У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Адамны~ объективтiк д~ниенi тануды~ ал~аш~ы формаларыд~ниенi сезiну ж~не д~ниенi ~абылдау ~ эмоционалдыс

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.12.2024

1 Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Дүниетанымның құрылымы және деңгейлері.

Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дк-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады.

Сонымен,дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi. Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi – практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар.Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады.

2 Дүниетанымның тарихи формалары. Миф, дін және философия. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары.

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы  жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі  типтен тұрады:  Мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі.  Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік,  өмір және өлім секілді мәселелер  көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру,  фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы,  адамзат баласымен араласуы т.б.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның  қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген  көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның  іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі  істерге шақыруда:  мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар  адам баласын  сыйласымдылыққа,  әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз  мәселесін түсіндіруде діннің  атқарар маңызы ерекше. Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі.  Философиялық көзқарас  мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене  отырып  логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия  даму барысында үш   кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Космоцентризм-әлемді  түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл  кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .  

Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).

Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын  философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.  

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды.  Алғашқы  философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық  бағытта дамыды.

3 Философияның генезисі, философиялық дүниетанымның тарихи типтері.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды.

Философияның тарихи типтері
1. Философияның үш ірі ошағы.
2. Антика заманының философиясы.
3. Орта ғасырлық философиясы.
4. Орта Азия халықтарының философиясы.
5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы.
6. Жаңа заман философиясы.
7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы.

Ежелгі Үнді философиясы

Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.
Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға – әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да, қалыптасты.
Үнді философиясының мақсаттары – адамгершілікке, руханилыққа баса назар аудару, адамның «өзін басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көру, «иога» жаттықтыру, денені машықтандыру.

Ежелгі Қытай философиясы

Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, әр түрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы – әрі патша, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды.
Б.д.д. үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және Сюнь-цзының есімдерімен байланысты.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол – әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Ең басты мәселелер – адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие.


Антика заманының философиясы (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.)

Аталған дәуірлерде Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Бұл ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-Микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.
Орта ғасырлық философия

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздағы ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды.
Орта Азия халықтарының философиясы

Орта ғасырлық Шығыста VІІІ-ІХ ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Ол ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды.
Феодализм дәуірінде ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған Орта Азияда әл-Хорезми (ІХ ғ.), әл-Фараби (870-950 ж. шамасы), әл-Бируни (973-1037 ж. шамасы), Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж. шамасы), Омар Хайям (1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ, ойшылдары өмір сүрді.
ІХ-Х ғ. Орта Азия халықтары араб халифатының үстемдігінен құтылып, жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болды. Осы кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды.
Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы

ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери саланың жедел қарқынымен өсуі – техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Мұның бәрі сайып келгенде ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми тәсілдеріне көшуін талап етті. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н.Кузанский (1401-1464), Н.Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г.Галилей (1564-1642) және т.б. жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет – гуманизм пайда болды.
Жалпы алғанда Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды:
1) Біріншісі (Н.Кузанский, П.Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелді.
2) Екіншісі (Т.Компанелла, Т.Мор), қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады.
3) Үшіншісі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей), табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.

XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия

Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғ.ғ. Батыс Еуропадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап, капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп, жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. XVII ғасырдағы материализм механистік және метафизикалық сипатта болды, өйткені ол кездегі ең дамыған ғылымдар механика мен математика еді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-эмпитистер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Ағартушылық философиясы және француз материализмі

XVII-XVIII ғ.ғ. алғашында Англияда, содан соң Францияда, кейінен Германияда феодалдық қоғам идеологиясына қарсы, адамның ақыл-ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды философиялық ағым пайда болды.
Ағылшын ағартушысы Дж. Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Кондильяк (1715-1780), Руссо (1712-1778), неміс ағартушылары Х.Вольф (1679-1754), Лессинг (1729-1781), Гете (1748-1832), т.б. діни сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу, моральды діннің «қамқоршылығынан» азат ету, сөйтіп, ақыл-ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті.
Орыс философиясы

Ресейде философиялық ой-пікірдің өз дәстүрлері мен ерекшелітері бар. Олар, көбінесе, Ресейде ғасырлар бойы орын алған мәдени-әлеуметтік процестерге байланысты. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлер Ломоносовтан басталады. М.В.Ломоносов (1711-1765) аты әлемге әйгілі бірінші орыс ойшылы, ғалымы, ғылымның сан-саласын дәйекті дамытқан данышпан (материалист).
Философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, Ломоносов материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылардың қосылысынан аралық заттар түзіледі деп есептеді. Әлеуметтік өмірді түсіндіруде Ломоносов ағартушылық, гуманистік көзқарасты ұстады. Сондай-ақ оның көзқарасында деизмнің элементтері де бар еді.

ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы

Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды. Орыс революционер демократтарының идеалдары Қазақстан ағартушы демократтарының жанына жақын келді. Олардың кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі (Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.
Маркстік философия

Маркстік философияның пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты – өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Маркстік философияның негізін қалаушылар: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, В.И.Ленин.

4. Философия және оның пәні. Философияның негізгі қызметтері.

Ертеректе философия пәні үш салаға бөлініп қарастырылатын:

1)   диалектикалық материализм;

2)   тарихи материализм;

3)   этика, эстетика.

Бұл бөлімдер маркстік - лениндік философия қағидаларына сәйкес қарастырылған болатын. Қазір философия пәнін тұтас қарастыру тенденциясы мына салалар бойынша жіктеледі:

-  Философия және оның тарихы;

-  Әлемді философиялық тұрғыдан түсіну;

-  Адамның іскерлік әрекетінің маңызы.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды.   Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген  ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту  жөніндегі ілім.

5.Философияның негізгі мәселелері мен сұрағы. Философиялық мәселелердің табиғаты.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология,  дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.

Философияның негізгі  мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың  екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде  материя ма деген    онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ  қояды.

екінші жағы: адам баласы  дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда  негізгі   екі бағыт  пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя  не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса,  ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе  әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.  

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

Материя—адамның санасынан тыс,  тәуелсіз  өмір сүретін  және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.

Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.

Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында  дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

-Обьективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

-Субьектвті идеализм (Беркли, Юм).

Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша  тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- «идеялар әлемі» және  «заттар әлемі»  болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос)  әлемдік зердеде өмір сүреді,  заттар әлемі -өзіндік тіршілігі жоқ,  жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі,  адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі- о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған  философиялық негізі болып табылады.

Субьективті идеализм- бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің обьективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені  адам санасынан тыс материяда,  рухта жоқ»,- деген пікірді ұстанды.

Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады.  Олардың қатарына: монизм,  дуализм деизм саналады.

Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) –дүниенің алғашқа негізі  ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім.  Идеалистер үшін алғашқы бастама-идея, сана. Материалистер үшін- материя алғашқы бастама болып табылады.

Дуализм (лат. Duo-екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп  тұжырымдайтын пікір.  Негізін салған Р.Декарт.

Деизм-(лат. Dues- Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп  тұжырымдау. Негізін салған   17 ғ. Ағылшын философы,  лорд  Чербери.

Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында   қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.

Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле  алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.

Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.

Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып –білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

Диалектика (гр.  Diolegomai-әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап,  шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын   процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты  кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).

Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің  түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.

Метафизика-заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда-«физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).    

6 Философияның негізгі бағыттары.(қысқаша сипаттама).

Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм.Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.

7 Ерте Үнді философиясы. Ведалар Ерте Үндінің философиялық

ойларының негізі.

Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның ронына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйеленр құрды. Ой –пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді.) тұрды:

брахмандар: әулиелер

кшатрий: әскербасылар

вайшьи: ( купцы)

шудра: қызметкерлер мен шаруалар

Әр «варна»- адамдардың қауымдастық салт –санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соғаг орай қоғамдағы орыны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варнаның мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.

«Брахман» – ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» –«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған.  «Шудра»- шаруалар- қара түстілер.

Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.

Ведалық кезең (б.д.д. ХY ғ- YII ) - өркениетті қалыптасу дәуірі

Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. Iiғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі  философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.

 1) веда беделін терістегендер. Б.д.д. УІғ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака- лакаята

Махабхарата кітабының алтыншы бөлімі – Бхагавадгитаның теориялық құрылымын қалыптастыру кезеңі (б.д.д. У-ІУғ)

2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.

Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б.д.д. ІІІғ бастап)

  Ерте Үнді философиясының қаклыптасуы мен дамуы әртүрлі мектептер, ағымдар, ілімдермен байланысты. Филиософиялық көзқарастар б.д.д. УІІ-УІ ғ.ғ. қалыптасты. Олар екі топқа бөлінеді:

1) Астика (ортодоксолды) бағыты-  ведалардың беделін қабылдаған,   

     мойындаған мектептер жүйесі. Бұл ағымға Веданта, миманса, санкхья, ньяя,     

     йога және вайшешика мектептері жатады.

Настика (ортодоксальды емес)–веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм,чарвака- лакаята ілімдері

Көне үнді мәденитінің қайнар көзі – вежалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді) – ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынсатарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.

Ведалар (білу)–ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық  мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады.

 Веданта («Ведтердің аяқталуы»)- үнді философиясындағы Веда беделін қабылдаған жүйелердің бірі.Негізін салған Бадараяна- индивидті жанды сансарадан құтқару.

Бұл әлемнен басқа да әлем кеңістігінде еркінжағдайда және материалдық атомдармен байланысы бар сансыз көп жан өмір сүреді.

Ишнара құдайы ең жоғарғы жаратушы емес, бірақ атомдар үйлесімін жасап, жанды атомен байланыстырып, ажырата алады.

8. Ерте Үнді философиясындағы бағыттар. Ортодоксальды философиялық мектептер: йога, ньяя, веданта, вайшешика және т.б.

Ерте Үнді философиясындағы бағыттар. Ортодоксальды философиялық мектептер: йога, ньяя, веданта, вайшешика және т.б.Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: бірінші   бағыт Көне Үнді ортодаксалді философиялық мектептері (Астика):  Веданта б.з.д. IV-II ғ.ғ. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.,  Миманса б.з.д  VI ғ.ғ. Миманса – таным мәселесімен айналысты. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.,  Санкхья б.з.д. VI ғ.ғ. Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.,   Ньяя б.з.д. III ғ.ғ. Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.,  Йога б.з.д. II ғ.ғ. адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру., Вайшешика б.з.д.VI-V ғ.ғ. Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.

9. Ерте Үнді философиясындағы ортодоксальды емес мектептер.

ЕртеҮндіфилософиясындағы ортодоксальды емес мектептері(Настика)- веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддизм,чарвака- лакаята ілімдері.

Буддизм – талап–тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін іни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы–қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды. Сансара – өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

Карма – іс–әрекетіне байланысыты адамның болашағы анықталатын заңдылық. Буддизмнің енгізгі идеасы – «орташа жол»: «рахаттану жолы» мен «аскеттік жолдың» ортасы. Буддизмгің негізгі екі бағыты бар:

1.     Хинаяна

2.     Махаяна.

Махаяна –  адамды азаптан құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы – әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады.

Хинаяна –  Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында. Жайнизм – үнді философиясындағы ортодоксалды емес жүйелердің бірі. Б. д. д. 6 ғ. шамасында пайда болған. Негізін салушы – Вардхамана (Махавида–кейінгі атауы «ұлы тұлға»). Кейде Джина деп те аталады («карманы жеңген»).

Вардхамана ( шамамен б. д. д. 599-527 ж. ж.) кшатрия ортасынан шыққан, 28 жасынан ел кезген аскетке айналып, 12 жылғы үнемі діни жаттығулардан кейін «жоғары шындыққа» жетеді. Өмірінің басым көпшілігін өз монахтарының қауымдастығы қалыптастырған кзқарастады уағыздаумен өтеді.

Ол жаңа діни философияны 24 тирханкалармен («жолды ашушылармен») бірге жасайды.

Жайнизм ілімі үшін адам өмірінің негізгі мақсаты – «босатылу».Жайнистер дүниедегі заттадың барлығы жанды деп есептейді.

Локаята –  Веда ілімдерін жоққа шығарады. Чарвака негізін салған локаяттардың пікірінше, барлық денелер махабхут деп аталатын төрт түпнегізден тұрады: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Олар өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын өздерінде жоқ қасиет – санаға ие болады. Ал денелер өлгенде, олар қайта бөлшектеніп, махабхуттармен бірге сана да жойылады.

Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыт – ләззат деп түсінген. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып білуде ақылдан сырт, сырт күш туралы ілімдерден, белсенділіктен еш пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ғана ала аламыз. Кейіннен келе локаяттар суйшикши (нәзік) және дхурта (дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлініп кетеді.

10.Буддизм, мәні және бағыттары. Будданың нирвана және жан туралы ілімі.

Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

өмір - азап;

азап нәпсіден туады;

нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;

нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:

жүректің оянуы;

ниет, ақыл, ойды түзету;

мінез-қүлықты түзету;

адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

11.Ерте Қытайдағы философиялық мектептер, конфуцийшілдік, моизм, легизм, даосизм. Дао ілімі.

Ерте Қытайдағы философиялық мектептер, конфуцийшілдік, моизм, легизм, даосизм. Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.
Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршіліккешеді. Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
      Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.
      Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.       Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.
      Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған-автор).
      Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.
      Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылыжүзегеасырылады.
Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.
     Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуғашақырды.

12.Конфуцийдің әлеуметтік-этикалық теориясы.

Конфуцийдің әлеуметтік-этикалық теориясы. Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда. Конфуцийдің ізбасарлары оның ілімін басшылыққа алып, дамытып отырды. Мысалы, Мэн-цзы (б.з.б. 372 – 289 ж.) өз тұжырымдамасында басқарудағы басты рөлді халыққа берді. “Мемлекетте халық ең бастысы болып табылады, – деді ол, – одан кейін топырақ пен дән рухтары, ал ең соңғы орында ел басшысы тұрады”. Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді [[иерархия|иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

13.Ерте Грек философисының қалыптасуы мен ерекшеліктері. Антикалық философиядағы алғашқы бастама туралы ой-пікірлер (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Демокрит).

Ерте Грек философисының қалыптасуы менерекшеліктері.Антикалықфилософиядағы алғашқы бастама туралы ой-пікірлер (Фалес,Анаксимандр,Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Демокрит). Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.

Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.

Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.

Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.

Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп санаған.

Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.

Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.

Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.

Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:

Сезім арқылы танып-білу,

Ақылмен танып-білу.

Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.

Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты

14.Эфестік Гераклиттің стихиялы-диалектикасы. Қарама-қайшылық пен қалыптасу туралы ілім.

Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.

15.Элей  мектебі: Парменид және Зенон. Болмыс және бейболмыс. Зенонның апориялары.

Элей мектебі - б.з.д. 6 - 5 ғғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда  болған философиялық мектеп. Басты өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

Ксенофан (б.з.д. 6 - 5 ғғ.) - Элей мектебінің негізін салушы. Бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «Адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді», - дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. Болмыс - барлық жерде бірдей, өзіне  тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.

Парменид -  «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид  дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді - от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендігін аңғартады. «Болмыс - бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады», - дейді.

Зенон (б.з.д. 490 - 430 жж.) - Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста  қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс - жалған (елес) болмыс. Зенон философия тарихында «Ахилл және тасбақа»,  «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. Aporia – тығырыққа тірелу, шарасыздық) - ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама - қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.

16.Сократ пен софистердің философиялық көзқарастары.

Сократ (шамамен б.з.д. 469 - 339 жж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектейді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (әділеттілік) анықтау мен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөзіндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

Софистер (гр. Sophists - өнерпаз, дана) - «даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм - олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер» - табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері - Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар - алғашқы ағартушылар.  Екінші тобы - «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы) – Филолай, Гипподам, Критий - философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтан да Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.

17.Платон философиясы. Идея туралы ілімі. Таным және диалектика. Платонның әлеуметтік-саяси концепциясы.

Платон (б.з.д. 428/427 – 348/347жж. ) - ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, диалогтар ретінде жазылған 30 - дан астам философиялық еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқараспен қараған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.

Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама - қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.

Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі» –  «Эйдос» деп аталады.

Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.

Таным

Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным - адам санасын дамытудың негізі болып табылады.

Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.

Танымныңсубъектісідептарихинақтылықоғамды, соныменбіргетоптар, әлеуметтіктоптар мен жекеадамдардыайтуғаболады. Субъект өзтабиғатынқызметіндетанымобъектісіретіндеқарайалады. Танымныңобъектісіретіндетабиғатты, қоғамдыжәнеқоғамдыққатынастардыатауқажет. Олартанымобъектісінесубъектініңөндірістің, әлеуметтікжәнеғылымиқызметіарқылыайналады. Осыданкеліп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарыныңтанымпроцесінеалатынорны, жалпыпрактикалықтабиғатын, даму процесінқарастырудароліерекшеекенінкөреміз.

Диалектика

Философиядаеңнегізгіекіәдіс бар: біріншісі диалектика болса, ал екіншісі метафизика болыптабылады. Диалектика дегенгректіңсөзі «диалектикус»,  «әңгімелесу» дегенсөз. Диалектика табиғаттыңжәнеәлеуметтікдүниеніңдамуытуралытерең де жанжақтыілім.Диалектиканыңнегізгіидеясы, түпкіпринципі - даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпығабірдейбайланысжөніндегіілімретіндесонауертеде - ақпайдаболды. Ертедегібарлық грек философтарыФ.Энгельс, туабіткендиалектиктерді, ал солардыңішінде Аристотель жан - жақтыбілімдар, кемеңгеройшылболды, олдиалектиканыңерекшебелгілерінзерттеді. Ертедедиалектиканықарсыласадамныңпікірлеріндегіқарама - қайшылықты табу және оны жоюарқылыақиқатқажету, яғниайтысабілудіңәдісідептүсінді. Кейіннен даму жөніндегіфилософиялықекікөзқарастыңбірітанымәдісі мен болмыстыңөзгеруін диалектика депатады.

Диалектика даму жөніндегі, жалпығабірдейілімретіндеертекездепайдаболған. Ендідиелектика даму арқылыненітүсінетіндігімізтуралымәселегежауапберуімізқажет.Өзгерісатаулыныңбәрібірдей даму бола бермейді. Даму деп - заттар мен құбылыстардың сапа жағынанөзгеруін, негізіненбасқағаайналуын, біреулерініңқұрып, екіншілерінің, жаңаларыныңтууынайтамыздамудыңжалпығабірдейсипатыболады. Адамныңайналасындағыбарлықзаттар мен құбылыстар - жұлдыздар мен өсімдіктержәнеадамныңөзі де даму процесіндепайдаболып, өзгеріпжәнедамибереді. Қоғамдықөмір де тереңөзгерістергеұшырайды. Феодалдыққұрылыстыңорнына капитализм орнап, оныңорнына социализм құрып, капитализмгеқайтаоралдық. Диалектиканыңнегізгіидеясы, түпкіпринципі - осы даму идеясы.

18.Аристотель – философияны жүйеге келтіруші. Болмыс туралы ілімі. Аристотельдің логикасы.

Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист - ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие.  Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жан да жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталады) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды:  1) теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде; 3) поэтикалық бөлім – (творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл - ой өресі жететін дүние.

Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.

Адамның ақыл - парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.

Болмыс

Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос - ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.

  Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу.

Болмыстыңнегізгітүрлері: 1.Заттар (денелер), процестерболмысы: а) біріншітабиғат; б) екіншітабиғат. 2. Адам болмысы: а) заттардүниесіндегіадамболмысы; б) адамныңөзіндікболмысы. 3.Руханиболмыс: а) жекеадамныңруханиболмысы; б) қоғамныңруханиболмысы. 4.Әлеуметтікболмыс: а) қоғамдағыжәнетарихпроцесіндегіжекелегенадамболмысы; б) қоғамболмысы.

19.Эллиндік философияның негізгі бағыттары: эпикуршылдық, стоицизм, скептицизм.

Антикалық философияның үшінші кезеңі Римдік – эллиндік кезең ( б.з.д. 3ғ  – б.з. 6ғ.).  Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы болды.

Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан - жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі - сол замандағы адамдардың өз өмірлерін жақсартуға деген құлшыныстарына да  тікелей байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әр түрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызуға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.

Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назар аудармайсыз, егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.

Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.

Сенека (б.з.д. 4 ж.ш. - б.з. 65ж.) - римдік стоицизмнің өкілі. Император Неронның тәрбиешісі және соның үкімі бойынша өзін - өзі өлтірген. Грек стоиктерінің пантеизмін сақтап, дүниені математикалық бірлікте және зерделі тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикалық-ғибраттық мәселелермен айналысады. Егер этикалық - ғибраттық мәселенің  шешімдері дұрыс табылса, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына  қол жеткізе аламыз деп тұжырымдады. Ол өзінің  жеке адамдық этикасын қоғам және мемлекет міндеттерімен байланыстаруға тырысты. Сенеканың этикасы христиандық идеологиясының дүниеге келуіне  үлкен ықпал етті.

Марк Аврелий (121 - 180жж.ш.) - философ, стоик, Рим императоры (161 - 180жж.). Өзінің философиялық көзқарастарын «өзіме арнаймын» деген жалғыз шығармасында афоризмдер түрінде баяндаған. Оның түсіндіруі бойынша стоицизм діни - мистикалық сипатта көрінеді. Құдай - тіршілік атаулының түп атасы. Ол-тәні өлгеннен кейін, тіпті пайда болсада жеке сана-сезімнің өзіне ұласып кететін дүниежүзілік  ақыл - парасат. Өзіне - өзі терең үңілуге, құндылық тұрғысынан жетілу мен тазаруға шақырады. Марк Аврелий философиясы христиан дініне үлкен ықпал етті, бірақ императордың өзі христиандарды аяусыз қудалаған болатын.

Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкілі Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –  сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін шәкірттерді бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.

«Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы  –  қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.

Танымның мақсаты - адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса, онда адамзат баласын не үшін жаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласы қалай және не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында «Дүние – атомнан құралған» деп тұжырымдаушы Демокритпен танысады.

Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур – сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен - өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.

Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм       (гр. Skeptikos - сынаушы) – объективті шындықты танып - білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.з.д.360- 270 жж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан - дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой - тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.

Ежелгі грек жерінде пайда болған философиялық мектептердің әлемдік дәрежеде алар маңызы мен мәні ерекше.

20.Ортағасырлық философия. Мән, зерде және сенім проблемасы. 

Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) – Рим империясының күйреуімен байланысты (5ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14 - 15ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жіберді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.

Ортағасыр кезеңінде креационизм және эсхатология идеялары айқын байқалады. Креационизм (лат. Creatio - жарату, жасау) - әлемді бір күш жаратты, ол – біреу, жалғыз деп тұжырымдайтын пікір.

Эсхатология (гр. Eschatos - соңғы және  logos - ілім, сөз) - әлем және адамзат тағдырының ақыры, соңы туралы, ақарзаман бар деп пайымдайтын ілім. Эсхатологияның ұғымына табиғатта жасырын әрекет жасайтын күштің бар екені, қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі туралы, о дүниеде күнәһарлардың жазаланатыны және діндарлардың рахатқа бөленетіні жөніндегі ежелгі түсінік енгізілген. Кеңейтілген формасында эсхатология христиан, мұсылман діндеріне тән.

Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты “Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:

б.з. II ғасырда Апологетика деп аталатын діни философиялық  

               ілім пайда болды.

III - VI ғғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.

Схолистикалық кезең.

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы)  ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.

Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін “шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық “мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды.

21Батысеуропалық ортағасырлық философияның негізгі кезеңдері мен дамуы.

Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты “Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:

б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.

III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.

Схолистикалық кезең

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы)  ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.

Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін “шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық “мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:

1. Алғашқы кезең Схоластикасында ( 9-13 ғ.ғ.) неоплатонизмнің ықпалы басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен  философия, теология бір-бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.

2.  14-15 ғ.ғ. кезеңде, яғни “классикалық” Схоластикада “христиандық аристотелизм” үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.

         3. Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ.ғ.) – шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау-дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері – Уильям Оккам, Жан Буридин т.б.

Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:

1. Реализм

2. Номинализм

22.Ортағасырлық номинализм және  реализм.

Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:

1. Реализм.

2. Номинализм.

Реализм - ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.

Номинализм  (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.

23.Августин Аврелийдің құдай және адам туралы ілімі. Августиннің «күмән» қағидасы.

Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі - құдайдың құдіретімен анықталатын негізге Августин Аврелий Әулие (354 - 430 жж.) – христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ – мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни «нанымсыз білім де, ақиқатта жоқ» деген қағидаға бағынады. «Құдайдың қаласы» (426 ж.) атты шығармасында алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. «Жердегі қалаға», «Күнәһар» зиялы мемлекетке ол «Құдайдың қаласын», яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама - қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.

24.Фома Аквинскийдің философиясы. Құдай, зерде және сенім проблемасы.

Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 жж.) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық – монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі – «Теология суммасы» (жиынтығы). Ф.Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф.Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:

1.  Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті).

2.  Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық).

3.  Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын).

Философияның негізгі принципі – сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәләлдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті бойынша қалыптасады. Ф.Аквинский Құдайдың болмысына 5 дәлел келтірді:

1.   Қозғалыс: барлығы қозғалыста, яғни  оларды қозғалысқа келтіретін

     күш бар.  Алғашқы күш – Құдай.

2.   Себеп: барлық тіршілік атаулы себепті, соған орай себепкер– Құдай.

3.   Мақсат: дүниедегінің бәрі мақсатқа байланысты жаратылған,  

     мақсатқа бағыттап отыратын – Құдай.

4.   Кездейсоқтық пен қажеттілік: кездейсоқтық қажеттіліктен    

     туындайды, ал алғашқы қажеттілік – Құдай.

5.   Сапаның сатылары: тіршілік ететіннің барлығы әртүрлі сапаға ие, ал ең жоғарғы сапаға ие – Құдай.

25.Шығыстағы Ортағасырлық мұсылмандық философия. Шығыс перипатетизмі.

Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. І ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль - Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.

Аль - Кинди (800 - 870 жж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль - Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль - Киндиге күпірлікпен қарады. Аль - Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.

Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль - Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль - Киндиге қарама - қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар.

29.Жаңа ғылымдардың пайда болуы. Гелиоцентризм және ғаламның шексіздігі туралы ілім. Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей.

Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos» – жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған.

Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйкес өз кіндігі жүйесімен айналатын жер - күн төңірегіндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды.

Галилео Галлилей (1564 – 1642жж). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелерінің траектория бойынша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632ж). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей. Табиғат бастамасы ретінде механикалық заңдылықтарға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі өзекті мәселелердің бірі жаңа қоғам құру мәселесі ағылшын гуманисті Т.Мор мен итальяндық монах Кампанелланың шығармаларындаайқын байқалады.

Т.Мор (1478–1535жж.) - утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист – рационалисті. Басты шығармасы –  «Утопия» (1516ж.). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оны еңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан – жақты дамуына, теориялық оқуды еңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.

Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.

Т.Кампанелла (1568–1639жж.). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.

Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейінгі заман философиясына айтарлықтай әсер етті.

30.Н.Кузанскийдің пантеизмі. «Қарама-қарсылықтың бірлігі» қағидасы.

Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.

Пантеизм (гр. Pan - бәрі және tcheos - құдай) - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім.  Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді алғаш рет Толанд енгізген. Пантеистік көзқарас Н.Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.

Николай Кузанский (1401-1464жж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасап шығарды. Құдайдың қарама - қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, адамның ой-санасы тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігін уағыздады. Шектілік пен шексіздік, ергежейлілік пен алып, жалпы мен жеке және тағы басқа қарама - қарсы құбылыстар Құдайға келіп тіреледі. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеліп тірейтіндігі туралы мистикалық-идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.

31. Жаңа заман философиясы. Философиядағы таным әдістері. Эмпиризм және рационализм.

Жаңа дәуір философиясы. Негізгі ерекшеліктері:

- ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі;

- білімнің қарқынды дамуы;

- ғылымдардың пайда болуы;

- діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы.

Жаңа дәуір философиясында эмпиризм және рационализм секілді екі бағыт    қалыптасады.

Эмпиризм - танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт, негізін салушы Ф. Бэкон. Көрнекті өкілдері  Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.

Рационализм (лат. зерде) - танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт. Негізін салушы Р.Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц.

Ф.Бэкон (1561-1626жж.) - Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон».

Ф.Бэкон эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін.

Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және  адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл - ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде  тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл - ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды.

Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек:

1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен.

2. Әркімнің жеке басына тән «үңгір» елесінен.

3. «Нарық» (базар) елесінен.

4. «Театр» елесінен.

«Білім - күш» қағидасын берік ұстанған. «материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия - материяның ішкі қасиеті» - дейді.

Философ жаңа философиялық методологиясының мынадай қағидаларын ұсынады:

1.  Табиғатты зерттеудегі объективтілік

2.  Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы

3.  Табиғаттан көрі технологиялық дәреженің үстемділігі

4.  Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті (жекеден жалпыға өту) әдісі.

Р.Декарт (1596 - 1650жж.) - француз философы, дворяндар отбасында өмірге келген ол  Ла - Флеш коллегиясында физика, арифметика, математика, музыканы тереңдетіп оқытады. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы  ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қазықпаған декарт алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысады. Жарықтың сыну заңын ашады, қанның айналуын зерттеп, псидология мен космогония және философияға талдаулар жасайды. Еңбектері: «Әдіс туралы ой - толғау» және «Философияның алғашқы бастаулары».

Космология, космогония, физика мен физиологияда – материалист, психология, таным теориясында - идеалист, соған орай Декарт дуализм бағытының өкілі ретінде  саналады.

Декарттың рационализмінің негізі - күмән. Күманданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі айқындала түспек. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім» дейді. Біз анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз, зердеміз арқылы ғана қабылданбақ.

Т.Гоббс (1588-1679жж.) - Оксфорд  университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж.), «Азамат туралы» (1642ж.),  «Левиафан» (1651ж.).

Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен жануарлар күрделі машина, материя - мәңгі, алғашқы, ал ой - материяның туындысы деген көзқарасты жақтайды.

Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат» теориясын тереңдете түсіп, философияны жоғары қояды. «Философия  тануға тырысқан ақыл - ойдың рационалдық іс - әрекетінің жүйесі. Ол бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылыммен тең түсетін философия», - дейді. Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рационалдық анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде қарастыру керек, ал философия тек адам туралы ілім деген көзқарасты ұсынады.

Философтың пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болмасын тең етіп жаратады. Бірақ, әрбір адамға тән өзімшілдіктен кейін адам өзгеріске ұшырайды. Адам өзін ғана ойлайтын, өзінің сезімдеріне қарсы келмейтін мақұлық деп санайды. «Адам - адамға қасқыр», адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды. Осы жағдайлардан кйін адамдар арасында бір-біріне деген сенімсіздік туындайды. Табиғи теңдік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа ұмтылады, мақсатқа  жету барысында бірі басқасын  құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бірімен - бірі үнемі соғыста болады дейді.

Барух Cпиноза (1632-1677жж.) - Амстердамда еврей отбасында дүниеге келіп, әуелі сауда - саттықпен айналысқанымен, кейінірек философияға біржола бет бұрады. Оның ілімінде алғашқы кезде жаратылыстану мәселелері көбірек қарастырылғанымен, бірті - бірте этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін тереңдеп зерттеу ісіне баса назар аударады. Негізгі еңбегі: «Этика».

Өзінің философиясында Спиноза пантеистік бағытты ұстанады.  Табиғаттың өзі - Құдай, табиғат  - мәңгі, шексіз, ал сана оның қасиеті.

Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екенін қолдайды. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Спиноза адамгершілік қағидаларының табиғи сипатын ерекше атап көрсетеді. Бірақ, оның философиясында Құдай - табиғаттың өзі. Ол - субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ешнәрсе жоқ, адамдардың Құдай деп жүргендері өздері түсінбеген табиғаты. Спиноза адамгершілік ережелерінің Құдайдан туындайтындығын теріске шығарғанымен, оның философиясынан жеке эгоизм идеясын кездестірмейміз. Табиғат қана шын өмір сүреді деген тұжырым жасайды.

Локк эмпиризмді, яғни білім, таным тек тәжірибеден ғана  туындайды деген көзқарасты ұстанады. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген,  ақыл - ойда әуелі сезімде болған нәрселерден басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп көрсетеді.ойшылдың пайымдауынша, адамгершілік секілді ұғымдар адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір - біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді. Адамда априорлы  мораль болуы мүмкін емес. Адам баласы өмірге келгенде оның ішкі жан дүниесі таза тақта сияқты, тәрбие мен еңбектің арқасында адам өзіне білім жинақтайды, білім сол тақтаға жазылмақ дейді. Қоғамға діни шыдамдылық қажет, атеизмге жол жоқ, өйткені дінсіз қоғам болмақ емес, діни қағидалар болмаса қоғам азып кетеді деген ойды алға тартады.

35. Кант филоософиясындағы негізгі кезеңдер. Канттың таным және этикасы теориясы.

 Кант шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді: 1) Сынға дейінгі кезең. 2) Сыни кезең. Бірінші кезеңде Кант жаратылыстану ғылымдарымен шұғылданса, екінші кезеңде нақты философиялық мәселелерді қарастырумен айналысады.  

Кант таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды.

Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

36. Гегельдің филоосфиялық жүйесі. Диалектикалық әдіс. Категория және заңдары

Гегельдің  философиялық жүйесі үш бөлімге бөлінеді:

  1.  логика
  2.  табиғат философиясы
  3.  рух философиясы

  Логика - құдай зердесімен бара - бар сәйкес келетін «таза зерденің» жүйесі.

Өзіне  дейінгі  бүкіл философияның тәжірибесін талдай келіп, ол болмыстың шекті негіздерін мазмұнды логика категорияларымен белгіледі. Өз мақсатына жету үшін даму идеяларын қатаң ұстанады. Оны санада көрініс тапқан қоршаған шындық өмірдің барлық саласында жүзеге асырады.

Гегель теориясының  жалпы мазмұны ең алдымен «Рух феноменологиясында» берілген.  Еңбектің атауы мен  мазмұнына зерттеу  объектісі, атап айтқанда сезім шындығынан бастап ақыл ақиқатына дейінгі алдымен жеке адамның санасы ауқымында қарастырылатын сана құбылысы  алынған. Сананың белгілі бір тарихи дәуірлерінің рухы ретінде сипатталуы себепті нәтижелерді теріске шығарады. Адам – табиғаттың бөлігі. Бірақ, адам табиғаттың емес, абсолютті идеяның  жемісі. Тіпті, табиғаттың өзі рух арқылы пайда болған. Рух-табиғаттың алғышарты,  ақиқат, абслютті алғашқы. өзінің дамуында рух үш сатыдан өткен. Біріншісі – «субъективті рух» - антропология, феноменология және психологиялық  түрге бөлінетін жеке адамның санасы. Екінші сатысы – «объективті рух» - адамдар қоғамы және ол үш негізгі формаға бөлінбек: құқық, мемлекет және дағдылылық.  Соңғы сатысы – «абсолютті рух» - өнер, философия және дін.

Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.

37.  Л.Фейербахтың  антропологиялық философиясы.

Фейербах материализмнің ерекшелігі - антропологизм. Мұндай материализм революция қарсаңында  Германияның тарихи жағдайларына  және революциялық буржуазиялық демократияның идеяларына байланысты пайда  болды. Фейербахтың философиялық эволюциясы  Гегельдің адамның мән-мағынасына,  оның өзіндік санасы арқылы түсіндіруіне сын айтудан басталады. Фейербах антропологизмі  бірінші кезекте адам мәселесін, оның  мағынасын көтереді. Антропологизм бойынша, адам философияның ең басты пәні, ең жоғарғы өлшемі. Адам-жай ғана биологиялық тіршілік етуші. Таным теориясында эмпиризм мен  сенсуализмді жақтап, агностицизмге қарсы шығады. Фейербах антропологизмі адамды табиғаттың  қарапайым бөлігі ретінде қарастырды. Оның шеңбері табиғатпен шектелген, яғни  төменгі жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан қоғамның идеалистік түсінігін берді. Себебі, Фейербах тарихты идеалистік тұрғыда түсінді. Фейербахтың  идеализмі дін мен моральды зерттеуде айқын көрініп тұр. Фейербахтың түсінігінше, дін - адамның қасиетіне жат нәрсе. Дегенмен, адам екіге  бөлінгендей болып, өзінің мағынасын құдай арқылы сезінеді. Сонымен, дін адамдағы «санасыз өзіндік сана» деген  ұғыммен сипатталады. Адамның екіге бөлінуі оның табиғаттың дүлей күштеріне және өзін қоршаған жағдайларға тәуелді деген сезіміне байланысты. Ерекше ден қоятын мәселе-діннің әлеуметтік және тарихи тамырлары туралы пікірлері. Дінмен күресу жөніндегі айтқан басты ұсынысы-санасыздықты саналылықпен ауыстыру, яғни ескі классикалық дінді ағартушылыққа негізделген жаңа дінмен ауыстыру болды. Фейербахтың түсіндіруінше, жаңа дін дегеніміз-адамға адамның сүйіспеншілігіне негізделген қатынасы, адамның табиғатынан шығатын бақытқа деген ұмтылыс. Фейербах моральдық қағидаларды тек қана  адамның табиғатына  байланысты деп түсінген. Мұндай мораль, қоғамдық, материалдық өмірге байланыссыз болғандықтан, философияда жасанды, абстрактылы, тарихтан тыс қалған мораль ретінде қарастырылады. Бірақ, осы кемшіліктерге қарамастан Фейербах философиясының әрі дамуына зор ықпалын тигізді. Қазіргі идеалистер Фейербахтың антропологиялық идеяларын бұрмалап, оған идеалистік тұрғыдан түсінік беруде.   

38. Марксизмнің пайда болуының қоғамдық-тарихи және жаратылыстанулық алғышарты

Марксизм философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты - өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Марксизм философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Марксизм философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық әсер етті: 1) Клеткалардың ашылу заңы; 2) Энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның эволюциясы;

Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір - бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Марксизм философиясының негізін қалаушылар: К.Маркс, Ф.Энгельс болып табылады.

39. Марксизмдегі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Философиядағы жатсыну мәселесі.

Маркс пен Энгельске дейінгі философтар өздерінің философиялық системасын бұдан былай өзгермейтін, түпкілікті тағайындалған абсолюттік ақиқат деп санады. Гегель, мәселен, өзінің философиялық системасын абсолюттік ақиқат деп жариялады. Марксизм философияға деген мұндай көзқараспен келіспеді де, өзінің философиялық іліміне түпкілікті тағайындалған ақиқат деп қарамай, ғылымның және қоғамдық практиканың даму барысында өзгеріп, айқындала және байи түсетін ілім деп қарады.Философияның ғылымилығының өзі сол, ол ешқашан аяқталып біткен ақиқат бола алмайды, өйткені өмірдің өзінде дамуы аяқталған, енді өзгермейтін, дамымайтын ештеңе жоқ. Өзгермейтін «түпкілікті ақиқатқа» талпыну теорияны өмірден қол үзген догматизмге әкеп соқтырары сөзсіз. Біздің іліміміз, деді Энгельс өзі мен өзінің ұлы досы жайыңда, догма емес, іс - әрекетке деген жетекші. Бүл сөздер марксизм философиясының жасампаздық ілім екенін қысқа да айқын атап көрсетіп отыр. Марксистік философияның принциптері мен қағидалары қоғамдық дамудың практикасымен, ғылым мен тәжірибенің жаңалықтарымен әрдайым толығып, байып отырады. Мұнсыз ол жасампаздық сипаттан жұрдай болар еді.

40. К.Маркстің тарихтың материалистік түсінігі. Қоғамдық-экономикалық формация түсінігі.

Марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай - ақ материалистік, ал марксистік теория - материалистік қана емес, сондай - ақ диалектикалық әдіс. Демек, марксизм философиясында материализм мен диалектика біріне - бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі - бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.Сонымен, дүниеге диалектикалық - материалистік көзқарастың жасалуы, материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны танып - білудің ішкі   диалектикалық   процесінің ашылуы   Маркс   пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші көрінісі болып табылады.Марксизмге дейінгі материализм жай пайымдаушылық сипатта болды: оның өкілдері дүниені практикадан тәуелсіз, адамдардың дүниені өзгертуге бағытталған мақсатты іс - әрекетіне байланыссыз - ақ танып білуге болады деп санады. Диалектикалық материализмнің негізін салушылар, керісінше, адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс - әрекет, оның ішінде материалдық игіліктер өндіруге бағытталған мақсатты іс - әрекет екенін терең түсіне отырып, таным теориясына практика критерийін енгізді, практика танымның негізі және ақиқаттылықтың өлшеуіші, анықтаушысы деген қағиданы енгізді. Сөйтіп, Маркс пен Энгельс теория мен практиканың табиғи бірлігін қамтамасыз етті. Бұл да марксизмнің философияда жасаған революциялық төңкерісінің көрінісі болды.Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең айқын көрінісі тарихтың материалистік ұғымының жасалуы болды, өйткені Маркстен бүрынғы материалистердің бәрі тек табиғат құбылыстарын түсіңдіруде ғана материалист еді, ал қоғам өміріне келгенде олардың бәрі идеализм шеңберінен шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші күш сана, рухани бастама деп түсінді, өйткені, деді олар, адамдарды түрліше іс-қимылға бастайтын идеялық мотивтер, адамдардың мақсат - мүдделері деді, бірақ бұл идеялық мотивтерді тудыратын түпкі себептерді ашып бере алмады.Диалектикалық материализмнің негізін салушылар адамды қимылға, іс - әрекетке бастайтын идеялық мотивтермен шектеліп қалмай, бұл соңғылардың шын себебін ашты; ол себеп адамдардың материалдық игіліктер өндіруге бағытталған қызметінде екенін дәлелдеп берді. Олар идеологиялық қатпаршақтардың астында жасырынып келген мынадай аса қарапайым фактіні ашып берді: «адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б. айналысу үшін алдымен жеуі, ішуі, киінуі тиіс, баспанасы болу керек, ал бұларды өндіру керек» деді Ф.Энгельс К.Маркс ашқан адамзат тарихының даму заңы жайыңда айта келіп. Әрине, бүл қарапайым фактілер Маркс пен  Энгельстен әлдеқайда бұрын белгілі болатын. Бірақ олар, бұрынғы материалистер сияқты, бұл қарапайым фактіні айтумен тоқтап қалған жоқ, бүлар сияқты толып жатқан қоғамдық құбылыстардың негізінде терең жатқан заңдылықтың мәнін ашты, атап айтқанда, адамдардың алуан түрлі іс - әрекет, қимылдары материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екен, ал бұл өндірістің барысында адамдар өздерінің еркінен тыс, тәуелсіз өндірістік қатынастар орнатады екен. Қоғам өмірінің негізі бүкіл басқа идеологиялық, саяси т.б. қатынастарды айқындап беретін түпкі базисі - өндірістік қатынастардың жиынтығы екен.

41. Өмір философиясы. Шопенгауэр мен Ницше философиясындағы адам туралы мәселе.

Экзистенциализм немесе «өмір сүру философиясы» буржуазиялық философиясының иррационалистік бағыттардың біріне саналады. «Экзистенция» ұғымы экзистенциализмде ерекше роль атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін құрады. Бірақ экзистенциализмнің бастапқы негізі материяның, заттар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни өзінің психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъектің өмір сүруі. Міне осыдан философияның міндеті келіп шығады – болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің және танымның мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады.Ницще неміс философы. Ол «өмір философиясының негізін салушы». Оған адамның жаңа нұсқасы туралы ұғым қажет болды. Ол адам өлген Тәңірінің орнын басуға тиіс еді. Ол үшін ол өз - өзіне асып түсуге тиіс. Сондықтан Ницще өз - өзінен мақсат қойған адамды құдай туралы ертегісіз өмір сүре алатын адамды «жоғары адам» (сверхчеловек) деп атаған. «Жоғары адам» бұрынғы құндылықтардың адамын артқа қалдырып, одан асып түседі. Сөйтіп барлық құқықтардың орнатылуын таза биікті құруына жүктейді.

