і. Emil ашу. Хат алмасу
Работа добавлена на сайт samzan.net:
Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
от 25%
Подписываем
договор
Зертханалық жұмыс
Желілер түрлері. E-mail ашу. Хат алмасу. Интернеттен мәлімет іздеу.
Электрондық пошта
Мақсаты:
- Электрондық поштамен жұмыс істеп үйрену;
- Электрондық хат жазу тәртібін үйрену;
- Электрондық хаттарды оқуды үйрену;
- Электрондық хатқа жауап жіберуді үйрену;
- Электрондық хатқа файлды тіркеп үйрену.
Электрондық пошта немесе e-mail - интернеттің жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам e-mail деген атпен белгілі хабарламаларды жөнелтіп, қабылдай алады. Күн сайын дүние жүзінде миллиондаған хабарламалар жөнелтіледі және қабылданады.
Хабарларды жіберіп, қабылдай алу үшін электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Олар не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не компьютердегі Microsoft Outlook бөлек бағдарлама болып табылады. Бағдарламалардың бұл екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:
- Хат жазу, Жөнелту батырмасын шерту арқылы бағдарлама хабарламаны сандық пішімге ауыстырады;
- Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді;
- Пошталық сервер Outlook Express қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекеленген адрестерге жібереді.
Электрондық пошта жұмысы кәдімгі поштаға өте ұқсас. Онда да жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, мекенжайлар мен хаттар бар. Электронды хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі.
Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай көрністе болады:
ат@үйшік, мұндағы ат (Логин) пошта серверінде тіркелу кезінде көрсетілген бірегей ат. үйшік таңдаған пошта серверін (www.mail.ru) көрсетеді. Үйшік атауы кем дегенде нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады. Олар жоғары деңгей үйшігі және екінші деңгейлі үйшік: mail.ru, rambler.ru, ok.kz және т.б.
1-тапсырма. Жеке пошта мекенжайын алу (www.mail.ru сервері).
1.1. Интернетті іске қосу;
1.2. Адрестік қатарға http://www.mail.ru теріп, Enter пернесін басу;
1.3. Ашылған терезедегі пошта бөлігіндегі Аты (латын әріптерімен жазылады) және құпия сөз өрістерін толтыру (1-сурет);
1- сурет.
1.4. Поштаға тіркеу гиперсілтемесін шерту;
1.5. Ашылған Тіркеу терезесінде анкета толтыру;
1.6. батырмасын шерту;
1.7. Ашылған сұқбат терезеге Білім туралы (Орта, Арнаулы, Жоғары) анкетаның бірін толтыру (толтырмай өткізіп жіберуге де болады).
2-тапсырма. Хаттарды әзірлеу, жөнелту.
2.1. Хат жазу гиперсілтемесін шерту;
2.2. Электронды хаттың негізгі элементтерін толтыру (2-сурет):
2-сурет.
Кімге: қабылдап алушының электронды мекен жайы;
Көшірме: осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келген өзге қабылдап алушының электронды мекен жайы көрсетілетін өріс;
Жасырын көшірме: кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы хаттың көшірмесін өзге қабылдап алушыға жіберілгенін адресат білмейді;
Тақырып: қабылдап алушының компьютеріндегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе.
Файлдар: файлдар тіркеу (сіз электронды хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар, құжаттар, т.с.с. бұрынан бар файлдарды тіркей аласыз);
Қарапайым мәтін (хат өрісі): сіз хабарлама әзірлейтін аумақ. Барлық өрістерді толтырып болған соң, Жөнелту батырмасын шерту.
3-тапсырма. Хатты қабылдап алу, оған файлды тіркеп, жауап қайтару.
3.1. Интернетті іске қосу;
3.2. Адрестік қатарға http://www.mail.ru теріп, Enter пернесін басу;
3.3. Пошта бөлігіндегі өрістерді толтыру, Кіру батырмасын шерту;
3.4. Кірістірілгендер бумасын, келген хат тақырыбын бір шерту;
3.5. Хаттың мазмұнымен танысып, Хат жазу гиперсілтемесін шерту;
3.6. Хатқа жауап жазып, Шолу батырмасын шерту;
3.7. Файлдарды таңдауға арналған сұқбат терезеден, өзіңе қажетті файлды таңдап, Ашу батырмасын шерту;
3.8. Таңдаған файл атауы Тіркеу жолына келіп түседі;
3.9. Тіркеу батырмасын шерту;
Ескерту: Әдетте әрбір пошта жәшігінде тіркелген файлдарға көлемі бойынша белгілі бір шектеулер бар.
