Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Салы~ салуды~ принциптері мен формалары

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.6.2024

10-ТАҚЫРЫП. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Жоспар:

10.1 Қаржы жүйесі: экономикалық табиғаты, қызметтері, құрылымы. Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз.

10.2 Салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні. Салық салудың принциптері мен формалары. Лаффер қисығы.

10.3 Халықтың табысы және оны қайта бөлу. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

10.1 Қаржы жүйесі: экономикалық табиғаты, қызметтері, құрылымы. Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қарыз.

Қаржы – бұл қоғамдағы қалыптасуы, өзара бөлінуі және ақша қаражаты қорларын пайдалану бойынша үйреншікті экономикалық қатынастардың жүйесі.

Ақша қаражаты қорларын пайдалануға байланысты қатынастардың жиынтығы оған сәйкес мекемелер арқылы қаржы жүйесін құрайды.

Қаржы жүйесі жүргізетін саясат қаржы саясаты деп аталады. Қаржылардың атқаратын функциялары:

  1.  Аккумуляциялық – қаржыны шоғырландыру және мемлекет өмір сүруінің материалдық базасын жасау;
  2.  Реттеушілік - шаруашылық субъектілерінің қызметтерін ынталандыру.
  3.  Бөлуші - ақша қаражатын құрау және оны бюджет, әлеуметтік қамсыздандыру т.б. арқылы пайдалану.
  4.  Бақылау - салық жинауды дұрыс ұйымдастыру және оны орынды пайдалану.

Қаржылық қатынастардың субъектілері болып: мемлекет, фирмалар, әртүрлі ұйымдар, және жеке адамдар саналады. Олардың арасында ақша қорларын пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар мына топтарға бөлінеді:

1. Мемлекет пен кәсіпорындар арасында. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік ұйымдардың әр түрлі қорларына төлемдер жүйесін қамтиды. Солардың негізінде орталықтанған мемлекеттік кіріс қалыптасады.

2. Фирмалар арасында. Өзара төлем міндеттемелері келісілген шарт негізінде жасалады.

3. Фирмалар мен банктер арасында. Несиені алу және пайдалану тұрғысында.

4. Жалпы фирма мен оның құрылымдық бөлімшелерінің арасында.

5. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың арасында.

6. Мемлекет пен халық арасында елдің әртүрлі трансферттік төлемдер алуына байланысты: зейнетақы, төлемақы, стипендия т.б. Оларға бұдан басқа займ шығару, лоторея ұйымдастыру т.б. жатады.

Қаржының үш түрлі құрамдас бөлігін ажыратуға болады.

  1.  Халық қаржысы.
  2.  Бірлестік, фирма және салааралық кешендер, яғни орталықтанбаған қаржылар.
  3.  Жалпы мемлекеттік, яғни орталықтанған қаржылар.

Халық қаржылары табыстар бөлігінен тұрады. Олар жанұялардың алғашқы табыстары және тұрғындардың барлық шығыстары мен жинақтары кіретін шығындар бөлігінен құралады.

Орталықтанбаған қаржылар (шаруашылық субъектілері, қаржылары) фирма, бірлестіктер мен ұйымдар құрамында болады.

Орталықтанған (мемлекеттік) қаржылар - бұл барлық қаржы жүйесінің басты бөлігі. Оның құрамына мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруы, мемлекеттік мүліктік және жеке бас қамсыздандыру, мемлекеттік несие, мемлекеттік бюджет кіреді.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттік қаржылардың алдыңғы звеносы болып табылады. Оның көмегі арқылы аймақтар мен салалардың арасында ҰЖӨ-ді бөлу және қайта бөлу жүргізіледі.

Бюджет - бұл кірістер (табыс) мен шығыстардың сметасы (баланс).

Бюджеттің кіріс баптары:

- кәсіпорындардың пайдасына салық, сатудан келетін салық, жергілікті салық, сыртқы экономикалық іс-әрекеттен түсетін салық ренталық төлемдер, салықсыз келетін кірістер, табыстарға салық, несиелік қорлар қаражаты және басқалар.

Бюджеттің шығыс баптары:

Экономиканы қаржыландыру, әлеуметтік-мәдени бағдарламалар, НИОК және ҒТ бағдарламалар, қорғаныс, басқару, мақсаттық бағдарламалар, несиелер және басқа мемлекеттерге көмек.

