У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

28 с~уірдегі 86 б~йры~ымен бекітілген Геологиялы~ барлау ж~мыстары кезіндегі ~нерк~сіптік ~ау

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «28» сәуірдегі

№ 86 бұйрығымен

бекітілген

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар

1. Осы геологиялық барлау кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы (бұдан әрі-Талап) осы мақсаттарға арналған пайдалы қазбаларды іздестіру және барлау, ғылыми-зерттеу инженерлік, жобалау және конструкторлық жұмыстарға таралады.

2. Барлық геологиялық жұмыстар бекітілген жобалар бойынша жүргізіледі.

3. Геологиялық барлау жұмыстары үшін:

1) аварияны жою жоспары;

2) өндірістік бақылау туралы талап;

3) технологиялық регламент дайындалады.

4. Басқа ұйымдардың қызметінің аумағындағы барлық түрдегі геологиялық барлау жұмыстары және геологиялық зерттеулер осы ұйым басшыларының келісімі бойынша жүргізіледі.

5. Жаңа объектілерді, күрделі жөндеуден немесе қайтадан құрудан кейінгі объектілерді іске қосу ұйым басшылығы тағайындайтын комиссия қабылдағаннан кейін іске асырылады.

6. Көлік құралдарында (прицептерде, шана негіздерінде (базаларда) орналастырылған өзі жүретін және жылжымалы геологиялық барлау құрылғыларының (бұрғылау, геофизикалық, тау кен бұрғылау, гидрогеологиялық және басқа), оларды жұмыстың бір орнынан екінші орынға ауыстырған кезде қондырғыны қайта монтаждау талап етілмесе, (күштемелі желілер, жүк көтеру құрылғыларды ауыстыру, жұмысқа өту орындарын ауыстыру және тағы басқа) өздігінен жүретін және жылжымалы (жүзетін) геологиялық барлау құрылғыларының техникалық жағдайын тексеру жүргізіледі.

7. Геологиялық барлау жұмыстарының барлық объектілері (бұрғылау учаскелері, тау-кен барлау және геофизикалық жұмыстар, геологиялық түсіру және іздестіру партиялары, отрядтары) партия базасымен немесе экспедициямен тәулік бойы байланыспен қамтамасыз етіледі.

8. Жұмыскерлер мен мамандар арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке ұжымдық қорғаныстың басқа да құралдарымен жұмыс шартына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Жеке және ұжымдық қорғаныстың құралдарын бері, сақтау және пайдалану (бұдан әрі-ЖҚҚ және ҰҚҚ) талаптарға сәйкес жүргізіледі, жұмыскерлерді ЖҚҚ, ҰҚҚ, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, құрылғылармен және емдеу және алдын-алу құралдарымен қамтамасыз етеді.

9. Технологиялық процестерді орындау кезінде:

1) өндірістік ғимараттың микроклиматы;

2) жұмыс орындарындағы жіберілетін шу деңгейі;

3) жұмыс орындарындағы қосымша діріл деңгейлері іске асырылады.

10. Адамдарға қауіп төнуді көрген әрбір жұмыскер қауіпсіздікті жою жөніндегі барлық шараларды қабылдау және қауіп төну туралы бақылау тұлғасына хабарлайды.

Бақылау тұлғасы қауіп төнуді жою жөнінде шаралар қабылдайды, қауіп төнуді жою мүмкін болмаған жағдайда жұмыс тоқтатылады, жұмыс істеушілерді қауіпсіз жерге шығарып, лауазымы жағынан жоғары тұлғаға хабар береді.

11. Әуе көліктерін қолданатын геологиялық барлау ұйымдарының қызметкерлеріне ұшу қону алаңдарында, қону және ұшақтар мен тікұшақтардан шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бөлігінде нұсқаулық жүргізіледі.

12. Геологиялық ұйымдардың жеке құрамын және жүктерін әуежайға және ұшу (қону) алаңдарына жеткізу бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі.

13. Жүзу құралдарын қолдану және қозғалу кезінде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

14. Алкоголь, есірткі немесе токсикалық мас болу, сырқаттану жағдайындағы адамдар жұмысқа жіберілмейді.

15. Геологиялық ұйымдарда дала жұмыстарында зардап шеккен және сырқаттанған адамдарды жақын орналасқан емдеу мекемелеріне жеткізу тәртібі орнатылады.

16. Геологиялық барлау жұмыстары кезінде қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді жоюды осы жұмыстарды жүргізетін ұйымдар іске асырады.

Жұмыс объектілерінде жұмыс істеу кезінде қолданылатын химиялық реагенттерге адамдар мен қоршаған ортаны қорғау шараларын көрсете отырып, оларды қолданудың технологиялық регламенті әзірленеді.

17. Геологиялық барлау ұйымдарының жеке құрамы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.

Дала жұмыстарының жұмыскерлері осы аудандағы дала жұмыстарының ерекшелігіне байланысты іс-әрекеттерге (жүзу, ескек, альпинистік жабдықтар, атқа міну, атты ерттеу және көлік жануарларын үйрету, оқпен ату қаруларымен жұмыс істеу және тағы басқа), бақытсыздық жағдайларында және сырқаттанған алғашқы көмек көрсету әдістеріне, улы флора мен фауналардан қорғану шараларына, жергілікті жерге бағдар алу және қауіпсіздік белгілерін беру әдістеріне оқытылады.

