Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1. Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
Жаңа замандағы саяси ойларға келетін болсақ,оның басты ерекшелігі бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты “жақсы өмірді,, аңсаумен, тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес керісінше, олардың зерттеу объектісіне мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Азаматтық концепцияны зерделей келе оны Ренессанс деп қарастыруымызға негіз бар. Бұл мәдени құбылыс тұлғаны қайта қарауға мүмкіндік жасады, Саясаттағы азаматтық концепция идеясын одан әрі жалғастырушы ойшылдардың бір ағылшын ғалымы - Томас Гоббс.(1588-1679) Ол өз ой-тұжырымдарын ,,Левиафан, немесе материя,форма және мемлекет билігі,, деген ғылыми еңбегінде тұжырымдады. Жаңа заман ойшылдарының келесі бір өкілі ағылшын философы Джон Локк (1632-1704). Ол өз заманында азаматтық концепция идеясын өте нақты жеткізе білген ойшыл. Локк саяси ойлар тарихында либерализмнің негізін қалаушы. Ол алғаш рет төмендегідей ұғымдарға анықтама берген: тұлға, мемлекет, қоғам . Гоббс сияқты Локкта мемлекеттің пайда болуын қоғамның қалыпты жағдайы деп түсіндіреді. Бірақта ол Гоббс айтқандай мемлекет хаостан пайда болған жоқ, қайта ол реттелген, қалыпты жағдайда пайда болды деп түсіндіреді. Осы заманның көрнекті өкілдерінің бірі француз ағартушы ғалымы-Шарль Луи Монтескье (1689-1755). Ол саяси ойлар тарихында өзінше таңба қалдырған ғұлама-ғалым.Монтескье ,,Заң рухы,, еңбегінде екі ол екі мәселеге ерекше назар аударады. Сондай-ақ заңдардың характері оның басқау формасына тікелей байланысты екенін атап көрсетеді. Француз ағартушысы, ұсақ буржуазияның идеологы Жан Жак Руссоға келетін болсақ, ең алдымен оның азаматтық концепциясын алуға болады. Оның саяси теориясындағы негізгі мәселе халық егемендігі. Сонымен қатар Руссо мемлекетті басқару ісінде демократияның көне түрі тікелей демократияны қолдаған. Азаматтық концепцияның жарқын идеяларының көрінісі -қазіргі европалық мемлекеттердегі саяси жүйенің негізін қалады. Мэдисоның тағыда бір саяси ғылымға қосқан үлесі билік қатынастарындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін қалыптастырды. Монтескье биліктің бөліну териясын жасағанмен, оның тежеу механизімін көрсете білген жоқ. Тежеу мен тепе-ттеңдік жүйесі АҚШ саяси жүйесінде әлі күнге дейін қызмет атқарып келеді.
2.Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
Антикалык заман ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткен бұл үлгілер қайта өрлеу зманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды. Осы заман ойшылдары дүниені түсіндіруде адамның тағдыры, шыққан тегі, атағы, конфессиялық статусы арқылы алдын ала болжанбайды, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері арқылы анықталуы тиіс деп түсіндірді. Азаматтылық, халық игілігіне риясыз қызмет ету тұлғаның-индивидтің ең басты мақсатына айналып, басты мәселесі ретінде қарастырылды. Бұл түсінік теңдік пен әділеттілік ұстанымдарына сүйенеді, жеке адамның бас бостандығының кепілі іспеттес болып, адамға тән табиғи бастамаларына сәйкес келді. «Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған. Патриархалдық теория мемлекеті бір әкелік биліктің астына кіші жанұялярдың еркін жинауы осының негізінен оны үлкен жанұя деп қарастырады. Мемлекет мақсаты “ортақ игілікке” жету, оны тек қана феодалдық сословие қамтамасыз ете алады.Аристотельді терең оқып зерттеген Ф.Аквинский әрине билік түрлерінің бәрімен таныс болған: аристократия, олигархия, демократия. XIV ғасырлық мұсылмандық саяси ойларда билеудің түрлері іріктеле басталады. Оған зор үлес қосқан ғұлама Ибн-Халдун (1332-1406). Ол өзінің "Мукаддима" (“Кіріспе”) еңбегінде мемлекеттің шығу тарихының табиғи заңдылықтарына, пайда болуы мен дамуына, құлдырауына, мемлекет "өркениеттілігінің" қалыптасуына талдау жасайды. . Әрбір мемлекет даму барысында мынадай 5 кезеңдерді бастан кешеді: 1. Ескі билеудің орнына жаңа билеу күші келуі.2.Ол бұрынғы қалған басшыларды жойып, жоғарғы билікті өз қолына алуы.3. Мемлекеттің өркендеуі, тәртіп пен тыныштық орнауы.4. Зорлық пен деспоттық әдістерге көшу.5.Мемлекеттің құлдырап жойылуы. Ислам реформациясының тағы бір беделді өкілі Мұхаммад Рашид Рида (1865-1935). 1922 жылы жазылған әйгілі “Халифат” немесе “Ұлы имамат” деген трактаты мұсылман мемлекеттік теориясының ірге тасын салған еңбек деп те саналадыТеократиялық концепция мемлекеттің пайда болуын негізінен құдай орнатқан деп қарастырады. Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады:1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады.2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Мемлекеттік құрылымның жүйесін айқындау екі түрлі жолмен белгіленеді: субординациялық-әкімшілік (командалық-бұйрықтық) және өкілділік-демократиялық (халықтың, өкілдердің қатысумен) жолмен. Мемлекеттік жүйелердің бірнеше типі бар: құлиеленуші, феодалдық, буржуазиялық, пролетарлық мемлекеттер. Олигархия - мемлекетті басқару тетігінің азғана топ адамның қолына көшуі. Охлократия - қара тобыр халықтың билігі.
3. Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.
Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Саясаттану - саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен қоғамға пайдалы қызмет атқарады. Бізді қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Адамды саяси өмірге тартқанда саясаттанудың рөлі арта түседі. Әртүрлі қоғамдық ұйымдардың қызметі өзгерген сайын саясаттануды игерудің қажеттігі айқындала түседі. Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқарады. Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз жеткізуге болады. Саясаттануды саяси болжамдар жасауға да қолданады. Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Саясатты жетік білу әр адамға ісінің ілгерлеуіне кепілдік берері рас. Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе, қазір оның қоғамның дамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы тиіс. Саяси билік саясаттануда жетекші рөл атқарады. Істің мәні кім кімге билікті жүргізуінде жатыр. Мәселенің түйіні саяси билік жән материалдық билікте тұр. Саяси билік қоғамға экономикалық жағынан үстем таптардың, топтардың, жіктердің жүргізетін билігі.Саясаттың басты элементі саяси билік. Саяси билік саяси шындықтың идеяларын құрады. Осының барлығы саясаттану пәнінің зерттеу объектісі. Дегенмен саясаттануда негізгісі саяси биліктің қалыптасуы туралы заңдылықтар. Оның объектілері мен субъекті саясаттанудың пәні болып табылады. Сонымен, саясат дегеніміз адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып табылады.Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Сонымен, ішкі саясат мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым қатынас орнату.Оларға мыналарды жатқызуға болады: достық қарым қатынас орнату.сауда қарым қатынастарын орнату.экономикалық қарым қатынастарды орнату.әскери қарым қатынас орнату. Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады. саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.Саясаттың негізгі мәселесі билікті қолға алу, ұстап тұру, айдалана білу. Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.
4. Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.
Азаматтық қоғам саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды. Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекет пен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты.Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор.Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдарарқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады.
5. Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.
Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді,тарату тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидациясын құру қажет. Әлеуметтік саяси ғылымдарда өтпелі кезеңдегі қиындықтардың бірі, дәстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамғаның теориясымен модернизациялау басты мәселе болып табылады. Саяси модернизация эволюциясы және мазмұны. Саяси модернизация бұл қоғамның ауыр, ұзақ демократизация процесі, қоғам және өкімет өзара әрекетінің жаңа типінің қалыптасуы. “50-60 жж ХХ ғасырда” модернизация теориясының бірінші этапы универсализм методологиялық рұқсатына негізделеді. Модернизация теорисының дамуының екінші этапы (60-70-ші жылдары ХХ ғасыр) оған қарағанда салмақталған трактовкалардың пайда болуымен сипатталады, ол әртүрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік даму факторларына негізделген; Үшінші этап( 80-90жж ХХ ғ) дәстүр және қазіргі заман қарсы келуінің болмайтындығы жайлы ойдың ары қарай таралуы; технологиялық прогресс, «батыс» иституттарын және нормаларын енгізу сияқты факторлар жоққа шығарылмады, осы факторлардың екіншілігі байқалады. Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму заңдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер және әлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар және мәдени құрылымдар мен оның функцияларының қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сәйкестігін тану. Екіншіден, өтпелі қоғам ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам: үшіншіден, модернизация бұл қоғамдық өмірдегі барлық салаларындағы сәйкес өзгерістердің қажеттігін және психологиялық бағыттағы түрленудің кешенді процесі.Төртіншіден, демократиялық модернизацияның феномені жаңару механизмінін игеру және саяси қызмет технологиясының өзгеруі. Демократиялық модернизация қазіргі қоғамның талаптары мен міндеттеріне интенсивті тұрғыда бейімделу жүйесін құрады. Саяси жүйені демократияландыру процесіне әсер ететін ішкі саяси факторларды да бөлек алып қарастырыуымызға болады. Бұл:саяси шешімдерді қабылдау процесінің мінездемесі; ілгерілеу табиғаты мен әлеуіметтік инновация деңгейі.саяси элитаның консолидация деңгейі;мемлекеттік саясаттың түр-сипаты; Қазақстандық реформалау тәжірибесі «қоғам мемлекеттік билік» қоғам жүйесінде саяси партиялармен «бәсекелесетін» функционалды өлшемімен бұқаралық ақпарат құралдарында байланыстырушы құрал ретінде ерекше роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Саяси модернизацияны жүзеге асыруда саяси инновация мен шешімдерді қабылдаудағы басты құрал болып табылатын жоғары саяси элита маңызды роль атқарады. Қазақстанның спецификасы деп қоғамымызда саяси элитаның өмірін әлем елдердің тәжірибесімен санаса отырып еңгізілген нормалармен заңдардың орын алуын және республикамыздың даму алғышарттарын айтамыз.
6. Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Саяси идеология танымы тек посттоталитарлық елдерде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде ғылыми-практикалық және әлеуметтік-саяси маңызы жоғары мәселе.Саяси идеология-идеология ядросы болып табылады.”Идеология”(гректің ideа және logos идея, білім; оқу, идеялар туралы ілім) көзқарастар мен идеялар жүйесі.”идеология”терминін қоғамдық ғылымдарға Антуан Дестют де Траси енгізді.Ол өзінің “Идеология элементтері” атты еңбегінде анықтама берген. Траси және оның замандастары П.Кабанис және К.Вильней ерекше “идеология ғылымын ” жасап шығарды,яғни идеялар туралы ілім. Траси Бэкон, Локк, Гельвеций, Кандильяктің еңбектерін алғаш рет жүйелеп,идеология туріалы алғаш рет толықтай ілім жасаған адам. Саяси идеология - бұл абстрактылы теориялық түсініктер, идеялар, теориялар және абстрактылы практикалық бағдарламалар, шешімдер, лозунгтер жүйесі. Ғылыми әдебиеттерде бірнеше басты философиялық-социологиялық бағыттарды бөліп қарастырады.Олар саяси идеологияның концепциясының қалыптасуына ықпал еткен басты факторлар:марксизм-ленинизм (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин), неміс”социология білімдері” (М.Шелер, К.Мангейм), әлеуметтік позитивизм (К.Коппер, Г.Альберт, Т.Гейгер, Э.Топич т.б.), Франкфурт мектебі (Т.Адорно, М.Хоркхаймер, Г.Маркузе, Ю.Хабермас т.б.), оңшыл ревизионизм (Э.Фишер, Л.Колаковский, Р.Гароди). Саяси идеологияны анықтаудағы тұжырымдардың көптігін екі сипатта бөліп қарастыруға болады:1.батыс ғалымдарының бағыты бойынша саяси идеоологияны жасанды сана ретінде қарастыру.2. ғылыми тұжырым басымдылығы,идеология прогрессивтілігі кеңес ғалымдары мен оқытушыларына тән сипат. Қазіргі қоғамда қлыптасқан әлеуметтік-саяси ағымдарды талдау негізі саяси идеологиялар туралы айтуға мүмкіндік береді.Бұл либерализм,социлизм, консерватизм. Олардың “классикалық” үлгілері XVII ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Либерализм тұлға және индивидтің өзге де әлеуметтік және саяси құқықтарының еркіндігі мен мемлекеттік қызмет ету саласын шектеуді қолайтын ілім және қоғамдық-саяси ағым болады.Либералды дүниетанымның тамырлары Ренессанс пен Реформацияға кетеді.Оның бастауында Дж.Локк, Т.Гоббс, Шарль Луи Монтескье, И.Кант, А.Смит, В.Гумбольдт, Т.Джефферсон, т.б. Жалпы либералды дүниетаным бастан-ақ келесілерді мойындауға ұмтылды.1. Әмбебап мақсат ретіндегі индивидуалды бостандық идеалы;2. Адами индивидуалдықты бөліп көрсету;3. Жекелеген тұлғаның өз іс-әрекеті үшін өз алдындағы жауапкершілігін сезіну;4. Барлық тұлғалардың теңдігін бекіту; Либералистер ХХ ғ.80-жылдары Британия, Европа, Жапония, АҚШ-та зор табысқа ие болды. Қазіргі консерватизмнің неоконсервативтік (либерал-консервативтік) ағымы салыстырмалы жаңа құбылыс. Оның пайда болуының объективті негізі ХХ ғ. 70-жылдары әлемдік экономиканы қамтыған құрылымдық дағдарыс болып саналады. Неоконсерватизм Германияның жетекші өкілдерінің бірі Г. Рормозердің пікірінше, қазіргі қоғамның дағдарысымен тағысын - тағы жасалып жатты. Социалистік идеялардың одан әрі құрылуында маңызды тармақ Т.Мор мен Т.Кампанелланың коммунистік утопиялары болып табылады. Бұл ойшылдардың зерттеулерінде мүліктің жалпылығы принциптерінен қоғамдық өндірістің принциптеріне және қоғамның шаруашылық өмірін біртұтас ретінде ұйымдастыру, мемлекетті қажет етпейтін жабық қауымның идеалынан қала және қалалардың федерациясы түріндегі ірі саяси құрылыс идеалына, оның шаруашылығы мен мәдениетінің жетекшілігінде саналы қоғамдық құрылыстың негізін бекітуде мемлекеттің басты рөлін мойындауға өтуі негізделді. Бұл кезеңде социалистік ізденістер бір-бірінен мәні жағынан бөлек (Бюше, Л.Блан, К.Пеккер, Леру, Прудон, Дезами, Ж-Ж.Пийо, О.Бланки) әртүрлі ағымдарға бөліне бастады, бірақта ғасырдың ортасына қарай барлық бұл ағымдар мен мектептерді К.Маркс пен Ф.Энгельстің “ғылыми социализмі” ығыстыра бастады. Постиндустриализм идеологиясын жақтаушылар бұл ойшылды бұл дәстүрдің негізін салушы деп санауы кездейсоқ емес. Саяси ғылымдағы саяси идеологияның ерекшелігі, Қазақстан Республикасында жаңа саяси идеологиялардың қалыптасу жетістііктері, басқа ТМД-ның мемлекеттерінде (оның ішінде Ресейде), жалпы қазақстандық идеологияның басымдықтары төңірегінде бүгінгі күнде болып жатқан пікір таластар қарама-қарсы көзқарастарды көрсететін пікірлердің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ғалымдар идеология мемлекеттілікті дамытуда маңызды белгісі болып табылатынын атап көрсетеді және әлемде ешбір мемлекет саяси идеологияны аттап өте алмайтынын және соған сәйкес идеологиялық құндылықта мемлекеттік шеңберден тыс көріне алмайтын жағдайларға сілтеме жасайды.
7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
Қақтығыс (лат. conflіctus қақтығыс) екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы. Тартыс әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік Тартыс субъектілері адамдар, ал бейәлеуметтік Тартысқа табиғат құбылыстары жатады. Жанжалға адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б. VII-VI ғасырларда Қытай философтары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң және теріс бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек философшысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама- қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын көрсетті. Гегель қарама- қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады. Саяси жанжалдар теориясына көп көңіл бөлген Марксизм. Маркс пен Энгельс Коммунисттік партияның манифесінде «ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші біріне-бірі ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келеді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам өмірін, тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді. Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған. 60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Дальф Дарендорф «қоғамның дау- дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік п.б., олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан Карл Маркс айтқан, революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген. Американдық әлеуметтанушысы Кеннет Боулдинг «жанжалдың жалпы теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштырдың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
Мемлекет көпқырлы құбылыс. Мемлекет дегеніміз арнайы мәжбүрлеу аппараты бар, басқарушы таптың немесе жалпы халықтың еркін және мүддесін қорғайтын ерекше ұйымдасқан қоғамның саяси билігі. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Мемлекеттің белгілері: 1) мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдар жүйесі болады. (заң шығарушы, атқарушы және сот органдары); 2) мемлекеттің тұрғындары әкімшілік аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан) бөлінеді); 3)мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болады; 4) мемлекеттің тәуелсіздігі, егемендігі; 5) мемлекет заңдар және басқа нормативтік, құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады. Мемлекеттік қызметтер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметтері: 1) экономикалық бағдарламаны жасайды; 2) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады; 3) заңдылықты қамтамасыз етеді; 4) мәдени-тәрбиелік салада халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін ғылымды, әдебиет, өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. Сыртқы қызметтері: 1) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; 2) егемендігін сақтау; 3) басқа елдермен тиімді қарым-қатынас орнату. Мемлекеттің территориялық құрылымдары: унитарлы, федерация, конфедерация. Унитарлы (лат. унитас біріккен, біртұтас) унитарлық құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан. Федерация (ағыл. foederatio одақ, бірлестік) белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп, одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Мысалы, АҚШ, Ресей, Малайзия, Бразилия. Конфедерация белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Мемлекеттік басқару формаларына байланысты :
1. монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Бруней т.б):
А) абсолюттік монархия
Б) конституциялық монархия
- дуалистік монархия ( Иердания, Кувейт, Марокко т.б) монарх парламент немесе үкіметтің төрағасы бола алады.
- Парламенттік монархия (Швеция, Бельгия, Испания, Голландия, Люксенбург т.б)
2. республика:
А) Президенттік республика
Б) Парламенттік республика
В) Президенттік-парламенттік
9. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өөз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде legitimus-заңдылық, шындық деген мағынада) халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Легитимдік терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1.Әдет-ғұрыптық легитимдік сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды. 2.Харизматикалық легитимдікте - өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігінде саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимдік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады. Қазіргі дамыған елдерге тән.
10. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
Мемлекет көпқырлы құбылыс. Мемлекет дегеніміз арнайы мәжбүрлеу аппараты бар, басқарушы таптың немесе жалпы халықтың еркін және мүддесін қорғайтын ерекше ұйымдасқан қоғамның саяси билігі. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.
11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (М.Вебер бойынша).
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өөз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде legitimus-заңдылық, шындық деген мағынада) халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Легитимдік терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1.Әдет-ғұрыптық легитимдік сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды. 2.Харизматикалық легитимдікте - өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігінде саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимдік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады. Қазіргі дамыған елдерге тән.
12. Саяси жүйенің типологиясы.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау.
Саяси жүйенің типологиясы: 1) өндірістік тәсілі бойынша: а) құлиеленушілік; б) феодалды; в) буржуазиялық; г) социалистік.
2) режим бойынша: а) демократиялы; б) авторитарлық; в) тоталитарлық.
3) идеология бойынша (Ж. Блондель): а) либералды; б) коммунистік; в) дәстүрлі; г) популистік.
4) саяси мәдениеті бойынша (Г. Алмонд): а) ағылшын-американдық; б) континенталды-еуропалық; в) индустрияға дейінгі; г) ішінара индустриялды; д) тоталитарлы.
5) тұрақтылығы бойынша: а) консервативті; б) трансформациялық немесе дәстүрлі; в) модернизацияланған.
6) саяси процесске қатысуы бойынша: а) либералды; б) коммунистік; в) дамушы.
13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі-саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Идеология әр түрлі саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз ақсат мүдделерін білдіреді және қорғайды. Оның ерекшелігі саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс әрекетті бағыттайды Идеология адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Cаяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой-пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады. Саяси идеологиялар өз қызметі барысында бір-бірімен, сонымен қатар мемлекетпен және өзге де саяси институттармен,жалпы қоғаммен белгілі бір қарым-қатынасқа түседі.
14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Саяси мәдениет адамдардың жүріс тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғым ХХ ғасырдың екінші жартысында Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай деген американдық зерттеушілердің көмегімен келді.Қызметтері: ТАНЫМДЫҚ, қоғам ен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдерімен қаруландыру; РЕТТЕУШІЛІК, саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуеттік таптық, ұлттық қатынастарды реттеу; ТӘРБИЕЛІК, әркімді қоғамдық саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу; БІРІКТІРУШІЛІК, қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру; ҚОРҒАУ, қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау; САБАҚТАСТЫҚ, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Саяси мәдениет үш деңгей түрінде көрініс табады: 1) саяси жүйе, оның рөлі, сол рөлдерді алып жүрушілер және оның қызмет етуі туралы білімді қамтитын танымдық бағдарлар; 2) саяси жүйе, оның қызметі, қатысушылары және қызметіне қатысты сезімдерді көрсететін эмоционалдық бағдарлар; 3) саяси жүйе, оның қатысушылары мен олардың әрекеттеріне жеке қатынасты көрсететін бағалау бағдары.Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз
Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына алмай қалады. Мажоритарлық жүйе заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері:Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар:Абсолютті ,салыстырмалы.Абсолютті жүйеде сайланды деп принципі (50+1) (қарсыластың дауысынан көп) алған талапкер саналады.
Салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса,сол сайланады.Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді,яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады.Мысалы мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ,Англия,Франция,Жапонияда дамыған.
Мажоритарлық жүйенің кемшіліктері де бар.Оның ең бастысы сайлаушылардың қалған 49 пайызының (ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі,ықтияры ескерілмейді.
16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. .) Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады. Г. Алмондтың айтуынша саяси жүйе «кіріс» және «шығыс» қызметтері арқылы қоғамда көрініс табады.Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. Мысалы:
- саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан саяси жүйелер англо-американдық, континенталды-европалық, индустриалды елге дейінгі, жартлай индустриалды, постиндустриалды (Г.Алмонд);
Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы - мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Мемлекет Г.Алмондтың айтуы бойынша саяси жүйенің негізгі институты. Демократиялық мемлекеттерде билік үш тармаққа бөліну арқылы жүзеге асады. Билік бөліну деген мемлекет билігінің өкілеттілігін бөлу. Бірақ мемлекеттік билік тұтас болу тиіс, оны бөлшектеу дұрыс болмайды.
17.Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз
Тоталитарлы саяси режим ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;-билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;- террористік полицейлік бақылау жүйесі;-барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;-қарулы-әскери күшпен бақылау;- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы-тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;-«Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады»деген принцип әрекет етеді;Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған.Тоталитарлық ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі.Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады. Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды. Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген. Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған.Тоталитаризмнің үшінші түрі ұлтшылды (социализм ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды.Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді.Бірақ тоталитаризм тарихи тәртіп. Тоталитаризм жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.
18. Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б. Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.
19. Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз.
Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігін білдіретін процесс сайлауға қатысу. Кез-келген мемлекеттің саяси жүйесінің жұмыс істеуі үшін маңызды сайлау жүйесі болып табылады, себебі оның сипатынан биліктің сайлау органдарының құрамы тәуелді. Сайлау жүйесі бұл ұғымның кең мағынасында бұл сайлаулардың тәртібін құраушы және биліктің көпшілік органдарының сайлауымен байланысты реттелген қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:
-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;-сайлау процесі сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)
-аралас жүйе.Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына алмай қалады. Мажоритарлық жүйе заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері:
Мажоритарлық жүйе:Абсолютті көпшілік салыстырмалы принцип
Принципі (50+1) (қарсыластың дауысынан көп)Ал, пропорционалды жүйеде мандаттар дауыс беру санына сәйкес партиялардың арасында бөлінеді. Кейде солшыл партиялар пропорционалды жүйені неғұрлым демократиялы деп мажоритарлыға қарсы қойған: пропорционалды жүйе бойынша.Пропорционалды жүйе жалпы ұлттық деңгейде сайлау округі кезінде бөлшектенбейді және дауыс берушілер саяси партияларға өз елдерінің шеңберінде дауыс береді. Бұл жүйе көп мандатты округтерде, округтер шеңберінде партияның өкілдері үшін дауыс бергенде жүреді, бұл кезде парламенттегі орындар округтегі партияның әсер етуіне байланысты бөлінеді. Яғни мұнда пропорционалды өкілдік принциптер қолданылады. Сайлау органдары, орындары осы партиялық тізім бойынша берілетін дауысқа байланысты. Ал кейбір елдерде аралас сайлау жүйесі кездеседі, мысалы: президенттік сайлау мажоритарлық жүцемен, парламенттік сайлау пропорционалдық принциппен. Ерікті сайлау үшін негізгі үш жағдай сақталуы тиіс. Біріншіден, баламалы ұйғарымдылық, (альтернативтік), сайлаушының бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау науқанының барлық сатысындағы қоғамдық бақылау үшіншіден, сайлаушылардың өз еркімен дауыс беруі. Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ережелер бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы және онан кейін қабылданған жаңғыртулық өзгерістерге сай 2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан парламенті-Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзетілінді. Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді.
20. Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз
Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Жанжалдың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған жанжал адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады.
21. Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Мемлекет басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден мына белгілермен ерекшеленеді:аумақтық бөліну: мемлекеттің заңдары мен өкілеттігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты және осы аумақ арнайы құрылған қарулы әскер арқылы жаулардан қорғалып отырады.ерекше өкімет аппараты (жария билік): мемлекетте өз қол астындағы халықты бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты құрылған. Ол өз үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, баспасөз және т.б құралдары арқылы жүзеге асырады.мемлекеттің егемендігі: өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.ашық куш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру: қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.салық салу: мемлекеттік қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығару.мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болу:мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болу керек, себебі азаматтығы жоқ адам (аппатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз қалады.Мемлекеттік құрылыс пен басқару формаларына байланысты :монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Бруней т.б):абсолюттік монархия,конституциялық монархия,дуалистік монархия ( Иердания, Кувейт, Марокко т.б) монарх парламент немесе үкіметтің төрағасы бола алады.Парламенттік монархия (Швеция, Бельгия, Испания, Голландия, Люксенбург т.б)2. республика:Президенттік республика
Жартылай президенттік (Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия т.б)
22.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері
Демократияға бейбіт жолмен өтудің үш түрі бар.Біріншісінде,реформа жоғарыдан басталады.Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз,өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді.Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту.Үшіншісінде,билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді.Мысалы,Испания,Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т.б.Авторитарлық және тотлитарлық саяси тәртіптен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық, саяси және моральдық-психологиялық қолдауының, сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты.Зерттеушілер Шығыс Еуропа елдерінде тоталитаризмнен, авторитаризмнен, жаңа қоғамдық жүйеге өтуде үш қайшылық болғанын көрсетеді: 1.Әкімшілдік әміршілдік, тоталитарлық құрылымдарды көппартиялық демократияға ауыстырудағы объективті қажеттілік пен осы ауыстыру кезінде пайда болған демократияға қарсы, жаңа тоталитарлық көріністер мен құбылыстар арасындағы қайшылықтар. 2. Ғылымитехникалық революцияның қазіргі сатысында орталықтанған, жоспарлы-нұсқау тәртібіндегі экономикадан базарлығы көп жүйеге көшудің объективті қажеттілігі мен бір жағынан оған шын мәніндегі әлеуметтік кедергілер арасындағы қайшылықтар. 3.Жаңа қоғамдық қайта құруға,жаңа демократиялық қоғамға көшуге жалпы ынталану мен осы жаңа қоғамның ғылыми концепциясының болмауы арасындағы қайшылықтар. Бұл қайшылықтар КСРО елдерінде үнемі білініп,кесірін тигізіп отыр. Тоталитаризмнен демократияға көшу саласы теориясының мамандары бұл өтуде әр түрлі екі саяси процестің бар екенін көрсетеді: либералдандыру және демократияландыру. Либералдандыру жеке адамдардың да,қоғамдық институттардың да құқықтарын қайтадан бөліп, кеңейтіп береді. Демократияландыру өте күрделі процесс, ол қабылданған шешімдер мен міндеттемелерде барлық азаматтардың теңдігін бекітеді, осындай шешімдерді қабылдағандарға азаматтар алдында жауапкершілік артады. Бұл процестер тәуелсіз Қазақстан Республикасында анық орын алып отыр.
Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылады.
23. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.
Модернизация деп қазіргі жаңа жағдайда байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады. Cаяси даму тұжырымдамасында басты рөлді модернизация немесе саяси бейімделу теориясы атқарады. Ол XX ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі типі бар. Біріншісі өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия, АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер жатады. Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болып есептеледі. Ал осы жолды кейін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан алдыңғы елдердің жолын қуушы, «қуалай дамушы» мемлекеттер ретінде қарайды.Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгеру, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағаны модернизацияның сызықтық теориясы. Жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларда соған лайық әлеуметтікэкономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды.Нәтижесінде олар да қазіргі жоғарғы индустриалды жағдайға жетеді,мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды.Критерийлері:1)Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып,іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;2)Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі,әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;3)ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер.Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды.
24. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
Президент: 1) ҚР халқына елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды; 2) Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін анын қабылдайды; Парламент Сенаты ұсынған заңға 15 жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді немесе заңды не оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Парламент: 1) ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерту мен толықтыру енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерту мен толықтыру енгізеді; Парламент : 2) Президенттің Республика премьер министрін, Ұлттық Банкінің төрағасын тағайындауына келісім береді; заң шығару бастамасы құқығы ҚР Парламентінің заңына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Республика Президентінің заң жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар. Мұның өзі Парламент заң жобаларын енгізген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар зарлық шығаруға хақылы, ол Парламен Конституциясында белгіленген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады. ҚР Президенті мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент премьер министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің палаталары арасындағы ескерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. ҚР Президенті Үкіметті Конституциядағы тәртіппен құрады. Республика премьер министрі тағайындалғаннан кейінгі бір күн мерзім ішінде премьер министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
25.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.
Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде «Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық партиясы», «Отан»республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық партиясы»жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.Алдыңғы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде қалың көпшіліктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс. 1991 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда көппартиялық жүйе қалынтасты. Оның жолға койылуында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев үлкен рөл атқарды. Оның қолдауымен көптеген демократиялық партиялар құрылып, елде саяси жағдайдың дамуы қоғамды нығайтуға негіз салды.Көппартиялық жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасында сайлау жүйесінің дамуына өсер етті. Қазақстанда депутаттыққа кандидаттар ұсыну құқығына сайлау ұжымдары ғана ие емес, өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтардың өздері де ұсына алады.
26. Конфедерациялық және федерациялық мемлекет құрылымдар арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған. Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с Федерация бұл бұрын дербес болған мемлекеттік құрылымдардың ерікті түрде бірігуін білдіретін мемлекеттер одағы.Федерацияның белгілері:- федерацияның аумағы, оның субъектілерінің аумағынан тұруы;- жоғарғы мемлекеттік билікті федералды органдардың жүзеге асыруы- әр субъектілердің өзінің конституциясы, мемлекеттік органдары болуы;- федерация субъектілердің мүдделерін білдіретін Парламент палаталарының болуы;- негізгі жалпы мемлекеттік сыртқы саясаты федеративті органдардың жүзеге асуы.Конфедерациялық мемлекеттің белгілері:- ортақ заңшығарушы, атқарушы және сот билік органдарының болмауы;- біріңғай әскер, салық жүйесінің, мемлекеттік бюджеттің болмауы;- бірнеше азаматтықтың болуы;- бірыңғай ақша жүйесі, кеден ережелері және несие саясаты туралы келісім болуы мүмкін;- ол ұзаққа созылмайды, ыдырап, унитарлық мемлекетке немесе федерацияға айналуы мүмкін Федерация жұмысының негізгі бағыты мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет,спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.
27. Либералистік және фашистік саяси идеологиялардың арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
«Идеология» гректің идея бейне, логос ғылым деген сөздерінен шыққан. Идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат мүдделеріне білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Идеология әр түрлі саяси, құқықтық, этникалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі либерализм. (Латынның либералис еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді. Либералдық идеологияның негізгі принципі адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.Фашизм-тоталитарлы және фашистік мемлекет өзіне барлық құндылықтарды қосады,түсіндіреді,дамытады,және адамның тіршілік,өмірлік қызметін жүзеге асырады.Мемлекеттің фашистік консепциясы жайлы қамтушы.Фашизімнен тыс адами және рухани құндылықтары жоқ.
28. Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері.
Саяси өмірге қатысу мүмкіндігі бар саяси жүйелер қоғамның саяси жүйесін құрастырады. Партиялық жүйе бір-бірімен бәсенелесу негізінде қалыптасады. Партиялық жүйеге сандың көрсеткіш иегіз басады. Партиялық жүйе: бір, екі және компартиялық басып бөлінеді. Бірпартиялық жүйе демократиялық емес мемлекеттерге байланысты; тоталитарлық, авторитарлық. Бұл мемлекетті бір ғана билік жүргізуші партия болады. Монополиялы биліксіз партиялардың көп партиялық жүйесі. Мұндай жағдайда бірде-бір пратия жеке дара парламентте көпшілікке ие бола алмайды. Сондықтан, әр түрлі саяси одақтар құруға мәжбүр болып, коалициялық өкімет орнатуды көздейді. Италияның партиялық жүйесі дәлме-дәл үлгі болады. Мұндай жүйелер Бельгия, Дания, Нидерланд елдерінде және басқа да елдерде бар.Монополиялы билікті көппартиялық жүйе. Жүйенің бұл түрінде парламенттік көпшілік бір партияға ғана тән болып, ол бір партиялық үкімет түзеді. Мұндай партиялық жүйе, мысалы, Жапонияда қалыптасқан. Онда екі палатада да бурзуазиялық либеральды-демократиялық партия үстемдік дәрежеге ие.Екі партиялық жүйелер. Екі партиялық жүйенің өзіне хас айрықша ерекшелігі болып саяси аренада басты екі партияның монополиялы үстемдік етуі саналады. Олар билікте бірін-бірі алма-кезек алмастырып отырады. Бұл партиялардың бірі сонда басқарушы рөлін атқарса, екінщісі оппозициялық рөл ұстанады. Олар оқтын-оқтын орын алмастырады. Мұндай жүйе басқа партиялардың құрылуына бөгеттік жасап, сайлаушыларды нағыз сайлау мүмкіндіктерінен мақұрым қылады.
29.Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ.
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған. Дуалистік монархияда екі саяси ұйым феодальдық монархия мен буржуазиялық парламенттің болуы тән. Монарх үкіметті тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол тыйым салу құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие. Дуалистік монархия Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет басшысы король).Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы өмір, ол билеуші Сабахтар әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет басшысы король) жене тағы басқа елдердебар.