Қаржылық жүйені ұйымдастырудың екі принципі бар: Біріншісі - демократиялық орталықтанған басқару деп аталады және ол администрациялық-командалық жүйеге тән (бұрынғы КСРО мен Шығыс Европа елдері). Ол төменгі сатыдағы қаржылық мекемелерге орталық қаржы органдарының бұйрықтарын орындауға міндеттеді.

Екінші принцип фискалдық федерализм деп аталады. Ол дамыған нарық экономикасы бар елдерде бекіген және жергілікті бюджеттердің өз табыстары мен шығыстарының мемлекеттік бюджетке кірмеуін талап етеді. Жергілікті билік органдары өз бюджеті есебінен қоғамдық тәртіпті қорғау, мектеп, емхана, т.б. қаржыландырады.

Мемлекеттік бюджет екі түрлі күйде болады.

Қалыпты жағдай – егер мемлекеттік бюджеттің шығыстық бөлігі кірістік бөліміне тең болса.

Дефициттік (тапшылық) – егер шығыстар табыстан артық болса.

Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері:

1. Экономиканың дағдарыстық жағдайында кірістердің құлдырауы және ұлттық табыс өсімінің азаюы.

2. Мемлекеттік бюджетке түсетін акциздік салықтардың кемуі.

3. Бюджеттік шығыстардың өсуі.

4. Тиянақсыз, жүйесіз қаржы-экономикалық саясат.

Бюджет тапшылығын азайтудың шаралары:

1. Конверсия.

2. Қаржыландырудан несиелеуге көшу.

3. Тиімсіз кәсіпорындарға дотация беруді біртіндеп жою.

4. Мемлекетті басқаруға кететін шығынды азайту.

5. Салық салу жүйесін өзгерту.

6. Жергілікті бюджеттердің рөлін арттыру.

Бюджет дефицитін жабудың үш дәстүрлі әдісі бар: 1) мемлекеттік заем шығару, 2) салық салуды қатаң ұстану; 3) ақша өндіру немесе «сеньораж», яғни  ақшаны басып шығару. Дегенмен қазіргі уақытта «сеньораж» жай ақша басып шығару болып саналмайды, өйткені ол инфляцияны тудырады. Бүгінгі «сеньораж», Ұлттық  банкте шоғырланатын коммерциялық банктердің резервтерін жасауды білдіреді, оның бюджет дефицитін жабуға қоолданылуы мүмкін.

Экономикалық теорияда бюджет тапшылығы мәселесін шешудің бірнеше жолдары бар.

Бірінші концепция: бюджет жыл сайын теңгеруден (балансироваться) өтуі керек. Бірақ мұндай саясат циклға қарсы болашақ мақсаттарды шешу кезінде мемлекеттің қолын байлайды. Мысалы, экономика ұзақ жұмыссыздық жағдайында, ендеше, халық табысы төмен және бюджетке түсетін салық мөлшері қысқарған.

Бюджетті теңдестіру үшін, үкімет біріншіден, салық мөлшерін ұлғайтуы мүмкін, не екіншіден, мемлекет шығындарын қысқартады, не үшіншіден, осы екі шараны біріктіріп пайдалануы мүмкін. Дегенмен, бұл шаралардың салдары жалпы жиынтық сұранысты ұлғайтудың орнына кемітеді. Басқа мысал: елде инфляция. Мұның салдары - ақша табысының өсуі және салықтық түсімдердің өсуі. Бюджеттегі артықшылықтарды жою үшін, үкімет, біріншіден, не салық мөлшерін азайтуы, не екіншіден, үкімет шығындарын үлкейтуі, не үшіншіден осы екі жолды қосып пайдалануы керек. Мұның бәрі инфляцияны күшейтеді.

Қорытынды: Бюджетті жыл сайын теңдестіру циклділікке қарсы емес, циклділікті жалғастыру болып табылады.

Екінші концепция: Бюджет жыл сайын емес, тек экономика циклы кезінде теңестірілуі қажет. Мысалы, елде - экономикалық құлдырау. Оған қарсы тұру үшін, үкімет салықты азайтып, шығысын көбейтеді, яғни, әдейі тапшылық туғызады. Одан соң көтерілу басталады, онда үкімет керісінше, салықты өсіріп, шығысты азайтады. Пайда болған оңды сальдо (бюджеттегі) құлдырау кезеңіндегі мемлекет қарыздарын жабуға кетеді.

