Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

.1. ~аза~стан Республикасында~ы б~секелестік саясатты дамытуды~ жалпы ~рдісі 1.

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.11.2024

PAGE  2

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

 

2010 жылғы жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы есеп

Астана қаласы – 2011 жыл

Есептің құрылымы

Кіріспе

1-тарау. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясат 

1.1. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясатты дамытудың жалпы үрдісі

1.2. Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру 

1.3. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту 

1.4. Мемлекеттік көмек

1.5. Халықаралық ынтымақтастық

2-тарау. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйі, бәсекелестікті дамыту жөнінде қабылданатын және ұсынылатын шаралар

2.1. Отын-энергетикалық кешені

 2.1.1. Мұнай өнімдері нарығы

2.1.2. Электр энергиясы нарығы

2.2. Көлік және байланыс

 2.2.1. Темір жол саласы

2.2.2. Әуе көлігі

2.2.3. Телекоммуникация

2.3. Қаржы секторы

2.4. Өзге де салалар және нарықтар

 2.4.1. Өнеркәсіп және құрылыс материалдары нарығы

2.4.2. Азық-түлік тауарлары нарығы

2.4.3. Дәрілік заттар нарығы

3-тарау. Өңірлік бәсекелестікті дамыту

3.1. Өңірлік саясаттың жай-күйі және дамыту үрдісі 

3.2. Бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша әкімдіктердің рейтингін жүргізу

 

4-тарау. Бәсекелестікті қорғау 

4.1. Бәсекелестікті дамыту жөніндегі институционалдық, ұйымдық және құқықтық шаралар 

4.2. Экономикалық шоғырлануға бақылау

4.3. Наразылық-талап ету жұмысы

4.4. Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайларында бәсекелестікті дамытудың перспективалары

Кіріспе

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан                       әрі – Бәсекелестік туралы заң) 39-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан                          әрі – Агенттік) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті (бұдан әрі - есеп) жыл сайын, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді.

Есепте 2010 жылдың қорытындысы бойынша республиканың негізгі нарықтарындағы жағдайдың талдауы, Агенттіктің қызметі көрсеткіштерінің динамикасы, талдамалық зерттеу нәтижелері және Қазақстан экономикасының түрлі секторларындағы монополистік қызметті шектеу бойынша жүргізілген іс-шаралар берілді.

Тұтастай алғанда, 2010 жылы Агенттіктің қызметі бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қарсы әрекет тиімділігі арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталды, мұның инфляциялық үдерістерді ұстап тұру және экономиканың одан әрі қарышты дамуын қамтамасыз ету үшін айрықша маңызды мәні болды.

Есеп Агенттік басқармасының 2011 жылғы 25 мамырдағы отырысында қаралды және бекітілді.

 

 

1-тарау. Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясат

  1.  Қазақстан Республикасында бәсекелестік саясатты дамытудың жалпы үрдісі

Адал бәсекелестікті дамыту және қорғау саясаты Қазақстанды экономикалық дамытудың басым бағыттарының қатарына кіреді. 

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бәсекелестік саясатқа Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың, нығайтудың ұзақ мерзімді бағдарларының негізі қаланды.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың нарықтық тетіктері ретінде бәсекелес нарықтарды және монополияға қарсы реттеудің сенімді құралдарын құру айқындалды, бұл жүргізілетін монополияға қарсы саясаттың негізіне алынды.

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және монополияға қарсы орган іске асырады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға міндетті.

2010 жылы бәсекелестік саясаттың басты мақсаты тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау болып табылды, оған қол жеткізу үшін Агенттік мынадай:

  •  экономиканы монополиясыздандыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу;
  •  нарықтардағы шоғырлану үдерістерін бақылау және қадағалау;
  •  монополистік іс-әрекеттердің және жосықсыз бәсекенің жолын кесу;
  •  әкімшілік кедергілерді жою және нарықта бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау сияқты міндеттерді шешті.

Бүгін бәсекелестік саясат саласында көкейкесті проблемалар бар. Монополияға қарсы орган бәсекелестіктің терең мәселелерін, жаңа бизнестің пайда болуы үшін кедергілерді болдырмау мәселелерін зерделеу мен түсіну, монополияға қарсы ден қоюдың қосымша шараларын әзірлеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы                      № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ҮИИДМБ) шеңберінде еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығына тең қол жетімдікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар іс-шаралар әзірленді.

Монополияға қарсы орган мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін төмендету, экономика салаларын монополиясыздандыру, сондай-ақ әртүрлі тауар нарықтарында монополияға қарсы бақылау құралдарын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді көздейді.

Бүгінгі күні елдің экономикалық өсуінің міндетті шарттарының бірі бәсекелестікті дамыту болып табылады.

Осыған байланысты бәсекелестікті дамыту тұрғысынан ең маңызды фактор Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі                        2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрі – Бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарлама) қабылдануы болды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген), ол                      5 жылдық кезеңге арналған бәсекелестік саясаттың басымдықтары мен негізгі бағыттарын айқындайды және экономиканың 10-нан астам саласын қамтиды.

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында экономиканың салалары мен секторларын монополиясыздандыру жөніндегі шаралар көзделген. Жоспарға алдын ала әзірленген экономиканың түрлі салаларында бәсекелестікті дамытуға арналған шаралардың кешені енгізілген және оларды жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыстар ұйғарылып отыр.

Бұдан басқа, кейбір нарықтарда бәсекелестікті дамыту мәселелерінің бір бөлігі уәкілетті мемлекеттік органдардың салалық бағдарламалары шеңберінде көзделген, оны іске асыру 2010 жылы басталды. Аталған бағдарламаларда темір жол тасымалдары, авиа тасымалы және әуежай қызметтері, телекоммуникация, мұнай өнімдері және көмір нарықтарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі іс-шаралар ескерілген.

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің (бұдан әрі – ЭДСМ) 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 167 бұйрығымен бекітілген Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамытудың                            2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаларының жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісу кестесіне сәйкес Агенттік 2010 жылғы                                   4 қазан – 5 қараша аралығында бәсекелестікті дамыту нәтижелерінің нақты көрсеткіштерін көрсете отырып, республиканың әр өңіріндегі бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты дайындау және оны аталған жобаға енгізу жөнінде жұмыстар жүргізді.

Бәсекелесті дамытуға бағытталған міндеттердің орындалуын талдау                     2010 жылы ҮИИДМБ-ны іске асырудың оң сипатын анықтағандығын атап өту қажет. ҮИИДМБ-да көзделген барлық мақсатты индикаторлардың (тауар нарықтарына жүргізілген талдаулар санының, адал бәсекелестікті адвокаттандыру  жөніндегі көрсеткіштердің) жоғары көрсеткіштерін көрсетеді.

Заңнамалық деңгейде ҮИИДМБ-да көзделген қажетті өзгерістер мен толықтырулар ескерілді.

  1.  Адал бәсекелестікті қорғау мақсатында заңнаманы жетілдіру 

Сонымен бірге заңнаманы жетілдіру жұмысы қоса жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы                    № 2208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан                        2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 39-тармағын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы                               № 162 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарының 40-тармағын орындау үшін Агенттік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2010 жылғы сәуірде берген тапсырмасына сәйкес Заң жобасында экономикаға мемлекеттің араласуын барынша қысқарту және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, халықтың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын талап ететін ерекше жағдайларда ғана мемлекеттік монополияны енгізу көзделген.

Сондай-ақ Заң жобасында Қазақстан Республикасының 24 заңнамалық актісіне «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келтіруге және оларды өзара үйлестіруге бағытталған тиісті өзгерістер енгізу көзделеді.

Заң жобасында мынадай оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар:

  •  мемлекеттік монополия субъектісін құрудың заңды түрде белгіленген өлшемдеріне жауап беретін тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын бекіту жолымен мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларды қысқарту;
  •  мемлекеттік монополия болып аталмайтын айрықша құқықтарды қысқарту және бәсекелестік нарықта қызмет түрлерін ұсыну мүмкіндігін заңнамалық деңгейде бекіту не оларды мемлекеттік мекемелер іске асыратын функцияларға жатқызу;
  •  баға белгілеудің ашықтығын және ең жоғары транспаренттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектісінің жоғары тарифтер белгілеу және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау фактілеріне жол бермеу мақсатында тарифтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде бекіту;
  •  мемлекеттік монополия саласындағы Кеден одағына мүше елдердің ұлттық заңнамаларын үйлестіруді қамтамасыз ету болжанады.

Заң жобасын қабылдау :

  •  мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін біркелкі ету және оның ашықтығына;
  •  мемлекеттік монополияны көздейтін заңнама нормаларын жүйелендіруге;
  •  экономиканың монополиялану үдерісін төмендетуге әкелуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бағаларды тәпртіпке келтіру шағын және орта бизнестің жүктемесін азайтады.

Қазіргі уақытта Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы                                     № 312 қаулысымен Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне (бұдан әрі – Мәжіліс) енгізілді.

  1.  Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту (кәсіпорындардың бейінді емес активтерін бәсекелес ортаға беру, Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін тәртіпке келтіру мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі және басқалар).

Бәсекелестік туралы заңның 77 және 78-баптарын іске асыру шеңберінде Агенттік мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау жөніндегі жұмысты жүргізді.

Бәсекелестік туралы заңға сәйкес ол қолданысқа енгізілгенге дейін                 (2009 жылғы 1 қаңтарға дейін) құрылған мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар 2 және 3 жыл ішінде өзінің тиісті тауар нарығында одан әрі жүргізетін қызметіне монополияға қарсы органның оң қорытындысын алуға тиіс.

Одан әрі жүргізетін қызметіне монополияға қарсы органның оң қорытындысын алмаған мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекет қатысатын заңды тұлғалар жекешелендірілуге немесе мемлекеттік мекеме болып қайта құрылуға тиіс.

Бұдан басқа, Бәсекелестік туралы заңда мемлекет қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне қарай айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында кәсіпкерлік қызметке қатысу жағдайы нақты белгіленген.

Агенттік мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың бәсекелестік нарыққа беруге болатын функцияларын анықтау арқылы және сонымен экономика секторларында бәсекелестікті дамытудың жаңа серпін беретін мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының орындылығы нысанына талдауды аяқтады

2011 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша Бәсекелестік туралы заң күшіне енген кезден бастап Агенттікке:

  •  мемлекеттік кәсіпорындардың одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беру туралы 4 806 өтінішхат келіп түсті, оның 4542-і келісілді (оның ішінде жарғыдан қызметтің жекелеген түрлерін алып тастаған жағдайда – 470), бас тартылды -264;
  •  мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беру туралы 188 өтінішхат келіп түсті, оның 63-і келісілді (оның ішінде жарғыдан қызметтің жекелеген түрлерін алып тастаған                              жағдайда – 23), бас тартылды – 67 және 58-і 2011 жылдың басында қарауға өтті;
  •  мемлекеттік кәсіпорындарды құруға келісім беру туралы                            806 өтінішхат келіп түсті, оның 716-ы келісілді (оның ішінде                               белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда – 38), 56-нан бас тартылды                        және 34-і 2011 жылдың басында қарауға өтті;
  •  мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құруға келісім беру туралы 81 өтінішхат келіп түсті, оның 58-і келісілді (оның ішінде белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда – 30), бас тартылды – 8, 15-і 2011 жылдың басында қарауға өтті.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қызметін тәртіпке келтіру жөніндегі жұмыстардың қорытындылары (Бәсекелестік туралы заңның 77, 78-баптары)

2009 жылдың басынан бастап жүргізілген талдау нәтижелері бәсекелестікті шектеуді, әрі мемлекеттік актілерді тиімсіз басқаруды куәландыратын бірқатар проблемаларды анықтады.

Бұдан басқа, жеке мемлекеттік кәсіпорындар бәсекелес ортадағы қызметті көрсетіп қана қоймай, заңнамада мүлде көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін құрылады.

  1.  Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түрлері көп жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді және құру мақсатына және қызметтің жарғылық түрлеріне жауап бермейді. Кәсіпорындардың қызметі жиі қайталанады, заңда тікелей тыйым салынған мемлекеттік органның функцияларын орындайды.
  2.  Мемлекеттік кәсіпорындар бәсекелестігі жеткілікті дамыған нарықтарда жұмыс істей тұрып, мемлекеттік органдардың қолдауы нысанында артықшылық алады, бұл оларға бәсекелестікке қарсы күресте қосымша басымдылық тудырады.
  3.  Мемлекеттік кәсіпорындарды құру көп жағдайда кәсіпорындар өндіретін тауарлардың (жұмыстардың) әлеуметтік қажеттілігіне байланысты емес, бюджет қаражаттарын игеру  қажеттілігінде құрылады.
  4.  Өз қызметін ұзақ уақыт бойына жүзеге асырмайтын, бірақ бұл ретте тарату сатысында жоқ кәсіпорындар жергілікті атқарушы органдардың құрамында тұрады.
  5.  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты кәсіпорындардан тауарларды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігін көздейтін нормалары «жасырын» монополияны құрды.

Нақты бағалардың болмауына байланысты аталған кәсіпорындар ең жоғары бағаны ұсынады, бұл бәсекелестікті шектеп қана қоймай, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеледі.

Көп жағдайда ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алу шартының нысаны сондай-ақ бәсекелестік нарықтарда өндірілетін тауарлардан, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтерден тұрады.

  1.  Мемлекеттік кәсіпорындардың жартысынан көбі залалды немесе нөлдік нәтижеге ие. Мемлекеттік кәсіпорындарды ұстауға арналған мемлекет жұмсаған сома бюджетке мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінен түскен дивидендтер сомасынан бірнеше есеге асып жығылады.

Мұның бәрі мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тәртіпке келтіру жөніндегі шараларды одан әрі қабылдау қажеттігіне әкеп соғады. Агенттік мемлекеттік кәсіпорындарды құру мен олардың жұмыс істеу тиімділігін зерделеу жұмыстарын жалғастыратын болады.

2010 жылдың аяғында Үкіметтің жанында Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру және бәсекелес ортада олардың қызметін тәртіпке келтіру мәселесі жөніндегі комиссия құрылды, оның құзыретіне бәсекелес ортада жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттыру және тәртіпке келтіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жатады. Кәсіпорындарды өзге де ұйымдық-құқықтық нысанында және қосымша бюджет шығыстарын талап ететін мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның қарауына шығару жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, Агенттік мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тәртіпке келтіруге бағытталған «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуге белсене қатысты. Жобада мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар қызметінің барлық мәселелері шоғырландырылды, мемлекеттің нарыққа қатысу талаптарының түпкілікті тізбесі көрсетілді.

  1.  Мемлекеттік көмек

Бәсекелестік туралы заңның нормаларына сәйкес мемлекеттік органдардың нарық субъектілеріне мемлекеттік көмек беруі монополияға қарсы органмен келісілуі тиіс.

Мемлекеттік көмек:

1) іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру;

3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарында беріледі.

Бұл ретте, 2010 жылы мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін кейінен меншігіне өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерге мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беруі жөнінде мемлекеттік көмек беру туралы 5 өтінішхат (Қостанай облысы – 3 және ШҚО – 2 өтінішхат) қаралды.

  1.  Халықаралық ынтымақтастық

Ұлттық монополияға қарсы саясатты табысты өткізу бәсекелестікті қорғау саласында тәжірибе алмасу мақсатында әр түрлі елдердің монополияға қарсы ведомстволарымен тұрақты ынтымақтастықта болуды талап етеді.

Қазақстанның монополияға қарсы органы Халықаралық бәсеке желісінің (бұдан әрі – ХБЖ) мүшесі болып табылады. ХБЖ – ол құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған әлемнің әр түрлі елдерінің монополияға қарсы органдарының бірлестігін білдіреді.

2010 жылғы сәуірде Агенттіктің өкілдері картельдер, монополияға қарсы ведомстволардың бірігуі, олардың қызметтерінің тиімділігі, сондай-ақ бәсекелестікті адвокаттандыру саласындағы құқық қолдану практикасы мәселелерін талқылауға арналған жыл сайынғы ХБЖ-ның 9 конференциясына қатысты. Конференция Стамбул қаласында (Түрік Республикасы) өтті.

Агенттік Үкімет пен Дүнежүзілік Банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын іске асыру шеңберінде Дүнежүзілік Банкпен ынтымақтастық жасасуда.

2010 жылғы маусымда Агенттік төрағасы Дүнежүзілік Банктің өкілі – Еуропа және Орталық Азия бойынша тұтынушылардың құқықтарын және халықтың қаржылық сауаттылығын қорғау жөніндегі үйлестіруші Сьюзен Рутледж ханыммен кездесті. Кездесу барысында қаржы секторын реттеу және Қазақстан Республикасының қаржы нарықтарындағы бұзушылықтардың өзіне тән түрлері мәселелерін талқылады.