Парламевттік монархия. Парламентгік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламентгік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін оқып-зерттеу барысында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда (Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі, мұндағы ресми мемлекет басшысыкоролева), Бельгияда (Бельгия корольдігі, мемлекет басшысы король), Данияда (Дания корольдігі, мемлекет басшысы монарх. 1972 жылы қаңтарда ғана Маргрега II мемлекет басшысы болып сайланды), Испанияда (бұл елде парламенттік мұралық монархия, мемлекет басшысы король), Норвегияда (Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы король), Канадада (мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп нақты қөрсетілген, ол генерал губернаторды өзі тағайындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі ныша-ны император), Люксембургте (Люксембург ұлы Герцоттығы, мемлекет басшысы ұлы герцог) орныққан.
30. Д. Истонның және Г. Алмондтың саяси жүйе теорияларының негізгі айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз.
Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік
талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.. Д. Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе болып табылады. Ол саяси жүйе теориясына іштей тән бірнеше сипаттарды бөліп көрсетеді:1. Қоғамдағы өзара саяси әрекеттесу жүріс-тұрыс жүйесіретінде көрінеді.2. Саяси жүйе бос кеңістікте емес, керісінше физикалық, биологиялық, әлеуметтік, психологиялық қоршауда болады. Бұл қоршау орта сияқты өзгеріп отырады.3. Саяси жүйе ашық, себебі ол әлеуметтік жүйенің бірбөлігі және ауқымды әлеуметтік жүйенің шеңберінде және оның әсерімен қызмет етуі керек.4. Саяси жүйенің өміршеңдігі қоршаған ортаның терісәсерлеріне жауап қату қабілеттілігімен және өзгерген жағ- дайларға бейімделе алуымен анықталынады.5. Саяси жүйенің өзіне тән маңызды сипаты әлеуметтікөмірдің тұрақтылығы мен түрлаулығын қамтамасыз ететін тепе-тендікті сақтай алу қабілеттілігі болып саналады.6. Барлық саяси жүйелердің ортақ қасиеті олардың тұтас-тығы мен амандығын қамтамасыз ететін бейімделу қабілеті, осының арқасында дағдарыстардан шығуға болады. Г.Алмонд Д. Истонның идеяларын одан әрі дамытты.тың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2деңгейді институциондық және бағдарлық баса айтты.біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлінсе,екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді.
31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
“Саяси режим” түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси, құқықтық құбылыстарды, байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси режим қоғамның құқықтық, саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады. Ол саяси бостандықтың дәрежесін білдіреді. Адамзат тарихы режимдердің бір қатарын басынан өткерді: Деспотиялық; Тираниялық;Тоталитарлық;Авторитарлық; Демократиялық; Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін құралдарын таңдауына ықпал етеді. Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, қоғамды қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияның басты ерекшеліктері: -Еркіндік принципі;-Саяси бәсекелестік;-Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі.-Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі-Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті-Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау-Саяси және идеологиялық плюрализм-Демократиялық қоғам ашық қоғам.Демократия консепциялары:-Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия-Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз белгісі;-Руссо теориясы: билік жалпы еріктің негізінде жеке адамдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған халықтың қолында болады.Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздеріне қарым қатынасқа байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірак көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен саяси билікен мақсаттардың жүзеге асырууымен байланыстырылады. Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни саяси жүуй қызметтерінде өзекше орын алады. Саяси режим жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік билікті жүзеге асырушы әдістер мен құралдардың жиынтығы деп есептеледі.
32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап). 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
“Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ережелер бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы және онан кейін қабылданған жаңғыртулық өзгерістерге сай 2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан парламенті-Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзетілінді. Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді.Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат референдумда теңдей дауысқа ие.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған “иә” немесе “жоқ” деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу
жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін.
Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар “Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі.
Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету.
Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі ерікті сайлау.
34.Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді. ҚР басқару формасы бойынша Президенттік Республика қатарында. Президенттік республика белгілері: Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;
Президент үкіметті құрады;Үкімет президент алдында жауапты;Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.
35.Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.
Партия деген сөз латынның бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Негізгі саяси партиялардың 200-ден астам анықтамасы бар. Саяси партия─ мемлекеттік билікті қолға алу арқылы жалпы мүдделермен мақсаттарды жүзеге асыруға ынталанатын ерікті біріккен қоғамдық бірлестік,әлеуметтік топтармен топтардың мүдделерін қорғайтын идеологиялық саяси құндылықтарға негізделген ұйым. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж Англияда либералдық партия құрылды. XIX ғ.аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты, олардың саяси сауаттылығын арттырады,жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Партияның басты мақсаты─билік үшін күрес,әрекетінің ұзақтығы,ұйымның кең көлемділігі,билікті жүзеге асыруға ұмтылуы.Қызметтері:1)әр түрлі топтардың,таптардың мүдделерін қорғау
2)идеология жасау3)ұстанымдарды жасау4)элитаны қалыптастырады
Партиялық жүйе─мем-к билікті жүзеге асыруға қатысатын партиялардың жиынтығы.Олар:бірпартиялық жүйе,екіпартиялық жүйе,көппартиялық жүйе болып бөлінеді.
1.Бірпартиялық жүйе. Өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән.
2.Екіпартиялық жүйе. Басқа да кіщігірім партиялар да болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партия арасында жүреді.
3.Көппартиялық. Мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайд. отырып басқару түрі.Саяси жүйедегі ролі мен іштей ұйымдасуына б/ты саяси партияларды 4 түрге бөлуге болады:1.авангардтық партиялар.Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады.2.сайлаушылар партиясы.Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру,қаржы жинау,үгіт жүргізу т.б 3.парламенттік партия.Олнегізгі 2 қызметті атқарады:сайлауға дайындалу және парламенттік бақылау жасау.4.Қауымдастық партиясы.Ол адамдарды белгілі бір саяси ұстанғанына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып,маңызды ммәселелерді талқылау үшін бекітілді.
36. Қазақстандағы көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз. ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Қазіргі кездегі негізгі мәселе республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақтанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды. Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде.Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі.Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт бағдары жақын партиялар бір біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне универсалдық сипат алатындай сыңай бар. Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап,жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық, аралас түрі болып бөлінеді. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті ж/е салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50% ж/е бір дауыс) алған талапкер саналады. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50% -н артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйе қарапайым ж/е оңай сияқты көрінеді. Ең басты кемшілік сайлаушылардың қалған 49% еркі, ықтияры ескерілмейді. Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға даауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Европа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.
38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
Қоғам салаларының ішінде, әсіресе, саяси сала әр түрлі қақтығыстарға толы. Онда көп қырлы үстемдік пен бағыныштылықты көрсететін биліктік қатынастар жүріп жатады.Көптеген танымал философтар, әлеуметтанушылар және саясаттанушылар да қоғамдағы қақтығыстар мен саяси күрес феномендері мен оның себептерін, оны шешудің, алдын алудың жолдарын қарастырған. Жалпы саяси ғылымдардағы ең ықпалды концепциялары
(К. Маркстің конфликт теориясы, Г. Зиммельдің «конфликтілік функционализмі», Р. Дарендорфтың «қақтығыстың функционалдық теориясы», Л. Козердің «позитивті-функционалды қақтығыс», Джон Бертонның «қақтығыстарды шешудің және алдын алудың жалпы теориясы»), қақтығыстар қоғамдық өмірдің ажырамас құбылысы екендігін көрсетеді.
“Conflictus” термині “con” біреуге қарсы, біреумен бірге дегенді білдірсе, “flictus” етістігі ұру, итеру, құлату секілді мағынаны білдіреді. Демек, конфликт терминін қақтығыс, талас, күрес, қарама-қайшылық ұғымдарына сәйкес келеді деуге негіз бар.Мемлекеттік саяси билік, оны иелену, биліктік институттардың құрылымы, әлеуметтік топтардың саяси дәрежесі, құндылықтар мен нышандардың барлығы саяси биліктің негізі болып табылады және саяси қақтығыстардың нысаны мен пәнін құрайды. Бұл саяси қақтығыстың басқа конфликтілерден негізгі ерекшелігі. А. Глухованың айтуы бойынша: “Егер экономикада ресурстарды бөлудің біршама әділ жолы болса, яғни, өндірісті ұлғайту үшін кооперацияға келісіп барып, оны сосын бөлсе, ал саясатта бұл көбінесе мүмкін емес. Экономикада барлық заттар айырбасты бағаға ие болса, ал саясатта өзгеше: саяси еркіндік пен саяси тәуелсіздіктің орнын басатын ешқандай әділ эквивалент жоқ”. Сондықтан саяси қақтығыс биліктік ресурстарды, игіліктерді ұстап қалуға және бөлісуге ұмтылған екі немесе бірнеше жақтың өзара әрекеті болып табылады. Саяси қақтығыстардың негізінде әр түрлі факторлар бар. Мәселен, Л.Н. Тимофеева саяси қақтығыстың бес бастауын бөліп көрсетеді.Бірінші бастау саясат субъектілерінің дәрежесі сәйкес келмеуімен, оның рөлдері, қызметтері, мүдде мен қажеттіліктерімен, ресурстардың тапшылығымен сипатталады. Мысалы, билеуші және контрэлита арасындағы қақтығыс тұтасымен алғанда биліктік қатынастар жүйесіндегі барлық саяси субъектілердің конфликтісі болып табылады. Бірақ, биліктік өкілдікті тең бөлу мүмкін емес. Қақтығыстың екінші бастауы адамдардың басты құндылықтары мен саяси идеяларының, тарихи ағымдық оқиғаларды бағалауындағы сәйкессіздіктерге байланысты. Бұл теория бойынша қақтығыстар адамның және табиғаттың құрайтын қажеттіліктерінің шектелуі немесе қанағатталмауына байланысты туындайды.Қақтығыстардың үшінші бастауы азаматтардың бірегейлік процесіне байланысты. Демек, әр азамат өзінің әлеуметтік, діни, саяси, т.б. саяси жүйедегі орнын тапқысы келеді. Қақтығыстың төртінші бастауын Л.Н. Тимофеева саяси коммуникация технологиясында, ең алдымен ақпараттың қателігінде немесе оны арнайы бұрмалаудан көреді.Қақтығыстың бесінші қайнар көзі, билік үшін күресетін саяси қақтығыстағы субъектілердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінде астарланған. Саяси лидерлердің осындай жақтары, яғни, шектен шыққан авторитаризм, бақылаусыз өзімшілдік және т.б. саясаткерлер арасындағы араздықтың себебіне айналып, елдегі жағдайға тұтасымен ықпал етуі мүмкін.Саяси қақтығыстардың себептерін зерттей отырып, келесі қорытындыларға келуге болады.Біріншіден, оның негізінде әлеуметтік топтар, саясат субъектілері, индивидтердің арасындағы теңсіздік жатыр. Сонымен қатар, бұл жағдай
қоғамда үнемі орын алатын материалдық және рухани құндылықтардың тапшылығымен толықтырылады. Ресурстар шектеулілігінің өзі қақтығысқа себеп болады. Нәтижесінде қоғамда жақсы өмір сүру үшін күрес басталады, оның ішінде: билік, мәртебелік позициялар, жоғары табыс пен байлық.Екіншіден, қақтығыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың базалық қажеттіліктерге қанағатсызданбау нәтижесінде пайда болады.Үшіншіден, индивидтер мен әлеуметтік топтардың күрделі қарама-қайшылықтарда орын алатын құндылық бағдары мен мүдделік кереғарлық қақтығыстың себебі болуы мүмкін.Төртіншіден, азаматтардың әлеуметтік топтармен сәйкестендіру процесі саяси қақтығыстардың қайнар көзі болып табылады және олардың қоғамдағы орнын анықтайды.Бесіншіден, саяси қақтығыс ақпараттың жоқтығымен, берілген қақтығыс бойынша дезинформация ұсыну себептерімен орын алуы мүмкін және оны реттеу процесін қиындатады.Алтыншыдан, қақтығыстың себебі саяси қақтығыстардағы субъектілердің психологиялық ерекшеліктерінде жасырылады. Мысалы, саяси лидерлердің эмоционалды-жігерлі белгілерінің дамуы саяси қақтығыстың нәтижесін реттеудің динамикасына негативті түрде ықпал жасауы мүмкін.Жоғарыда аталғандарды қарастыра келе, саяси қақтығыстардың негізінде мүдделер мен саясат субъектілері мақсаттарының сәйкес келмеуі олардың материалдық және рухани қажеттіліктерге қанағантанбаудан деп қорытындылаймыз. Себебі, азаматтардың қажеттіліктері өседі, ал оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері үнемі шектеулі.Саяси қақтығыстардың әрқайсысының өзіне тән белгілері бар және саяси процестерде ашық, конструктивтік немесе деструктивтік рөлдерге ие.
