Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

жа~андану деп аталатын зор ~рдісін ж~ргізе баста~анда ~р этносты~ ~р мемлекетті~ ойланатын кезі келген си

Работа добавлена на сайт samzan.net:


1. Кіріспе

   XXI- ғасыр басталып, өзінің жаңа "жаһандану" деп аталатын зор үрдісін жүргізе бастағанда, әр этностың, әр мемлекеттің ойланатын кезі келген сияқты. Біздің де елге етек-жеңін жинап, мемлекеттіліктің бір тұтқасы болатын "отан тарихын" жөнге келтіру аса ауқымды жұмыс болып отыр. Осы жұмысты абыроймен атқарып шықсақ, келешек ұрпаққа жасаған үлкен сиымыз бен  мақтанышымыз болатын еді.

   Енді сол тарихты жазудағы ерекше орын алатын дүние - шетелдегі деректер мен жазбалар. Шындығында, отан тарихының жартысынан астамы шетелдік құжаттар, шығармалар мен далаларында жатыр. Осындай мол қазынаны зерттеп, қорытынды шығаратын мамандардың ауадай қажет екені сөзсіз. Тарих сахнасында орнын ойып алатын өзіміздің хандарымызды, батырларымызды, билерімізбен көрнекті тұлғаларымызды алдыңғы қатарға шығаруда, дәріптеуде шетелдік деректердің көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. Біз айтып жүрген ұлттық идея, ұлттық құндылықтардың да негізін сол деректерге сүйене отыра жасай аламыз. Қытай, араб, парсы, орыс, түркі, моңғол, батыс деректерінің негізінде тарихты жүйелеу қажет-ақ.  Менің бұл баяндамада негізгі мақсат етіп алған дүнием тың деректерге талдау жасап, жаңа тарихи методолгиялық көзқарастар қалыптастыру. жаңа тарихи кезеңдеудің формаларын ұсыну. Негізгі дерек көздерін "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша аударылған, мұрағаттардан алған құжаттар мен шетелдік ғалымдардың зерттеулері болып табылады. Нақты тоқталатын болсақ, Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатын табылған орта ғасырлардағы хаттар мен құжаттар. Араб тарихшыларының ішіндегі классикалық шығарма  "Тарих- ат-Табари" - да негіз етіп алдық. Парсы, араб тарихшыларының еңбектерін кеңінен сараптап, зерртеуге тырыстым. Ресейдің орта ғасырлар мен жаңа дәуір кезіндегі кейбір құжаттарды негізге алып, методолгиялық көзқарасқа өзімше талдау жасауға ұмтылдым. Баяндамада негізге мына мәселелерді қойдым:

1) Қытай-түркі деректерінің негізінде түркілер тарихына тоқталу және хандар мен сұлтандардың рөлін көрсету;

2) Парсы,араб тарихшыларының еңбектеріндегі халықтың әлеуметтік-экономикалық көріністерін бейнелеу, талдау жасау;

3) Ресей дерекнамасы бойынша жаңа тарихи көзқарас қалыптастыру:

4) Батыс тарихшыларының Қазақстанды әлемдік тарихи кеңістікте баға беруін ашып жазу;

5) Барлық дерек көздеріне салыстырмалы түрде анализ жасау;

Бұл баяндаманың хронологиялық шеңбері ежелгі кезеңнен 20-ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды.

2. Негізгі бөлім

1. Қытай-түркі деректеріндегі отан тарихы бойынша жазбалар.  Біздің анықтауымыз бойынша, Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатында Қазақстан тарихына қатысты жалпы саны 4000 дана шамасында құжаттар сақталынуда. Осы құжаттардың біразының қосымшалары ретінде сақталған, XVII – XIX ғасырлар арасында қазақтың хан сұлтандары мен басқа ел билеушілерінің Цин патшаларына немесе Цин патшалығының шекара аймақтарындағы ұлықтарына шағатай (шағатай-қазақша), тотын-моңғол немесе маньчжур тілінде жазып жіберген әр түрлі мазмұндағы, жалпы саны 100 данадан астам хаттар бар екендігі анықталды – осы «қосымша» болып келген құжаттар Қазақстан тарихы үшін ең маңызды тарихи деректемелер қатарында болуға тиісті екендігі даусыз. Осы хаттамалардан тыс, аталмыш цин мұрағат құжаттарының мазмұны, жалпылай айтқанда, мынадай:

  1.  Цин патшалық әскери күштерінің Жоңғар хандығын жойып, сол хандықтың соңғы көсемдері болып саналатын Әмірсана, Қасақшира және т.б. қатарлыларды қудалау барысындағы Қазақ хандығының әскери күштерімен алғашқы бетпе-бет келгендігі, кейін келе екі жақтың бітімге келгендігі, сондағы Цин патшалық армия қолбасшылары мен үкіметінің қолданған саясаты сынды мәселелерге арналған құжаттар;
  2.  Екі ел тікелей байланыс орнатқаннан кейін бір-біріне елші жібергендігі туралы және екі ел арасындағы басқа да саяси-дипломатиялық істерге қатысты жазылған құжаттар, сондай-ақ қазақтар мен басқа Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға қатысты жазылған құжаттар;
  3.  Қазақ-Цин экономикалық қарым-қатынастары, оның ішінде ерекше орын алатын XVII ғасырдың ортасы – XIX ғасырдың басындағы екі ел арасындағы жүргізілген «жылқыға жібек» саудасына байланысты әр түрлі құжаттар;
  4.  Қазақ елі мен жері туралы әр түрлі мәліметтер. Мысалы, қазақ елінің рулары мен отбасы сандары туралы мәліметтер. Қазақ жеріне қатысты карталар мен басқа мағлұматтар;
  5.  Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін қазақтардың бұрынғы жоңғарлар басып алған атамекендеріне оралуыжәне қазақтардың қолдарында қалған қалмақтардың Цин патшалығына қашып кетулері сынды мәселелерге байланысты жазылған құжаттар.  [1]                                 

Қытай құжаттарының көбі әртүлі тілдерде болғандықтан, болашақ біздің ғалымдарға көптеген тарихи тілдермен қатар, қытай тілінде үйрену өте қажет. Себебі, өзіміз байқағандай көптеген құжаттар осы тілде келеді. Ол материалдар міндетті түрде тарихи-лингвистикалық сараптамалардан өтуі міндет. Енді қытай жазбаларының хронологиялық талдауына келсек:

Бірінші мәселе, түркілер тарихына байланысты. Яғни, түркілердің шығу тарихы, этностық құрамы, жазуы сияқты дүниелерді қарастыру. Біз осыған дейін білетініміз "түркі" деген термиг қытайлықтарда 542 жылдан бастап кездесетінін білеміз. Бірақ түркілердің атағы шыға бастаған кезең 6 ғасыр екені белгілі, бұл фактіні жазба деректер арқылы біле аламыз. Келесі кезекте этностың генеалогиялық қалыптасу кезеңін қарастырсыақ. Ол үшін түркі жазуларының төркінін зерттеген уақытта біз ғұндар дәуіріне кеп тірелеміз. Осыдан шығатыны түркілер тікелей ғұндардың ұрпағы деген пікірді айта аламыз. Бұған дәлел ретінде, Қаржаубай Сартқожаұлы өзінің  «Байырғы түрік жазуының генезисі» атты еңбегінде мынандай деректер келтіреді: " Біздің жыл санауымыздан бұрынғы I ғасырдың басында жазылған қытайдың «Яньте Лунь» деген нұсқасында былай дейді: «Олар (Хуннуларда) моральдық, этикалық кітап жоқ. Сүйекке кертіп (кэгу), ағашпен орап, лауазымды адамдар белгілеу жасайды. Оны бай манап, лауазымды иелерінен бастап қарапайым халыққа дейін пайдаланады» деп жазған.

Мұндағы «моральдық, этикалық кітап» деп отырғаны Кунфуцийдің (Күнзінің) ілімі. «Сүйекке, ағащқа кертіп таңбалап белгілеу жасаййды» деп хуннулардың жазуын айтып отыр."[2]

Моңғол ғалымы Г Сүхбаатар қытай деректемелерінде кездесетін “ke-mu” (гравирование или резное дерево) делінген сөзді және тағы басқа қытай деректемелерін зерттей келе, хұндар заманында ағашты оюлап белгілейтін жазулар болды, оны кейін ухуань, сяньби, тоба, жужан, түрік, қидандар қолданды дейді.

“Хұн, Дунху дәуірінің пышақ, ыдыс-аяқ және тағы басқа зат-бұйымдарына салынған таңбалар Орхон түрік жазуының әріптерімен бірдей. Мұның өзі хұндардың белгілі бір жазуды қолданғанын, ал бұл жазудың түрік жазуына негіз болғанын көрсетеді” дейді монғол археологі А. Дамдисүрэн.

Шындығы да солай деуге әбден болатын сияқты. Мұндай таңбалар түрік бітігінің негізі болды деген пікірді Н. А. Аристов былай тұжырымдайды: … но еще большая древность существования тюркских родовых тамг доказывается тем, что, как увидим ниже, знаки тюркского алфавита, которым сделаны надписи на памятниках Кюльтегину и других на Орхоне и Енисее, суть родовые тамги, употребляемые большею частью и поныне у киргиз-казахов”. Бұл пікірге Н. Маллицкий, Е. Д. Поливанов және т.б. ғалымдар қосылады. [3]

      Бірақ әрине бұл теорияға қарсы ғалымдар бар екенін атап өту қажет. Мысалы, М.З. Закиев: " Барлық сақ тайпаларының тек иран тілінде сөйлегені туралы этимологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болды. Бірақ, түркологтар бұл шаруаға кіріскен уақытта көптеген ирандық емес этнонимдерді тапқаны қызық болып отыр. Әрине бұл зерттеулер кешенді анализды қажет ететіні белгілі.

 Бұл ретте белгілі археолог ғалым К. А. Ақышевтің мына бір сөзін ескергеніміз дұрыс: “Тюркологи должны были проверить свои версии прочтения на другой основе, в частности, на древних индоиранских и индоарийских племен, которым принадлежали древние племена Казахстана. К сожалению, эта истина была забыта. Для истории народа важна сам факт существования письменности в древности – как доказательство высокого уровня развития социума и культуры у казахстанских саков. И не имеет значения, каким алфавитом они пользовались и на каком языке говорили… Общеизвестно, что происхождение и развитие государственности и письменности теснейшим образом взаимосвязаны, ибо активная внутренняя и внешняя деятельность государства немыслима при отсутствии письменности. С другой стороны, само появление письма стимулируется государственными органами. Поэтому при находке памятника алфавитной письменности правомерны целенаправленные научные поиски критериев, указывающие пути разработки проблемы государственности. Пример древнетюркского государства и орхоно-енисейской письменности – яркое свидетельство этому…”

Сондықтан күміс тостағандағы жазу ежелгі сақ тайпалар одағының тарихымен тығыз байланыста зерттелуі тиіс. Ал ежелгі сақтардың этногенезисі, дүниетанымы және т.б. көптеген мәселелер әлі де зерттеуді қажет етеді. [3]

Қытай деректеріне сүйенетін болсақ, түріктердің өмір сүрген ортасы шығыста- Кореядан батыста - Қара теңізге дейін болғанын дәлелдейді. Негізгі түркілердің мәдени жетістігін ғалымдар- руналық жазуларды атайды. Бұл жазулар туралы бірінші кезекте қытайлар атап өткенін айттық. Келесі тағы бір түріктер ашқан жаңалық: арқанның ойлар табылуы, биік ер-тоқымның шығуы, айыл-тартпаны ойлап табылуы түріктердің есімімен тығыз байланыста. Ер-тоқымның жауынгердің негізігі қызметін атқруда өте ыңғайлы зат екені кейін дәлелденді. айылдың ойлап табылуыда революциялық жаңалықтардың бірі болғанын атап өту қажет. Тарихи деректерде түркілердің садағы өте керемет болғаны туралы келеді. Яғни, олардың жебелерінің дауысы жауын ұзақтан "қорқыныш пен үрейге бөлегені" туралы айтылады. Жауынгерлер өздерімен бірге қос қарудан алып жүрген.

Келесі бөлімде Қытай құжаттарындағы кейінгі орта ғасырлардағы жағдайларды талқылауға көңіл бөлсек.

№5 құжат

Қазақ тайпаларындағы отбасы саны туралы тізім дәптері (маньчжур тілінде)

[Цяньлун жылнамасының 23-жылғы 1-айы]

Орта жүзде тарақты, арғын, найман, керей, уақ, төлеңгіт, қыпшақ қатарлы 7 тайпа бар.

Тарақты тайпасының 400-ге жуық отбасы Наймантай батырдың билігінде;

Қанжығалы арғынның 2000 отбасы Бөгембай батырдың билігінде;

Қаракесектің 2000 отбасы Қазыбек бидің билігінде;

Алтай арғынның 3000 отбасы Нияз батырдың билігінде;

Атығай арғынның 1000 отбасы Жәпек батырдың билігінде;

Қарауыл арғынның 2000 отбасы Итқара батырдың билігінде;

Бәсентиін арғынның 2000 отбасы Жанұзақ батырдың билігінде;

Тобықты арғынның 1000 отбасы Қарпық бидің билігінде;

Қозған арғынның 1000 отбасы Төлеуке бидің билігінде;

Төртуыл арғынның 2000 отбасы Бабеке бидің билігінде;

Арғын майлыбалта руының 1000 отбасы Итқара батырдың билігінде;

Баба арғынның 500 отбасы Бабаназар бидің билігінде;

Жоғарыда аталған арғынның 11 руы (otok) жыл бойы төрт маусымда Обаған-Тобыл, Ганчаган-модо қатарлы жерлерде көшіп-қонып мал бағып жүреді. Абыралыдан аттанып 40 күн жол жүргенде оллардың көшіп-қонып жүрген орталығына жетеді. Биыл Алтай арғындардың Қазыбек би, Нияз батыр сынды адамдары Қарқара, Қазалы жерлеріне қоныстанған.

Төлеңгіт тайпасының 1000 отбасы Жарылқап батырдың билігінде;

Қаракерей Байжігіт найманның 10 000 отбасы Қабанбай батыр мен Доротбай батырдың билігінде;

Матай найманның 10 000 отбасы Олжабай мен аталықтың билігінде;

Садыр найманның 1000 отбасы Малай батырдың билігінде;

Төртуыл найманның 1000 отбасы Таңатар бидің билігінде;

Болатшы найманның 500 отбасы Таз батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Көкжарлы найманның 1000 отбасы Барақ батырдың билігінде;

Бура найманның 2000 отбасы Жолбасар батырдың билігінде;

Бағаналы найманның 2000 отбасы Марал батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Балталы найманның 500 отбасы Етушы батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Осылар найман тайпасының он руы болып табылады.

Ашамайлы керейдің 10 000 отбасы Тұрсынбай батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Ашамайлы керейдің құрқар руының 2000 отбасы Мазаркелді батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Абақ керейдің 1000 отбасы Қожаберген батырдың билігінде;

Абақтың 500 отбасы Нияз батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Ителі керейдің 1000 отбасы Жантөре батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптеріде болмаған;

Бұл керейдің 5 руы.

Уақ тайпасының 1000 отбасы Сары Баянның билігінде;

Уақ тайпасының 1000 отбасы Тідеу батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Уақ тайпасының Бармақ батыры 500 отбасын басқарады. Бұрынғы тексеруде бұлар тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Ергенекті уақ руының 1000 отбасы Есенқұл батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Жаңа уақтың 500 отбасы Сары батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған;

Бұл уақтың 5 руы.

Қыпшақ тайпасының 3000 отбасы Қошқарбай батырдың билігінде.

Жоғарыда айтылғандай үлкендеу ру-тайпалардың жалпы саны 35, олардағы отбасылар саны 68 000-нан астам. [1]                                                                

2. Араб, парсы деректеріндегі тарихи мәліметтер. 10-13 ғасырларда өмір сүрген арабтың тарихшы, саяхатшы, шежірешілері: ибн Хордарбех "Китаб ал-мәсәлик уәл-мәмәлик", жолдар мен мемлекеттер туралы кітап.

әл-Истахридің де осындай кітабы бар. әл-Мақдисидің "ахсан аттақаним уә мағрифат әл-ақалим". әл-Идрисидің "Кибаб нузһат уә-муштақ" фи ихтирақәл-әфәқ" шаршағанның көңіл көтеруі және әлем өлкелеріне саяхат" деп аталатын шығармалар. [5]

Араб, парсы тарихшылары негізінен ден қойып зерттеген мәселелері: Орта Азия халықтарының географиялық жағдайы, этностық ара қатынастары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағамдады. Ең көп зерттеген мәселелері діни ахуал болды. Екіншіден араб, парсы тілінің нәтижесінде шағатай тілінің шыққанын білеміз.  По своему содержанию «ал-Мулхакат би-с-сурах» – довольно разно жанровое сочинение энциклопедического характера.

Здесь представлены историко-географические сведения, информация по истории ислама, коранистике, истории пророков и правящих династий в Мавераннахре и Кашгаре, автобиографические заметки и воспоминания автора о его современниках в XIII–XIV веках. Имеется краткий очерк по грамматике арабского языка.

Книга предназначена для востоковедов, студентов, преподавателей и всех интересующихся историей Средней Азии и Казахстана. 

3. Ресей деректеріндегі  Отан тарихы. Орыс деректерінде кездесетін жағдайлардың бірі Тәуке ханның кезінде қазақтардың Сібірдегі орыстарды құлдыққа тартқаны туралы айтылады. Кейін Бұхарадағы құл базарында сатылғаны туралы айтылады.

4. Батыс және өзге де елдердегі тарихи жәдігерлер.

Н.М. Неймарктың (Norman M. Naimark) «Геноциды Сталина» атты жаңа кітабының басты желісі, 1930-жылдардағы Сталиннің қуғын-сүргін саясатын нағыз геноцид ретінде тұжырымдауды талап етеді. Əрине, бұны жаңалық деп айта алмаймыз. Дегенмен Н.М. Неймарк бұл мəселеге тереңірек қарайды. Ол бір қуғын сүргінді басқа қуғын-сүргіндерден ажыратпауды, Сталин режимінің геноцидтік сипатын ашып айтуды жəне халықты қырып-жоюдың жүйелі түрде жүргізілгенін негіздейді.

Н.М. Неймарк өз кітабында: «Сталин украиндықтарды, иə қазақтарды жаппай қырып-жой деген жоқ – Сталин Украинадағы шаруаларды, Қазақстандағы көшпелілерді украин, қазақ ұлттары ретінде айшықтайтын тек өздеріне тəн күнделікті тұрмыс жүйесінің белгілі бір тармақтарын жою керектігін айтты» – деп жазады.«Сталин жекелеген ұлттарға қарсы террорлық əрекетін саналы түрде, ресейліктерді кеңестік халықтардың үлгісі ретінде көрсетіп, оларды жоғары бағалау, дəріптеу арқылы іске асырды», – деп есептейді Н.М. Неймарк.

Осы орайда ашаршылыққа ұшыраған бірқатар орыс жəне беларусь жеріндегі адамдарға үкімет тарапынан дер кезінде жəрдем көрсетілді, ал қазақтар мен украиндықтарға тез арада көмек мүлде жасалмады. Соған сəйкес өзінің кітабында Курт Йонассонның (Kurt Jonassohn) «Қазақ халқына қасақана жасалған ашаршы лық, қазақ зиялылары мен мəдени қайраткерлерін құрту əрекеттері геноцидтің айқын көрінісі екендігі күмəнсіз» – деген сөзін келтіреді.

Германиялық Гумбольдт университеттің ғылыми қызметкері Роберт Киндлеер (Robert Kindler) өзінің «Сильный и слабый. Существование физического насилия во время голода в Казахстане (1930–1934 гг.)» атты мақаласы және басқа да еңбектерінде Қазақстандағы ашаршылық тарихын, əсіресе 1930-жылдардың басындағы зорлық-зомбылық мəселелерін зерттеген. Роберт Киндлердің мақалалары жергілікті оқиғалар мысалына орай, большевиктер мен басқада əлеуметтік топтар «жоғарыдан» келетін бұйрықтарды орындауда ғана емес, сонымен бірге жекелеген адамдар мен белгілі бір топтың мүдделерін іске асыру үшін де зорлық-зомбылыққа барғанын айғақтайтын фактілерді келтіреді. Киндлер күштеудің бірнеше себептерін көрсетеді: қордың (ресурс) жетіспеушілігі, реквизиция талаптары жəне жоспарды орындау міндеткерлігі. Автор ашаршылықтың болуы, күштеу іс-шараларына қосымша серпін бергенін жазады.

Германияның Гельмут Шмидт (Гамбург) университетінің профессоры Марк А. Рудольф (Rudolf A. Mark) өзінің «Голод в Казахстане: историографическая переоценка» деген мақаласында 1930 жылдары болған ашаршылық Қазақстан туралы Кеңес тарихнамасының «ақтаңдағы» – деп жазады. Қазақстанның тəуелсіздігін жариялағаннан кейін алапат ашаршылық үкіметтің тапсыруымен ұлттық деңгейде тарихи зерттеулердің арнайы тақырыбына айналды. Марк А. Рудольфтың айтуынша, Кеңестер кезеңінен кейін ашаршылық тақырыбы сталиндік тоталитарлық жүйенің күштеп теңгеру саясатының салдары ретінде қаралуда. Қа зақ тарихшылары мен демографтары Украинадағы оқиға сияқты ашаршылық құрбандарының санына, көлеміне жəне зардабына қатысты мəселелерді саралай келе, оны ұлттық апат немесе қасірет деп бағалауда. Дегенмен, Марк А. Рудольфтың айтуынша, бұл тақырып Қазақстандық академиялық ортада қызу тартысқа көтеріле алмай тұр.

Осымен, авторлар батыс тарихшыларының сталиндік қуғын-сүргін саясатының, оның ішінде шаруаларды (1929–1933 жж.) күштеп ұжымдастыру, 1937–1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстандағы алапат ашаршылық, Украинадағы голодомор, геноцид сияқты өзекті мəселелерді зерттеу нəтижелерін зерделеді.

 Елбасы қазақ халқының 40%-ын жалмаған ашаршылық зұлматының 80 жылдығын атап өту қажеттігін еске салып, арнайы тапсырмалар берген. Осы шара шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты «1930 жылдары КСРО-дағы ашаршылық пен террордың ауқымдылығы мен ықпалын түсіндірудегі жаңа көзқарастар» атты жиын өткізді. Басқосудың ерекшелігі, бұған Еуропа мен АҚШ-тың беделді төрт бірдей ғалымы қатысып, қазақстандық тарихшылармен диалогқа түсті.

Расында, Тәуелсіздіктен бері қайта қаралып, қайта түзіліп жатқан ұлт тарихының әр кезеңіндегі ақтаңдақтарды аршуы үлкен, ауқымды шаруа. Оның үстіне бұл бағыттағы жұмыстың шеңбері халықаралық деңгейде талқылауды да талап ететіндігі айқын. Ал сондай әлі де айқындай түсетін ақтаңдақтардың біріне 1928-1933 жылдары орын алған аштықты жатқызуға болады. Тарихшылар осынау ұлт басындағы ұлы зұлматтың ең шарықтау шегі 1932 жылы болғанын айтады. Сондықтан да Елбасы ашаршылықтың 80 жылдығын биыл атап өту керектігін еске салғанды.

Зерттеу демекші, Батыс тарихшылары КСРО мен Қазақстандағы ашаршылық туралы ертерек әрі тереңірек зерттеген. Тіпті Батыс ғалымдары бұл туралы том-том кітап жазып, сталиндік басқару тұсындағы түйткілдерге көп шүйліккен екен. Цензураның салдарынан Қазақстан тарихшыларының бұл мәселеге тек 80-жылдардан бері қарай ғана мойын бұра алғаны белгілі. Сондықтан да Мемлекет тарихы институты Еуропаның белгілі ғалымдарымен пікір алмасуды жөн санапты. Ал ашаршылыққа қатысты пікір алуандығына келсек, мұнда да, расымен, проблемалар жеткілікті. Мәселен,  Ресей ғалымдарының Қазақстандағы ашаршылықты мойындағанымен, оны көбінесе сол кездегі саясатшылардың қателіктеріне орайластырып, солай болуы керек секілді қабылдайтыны белгілі. Қырғынға ұшыраған халықтың санына қатысты да ортақ көрсеткішті  айта алмайды ешкім.  Ал одан да маңызды сұрақтардың бірі  ашаршылық әдейі ұйымдастырылған саясат па, әлде бұған басқа себептер бар ма дегенге саяды. «Қазақстандық тарихшылардың көзқарасына салсақ, аштық қолдан жасалып, әдейі ұйымдастырылды. Әрине, оған табиғи факторлардың да себебі болды. Бірақ негізінен қырғынға ұшыратудың биліктің әрекетінен болғаны айқын», – дейді Мемлекет тарихы институтының басшысы Бүркітбай Аяған. 

Ал ұзақ жылдар бойы Ресейдің өңірлеріндегі, Украинадағы ашаршылықты тиянақты зерттеген австралиялық профессор Стивен Уиткрофт негізінен Қазақстандағы ашаршылыққа қатысты пікірді сол кездің статистикасымен саралап, биліктегілер ұстанған саясаттың ұстанымымен байланыстырады. Яғни, оның айтуынша, Қазақстанда аштықтың орын алуына себепші негізгі екі факторды алға тартуға болады. Оның біріншісі – сол кездегі КСРО билігіне келген большевиктердің топастық саясаты. Екінші маңызды фактор – қуаңшылық. «Расында да, негізгі мамандығы экономист болып табылатын Стивен Уиткрофт Қазақстандағы ашаршылықтың мән-жайын зерттеп келеді. Сосын профессордың бір басымдығы: ол тарихи зерттеулерін негізінен сол кездің статистикасымен үйлестіріп қарайды. Сондықтан да оның тұжырымы шындыққа жақындау саналады. Дегенмен Батыс ғалымдарының арасында да тарихтың осы мәселесіне қатысты алауыздық баршылық. Біреуі аштық әдейі ұйымдастырылған десе, енді бірі қуаңшылықты меңзейді, үшіншісі алдыңғы екеуінен гөрі, сауатсыз саясаттың салдарынан халықтың жапа шеккенін  растайды», – дейді тарихшы Бүркітбай Аяған.  Айтпақшы, жиын барысында ашаршылықтың 80 жылдығына орай Астанада ұжымдастыру құрбандарына арналған ескерткіш ашылғанын,   Мемлекет тарихы институты ғалымдары жазған «Ашаршылық ақиқаты» атты кітаптың жарыққа шықанын айта кету керек.

Зерттеушілердің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін Қадамдық жұмыс жоспары бекітілді, мұрағат қоры мен кітапхана анықталды, Күнтізбелік жоспар әзірленді, 10 мемлекеттің шетел қорларына ғылыми іссапар ұйымдастырылды: Иран, Үндістан, Қытай, Египет, Түркия, Моңғолия, ¥лыбритания, Германия, Өзбекстан, Ресей, мемлекеттер бойынша 23 адамнан кұралған зерттеушілер тобының кұрамы мен жұмыс бағыты анықталды. Қадамдық жоспарды іске асыру үшін 15 млн. теңге бөлінді. Ғылыми іссапарлар нәтижесінде: - Моңғолия, Қытай, Германияда арғы ата түрік халықтары тарихын (атап айтқанда, қазақ) ескі-, көне -, орта түрік кезеңдерді сипаттайтын көне, түрік руна тасжазуы, көнеүнді, қытай деректері негізінде бұрынғы көшпенділер тарихы бойынша тарихи айғақтар көшірмесі табылып, Қазақстанға жеткізілді, 2000 цифрлық фотосурет, сәулет ескерткіштері сызбасының 60 көшірмесі, түрік эпитафикалық ескерткіштерінің 28 көшірмесі әкелінді. Қазіргі кезде алынған материалдардың өңделуі жүргізіліп жатыр. Сирия, түрік (тасжазу), қытай деректерінің кеңейтілген материалдары негізінде Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның да көшпенді халықтарының географиялық қоныстануы және этникалық қүрылымы зерттелуі мүмкін. Жаңа материал көне түріктерде жоғары билікті мұрагерлік ету жүйесін орнатуға мүмкіндік береді;

 Египет, Иран, Туркия, Өзбекстанда түрік Хорезмшах тарихы, моңғолдар, ұйғырлар, барлық мұсылман билеушілерінің тарихы, Шыңғыс хан, Әмір Темір тарихы бойынша бағалы мұрағат материалдарының көшірмелері табылып, Қазақстанға жеткізілді, мұрағат материалдарының 177 көшірмесі мен шағын фильмдері, атап айтқанда, «Тарих-и ал-Салжүқ», «Тарих-и Жалаладдин Хорезмшах», «Маджа ал-ансаб», «Тарих-и ¥лжайту», «Китабкамил фи-т-та’рих» шығармалары - Қазақстан тарихының және Орта Азияның моңғолға дейінгі және моңғол кезеңіндегі, Мәуереннахр түрік тайпалары жайлы мәліметтер, түрік хандары, Түркістан қаласының сипаттамасы жайлы мәліметтерді қамтитын ерекше дереккөздер әкелінді;

- Кытай, Үндістан. Ресей. Ұлыбританияда Бодлеан жэне Британ кітапханаларында, Қытайдың алғашқы тарихи мұрағатында, Раза Әмірі кітапханасында, Рампур қ. (Үндістан), Хайдарабад қ. (Үндістан) Саларджанг мұражайында, Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталған құнды шығыс қолжазбалардың көшірмелері табылып, Қазақстанға әкелінді, мұрағат материалдарының 882 көшірмесі жеткізілді. XIV-XVII ғасырларда нақты тарихи оқиғаларды зерттеу үшін маңызды «Нұсрат-наме» және «Муиззал-ансаб» бірегей тізімдерді, сондай-ақ XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандары мен сұлтандарының тарихы жайлы Махмұд-бен Уали «Бахр-ал-асрар» шығармасын атап өтуіміз қажет. Қытайдың алғашқы тарихи мұрағатынан қазақ тарихына қатысы бар Цин Империясының 283 томды ( 2 812 құжат) мұрағат құжаттарының көшірмесі жеткізілді. Қазақ билеушілерінің хаттары арасында көршілес мемлекеттердің билеушілері Абылай хан, сұлтан Болат хан, Уәли сұлтанмен хат алысуы жайлы ерекше мәліметтер кездеседі.

Австралиядағы Мельбурн университетінің тарих профессоры С.Уиткрофттың (Stephen G.Wheatcroft) «Советский голод 1931-33: политически намеренная или экономическая катастрофа?» атты еңбегінде Еуропалық және Еуразиялық зерттеулер орталығының қолдауымен ашаршылыққа қатысты кеңестік деревнялардағы қасірет туралы жаңа мәліметтер беріледі. Ашаршылық апатының экологиялық себептері болғанмен, әлемдік тәжірибедегі қазіргі ашаршылықтың себептерін салыстырмалы зерттеулерде, – дейді автор, – ашаршылықтың көбі азық-түлік тапшылығынан емес, нарықтағы тепе-теңдіктің бұзылуынан туындайтын проблемалармен байланысты. Оның көзқарасынша, кеңестік ашаршылық мұның ешқайсысына қосылмайды.

С.Уиткрофттің «Советская статистика о продовольствии и смертности в период голода 1917-1922 и 1931-1933гг.» атты еңбегінде кеңес мемлекетін статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық жоспарды іске асыру мақсатында құрылған, мемлекеттік статистикалық жүйенің ерекшелігі қарастырылады. Алайда, жоспарлау процесі саясаткерлердің шамадан тыс іс-әрекеттерінен қирады, бірақ бұл жоспарлаушылар мен санақшылардың біліксіздігі немесе жасампаздығының көрінісі болған жоқ. Мұрағат мәліметтеріне сәйкес, санақшылар кеңес мемлекетінің саяси жетекшілерін бірнеше рет шындыққа шақыруға тырысқан дей келіп, автор «1922 жылға қарағанда, ауылдық жерлердегі кейбір тамақтану көрсеткіштері, 1933 жылы төмен болған» деген қорытынды жасайды.

Ұжымдастыру науқаны мен ашаршылық нәубетіне қатысты Николо Пианчиоло (Nicollo Pianciola) «Голод в степи. (Коллективизация сельского хозяйства и казахские крестьяне)», француз тарихшысы Изабель Огайонның «Седентаризация казахов СССР при Сталине. Коллективизация и социальные изменения (1928-1945 г.г.)», Н.М.Неймарктың (Norman M. Naimark) «Геноциды Сталина», Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick) – «Сталинские крестьяне: социальная история Советской России в 30-е годы: деревня», Дана Далримплдің (Dana G.Dalrymple) «Советский голод 1932-1934 годов» зерттеу еңбектері мен мақалалары шықты. Д.Далримпл Кеңес Одағының өзге аймақтарына қарағанда, қазақ халқы адам шығынының орны толмас зардабын тартқанын алға тартады. 1932-34 жылдардағы ашаршылық өзінің ауқымы, мерзімдік ұзақтығы, қарқындылығы мен себеп-салдары жағынан, барлық әлемдік ашаршылықтың ішіндегі ең ауыры болды санайды. Ашаршылық салдарынан миллиондаған адамдар көз жұмды. 20-ға жуық әртүрлі деректік мәліметтерде, адам шығынының орташа есебі 5,5 млн.-ды құраған.

И.В.Сталин билігі тұсындағы (1924-1953 ж.ж.) Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашаршылық тарихына қатысты батыстық тарихнамалық зерттеулерге талдау жасай отырып, мынадай ой-қорытындыларға келдік:

1. Қолданыстағы тарихнамалық зерттеулер негізінде алғашқы шетелдік іргелі зерттеулер 1980 жылдардың ортасында жарық көрген;

2. Шетелдік әдебиеттерде КСРО тарихының өзекті мәселелері, атап айтқанда күштеп ұжымдастыру кезіндегі (1928-1932 ж.ж.) шаруалардың жаппай қысымға ұшырауы, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан мен Украинадағы ашаршылық тарихының нәтижелері объективті қарастырылған;

3. 1920-1930 ж.ж. ашаршылық нәубеті мен саяси қуғын-сүргінге Кеңестік биліктің қатынасын кешенді талдау үшін шетелдік дерекнамалық-тарихнамалық зерттеулердің ауқымын кеңейту қажет.

Сөз соңында Мемлекет тарихы институтының ғалымдары тарапынан биыл 1932 жылғы нәубетке 80 жыл толуына орай «1932-33 жылдардағы Ашаршылық ақиқаты» (Правда о Голоде в 1932-33 годов) деп аталатын ғылыми-көпшілік қауымға арналған екі тілдегі (қазақ, орыс) кітапты баспадан шығаруға дайындап жатқанын айта кеткенді жөн санадық.

Қорытынды. Тәуелсіз ұлттық мемлекеттілік нығайған сайын ұлттық құндылықтарға деген көзқарас міндетті түрде өзгеріп тұрады. Тарих ұлттық сананы қалыптастыратын ең басты сала. Қазіргі жағдайда ұлттық тарихты қайта қарастыруымыз керек деген қағида оны қайта жазуды талап етпейді. Ұлттық тарихты қайта-қайта көшіріп жазғаннан ол ұлттық болудан қалмайды.

Отто фон Бисмарк деген қоғам қайраткерінен «Седан түбіндегі шайқаста немістер қалай жеңіске жетті?» деп сұрақ қойғанда, ол: «Жеңіске жеткен әскер емес, әскерді жеңіске жеткізген қарапайым мектеп тарихшысы» деп жауап берген көрінеді. 1970-80 жылдарда Ілияс Есенберлиннің тарихи шығармалары қоғамдық санаға үлкен қозғау салды. Ол туындылар осыған дейін ескерілмей келген тарихымыздың алтын көмбесін ашып берді. Бүгінде қазақтың ұлттық тарихына көз аларта қарайтындар жеткілікті. Олар тіпті қажет болса, ұлттық тарихымызды қалай жазуды үйретпекші! Ресейлік Аджар Куртов деген саясаткер «Алақаннан қалдықтарды жалап үйренгендер енді сол қолды тістегісі келеді» депті. Сондағы айтпағы «аяқастынан тәуелсіз мемлекетпіз дейсіңдер, ал сендерде тарих жоқ». Ал Хидаятов деген «Қазақстан  тарихшыларының барлығы жалған айтады, тарихта болмаған оқиғаларды ойлап шығаруда. Мәселен, Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандарға ескерткіш орнатылып, оларды қазақ ұлты мемлекетінің негізін қалаушы ретінде дәріптейді, шын мәнісінде олай болған жоқ» дейді.  Бұл –  Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин айтқандай, идеологиялық тұрғыда мылтықсыз майданның жүріп жатқанын көрсетеді. Сол майданда  ұлт тарихының орны басым болып тұр.  Идеология саласындағы мылтықсыз майдан тек бізде ғана емес, ТМД елдерінде жүріп жатыр. ТМД тарихшыларын ұлт тарихын қайта зерделеуге кірісті. Тек өткен жылы ғана өзбектер 12 томдық ұлт тарихын, қырғыз ағайындар 6 томдық қырғыз тарихын  жарыққа шығарды. Көп томдықтың жариялануына қаржылық демеушілік көрсеткен қырғыз  жоғары  кеңесінің депутаты Алтынбек Сүлейменов  алдағы екі -үш жылдың көлемінде тағы да бес томдықтың жарияланатынын айтқан.  Қырғыз тарихшысы, саясаттанушысы Зайнидиин Құрманов алғашқы бестомдықты дайындау кезінде Ресей, Венгрия, Қытай тарихшыларының еңбегі пайдаланғаны туралы бізге былай деді:  – Қырғыз  тарихы – әлем тарихының құрамдас бір бөлігі. Сондықтан бізге жолымыз көбірек түйіскен елдердің тарихшыларының еңбегін пайдалануға тура келді. Бірақ тарих қоржынына келіп түскен деректердің бәрі сараптамадан өтіп, мүддемізге сай келетіндерін ғана пайдаландық,  – дейді қырғыз саясаттанушысы. Жергілікті ұлт мүддесін бірінші кезекке қою тек қырғыз ағайындар ғана емес, орыстар үшін де күн тәртібінде тұрған № 1 мәселе екен.  Себебі солтүстіктегі көршілеріміз де тарихын қайта зерделеуді қолға алғанына жылдан асып қалды. 2014-2016 жыл аралығында бас-аяғы  25 томнан тұратын Ресей тарихы жарық көрмек.  Қазір орыс ғалымдары бай тарихын сүзгіден өткізіп, қажет деп тапқандарына ғана кәдеге жарататындарын ашық айтып отыр.  Ресей ғылым академиясындағы тарих мәселесіне арналған басқосуда белгілі тарихшы Антолий Королев  орыс тарихы Ресей мүддесімен жазылатынын және өзге елдердің тарихшыларының көмегіне аса мұқтаж емес екенін былайша түйіндейді.  «Мен ресей тарихын өзге ұлттардың қолына сеніп тапсыра алмаймын!»    Демек, ресейліктер Ресейдің бай тарихына орыс мүддесі және «орыс көзімен» қайта зерделеп шығуға тас-түйін болып дайын отыр. Бізде ше? «Қазақ тарихын қазақ мүддесі, қазақ көзімен қарап шығуға дайынбыз ба?» деген сұраққа біздің қоғам толыққанды жауап берген жоқ.  Ел ішінде екіұдай пікір бар. Алғашқысы – «қазақ тарихы әлем тарихының құрамдас бөлігі. Сондықтан біз жан-жақтағы көршілеріміздің де пікірін ескеруіміз қажет» десе, екінші пікір «қазақ тарихы қазақ елі мүддесімен жазылуы керек. Сондықтан онда екінші тарапқа орын жоқ» деген пікірді алға тартады. Біз осы ретте қазақстандық саясаттанушы, тарихшыларды  әңгімеге тарттық.   Саттар МӘЖИТОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі: –  Тарих ғылым ба, әлде саясаттанушылардың қолындағы құрал ма?  – Тәуелсіз ұлттық мемлекеттілік нығайған сайын ұлттық құндылықтарға деген көзқарас міндетті түрде өзгеріп тұрады. Тарих ұлттық сананы қалыптастыратын ең басты сала. Қазіргі жағдайда ұлттық тарихты қайта қарастыруымыз керек деген қағида оны қайта жазуды талап етпейді. Ұлттық тарихты қайта-қайта көшіріп жазғаннан ол ұлттық болудан қалмайды. Мәселе бүгінгі таңда жаңа бір белестерге, сатыларға көтерілуде. Әлі де өз орнын ала алмай келе жатқан оқиғаларға мән беріп, олардың тарихи бағасын анықтау қажет. Тарихты ақтара салып бір күнде қайта жазып шыққан оңай. Бірақ оның арты қандай болмақ? Топтап кітап шығару бір мәселе. «Ал оның сапасы, ғылыми құндылығы, болашақ ұрпақтарға пайдасы қандай?»  деген мәселе бүгін де, ертең де өзекті. – Ұлт тарихын қайта зерделеген кезде өзіміздің тарихшылар ғана жазуы қажет пе, әлде өзге көрші елдердің тарихшыларын да қатыстырған дұрыс па?– «Ұлттық тарих» дегеніміз кең ұғым. Ол бір ғана біздің ұлтпен шектелмейді. Жер бетінде өмір сүріп жатқан соң біздің ұлттық тарихымыз басқа да көршілес, алыста жатқан елдермен ұштасып жатқанын естен шығармаған жөн. Тарих – адамзатқа ортақ дүние. Кейде тарихымыздың ақсап жататыны сол басқалардың көзқарастарын мақұлдап немесе жоққа шығаруымыздан туындайды. Әрине, есі бар нағыз маманмын дейтін тарихшы басқа ұлттың тарихын жазуға оңайлықпен кірісе кетпейді. Әлемдік тәжірибеде ондай тарихшы-мамандар көп  емес. Ең алдымен басқа біздің елдің тілін, менталитетін, салт-дәстүрін білу қажет. Керек болса,  елімізде біраз уақыт бойы тұрып, жергілікті деректер мен құжаттарды талдап еліміздің тарихын жазуға кіріскені жөн. Ұлттық тарихты жазуда өзіміздің яки шетелдердің авторлары болғандағының бастысы –  «Бояушы бояушымын деп сақалын бояпты» дегенге жол бермеу қажет. Бөліп алып «Мынау менікі, не істегім келсе, соны істеймін» немесе «Менікі жөн, сен тыңда» дегеннен ешкім еш нәрсе ұтпайды.– Ресейде немесе Қытайда қазақ тарихын зерттеп жүрген тарихшылардың еңбегі біздің тарихтан орын алуы қажет пе? – Көршілес елдердің зерттеушілері тәжірибесі мен ақпараттық қабілеті жетісіп тұрса,  қатысқандары дұрыс. Тарих ең алдымен ғылым екенін ұмытпаған жөн. Кәсіби тарихи еңбек деректер негізінде жазылады. Оларды іздеп табу, анықтап сараптау тек қана мамандандырылған тарихшының қолынан келеді. Әуесқойлық тарихты бұрмалауға ұшыратады. Сол себептен тарихтың беттері аңызға айналып, дүмше тарихшылдық етек жаяды. Ал мұның басқа да қыры бар. Біз туралы шеттен жазылған деректердің бетінде жылтырап тұрған мәліметтердің бәрін шындық пен ақиқат деп қабылдау қисынсыз.  Әрине, сыни көзқарас өте қажет. Тарих әділетті және объективті болу үшін бұл ауадай қажет. Дегенмен  әр деректі сырттан жазатындар өз пайдасына немесе өзіндік көзқарасына айналдыратын болса, бұдан пайда шамалы. Айтайын, 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнап мен «Тәуелсіз Қазақстан шетел сарапшыларының көзімен» атты кітапты  «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан шығардым. Сол басылымды дайындау барысында мынадай бір жағдай байқалды. Жан-жақтағы танымал, ірі шетелдік сарапшыларға ақпараттық хаттар жолдадым. Сонда «Иә, қатысамын. Мәтінімді беремін» деп жауап берген адамдардың саны әлгі жіберген хаттарымнан әлдеқайда азайып қалды. Кейбіреулері уақыт тапшылығына сілтеп, басқа да себептерді атап, бас тартқандары да болды. Бұл ненің нышаны? Ең алдымен олардың артын ойлады. Ұзақ уақыттан бері Қазақстан тарихымен айналысып, нағыз бұл істің нәтижесі мен сапасы жоғары болуды ойлайтын адамдар бірден іске кірісіп, біздің тарихымыз туралы құнды мәтіндерін беріп жатады.  Тіпті әлемдік тәжірибеде мынандай да құбылыс  кездеседі. Белгілі  бір елдің немесе халықтың тарихи-мәдени құндылықтарын көп жылдар бойы зерттейтін ғалымдар сол елдердің адамдарына ұқсап кетеді, азаматы болғанын аңсайды. Олар үлкен жауапкершілікті былай қойғанда, сол елдердің бір ерекше насихаттаушысына айналады. Ал планетааралық азамат болудың, басқа елдің тарихы мен мәдениетін біліп-танудың қандай жамандығы бар?– Халықаралық тәжірибе не дейді?  Мысалы, өзбек немесе қырғыз, ресей тарихы қалай жазылғандығынан хабарыңыз бар ма?  – Өз басыма келсем, мені басқа елдердің тарих немесе қоғамтану саласындағы мекемелерге шақырып тұрады. Екі-үш жылдың ішінде  Үндістан, Ресей, Түркия, Әзірбайжанға  барып қайттым. Басқа да тарихшыларымыздың сондай дәрежеде екенін білемін. Мәселе кәсібилікте, маман болу қажет.  Басқа елдердің тәжірибесінде шетелдерден мамандарды шақыру кең тараған. Көбінесе оларды өздерінің тарихын әлемдік деңгейдегі орнын анықтау үшін шақырады. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. 3- том, Цин патшалық дәуірінің мұрағат құжаттары. Алматы - 2006 ж.

2. Қаржаубай Сартқожаұлы, «Байырғы түрік жазуының генезисі» , Астана - 2007 ж.

3. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 3- том, Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері. Алматы - 2005 ж.

4.  Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 2- том, Өтеміс Қажының "Шыңғыс -намесі" тілінің көрсеткіш-сөздігі.

5. Ә.Қ.Дербісілі, Қазақстанның мешіттері мен медреселері, Рухани шамшырақтар, Алматы-2009 ж.

6. Бейсебаев Р.С. арабские источники 9 в.- начала 13 в. в  Восточном Мавереннахре, Москва-2008

7.   Қойшығара Салғараұлы, Ежелгі түріктер, Астана - 2012

8. Қойшығара Салғараұлы, Шығыстағы түріктер, Астана - 2012 ж.

9. Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері, 3-том, Алматы- 2006 ж.

10.  М.Л. Анафинова, мақалалар жинағы.

11. Казахско-русские отношения в 17-19 в.в. 1771-1867 г.г., Алматы- 1964 ж.

12. А.Ш. Кадырбаев , М.Д. Шаймерденова, История,география и культура Казахстана , Москва- 2012 ж.




1. матухну абудзiце I дожджыкам напаiце Каб травачкi нарасцiла Каб волiкау накармiла
2. Подснежник Воронова
3. Finlnd
4. Реферат на тему Выполнила- Андреевских Анна Проверила-
5. Юлия Старшая
6. Курсовая работа- Обозначение констант равновесия межлигандного обмена хелатных комплексов экстрационно-фотометрическим методом
7. Боги
8. тематически их можно представить как игру двух трёх и более игроков каждый из которых преследует цель макси
9. Линейные операции над векторами заданными проекциями на оси координат произодят по формулам т
10. 103
11. темах указанные задачи решаются радиотехническими методами.
12. Расчет редуктора точного прибора
13. Тема Общая характеристика форм реализации права Вариант 16 Студент А
14. тематический курс Для бакалавров по направлению подготовки Юриспруденцияпрофессиональный цикл дисципл
15. МЕЛІТОПОЛЬСЬКИЙ МЕДИЧНИЙ КОЛЕДЖ ЗАПОРІЗЬКОЇ ОБЛАСНОЇ РАДИ РОБОЧА П
16. ФИЛОСОФИЯ АКАМЮ
17. тема и структура гражданского права
18. Обеспечение безопасности населения и территорий Арктического района Красноярского края от чрезвычайных ситуаций
19. Вариант 4 1 Write the sentence using modl verb- Perhps she wnt to be lone
20. ВаршаваБарселонаВаршава~Минск 1 день 27.