2010 – 2011 қаржы жылына Дүнежүзілік банкпен «Қаржы қызметтері нарығында адал бәсекелестікті дамыту» және «Бәсекелестікті қорғаудың тиімділігін арттыру және тауар нарықтарының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау» техникалық тапсырмаларға қол қойылды.

Аталған техникалық тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Агенттіктің өкілі Вашингтон қаласындағы АҚШ Федералдық сауда комиссиясында үш айлық тағылымдамадан өтті.

АҚШ-тың Әділет департаментінің өкілі Джон Ричард Бендер кеңесші ретінде Астана және Ақтөбе қалаларында оқыту семинарларын өткізді, сондай-ақ ұсынымдарды әзірлей отырып, экономикалық секторды кешенді талдауды қамтитын телекоммуникация нарығын монополиясыздандыру жөнінде тұжырымдамалық құжат дайындады.

Агенттік тұрақты негізде Еуропалық Одақпен, USAID, ЭЫДҰ-мен ынтымақтасады.

«Орталық Азия елдеріндегі экономикалық реформалар арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» USAID жобасының шеңберінде, сондай-ақ біліктілікті арттыру мақсатында желтоқсанда Агенттіктің қызметкерлері Сингапур қаласына Сингапурдың бәсекелестік мәселелері жөніндегі комиссиясына таныстыру сапарына шығып қайтты.

Агенттіктің төрағасы 2010 жылғы 29 маусым – 1 шілде аралығында Ереван қаласында (Армения) өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бәсекелестігі саласындағы саясаттың бастапқы тұжырымдамалары жөніндегі тәжірибелік семинар жұмысына қатысты.

2010 жылғы 2 – 3 наурызда Агенттіктің төрағасы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен, Бәсекелестік ведомстволар қызметінің тиімділігі жөніндегі семинарға және Дағдарыстан кейінгі бәсекелестік саясат жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.

Семинар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бәсекелестік жөніндегі өңірлік орталықтың 5 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропа, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия және басқа да монополияға қарсы ведомстволардың басшыларының басын қосты және бәсекелестік жөніндегі ведомстволар жұмыстарының тиімділігі және оларды басқару мәселелеріне, монополияға қарсы органдар арасында тәжірибе алмасуға арналды.

Монополияға қарсы органның басшысы «Дағдарыстан кейінгі Қазақстандағы бәсекелестік саясат» тақырыбында баяндама жасады, онда Қазақстанның тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытудың негізгі аспектілері және Қазақстанның үш елдің Кеден одағына кіру аясында ықпалдасу бағыттары көрсетілді.

Әлемдік экономиканың қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығуын ескере отырып, осындай кең ауқымды іс-шараларға қатысу аса өзекті және бәсекелестік саласында ең үздік халықаралық тәжірибемен алмасу мүмкіндігін береді.

2010 жылғы тамызда Агенттік төрағасы Еуропа комиссиясының өкілі, «Сауда саясатын және сауда жарнамаларын дамыту және имплементациялау» Еуропа комиссиясы жобасының басшысы Никос Экономумен кездесті. Кездесу барысында «Сауда саясатын және сауда жарнамаларын дамыту және имплементациялау» Еуропа комиссиясының жобасы шеңберінде халықаралық және еуропалық тәжірибе негізінде бәсекелестік және табиғи монополиялар саласындағы заңнамаларды жетілдіру талқыланды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің келісілген монополияға қарсы саясатын жүргізу туралы шартын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасын табуда. Агенттіктің мамандары Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің (МСМК) жұмысына белсене қатысады.

2010 жылғы 7-10 маусым аралығында Ресей Федерациясының Суздаль қаласында МСМК-ның 31-ші отырысы және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлесіп тергеу жөніндегі штабтың (бұдан әрі – Штаб) 14-ші отырысы болып өтті.

МСМК отырысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында саясатты іске асыру мәселелері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын бірлесе отырып тергеу жөніндегі жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ басқада бірқатар мәселелер қаралды.

Агенттіктің басшысы Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясат саласындағы едәуір белгілі оқиғалар туралы хабарлады. Агенттіктің ЖЖМ, цемент және жеміс-көкөніс өнімдері нарықтарына жүргізген тергеулеріне, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу мәселелеріне нақты тоқталды.

Қазан айының басында Ялта қаласында (Украина) МСМК-ның 32-ші отырысы және Штабтың 15-ші отырысы өткізілді, оның жұмысына Агенттіктің өкілдері де қатысты.

МСМК отырысының барысында Ресейдің монополияға қарсы органының саудадағы сөз байласулардың жолын кесу жөніндегі жұмысындағы тәжірибесі, Украинадағы қазіргі кезеңдегі монополияға қарсы саясат, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты іске асыру, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын бірлесе отырып тергеу жөніндегі жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ басқада бірқатар мәселелер қаралды.

Штаб отырысы шеңберінде жолаушыларды тасымалдау, астық, электр энергиясы нарықтарындағы бұзушылықтарды бірлесе отырып тергеу жөніндегі кіші топтардың қызметіне қатысты, авиа тасымалының трансатлантикалық және еуропалық нарықтарында бәсекелестік талаптарының мүмкін болатын бұзушылықтары туралы бірқатар мәселелер талқыланды.

2010 жылғы 6 мамырда Берлин қаласында (Германия) Сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Қазақстан-германия жұмыс тобының 4-ші отырысы болып өтті. Отырыс шеңберінде Агенттік пен Германияның федералдық картельдік ведомствосы арасындағы бәсекелестік саясат және монополияға қарсы заңнама саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қою мәселелері қаралды.

2010 жылғы 2 шілдеде Друскининкай қаласында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысында Агенттік пен Литва Республикасының Бәскелестік жөніндегі кеңесі арасында Бәсекелестік саясат және құқық саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сараптамалық кеңесінің 40-шы отырысы болып өтті, оған Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МСМК) төрағасының орынбасары – Агенттіктің төрағасы қатысты.

Күн тәртібінде ТМД-ның Экономикалық кеңесінің мүшелері «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің телекоммуникация нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы» мәселені қарады, оның шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұялы байланыс операторларына қатысты бірлесе отырып тергеудің басты қорытындылары айтылды.

Ресей ФМҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің монополияға қарсы заңнаманы қолдану жөніндегі қызметінің негізгі бағыттарын зерделеу мақсатында желтоқсанда Агенттіктің қызметкерлері тағылымдамадан өтті.

Сондай-ақ қазақстандық энергетика сарапшылары делегациясының құрамында Агенттіктің өкілі Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен Энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен қазақстан-америка комиссиясының 7-ші отырысына қатысты.

Отырыс барысында энергетика, мұнай өнімдері, мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Электр энергиясы және мұнай өнімдері жөніндегі жұмыс тобы отырысында Агенттік төрағасы «Электр энергиясы және мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамыту және қорғау мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама жасау барысында АҚШ-тың Энергетика министрлігінен келген американдық әріптестермен осы салалардағы бәсекелестікті дамыту, делдалдарды жою, баға белгілеу жөніндегі, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер қаралды және талқыланды.

Энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен қазақстан-америка комиссиясының 7-ші отырысы жұмысының қорытындысы бойынша одан әрі жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындайтын, осы салаларда екі елдің ынтымақтастығын көздейтін тиісті хаттамаға қол қойылды.

Сондай-ақ бірлесе отырып, әрбір бағыт (электр энергиясы, мұнай, мұнай өнімдері, газ) бойынша әрекет ететін егжей-тегжейлі жоспар (бұдан                              әрі – Жоспар) әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Біртұтас нарықты құру инвестициялар үшін қолайлы тең жағдайды жасау, бірыңғай бәсекелестік саясатты жүргізу, табиғи монополиялардың қызметін реттеу саласында жалпы қағидаттар белгілеу, субсидиялар беру практикасын  біріздендіру, демпингке қарсы және өзге де қорғау шараларынан бас тарту, техникалық және реттеуші стандарттар мен регламенттерді және өзге де тарифтік емес кедергілерді үйлестіру, еңбек көші-қонын оңайлату есебінен қамтамасыз етілетін тауарлардың, капиталдың, жұмыс күші мен қызметтің толық еркін қозғалысын болжайды.

Агенттіктің өкілдері оны 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін әзірлеп және оған қол қою қажет болған, Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің жобасын әзірлеуге белсене қатысты.

2-тарау. Экономиканың негізгі секторларындағы бәсекелестіктің жай-күйі, бәсекелестікті дамыту жөнінде қабылданатын және

ұсынылатын шаралар

Монополияға қарсы органның негізгі жұмысы тауар нарықтарына талдау жүргізуден (бәсекелестікті шектейтін және монополистік қызметті жүзеге асыратын доминант субъектілерді/монополистерді анықтау) тұрады, оның нәтижелері бәсекелестіктің жай-күйі және оны дамытудың деңгейі, осы немесе өзге шараларды әзірлеу және қабылдау қажеттігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.

2010 жылы Агенттік тауар нарықтарының 78 тауар топтарына 29 талдау:

- АӨК – 11 (ас тұзын, ет, тауық етін, жұмыртқаны, астық өткізу; қантты көтерме және бөлшек саудада өткізу; ұнды көтерме (бастапқы) өткізу; қарақұмық жармасын өткізу; нанды, сұйық майды көтерме саудада өткізу; астық қабылдау кәсіпорындары қызметі);

қаржы саласында – 3 («Қазпочта» АҚ көрсететін қаржы қызметі,                         «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның ипотекалық кредит беруі және қызметі; сақтандыру);

байланыс саласында – 3 (почта байланысы, роуминг, Интернет желісіне қол жеткізудің қызметінің көтерме және бөлшек сауда нарығы);

ОЭК саласында – 7 (өңірлерде электр энергиясын (электрмен жабдықтау), бензинді (маркалары бойынша) және дизель отынын бөлшек саудада өткізу; энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызмет; авиациялық керосинді жеткізу; шикі мұнай өндіру және өткізу; табиғи газды өндіру және өткізу);

өзге де саларда – 5 (түйіршектелген қожды, металл қорытпасын өндіру және өткізу; күкірт қышқылын бастапқы өткізу; дәрілік заттар, цемент өткізу) талдау жүргізілді.

Аталған талдау нәтижелері республика деңгейінде мынадай нарықтардың қалыптасқандығын көрсетті:

  1.  Жоғары шоғырландырылған нарықтар – бензин (маркалары бойынша) мен дизель отынын (ЖМҚС арқылы) бөлшек саудада өткізу, шикі мұнайды өндіру және өткізу, авиациялық керосинді өткізу, электр энергетикасы, Интернет желісіне қол жеткізу қызметі, тіркелетін почта жөнелтілімдерін жіберу (тапсырыс хатты жіберу) қызметтері, өмірді сақтандыру, моногидраттағы күкірт қышқылын көтерме саудада өткізу, ас тұзын өткізу.

Бұл осы нарыққа кіру үшін жеткілікті жоғары кедергілері бар, оның ішінде әкімшілендірілген нарықтар.

2. Орташа шоғырландырылған нарықтар – АИ-80, АИ-92/93 маркалы бензинді өткізу, цементті өндіру және өткізу.

3. Төмен шоғырландырылған нарықтар, онда әртүрлі ауқымдағы өнімдермен өнім берушілердің көп саны жұмыс істейді. Бұл тауарларды (азық-түлік, астық, дәрілік заттар, мұнай өнімдері және т.б.) бөлшек саудада өткізу және басқа да нарықтар.

Жергілікті  деңгейде мынадай нарықтар:

  •  астық қабылдайтын кәсіпорындар мен элеваторлар (республиканың барлық астық өңірлерінде)  көрсететін астықты сақтау және өңдеу қызметтері монополияландырылған. Кәсіпорындар мен элеваторлардың төмен жүктемесін ескере отырып, қосымша өндірістер есебінен бәсекелестікті құру орынсыз. Сол уақытта оның жоғары экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан аталған нарыққа монополияға қарсы бақылауды сақтау қажет;
  •  ұнды көтерме саудада өткізу;
  •  сұйық майды көтерме саудада өткізу монополияландырылды.

Талдау нәтижелері бойынша бәсекелестікті одан әрі дамыту мақсатында Үкіметке және құзыретті мемлекеттік органдарға шамамен 30-ға жуық, оның ішінде заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, монополияға қарсы шешімдерді жою, экономика салалары мен секторларын монополиясыздандыру, қаржылық қызмет көрсету нарықтарында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, көлік және байланыс ірі нарық субъектілерінің инфрақұрылымына кемсітусіз кіруін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар жіберілді.

Нарық субъктілерінің қызметін бақылау және реттеу үшін Монополияға қарсы орган Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастырады және жүргізеді, оған экономикалық және әлеуметтік маңызы бар тауар нарықтарын және бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері байқалатын тауар нарықтарын талдау негізінде тұрақты түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Осылайша, монополиялық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары қызметі басқа субъектілердің еркін бәсекелестік құқығын бұзу арқылы бәсекелестікті шектеуге және жоюға бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын субъектілерге ғана қолданылады.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша Тізілімдегі нарық субъектілерінің саны 632-і нарық субъектісін құрады.

2.1. Отын-энергетикалық кешені

 2.1.1. Мұнай өнімдері нарығы

 Агенттік тұрақты негізде бағаның негізсіз өсуінің және мүмкін болатын тапшылықтың, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық факторларының жолын кесу бөлігінде мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды тұрақтандыру және реттеу жөніндегі жедел және жүйелік сипаттағы жұмыстарды жүргізеді.

Агенттік апта сайынғы негізде республика өңірлеріндегі ЖЖМ бағасына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

Агенттіктің жанында құрамына Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (бұдан әрі – ТМРА), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің, мұнай өңдеу зауыттарының және ЖЖМ-нің негізгі өнім берушілерінің өкілдері енгізілген, Мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі –Сараптамалық кеңес) жұмыс істейді.

Сараптама кеңесі отырыстарында ЖЖМ нарығындағы проблемалы мәселелер қаралады және аталған проблемалық мәселелерді жою үшін және тұтастай алғанда аталған нарықты тұрақтандыру үшін ұсыныстар әзірленеді.

2010 жылғы 9 ақпанда Сараптамалық кеңестің 3-ші отырысы өткізілді, онда «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. (Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, ЭМРМ-нің салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобаны пысықтау керектігі шешілді).

2010 жылғы 8 сәуірде мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы болжамданып отырған жағдайды талқылауға байланысты Сараптамалық кеңестің                                  4-ші отырысы өткізілді.Отырыс нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушыларына мұнай өңдеу, Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай және мұнай өнімдерін өткізу көлемін негізсіз төмендетуге және мұнай өнімдеріне жасанды тапшылық жасауға және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге ұсыным берілді.

2010 жылғы 26 мамырда республика өңірлерінде ЖЖМ-нің тапшы болуы және өңірлерге белгіленген республикалық және өңірлік операторлардың бензин мен дизель отынын жеткізу кестесін орындамауы туралы мәселелер бойынша Сараптамалық кеңестің 5-ші отырысы өткізілді. Сараптамалық кеңестің қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың республикалық және өңірлік операторлармен бірлесе отырып, өңірлерге ЖЖМ жеткізу кестесін орындау жөніндегі өз міндеттемесін уақтылы орындауын қамтамасыз ету шешілді. Бензин сапасын тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне ЖЖМ-ді бөлшек саудада өткізушілер және техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды сақтау нысанында мұнай базалары қызметін тексеру жөніндегі жұмыстарды оңтайландыруға ұсыным берілді.

2010 жылғы 9 қыркүйекте Сараптамалық кеңестің 6-шы отырысы өткізілді, онда ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай және Қазақстан Республикасының өңірлерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі аталған проблемалар туралы мәселелер талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге егін жинау науқанын және 2010 жылға жем-шөптерді дайындауды жүргізу үшін жеткілікті көлемде өңірлерге ЖЖМ-ді уақтылы және үздіксіз жеткізу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ авиациялық керосинді, бензинді және дизель отынын жеткізуді төмендету фактілері бойынша нарық субъектілеріне қатысты тергеу жұмыстарын жалғастыру шешілді.

Агенттік жүргізген мұнай өнімдерін өткізу нарығын талдау нәтижелері аталған нарықтың «ҚазМұнайгаз» ҰК», «CNPC» АҚ және «Гелиос» ЖШС компаниялары топтарымен монополияландырылғандығын растайды.