Конструктивтік рөлі. Біріншіден, саяси қақтығыс қоғамдағы қарама-қайшылықтар мен мәселелердің пайда болуындағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің себепшісі болып табылады. Олар социумдағы жағымсыз тұстар туралы ескерту береді, индивидтер мен әлеуметтік топтардың қанағаттанбау және қарама-қайшылықтар себептерін айқындайды.Екіншіден, қақтығыстың өзі қоғамда жинақталған алаңдаушылықты төмендету арқылы өзіндік шығыны бар тетік ретінде қызмет атқарып, қақтығысқа әкелген кемшіліктер мен жаңсақтықтың қарама-қайшылықтарын шешудің тәсіліне айналады.Үшіншіден, қақтығыс қоғамда болуы мүмкін тоқырауды, жүйенің ыдырауын алдын алып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қақтығыстық жағдайда индивидтер немесе әлеуметтік топтар оны реттеу мен шешу тәсілдерінің тәжірибесін алады.Енді деструктивтік қақтығыстарға тән сипаттамалық ерекшеліктерін көрсетейік.Біріншіден, саяси қақтығыс қоғамның бірігуіне қатер туғызады, қалыптасқан әлеуметтік-саяси
құрылымды құлатады, мемлекетте қауырттылықтың жоғары деңгейін қалыптастырады, қоғамда жіктелу орын алады.Екіншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қарқынын тежеуге ұрындырады, әлеуметтік жүйенің дағдарысы мен стагнациясына апарады.Үшіншіден, саяси қақтығыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың адамгершілік қағидаларының бұзылуына ықпал етеді, физикалық және психологиялық озбырлықтың, көп құрбандардың болуы адамның өшпенділік сезімі мен өш алу ықыласын қалыптастырады.Төртіншіден, деструктивті қақтығыстардағы өзара қимылдары оның субъектілері мен қатысушылары арасындағы қашықтықты жоғарылатып, олардың көзқарастарын полярландыра түседі.
Бесіншіден, оны реттеу мен шешудің жолында орнықты тосқауылдар пайда болып, қақтығыс жаңа деструктивті қақтығыстармен жалғасуы мүмкін.
39.Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.
Билікті жүзеге асыру механизмдері:
1.Үстемдік-мемлекеттік нормативті-құқықтық аңтілер негізінде бір әлеуметтік топтың екінші әлеуметтік топты бағындыруы.2.Жетекшілік-саяси жүйенің, қоғамның даму стратегиясының анықталуы, заң жүзінде бекітілуі және негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда құралдарды таңдау.
3. Басқару және ұйымдастыру-нақты басқарушылық шешімдерді қабылдау, келісу, әртүрлі әлеметтік топтардың, тұлғалдардың қызметтерін, саяси және саяси емес ұйымдар мен құрылымдардың әрекеттерін тәртіпке келтіру. 4.Бақылау және кері байланыс-осы арқылы билік қабылдаған шешімдердің нәтижесін көріп отырады.
40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, Ф.Аквинский, Мартин Лютер)
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Рухани өмірде дін үстемдік етті. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврерий Августин еді. Ол христиан фәлсафасының негізі қағидалары «Құдай қаласы туралы» еңбегінде баяндалған. Ол барлық әлеуметтік, мемл. және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәнің нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни оның өз бетімен немесе (Құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер) христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Еңбектері: «Билеушілерді басқару туралы», «Теологияның жиынтығы». Ол өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімделгісі келді. Жалғыз адам өз мұрқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірге өмір сүру керек. Фоманың ойынша, билік Құдайдың құдіретімен орнайды. Патшалық билік діни билікке бағынуы тиіс деп пайымдады. Осыған ұқсас саяси көзқарас Мұсылман дінінде де орнады. ХХ ғ-да феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, діни қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын қорғауға қарсы шығып, адам құқығын қорғауға шақырды. Аврелиий Августин. (354-430ж.ж.) Философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткер. Ол августинизм деп аталатын христиан философиясындағы неоплатонизм бағытын негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу, «Құдай қаласы туралы т.б. Августин ілімі бойынша адам дүниеге келу келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың еркімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке немесе азаптарға бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай дамуына мүмкіндік берген. Адамзат тарихы осы заңдылыққа бағынады. Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августиннің құдай құлшылығы дегені оның жердегі өкілі - Рим шіркеуі. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі адамдардың бәрі де бағынуға тиіс. Орта ғасырдағы ойшылдардың ішінде Фома Аквинский ерекше орын алады. Басты еңбегі “Теологияның жиынтығы”.Фома Аквинский: «заң - белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті айқындаушы ереже», адам үшін бұл ереже «рахат» деп түсінді. Фома билік құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал «Құдай жауыздықтың емес,қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті құрайтындардың бәрі мейірімділіктен туындайды, Құдайдан шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу тегі адамдардан» деп түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның ойынша, саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді.
Келесі құдайшыл ойшыл орта ғасырлық Мартин Лютер (1483-1546).
Оның еңбектерінде әртүрлі таптардың наразылығы көрініс тапты, олар: серілік құрушылар, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін иелері өкілдері арасындағы келіспеушіліктер Римдік-католик дініне қарама-қарсы Лютер адам және оның зайырлы өмірі негізінен күнәлі деп қаралмауы тиіс екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол адам мен құдай арасындағы шіркеу мен дін иелерінің жарастырушылық ролін теріске шығарды. Лютер өзінің міндетін алғашқы христиандыққа қайта оралу деп есептеді, бірақ бұл жолды тек дін саласында жүргізуді уағыздады.Лютердің саяси іліміндегі негізгі тезис екі әлемнің болуы. Христианшыл Лютердің пікірі бойынша, адам бір мезгілде екі әлемде: рухани(аспандағы) және нәрселік (жердегі) әлемде өмір сүреді.
41.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
42.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.б негіздерде болады).
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биік ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі біздің бабамыз ұлы ойшыл Жүсіп Хасхаджип Баласағұни 1021-1075аты әлемге әйгілі ақын,фәлсафашы, қоғам қайраткері болған.Жүсіп туралы мағлұматтарды із оның негізгі еңбегі «Құдатғұ Білік»дастанынан білеміз.Бұл еңбек ерекшелігі-ол сол кездегі ресми араб тілінде емес,ана тілі-түрік тілінде жазылғандығы.Ол араб-парсы тілдерін жақсы білетіндігін білдіріп,сонымен қатар Орта Азияда билік құрған қарахандықтарға түсінікті болуы үшін жазылған.Ол-тек саяси трактатқана емес,ода өмірдің мән-мағынасына адамның тағдыры оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы,әдет ғұрпы және т.с.с.туралы көзқарастар жинақталған улкен шығарма. Ол шындыққа,бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді.Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды,еркіндікті аңсайды. Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин 1841-1889 өмір сүрді. Ол халықты дүниеге дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етті. Тек білім,ағартушылық қана бұхара халықты билеп төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп,барлық күш жігерін олардың білімімн көтеруге арнады. Адамдардың көзін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Ұлы ұстаздың қажырлы қызметі арқасында хіх ғас.70-80жылд.қазақ даласына көптеп мектеп салынды. 1845-1904 қазақтың кемеңгер данасы,заңғар ақыны, асқан ағартушы,жазба әдебиетіміздің нег.салушы Абай Құнанбаев өмір сүрді. Абай қазақ даласына барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл,білім,ерік» жоғары дәрежеге көтеріп,асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті,парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Абай патша өкіметінің сойылын соғып,байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина,би,болыс және т.б.атқамінерлер сияқты әлеум.топтың қоам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсінді.Ол ел басқару жүйесіне жаңа заң,ережелер енгізуді сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасады. Қазақ қауымына әлеуметтік реорманы да,экономикалық рефорнаы да бірінші ұсынған-ұлы Абай.Данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері,ақыл кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.
Ахмет Игүненики XII ғ . Йасы маңындағы Иүгнек деген қыстақта дүниеге келген .Араб,парсы тілдерін меңгерген. «Ақиқат сыйы» дастаны 14 тарудан 235 өленен тұрады.Білім,әдеп,адамгершілік еңбек туралы.Оны халық «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп бағалаған.Дастан қазақ тіліне аударылып,1985ж жарық көрді.
43.Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
44.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі бес жыл.Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
45.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.
1991 ж. желтоқсанның8інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанбасшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 ке 43,0% кіреді, АҚШ 20,9%, 12 мемлекет кіреді Евроодақ 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 1998 жылығы Азия Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
46.Әз Наурыз мейрамының Қазақстан Халықтарын бірлік пен ынтамаққа шақырудағы ұлықтық саяси астарлары.
Наурыз әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді.Саясаттың өзгеруі Қазақстандағы Наурыз мерекесіне де салқынын тигізіп келді. Мыңдаған жылдар бойы мерекеленіп келген Наурыз мейрамы, кеңес өкіметі тұсында 1926-1988 жылдар арасында жалпыхалықтық сыйпаттан өңірлік және ауылдық ауқымға тықсырылды. Наурыз көптеген атрибуттық және мазмұндық тұрпатынан ажырап, қарабайырланды әрі сүреңсіз тартты. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесі кеңес өкіметінен тәуелсіздік алған түркі елдерінде ХХ ғасырдың 1988 жылдан бастап қана ресми түрде қолға алына бастады. Алайда, Наурыздың Қазақстандағы мерекеленуіне қарап, оның этностық мейрамнан ұлттық, мемлекеттік мерекеге айналғанына көңіл сенбейді. Наурыз мерекесін сағына қолға алған қазақ халқы, өзінің бірнеше мыңдық тарихы бар мейрамының негізгі көріністері мен мәнінен ажырағандықтан, оның орнын бірыңғай ұлттық фольклормен сахналауды (театрландыруды) толтырды;
мерекені фольклорлық сахналау оның бүкіхалықтық мәніне кедергі болып, таптаурынға ұшырап, кәзіргі кезде тоқырауға түскен сыңайы-бар.Аталған жайттар Наурыз мерекемізді қайта қырынан қарауға мәжбүр етуге тиіс. Егер біз Наурыздың этностық мағанадан бүкілелдік сыйпатқа тарауын қаласақ, оған нағыз ұлттық мазмұнмен бірге азаматтық мерекелік тұрпат беруге мәжбүрміз.Бүгінгі отырық өмір салтын меңгере бастаған қазаққа көшпелі өмір үрдісінен туындаған фольклорлық тұрпаттағы дәстүрдің барлығы бірдей сіңісе алмайтындығын ескеретін уақыт жетті. Оның үстіне, Наурызды тек қана қазақтар үшін мерекелеу де, елдік саяси ахуалға сыйымсыз. Кәзіргі ұлттық идеологияның маңызы сол егер де оған өзге жұрттар да тартылып, өздеріне сіңіріп жатса.
Мерекенің жалпыхалықтық сийпаты барын ескеріп, оны жұрттың бәріне бірдей, тіпті, ұлты мен тегіне қарамастан жатырқамай, қабылдайтындай, жарқын өмірдің үлгісіне айналатындай шаралар мен істер қажет-ақ. Мереке дегеніміз адамдардың қызықтай жүріп, демалуына қажетті атқарылатын шаралар жыйынтығы; мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы. Ал, фольклор белгілі бір этностық топқа ғана тән, сол топтың ғана қатысып, солардың игілігіне жарататын шаралары болып табылады.