3.10 Жөнелту батырмасын шерту.
4-тапсырма. Орысша терілген хат қатесін тексеру, оны ағылшын неміс, испан, француз тілдерінің біріне аударып жөнелту.
4.1. Орысша кез келген мәтін теріп, Тексеру өрісінен орыс тілін таңдау, ОК батырмасын шерту;
4.2. Терілген мәтінді Мәтінді аудару өрісінен орысшадан ағылшынға (неміс, испан, француз) бірін таңдау, ОК басу.
4.3. Хатты көрсетілген электронды мекен-жайға жөнелту.
Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
Сіздің компьютермен жергілікті желіге жалғастырылған компьютерлерді қарап, құжатты немесе
буманы өз компьютеріңізге көшіріңіз.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Менің желілік аймағым (Мое сетевое окружение) белгісін тышқанмен екі рет басыңыз.
- Ашылған терезеден кез келген компьютердің белгісін тышқанмен екі рет басыңыз.
- Пайда болған терезеден С: дискісінің белгісін тышқанмен екі рет басыңыз.
- Кез келген папканы ашыңыз. Мысалы, Менің құжаттарым
- Өз компьютеріңізде Менің құжаттарым белгісін тышқанмен екі рет басыңыз.
- Ашылған терезеге желілік компьютерден құжатты тасымалдап əкеліңіз. (Менің құжаттарым бумасына)
4. Почталық хабар құрып, жіберіңіз.
Жұмыстың орындалу реті:
- Пошталық программаны іске қосыңыз (мысалы, Outlook Exspre ss).
- Хабар -Құру
- Хабар құру терезесіндегі Кімге өрісінде қабылдаушының электронды адресін көрсетіңіз (мысалы, cio.@abai.uni.sci.kz)
- Копия өрісінде: хабар көшірмесін алушы адресін көрсетуге болады.
- Тақырып өрісінде: хабар тақырыбын енгізіңіз (мысалы, «алғашқы хат»).
- Хабар жазуға арналған орында хабар текстін (мəтінін) теріңіз.
- Файл-Жіберу
- Исходящие қапшығын қараңыз
- Отправленные қапшығын қараңыз
Ескерту: «Кімге» жəне «Копия» өрісінде бірнеше адрестерді нүктелі үтірмен бөлу арқылы жазуға болады.
5. Поштаны қабылдаңыз жəне жіберушіге жауап беріңіз.
Жұмыстың орындалу реті:
- Пошталық программаны іске қосыңыз (мысалы, Outlook Exspre ss).
- Сервис-Поштаны жеткіз - Поштаны жеткіз немесе Бəрін қабылдау (бірінші жағдайда барлық хабарлар қабылданады жəне Исходящие қашығындағы барлық хабарлар жіберіледі, екінші жағдайда Исходящие қапшығындағылар жіберілмейді.
- Входящие қапшығын ашыңыз.
- Хабарды екі рет басыңыз (оқылмаған хабарлар қарайтылған қаріппен, оқылғандары əдеттегі қаріппен жазылып тұрады).
- Хабарға жауап беру үшін Хабар-Жіберушіге жауап беру-ді орындаңыз.
- Файлды-Жіберу
6. Web технологиясын пайдаланып, хабар құру жəне жіберу, поштаны қабылдау (көрсетіңіз).
Жұмыстың орындалу реті:
- WеЬ - поштаның алғашқы бетін іске қосыңыз (мысалы, www.mail.ru)
- Жүйеге кіру үшін логин мен құпия сөзді (пароль) енгізіңіз (жаңа пайдаланушы тіркелуі керек)
- Поштаны көру (Просматреть почту) батырмасын басыңыз
- Входящие қапшығын ашыңыз
- Хабарды оқыңыз
- Хабар құру үшін Хат жазу-ды (Написать письмо) таңдаңыз
- Кімге, Көшірме, Тақырыптарын (Кому, Копия, Тема) көрсетіңіз
- Хат тексін теріңіз
- Жіберу-ді (Отправить) шертіңіз
10.Жүйеден шығу үшін Шығу-ды (Выход) басыңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Жергілікті желі деген не? Жергілікті желі қандай қызмет атқарады?