Қорытынды: Бюджет бір жылда емес, бір цикл мөлшерінде теңгеріледі.

Үшінші концепция: Мемлекет қаржыларының мақсаты - бюджетті емес, экономика теңдестігін қамтамасыз ету. Үкімет үшін ең бастысы - макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау. Бұл мақсатқа жету үшін кез келген тапшылықты енгізуге болады.

Бұл концепциялардың әрқайсысы өзінің осал және күшті жақтарымен белгілі. Біздің елдегі қаржы саясаты бірінші концепцияға негізделген.

Бюджет тапшылығының өсуі мемлекеттік қарзыдың пайда болуына және оның өсуіне әкеліп соғады.

Мемлекеттік қарыз - бұл белгілі бір уақыт ішінде осы уақыт ішінде пайда болған бюджеттің оңды сальдосын алып тастағандағы жинақталған бюджет тапшылығы жиынтығы.

Мемлекеттік қарыз сыртқы және ішкі болады.

Сыртқы мемлекеттік қарыз - бұл шетел мемлекеттеріне, ұйымдар мен жеке адамдарға қарыз. Оның өз негативті мазмұны бар, өйткені, ел шетелге өзінің құнды қағаздарын беріп, қарыз жүгін келесі ұрпаққа қалдырады.

Ішкі қарыз - бұл берілген ел үкіметінің сол ел халқына қарызы.

Мемлекеттік қарыздың болуының нақты негативтік салдарлары бар.

1. Ішкі қарызды халыққа пайыз төлеу жолы арқылы жабу әртүрлі әлеуметтік топтардың табысында теңсіздік туғызады, себебі, мемлекет міндеттемелерінің көп бөлігі халықтың неғұрлым ауқатты бөлігі қолында шоғырланған. Ендеше, қолдарында мемлекеттік құнды қағаздары барлар, оларды жабу кезінде одан да байи түседі.

2. Мемлекеттік қарыз бойынша пайыз төлеу мақсатына сай салықты өсіру немесе оны төмендету - өндірісті дамытудың экономикалық ынталандыру қызметін жоққа шығаруы мүмкін.

3. Мемлекеттік қарыз бойынша пайыз төлеу үшін капиталдар нарығында үкімет заем алса, бұл жағдай экономикаға өзінің кері әсерін тигізеді, өйткені бұл ел ішінде капитал орналастыруды қысқартады.

4. Мемлекеттік қарыздың болуы елде психологиялық шиеленіс тудырып, елдің іскерлік белсенділігін азайтады.

10.2 Салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні. Салық салудың принциптері мен формалары. Лаффер қисығы.

Мемлекет табыстарының негізгі бастауы болып салықтар саналады. Салықтар - бұл алдын-ала анықталған және заң жүзінде бекітілген шаруашылық субъектісі табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына алу. Салық салу - табысты және мемлекет қаржыларын толықтыру көздерін реттеу әдісі.

Салықтар тарихта мемлекетпен бірге пайда болады. Салықтар қанша ғасыр өмір сүрсе, сонша уақыт экономикалық теория оңтайлы салық салу принциптерін іздеуге, олардың бірін А.Смит қисындаған. Соның негізінде қазіргі уақытта салық салудың екі ірі концепциясы туған.

Біріншісі - салық қызметтерден салық төлеушінің мемлекеттен алған қызметтерден түсіретін табысына (А.Смит мысалы: жолды жөндеуді кім пайдаланса, ақшасын сол төлейді) пропорционалды болуы керек деген идея. Екінші концепция салықтан түсетін пайда мөлшеріне тәуелді екенін білдіреді.

Қазіргі салық жүйесі бірнеше принциптерді пайдаланады.

Жалпылық, басқаша, табыс түсіруші барлық экономикалық субъектілерді қамтиды.

Тұрақтылық, басқаша, салық түрлері мен бір уақыт ішіндегі салық мөлшерінің орнықтылығы.

Тең шиеленісті, басқаша, салықтың еркісздігі (күштеп салынуы) оны төлемеуге деген шарасыздық, салықты есептеу мен төлеудегі субъектінің тәуелсізділігі.

