазыңыз.Қыздырғандағы аммоний тұздарының ыдырауының әртүрлілігі немен түсіндіріледі?Аммонийдің қандай тұздары жанады?Қолданылған тұздар аммонийдің тұздары екенін экспериментті түрде қалай дәлелдеуге болады?Комплекстүзушілік туралы түсінікті пайдалана отырып,аммонийдің ионын бейнеленіз.Берілген ионда қайсы атом электронның донор және қайсы атом электронның акцептор болады?Аммоний ионының геометриялық моделі қандай?
Зертханалық жұмыс -10.
4-тәжірибе. Гидразин мен гидроксиламиннің қасиеттері.
а)2 пробиркаға 5 мл ден су құйып оларға 2-3 тамшы гидразин,гидразингидраты немесе гидразин сульфатын салыныз.Бір пробиркаға бірнеше тамшы йод суын қосыңыз.Не байқалады?Реакция теңдеуін жазыңыз.Басқа пробиркаға мыс(II) хлоридінің ерітіндісін қосыңыз.Абайлап пробирканы қыздырыңыз.Реакция теңдеуін жазыңыз.Гидразиннің қосылыстары қандай қасиет көрсетеді?
б)Бірнеше гидроксиламин хлоридінің кристалын 4-5 мл суда ерітіңіз.Ерітіндіні лакмус қағазымен тексерініз.Йод суының бірнеше тамшысын тамызыңыз.Не байқалады?Берілген реакция гидроксиламиннің қандай қасиетіне нұсқайды?
в) Сұйытылған күкірт қышқылымен қышқылданған калий (VII) оксоманганатының ерітіндісіне гидразин сульфатының ерітіндісін тамшылатып құйыңыз.Ерітіндінің түссізденуін және газдың бөлінуін түсіндіріңіз. Гидразин,гидразингидраты,гидразин сульфаты және гидроксиламиннің құрылысы қандай?
5-тәжірибе. Оксонитрат(III) ионының тотығу-тотықсыздану қасиеті
Натрий нитраты ерітіндісінің қышқылданған калиий йодиді және калий (VII) оксоманганатының ерітіндісіне әсерін тексеріңіз.
6-тәжірибе. Оксонитрат(III) ионының диспропорциалануы
Пробиркада натрий нитратының кристалын концентрленген күкірт қышқылымен қыздырыңыз.Қызыл-қоңыр будың пайда болуын түсіндіріңіз.
7-тәжірибе . Натрий нитратының термиялық ыдырауы
Штативке вертикальды бекітілген құрғақ пробиркаға аз ғана натрий селитрасын сеуіп қыздырыңыз.Көмір жанып болған соң сол жерге күкірттің бөлшегін тастаңыз.Күкірт тұтанады да жанады(кейде көп көлемді жылу бөлінгеннен пробирка балқиды)
.
8-тәжірибе. Сутегі нитратының термиялық және фотохимиялық ыдырауы
Сұйытылған және «дымящей» азот қышқылының боялуын салыстырыңыз.«Дымящей» азот қышқылының боялуын және оның жай қыздыргандағы күшеюін түсіндіріңіз.Реакция теңдеуін жазыңыз.
9-тәжірибе. Азот қышқылының тотықтырғыш қасиеттері.
а) 4 пробиркаға 2 мл ден концентрленген азот қышқылын құйыңыз.Бірінші пробирканы штативке вертикальды түрде бекітіп,қышқылды қыздыра отырып оған жалынсыз шырпы шамды салыңыз .Не байқалады? Штативке бекітілген екінші пробиркағакүкірттің аз бөлігін салып қыздырыңыз.Пробирка суыған соң пробирккадағыны суға төгініз,сонда күкірт қышқылының бар екенін байқайсыз.Азот қышқылы бар үшінші пробирканы қыздырып жүн салыңыз.Не байқалады?Төртінші пробиркаға аз ғана мыс сульфидін салыңыз.Реакция теңдеуін жазыңыз.
б) Концентрленген азот қышқылының мырыш пен қалайға әсерін тексеріңіз.Реакцияны тяганың астында және кішкентай фарфор ыдыста әлсіз қыздыру жағдайында..Реакция теңдеуін жазыңыз.2 пробирка алып оның біреуіне 2-3 түйір мырыш,екіншісіне дәл сондай көлемде қалайы.Екі пробиркағада 5 мл 2% тік азот қышқылы ерітіндісін құйып келесі сабаққа дейін қалдырыңыз.Берілген жағдайда аммоний тұзы түзілді ме қалай анықтауға болады?.Реакция теңдеуін жазыңыз.