2. Компьютер жергілікті желіге қандай құрылғылармен біріктіріледі?
3. Қандай шарт белгі жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған?
4. Жергілікті желідегі өз компьютеріңнің атын қалай көруге болады?
5. Қанша компьютер желіге қосулы тұрғанын қалай білуге болады?
6. Жергілікті желіден қажет компьютерді қалай табуға болады?
7. Өз компьютеріңдегі бумаға рұқсат қалай ашылады?
8. Өзге пайдаланушылар бума мазмұнын қай жағдайда өзгерте алады?
9. Желілік принтер деген не? Желілік принтерге қалай қосылады?
10. Интернет желісі деген не? Internet Explorer терезесі құрылымын баянда.
11. Internet Explorer-дің асаптар панеліндегі батырмалардың іс-әрекеттерін баянда.
12. e-mail дегеніміз не?
13. Электрондық поштада қандай хабарламаларды жеткізуге болады?
14. Электрондық пошта қалай жұмыс істейді?
15. Қандай пошта серверлері бар?
16. Outlook Express бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
17. Өз пошта жәшігіңді қалай құруға болады?
18. Электронды пошта абонентінің пошта жәшігі деген не?
19. Internet желісінің электронды жәшігіне қалай кіруге болады?
20. Электронды хатқа өз суретіңді қалай тіркеуге, жөнелтуге болады?
21. Электронды поштамен жөнелткен хат қайда сақталады?
Зертханалық жұмыс
Web қосымшаларын жасау технологиялары. Жеке тақырыпта Web- қосымшасын жасау.
Web қосымшаларын жасау технологиялары.
Жеке тақырыпта Web қосымшасын жасау.
Мақсаты: Гипертекстік құжаттарды жасау тілі HTML-ді қолданып, Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
HyperText Markup Language (HTML) WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.
HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.
HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.
HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:
- Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;
- Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.
HTML-құжаттар қалай жасалынады?
HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.
HTML-тегтер
Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.
Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан , құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:
<TITLE> Құжат тақырыбы </TITLE>
|
Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( / ) болуында. Бұл мысалда <TITLE> тегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал </TITLE> тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.
Кейбір тегтер, мысалы, <P> (абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.
Кестелерді жасау.
Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:
- TABLE тегтері бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.
- Міндетті емес элемент CAPTION кестенің тақырыбын (атын) спецификациялайды.
- TR тегтері кесте жолдарын спецификациялайды.
- TH тегтері жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.
- TD тегтері кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.
<TR> <TD> 0 </TD> <TD> 1 </TD> </TR>
</TABLE>
және көбінесе броузерлер арқылы былайша көрсетіледі.
Кестенің қосымша қасиеттері. Мәтіндік ұяшықтары бар типтік кесте.
Жоғарыда көрсетілген кесте үлгісіне қосуға болатын бірнеше элементтер бар:
- Кестенің тақырыбы (caption ) кестенің өзімен байланысқан (кесте туралы құжаттағы жолдар тексіне толықтауыш);
- Тақырыпша (headers) (түсіндірме) кесте жолдары мен бағаларына арналған;
- Жақтау (рамка, borders) кесте мен әр кесте ұяшығының айналасына арналған.
Сонымен қатар ALIGN мен VALIGN атрибуттары кестенің бейнелену сапасына әсер етеді. Олар құжаттың өрістеріне қатысты кестенің орналасуын айқындайды.
Мүмкін болатын мәндері: ALIGN=LEFT (сол жақпен туралау), ALIGN=CENTER (ортаға туралау), ALIGN=RIGHT (оң жаққа туралау).
WIDTH Кестенің ені, пиксель арқылы WIDTH=400) немесе беттің енінің проценті түрінде (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.
Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып 1-суреттегідей HTML құжат жасау.
- Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Задание1.html деген атпен сақтаңыз.
- Құжаттағы алғашқы тег <HTML> тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына <HTML> деп теріңіз.
1-сурет. HTML құжат үлгісі
- Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:
<HEAD>
<TITLE> Пример работы
с тегами. Форматирование
</TITLE>
</HEAD>
- Енді құжаттың денесін, яғни HTML құжатта не көрсетілетінін енгіземіз.Ол үшін мына жолдарды теріңіз:
<BODY BGCOLOR=yellow TEXT=blue >
мұндағы BGCOLOR=yellow құжаттың фоны сары, ал TEXT=blue шығатын текстің түсі көк болатынын анықтайды.
- Ары қарай тағы да теріңіз:
<H1>Это заголовок первого уровня</H1>
<H2>Это заголовок второго уровня</H2>
Бұл жолдар әр түрлі деңгейдегі тақырыптарды анықтайды.
- Енді нөмірленген және нөмірленбеген тізім жасауды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:
<OL >Это пример пронумерованного списка
<LI>Первый элемент
<LI>Второй элемент
<LI>Третий элемент
</OL>
<UL TYPE=DISC>Это пример непронумерованного списка
<LI>Первый элемент
<LI>Второй элемент
<LI>Третий элемент
</UL>
- Енді тексті пішімдеуді (форматтауды), яғни тексті енгізудің түрлі пішімдерін қолдануды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:
<I>Это курсив</I>
<B>Это жирный шрифт</B>
<U>Это подчеркнутый текст</U>
<SUP>Это верхний индекс</SUP>
<SUB>Это нижний индекс индекс</SUB>
<BR>Это начало нового абзаца.
<BIG>Это большой шрифт</BIG>
<SMALL> Это маленький шрифт</SMALL>
<STRIKE>Это перечеркнутый шрифт</STRIKE>
- Келесі жолға <BR><BR> деп теріңіз. Бұл екі рет бос жол жасағанды білдіреді ( «Enter » клавишасын басқанды білдіреді).
- Келесі жолға теріңіз: <MARQUEE >ЭТО БЕГУЩАЯ СТРОКА</MARQUEE>. Нәтижесінде жүгірмелі жол жасалынады.
- HTML құжатта көрсетілетін ақпарат таусылғандықтан <BODY> тегін жабу керек , ол үшін </BODY> деп жазыңыз.
- HTML құжаттағы жазу аяқталды, сондықтан <HTML> тегін де жабу керек,ол үшін </HTML> деп жазыңыз.
- Блокнотты жауып, жасаған құжатыңызды тышқанның сол жағын екі рет шертіп ашыңыз.
2-жаттығу. Сайттың тексін өзгерту. Өзіңіз жайлы шағын ақпарат бар үй бетін (домашняя страница) жасаңыз, ол үшін барлық келтірілген тегтерді қолданып 1ші жаттығудағы сайттың тексін өзгертіңіз.
3-жаттығу. Құжатты редақциялау.
Фондық сурет қою арқылы беттің фонын өзгертейік. Ол үшін:
- Мои рисунки бумасынан (папка) jpg форматты суреттің көшірмесін өз бумаңызға түсіріп, оған image.jpg деп ат беріңіз.
- Қайтадан өзіңіздің HTML-құжатыңыздың бетіне оралып Вид-Просмотр HTML-кода командасын орындаңыз.
- Ашылған Блокнот редакторының терезесінде HTML-кодты. Редакциялайық. <BODY> тегінде фон түсінің тегінің орнына BACKGROUND="image.jpg" дегенді қосып жазыңыз. Құжатты сақтап, Блокнот терезесін жабыңыз.
- Өзіңіздің HTML- құжатыңыздың бетіне оралып Вид-Обновить командасын орындаңыз.
4-жаттығу. Сурет түсіру. Құжатқа гиперсілтеме жасау.
<IMG> және <A HREF> тегтерін қолданып келесі HTML- құжатын жасау.(2-сурет)
2-сурет
- Блокнот текстік редакторының терезесін ашып, бос құжатты Задание4.html деп сақтаңыз
- Құжаттың бірінші жолына <HTML> деп жазыңыз..
- Терезе тақырыбын жазу үшін мына жолдарды енгізіңіз:
<HEAD>
<TITLE> Вставка рисунка и гиперссылки
</TITLE>
</HEAD>
- Ары қарай <BODY BGCOLOR=pink TEXT=black LINK=blue VLINK=red> деп енгізіңіз.