Маркалары бойынша бензинді өткізу (бастапқы өткізу) нарығы

АИ-80 маркалы бензинді өткізу нарығына жүргізілген талдау құрамында «ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ, «ПетроҚазақстан» сауда үйі» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «Sinooil» ЖШС, «Достық-Мұнай-Бейс» ЖШС, «ПЕТРОЧАЙНА Интернешнл Казахстан» ЖШС, «СНПС - АЙ ДАН МҰНАЙ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ және «Гелиос» ЖШС бар тұлғалар тобының үстем жағдайын анықтады, олардың жиынтық үлесі 68,16 %-ды құрады.

АИ-92/93 маркалы бензинді өткізу нарығына жүргізілген талдау құрамында «ПетроҚазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ, «ПетроҚазақстан» сауда үйі» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «Sinooil» ЖШС, «Достық-Мұнай-Бейс» ЖШС, «ПЕТРОЧАЙНА Интернешнл Казахстан» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «СНПС - АЙ ДАН МҰНАЙ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ және «Гелиос» ЖШС бар тұлғалар тобының үстем жағдайын анықтады, олардың жиынтық үлесі 59,93 %-ды құрады.

Нарықтық шоғырлану индексінің есебі АИ-80, АИ-92/93 маркалы бензинді өткізу нарығы нарықтың 2-ші түрі – орташа шоғырландырылған нарыққа жататындығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының өңірлері бөлігінде бензин (маркалары бойынша) мен дизель отынын (ЖМҚС арқылы) бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік деңгейіне жүргізілген талдау аталған нарықтың жоғары шоғырландырылған болып қалып отырғандығын көрсетеді.

«Гелиос» ЖШС, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «Sinooil» ЖШС және т.б.  негізгі ірі ойыншылар болып табылады.

Анықталған үстем жағдайға ие нарық субъектілері Тізілімге енгізілді. Мұнай өнімдері саласында Тізілімге енгізілген нарық субъектілерінің баға белгілеу мәселелерін ТМРА реттейді.

Талдау нәтижелері бойынша жағдайлары үстем немесе монополиялық болып танылмаған және тиісінше реттелетін нарықтардың субъектілері болып табылмайтын нарық субъектілері өз бағаларын дербес белгілеуге құқылы, бұл көп жағдайда мұнай өнімдеріне бағаның едәуір өсуіне әкеп соқты.

Осы жағдайлар қолданыстағы бағалық реттеудің нарықта алып-сатарлық негізде мұнай өнімдері құнын көтеретін делдал ұйымдардың көп болуымен негізделген өнім берушіден бастап тұтынушыға дейінгі барлық тізбек бойынша мұнай өнімдері бағасын бақылауды қамти алмайтындығымен негізделеді.

Осыған байланысты, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган нарықтан өнім бермейтін делдал ұйымдарды заңды түрде жою бөлігінде бірнеше рет ұсыныстар жіберді.

Қазіргі уақытта «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Сенатының қарауында екендігін атап өту керек.

Заң жобасының нормаларына сәйкес өткізу тізбегінде қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі бір ғана делдал буынға берілген. Бұрын нарықтан делдал буындарды толық алып тастау туралы ұсыныстар енгізілгендігін атап өту керек.

Соңғы редакцияны Мәжіліс депутаттары көтерме сауда өнім берушілерінің екінші көтерме сауда өнім берушілеріне көтерме саудада өткізуді жүзеге асыру құқығын шектеу баға белгілеу проблемасын шешпейді, нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді қиындатады, ірі көтерме сауда өнім берушілері барлық жерде емес және негізгі мұнай өнімдері базасынан алыс орналасқан жерлердегі бөлшек саудада өткізушілерді толық көлемде қамтамасыз ете алмайды деп негіздейді.

Осыған байланысты мәжілістегілер мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге ғана мұнай өнімдерін одан әрі өткізген жағдайда мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізушілердің мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізушілерге (бір буын) өткізуіне рұқсат беруді ұсынды

Бұдан басқа, заң жобасы мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын белгілеу бойынша өкілеттіктер беруді болжайды, тиісінше мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағасын көтермеу жөніндегі міндеттемелері өзгертіледі.

Заң жобасының осы нормасы қазіргі уақытта Мұнай және газ министрлігі жүзеге асырып отырған тетіктерді нығайтатындығын атап өту керек.

2009 жылдың ішінде ЖЖМ-ға сұрау салудың тепе-тең емес серпіні, ішкі нарықтың ашық сипаты, ЖЖМ-нің жекелеген түрлерінің (атап айтқанда,                             35 %-ы импортталатын жоғары октанды бензинге тапшылық және нәтижесінде бағасының секіртпелі түрде көтерілуі) қысқа мерзімді тапшылығы байқалды.

2009 жылы 13 қарашада өткен Мемлекет басшысының «Тікелей желі» қорытындысы бойынша ЖЖМ нарығындағы жағдайды реттеу және тұрақтандыру туралы Үкіметке тапсырма берілді.

Осыған байланысты ЖЖМ тапшылығы және оған бағаның негізсіз өсу проблемаларын жедел шешу үшін уәкілетті орган (ол кезде ЭМРМ) жергілікті атқарушы органдармен және ЖЖМ өнім берушілерімен бірлесе отырып, мұнай өнімдерін жеткізу кестесі әзірленді, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдері бағаларының нарықтық конъюнктурасына бағдарланған «әлеуметтік» бензин мен дизель отынына шекті бөлшек сауда бағасы ұсынылды.

Аталған ұсыныс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өткен Үкімет кеңесінде талқыланды және мақұлданды.

Тұтастай алғанда, шекті бөлшек сауда бағасы пайдаланылған арнайы тетік 2010 жылы баға серпінінде бағаның секіртпелі түрде өзгеруін жоюға мүмкіндік берді.

Алайда, Агенттік жүргізген мониторинг уәкілетті органның бөлшек сауда (шекті) бағасын өзгерткендігін анықтады, 2010 жылдың басынан бастап:

- Аи-92/93 бензиніне 82-ден 94 теңге/литрге дейінгі (14,6 %-ға өсті);

- Аи-80 бензиніне 22-ден 76 теңге/литрге дейінгі (22,6 %-ға өсті);

- дизель отынына 67-ден 77 теңге/литрге дейінгі (14,9 %-ға өсті) бағаны құрады.

Мұнай өнімдерін өткізу құны бірқатар тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнын құрайтындардың бірі болып табылады және олардың көтерілуі мультипликативтік түрде тиісті тауар нарықтарындағы бағаның көтерілуіне әсер етуі мүмкін, бұл республикада инфляциялық қысымның өсуіне әкеп соғады.

Бағаның ұлғаюы бағаны Ресей Федерациясының деңгейімен теңестіру қажеттілігіне де байланысты болды. Ресей Федерациясының Федералдық мемлекеттік статистикасы қызметінің деректері бойынша 2010 жылғы                             13 желтоқсанда Омск қаласындағы мұнай өнімдерін орташа тұтыну бағасы (4,79 KZT / 1 RUB):

- Аи-92/93 бензиніне – 108,7 теңге/литр;

- Аи-80 бензиніне – 97,4 теңге/литр;

- дизель отынына – 114,1 теңге/литрді құрады.

Бұл ретте, монополияға қарсы орган Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында мұнай өнімдері бағасының айырмашылығы салық жүктемесінің айырмашылығында екендігін атап өтті. Ресей бензині литрінде  жанама салық үлесі 50-ден астам пайызды құрайды.

Қазақстанда жанама салық үлесі орта есеппен 20-25%-ды құрайды.

Осылайша мұнай өнімдеріне бағаны одан әрі ұлғайту Қазақстанның ішкі нарығында өткізілетін бензин бағасының құрылысындағы маржаны құрайтын бағаның ұлғаюына әкеп соғады.

Осыған байланысты монополияға қарсы орган мұнай өнімдері бағаларын реттеуді бензинге акциздерді ұлғайту арқылы жүзеге асыру қажеттігі бөлігінде Үкіметке тиісті ұсыныс жіберді.

МӨЗ-де шикі мұнайды өңдеу көлемі

ПМХЗ-да шикі мұнайды өңдеу көлемі 4,09 млн. тоннаны, АМӨЗ – 3,9 млн. тоннаны, ПҚОП – 4 млн. тоннаны құрады..

МӨЗ-де өңделген отандық және импортты шикі мұнай үлесі

Бұдан басқа, талдау РФ-дан импортталатын өңделген шикі мұнай үлесі 2009 жылы Қазақстан Республикасында өңделген мұнайдың жалпы көлемінен 45,8 %-ды, ал отандық үлесі – 54,2%-ды құратындығын көрсетті.

Талдау барысында нарыққа әлеуетті бәсекелестердің және жаңа субъектілердің кіру кедергілері:

  •  шикі мұнайды өндіру және өткізу нарығында сатылай біріктірілген нарық субъектілерінің болуы, бұл жаңа субъектілердің аталған нарыққа кіруін барынша қиындатады;
  •  күрделі қаржы шығынының жоғары көлемімен және күрделі салымдардың өтелімділік мерізімдерімен байланысты экономикалық шектеулер;
  •  мемлекеттік органдар енгізетін (лицензиялау, экологиялық шектеулер және т.б.) әкімшілік шектеулер анықталды.

Авиациялық керосинді өткізу нарығына жүргізілген талдау «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС өндірген авиакеросиннің ірі өнім берушілері «ПетроҚазақстан» сауда үйі» ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ және «Санойл» ТОО болып табылатындығын көрсетеді.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ өндірген авиакеросиннің ірі өнім берушісі «Гелиос» ЖШС болып табылады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ өндірген авиакеросиннің ірі өнім берушілері «Санойл» ЖШС,  «Petroleum Operating» ЖШС болып табылады..

2009 жылы МӨЗ-дің авиациялық керосинді өндіру көлемі

МӨЗ-дің атауы

Өндіру көлемі, тонна

Үлесі,  %-да

ПМХЗ

81 938

22,50

ПҚОП

239 932

65,87

АМӨЗ

42 380

11,63

Жиынында:

364 250

100,00

Нарық жоғары шоғырландырылған ретінде сипатталады.

2009 жылы авиакеросинді жеткізу нарығын талдау нәтижелері бұрын Тізілімге енгізілген субъектілердің үстем жағдайын растады.

 

2.1.2. Электр энергиясы нарығы

Монополияға қарсы органның электр энергиясы нарығындағы бәсекелестіктің деңгейіне жүргізген талдаулары аталған нарықтың бұрынғыдай бәсекелестігі нашар дамып жоғары шоғырландырылған нарық болып қалып отырғандығын көрсетеді, жыл сайын олар нарықта өздерінің нарықтық үлестерін күшейте отырып, оның компаниялардың бірнеше топтарымен олигополиялануы көрінеді.

Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (электрмен жабдықтау).

Бөлшек сауда нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау бұрынғыдай аталған нарықта өңірлік электр желілері компанияларымен құрылған кепілдік беретін өнім берушілер үстемдік ететіндігін көрсетті.

Бұл ретте, кейбір өңірлерде мұндай компаниялардың жағдайларының күшейгендігі, шағын электрмен жабдықтау аудандарын электрмен жабдықтаумен айналысатын көптеген шағын энергия жабдықтаушы ұйымдардың нарықтан кетуіне мәжбүр екендігі байқалды. Аталған жағдай                         2009 жылдың басында электр энергиясын жабдықтаушы ұйымдар арасында электр энергиясын сату практикасына тыйым салатын электр энергиясы туралы заңнамаға енгізілген өзгерістермен негізделеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 197 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі ережесіне сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығында энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қызметі талаптарының бірі электр энергиясының көтерме сауда нарығынан орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 МВт-дан аспайтын көлемде электр энергиясын жеткізу/тұтыну бойынша талаптарды орындау болып табылады.

Қорытындысында шағын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жабдықтау көлемінің үлкен болмауына байланысты көтерме сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыра алмайды. Бұрын көтерме саудада электр энергиясын сатып алатын делдал ұйымдар мұндай ұйымдар үшін электр энергиясының өнім берушілері болып табылатын.

Осылайша, делдал ұйымдарды заңнамалық түрде жою нәтижесінде шағын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу мүмкіндігінен айырылды.

Қорытындысында, жүргізілген реформалар нәтижесінде құрылған осындай энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен босатылған бос тауашаларды өз уақытында өңірлік электр желілері компанияларымен құрылған кепілдік беретін өнім берушілер иеленуде.

Осыған байланысты Агенттік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне электр энергиясының көтерме сауда нарығынан орташа тәуліктік (базалық) қуаты 1 МВт-дан аспайтын көлемде электр энергиясын жеткізетін/тұтынатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың көтерме сауда нарығына кіруін қамтамасыз ету мүмкіндігін қарау қажеттігі туралы ұсыныс жіберді.

2.1.3 Сұйытылған көмірқышқыл газы

2010 жылдың аяғында сұйытылған газға бағаның күрт көтерілгендігі, сондай-ақ жекелеген өңірлер бойынша оған тапшылық жағдай байқалды.

Республикада сұйытылған газды өндіру көлемі ішкі тұтыну көлемінен едәуір жоғары екендігін атап өту қажет. Алайда, Қазақстан жыл сайын ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету проблемаларына тап болады, бұл сұйытылған газ экспортының едәуір көлемімен негізделеді.

Сұйытылған газ нарығында бағалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Агенттік аталған нарыққа талдау жүргізді.

Сұйытылған газды көтерме саудада (бастапқы) өткізу нарығын талдау нәтижелері бойынша Агенттік өзінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы                                          № 8-НҚ бұйрығымен бірқатар сұйытылған газдың ірі өндірушілерін, сондай-ақ көтерме сауда өнім берушілерін (мұнайды алу-берушілерді) Тізілімге енгізді.

Сондай-ақ Агенттік жүргізген талдау нәтижелері бойынша соңында сұйытылған газға соңғы бағаны ұлғайтатын алып-сатушылар санының көп болуы туралы қорытынды шығарды.

Төменде көптеген өңірлерде жұмыс істеп тұрған газбен жабдықтау схемасы берілген

Ұсынылған схема сұйытылған газды өткізу нарығындағы қазіргі кездегі проблемаларды көрсетеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында талдау нәтижесі бойынша 10-нан астам делдал ұйым анықталды, нәтижесінде өндірушінің құны бір тоннасы үшін 15 мың теңгені құрайтын газды тұтынушылар бір тоннасын 90-170 мың теңгеге алған.

Осыған байланысты Агенттік республика өңірлерінде осы тауар нарығында үстем монополиялық жағдайға ие делдал субъектілерді анықтау мақсатында сұйытылған газды өткізу нарығына қосымша талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша Агенттік 2011 жылғы 23 ақпандағы                                 № 63-НҚ бұйрығымен делдал буындар болып табылатын аталған нарықтағы ірі субъектілер, сондай-ақ сұйытылған газдың бөлшек сауда нарығындағы бірқатар субъектілер Тізілімге енгізілді.

ТМРА «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2-тармағына сәйкес сұйытылған газ нарығында Тізілімге жаңадан енгізілген  нарық субъектілерінің бағаларына сараптама жүргізуге міндетті, оның нәтижесі бойынша Заңның                     7-2-бабының 3-тармағына сәйкес реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібімен сәйкес қолданыстағы бағаны негізделген баға деңгейіне дейін төмендету туралы уәждемелі қорытынды шығарылуы мүмкін.

Алайда, қолданыстағы бағалық реттеуді талдау нәтижелері бойынша нарықта жағдайы үстем немесе монополиялық болып танылмаған делдал ұйымдар санының көп болуымен негізделетін өндірушіден бастап тұтынушыға дейінгі барлық тізбек бойынша сұйытылған газ бағасын бақылауды толық қамтуға мүмкіндік бермейді.

Агенттіктің пікірінше, делдалдармен проблема аталған сараланым нарықта ойыншылар тәртібін нақты регламенттейтін жеке заңда көрсетілмеуімен негізделеді.

Осылайша, аталған проблеманы шешу Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен әзірленген «Газ және газбен жабдықтау туралы» жаңа Заңды тез арада қабылдаудан көрінеді. Аталған заң жобасының нормаларына сәйкес өткізу схемасынан сұйытылған газды алып-сатумен айналысатын ұйым ғана алып тасталады, бұл соңында аталған нарықта баға белгілеуге оң әсер етуі тиіс.

2.2. Көлік және байланыс

2.2.1. Темір жол саласы

Темір жол саласындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау құрамына тасымалдау үдерісінің негізгі компоненттері кіретін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) бұрынғыдай холдингтік құрылым болып қалатындығын көрсетті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясы топтарының монополиялық үлесі темір жол тасымалы нарығында, оның ішінде темір жол тасымалы нарығымен сабақтас әлеуетті бәсекелестік нарықтарда сақталып отыр.