Шопенгауэр Артур (1788-1860жж.) неміс - идалист философы. Негізгі еңбегі «Еріктілік және түсінік іспетті әлем» болып табылады. Ол дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуге метафизикалық идеализмді қарама – қарсы қойды. Канттан санаға байланысты түсініктер ретіндегі құбылыстар идеясын алған Шопенгауэр «өзіндік заттың» танылмайтындығын жоққа шығарып, дүниенің мәні парасатсыз дүлей ерік болып табылады деп пайымдады. Оның  волюнтаристік идеализмі, (Волюнтаризм – иррационализмнің формасы) дүниеге үстемдік етіп отырған ерік табиғат пен қоғамның заңдылығын және сол арқылы ғылыми танымның мүмкіндігін жояды. Ол озық реалистік өнерге қарсы күресе отырып, өмір шындығын текке шығаратын және адамдардың өмірлік мүдделеріне жат әсемдікті уағыздады. Шопенгауэр идеялық көркем шығармашылыққа көркемдік түйсіктің мақсатсыздығын, енжар пайымдауын қарсы қойды. Оның философиялық жүйесі буддизмнен алынған «нирвандардың - өмірге деген ынтаны» жоятын мүлдем енжарлықтың мистикалық мұратымен аяқталады.

Ницше неміс философы. Ол «өмір философиясының негізін салушы». Оған адамның жаңа нұсқасы туралы ұғым қажет болды. Ол адам өлген Тәңірінің орнын басуға тиіс еді. Ол үшін ол өз - өзіне асып түсуге тиіс. Сондықтан Ницше өз - өзінен мақсат қойған адамды құдай туралы ертегісіз өмір сүре алатын адамды асқан тұлға (сверхчеловек) деп атаған. Асқан тұлға бұрынғы құндылықтардың адамын артқа қалдырып, одан асып түседі. Сөйтіп барлық құқықтардың орнатылуын таза биікті құруына жүктейді. Міне, асқан тұлға дегеніміз осы биікті жүзеге асырушы қаһарман тұлға. Сөйтіп, Ницшені ұғу үшін, асқан тұлға ұғымдардың жеке болмысы мен өзара байланысында зерделегеніміз жөн.

42. Қазіргі заманғы батысеуропалық философиядағы негізгі бағыттар

Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір - біріне қарама - қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда бір - біріне қарама - қарсы бағыттар да бар. Қазіргі батыс философиясында толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар.

Неопозитивизм бағытына тоқталайық. Бұл философиялық бағыт ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Оның өкілдері: Р.Карнап, Л.Виткенштейн, Б.Рассел, А.Айер және тағы да басқа неопозитивизм – XIX ғасырдың 30 жылдарында пайда болған субъективті идеалистік бағыт – позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға және деңгейіне сәйкес әрі қарай дамыту болып табылатын философиялық ағым. Сондықтан да ол үшінші позитивизм деп аталады. Неопозитивстердің ілімі бойынша, философия тек тілдік нормаларды талдаумен және тілдік пайымдау құру ережелерін жасаумен айналысуы тиіс.

Праматизм қазіргі заманғы субъективтік идиализмның американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс, У.Джейм, Дж.Дьюи т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс - әрекеті үшін пайдасыз, өйткені «болмыс», «сана», «материя», «идея» деген сияқты дерексіз ұғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат – мүдделеріне қызмет етпейді. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді – кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізгі ретінде олар адамды, адамның практикалық іс - әрекетін ұсынды, бірақ олар «практика» ұғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді – прагматизм практикада деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді.

Экзистенциализм – ХХ ғасырдың орта шегінде Батыста ең кең тараған субъективтік – идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм капитализмнің жалпы дағдарысының идеалогиялық бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Оның ірі өкілдері М.Хайдеггер, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камью және т.б.

Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми тұрғыдан танып білуін жоққа шығарады, өйткені адам табиғаттың ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының мақсатына қайшы келеді.

43. Орыс философиясы. Қалыптасуы мен негізгі кезеңдері

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.

Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді.

44. Славяншылдар және батысшылдар. Ресейдегі революциалық-демократиялық  ойлар  

Орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың қалыптасуына П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рөль атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Ол католистік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссияда» деп айтты. Бұл екі бағыт та орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама  қайшы кейіпте түсіндіреді.

Еуропалық үлгі бойынша, Ресейдің дамуын насихаттайтын бағытбұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері: А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Н.Г.Чернышевский, К.Д.Кавелин, Т.Н.Грановский т.б. ойшылдар жатады. Бұлар шіркеуді сынап, материализмге сүйенеді. Батысшылар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олар Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.

Славянофильдік бағыттың негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аскаков, Ю.С. Самариндер болды. Бұлар орыстың ерекше құтқарушылық идеясын негіздеді. Бұлар батысшылдарға қарсы шықты.

А.И. Герцен “Болған жағдайлар мен ойларында” өз өмірін қоғамдық құрылыспен байланыстырып, оған  философиялық талдау, тұжырымдар жасаған болса, Н.Г. Чернышевский “не істеу керек?” романында өз заманы алдыында тұрған қасіреттерді ойлап, не істеу керек деген сұраққа жауап іздеді. Герцен идеализмді - рационализм, материализмді - эмпиризм деп санады, ал Чернышевский Фейербахтың ықпалынан шыға алмай, өз материализмін  “антропологизм” деп атады.

46. Қазақтардың ертетүрік және ортағасырлық мәдениеттегі философиялық идеялары.  

Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін  Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) – Шығыс философы, ғалым - энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы . Әл - Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі – қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды.

Ибн Рушд Мухаммед (1126 - 1198 ж.ж.)  - Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы.  Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні - философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты - философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке  ілім ретінде қалыптастыру.

Ибн Сина Әбу Әли (лат. айтылуы – Авиценна, 980 - 1037ж) ортағасырдағы тәжік философы, дәрігері және ғалымы. Ол өзінің философиялық ілімінде Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм жағына шығады.  Ол материяның мәңгілігін мойындады, оған бір тектес заттардың әрқилы себептері деп қарады және астрлогиямен басқа да сәуегейліктерге қарсы шықты.

47. 20 ғ. басындағы  Қазақстандағы қоғамдық-саяси және философиялық ойлар.

  XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады. Сондай – ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой – пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау  дәстүрін  дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, “Үш анық” философиялық еңбегін жазып шықты.  Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Соның бір көрінісі ұлттық философия халықтық дүние таным. Қазақ философиясы қазақ ойшылдары деген мәселелердің күн тәртібінде болмауы.  Қазақ философиясы адам және оның өмірсүру философиясы жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пішіндегі бар халықтың соған сай философиялық дүние танымы ой пікірлері болуы заңды дүние.

49. Ш. Уәлиханов қазақ халқының рухани мәдениетін зерттеуші

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Уәлиханов (1835–1865ж.ж.) демократтық ұлтгық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист - ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам кайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терен түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан - ақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінін маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, НА.Добролюбовтың еңбектерін оқып - үйренді, олардың көзқарастарын қарады. Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және молдалары таратып жүрген діни қағидалардың халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары «ой мен сезімнің дамуын тежейтін әлі схоластикадан басқа ештеңе әкелмейді», - деп көрсетеді.

50.Ыбырай Алтынсарин – Қазақстанда зиялы мектептің негізін салушы. Алтынсариннің демократиялық және гуманистік идеялары.  

Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқу- шыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды. 1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады. Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...» Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады.

52.Абай шығармаларындағы философиялық және әлеуметтік-этикалық ойлар.

 Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты.  Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның , жан мен тәннің , олім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

  Абайдың философиялық дүниетанымын «таза» материалистік немесе идеалистік деген түсінік сыңаржақтылыққа әкеліп соқтырады. Ол шығыс мәдениетінің қазақ жеріндегі данышпандық тұрғыдан сарапталуына қазақты іштен жеп жатқан ала  ауыздық тамырына балта шабу керектігін шақырған ұлы тұлға.

54.Адамның әлемдегі орыны және адам әлемі: экзистенциализм, персонализм, философиялық антропология.

 Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр

Философиялық антропология – адамның  мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық,  психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани - тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым. Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады.

Персонализм - XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы американдық буржуазиялық философияда кең таралған діни-идеалистік ағым.[1] Жеке адамды алғашқы шығармашылық күш, ал бүкіл дүние Құдайдың жаратушылық пәрменділігінің көрінісі деп таниды.

Экзистенциализм (тіршілік философиясы) – бурж. Интеллигенцияның көзқарасына сай келетін жаңа дүниетаным жасау әрекеті ретінде 20 ғ-да пайда болып,40 – 60ж-дары кеңінен етек алған батыс елдері философиясындағы иррационалистік  бағыт. Э.- Ағарту дәуірінің және нем. классификациялық философиясының рационализміне және 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезінде көп тараған кантшылдық  ой философияға қайтарылған жауап болды.

56.Болмыс категориясы, оның мәне мен пәні. Болмыстың негізгі формалары. Адам болмысы.

Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос - ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.

Болмыс  санаға тәуелсіз өмір сүретін дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс  ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. «Болмыс» категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндер  ақ дүниеге әкеліп, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы күндеріақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдеріне негіз болды.

Адам болмысы екіге бөлінеді: 1)Рухани болмыс - сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.

Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2) Әлеуметтік болмыс -  екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс - ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.

  1.  Философиядағы субстанцияның мәні. Монизм, дуализм, плюрализм.

Монизм - пантеизм шындықтың бiрлiгi туралы ілім, негізі - бiр субстанция, бір бастама. Монизм материалистік немесе идеалистік бола алады. Материалистiк монизм: XVIII-шi Чун, Демокрит, Эпикурдiң ваны, Сазай лукрециясы,.,  Фейербах, марксизм, позитивизм. француз материалисттарының философиясы

Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениетті екі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі.

Дуализм - (dualis латынша - екi жақты)  заттардың, «мәндердің», шындықтың және т.б негізгі формалары екі қарама-қарсы түрлерге жататын, бір-біріне айнала алмайтындығы туралы ілім.

Екi жақтылық - екi қарама-қарсы бiр-бiрлерiнiң әсер ету әлемiндегі  дүние тану. Бұл әр түрлi бастама бола алады: Құдай және әлем; Рух және материя; Жақсылық пен жамандық; Ақ және Қарасы; Құдай және iбiлiс; Жарық және қараңғылық; Инь және ян; Еркек және Әйелi және тағы басқалар. Тән көп философтар және философиялық мектептерге екi жақтылық: Екi жақтылық мойындау ретiнде негiзгi тек қана жалғыз бастауға шығу (материалистiк немесе идеалистiк) монизмға қарсы тұрады, және көптiк болмыс бастауға бекитiн плюрализмның бiр түрi сияқты қарала алады. Дуализм термині 10 ғасырда неміс философы Вольфпен енгізілген және екі субстанцияны мойындауды білдірді: матреиалдық және рухани. Дуәлистiк позицияның өте iрi айтушыларының бiрi (рух ) саналы субстанцияға болмыс және (материяны ) ұзын бөлген Р.Декарт болды; Декарт бұл екi субстанциялардың (психофизикалық мәселенi) адамындағы арақатынастары мәселенi психикалық және физиологиялық процесстерге сәйкес бiр-бiрiмен тәуелдi болмайтын психофизикалық қатар тұрудың позицияларымен шештi.

Плюрализм - (лат. pluralis - көптік) сәйкес (немесе жиын) бiрнеше тәуелсiз болатын болмыс немесе өнер-бiлiмнiң негiздерi бастайтын философиялық оқу. Плюрализм термин X енгiзiлген. Вольфпен. Плюрализм сөз өзi рухани өмiрдiң әртүрлi облыстарының сипаттамасы үшiн қолданылады. Плюрализммен сол қоғамның саяси көзқарастар және партиялардың көп варианттарының бiр уақыттағы болуын құқықтарды деп атайды; плюрализмның көзқарасы Философиялық ауылы дүние танулар, дүние тану жолдардың қарама-қайшы бiр-бiрлерiнiң әртүрлi және тiптiлерiн болуды заңдылық және өйткенi Г.Лейбництiң әдiстемелiгi кеңiстiк туралы ұсыныс қабыл алмай және ол қатар материямен және оған тәуелсiз қазiргi болмыстардың дербес бастары туралы сияқты уақыт ретi құбылыстар немесе күйлердi бiр-бiр алмастыратын ретiнде уақыт бiр-бiрi тыс қазiргi жеке денелердiң жиынның орналастырылуы сияқты кеңiстiк өзара шамасында қарады негiзiнде жатты.

  1.  Материяның  философиялық ұғымының қалыптасуы.

Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.  Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.

Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп үғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни – идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.

Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі.

Бірақ  бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара – пар деп санады.

Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің, сондай – ақ, философиялық ой – жүйенің  даму деңгеймен байланысты еді.

Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыстәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материаның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді.Сонымен бірге бұл анықтамада материаның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материаның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі.

Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді.

  1.  Қозғалыс ұғымы. Қозғалыс және даму. Қозғалыстың негізгі формалары.

Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.

  Материаның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материлдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын.

  Кез келген материалдық обектінің өмір сұруі оны құрайтын элементтердің қарым – қатынасына байланысты. Философияда өзгерісті қозғалыс деген түсінікпен байланыстырамыз материя қозғалыс дегенді бұл тек механикалық деп түсінбеу керек бұл кез келген объектінің кеңістіктегі өзгеуі қарым қатынасына байланысты. Материя қозғалыссыз өмір сұре алмайды қозғалыз материяның басты атрибуты. Қозғалыстың негізгі  2 түрін ажыратамыз 1 заттың сапасын сақтау. 2 бір сападан келесі бір сапалық өзгеріске ауысу.    

Материя қозғалысының 5 формасын ажырытамыз.

Механикалық.

Физикалық.

Химиялық.

Биологиялық.

   Осы қозғалыс формаларын 3 блокқа біріктіреміз. 1 Физикалық, химиялық қозғалыс формаларын бұл өлі табиғатпен байланыста. 2 Биологиялық қозғалысы тірі табиғатпен байланысты. 3 Қозғалыстың әлеуметтік формасы бұл қоғаммен байланысты.

  1.  Кеңістік және уақыт. Табиғи және әлеуметтік процестердегі кеңістік пен уақыттың арақатынасы.
  2.  Диалектика барлық байланыс пен өзгеріс, даму туралы ілім ретінде.  Диалектиканың альтернативтері: софистика, эклектика, метафизика.

Философияда ең негізгі екі әдіс бар: біріншісі  диалектика болса, ал екіншісі метафизика болып табылады. Диалектика деген гректің сөзі «диалектикус»,  «әңгімелесу» деген сөз. Диалектика  табиғаттың және әлеуметтік дүниенің дамуы туралы терең де жан  жақты ілім. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде - ақ пайда болды. Ертедегі барлық грек философтары Ф.Энгельс, туа біткен диалектиктерді, ал солардың ішінде Аристотель жан - жақты білімдар, кемеңгер ойшыл болды, ол диалектиканың ерекше белгілерін зерттеді. Ертеде диалектиканы қарсылас адамның пікірлеріндегі қарама - қайшылықты табу және оны жою арқылы ақиқатқа жету, яғни айтыса білудің әдісі деп түсінді. Кейіннен даму жөніндегі философиялық екі көзқарастың бірі таным әдісі мен болмыстың өзгеруін диалектика деп атады.

Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей ілім ретінде ерте кезде пайда болған. Енді диелектика даму арқылы нені түсінетіндігіміз туралы мәселеге жауап беруіміз қажет. Өзгеріс атаулының бәрі бірдей даму бола бермейді. Даму деп - заттар мен құбылыстардың сапа жағынан өзгеруін, негізінен басқаға айналуын, біреулерінің құрып, екіншілерінің, жаңаларының тууын айтамыз дамудың жалпыға бірдей сипаты болады. Адамның айналасындағы барлық заттар мен құбылыстар - жұлдыздар мен өсімдіктер және адамның өзі де даму процесінде пайда болып, өзгеріп және дами береді. Қоғамдық өмір де терең өзгерістерге ұшырайды. Феодалдық  құрылыстың орнына капитализм орнап, оның орнына социализм құрып, капитализмге қайта оралдық. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі - осы даму идеясы.

Даму екі бағытта болады - прогресс және регресс. «Прогресс» - ол латын сөзінен «алға» жылжу деген сөз, ал «регресс» - кертартпа деген сөздің мағынасын білдіреді.

Дамудағы спираль  терісті теріске шығару заңына сипаттамадағы дамуды бейнелеп түсіндіру үшін қолданған салыстыру. Даму кезінде әрбір құбылыстың  өзгеру процесі өзінің «бұрынғы түріне» қайта оралғандай тәрізді, жоғары сатыдағы құбылыс  төмендегі сатыдағының кейбір сипатын және ерекшелігін қайталағандай болады. Спиральдың әрбір жаңа орамы алдыңғы орамды қайталағандай тәрізді, бірақ ол жоғары сатыда өтеді. Даму процесінде кезкелген объекті өзінің жойылу, бөліну, пайда болуынан тұрады.Бұл мәселелерге диалектиканың элементтері, яғни заңдары мен категориялары жауап береді.

Дамудың диалектикалық тұғырнамасының терең мәнін ашатын негізгі үш заңы бар. Олар: қарама  қарсылықтың бірлігі мен күресі, сан және сапа өзгерістерінің өзара ауысуы және терістеуді терістеу заңы.

Заң дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы маңызды қайталанып отыратын байланыс. Болмыстың диалектика категорияларында көрінуі. Жалқылық пен жалпылық, құбылыс пен мән.

  1.  Диалектиканың категориялары: мазмұн және форма, себеп пен салдар, кездейсоқтық пен қажеттілік.

Диалектиканың негізгі үш заңы да белгілі бір категориялар арқылы тұжырымдалады. Категория дегеніміз не? Категория дегеніміз   адам ойлауының, оның болмысына қатысының сипаттамалары. Ал енді категорияларына тоқталайық: Жеке мен жалпының арақатынасы жөніндегі мәселе тарихи процестердің заңдылықтарына талдау жасауға байланысты ерекше шиелінісе түсті. Кеңістік және уақыт жағынан бір - бірінен бөлек тұрған, өзіне ғана тән сапалық және сандық айқындылығы бар жеке нәрселер мен құбылыстардың өмір сүруі жекеше категориясымен сипатталады. Ол бір обьектіні басқаларынан айырып тұратын, тек сол обьектіге ғана тән нәрсені көрсетеді. Заттардың қасиеттері мен қатынастарының  ортақ белгілері, қасиеттері жалпылық категориясымен белгіленеді. Бұл категория обьектінің қасиеттері мен жақтарының ұқсастығын, белгілі бір жүйенің элементтері, бөлшектері арасындағы, сондай - ақ түрлі жүйелер арасындағы байланысты бейнелейді. Жалпы жекеден бұрын және одан тыс өмір сүрмейді, дәл сол сияқты жеке де жалпыдан тыс өмір сүрмейді;

Себеп пен салдар - арақатынасты ұғымдар. Басқа бір құбылысты өмірге келтіретін құбылыс оның себебі болып табылады. Себеп әрекетінің нәтижесі салдар болады.

Себеп пен салдар туралы ұғымдар қоғамдық практика мен дүниені танып білу процесінде қалыптасты. Себеп пен салдарда ойлау обьективтік дүниенің маңызды заңдылығын бейнелейді. Бұл заңдылықты білу адамдардың практикалық қызметі үшін қажетті құбылыстар мен процестердің пайда болу себептерін танып біле отырып, адам оларға әсер етуге, оларды жасанды жолмен қайта жасауға, өмірде қайта тудыруға немесе, керісінше, оларды болдырмауға мүмкіндік алады.

Себеп пен салдардың өзара әрекеттесуі дегеніміз - олардың бір - біріне ұдайы әсер етуі, соның нәтижесінде себеп те, салдар да өзгеріске ұшырайды. Себеп пен салдардың өзара әрекеттесуіне олардың айналасындағы құбылыстар әсерін тигізеді; ол құбылыстардың жиынтығы жағдайлар деп аталады. Жағдайлар - тиісті оқиғаның болуы үшін қажетті, бірақ оны өздігінше тудыра алмайтын құбылыстар;

Қажеттілік - шындықтағы құбылыстардың, процестердің, обьектілердің одан бұрынғы бүкіл дамуының барысында пайда болған тұрақты, мәнді байланыс.Қажетті нәрсе заттардың мәнінен туады және ол белгілі бір жағдайларда міндетті түрде болуға тиісті. Қажеттінің бәрі бірдей сөзсіз бола бермейді. Барлық басқа мүмкіндіктер жоқ болып, тек бір мүмкіндік қалған кезде ғана қажеттілік сөзсіз болуы мүмкін.

Дүниеде қажетті емес, кездейсоқ құбылыстар да, оқиғалар да аз емес. Кездейсоқ дегеніміз - дәл осы жағдайларда болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін, дәл сондай болуы да немесе басқаша болуы да мүмкін нәрсе.

Қажеттілік пен кездейсоқтық диалектикасының мәні, ол кездейсоқтық қажеттіліктің көріну формасы ретінде және оның қосымшасы ретінде өмір сүреді.Қажеттілік пен кездейсоқтық диалектикасын есепке алу - дұрыс практикалық іс - әрекеттің маңызды шарты болып табылады;

  1.  Сан және сапалық өзгерістердің диалектикасы. Сапа және сан.

Сапа мен сана өзгерістерінің өзара орын алмастыру заңы. Сапа мен сана болмыстың объективтік сипаттамасы. Олар адамның практикалық қызметтерінің принциптері. Олар өзара орын алмастыру арқылы даму процесі жүріп жатады.

Сапа және сана өзгерістерінің өзара орын алмасытыру заңы болмыс пен ойдың жалпы формасы, адамның практикалық және танымдық қызметінің жалпы шарты.

Сапалық және сандық өзгерістердің өзара орын алмастыру заңы үлкен методологиялық және практикалық роль атқарады. Сандық өзгерістер белгілі бір сапа шеңберінде бірте  бірте үздіксіз жүреді. Өз дамуының белгілі бір сатысында, екінші бір затқа айналады, яғни сандық өзгерістер толығымен сапалыққа ауысады. Ал ескі сападан көшу әдетте секіріс формасында өтеді. Секіріс нәтижесінде пайда болған жаңа сапа және сандық өзгерістер туғызады. Сапа және сандық өзгерістердің өзара орын алмастыруының негізгі себебі қарама  қарсылықтардың бірлігі мен күресінде, қайшылықтың дамуы мен шешілуінде.

  1.  Өзгерудегі «қарамақайшылық». Диалектикалық қарамақайшылық. Қарамайшылықтың «бірлігі мен күресі».

«Қарама  қарсылықтың бірлігі мен күресіне» тоқталайық. Қарама  қарсылықтар мен бірлігі мен күресі заңы  материалистік диалектиканың мәнін, «өзегін» аңғаратын шындықтың және оны адам ойы тануының жалпы заңы. Кез - келген объекті қарама  қарсылықтардан тұрады. Бұл заң ешқандай сыртқары күштерге жүгінбестен кез  келген қозғалыстың активті ішкі «көзін» түсіндіреді, қозғалыстың өздігінен қозғалуын ұғынуға мүмкіндік береді.

   66 .«Терістеуді терістеу». Оның мәні.

Терістеуді терістеу заңы  диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Тұңғыш рет Гегельдің идеалистік жүйесінде тұжырмдалған. Терістеудің терістеу заңы сабақтастықты, дамудың спираль тектестігін, жаңаның ескімен сабақтастық арқылы байланысын, дамудың жоғары сатысындағы бірқатар төменгі сатыларға тән кейбір қасиеттердің ерекше түрде қайталанатындығын көрсетіп, дамудың прогресті сипатын дәлелдейді. Диалектикадағы терістеу категориясы бір заттың басқа затқа айналуын осы кезде бірінші заттың өзгеріп екінші заттың құрамындағы тәуелді элемент күйіне көшуін көрсетеді. Бұл диалектикалық алыну деп атанған. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алатын байланыс сәті ретінде көрінеді. Диалектикалық терістеуді құбылыстың ішкі заңдылықтары мен қайшылықтары тудырады, ол өзін  өзі терістеу ретінде көрінеді. Қос терістеу немесе терістеуді терістеу арқылы көрінетін дамудың ерекшелігі диалектикалық терістеудің мәнінен келіп шығады.

67. Өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатты танудағы философияның және арнайы ғылымдар жүйесінің мәні.

Біз өмір сүріп отырған әлемде, тіпті он сегіз мың ғаламда табиғаттың тірі және өлі түрі, басқаша айтқанда, жаны бар және жансыз заттар кездеседі. Екеуі бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Мысалы, өлі табиғатқа жататын су мен топырақ тірі табиғаттың өкілдері үшін тіршілік ортасы бола алады. Тірі табиғатқа кіретін жаратылыстар – тірі организмдер немесе тіршілік иелері. Олар тіршілік ете алады, өседі, өледі, көбееді, дамиды, қоректенеді. Ал өлі табиғатқа кіретін жаратылыстар тірі организмдер сияқты болмайды. Оларды тек материал (жансыз зат) ретінде қарастырамыз. Тірі организмдер жасушадан турады. Алып піл де, кішкентай ғана маса да жасушалардан тұрады. Жасуша (клетка) – тірі табиғат өкілдеріне тән кішкентай ғана бөлшек. Тірі организмдерде зат алмасу процесі жүреді. Айналадағы ортадан енген зат (азық, көректік заттар) түрлі реакциялардың әсерінен организмнің денесін түзуші заттарға айналады, жай заттардан күрделі заттар түзіледі, немесе керсінше жағдайда, күрделі заттар жай заттарға ыдырайды. Тіршілік иелерінің қоректенуі арқылы энергия қоры пайда болады. Зат пен энергияның алмасуы нәтижесінде жасушаның және ұлпалардың саны мен көлемі артады, тіршілігі жалғасады. Тірі организмдерге тән қасиеттердің бірі – қозғалу. Қозғалыс – өмірдің негізгі себебі. Өйткені тіршілік етуге қажетті қоректік заттар мен жаулардан қорғану процестері қозғалыс арқылы іске асады. Қозғалмаған тіршілік иесі (әсіресе, жан-жануарлар) өледі немесе басқаларға жем болады. Өсімдіктердің өмірі қозғалыссыз көрінгенімен, олардың да өздеріне тән баяу қозғалыстары болады. Тірі организмдер көбею арқылы өздерінің тіршіліктерін келесі бір буын өкілдеріне табыстайды. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан негізгі айырмашылығы ретінде көбеюді айтуымызға болады. Өлі табиғат ешқашан да тірі табиғатқа тән қасиеттерге ие болмайды. Жаны жоқ су, тас, топырақ пен ауа тірі табиғаттың негізгі тірегі болатын өмір сүру ортасын қалыптастырады. Тірі табиғаттың негізгі белгілері Зат алмасу, Қоректену, Тыныс алу, Бөлу, Тітіркенгіштік, Қозғалыс, Көбею, Өсу мен даму.

68. Экологиялық проблема, оның ғылыми, әлеуметтік-философиялық және этногуманистік аспектілері. Экологиялық сананың қалыптасуы.

69.Қоғам - объективті реалдылықтың жүйесі, адам болмысының әлеуметтік тәсілі.

Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым.

         Қоғам дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық  қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар.

Қоғам өмірі - алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық. Олар белгілі бір салаларға бөлінеді. Оларды түсінуді біраз оңайлату мақсатында топтастыра келіп, мынандай төрт салаға бөліп көрсетуге болады: 1) экономикалық сала; 2) әлеуметтік сала; 3) саяси сала; 4) рухани сала. Кең мағынада алғанда, «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымымен тепе - тең. Алайда, ол ұғымды философияда тар мағынада қолданып, таптар мен таптық қатынастарды, ұлттар мен ұлттық қатынастарды, отбасы және соған байланысты оқу, тәрбие, тұрмыс жағдайы сияқты тіршілік мәселелері саласын білдіру үшін қолданады. Сол сияқты, қоғам өмірінің саяси саласы саясатты, мемлекет пен құқықты және олардың арақатынасы мен қызметін, т.б. қамтиды.

Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Адамның қоғамдағы нақтылы еңбегі, іс-қимылы, қызметі, материалдық игілікті өндіру, тажірибе алмасудан қоғамның әл-ауқаты анықталады. Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнесі.

Адам – қатпары көп, құпиясы мол өте күрделі құбылыс. Аристотель бойынша, адам – қоғамдық хайуан.Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.
Адамда екі түрлі: табиғи және қоғамдық сипатта болады. Әрине, адамның басты қасиеті – оның әлеуметтік сипаты.
Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады.

70.Қоғамдық-тарихи тәжірибенің, қоғамдық қажеттіліктің, мақсаттардың анализі.

  1.  Тәжірибе – субъект-субъективті қатынастардың бірлігі ретінде. Тәжірибе және сана. Тәжірибе және мәдениет.

Тәжірибе - адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі.

Сана  объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдықтарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түріндегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық  өндірістік қызметі процесінде пайда болады және сананың өзі сияқты байырғы, тілмен айтарлықтай байланысты. Адам туған бойдан алдыңғы ұрпақтардың қолымен жасалған нәрселер дүниесіне кезігеді және өзі оларды мақсатты түрде пайдалануды үйрену процесінде ғана қалыптасады. Оның шындыққа қатынасу тәсілі тікелей өз денесін икемдеуіне (жануарлардағы сияқты) емес, қайта басқа адамдармен қарым  қатынасты ғана қалыптасатын затты іс  қимыл дағдыларымен анықтайды.

         Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәлім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән, сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Сана - бейнелеудің қасиеті. Бейнелеу - жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсердің нәтижесі.

 Сана-адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан - жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын жасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай құралды табиғат жасамайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір - бірімен  түсіну үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болған жоқ. Оның алдында түрлі дыбыс, қимыл - әрекеттермен алғашқы адамдар бір - бірімен ұғысқан. Сана тілмен бірге дамиды.

  1.  Философиядағы адам проблемасы. Адамның табиғаты, оның өмірінің мәні.

Философиялық антропология – адамның  мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық,  психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани - тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.

Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.  

Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».

Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз - таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды.

  1.  Антропосоциогенез және оның сипаты. Еңбек-антропосоциогенездің негізгі факторы.

Антропосоциогенез жүйенің тұрақты жұмысын реттейтін, қызметін әдістерін адамдардың әлемге, бір – біріне және өзіне деген қарым – қатынастың әдістерін топтастыратын, тіршілік етудің үздіксіз үрдісі.

Антропосоциогенез проблемасына байланысты әр түрлі көзқарастары бар, бірақ соның негізінде адамның әлеуметтік және биологиялық қарым – қатынас мәселесі жатыр. Адам өз жаратылысында әлеуметтік жаратылыс. Ол сонымен қатар сол уақытта табиғаттың бағасы, ол өз жаратылысында соның шеңберінен шыға алмайды, өзінің биологиялық табиғатына қатыссыз қызмет етеді, тамақ жеу, ішуді тоқтата алмайды. Әлеуметтік және биологиялық әлеуметтік «сапа» ретінде тұлға деп танылатын бірлікте.

Антропосоциогенездің жаратылысының ерекшелігі адамның еңбек құралдарын жасау әрекеті арқылы олармен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Адамның қабілеттілігі дамитын белгілері нысанда мәні берілетін үрдісте жатады. Бұл адаммен қолданылатын мән. Қоғамдық қатынастардан, нысандардан қызметін, әдістерінен басқасының бәрі зым – зия жоғалып кетеді.

  1.  Адамзаттың рухани өміріндегі өмір мен өлім проблемасы. Адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық өміршеңдігі, жалғасы.
  2.  Адам және адамзат. Тағдырдың ғаламдық бірлігі, қоғамдық өмірдегі интернационализм.

76. Сана- адам шығармашылының формасы, көрінісі, әлемді бейнелеудің тәсілі. Сана  объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдықтарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түріндегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық  өндірістік қызметі процесінде пайда болады және сананың өзі сияқты байырғы, тілмен айтарлықтай байланысты. Адам туған бойдан алдыңғы ұрпақтардың қолымен жасалған нәрселер дүниесіне кезігеді және өзі оларды мақсатты түрде пайдалануды үйрену процесінде ғана қалыптасады. Оның шындыққа қатынасу тәсілі тікелей өз денесін икемдеуіне (жануарлардағы сияқты) емес, қайта басқа адамдармен қарым  қатынасты ғана қалыптасатын затты іс  қимыл дағдыларымен анықтайды.

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәлім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән, сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Сана - бейнелеудің қасиеті. Бейнелеу - жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсердің нәтижесі.

77. Бейнлеу ұғымы. Өлі және тірі табиғаттағы бейнелеу. Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамның ізі қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя мен өлі материя арасындағы табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан ең жоғарғы бейнелеу – сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда бейнелеудің 2 түрі кездеседі: бірі – изоморфизм, екіншісі – гомоморфизм. Изоморфизмді бейнелейтін объект пен оның бейнесі арасындағы  ажыратқысыз ұқсастық болады. Мәселен, нақты самолет пен оның кішкентай моделі арасындағы ұқсастық, Ал гомоморфизм дегеніміз бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба ьтүрінде болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі. Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнелеуі де әр қилы болады. Өлі материяда ондай бейнелену негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара-бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады. Мәселен, өсімдіктердің жарыққа созылып, күнге бой тарртуы сондай құбылыс.

78. Сана  объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдықтарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түріндегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық  өндірістік қызметі процесінде пайда болады және сананың өзі сияқты байырғы, тілмен айтарлықтай байланысты. Адам туған бойдан алдыңғы ұрпақтардың қолымен жасалған нәрселер дүниесіне кезігеді және өзі оларды мақсатты түрде пайдалануды үйрену процесінде ғана қалыптасады. Оның шындыққа қатынасу тәсілі тікелей өз денесін икемдеуіне (жануарлардағы сияқты) емес, қайта басқа адамдармен қарым  қатынасты ғана қалыптасатын затты іс  қимыл дағдыларымен анықтайды.

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәлім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән, сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Сана - бейнелеудің қасиеті. Бейнелеу - жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсердің нәтижесі.

Бейнелеудің ең жоғары түрі тіршілікке, өмірге байланысты биологиялық формасы. Ал енді тіршілік өмірдегі бейнелену формалары қандай? Ол да түрліше. Ең алғашқы қарапайым бейнеленуге тітіркену жатады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмде ол рефлекс тудырады.

Адам миына сыртқы дүниедегі түрліше ақпараттар қалай келеді? Ол сезім мүшелері арқылы қабылданады. Адамда бес түрлі сезім мүшелері бар: көру, есту, иіскеу, дәм сезу, тері түйсігі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Сезім мүшелері адам миын сыртқы дүниемен байланыстырушы. Ол сезімдік формасы омыртқалы жануарлар да бар. Бірақ олардың түйсігі өз тіршілігіне сәйкес сыңаржақ дамиды, яғни өзіне қажеттіні ғана қабылдайды. Ал адамда сана, тіл арқылы өзінің сезім мүшелерінің мүмкіндіктерін жан - жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін ақылға билетеді. Адамға микроскоп, телескоп, сейсмограф сияқты құралдар көмекке келеді. Сөйтіп, адам сезім мүшелері арқылы заттың қасиеттерін біледі. Бірақ заттың қасиеті әртүрлі болады. Затты бүтіндей, толық білу үшін оның қасиеттерін жан - жақты танып, түсіну қажет. Ол үшін таным - түйсіктен бірте - бірте ойлауға көтеріледі. Сана өзінің шығуы жағынан екінші. Бірақ сана енжар емес, белсенді, пәрменді рөлі бар құбылыс. Сонымен, адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі қабылдап оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап біреу ғана: ол түйсік мүшелер арқылы объективті шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Оған түйсік, қабылдау, ойлау сияқты негізгі элементтердің жиынтығы кіреді.

Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайы. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя - мидың функциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті.

Сана-адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан - жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын жасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай құралды табиғат жасамайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір - бірімен  түсіну үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болған жоқ. Оның алдында түрлі дыбыс, қимыл - әрекеттермен алғашқы адамдар бір - бірімен ұғысқан. Сана тілмен бірге дамиды.

79. Қоғамдық сана, қоғамдық және жеке сана, қарапайым және теориялық саналардың диалектикалық бірлігін құрайды. Қандай да бір қоғам болмасын, қоғамдық пікірді халықтың санасына сіңіру болып табылады. Жеке сана әрбір адамның жеке басына, өмір жағдайына, біліміне байланысты қалыптасады. Қоғамдық сананы да жеке адамдар жасайды.

Қоғамдық сана – өте ауқымды да кең ұғым. Ол обьективті өмірді адам санасында жан-жақты бейнелеудің нәтижесі. Оған жататындар: қоғамдық ойлар, теориялар,саяси және құқылы көзқарастар, ғылыми анықтама мен тұжырымдар және т.б.

Жеке сана обьективтік шындықты жалпыға белгілі ұғымдармен, категорияларды ұғынумен шектелмейді, сонымен бірге обьективті өмірді тікелей тану арқылы, әр адамның жеке басына, біліміне, өмір жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тәрбиесіне т.б. қалыптасады. Жеке сана қоғамдық санадан тар өрісті болады. Қоғамдық сананы сақтаушы да, оны іске асырушы жад – жеке адамдар. Жеке сана әр адамның дүниеге келуіне, өсіп жетілуіне, дүние салуына сәйкес өмір сүреді. Мысалы, біреу «мен көп балалымын, пәтер керек» деп арыз жазса, ол оның жеке санасына жатады, ал егер сол адам «көп балалы адамдарға пәтер керек, қамқорлық қажет» деп көпшіліктің мұқтажын айтса қоғамдық санаға жатады.

Қоғамдық сананың құрылымы да әртүрлі. Оны гнесеологиялық, социалогиялық, нақтылы-тарихи тұрғыда т.б алып қарастыруға болады. Гнес-қ (танымдық) тұрғыда ол екі жақты алып қарастырылады.1) деңгейі жағынан қарапайым, оған жатады: білім, әсерленушілік, ерік,ес т.б.2) теориялық болып бөлнуі. Социо-қ тұрғыдан қарағанда, қоғамдық сананы – ықпал өрісі, мазмұны, түрі деп үшке бөледі. Соның шінде ықпал өрісі, психология, идеология, ғылым болып талданады, мазмұны жағынан: жалпы халықтық, ұлттық, таптық, кәсіптік болып бөлінеді. Ал нақтылы тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ: типтік және жай-күйі болып екіге бөлінеді. Типтік жағынан ол алғашқы қауымдық, таптық-антагонистік, антогонистік емес саналарға, ал жай-күйі жағынан оптимистік, шектен тыс өзімшілдік және пессимистік болып бөлінеді. Бұл қоғамдық сананын құрылымы аса күрделі екенін көрсетеді. Ал сол қоғамдық сананы тігінен алып қарайтын болсақ, оның жоғарғы және төменгі екі бөлімнен – идеологиядан және қоғамдық психологиядан тұратынын көреміз. Идеология – қоғамдық сананың белгілі бір мақсатқа бағытталған, тұжырымдалған түрі. Қоғамдық психология дегеніміз – сананын сезімге негізделген төменгі сатысы. Ол сезімнен, елестетуден, әдет-ғұрыптан, ән-күйден, мақал-мәтелден және  де стихиялық жүйеленбеген түрде қалыптасады. Қоғамдық психология таптық, ұлттық, жыныстық, кәсіптік болып келеді.

80. Саяси сана. Бұл – таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Саяси идеология тап күресін, саяси партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау үшін пайда болған және соны іске асырады.

Саяси санадағы басты мақсат – әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қадықтарын жою, демократиялық, яғни халықтың өз өкіметіне, дүниені дүрдараз қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі, қайшылықтары болса да, көп жағынан біртұтас өмір екенін ұғынып, соған көшу болып табылады. Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» деп аталатын стратегиялық бағдарлама еңбегіндегі жеті басыңқы бағыттардың бірі «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігі деп аталуы -  соның айғағы.

Құқылық сана. Бұл сананы жасаушы – үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты – оның экономикалық және саяси мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқылық сананың негізгі мақсаты – демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау. Біздің елімізде құқықтық мемлекет мемлекет орнатудың күн тәртібіне қойылуына байланысты құқылық сананың маңызы орасан зор артып отыр. Көптеген қылмыстарға себеп – халық арасындағы құқылық сананың әлі де болса төмен болуы. Оған жататындар: түрлі қоғамдық тәртіпті бұзушылық, тонау, кісі өлтірушілік, еңбек заңын сақтамаушылық, ұйымдасқан жемқорлық т.б. Сондықтан да халқымыздың құқылық санасын көтері мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

81. Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы – өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп  көрсетеді. Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенің, объективтік пен субъективтік, материалдық пен идеялықтың диалектикалық  ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді, құбылыстарды сомдап,бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады.

Діни сана. Дін объективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиялишылық түрде белгілейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниедегі кез-келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет). Қандай діннің болса да басты мақсаты – адамды құдіреттің күшіне иландыру. Олай болса, дін дегеніміз – жаратылыстан тыс тұрған Құдырет, періште, жын-шайтан, ана дүниенің бар екеніне, жанның мәңгі өлмейтіндігіне сену. Дін мен  идеализм арасында тығыз байланыс бар.

82. Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным - адам санасын дамытудың негізі болып табылады.

Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.

Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.

Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.

Сондай - ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып білуінің субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар обьективтік дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.

Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның дамуы үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру жолымен ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін пікірлердің күресі.

Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчествалық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әртүрлі формалар кіреді.

83. Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады.

Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады.

Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.

Ойлау – адам миының ең жоғарғы қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет.

Ұғым, пікір, ой тұжырымы логикалық ойлаудың негізгі формалары болып табылады. Олар арқылы зерттеліп отырған заттың мәнін ашамыз.

84. Ақиқат  танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы кун тәртібіне қойылады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диактекикалық бірлігі. Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз тереңдей туседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. Білім объектіге дәлірек сәйкес келеді. Дегенмен білімнің объективтік және субъективтік жақтары ылғи бірлікте болады.

Егер объективтік ақиқат бар болса, онда оны білдіріп отыратын адамның тусінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы турде  ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.

Зертеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білімді салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді абсолюттік ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективтік ақиқаттың көрініс сәттері. Объективтік ақиқат салыстырмалы-абсолюттік формада ғана өмір сүреді.

Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты ақиқаттың нақтылығы объекті жөніндегі барлық түсініктердің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. «Құбылыстың, шындықтың барлық жақтарының жиынтығы және олардың (өзара)  қатынастары міне ақиқат осылардан құралады» Қазіргі заманғы идиалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына мыналар жатады: Мах пен Авенариус дейтін эмпириокритиктердің «ойды үнемдеу» принципіне үнемі ойланатын болса сол ақиқат қолайлылық пен пайдалылық принципі. А.Пуанкеренің, Э. Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге сай келсе, сол ақиқат пікірлердің ақиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейтін неопозитивистер де бұл мәселеде, шынына келгенде, конвенционализмнің позициясын ұстайды. Олар сол сияқты тексеру  принципін де ұсынып оны біздің айтқандарымыз бен пікірлеріміздің  сезімдік мәліметтерге, түйсіктерге сәйкес келуі деп түсінеді.

Ақиқаттың өллшемі жөніндегі осы көзқарастың негізгі келістігі мынада: олар образдың   санадан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін объектімен үйлесуі жайында мәселе көтермейді.

Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип – адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адамқызметі сонша көп түрлі болып келеді.

85.Ғылыми таным және оның белгілері. Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және логикалық формалары «таза» түріде, жеке, бір - бірінен оқшау түріде көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі.

Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерінің бір - бірінен мынандай айырмашылықтары бар: оларда зерттеліп отырған объект әр түрлі жағынан қарастырылады, білім әртүрлі әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін әртүрлі логиклық формалар. Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға қолайлы объектінің сыртқы байланыстары мен қатынастары қарастырылады, тәжірибеден тікелей индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің логикалық формасы ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі,ол білім жаңа теорияны құраудың эмпириялық негізі болады. Эмпириялық деңгейде құбылыс дәрежесіндегі заңдылықтар анықталады. Таным құбылыстан мәнге, бірінші реттегі мәннен екінші реттегі мәнге т. с. с. қарай қозғалады. Сөйтіп,  таным заттың ішкі мәніне қарай шексіз тереңдей береді.

Ал теориялық деңгейде біздер заттың ішкі байланыстары мен заңдылықтарын, қайшылықтары мен заңдарын ашамыз. Мұны эмпириялық білімді теориялық жолмен өңдеу, белгілі бір принцип бойынша синтездеу арқылы табамыз. Теориялық білімнің логикалық формасы өзара іштей жинақталған  абстракциялар жүйесі болып табылады. Зерттеліп отырған объектінің теориясын құру және қолдану танымның теориялық деңгейінің мақсаты. Эмпириялық білімге қарағанда теориялық білімнің қолдану аясы өте кең. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өте тығыз байланыста. 

Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

86.Әлеуметтік таным. Қоғам, адам-әлеуметтік танымның объектісі.

Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері  ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың  пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді  (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден  объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі.  Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым.

Қоғам дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық  қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар.

Қоғам өмірі - алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық. Олар белгілі бір салаларға бөлінеді. Оларды түсінуді біраз оңайлату мақсатында топтастыра келіп, мынандай төрт салаға бөліп көрсетуге болады: 1) экономикалық сала; 2) әлеуметтік сала; 3) саяси сала; 4) рухани сала. Кең мағынада алғанда, «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымымен тепе - тең. Алайда, ол ұғымды философияда тар мағынада қолданып, таптар мен таптық қатынастарды, ұлттар мен ұлттық қатынастарды, отбасы және соған байланысты оқу, тәрбие, тұрмыс жағдайы сияқты тіршілік мәселелері саласын білдіру үшін қолданады. Сол сияқты, қоғам өмірінің саяси саласы саясатты, мемлекет пен құқықты және олардың арақатынасы мен қызметін, т.б. қамтиды.

Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Адамның қоғамдағы нақтылы еңбегі, іс-қимылы, қызметі, материалдық игілікті өндіру, тажірибе алмасудан қоғамның әл-ауқаты анықталады. Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнесі.

Адам – қатпары көп, құпиясы мол өте күрделі құбылыс. Аристотель бойынша, адам – қоғамдық хайуан.Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.
Адамда екі түрлі: табиғи және қоғамдық сипатта болады. Әрине, адамның басты қасиеті – оның әлеуметтік сипаты.
Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады.

87.Қоғам өзінен өзі дамып отыратын жүйе. Қоғамдық өндіріс пен өндіріс тәсілдері түсінігі.

Қоғам дамудың қандай жоғары деңгейіне жетпесін, адамдар азық - түліксіз, киім - кешексіз, баспанасыз, т.б. материалдық игіліксіз өмір сүре алмайды. Бұл игіліктерді табиғат дайын күйінде бере алайды. Ол игіліктерге ие болу үшін адам еңбек етуі тиіс. Еңбек - адамның табиғи қажеті, қоғам өмірінің негізі. Сол себепті де материалдық игіліктер өндірісі қоғамдық дамудың басты, шешуші күші болып табылады.

Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым-қатынас орнатады. Осы екі түрлі қатынастар кез келген нақты өндіріс тәсілінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағын - өндіргіш күштерді және өндірістік қатынастарды құрады. Олай болса, өндіріс тәсіліне жалпылама талдау жасау үшін өндіргіш күштер деген не, олардың құрамы қандай, өндірістік қатынастар қандай қатынастардан тұрады, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара байланысы қандай деген сұрақтарды анықтау қажет.

Өндіргіш күштер дегеніміз қоғам жасаған өндіріс құралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді жасаушы - адам.

Еңбек құралдары қоғамның өндіргіш күштерінің шешуші элементі болып табылады, өйткені адамның табиғатқа деген қатынасының сипатын айқындап беретін солар.

Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар адамдардың өндірістік іс - әрекетінің ажырағысыз жағы болып табылады, өйткені адамдар жеке-дара өндіре алмайды, бір-бірімен қатынаса, қауымдаса отырып қана өндіре алады. Сондықтан еңбек әуелбастан қоғамдық еңбек еді және солай болып қала бермек. Еңбек процесінде адамдар арасында орнайтын бұл қатынастар болмай қоймайтын қажетті қатынастар болып табылады.

Өнім бөлісу формасы да өндіріс құралдарына деген меншіктің сипатына тиесілді болады. Өндіріс құрал - жабдықтарының иесі өндіріс процесіне қатыспағанымен, өнімнің не барлығын алады немесе басым көпшілігін алады. Өндірістік қатынастар адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз объективті түрде қалыптасады. Адамдардың өндіріс процесіндегі қайсыбір қатынастары олар сәйкес келетін өндіргіш күштер дамып жетілген жағдайда ғана пайда болады.

Адамдардың үздіксіз өсетін қажеттерін қанағаттандырудың бір ғана жолы бар - өндірісті ұдайы жетілдіріп дамыту. Өндірісті дамыту - қоғам өмірінің объективтік қажеттілігі, заңы. Қоғамның тарихи, осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен қоғамдық өндірістің төменгі тәсілінен жоғарғы тәсіліне қажетті түрде өту тарихы.

Сөйтіп, көп түрлі қоғамдық қатынастардың ішінен әлеуметтік философия материалдық, экономикалық қатынастарды негізгі, шешуші қатынастар ретінде бөліп көрсетеді, өйткені осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, базисін құрады. Бұл жағдайда өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайтындар: меншіктің формасы және бұдан туынды адамдардың өндіріс процесіндегі қатынастары, материалдық игіліктерді бөлу формасы деп түсіну керек.

Қоғам – күрделі, динамикалық, өзін-өзі дамытатын жүйе. Оның дамуының қайнар көзі өзінде жатыр және қоғамда әлеуметтік прогрестің қозғаушы күш болып негізгі рольді адам атқарады. Қоғамның өзін дамытуы ғылыми техникалық революция арқылы жүзеге асады.
Ғылым да, техника да, прогресс те – адамзат ақыл-ойының жемісі.
Қоғам табиғаттан пайда болды, қоғам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан қоғам мен табиғат бір-бірімен байланыста.

88.Әлемдік тарихтың бірлігі мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Қоғамның революциялық және эволюциялық дамуының типтері.

    Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой - пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде - ақ қалыптаса бастады. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды,дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым - қатынастар заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой - пікірлер және идеялар туады. Ал мұндай ой - пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі дамыту қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты туды.

  Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Жыныс ерекшелігіне байланысты қатынастар және отбасы эволюциясы

Қарапайым еңбек түрлеріне ауысу тек ұжымда және мінез-құлықтың қоғамдық нысандары жағдайларында мүмкін болады.
Мінез-құлықтың қоғамдық нысандары ұжымдардың сақталуына жағдай жасаған табиғи сұрыптау әсерінен күшейе түсті. Әлеуметтік байланыстар мен өзара көмек қарым-қатынастар жақсы дамыған ұжымдарда олардың жаулары мен стихиялық апаттарға қарсы тұру мүмкіндіктері жоғары болды.

Эволюцияның ең ертедегі кезеңдерінде нағыз қарапайым отбасының пайда болуы туралы концепциялар екі түрлі бағытта қалыптасты.
Бірінші бағытқа сәйкес, қарапайым отбасылар алғашқы адамдар қауымының жалғыз ғана түрі болды деп саналады. Питекантроптарда да осындай жағдай қалыптасты. Екінші көзқарас бойынша, алғашқы адамдардағы қарапайым отбасы анағұрлым үлкен құрылымдардың құрамына кірген.
Алғашқы адамдар және қалыптасып келе жатқан нағыз адамдар қарапайым отбасылар құрып тіршілік еткенімен, ол өз алдына жеке құрылым болған жоқ және ол тұрақты бола алмаған болар еді.
Билік эволюциясы 

Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты.
Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды.Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар - еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді.

Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы

Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады.. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.

89.Қоғамның дамуы - қоғамдық-экономикалық формацияның тарихи процестердегі өзгеріске түсуі.

Қоғамдық - экономикалық формация ұғымына өндіріспен, базиспен және қондырмамен бірге басқа да қоғамдық құбылыстар кіреді. Олар: адамдардың белгілі бір тарихи қауымдастықтары, отбасы және неке, тіл, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, т.б. Бұл құбылыстар базиске де, қондырмаға да тікелей қатысты болмағанымен, олар кез келген формацияның біртұтас организмінің құрамдас бөліктері болып табылады. Оларсыз қоғам өмірі және дамуы мүмкін емес. Шынында да адамдардың қатынас құралы болып табылатын тілсіз еңбек ету, ой - пікір, тәжірибие алмасу мүмкін емес қой. Аталған құбылыстар, әрине, әр формацияда әр түрлі, бір формациядан екіншісіне өткенде елеулі өзгерістерге ұшырап отырады.

Қоғамдық - экономикалық формацияны құратын құбылыстар өзара табиғи байланысты, біріне - бірі тікелей немесе жанама әсер етеді, солардың нәтижесінде формация күрделі, дамушы әлеуметтік организм, біртұтас жүйе түрінде әрекет етеді.

Қоғамдық - экономикалық формация ұғымы түрліше қоғамдық құбылыстардың бірлігінің, өзара байланысының материалдық негізін аша отырып, қоғам жайындағы бұрынғы және қазіргі идеалистік, метафизикалық көзқарастардың шын мәнін ашып берді. Қоғамдық - экономикалық формацияның ашылуына байланысты тарихи процесс қатаң ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлінетін болды: қоғам тарихи қоғамдық - экономикалық формациялардың даму және заңды түрде ауысу тарихы екені ашылды.

90.Тарихи процестердегі субъект мен қозғаушы күштері. Әлеуметтік топ түсінігі.

Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:

Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.

1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.

3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.

Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.

91.Мә дениеттің философиялық түсінігі. Қоғам және мәдениет.

Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез – құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Күнделікті санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына иеленетін болсақ онда оны адамдарың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет - өркенді рухани құндылықтар жиынтығын тиісті мәдени – ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған құндылықтарды ғана емес, сондай ақ оларды өндіру, бөлу және тұтыну процесінің өзінде қамтиды.
Социологияда мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегі рөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субьектілері түріндегі адамдар олардың өздерінің қатынастары түсініледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.

Қоғам және мәдениет

Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты.

Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне сай келетін мәдени деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Бірақ бұл диалектикалық байланысты нақты негізде қарау керек, себебі қоғам мен мәдениеттің арақатынасында қайшылықтар да жиі кездесіп отырады.

Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармагын ғана қамтитын құбылыс ретінде сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар. Егер біз қоғам мен мәдениетті барабар деп санасақ, онда мәдениеттің мазмұнын шектен шығарып жіберер едік. Дәлірек айтқанда, мәдениет — қоғамның қасиеті, оның өмір сүру әрекетінің ауқымды да көлемді міндеті. Осы түррыдан алғанда, ол қоғаммен диалектикалық байланыста болады. Мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарға ену тәсілі

92. Мәдениет және еңбек бөлінісі.  Мәдениеттің әлеуметтік қызметі

Мәдениет – философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі қолданылады. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әр халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нақтылы – тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Мәдениеттің негізі – еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе, жүген мен үзеңнгі, кәдімгі дөңгелек бір кезде адамның табиғмтпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірісте жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.

 Мәдениет әлеуметтануды қарыштап дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты. Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-рухани процесс, әр түрлі мәдениеттерің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал. Мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне баса көңіл аударады. Бұл мәселелрді мәдениет теориясы зерттемейді.

Мәдениет әлеуметтанудың негізгі мәселесі- мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің шығармашылық заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа маөмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттеоген іс-қызметтің (жұмыстың)орындалу мазмұндарын анықтайды. Мысалы, жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркем өнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа  шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

93. Мәдениеттің дамуы: салт-дәстүр және новаторлық әрекет. «Бұқаралық» және «элитарлық» мәдениет мәселесі  Қазіргі заман мәдениетін біз көбінде медиамәдениетпен байланыстыратынымыз заңды. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі заман адамын да, оның мәдениетін де құрастырады. Концепциялар туралы айтпас бұрын жалпы бұқаралық мәдениет ұғымының ғылыми айналымда болсын, БАҚ-та болсын орнығып үлгергеніне қарамастан, кейбір таласты тұстары бар екендігі жайлы мамандардың барлықтары бірдей көзқараста еместігін де айта кетуіміз керек. Мысалы, еліміздегі танымал мәдениеттанушылардың бірі, профессор С. Темірбеков бұқаралық мәдениет пен сауықтық мәдениет деген ұғымдар арқылы аражікті ашып көрсету керектігі туралы ойларын өз басым қолдаймын.
Расында, біздің тілімізде бұқара ұғымын жағымсыз коннотациямен, жоғарыдан төмен қараған пысқырмаушылық эмоциясымен байланыстыра қарауға болмайды. Бұқара – көпшілік, халық. Қалайша аузымыз барып көпшілікке күл шашпақпыз?! Халықтық мәдениет, бұқара мәдениеті қашанда болған әрі бола береді де емес пе?!
Осы халықтық мәдениет пен тобырлық немесе мазмұны жағынан алғандағы сауықтық мәдениеттің айырмашылығына көз тастар болсақ, онда, біріншіден, халықтық мәдениетті халықтың өзі әрі өзіне арнап жасайтындығын байқаймыз. Демек, жасаушы да пайдаланушы да, әрекеттің субъекті де, объекті де біреу – халықтың өзі. Ал тобырлық сауықтық мәдениет үлгілерін біреулер көпшілік халықтың тек қана бір бөлігі үшін – қарабайыр тобыр үшін арнайы даярлайды, сөйтіп, тобырды өзінің тәжірибе объектісіне айналдырады.
Бұқаралық мәдениет деп атап жүргеніміздің орнын әлеуметі тұрғысынан тобырлық, ал мазмұны тұрғысынан сауықтық мәдениет алады деп түсінгенмен, ғылыми қолданыстағы терминді пайдаланбасқа тағы да болмайды. Тобыр мәдениеті, біле-білгенге, американдық саясаттың ақпараттық, экономикалық бөлігі емес пе?! Олай демей не дерсің, егер Бзежинскийдің айтуы бойынша, американдық теледидар бағдарламалары мен киноөнімдері әлемдік нарықтың төрттен үш бөлігін алып тұрған болса? Осыдан тобырлық сауық мәдениетін бет-бейнесіз дегеніміз жөнсіз бе деп күманданасың. Тобыр мәдениетінің бетін “тырнап” қалсаң астынан ақсиған ақ тістерге толы жиылмас езу иелерін көргендей боласың.
Сонымен, халықтық өнер – халықтың өзін-өзі танытуының табиғи жолы, ал тобырлық немесе сауықтық мәдениет деп қазіргі БАҚ-тың кеңейе күрделенуіне сай туындаған тұлғасыз, бет-бейнесіз қарабайыр көпшілікті, БАҚ арқылы сананы жаулап алуды, сөйтіп онымен манипуляциялауды, яғни өз дегеніне көндіруді көздеген мәдени құбылысты атауға болады. Сондықтан жөні – бұқаралық мәдениет деп атап жүргеніміздің орнын әлеуметі тұрғысынан тобырлық, ал мазмұны тұрғысынан сауықтық мәдениет алады деп айту болғанымен де, ғылыми қолданыстағы терминді пайдаланбасқа тағы да болмайды.
Халықтық өнер халықтың өзін-өзі танытуының табиғи жолы болғандықтан, ол өзін өндіру барысында индустриалды техникаға тәуелсіздік танытпайды. Ал тобыр үшін даярланған “өнер” үлгілері сол қоғамды басқарушы элитаның билеуші стратегиясына, түп мақсатына сай неғұрлым көпшілікті қамтуы тиіс болғандықтан ертелі-кеш “ызыңдайтын” БАҚ-ты, жарнаманы, “промоушн”, “пиар”-ды (PR) және тағы да сол секілді адам санасын жаулау жолдарының көрнекі түрлерін қажет ете
 

94. Мәдениет адамның әлемі, өзін анықтау және тұлғалық даму тәсілі  ретінде.

  Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар болған жерде мәдениет те бар. Ал адамның санасының түбегейлі қасиеті – оның интенционалдығы. Бұл термин адамның о баста өз өзімен ғана шектеле алмайтындығын, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылатындығын білдіреді. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. Басқа-үшін-болу – адамның да, мәдениеттің де мағыналық анықтамасы. Жалпы, болу дегеніміз – қарым-қатынаста болу деген сөз.
Сонымен, өркениет – өркен жайған, өскен мәдениет, яғни мәдениеттің жаңа бір даму сатысы, жаңа бір сапалық түрөзгерісі. Тіпті, керек десеңіздер, егер мәдениет жаратылыстық қажеттілік түріндегі оқшаулану, бөлектену, яғни өзіндік идентификация (бірегейлену) талабынан туса, өркениет сол “жекешіл”, “өзімшіл” мәдениеттің Басқаларды танып, мойындап, Басқаларға “ашылуы”, диалогқа ықылас таныту кезеңі. Өйткені өсу-өну-өркендеу дарашылдықтың жеке өзінің қатысуымен болатын үдеріс емес, ол қайткен күнде Басқаның болуын, оның қатынасын талап етеді.
Ендеше, өркениеттілік сана жатқа деген толеранттылықты қалыптастырудан басталса керек. Аталған толеранттылық, яғни Басқаның “басқалығына” деген төзімділік, басқаны “жат” болғаны үшін ғана кемсітуге жол бермеу – толысқан мәдениеттің, демек, өркениеттің шығар биігі. Өзге мәдениетті қабылдауға деген даярлық толерантты сананың болуынан басталады. Ол толеранттылық мәдениетте бірден, туа біте қалыптаспайды. Оны мәдениет бойына егу, баулу қажет.
Жас нәрестенің өз жақындарынан, туыстарынан басқа жат адамды жатырқап, бөтенсінетіндігі сияқты, “буыны қатпаған” мәдениеттерде ксенофобияның болуы дұрыс болмаса да орынды. Сәбидің өсе келе көп адамдар арасына түсуінен бастап, қауымдасуынан (социализациялануынан) бастап Басқа алдындағы қорқыныш орнын Басқаға деген қызығушылық, Басқалармен қоса әрекеттену тиімділігін түсіну басатындығы сияқты, мәдениет те өркениеттілік сатысында мәдени қауымдастық өміріне, оның өзіндік талаптарына ден қояды. Нәтижесінде, меніңше, аралас-қораласы көп мәдениетте өркениеттік толеранттылық, сұхбатқа ынталы сана қалыптасады. Сол сияқты, Жорж Мунэн айтпақшы, адамзаттың түрлі мәдениеттерінің когнитивті тәжірибесінен хабардар мәдениеттің тілі аударуға ыңғайлы тіл болып табылады екен.

95. Мәдениеттегі бірлік, сан салалылық және өзара қатынас. Ұлттық және ұлтаралық мәдениет.

Адам қызметінің кажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай да бір мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе, мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады.

Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей, парапар болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет — адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ бұл — үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, оны осы екеуінің ажырамас бірлігін мойындамайынша түсіну мүмкін емес. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не құлдырап, азып-тозып кетуі мүмкін. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпауы керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады.

Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгінде баршаға мәлім болып отыр. Тек сан көрсеткіштерін қуалап, пәленше миллион тың және тыңайған жерлердің қыртысын қопаралық деген біреудің еліруіне сай ұранға бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, топырақ эрозиясына душар болып кетуі, мал жайылымдарының азаюы, т.б. келеңсіз жайттар табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешудегі рухани соқырлықпен субъективизмнің ырықтық көрінісі болды. Оның үстіне Қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстардың құрып-жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпасқа болмайды. Ең өкініштісі, ел аман, халықтың көзі түгел тұрғанда олардың, озбырлардың баю объектісіне айналғаны.

Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.

Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болдыАдамның табиғатқа қатысы оның қоғамдык тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы барды молайта түсіп, азды үнемдеп, тіршілікті аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасы ұлттық өмір құбылыстары мен мемлекеттік ұлттық саясаттың жаңаруы тәжірибесі  мен мәселесін жаңаша зерделеу мен зерттеуді  уақыт өткен сайын өзекті, маңызды ете түседі. Жаңарған қоғам  тұсында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні жаңа сапалы жай-күй мен мазмұнға ие болады. Оның негізінде әр түрлі ұлттар адамдарының  теңдігін тұғыр еткен халықтардың өзара қатынастары гуманистік тұжырымдамасы, қазақстандық патриотизм мен толеранттық, ұлттық және жалпықазақстандық  мақтаныш, ұлтаралық келісім рухындағы тәрбие жатады. Сондай-ақ,  халықтардың өзара байытылуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен алмасуға, олардың жан-жақты ынтымақтастығына,  өзара түсіністік пен  өзара сенімінің нығаюына, т.б. септесетін ұлтаралық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге деген қажетті мұқтаждық жатады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті әрбір қазақстандықтың өнегелік деңгейінің, биік мәдениетінің, оның барлық ұлттардың, ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың мүдделеріне қатыстылығының көрсеткіші болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл тұлғаның қарым-қатынас процесіндегі моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларына айналған озық ұлттық, жалпыадамзаттық принциптер жүйесі, ол ұлттардың дамуы мен өзара байытылуы негізінде туындап, барлық халықтардың іс жүзіндегі, Қазақстанның да, сол сияқты, әлемнің де халықтары арасындағы ұлттық мүдделерді, ерекшеліктерді, тілдерді, дәстүрлерді құрметтеушілікті діттейтін жалпыұлттық келісім және толеранттықпен сипатталады. Халықтардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті  жалпыұлттық мінез-құлық этикасын, ұлттық мәдениет,  тұрмыс, психология ерекшеліктеріне қатысты әдептілікті,  тарихи тағдырлардың ортақтығын, т.б. саналы түрде ұғынушылықты бойында тұтуы тиіс. Өркениетті мәдениетте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мемлекеттік саясат санатына көтерілген. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті саяси құбылыс және әлеуметтік қарым-қатынас түрі ретінде әр түрлі ұлттық қауымдастық  мүшелерінің бірлігін нығайтуға ғана емес, сонымен бірге сол қауымдастықтардың  өздерінің ішкі бірлігін бірнеше есе күшейтуге де септігін тигізеді. Халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі  ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі мен тәжірибесін  қоғамның жаңаруы  жағдайындағы Қазақстан бойынша нақты материалдар бізге халықтар, мемлекеттер достығы мен ынтымақтастығын нығайту бойынша мынандай ауқымды шараларды дайындау мен іске асыруды мақсатты деп санаймыз: Біріншіден, көпұлтты зиялы қауымның Қазақстан халықтары өмірін білуі, қазақстандықтар арасында биік ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және этносаясат принциптерін белсенді түрде өмірге бойлатушы болуы қажет. Көрсетілген мәселенің шешілуі адамдардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және тәрбиелеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін  одан әрі іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты, теледидарларда «Қазақстан халықтарының достығы» бағдарламасын ашу қажет.  Екіншіден,  ұлттық шектелгендік пен лаңкестікті, нәсілшілдік пен  шовинизмді, ұлтшылдық пен рушылдықты, космополитизм мен мәңгүрттікті жоюға бірінші дәрежелі маңыз дарыта  отырып, ұлттық, жалпықазақстандық, жалпыадамзаттық принциптер мен құндылықтардың  гуманизмі мен тазалығын  қорғай отырып, Қазақстанның да, сол сияқты, Еуразияның да ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын  жасау қажеттігі пісіп жетілді. Үшіншіден, БАҚ арқылы көпұлтты  қазақстандық қоғамды бірлестірудегі  мемлекеттік тіл – қазақ тілінің  рөлін  насихаттап, «Орта Азия халықтары» журналын ашу қажет. Төртіншіден, қазақстандық халықтардың тарихын саясаттану тұрғысынан танытып, олардың достығы мен өзара көмегін, сондай-ақ, әсіресе, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы басқа мемлекеттермен  ынтымақтастығын әділ түрде айрықша көрсету қажет. Сондай-ақ, мысалы,  республиканың барлық жоғары  оқу орындарында «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» факультативтік дәрісін жүргізу  мақсатқа сай болады.Бесіншіден, Орта Азиядағы ұлтаралық және конфессияаралық  қатынастарды ғылыми-зерттеу  орталығын ашу қажет,  онда мынандай мәселелер қарастырылуы тиіс деп білеміз: ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің  саяси институттар мен  процестердегі орны мен рөлі; ұлтаралық, мемлекетаралық қайшылықтар және оларды шешу жолдары;  этникалық психологияның  жалпыадамзаттық сипаттарының  қалыптасуы; ұлттық және жалпықазақстандық  сана-сезімнің,  ұлттық және жалпыадамзаттық мүдделердің арақатынасы; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін  қалыптастыру мен дамытудың құқықтық негіздері; қазақстандықтардың жаңа этносаяси ортақтығын және жалпыұлттық, ұлтаралық келісімнің саяси механизмдерін  қалыптастыру және т.б. Ұлттар мен ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың  өзара мүдделілігімен беки түскенде ғана ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық және жалпыадамзаттықтың  бірлігіне қол жеткізіледі. Бүгінде тұтастай алғанда, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық  мәселелерінің шешілуі әр түрлі халықтардың  тату шаңырақ астына, келешекке ие ХХІ-ғасырдың тұрақты қоғамына бірігуіне септігін тигізері сөзсіз.

96. Мәдениет және өркениет. Қазіргі өркениет. Оның ерекшелігі мен қарамақайшылығы

Қазіргі заман мәдениетінде өзектілік танытып отырған мәдениет пен өркениет арақатынасы. Сонау романтизм дәуірінде алға көлденең тартылған осы бір мәселе бірнеше жүзжылдықты артқа тастап тағы да қайта көтерілгені заңды. Өйткені адамзат қазір технологиялық төңкеріліс куәгері болып отыр.

Батыс-христиан мәдени аймағындағы өркениет ұғымын білдіретін “цивилизация” сөзі “civil” – “азаматтық” деген түбірден шыққан. Ал оның түп этимологиясы “сыпайы”, бойына “тәрбиелі мінез баулынған адам” дегенге апарады. Ал, шығыстық, нақтырақ алар болсақ, араб-мұсылмандық мәдени аймақта басым көзқарастар бойынша, арабтың «тамаддун» деген сөзі өркениет деген мағынаны білдірген. Ал сол сөздің этимологиялық тамыры «мадина» – қала деген сөзден шығып жатыр. Сол дериват түбірден құралған тамаддун – «қалалық болу, қалада жиналу» деген мағынаны беретін болған. Қарап отырсақ, араб-мұсылман дискурсивтілігінде мәдениет (маданият) пен өркениет (немесе “тамаддунның”) бір түбір сөзден таралып, бір негізгі құндылықты – қалалық өмір құндылығын паш етеді екен. Сондықтан болар, кейбір ғалымдар бұл сөздің лексикалық мағынасына мән беріп, өркениетті материалдық даму аясындағы мән-мағына тұрғысында түсіндіреді. Демек, өркениеттің негізгі белгілеріне олар көбінде материалдық жетістіктерді – қалалар, қатынас жолдарын, керемет зәулім сарайлар мен ғимараттардың салынуын жатқызады.

Өркениет ұғымы алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи кезеңге қатысты қолданылатындығы да белгілі. Л. Морган мен Ф. Энгельстің (ХІХ ғ.) өркениетті тағылық пен варварлықтан соң келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, сондықтан да «жоғары» сапалы қоғамның даму сатысы деп қарастыруы кездейсоқ емес. Мәдениет пен өркениет арақатынасы (бұл арақатынастың рефлексиясы емес, арақатынастың өзі) алғаш рет мәдениетті – адамның индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық потенциалымен, ал өркениетті – азаматтық қоғамның тарихи процессімен байланыстыра бастаған Қайта Өрлеу кезеңінен көрініс тапты.

Ағартушылық кезеңде мәдениет өмірдің индивидуалды-тұлғалық және азаматтық-қоғамдық құрылымы деп қаралып, осыдан мәдениет пен өркениеттік даму процессі бір-бірімен сәйкес ендірілді. «Өркениет» терминін еркіндік, әділдік, құқықтық тәртіп орнаған азаматтық қоғамды, яғни, қоғамның белгілі бір сапалық көрсеткіштерін, оның дамуының дәрежесін белгілеу үшін француз ағартушылары енгізді.

Шындап келгенде, “өркениет” ұғымы адамзат мәдениетіндегі “қалалық революция” (Л. Уайт) нәтижесінде орнықты. Қала – кейінірек “өркениет” деп аталған мәдениет түрінің орталығына айналды. Сол қалалар бастапқыда қолөнершілердің жинақталып тұрып жатқан мекені ретінде пайда болған еді. Қолөнершілер – бір кәсіпке арнайы маманданған адамдар шоғыры – қаланың алғашқы тұрғызушысы да, қаланың алғашқы тұрғыны да.

Жалпы, қолөнер мал шаруашылығы мен жер өңдеумен салыстыра алғанда сол дәуірдің инновациялық, жаңашыл әрекет түрі, жаңашыл экономика түрі болған еді дей аламыз. Өйткені, мал шаруашылығын былай қойғанның өзінде, тіпті, жермен айналысқан шаруашылық түрінің өзі де адамның көне әрі дағдылы, табиғи қажеттілік негізінде дүниеге келген, табиғаттан барды – жан-жануар мен жерді игеру негізінде пайда болған әрекет түрі. Ал қолөнер болса, шындығында, мән-мағынасы жағынан нағыз шығармашылық, жасампаздық танытатын әрекет түрі. Себебі ол табиғаттағы даяр дүниені алып, соны пайдалану немесе өңдеуді місе тұтпай, сол табиғатта бұрын-соңды болмағанды туындататын болған әрі қолөнер бұйымдары көбінде тікелей өмірлік қажеттіліктерді өтей де қоймаған нағыз мәдени бұйымтай болған. Соның нәтижесінде адамның өзіндік санасының өсуі орын алды, оның жаңа типі қалыптасты. Табиғаттан басыбайлы тәуелділік жібін үзгенін сезінген жаңа сана формуласын Протагор былай деп берген екен: “Адам барлық заттардың – бардың да, жоқтың да – өлшемі”.

Сонымен, нағыз қолөнершілер гильдиясы қалыптасқанда, яғни қолөнер әскери жорықтар мен жер өңдеу өнімдеріне керек-жарақтыны берумен ғана шектелмей, өз алдына кәсіби маманданған әрекет түріне айналғанда, көпшілік тұтынатын тауарды жасау ісін жолға қойғанда, сауда-саттық алмасу-айырбас мүмкіндігін беретін ақшалай делдалдыққа әкелгенде ғана қала қалыптасып, оның төңірегінде өркениеттілік үрдістер басталады. Ауыс-түйісті есептесу үшін ғылымдар ішіндегі ең дерексіз ғылым – математика дүниеге келеді. Жинақталған білім-ақпарат қорын келесі ұрпаққа мирас етудің жаңа тәсілі – хат, жазу-сызу пайда болады. Одан соң сол хатты таныту қажеттілігінен туындаған білім берудің әлеуметтік институты дамиды. Дінге қызмет етуден біржола кете қоймағанымен, ғылым, өнер бірте-бірте өз дербестігін сезіне бастайды. Сөйтіп, қолөнер дамыған жерде сауда-саттық қарым-қатынасы, есеп-қисап, жазу-сызу өрбиді, қалалар салынады, онда кәсіби мамандану процесі жүреді, білім беру ісі жолға қойылады, мемлекеттік қызмет түрлері көрініс табады. Бұдан біз термин этимологиясының бекерден бекер қала ұғымымен байланыстырылмағандығын мойындаймыз.

Өркениет ұғымының анықтамаларының көптігі, оны түсіндіру барысында қалыптасқан көзқарастар мен сол көзқарас иелерінің негізін қалаған мәдениеттанулық мектептерінің де көптігі қарастырылып отырған феноменнің күрделі екендігін танытады. Бастапқыда өркениетті “алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі” деп жалпылай атап қоятын адамзат тарихының, мәдениетінің ең ұзақ та ең дерек-мағлұматы мардымсыз даму сатысына қарсы қою арқылы анықтап жүрді. Өркениетті, Г. Чайлд пікіріне сүйенсек, алғашқы қауымдық ұжымнан түбегейлі түрде ажырататын он негізгі өлшем бар көрінеді. Олар төмендегідей:

- адамдардың отырықшы ірі қонысының – қаланың болуы;

- өндіріс құралдарының жетілдірілуі;

- салық жүйесінің қалыптасуы;

- сауда-саттық, тауар айналымын қосқандағы экономика дамуының өрбуі;

- кәсіби маманданудың жүзеге асуы;

- жазу-сызудың пайда болуы;

 - бірнеше ғылым түрлерінің дамуы (арифметика, геометрия, астрономия, философия);

- дамыған өнер түрлерінің кезігуі;

- әлеуметтік жіктердің пайда болуы;

- мемлекет институтының қалыптасуы.

Біздің пікірімізше, бұл өлшем-критерийлердің заманы әлдеқашан өтті, оны қазіргі қоғамдағы мәдениеттерге экстраполяциялаудың еш жөні жоқ. Өйткен себебі, біріншіден, жоғарыда баса айтқанымыздай, Г. Чайлд өркениеттіліктің бұл өлшемдерін архаикалық қоғаммен салыстыру үшін қолданған. Екіншіден, бүгінгі таңда осы аталған шамаларды өз дамуы барысында басынан өткізбеген бірде-бір мемлекет жоқ.

Айта кететін бір жай, өркениет өлшемін берген осы бір теория болсын, осы іспеттес, басқалары болсын өркениетке дейінгі қоғамды дәл суреттеп бере алмайды. Өйткені ол дәуір өркениетті дәуірден жүз есеге жуық ұзақ уақытты қамтиды. Антропогенезбен пара-пар келетін культурогенез, соңғы археологиялық мәліметтерге сүйенсек, 4 миллион жыл шамасын алып жатыр. Ондай ірі уақыт масштабын игеру мүмкін емес әрі ол туралы заттай-материалды айғақтар, жазба мағлұматтар жоқ деуге болады. Соның нәтижесінде ол дәуірді зерттеуге ғалымдар аса қатты ынтықтық танытып та отырған жоқ. Зерттеген күннің өзінде ол туралы тек болжам айту ғана мүмкін.

Қазақ тіліндегі “өркениет” сөзінің “өркендеу”, “өсу” деген мағыналық коннотациясы да өркениеттің мәдени дамудың белгілі бір алдыңғысынан гөрі кеңірек аймақты қамтып, көбірек байланыстар орнатып, жан-жағына таралуын білдіретіндігінен де біз тегі мәдениеттен өрбіген жаңа қоғамдық сатыны өркениет ұғымына сыйдырамыз. Өркениеттің де өзіндік кезеңдік ерекшеліктері бар. Мысалы, Г. Чайлдтың келтірілген өлшемдерін қазіргі өркениетті даму сатысына – ақпараттық өркениет сатысына сай дей алмаспыз. Қазіргі өркениеттілік өлшемдерін талдаушыларға, бұрынғыдай біржақтылық емес, мәдени релятивизм тән.

Американдық мәдениеттанушылар О. Тофллер мен Д. Беллдің адамзат тарихын индустрияға дейінгі, индустриалдық және постиндустриалдық дәуір деп үш сатыға бөлуі мәдени-экономикалық өзгерістер негізінде қоғамның өндіріс күштерінің өзгерісін көрсетеді.

Мәдениет философиясы аясында болсын, мәдениеттанулық теориялардың қайсыбірінде болсын мәдениет пен өркениетті антипод ретінде көрсету ыңғайы кездесіп отыратындығына қарамастан, мәдениет өркениет негізін құрайтындығын ешкім жоққа шығара алмайды. Өркениетті мәдениеттің сыртқы жамылғысы, бүркеніші деп қарайтын да ұстанымдар жеткілікті. Егер біз Шпенглерше мәдениетті рух ұғымы төңірегінде түсіндірер болсақ, онда өркениетті сол рухтың объективті заттық әлемде танылуы үшін керекті өзіндік бір тірі ағза деп аламыз. Рух түсінігіне сай, оның салыстырмалы тұрақтылығы туралы айта аламыз, ендеше, мәдениет туралы да мәңгілік категориясы тұрғысынан сөз ете аламыз. Ал сол рухтың материалдық қабығын құрастырып отырған өркениет үнемі өзгерістегі шындық. Себебі онсыз өркениеттің өзгермелі ортаға бейімделу мүмкіндігі азаяр еді.

Өркениет – ашық жүйе. Ал ашық жүйе әрқашан жаңа ақпаратқа ие, ал ақпаратты өңдеу үзіліссіз үрдісті талап етеді. Өркениеттің негізгі қызметтерінің бірі – қарым-қатынас, коммуникация қызметі. Өркениет өзінен басқа келесі бір өркениеттермен әрдайым түрлі деңгейлерде қарым-қатынаста болып отырады. Қарым-қатынас – өркениет болмысының міндетті шарты, тіршілік ету көзі. Өркениет теориясының іргесін қалаушылардың бірі А. Тойнбидің пікірінше, өркениетті қиыншылығы мол жол күтіп тұр. Адам жаңа нәрселерді жаратудан еш жалыққан емес, себебі бұл оның тумысынан берілген қасиеті. Сол жасампаз адамның шеберлігінің көрінісі болып табылатын өркениет үшін де жаңашылдық өркениеттілік өзегі.

Өркениет генезисі адамның өзіндік табиғат шектеулерін жеңуіне байланысты екі аспектіде көрінеді. Бір жағынан адам өзіне ішкі табиғатты бағындырып, қоғамдық болмыс дамуының ықпалынан босатылады, ал екінші жағынан, қоғамдық мәннің пайда болуы, адамнан өзінің жеке, ішкі табиғатына қожалық етуді талап етеді. Осы аспектілердің тұтастығы өркениет шартындағы қоғам мен адам дамуынан тұрады, олар біріге отырып қоғамдық байлықтың өндіріс үрдісін құрайды. Өркениет – бұл заңды нәтиже және адамдардың жасампаз іс-әрекеттерінің жемісі. Тек қоғамдық байлықтың жиналуы ғана адам өмірінен өркениеттік сапаның нышанын сездіреді. Өркениет құндылықтары – әлемдік байланыстардың дамуын қамтамасыз ететін әмбебап құндылықтар.

Сонымен, қорытындылай келе өркениет дегеніміз не, өркениет пен мәдениет арасында айырмашылық бар ма деген сынды ашық та даулы сұрақтар төңірегінде жалпы мәдениет философиясы, одан өрбіген мәдениеттану өз бастауын тапқан десек жалған айтпаған болар едік. Өркениет – тірнек ретінде мәдениеттің ұзақ мерзімді тариxи дамуының нәтижесі. Ең бастысы мынау – “цивилизация” (”өркениет”) терминін тайпалық санадан (трайбализмнен) босанып шыққан адамға қатысты айтуға болатындығы (М. Маклюэн).

Бір жағынан, мәдениеттің ішкі мәндерін ұғыну, мәдени көптүрліліктің кең көкжиегін игеру, қандай да болмасын мәдениеттің ішкі құрылымымен танысу, қоғамның тарихи болмысының ритмдерін және болашақтағы перспективаларды түсіну, мәдениет пен өркениет арақатынасын әлеуметтік-ғылыми және гуманитарлық танымның өзекті мәселелерінің бірі етті.

Қандай да бір идея өзінің заманына сай, ондағы сұраныс-талапқа сай туары сөзсіз. Гарвард университетінің профессоры С. Хантингтонның өркениеттер қақтығысы туралы мәдениеттанымдық болжал-гипотезасымен келісуге де, келіспеуге де болады. Бірақ оның айтқандарының “жаны барлығы” даусыз. С. Хантингтонның айтуы бойынша, ХІХ ғасырдағы қақтығыстар, негізінен, әскерін ұлғайтпақшы болған, экономикалық күш-қуатын нығайтқысы келген, ең бастысы, өз иелігіне жаңа жерлер қамтығысы келген императорлар, монархтар арасында батыс аймақта жүріп отырыпты. Ал ХХ ғасыр екі идеологиялық жүйе арасындағы текетірестік орбитасына әлемнің көптеген мемлекеттерін тартып, жұмыр жерді қаққа бөле жаздапты. Сараптап қарасақ, ел билеушілер, ұлттар, мемлекеттер, идеологиялар арасындағы бүкіл әлемді отымен шарпып өткен қақтығыстар, көбінде, батыс өркениетінің еншісінде болған екен.

ХХІ ғасыр, Хантингтонның сәуегейлігіне сүйенер болсақ, авансценаға батыстық емес өркениеттердің белсенді түрде шығуына байланысты туындайтын өркениетаралық жанжал дауына душар болмақ. Ол, әсіресе, “қарт” Еуропа мен балаң еуропалық емес өркениеттер арасындағы айқас болмақ. Хантингтонның айтуынша, бүгінгі әлем өркениеттік өзіндік сананың өсуі, өркениеттік бірегейлену (идентификация) үрдісінде жүрсе керек. Ал оның ақыр аяғы дау-дамайсыз бітпейді деген үрейлі болжам тағы бар Сонда бірегейлігін сезінген өркениеттер қақтығыспай тұра аламайды ма екен?! Жаһандық келеңсіз оқиғалардың алдын алу мүмкін бе екен?! Жаһандық маңызы бар өмірлік мәселе дәл сол бір превентивті шаралар (жанжалдың алдын алу шаралары) туралы болмақ.

Жанжал, соғыс теорияларын уағыздау арқылы көп бүлік жасауға болады, бірақ адамдарды ымыраластыруға оның күші келмесі анық, тіпті, мүлдем келмейді десек болады. Сондықтан гарвардтық ғалымның концепциясы екінің бірінің аузында жүрген бүгінгі шақта одан сәл ертерек дүниеге келген М. Бахтиннің диалогизм идеясын ұмыт етпесе де, сырт қалдырып қоюдың еш жөні жоқ. Ырду-дырдудан көз ашпаған алмағайып әлемде бейбітшіліктің мамыражай күйін орнатар жалғыз мүмкіндік – мәдениетаралық диалог.

Мәдениет қашанда мәдениеттер шекараcында, олардың біруақыттылығында, олардың диалогының арқасында өмір сүреді әрі дамиды. Әрбір мәдениет басқа бір мәдениеттің сұранысының жауабы ретінде, сол бір басқа мәдениеттің қажеттілігі ретінде туындайды. Мәдениеттің “пешенесіне” өзінің болмысынан тыс басқа әлемде өмір сүру жазылған, диалог – мәдениеттің тағдыры.

М. Бахтин мәдениет концепциясын өзінің диалогизм принципіне сүйене отырып тұжырымдайды. Ол үшін мәдениет – сұхбаттық мүмкіншілігі ұлан-асыр ашық құндылықтар жүйесі. Мәдениеттің болмыстық сұхбаттылығының негізінде мүмкін болған мәдениеттер сұхбатын адамдар арасындағы диалог іспеттес қарастыруға болады ма? Иә, өйткені мәдениет адамның белсенді іс-әрекетінің, еркін шығармашылығының, оның өзіндік ішкі мәндік қасиетінің көрінісі. Мәдениет – адамның шығармашылығының нәтижесі болғандықтан да тікелей адам іс-әрекетімен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының жемісі болып табылатын барлық нәрселер сияқты, мәдениет те өз бойына тұлғалық бастаманы толығымен сыйғызады.

Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен неше миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәрін ортақтастыратын нәрсе – мәдени сұхбат, мәдениетаралық коммуникация. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мәдени-әлеуметтік өмірде өзінің нақты орнын таба білген мәдениеттер сұхбаты идеясы – қазіргі заманның көкейтесті тақырыбына айналып отыр. Ондай биік мақсатты идеяға адамзат бірден келе қоймағаны мәлім. Адам болмысы – қарым-қатынас тұңғиығы. Мәдениеттер сұхбаты – өркениеттілік еншісі. Өйткені, өркениет – өркендеген мәдениет, коммуникация құралдары қалыптасқан, алыс-беріске түскен мәдениет.

Мәдениеттің өркендеуі, яғни өркениеттілік сатысы адам сезімдерінен алынған әсерлердің көшірілу, қосарлану, яғни бекітілу түрлерінің көбеюінен, коммуникация, байланыс жолдарының дамуынан да айқын көрінеді. Ендеше, түрлі тілдердің бөтендігін (бірін-бірі жатсынуын), алуан мәдениеттердің алшақтығын аттап өтудің құралы ретіндегі аударма ісі де – өркениеттің өнімі. Яғни, аударма – мәдени байланыстың, мәдени ортақтасудың, мәдени сұхбаттың негізгі әрі пәрменді құралы. Аударма – өркениеттілік талабы, себебі, тек өркендеген, қанат жайып, қиыр шарлар кезі келген, өрісін кеңейткен, “оңы мен солын”, яғни “өзінікі” мен “өзгенікін” танып қалған мәдениетте ғана аудару ісі қолға алынады.

Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысын кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп те қарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа” – менің шегім емес, менің басқа мүмкіншілігім. Мұндай презумпция қандай да болмасын мәдени-әлеуметтік эгоцентризмге жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениетаралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден бір тиімді әдісі мәдениеттер сұхбаты болып отыр.

Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар болған жерде мәдениет те бар. Ал адамның санасының түбегейлі қасиеті – оның интенционалдығы. Бұл термин адамның о баста өз өзімен ғана шектеле алмайтындығын, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылатындығын білдіреді. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. Басқа-үшін-болу – адамның да, мәдениеттің де мағыналық анықтамасы. Жалпы, болу дегеніміз – қарым-қатынаста болу деген сөз.

Сонымен, өркениет – өркен жайған, өскен мәдениет, яғни мәдениеттің жаңа бір даму сатысы, жаңа бір сапалық түрөзгерісі. Тіпті, керек десеңіздер, егер мәдениет жаратылыстық қажеттілік түріндегі оқшаулану, бөлектену, яғни өзіндік идентификация (бірегейлену) талабынан туса, өркениет сол “жекешіл”, “өзімшіл” мәдениеттің Басқаларды танып, мойындап, Басқаларға “ашылуы”, диалогқа ықылас таныту кезеңі. Өйткені өсу-өну-өркендеу дарашылдықтың жеке өзінің қатысуымен болатын үдеріс емес, ол қайткен күнде Басқаның болуын, оның қатынасын талап етеді.

Ендеше, өркениеттілік сана жатқа деген толеранттылықты қалыптастырудан басталса керек. Аталған толеранттылық, яғни Басқаның “басқалығына” деген төзімділік, басқаны “жат” болғаны үшін ғана кемсітуге жол бермеу – толысқан мәдениеттің, демек, өркениеттің шығар биігі. Өзге мәдениетті қабылдауға деген даярлық толерантты сананың болуынан басталады. Ол толеранттылық мәдениетте бірден, туа біте қалыптаспайды. Оны мәдениет бойына егу, баулу қажет.

Жас нәрестенің өз жақындарынан, туыстарынан басқа жат адамды жатырқап, бөтенсінетіндігі сияқты, “буыны қатпаған” мәдениеттерде ксенофобияның болуы дұрыс болмаса да орынды. Сәбидің өсе келе көп адамдар арасына түсуінен бастап, қауымдасуынан (социализациялануынан) бастап Басқа алдындағы қорқыныш орнын Басқаға деген қызығушылық, Басқалармен қоса әрекеттену тиімділігін түсіну басатындығы сияқты, мәдениет те өркениеттілік сатысында мәдени қауымдастық өміріне, оның өзіндік талаптарына ден қояды. Нәтижесінде, меніңше, аралас-қораласы көп мәдениетте өркениеттік толеранттылық, сұхбатқа ынталы сана қалыптасады. Сол сияқты, Жорж Мунэн айтпақшы, адамзаттың түрлі мәдениеттерінің когнитивті тәжірибесінен хабардар мәдениеттің тілі аударуға ыңғайлы тіл болып табылады екен.

“Мәдениет – ұлттық, ал өркениет – халықаралық категория. Мәдениет бір ғана ұлттың дін, мораль, құқық, ақыл-ой, эстетика, тіл, экономика және тұрмыс-тіршілігінің үйлесімді жиынтығы. Өркениет болса, дамудың ортақ деңгейінде тұрған көптеген ұлттардың қоғамдық өмірінің жиынтығы” (Зия Көкалып. Түрікшілдіктің негіздері. А.,2000. 130 б.).

Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысын кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп те қарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа” – менің шегім емес, менің басқа мүмкіншілігім. Мұндай презумпция қандай да болмасын мәдени-әлеуметтік эгоцентризмге жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениетаралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден бір пәрменді құралы – мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениеттер сұхбаты туралы ойлар Ф. Розенцвейг, Ф. Эбнер, Г. Марсель, М. Бубер, К. Ясперс және т.б. дайындаған диалог, коммуникация идеясы негізінде М. Бахтиннің, В. Библердің – шығармаларының арқасында көпшілікке танымал болып, ақыр аяғы бүгінгі күн саясатының бірінші маңызды мәселесіне де айналды. Міне, философия, мәдениеттану сынды “абстрактілі” ғылыми пәндердің қажеттілігі қайда жатыр …

Қара жер бетінде үлкенді-кішілі өзендер бар да, солардың барлығы дерлік суын құятын алып теңіздер, мұхиттар да бар емес пе?! Сол сияқты, мүмкін, ғаламдану мұхит бейнесін танытса, оны мүмкін етіп отырған өзендер ұлттық мәдениеттер шығар?

Қалай дегенмен де, дәл қазір, біз жаһандану процессін, глобализм принципін біржақты дәріптеп, даурыға мақтауға да, немесе кінәлап, даттауға да болмайтын өте күрделі күйдеміз. Бір білетініміз – жаһанданудың алғышарттарының бүгінгі таңда пісіп-жетіліп қалғандығы. Ал біз және басқалар осы бір ұлы сынға дайынбыз ба, дайын емеспіз бе – ол көп те жан-жақты ізденістерді қажет ететін үлкен сұрақ белгісі. Алдыңғы тараушада кеңінен талқыланған өркениет мәселесін жаһандану үрдістерімен байланыстыра қараудың өз қисыны бар деп ойлаймын.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өркениетті алғашқы кезекте алғашқы қауымдық құрылыс кезеңімен теңдестірілген тағылық дәуіріне қарама-қарсы қойып қарастыру сарыны басым болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы капиталистік экономиканың қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болған индустриалдық қоғамның негізгі сипаттамасына (”тұтынушылық ғасыры”) сай өркениетті адамның мәдени болмысының техника-технологиялық өрбу кезеңі деп анықтаудан туған “мәдениет” және “өркениетті” антиподты дихотомия ретінде тұжырымдаудың (О. Шпенглер, неміс мәдениет философиясының өкілдері, орыс мәдени-философиялық мектеп өкілдерінің кейбіреулері…) да уақыты өткен сияқты. Ендігі жерде “ақпараттық революция” екпінінен жаратылған постиндустриалдық қоғамға сай “телекоммуникациялық өркениет” концептуалды тұрғыдан мүлдем басқа негізде, яғни ақпарат құралдарының күрделенуі нәтижесі ретінде қарастырылуы керек.

Бірте-бірте мәдениет жайлы өркениеттің рухани мазмұны, өркениеттің рухы деген ой қалыптасуда, мәдениет пен өркениеттің бір-біріне келіспейтіндігі айқындалуда. Бүгінгі таңда, мәдениет әлемі – тарихи дамудың түп негізі, өркениеттің негізі екендігі баршаға мәлім.

97. Ел-жұрт. Осы заманғы саяси, экологиялық, демографиялық өзекті мәселелер. Оны шешудің жолдары.

Адамзат жаңа мынжылдыққа аяқ басты. Бұл ғасыр қандай болатыны бiзге, осы заман адамдарына байланысты, әр жеке адамнаң бастап, жалпы бүкiл адамзатқа. Адамзат өз тарихында болмыстың табиғи жағдайларынан тәуелсiз болу үшiн, қоғам әр индивидттiң өзiндiк жұмысына айналуы үшiн, бәрiнеде ортақ гуманизм идеалдарына жету үшiн көп әрекет жасады. Сонымен қатар, адам жасаған ҒТР табиғат пен адам арасындағы үйлесiмдiлiктi бұзып, бүкiл адамзатқа ортақ проблемаларды тудырды. Оның себептерi қазырғы заман қоғам дамуына тән тенденцияларда жатыр:

1. Әлеуметтiк өзгерiстердiн көп бағыттылығы, түзу және бiрқалыпты еместiгi. Қоғамдық прогресс абсолюттi емес, ол регресске айналу мүмкiн, қоғамның құлдырауы мен тоқырауға келу.

2. Мемлекеттiк қатынастардың жүйесiнiң орнықтылы еместiгi, бұл екi үрдiстi тудырады: бiрiншiсi- бiрөрiстiлiкке (однополярность), ал екiншiсi- көпөрiстiлiкке ұмтылады. Және дүниеқалыптасу да байқалатың тұрақсыздық аумақтық және оқшауланғаң конфликттерге, қаражат және экономикалық дағдарыстарға әкеледi, ал олар өз кезiнде жалпы дүниежүзiлiк дағдарысты тудыру мүмкiн.

3. Ақпараттық технологияларды пайдалану мен байланысты, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың қарқынының жылдам туi.

4. Бiрiгуге, бiркелкiлiкке және өзара тығыз байланысқа ұмтылу үрдiсiнiң өсуi.

5. Индустриалды дамыған елдермен, «дамушы» мемлекеттердiң мүдделерiнiң жалпы адамзат мүдделерiнiң, биосфераның шектеулi мүмкiндiктерi мен күннен күнге жылдам өсiп бара жатқаң адамдар қажеттiлiктерiнiң арасындағы қайшылықтарының ұштасуы.

Ең бiрiншi болып, адамзат өркениетiнiң даму үрдiстерiн және оның күйiн жүйелi бағалауға тырысқан «Рим клубының» өкiлдерi болды. Медоуз «Өсу шекарасы» атты еңбегiнде, халық санының өсуi мен өндiрiстi тоқтатпаса адамзаттың глобальды экологиялық дағдарысқа ұшырайтының болжады. Әрине бұл идеялар реалды емес, өйткенi олар антиғылымды және антигуманды б.т. Тағы бiр дүниежүзiлiк дамудың жорамалды моделi Месарович пен Пестелдiкi, ол «Адамзат бұрылым нүктесiнде», бiрiншiге қарағанда нақтылау және негiзделген болып келдi. Олар адамзаттың алдында экологиялық Апокалипсис емес, ұзаққа созылатың көптеген дағдарыста- экологиялық, энергетикалық, азықтық, демографиялық, шикi заттық т.б. күтiп тұр дедi. Және бұлардың бәрi планетарлық жүйеде тез арады реттелмесе, тағы да үлкен дағдарыс болады деп болжайды.

Бiрақ жоғарыда айтылған тұғырнамалардың әр-қайсысы әлеуметтiк және табиғи дамудың объективтi факторларың ескермей отыр. Және олардың жорамалдарының «қатан» болуына қарамастан, Жер өркениетiнiң тағдыры бәр адамдардың қолында деген түсiнiкке әкелдi, ал бұл да аземес. Жалпы осы заманның барлық ауқымды мәселелерiң үш топқа бөлуге болады:

1. Интерәлеуметтiк мәселелер- мұнда мемлекет аралық қатынастарға байланысты мәселелер кiредi: соғыс және бейбiтшiлiк, әлеуметтiк-экономикалық даму келешегi, кейбiр елдердең артта қалып қойюың жойю т.б.

2. "Адам-қоғам" жүйесiнiң мәселелерi- бұл әр жеке елде, аймақта бар, қоғамның дамуының ерекшелiктерi мен байланысты мәселер: деңсаулық, халық саны, бiлiм беру, мәдениет, компьютеризация мәселелерi, жалпы ҒТП, адамзаттың дамуы мен келешегi мен т.б. байланысты мәселелер.

3. "Табиғат-адам" жүйесiнiң мәселерi- табиғат ресурстары, энергетика, азық-түлiк, қоршаған орта т.б.мен байланысты мәселелер.

4. Соғыс және бейбiтшiлдiк мәселелерi. Адамзат тарихи көбiнесе соғыстар мен жаулап алу тарихы болып көрiнедi. А.Македонский мен Крестовый походтар, орда мен гундар шабуылулары, Америкада, Англияда, Францияда,Рессейдегi азаматтық соғыстар, 18-19ғғ. Еуропадағы бiрiншi және екiншi дүниежүзiлiк соғыстар т.б. бұл тiзiлiм толық емес. Қазырғы заманда да тоқталған емес.

Және 20ғ. аяғынаң бастап адамзат тарихында бұл мәселенi өмiр және өлiм тұрғысында қарастыру орын алады. Бұл көптеген елдердiн химиялық және бактериологиялық қаруларды қолдану мен байланысты, адамзат, Жер бетiндегi бүкiл тiршiлiктi жояалатың мүмкiндiгi бар ядролық қаруды да ойлап шығарды (АҚШ Хиросима мен Ногасаки ға тастаған бомбалар 240 мың адамның өмiрiн үздi), ал қазырғы бомюалардың он есе астам күшi бар.

Әр саналы ойлай алатың адамға мұндай соғыстың еш мәнсiздiгi белгiлi. Адамзатқа мұндай кауып ең алдымен мелитаристiк мемлекеттерден туып отыр (АҚШ, бұл ортада 100 мың әскери-өндiрiстiк комплекс бар). Ал, дүниежүзiлiк тәртiптi қамтамасыз ету және бiр мемлекеттiн диктаттың орнатылуына жол бермеу мақсаты мен БҰҰ құрылды. Оған қарамастан қазiргi кезде Пакистан, Үндiстан елдерi атом қаруларына ие, ал ЮАР, Солтүстiк Корея, Израиль т.б. елдер бұл қаруды жасауда.

Дүниежүзiлiк соғысты тудырып отырған тек елдер арасындағы экономикалық және саяси қарсылқтар ғана емес, сондай-ақ аумақтық қақтығыстар да, оның негiздерi Азия, Африка және Латың Америка елдерiнiң жоқшылық ахуалдарында жатыр, бұл мәселе бұрың КСРО құрамына кiрген республикаларға да тән (Рессейдегi шешендердiң көтерiлiсi, немесе Орта Азия мен Пакистан және Үндiстан елдерiнiң арасындағы қақтығыстар).

Және қазырғы заманда глобальды соғыстар қаыуптығы Адамның автоматтандырылған жүйелерге тәуелдiгiнде жатыр. Б.Раушенбах 1985ж. ескерткен дей «күрделi автоматтар жасалғанда адам тағдыры солардың қолында болады» деп

Сонымен, келесi қортынды жасауға болады дүниежүзiлiк ядролық соғысты, бұл қауыпты түсiну мен, оның алғышарттарың (экономикалық, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, этносаралық, әлеуметтiк т.б.) жою мақсаты мен адамдардың ынтымақтасу барысында барлық ерiк-жiгер күш қуатың жинауда, және бұл мәселелердiн бәрiң де келiсiм, бейбiтшiлiк жолымен шешу талпынуда.

98. Осы заманғы қоғамдық рухани және ғылыми-техникалық прогресстің арақатынасы. Ақпараттық өркениеттің дамуы және ерекшеліктері.

Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.

Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

Ақпараттану идеологиясы бүкіл әлемді компьютерлік желінің торына айналдырған ақпараттық технологиялардың күрделене әрі жедел дамуының арқасында ақпараттық мәдениет феноменін дүниеге әкелді. Қазіргі заман мәдениетін басқашалай ақпараттық мәдениет деп те атайды. Өйткені қазірде ақпарат қоғам өмірінің маңызды элементі болып, адам өмірінің барлық саласына әсер етіп отыр.

Ақпарат алмасу саласындағы жаңа технологиялық төңкеріс болып табылған – Ғаламтордың пайда болуымен етене байланысып жатқан әлемдегі адамзаттың өзара тәуелді байланысының қалыптасуы жаһандану үдерісін туындатты. Жаһандануға адамзат өміріне саяси-экономикалық өзгерістер әкелетін кұбылыс деп қана қарауға болмайды. Жаһандану ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ғаламдық қатынастарға бейімделу деген үлкен мәселені күн тәртібіне қойып отыр.

Міне, қысқаша қайырсақ, қазіргі заман мәдениетіне тән сипаттамалар реті осындай. Қазіргі заман мәдениетінің бедерін салып отырған ақпараттық технологияларға, олар туындатқан рухани мәдениет үлгілеріне келесі тарауларда нақтырақ тоқталатын боламыз.

99. ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ

Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда әр түрлі тәсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына экономикалық, географиялық, биологиялық, діни, гуманистік детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық детерминизм болып табылады. Технологиялық детерминизм — бұл қоғамдық дамудағы техниканың анықтаушы рөлі туралы көзқарастардың, постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да, қазіргі өмірде техника мен технологияньң маңызды рөлі орасан зор.

«Адаммен бетпе - бет келген бұл мәселенің маңыздылығы сонша, - деп жазады К.Ясперс, - қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің басты мәселесіне айналды. Қaзipгi техниканың барша өмір салаларына енгізілуін және оның өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей және ойлау барысында дәстүрлі тарихи қалыптарды қолдана отырып, қазіргі және өткен өміріміз арасында салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман арасында параллель жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен байланысты орын алған радикалды өзгерістерді ескеру қажет» .

Техника мен технология бүгінгі қоғам жедел дамуының маңызды факторына айналды және техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде - бір саласы қалмады. Қaзipгi коммуникация құралдары арқасында мемлекет еркі ең шалғай аудандарға дейін қамтып, кезкелген уақытта әр шаңырақтан өз құдіретін сездіре алады. Техника әсерімен терең үдерістер орын алады, еңбек өнімділігі қарқынмен өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қaзipгi техника тіпті адамның тылсымдық тұңғиығына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе адам табиғатта да, әлеуметтік салада да өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дәрежеде уақыт тауып жатса, ал қазір табиғат пен қоғамдағы техника, технология ықпалымен өтетін өзгерістер жылдамдығы сонша, бүгінгі адам өмір сүрудің өзгерген жағдайларына бейімделіп те үлгере алмайды және қашан да таусылмайтын жаңа мәселелер толассыз туып жатады. Осыған байланысты қазіргі философияда адам мәселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа қырын айқындау қажеттілігі туындайды.

Техника философиясы - бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңінен бастан кешіп жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бipi. Батыста техника философиясының қалыптаса бастауын И.Бекман есімімен және 1777 жылы басылып шыкқан оның «Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, фабрикалар мен мануфактураларды тану» деп аталатын еңбегімен байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы еңбек 1877 жылы жарияланған және жүз жылдан кейін Германияда қайта басылып шыққан Э.Капптың «Техника философиясының нeгiзгi белгілері» деп аталатын жұмысы болып саналады.

Техника философиясы - қазipгi әлемдегі техника феноменін философиялық - методологиялық және дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге негізделген қaзipгi философиядағы бүтіндей бip бағыт. Бұл бағыт бастапқыда Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада, кейнірек 60-80 жылдары Жапонияда кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы өкілдері қатарына Э.Капп және Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, М.Хайдеггерді, Ортега-и-Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллинги және т.б. жатқызуға болады. Бірақ сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, енбектің табиғи және жасанды органдары арасындағы апология туралы ой Платон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды «құралдың құралы» деп атаса, Гегель де осы идеяны кайталайды. Гегель техника табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің, пікірінше техникалық жабдықтар объект табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып табылады. Гегель былай деп жазады: «адам өз мақсатында сыртқы табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие болады». Антик әлемі авторлары мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың кейінгі философтары Э.Капп және Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі идеясы техника феноменін «органопроекция» негізгінде түсінумен сипатталады. Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы, оларды сыртқы әлемге «проекциялау» арқылы жүзеге асады.

Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама - қарсы позицияны ұстанған философ - неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр, Э.Капп және Л.Нуаре ұсынған техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника табиғат заңдарымен байланысты және оның шектерінен тысқары шықпайды деп есептейді. Алайда бұл да ешнәрсені айқындамайды, техниканың автономды да мәні бар. Оның пікірінше техникалық идеялар адам ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегімен ауланады. Техникалық идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдіретті ақыл ойының көpiнici.

Техника мәселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бipiн алады және көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы «Техника туралы мәселе» деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа іргетасқа қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: «техниканың мәні белгілі мағынада техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жай ғана ойлағанда, оны қолданғанда, басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың мәніне деген өз қатынасымызды ешқашан да сезіне алмаймыз. Барлық осы жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та, біз техникаға құлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап нәрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең өpic алған мұндай көзқарас оның мәніне деген мүлде көрсоқырлықты туындатады».

Хайдеггерге дейін техника Ақыл - ой мен Қайырымдылықтың (ізгіліктің) салтанатты шеруі ретінде бағаланып келді. Кейбір жағдайларда техниканың өзіне қарсы шығу емес, оны қолдануға қарсы шығу өзекті сөз болды. Мысалы, О.Шпенглер «түсті» нәсілдер еуропалықтардан техниканы тартып алып, оларды үстем жағдайынан айырады және түбінде техниканы жояды деп қорықты. Хайдеггер керісінше, техниканың өзін адам үшін үлкен қауіп - қатер деп есептеді. Техниканы түсіндірудегі Хайдеггердің тағы бip жаңалығы, оған дейін техника адамзат тарихы мен мәдениеті дамуы байланысындағы көптеген факторлардың бipi ретінде қарастырылып келсе, ал бұл неміс ойшылының пікірінше техника қазіргі дәуірдің болмысы болып табылады. Және Хайдеггерге дейін техника ең алдымен мәдениет философиясы мен тарих философиясының және тек кейін ғана антропологияның мәселесі болып келсе, ал М.Хайдеггер онан метафизиканың мәселесін шығарды. М.Хайдеггерде де техника болмыстың терең қасиеттерін пайымдаудың маңызды тәсілі болып табылады. Ол болмыстағы табылуға және өзінің нағыз, бүлінбеген кейпінде көрінуге тиіс нәрсенің жасырын жағын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Техниканың мәні арқылы адам болмыспен тілдесіп, оның үнін естиді. Бірақ импульс дұрыс табылмауы мүмкін өйткені техника адамды өзіндік ашылудың жалған жағына қарай итермелейді.

К.Ясперс техниканы түсіндіруде  Хайдеггерлік түсінікке жақын келді. Ол өзінің «Тарихтың қайнар көздері мен мақсаты» деген еңбегінде техниканы әлемдік тарихтың түбегейлі жаңа факторы ретінде қарастырады. К.Ясперстің пікірінше қазіргі заманда былайша пайымдау қажет: «Қазіргі уақытта біз тарихтың бұралаң кезінде тұрғанымызды сезінеміз, бұдан жүз жыл бұрын - ақ бұл кезенді антик әлемі дағдарысымен салыстыра бастап еді, ал кейінірек оның тек Еуропа мен Батыс мәдениеті үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін орасан зор маңызы бар екендігін байқалды. Бұл - техника ғасыры өзінің барлық салдарымен қоса, адамның еңбек, өмір, ойлау саласындағы, символика саласындағы мыңдаған жылдар бойы жинақтағанынан сау - тамтық қалдырмайтын сияқты. Қазіргі техниканың пайда болуымен барлығыда өзгерді. Ең алдымен, К.Ясперстің пікірінше, адамның табиғатпен байланысы өзгерді. Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, өзі табиғаттың ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника адамның барлық күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол «бүкіл өмір сүруді белгісіз техникалық механизм әрекетіне, ал бүкіл планетаны - тұтас фабрикаға айналдырды. Сонымен бірге адамның өз түбірінен толық ажырауы жүзеге асты және бұл бүгінгі күш де жалғасуда. Адам отансыз жердің тұрғынына айналып, дәстүр жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы функцияларды орындау мен оқып - үйрену қабілетіне айналды».  Ары қарай К.Ясперс былай деп жазады: «Мына нәрсе күмәнсіз: техника адамның өзін өзгертуге бағытталған. Адам енді өзі қалыптастырған техника ықпалынан босанып шыға алмайды. Және техникада шексіз мүмкіндіктермен қатар, шексіз қауіп-қатердің де бар екендігін күдік туғызбайды. Адам өзі техниканың билігінің астына қашан және қалай түскенін аңғармай да қалды». К.Ясперстің пікірінше, техниканың маңызы мен рөлінің құдіреттілігі сонша, оның мәнін ашпай қазіргі ахуалды пайымдау мүмкін емес. Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен бетбұрысқа әкелді, біз адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде тұрғанымызбен, оның барлық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкелдердің де қолынан келмейді.

80 - жылдары көптеген батыстық философтар техника мен технологияны тек тарихи ағымда ғана қарастырып, техника мәнін ұғыну мүмкін емес деген қорытындыға тоқталды. Американдық философ Х.Сколимовскидің «Техника философиясы адам философиясы ретінде» деген жұмысында айқын көрінеді. Ол техника философиясын адам философиясы ретінде түсінуді ұсынады. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан гөрі, техника адам императивіне бағынуы тиіс. Х.Сколимовскидің пікірінше, философиялық зерттеулердің бұл саласының пайда болуы еуропалық өркениеттің пайда болуы мен жойылуындағы техника рөлін кеш мойындауды байқатады. Техника философиясы ең алдымен біздің өркениетті сыни тұрғыдан бағалау нәтижесінде пайда болғанын ескеру қажет.

Техника философиясын ең алдымен екі қарама  қарсы бағытқа бөлінеді: техницизм және антитехницизм.

Техницизм қоғам өміріндегі техника рөлін тек қалыпты құбылыс ретінде, адамзаттың игілігі ретінде ғана қарастырады.

Антитехницизм  өсіп келе жатқан жаңа технологиялардың қауып -қатері алдындағы үрей мен қорқыныш, сенімсіздік.

Техника философиясы негізінен екі басты дәстүр ықпалында: неопозитивизммен әсері және байланысы бар сциентистік методологизм және мәдениеттанымдық антропологизм. Техниканы философиялық зерттеулер осы екі дәстүрдің біріне бағдар  ұстануына байланысты   логикалық не методологиялық мәселелермен айналысады, не техниканың гуманистік құндылық қырларын зерттейді. 80 - жылдары техницизм идеологиясы қайтадан күшейе түсті. Бұл бағыттың негізгі тұжырымдары О.Тоффлердің атақты «Үшінші толқын» еңбегінде жарияланады. О.Тоффлер қоғам дамуын толқын қозғалысы ретінде қарастырады. Ал «Футуршок» еңбегінде қазіргі адам қоғам мен техниканың шұғыл өзгерістеріне дайын еместігін айта келе, болашақтың  адамға ауыр тиетінін ескертеді.

ХХ ғасырдағы индустриалдық қоғамның ең күшті сыншыларының бірі Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда ол болашақты өркениет технологиясына негізделген  гуманистік прогресс ретінде елестетті. Кейінірек өзінің позициясын түбірімен қайта қарап, ақпарат саласын өз қолына шоғырландырған және күшті репрессивті бюрократиямен басқаратын әскериөнеркәсіптік истеблишмент тарапынан келетін қауіп  қатер туралы ескертеді.

Қоғамды ақпараттандыру үдерісі техникалық және технологиялық үдерістерді өз бойына біріктіре,  жинақтай және тек технологиялық мәселе болудан қалады.

Болашақта адамзат өркениетінің дамуы ғарыштық дәуір не компьютерлік немесе ақпараттық болсын, осының барлығы адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын ескеруіміз керек. Бұл мағынада техника философиясы ең алдымен адам философиясы деген американ философы Х.Сколимовскидің пікірімен келісуге болады.

100. Қазіргі кезеңдегі Қазакстанның саясаты. «Ғасырлар тоғысында». «Қазақстан – 2030».

Жаңа Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде

Мемлекеттің негізгі белгісі – егемендік, ал оның құрамды элементтері:

территориясы, халқы және саяси билігі.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан

кейін мемлекеттіліктің белгілері мен элементтерін толық орнықтыруға бағыт

ұстанған белсенді де парасатты саяси қызмет атқарып келеді. Бұның айқын

дәлелі 1992 жылғы 2-ші наурызда, яғни тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыт

ішінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы

мүшесі болуы.

Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі

ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары

бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде танылды. Қазақстан

БҰҰ Бас Ассамблеяның биік мінбелерінен халықаралық өзекті мәселелерді

шешуге қатысып өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Қазіргі кезде

елімізді дүние жүзінің басым көпшілік мемлекеттері танып отыр, олармен

дипломатиялық қатынастар орнатылды.

Қазақстан Республикасы көршілес мемлекеттермен өз территориясының

шекаралық белгілері туралы, салмақты дипломатияға сүйене отырып, өз

қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етті.

Жаңа Қазақстан Республикасының қалыптасуы екі бағытта жүзеге

асуда,біріншісі–қоғамды демократияландыру, екіншісі–нарықтық экономиканы

игеру.

155

Бірінші бағыт Қазақстанның саяси билік (яғни, мемлекеттік) жүйесін

қалыптастыруда бірнеше сатыдан өтті.

Алғашқы 1991-1995 жылдардағы мемлекеттік қызметті елдің саяси,

экономикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін

ескеретін жаңа моделін іздеу сатысы ретінде сипаттауға болады.

Бұл кезеңде партиялық-кеңестік басқару жүйесі мен бірпартиялық саяси

монополия жойылды, бұрынғы мемлекеттік органдардың жаңа әлеуметтік-

экономикалық құрылысқа бейімделуі жүзеге асты.

Саяси билік жүйесіндегі өзгерістер Қазақстан Республикасының

1993жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі

заңды түрде бекітілді. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдары алғаш рет

дербес тармақтар ретінде айқындалды.

1995-2000 жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің

қалыптасу кезеңі болды. Бұл жылдарда қазіргі заманғы мемлекеттік қызметті

қалыптастыру мен дамыту жөніндегі ауқымды да тұрақты жұмыстар кеңінен

өріс алды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының (1995 ж.)

қабылдануы және Президенттің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар

(1995 ж.) жарлығы осы кезеңнің бастауы болды, осы құжаттарда саяси биліктің

тиімді жүйесін құрудың негіздері қаланды. Сол кезеңде саяси биліктің

бағдарын жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет саласы жалпы еңбек құқығы

саласынан бөлініп, жаңа заңнамамен рәсімделді.

Қазақстан Республикасында мемлекетті демократияландыру процестері

үнемі халықаралық деңгейге сәйкес дамытылып келеді. Осы саладағы жаңа

жетістіктердің бірі 2007жылғы 21-ші мамырда Қазақстан Республикасы

Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы

Қазақстанның Президенттік Республика формасынан Президенттік-

парламенттік Республика формасына көшуі.

Жаңа мемлекетіміз Қазақстан Республикасының бірінші күндерінен

бастап дамудың басты басымдығы экономика саласы болды. Мақсат:

біріншіден, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол

жеткізу, екінші жағынан – инфрақұрылым жасау және маңызды салаларды

дамыту жеке меншік секторын жандандыру болды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі 1991-1992 жылдары қажетті

заңдар мен нормативтік актілер қабылдаудан басталды. Олардың ішінде

«Қазақстан Республикасындағы меншік туралы», «Қазақстан

Республикасындағы кәсіпкершілікті дамыту, шаруашылықтағы қызмет

бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер»

және т.б. заңдар.

Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет

меншігін жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік

танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру болды.

Сыртқы экономикалық байланысты дамыту үшін Қазақстанда «Қазақстан

Республикасындағы шетел инвесторлары» туралы заң қабылданды.

Қазіргі күні дүние жүзіндегі барлық өркениетті мемлекеттер Қазақстан

экономикасына өз инвестициясын салуда ынталылық көрсетуде. Шетел

156

инвесторларының Қазақстан экономикасына қаржы салуға қызығушылығы –

біздің еліміздегі заңдардың тұрақтылығымен оларға кепілдеме берілуіне

байланысты.

Қазақстан Республикасындағы одан әрі жалғасқан саяси, экономикалық

және әлеуметтік жаңғырулар өзінің халықаралық сыртқы саясатын нәтижелі

және жүйелі түрде қалыптастыруға негіз болды. Қазақстан тәуелсіздік алған

уақыттан бері көп бағытты теңдестірілген сыртқы саясат жүргізіп келеді. Ел

саясатының бейбітсүйгіш сипаты, жедел әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы

өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі белсенді практикалық

іс-әрекеті – барлық мемлекеттермен шынайы достық қатынастарды дамытуға

мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан Республикасы бүгінде халық өмірінің жоғары үлгісіне сәйкес,

демократия мен азаматтық қоғам дамытуға бағдарланған тұрақты да серпінді

өсу үстіндегі экономикасы бар өңірлік мемлекет ретінде танылады. Еліміз

дүниежүзілік қоғамдастыққа өтіп, өркениетті даму жолына түсті.

Тәуелсіздік жолын бастаған, жаңа Қазақстан бірінші күндерден-ақ өзін

ықпалдасу мен көп қырлы ынтымақтастықты табанды жақтаушы ретінде

көрсетті. Осындай парасатты саяси бастамалар жауапты да айрықша маңызды

жағдайларда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтің стратегиялық тұрғыдан

пайымдай білуінің жемісі болды. Елбасының Қазақстанның әлемдегі ең күшті

ядролық арсеналдарының бірінен ерікті түрде бас тарту туралы шешімі осы

қатарға жатады. Сол кезде Қазақстанның «ядролық алғашқы мұсылман

державасы» болуымен қызыққан саясатшылар мен оларды қолпаштаушы

шетелдік күштер аз болған жоқ. Бірақ қазіргі уақыт осындай дана әрі батыл

шешімнің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

Елбасының саяси таңдауы негізінде Қазақстанның дамуындағы аса

маңызды құндылықтар: Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайлары өтуі,

1995жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл

мәртебелі қоғамдық ұйымның Мәжілістің құрамына 9 депутатын сайлайтын

Конституциялық заңға жетуі; біздің еліміздің Әлемдік және дәстүрлі діндер

лидерлері съездерінің орталығына айналуы. Осындай бірегей форумдар түрлі

халықтар арасындағы өзара түсіністік пен әріптестікке қызмет ететінін барша

әлем қолдап отыр.

Елбасымыздың саяси таңдауы арқасында еліміздің жаңа саяси орталығын

Алматыдан бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанаға ауыстыруы да аса маңызды

жалпыұлттық игілік – қазынамыз болды.

Астана дүниеге келіп, бүкіл жоғарғы құзырлы билік органдары

орналасқан, жалпымемлекеттік, жалпыұлттық сипаттағы аса маңызды саяси

шешімдер қабылданатын орталыққа айналды.

Астана – ел, мемлекет болғанымыздың, ұлтымыздың жасампаздық рухы

мен әулетінің, ерік-жігерінің айшықты, нақты материалдық-заттық, мәртебелі

де мерейлі дәлелі.

Қазақстан Республикасы - өзінің сыртқы саясатында Ресей, АҚШ, Қытай,

Орта Азиялық елдері, ТМД, Еуропалық Одақ, Түркия, күллі мұсылман

әлемімен саяси және экономикалық ықпалдасу мен сенімнің биік деңгейде

157

болуын мақсат етті. Осы елдердің қаржы компанияларының Қазақстан

экономикасына инвестиция салуы ынтымақтастықтың өте маңызды жетістігі

болып табылады.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты идеясы

интеграциялық мәселелер болды. Алғашқы кезеңде ұсынылған Евразия одағы

туралы идея осы заманғы көптеген көкейкесті саяси мәселелердегі

ұстанымдарды жақындастыруға алып келгені ақиқат. Еуразиялық интеграция

идеясын жүзеге асыру барысында, ғалымдар мен зиялылардың еуразиялық

клубын құру ұсынысы мақұлданып (2007 ж.) Қазақстан Республикасы

Үкіметінің бастамасымен 2008 жылы Астанада өткен «Жаһандану

жағдайындағы экономикалық дамудың қазіргі заманғы қырлары» атты

ғалымдардың Еуразиялық экономикалық форумында еліміздің экономикалық

дәрежесіне ерекше мән берілді.

Еліміздің сыртқы саяси мүдделерін кең ауқымды қамтуы мен ұлттық

мүдделерін қорғау барысында маңызды ұсыныстарының ішінен Азиядағы өзара

ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастама да

тарихи маңыздылығы зор шешімдер қатарынан табылады (1992 ж.). Азиядағы

өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) – жалпы

алғанда 3 миллиард халқы бар, 18 мемлекетті біріктірген, дүниежүзілік ішкі

жалпы өнімнің үштен бірі тиесілі, Еуразия континентіндегі қауіпсіздікті

нығайтуға өзінің қомақты үлесін қоса алған беделді халықаралық ұйым.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты бағыты халықаралық

экономикалық одақтармен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық

экономикаға кіру болды. Осы мақсатта Біртұтас экономикалық кеңістік,

ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Орта Азиялық ынтымақтастық

шеңберіндегі жұмыстарды белсенді түрде атқаруда. Қазақстанның Азия Даму

банкі, Бүкіләлемдік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропа

инвестициялық қоры, Еуропа инвестициялық банкі одақтарындағы өзінің

орнын нығайтуы еліміздің экономикалық даму кеңістігін әлемдік деңгейге

көтерді.

Осындай жан-жақты ішкі және сырқы саясаттың нәтижесінде

Қазақстанда тиімді халықаралық ынтымақтастықтың берік жүйесі жасалды,

еліміздің әлемдегі беделі жоғарылады. Бұған дәлел – Қазақстан

Республикасына әр жыл сайын халықаралық беделді ұйымдарға төрағалық ету

құрметті міндетінің жүктелуі. Ал осы ұйымдардағы төрағалық ету мерзімі

төмендегідей: Азиядағы ынтымақтастық үнқатысуы – 2008-2009 жылдар,

АӨСШК – 2006-2010 жылдар, ЕҚЫҰ – 2010 жыл, ШЫҰ – 2011 жыл, ИКҰ –

2011 жыл.

Бұл ұйымдардың бәрі де әлемдегі ықпалды, көпқырлы саяси

қызметтерімен танылған ұйымдар. Мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және

ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ – ОБСЕ - OSCE) әлемнің ең дамыған

демократиялық мемлекеттері құрған халықаралық ұйымы. Бұл ұйымға

төрағалық етуге халықаралық сенім білдіру Қазақстан үшін, жоғары саяси

бедел мен мәртебе. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы және Еуразия құрлығында

осындай құрметті және жауапты миссия жүктелген бірінші ел болып табылады.

158

Ал Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) - халықаралық ұйымдардың

ішіндегі ең ірі, ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады.

Қазіргі кезде халқы 1,4 млрд –тан астам адам санын құрайтын 57 елді

біріктіреді. ИҚҰ БҰҰ- дан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде

екінші орын алады. Ислам Конференциясы Ұйымының қауымдастырылған

мекемелерінің кең жүйесі құрылған. Солардың ішінде Бүкіләлемдік банктің

баламасы – Ислам даму банкі, қызметі ЮНЕСКО –мен ИСЕСКО-ға ұқсас және

т.б. Осының бәрі Қазақстанға кең ауқымды мәселелер шешімдеріне қатысу

мүмкіндігін береді. Осындай экономикалық және саяси одақтар мен

қауымдастықтарға қатысу арқылы Қазақстан жаһандық экономикаға кірігу

саясатын жүзеге асыруда.

Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып,

әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі деңгейіне жетуіне басты негіз болған -

- нақты іс жүзіне асырылған ішкі саясат. Олардың бірінші орынға қойылған

басымдықтары: экономика, әлеуметтік саясат, мемлекеттің рөлін арттыру және

т.б.__

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан-Ресей байланыстары.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай байланыстары.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Қазақстан-АҚШ байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.

1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.

ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.

ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстанның даму болашағы.

Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.

1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:

1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі.

2. Идеология - әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.

3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі.

4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.

Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.

1996 жылы “Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.

Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

2003 жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.

- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.

- Оның ішінде әйелдер – 4.420.

- Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.

Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:

- Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.

- Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.

- Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.

Әлемдік деңгейдегі “Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:

- Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.

- Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.

- Каспий мәселесі қарастырылды.

Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.

1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:

1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

2. Реформаларды аяқтау.

3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

4. “Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:

1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.

3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.

5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.

6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.

7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін “демографиялық апатқа” ұшырайды.

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:

1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.

2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.

3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.

4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.

5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.

6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.

7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.

Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Экономикалық стратегия.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:

1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.

2. Жекешелендіру процесін аяқтау.

3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.

4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.

5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.

6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.

Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.

Алдағы міндет:

1. Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету.

2. Инвестицияларды пәрменді тарту.

2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді:

1. Ауыл шаруашылығы;

2. Орман және ағаш өнеркәсібі;

3. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

4. Тұрғын үй құрылысы;

5. Туризм;

6. Инфрақұрылым жасау.

Әлеуметтік стратегия.

Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:

1. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.

2. Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.

3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.

Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.

Ресурстарды пайдалану стратегиясы.

Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы:

1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.

2. Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.

3. Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.

4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.

5. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.

Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы.

Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – темір жол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:

1. Халықаралық көлік және сауда байланыстарын Трансазия магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.

2. Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды аяқтау.

3. Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды қайта құрылымдауды жүзеге асыру.

Автомобиль жолдары бойынша:

Жеке меншік магистральдарды салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.

Әуе көлігі бойынша:

1. Авиацияда тәртіпті орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру.

2. Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.

Су көлігі бойынша:

“Ақтау” айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтру үшін шетел инвестицияларын тарту.

Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша:

1. Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру.

2. Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.

Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі ірі Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жолы салынды. 1991 жылы Дружба-Алашанкоу темір жолы салынды, ал 1991 жылы мамырда Теджин-Серахс-Мешхед темір жол торабы (290 шақырымдық) іске қосылды.

Басқару саласындағы стратегия.

Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

1. Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.

2. Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.

3. Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:

1. Ықшам әрі кәсіпқой үкімет.

2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.

3. Ведомстволық үйлестіру.

4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.

5. Орталыққа тәуелділікті жою.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

7. Кадрларды талдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Қоғамның даму стратегиясы.

Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:

1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.

2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.

4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.

5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі.

6) Ауылшаруашылық жерлері.

7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.

8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.

Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:

1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.

2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.

3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.

4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы.

5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.

6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.

7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.

8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.

Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.

Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі:

1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар;

2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;

3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар;

4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.

2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың –Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.

2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

 




1. крупных аварий на химически опасных объектах складах базах с выбросом в атмосферу токсических химических
2. Тема- Сучасний урок- проект і реалізація
3. Project This document describes the objectives for the second phse of the Smrt Client k the RI2 phse
4. Флетчер Джон
5. Остаться человеком в пламени войны по произведениям Василя Владимировича Быкова
6. ВАРИАНТ 2 1
7. Право социального обеспечения в составе профессионального модуля ПМ.html
8. либо явлений Роль беседы в обучении и воспитании ребенка- Беседа систематизирует и уточняет представ
9. Екологічна оцінка природних умов басейну річки Рудка (Волинська область)
10. Авиабилетов страховых полисов ваучеров справки на вывоз наличной валюты при необходимости водитель
11. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата філософських наук Київ ~
12. тема ДИ Менделеева
13. Влияние народного хозяйства на географическую оболочку
14. Натяжение жидкости Принцип работы сталагмометр
15. Российские иррациональные идеи
16. Исследования экологополитических рисков в международной среде
17. 1Химическая форма движения материи
18. Контрольная работа- Планирование городской территории
19. Экономическое развитие стран ОПЭК
20. Ричард Львиное Сердце. Рыцарь без страха и упрека