47.1986 жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?
Желтоқсан көтерілісі 1986 жылы 17 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.Желтоқсанның 19 23 аралығында халықтың наразылық шерулеріменмитингілер.Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды,Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен ҚРның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде өзіндік орны мен ролі бар беделді мемлекет және сенмді сыртқы саяси серіктес ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және халықаралық лаңкестікпен күреске қосқан үлесін жоғары бағалайды. Халықаралық аренада Қазақстан көпұлтты және поликонфессиональды қоғамның озық үлгісі ретінде танылды. Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ішкі саясат және сыртқы саясатта да күрмеуі қиын күрделі мәселелермен бетпе кет-келді. Осы мәселелерді тәжірибелі шешу ғана мемлекеттің болашағының бұлыңғыр болмауының кепілі бола алды. Солардың бірнешесіне тоқталатын болсақ, Қазақстанның Ресей Федерациясымен өзара ықпалдастығының құлдырауы болды. 1990-1994 жылдар аралығында Ресейдегі саяси элитаның бұрынғы кеңестік мемлекетермен қарым-қатынастарды өздеріне тиімсіздігі жөнінде пікірлер пайда болды. Бұл негізінен сол кезеңдегі РФ сыртқы саясатында жылдам түрде Еуропа елдері қатарына кіру бағыты басшылыққа алынғандығына байланысты болды. Бұл кезең Ресейдің Орталық Азиядағы істерден оқшауланып, Батыспен өзара қарым-қатынастарға баса назар аударуымен сипатталады. Ресейдің сыртқы саяси стратегиясында өзін Еуропамен, бүкіл Батыспен теңестіруге ұмтылыс анық байқалды. Осыған байланысты Орталық Азиядағы мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да Ресейдің батысеуропалық өркениетке жылдамырақ енуін тежейтін кедергілер ретінде қарастырылды. 1992 жылы 1 сәуірде РФ Жоғарғы Кеңесі территориялық бүтіндікті және егемендікті сақтау әр мемлекеттің өз міндеті екендігін жариялады. Ресей парламентінің бұл қадамы бұрынғы КСРО-ның ортақ қарулы күштерінің тарауына және барлық посткеңестік республикаларда, оның ішінде. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінде де ұлттық армияның құрылуына себеп болды. 1993 жылы Ресейдің бастамасымен Қазақстан рубль аймағынан шығарылып, өзінің валютасы теңгені енгізді. Бұл Мәскеудің өзінің жақын көршілерімен қарым-қатынастарға деген қызығушылығының төмендегенін көрсетті.
49.Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелері.
Ғылыми сараптаулар арқылы осы күрделі саяси құбылыстың қалыптасуы, жағдайы және келешегі анықталады. Қоғамның саяси сферасының өркениет талаптарына жауап бере алуының елдегі демократияның дамуына тәуелділігі саяси жүйенің қызметі мысалдарында көрсетіледі. Себебі, қазіргі әлемдік дағдарыстар жағдайында мемлекеттің басқарушылық, реттеушілік рөлі арта түседі. Демократия үрдісі әлемдік өзгерістерге сәйкес өзінің жаңаша даму кезеңіне келеді. Мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлінің күшейуі қоғамдық қатынастарды демократияландыруды жоққа шығармайды. Біздіңше, «демократияландыру» ұғымының мазмұнын ашуға Р.Дальдің анықтамасы сәйкес келеді: «Демократияландыру еркін және ашық сайлаумен, нақты саяси бәсекелестік және азаматтық құқықтарды қорғаумен, жиналыстар, ақпараттар, коммуникация, сонымен бірге саяси қалауларды таңдау бостандығымен сипатталатын, идеалды демократиялық режимге бағытталған қозғалыс». Демократиялық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаларының бірі маңызды мемлекеттік мәселелерді демократиялық әдістер арқылы шешу. Оған көбінесе референдум өткізу, парламентте дауыс беру жатады. Қазақстанның демократиялығы Конституцияның демократиялық нормаларды белгілеуінен көрінеді, ол азаматтарға өкілеттік органдарға тұтас бір халықтың мүддесін, азшылдықтың әлеуметтік және ұлттық мүдделері мен жеке азаматтардың заңды мүдделерін таныта алатын өз өкілдерін ұсыну мен сайлауға мүмкіндік береді. Қоғам жаңаруға тиісті. Бірақ жаңару адамзат қол жеткізген фундаменттік құндылықтарды жоққа шығармайды. Демократиялық қоғам да сондай тағдырлық құндылық. Дағдарыстық ахуал қанша қиыншылықтар әкелгенімен қоғам оларды жеңе отыра нақты, толыққанды демократиялық мемлекет орнатуға жетісетіні даусыз.
50.ТМД кеңістігі көлеміндегі ҚРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
Қазақстан Республикасы, ең алдымен аумақтық тұтастық пен егемендікті азаматтардың саулығы мен олардың конституциялық құқықтарын астарлай отырып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын өзгеріссіз жүргізіп келеді. Қазақстанда болып жатқан ірі әлеуметтік-саяси және экономикалық түрленуді ескере отырып, Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының ұзақ мерзімдік мақсаты ретінде ел ішінде реформаны табысты өткізудің, Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының қолайлы жағдайларын қалыптастыру мен қолдауын анықтады. Мұндай белгілеу, оның сыртқы прагматизміне қарамастан, дипломатиялық жұмыс саласының изоляционизміне немесе тарылуына шақыруын білдірмейтіндігі аян. Керісінше, ішкі реформаларды табысты жүргізудің шұғыл жағдайы ретінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа, барлық мүдделі елдермен екі жақты ынтымақтастықты және халықаралық ұйымдардағы белсенді жұмыстарын дамыту жолымен лайықты ену міндеті қойылды. Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының ерекшеліктеріне қарай көп векторлық саясатын, еуропалық, сондай-ақ азия елдерімен тепе-теңдік қатынастардың даму бағытын жүзеге асыра отырып, ұстанады. Әлемдік қоғамдастық тарапынан құрмет пен мойындау Қазақстанның ядросыз статусқа деген талпынысын тудырды және біздің еліміздің СНВ-1 Келісім-шартына, ядролық қаруды таратпау туралы Келісім-шартына (ЯҚТК),ядролық сынаққа жан-жақты қамтылған тыйым салу туралы Келісім-шартына (ЯСЖҚТ) қол қойды. Жалпыға бірдей ядролық қарусыздану идеясының жақтаушысы болып табылатын Қазақстан Ресей мен АҚШ-тың ықпал етуімен 1995 жылы 26 мамырда демонтаж, кәдеге жарату және өз аумағынан ядролық қаруды шығаруды жасады.Қазақстанның сыртқы саясатында көрші мемлекеттер Ресеймен,Қытаймен, Орталық азия мемлекеттерімен, барлық елдермен - ТМД мүшелерімен екі жақты қарым-қатынасты дамыту басымдық орын алды және алып келеді. Алғашқы сыртқы саяси қадамдарынан бастап Қазақстан Президентіне, аймақ шеңберінде қалып қоюға болмайтындығы анық болды. Сондықтан еліміздің басшылығы басынан бастап әлемнің барлық елдерімен, ең алдымен АҚШ-пен, Еуропалық одақ елдерімен, Жапониямен және басқа да Азия-Тынық мұхиты аймағының, Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуға талпынды.Қазақстан үшін ислам әлемінің мемлекеттерімен қарым-қатынас бекіту және дамыту үлкен мәнге ие болды. Осыған орай Қазақстан басшылығы, біздің еліміз мұсылман елдерімен қарымқатынасты идеологиялық немесе діни негізде емес, өзінің мемлекеттік мүдделерін басшылыққа ала отырып және халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қалыптарына сүйене отырып, қалыптастыратыны туралы атап айтты.
51. Жаһандықақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
Орталық Азия аймағының көшбасшысы саналатын біздің ел соңғы жылдары қарқынды даму жолында. Бұл жетістіктер бүкіл экономикамызды қайта құру нәтижесінде мүмкін болды. Тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық реформалармен қатар жүргізілген саяси реформалар да мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін жоғарылатты. Бүгін Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі ғана емес, батыс және шығыс елдерінің сенімді әріптесі. Қазіргі ақпараттық қоғам дәуіріндегі саяси имиджді қалыптастыру билік қатынастары жүйесіндегі өнер ретінде қарастырылады. Бұл контекске орай нақты айқындалған технологиялық тетіктер мемлекеттің имиджін қалыптастыруда ерекше мәнге ие. Алғашында мұндай тәсілдер биліктегі жеке тұлғаларға қолданылды. Кейінірек бұл жүйе бұқарамен ашық байланыс орнату барысында саяси жүйенің жетілдірілуіне оң ықпал тигізу ниетінде мемлекеттің даму стратегиясында пайдаланыла бастады. Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы позициясын ақпаратпен қолдау көрсету шараларының қажеттілігі мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудың негізі болып табылады. Аталған мәселенің шешімін табуда отандық ғалымдар бірнеше міндеттерді шешуі қажет. Дегенмен, еліміздің сыртқы саясаттағы имиджінің қалыптасуы мен дамуы тетіктерін айшықтайтын арнайы ғылыми жұмыстар жоқ. Сонымен қатар, мемлекетіміздің ақпараттық саясаты шеңберіндегі халықаралық аренадағы имиджі теориялық жағымен қатар, тәжірибе жүзінде толықтай зерттелмегені де шындық. Бұл КСРО құрамындағы бұрынғы Қазақстанның сыртқы саясатты жүргізудегі үгіт-насихаттық аппараты орталықтан бақыланып отырғандығынан деп білеміз. Бүгінде Қазақстан Республикасының дамуын жаһандық кеңістіктен тыс қарау мүмкін емес. Елдің мемлекеттік құрылыс тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі шарттардағы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауда жаһандық халықаралық үрдістерді ескеру қажет. Өйткені, қазіргі халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жаһандануы шарттарында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Еліміздің стагнация үдерістерін жоюы мен әлеуметтік-психологиялық оң көзқарас қалыптастыруы жаһандық шарттардағы маңызды шара. Мемлекетті әлемдік қоғамдастықтың жағымды қабылдауы жаһандық саяси, әлеуметтік және экономикалық алға жылжулар жетістігінің кепілі болып саналады. Қазақстан Республикасында позитивті қатынас қалыптастыруды қамтамасыз етудегі жұмыстарды билік орындары үздіксіз жүргізіп жатыр. Қазақстан кең географиялық кеңістік иеленген, жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Мемлекетіміздің территориясында түрлі діндер мен ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл тарихи, мәдени, ұлттық және дүниетанымдық ерекшеліктеріміз мемлекеттілігіміздің қалыптасуының негізі болып табылады. ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базанын қалыптастыру маңызды деп ойлаймын. Оның негізі - 2002 жылы қабылданған,
киберқауіпсіздіктің жаһандық мәдениетінің 9 элементі туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы", - деп мәлім еткен Н. Назарбаев. Оның айтуынша, ақпараттық кеңістік - бұл сала адамзаттың болашағы үшін жер қойнауы, ауа мен су әлемі, ғарыш тәрізді маңызды..Алайда бүгінгі күні ақпараттық үдерістерді реттейтін бірде-бір халықаралық конвенция, бірде-бір көпжақты келісім жоқ. Банктерге, компанияларға, мемлекеттік мекемелепрге, әскери және ядролық нысандарға жасалған хакерлік шабуылдардың көп жағдайда жазасыз құтылуының себебі де сол емес пе", - деп ескерді Н. Назарбаев.
