У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Таухид деген с~з бір болу жал~ыз болу деген ма~ынаны білдіреді.

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

  1.  Міллеттің фақиһ-ғұламалары Әбу Ханифа ән-Нуғман ибн Сәбит әл-Куфий, Әбу Юсуф Яғқуб ибн Ибраһим әл-Ансарий және Әбу Абдулла Мұхаммед ибн әл-Хасан әш-Шәйбанилардың, Аллаh олардың барлығына разы болғай, дін негіздері мен әлемдердің Раббысына қатысты сенім принциптерінің аясындағы Сүннет және жамағат жұртының ақидасының баяны

  1.  «Таухид» деген сөз «бір болу», «жалғыз болу» деген мағынаны білдіреді. Мұсылмандық таным бойынша «таухид» термині құлшылық етуге жалғыз Аллаh Таъаляның лайықты екендігін әрі Оның ешбір серігі жоқ екендігін білдіреді. Ешбір жаратылыс Онымен теңдес бола алмайды, ісіне араласа алмайды, құдірет-күшіне, сипаттарына ортақтаса алмайды.

Таухид – діннің негізі, пайғамбарлар миссиясының ең басты мақсаты.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Һәм (уа, Пайғамбар!) сенен бұрын қандай да бір елші жібермейік, оған Біз: «Менен басқа құдай жоқ. Маған ғана табыныңдар!» – деп уахи еттік» (Әнбия, 25).

Сондықтан да Аллаh Таъаляға серік қосу күнә атаулының ең үлкені. Егер пенде осы ауыр күнәдан арылмай өліп кетсе, мәңгілік азапқа лайықты болады.

Аллаh Таъала былай дейді: «Ақиқатында, Алла Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Ал одан [серік қосудан] басқаны қалағанына кешіреді. Кім Аллаhқа серік қосса, ол зор күнә жасайды» (Ниса, 48, 116).

  1.  Алла Тағалаға ештеңе ұқсамайды. Оның сипаттары жаратқан нәрселеріне ұқсамайды. Оған жаратылыстық сипаттарды таңу күпірлікпен тең.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Көктер мен жердің Жаратушысы! Ол сендерге өздеріңнен жұбайлар жасады әрі түліктерден де жұптар жасады. Сол (жұптастық) арқылы сендерді таратады (көбейтеді).

Оған (Аллаhқа) ұқсас ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм Көруші!» (Шура, 11

  1.  Ол – бастаусыз қадым, соңсыз мәңгі дәйім сипатты.

Қадым басталуы жоқ мәңгілік деген сипатты білдіреді. Алла Тағаланың бар болуының бастауы да жоқ, аяқталуы да жоқ. Ол – мәңгілік, бар болуы ешбір себепке, салдарға тәуелді емес. Ал жаратылыстар олай емес.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Ол [Аллаh] – Әуелгі әрі Ақырғы, Жоғарғы әрі Жақын һәм Ол барлық нәрсені біледі» (Хадид, 3).

Ол жоғалмайды әрі жойылмайды.

Аллаh Таъаля мақұлықтар сияқты шектеулі емес. Өлу, жойылу сияқты пәнилік құбылыстар Оған тән емес. Бар болуының бастауы да, соңы да жоқ.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Ондағының [жердегінің] барлығы жойылады да, ұлылық пен жомарттық Иесі Раббыңның дидары [Өзі] қалады» (Рахман, 26, 27).

  1.  Аллаh Таъаляға жаратқан нәрселері ұқсамайды. Оны жаратылысқа, адамға ұқсату – күпірлік.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Оған (Аллаhқа) ұқсас ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм Көруші!» (Шура, 11).

Ташбих – ұқсату, таджсим (арабша “джисм” дене) – денелерге тән сипаттарды беру

  1.  Раббы Таъаля жаратылыстарына зәру емес, оларды жаратқанда мұқтаж болып жаратқан жоқ.

Жаратқан Ие былай дейді: «Ақиқатында, Аллаh әлемдерге мұқтаж емес» (Әл Имран, 97).

Оларды Өзіне құлшылық етулері үшін ғана жаратқан.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым» (Зәрият, 56).

Сонымен бірге, жаратылыстардың ырзық-несібелерін ешбір қиындықсыз, себепсіз береді.

  1.  Аллаh Таъаляның шынайы болмысын Өзінен өзге ешкім білмейді. Оған қиялмен, болжаумен немесе ақыл-ой, түсінік-пайыммен, тұспалмен жету мүмкін емес. Жаратқан Иені қиялмен, оймен елестету, бейнелеу дұрыс емес. Хақ Таъаля ондай емес. Біз Аллаh Таъаляны сипаттары арқылы ғана тани аламыз.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Ол [Аллаh] олардан бұрынғыларды да, кейінгілерді де біледі, ал олар Оны білімдерімен қамти алмайды» (Таhа, 110).

  1.  Негізі тағдыр Аллаh Таъаляның жаратылыстарындағы сыры. Оны Құдайға жақындатылған періште де, жіберілген елші де біле алмайды. Оған терең үңілу, зерттеу сәтсіздіктің жолы, мақұрым қалудың баспалдағы, қарсы шығудың қадамы. Сондықтан бұл мәселе жайлы зерттеуден, ойланудан, азғыруға ұшыраудан аса абай болу қажет. Өйткені Алла тағдыр білімін жаратылыстарынан жасырды, оны білуге құштар болуға тыйым салды. Мысалы, Аллаh Таъаля Кітабында былай дейді: «Ол (Аллаh Таъаля) не істегені жайлы сұралмайды, керісінше, олар (жаратылысы) сұралады» (Әнбия, 23). Сондықтан кім «Мұны Ол (Аллаh) не үшін істеді?» деп сұрайтын болса, ол Кітаптың (Құранның) үкімін терістегенмен тең болады. Ал кімде-кім Кітаптың үкімін терістесе, кәпірлерден болып қалады.

Тағдырға мойынсұнып, иман келтіру, Аллаhтан тағдырының қайырлы болуын сұрау әрбір мұсылманның ғұмырлық міндеттерінің бірі. Алда не күтіп тұрғанын бақсы-балгерлерге, сәуегейлерге барып білуге тырысу, соған құштар болу – күпірлік. Аллаhтың тағдыры жазылып қойған. Тек соның жақсылығын тілеуіміз керек. Дұғаның тағдырға әсер ететіні туралы хадистерді Ахмад, ат-Тирмизи, ибну Маджа, аль-Хаким риуаят еткен

  1.  Миғраж оқиғасы – хақ. Ақиқатында, Пайғамбар салла Ллаху ъалейхи уа салям түнгі сапарға шығарылды да, тұлғасымен бірге ояу кейіпте аспанға көтерілген. Исра және Миғраж оқиғасы Пайғамбарымыздың салла Ллаху ъалейхи уа салям үлкен мұғжизасы. Аллаhтың құдіретімен түн ортасында Меккеден Құдыс қаласына апарылды. Сосын жеті қат аспанға көтерілді. Сонда оған салла Ллаху аълейхи уа салям уахи етілді және көптеген керметтерге куә болды. Біз осы мұғжизаға кәміл сенеміз.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Өзінің құлын [Мұхаммед пайғамбарды салла Ллаху ъалейхи уа салям] аяттарымыздан көрсету үшін әл-Харам мешітінен Біз айналасына құт-береке дарытқан әл-Ақса мешітіне бір түнде апарған Аллаh мінсіз. Ақиқатында, Ол – Естуші hәм Көруші!» (Исра, 1).

  1.  Құран Кәрім мен хадистерде айтылғандай, жұмақтықтар Жаратқан Иені көреді. Бірақ ол көру дүниедегі көруден бөлек. Ол көрудің ақиқатын бір Аллаh ғана біледі.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Көркем іс істегендерге (ақыретте) көркемдік әрі оған үстеме [Раббыны көру] болады» (Жүніс, 10).

Пайғамбар салла Ллаху ъалейхи уа салям: «Сендер (мүміндер) Раббыларыңды анық көретін боласыңдар», – деген. Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

  1.  Пайғамбарға салла Ллаху ъалейхи уа салям тарту етілген Әуіз (аль-Хауз) – үлкен су айдыны. Қиямет күні махшарда оның керемет суынан мұсылмандар ішеді. Оның бастауы жәннаттағы Кәусар дариясынан.

  1.  Пайғамбар салла Ллаху ъалейхи уа салям Қиямет күні үмбетінің ішіндегі ауыр күнә жасағандарға шапағатшы болып, олардың азаптан құтылуына себепкер болады. Өйткені Аллаh Таъаля оған шапағатшылық хақын берген.

Аллаhтың елшісі салла Ллаху ъалей уа салям былай дейді: «Мен Қиямет күні Адам ұрпақтарының төресімін, бірінші тірілетін де менмін, бірінші шапағатшы әрі шапағаты қабыл болушы да менмін». Мүслім риуаят еткен.

Аллаhтың елшісі салла Ллаху ъалейхи уа салям былай деген: «Үмбетімдегі ауыр күнәлілерге шапағатым болады». Термези риуаят еткен.

Тағы бір риуаятта Пайғамбар салла Ллаху ъалейхи уа салям: «Кімде-кім менің шапағатымды теріске шығарса, оған одан үлес тимейді», – деген. Табарани риуаяты.

  1.  Аллаh Таъаля Адам алейхиссалям атаны жаратқанда оның белінен тарайтын күллі адамзат ұрпағын шығарып, барлығынан серт алған. Бұл серт «әл-Мисақ» деп аталады.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Және Раббың Адам ұрпақтарының белдерінен ұрпақтарын алып, өздеріне қарсы: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» – деп (сұрап) куә қылғанда, олар: «Әлбетте, біз куәлік береміз», – деді [әл-Мисақ сертін берді]. Қиямет күні «Шындығында, біз бұл туралы ғапыл қалыппыз» деп айтпауларың үшін (сол әл-Мисақ серті алынды)» (Ағраф, 172).

  1.  15) «Аршы» сөзі тілдік жағынан алып қарағанда «патшаның тағы» деген мағынаға саяды. «Күрсі» де «тақ», «орынтақ» деген мағынаны білдіреді. Аршы мен Күрсіні кейбір ғалымдар бір нәрсе десе, көпшілік ғалымдар екеуі екі жаратылыс, Күрсі Аршының алдындағы нәрсе деп түсіндірген. Қалай болғанда екеуі де Аллаh Таъаляның ұлы жаратылыстары. Ардақты аяттар мен хадистерде Аршының аса зор жаратылыс екендігі туралы, оны сегіз алып періште көтеріп тұратындығы туралы айтылады. Ал Күрсінің бүкіл ғаламнан үлкендігі баяндалған. Бұдан басқа олардың ақиқат болмысы туралы нақтылы мәлімет жоқ. Сондықтан да ғайып істеріне жатады. Оларға иман келтіру парыз.

Аллаh Таъаля былай дейді: «...Ол (Аллаh) – ұлы Аршының Иесі» (Тәубе, 129).

Аллаh Таъаля былай дейді: «...Оның (Аллаhның) Күрсісі көктер мен жерді қамтиды...» (Бақара, 255).

Аллаh Таъаля былай дейді: «...Сол күні (Қиямет күні) Раббыңның Аршысын сегіз (періште) үстерінде көтеріп тұрады» (Хаққа, 17).

  1.  16) «Ләухул-Махфуз» сөзі қазақша айтқанда «Сақтаулы тақта» деген мағынаны білдіреді. Ол бүкіл тіршіліктің тіршілігі белгіленген тағдыр тақтасы.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Бәлки, ол – Даңқты Құран, Ләухул-Махфузда сақталған» (Буруж, 21, 22).