в)9-12 мл «патша сұйықтығын» дайындаңыз.«Патша сұйықтығын» дайындау үшін тұз қышқылы мен азот қышқылын қандай көлемдік қатынаста араластыру керек.Киноваридің(сынап суьфиді) аз ғана мөлшерін 2 фарфор ыдысқа орнатыңыз.Киноваридің бірінші бөлігіне жаңадан жайындалған «патша сұйықтығын» үстіне құйыңыз (АБАЙЛА!!!),екіншісіне концентрленген азот қышқылын .2 ыдыстыда құм пешіне қойып қыздырыңыз.Не байқалады?Реакция теңдеуін жазыңыз.Неге «патша сұйықтығын» азот қышқылына қарағанда күшті тотықтырады?
Зертханалық жұмыс -11.
ФОСФОР
1-тәжірибе. Фосфордың аллотропиясы. Ақ фосфор алу.
Цилиндр тәрізді пробиркаға құрғақ қызыл фосфор ұнтағын аздап салыңыз. Пробирканың бетін мақтамен жауып оны кішкене қиғаш күйде штативке бекітіңіз. Қызыл фосфоры бар бөлігін қыздырыңыз. Егер тәжірибе басында пробиркада жасыл жалын көрінетін болса онда тәжірибені әрі қарай жалғастырыңыз. Ол жалын аздаған ауа циркуляциясы әсерінен жоғалады. Пробиркадағы қызыл фосфордың мөлшері азайғанда және оның суық бөлігіндегі қабырғаларында ақ фосфордың түзілуі байқалса қыздыруды тоқтатыңыз. Пробирканың суығанын күтпестен шыны таяқшамен қабырғаларындағы ақ фосфорды сүртіп алыңыз. Таяқшаны пробиркадан шығарғанда ақ фосформен қандай құбылыс байқалады? Фосфордың қай аллотропиялық түр өзгерісі химиялық активті? мономерлерінің түзілуімен жүретін фосфордың жану реакциясын жазыңыз.
Тәжірибе соңында пробиркаға 5-6 тамшы мыс сульфаты ерітіндісін тамызыңыз. Пробирканы ақырын шайқаңыз. Мыс түйіршіктерінің түзілуін байқаңыз. Ақ фосфор фосфор қышқылына дейін тотығады:
Ескерту! Ақ фосфор улы.
2-тәжірибе. Фосфордың күкірткөміртегінде еруі.
Пробиркаға 2-3 мл күкірткөміртегін құйып, оған ақ фосфордың кішкентай бөліктерін салыңыз. Не байқалды? Фильтр қағазының бір бөлігін қысөышпен алып оны пробиркага батырып, өзгерісті қадағалаңыз. Фосфордың күкірткөміртегінде еруін анықтаңыз. Табиғи қосылыстардан фосфорды қалай алуға болады?
3-тәжірибе. Метафосфор қышқылы мен оның тұздарына сапалық реакциялар.
a) пробиркаға 1мл ақуыздың сулы ерітіндісін құйып, оған дәл сондай мөлшерде сірке қышқылымен қышқылданған натрий метафосфаты ерітіндісін қосыңыз. Не байқалады?
б) Натрий метафосфаты ерітіндісіне рН=6 болғанша 3-4 тамшы 1М аммиактың сулы ерітіндісін, бірнеше тамшы 0.1 М күміс нитраты ерітіндісін қосыңдар. Күміс метафосфатының тұнуын бақылаңдар. Тұнбаның түсін анықтаңдар.
в) Сынауыққа 1-2 мл 0.1 М натрий метафосфаты ерітіндісі мен бірнеше тамшы 0.1 М күміс нитраты ерітіндісін құйыңдар. Күміс метафосфатының тұнуын бақылаңдар. Тұнбасы бар ерітіндіге 2-3 мл 1 М азот қышқылын қосыңдар. Тұнбаның еруін бақылаңдар. Күміс метафосфатын қандай ортада тұндыруға болатынын көрсетіңдер.
4-тәжірибе. Метафосфор қышқылының алынуы.
0,1 г фосфор (V) оксидін суда ерітіп, алынған ерітіндіні ақуыздың сулы ерітіндісімен сынаңыз. Не байқалады?
5-тәжірибе. Ортофосфор қышқылы мен оның тұздарына сапалық реакция.
а) Натрий гидрофосфаты немесе фосфор қышқылына «молибден сұйықтығын» () құйыңыз. Алынған тұнба азот қышқылында ери ме? Фосфор қышқылының қатысында сары кристалдар түсу керек.
б) Натрий фосфаты ерітіндісіне күміс нитратының қатысын сынаңыз. Түзілген тұнбаның түсін анықтаңыз. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған зат 1 н. Азот қышқылы ерітіндісінде ери ме?
Зертханалық жұмыс-12
6-тәжірибе. Ортофосфор қышқылының алынуы. (тяга)
а) фосфор (V) оксидінің аздаған мөлшерін дистилденген суда ерітіңдер, бірнеше тамшы күкірт қышқылын қосып қайнағанша қыздырыңдар. Алынған ерітіндіні «молибден сұйықтығымен» сынап көріңіз. Не байқалады?
б) сынауыққа не стаканға 1-2 г фосфорит салып, 60%-ты күкірт қышқылын құйып, қайнағанша қыздырыңдар. Ерітіндіні құйып алып, сумен сұйылтып, «молибден сұйықтығымен» сынаңыз. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Шағын колбаға 0,2-0,4 г қызыл фосфор салып, үстіне 10-15 мл азот қышқылын құйыңдар (тығ. 1,4 ). Колбаны реакция аяқталғанша су моншасында қыздырыңдар. Ерітіндіні фарфор ыдысқа фильтрлеп, азот қашқылының артық мөлшерін су моншасында кетіріңдер. Ерітіндіде не түзілді және оған қалай көз жеткізуге болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
7-тәжірибе. Пирофосфор қышқылы мен оның тұздарының сапалық реакциялары.
а) 0,1 М 1-2 мл пирофосфор қышқылына 1-2 мл ақуыздың сулы ерітіндісін қосыңдар. Ақуыздың ұюы байқала ма?
б) 0,05 М 1-2 мл ерітіндісіне бірнеше тамшы ерітіндісін қосыңыз. Күміс пирофосфатының тұнуын бақылаңдар. Тұнбаның түсін анықтаңдар.
8-тәжірибе. Пирофосфор қышқылының алынуы.
Фарфор ыдысқа 3 мл концентрлі ортофосфор қышқылын құйыңдар. Құмды моншада қыздырып сұйықтықты сироп тәрізді консистенцияға дейін жеткізіп, -ға дейін қыздырыңдар. Алынған заттың пирофосфор қышқылы екендігіне қалай көз жеткізуге болады?
9-тәжірибе. Орто- жіне пирофосфор қышқылдарының тұздарының гидролизі.
Әмбебап индекатор көмегімен бір-, екі-, үш сутегі натриймен алмасқан ортофосфор қышқылы тұздарының, және екі және төрт сутегі натриймен алмасқан пирофосфор қышқылы тұздарының ерітінділерінің рН-ын анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазып, берілген тұздар суда ерігенде орта неліктен әр түрлі болатындығын түсіндіріңдер.
10-тәжірибе. Фосфор қышқылының кальцийлі тұздары.
3 сынауыққа кальций хлоридін құйып, біріншісіне аммиак пен натрий гидрофосфаты ерітіндісін, екіншісіне тек натрий гидрофосфаты ерітіндісін, үшііншісіне натрий дигидрофосфатын қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазып, процеске ортаның әсерін түсіндіріңдер. Алынған тұнбаларға сірке және тұз қышқылдарының қатысын сынаңдар. Байқалатын құбылысты түсіндіріңдер. Фосфорит, преципитат, суперфосфат, екі еселенген суперфосфат құрамы қандай? Олардың ауыл шаруашылығында қолданылу шарттары.
11-тәжірибе. Аз еритін ортофосфаттардың алынуы.
Сынауықтарға 1мл 0,1 М темір (II) және (III), алюминий, хром, никель, кобальт, марганец тұздарын құйып, әр сынауыққа 1 мл 0,1 М ерітіндісін қосыңдар. Орта ортофосфаттардың тұнуын бақылаңдар. Тұнбалардың түстерін анықтаңдар.
12-тәжірибе. термиялық ыдырауы.
Тигельде 10 мин ішінде 5 г қыздырыңдар. Суығаннан соң тұзды 5 мл суда ерітіп, ерітіндіге 2-3 тамшы 1 М ерітіндісін және 5 мл ақуыздың сулы ерітіндісін қосып, қыздырыңдар. Ерітіндіде метафосфаттың барын дәлелдейтін ақуыздың ұюын бақылыңдар.
термиялық ыдырауының реакция теңдеуін жазыңдар.
Зертханалық жұмыс-13
Көміртегі
1-тәжірибе. Көміртектің тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
2г мен 0,3 г ұнтақталған ағаш көмірін араластырып, қоспаны қиын балқитын пробиркаға орналастырыңдар. Бүкіл пробирканы жанғыш жалынымен қыздырып, қоспаны қатты қыздырыңдар. Түстің өзгеруін бақылаңдар. Бүкіл ұнтақ қара түсін қызылға ауыстырғанда қыздыруды тоқтатыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2-тәжірибе. Кальций ацетилидінің гидролизі. (тяга)
Кальций карбиді бар сынауыққа бірнеше тамшы су енгізіңдер. Не байқалады?
3-тәжірибе. Көміртегі (IV) оксидінің қасиеттері.
а) екі құрғақ банканы Кипп аппаратынан алынған көмірқышқыл газымен толтырыңдар. Бір банкаға жанып тұрған магний лентасын жылдам енгізіңіз.не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Екінші банкаға абайлап ауада жанған қызыл фосфоры бар қасықты енгізіңіз. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Жанып жатқан магний мен фосфор жалынын сөндіру үшін өрт сөндіргіш құралдарды қолдануға бола ма?
б) сынауықтың 0,25-іне су құйып, лакмустың көк ерітіндісінен аздап қосыңдар да, ерітінді арқылы көмірқышқыл газын өткізіңдер. Көмірқышқыл газы ерітіндісіндегі реакция теңдеулерін жазыңдар. Ерітіндіні қайнатыңдар. Байқалатын түс өзгерісін түсіндіріңдер.
4 тәжірибе.Көмір қышқылының тұздары.
Ізбес суы бар пробиркадан көмірқышқыл газының тогын өткізіңіз. Не байқалады? Көмірқышқыл газын ақ тұнба ерігенге дейін өткізіңіз. Алынған ерітіндіні екі пробиркаға құйыңыз. Бір пробирканы қыздырыңыз, ал екіншісіне ізбес суын қосыңыз.Екі жағдайда да ақ тұнба түзіледі. Бұл немен түсіндіріледі? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
5 тәжірибе. Оксокарбонаттардың термиялық тұрақтылығын салыстыру.
Екі газ өткізгіш түтікшесі бар пробиркаға және - ті қыздырыңыз. Ізбес суына газ өткізгіш түтікшені салғанда қайсысында ионын анықтауға болатынын анықтаңыз.
6 тәжірибе. Тиоционат иондарының тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
Алмасу реакциясымен күміс тиоционатының тұнбасын алыңыз. Тұнбаға концентрлі азот қышқылын құйыңыз. Ерітіндіде және иондарының бар екендігін тексеріңіз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.
Зертханалық жұмыс-14
7 тәжірибе. Көмір (II) оксидінің алынуы.
Құрылғыны тяганың астына жинаңыз. Вюрц колбасына 20мл концетрлі күкірт қышқылын, тамшылатқыш сүзгіге 15мл құмырсқа қышқылын құйыңыз. Бірінші промывалкаға көпіршіктерді санау үшін аздаған мөлшерде вазелин майын, ал екіншісін бос қалдырыңыз. Қиын балқитын шыныдан жасалған түтікшенің ортаңғы бөлігіне 0,1 г мыс (II) оксидін салыңыз. Кристаллизаторға су құйыңыз. Күкірт қышқылы бар колбаны 600С-қа дейін абайлап қыздырып, оған тамшылатып құмырсқа қышқылын қосыңыз. Бөлінген газды суды ығыстыру әдісімен банкаға жинаңыз және жанып тұрған шырпымен сынап көріңіз. Не байқалады? Құрылғыдан ауаны толық шығарысымен жанғыштың жалынымен түтікшенің мыс (II) оксиді орналасқан бөлігін қыздырыңыз. Оның түсі қалай өзгереді? Бұл тәжірибеде көмір (II) оксиді қандай қасиеттер көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
8 тәжірибе. Көмір (II) оксидінің қасиеттері.
Екі пробиркаға күміс (I) нитратының және мыс (II) хлоридінің аммиакты ерітінділерін құйып көмір (II) оксидінің ерітіндісі арқылы өткізіңіз. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
9 тәжірибе. Оксокарбонаттар мен гидрокарбонаттардың ерігіштігіндегі айырмашылықтар.
Ізбес суы арқылы түзілген тұнба біртіндеп ерігенге дейін тогын өткізіңіз. Алынған ерітіндіні екі пробиркаға құйыңыз. Пробиркалардың біріндегі ерітіндіні қайнатыңыз, екіншісіне ізбес суын құйыңыз. Не байқалғанын түсіндіріңіз.
10 тәжірибе. Гидроксомыс (II) карбонатының алынуы.
Пробиркаға 4-5 тамшы мыс (II) сульфатының ерітіндісін тамызыңыз және натрий карбонатының осынша мөлшерін қосыңыз. Негізгі мыс тұзының тұнбасының жасыл-көк түсін байқаңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1.Валентті байланыстар теориясына сүйене отырып көміртекке қандай валентті орбитальдардың гибридтік күйлері , оларға жауап беретін координациялық сандары және құрылыстық бірліктері тән екенін көрсетіңіз.
2. Алмаз, графит, карбиннің құрылысын және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Алмаз бен графиттің химиялық реакциялардағы көрсететін қасиеттерінің әртүрлілігі немен түсіндіріледі, мысалы фторға қатысты?
3. Неліктен көміртек сәйкес шарттарында барлық дерлік металдардың олардың оксидтерінен потенциалды тотықсыздандырғышы бола алады?
4.- дан және -дан -нің кальций карбидінің синтезін қандай фактор энтальпиялық әлде энтропиялық- анықтайды, егер процесс нәтижесінде CO түзілетін болса? Жауапты негіздеу үшін осы процестің және мәндерін есептеңіз.
Зертханалық жұмыс-15
КРЕМНИЙ
1 тәжірибе. Шыныны сілтілеу.
Ыдыста шынының бірнеше бөлігін ұнтақтаңыз, ұнтақты пробиркаға салыңыз, 0,5-1мл дистилденген су және бір тамшы фенолфталеин тамызыңыз.Пробирканы қайнатыңыз. Индикатор түсінің өзгеруі неліктен болды? Натрий силикаты ерітіндісінің реакциясын фенолфталеин көмегімен сынаңыз.Бұл тәжірибеге сүйене отырып кремний қышқылының күші туралы қандай қорытынды жасауға болады?
2 тәжірибе. Аммоний силикатының гидролизі.
5 тамшы калий силикатына осынша қаныққан аммоний хлоридінің ерітіндісін қосыңыз және қоспаны жақсылап араластырыңыз. Тұнбаға не түседі? Егер салқында тұнба түзілмесе ерітіндіні қыздырыңыз. Түзілген гидроксид иондарының аммоний иондарымен байланысы нәтижесінде тұздың гидролизі артады. Реакция теңдеуін жазыңыз.
3 тәжірибе. Натрий силикатын алу.
Темір тигельге 2:1 массалық қатынаста сода және таза кварц құмын немесе силикагельді қоспаны орналастырыңыз.10 минуттай қоспаны қыздырыңыз және ұнтақтаңыз.Суытқаннан кейін алынған массаны суда ерітіңіз. Суда ерімейтін қоспаның құмдағы тұнбасымен ерітіндіні төгіңіз. Процесстің неге көрсетілген бағытта жүретінін түсіндіріңіз:
4 тәжірибе. Кремний қышқылының ерітілген тұзының қышқылмен және қышқыл оксидімен әрекеттесуі.
Пробиркаға 5 мл концентрлі калий немесе натрий силикатының ерітіндісін құйыңыз. Пробиркаға тез арада 3мл 20% тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңыз.Пробиркаға 5 мл концентрлі еритін шыны ерітіндісін құйыңыз және оған Кипп аппаратынан көмір (IV) оксидін өткізіңіз.Тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазыңыз. Көмір және кремний қышқылдарының диссоциациялану константаларын салыстырыңыздар. Кремний қышқылын күшті қышқылға жатқызамыз ба, әлде әлсіз қышқылға ма?
5 тәжірибе. Шыныда гравирлеу.
Шыныны балқыған парафин қабатымен қаптаңыз. Одан соң металдың ұшымен парафинге бірдеңе жазыңыз және шыныны тяганың астында балқығыш қышқылдың буында біраз ұстап тұрыңыз. Парафин сырылған жерлерде шыны бетінде жазу қалады. Шыныда гравирлеу балқығыш қышқылдың кремнийлік құрылысының бұзылуына негізделген. Реакция теңдеуін жазыңыз.
6 тәжірибе. Шынының адсорбциалық қасиеті.
Таза жуылған, майсыздандырылған пробиркаға метилді күлгін құйыңыз және барлық шыныны жақсылап араластырыңыз.Ерітіндіні пробиркада 2-3 минут ұстаңыз, одан соң оны төгіңіз, пробирканы боялмаған су түзілгенге дейін бірнеше рет сумен шайыңыз. Шыны боялған болып қалатынын бақылаңыз:шыны құрамына кіретін кремний диоксиді бояғышты адсорбциялаған. Пробиркаға 5-6 тамшы спирт тамызыңыз,пробирканы бірнеше рет қозғаңыз және десорбцияның түзілуін бақылаңыз: спирт күлгін түске боялады.
7-тәжірибе. Сұйық шыныга малынған матаның отқа төзімділігі.
Матаның кішкентай бөлігін сұйық шыныға қаныққан ерітіндіге малып,ерітіндіде 10-15 минут ұстап тұрамыз,оны горелканың астында кептіреміз және пинцетпен ұстап тұрып,оның отқа төзімділігін анықтаймыз.Айырмашылығын көру үшін осындай көлемде, малымай жасап көреміз.
8-тәжірибе. Кремний қышқылының гидрогелі.
Пробиркаға 5 мл концентрленген еритін шының ерітіндін құямыз,тез арада оған 3 мл 24% құйып шыны таяқшамен араластырамыз.Не байқалды?Реакция теңдеуін жазыңыз.Гельдің түзілуін калай түсіндіруге болады?
6 мл 30% ерітіндіге тұз қышқылына 1 мл еритін шыны құямыз. Неге бұл мезетте гельдің түзүлуі байқалмайды? Алынған қышқыл ерітінді фильтрден өтеді ме?Ерітінді қайнағанша қыздырып,содан соң суытыңыз.Не байқалды? Ерітіндідегі кремний қышқылын электролиттерден қалай ажыратуға болады?
10-тәжірибе. Ерімейтін силикаттарды алу.
Сыйымдылығы 250 мл стақанға 120-150 мл 10% ерітіндісін құйыңыз және оған бірнеше ; кристалдарын тастаңыз. Түзілген ерімейтін силикаттардың құрамына назар аударыңыз. Бұл құбылысты түсіндіріңіз.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер
Глинка Н.Л. «Общая химия» Л: 1985 г.
Некрасов Б.В. «Основы общей химии» т.1, 2, 3. Изд. «Химия» М: 1969-1976.
Ахметов Н.С. «Общая и неорганическая химия». Изд. «Высшая школа» М: 1981.
Беремжанов Б.А., Нурахметов Н.Н., Муратбеков М.Б. «Металл еместердiн химиясы». А-Ата. 1977
Угай Я.А. Общая химия. Изд. «Высшая школа» 1990.
Мартыненко Л.И., Спицын В.И. Неорганическая химия. Т.1,2. МГУ. 1991.
Кусепова Л.А., Кусепов А.К. Лабораторный практикум курса «Общая химия», Астана, 2003.
«Практикум по неорганической химии». часть 1,2.
А.П.Крешков. Основы аналитической химии. 1 3 т.т. М. :Химия, 1971.
В.Н.Алексеев. Курс качественного полумикроанализа. М.: Химия, 1973.584 с.
В.Н.Алексеев. Количественный анализ. М.:Химия, 1972. 504 с.
Бірімжанов Б.А, Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. А : ана тілі , 1992
Пірәлиев С.Ж; Бутин Б.Н; Байназаров Г.М. Жайлау С.Ж Жалпы химия Алматы, 2003.-т.1-2
Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. А; Мектеп , 2007
Аханбаев К.А Жалпы және анорганикалық химия. А:Мектеп,1987
7