Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ГЛОССАРИЙ
Макроэкономикалық тұрақтылық макрокөрсеткіштердің өзара байланысқан жүйесі экономиканың өткен кезеңге қарағанда ілгерілеуін сипаттайды.
Болжам белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір.
Болжау қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
Экономикалық болжау экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Жоспар алдығы белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.
Жоспар көрсеткіші дегеніміз басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне және атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді: сандық және сапалық; натуралдық және құндық; абсолюттік және салыстырмалық; нормативтік (директивалық) және есептік көрсеткіштер.
Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтық (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процестердіңсапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өзіндік құнның азаюы т.б.).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процесінің физикалық өлшем бірліктермен өлшенетін жақтарын көрсетеді, мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша).
Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстар натуралдық-заттық құрамынан басқа өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы, т.б.).
Директивалық көрсеткіштер жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді.
Жоспарлау экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Экономикалық пропорциялар өндірістің әр түрлі элменттері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдық қорлар жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі ндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Жоспар жасау логикасы барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарлауды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті.
Индикативті жоспарлау жоспарлы кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттерді, басыңқыларды, әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторларын қалыптастыру процесі және көзделген нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық жағдайларға әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы.
SWOT ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданылады.
Өндірістік инфрақұрылым өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жүк тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма щаруашылығы, байланыс, информацияны өңдеу салалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады.
Әлеуметтік инфрақұрылым жұмыс күшін ұдайы өндіріумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру және т.б. салалары.
Институттық инфрақұрылым экономиканы макроэконмикалық реттеуді жүзеге асырушы салалар мен қызмет сфераларының кешені. Оған мемлекеттік ақпарат, несиелік-қаржылық сфера және т.б. жатады.
Экологиялық инфрақұрылым адам тіршілігінің зиянды жақтарының қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісі дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардың кешені.
Көлік жүйесі тасымалдау жұмыстарын атқаруда бірімен-бірі тығыз байланысты болатын әртүрлі көлік түрлерінің кешені.
Көлік торабы республиканың немесе жеке аумақтың қалалары мен ауылдарын байланыстыратын барлық жол қатынастарының жиынтығы.
Жалпы пайдалану (магистральді) көлігі қолданылып жүрген Заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес, меншік тәуелділігіне, кім ұсынғанына қарамастан жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тиісті көлік. Оған теміржол көлігі, теңіз жолдары көлігі, өзен жолдары көлігі, автомобиль көлігі, әуе жолдары көлігі және құбыр көлігі жатады.
Жалпы пайдалануға жатпайтын көлік тек қана өз ведомоствасының тасымалын атқаратын және басқа клиенттердің тасымал талабын орындауға міндетті емес, ведомоствалық көлік.