Мұндағы Қалам сол Ләухул-Махфузға күллі жаратылыстың тағдырын жазған қалам.

Аллаh Таъаля былай дейді: «Нун. Қаламға және олардың жазғандарына серт!» (Қалам, 1).

Күллі жаратылыс жиналып Аллаhтың жазғанын болдырмаймыз десе де ештеңе істей алмайды. Керісінше, күллі жаратылыс Аллаhтың жазбағанын болдырамыз десе де ештеңе өзгермейді.

  1.  Иман – Аллаhқа, Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне және тағдырға: оның жақсылығы да, жамандығы да, ащысы да, тәттісі де Аллah Таълядан екендігіне сену. Иман осы аталған алты шарты түгел болғанда ғана кәміл болады.

  1.  Иман – біреу және мүміндер негізінен тең. Араларындағы айырмашылық Құдайдан қорқу, тақуалық, нәпсімен күресу, ең лайықты ұстанымды ұстану тұрғысынан ғана болады.

  1.  Мұхаммед салла Ллаху ъалейхи уа салям үмбетінен үлкен күнә істегендер егер Аллаhты бір деп өткен болса, тіпті, тәубе қылмаған болса да, Аллаhқа Оны таныған күйде барғаннан кейін тозақта мәңгі қалмайды. Сосын олар Аллаhтың қалауы мен үкімінде: қаласа, оларды кеңшілігімен кешіріп, ғафу етеді. Мысалы, Құранда айтқаны сияқты: «Ал одан [серік қосудан] басқаны қалағанына кешіреді» (Ниса, 48, 116). Және егер қаласа, оларды әділдігімен тозақта азаптайды. Сосын оларды Өзінің рахымымен және Өзіне бойсұнғандардан шыққан шапағатшылардың шапағатымен тозақтан шығарады. Содан кейін оларды жұмаққа жібереді

  1.  Иман – тілмен мойындау және жүрекпен растау. Шариғат және баяндауға байланысты Аллаhтың Елшісінен салла Ллаху ъалейхи уа салям дұрыс жолмен жеткен хабарлардың барлығы хақ. Иманның негізі жүректе, айғағы тілде. Яғни, тек тілмен айту жеткіліксіз, жүрекпен бекіту қажет. Жүректе болған жағдайда ділге енеді де, іс амалда көрініс табады. Сол себепті намаз сияқты парыздарды орындамай жүрген дініне салғырт-салақ тіл мұсыл-мандарды имансыз деп айта алмаймыз. Иманның негізі бір, иман иелері де, негізінен, тең. Ардақтылары – ең тақуалары.

  1.  Кираман Катибин – әр адамның оң және сол жағында болатын амалдарды жазушы періштелер. Мункар и Накир қабірде сұрақ қоятын періштелер. Азраиль адам жанын алушы өлім періштесі

  1.  аль-Ард – істердің көрсетілуі, аль-Хисаб – істердің есебі, кира'ат аль-Китаб – амал кітабының оқылуы, ас-Сырат – Тозақтың үстінен өтетін қыл көпір, Мизан - таразы

  1.  Тауфиқ – Аллаh Таъаляның тақуа құлдарына беретін ерекше басшылық формасы. Хидаят – бағыт, тура жол, басшылық деген мағынаны береді.

  1.  Пайғамбар салла Ллаху ъалейхи уа салям кейінгі үмбетіне: «Менің сүннетіммен және менен кейінгі ізгі турашыл халифалардың жолымен жүріңдер. Осыны берік ұстаныңдар!» – деп өсиет еткен. Әбу Дәуіт, Термези, Ибн Мәже риуаят еткен.

Біз халифалықтың Аллаh Елшісі салла Ллаху ъалейхи уа салям өмірден өткеннен кейін алдымен бүкіл үмбеттің алды болғандығы мен артықшылығы үшін Әбу Бәкір Сыддықты лайықты болғандығын қуаттаймыз. Сосын Омар ибн Хаттабтың, одан кейін Осман ибн Аффанның, сосын Әли ибн Әбу Талибтің лайықты болғандығын қуаттаймыз. Олар турашыл ізгі халифалар және hидаятты имамдар. Аллаh Таъаля олардың барлығынан разы болсын!

  1.  Аллаhтың Елшісі салла Ллаху ъалейхи уа салям он сахабасының есімдерін атап, жұмақпен сүйіншілегендігін Аллаhтың Елшісі салла Ллаху ъалейхи уа салям берген куәлігіне мойындаймыз, кәміл сенеміз, Аллаhтың Елшісі салла Ллаху ъалейхи уа салям сөзі хақ. Ол сахабалар: Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Талха, Зубайр, Сағд, Сағид, Абдурахман ибн Ауф және осы үмбеттің сенімді қамқоры атанған Әбу Убайда ибн әл-Жаррах, Аллаh Таъаля олардың барлығынан разы болсын!

  1.  Тірілер Аллаh Тағаладан өлілерге кешірім тілеп дұға қылатын болса, марқұмдарға оның пайдасы тиеді. Сондықтан да тірілерге өлілер үшін жаназа намазын оқу парыз етілген. Бұл тұрғыда қасиетті аяттар мен хадистерде дәлелдер жеткілікті.

  1.  Заманақыр зауалдарының сөзсіз болатындығына иман келтіреміз. Олар кіші белгілер және үлкен белгілер болып бөлінеді. Кіші белгілеріне кейбіріне куә болып та жатырмыз. Оның барлығы хадистерде айтылған. Қиямет күнінің белгілеріне: Дажжалдың шығуы, Мариямныңұлы Иса алейхиссалям көктен түсуі, күннің батыстан шығуына және Дәббәтул-ардтың орнынан шығатынына сенеміз.

  1.  Аллаhтың діні жерде де, көкте де біреу, ол – Ислам діні. Аллаh Таъаля былай дейді: «Ақиқатында, Аллаhтың құзырындағы дін – Ислам» (Әл Имран, 19-аят). Және былай дейді: «Сендерге Исламды дін етуді қош көрдім» (Мәида, 3-аят)

  1.  Әулиелердің кереметтерін жоққа шығармаймыз. Кереметтер туралы сенімді жолмен жеткен хабарларға сенеміз. Мысалы, Құранда айтылған Сүлеймен пайғамбарға алейхиссаляс Сәбә патшайымының тағын қас-қағым сәтте әкеп берген білім иесінің кереметіне, Мариямға берілген әулиелік кереметтерге иланамыз




1.  Ответить на обращение в Правительство Курганской области по поводу нарушения тишины и покоя граждан в но
2. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук1
3. добиться ритмичной работы чтобы студенты учили материал в течение всего семестра а не только в сессию
4. Соціальне середовище та соціалізація особистості
5. Методические рекомендации к экзамену по курсу Технологии компьютерного дизайна 1 семестр
6. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук Київ 2007
7. Тема 1. Уравнение состояния идеального газа.html
8. . ПРЕДМЕТ І МЕТА ДИСЦИПЛІНИ ЇЇ місце і роль у НАВЧАЛЬНОМУ ПРОЦЕСІ Предметом дисципліни є вивчення теоре
9. Золотая вилка- foursqure.
10. Алтайский государственнотехнический Университет им
11. Характеристика доводов позволяющих оценить рекламу объективные субъективные контролируемые верифицируемые
12. президент федерации подводного спорта России председатель комиссии по спортивному дайвингу CMS Судья перв.html
13. Программное обеспечение ПО
14. Активизация познавательной деятельности учащихся
15. Методы информационного поиска
16. Тема13. Международное морское право Понятие принципы и источники международного морского права
17. на тему- Українська держава Павла Скоропадського Підготував студент І курсу групи Азаочного в
18. Контрольная работа- Торговые барьеры для химической промышленности
19. Реферат- Формирование впечатлений и агрессии
20. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Київ ~