Сонымен бірге жылжымалы құрамның жекелеген түрлерін (мұнай құятын вагон-цистерналарды, ашық вагондарды) сатып алуда жеке инвестицияларды ұлғайту, сондай-ақ жылжымалы құрамды жинау жөніндегі бірлескен кәсіпорындарды құру бойынша үрдістері бар. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның деректері бойынша 2010 жылғы 1 тамыздағы жай-күй бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жалпы саны 94 868 бірлік жүк вагондарының иелері 160 компания тіркелген.

Бұл ретте, жалпы вагондар паркінің жартысынан көбі жылжымалы жүк вагонын жалға беру нарығында үстем жағдайға ие «Қазтеміртранс»  АҚ-ға тиесілі.

2009 жылғы және 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында жүргізілген  талдау қорытындылары бойынша жүк вагондары иелері компанияларының аз ғана бөлігі оларды жалға беретіндігі анықталды. Негізінен компаниялар өз вагондар паркін өздерінің қажеттіліктері (өз өнімдерін тасымалдау) үшін пайдаланады және оны пайдалануға жалға бермейді.

Сонымен бірге, республика аумағында 12 772 «бөтен» жалға алу вагондары жүр, оның 11 585 вагоны Ресей Федерациясының заңды тұлғаларына тиесілі.

Шетелдік вагондарды ескере отырып, Қазақстан Республикасында жүрген вагондардың жалпы санынан «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының үлесі  50 %-ға артық.

Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы жүктерді вагондардың тиесілігі бойынша тиеу туралы анықтама берді, оған сәйкес жүктерді тиеудің негізгі үлесін (50,4%) КЗХ-ға тиесілі («Қазтеміртранс» АҚ-ның (54391) және «Қазтранссервис» АҚ-ның (8316) жылжымалы вагондарынан тұратын) түгендеу паркі қамтамсыз етеді.

Агенттік Көлік және коммуникация министрлігінің атына темір жол саласында бәсекелестікті дамыту (оның көбі Бағдарлама мен «Кейбір заңнамалық актілерге көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында ескерілді):

- магистралды темір жол желісіне және инфрақұрылымның басқа да объектілерін кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- ұлттық тасымалдаушылар жүргізетін локомотивтік тартқыш қызметін сатып алуда лоттарды ықшамдау жөнінде шаралар қабылдау, яғни оларды бірыңғай лоттар бойынша емес, белгілі учаскелер бойынша ойнату;

- пайдаланушылардың (тасымалдаушылардың, билеттерді сату жөніндегі агенттіктің) АСУ ЭКСПРЕСС жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне тең қол жетімділікті қамтамасыз ету;

- әділ тарифті белгілеу мақсатында жүк және жолаушылар тасымалы қызметіне тарифтерді қалыптастырудың ашық саясатын қамтамасыз ету;

- темір жол тасымалдарын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру арқылы жеке меншік темір жол тасымалы нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар жіберді.

 

2.2.2. Телекоммуникация

Бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Агенттік Интернет желісіне қол жеткізу қызметінің көтерме және бөлшек сауда нарығына талдау жүргізді.

Талдау Интернет желісіне қол жеткізу қызметі нарығы байланысының дәстүрлі операторларының инфрақұрылымы аз дәрежеде пайдаланылатын сараланымдарында орташа шоғырланған нарыққа өту үрдісімен жоғары шоғырланған нарық болып табылатынын көрсетті.

Қазіргі кезде ұялы байланыс операторларының үшінші ұрпақ желілерін (3G) өрістетуімен, сондай-ақ нарықта WiMax 4G технологиясы бойынша Интернетке сымсыз қол жеткізуді ұсынатын жаңа ойыншылардың пайда болуына байланысты аталған нарықта бәсекелестікті дамыту күтілуде. Нарыққа осы компаниялардың кіруі дәстүрлі оператор «Қазақтелеком» АҚ-ға бәсекелестік тудырады.

Бұл ретте әртүрлі, оның ішінде 3G технологияларын ұйымдастырумен Интернет желісіне қол жеткізу қызметі негізінен, халқының тығыздығы жоғары ірі қалаларда көрсетіледі.

Халқы аз жерлерде, тұтынушылар тығыздығы төмен өңірлерде едәуір қол жетімді және жылдам ұйымдастырылатын тәсіл телефон байланысының сол кездегі желілерін пайдалана отырып, Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізуді ұйымдастыру болып табылады.

Деректерді берудің көтерме сауда (желіге бастапқы немесе операторлық қол жеткізу) нарығында да, бөлшек сауда нарығында да (желіге қол жеткізудің екінші нарығында) «Қазақтелеком» АҚ үстем жағдайға ие, бұл олардың магистралдық ресурстардың үлкен бөлігін иеленуімен байланысты. «Қазақтелеком» АҚ аталған нарықта маңызды ықпал етеді, олар көрсететін қосу шарттары байланыстың баламалы операторларының дамуына байланысты болады.

Талдау қорытындылары бойынша деректерді берудің көтерме сауда  нарығындағы байланыстың негізгі операторлары «Қазақтелеком» АҚ, «Нұрсат» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазтранском» АҚ, «Астел» АҚ болып табылады.

Уәкілетті органмен берілген деректерді беру қызметін ұсыну жөніндегі лицензиялар санының көптігіне (400-ден астам) қарамастан,                     «Қазақтелеком» АҚ, «Нұрсат» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазтранском» АҚ бөлшек сауда нарығында көп үлеске ие, олар Бәсекелестік туралы заңға сәйкес 35 %-дан үстем үлесті құрайтын, бір тұлғалар тобына кіреді.

Талдау барысында Интернет-қызметі нарығын дамытуға әсер ететін мынадай проблемалық мәселелер анықталды:

1. Тұтынушыларға қол жеткізу инфрақұрылымына ие байланыс операторлары үстемдігінің жоғары дәрежесі;

2. Қалалық, әрі ауылдық жерлерде де Интернет қызметіне сұраныстың тұрақты өсуіне қарамастан, операторлар өз желілерін негізінен қалаларда, облыс орталықтарында құрайды және жаңғыртады. Ауылдық жерлердегі Интернет желісіне қол жеткізу қызметі нарығы бұрынғыдай сымсыз технология байланысының операторлары үшін жоғары күрделі шығындар және халықтың төлеу қабілеті деңгейінің жоғары болмауына байланысты тартымсыз болып қалып отыр.

3. Соңғы тұтынушы үшін белгіленген тарифтермен салыстырылатын, бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға кедергі келтіретін, Интернет желісін бөлшек сауда провайдерлеріне арналған жоғары көтерме сауда тарифтері.

4. Қазақстанда перспективалы технологияларды (оның ішінде 3G, 4G). енгізуді тежейтін  еркін радиожиілік ресурсының тапшы болуы. 90% -дан астам радиожиілікпен әскери қызмет қамтылған, ал азаматтық қызмет үлесіне  радиожиілік спектрдың кемінде 5%-ы ғана келеді.

5. Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу абоненттерінің саны бойынша әлемнің дамыған елдерінің көрсеткіштерінен едәуір артта қалуда. Интернетке қол жеткізу жылдамдығы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.

6. Дамыған елдермен салыстырғанда қазақстандық провайдерлердің Интернеттің әлемдік ресурстарын төлеу шығыстарының жоғары деңгейімен және қазақстандық контенттің нашар қорлануына байланысты Интернет желісіне қол жеткізудің жоғары тарифтері.

7. Нарыққа кіру кедергілері ретінде аталған нарықтың субъектілері «Қазақтелеком»АҚ-ның іс-әрекетін Интернет желісіне қол жеткізу нарығында бәсекелестікті шектейтін іс-әрекет екендігін көрсетті (оның қатарында: жоғары көтерме сауда тарифтері, тұтынушыларға әр түрлі шарттарды қолдануы, өз желісіне қосуда Интернетке қол жеткізудің техникалық шарттарын алу кезіндегі кедергілер).

8. Интернет желісіне бөлшек және көтерме саудада қол жеткізу қызметтерін көрсетуді реттейтін нормалардың болмауы, бұл қызмет сапасының өлшемдерін, оның түрін, соңғы тұтынушының мүддесінде ұсыну шарттарын айқындауға мүмкіндік бермейді.

Интернет желісіне көтерме және бөлшек сауда нарығында қол жеткізу нарығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша Агенттік бәсекелестікті дамыту мақсатында Интернет желісіне қол жеткізу нарығындағы үстем операторларды Тізілімге енгізді, бұл уәкілетті органның аталған қызметке бағаны реттеуіне және үстем жағдайды теріс пайдалануының жолын кесуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне мынадай:

1) ашық және кемсітусіз оператораралық қосуларды қамтамасыз ету; телекоммуникациялардың инфрақұрылымына тең ашық қол жетімділікті қамтамасыз ету жөнінде, (ADSL, Wi-Fi, Wi-Max, 3G, 4G) технологиялар бойынша жоғары жылдамдықтағы қол жетімділікті дамыту жөнінде шаралар;

  1.  деректерді беру қызметін көрсетуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды қабылдау туралы;
  2.  сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес баға белгілеу тәртібінде үстем оператордың бағаларына сараптама жүргізу туралы ұсынымдар жіберілді.

Агенттік жалпы Қазақстан Республикасы бойынша да, өңірлер бөлігінде де  (2009 жылдың қорытындысы бойынша) почта байланысы қызметі нарығына талдау жүргізді.

Бүгінгі күні почта байланысы қызметі нарығында почта операторларының 3 түрін: «Қазпочта» АҚ – почта байланысының ұлттық операторы, почта байланысының халықаралық баламалы операторы (жеделдетілген және шабармандық почтаның өнім берушілері - «DHL», «FеdEx», «UPS»); сондай-ақ жекелеген облыс орталықтарында қызмет көрсететін отандық компанияларды анықтауға болады

Аталған талдау шеңберінде Агенттік почта қызметі                                 нарығында бәсекелестіктің жай-күйін бағалау үшін оның жеке сараланымын  -  тіркелетін почта жөнелтілімін (тапсырыс хатты жіберу) жіберу қызметін қарады.

Талдау қорытындылары бойынша тіркелетін почта жөнелтілімін жіберу қызметін көрсететін 3 нарық субъектісі анықталды. Нарық жоғары шоғырландырылған болып табылады, «Қазпочта» АҚ-ы 98,9 % үстем үлеспен үстем жағдайға ие.

Елді мекендердің едәуір алшақ орналасуына, төмен табыстылығына, инфрақұрылымның дамымауына, халық тығыздығының төмендігіне байланысты почта байланысының операторлары негізінен қызметті пайдаланушы халық болып табылатын ауыл сараланымына қатысуға мүдделі емес.

Сонымен бірге, «Қазпочта» АҚ-ның 2007 -2010 жылдар кезеңіндегі                           20 граммға дейінгі салмақтағы тапсырыс хаттарды жіберу қызметінің тарифтеріне талдау жүргізілді, нәтижесінде «Қазпочта»АҚ-ның жыл сайын жеке және заңды тұлғалар үшін республика ішінде, сондай-ақ алыс шетелдерге  тапсырыс хаттарды жіберу тарифтерінің едәуір өскендігі анықталды.                               2007 жылмен салыстырғанда жеке және заңды тұлғалар үшін жер үсті және авиатәсілмен тапсырыс хаттарды жөнелту тарифі 2008 – 2009 жылдар кезеңінде 4%-дан 64%-ға дейін өскен. Жеке және заңды тұлғалар үшін тапсырыс хаттарды алыс шетелдерге жөнелту тарифі 2009 – 2010 жылдар кезеңінде                50%-дан 111%-ға дейін өскен.

«Қазпочта»құрамында 3539 почта бөлімшелері бар, оның ішінде почта байланысының қалалық бөлімшелері (ПБҚБ) – 595, почта байланысының ауылдық бөлімшелері (ПБАБ) – 2445, почта байланысының жылжымалы бөлімшелері (ПБЖБ) – 83, почта байланысының пункті (ПБП) – 4165.

Почта байланысының аталған бөлімшелері негізгі (почта) әрі қаржылық қызметтерді көрсететін орын болып табылады.

Бүгінгі күні «Қазпочта» АҚ-ы ауылды жерлердегі почта байланысы қызметінің жалғыз өнім берушісі болып табылады.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Қазпочта» АҚ аталған қызметтерге тарифтерді реттеу мақсатында («Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына сәйкес почта байланысы қызметінің нарығы реттелетін нарықтарға жатады) тапсырыс хаттарды жөнелту қызмет түрі бойынша Тізілімге енгізілді.

2.3. Қаржы секторы

Қаржы тұрақтылығы және қаржы нарығын реттеу жөніндегі кеңестің жұмыс шеңберінде Агенттік 2010 жылы қаржы тұрақтылығы жүйесі тәуекелдерін барынша азайту және оның қаупінің алдын алу мақсатында республиканың қаржы жүйесін дамыту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысты.

«Қазпочта» АҚ (бұдан әрі – АҚ) көрсететін қаржы қызметі нарығына жүргізілген талдау нәтижесінде олардың екінші деңгейдегі банктер көрсететін қызметтермен өзара алмасуы нысанында халыққа қаржылық қызмет көрсету бойынша АҚ-ның қызметі зерделенді, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде және аудандарда АҚ мен екінші деңгейдегі банктер көрсететін қаржылық қызметтерінің көлемдері бойынша нарықтық үлестер белгіленген.

2010 жылдың басында республиканың ауылдарында АҚ-ның почта бөлімшелерінің 69%-ы және банк бөлімшелерінің 15%-ы жұмыс істегені белгіленді.

Бұдан басқа, (қалаларды қоспағанда) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер, райондар бөлігінде 10 екінші деңгейдегі ірі банктердің белсенді өңірлік желісі анықталды, нарыққа кіру кедергілері белгіленді және ауылда қаржы қызметін көрсету бөлігінде АҚ-ның жекелеген проблемалары анықталды.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы аумақтардағы кенттерде және Қазақстан Республикасының географиялық шегіндегі ауылдық елді мекендерде «кассалық» және «аударым» операциялары бойынша АҚ мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның үстемдік белгілері анықталды.

Нәтижесінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы аудандық маңызы бар қалалардағы, сондай-ақ олардың әкімшілік бағынысындағы аумақтардағы кенттердегі және ауылдық елді мекендердегі АҚ-мен                 «35%-дан астам» үстем үлеспен «аударым операциялары» қызмет түрі бойынша, сондай-ақ 50%-дан астам жиынтық үстем үлеспен «кассалық операциялар» қызмет түрі бойынша Тізілімге енгізілді.

Ипотекалық кредит беру нарығын және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ»АҚ) қызметін талдау қорытындысы бойынша ипотекалық қарыздар беруді                            24 екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) және 7 ипотекалық ұйым жүргізгені белгіленді.

Талдау барысында ипотекалық қарыздар беру көлемінің қысқартылғандығы атап өтілді: 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 36,53 %-ға қысқарғандығы, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда (деректердің 2010 жылғы 1-тоқсандағы жай-күйі бойынша екендігін ескеру қажет) 86,06%-ға қысқарғандығы байқалды.

Бұдан басқа, несие портфелі сапасының серпіні 2009, 2010 жылдар кезеңінде ЕДБ-ның несие портфеліндегі стандарттық кредит берулердің үлесінің азайғандығын көрсетті.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру көлемінің қысқаруы түрлі күрделі дәрежемен басқа нарықтардың жұмыстарын қиындатқан ғаламдық қаржылық дағдарыспен байланысты болды. Кредит беру көлемінің төмендеуімен қатар кепілдіктер құнсызданды, бұл ЕДБ мен ипотекалық ұйымдардың кредит беру портфелінің жай-күйінің күрт төмендеуіне әкеп соқты.

Нарықты зерделеу ипотекалық кредит беру халықтың барлық жігі үшін тұрғын-үй проблемаларын шешудің шешімі болып табылмайтындығын көрсетті. Бұл жағдайда ипотекалық өнім халықтың орта, ортадан жоғары, элиталық сыныптағылар үшін қол жетімді. Халық салыстырмалы төмен жалақымен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне немесе жалға берілетін тұрғын үй жүйесіне бағдарлануы қажет. Халықтың әлеуметтік әлсіз жігіне түрлі әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілуі тиіс.

Ипотекалық кредит берудің күшті және әлсіз жақтары

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  •  халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттің әлеуметтік мәселелерін шешу;
  •  кредит беру үдерісінде жеке қатысатын (бағалау компаниялары, сақтандыру компаниялары сияқты) ұйымдарды дамытуға ықпал ету;
  •  әріптес банктер үшін орта және ұзақ мерзімді қарыз алу көздерінің пайда болуы;
  •  экономиканың нақты секторын, атап айтқанда құрылыс және олармен сабақтас салаларды қаржыландыру, ескі тұрғын үй қорын алмастыру және қайта қалпына келтіру проблемаларын шешу, инфрақұрылымды дамыту
  •  нарықтың дамымағандығы;
  •  қызметтің жоғары құны;
  •  халықтың қалың жігі үшін қол жетпеушілік;
  •  уақытша және материалдық жоғары шығасыларды талап етеді;
  •  проблемалы кредиттермен байланысты жоғары тәуекелдер;
  •  әлемдік қаржылық жағдайларға тәуелділік

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі  – ҚИК) банктер мен ипотекалық ұйымдарға өзінің баға белгілеу ставкасы бойынша (инфляция деңгейіне, инвесторлар маржасына, ҚИК маржасына, сақтандыру резервтеріне және эмиссия шығыстарына байланысты) ақшалай қаражат бере отырып, оның ішінде жылжымайтын мүлікке кепілдік ретінде ипотекалық облигацияларды шығару және орналастыру арқылы қаржы операторы ретінде  жұмыс жасайды.

Еншілес ұйымды құрумен «ҚИК» ИҰ» АҚ халыққа тікелей ипотекалық кредит беру құқығын алды.

Сонымен бірге, мемлекеттің тұрғын үй жинақтары жүйесіне қатысуы ипотекалық кредит беру нарығын дамытудың басында негізделген деп санаймыз.

Қатысушылардың жеткілікті санын ескере отырып, ипотекалық кредит беру нарығын кейінгі жылдары дамыту үшін мемлекет орта мерзімді перспективада ҚИК қызметін бәсекелес ортаға беру мүмкіндігін қарауы қажет. Осы кезеңде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның халыққа тікелей кредит беру мүмкіндігі бар және нарықтың басқа қатысушыларымен тең ұстанымда болуы тиіс.

 

«ҚИК» АҚ қызметінің күшті және әлсіз жақтары

тұтастай алғанда

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  •  ЕДБ пен ипотекалық ұйымдар тәуекелдерін әртараптандыру;
  •  мемлекеттің әлеуметтік мәселелерін шешу;
  •  халықтың тұрғын үй проблемаларын шешу жолдарының бірі;
  •  кредит беру үдерісінде жеке қатысатын (бағалау компаниялары, сақтандыру компаниялары сияқты) ұйымдарды дамытуға ықпал ету;
  •  осы саладағы едәуір тәжірибесіне байланысты бәсекелестік басымдықтары
  •  әріптес банктерге қойылатын жоғары талаптар;
  •  проблемалы кредиттермен байланысты жоғары тәуекелдер;
  •  тұтастай алғанда қаржы жүйесінің жоғары тәуекелдері;
  •  әлемдік қаржы жағдайына тәуелділік;
  •  қарыз алушылардың төменгі сапасы;

халық үшін

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мемлекеттің ең маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірін шешу:

  •  халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  •  тұрғын үй жағдайларын жақсарту;
  •  елдің тұрғын үй қорын жаңарту;
  •  кредит беру жағдайларын жақсарту
  •  көрсетілетін қызметтің жоғары құны;
  •  жылжымайтын мүлік бағасының жоғары деңгейі;
  •  макроэкономикалық тұрақтылыққа жоғары тәуелділік;
  •  қаржы нарығының құбылмалығы;
  •  %ставокасын реттеудің болмауы
  •  қорландырудың халықаралық және жергілікті көздеріне жоғары тәуелділік

Сақтандыру нарығын талдау. Қазіргі уақытта бөлшек саудадағы клиенттерге бағдарланған сақтандыру компаниялары арасындағы бәсекелестік негізінен сақтандырудың міндетті түрлері бойынша не болуы банктік кредитті алудың міндетті талабы болып табылатын сақтандыру түрлері бойынша дамыған.  

Еркті сақтандыру жүйесінде шоғырланудың жоғары деңгейімен өмірді сақтандыру нарығы ерекшеленеді.  

Мүлікті ерікті сақтандыру саласында мынадай: су көлігін, АҚЖ-ны, әуе және су көлігі иелерін сақтандыру, ипотекалық сақтандыру, қарыздарды, кепілдіктер мен кепілгерлікті сақтандыру, сот шығыстарын сақтандыру және басқа да қаржылық залалдардан сақтандыру нарығында жоғары шоғырланумен сипатталады.

Талдау нәтижелері бойынша сақтандырудың көрсетілген сыныптары бойынша сыйлық берудің үлкен бөлігі екінші деңгейдегі банктермен аффилиирленген ірі сақтандыру компанияларында жинақталған, бұл банк клиенттерін сақтандыру үлесінің бөлшек саудада сақтандырудан басым болу белгілерін білдіреді. Сақтандыру нарығының мұндай сипаты мүлікті еркін сақтандыру нарығына басқа сақтандыру компанияларының кіруі үшін кедергілер жасайды, бұл бәсекелестікке теріс ықпал етеді және саланы дамытуға тежеуші әсер етеді, сондай-ақ өзінің тұрақты тауашасы бар сақтандыру компаниялары үшін ынталандырмайтындай әсер етеді, бұл олардың нарықтың өзгеріп отыратын қажеттілігіне жедел ден қоюына кедергі келтіреді.

 

 2.4. Өзге де салалар және нарықтар

Өнеркәсіп, құрылыс материалдары және ауыл шаруашылығы салаларында 2010 жылы тауар нарықтарына 14 талдау жүргізілді, олар:

- ас тұзын өткізу;

- қантты көтерме және бөлшек саудада өткізу;

- ет, жұмыртқа, астық өткізу;

- астық қабылдау кәсіпорындарының қызметтері;

- ұнды, қарақұмық жармасын көтерме саудада (бастапқы) өткізу;

- нанды, өсімдік майын көтерме саудада өткізу;

- түйіршіктелген қож, цемент өндіру және өткізу, күкірт қышқылын бастапқы өткізу.

2.4.1. Өнеркәсіп және құрылыс материалдары нарығы

Түйіршіктелген қож өндіру және өткізу нарығы. Қазіргі кезде түйіршіктелген қож өндіру нарығында 3 нарық субъектісі - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Қазфосфат» ЖШС және «Южполиметалл» өнеркәсіптік корпорациясы» АҚ жұмыс істейді.

Талдау барысында 2009 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша түйіршіктелген қож өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің үлестері айқындалды: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ- 79,87%, «Қазфосфат» ЖШС - 20,13%. Көрсетілген кәсіпорындардың жиынтық үстем үлесі 100%-ды құрады..

Түйіршіктелген қож өндіру нарығында республиканың географиялық шекараларында үстем жағдайға ие нарық субъектілері анықталды: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ - 62,7% және «Қазфосфат» ЖШС - 36,8%.

Цемент өндіру және өткізу нарығы. 2009 жылдың қорытындысы бойынша цементті көтерме саудада өткізу нарығында «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ мен «Семей цемент зауыты» ЖШС-ның (жиынтық үлесі 50%-дан астамды құрайды, Алматы облысы және Алматы қаласы, ШҚО), «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ мен «Central Asia Cement» АҚ-ның (жиынтық үлесі 50%-дан астамды құрайды, Ақмола облысы және Астана қаласы, Қарағанды облысы), «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ-ның (үлесі 35%-дан астамды құрайды, Қостанай, Маңғыстау және Атырау облыстары), «Central Asia Cement» АҚ-ның (үлесі 35%-дан астамды құрайды, СҚО), «Шымкентцемент» АҚ мен «САС-Төбе Технолоджис» ЖШС-ның (жиынтық үлесі 50%-дан астамды құрайды, ОҚО), «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ мен «Шымкентцемент» АҚ-ның (жиынтық үлесі 50%-дан астамды құрайды, Қызылорда облысы) үстем жағдайы анықталды.

Аталған нарық орташа шоғырландырылған, бәсекелестігі дамыған деп сипатталды.

Күкірт қышқылын бастапқы өткізу нарығы. Моногидраттағы күкірт қышқылын негізгі тұтынушылар минерал тыңайтқыштарды өндіруші кәсіпорындар – «Қазмырыш» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС болып табылады, өткізудің жалпы көлемінде олардың жиынтық үстем үлесі 50%-дан асады.

Моногидраттағы күкірт қышқылын көтерме саудада өткізу нарығы жоғары шоғырландырылған түрге жатады.

Осыған байланысты, Агенттік «Қазмырыш» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ны 50%-дан астам үстем үлеспен Қазақстан Республикасының географиялық шекараларында моногидраттағы күкірт қышқылын бастапқы өткізу қызмет түрі бойынша Тізілімге енгізді.

2.4.2. Азық-түлік тауарлары нарығы

2010 жылы Агенттік Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобына басшылық етті, оның қызметінің нәтижесінде негізгі азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды.

Жұмыс тобы жүргізген талдау өңірлердегі жедел жұмыстардың кемшіліктерімен қатар (болжамды деректердің жоқтығы және т.б.) агроөнеркәсіптік нарықтарда шешім қабылдауды талап ететін бірқатар жүйелі проблемаларды анықтады.

Сонымен қатар, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Жұмыс тобы жүргізген талдау барысында жергілікті атқарушы органдардың азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарының нәтижелері атап өтілді:

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу үшін қажетті жағдайлар жасалды;

- ішкі нарық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы тікелей жеткізу жолымен жеміс-көкөніс өнімдерімен молықтырылды;

- жаңа өндірістер құрылды, көтерме-бөлшек саудада өткізудің инфрақұрылымы, логистика (элеваторлар, мал бордақылау алаңдарын, мал сою алаңдарын, құс фабрикаларын, сүт тауарлары фермаларын, жылыжайлар, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын салу және т.б.) дамыды, жаңа өндірістер құрылды, көтерме-бөлшек саудада өткізу инфрақұрылымы дамыды;

- әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілер мен жеткізушілердің көтерме сауда бағаларына сауда үстемеақылары мөлшерінің негізділігі айқындалды.

Әкімдіктер тауар интервенцияларын өткізді, бұл бағаны тұрақтандыру мен төмендетуге әкеп соқты. Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 20-30%-ға төмен бағамен өткізілді.

Жұмыс тобы азық-түлік тауарлары нарығындағы жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізеді (бағаның ең үлкен өсуі орын алған тауар топтары айқындалды, проблемалар мен кемшіліктер анықталды, оларды шешу жөніндегі шаралар әзірленді).

2007 - 2010 жылдар кезеңінде азық-түлік тауарларына бағалар серпінін талдау салыстырмалы заңдылықты көрсетті.  Бағаның қысқы және көктемгі кезеңдерде өсуі және жазғы және күзгі кезеңдерде төмендеуі.

Бұл ретте, талданатын кезеңдерде азық-түлік өнімдеріне баға серпініне әсер ететін бірқатар негізгі ішкі факторлар анықталды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін қысқарту. Азық-түлік тауарларына бағаның күрт өсуі 2007 жылғы қазан айында байқалды, бұл бірінші кезекте өткен жылдардағы астық түсімінің                       (2004 жылы – 12374,2 мың тонна, 2005 жылы – 13781,4 мың тонна және                  2006 жылы - 16511,5 мың тонна) төмен болуы салдарынан болып табылады. Аталған фактор ретінде қарақұмық жинаудың төмендігіне байланысты                   (2009 жылы 61,5 мың тоннадан бастап 2010 жылы 34,1 мың тоннаға дейін)                   2010 жылғы қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін қарақұмық жармасына бағаның өсуін келтіруге болады.

2010 жылы астық түсімі айтарлықтай төмендегенін атап өту керек,                2009 жылы 20830,5 мың тонна, 2010 жылы 12185,2 мың тонна астық жиналды.

Бұл ретте, дәнді дақылдар түсімінің көрсеткіштері азық-түлік тауарлары нарықтарына тікелей ықпал етеді, бұл туралы ұн, сиыр еті, жаңа сүт және өсімдік майына баға серпіні куәландырады.

Инфрақұрылым объектілерінің жоқтығы. Республика бойынша жеміс сақтау қоймаларымен қамтамасыз етілу 53%-ды құрайды, жұмыс істеп тұрғандардың айтарлықтай бөлігі жеміс-жидектерді ұзақ уақыт және сапалы сақтау талаптарына жауап бермейді.

Бұл ретте, өнім жинау кезеңінде азық-түлік өнімдерінің қажетті қорын   төмен бағамен жинау қысқы және көктемгі кезеңдерде бағаның күрт өсуін болдырмас еді. Мысалы, картоп бағасы жыл сайын тамыз және қыркүйек айларында айтарлықтай төмендейді.

Сиыр етіне баға серпіні бағаның айтарлықтай өсуі сәуір және мамыр айларында орын алатынын көрсетті, бұл мал сою көлемінің қысқаруына байланысты болады.

Аталған проблеманы ұсыныс төмендеген кезеңде кейіннен өткізу үшін ет қорының қажетті көлемін жинау жолымен шешуге болар еді.

Жеке нарықтарға (базарларға) кіру кедергілерінің болуы.                      ЭДСМ Сауда комитетінің деректері бойынша сауда алаңдарының жалпы көлемінің 67%-ын сауда нарықтары алады. Демек, тамақ өнімдерінің негізгі бөлігі сауда нарықтары арқылы өткізіледі.

Сонымен қатар, жеке сауда нарықтарында бөлшек саудада өткізушілерден автокөліктің кіруіне ақы төлеуден бастап электр энергиясына жеке төлеуге дейін түрлі алым-салықтар алынады.

Аталған фактілер, сондай-ақ жалдау ақысы мен ветеринариялық зертхана қызметінің жоғары құны бөлшек саудада өткізушілердің өз сауда жүктемесін арттыруға мәжбүрлейді.

Осы мәселелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы            5 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесінің шеңберінде реттеу қажет.

Бұл ретте аталған ережеде нарықтар әкімшілігінің жауапкершілігін көздейтін бөлім алып тасталғанын атап өту керек.

Реттелетін қызметтерге және ЖЖМ бағасына тарифтердің өсуінің мультипликативті әсері. Тұрғын үй қызметтеріне, су, электр энергиясы, газ және отынның өзге де түрлеріне тарифтердің өсуінің жалпы инфляцияға үлесі 2009 жылы 0,879%-ды құрады.

Үлестің төмен көрсеткіштеріне қарамастан, тарифтердің алдағы уақытта өсуі туралы факт тауарлар мен қызметтердің барлық түрлеріне, оның ішінде тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне айтарлықтай мультипликативті әсер етеді.

Азық-түлік тауарлары бағасының серпініне тарифтердің өсу әсерінің көрнекі мысалы 2007 жылдың аяғында бағаның өсуі болып табылады.

Осыған байланысты, реттелетін қызметтерге және ЖЖМ бағасына тарифтердің кезең-кезеңмен өсу тетігін енгізу мүмкіндігін қарау қажет.

2010 жылы Агенттік азық-түлік тауарлары нарықтарына талдау жүргізді.

Ас тұзын сату нарығына жүргізілген талдау нарықтың бәсекелестігі жетілмеген, жоғары шоғырландырылған нарық екенін көрсетті. Нарықта ас тұзын ірі жеткізуші «А+Соль» ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) жұмыс істейді, оның үлесі 57,8%-ды құрайды.

ЖШС Қазақстан Республикасының географиялық шекараларында              35%-дан астам үстем үлеспен «ас тұзын (йодталған) көтерме саудада өткізу» қызмет түрі бойынша Тізілімге енгізілді.

 Қант сату нарығын талдау нәтижелері бойынша нарықта 2 тұлғалар тобы: құрамында «Қант» АҚ, «Көксу-Шекер» АҚ, «Алматы Қанты» АҚ, «Алматинский Сахар» АҚ бар «Қант» АҚ тұлғалар тобы және құрамында «Азия Сахар» АҚ, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Алакөл қант зауыты» ЖШС бар «Азия Сахар» АҚ тұлғалар тобы жұмыс істейтінін анықтады.

Талданатын кезеңде қантты бастапқы жеткізу нарығында «Қант» АҚ тұлғалар тобының жалпы үлесі 65,5%-ды, ал қантты қайталама жеткізу нарығында «Gas Development» ЖШС-ның («Қант» АҚ-ның еншілес компаниясы) үлесі 62,5%-ды құрады.

Қантты бастапқы жеткізудің жалпы көлемінде «Азия Сахар» АҚ тұлғалар тобының үлесі 34,85%-ды құрайды.

Бұл ретте, Агенттік «Қант» АҚ, «Алматинский Сахар» АҚ, «Алматы Қанты» АҚ, «Азия Сахар» АҚ, «Көксу-Шекер» АҚ-ның негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерін меншігіне алуды қамтитын «Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС-ға экономикалық шоғырлануға рұқсат берді.

Осыған байланысты, барлық жоғарыда аталған қант зауыттары Агенттік басқармасының 2011 жылғы 19 наурыздағы шешімімен Тізілімге (тұлғалар тобы ретінде) енгізілді. Осылайша, нарықта «Центральноазиатская Сахарная Корпорация» ЖШС атынан жалғыз субъект пайда болды.

Ет және ауыл шаруашылығы малдарын сою нарығын талдау нәтижелері бойынша отандық мал өсіру шаруашылығында малдың барлық түрінің санының жыл сайынғы өсуі байқалғаны анықталды, ол  орта есеппен                4-5%-ды құрайды.

Ет өндірушілер ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа (фермер) қожалықтары және тұрғындар шаруашылығы болып табылады.

Кестеден көрініп тұрғандай, ет өндіру құрылымында ірі қара мал етінің үлесі басым (45%), шошқа (24%), ұсақ қара мал (15%), жылқылар (8%), құс (7%) және өзге де малдар (1%).

Көбінесе өндірушілер ұсақ жеке аулалар және заңды тұлғалар болып табылады, олар үшін жеткізу бойынша (арнайы көлікпен тасымалдау) барлық шығындарды ескере келе, саны аз тірі малды көтерме сауда бағасы бойынша өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылады.

«Ветеринария туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда жануарларды сою мамандандырылған сою пункттерінде, олар болмаған жағдайда – барлық ветеринариялық нормалар мен ережелерді сақтай отырып, уақытша сою алаңдарында жүргізілуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою Үкімет бекіткен тәртіппен берілетін есептік нөмірлері бар сою пункттерінде, сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары) және ет өңдеу кәсіпорындарында ғана жүзеге асырылады.

Салада бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар ретінде:

- етті бағытты ірі қара мал санын ұлғайтуға бағытталған шаралар қабылдау, сондай-ақ етті бағытты құс фабрикасы желілерін құру;

- мамандандырылған ауыл шаруашылығы жануарларын сою пункттерін (сою алаңдары, ет өңдеу кәсіпорындары) салу жұмыстарын жеделдету;

- делдалдардың қатысуын азайта отырып, ірі ет өндірушілер мен импорттаушылар және отандық сауда желілері арасында тікелей шарттар жасасу мәселесін пысықтау;

- мамандандырылған сою пункттерінің жұмысын қадағалау және                      өз қызметіне бағаны негізсіз көтеру фактілерінің жолын кесу;

- төмендетілген тарифтер бойынша ет әкелуге квота көлемін арттыру қажет.

Тауық етін өткізу нарығы. Бүгінде нарықта 38 құс фабрикасы жұмыс істейді оның ішінде 13-і етті бағытта.

Талданатын кезеңде тауық етін өндіру көлемінің 2009 жылмен салыстырғанда 30%-ға артқаны атап өтіледі, осылайша тұтыну да өсті. Тауық еті импортының негізгі ағыны АҚШ-тан келеді, оның құс еті импортының жалпы көлеміндегі үлесі 90%-ды құрайды.

Тауық етінің бәсекеге қабілетсіздігінің басты проблемаларының                     бірі - өзіндік құнды айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ өнім сапасын жақсартуды ынталандыратын өз орталықтандырылған малды асылдандырушы орталықтың жоқтығы болып табылады.

Бұдан басқа, ет және үй құсының тағамдық қосалқы өнімдерін шығару мамандандырылған және мамандандырылмаған қуаттарда жүзеге асырылды. Құс санының өсуіне және өнімділігінің артуына қарамастан, құс фабрикаларының қаржылық жағдайы тұрақсыз болып қалуда. Құс етін өндірудің рентабельділік деңгейі тұрақсыз және егер жұмыртқа өндіру рентабельді болып қалатын болса, құс етін өндіру негізінен залалды болады.

 Жұмыртқа өткізу нарығы. Қазіргі уақытта Тізілімде тауық жұмыртқасын көтерме саудада өткізу бойынша 4 нарық субъектісі                         тұр - «Север-птица» АҚ (Қостанай облысы), «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС, ҚФ «Баско» ЖШС, «Фирма Алекри» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы).

Тауық жұмыртқасын өндіруде ең үлкен үлес салмағын Алматы (республика бойынша өндірудің жалпы көлемінің 27,4%-ы), Қостанай (13,9%), Шығыс Қазақстан және Ақмола (9,5%) облыстары иеленеді.  

Тұрғындар шаруашылығында және шаруа қожалықтарында құс өндіруді дамытуды тежейтін проблема өндірілген өнімді өткізудің күрделілігі болып табылады. Тұрғындар өз өнімінің артығын негізінен нарықта өткізеді. Алайда, көптеген ауылдық елді мекендер ірі қалалардан алыс жерде орналасқан, бұл өндірілген өнімді өткізуді айтарлықтай қиындатады, ал құс шаруашылығы өнімі (жұмыртқа) ұзақ сақтауға келмейді және оны тасымалдау қиын. Санамаланған себептер салдарынан құс шаруашылығының өндірілген өнімінің тауарлылығы өте төмен болып қалады.

Астық өткізу нарығы. Астық нарығы сатушылар мен сатып алушылардың көп санымен сипатталады, сондықтан жетілген бәсекелестікке ең жақын болып табылады.

Бұл ретте, астықты ең ірі өндірушілер және экспорттаушылар                          «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Алиби Агро» ЖШС, «Холдинг Қазэкспортастық» АҚ, «Богви» ЖШС, «Аgro-Star» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС, «Иволга Холдинг» ЖШС, «Қазақстан астық компаниясы» ЖШС,                «АӨК Инвест» ЖШС болып табылады.

Қазіргі кезде астықты экспортқа өткізуді 300-ге жуық лицензияланған астық экспорттаушылары жүзеге асырады.

Басқа тамақ нарықтарынан айырмашылығы астық нарығы жоғары бәсекелес болып табылады. Алайда, мемлекет ең алдымен ауылдық тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғай отырып, оны заңды түрде реттеуі тиіс.

Агенттіктің пікірі бойынша, ашық тауар биржалары арқылы астық өткізу ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсақ және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өткізуі кезінде неғұрлым қолайлы жағдай жасайды. Бұдан басқа, биржалық сауда тетігі тауар нарықтарындағы аталған тауарлардың соңғы бағасына айтарлықтай ықпал ететін өнімсіз делдал құрылымдарды алып тастауды қамтамасыз ететін шара болып табылады, сондай-ақ ашық нарықты құруға жәрдемдеседі.

Қазақстандық астық экспортының негізгі көлемін көршілес елдерге (мысалы, млрд. –тан астам тұрғыны бар Қытайға) қайта бағдарлау қажет.

Астық қабылдау, ұнды (1 сорт) көтерме (бастапқы) саудада өткізу және нанды көтерме саудада өткізу қызметтері нарығын кешенді талдау.

АҚК қызметтері нарығына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Тізілімге 92 доминант субъект енгізілген.

Ұнды көтерме саудада өткізу нарығын талдау нәтижелері бойынша                  52 субъектінің үстем жағдайы айқындалды.

Нанды көтерме саудада өткізу нарығын талдау нәтижелері бойынша үстем жағдайға ие 58 нарық субъектісі анықталды.

Кешенді талдау нәтижелері аталған нарықтардың жоғары шоғырландырылғанын көрсетті.

Өсімдік майын көтерме саудада өткізу нарығы бәсекелес деп айқындалды.

Нарықта үлестері 18%-дан аспайтын ірі жеткізушілер бар.

Бүгінде Тізілімде Шығыс Қазақстан облысының географиялық шекараларында күнбағыс майын көтерме саудада өткізу бойынша «Май» АҚ тұр.

2.4.3. Дәрілік заттар нарығы

Дәрілік заттар нарығына жүргізілген талдау дәрілік препараттардың бағасына теріс әсер ететін бірқатар проблемаларды анықтады.

Нарық дайын препараттардың ғана емес, фармацевтикалық шикізаттың (субстанция), жабдықтар мен орау материалдардың импортқа жоғары тәуелділігімен сипатталады. ИЖТМ-ның ақпараты бойынша Қазақстанда дәрі нарығының жалпы көлемінде отандық өндірудің үлесі ақшалай мәнде 10 %-ды құрайды.

Нарықтың импортқа жоғары тәуелділігі, онда делдал фирмалар санының көп болуы, дәрілік заттарды өткізу схемасының ашық еместігі нарықта жоғары бағаның себептері болып табылады. Дәрілік зат делдал буынның әрбіреуінде қымбаттай отырып, соңғы тұтынушыға жетеді.

Мемлекет тарапынан дәрі бағасын реттеудің жоқтығы көтерме және бөлшек саудада жеткізушілерге өз бетінше, экономикалық пайдадан шыға отырып, сауда үстемеақыларын және дәрілік заттарды өткізу схемасын белгілеуге мүмкіндік береді, осылайша алыпсатарлық операцияларды дамытуға жәрдемдеседі.

Дәрілік заттар нарығына жүргізілген талдау нәтижесі бойынша нарықтың импортқа жоғары тәуелділігіне байланысты, Агенттіктің Әдістемелік кеңесі Қазақстан Республикасының 13 облысының географиялық шекараларында «импорт дәрілік заттарды бастапқы өткізу» қызмет түрі бойынша 21 субъектіні Тізілімге енгізу туралы шешім қабылдады.

Талдау нәтижелері монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қараудың басы болды.

Қазақстан Республикасында дәрілік заттар өндіру

3-тарау. Өңірлік бәсекелестікті дамыту

3.1. Өңірлік саясаттың жай-күйі және даму үрдісі

Жергілікті бәсекелестіктің дамуы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бөлігі болып табылады.

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағына сәйкес Агенттік аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын келісті. Өңірлерде бәсекелестікті дамыту олардың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бөлігі болып табылады, бұл аумақтарды дамыту бағдарламаларында көрініс тапты. Аталған жұмыс шеңберінде Агенттік бәсекелестікті дамыту нәтижелерінің нақты көрсеткіштерімен республиканың әрбір өңірінде бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат дайындады, ал бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына облыстардың тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту шараларын әзірлеу жөніндегі іс-шара енгізілді.

Бәсекелестікті дамытудың жүйелі тәсілін әзірлеу шеңберінде өңірлік бәсекелестік саясаттың негізгі міндеттері болып мыналар анықталды:

- экономиканың тиімділігін арттыру құралы ретінде бәсекелестікті дамыту – инновациялық салаларға және еңбек өнімділігін арттырудың жоғары әлеуеті бар салаларға ерекше назар аудару;

- кәсіпкерлік қызметті бастау мен жүргізуді жеңілдету;

- шағын және орта бизнесті дамыту үшін әкімшілік және инфрақұрылымдық кедергілерді алып тастау;

- мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке тікелей қатысуын қысқарту;

- бәсекелестікті бірінші кезекте, инновациялық және экономиканың әлеуметтік бағдарланған салалары есебінен дамытудың әлеуметтік шаралары көзделген салалардың тізбесін кеңейту және т.б.

Бәсекелестікті шектейтін нормаларды анықтау және жою мақсатында кәсіпкерлік саласында әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерді монополияға қарсы органмен келісу көзделеді.

Бағдарламаларда өңірлік бәсекелестікті дамыту жөніндегі шешімдер, болжамдар, іс-шаралар көрсетіле отырып, өңірдің негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау (нарық субъектілері туралы ақпарат, бәсекелестік, шоғырлану деңгейі, нарыққа кіру кедергілері, сондай-ақ бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін факторлар) келтірілген.

Сондай-ақ аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі            іс-шаралар жоспарларына «Облыстың тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту бойынша шараларды әзірлеу (жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдайлар жасау, шоғырлану деңгейін төмендету, әкімшілік кедергілерді қысқарту)» деген іс-шара, сондай-ақ аталған жобаларға бәсекелестікті дамыту нәтижелерінің нақты көрсеткіштері енгізілді.

2010 жылы әзірленген өңірлерді дамыту бағдарламалары өңірде бәсекелестік ортаны жақсартуға бағытталған жалпы шараларды және жекелеген нарықтардың ерекшеліктері мен проблемалары ескерілетін салалық шараларды қамтиды.

Өңірлік бәсекелестік саясатты іске асырудың тиімділігі туралы мына:

- бәсекелестіктің даму;

- неғұрлым маңызды тауар нарықтарының шоғырлану;

- әкімшілік кедергілерді қысқарту деңгейлерінің көрсеткіштері куәландырады.

Өңірді дамыту бағдарламаларында нарықтардың өзіндік проблемалары ескеріледі.

Бәсекелестіктің дамуының қажетті деңгейі туралы мына:

- әділ бәсекелестіктің артықшылықтары және негізгі қызмет бойынша жұмыс нәтижелері туралы ақпараттық материалдар әзірлеу;

- монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу жөніндегі қоғамдық іс-шаралар;

- Тізілімдегі монополистер санын қысқарту;

- мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері фактілері бойынша шығарылған нұсқамалардың орындалуы;

- әкімшілік кедергілерді қысқарту;

- неғұрлым маңызды тауар нарықтарының шоғырлануы көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі әкімдіктердің қызметі куәландырады.

3.2. Бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау бойынша әкімдіктер рейтингін жүргізу

Өңірлік бәсекелестіктің дамуын бағалау мақсатында Агенттік бәсекелестікті дамыту жөнінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау индикаторларының есебін жүргізеді, ол өңірлерде бәсекелестікті қолдау мен дамыту деңгейін бағалауға бағытталады.

Рейтинг әкімдіктердің кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытуды қолдауын көрсететін көрсеткіштерді (үстем немесе монополиялық жағдайға ие кәсіпорындар санының серпіні, бірқатар өңірлік тауар нарықтарының шоғырлану деңгейі, монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдар орындаған нұсқамалардың саны), сондай-ақ өңір  экономикасы салаларында бәсекелестіктің дамуын жанама көрсететін көрсеткіштерді қамтиды. Рейтинг инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау, экспорттық әлеует және т.б. бойынша әкімдіктердің жұмысын бағалауды көздейді.

Агенттік қалыптастырған бәсекелестікті дамыту деңгейі бойынша Қазақстан өңірлерінің рейтингі жергілікті атқарушы органдар қабылдаған бәсекелестікті дамыту бойынша шаралардың әлі де жеткіліксіз екенін көрсетті.

Өңірлердің даму серпінінің жалпы рейтингтік бағасы

Даму серпіні жоғары өңірлер

1. Атырау

2. Алматы

3. Шығыс Қазақстан

4. Қостанай

4. Маңғыстау

5. Оңтүстік Қазақстан

Даму серпіні орташа өңірлер

6. Жамбыл

7. Павлодар

8. Алматы

9. Ақтөбе

10. Ақмола

Даму серпіні төмен өңірлер

11. Батыс Қазақстан

11. Қарағанды

12. Қызылорда

13. Астана

14. Солтүстік Қазақстан

Өңірдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі өңірлік жалпы өнім болып табылады. Жан басына шаққанда оны өндірудің ең үлкен көлемі Атырау, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында, ең кіші көлемі – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында байқалады.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың біреуіне есептегенде, негізгі капиталға инвестициялар серпіні бойынша көшбасшылық орындарды Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары, соңғы орындарды Маңғыстау облысы, Астана және Алматы қалалары иеленеді.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың жалпы санында табысты кәсіпорындардың ең үлкен үлесі Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, ең кіші үлесі – Алматы және Астана қалаларында, Алматы облысында.

Экспорттық әлеуетті бағалау мақсатында өңір өнімі (минералдық өнімдерді қоспағанда) экспорты серпінінің индикаторы пайдаланылады. Аталған индикатор бойынша ешбір өңірде оң серпін тіркелмеген, барлық өңірлерде өнім экспортының 2008 жылмен салыстырғанда төмендеуі байқалады. Сонымен бірге, ең үлкен өсу пайызы Шығыс Қазақстан (91,31 %), Ақмола облыстарында (76,36 %) және Алматы қаласында (74,84 %), ең кішісі – Жамбыл (43,70 %), Солтүстік Қазақстан облыстарында (45,45 %) және Астана қаласында (45,93 %) байқалады.

Облыстардың, Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің деректері бойынша шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражат (кредиттік ресурстар) сомасының серпін көрсеткіші жасалды.

2009 жылы Батыс Қазақстан облысында бөлінген қаражат 2008 жылмен салыстырғанда 7 есе (704,23 %), Қызылорда облысында – 2,3 есе (233,61 %), Маңғыстау облысында –1,5 есе дерлік (148,19 %) өсті. 2009 жылы шағын және орта бизнесті қолдауға кредиттік ресурстар Астана, Алматы қалаларында және Ақмола облысында бөлінген жоқ.

Өңірлерде бәсекелестіктің даму көрсеткіштерінің бірі үстем немесе монополиялық жағдайға ие кәсіпорындар санының серпіні болып табылады.

Агенттіктің деректері бойынша доминант субъектілер санын төмендету бойынша үздік серпін Атырау, Жамбыл және Қызылорда облыстарында байқалады. Доминант субъектілер санының өсуі Павлодар (140,0%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (120,0%) байқалады.

«Кейбір өңірлік тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін бағалау» индикаторы бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша (Агенттік деректері бойынша) жоғары шоғырланған тауар нарықтарының ең үлкен саны  Қостанай облысында - 49, Алматы қаласында – 43, Батыс Қазақстан              облысында – 37, ең кіші саны Павлодар облысында – 21, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 18-ден екендігі атап өтіледі.

Астана қаласында және Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі бойынша бір нұсқамадан орындалды.

Жүргізілген Рейтинг нәтижелері бойынша бірінші бес орынды Атырау           (1-орын), Алматы (2-орын), Шығыс Қазақстан (3-орын), Маңғыстау (4-орын) және Қостанай облыстары (5-орын) иеленеді.

6-10 орындар бойынша Оңтүстік Қазақстан (6-орын), Жамбыл (7-орын), Павлодар облыстары (8-орын), Алматы қаласы (8-орын), Ақмола (9-орын) және  Батыс Қазақстан облыстары (10-орын) иеленді.

Тиісінше 11-15-орындарды Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстары, Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы иеленді.

4-тарау. Бәсекелестікті қорғау

4.1. Бәсекелестікті қорғау бойынша институционалдық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар

Агенттік 2010 жылы 169 тергеу тағайындады, бұл 2009 жылға қарағанда 22%-ға көп. Тағайындалған тергеулердің жалпы санынан 2010 жылы 131 тергеу аяқталды (2009 жылдан өткен, сондай-ақ біріктірілген және берілгендерді есепке алғанда), бұл 2009 жылға қарағанда 4%-ға артық, атап айтқанда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нарықтарында – 41, ОЭК 31, мемлекеттік органдар – 22, көлік және байланыс – 17, қаржы нарықтары – 10, өзге де салалар – 10.

94 тергеу бойынша 156 нарық субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім қабылданды. 20 тергеу бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзуды жою туралы нұсқама шығару туралы шешім қабылданды.

№1 диаграмма

Жоғарыда көрсетілген  1 диаграммаға сәйкес аяқталған тергеулердің жалпы санынан анықталған бұзушылықтардың үлесі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында ең жоғары (31%), отын - энергетика кешенінде (22%), мемлекеттік органдардың қызметі (18 %), байланыс (11%), қаржы нарықтары (7%) және өзге де нарықтар (15 %).

2010 жылы азық-түлік нарығында баға белгілеу мәселесі айрықша өзекті болды.

Азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне (ұн, нан, қарақұмық, өсімдік майы, қант, құс еті) бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру мақсатында Агенттік тергеулер шеңберінде 2010 жылы олардың монополияға қарсы заңнаманың нормаларын сақтау мәніне осы нарықтың 265 субъектісінің қызметін талдады, атап айтқанда:

- ұн бойынша - 98 субъект;

- нан бойынша - 54 субъект;

- өсімдік майы бойынша - 48 субъект;

- жарма бойынша - 44 субъект;

- құс еті бойынша - 4 субъект;

- жеміс-көкөніс өнімдері бойынша - 7 субъект;

- қант бойынша - 1 субъект;

- супермаркеттер - 8;

- ауыз суы - 1 субъект.

Жүргізілген тергеу нәтижелері осы нарықтың жекелеген субъектілерінде тауар бағасын өсіруге объективті себептердің жоқ екендігін көрсетті, бағаның өсуі осы нарық ойыншылары тарапынан бағалық сөз байласулар мен үстем жағдайды теріс пайдалану салдарынан негізсіз, алыпсатарлық түрде болды.

Осыған байланысты, бағалық сөз байласулар мен үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері бойынша азық-түлік нарығы субъектілеріне қатысты                59 әкімшілік іс қозғалды, салынған әкімшілік айыппұл сомасы 330 млн.-нан астам теңгені құрады.

Алматы қаласының өсімдік майын («Прима» ЖШС, «Eurasia Trading Company» ЖШС және «Milk Center LTD» ЖШС) және қарақұмық жармасын («Союз Квадро» ЖШС, «Алма-Цес» ЖШС, «Астық» ЖШС, «Сұлтан маркетинг» ЖШС) жеткізушілерінің бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері анықталды, олар қандай да бір объективті өзін ақтайтын эконмикалық негіздерсіз 2010 жылғы тамыз-қазан кезеңінде көрсетілген тауарлардың өзіндік құны өзгермеген уақытта өсімдік майы мен қарақұмық жармасын өткізу бағасын негізсіз өсірген. Бүгінгі күні аталған нарық субъектілерін сот көрсетілген монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ұқсас факт бойынша, сот сондай-ақ Қостанай облысының өсімдік майын және қарақұмық жармасын жеткізушілерді («Вэлта» ЖШС, «Көктөбе-Қызылжар» ЖШС, «Таткрафт инвест» ЖШС және «Пекари Агро» ЖШС) әкімшілік жауапкершілікке тартты, олар 2010 жылғы тамыз айында бұрын арзанырақ бағамен сатып алынған қалдықтары бола тұра, бұл туралы аталған кәсіпорындардың сауда үстемесінің айтарлықтай өсуі куәландырады, өсімдік майына және қарақұмық жармасына бөлшек сауда бағасын негізсіз арттырған. Бүгінде аталған кәсіпорындар айыппұлдар төледі.

Бұдан басқа, Жамбыл облысының қалыптағы нан өндірушілері                   («EGE» ЖШС, ЖК Б.Х. Ниязова, ЖК В. Шариповы, ЖК Г.Т. Шайсламова,                                      ЖК Е.С. Рысжанова, ЖК М.О. Сагательяна, ЖК В.Г. Шермұхамедова, ЖК В.А. Шульгина) (бұдан әрі – Нан өндірушілер) қалыптағы нан өндіру нарығындағы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған нан өндірушілер 2010 жылғы 12-19 шілде кезеңінде ескі бағамен сатып алынған ескі әкелім ұн қоры бола тұра, 1 сұрыпты қалыптағы нанды өткізу бағасын 28-ден 37 тг/бөлке (32,1%-ға) бір мезгілде көтерген, бұл Нан өндірушілерге өнімді бұрынғы бағасы бойынша шығынсыз босатуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Қаржы полициясының органдары Батыс Қазақстан облысының екі ұн тарту кәсіпорны – «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ мен «Аққайнар» ШҚК» АҚ-ға қатысты бағалық сөз байласу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері бойынша аталған өнімнің өзіндік құнына негізсіз шығындарды қосу жолымен нанға монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-ға, сондай-ақ өз кезегінде маңызы бiрдей келiсiмдерге объективтi түрде өзiн-өзi ақтамайтын себептермен әртүрлi бағалар қолданған «Даут-М» ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Бұдан басқа, бүгінде аталған нарықтың мынадай субъектілері азық-түлік тауарларын өткізу нарығындағы жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша:

- «Талапкер Плюс» ЖШС «Компания Рокос int» ЖШС үшін тауық сан етін жеткізу шартына аталған өнімді ұқсас сатып алушыларға жеткізу бөлігінде соңғысының заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған бәсекелестікке қарсы шарттарды енгізу жолымен жеткізушінің беделін түсіруге шақыру бөлігінде;

- «Напитки на дом» ЖШС «Хрустальная» ауыз суы» өнімінің мирасқоры (ребрендингі) болып табылады және «Хрустальная» ауыз суының» барлық сапалық сипаттамаларына толық сәйкес келетіні туралы мәліметті «188» телефон анықтамалық қызметінде орналастырудан көрінген көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама тарату бөлігінде, сол уақытта «Хрустальная» ауыз суының жалғыз ресми дистрибьюторы «Golden Rill Trade» ЖШС болып табылады, оларға өз кезегінде ЖШС-ның «Хрустальная» ауыз суы» тауар белгісіне құқықтар берілген жоқ;

- «БН Винзавод Петропавловск» ЖШС 0,5 және 0,7 литр сыйымдықты түссіз шыныдан жасалған шыны ыдыста (бөтелкеде) алкогольды өнімді шығару жолымен тауар белгісін, орауды құқыққа сыйымсыз пайдалану бөлігінде, «ХАОМА» тауар белгісі бейнеленген (құйылған), оның құқық меншік иесі «Көкшетау минералды сулары» АҚ болып табылады;

- «RG Brands Kazakhstan» ЖШС дайын өнімді жеткізудің үлгі шартына оның серіктестіктерін таратпау, сатпау, сақтамау, жарнамаламау және шартқа қосымшада көрсетілмеген өзге өнімді қандай да бір өзге тәсілмен таратуды жүзеге асырмауға мәжбүрлейтін талаптар енгізу арқылы сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыру бөлігінде айыппұлдар төледі.

Агенттік қызметінің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік органдарға қатысты монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау мәніне тергеу жүргізу болып табылады.

Агенттік монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар шеңберінде мемлекеттік органдарға қатысты бірқатар тергеулер жүргізді.

№ 2 диаграмма

Есепті кезеңде бәсекелестікті шектеу фактілері бойынша 22 тергеу жүргізілді, нәтижесінде 15 нұсқама шығарылды, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты оның ішінде нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушiлiк жағдайлар жасау фактілері бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды, орталық билік органдарына қатысты (Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - ЖРБА) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға (Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім), «Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ және т.б.) 2 тергеу жүргізілді.

Тергеу жүргізу барысында ЖРБА тарапынан аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге өтінімге қоса берілетін, Аэротүсiрiлiм, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру epeжeciнде (бұдан әрі – Ереже) көзделген құжаттар тізбесін өз бетінше кеңейту фактілері, сондай-ақ                    ЖРБА тарапынан Ережеде көзделмеген құжаттардың жоқтығына байланысты, жекелеген субъектілерге осындай рұқсаттар беруден негізсіз бас тартуы анықталған.

Сондай-ақ жүргізілген тергеулерді талдау жиі ретте жергілікті билік органдары рұқсат беру - лицензиялық рәсімдерінің жекелеген түрлерін беру тәртібін бұзатынын көрсетті, ЖЖМ жеткізуші операторларды айқындау бойынша заңсыз конкурстар өткізіледі, заңды тұлғаларды тіркеу монополияға қарсы органның алдын ала келісімінсіз жүргізіледі.

Жүргізілген тергеулер нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы нұсқамалар шығарылды, олар толық көлемде орындалды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Бұдан басқа, Агенттік орталық атқарушы органдардың атына бұзушылықтарды жасауда қолда бар алғышарттарды өз бетінше жою туралы ұсыныспен алдын алу сипатындағы хаттар жіберді, олар да толық көлемде орындалды.

Телекоммуникация нарығында Агенттік пен Ресей Федерациясының  Федералдық монополияға қарсы қызметімен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ірі ұялы байланыс операторларына («GSM Казахстан» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (ҚР) және «Вымпелком» ААҚ, «МТС» ААҚ, «МегаФон» ААҚ (РФ) қатысты бірлескен тергеулер жүргізді, нәтижесінде аталған ұялы байланыс операторларының роуминг қызметтеріне негізсіз жоғары тарифтерді белгілеу бойынша іс-әрекеттері монополиялық жоғары бағалар белгілеуге бағытталған үстем жағдайды теріс пайдалану деп сараланды.

Агенттік Қазақстанның ұялы байланыс операторларына қатысты шығыс дыбыстық қоңырауларға (оператордың желі ішінде, қалалық нөмірлерге, басқа ұялы операторлар желісіне және халықаралық қоңырауларға), халықаралық роуминг қызметтері бойынша үй желісі абоненттері үшін және қонақ абоненттер үшін ұялы байланыс тарифтеріне салыстырмалы талдау жүргізді, оның нәтижесі роумингте қонақ абоненттер үшін шығыс дыбыс қоңырауларының құны үй абоненттері үшін ұқсас қоңыраулар бағасынан айтарлықтай асатынын                    (1,5-тен 6 есеге дейін) көрсетті, сол уақытта қонақ және үй абоненттері үшін аталған қызметтерді көрсету технологиясы, олардың құны дыбыстық байланыста 2-7%-дан аспайтын халықаралық роуминг қызметтерін көрсетумен тікелей байланысты қызметтерді қоспағанда, іс жүзінде ұқсас болып табылады.

Агенттік қабылдап жатқан шаралар роуминг бойынша оператораралық тарифтерді төмендетуге әкеп соққанын атап өту қажет, олар роумингтік келісімдерге өзгерістер енгізу (қайта жасасу) арқылы соңғы абоненттер үшін тарифтерден тікелей көрінеді.

Бұдан басқа, Агенттік халықаралық роуминг қызметтерін көрсеткен кезде абоненттер үшін теңгерімнің шекті сомаларын (азайтылмайтын қалдық) негізсіз белгілеу бөлігінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасаудан көрінген, өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері бойынша ірі қазақстандық ұялы байланыс операторлары - «GSM Қазақстан ААҚ «Қазақтелеком» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғады. Тергеу материалдары қазіргі уақытта сот органдарында қаралуда.

Бұл ретте, бүгінгі күннің өзінде «Кар-Тел» ЖШС қазақстандық тұтынушылар үшңін халықаралық роуминг қызметін алу үшін шекті соманы 15-тен 7 мың теңгеге дейін (2 есе), ал «GSM Казахстан ААҚ «Қазақтелеком» ЖШС 12-ден 4 мың теңгеге дейін (3 есе) төмендетті.

Бұдан басқа, Қазақстанның ұялы байланыс нарығында жүргізілген тергеулердің нәтижесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Агенттіктің ұсынысы бойынша «Тарификация бiрлiктерiнiң өлшемдерiн бекiту туралы» бұйрыққа байланыс операторының телекоммуникация желi iшiнде, басқа байланыс операторларының желiлерiнде тарификация қадамын  10 секундтан 1-ші секундқа дейін, халықаралық бағыттар бойынша 60-тан 30 секундқа дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізуі болды. Бұл ретте, осы тарификация қадамдарын төмендету 2012 жылдан бастап қана жоспарланған болатын.

Сондай-ақ, бүгінде «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС 2010 жылғы сәуірде ресми web-сайтта «Клуб Салем» тарифтік жоспарына қатысты ақпарат жариялау арқылы жосықсыз жарнама тарату бөлігінде жосықсыз бәсекелестік фактісі бойынша айыппұл төлегенін атап өту қажет. Дисконтты тариф Қазақстан Республикасының аумағында 2010 жылғы 15 қаңтардан 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды деп көрсетілген, алайда осы тарифтік жоспарға қосылудың іс жүзіндегі мерзімі 2010 жылғы 31 мамырда аяқталған.

Осы дәйексіз ақпарат осы қызметтердің қасиеттері, пайдалануға жарамдылығына қатысты «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қызметтерін тұтынушыларды жаңылыстыруға ұшыратты, себебі шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер бар.

Отын-энергетика нарығында Агенттік сондай-ақ осы нарық субъектілерінің өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері бойынша және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруына бірқатар тергеулер жүргізді.

Мысалы 2010 жылы «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ға қатысты Агенттік тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері бойынша үш рет әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғады, атап айтқанда:

- екі рет электр энергиясын жеткізу мүмкіндігі бола тұра, оларға сұраныс немесе тұтынушылардың тапсырыстары бар электр энергиясын жеткізуді негізсіз тоқтату бөлігінде. «Шығысэнерготрейд» ЖШС электрмен жабдықтау қызметтеріне бағаны өсіруге тыйым салу туралы ШҚО ТМРАД шығарған дәлелді қорытындыларға байланысты «Шығысэнерготрейд» ЖШС заңды тұлғаларға электр энергиясын жеткізуді тоқтату туралы хабарлама жіберген, осылайша шарт бойынша электр энергиясын заңды түрде алуға және пайдалануға адал тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасаған, сондай-ақ ескертусіз және шарттарда көзделмеген негіздерде ШҚО-да электр энергиясын беруді тоқтатқан, сондай-ақ Өскемен қаласында веерлік ажыратулар жүргізген.

- пәтерде (үй құрылысында) тұратын адам санына қарамастан электр энергиясын тұтынудың ең үлкен шамасын бір жақты тәртіппен негізсіз белгілеу, сол уақытта үй иелерінің тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифті қолдану құқығы оны энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың пайдалана бастаған кезден бастап туындайды. Бұдан басқа, тұратын адамдар санын ескере отырып тұтынылған электр энергиясына төлемді есептеуді «Шығысэнерготрейд» ЖШС растаушы құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана жүргізді, бұл ретте өткен кезеңдерге қайта есептеуді жүргізген жоқ.