52.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
Қазіргі таңда экономиканы инновациялық дамыту - әлемдік экономика аренасында Қазақстанның XI ғасырдағы дамуының басты баламасыз нұсқасына айналып отыр. Себебі бұл әлемдік дамудың негізгі үрдісі. Бұны елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзі: «Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы - Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы», деп басып айтқан. Бүгінде «Азияның айдаhары мен жолбарысы» атанған елдер осы индустриалды инновациялық саясатын тиімді жүргізу арқылы үлкен жітістіктерге жетті. Дамыған еледердің қатарына қосылу үшін біз олардың ұлттық экономикамызға тиімді жақтарын ала білуіміз керек. Демек, инновация бұл - еліміздің экономикасын өркендетудегі ең маңызды қозғаушы күші болмақ.Инновациялық ұлттық қабілеттілікті қалыптастырып, оны ұлттық басымдылық ретінде қарастыруқоғамміндеті. Оны Елбасы: «Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде» екендігін атап көрсетіп отыр . Сондықтан инновациялық ойлардың тууына және оны жүзеге асыруға еліміз мүдделі. Қазақстан позициясының жақсарғаны негізінен барлық бәсекеге қабілеттілік факторларынан көрінеді. 111 көрсеткіштен 27-сі елдің бәсекелестік басымдығына жатқызылған. Бұл денсаулық сақтау, еңбек нарығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қаржы, институттар, салықтық әкімшілендіру, орта білім беру сапасы.Осы орайда елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық даму мүмкіндіктерін қолану бұл XI ғасыр талабы болып отыр. Себебі қатаң бәсекелестік жағдайға тек инновациялық процестер, жаңа технологиялар, ғылыми зерттеулер арқылы ғана төтеп беру мүмкін. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық дамуды белсенді түрде жүзеге асуы үшін келесі іс шараларды ескеру қажет:1.Инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін қалау;2.Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтыр енгізу арқылы арттыру;3.Кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін арттыру және оған бөлінген мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану;4.Отандық инновациялық өнімді халықаралық нарықта өткізуде қолдау. Жаңа инновациялық дамуға қол жеткізгеннен кейін келесідей нәтижелерді көреміз:1.Ғылыми техникалық әлеуеттің дамуын;Халықтың әл ауқат, өмір сүру деңгейінің жақсаруын;2.Өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру, яғни еліміздің шикізаттық тәуелділіктен арылуын;3.Отандық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекге қабілеттілігінің артқанын;4.Экспортқа бағытталған өңдеуші салалардың дамуын.Елімізде осындай нәтиже беретін инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес - инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк - жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Стратегияны сәтті жүзеге асыра отырып жоғары ғылыми техникалық әлеуетке, біліктілігі жоғары мамандарға, бай табиғи ресурстарға, макроэкономикалық және саяси тұрақтылыққа қол жеткізеді.Қорыта айтқанда, Қазақстанның экономикасын дамыған әлем елдерінің экономикасына бәсекелес болатындай мүмкіндігі бар. Ол қазіргі кезең Қазақстанның инновациялық жолға бет алып отырғанынан ақ айқындалды. Ұлттық экономиканың жағдайы мен даму болашағында инновациялық беталыстың рөлін көптеген елдер өз тәжірибесінде көз жеткізген. Шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасындағы Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық саясатты қолдану, яғни өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді . Сондықтан ірі табиғи және ғылыми әлеуетке ие Қазақстанның инновациялық даму мүмкіндігі әлемнің дамыған 50 елдің қатарына «Азия барысы» болып қосылуға кепілдік береді.
53.ЕҚЫҰға (OSCE) төрағалық ету барысында Қазақ елінде болған саясиэкономикалық реформаларды атап көрсетіп, мәнін ашыңыз. 2010 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалығы аяқталды.Төрағалық еткен жыл мағыналы іс-шараларға толы болды. Оның бастысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуі болды.ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары қабылдаған мерейтойлық Астана декларациясы Ұйымдағы сапалы жаңа деңгейдегі қатынастардың бастамасына жол ашты. Бұл Ванкувер мен Владивосток арасындағы кеңістікте келісілген принциптер, біріккен міндеттемелер мен ортақ мүддеге негізделген демократиялық, ерікті, ортақ, әрі бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қауымдастығы идеясын бірігіп жүзеге асыру боп табылады.Саммит алдында үш кезеңмен Варшава, Вена және Астанада қауіпсіздіктің үш өлшеміндегі міндеттемелерді орындау туралы шолу Конференциясы өткізілді. Шілде айында Алматыда Саммитке дайындық аясында ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі болып өтті.Жыл барысында Іс басындағы төраға Қанат Саудабаевтың және оның арнайы елшісінің ЕҚЫҰ далалық миссиялары орналасқан барлық аймақтарға (Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия), беделді халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлеріне іссапарлары және ЕҚЫҰ кеңістігіндегі форум жиындарына қатысу барысында бірқатар маңызды келіссөздер өткізілген болатын.Шиеленістерді реттеуді ары қарай дамыту аясында Приднестровье проблемасы бойынша «5+2» форматымен бес раундтық бейресми кездесулер (оның ішінде біреуі Астанада), Женева дискуссияларының алты жиналысы (2008 жылдың тамызындағы жанжалға байланысты), Таулы Қарабақ аймағындағы жанжалды реттеуге бағытталған бірнеше іс-шаралар мен іс-сапарлар болып өтті. Осы бағыттағы жұмысты Іс басындағы төрағаның арнайы өкілі Елші Болат Нұрғалиев үйлестіріп отырды.Қазақстанның төрағалығы көршілес Қырғызстандағы жағдайды ретке келтіруде маңызды рөл атқарды. Шамамен 20,3 миллион АҚШ долларымен бағаланатын екіжақты негіздегі көмекке қоса, Қазақстан ЕҚЫҰ тарапын Ұйымның бүкіл дипломатиялық потенциалын жұмылдырды. Бұл бағытта ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының арнайы өкілі Ж. Кәрібжановтың еңбегі зор болды. Конституция жобасына заңнамалық сараптама өткізуге және полицияға ерікті көмекшілер топтарын қолдауға ЕҚЫҰ-ның арнайы қорынан қаржылай көмек көрсетілді. Парламент сайлауы мен конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның бақылауын үйлестіріп, қырғыз полиция қызметкерлерінің кәсіби қабілеттерін арттыру шаралары қолға алынды. Осының бәрі көршілес мемлекеттегі жағдайдың тұрақтануына оң септігін тигізді. Қазақстан көршілес, бауырлас халыққа екіжақты негізде де, халықаралық ұйымдар аясында да қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.
Қазақстан Іс басындағы төраға қызметінде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын аймақтық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайта түсті. Алматыда, сыртқы істер министрлерінің бейресми жиынында ЕҚЫҰ, БҰҰ, Еуропа кеңесі, Солтүстік Атлант одағы ұйымы (НАТО), Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жетекшілерінің кездесуі ұйымдастырылды. Көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері Астана Саммитіне белсене қатысты. ЕҚЫҰ-ның бірінші институцияналдық форумы және оның Азиядағы аналогы іспеттес, Ыстанбұлда АӨСШК үшінші Саммиті аясында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі құрлықаралық қауіпсіздіктің жүйесін құрудың негізін қалады.
54.Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз.
Еліміз тәуелсіздігін алған сәтте әлемдегі ең көпұлтты, ең көпдінді мемлекеттердің біріне айналды. Заманауи әлемде түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың көпшілігі дәл осы ұлттар мен діндер өкілдерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындап жатқандықтан, әсіресе, Қазақстанға дұшпан көзбен қарайтын, мысықтілеулі сарапшылардың көпшілігі көп ұзамай-ақ бұл ел өз ішінен іріп-шіріп, қырық пышақ болып жан-жаққа тартып, ақыры ел болмай құлап тынады деп сәуегейсіп баққаны да сондықтан. Ұлттык сана-сезім - адамның рухани емірінің басты белгілерінің бірі. Ол әрбір жеке адамга, әлеуметгік топқа және бүкіл қогамга тэн қасиет. Ұлттық қауымдастыктың негізі ұлттық санада, яғни бұл - ұлттық мэселелердің түпкі мэні. Тұлғаның ұлттық сана-сезімі - ұлтгы сақтаудың негізгі кепілі. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мектеп алдына койылатын талап - тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, оқушыларымыздың сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру болып отыр. Бүгінгі ұлттық тәрбиенің мақсаты да қалыптасып келе жатқан тұлғаны жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, ұлтгык құндылыісгарды құрметгеуге жэне қорғауға үйрету болып отьф.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына ұсынып отырған жолдауларына сай, тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мэселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Ұлтгық құндылықтарды құрметгейтін тұлғаны тэрбиелеу, қапыптастастыру үшін оның ұпттық сана-сезімі қапыптасуының психологиялық механизмдерін анықгау бүгінгі күннің талабынан шығады. Қазақстан Республикасының Конституциясында да еліміздің көп этникалық құрамынан туындайтын ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуге және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нақты нормалар бекітілген болатын. Бұл ережелер ұлттық саясатты жүргізуде бүгінгідей нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті. мемлекеттің ұлттық бірлік сипатын айқындайтын ережелер;Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қоғамның ұлттық бірлік сипатын айқындаушы ережелер еліміздегі барлық этникалық топтарды біртұтас «Қазақстан халқы» деп саяси-құқықтық баға беріп, ұлттық бірліктің негізін бекітеді. Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту ісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, бүгінде конституциялық мәртебеге ие болып, елдің ішкі саясатында теңдессіз рөл атқарып отырған Қазақстан Халқы Ассамблеясы екені даусыз.
55. Қазақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
Қазақстан-2030 Стратегиясы ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың
алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
56. ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
Қазақстан Республикасының конституциясы 1995 жылы 30 тамызда Алматы қаласында республикалық референдумда қабылданды.Конституция тоғыз бөлім тоқсан сегіз баптан тұрады. Тоғыз бөлім:1.Жалпы ережелер2. Адам және азамат3.президент 4.Парламент5.Үкімет 6.Конституциялық кенес7. Соттар және сот төрелігі 8.Жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару 9.Қорытынды және өтпелі ережелер.Өзгертулер: 1)41 баптың 4тармағы ҚР ның 1998 жылғы 7қазандағы№284-1заңымен алынып тасталынды2).ҚР ның 1998 жылғы 7 қазандағы №284-1 Заңымен 42 баптың 4 тармағы алып тасталынды.3)ҚР ның 2007 жылғы 21мамырдағы №254-IIIосындай заңымен 43 баптың 2 тармағы алып тасталынды.52-бап.Қ.Р. 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-III заңымен 52 баптың 1 тарамғы алып тасталынды.66-баптың 9-тармақшасы ҚР ның 1998 ж 7 қазандағы №284 I заңымен алып тасталынған.Қ.Р 2007жылғы 21 мамырдағы №254- III заңымен 67 баптың 2 тармақшасы алып тасталынды.70-тың алтыншы тармағында « Парламенттің сенімсіздік білдіруіне байланысты үкіметтің орнына түсуі қабылданбаған жағдайда президент парламентті таратуға қақылы»алынып тасталынды.ҚР ның 2007 ж 21мамырдағы №254 III заңымен 84 бап алынып тасталынды.Толықтырулар:2-бап.1.ҚР парламенті мен оның палаталары осы заңда өздері үшін козделген Конст.өкілеттілірді үшінші сайланған ҚР парламенті мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң алады. 2. ҚР Конст лауазымды адамдарға өкілеттілік бердің жаңа тәртібін белгілейтін нормалар осы лауазымды адамдардың өкілеттілік мерзімі аяқталуына немесе өкілеттіліктердің тоқтатылуына қарай қолданысқа енгізіледі. 3.Жоғарғы сот кеңесі әділет біліктілік алқасының аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағалары мен судяларының лауазымына үміткер адамдарды конкурстық іріктеу аталған мемлекеттік лауазымдарға тағайындау үшін ұсыным беру жөніндегі өкілеттіліктерін «ҚР сот жүйесі судьяларының мәртебесі туралы » Конст заңға , «ҚР жоғарғы сот кеңесі туралы»заңға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілген соң және «ҚР аділет біліктілік алқасы туралы » заңның күші жойылды деп танылғаннан кейін алады.Аталған өзгерістер мен толықтылулар күшіне енгенге дейін бұрын Конст белгіленген тәртіп қолданылады.4.Конст. көзделген соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.3- Бап. Осы заңның 2- бабының ережелері ескеріле отырып , ресми дариаланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Конституция еліміздің құқықтық жүйесінде басымды орын алады. Онда қоғамның, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саланың, мемлекеттің және құқықтың сипатын анықтайын негізгі идеялар баянды етіледі және мемлекеттік реттеудің шектері мен сипаты белгіленеді. Конституция мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бастауларын, халықаралық және ұлттық құқықтық ара қатынасын анықтайды.