- Енді суретті түсіреміз. Ол үшін келесі жаңа мына тіркестерді жазыңыз: <IMG SRC="image.jpg" ALT="Здесь должен быть рисунок" HEIGHT=250 WIDTH=250 ALIGN=middle ISMAP>
- Сурет пен келесі жазылатын текст арасында 3 бос жол болу керек. Ол үшін <BR><BR><BR> деп жазыңыз.
- Енді құжатқа Задание1.html құжатын шақыратын гиперсілтеме (гиперссылка)жасаймыз Ол үшін мына жолдарды теріңіз:
<A HREF="Задание1.html"> Перейти по гиперссылке </A>
- </BODY> тегін жабыңыз.
- </HTML> тегін жабыңыз.
4-жаттығу. Кестесі бар (таблица) HTML-құжат жасау.
Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Задание 5.html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Пример 2</TITLE>
</HEAD>
<H1>Простейшая таблица </H1>
<TABLE BORDER=1> <!--Это начало таблицы-->
<CAPTION> <!--Это заголовок таблицы-->
У таблицы может быть заголовок
</CAPTION>
<TR> <!--Это начало первой строки-->
<TD> <!--Это начало первой ячейки-->
Первая строка, первая колонка
</TD> <!--Это конец первой ячейки-->
<TD> <!--Это начало второй ячейки-->
Первая строка, вторая колонка
</TD> <!--Это конец второй ячейки-->
</TR> <!--Это конец первой строки-->
<TR> <!--Это начало второй строки-->
<TD> <!--Это начало первой ячейки-->
Вторая строка, первая колонка
</TD> <!--Это конец первой ячейки-->
<TD> <!--Это начало второй ячейки-->
Вторая строка, вторая колонка
</TD> <!--Это конец второй ячейки-->
</TR> <!--Это конец второй строки-->
</TABLE> <!--Это конец таблицы-->
</BODY>
</HTML>
6-жаттығу. Біріктірілген және бөлінген ұяшықтары бар кесте жасау. Colspan, Rowspan тегтерін меңгеру.
Өзіңіздің бумаңызда жаңадан біріктірілген және бөлінген ұяшықтары тұратын кестесі бар HTML- құжат жасаңыз.Ол үшін төменде келтірілген программаның тексін теріп, құжатты Задание 6.html деген атпен сақтаңыз. Colspan, Rowspan тегтерінің қызметіне назар аударып, зерттеңіз. Нәтижесі мына суреттегідей болуы тиіс:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Пример объединения ячеек с помощью COLSPAN и ROWSPAN</TITLE>
</HEAD>
<BODY BGCOLOR = BLUE TEXT = BLACK >
<TABLE ALIGN= “CENTER” BORDER= “2” LEFTMARGIN= “40” RIGHTMARGIN= “40” CELLPACING= “0” CELLPADDING= “40” WIDTH= “100%” HEIGHT= “200”>
<TR ALIGN= “CENTER” BGCOLOR=GRAY>
<TH COLSPAN= “2”> Ячейка1 </TH>
</TR>
<TR>
<TD ALIGN= “CENTER” ROWSPAN= “3”> Ячейка 2 </TD>
<TD ALIGN= “CENTER” > Ячейка 3 </TD>
</TR>
<TR>
<TD ALIGN= “CENTER” > Ячейка 4 </TD>
</TR>
<TR>
<TD ALIGN= “CENTER” > Ячейка 5 </TD>
</TR>
</TABLE>
</BODY>
</HTML>
Өздік жұмыс тапсырмалары:
- Өз тобыңыздың HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта тобыңыздағы студенттер тізімі, кесте және топтың фотосуреті болуы керек. Өз фамилияңызға гиперсілтеме жасап, өзіңіздің жеке Web-бетіңізді (яғни, сіздің жеке HTML-құжатыңыз, онда сіз туралы шағын ақпарат болу керек) шақыратындай етіңіз.
- Өз курсыңызға HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта курстағы топтар тізімі, және сіздің факультетте 1-курста оқитындардың ішіндегі Алтын Белгі иегерлері туралы деректер кестесі болу керек. Өз тобыңыздың атына гиперсілтеме жасап, өзіңіздің тобыңыздың жеке Web-бетін (яғни, сіздің жеке HTML-құжатыңыз, онда сіздің топ туралы шағын ақпарат және топтың фотосуреті болуы керек) шақыратындай етіңіз.
- Факультеттің HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта факультеттегі мамандықтар тізімі, кафедралар жайлы дерегі бар кесте (кафедра аты, қазақ, орыс топтарының саны), факультетті мамандығын сипаттайтын сурет болуы керек. Мамандықтар тізіміндегі өз мамандығыңызға гиперсілтеме жасаңыз, ол сіздің мамандық жайлы қысқаша ақпараты бар HTML-құжатты шақыруы тиіс.
- Өз университетіңіздің HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта барлық факультеттер тізімі, факультеттер жайлы деректері (факультет аты, кафедра саны) бар кесте және университет эмблемасы бар сурет болуы тиіс. Өз факультетіңіздің атына гиперсілтеме жасаңыз. Ол факультет жайлы шағын ақпараты бар HTML-құжатын шақыруы тиіс.
- Сіздің топқа сабақ беретін оқытушылар жайлы HTML-құжатын жасаңыз. Құжатта оқытушылар тізімі, олар жайлы деректері бар кесте (аты-жөні, сабақ беретін пәні) және мұғалімге қатысты сурет болуы тиіс. Құжатта өз топ жетекшіңізге (куратор) гиперсілтеме жасаңыз. Гиперсілтеме топ жетекшіңіз жайлы шағын ақпараты бар HTML-құжатын шақыруы тиіс.
Ескерту: Жасайтын HTML құжатыңызда жоғарыда көрсетілген барлық тегтер қатыстырылуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
- HTML дегеніміз не?
- HTML құжат қалай жасалады?
- HTML құжаттың құрылым қандай?
- Браузер не үшін қолданылады? Қандай браузерлерді білесіз?
- кестені жасау үшін қандай тегтер қолданылады?
Әдебиеттер:
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Информатика және есептеуіш техниха/ Жалпы редакциясын басқарған профессор Асқарбек Құсайынов. Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы,1999. 304 бет.
- Симонович С. В., Евсеев Г. А., Алексеев А. Г. Специальная информатика: Учебное пособие. М.: АСТ _ ПРЕСС: Информ Пресс, 1998.- 480 с.
- Фигурнов В. Э. IBM PC для пользователя. Краткий курс. М.: ИНФРА _ М,1997. 480 с. ил.
- Гарнаев А.Ю. Использование MS Excel, VBA в экономике и финансах. СПб.: БХВ Санкт-Петербург, 2004.
- Макарова Н.В. Информатика. М.: Финансы и статистика, 2004.
- Хомоненко А., Гридин В. Microsoft Access. Быстрый старт. Санкт-Петербург: БХВ Петербург, 2002.
- Леонтьев В. Новейшая энциклопедия персонального компьютера. М.: ОЛМА ПРЕСС, 1999.-640 с.
- С. К. Каратыгин, А. Ф. Тихонов и др. Электронный офис: В 2-х томах: Т. 1. М.: «Нолидж», 1999.-768 с. ил.
- Буза М. К. и др. Операционная среда Windows и ее приложения. Мн.: Выш. Шк., 1997. 336 с
- Б.Курицкий. Поиск оптимальных решений средствами Excel 7.0. СПб., 1997.
- Ф. Новиков, А. Яценко. Microsoft Office 97 в целом. М.,1998.
- В. Долженков, Ю. Колесников, В. Рычков. Практическая работа с MS Excel 97, М 1998
- В. Пасько. Access 2000 русифицированная версия. Киев, 2001
- В. Пасько. Word 7.0 русифицированный для Windows 95. Киев 1996
- К. Айвенс. Эксплуатация Windows NT. Проблемы и решения. М 1996
- П. Нортон. Разработка приложений в Access 97. Киев, 1998.
- Н. Николь, Р. Альбрехт. Excel 5.0 для профессионалов. М.:ЭКОМ. 1995
Бақылау сұрақтары:
- HTML дегеніміз не?
- HTML құжат қалай жасалады?
- HTML құжаттың құрылым қандай?
- Браузер не үшін қолданылады? Қандай браузерлерді білесіз?
- кестені жасау үшін қандай тегтер қолданылады?
Әдебиеттер: