Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

2. Шариаттың қарыз өтеу ережелері. Сатушы мына кездерде өз куәлерін келтіреді: сатылған заттың бағасының мөлшері жайлы таласта; сатылған заттың бүлінген не толық берілмегені жайлы; сатылған заттың сатып алушыға бергенге дейінгі аралықта бүлінгені жайлы; сатып алушысыз сатып алынған зат өлшенгенде. Сатып алушы мына кездерде өз куәлерін келтіреді: заттың саны түгел болмағанда; сатылған заттың төлеу мерзімі жайлы талас туындағанда. Қарыз міндеттемесінің қағидалары: Шариғат заңы бойынша карыз міндеттемесі екі түрлі: 1) дайн; 2) сәлем уә салаф болады. Дайн қарызға ақша не мал-мүлік беріледі де, айтылған мерзімінде дәл сол түрде кайтарылады. Сәлем уә салаф карызға ақша не мал-мүлік беріледі де, айтылған мерзім ішінде үстемемен, артық етіп кайтарылады. Міндеттері: екі жақтың өзара келісімі; кайтарылатын не төлейтін мерзімін көрсету; саны мен сапасын аныктау; қарыз алушының сол затты, ақшаны кабылдап алуы; көрсетілген мерзім ішінде карыз беруші қайтарып алу құлдығына ие болмауы; құл мен күң қожасының рұқсатынсыз қарыз алу не беру келісімін жасай алмауы.
Дайынға қатысты ережелер: аса қажет болмаса, карыз алуға рұқсат етілмейді; қарыз үшін үстеме қосуға тыйым салынады; қарыз өтемі беретін кездегі бағамен өлшенеді. Сәлам уә салафқа қатысты ережелер: көрсетілген мерзім өткенше карыз беруші алушыдан берген мал-мүлкін, ақшасын иесіздендіре алмайды. Қарыз куәлердің көзінше тапсырылуы тиіс; қарыз беру мен алу міндетгемелері куәлердің көзінше жазбаша да, куәлер алдында ауызша да жасалады;
Қарыз беру мен алу міндеттемесі өз мерзімінде төленгенде жойылады.
4.«Кисас» және «тазир» категориялы қылмыстар . «Тазир» 11 әр түрлі жазаларды бере алады. Оның ішінде мынадай санкциялар бар: өтірікші куәгерлердің басын қыру, қаланың көшесінде адамның жасаған қылмыстарын айту және жарты денесін ашық ұстап жүргізу, үш күн керіп тастап тамақ бермеу сияқтылары бар. Бас бостандығынан айыру, материалды санкциялар немесе тән жазалары (ұру,соғу) мұсылман құқығында жалпы қылмыстық жазалар ретінде қолдану өзгешеліктері бар. Тазирдің» осындай түрі әр түрлі түсіндіріледі, сондықтан оны қолдануды реттейтін әр түрлі нормалар бар. Мәселен, ханбалит мектептері денені жазалауды жүзеге асыру кезінде 3-тен 10-ға дейін таяқпен ұруды жүргізуге болады деп есептейді. денені жазалаудың максималды шегі бостандықтағы мұсылман үшін 39 соққы және құлдар үшін 19 соққы деп құрастырған. Шафииттік мектеп барлық мұсылмандар үшін 19 соққыны құрастырған. «Тазир» өте қатерлі қылмыс үшін дене жазалаудың мөлшерін 100 соққыдан асырмауы керек деп есептейді. Ұрлық жасаған тұлғаларға дене жазалаудың мөлшері 99 соққы делінген. «Тазирдің» ерекшелігі нақты құқық бұзушылықты жасағаны үшін белгілі қатал санкциялар жүйелері болып табылмайды және сот органы өзінің қалауы бойынша қылмыскердің тұлғасы мен қылмыстың сипатына байланысты жазалаудың мөлшерімен нақты түрін таңдай алады. Егер қылмыскер өз кінәсін мойындаса «Тазир» жазалауы тоқтатылады.
Екінші топтағы қылмыстық жазаға белгіленген терминдар «кисас». . Нақты жаза әлі де белгіленбеген, бірақ бұл жаза оларға жұмсақ болуы мүмкін, яғни осы топтар Аллаға қарсы қылмысты болғандықтан. Нақты осы топтағы көрсетілген жазалар, қылмыстың құрамына кіретін мұсылмандық қызығушылық жеке біреудің өміріне қастандық жасау.Ислам ішімдік қолдануға үзілді-кесілді қарсы, былайша айтқанда Аллаға деген сенімін және шындығын анық айтпау. Бірақ құранда жазаға қарсы нақты жоба жоқ, бұл қылмыс жасаған топта қарастырылады, бірақ нақты жаза сүннада көрсетілген. Аңызда, пайғамбар ішімдікке қарсы шығып дене жазасын және өлім жазасын көрсетті, егер бұл мұсылмандық қылмыс төрт түрлі жазада аяқталса. Маскүнемдерді пальманың бұтағымен соғып жазалады. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады.Егер ішімдік абайсыздан ішілсе және соңында күштеу көрсетпесе, онда ішімдік ішуші жауапкершіліктен босатылады.
5. «Хадд» категориялы қылмыстар. Соңғы жағдайларда кісі өлтіру, жарақаттау әдейі жасалмаса құн төлеуге үкім шығарылады. Кісі өлтіру біреудің бұйыруымен немесе мәжбүр етуімен жасалған жағдайда, өлтіруші адам бұйрық берушіге тәуелді болса, онда бұйрық берген адам қылмыскер болып есептеледі. Қылмыс арандату кесірінен жасалса, жауапкершілікті кісі өлтіруші мен арандатушы бөліп көтереді. Зардап шеккен адам оның заңды мұрагерлеріқылмыскерге кешірім берген жағдайда есе қайтару жазасы қолданылмауы мүмкін. Алдын алу жазасы мына жағдайда белгіленуі мүмкін: діннен безгені және бүлік шығарғаны үшін, егер сот қылмыскерді өлім жазасына кесу қажет деп таппаса: рәсімдік парыздарды көпшілік көзінше әдейі бұзғаны және оны масқаралағаны үшін; тәртіп бұзуға арандатқаны үшін: әйелдерді қорлағаны үшін, осы әрекеті әшкере болған адамдар некеде жоқ болса, азғындық, маскүнемдік,біреуді араққа мас қылғаны, құмар ойындарына тартқаны үшін;көзбояушылық пен осы тәріздес тәртіп бұзғаны үшін. Хадд жазасын қолданғанда 40-тан 100-ге дейін дүре соғылады. Соттың шешімімен хадд жазасы қосымша дүре соғу, айып салу, бас бостандығынан айыру, т. б. жергілікті тәртіп бойынша қарастырылған жаза түрлерімен қатайтылуы да мүмкін. Өнегелік жаза үкімет орындарына бағынбағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, біреудің мүлкін ұрлағаны, сауда тәртібін бұзғаны, т. б. салыстырмалы түрде жеңілжелпі тәртіп бұзушылар үшін тағайындалады.
6. Мұсылман құқығындағы жазаның мақсаты, түрлері және ерекшеліктері. Мұсылман құқығында жазаның негізгі мақсаты адамның сол қылмысты қайталап жасауына жол бермеу болып табылады. Егер ол адам ол қылмысты қайталап жасайтын болса,онда оған өте ауыр жазалар қолданатын болған.Шариатта жазаның түрлері болды; а) рудан қуып жіберу;ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;г) өлім жазасы жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.Мұсылман құқығы жаза тұрғысынан да өзге құқық жүйелерінен ерекшеленеді. Мысалы, Құранда тыйым салынған әр түрлі іс-әрекетер құқық мәселесінен бұрын дін мәселесі болып табылады. Яғни, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеген адам Аллаһтың тыйым салған нәрсесін жасағандықтан күнә іс істеген болады. Мұның азабын ақырет күнінде тартады. Бұл - істелген әрекеттің рухани-ақыреттік жаза жағы. Сондай-ақ, бұл адам Аллаһқа берген сөзінде тұрмай, Аллаһтың тыйым салған ісін істегендіктен оның арожданы да мазасызданады. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) дәуірінде Майыс деген кісі зинақорлық жасаған. Ешкім көрмесе де арожданының мазасыздануы салдарынан Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) келіп, қылмысын айтып, өзіне тиісті жазаның қолданылуын өтінген.Құранда жаман іс деп есептелген және тыйым салынған әрбір әрекет үшін осы дүниелік жаза көрсетілмеген. Дегенмен, кісі өлтіру, зинақорлық жасау, өтірік айту, ұрлық істеу және қарақшылық жасау сияқты әрекеттерге арнайы осы дүниелік жазалар берілген.Мұсылман құқығының «екілік жаза» ерекшелігі осы мәселеде қарастырылады. Рухани-ақыреттік жазалар, әсіресе діндар адамдардың жаман әрекеттерден тыйылуында маңызды рөл ойнайды. Ал материалдық-дүниелік жаза барлық адамдар үшін тыйдырушы сипатта болады. Рухани жаза «діндарлық» сияқты субъективті жағдайға, ал материалды жаза объективті қағидаларға сүйенеді. Кейбір мүшкіл жағдайларда хакимдер «діни заңдарға байланысты үкім» мен «құқыққа байланысты үкім» арасын ажыратып көрсеткен.Мұсылман құқығының көптеген ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпірінде еркін қолданылу және жетістікке жету себептерінің бірі оның осы екілік жазаға ие болу ерекшелігінен туындайды.
7. Мұсылман құқығы бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Ниса» сүресінің 3-аятында: «Өздеріңе ұнаған әйелдерден екеу, үшеу және төртеуден некелеңдер. Ал, егер араларында әділдік жасай алмаймыз деп қорқатын болсаңдар, онда біреуін немесе қол астыңдағыға (некелеңіз)» - дей келе үйленудің халал екендігін түсіндірсе, Имам Маликтің Әнәстан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құл үйленген кезде діннің жартысын кәміл орындаған болады. Ал, енді қалған жартысы бойынша (немқұрайлы болудан) Аллаһтан қорықсын», - деп үйленудің діннен екендігін айтып кеткен. 1)Екі тараптардың да ақыл-есінің дұрыс болуы.2)Мұсылман әйелмен үйленетін еркектің мұсылман болуы.3)Ижап пен қабулдың бір отырыста жасалуы.4)Тараптардың бір-бірінің сөзін естіп түсінулері.5)Ижап пен қабулдың бір-біріне кереғар болмауы. Мысалы, Жігіт: Қызыңыз Әйгерімді алдым - дегенінде, Қыздың әкесі: Мақұл, саған қызым Сәулені бердім - десе, ұсыныс пен қабыл алуда қайшылық көрініс тапқандықтан неке дұрыс құрылмаған болады. Жоғарыдағы шарттардың орындалуымен ғана неке құрылған болады, егер орындалмаса, жалған неке болып қалады. Бұлар некенің рүкіні төңірегіндегі шарттар. 1)Келісімді жүргізушілер (қыз бен жігіт немесе олардың қамқоршылары) ақыл-естері дұрыс, кәмілет жасқа толған және бас бостандықта болулары қажет.2)Келісімді жүргізушінің бөтен адам болмауы.3)Екі жас екеуі де немесе екеуінің бірі балиғат жасына жетпесе, келісімді қамқоршының жүргізуі.Бұлар бар болса, неке өтімді (нәфиз), ал жоқ болса белгілі бір адамның рұқсаты болмайынша өтімсіз (мауқуф) болып қала береді. Жігіттің қызға беретін мәһірі «мәһр мисльден» (төменде түсіндіреміз) кем болмауы керек.Ер адамның еркектік мүшесінің сау болуы.
8. Ислам құқығы бойынша қылмыстың ұғымы және түрлері Тарихымыздың қай кезеңі болса да, дін әрқашан адамдардың өзін-өзі қорғау жаман қылықтардан арылып, жақсылыққа шақыру құралы болған. Әрбір жанұяға, жеке адамға, қоғамға бір сөзбен айтқанда барлық халыққа жақсы жол көрсететін амалдар қарастырылған. Өте ауыр сынақтардан өтуге, жарық күнге ұмтылып өмір сүруге шақырған, сендірген және өз кезегінде адамдарға күш-қуат сыйлайтын, жігерін арттыратын, бір-біріне мейірбандылығын асыратын игі идея іске асырылған. Сондықтан да болар қылмыс пен жаза мәселесі мұсылман құқығы және қазақ әдет-ғұрып құқығы негізінде еш үйретілмеген деу әділеттік емес. Жоғарыда айтылып өткенге қатысты дипломдық жұмыста мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары, олардың қазақ әдет-ғұрып құқығындағы негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың дамуына әсері, мұсылман және әдет-ғұрып құқықтарындағы қылмыс пен жаза ұғымдарының ара қатынасы зерттеледі. Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа негізделген. Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс болып саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.
Қылмыс әлеуметтік құбылыс болып саналады. Заңгер ғалымдар қылмыстың ұғымына қатысты әртүрлі пікірлер айтады. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі өзіндік ерекшеліктерге де ие. Орта ғасырлардағы мұсылман құқықтанушылары мен қазіргі заман зерттеушілері құқық бұзушылықтың бірнеше қағидаларын қарастырған. Олардың көзқарастарын талдау мұсылман қылмыстық құқығын тағы да терең зерттеуге әсер етті. Шариғатта «қылмыс» сөзі адамның жанына немесе ағзаларына зиян келтіру мағынасын білдіреді. Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді.Қазақтың әдет-ғұрпында «қылмыстың» табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.Қылмыстың түрлері: ойнас (зина) бұл мұсылман моралында қол салу қылмысы болып саналады. Қылмыс бұл некеге тұрмағандарды «надд» сыртқы бойынша жазасын береді. Мұндай қылмыстың жазасын отбасы мен моралды құрады, ойнас қылмыстың куәгерлік өтініші төрт куәгерден болуы керек. Исламды сатып кету - бұл діннен алыстау қылмысы болып есептеледі, яғни өлім жазасына кесу қаралады. Бұл логикалық факты, шариаттың дұрыстығын көрсетудің негізі болады.Қарақшылық ең ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстың басты жауапкершілік түрі: мұсылмандық еркек, кәмелетке толғандар, ақыл - есі толылар. Сол сәттегі жағдайда мүлікті тартып алу фактісі, яғни мұсылмандық меншікті және заңды білуі қажет. «Тазир» Оның ішінде мынадай санкциялар бар: өтірікші куәгерлердің басын қыру, қаланың көшесінде адамның жасаған қылмыстарын айту және жарты денесін ашық ұстап жүргізу, үш күн керіп тастап тамақ бермеу сияқтылары бар. Сонымен қатар екінші топтағы қылмыстарға: «кисас», «кавар» және «дия» жатады.
9. «Диа» - категориялы қылмыстар. Дия категориясындағы қылмыстар екінші топтағы қылмыстар жатады. Онда өлім жазасы қолданылмайды. Тек қана ұрып соғу. Нақты жаза әлі де белгіленбеген, бірақ бұл жаза оларға жұмсақ болуы мүмкін, яғни осы топтар Аллаға қарсы қылмысты болғандықтан. Нақты осы топтағы көрсетілген жазалар, қылмыстың құрамына кіретін мұсылмандық қызығушылық жеке біреудің өміріне қастандық жасау.
Ислам ішімдік қолдануға үзілді-кесілді қарсы, былайша айтқанда Аллаға деген сенімін және шындығын анық айтпау. Бірақ құранда жазаға қарсы нақты жоба жоқ, бұл қылмыс жасаған топта қарастырылады, бірақ нақты жаза сүннада көрсетілген. Аңызда, пайғамбар ішімдікке қарсы шығып дене жазасын және өлім жазасын көрсетті, егер бұл мұсылмандық қылмыс төрт түрлі жазада аяқталса.
10. Некенің тоқталуына әкеп соқтыратын Шариаттың ұйғарымдары.Некенің тоқтатылуына әкеп соқтыратын негізгі факторларға жататындар ол егер отбасында әйелі немесе ерінің біреуі қайтыс болған жағдайда неке тоқтатылады. Сонымен қатар ері әйеліне талақ деп айтқан кезде,ол яғни тастау деген мағынаны білдіреді. Егер ері әейліне талақ деп бір рет айтса онда олар ажырасып біраз уақыттан сон қосыла алады. Ал егер үш рет талақ деп айтатын болса олар қосыла алмайтын болған. Ал егер әйелі еріне талақ деп бір рет қана айтса да олар қосылмайтын болған. Кобінесе әйелдері олай айтпаған,тек қана ерлері өздеріне жүктелген міндеттерін орындамаған жағдайларда ғана болатын болған. Балиғат жасына толмаған қыз бен жігіттің неке келісімін жүргізушілер әкесі немесе атасы болуға тиіс. Егер олардан басқа қамқоршылар үйлендірген болса, онда бұл неке байламды болмайды, қыз да, жігіт те үлкейгенде бұл некені бұза алады. Бұл шарттар орындалса қиылған неке байламды (ләзим) болып, екі тараптың еш қайсысы бұл «адал некеден» кір іздеп оны бұза алмайды. Ал, енді орындалмай қалған жағдайда неке байламсыз болып (ғайру ләзим), тараптардың әрқайсысы қалаған уақыттарында бұл некені бұзуға құқылы болады.
11. Шариаттағы тыйымдар.
12. Күнәлі істер үшін Шариаттағы жазалау шаралары. Ішімдік ішсе ол күнә болып есептеледі. Маскүнемдерді пальманың бұтағымен соғып жазалады. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады. Егер ішімдік абайсыздан ішілсе және соңында күштеу көрсетпесе, онда ішімдік ішуші жауапкершіліктен босатылады.Шариатта ең ауыр кінәлар: Зина жасау-Некесіз жыныстық қатынастың барлық түрі зина болып есептеледі. Ол Ислам дінінде үлкен күнә. Яғни Ислам діні мұндай іс-әрекетке қатаң түрде тыйым салады. Аллаһ Тағала мұсылмандарға ең үлкен күнәларды уахи еткенде (хабардар еткенде) зинаны да үлкен күнә қатарына жатқызып былай дейді:«Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол». Зина жасаған қауымға Аллаһтың мейірімі түспейді және ондай қауымның басына әртүрлі бәлекеттерді жібереді.Арақ ішу-Ислам діні елге тарай бастағаннан-ақ, арақ- -шарапқа бірте-бірте тыйым салынып, ең бі-рінші, ішімдіктің пайдасынан зиянының көпті-гі халыққа түсіндірілді. Шарап ішетіндердің на- маз оқуына тыйым салынды. Осыған орай Ал- лаһ Тағаладан мынандай аят түсті: «Ей, иман келтірген-дер! Арақ ішу, құмар ой- нау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып, бәсекелесу шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады.Көзге шөп салу ауыр күнә болып есептеледі. Оның жазасы өлім жазасы. Оның соңы отбасы құруы мен сенімсіздіктің пайда болуына әкеп соғады. Исламда өзіне-өзі қол жұмсау үлкен күнә. Ондай күнәні жасаған адам тікелей тозаққа түседі. Оның жаназасы шығарылмайды. Ал терроршылар өздерімен қоса жазығы жоқ адамдарды да өлтіреді. Оның ішінде кішкентай балалар да болуы мүмкін. Сондықтан бұл адамдар өте үлкен күнәға батады.
13. Ұрлық үшін Шариаттағы жазалаудың шаралары. Ұрлық қылмыс түріне жатады, яғни нақты жазаның белгісі. Құранда айтқандай ұрлықшылардың ұрлық жасағаны үшін қолын кеседі. Мұндай қатыгездікті түсіндіріп айту, бұл исламда жалғыз басты меншікті құндылық болып саналады, яғни құқықты сақтау тиіс. Ұрлықтың объективті және субъективті жағына қылмыстың нақты жасалынғаны жеткілікті. Кәмелетке толғандар мен сау кезінде болған адам қылмысты өз жауапкершілігіне алады.Осындай барлық жиынтық қылмыскердің оң жақ қолын кесу, ұрлық екінші рет қайталанса сол аяғын, үшінші ұрлық жасалса, сол қолын кесу және де төртінші рет ұрлық жасалса, оң аяғын кесу жағдайы қаралған. Егер де үшінші рет ұрлық жасалса, ұрлықшы ұрлығын тоқтатпаса, ол түзелмесе, соттың ұрыны өлім жазасына кесуге құқылы. Егер де ұрлық жасаушылар көп адам болса, олардың барлығында біркелкі жазалайды. Ұрлықшыны тірідей құмға көму жазасыда қолданылады. Мәскеудің ұрылары Біріккен Араб Эмиратында алым-салық түрінде өздерінің «нәрсеге барған» отандық жерлестерінен жүздеген мың доллар жинауларына тырысты. Осы қылмыскерді шөлді далаға апарып, құмға тірідей көмген. Енді өз өмірлерін шөл даладағы құмдарда өлуге қиятын әуесқойлар жоқ. Мұсылмандық құқыққа келісім доктринасы ұрлық куәгердің дәлелі мен қылмыскердің өзінің қателерін мойындайды. Егер де жәбірленуші қылмыскерді кешірсе, онда қылмыскер жауапкершіліктен босатылады. Бірақта жәбірленуші қылмыскерді кешірсе де, оның қолын заң бойынша кеседі. Аштық жылдарында да сот шешімі қылмыскердің қолын кеседі. Халиф Омар аштық жылдары мұндай шешім қолданылмасын, мұсылманның ортақ түріне өзінің қызығушылығын танытты.Егер ұрлық жасаушы дүние-мүліктен айырылып, бірақ өлім жасалмаса, қылмыскерді кескілеп жазалайды. Егер дүние-мүлікті алмай және өлім жасамай жай ғана қорқыту болса, онда қылмыскер жер аударылады немесе бас бостандығынан айырылады.
14. Шариат бойынша мұсылмандардың садақа беру міндеті мен садақа берудің ережелері. Хумс-арабша аударғанда бесінші бөлігі деген мағынаны білдіреді.Ол мұсылман шеииттердің міндетті салығы болып табылады.Ол жылдық табысының бестен бір бөлігін құрайды.Дүниелік ғибадаттардың екіншісіне зекет жатады. Зекеттің сөздіктегі мағынасы “арту, көбею, тазалау және берекет” дегенді білдіреді. “Шындықты айту, сөзінде тұру” мағынасына келетін сыдық түбірінен шыққан садақа сөзі де Құран мен сүннетте зекет мағынасында қолданылған. Алайда садақа сөзі кейінгі уақыттарда өз еркімен дүниелік өтеулер үшін қолданыла бастады. Ислам құқығында зекет “Белгілі орындарға жұмсалу үшін діни тұрғыдан бай деп саналатын кісілердің малдарының белгілі бір үлесін беруін” айтады. Зекет- мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндеттісадақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.Күллі мадақ пен мақтауларға лайық әлемнің жаратушысы Алла Тағала мұсылмандарға адамзаттың ең таңдаулы құрмет пен тағзымға лайық тұлғасы, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы парыздарын бекітті. Исламның осынау інжу-маржан асыл негіздерінің бірі зекет. Асыл дініміз Исламда «Зекет» көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.Ал зекеттің шариғаттағы мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі. Зекет тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Мысалы, қой саны үшін белгіленген “нисап”: 40-тан 121-ге дейін 1 қой, 121-ден 399-ға дейін 2 қой, 400-ден бастап жүзден бірі Зекет түрінде садақаға берілуі керек. Сиырдың саны 30-ға жетсе, “нисапқа” толған болып, 30-дан 39-ға дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ға дейін 1 құнан өгіз не құнажын сиыр, 60-тан 69-ға дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 құнан өгіз, не 3 құнажын сиыр, бұдан жоғары сандарға жеткенде әр 30-дан бір тайынша, не әр 40-тан 1 құнан өгіз, не құнажын сиыр Зекетке беріледі. Түйенің саны 5-ке жетсе “нисапқа” толады. 5-тен 9-ға дейін 1 қой, 10-нан 14-ке дейін 2 қой, т.б. Зекет әль-Фитр-Зәкәт әл-фитр мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндетті болып табылады. Алайда ғалымдардың арасында мұсылман өзінің асырауындағы адамдар үшін де фитрды беруге міндетті ме, әлде әрқайсысы өзі үшін өзі беруі керек пе деген мәселеде келіспеушіліктер болған. Еш күдіксіз, зәкәт әл-фитр оразада жасалған қателерден тазартады, алайда күнәлардың бар болуы оны беруудің шарты болып табылмайды. Егер адам, Фитрды басқа біреудің атынан бергісі келсе, онда ол сол кісіге хабарлап қою керек, әрі бұны тек соның рұқсатымен істеу керек. Өйткені, зәкәт бұл, ниеті болуды қажет ететін құлшылық болып табылады.Зекет әл фитрді тамақ ретінде берілуі тиіс. Ол мейізбен немесе құрмамен берілуі керек.Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті».Ушр-бақша өнімдері мен егістік өнімдерімен берілетін садақа түрі болып табылады.Ол міндетті салық қатарына жатады. 15. Салық пен садақаның түрлері (хумс, зекет, зекет аль-фитр, ушр және т.б.).Хумс-арабша аударғанда бесінші бөлігі деген мағынаны білдіреді.Ол мұсылман шеииттердің міндетті салығы болып табылады.Ол жылдық табысының бестен бір бөлігін құрайды.Дүниелік ғибадаттардың екіншісіне зекет жатады. Зекеттің сөздіктегі мағынасы “арту, көбею, тазалау және берекет” дегенді білдіреді. “Шындықты айту, сөзінде тұру” мағынасына келетін сыдық түбірінен шыққан садақа сөзі де Құран мен сүннетте зекет мағынасында қолданылған. Алайда садақа сөзі кейінгі уақыттарда өз еркімен дүниелік өтеулер үшін қолданыла бастады. Ислам құқығында зекет “Белгілі орындарға жұмсалу үшін діни тұрғыдан бай деп саналатын кісілердің малдарының белгілі бір үлесін беруін” айтады. Зекет хижри екінші жылы Мәдинада парыз болған. Қатысты болған аяттар мыналар: “(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің.Зекет- мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндеттісадақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.Күллі мадақ пен мақтауларға лайық әлемнің жаратушысы Алла Тағала мұсылмандарға адамзаттың ең таңдаулы құрмет пен тағзымға лайық тұлғасы, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы парыздарын бекітті. Исламның осынау інжу-маржан асыл негіздерінің бірі зекет. Асыл дініміз Исламда «Зекет» көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.Ал зекеттің шариғаттағы мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі. Зекет тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Мысалы, қой саны үшін белгіленген “нисап”: 40-тан 121-ге дейін 1 қой, 121-ден 399-ға дейін 2 қой, 400-ден бастап жүзден бірі Зекет түрінде садақаға берілуі керек. Сиырдың саны 30-ға жетсе, “нисапқа” толған болып, 30-дан 39-ға дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ға дейін 1 құнан өгіз не құнажын сиыр, 60-тан 69-ға дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 құнан өгіз, не 3 құнажын сиыр, бұдан жоғары сандарға жеткенде әр 30-дан бір тайынша, не әр 40-тан 1 құнан өгіз, не құнажын сиыр Зекетке беріледі. Түйенің саны 5-ке жетсе “нисапқа” толады. 5-тен 9-ға дейін 1 қой, 10-нан 14-ке дейін 2 қой, т.б. Зекет әль-Фитр-Зәкәт әл-фитр мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндетті болып табылады. Алайда ғалымдардың арасында мұсылман өзінің асырауындағы адамдар үшін де фитрды беруге міндетті ме, әлде әрқайсысы өзі үшін өзі беруі керек пе деген мәселеде келіспеушіліктер болған. Еш күдіксіз, зәкәт әл-фитр оразада жасалған қателерден тазартады, алайда күнәлардың бар болуы оны беруудің шарты болып табылмайды. Егер адам, Фитрды басқа біреудің атынан бергісі келсе, онда ол сол кісіге хабарлап қою керек, әрі бұны тек соның рұқсатымен істеу керек. Өйткені, зәкәт бұл, ниеті болуды қажет ететін құлшылық болып табылады.Зекет әл фитрді тамақ ретінде берілуі тиіс. Ол мейізбен немесе құрмамен берілуі керек.Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті». Ушр-бақша өнімдері мен егістік өнімдерімен берілетін садақа түрі болып табылады.Ол міндетті салық қатарына жатады.
16. Зимми институты. Зиммиге салық салу тәртібі.
17. Қазақ әдет құқығы бойынша неке және отбасы қатынастарына шариаттың ықпалы
18. Қазақ әдет құқығы бойынша қылмыс пен жаза мәселелеріне шариаттың тигізген әсері
19. Иджма, Қийас, Фетва - мұсылман құқығының қосымша қайнар көздері ретінде. Иджма мұсылман құқығының қайнар көзінің бірі болып саналады. Аударғанда «келісім», «консенсус» дегенді білдіреді. Иджма шариғаттың қағидалары арқылы әрекет етеді. Қияс мұсылман құқығының аналогия бойынша талқылау бағытталған қайнар көзінің бірі болып табылады. Егер Құран немесе Сүнне пайда болған және қойылған сұраққа жауап бере алмаса, онда осы сұрақты аналогия бойынша шешу үшін Қияс қолданылады. Қияс алғашқы ислам дәуіріндегі пайда болған салт-дәстүршілер (ахль аль-хадис) арасындағы дау-дамайларды шешу кезінде пайда болған. Қияс ислам заңи қызметінде ерекше орын алады.Фетва-белгілі бір муфтиидің айтқан бір сұраққа жауап,сонымен ислам қағидалары мен мұсылмандық заңдарына сүйене отырып жсалынуы.Фетваны мұсылман халқындағы атақты,әйгілі,данышпан кісілер-муджахиттер айтатын болған.Фетва деген муджахиттардың иелігінде болады,тек солар ғана шариаттың заңдарына сүйене отырып қана айта алады.Фетваның құрамында мәселенің негізі,шешу тәсәлі,қорытынды болады.Фетва мұсылман құқығының қосымша қайнар көзі болып табылады.
20. Ант беру, міндеттеме қабылдау мен уәде етудің тәртібі мен нысандары.
21. Сауда мен қаржы саласындағы Шариаттағы тыйымдар. Құраннан алынған ерекше жолдар «ақшаны өсімге беруге қатаң тыйым салады»-деп айтады Британиядағы исламдық банктің коммерциялық директоры Сұлтан Чудхари. «Исламда өсімді өндіріп алу үлкен күнә. Құраннан алынған бір аятта оған тыйым салынады, ал басқасында осымен шұғылданған адамға Алла соғыс жариялайды» - дейді. (Құран, 2:276).
Чудхаридің пікірі бойынша, өсім өндіріп алуға тыйым салу деген мынаны білдіреді: сіз ақшадан ақша жасай алмасаңыз, бірақ жалған жолмен нақты сауда келісімін жасай аласыз.
Іс жүзінде осылай болып көрінеді. «Дүкеннің иесіне Шариат күріш сатып алуға мүмкіндік берсе, оны тұтынушыға пайдасына сатса, бұл адамның ымыра жасауы. Бірақ, ислам заңы Адамның Марияға 100 фунт беріп, одан артық фунтты, 101 фунтты қайтарып алуына тыйым салады»-деп түсіндіреді Чудхари.
Сонымен бірге, «Ислам сен не сатасың және сенің қалай сатқаныңа этикалық шектеулер жасайды. Келісім жасаудың нақты тәртібі бар. Сауда заңы шықпай тұрған кездің біраз алдында, Ислам былай дейді: келісім кезінде өтірік болмау керек, екі жақ үшін де келісім мөлдірдей таза болуы керек»-дегенді қосты. Дүние жүзі рыногындағы бүгінгі тынышсыз жағдайды түсіндіре отырып, Чудхари былай дейді: «Қазіргі банктердің жұмысына қарасақ, олар Флоридадан үй алатын немесе жер алатын құнды қағаздарды сатып алады, бірақ осы қағаздардың артында шынымен нақты нысана тұрғанына сенбейді. Сондықтан Исламда үлкен алып-сатарлық қорларға тыйым салынған, ал олар құнды қағаздарды жасырмай сатып алумен шұғылданады. Шариатта сен нақты өз иелігіңдегіні ғана сатып аласың».
Чудхаридің пікірі бойынша, қаржылық дағдарыстың себебі мынада: «адамдар өздеріне тиеселі емес заттарды сатады». «Қазіргі біз бақылып отырған жағдай, исламдық банк жүйесінде ешқашан болмас еді»-деп ол қосымша айтты.
22. Отбасылық және некелік мәселелер бойынша Шариаттың тыйымдары.
23. Шариат бойынша мұсылмандардың салық төлеу міндеті.
24. Идда және оның мазмұны. Идда, Иддәт мұсылмандық құқықта неке шарты жойылған немесе бұзылған әйелдің келесі некеге дейін күтетін мерзімі.Әйелдің екінші рет тұрмысқа шығуы үшін идда мерзімі толықтай күтілуі шарт. Неке шарты жасалған соң жыныстық қатынаста болмай ажырасқан әйелдің идда мерзімін күтуі міндетті емес. (Құран Кәрім, Ахзап сүресі, 49-аят). Ажырасқан әйелдің иддасы, Құран Кәрім бойынша (Бақара сүресі, 228-аят), үш хайыз (етеккір) мерзімі болып белгіленген. Күйеуі өлген әйелдің иддасы егер ол әйел екіқабат болса, бала туған соң бітеді. Ал ол әйел екіқабат болмаса, оның иддасы төрт ай он күн болып табылады. Бұл мерзім біріншіден, ықтималды екіқабаттықты анықтаса, екіншіден, азалы әйелдің есін жиып, қайғысын тарқатуына және өлген адамның мұрагерлерінің анықталуына мүмкіндік береді. Балиғатқа жетпеген қыздар мен 55 жастан асқан әйелдердің идда мерзімі үш ай болып бекітілген (Талақ сүресі, 4-аят). Мұсылман еркектің некесінде болған өзге діндегі әйелдің идда мерзімі мұсылман әйелдермен бірдей саналады
25. Шариат және бейбітшілік пен соғыс мәселелері.
27. Талақ(«тастау», «ажырасу»; тәж, талок, түрік, босама) - некеден айырудың ең көп тараған түрі. Егер ері ешқандай себебі түсіндірмей-ақ ажырасудың айрықша түрін (Талақ) айтса, зайыбы барлық некелік міндеттен босатылады. Бұл жағдайда ерінен алған барлық мүлік зайыбына қалады, ерлі-шартты уақыт біткенге дейін ері әйелді асырауға міндетті, тек осыдан кейін ғана әйел тағы да ерте шығуға ерікті. Егер осы мерзім ішінде ерлі-зайыптылар қатынас жасап қойса, неке айыру заңсыз деп табылады. Ал идданың мерзімі бітіп, неке қайта жалғасқан жағдайда, некеғе отырудың бұрынғы тәртіптері сақталады. Егер айрылысудың шарты үш рет қайталама, бұрынғы ерлі-зайыптылар қайта қосылуы үшін әйел басқа біреуге ерге шығып, одан айрылысуы немесе жесір қалуы шарт. Ал ажырасу шарты он рет қайталама, онда олардың қайта некелесуіне болмайды.Ұл балалар ананың күтімін қажет ететін шаққа дейін (7 - 8), қыздар тұрмыс құрғанша (ІЗ - 15 жас) анасының тәрбиесінде болады. Осы мерзім ішінде әкесі балаларын асырауға міндетті.Исламда Талақтан басқа да ажырасу түрлері бар: Талақ араб тілінен енген сөз. «Әйелінен ажырасу, некелерін бұзу» деген мағынаға саяды. Ислам дінінде талақ ету тізгінін ер кісіге берген. Мұның екі негізгі себебі бар. Біріншіден егер талақ ету мүмкіндігі әйелге берілетін болса, онда ажырасулар көбейіп кетер еді. Өйткені әйел өте сезімтал халық. Ол кейде ашуланған, яки мазасыз немесе сол секілді әр түрлі жағдайларда сезімге беріліп күйеуін талақ етуі мүмкін. Оның үстіне талақ үш мәрте беріледі. Егер әйелге берілсе ол осы үш мүмкіндігін бір сәтте орындап жіберуі ықтимал. Тіпті күйеуі нашар, өзі аса сезімтал болса күнде талақ етуі мүмкін. Екіншіден, отбасының дүниелік жүгі ердің мойнына артылғандықтан, ол талақ мәселесінде аяғын аңдап басуға мәжбүр. Һәм Ислам дінінде ері әйеліне неке кезінде не болмаса одан кейін де талақ ету мүмкіндігін беруіне де болады. Исламнан бұрын арабтар әйелдерін қалаған кезде талақ етіп, қалаған шақта қайта алатын. Отау құруды, шаңырақ көтеруді ойыншыққа айналдырған осы әрекеттеріне Хақ дін тыйым салып, үш талақпен шектеген. 1. Ғасб үшін Шариаттағы жазалау шаралары.
2. Шариаттың қарыз өтеу ережелері. Сатушы мына кездерде өз куәлерін келтіреді: сатылған заттың бағасының мөлшері жайлы таласта; сатылған заттың бүлінген не толық берілмегені жайлы; сатылған заттың сатып алушыға бергенге дейінгі аралықта бүлінгені жайлы; сатып алушысыз сатып алынған зат өлшенгенде. Сатып алушы мына кездерде өз куәлерін келтіреді: заттың саны түгел болмағанда; сатылған заттың төлеу мерзімі жайлы талас туындағанда. Қарыз міндеттемесінің қағидалары: Шариғат заңы бойынша карыз міндеттемесі екі түрлі: 1) дайн; 2) сәлем уә салаф болады. Дайн қарызға ақша не мал-мүлік беріледі де, айтылған мерзімінде дәл сол түрде кайтарылады. Сәлем уә салаф карызға ақша не мал-мүлік беріледі де, айтылған мерзім ішінде үстемемен, артық етіп кайтарылады. Міндеттері: екі жақтың өзара келісімі; кайтарылатын не төлейтін мерзімін көрсету; саны мен сапасын аныктау; қарыз алушының сол затты, ақшаны кабылдап алуы; көрсетілген мерзім ішінде карыз беруші қайтарып алу құлдығына ие болмауы; құл мен күң қожасының рұқсатынсыз қарыз алу не беру келісімін жасай алмауы.
Дайынға қатысты ережелер: аса қажет болмаса, карыз алуға рұқсат етілмейді; қарыз үшін үстеме қосуға тыйым салынады; қарыз өтемі беретін кездегі бағамен өлшенеді. Сәлам уә салафқа қатысты ережелер: көрсетілген мерзім өткенше карыз беруші алушыдан берген мал-мүлкін, ақшасын иесіздендіре алмайды. Қарыз куәлердің көзінше тапсырылуы тиіс; қарыз беру мен алу міндетгемелері куәлердің көзінше жазбаша да, куәлер алдында ауызша да жасалады;
Қарыз беру мен алу міндеттемесі өз мерзімінде төленгенде жойылады.
3. Шариаттағы сот өндірісінің ұйымдастырылуы мен жүйесі.
4.«Кисас» және «тазир» категориялы қылмыстар . «Тазир» 11 әр түрлі жазаларды бере алады. Оның ішінде мынадай санкциялар бар: өтірікші куәгерлердің басын қыру, қаланың көшесінде адамның жасаған қылмыстарын айту және жарты денесін ашық ұстап жүргізу, үш күн керіп тастап тамақ бермеу сияқтылары бар. Бас бостандығынан айыру, материалды санкциялар немесе тән жазалары (ұру,соғу) мұсылман құқығында жалпы қылмыстық жазалар ретінде қолдану өзгешеліктері бар. Тазирдің» осындай түрі әр түрлі түсіндіріледі, сондықтан оны қолдануды реттейтін әр түрлі нормалар бар. Мәселен, ханбалит мектептері денені жазалауды жүзеге асыру кезінде 3-тен 10-ға дейін таяқпен ұруды жүргізуге болады деп есептейді. денені жазалаудың максималды шегі бостандықтағы мұсылман үшін 39 соққы және құлдар үшін 19 соққы деп құрастырған. Шафииттік мектеп барлық мұсылмандар үшін 19 соққыны құрастырған. «Тазир» өте қатерлі қылмыс үшін дене жазалаудың мөлшерін 100 соққыдан асырмауы керек деп есептейді. Ұрлық жасаған тұлғаларға дене жазалаудың мөлшері 99 соққы делінген. «Тазирдің» ерекшелігі нақты құқық бұзушылықты жасағаны үшін белгілі қатал санкциялар жүйелері болып табылмайды және сот органы өзінің қалауы бойынша қылмыскердің тұлғасы мен қылмыстың сипатына байланысты жазалаудың мөлшерімен нақты түрін таңдай алады. Егер қылмыскер өз кінәсін мойындаса «Тазир» жазалауы тоқтатылады.
Екінші топтағы қылмыстық жазаға белгіленген терминдар «кисас». . Нақты жаза әлі де белгіленбеген, бірақ бұл жаза оларға жұмсақ болуы мүмкін, яғни осы топтар Аллаға қарсы қылмысты болғандықтан. Нақты осы топтағы көрсетілген жазалар, қылмыстың құрамына кіретін мұсылмандық қызығушылық жеке біреудің өміріне қастандық жасау.Ислам ішімдік қолдануға үзілді-кесілді қарсы, былайша айтқанда Аллаға деген сенімін және шындығын анық айтпау. Бірақ құранда жазаға қарсы нақты жоба жоқ, бұл қылмыс жасаған топта қарастырылады, бірақ нақты жаза сүннада көрсетілген. Аңызда, пайғамбар ішімдікке қарсы шығып дене жазасын және өлім жазасын көрсетті, егер бұл мұсылмандық қылмыс төрт түрлі жазада аяқталса. Маскүнемдерді пальманың бұтағымен соғып жазалады. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады.Егер ішімдік абайсыздан ішілсе және соңында күштеу көрсетпесе, онда ішімдік ішуші жауапкершіліктен босатылады.
5. «Хадд» категориялы қылмыстар. Соңғы жағдайларда кісі өлтіру, жарақаттау әдейі жасалмаса құн төлеуге үкім шығарылады. Кісі өлтіру біреудің бұйыруымен немесе мәжбүр етуімен жасалған жағдайда, өлтіруші адам бұйрық берушіге тәуелді болса, онда бұйрық берген адам қылмыскер болып есептеледі. Қылмыс арандату кесірінен жасалса, жауапкершілікті кісі өлтіруші мен арандатушы бөліп көтереді. Зардап шеккен адам оның заңды мұрагерлеріқылмыскерге кешірім берген жағдайда есе қайтару жазасы қолданылмауы мүмкін. Алдын алу жазасы мына жағдайда белгіленуі мүмкін: діннен безгені және бүлік шығарғаны үшін, егер сот қылмыскерді өлім жазасына кесу қажет деп таппаса: рәсімдік парыздарды көпшілік көзінше әдейі бұзғаны және оны масқаралағаны үшін; тәртіп бұзуға арандатқаны үшін: әйелдерді қорлағаны үшін, осы әрекеті әшкере болған адамдар некеде жоқ болса, азғындық, маскүнемдік,біреуді араққа мас қылғаны, құмар ойындарына тартқаны үшін;көзбояушылық пен осы тәріздес тәртіп бұзғаны үшін. Хадд жазасын қолданғанда 40-тан 100-ге дейін дүре соғылады. Соттың шешімімен хадд жазасы қосымша дүре соғу, айып салу, бас бостандығынан айыру, т. б. жергілікті тәртіп бойынша қарастырылған жаза түрлерімен қатайтылуы да мүмкін. Өнегелік жаза үкімет орындарына бағынбағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, біреудің мүлкін ұрлағаны, сауда тәртібін бұзғаны, т. б. салыстырмалы түрде жеңілжелпі тәртіп бұзушылар үшін тағайындалады.
6. Мұсылман құқығындағы жазаның мақсаты, түрлері және ерекшеліктері. Мұсылман құқығында жазаның негізгі мақсаты адамның сол қылмысты қайталап жасауына жол бермеу болып табылады. Егер ол адам ол қылмысты қайталап жасайтын болса,онда оған өте ауыр жазалар қолданатын болған.Шариатта жазаның түрлері болды; а) рудан қуып жіберу;ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;г) өлім жазасы жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.Мұсылман құқығы жаза тұрғысынан да өзге құқық жүйелерінен ерекшеленеді. Мысалы, Құранда тыйым салынған әр түрлі іс-әрекетер құқық мәселесінен бұрын дін мәселесі болып табылады. Яғни, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеген адам Аллаһтың тыйым салған нәрсесін жасағандықтан күнә іс істеген болады. Мұның азабын ақырет күнінде тартады. Бұл - істелген әрекеттің рухани-ақыреттік жаза жағы. Сондай-ақ, бұл адам Аллаһқа берген сөзінде тұрмай, Аллаһтың тыйым салған ісін істегендіктен оның арожданы да мазасызданады. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) дәуірінде Майыс деген кісі зинақорлық жасаған. Ешкім көрмесе де арожданының мазасыздануы салдарынан Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) келіп, қылмысын айтып, өзіне тиісті жазаның қолданылуын өтінген.Құранда жаман іс деп есептелген және тыйым салынған әрбір әрекет үшін осы дүниелік жаза көрсетілмеген. Дегенмен, кісі өлтіру, зинақорлық жасау, өтірік айту, ұрлық істеу және қарақшылық жасау сияқты әрекеттерге арнайы осы дүниелік жазалар берілген.Мұсылман құқығының «екілік жаза» ерекшелігі осы мәселеде қарастырылады. Рухани-ақыреттік жазалар, әсіресе діндар адамдардың жаман әрекеттерден тыйылуында маңызды рөл ойнайды. Ал материалдық-дүниелік жаза барлық адамдар үшін тыйдырушы сипатта болады. Рухани жаза «діндарлық» сияқты субъективті жағдайға, ал материалды жаза объективті қағидаларға сүйенеді. Кейбір мүшкіл жағдайларда хакимдер «діни заңдарға байланысты үкім» мен «құқыққа байланысты үкім» арасын ажыратып көрсеткен.Мұсылман құқығының көптеген ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпірінде еркін қолданылу және жетістікке жету себептерінің бірі оның осы екілік жазаға ие болу ерекшелігінен туындайды.
7. Мұсылман құқығы бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Ниса» сүресінің 3-аятында: «Өздеріңе ұнаған әйелдерден екеу, үшеу және төртеуден некелеңдер. Ал, егер араларында әділдік жасай алмаймыз деп қорқатын болсаңдар, онда біреуін немесе қол астыңдағыға (некелеңіз)» - дей келе үйленудің халал екендігін түсіндірсе, Имам Маликтің Әнәстан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құл үйленген кезде діннің жартысын кәміл орындаған болады. Ал, енді қалған жартысы бойынша (немқұрайлы болудан) Аллаһтан қорықсын», - деп үйленудің діннен екендігін айтып кеткен. 1)Екі тараптардың да ақыл-есінің дұрыс болуы.2)Мұсылман әйелмен үйленетін еркектің мұсылман болуы.3)Ижап пен қабулдың бір отырыста жасалуы.4)Тараптардың бір-бірінің сөзін естіп түсінулері.5)Ижап пен қабулдың бір-біріне кереғар болмауы. Мысалы, Жігіт: Қызыңыз Әйгерімді алдым - дегенінде, Қыздың әкесі: Мақұл, саған қызым Сәулені бердім - десе, ұсыныс пен қабыл алуда қайшылық көрініс тапқандықтан неке дұрыс құрылмаған болады. Жоғарыдағы шарттардың орындалуымен ғана неке құрылған болады, егер орындалмаса, жалған неке болып қалады. Бұлар некенің рүкіні төңірегіндегі шарттар. 1)Келісімді жүргізушілер (қыз бен жігіт немесе олардың қамқоршылары) ақыл-естері дұрыс, кәмілет жасқа толған және бас бостандықта болулары қажет.2)Келісімді жүргізушінің бөтен адам болмауы.3)Екі жас екеуі де немесе екеуінің бірі балиғат жасына жетпесе, келісімді қамқоршының жүргізуі.Бұлар бар болса, неке өтімді (нәфиз), ал жоқ болса белгілі бір адамның рұқсаты болмайынша өтімсіз (мауқуф) болып қала береді. Жігіттің қызға беретін мәһірі «мәһр мисльден» (төменде түсіндіреміз) кем болмауы керек.Ер адамның еркектік мүшесінің сау болуы.
8. Ислам құқығы бойынша қылмыстың ұғымы және түрлері Тарихымыздың қай кезеңі болса да, дін әрқашан адамдардың өзін-өзі қорғау жаман қылықтардан арылып, жақсылыққа шақыру құралы болған. Әрбір жанұяға, жеке адамға, қоғамға бір сөзбен айтқанда барлық халыққа жақсы жол көрсететін амалдар қарастырылған. Өте ауыр сынақтардан өтуге, жарық күнге ұмтылып өмір сүруге шақырған, сендірген және өз кезегінде адамдарға күш-қуат сыйлайтын, жігерін арттыратын, бір-біріне мейірбандылығын асыратын игі идея іске асырылған. Сондықтан да болар қылмыс пен жаза мәселесі мұсылман құқығы және қазақ әдет-ғұрып құқығы негізінде еш үйретілмеген деу әділеттік емес. Жоғарыда айтылып өткенге қатысты дипломдық жұмыста мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары, олардың қазақ әдет-ғұрып құқығындағы негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың дамуына әсері, мұсылман және әдет-ғұрып құқықтарындағы қылмыс пен жаза ұғымдарының ара қатынасы зерттеледі. Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа негізделген. Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс болып саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.
Қылмыс әлеуметтік құбылыс болып саналады. Заңгер ғалымдар қылмыстың ұғымына қатысты әртүрлі пікірлер айтады. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі өзіндік ерекшеліктерге де ие. Орта ғасырлардағы мұсылман құқықтанушылары мен қазіргі заман зерттеушілері құқық бұзушылықтың бірнеше қағидаларын қарастырған. Олардың көзқарастарын талдау мұсылман қылмыстық құқығын тағы да терең зерттеуге әсер етті. Шариғатта «қылмыс» сөзі адамның жанына немесе ағзаларына зиян келтіру мағынасын білдіреді. Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді.Қазақтың әдет-ғұрпында «қылмыстың» табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.Қылмыстың түрлері: ойнас (зина) бұл мұсылман моралында қол салу қылмысы болып саналады. Қылмыс бұл некеге тұрмағандарды «надд» сыртқы бойынша жазасын береді. Мұндай қылмыстың жазасын отбасы мен моралды құрады, ойнас қылмыстың куәгерлік өтініші төрт куәгерден болуы керек. Исламды сатып кету - бұл діннен алыстау қылмысы болып есептеледі, яғни өлім жазасына кесу қаралады. Бұл логикалық факты, шариаттың дұрыстығын көрсетудің негізі болады.Қарақшылық ең ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстың басты жауапкершілік түрі: мұсылмандық еркек, кәмелетке толғандар, ақыл - есі толылар. Сол сәттегі жағдайда мүлікті тартып алу фактісі, яғни мұсылмандық меншікті және заңды білуі қажет. «Тазир» Оның ішінде мынадай санкциялар бар: өтірікші куәгерлердің басын қыру, қаланың көшесінде адамның жасаған қылмыстарын айту және жарты денесін ашық ұстап жүргізу, үш күн керіп тастап тамақ бермеу сияқтылары бар. Сонымен қатар екінші топтағы қылмыстарға: «кисас», «кавар» және «дия» жатады.
9. «Диа» - категориялы қылмыстар. Дия категориясындағы қылмыстар екінші топтағы қылмыстар жатады. Онда өлім жазасы қолданылмайды. Тек қана ұрып соғу. Нақты жаза әлі де белгіленбеген, бірақ бұл жаза оларға жұмсақ болуы мүмкін, яғни осы топтар Аллаға қарсы қылмысты болғандықтан. Нақты осы топтағы көрсетілген жазалар, қылмыстың құрамына кіретін мұсылмандық қызығушылық жеке біреудің өміріне қастандық жасау.
Ислам ішімдік қолдануға үзілді-кесілді қарсы, былайша айтқанда Аллаға деген сенімін және шындығын анық айтпау. Бірақ құранда жазаға қарсы нақты жоба жоқ, бұл қылмыс жасаған топта қарастырылады, бірақ нақты жаза сүннада көрсетілген. Аңызда, пайғамбар ішімдікке қарсы шығып дене жазасын және өлім жазасын көрсетті, егер бұл мұсылмандық қылмыс төрт түрлі жазада аяқталса.
10. Некенің тоқталуына әкеп соқтыратын Шариаттың ұйғарымдары.Некенің тоқтатылуына әкеп соқтыратын негізгі факторларға жататындар ол егер отбасында әйелі немесе ерінің біреуі қайтыс болған жағдайда неке тоқтатылады. Сонымен қатар ері әйеліне талақ деп айтқан кезде,ол яғни тастау деген мағынаны білдіреді. Егер ері әейліне талақ деп бір рет айтса онда олар ажырасып біраз уақыттан сон қосыла алады. Ал егер үш рет талақ деп айтатын болса олар қосыла алмайтын болған. Ал егер әйелі еріне талақ деп бір рет қана айтса да олар қосылмайтын болған. Кобінесе әйелдері олай айтпаған,тек қана ерлері өздеріне жүктелген міндеттерін орындамаған жағдайларда ғана болатын болған. Балиғат жасына толмаған қыз бен жігіттің неке келісімін жүргізушілер әкесі немесе атасы болуға тиіс. Егер олардан басқа қамқоршылар үйлендірген болса, онда бұл неке байламды болмайды, қыз да, жігіт те үлкейгенде бұл некені бұза алады. Бұл шарттар орындалса қиылған неке байламды (ләзим) болып, екі тараптың еш қайсысы бұл «адал некеден» кір іздеп оны бұза алмайды. Ал, енді орындалмай қалған жағдайда неке байламсыз болып (ғайру ләзим), тараптардың әрқайсысы қалаған уақыттарында бұл некені бұзуға құқылы болады.
11. Шариаттағы тыйымдар.
12. Күнәлі істер үшін Шариаттағы жазалау шаралары. Ішімдік ішсе ол күнә болып есептеледі. Маскүнемдерді пальманың бұтағымен соғып жазалады. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады. Егер ішімдік абайсыздан ішілсе және соңында күштеу көрсетпесе, онда ішімдік ішуші жауапкершіліктен босатылады.Шариатта ең ауыр кінәлар: Зина жасау-Некесіз жыныстық қатынастың барлық түрі зина болып есептеледі. Ол Ислам дінінде үлкен күнә. Яғни Ислам діні мұндай іс-әрекетке қатаң түрде тыйым салады. Аллаһ Тағала мұсылмандарға ең үлкен күнәларды уахи еткенде (хабардар еткенде) зинаны да үлкен күнә қатарына жатқызып былай дейді:«Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол». Зина жасаған қауымға Аллаһтың мейірімі түспейді және ондай қауымның басына әртүрлі бәлекеттерді жібереді.Арақ ішу-Ислам діні елге тарай бастағаннан-ақ, арақ- -шарапқа бірте-бірте тыйым салынып, ең бі-рінші, ішімдіктің пайдасынан зиянының көпті-гі халыққа түсіндірілді. Шарап ішетіндердің на- маз оқуына тыйым салынды. Осыған орай Ал- лаһ Тағаладан мынандай аят түсті: «Ей, иман келтірген-дер! Арақ ішу, құмар ой- нау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып, бәсекелесу шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады.Көзге шөп салу ауыр күнә болып есептеледі. Оның жазасы өлім жазасы. Оның соңы отбасы құруы мен сенімсіздіктің пайда болуына әкеп соғады. Исламда өзіне-өзі қол жұмсау үлкен күнә. Ондай күнәні жасаған адам тікелей тозаққа түседі. Оның жаназасы шығарылмайды. Ал терроршылар өздерімен қоса жазығы жоқ адамдарды да өлтіреді. Оның ішінде кішкентай балалар да болуы мүмкін. Сондықтан бұл адамдар өте үлкен күнәға батады.
13. Ұрлық үшін Шариаттағы жазалаудың шаралары. Ұрлық қылмыс түріне жатады, яғни нақты жазаның белгісі. Құранда айтқандай ұрлықшылардың ұрлық жасағаны үшін қолын кеседі. Мұндай қатыгездікті түсіндіріп айту, бұл исламда жалғыз басты меншікті құндылық болып саналады, яғни құқықты сақтау тиіс. Ұрлықтың объективті және субъективті жағына қылмыстың нақты жасалынғаны жеткілікті. Кәмелетке толғандар мен сау кезінде болған адам қылмысты өз жауапкершілігіне алады.Осындай барлық жиынтық қылмыскердің оң жақ қолын кесу, ұрлық екінші рет қайталанса сол аяғын, үшінші ұрлық жасалса, сол қолын кесу және де төртінші рет ұрлық жасалса, оң аяғын кесу жағдайы қаралған. Егер де үшінші рет ұрлық жасалса, ұрлықшы ұрлығын тоқтатпаса, ол түзелмесе, соттың ұрыны өлім жазасына кесуге құқылы. Егер де ұрлық жасаушылар көп адам болса, олардың барлығында біркелкі жазалайды. Ұрлықшыны тірідей құмға көму жазасыда қолданылады. Мәскеудің ұрылары Біріккен Араб Эмиратында алым-салық түрінде өздерінің «нәрсеге барған» отандық жерлестерінен жүздеген мың доллар жинауларына тырысты. Осы қылмыскерді шөлді далаға апарып, құмға тірідей көмген. Енді өз өмірлерін шөл даладағы құмдарда өлуге қиятын әуесқойлар жоқ. Мұсылмандық құқыққа келісім доктринасы ұрлық куәгердің дәлелі мен қылмыскердің өзінің қателерін мойындайды. Егер де жәбірленуші қылмыскерді кешірсе, онда қылмыскер жауапкершіліктен босатылады. Бірақта жәбірленуші қылмыскерді кешірсе де, оның қолын заң бойынша кеседі. Аштық жылдарында да сот шешімі қылмыскердің қолын кеседі. Халиф Омар аштық жылдары мұндай шешім қолданылмасын, мұсылманның ортақ түріне өзінің қызығушылығын танытты.Егер ұрлық жасаушы дүние-мүліктен айырылып, бірақ өлім жасалмаса, қылмыскерді кескілеп жазалайды. Егер дүние-мүлікті алмай және өлім жасамай жай ғана қорқыту болса, онда қылмыскер жер аударылады немесе бас бостандығынан айырылады.
14. Шариат бойынша мұсылмандардың садақа беру міндеті мен садақа берудің ережелері. Хумс-арабша аударғанда бесінші бөлігі деген мағынаны білдіреді.Ол мұсылман шеииттердің міндетті салығы болып табылады.Ол жылдық табысының бестен бір бөлігін құрайды.Дүниелік ғибадаттардың екіншісіне зекет жатады. Зекеттің сөздіктегі мағынасы “арту, көбею, тазалау және берекет” дегенді білдіреді. “Шындықты айту, сөзінде тұру” мағынасына келетін сыдық түбірінен шыққан садақа сөзі де Құран мен сүннетте зекет мағынасында қолданылған. Алайда садақа сөзі кейінгі уақыттарда өз еркімен дүниелік өтеулер үшін қолданыла бастады. Ислам құқығында зекет “Белгілі орындарға жұмсалу үшін діни тұрғыдан бай деп саналатын кісілердің малдарының белгілі бір үлесін беруін” айтады. Зекет- мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндеттісадақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.Күллі мадақ пен мақтауларға лайық әлемнің жаратушысы Алла Тағала мұсылмандарға адамзаттың ең таңдаулы құрмет пен тағзымға лайық тұлғасы, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы парыздарын бекітті. Исламның осынау інжу-маржан асыл негіздерінің бірі зекет. Асыл дініміз Исламда «Зекет» көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.Ал зекеттің шариғаттағы мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі. Зекет тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Мысалы, қой саны үшін белгіленген “нисап”: 40-тан 121-ге дейін 1 қой, 121-ден 399-ға дейін 2 қой, 400-ден бастап жүзден бірі Зекет түрінде садақаға берілуі керек. Сиырдың саны 30-ға жетсе, “нисапқа” толған болып, 30-дан 39-ға дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ға дейін 1 құнан өгіз не құнажын сиыр, 60-тан 69-ға дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 құнан өгіз, не 3 құнажын сиыр, бұдан жоғары сандарға жеткенде әр 30-дан бір тайынша, не әр 40-тан 1 құнан өгіз, не құнажын сиыр Зекетке беріледі. Түйенің саны 5-ке жетсе “нисапқа” толады. 5-тен 9-ға дейін 1 қой, 10-нан 14-ке дейін 2 қой, т.б. Зекет әль-Фитр-Зәкәт әл-фитр мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндетті болып табылады. Алайда ғалымдардың арасында мұсылман өзінің асырауындағы адамдар үшін де фитрды беруге міндетті ме, әлде әрқайсысы өзі үшін өзі беруі керек пе деген мәселеде келіспеушіліктер болған. Еш күдіксіз, зәкәт әл-фитр оразада жасалған қателерден тазартады, алайда күнәлардың бар болуы оны беруудің шарты болып табылмайды. Егер адам, Фитрды басқа біреудің атынан бергісі келсе, онда ол сол кісіге хабарлап қою керек, әрі бұны тек соның рұқсатымен істеу керек. Өйткені, зәкәт бұл, ниеті болуды қажет ететін құлшылық болып табылады.Зекет әл фитрді тамақ ретінде берілуі тиіс. Ол мейізбен немесе құрмамен берілуі керек.Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті».Ушр-бақша өнімдері мен егістік өнімдерімен берілетін садақа түрі болып табылады.Ол міндетті салық қатарына жатады.
15. Салық пен садақаның түрлері (хумс, зекет, зекет аль-фитр, ушр және т.б.).Хумс-арабша аударғанда бесінші бөлігі деген мағынаны білдіреді.Ол мұсылман шеииттердің міндетті салығы болып табылады.Ол жылдық табысының бестен бір бөлігін құрайды.Дүниелік ғибадаттардың екіншісіне зекет жатады. Зекеттің сөздіктегі мағынасы “арту, көбею, тазалау және берекет” дегенді білдіреді. “Шындықты айту, сөзінде тұру” мағынасына келетін сыдық түбірінен шыққан садақа сөзі де Құран мен сүннетте зекет мағынасында қолданылған. Алайда садақа сөзі кейінгі уақыттарда өз еркімен дүниелік өтеулер үшін қолданыла бастады. Ислам құқығында зекет “Белгілі орындарға жұмсалу үшін діни тұрғыдан бай деп саналатын кісілердің малдарының белгілі бір үлесін беруін” айтады. Зекет хижри екінші жылы Мәдинада парыз болған. Қатысты болған аяттар мыналар: “(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің.Зекет- мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндеттісадақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.Күллі мадақ пен мақтауларға лайық әлемнің жаратушысы Алла Тағала мұсылмандарға адамзаттың ең таңдаулы құрмет пен тағзымға лайық тұлғасы, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы парыздарын бекітті. Исламның осынау інжу-маржан асыл негіздерінің бірі зекет. Асыл дініміз Исламда «Зекет» көбею, өсу, берекет, тазару, ағыл-тегіл, ас та төк нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды қамтиды.Ал зекеттің шариғаттағы мағынасы: қоғамдағы мұқтаж адамдарға қаржыны (мүлікті) риясыз көмек ретінде, нисабқа (белгілі мөлшерге) жететін байлыққа ие болған адам, байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін беруі. Зекет тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Мысалы, қой саны үшін белгіленген “нисап”: 40-тан 121-ге дейін 1 қой, 121-ден 399-ға дейін 2 қой, 400-ден бастап жүзден бірі Зекет түрінде садақаға берілуі керек. Сиырдың саны 30-ға жетсе, “нисапқа” толған болып, 30-дан 39-ға дейін 1 тайынша, 40-тан 59-ға дейін 1 құнан өгіз не құнажын сиыр, 60-тан 69-ға дейін 2 тайынша, 100-ден 202-ге дейін 4 тайынша, не 3 құнан өгіз, не 3 құнажын сиыр, бұдан жоғары сандарға жеткенде әр 30-дан бір тайынша, не әр 40-тан 1 құнан өгіз, не құнажын сиыр Зекетке беріледі. Түйенің саны 5-ке жетсе “нисапқа” толады. 5-тен 9-ға дейін 1 қой, 10-нан 14-ке дейін 2 қой, т.б. Зекет әль-Фитр-Зәкәт әл-фитр мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндетті болып табылады. Алайда ғалымдардың арасында мұсылман өзінің асырауындағы адамдар үшін де фитрды беруге міндетті ме, әлде әрқайсысы өзі үшін өзі беруі керек пе деген мәселеде келіспеушіліктер болған. Еш күдіксіз, зәкәт әл-фитр оразада жасалған қателерден тазартады, алайда күнәлардың бар болуы оны беруудің шарты болып табылмайды. Егер адам, Фитрды басқа біреудің атынан бергісі келсе, онда ол сол кісіге хабарлап қою керек, әрі бұны тек соның рұқсатымен істеу керек. Өйткені, зәкәт бұл, ниеті болуды қажет ететін құлшылық болып табылады.Зекет әл фитрді тамақ ретінде берілуі тиіс. Ол мейізбен немесе құрмамен берілуі керек.Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті». Ушр-бақша өнімдері мен егістік өнімдерімен берілетін садақа түрі болып табылады.Ол міндетті салық қатарына жатады.
16. Зимми институты. Зиммиге салық салу тәртібі.
17. Қазақ әдет құқығы бойынша неке және отбасы қатынастарына шариаттың ықпалы
18. Қазақ әдет құқығы бойынша қылмыс пен жаза мәселелеріне шариаттың тигізген әсері
19. Иджма, Қийас, Фетва - мұсылман құқығының қосымша қайнар көздері ретінде. Иджма мұсылман құқығының қайнар көзінің бірі болып саналады. Аударғанда «келісім», «консенсус» дегенді білдіреді. Иджма шариғаттың қағидалары арқылы әрекет етеді. Қияс мұсылман құқығының аналогия бойынша талқылау бағытталған қайнар көзінің бірі болып табылады. Егер Құран немесе Сүнне пайда болған және қойылған сұраққа жауап бере алмаса, онда осы сұрақты аналогия бойынша шешу үшін Қияс қолданылады. Қияс алғашқы ислам дәуіріндегі пайда болған салт-дәстүршілер (ахль аль-хадис) арасындағы дау-дамайларды шешу кезінде пайда болған. Қияс ислам заңи қызметінде ерекше орын алады.Фетва-белгілі бір муфтиидің айтқан бір сұраққа жауап,сонымен ислам қағидалары мен мұсылмандық заңдарына сүйене отырып жсалынуы.Фетваны мұсылман халқындағы атақты,әйгілі,данышпан кісілер-муджахиттер айтатын болған.Фетва деген муджахиттардың иелігінде болады,тек солар ғана шариаттың заңдарына сүйене отырып қана айта алады.Фетваның құрамында мәселенің негізі,шешу тәсәлі,қорытынды болады.Фетва мұсылман құқығының қосымша қайнар көзі болып табылады.
20. Ант беру, міндеттеме қабылдау мен уәде етудің тәртібі мен нысандары.
21. Сауда мен қаржы саласындағы Шариаттағы тыйымдар. Құраннан алынған ерекше жолдар «ақшаны өсімге беруге қатаң тыйым салады»-деп айтады Британиядағы исламдық банктің коммерциялық директоры Сұлтан Чудхари. «Исламда өсімді өндіріп алу үлкен күнә. Құраннан алынған бір аятта оған тыйым салынады, ал басқасында осымен шұғылданған адамға Алла соғыс жариялайды» - дейді. (Құран, 2:276).
Чудхаридің пікірі бойынша, өсім өндіріп алуға тыйым салу деген мынаны білдіреді: сіз ақшадан ақша жасай алмасаңыз, бірақ жалған жолмен нақты сауда келісімін жасай аласыз.
Іс жүзінде осылай болып көрінеді. «Дүкеннің иесіне Шариат күріш сатып алуға мүмкіндік берсе, оны тұтынушыға пайдасына сатса, бұл адамның ымыра жасауы. Бірақ, ислам заңы Адамның Марияға 100 фунт беріп, одан артық фунтты, 101 фунтты қайтарып алуына тыйым салады»-деп түсіндіреді Чудхари.
Сонымен бірге, «Ислам сен не сатасың және сенің қалай сатқаныңа этикалық шектеулер жасайды. Келісім жасаудың нақты тәртібі бар. Сауда заңы шықпай тұрған кездің біраз алдында, Ислам былай дейді: келісім кезінде өтірік болмау керек, екі жақ үшін де келісім мөлдірдей таза болуы керек»-дегенді қосты. Дүние жүзі рыногындағы бүгінгі тынышсыз жағдайды түсіндіре отырып, Чудхари былай дейді: «Қазіргі банктердің жұмысына қарасақ, олар Флоридадан үй алатын немесе жер алатын құнды қағаздарды сатып алады, бірақ осы қағаздардың артында шынымен нақты нысана тұрғанына сенбейді. Сондықтан Исламда үлкен алып-сатарлық қорларға тыйым салынған, ал олар құнды қағаздарды жасырмай сатып алумен шұғылданады. Шариатта сен нақты өз иелігіңдегіні ғана сатып аласың».
Чудхаридің пікірі бойынша, қаржылық дағдарыстың себебі мынада: «адамдар өздеріне тиеселі емес заттарды сатады». «Қазіргі біз бақылып отырған жағдай, исламдық банк жүйесінде ешқашан болмас еді»-деп ол қосымша айтты.
22. Отбасылық және некелік мәселелер бойынша Шариаттың тыйымдары.
23. Шариат бойынша мұсылмандардың салық төлеу міндеті.
24. Идда және оның мазмұны. Идда, Иддәт мұсылмандық құқықта неке шарты жойылған немесе бұзылған әйелдің келесі некеге дейін күтетін мерзімі.Әйелдің екінші рет тұрмысқа шығуы үшін идда мерзімі толықтай күтілуі шарт. Неке шарты жасалған соң жыныстық қатынаста болмай ажырасқан әйелдің идда мерзімін күтуі міндетті емес. (Құран Кәрім, Ахзап сүресі, 49-аят). Ажырасқан әйелдің иддасы, Құран Кәрім бойынша (Бақара сүресі, 228-аят), үш хайыз (етеккір) мерзімі болып белгіленген. Күйеуі өлген әйелдің иддасы егер ол әйел екіқабат болса, бала туған соң бітеді. Ал ол әйел екіқабат болмаса, оның иддасы төрт ай он күн болып табылады. Бұл мерзім біріншіден, ықтималды екіқабаттықты анықтаса, екіншіден, азалы әйелдің есін жиып, қайғысын тарқатуына және өлген адамның мұрагерлерінің анықталуына мүмкіндік береді. Балиғатқа жетпеген қыздар мен 55 жастан асқан әйелдердің идда мерзімі үш ай болып бекітілген (Талақ сүресі, 4-аят). Мұсылман еркектің некесінде болған өзге діндегі әйелдің идда мерзімі мұсылман әйелдермен бірдей саналады
25. Шариат және бейбітшілік пен соғыс мәселелері.
27. Талақ(«тастау», «ажырасу»; тәж, талок, түрік, босама) - некеден айырудың ең көп тараған түрі. Егер ері ешқандай себебі түсіндірмей-ақ ажырасудың айрықша түрін (Талақ) айтса, зайыбы барлық некелік міндеттен босатылады. Бұл жағдайда ерінен алған барлық мүлік зайыбына қалады, ерлі-шартты уақыт біткенге дейін ері әйелді асырауға міндетті, тек осыдан кейін ғана әйел тағы да ерте шығуға ерікті. Егер осы мерзім ішінде ерлі-зайыптылар қатынас жасап қойса, неке айыру заңсыз деп табылады. Ал идданың мерзімі бітіп, неке қайта жалғасқан жағдайда, некеғе отырудың бұрынғы тәртіптері сақталады. Егер айрылысудың шарты үш рет қайталама, бұрынғы ерлі-зайыптылар қайта қосылуы үшін әйел басқа біреуге ерге шығып, одан айрылысуы немесе жесір қалуы шарт. Ал ажырасу шарты он рет қайталама, онда олардың қайта некелесуіне болмайды.Ұл балалар ананың күтімін қажет ететін шаққа дейін (7 - 8), қыздар тұрмыс құрғанша (ІЗ - 15 жас) анасының тәрбиесінде болады. Осы мерзім ішінде әкесі балаларын асырауға міндетті.Исламда Талақтан басқа да ажырасу түрлері бар: Талақ араб тілінен енген сөз. «Әйелінен ажырасу, некелерін бұзу» деген мағынаға саяды. Ислам дінінде талақ ету тізгінін ер кісіге берген. Мұның екі негізгі себебі бар. Біріншіден егер талақ ету мүмкіндігі әйелге берілетін болса, онда ажырасулар көбейіп кетер еді. Өйткені әйел өте сезімтал халық. Ол кейде ашуланған, яки мазасыз немесе сол секілді әр түрлі жағдайларда сезімге беріліп күйеуін талақ етуі мүмкін. Оның үстіне талақ үш мәрте беріледі. Егер әйелге берілсе ол осы үш мүмкіндігін бір сәтте орындап жіберуі ықтимал. Тіпті күйеуі нашар, өзі аса сезімтал болса күнде талақ етуі мүмкін. Екіншіден, отбасының дүниелік жүгі ердің мойнына артылғандықтан, ол талақ мәселесінде аяғын аңдап басуға мәжбүр. Һәм Ислам дінінде ері әйеліне неке кезінде не болмаса одан кейін де талақ ету мүмкіндігін беруіне де болады. Исламнан бұрын арабтар әйелдерін қалаған кезде талақ етіп, қалаған шақта қайта алатын. Отау құруды, шаңырақ көтеруді ойыншыққа айналдырған осы әрекеттеріне Хақ дін тыйым салып, үш талақпен шектеген.