Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қыз 2
«Қазақ қызы»
Ұлжан Тұрбекова Қожамбердіқызы,
Алматы қаласы, №92 мамандандырылған мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Мақсаты:
8-наурыз Халықаралық эйелдер мерекесін атап өту. Болашақ ұлт тағдыры, қыз бала тәрбиесі өзекті мәселе екенін айта отырып, қыз бала әдебі отбасының, елдің тәрбиесі екенін түсіндіру. Қыздарды әсемдік пен өрлікке, әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу.
Көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер,үлестірмелер, мақал-мәтелдер.
Барысы: Аналар туралы әсем әуен шырқалып тұр.
Жүргізушілер: Мұқамжан Есбол Тоқтасынұлы, Тұрбекова Ұлжан Қожамбердіқызы
Паридам: Құрметті бүгінгі кешке жиналып отырған абзал аналар, қадірлі ұстаздар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті қыздар! Сіздерге бүгінгі жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
Ұлжан: Қымбатты ханымдар! Ата-аналар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!
Айгерим: 8- наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер.
Ұлжан: Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Ансаган: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі қыздар, қымбатты ұстаздар! бүгінгі «Қазақ қызы » атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Ұлжан: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп Абай атамыз жырлағандай кеш барысымен таныстырайық.
1-бөлім. «Қазақ қызы» (таныстыру).
2-бөлім. «Жақсы жар батырдың жан серігі»
3-бөлім. «Ойлан, топтас, талқыла»
4-бөлім. «Мерекелік дастархан мәзірі»
5-бөлім. «Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім?»
6-бөлім. «Өрісі кең өнерлі қыздар» Салт-дәстүрді білесің бе?
7-бөлім. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру) (конверт ішінде)
8-бөлім. «ТАРИХТА ТАЛАЙ ТӘРБИЕ БАР»
9-бөлім. «ҚЫЗДЫҢ ҚЫЛЫҒЫ ҚАЙДА?..» Ұстаздармен сұхбат
10-бөлім. «Ұстаздармен сұхбат».
Ән: «Аналар алтын» әніне ортаға аналар мен аруларды биге шақырамыз.
Ұлжан: Аяулысың, бұл өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дей келе, кешімізді жалғастырайық!
Малика А: Қыз өмірдің қызғалдағы қызығы,
Жарқын ерке сүйсіндерер қылығы.
Ермек емес, ем іздесе жас жүрек,
Көп қой оның мөлдір, таза тұнығы.
Көктем дерсің, көшеге олар шыққанда,
Сәлем бере көзіңді тігіп сұқтанба.
Мың есе артық көрінеді бұл сұлу,
Қара көздің қасиетін ұққанда!
Ұлжан:
Ардақты жиналған қауым!
Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей сызылған, мақпалдай масаты, құралайдың көзіндей мөлдіреген, раушан гүлдей хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған тісті, сымбатты арулармен таныс болыңыздар!
Ұлжан: Қыздар міне үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп.
Ортаға Малика А келе жатыр.
Ильзат: Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,
Қыпша белі тал шыбықтай бұралған.
Қарсы алайық Глинаны қошеметпен,
Өнерімен көрерменді таңқалдырған.
Ұлжан: Бұрымдары желбіреп.
Үшінші қыз Айгерім
Өн бойында бар талап.
Малика К: Төртінші қыз
Асель келді міне
Ағарып таң атқандай.
Кем емес бір айыңнан.
Ұлжан: Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар,
Қанеки бәрің бері қараңдар.
Дидары атқан таңдай арайлы,
Малика К: Қарсы алайық бұрымды қыз Маралды
Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап әдемі қыз.
Озамын деп нық сеніммен,
Ұлжан: Шықты ортаға Айгерім қыз
Көптен күткен қыздар келді арайлы,
Келесісі кім деп жұртым қарайды.
Айгерим п: Бұрымды қызНазугумнан әрдайым
Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды.
Ұлжан: Тоғызыншы қызАнсаган, өнерлі
Төгеді бар өнерді!
Ильзат: Паридам біздің көрікті, бүгінгі кешке келіпті.
Ұлжан:
Құдіретті жыр тудырған санамда,
Кім екен бұл, Қыз Жібек пе, Баян ба,
Ұлжан:
Әлде ару Қарлыға ма, Нұрлы ма,
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда.
Ұлжан
Кім де болса, періште ғой ғажайып
Әттең шіркін, кетпесе екен азайып….
(Әр қыз сәлемдесе, дөңгелене т.б. қимылдарымен ортаға шығады)
Ұлжан: Дәуірледі шаттық өмір жас ғалым
Дей алмаймыз өмір қиын басты мұн.
Қазақ қызы инабатты, білімді
Жалғастырар қазағымның дәстүрін.
«Жақсы жар батырдың жан серігі» - деген тақырыппен қыздарымыздың тілдік қорын молайтып, әдеби-шығармашылық қабілетін одан әрі дамыту үшін мынандай сұрақтар қойылады( бірден тез, дұрыс жауап беруі керек)
1.Ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
2.Ұлттық салт-дәстүр дегенді қалай түсінесің?
3. «Тойбастар» қандай жыр түріне жатады?
4. «Гүлбаршынның өз махаббатына беріктігі» эпостың қай жерінен байқалады?
5. «Лиро-эпостық жыр» дегеніміз не?
6. «Наурыз» және «сыңсу» қандай жыр түріне жатады?
7.Ақжүністің сұлулығын бейнелеудегі троптың түрлерін ата.
8. «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» туралы қандай аңыздарды білесің?
9. «Әсем қоңыр» кімнің күйі?
10. «Шығыстың қос шынары» кімдер?
11.Атақты күйші қызды ата.
12.Қайткенде қыз сұлу болады?
13.Қарахан батыр мен Айша бибі күмбездері қайда орналасқан?
14. «Құлагер» кімнің әні?
15. «Жеті ғашықтарды» ата.
16. «Айман-Шолпан» жыры қай жанрға жатады?
17. «Қызға қырық үйден тыйу» дегенді қалай түсінесің?
18.Атақты «Қорлан» әнінің авторы?
19.Жолы болатын жігіттің алдынан кім шығады?
20.Қуаныштың белгісін білдіретін қандай сөз?
21.Сыралғы деген не?
22.Шарғы деген не?
23. «Таңдап алған бұраң бел, қасында жатып қартайсын» деген бата-тілектің мағынасын айт.
24. «Қыз Жібек» фильмінде Жібектің рөлін кім сомдайды?
25.Абысын тату болса не көп?
26.Айқабақ,алтын кірпік,қызыл не?
27.Қыздың жолы қандай?
28.Сынып жетекшіңнің әкесі кім?
Ойлан, топтас, талқыла
Аимгуль: Халық аузында қыздар туралы мақал-мәтелдер аз емес. Оларды қыздардың өз аузынан естіп көрелік!
Ардвк: Қасынан қыз өтсе, сексендегі шал басын көтерер. Айгерим: Қайтып келген қыз жаман, |
Қайта шапқан жау жаман.
Малика А: Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер
Галя:Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе құт келеді.
Айгерім: Қыздың көзі қызылда.
Паридам: Қыздың жолы жіңішке.
Назугум: Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
Марал: Қызды ауылдың қызығы көп.
Ардак:Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
Асель: Қызды асырап білмеген күң етер,
МаликаА: Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Айгерим: Қызға қырық үйден тыйым.
Шолпан: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы.
Ұлжан: Есбол, Қазақ қыздарының бойынан сен қандай қасиеттерді көргің келеді? Ендеше, Есбол! Қыздарымызға мынадай он түрлі талап қояйық! Қыздар 10 қадам алға басып, әр қадамында өзінің көргенді де ибалы екенін, жымиып қалай күлетінін, сызылып, жәймен жүретіндерін, өздерінің бойында қандай қасиеттерінің бар екенін көрсетсін.
1. Әдептілік
2. Ар-ұждан пәк болу
3. Кеңпейіл, шапағаттылық
4. Мейір шапағатты болу
5. Ақыл парасатты болу
6. Сабырлы, салмақты болу
7. Адал, ақжарқын болу
8. Моральді, мұратты болу
9. Өжет, батыр болу
10. Ұят, намысты болу
Галя: Рахмет, қыздар! «Болмасаң да ұқсап бақ» деп ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын!
(Музыкалық үзіліс. Қыздар-қыздар муз. әуен)
Мерекелік дастархан мәзірі.
Ұлжан: Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасайды
Қыздарымыз дем арада майысып.
