Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Еспенбет поэмасы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

33“Еспембет дастанының құрылысы. (Гулайхан)

34Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары. (Гулайхан)

35Ақан сері – лирик. (Гулайхан)

36Сегіз ғашықтық лирикасы. (Гулайхан)

 “Еспембет” дастанының құрылысы

Дулаттың бір елеулі шығармасы «Еспенбет» поэмасы. Жоспары: Қарапайым отбасынан шыққан Еспенбет. Нағашысы Ер Қосайдың қолында өсуі.Батыр нағашысының тәрбиесі.Ақбөрте құлыгға қызығуы.Еспенбет 14 жаста. Ер-туған жеріне,ит-тойған жеріне. Нағашысынан Ақбөртені ғана қалап алған. Еліне келген Еспенбет. Сәтімқұлға берілген ас. Ақбөртенің бас бәйгені алып,100 тайлақты жеңіп алуы.Қабанбай бастаған батырлармен жауға аттанып,жеңіске жетуі. Поэма құрылысына талдау. Оқиғаның басталуы — Еспенбеттің ер шешен,көсемдігі туралы айтылуы. Оқиғаның дамуы- Еспенбеттің жетім қалып, нағашысынан жақсы тәрбие алуы. Оқиғаның байланысуы- Еліне қайтқысы келіп ,нағашысының батасын алуы , тайды қалауы ,Ақбөртенің жеңісі.Оқиғаның шиеленісуі- Қабанбай бастаған батырлардан кеткен бір кекті қайтаруға жауға аттануы. Оқиғаның шарықтау шегі-Қалмақ батырымен жекпе –жекке шығып, қалмақты өлтіруі. Оқиғаның шешімі- Еспенбеттің жекпе -жекте жеңіске жетуі, мол олжадан ештеңе алмай елге қамқор болуы."Еспенбет" поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:
Еспенбеттей ер қайда? 
Еспенбеттей ер туса, 
Ер күтетін ел қайда? —
деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары "қазан бұзар үй тентекке айналған" заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі.
Өзі болған жігіттен 
Сұрама кім деп ата-анаң, –
дегеніне қарағанда, Еспенбет қандай да бір, артықшылығымен ел көзіне түспеген, қарапайым ғана кісінің баласы. Еспенбет жас күнінде әке-шешеден бірдей жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың (тарихта болған адам, батыр) қолында, уақ елінде өседі. Қосай жиенді бөтен санамайтын қазақ салты бойынша да, "Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен" де оған жетімдік көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде таңдап жүріп қалыңдық айттырып, басына үй тұрғызып бермек ойда жүреді. Еспенбет он төрт жасқа келгенде "Ер – туған жеріне, ит – тойған жеріне" дегенді есіне алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Ер Қосай Еспенбеттің тілегін қабыл алып, қалауын сұрайды. Салт бойынша басына үй, алдына мал салып, қалыңдық әперіп қайтарайын дейді. Көпті көрген батырдың көрегендігі шығар, әйтеуір, "көп шөбере ішінде" Еспенбеттің "ерекше тілеп тілеуін", Құдайға жалбарынумен жүреді екен. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Бұл да жас ұланның жаны таза, арманы биік, дүниеге қызықпайтын парасаттылығын танытады. Ер Қосайды да емірентіп, мейірін түсірген жиенінің ел баласы болғысы келген мінезі, көп құрбыларынан ерекше ізгі қасиеті болса керек.Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, "ердің сыйы – ортаға олжа салғаны" дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Ақыры "шу!" десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып" желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Өз жауларын жеңіп, халқына қамқор болады."Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді.Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.

Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.

Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған.  Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды. Қазақ халқының ЖамбылНұрпейісКенен т.б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, С.ТорайғыровА.БайтұрсыновМ.ДулатовМ.Жұмабаев,С.СейфуллинІ.Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан.

Сөйтіп, ақын деген сөздің мағынасы өте кең, ол поэзиядағы әр түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарын иелерін қамтиды. Соларды үлкен екі топқа бөліп, жырау, жыршы, термешілерді, өлең-жырды ауызша шығаратын, ауызша (домбырамен) суырып салып айтатын ақпа ақын сөз зергерлерін жинақтап жыршы ақын деп атауға болады. Сонда оларды жазба әдебиетінің өкілі жазушы ақыннан бөліп алып, өз алдына бөлекше шығармашылық тұлға ретінде қарауға мүмкіндік туады. Ауызекі тілде әнші ақындар, айтыскер ақын т.б. деп бөлу де қалыптасқан.

    Жырау - қазақ әдебиетінің  көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет» - делінеді. Жыраулық мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты.  Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес, сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз.

        Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды.  «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында»: «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып, қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.

        Шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келетін және бірегей тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы батырлар мен елбасылардың ісін, жер мәселесін жыр ғып толғап отырудан басқа көркемсөз шығарушы өнерпаз ақындардың да қазақ әдебиетінде қалыптасу тарихы ертеде. Ақындардың жыраулардан айырмашылығы сонда оның тақырып ауқымы кең адам жандүниесінің өнері. Заман өзгеріп әдебиеттің сарыны да басқа бағытта қанат жая бастады.

        XVIII ғ аяқ кезі XIX ғ поэзиясында «жырау» деген атақ өте сирек қолданылды. Бұрынғы ауыр сазды толғаулар айтар жыраулар орнына енді әзіл аралас жеңіл терме, шырқап салар әндер, өлеңдер, жүрекке назды әсер етер лирика түрлері (табиғат, махаббат), айтыстардың қыздырмасы болар небір шабытты жырларды төгіп жырлар ақындар поэзиясы пайда болды. Ақындар поэзиясы өзінің мазмұн маңызымен де, түп, стиль, бағыт ерекшеліктерімен де өзгешеленеді. Өмірдің барлық саласында тақырып етіп, өлең өнері жаңа сатыдан көрінді.

Ақан сері – лирик

Ақан сері әндерінің  бірең – сараңы болмаса, көпшілігі асқан көркемдікпен жазылған. Ол – шебер лирик ақын. Оның әндерінде сезім дүниесі басым жатады. Ақын өз лирикаларына дәл келетін нәзік бейнелерді таңдай біледі. Ел ұғымындағы әрі көркем, әрі сұлу аяулы нәрселерді талғап ала біліп, соны айшық етеді. Көркем теңеу, метафора тағы басқа да көркемдік, нәзіктікті бейнелейтін сөздер мол болып келеді.

Ақанның сұлулықты сүйіп, сөз маржанын тере білген, оқушысының сезімін тербету арқылы ойын қозғауды мақсат еткен ақын – композитор екенін әр бейнесі дәлелденгендей. Ақан әндерінде туған жерге, табиғатқа, сүйікті сәйгүлікке деген сүйіспеншілік, махаббат тақырыптары жан – жақты ашылып, негізгі арқау болған. Ақанда қыз – келіншектер бейнесіне арналған лирикалық әндер тобы біршама баршылық. Бұл әндерге «Ақтоты», «Үш тоты құс», «Балқадиша», «Сырымбет», «Терқатқан» және басқа көптеген туындыоары жатады. Бұл аталған әндер өзінің мазмұнына қарай өмірбаяндық сипатта шыққан. Шынында, Ақан мен Ақтотының махаббат тарихы халыққа кең тарап, үлкен драмаға толы оқиғасымен белгілі. Бұл жайында А.Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» кітабында жазып кеткен.

         Оның өлеңдерінде араб, парсы сөздері де аз емес. Ол дін мектебінде өте жақсы оқып, өзінің қабілеті, зеректігініңарқасында аз жылда көп нәрсе біліп, мектептен кеткеннен кейін де өз бетімен оқу үйренуден қол үзбеген. Өйткені оның «Тағырипың» атты ұзақ өлеңінде шағатай тілі, осман, түрік тілдерінде шыққан сүйіспеншілік, ғашықтық жырлары: «Жүсіп – Злиха», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейпіл – Мәлік – Жамал», «Фархад – Шырын» тағы басқалары Шығыстың лиро – эпостарымен жақсы таныстығын және олардан үлгі алып, творчестволық жолмен үйренгендігін аңғартады.

Сегіз ғашықтық лирикасы.

Сегіз сері – ол да сері. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұхамедқанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы. Сегіз оның есімі емес, есімі Мұхамедқанапия. Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. «Ақбақай», 2. «Ақ ерке», 3. «Алқоңыр»,4. «Әйкен – ай», 5. «Боз шұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жылой»,9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем - ай», 11. «Қызға сәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай». Тек «Ақбұлақ», «Боз шұбар» өлеңдері - Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған. Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады. Содан ұлы атасы - сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны сол кезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді. Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбай сыншының атақ даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбай сыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын- әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды. Сегіз сері - лирик, өлеңдері – көркем, әні әуезді, сабақтың басында айтылғандай оның өлеңдерінің көбі, « Ақбұлақ» пен «Боз шұбардан» басқасы махаббат лирикасына жатады. Өлеңдерін арнаған қыз аттары анық, айқын берілген: Әйкен, Мақпал, Еңлік, Ғайни, Құсни., т.б

«Әйкен – ай» өлеңінде :

             Домбыраңды, құрбы қыз, қолыңа алшы,

             Біз келгенде сызылтып әнге салшы.

                 Қайырмасы :

            Әйкен – ай! Ән шырқайық, кел, кел-ай

«Гауһар тас» өлеңінде :

             Ажарың ашық екен атқан таңдай,

              Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.

             Анаңнан сені тапқан айналайын,

             Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай!

                    Қайырмасы :

             Беу-беу, гауһар тас,

             Құсни құрдас,

             Раушан жүзің көргенде,

             Сәулем-ау сабырым қалмас.

             Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,

             Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

             Жылы су, қолда құман, қарда орамал,

             Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

«Ғайни» өлеңінде :

              Ғайни қыз, дидарыңа  болдым ғашық,

              Ойнақтап жүрегімді толқын басып.

              Сағынып барғанымда тіл қатпадың,

              Күйігі құмарымның кетті асып.

       Ф ЕҰУ 703-13-12. Емтихан билеті. Бірінші басылым




1. 2013 ПРОГРАМА НАВЧАЛЬНОЇ ДИСЦИПЛІНИ ТЕОРЕТИЧНІ ОСНОВИ ГЕОФІЗИЧНИХ МЕТОДІВ РОЗДІЛИ ЕЛЕКТРОРО
2. Самеба Обзорная автомобильная экскурсия по проспекту Руставели и площади Свободы
3. Тенденции урбанизации
4. Один из методов классификации религиозных организаций был впервые предложен Максом Вебером и его коллегой
5. Пояснительная записка к курсовому проекту Руководитель проекта-
6. Истоки латинской письменности следует искать в письменности этрусков
7. Что побудило Вас придти на мероприятие Отметьте знаком
8. История одного города Н
9. Органы исполнительной власти в административном праве
10. Радикальної Партії для координації українського національного руху і його оборони від посиленого наступу р
11. Предпосланные каждому интервью историкобиблиографические справки принадлежат составителю книги
12. Тема- Язык моделирования UML Выполнил- Чеменев В
13. Сроки в наследственном праве
14. Право и политическая система общества
15. Тема- Репродуктивні технології Рудюк В
16. нибудь сведут И вдруг внезапно оказалось Что парень этот лишь на миг В её деревне не по воле Вот
17. Расчет цеховой себестоимости продукции и ее влияние на финансовые результаты деятельности предприяти
18. Детский сад комбинированного вида 103 Заводского района города Саратова ХУДОЖЕСТВЕННОЕ СЛОВ
19. Библейские канонические книги апокрифы и патристика
20. тема рынка услуг public reltions