57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын үлтгық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мүның жаркын дәлелі Казақстан Республикасының Біріккен Үлттар Үйымының толық қүқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-І Шартына, Лиссабон хаттамасына қол коюы және Ядролык қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бүған АҚШ-пен "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" кол қоюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу. АҚШ, Ресей, Үлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген кауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті. Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы үйымдарына Халыкаралык, валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалык, қайта қүру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалык. Одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық үйымында белсенді түрде жүмыс істеуде. Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы ұлы Абайдың 150 жылдык. мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі. Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялык қатынастар орнатылды. Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзіндік қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялык, тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыкка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халкының кұкықы мен бостандықтарын қорғауга қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарынын негізінде таяу және алыс шетелдердін бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ыкылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қнаа қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і казақ даласында өсіріледі. Мүның бәрі шетеддерді қызыктырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сыртқы саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бүл саладағы негізгі мақсат Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін корғай алатын, соған сай жарақталған, шағын да икемді армияны ұстау. Республика стратегиялык, шабуыл қаруын кыскартуды жақтайды, жаппай кырып-жоятын карудың баска түрлеріне тыйым салуға бағытгалған бастамаларды дұрыс деп табады. Сайып келгенде, Қазакстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде калыптасты және әлемдік коғамдастықтың толык құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып еніп отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен, көршілермен тең дәрежелі, достық қатынас орнатпақ. Сонымен қатар, республикамыздың халыкаралық деңгейде мүдделі болып отырған, көкейтесті мәселелері қарусыздану және халыкаралык қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды реттеу және бейбітшілікті колдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құкықтары, айналадағы ортаны қорғау, дамыту және т.б. Республикамыз дәйекті сыртқы саясат жүргізіп, ішкі әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, кұқыктык, қоғам орнатуына семіміміз мол.
58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.
Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын. Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Өзгеру емес, жетілу Жоғарыда айтқанымыздай, саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Алайда, толыққанды саяси даму басыбүтін көппартиялыққа да, Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін жасанды шектеуге де тіреліп тұрған жоқ. Қоғамның өзін-өзі реттейтін төменгі инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол - жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ. Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық кешені жүйесін толықтай реформалау қажет. Өз үйінің, ауласының дамып, гүлденуіне ықпал ете алмайтын сайлаушы мемлекетке не береді? Одан мемлекет не күтеді? Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де. Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес. Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз. Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады. Оң өзгерістер мемлекеттік ағзаның тұрақтылығы мен тиімділігіне кепіл болып отыр. Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөле-жара атауға болады: 1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика); 2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі (Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді); 3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс (заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес). Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек. Өйткені, жоғарыда айтқандай, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандардың сан түрлі пікір-долбарлары кереғар, қайшылықты. Олардың жаңа саяси модернизациясы мемлекеттік құрылымды өзгертуге алып келуі де мүмкін ғой...Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз.
59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.
Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы, құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын болып табылады. 1 Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді. «Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған. Өзінің тар мағынасында мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым. Мемлекет өзін басқа саяси институттардан айыратын бір қатар қызметтерін атқарады. Мемлекет қызметтері ол оның іс-әрекетінің басты бағыттамалары. Дәстүр бойынша мемлекет қызметі ішкі және сыртқыға бөлінеді. 1)Ішкі қызметіне саяси, экономикалық, ұйымшылдық, құқықтың, әлеуметтік, мәдени - тәрбиешілдік жатады. Саяси қызметтің міндеті саяси тұрақтылыққа қамтамасыз ету, биліктік әрекеттерді жүзеге асыру, саяси бағыттама бойынша жұмыс жасау немесе таптың саяси үстемділігін тірек ету. Экономикалық қызмет салықтың және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық үрдістерді реттейді, координация жасайды және ұйымдастырады, экономикалық өсуіне стимул тұғыстырады немесе жоспарлау жүйесін пайдаланады ж.т.б. Ұйымдастырушы қызмет биліктің әрекетін жүзеге асырады, шешімдерді атқарады, мемлекеттік аппараты қалыптастырады және қолданады, заң орындауына бақылау жүргізеді, саяси жүйенің әр түрлі субъектілерінің әрекет координациясын жүзеге асырады. Құқықтық қызмет құқық тәртіп орнатады, қоғамдық қарым-қатнастарды және азаматтардың қылықтарын, қоғамдық құрылымды экстремистердің бұзушылық әрекетінен қорғайтын құқықтық нормалар орнатады. Әлеуметтік қызмет адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктердің қанағаттандыру, деңсаулығын сақтау, қарт адамдарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, жастарға, әлеуметтік кепілін беру, өмірін және деңсаулығын сақтау. Мәдени-тәрбиелік қызмет адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай тұғызуға бағытталған отандық және әлемдік көркемдік мәдениетке ендіру, патриотшылдықты, азаматшылдықты, ұнатпаушылықты тәрбиелейді. 2) Сыртқы қызметтің арасынан екіге бөледі. Қорғау қызметінің міндеті елдің тұтастылығына қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне қамтамасыз ету. Ынтымақтастық қызметі ол экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саудалық және басқа салаларда қарым-қатынас құру. Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады: 1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады. 2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Соңғы уақытта мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын аппарат деп келеді. Бұл дұрыс та. Тек бұл қырынан келіп қарау маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай қорытындыларға келеміз: 1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның дамуына және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді. 2) Бұл процесс өз мүдделеріне сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың шығуына әкелді. 3) Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті функцияларды талап етеді. 4) Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады. 5) Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.
60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
Саяси мәдениет дегеніміз - адамдардың саяси білімдерін,саяси ой-пікірлерін қалыптастыратын және олардың саяси процестерге қатысудағы мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін бейімдейтін қоғам мәдениетінің ерекше саласы. Елдегі саяси мәдениеттің біртұтастығы қоғамның тұрақтылығын, көптеген саяси құбылыстардың болжамдарын айқындаудың негізін қалайды.Саяси мәдениет саяси жүйенің сипатын ,қазіргі саяси тәртіптің мәнін ,қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекетінің ерекшеліктерін ,саяси процестің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.20-ғ.50-60жылдары Г.Алмонд, Ерба ,Л.Пай деген американ зерттеушілері мен ол-ң шәкірттері мәдениетке де, саясатқа да қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс ж-де бәрнеше жұмыстар шығарды.Олар кейін «саяси мәдениет» деген атпен кең таралды.С.м. тұжырымдамасын белгілеп,нег.пікірлерін жасауға Вебер, Дюркгейм,Парсонс та елеулі үлес қосты.Жалпы ғыоымға «с.м.» ұғымын енгізуші деп 18 ғ неміс ағартушысы , философы Иоганн Гердерді санайды.С.м. құрылымы жөн.әртүрлі пікірлер бар: -Алмонд,Верба с.м. адамның психолог.бағдар-ң жиынтығы. Басқалар-саяси қазынаның ,нанымның ,нұсқаудың жиынтығы.Р.Карр, Бернстейн-с.м.-ке саяси идеялар мен әлеум.тәжірибе ,адам-ң саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді.Саяси мәдениет деп-белгілі бір қоғамға не әлеум.қоғамдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттің ұқсастық жиынтығы.Қызметтері: 1.Танымдық-қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып-білуге,субьектіні саяси салада табысты жұиыс істеуге керекті біліммен,қоғ.басқару-ң әдіс-тәсілдерімен қаруландыру. 2.Реттеушілік-саяси жүйенің қалыпты жұмысын,дамуын,саналы қоғ.тәртіпті қамт. ету,әлеум-таптық ұлттық қатынасты реттеу. 3.Тәрбиелік- әркімді қоғ-саяси қызметке,саяси белсенділікке ынталандыру,төзімділікке,қоғам алдынды жауапкершілікке баулу. 4.Біріктірушілік-қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқ. Әлеум.топтар ,таптарды біріктіру ,бұқараны мемл.және қоғ. Жұмыстарын басқаруға жұмылдыру. 5.Қорғау-қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды сақтау. 6.Сабақтастық-саяси тәжірибені 1 ұрпақтан 2-ұрпаққа жалғастырып,саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамт.ететін тарихи сабақтастық. Құрылымы: 2.Қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер.3.Саяси қазыналар мен құндылықтар. 4.Адамның мемл-ке,саяси ұйымдарға,партияларға қатынасы.5.Саяси бағдар ұстау. 6.Әдет-ғұрып,жүріс-тұрыстың да орны зор. 7.С.м. ерекше белгісі- саяси рәміздер. 8.Саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді.
Саяси мәдениеттің жалпы міндеті - белгілі бір жүйенің қоғамдық қатынастарын ұдайы жаңарту. Ол бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Солардың бірі саяси әлеуметтену, яғни саяси процесті жасаушы адамдардың белгілі бір ережелер мен қазыналарды меңгеруі арқылы әлеуметтік бірлестіктердің біріне енуі. Отбасындағы және мектептегі тәрбие мен білім алу, балалар және жастар саяси ұйымының жұмысына қатысуы барысында өмірге аяқ басқан жас адам осы саяси мәдениетті жақтаушылардың көзқарастарын меңгереді. Кейін өмірдегі өз тәжірибесінің нәтижесінде адамның саяси сенімі өзгеруі мүмкін.
Cұрақтар
1 |
Жаңа дәуірдің саяси теориялары. |
2 |
Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні. |
3 |
Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз. |
4 |
Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз. |
5 |
Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері. |
6 |
Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. |
7 |
Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар |
8 |
Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері. |
9 |
Биліктің тиімділігі мен легитимділігі |
10 |
Мемлекеттің пайда болу теориялары |
11 |
Саяси билік легитимділігінің түрлері (М.Вебер бойынша) |
12 |
Саяси жүйенің типологиясы |
13 |
Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз |
14 |
Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз |
15 |
Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз |
16 |
Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз |
17 |
Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз |
18 |
Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз |
19 |
Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз |
20 |
Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз |
21 |
Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз. |
22 |
Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері |
23 |
Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері. |
24 |
Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі |
25 |
Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері. |
26 |
Конфедерациялық және федерациялық мемлекет құрылымдар арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз. |
27 |
Либералистік және фашистік саяси идеологиялардың арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз. |
28 |
Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері |
29 |
Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз. |
30 |
Д. Истонның және Г. Алмондтың саяси жүйе теорияларының негізгі айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз |
31 |
Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз |
32 |
Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері |
33 |
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз |
34 |
Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз. |
35 |
Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері. |
36 |
Қазақстандағы көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз |
37 |
Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз. |
38 |
Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі. |
39 |
Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі. |
40 |
Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, Ф.Аквинский, Мартин Лютер) |
41 |
Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз? |
42 |
Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (ӘлФараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.б негіздерде болады). |
43 |
Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз. |
44 |
Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі. |
45 |
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі. |
46 |
Әз Наурыз мейрамының Қазақстан Халықтарын бірлік пен ынтамаққа шақырудағы ұлықтық саяси астарлары. |
47 |
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз? |
48 |
Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен ҚРның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз. |
49 |
Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелері. |
50 |
ТМД кеңістігі көлеміндегі ҚРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады? |
51 |
Жаһандықақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары. |
52 |
Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз? |
53 |
ЕҚЫҰға (OSCE) төрағалық ету барысында Қазақ елінде болған саясиэкономикалық реформаларды атап көрсетіп, мәнін ашыңыз. |
54 |
Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз |
55 |
Қазақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз? |
56 |
ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз. |
57 |
Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі |
58 |
Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз. |
59 |
Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз. |
60 |
Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз |