У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

дарын с~зінен шы~~ан

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 8.4.2025

  1.  Жастар және қоғам

Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан.  «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты.  Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген  ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін   айқындайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.

  1.  Қазақ өнері

Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс. Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызатын болсақ, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отырған. Халықтың өзімен бірге келе жатқан ежелгі өнерлерінің бірі – ән өнері.

Қазақ әндеріне келсек, Біржанның, Ақанның, Абайдың, Мәдидің, Иманжүсіптің әндері алғашқы ұлттық авторлық әндер. Күй өнері ертедегі Қорқыт ата заманынан басталады. Күй – қазақ халқының айрықша өнері. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлері –  классикалық өнердің үлгілері. Халық әндері мен күйлері кино өнерінде де кеңінен пайдаланылды.

Қазақ киносы  жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде  атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі,  Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді.

Тәуелсіздік кезінде түсірілген белгілі фильмдер қатарында «Көшпенділер», «Аккордеонистің балалық шағы» және тағы да басқа фильмдерді атауға болады

  1.  Жастар және жұмыс

Қазақтар өздерін өте еріншек халық  деп санайды, иә мүмкін ол рас шығар,бірақ қандай адам ерінбейді? Ол адамның қасиеті және де оны түгелдей ұлтқа жатқызуға болмайды. Қазіргі жастар жеңіл ақшәға өтө қумар, ол адамның еңбекқорлығын жояды.Сол себептен мөмлөкет тарапынан жүмыспек «амтамасыз ету бағдарламасы қарцын жұмыс істейді.Бұл өз ретінде жұмыссыздықпен күресіп, қылмыстықтың санын түсіреді. Жастардың қолына лайықты жүмыс түссе олардың қолынан көп нәрсе келеді. Қазақстан Республикасының президентінің жолдауында Жастардың білім денгейіне көп көніл берді және оларды жаңа технологиялармен үйретіп, кәсіп орындарға енгізу.Шетелден келген мамндардын саны азайтуға және ұлттық кадрларды арттыруға.Сол үшін Болашақ бағдарлама жас мамандарға үлкен мүмкіндіктер береді.Және де жастар білімнің және болашағын  маныздылығын түсіну тиіс

  1.  Болашақ мамандығым

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы,  мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек.  Жақсы жұмысшы, кенші, металлург,  жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу  үшін  өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс  істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек,  Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б. Экономист мамандығы атқарушылық, әкімшілік және қаржылық қызмет түрлеріне жатады.

  1.  Ұлттық өнер

Әрбір халықтың өз дәстүрі, мәдениеті болатыны сияқты, әдебиеті де болады. Әдебиетті сол халықтың «сөз өнері» деп атайды. Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ хандығы қалыптасқан кезеңінен бері белгілі. Қазақ хандығы ХV ғасырда қалыптасқан болатын. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында жыраулар поэзиясы күшті болды. Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Марғасқа жырау, Жиембет жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. Бұлардан соң ақындар поэзиясы қалыптасты. Махамбет, Майлықожа, Дулат сияқты ақындардың шығармаларында отаршылдыққа қарсылық жырланды. Бұл ақындардан соң қазақтың ұлттық әдебиетіне Ағартушылық кезең келді. Оның көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Олардың шығармаларында дін, оқу-білім, мәдениет мәселелері жырланды.

1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. Осы кезеңде Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және тағы да басқа аса дарынды ақындар мен жазушылар әдебиетке келіп, қазақ әдебиетінің жаңа дәстүрін бастады.

  1.  Адам және табиғат

Біздің қоршаған ортамыз:  жан-жануарлар мен  өсімдіктер, жер мен ай,күн мен алыстағы жұлдыздар – осыларға барлығына да «табиғат»  айтуға болады. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген ұғым қалыптасқан. Қоршаған орта денсаулықтың жақсы болуына тигізеді. Себебі, ауаның ластануы адамға кері әсерін тигізеді. Бір Қазақстандағы Семей полигоны адамдарға қаншама зардап әкелді және де осы күнге дейін неше түрлі  аурулардан  айыра алмайды. Елімізде Семейден басқа, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау сияқты қалаларында экологиялық жағдайы н ашар болып жатыр.                                                                                              Қазіргі кезде табиғаттың тазалығына үлкен көңіл бөлінеді. Сол себепті, мемлекетімізде көптеген қала саябақтары, ұлттық саябақтар, қорықтар, резерваттар ашылып жатыр. Сондықтан, ауаның таза болуы, қаланың гүлденуі біздің, жастардың, қолымызда, - деп ойлаймын.

  1.  Ғылым мен техника

Қазақстан  Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі өз өндірісін қарқынды жаңғырту жолына түсті. Осы орайда, ел басшылығының тапсырмасымен, еліміздегі зауыттар мен фабрикалар, өндірістер мен кәсіпорындар тек жаңа технологиялармен және заманауи жабдықтармен жарақтандырылып қана қоймай, сондай – ақ «жаңа тұрпатты идеялармен қанықтырылатын»  болады

  1.  Арал теңізі

Қазақстанның оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы 428 шақырым, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.

Арал теңізінде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.

Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде.

Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конферен-циялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекет басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалмауда. Өйткені бұл ғаламдық мәселе.

  1.  Ұлттық кадрлар

Қазақстанның мұнайы мен газын ғана емес, білімі мен ғылымын да дүние жүзіне танытатын уақыт жетті. Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етті. Ендігі мақсат – білім мен біліктілікті бәсекеде көрсете білу. Ол үшін мемлекет тарапынан 2012 жылға дейін ғылымды дамытуға салынатын инвестициялар мөлшерін 25 есе ұлғайтып, жылына 350 млн теңгеге жеткізу, ғылымды басқарудың жаңа кезеңіне көшу, жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ҚР Ғылым және білім министрлігі арқылы қаржыландыру, ғылым жөнінде комитет құру, зертханалар ашу, шетелдік мамандармен байланыс жасау, білімнің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушы-профессорларға грант тағайындау сияқты мәселелер бүгінде көкейкесті болып отыр.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.

Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдар-лама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ, шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету. Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

  1.  Білім беру жүйесі

Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай  қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да - өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына  жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен.  Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын,  жоғары білім  саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында  Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың  саяси – экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл - білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында жасалып жатқан қадам

  1.  Тәуелсіз қазақстан

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл  тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады.  2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленді.     Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. (интернеттен)  

  1.  
  2.  
  3.  Кемел көшбасшы

Қай халықтың болмасын болашағы басшысына байланысты екені белгілі.     Нұрсұлтан Назарбаевхалқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әлауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы.Президент халықты мыңжылдықтар ауысып, ғасырлар тоғысқан алмағайып заманда бейбітшілік пен тыныштықта, ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруды еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап басты нысанасы етті. Соның арқасында осы тұста тәуелсіздік алып, түрлі қақтығыстарға килігіп қалған басқа елдердей емес,  Қазақстан бірден бейбіт даму даңғылына түсті. Елбасы ел ішіндегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаумен қатар, аймақтық текетірестерді болдырмауда үлкен қажырқайрат көрсетті. Жаһанға өнеге боларлық үлгілі саясат ұстанды.Халқына адалдық, елін, жерін сүюадамдық борыш болуға тиісті қағидалар. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс. Елбасының әрбір ісінен үлгі алуымыз керек. Сонда ғана елдің келешегіне, мемлекеттің болашағына сеніммен қарайтын, Елбасының ағалық үмітін алға апаратын және сара саясатын жалғастыра алатын білімді де білікті , парасатты ұрпақ қалыптаса алады.(интернеттен)    

  1.  Жастар және баспана
  2.  Қазақстандағы туризм

Біздің елімізде кейінгі жылдары туризм қалың бұқараны қамтитын демалыстың бір түріне айналып келеді. Нарықтық қатынасқа көшкен кезде туризм бизнестің тамаша көзіне айналып отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бәрінде туризм жақсы дамыған. Туған өлкеге саяхат жасау адамдардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады.

Соның ішінде «Интурист» қоғамының орны ерекше. Ол халықтардың бір-бірімен етене араласуына және мемлекетаралық байланыстардың нығаюына елеулі үлес қосып келеді. Сондай-ақ, шетелдерде туризм табыс табудың көзі, шаш етектен пайда түсірудің ең тиімді жолдарының бірі, яғни ел экономикасының бір ықпалды бөлшегі болып табылатындығы белгілі болды. Қазір бірқатар мемлекеттерде туризмнен түсетін табыс ел экономикасының 20 пайызын құрайды екен. Ал бізде бұл көрсеткіш бір пайызға да жетпейтін көрінеді.

Алайда біздің республикамызда бір-бірімен бәсекелес туристік фирмалар қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Солардың ішінде 50 жылдай тарихы бар, өз ісіне қалыптасып қалған еліміздің қазынасына қажетті үлесін құйып жүрген «Яссауи» компаниясы. «Яссауидің» тарихына, өткеніне үңілер болсақ, ол әріден одақ кезіндегі «Интуристпен» байланысты бастады. Ол 1955 жылдың аяғына қарай ашылған болатын. Осы уақыттан бері шетелдіктер Қазақстанның тарихи мекендерімен, ескерткіштерімен, табиғаты тамаша жерлерімен жақын таныса бастады. Жыл сайын мыңдаған турист Қожа Ахмет Яссауи, Айша-Бибі, Қарахан кесенелерін, Павлодар-Сабындыкөл, Жасыбай көлдерін, Қарқаралының сұлу табиғатын, Шығыс Қазақстандағы Марқакөлді аралап үлгереді. Алматы қаласы өзінің ең алғашқы шетелдік туристерін 1956 жылы қабылдаса

  1.  Басшы келбеті
  2.  Менің мамандығым

Бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің салаларынормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелер, процестер және жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары және метрологиялық қамтамасыз етулері, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік, сонымен қатар білім шексіздіктерінде оқу процестерін ұйымдастыру, стандарттауға, метрологияға және сертификаттауларға қатынастары болу

  1.  Саяхат және туризм

Қазақстандағы туристік ресурстарға – табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары жатады. Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету.

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Солтүстік Тянь-Шань, , Батыс Қазақстандағы Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің де орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, және т.б. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін қызығушылық көрсетеді.

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Маңғыстаудағы Шопан ата мешіті, Бекет ата мешіті және басқалар жатады.

  1.  Семей сыңақ олаңы

Семей сынақ алаңы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен 1947 жылы 21 тамызда ашылды. Алғаш мұнда әскери бөлімдер, құрылысшылар келді. Мұнан кейін жасырын түрде «Москва-400» шағын қалашығы, лабораториялық-экспериментальдық, өндірістік базалар бой көтере бастады. Ядролық тәжірибе жасау үшін халық шаруашылығына арналған 18500 шаршы шақырым жер алынды. Бұл аумақ Қазақстандағы Павлодар, Қарағанды, Семей облыс-тарының кейбір аудандарының жерін қамтыды. Тәжірибе жасау үшін қойлар, шошқалар, иттер, атжалмандар, азық-түлік салынған жәшіктер, адам кейпіндегі заттар алынды. Мұның бәрі сынақ күшінің қуатын зерттеу үшін алынды. Ал жергілікті халық бұл тәжірибеден бейхабар болды.

1949 жылы 29 тамызда бірінші сынақ жасалды. Сынақ жер астында да, жер үстінде де жасалды. Жер астында жасалған сынақтардың қуатының күштілігі соншалық, радиоактивті газдар бірнеше рет жер бетіне жарып шықты. Алғашқы кезде тұрғын халық осы бір тосын құбылысты қызықтай қарады. Бұл еркіңнен тыс қызықтыратын, беймәлімділігімен үрей туғызатын көрініс еді. Айналадағы болып жатқан сұмдыққа адамдардың еті үйрене бастады. Оның ауыр зардабын тартатынын кеш білді. Абай елінің әрбір екінші тұрғыны қан қысымының төмендеуіне, әлсіздікке, селсоқтыққа ұшырады.

Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерінен барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінген. Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің қырық сегізінде кездесіп отырады. Бұл орта есеппен республика бойынша алғанда 6 есеге көп, ал полигонға жақын орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары.

Семей ғалымдары мен дәрігерлердің пікірінше, сәуле алған ата-анадан туған екінші ұрпақ денсаулығы, бірінші ұрпақтың, яғни тікелей сәуле алған балалардың денсаулығынан едәуір төмен, бұл сәуле алудың генетикалық зардаптары. Сонымен қатар Семей өңірінде лейкоз - қан рагы, лимфоцит - ақ қан ауруымен ауыратын-дар саны көбейген. Әсіресе, әйелдер арасындағы анемия ауруы республика бойынша бірінші орын алады. Уақытына жетпей босану, салмағы аз, әлсіз балалардың тууы, туа біткен анемия және мезгілінен ерте қартаю көрсеткіштері өсіп, әйелдердің бедеулігі республикалық көрсеткіштен екі есе жоғарылады. Бірақ жергілікті халық мұны кеш түсінді.

Оның өзінде 1989 жылы 13 ақпанда кезекті жарылыстан кейін радиациялық тұман бірнеше елді мекендерді және Шағандағы әскери ұшқыштар қалашығын басып қалды. Осы жағдайдан кейін әскери ұшқыштар сол кезде Семей облысынан КСРО Жоғары Кеңесіне депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан ақын О.Сүлейменовтен көмек сұрады. Ол республикалық теледидардан сөйлеп, осы қасіреттің бетін ашты.

1989 жылы 28 ақпанда «Невада-Семей» деп аталатын ядроға қарсы қозғалыс пайда болды. Қозғалыс, бейнелеп айтқанда жұртты ұйқысынан оятты. Бұл қозғалыс біртіндеп халықаралық қозғалысқа ұласты. Қозғалыстың басты жетістігі, біріншіден, халықтың тікелей қатысуымен аз уақыттың ішінде Семей жеріндегі сынақ санының азаюына ықпал етсе, екіншіден, 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен полигонның жабылуына жәрдемдесті. Бұл үрдіс басқа мемлекеттерде өз жалғастығын тапты. Мысалы, Ресейде Жаңа Жер, Америкада Невада, Францияда Морурора, Қытайда Лобнор жабылды.

Біз дүние жүзінде ядролық қарудың аз болуы, ал алдағы уақытта мүлдем болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Адам қорқынышсыз, жақсы, еркін өмір сүргісі келеді. Ондай өмір үшін ядролық, бактериологиялық, химиялық қарудың қажеті жоқ. Адамдар қару-жарақсыз, еркін өмірде де Әлемді, Табиғатты, заттар мен құбылыстарды танып-білуге деген құштарлығы қалады.

  1.  Туризмнің даму тарихы

Туризм - қоғамдық, шаруашылық, кеңістік қатынас. Туризм тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Біз туризмнің даму кезеңін үшке бөлеміз:

І. ХVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм;

а) ерте заманғы туризм;

ә) жаңадан пайда болған туризм және орта ғасырлар уақытындағы туризм;

б) ХVIIVIII ғғ. туризм.

II. ХІХ-ХХ ғғ. туризм – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі;

III. Қазіргі туризм.

Туризм – туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды. Алғашқы діни саяхаттар б.э.д. төртінші мыңжылдықта жүргізілді. Ежелгі Египетте басталды. Б.э.д. 1501-1484 жылдары Египет ханшасы Хатшеспуттың ұйымдасты-руымен Пунт деген теңіз аралына саяхат жасалды. Ал б.э.д. VІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.

Туризмнің алғашқы қадамдары ХVIIVIII ғасырларда бас-талды. Ең бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.

1882 жылы ең алғашқы әлемдік «Куктың жер шарын айналған» саяхаты болды. Ол темір жол және пароход компанияларымен, қонақ үй және мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік «тур» деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады.

Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVIII ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

  1.  Қазақстан экологиясы

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың арақатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн тонна шаң-тозаң, 5 млрд тонна көмір қышқыл газы, 1 млн тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

  1.  Ұлттық әдебиет

Әрбір халықтың өз дәстүрі, мәдениеті болатыны сияқты, әдебиеті де болады. Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ хандығы қалыптасқан кезеңінен бері белгілі. ХV - ХVІІІ ғасырларда қазақ мемлекетінде тұсында жыраулар поэзиясы күшті болды. Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. Бұлардан соң ақындар поэзиясы қалыптасты. Махамбет, Майлықожа, Дулат сияқты ақындардан соң қазақтың ұлттық әдебиетіне Ағартушылық кезең келді. Оның көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы. Олардың шығармаларында дін, оқу-білім, мәдениет мәселелері жырланды. ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасты. Соған орай, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді. Осы кезеңді «Алаш әдебиеті» деп атайды. Көрнекті өкілдері -Ахмет Байтұрсынұлы, , Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов . 1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. Осы кезеңнің өкілдері  Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев саналады. Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.

  1.  Классикалық әдебиет

Қазақтың жазба әдебиеті мен бергі мәдениетінің алғашқы ұлы тұлғалары Ыбырай Алтынсарин мен Абай. Осы екі тұлға да өздерінің ағартушылық идеялары арқылы халықты білімге, мәдениетке үндеді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның  әкесі ерте қайтыс болған. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеленді. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін мектепке оқуға береді.  Мектепте ол алғаш рет татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жетіжылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет істеді. Ол қазақ балаларына арналған алғашқы мектептер ашқан.

Ұлы педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі  кітап жазып, жариялады. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері қазіргі уақытқа дейін өзекті. Олардың ішінде «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімелері мен «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерін ерекше атауға болады. Қазақ халқы Ы.Алтынсаринды тұңғыш педагог ретінде жоғары бағалайды.

Абай –  ұлы ақын, ойшыл, жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол Семей облысындағы Шыңғыстау өңірінде атақты би Құнанбайдың отбасында дүнёиеге келген. Әкесі Құнанбай баласының тәрбиесіне, білім алуына үлкен көңіл бөлген. Ол Абайды алдымен  медресеге, кейін орыс мектебіне оқуға береді. Он үш жасында Абайды  әкесі ауылына қайтарып, ел билеуге баулыды.

Абай өте дарынды, білімді бала болған, Үш айдың  ішінде орыс тілін үйреніп, орыс классиктерінің шығармаларын өз еркімен оқиды. Кейін олардың бірқатарын қазақ тіліне аударады. Мысалы, Ю.Лермонтовтың «Теректің сыйы», Пушкиннен «Татьянаның әні», И.Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке» шығармаларын т.б. аударған.

Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайдың тәрбиесінде үлкен рөл атқарған. Олардың айтқан әңгіме, ертегілерін кішкентай Абай бар ынтамен тыңдап өскен.

Абайдың табиғатқа арналған ғажап өлеңдері бар. Олар: «Жаз»,  «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» деп аталатын жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдері де бар. Мысалы, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», т.б. Проза түрінде жазылған 45 қара сөзі бар. Бұл қара сөздері  діни мазмұнда, философиялық тұрғыда жазылған.

Біз Абайды данышпан  ақын,  философ, қайраткер  ретінде танимыз. Оның өз халқына арнаған орасан еңбегі үшін қазақ елі оны айрықша ардақтаған.

====================СОЧИНЕНИЯ=========================

Денсаулық-зор байлық.                                                                                                                     Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.Денсаулық – табиғаттық ең қымбат сыйы.Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле-бермейміз.Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамың. Кез келген аурудың алдын алуға, болады.Ол үшін не істеу керек?  Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады.Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл болу қажет. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу – денсаулықты жақсартады.Спорттың ең  қарапайым түрі-жүгіру. Күн сайын таңертең жарты сағаттай жүгіру керек, немесе таза ауа жұту керек. Әр түрлі жаттығу жасауға болады. Міне, сол кезде денсаулығыңыз мықты болады.

Арман алысқа жетелейді.                                                                                                                                Арман-ауыл-ойдың шыңы. Адам әрқашанда армандарымен өмір сүреді, менің ойымша, бұл адамның ең бір ғажайып қасиетті, себебі бір нақты арманы, мақсаты бар адамға ештеңе де кедергі бола алмайды. Бұл, әрине, адамға да байланысты, оның ынтасына, арманының арасандалығына. Арманы бар адам өмірлік жолында көптеген жетістіктерге жетеді,себебі оны арманы, мақсаты жетелейді. Арман алысқа жетелейді демекші менің де арманым бар. Менің арманым-болашақта жақсы маман болу. Өз таңдаған мамандығыма жақсы жұмыс істегім келеді. Тағы бір арманым- әкеө шешемді, отбасымды бақытты қылу. Болашақта мен өз отбасыма барлық жағдай жасап бере аламын деп сенемін.

Қаланы көркейту.                                                                                                                                Қаланың тазалығына қарап мен қаланың көркемдігі жайлы айта аламын, себебі қала қаншама биік, әсем ғимараттарға, ағаш гүлдерге толы болса да, онда тазалық болмаса көркемділігі де жоғалып кетеді. Қаланың әрбір азаматы оның көркелуіне ат салыса алады. Ол үшін тазалықты сақтап, қоқпетпен ластауға жол бермеу керек. Сенбілікке жиі шығып қаланы тазартуға көмек беру керек. Көркем қала-ол таза қала.

Жастар және ғылым.                                                                                                                                              21 ғасырды барлығы «жастардың ғасыры» деп санайды. Біз жастар қазақ ұрпағын жалғастырушыларымыз. Сол себептен, ең бір маңызды, ғылым саласымен жақсы тұруымыз қажет. Біздің мемлекетімізде ғылым саласы аса қатты дамып жатқан жоқ, ешқандай ашылым мен табыс жоқ. Мұндай табыс тек қана болашақ жас мамандар әкеле алады. Ол үшін жастарға жақсы оқу керек, тырысу керек. Ғылым дамуына мемлекет енді ғана кірісіп жатыр, ғылыми лабораториялар ашылып жатыр. Ғылым саласына берілген жастарға көптеп жеңілдіктер жасалып жатыр. Мұндай қарқынмен Қаз-н жастары ғылымды қолға алады деп сенемін.

Мемлекеттік тілді дамыту.                                                                                                              Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі,ал ресми тілі – орыс тілі болып бекітілген.Қазақ тілі -  қазақ халқының ұлттық тілі. Тіл – ол халықтың жана, ертеңі,болашаға, мәдениеті, байлығы. Әрбір азамат қазақ тілін ана сүтіндей қадірлеу керек, мемелекеттік тілін білу керек, сөйлей білу керек.  Мемлекеттік тілді дамыту үшін біз керекті шараларды өткізуіміз қажет. Біріншеден, қазақ  ата-аналардың ұятын аяту қажет, себебі ежелден қазақ баласы ата-анасынан үлгі алады. Екіншіден,мемлекет халықты қазақша сөйлесу үшін, ең алдымен қазақша сөйлеу керек емес пе. Ал үшіншіден әр адам өзінші, өз ана тілінен ұялмауды үйрену керек. Болашақта барлық қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлейді деп ойлаймын.

Жастар және жұмыс.                                                                                                                            Қазақтар өздерін өте еріншек халық деп санайды, иә мүмкін ол рас шығар, бірақ,қандай адам ерінбейді. Ол адамның қасиетті және де оны тірендей ұлтқа жазып қойуға, болмайды. Қазіргі жастар өте еріншек болып кеткен және жеңіл ақшаға өте  құмар, ол адамның еңбекқорлығын жояды. Сол себептен мемлекет тарапынан жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы қарқын жұмыс істейді, бұл өз ретінде жұмыссыздықпен күресіп, қылмыстықтың санын түсіреді. Жастардың қолына лайықты жұмыс түсе олардың қолынан көп нәрсе келеді.

Су-өзекті мәселе.                                                                                                                                                   Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы-аса өзекті мәселелердің бірі. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұыймдарының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын ауыз судың сапасының тым төмендігінен 5 миллион адам өледі екен. Бұл дегеніміз – жыл сайын  кішігірім бір мемлекеттің халқы жойылып кетіп отырады деген сөз. Осының өзі ауыз су мәселесінің әлемде, соның ішінде көбіне тазартылмаған су ішіп отырған Қазақстанда ең басты проблеманың бірі екендігін көрсетсе керек. Өйткені, тек 2000 жылдың өзінде ғана ауыз судың сапасыздығынан республикадағы әрбір 10 мың адамның 88,7 пайызы ішектің қауіпті инфекциялық дерттерімен ауырған, сары аурудың, бүйрекке тас байланудың да кеңінен тарап бара жатқаны тағы бар.  

Дені саудың жаны сау.                                                                                                                                      Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандағы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. «Денсаулық - зор байлық» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Соңдықтан, денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Денсаулығымыз мықты болса, адам баласы әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл – күйде жүреді.

Әлем және ядролық қауәпсіздік.                                                                                                              Қазіргі озық технологиялар заманында әлемде қауіпсіздікті, өз тәуелсіздігін сақтап тұру үшін әр мемлекет өзінің қарулы күштерін нығайту керек, ең мықты қару ол ядролық қару болып саналады. Ядролық бомба 20 ғасырда шыққан жаңа қару, оның күші үлкен бір қаланы жер бетінен ысырып тастауға жетеді. Бұл қарудың сынақтарының өзі үлкен зардап әкеледі, сол себептен Қаз-н Рес-сы ядролық соғысқа жол бермеуге барынша тырысу керек, себебі адамзат қана емес әлемдегі барлық тірі жан жойылып кетуі мүмкін.

Интернет.                                                                                                                                                         Интернет-кез келген компьютермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы. Әлемдегі дамыған мемлекеттерде әрбір үйде, мектепте, офистерде, әрине, компьютер болу керек, ал барлық қуралдарды біріктіретін ол интернет, ғалами компьютерлік желі. Қазіргі жастар интернетсіз өмір сүруді білмейді. Жастардың көбісі ғаламторға деген тәуелділікті сезеді.Әрине, ғаламтордың пайдасы өте зор, онда өзіне керекті мәліметті тез таба алады.

Жер - ананы аяла.                                                                                                                                                   Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем халқын қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге шақырады. Қоршаған ортаны қорғау күні – 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол кезден ЮНЕП әлем халқын ағаш отырғызу, көше тазалау,велосипед шеруі, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл – қоқыстарды қайта өндеуге жұмылдырып отыратын болды. Экология – ғасыр соңында планета халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттерінің алдыңғы қатарына енді. Табиғат та тірі дүние. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңнан алуды ғана білме, өзін Жер, Су, Ауаға алғанының орнын қайтып толтыратынынды ойла деген ескерту жасауда. Жері жасыл, ауасы таза, суы мөлдір жұртардың халықтары ұзақ өмір сүреді де, табиғаты бүленген, қоршаған ортаны қорғауға немқұрайды қараған ел адамдарының өмірлері де қысқа екендігі осыған дәлел. Еуропа елдері ормандарын аялайды. Бұл – табиғатты аяламайтындарға үлкен сабақ.

Менің ұстазым.                                                                                                                                                      Әр адам мейрімді жан – ұстазға қарыздар болады. Себебі, ұстаз - өмірде пайдалы болатын білім береді, жақсы мен жамандықты ажырата білуді үйретеді. Ұстаздар өзінің өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Менің сүйікті ұстазым – физика пәннің мұғалімі. Ол менің ақылшым, досым. Білім үйрету – кез-келген адамның қолынан келмейді. Менің ұстазым әрбір шәкіртін бағалап, қателіктерін кешіріп, төзімділікпен қарайды. Мұғалім ісі – тарихтағы ең ұлы істің бірі. «Мектеп – балалардың екінші анасы », дегендей, шәкірттер ұстаздардың еңбегін бағалап, сыйлауы керек.

Кітап – білім бұлағы.                                                                                                                                    «Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы» – деген мақал өте тура айтылған сөздер деп ойлаймын. Кітапсыз біз өмір сүре алмаймыз, өйткені бұл біздің білім қазынамыз. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап болмағанда бізде білім болмас еді, өйткені адамның білімі кітаптан алынады, тек қана ұстаздан емес.

Менің сүйекті жазушым.                                                                                                                                                   Менің сүйекті жазушым – Абай Қунанбаев. Абайдың шың аты – Ибраһим. А.Қ. ұлы жазушы,ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер. Ол 10 тамыз 1845 жылы Семей облысында Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Абай төрт ұлдардың ішінде ең ақылды, ерекше, қабілетті болып көзге түсетін. Шешесі Ұлжан Ибраһимге «Абай» деп еркелетіп ат қойған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Әкесі Абайды 10 жасқа  толған кезде Семейдегі Ахмет Риза медресесіне  береді. Сол жерден Абай ақыл алады. Кейін Семей қаласындағы «Приходская школа» қосымша білім алады. Онда орыс тіліне үйренеді. Абай өте көп өлең жазған, 42 қара сөзі бар. Абайдың алғашқы өлендері: Сап, сап, көңілім, Шәріпке, Жақсылыққа, Кең жайлау және т.б.

Спорт денсаулық кепілі.                                                                                                                                                    Спорт ол адамға керекті, пайдалы нәрсе. Спорт болмағанда адамның денсаулығы болмас еді. Денсаулыққа пайдалы спорттың түрі, өте көп. Мысалы: таңғы жаттығулар, велосипедпен серуендеу, теннис, баскетбол, волейбол, шахматта адамның денсаулығына өте пайдалы. Таңғы жаттығу адамды сергек қылады. Мысалы Америкада әбір адам таңғы жаттығу жасайда. Әсіресе қарттар арасында жиі кездеседі. Сол себептен Америкалық қарттар өте қимылды және олар көп ауырмайды. Велосипедпен серуендегі адамның көңіл – күйін көтереді. Баскетбол мен волейбол бұл кішкене қауіпті спорт түрі. Ал шахмат адамның ойлау қабілетін нығайтады.

21 ғасыр жаңа технологиялар ғасыры.                                                                                                            21 ғ. басқаша «жаңа-ой» ғасыры десе де болады. Бұл ғасырда жаңа, қазіргі замандағы  техника шыға бастады. Заман өзгереді. Бұрыңғы ата – бабаларымыз мұндайды көрген емес. Мысалы: интернет, компьютер, тоңазытқыш, ұялы телефон және тб технологиялар. Қазіргі заман бұрыңғы заманға қарағанда өте  қатты өзгерді. Мысалы Жапонияда робот шығарды. Олар үй жинайды, ыдыс – аяқ жуады, кір жуып береді, тіпті тамақ істеп береді. Бұл роботтарда жақсы ақыл қабілеттері бар. Ол ойыншық болса да бәрін түсінеді. Міне сол себептен 21  ғасырды жаңа технологиялар ғасыры дейді.




1. Имидж гТольятти
2. Курсовая работа- Психологические особенности и психосоматические расстройства у подростков.html
3. Система права2
4. Экология города Октябрьского
5.  Инновационный инженерный проект как объект управления Инновационный инженерный проект представляет соб
6. Ведение
7. задание по предмету История Украины Отчёт о просмотренном спектакле Выполн
8. Введение в политологию
9. на тему Місцева електрична мережа Підготували- Дремлюга В
10. посольства дипломатическое представительство первого класса которое возглавляется послом 2 мисс