18. Осы Талапта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

вандрут – тау-кен қумасы шахтадағы кен орны бойындағы баған түріндегі тіреудің қосымша элементі;

гезенк - жер бетіне тікелей шығу мүмкіндігі жоқ шахта тектес кен жер асты кен орны;

науашық - ұңғымадан сұйықты немесе бұрғылау сазын алуға арналған цилиндрлік ыдыс. Науашық төменгі жағынан қалқаншамен, оны арқанмен бекітуге арналған дужкамен қамтамасыз етілген;

зумпф - кен орны суларын жинауға арналған кен орны деңгейінен 4-6 м орналасқан шахта бағанының тереңдетілген бөлігі;

клеть - шахтадағы көтеру құрылғысы;

королек - кішкентай шар түріндегі байытылған металл құймасы, сонымен қатар қатып суытылған тамшысы ретіндегі кішкентай шарик;

коуш - троссқа салынған металл қабаттама (арқан), тозудан сақтайды;

тіреу - кен орындарын құлаудан, домбығудан сақтайтын құрылғылар жиынтығы;

қорғасынсыздандыру - байытылған металдарды мырыштан қышқылдау балқыту арқылы бөлу;

штолня - жер бетіне тікелей шығу мүмкіндігі бар көлденең немесе еңіс тау кен орны;

шурф - арттыру жұмыстары үшін пайдалы қазбаларды барлауға арналған терең емес тіке немесе еңкіш тау кен орны.

2-тарау. Қауіптілігі жоғары жағдайда жұмыс істеу

19. Өндіріс Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес іске асырылады.

20. Адамдарды құтқару кезінде мүмкін аварияларды жою немесе болдырмау жағдайынан басқа қауіпті орындарда болуға немесе жұмыс істеуге жол берілмейді. Бұл жұмыстарды авариялық-құтқару қызметтері атқарады, ал басқа жағдайларда ААЖ сәйкес жұмыстарды қауіпсіз орындау жөніндегі нұсқаулық алғаннан кейін тәжірибелі жұмыскерлер орындайды.

21. Жұмыс объектілері мүмкін су басулар, құлаулар, тас түсу, қар көшкіні, су тасқыны және басқа қауіпті аумақтардан тыс орналасады.

Қауіптілігі жоғары объектілер зоналарындағы жұмыстар (электр берудің әуе желілері, кабельді желілер, мұнай- және газ құбырлары, темір жол және тағы басқа) тиісті объектілерді қолданатын ұйымдармен келісіледі және наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

22. Кез келген кернеуліктегі электр беру әуе желілерінің (бұдан әрі - ӘЖ) астынан машиналар мен механизмдердің, қондырғылар, конструкциялар және басқа да жүктерді тасымалдауға олардың көлемдері жол немесе трасса белгісінен 4,5 м артық емес биіктікте болса рұқсат етіледі.

Көрсетілген көлемдерден артық болған жағдайда электр желісінің төменгі қашықтығынан тасымалданатын қондырғыға дейінгі арақашықтыққа байланыссыз электр желісінің ұйымы-иесінің жазбаша рұқсаты алынады. Тасымалдау рұқсат беруде көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, іске асырылады.

23. Геологиялық барлау кен орындарының (ұңғыма, шахта, шурф, және тағы басқа) бағытын бөлу және жергілікті орынға шығару кезінде жұмыс істеушілердің өмірі мен денсаулығыныа қауіп тудыратын жұмыс учаскелері мен өндірістік объектілер (ӘЖ, кабельдік желілер, жарлар, батпақты учаскелер және тағы басқа) жұмыс жоспарына (топонегіз) салынады.

Жергілікті орындарды бұл объектілер анық көрінетін ескерту белгілерімен (белгілер, плакаттар, көрсеткіштер және тағы басқа) белгіленеді.

3-тарау. Қондырғыларды, аппаратураларды және

құралдарды пайдалану

24. Қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды пайдалану дайындаушының нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес пайдаланылады.

25. Бұрғылау станоктарын, көтеру механизмдерін, тау-кен бұрғылау қондырғыларын, геофизикалық және зертханалық аппаратураларды басқаруды, қозғалтқыштарға, компрессорларға, электр құрылғыларына, дәнекерлеуді және басқа да қондырғыларға қызмет көрсетуді осы жұмыстарды атқаруға рұқсат беретін куәлігі бар тұлғалар атқарады.

26. Қондырғыларды, механизмдерді, аппаратураларды және бақылау-өлшеу құралдарын (бұдан әрі-БӨҚ) пайдаланушы ұйымдардың оларды пайдалану және жөндеу туралы мәліметтері енгізілетін құжаттары болады.

27. Қондырғыларда орнатылған бақылау-өлшеу құралдарының пломбасы немесе мемлекеттік тексерудің белгісі болады.

Құралдар құжатта көрсетілген мерзімде және көрсеткіштің дұрыстығына күмән туған жағдайда тексеріледі.

Манометрлер, салмақ индикаторлары және басқа да бақылау-өлшеу құралдары көрсеткіштерінің қызметі көрсетуші персоналға анық көрінетіндей болып орнатылады.

Манометр шкаласында максималды жұмыс қысымына сәйкес келетін белгі қойылады.

28. Қондырғы жағдайына тұрақты бақылау, бақылау мерзімділігі және бақылауды жүзеге асыратын тұлға орнатылады, өндірістік бақылау туралы қағида белгіленеді.

Нәтиже Журналға (осы Талаптың 1-қосымшасы) жазылады.

29. Мерзімді қарау мерзімін және жұмыс істемейтін құралды істен шығару тәртібін ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.

Істен шығарылған құрал қолданыстан алынады.

30. Механизмдерді іске қосу, аппаратураларды, құралдарды қосу алдында олардың дұрыс жұмыс істеуін қауіпті аумақта адамдар болмаған кезде тексереді және ескерту белгімен береді. Барлық жұмыскерлер белгіленген белгілердің мәнінен хабардар етіледі.

31. Механизмдерді қарау және ағымдағы жөндеу кезінде оларды сымдары сөндірілген және оларды қате қосылуына немесе өздігінен қосылуына жол бермейтін шаралар қабылданады, ал іске қосу құрылғыларында «Қоспа-адамдар жұмыс істеуде» ескерту плакаттары қойылады немесе ілінеді.

32. Жол берілмейді:

1) құжат бойынша рұқсат етілген артық жүктемелер (қысым, ток күші, кернеулік, жән тағы басқа) кезінде қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды пайдалануға;

2) мақсатсыз пайдалану, дұрыс жұмыс істемейтін қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды, құрал-жабдықтар мен қорғаныс құралдарын пайдалануға;

3) пайдалану кезінде қызмет көрсетуші персоналдың тұрақты болуын талап ететін жұмыс істеп тұрған қондырғылар, аппаратуралар және құралдарды қараусыз қалдыруға;

4) қорғаныс қоршауларының болмауы және дұрыс жұмыс істемеуі кезінде жұмыс істеуге;

5) қондырғылар мен аппаратураларды түймесі салынбаған арнайы киімде немесе арнайы киімсіз, шалғылар және ұштары жалбыраған орамалдармен қызмет көрсетуге.

33. Механизмдер жұмыс істеп тұрған кезде жол берілмейді:

1) жұмыс ісеп тұрған механизмдерге шығуға немесе жұмыс істеп тұрған механизмдерде тұрып қандай-да бір жұмыс істеуге;

2) оларды жөндеуге, олардың бөліктерін бекітуге, қозғалатын бөліктерін қолмен немесе осыған арналған құралдар арқылы тазартуға, майлауға;

3) механизмдердің қозғалмалы бөліктерін тоқтатуға, кигізуге, тастауға, тартуға немесе белдеулік, клинобелдеулік және тізбекті берулерді босатуға, арқан немесе шығыр барабанындағы кабельдерді лом (ваг және тағы басқа) арқылы немесе тікелей қолмен бағыттауға;

4) қоршауларда қандайда бір заттарды тастауға;

5) қоршауларды немесе олардың элементтерін қозғалатын бөліктер толық тоқтағанға дейін алуға;

6) қоршаулар бойынша немесе олардың астында жүруге;

7) қоршаулар артына кіруге, қозғалмалы қоршалмаған арқандар арқылы өтуге немесе оларға тиісуге.

34. Кесетін шеттері немесе лезвиесі бар құралдарды қорғаныс тыстарында немесе сөмкелерде алып жүреді.

35. Геологиялық барлау қондырғылары мен аппаратураларының конструкциясына өзгерістер енгізуге ұйым-әзірлеуші, зауыт-дайындаушы келісімі бойынша жол беріледі.

Аттестацияланған ұйымның сараптамалық қорытындысы негізінде қолданыстағы геологиялық барлау техникасына техниканың негізгі конструкциясына әсер етпейтін және оның қауіпсіздігін төмендетпейтін өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Модернизацияланған техниканы, геологиялық ұйымдар әзірленген іске қосу оны сынақтан өткізгеннен кейін және акті бойынша қолдануға рұқсат етілгеннен кейін жүргізіледі.

36. Төмен және жоғары температурада, жоғары радиация, ылғалдылық, шаң, жарылыс қауіпті немесе басқа қауіпті ортада жұмыс істеуге арналған геологиялық барлау қондырғылары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаларды сақтай отырып жобаланады және дайындалады.

Тиісті жағдайда немесе ортада жұмыс істейтін геологиялық барлау қондырғыларының мүмкіндігі паспортта, дайындаушы нұсқаулығында көрсетіледі.

37. Өздігінен және жылжымалы қондырғыларда (бұрғылау құрылғылары, геофизикалық станциялар, шурфбұрғылау агрегаттары және тағы басқа) завод-дайындаушы дәрі-дәрмек қорапшасы бар кассеталарды, ауыз су термосын және өрт сөндіру құралдарын орналастыратын орындар көзделеді. Кассеталар және өрт сөндіру құралдары қол жетімді жерге орналастырылады және жылдам алынатын бекітуі болады.

38. Геологиялық барлау қондырғыларының конструкциясы талий және көтеру арқандарының (кабельдер және тағы басқа) шығыр барабанынан дұрыс салынуын қамтамасыз етеді.

39. Геологиялық барлау қондырғыларын пайдаланатын ұйымдар техникалық куәландыру, монтаждау процесінде немесе пайдалану кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігінің осы Талапқа сәйкес келмеуді, конструкциялардың немесе дайындаудың кемшіліктерін анықтаған жағдайда пайдалануды тоқтатады және зауыт-дайындаушыға акт-рекламация жібереді.

