Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері осы бұйрықты білім беру ұйымдарының барлық аудандық (қалалық) бөлімдеріне жеткізсін.
4. «Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 923 бұйрығының (№ 3254 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы К. Шәмшидинова
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 22 қазандағы
№501 бұйрығымен бекітілген
2. Қамқоршылық кеңестің құрамы,
құрылымы және қызметі
1) Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы;
2) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;
3) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;
4) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;
5) демеушілер кіруі мүмкін.
10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.
11. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.
14. Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары:
1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;
2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету болып табылады.
15. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;
2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;
3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;
4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады.
3. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату
16. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату:
1) құрылтайшының бастамасы бойынша;
2) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;
3) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.