Жақсы мұны көпшіліктің көргені,
Жемісін же, қыздар осының
Өнер құмар қасиет бұл сендердегі
Қарақылды қақ жаратын қазылар,
Жақсы бұған тағы балл қосып бергені.
Ұлжан: Қыз қарындас, қыз апаң, қыз болашақ жарың, қыз ертеңгі ана , қыз ұлтымыздың келешегі.
Сондықтан да қыздарды аялай білейік!
Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де кезінде дара тұлға.
Ұрпағымыздың ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
IVБөлім.
Жекжат кім, жұрағат кім, жамағат кім?
Шолпан: Ата текті қастерлеу, ата-тегін білу, ұлттың адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру- ұрпақтың міндеті.
Көңіліне тоқып бәрін жүр ме екен
Туысты қалай керектігін
Кәнекей, біздің қыздар білеме екен?
Туыстық атауларды білеміз бе?
Қыздарға сұрақтар беріледі. Сұрақтар арнайы әкелінген сандықшадан алынады.)
1.Әкеңнің әкесінің інісі саған кім?
2. Шешеңнің сіңілісінің қызы саған кім?
3.Әпкеңнің қызы саған кім?
4.Жеті атаңды ата.
5.Нағашың саған кім болады?
6. Жиен деген кім?
7.Төркін дегенді қалай түсінесің?
Ұлжан: Бүгінгі қазақ келіні қандай?
Батырлық және лиро-эпостық жырлар мен қанатты сөз, шешендік толғаулар, қай-қайсысын парақтап отырсақ та, ақылды жар, сұлу да сенімді қалыңдық, байсалды да мейірімді ана-әжелердің біразын көрер едік. Мысалы: Құртқа, Назым, Торғын, Қарашаш, тіпті бері келе Баян сұлу, Қыз Жібек, Ақтоқты, Құралай сұлу, әйтпесе ұлт анасындай болған Абайдың анасы Ұлжан мен әжесі Зере, Шоқанның Айғаным әжесі секілді қазақ әйелдер галереясын тізбектеп шығудың өзінен көп нәрсені аңғаруға болады.
Есбол, Қарап тұрсақ, осы жолда қазір де бізге үлгі боларлық аналар, әйелдер аз емес. Соның көш басында күллі қазақ келіндерінің символына айналған Батыр атамыз, қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлының келіні жазушы Зейнеп Ахметова апамызды, белгілі тұлғалардың келіндері ішінен өзі өнерде жүрсе де, өмірлік жарының ата-анасын алақанға салып әпештей білген сұлу актриса Данагүл Темірсұлтанованы атауға болады.
Біліп айтасың, Есбол! Ол Райымбек Сейтметовтей ардақты тұлғаның келіні. Бұл тек біздің сырттай қарағанда, көзімізге түскені, ал мұндай үлгі тұтар келіндердің қазақта көп екендігіне күмән жоқ. Солардай ақын, жазушы, сазгер, белгілі тұлға Шахмардан ағамыздың жары Айгүл Жұмашқызын ортамызда жүргенін біреу білсе, біреу білмейді.
Айгерим: Қыз емес, қызыдң аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкенің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын, - деп ақиық ақындарымыз жырлап айтқандай, келесі кезекті тағы да өз ару қыздарымызға берейік!
«Зерделінің ойы озық» деп аталатын кезеңде (Сұрақтар жазылған әр түрлі конверттің түсін таңдап, ішіндегі сұраққа ойланып жауап берулері керек)
Ұлжан: Қызыл конверт Маралда.
Марал, Келешек ұрпағың дұрыс болуы үшін 40 күнге дейін тазалық сақта дегенге қаншалықты түсінік бере аласыз? (Мән-мағынасын ашу)
Марал: Келешек ұрпағың дұрыс болуы үшін, 40 күнге дейін тазалықты сақта,40-нан шығарып, қарын шашын сақта, күміспен шомылдыр,денесі күмістей таза болсын. Ұлы адамдардан, киелі адамдардан бата алып, қисық қыңыр адамдардан сақ болғайсың, үкі қадап, аластап отыруды есіңе сақта-дейді атам қазақ. Келешекте отбасының алдында, сүйген жарының алдында, ұрпағының алдында, арың таза болсын, сүйгеніңе таңба түсірме. «Арым- жанымның садағасы» деген даналық сөзді есіме ұстаймын. Таза жүремін, адалдықты ту етіп, мейірімді, бауырмал болуды қалаймын.
Улжан: Келесі ару қызымыз қолына көк конвертті алды.
Айгерим! Үйге келген қонақ кетуге даярлана бастады,қалай шығарып саласың?
Үйден шығарып саларда үй иесінің өзі жүруі керек.
Еркегі бар үйде әйел адам ер адамды шығарып салмайды. Сыпайы қоштасып бөлмеде қалуы керек. Келген қонақ әйел адам болса, үй иесінің әйелі дәлізден шығарып салады.т.б. (Көріністер көрсетіледі).
(Ақ конверт)
1. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
4.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
3.Ботаның анасы? (түйе).
(Күлгін конверт) сұрақтары
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Аллада не жоқ? (бауыр)
5. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.
6. Қобыландының жары ( Құртқа)
(Жасыл конверт) сұрақтары
1. Еңліктің серігі? (Кебек)
2. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
3. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
4. «Ана тілі арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
(Сары конверт) сұрақтары
1. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім? (М.Шаханов)
2. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
3.Тай, құлынның анасы? (Бие).
4. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
(Күлгін конверт) сұрақтары
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
(Қоңыр конверт) сұрақтары.
1. Жылқыда не жоқ (өт).
2. Бала туралы бір мақал айтыңыз.
3. Қазақстандық әйгілі биші анамыз? (Ш. Жиенқұлова).
4.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
6.Қошақанның анасы? (қой).
(Сұр конверт) сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
Ильзат: Рахмет қыздар !
Ұлжан: Есбол, Екі көзің не үшін керек?
Ильзат - Жақсыларды көру үшін!
Ұлжан - Екі қолың не үшін керек?
Ильзат - Елге көмек беру үшін!
Ұлжан - Құлақ деген не үшін?
Ильзат - Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
Ұлжан - Тіл мен жағың не үшін керек?
Ильзат - Ақиқатты айту үшін!
Ұлжан - Ал аяғың?
Ильзат - Шетте жүрсең,
Туған жерге қайту үшін! керек -деп Қадыр ағамыз айтқандай, Қайран Қарасазым әнімен ортаға Талдыбаева Гүлзат аруды ортаға шақырамыз.
Ұлжан: Есбол, Сен білесің бе,дүниедегі ең сұлу кім?
Ильзат:Дүниедегі ең сұлу ол қазақ әйелі!
Ұлжан:Солай ма,қалайша?!
Темирлан:Қазақ әйелі бар мұратын отбасының игілігіне байлаған,әлемдегі ізгі адам;
Ұлжан:Қазақ әйелі бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана;
Темирлан:Қазақ әйелі бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен,әлемдегі ең адал жар;
Ұлжан:Ұлттың ұйытқасы;
Идьзат:Ұрпақтың анасы;
Ұлжан: Ару қыздар сұлулық пен әсемдіктің символы. Қыздармыз махаббаттың белгісі. Қыздарсыз адамзат ешқашан махаббат сезімін бастан кешпес еді. Тал бойында міні жоқ, жанарынан нұр шашып, тұла бойыңды өртеп жіберердей болатын әйел затынсыз ешбір ақын өлең, сазгерлер әуен жаза алмаған шығар.
Марал:
«Жәннат ананың табанының астында» - деген қасиетті Хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты ана-ларға берілген ең лайықты баға. «Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңізші. Шындығында әйелдер қауымынсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.
Паридам: Қымбатты аналар, ұстаздар мен арулар! Сіздерді М.Ганди атындағы дарынды балаларға арналған №92 мамандандырылған мектеп-лицей ұжымы Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!
Ұлжан: Қ ы з д е м е к ш і, қ а з а қ қ а й заманда да қызының басынан құс ұшырмаған халық. Қыз намыс, қыз ар-ұят, қыз ұлттың қызғалдағы, қыз елдің көркі, сонымен қатар қыз болашақ ана деп есептеген. Бабаларымыз
қ ы з д а р ы н д а н а л ы қ п ен көрегендікке, ізет пен ілтипатқа баулыған. Міне, осынау игі дәстүр бүгінде өз жалғасын тауып, қыздарымыздың білімі мен тәрбиесіне, жүріс-тұрысына көңіл бөліп отырған ата-аналарымыз бен ұстаздарымызбен де сұхбаттасайық!
Аимгуль: Арулардың махаббаты ізгі ары,
Шешілмеген жұмбақтай ғой бізге әлі.
Қыз Жібектей жаны сұлу тым нәзік,
Шіркін қандай қазағымның қыздары.
Ұлжан: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Неткен ғажап сұлусыңдар,
Дархан көңіл, дәру қыздар!
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,
Аққу мойын ару қыздар,
Қыздар, қыздар, сұлу қыздар!
«Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды»
Ильзат: - Ұлжан Қожамбердіқызы, кеш аяқталып келеді, сізге де мен бір сұрақ қойғым келіп тұр. Батыл да өткір мұғалімсіз, қыздардың батылдығы мен нәзіктігі жөнінде не айтар едіңіз?
Қазіргі басты мақсатым Қазақ қыздарына ұлттық тәрбиеден дәріс беру. Ал мен қазақ қыздарының ұлттық тәрбиесіне байланысты дәрісті қайдан алам? Лиро-эпос жырларымыздан, дастандарымыздан, Құртқа, Ұлпандардан алам. Қыз Жібек, Баяндардан, Тұмарлардан, кешегі Әлия мен Мәншүктен әкеліп, бүгінгі еліміздің мақтаны болып жүрген қыздармен ойымды жалғастырамын. Қазір өсіп келе жатқан ұрпақ өзінің ұлтының ертеңгі болашағы екенін білсін деймін. Қыздар нәзік бола отырып, еркін, батыл болса. Өзім де қыз өсіріп отырған анамын. Себебі қыз бала тәрбиесі ұлтының тәрбиесімен тікелей байланысты., жалпы, ұлтымыздың келбеті деп ойлаймын. Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды деген ойдамын.
Ұлжан: Айгүл Жұмашқызы, Қазақ әйелінің қандай болғанын қалайсыз, өзіңіз бүгінгі кеште тамашалап отырған бүгінгі қыздарыңызды салыстырып өтсеңіз?
Айгүл Жұмашқызы: Рахмет! Әр ағаштың өз топырағынан алатын нәрі болуы керек. «Мына ғасыр бөлек екен» деп, тамырсыз гүл сияқты солып өте шығуға болмайды. Сондықтан бәрібір әжелер тамырынан, ғасырлар қойнауынан, өзіңнің қаныңнан тәрбиенің негізін алып, сол жолда жүрсең, өмірің бекер өтпейді. Қазақ баласының ұлттық тәрбиесін ұмытуға болмайды. Біз қай қоғамда өмір сүрсек те, басқа ұлт өзінің түрімен, тілімен танылып тұрса, кең даланың ұрпағы да өзінше танылуға тиісті.
«Жолықсаңдар тағдырдың ызғарына
Тілектеспін ел салтын бұзбауыңа.
Абай атты армандай ұл өсіріп,
Ат қойыңдар Тоғжан деп қыздарыңа», - деп ақын Ақұштап апайымыз айтқандай, Қазақ қызы деген өзгеге ұқсамайтын дала мінезімен ерекшеленуі керек. Одан парасат пен ақыл үйренсе артық па екен? Бүкіл далаға, ұлтқа ана болатын қыз тәрбиесі оп-оңай қарайтын нәрсе емес. Біздің қазіргі қыздарға ұлттық тәрбие ерекше қажет кезең.
Ұлжан: - Әңгімеңізге рахмет. Бойында намыс оты ойнаған, ұлт тәрбиесін сіңірген, иманды да инабатты, тәрбиелі, ана тілін ардақтаған қазақтың текті қыздары көп болғай!
Ендеше , сән үлгісімен біздің ару қыздарымызды ортаға шақырайық!
(Қыздар, қыздар әуенімен қыздар өздерінің сән үлгілерін көрсетеді)
Ильзат: Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
Ұлжан: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Көктем мерекесі отбасыларыңызды шуаққа бөлеп, қуаныш әкелсін.
Сіздерге ашық аспан, ізгілік, игілік, ырыс-ынтымақ, құт-береке тілейміз! Соңы:
Номинациялар:
*Көрікті ару Айгерим
*Өнерлі ару Паридам
• «Фотомодель Ару» Ансаган
• «Нәзіктік Ару» Малика
• «Әсемдік Ару» Ардак
• «Күлімкөз Ару» Галина
• «Парасатты Ару» Марал
• «Ажарлы Ару» Асель
• «Әдемілік Ару» Назугум