Әлеуметтік әділеттік, басқаша, табыстары аз кәсіпорындар мен халық топтарына кешірімшіл көзбен қарайтын салық мөлшері мен салық жеңілдіктерін бекіту.

Салық жүйесі мемлекеттің заң актілеріне сүйеніп, салық элементтерін бекітеді, оған жататындар:

Салық субъектісі немесе салық төлеуші, басқаша, салық төлеу міндеті жүктелген адам; ол жеке не заңды тұлға болуы мүмкін.

Салық объектісі басқаша, салық салынатын табыс не мүлік (еңбек ақы, пайда, құнды қағаз, қозғалмайтын мүлік) т.б.

Салық көзі - бұл салық салу объектісіне тәуелсіз қоғамның таза табысы.

Салық мөлшері - бұл салықтың салық салудың бір-бірлігіне келетін салық мөлшерін анықтайтын негізгі элементі (апталық, бір жүздік жерден, бір мыңдық теңгеден т.б.) Шекті, орта, нөлдік, жеңілдікті салық мөлшерлері болады.

Шекті салық мөлшері - бұл төленуші салық өсімінің табыс өсіміне бөліндісі.

Орташа салық мөлшері - бұл жалпы салықтың салық салынатын табыс көлеміне бөліндісі.

Салықтық жеңілдіктер - бұл салық мөлшерлерін азайту немесе кейбір жеке не заңды тұлғаларды өндіріс профиліне, өндірілуші өнімнің және басқа мінездемелерге байланысты салық төлеуден толық босату.

Жеңілдіктер әртүрлілігіне және салық төлеушілерді кең қамтуына байланысты номиналды мөлшермен салыстырғанда салық салудың нақты мөлшерін төмендетуге әкеп соғуы мүмкін.

Сондықтан, салық мөлшері мен табыс мөлшері ара қатысына байланысты салықтар мыналарға бөлінеді:

- прогрессивтік, мұнда, орташа мөлшер табыстың өсуіне қарай көбейеді;

- регрессивті, мұнда орташа мөлшер табыстың өсуіне қарай төмендейді;

- пропорционалды, мұнда, орташа мөлшер табыс көлеміне қарамастан, өзгеріссіз болады.

Қалыптасу механизміне байланысты салықтар екі негізгі топқа бөлінеді: тіке және жанама.

Тіке салықтар мүлік иелерінен табыс табушылардан тікелей алныады.

Жанама салықтар салық саласында немесе тауарлар мен қызметтер саласында алынады, басқаша түбінде өнімді тұтынушылар иығына жүктеледі.

Тіке салықтарға жататындар:

  •  Халықтың табысы бойынша салық;
  •  Копорация пайдасына салық;
  •  Капитал өсіміне салық;
  •  Мұра мен сыйлық салығы;
  •  Мүлік бойынша салық;

Жанама салықтарға жататындар:

  •  айналым салығы;
  •  қосымша құнға салық (НДС);
  •  тауардың кей түрлеріне салық (акциздар);
  •  кеден салығы;

Міне, жалпыәлемдік стандарттар осындай. Ресейдің салық реформалары оның салық салу жүйесін халықаралық нормаларға жақындатты.

Ресейдегі салықтар үш топқа бөлінген: федералдық, республикалық және жергілікті.

Федералдық салықтар парламент арқылы бекітіліп, Ресейдің бар аймақтарынан міндетті түрде алынады.

Республикалық салықтар да міндетті. Бұл жерде салық бойынша төлем сомасы республика бюджетіндегі және салық төлеуші тұратын қала не аудан бюджетіндегі бірдей тең үлес арқылы есептеледі.

Жергілікті салықтар тек әредік қана міндетті саналады. Салықтың бір бөлігі жергілікті  өкіметтің шешімімен бекітіледі.

Салықтың қандай болуы мәселесі (жоғары не төмен), экономистер дауының күнделікті тақырыбы. Экономикаға мемлекеттің араласуы қашанда салықтың өсуімен байланысты, ал араласудың бостығы - оның төмендеуімен байланысты. Басты мәселе - екеуінің экономикаға қалай әсер ететіндігінде.