Бүгінгі күні «Жетісу Энерготрейд» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері бойынша өз кезегінде келіспеушіліктер және электр энергиясына артық/кем ақы үшін айыппұл санкцияларын қолдану хаттамаларын берген заңды тұлғалардан электр энергиясына негізсіз алдын ала төлем алу бөлігінде, монополияға қарсы заңнаманы бұзуды жою туралы Агенттіктің нұсқамасын орындады, сондай-ақ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тұрмыстық тұтынушыларды үй ішілік газбен жабдықтаудың техникалық қызметтеріне ақы төлеуге негізсіз мәжбүрлегені үшін және тұтынушыларға осы қызметке ақы төлемеген жағдайда газбен жабдықтаудан ажырату туралы хабарлағаны үшін айыппұл төледі, аталған қызмет бәсекелес ортада болып табылады және оны «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан басқа да нарық субъектілері көрсете алады.

Жосықсыз бәсекелестік фактісі бойынша «Қостанайгаз» МКК бәсекелесі - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен газ жеткізуге тікелей шарт жасасуға ниет білдірген тұтынушыларға хабарлау арқылы нарық субъектісін кемсіткені және сатушыны бойкот жасауға шақырғаны үшін айыппұл төледі, соңғысының               100 % алдын ала төлемді талап етуі туралы және газбен жабдықтау кезінде аса талаптар ұсынылады, бұл ретте «Қостанайгаз» МКК-ның өзі осыған ұқсас  100% алдын ала төлем шартымен жұмыс істейді, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның талаптары Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және өткізу қағидаларында, сондай-ақ Сұйытылған көмірсутекті газды жеткізу, тасымалдау және пайдалану қағидаларында көзделген. Бұдан басқа, «Қостанайгаз» МКК тұтынушылар жаппай кеткен уақытта газ тасымалдау тарифтері 2-3 есеге қайта қаралатыны туралы дәйексіз ақпарат таратқан, сол уақытта тасымалдау тарифтерін мемлекет реттейді.

Қаржы қызметтері нарығына қатысты 2010 жылы монополияға қарсы орган 2009 жылы басталған «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеуді аяқталды, ол өзінің                  100% үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, ұқсас нарықтардағы (ақпараттық, қаржы қызметтері, қаржылық делдал және т.б.) жалақылардан 3 есе жоғары әкімшілік – басқару персоналының жалақы және сыйлықақылар бойынша шығындарын негізсіз арттыру жолымен кредиттік есептерді қалыптастыру және ұсыну қызметтеріне монополиялық жоғары бағалар белгілеген.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС әкімшілік айыппұл мен монополиялық табысты толық көлемде төледі.

Бұдан басқа, есепті кезеңде монополияға қарсы орган әкімшілік жаза сала отырып әкімшілік істер қозғады, қазіргі уақытта қаржы нарығының мынадай субъектілерінің тұтынушылардың құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша орындалды:

- «АТФ Банк» АҚ зейнетақылық және банктік қызмет көрсетуге көшу шарттарын тұтынушыларға күштеп таңу жолымен сатушыны (жеткізушіні) бойкотқа шақыру бөлігінде;

- «Астана-Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ заем ресімдейтін тұтынушылар үшін бағалау компаниялары - «APPRAISER» Тәуелсіз Бағалау Орталығы» ЖШС немесе «Гудвилл» ЖШС ғана орындаған кепіл мүлкін бағалау туралы есеп ұсыну талаптарын қою жолымен мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу және сатушыны (жеткізушіні) бойкотқа шақыру бөлігінде, сол уақытта аталған қызметтерді бірқатар басқа компаниялар көрсетеді;

- «САЯ» сақтандырушы компаниясы» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарында «Залей бензин» атты өткізілетін акция туралы жарнама орналастыру жолымен көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама тарату бөлігінде, онда аталған акция көлік құралдарын иеленушілер – ҰОС-ға қатысушыларға және олармен теңестірілген тұлғаларға, 1-2 топтағы мүгедектерге таратылмайды деп көрсетілген, осылайша қызметтерді тұтынушыларды жаңылыстыруға ұшыратқан.

Бұдан басқа, монополияға қарсы орган есепті кезеңде бензин өткізу бағасын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактілері бойынша ОҚО-ның өңірлік операторларына қатысты              (ЖК Тұрлыбеков, ЖК Қамбаров, ЖК Омаров С., ЖК Орашев, «Кингдом» ЖШС)                   ЖЖМ өткізу нарығындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Аталған нарық субъектілері ең төменгі сатып алу бағасы кезінде жоғары бағаларды қатар белгілеген, сондай-ақ басқа субъектілерімен маңызы бірдей келісімдерге кемсітушілік талаптар қолданған. Аталған іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде осы нарық субъектілері табыс түріндегі негізсіз пайда алған, сондай-ақ бензин өткізуге өз шығындарын өтеу жүргізілген.

Өзге де нарықтарға (дәрілік заттар, ҚТҚ шығару және т.б.) монополияға қарсы агенттік бірқатар тергеулер жүргізді. Мысалы, «Химфарм» АҚ тарапынан «Тетралгин» препаратын негізсіз өндіру және жеткізу арқылы тауар белгісін заңсыз пайдалану және «Простанорм» ЖАҚ-ға тиесілі – «Тетралгин» тауар белгісімен айырғысыз дәрежеде ұқсас осы тауар белгісін пайдалану бөлігінде жосықсыз бәсекелестік фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды;

Сондай-ақ «Спецмашин» ЖШС-ға қатысты Павлодар қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға монополиялық жоғары бағалар белгілеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Тергеу барысында анықталғандай, «Спецмашин» ЖШС-ның тарифі облыс бойынша ең жоғары болып табылады және ұқсас қызмет түрлерін көрсететін басқа компаниялардың тарифтерінен              2 есе асады («Спецмашин» ЖШС-ның ҚТҚ шығаруға тарифтердің өсуі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 78%-ға өсті), бұдан басқа, «Спецмашин» ЖШС-ның рентабельділігі Павлодар қаласының коммуналдық саласының басқа субъектілерінің осы көрсеткішінен айтарлықтай артық.  

4.2. Экономикалық шоғырлануға бақылау

Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау нарықтық экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің шарттарының бірі болып табылады және оның негізгі мақсаты нарықтық биліктің бір қолда шектен тыс шоғырлануының, нарықта үстем (монополиялық) жағдайдың күшеюінің және бәсекелестікті шектеудің алдын алу болып табылады.

Нарық субъектілері жүзеге асыратын экономикалық шоғырлану арқылы нарықтарды монополияландыру белгілі бір жағдайларда бәсекелестікті бәсеңдетуге және еркін нарықтық қатынастардың дамуын тежеуге әкеп соғуы мүмкін.

Экономикалық шоғырлану ең алдымен бірігулер, сатып алу және бірлескен басшылық сияқты сатып алудың басқа да шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Өндірісті шоғырлану тәсілдерінің бірі – бір компанияның басқа компанияның акционерлік капиталына қатысуы. Нәтижесінде, бақылаушы компания заңды түрде дербес тұлға болып қалатын бақылауындағы компанияға тиімді бақылауды жүзеге асырады.

Экономикалық шоғырлануға қарауға қабылданған өтінішхаттар бойынша шешімдердің болжамды саны.

Агенттікке есепті кезеңде экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы 330 өтінішхат келіп түсті, оның ішінде 151-і қанағаттандырылды (шешім қабылданды).

4.3. Талап қою-қуыну жұмысы

2010 жылы Агенттік монополияға қарсы заңнама мәселелері бойынша  206 сот талқылауына (81-і - азаматтық істер бойынша және 125-і - әкімшілік істер бойынша) қатысты.

2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы монополияға қарсы заңнама мәселелері бойынша сот талқылауы 27 талқылауға артты. Бұл ретте, азаматтық істер бойынша сот талқылауларының саны 14 іске төмендеді, ал әкімшілік сот талқылаулары керісінше 41 іске өсті.

Бір тараптан азаматтық сот талқылаулардың төмендеу себебі кәсіпкерлік субъектілердің монополияға қарсы органға ұсынатын сот талаптар санының азаюы, ал екінші тараптан сот әкімшілік талқылаулардың ұлғаюы Агенттік басқармасының жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаларды ӘҚбК-ның «Монополистік қызмет» атты 147-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдауына және осы санаттағы істерді одан әрі әкімшілік соттардың қарауына байланысты болды.

206 сот талқылауынан сот түпкілікті шешімді 59 жағдайда                                (11-і - әкімшілік және 48-і - әкімшілік істер бойынша) қабылдады, оның ішінде 43 жағдайда шешім монополияға қарсы органның пайдасына шешілді, бұл соттар қараған істердің жалпы санынан 71%-дан астамын құрайды.

Сот практикасын талдау азаматтық істер бойынша (81 іс) сот талқылауының негізгі көлемі нарық субъектілерінің монополияға қарсы органға ұсынатын талаптары (68 іс) құрайтынын көрсетті, олар мынадай:

- Тізілімге енгізудің негізділігі;

- тергеу нәтижелері бойынша Агенттік инспекцияларының мәліметтерді алдын ала қарау, тергеулер мен қорытындыларының нәтижелерін бекіту туралы монополияға қарсы органның бұйрықтарының қаулыларының заңдылығы;

- монополияға қарсы органның қаулыларын заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы;

- монополияға қарсы органның әрекетсіздігінің заңсыздығы туралы мәселелерге байланысты болды.

Барлығы 2010 жылы монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына айыппұл санкцияларының негізінде бюджетке 271 млн.-нан астам теңге келіп түсті.

 

4.4. Біртұтас экономикалық кеңістік шарттарында бәсекелестікті қорғауды дамыту перспективалары

Бәсекелестікті дамыту және қорғау үдерісі бүгінде бір мемлекеттің шегінен шығады. Бұл Қазақстанның терең интеграциялық үдерістерге қатысуына байланысты болады. Бұл ДСҰ-ға кіру, ЕурАзЭҚ-ты құру, Кеден одағын және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үдерісі.

Жаңа шарттарда бизнесте тең мүмкіндіктердің болуы үшін монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау саласында БЭК-тің бірыңғай құқықтық базасын қалыптастыру үдерісіне белсенді түрде қатысты.

Кеден одағы мен БЭК-ті қалыптастыру шеңберінде Бәсекелестіктің біріңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім қабылданды, оның нысанасы Тараптардың аумағында бәсекелестiкке қарсы iс-қимылдарды және екi және одан көп Тараптардың аумағында трансшекаралық нарықтарда бәсекелестiкке терiс әсер ететiн iс-қимылдарды анықтау және жолын кесудi қамтамасыз ететiн бәсекелестiктiң бiрыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгiлеу болып табылады.

Бәсекелестіктің біріңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім  (бұдан әрі – Келісім) БЭК-ке кіретін елдердің аумағындағы бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтау мен жолын кесуді қамтамасыз етуге бағытталады.

Келісім 1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1995 жылғы                  20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдi, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шартты, 2000 жылғы                   10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және кедендiк одақты қалыптастыру туралы шартты негiзге алады.

Келiсiмнiң мақсаты Тараптардың тауарлардың, қызметтердiң және капиталдың еркiн қозғалысын, экономикалық қызметтiң еркiндiгiн және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бiрыңғай кедендiк аумақта тауар нарықтарының тиiмдi жұмыс iстеуiн, Тараптардың бәсекелестiк саясат саласындағы заңнамасын үйлестiрудi және Тараптардың өзара саудасына терiс әсер етуге қабiлеттi iс-қимылдарға жол бермеудi қамтамасыз ету үшiн бiрыңғай бәсекелестiк саясатты қалыптастыру болып табылады.

Келісімнің нысанасы Тараптардың аумағында бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді және екі және одан да көп Тараптардың аумағында трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін іс-әрекеттерді анықтау және жолын кесуді қамтамасыз ететін бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілеу болып табылады.

Келісім салаларалық болып табылады, оның қағидаттары барлық сала аялары үшін жетекші болып табылады және Тараптар тікелей келісілген жағдайларды қоспағанда, БЭК шеңберінде әзірленген келісімдер шеңберінде іске асырылатын барлық қатынастарға таратылады.

Келісім шеңберінде мемлекет экономикасы үшін және монополияға қарсы бұзушылықтар дәрежесінен шыға келе, ұлттық заңнамаларды келісімнің                 II және III бөлімдерінде белгіленген бәсекелестіктің қағидаттары мен қағидаларына сәйкес үйлестіру көзделеді.

Осылайша, «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының монополистік қызметті көздейтін 10-14-баптары осы Келісімнің II және                    III бөлімдеріне сәйкес үйлестіріледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бәсекелестік мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және қабылдау көзделеді, оны 2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу жоспарлануда.

Тараптар бәсекелестік туралы модельдік заңды әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз етеді.

Монополияға қарсы органдардың бірлескен іс-қимылдарының маңыздылығын Агенттік пен Ресей Федерациясының Федералдық монополияға қарсы қызметінің (Ресей ФМҚ) Қазақстан Республикасының ірі ұялы байланыс операторларына («GSM Қазақстан» ААҚ «Қазақтелеком» ЖШС,                          «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС және Ресей Федерациясының «Вымпелком» ААҚ, «МТС» ААҚ, «МегаФон» ААҚ-ға қатысты бірлескен тергеулер жүргізуі көрсетті.

Келісімді іске асыру бірыңғай бәсекелестік саясат жүргізуге, Біртұтас экономикалық кеңістіктің және Кеден одағына қатысушы тараптардың Біртұтас экономикалық кеңістіктің тауар нарықтарында бәсекелестік шарттарының тиімді жұмыс істеуінің негізін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Келісім:

- экономиканы тиiмдi дамытуды қамтамасыз ету, инновациялық үдерiстердi ынталандыру және сапалы өнiм өндiру үшiн бәсекелестiктi дамытуға; 

- Келісім Тараптарының экономикалық ынтымақтастығын дамыту және сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге;

- Келісім Тараптарының ұлттық заңнамаларын үйлестіруге;

- Тараптардың (Ресей Федерациясы және БеларусьРеспубликасы) тауар нарықтарында Қазақстан Республикасының нарық субъектілері үшін кемсітушілікті болдырмауға бағытталады.

Тараптар Тараптардың нарық субъектілерінің бiр және одан көп Тараптардың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестiкке терiс әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн жосықсыз бәсекелестікке, бәсекелестікке қарсы келісімдерге, үстем жағдайды теріс пайдалануға тыйым салуды сақтау бөлігінде бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттарын сақтауын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді Кеден одағы комиссиясына беруді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, бүгінгі күні Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыратын елдердің Бәсекелестік туралы модельдік заңын әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, ол кейіннен ТМД елдеріне ұсынылатын болады.

________________________________


Жер қойнауын пайдаланушы

МГӨЗ

Делдалдар саны бойынша шектеулердің болмауы

 Көтерме сатушы

Бөлшек сатушы

ТҰТЫНУШЫ

Көтерме сауда делдалдары

роцессинг

(өңдеу)

45%

15%

24%

8%

7%

1%

ірі қара мал

қойлар және ешкілер

шошқалар

жылқылар

құс  

өзгеде жануарлар

Алматы

19%

ОҚО

69%

Павлодар

1%

Қарағанды

1%

басқалар

5%

ШҚО

5%

ГЕРМАНИЯ         

17%

ШВЕЙЦАРИЯ

14%

АВСТРИЯ

10%

БОЛГАРИЯ

9%

РЕСЕЙ           

8%

ВЕНГРИЯ

7%

ФРАНЦИЯ          

6%

ҮНДІСТАН            

6%

ПОЛЬША           

5%

ЛИТВА

4%

ӨЗГЕ ДЕ

14%




1. КамКабель это чистый морозный воздух сказочная красота уральской природы возможность активно отдохнут
2. 121 ФиК 1122 БУ 1123 ЭП 2122 ГМУ 2123 ПМ 2124 ПМ
3. винтовое Методы получения отверстий Существует три основных метода получения отверстий-
4. РЕФЕРАТ Курсовая работа 32с
5. Право собственности и другие вещные права ст
6. Саме вона вирощує та виховує повноцінне майбутнє покоління.html
7. Тематический модуль 21
8. Тематический словарьсправочник - Под ред.
9. Анализ товароведных характеристик текстильных товаров льняных тканей
10. Міграція ~ це переселення працездатного населення із одних держав в інші строком більше одного року яке в
11. Topic 1. Selecting relevnt reserch topic.
12. Гражданская Война 1918г
13. Лабораторная работа 1 4 часа Знакомство с моделирующей программой Electronics Workbench 5
14. внутреннего редактора книги за ее безупречную интуицию вкус и логику;Наталию Бродскую за титаническую
15. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА ldquo; Определение концентраций токсических пожаро~ и взрыва опасных газов в воздухе
16. Радиорелелі байланыс ж~не ~арышты радиобайланыс ~шін жиілік диапазоны
17. Правы ли мы 1963 г1
18. ВСТУП3 АНАЛІЗ ЗАВДАННЯ
19. .Основные модели электронной коммерции4 1
20. Роль транспортного страхования во внешней торговле 6