Кейнстің жақтастары «сұраныс экономикасына» бағыт ұстайды. Олардың айтуынша, салықтың жоғары деңгейі қоғамның сатып алу мүмкіндігін төмендетеді, басқаша, жинақ сұранысты азайтады. Ендеше, баға төмендейді, инфляция сөнеді. Керісінше, салықтың қысқаруы жинақты сұранысты күшейтеді, бағаның өсуі мен инфляция қарқынын үдетеді.

«Ұсыным экономикасы» жақтастары керісінше пікір айтады. Олардың ойынша, жоғары салықтар кәсіпкерлердің шығындарын өсіреді, олар неғұрлым жоғары баға формасында тұтынушылар мойнына түсіп инфляция туғызады. Олар - салықты төмендетуді жақтайды.

Бұл сұраққа тура жауап жоқ, экономистер әлі ізденіс үстінде. Бірақ та салық мөлшері мен іскерлік белсенділік арасындағы байланысты бекіту шарасы жасалған. Американдық профессор А.Лаффер (ұсыным теориясын жақтаушы) - табыс бойынша салық мөлшерінің белгілі деңгейден артық болғаны жағдайында іскерлік белсенділік бірден төмендейді, немесе кәсіпкерлік іс-қимыл керексіз болып қалатындығын дәлелдеген. Ал, салықтың неғұрлым төмен мөлшері жұмысқа, жинақтауға және инвестицияға ынталандырады, іскер тәуекелге бел буғызады, ұлттық өндіріс пен табысты күшейтеді. Нәтижесінде салықтық база кеңейеді, ал ол салық түсімдерін тіпті салық мөлшері төмен болғанда да жоғары деңгейде ұстауға көмектеседі. Салық мөлшері мен салық түсімдері арасындағы байланыс Лаффер қисығы деп аталған (24 сурет).

Егер салық мөлшері нольге тең болса (О нүктесі) онда, мемлекет түк таппайды. Егер салық мөлшері Z1=100 % болса, онда ешкім де жұмыс істеуге ынталы болмайды және мемлекет те түк алмайды. Басқадай бір мөлшерді алсақ (айталық, Z0= 50 %) табыс бойынша салық түрінде мемлекет алатын сома максимумға кетеді - R1 (М нүктесі). Салық мөлшерін көтеру арқылы шарасы R-ді төмендетуге әкеледі (N нүктесі).

Лаффер қисығы қандай салық мөлшерінде максималды салық түсетіні туралы сұраққа жауап бермейді.

10.3 Халықтың табысы және оны қайта бөлу. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

Мемлекеттің әлеуметтік іс-әрекетінің басты бөлігі халықтың табысын қалыптастыру саясаты болып табылады.

Табыс - бұл белгілі бір уақыт аралығында алынатын және жеке тұтыным мақсатында игіліктер мен қызметтерді пайдалануға бағытталған, ақша қаржатының жиынтығы.

Табыс көлеміне әсер етуші негізгі факторлар мыналар: еңбекақы, бөлшек сауда динамикасы, нарықтың тауар мен және басқамен толтырылуы.

Ақша табысының көздері мынау: еңбекақы, меншіктен түсетін табыс (дивиденд, пайыз, рента) әлеуметтік төлемдер - трансфертттер (зейнетақы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы т.б.)

Бұлардың әрқайсысының маңызы әртүрлі. Әлеуметтік топтар үшін әрқалай: біреуіне ең бастысы еңбекақы мен трасферттік төлемдер (жалдамалы еңбек адамы үшін); басқасына - меншіктен түсетін табыс.

1995 жылғы ақпар бойынша Ресейде меншіктен түсетін табыс көп өскен, жеке табыстың 45 % құраған. Еңбекақы үлесіне чек 55 % тиген. Бұл цифрлар әлеуметтік ортада жағдайдың нашарлығын көрсетеді. Салыстыру үшін: АҚШ-та жеке табыс құрамы сәйкестікпен 25 және 75 % құрайды.

Баршаға бірдей табысты қалыптастыру принциптерінің жағдайында алынатын табыстың теңсіздігі сақталып, үнемі қайта туындап отырады. Мысалы, Ресейде 1995 жылы табыстың орташа деңгейі неғұрлым ауқатты халық тобында (10 % ) неғұрлым төмен табыстылардан 13,4 есе артық болған.

Табысты қайта бөлудегі теңсіздікті өлшеу үшін Лоренцц қисығы (25 сурет) пайдаланылады.

Көлденеңінде халықтың пайыздық топтары көрсетілген, ал тігінен - осы топтар алатын табыс пайызы көрсетілген. Егер абсолютті тепе-теңдік болған болса, онда халықтың 20 пайызы жалпы қоғам табысының 20 пайызын алар еді. 30 % - табыстың 30 % -ін, т.б. Онда ОА сызығы пайда болар еді. Ол табысты бөлудегі абсолюттік теңдікті білдірер еді. Өмірде табысты бөлу басқаша жүргізіледі.

Мысалы, халықтың 10 % шамалы табыстың 50 % алады, халықтың 50 % - 20 % алады, т.б. Бұл жағдайда кестеде ОСА қисығы пайда болады, ол Лоренц қисығы деп аталады. Бұл қисық ОА тігінен неғұрлым алыстаған сайын, қоғам мүшелерінің табыстарындағы айырмашылық та өсе береді. Табыс дифференциясының деңгейі Джини коэффициентінің көмегімен анықталады. Бұл көрсетілген көлемі неғұрлым өскен сайын, солғұрлым табысты нақты бөлудің идеалды теңдіктен ауытқуы артады. Ол ОСА көлемін ОАҚ ұшбұрышы көлеміне бөлу арқылы есептеледі.

Табыс деңгейін бағалау үшін номиналды және нақты табыс көрсеткіштері пайдаланылады.

Номиналды табыс алынған ақша санымен сипатталады. Нақты - осы ақшаға сатып алуға болатын тауар мен қызметтер санымен сипатталады. Баға өскен сайын, нақты табыс та төмендейді және керісінше. Нақты табыс баға индексі көмегі арқылы өлшенеді. Баға индексін анықтау үшін “тұтыным корзинасы” ұғымы енгізілген, басқаша, белгілі бір түрдегі тауар мен қызметтердің жинақты бағасы (39 сұрақты қараңыз).

Баға индексін берілген уақыттағы «тұтыным корзинасы» бағасын осы кезеңдегі корзинаның аналогия бойынша бағасымен салыстыру арқылы алады. «Тұтыным корзинасының» тиімді және минималды түрлері бар. Табысы минималдьды «корзина» құнынан төмен халық үлесін «кедейшілік шегінен» төмен тұрушылар деп атайды. Бұл үлес өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіші.

Халықтың өмір сүру деңгейі - бұл материалды игіліктерді тұтыну деңгейі (халықтың өнеркәсіп, тамақ өнімдерімен, үймен жабдықталуы т.б.).

Анағұрлым күрделі көрсеткіш болып өмір сапасы көрсеткіші есептеледі. Оған өмір сүру деңгейінен басқа еңбек жағдайы және қауіпсіздігі, мәдениет деңгейі, дене-физикалық даму т.б. көрсеткіштер кіреді.

Өмірдің деңгейі мен сапасын бағалау уақытта да кеңістікте де өзгеріп отырады. Осыдан 30-40 жыл бұрын жоғары саналған деңгей бүгін «кедейлік шекке», ал кей елдерде жоғары саналатын деңгей басқалар үшін керексіз болуы мүмкін.

Мемлекеттің әлеуметтік шаралары алғашқы нарықтық бөлу деңгейінде туындайтын табыс теңсіздігін жұмсартады. Экономикалық теорияда мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларына қатысты екі түрлі түсінік бар: «әлеуметтік» және «нарықтық». Біріншісі - қоғам әрбір азаматқа «кедейлік шегінен» төмен түсірмейтін табысқа гарантия беруі қажеттігін анықтайды. Бұл жағдайда көмек тек сол көмекке мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі қажет және мемлекет бюджетіне тар келмеуі керек, әйтпесе ол инфляциялық факторға айналып, тұрмысы нашарлардың жағдайын, онан әрі мүшкіл етеді. Екінші жол - мемлекет міндеті - табысқа гарант болу емес, ал қоғамның әрбір мүшесіне табысып, көбейтуге жағдай жасауға негізделуі керек дегенге сүйенеді. Бірінші жол әлеуметтік әділеттілік принципіне сүйенсе, екіншісі - экономикалық тиімділікке негізделген. Бұл екі принциптің қатар жүруі де мүмкін.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер

Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.

Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.

Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.

Курс экономической теории. Учебное пособие/Под общ. ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой.-Киров: АСА.

Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.

Макконнел К., Брю С. Экономикс.-М. Республика, 1992г.– Т.1. , Т.2.

Пол Хейне. Экономический образ мышления.- М.: 1992

Қосымша әдебиеттер

Андарова Р.К. Проблемы экономического роста в условиях рынка. Алматы, РИО ВАК РК Министерства образования и науки. 2000г.

Атапханов К.А. Фискальная система государства: роль и вопросы  совершенствования. Алматы: Гылым, 1998г.

Большой экономический словарь: 20000 терминов. Под ред. А.Н.Азрилияна.-4-е изд-е. М.: Институт экономики, 1996г.

Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.-М.: Юристь, 2000г.

Валовой Д.В.  Рыночная  экономика.  Возникновение, эволюция и сущность. М. 1997г.

Веттерберг Г. Новое общество. О возможностях общественного сектора.-М.: «Ad Marginem», 1999г.

Долан Э., Линдсей Д. Макроэкономика.-С-Пб, 1994г.

Долан Э. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.-Бишкек:  Туран, 1996г.

Долан Э., Линдсей Д. Рынок: микроэкономическая модель.-М. 1993г

Истаева А.А. Экономика и планирование коммерческого предпринимательство. Алматы,2000г.

Учебник по основам экономической теории. В.Д.Камаев, М.В.Семенов, Д.Е.Сорокин, Ф.Ф.Стерликов и др.-Владос: Изд-во МГТУ им.Н.Э.Баумана, 1996г.

Микроэкономика. Учебник/Под ред. Е.Б.Яковлевой.-Москва,  1997г.

Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы, 2000г.

Назарбаев Н. Стратегия развития Республики Казахстан на период до 2030 года  (Казахстан-2030). Алматы, 1997г.

Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики.-М., 2001г.

Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. –М. 1992г

Смирнов Н.К. Всеобщее и основное противоречие собственности. -Алматы: Гылым, 2001г.

Сорос Д. Кризис мирового капитализма, открытое общество в опасности.-     М., 1999г.

Фикс Д.Ж. Стоимость и капитал М. Прогресс 1993г.

Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р. Экономика: пер.с англ.со 2-го изд. –М.; «Дело ЛТД» 1995.

Шишкин А.Ф. Экономическая теория. Учебник для студентов экономических специальностей вузов.-2-е изд-е. –М.Владос, 1996г.

Харрис Л. Денежная теория. –М.: Прогресс, 1990г.

Экономическая теория в вопросах и ответах. Учебное пособие для студентов вузов и преп. экономических дисциплин. Отв. ред. В.М.Белоусов.-Ростов-на-Дону: Феникс, 1998г.

Экономика: Учебник / Под ред. Доц.А.С. Булатова.- М.; Изд-во БЕК 1997.

Эклунд К. Эффективная экономика (шведская модель).-Москва, 1991г.




1. Введение2 Глава 1 Теоретическая часть
2. Роль внешней торговли в международной экономике Международная внешняя торговля древняя и традиционная
3. Казаки (конец XV - первая половина XVII вв)
4. Мой город ЙошкарОла через объектив Номинации- архитектура здания архитектурные ансамбли памят
5. Опыт содержания и разведения кеклика в Туркменистане
6. Определение электрической машины
7. на тему- Роль организационной культуры в реализации стратегических целей компании Работу выполн
8. вступить на него прейдя из другой отрасли
9. Анаэробные нагрузки
10. тема управления персоналом по организации питания
11. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Одеса ~ Дисертаці
12. 201г именуемая в дальнейшем ПРЕЖНИЙ ВЛАДЕЛЕЦ с одной стороны и
13. тематики ГБОУСОШ 1692 Тип урока- урок ~ объяснение нового материала
14. варианта осуществления такого аутсорсинга- 1
15. Организация работы пивного бара на 70 мест (горячий цех)
16. тема оценки учебных достижений студентов ЯГМА является инструментом управления качеством подготовки специа.html
17. ПЕНИТЕНЦИАРНАЯ ПЕДАГОГИКА
18. Формы и методы международной торговли
19. Дипломная работа- Автоматизированная система правового сопровождения кредитования юридических лиц
20. Экстремальные ситуации и мыслящее вещество