4-тарау. Дала жағдайында жұмыс істеу

1-параграф. Жалпы талаптар

40. Дала жағдайында жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары (геологиялық түсіру, іздестіру, геофизикалық, гидрогеологиялық инженерлік-геологиялық, топографиялық, тақырыптық, бұрғылау және тағы басқа), соның ішінде маусымдық жұмыстар табиғи-климаттық жағдайлары және жұмыс ауданының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі.

41. Дала бөлімшелері қамтамасыз етіледі:

1) ұйымның техникалық басшысы жұмыс құрамын және жағдайын ескере отырып, бекітетін тізімге сәйкес дала жабдықтарымен, байланыс және сигнализация құралдарымен, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен, құтқару құралдарымен және дәрі-дәрмектермен;

2) топографиялық карталармен және жергілікті жерде бағдар алатын құралдармен.

42. Бағыттар мен басқа да геологиялық барлау жұмыстары жалғыз жүргізуге, халық аз орналасқан (тау және шөл) аудандарда дала бөлімшесінің лагерінде (базасында) бір жұмыскерді жалғыз қалдыруға жол берілмейді.

43. Адамға қауіпті аңдар болатын аудандарда жұмыс жүргізу кезінде дала бөлімшесінің әрбір тобына (бригадаға), дала лагеріндегі (база) жұмысшы-кезекшіге оқ ату қаруы, қару-жарақ және аң аулау пышақтары беріледі.

44. Қан сорғыш насекомдары (кене, маса, шыбын және тағы басқа) бар аудандарда жұмыс жүргізу кезінде дала бөлімшелерінің жұмыскерлері тиісті қорғаныс құралдарымен (арнайы киім, репелленттар, төсеніштер және тағы басқа) қамтамасыз етіледі.

45. Дала жұмыстары басталғанға дейін барлық дала маусымы кезінде:

1) база құрылысы, дала бөлімшелерін көлік құралдарымен, материалдармен, жабдықтармен және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері шешілген;

2) күнтізбелік жоспар жасалған және ауданның табиғи-климаттық жағдайы ескеріле отырып, барлық жолдар, аяқ жолдар, қауіпті орындар (қиылыстар, өтуі қиын жерлер және тағы басқа) көрсетіле отырып, алаңдарды, учаскелер мен маршруттарды өңдеу сызбасы жасалған;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі шаралар жоспары, технологиялық регламент әзірленген;

4) дала жұмыстарының ұзақтық мерзімі, дала жұмыстарынан жұмыскерлердің қайту тәртібі мен мерзімі анықталған.

46. Ерекше жағдайда дала жұмыстарының мерзімін ұзарту ұйым басшылығының рұқсаты бойынша және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар жүргізу шартында жол беріледі.

47. Алыс орналасқан және халық аз орналасқан аудандарда жұмыс жүргізетін ұйым дала бөлімшелерін:

1) жедел метеомәліметтермен және метеоболжаулармен;

2) жұмыс ауданында жабайы және улы жануарлардың болуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді.

48. Дала бөлімшесінің осы жұмыстарды орындауға толық тексерілгеннен кейін дала жұмыстарына шығуына жол беріледі.

Дайындық жағдайы актімен рәсімделеді (осы Талаптың 2-қосымшасы).

Барлық анықталған кемшіліктер дала жұмыстарына шыққанға дейін жойылады.

49. Дала бөлімшесінің дала жұмыстары аяқталғаннан кейін базаға шығу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау тұлғасын тағайындай отырып, ұйымдастырылған түрде жүргізіледі.

50. Әрбір дала бөлімшесінің құрамына санитарлық нұсқаушы тағайындалады.

Санитарлық нұсқаушыны тағайындау және дайындау, олардың құқығын және іс-әрекетін геологиялық барлау ұйымы анықтайды.

2-параграф. Вахталық кенттерді орналастыру және

лагерлерді ұйымдастыру

51. Дала бөлімшелері жұмыскерлерінің тұруы үшін дала жағдайында жұмыс жүргізетін ұйым жұмыстар басталғанға дейін вахталық кенттерді, уақытша базаларды немесе лагерьлерді орналастырады.

52. Лагерьді орналастыруға арналған орын партия басшылығының нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Елді-мекендерге жақын жерде лагерьлік тұрақтарды орналастыру жергілікті билік органдарымен келісіледі.

53. Лагерьді тіке орналасқан және құламалы еңкіштерде, үңгірлер түбінде және құрғақ арналарда, төмен орналасқан су басып қалатын және құлайтын жағаларда, өзен арналарында, аралдарда, үлкен ағаштар өсірілген жұлқыланбаған және төгілмейтін беткейлерде теңіз жағалаулары мен су ағыны аумағында, мал жайылымдары мен егістіктерде, сырғанақ қауіпті аумақтарда, ағаштар құлауы мүмкін алаңдарда орналастыруға жол берілмейді.

54. Палаткалар орналастыруға арналған алаңдар ағаштар мен тастардан тазартылады, кеміргіштер, улы жыландар мен насекомдардар қорғанатын жер болатын індер көміледі.

Палаткалар тығыз бекітіледі және су ағынына арналған арналармен көміледі. Лагерьдегі палаткалар арақашықтығы 3 м кем болмайды. Палаткаларда жылу және жылыту құралдарын орнату кезінде палаткалар арақашықтығы 10 м дейін арттырылады.

Палаткаға ену есігі осы жердегі желдің басым бағыты ескеріле отырып орналастырылады.

Жол берілмейді:

1) орман, шөпті далада, қамыс арасында және басқа жерлерде аумақтарды күйдіру арқылы тазартуға;

2) жеке тұрған биік ағаштар астында орналастыруға.

55. Кенелер, улы насекомдар мен жыландар таралған алаңда лагерлерді орналастыру кезінде жеке қараулар жүргізіп, ұйықтар алдында ұйықтау қапшықтары мен палаткалар тексеріледі.

56. Лагерьді жаңа орынға партияның жоқ жұмыскерлерін және жоғары тұрған ұйымның басшылығын жаңа лагерьдің нақты орналасқан жері туралы алдын ала толық хабардар етпей көшіруге жол берілмейді.

57. Лагерьде жұмыскердің немесе жұмыскерлер тобының болмауы белгісіз себептермен болмауы мүмкін адамдарды іздестіру үшін жедел шаралар қабылдауды талап ететін оқиға ретінде қаралады.

3-параграф. Орындар ауыстыру және бағыттарды жүргізу

58. Зерттеу бағыттары, жұмыскерлердің объектілер, уақытша тұру орындары және дала бөлімшелері базаларында ауысуы жердің топонегіздерінде (картада, жоспарда, сызбада) алдын ала салынған бағыттары бойынша жүргізіледі.

Картаға (жоспарға, сызбаға) базалық бағдарлар, құдықтар мен су айдындарының, су бекеттері арқылы бродттардың және басқалардың орналасуы салынады.

59. Дала бөлімшелері жұмыскерлерінің жұмыс объектілеріне, бағыттарға, аңға (балық аулау, және тағы басқа) шығуы жұмыс жетекшісінің келісімі бойынша жүргізіледі және журналда (осы Талаптың 3-қосымшасы) тіркеледі.

Жұмыскерлердің өз еркімен кетуіне жол берілмейді.

60. Жергілікті жағдайларды білетін лауазымы жағынан жоғары маман бағыт тобының (ауысу тобы) қауіпсіздігіне тағайындалған бақылау тұлғасы болып табылады.

Студент-практиканттарды және мамандығы бойынша бір жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандарды көп күндік бағыттарды жүргізу кезінде топ жетекшісі етіп тағайындауға жол берілмейді.

61. Партияның барлық жұмыскерлерін жергілікті жағдайда қатысты бағыттарда қозғалу ережелері туралы нұсқаулық беріледі.

62. Бағыттарда әрбір жұмыскердің пышағы, алғашқы көмек көрсетудің жеке пакеті және суланбайтын тыстағы сіріңке, бірін-бірі өзара көруді қамтамасыз ететін қоршаған орта түсінен айрықша айқын киімі (көйлек, сигналды кеудеше, бас киім және тағы басқа) болады.

63. Бағытты топтың халық орналаспаған, аз орналасқан және шөл аудандарда күнделікті азық-түлік қорынан басқа партия жетекшісі жұмыс ауданының нақты жағдайына және топтың қайтуының бақылау мерзіміне байланысты анықталатын азық-түлік пен судың авариялық қоры болады.

64. Топтың бағытқа шығуы алдында бөлімше басшысы оның топонегізбен, жабдықтармен, азық-түлікпен, сигналды, қорғаныс және құтқару құралдарымен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуін тексереді, топ басшысына бағытты жүргізу тәртібі туралы қажетті нұсқау береді, қайтудың жұмыс және бақылау мерзімін анықтайды, өз картасына (өңдеу сызбасына) белгіленген бағыт сызығын, оның учаскелерін өңдеу күнін және топтың түнеу орнын салады.

Топтың бағыттан қайтуының бақылау мерзімі нақты жағдайларға байланысты тағайындалады, бірақ қайтудың жұмыс мерзімінен бір тәуліктен артық болмайды.

Көп күнді жаяу бағыттарының саны ең аз мөлшерге дейін азайтылады. Оларды жүргізу бір күндік бағыттарды жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда жүргізіледі және негізделеді.

65. Бағытқа шығуға және жергілікті жерлердегі басқа да ауысуларға осы ауданға (жерлерге) көзделген және ауа-райының қолайсыз жағдайында немесе штормдық ескертулер кезінде жұмыс жасау жабдықтарынсыз жол берілмейді.

66. Бағыттық топтардың қозғалысы адамдар арасындағы тұрақты көру немесе дыбыс байланысын және өзара көмек көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін жинақты болады. Қатысушылардың біреуі көру және дыбыс байланысын жоғалтса, бағыттан қалып қойған жағдайда топ жетекшісі қозғалысты тоқтатады және қалып қойған адамды күтеді.

Таулы жерлерде топ қозғалысы кезінде адамдар арасында көру байланысын қамтамасыз етуге жол беріледі.

67. Халық орналаспаған жерлерде бағыттардың қозғалуы кезінде қайту жолын немесе топ қайтпаған жағдайда оны іздеуді жеңілдететін өткен жерлер айрықшаланатын белгілермен (вешкалармен, тастардан салынған белгілермен және тағы басқа) белгіленеді.

68. Метеорологиялық жағдай төмендеген жағдайда (қар жауу, күн күркіреу, қалың тұман және тағы басқа) өрт белгілері пайда болған жағдайда, жабайы аңдардың агрессиялық әрекеті кезінде бағытты тоқтатып, жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.

69. Бағыттағы жұмыстар тәуліктің жарық кезінде жүргізіледі және қараңғы түскенге дейін жұмыскерлердің лагерьге қайтуға үлгеруі ескеріле отырып аяқталады.

Маршрут бағыты өзгерген жағдайда жақсы көрінетін орында белгі қойылады және маршрут бағытының өзгеру себебі мен уақыты, әрі қарай жүру бағыты көрсетілген жазу қалдырылады.

70. Мартшруттық топ екі адамнан болғанда және оның біреуі қозғалуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, екіншісі зардап шеккенге мүмкін көмек көрсетіп, зардап шеккеннен алыстамай құтқару тобын шақыруға шаралар қабылдайды. Егер ол толық қауіпсіздікте көмек күтуге шамасы болса, зардап шеккен адамды уақытша қалдыруға болады. Кететін адам картада зардап шеккен адамның қалған жеріне белгі қояды.

71. Маршрутта бағдарын жоғалтқан жұмыскер маршрут бойынша әрі қарай қозғалуды тоқтатып, жақын орналасқан ашық жерге немесе биікке шығады, содан кейін сол орнында қалады. Қар көшкінін және өрт шығуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, биік және ашық орындарда түтінді сигналды алаулар (ату, ракеткалар, дауыспен және тағы басқа) жағып белгілер береді.

72. Байланыс жоқ маршруттық топ белгіленген мерзімде келмесе, бөлімше жетекшісі экспедиция (партия) басшысына хабарлайды, іздестіру жоспарын нақтылайды және іздеуге кіріседі.

73. Адасқан жұмыскерлерді бағдарлау үшін түнгі уақыттың белгілі сағаттарында партия лагерінен ракеталармен сигналдар беріледі.

Лагерьге жақын биіктікте (биіктік болмаған жағдайда шестеде немесе радиомачтада) ашық дала және шөл аудандарда фонарлар ілінеді.

Күндіз лагерде белгілі уақытта түтінді белгілер беріледі.

Сигналдар беру уақытын партияның барлық жұмыскерлері біледі.

74. Бір күндік маршруттан оралмаған топты іздестіру қайтудың бақылау мерзімі өткеннен кейін-12 сағаттан кешіктірілмей, көп күндіктен-24 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

75. Іздестіру отрядтарының құрамына партияның тәжірибелі жұмыскерлері енгізіледі. Әрбір іздестіру отряды картамен, компаспен, құтқару жабдықтарымен, азық-түлікпен, қарумен және байланыс құралдарымен дәрі-дәрмектермен жабдықталады, осы аудан жағдайында іздестіру және қозғалу тәртібі туралы нұсқаулық беріледі.

76. Жоғары тұрған ұйымның рұқсатынсыз іздестіруді тоқтауға жол берілмейді.

5-тарау. Әртүрлі табиғи жағдайларда қозғалу және

жұмыс істеу кезіндегі қосымша қауіпсіздік талаптары

1-параграф. Таулы аймақтарда

77. Тауда қозғалу және жұмыс істеу кезінде тастарды тастауға және тұрақсыз жерлерді лақтыруға жол берілмейді.

78. Үзілмелі және жарларда (300 артық) қорғаныс белдіктерімен, мықты тіреуге бекітілетін канаттармен сақтандырылады.

Тіреу болмаған жағдайда жұмыскерлердің өзара сақтануы ұйымдастырылады.

79. Тіке жарлар бойынша түсу және міну өзара көмек арқылы, ал ерекше қиын жағдайда-қорғаныс арқаны арқылы жүргізіледі.

Тіреу ретінде қаруды қолдануға болмайды.

80. Жар және қара карниздері бар учаскелер, қабырғасы әлсіз орналасқан үңгірлер бойынша қозғалу кезінде айқайлауға (атуға және тағы басқаға) жол берілмейді.

81. Тіке жарлар және бос жерлермен көтерілу және түсу ұзын зигзагтар бойынша жүргізіледі. Осы жағдайда қозғалатындар бір-бірінің үстіне орналасуға болмайды.

Тікелей жоғары көтерілуге жол берілмейді. Осылайша қозғалуға мәжбүр болғанда бір-бірінен ең аз арақашықтықта болады.

82. Тау мұздары арқылы қозғалу кезінде мұз жарылыстары, маскаланған қар немесе мұз қабықтары, гроттар және каверндер болғанда, олардың болуын ағып жатқан су шуы арқылы анықтауға болатын жағдайда қауіпсіздік сақталады.

Бұл жағдайларда белдік киіп, қосақталып альпинистік жіп арқылы бір-бірінен 15-20 м қашықтықта байланысып, альпенштоктар немесе шесттер арқылы қозғалады.

83. Фирналық және мұз жарлары және қырлары бойынша қозғалу мұз жару ботинкалары және альпинистік жіптер арқылы жүргізіледі. Мұз жарғыштар белдік арқылы қолға бекітіледі.

Мұз беттері және фирналық алаңдардың еңкіш беттерінде сырғанау әдісі бойынша түсуге жол берілмейді.

2-параграф. Өзен, ойпат, жалаңаштану батпақты жерлерде

84. Тіке үзілмелі өзен бойында және ойпаттарда қозғалу және жалаңаштануды (түсіп кетудік алдын алу, жүзіп кету, тастар мен ағаштардың құлауы) қарау абайлап жүргізіледі.

85. Жағалаудың құлау кромкасы жанында қозғалуға жол берілмейді.

86. Өзен бойында және ағыны ақырын ағындар арналарында, көпірлерде бату түбінен және сорылатын ұйық сақтанады.

87. Су бекеттері (өзендер, көлдер және тағы басқа) арқылы көшу кезінде қауіпсіздіктің келесі талаптары орындалады:

1) экспедиция, партиялар, отрядтардың су бекеттері арқылы көшуі үшін көшу және құтқару құралдарымен қамтамасыз етіледі;

2) өткелдер, көпірлері, уақытша өту көпірлері әртүрлі көшу құралдарымен барлық жағдайда таныс емес орындарда көшу орнын таңдау және зерделеу, көшу жоспарын әзірлеу, көшу, күзету және құтқару құралдарын тексеруді енгізетін мұқият дайындықтан кейін жүргізіледі;

3) көшудің барлық қатысушылары көшу жоспарымен және оны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларымен танысады;

4) бір жолғы және қысқа уақытты көшулер тәуліктің жарық уақытында жүргізіледі;

5) өткелдің шектік тереңдігі автомобильдер мен тракторлар үшін осы көлік құралының техникалық паспортында белгіленгеннен артық болмайды;

6) тау өзендері бойынша бөренелер бойынша немесе тасталған ағаштар бойынша уақытша өтулерді салу кезінде көшушілер сақтандыру үшін қосымша жіптер арқылы карабиндермен, дөңгелектермен немесе сырғанақ ілмектермен байланатын жіптен жасалған қанаттар тартады.

3-параграф. Орман аумақтарында

88. Орманда маршруттар жүргізген кезінде көру және дыбыс байланыс ережелері сақталады.

89. Қозғалу кезінде орман үйінділерінен оралып өтіледі. Орман завалдарын мәжбүрлеп өту кезінде шіріген ағаштардың құлауын болдырмау үшін абайлап жүргізіледі.

90. Орман өртінің кішкентай белгісінде (жану исі, аңдардың қашуы немесе құстардың бір бағытта ұшуы) топ жақын орналасқан өзен алаңына немесе алаңға шығады.

91. Жол берілмейді:

1) құрғап қалған ағаштардың құлауы мүмкін аумақта жұмыс істеуге;

2) құрғап қалған ағаштары бар орман учаскесінде қатты жел кезінде қозғалуға;

3) құрғап қалған ағаштарды құралдармен, тасымалданатын жүктермен және тағы басқаны ұруға;

4) күн күркіреуі кезінде биік және жеке тұрған ағаштардың астында тығылуға.

4-параграф. Қолданыстағы тау кен ұйымдарында және алдын ала барлауға алынған кен орындары алаңдарында

92. Қолданыстағы тау кен орындарында және бұрын барлауға алынған кен орындары алаңдарында (кен орындарына түсу, оларды қарау, олар бойынша қозғалу, завалдарды тазарту, бекіту және тағы басқа) осы Талаптың 18 және 19-тарауларында баяндалған қауіпсіздік талаптары орындалады.

6-тарау. Геофизикалық жұмыстар

1-параграф. Жалпы талаптар

93. Жұмыстар объектілеріндегі (бақылау пункттері, ұңғымада және тағы басқа) геофизикалық қондырғылар мен аппаратуралар жобалық құжаттамаларда көзделген сызбаларға (жоспарларға) сәйкес орналастырылады. Сызбаларда көрсетіледі:

1) қондырғылар бірліктерінің өзара орналасуы және оның қозғалу жолдары;

2) қондырғылар бірліктері арасындағы коммуникация және байланыс желілерінің орналасуы;

3) қауіпті алаңдардың, қызмет көрсету алаңдары және жеке құрамның өту жолдарының орналасуы.

Жобалық құжаттарда алаңдарды дайындау (тазарту, жоспарлау және тағы басқа) талаптары көзделеді.

94. Жергілікті жерлерде сымдар орналастыру кезінде (сейсмикалық қисық, электр барлау желелері және тағы басқа) олардың жолдар қиылысында зақымдануын ескерту:

1) қадақтарды 4,5 м кем емес биіктікте іліп қою немесе жерге көму. Ауада ілінетін сымдар ескерту белгілерімен (жалауша) белгіленеді;

2) темір жол желілері рельстері астына салынады.

95. Желілерді қысқа уақытта пайдалану кезінде (электр барлау кезінде профилирлеу әдісімен) сымдарды қатты жабуы бар және жол бөлігінде салуға жол беріледі. Бұл кезде:

1) қиылысу учаскесінде күзет қойылады, Күзетуші тәуліктің қараңғы кезінде жұмыс істегенде сигнализация құралдарымен қамтамасыз етіледі;

2) сымдар бойынша жылдамдығы 10 км/сағ дөңгелекті көліктердің жүруіне жол беріледі;

3) сымдарда қауіпті кернеулік болғанда көлік құралдары мен жаяу жүрушілердің жүруіне жол берілмейді;

4) оқшаулауы жеткілікті мықты емес сымдар резина шлангілермен оралады.

96. Әуе желісінің (бұдан әрі-ӘЖ) астынан ойпаттарда, балкаларда, жарларда және басқа орындарда салынатын сымдар тарту кезінде көтерілуі мүмкін сымдар жерге немесе оның бетінде бекітіледі. Сымдарды бұл жағдайда тарту арқылы ауыстыруға жол берілмейді.

97. Вилкалар, фишкалар, электр ажыратулар электр тізбектері мен құрылғыларды монтаждау үшін маркирленген және мақсатына сәйкес келеді.

98. Геофизикалық аппаратуралар мен қондырғыларға қызмет көрсетуге арналған ашық ауадағы жұмыстар күн күркіреу, қатты жел, борасын және тағы басқа қауіпті табиғи құбылыстар кезінде тоқтатылады. Сымдарға қосылатын, ғимараттан тыс орналасқан және күн күркіреуден сақтау құрылғысы жоқ аппаратуралар (антена, электр барлау желілері, сейсмо қисықтар, байланыс желістері және тағы басқа) күн күркіреу кезінде сөндіріледі, антеналардың төмендеуі жерге қосуға ауыстырылады, ал электр желілерінің жерге қосылмаған ұштары адамдар бар ғимараттан шығарылады.

99. Аппаратуралар мен қондырғыларға бірнеше жұмыскерлер қызмет көрсеткен жағдайда олардың арасында байланыс (сигнализация) орнатылады.

100. Байланыс құралдарын пайдалану кезінде оператор нақты өкім береді және орындаушыдан қайталауды талап етеді.

101. Байланыс пен сигнализацияның барлық түрін пайдаланған кезде бөлімшелерде барлық жұмыскерлер танысатын командалар мен сигнализациялар жүйесі әзірленеді.

102. Геофизикалық аппаратуралар жиынтығына енгізілген электротехникалық құрылғыларды пайдалану оның пайдалану және жөндеу құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

7-тарау. Жердегі әдістер

1-параграф. Сейсмобарлау жұмыстары

103. Жалпы талаптар:

1) жарылыс жұмыстары жүргізілетін партияларда қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу кезінде, жұмыскерлер жарылыс жұмыстарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен танысады;

2) сейсмобарлау отрядтарының персоналы (әрі қарай-отряд) жарылыс жұмыстары қауіпсіздігі талаптарын орындау бөлігінде жарушы және бақылау тұлғасының-жарылыс жұмыстары жетекшісінің нұсқаулығын орындау;

3) жарылыс жұмыстары кезінде сейсмостанция қауіпсіз аумақтан тыс орналастырылады. Қызмет көрсетуші персонал жарылыс кезеңінде қауіпті аумақтан тыс шығарылады. Бұрғылау және жарылыс бригадаларының (немесе бұрғылау-жару бригадаларының жұмыстары) бірлескен жұмыстары кезінде, жарушыдан (жарушылардан) басқалары жауынгердің дайындалу кезінде қауіпті аумақтан шығарылады;

4) сейсмоқабылдаушылар мен сейсмоқисықтар жұмыстарын жарушының рұқсатынсыз қауіпті аумақ шегінде жүргізуге жол берілмейді;

5) жарылыс жұмыстарының салдары жоюға жатады.

104. Сейсмокаротаж:

1) бұрғылау аппаратурасын ұңғымаға түсіру жөніндегі операциялар осы Талаптың 8-тарауының талаптарын сақтай отырып орындалады.

105. Сейсмикалық тербелістердің жарылмайтын көздері мен жұмыс істеу:

1) сейсмикалық тербелістердің жарылмайтын көздері мен жұмыс істеуді осы құрылғыларда жұмыс істеуге басшылық жасау құқығын беретін тиісті оқудан өткен бақылау тұлғасы іске асырады;

2) объектілерде құрылғылармен жұмыс істеу жұмыс жетекшісінің қатысуымен орындалады;

3) жұмыс учаскесінің абрисі жұмыс жетекшісіне және профилде жұмыс істейтін орнату тобының әрбір операторына беріледі.

Абристе көрсетіледі:

1) қозғалу кезінде және жұмыс істеу кезінде персонал үшін қауіптілік тудыратын учаскелер немесе жергілікті объектілер көрсетіледі;

2) объектілер, соның ішінде жарылмайтын көздері қолайсыз (жер асты және жер үсті коммуникациялар, тұрғын және өндірістік құрылыстар) жағдайлар туғызатын қорғаныс аумақтары;

3) қауіпсіз өту жолдары және жарылмайтын көздердің сипаттарын ескере отырып, пайдалану құжаттарында анықталған орнатылуы мүмкін учаскелер;

4) әсер ету өндірісі кезінде қызмет көрсетуші персонал пайдалану құжаттарында анықталған орындарда болады.

Барлық типтегі жұмыс істеп тұрған құрылғыларға бөтен адамдардың            20 м кем қашықтықта, баруына ал мачталарға мачтаның екі еселенген биіктігі қашықтықта баруына жол берілмейді;

5) барлық типтегі жарылмайтын көздермен жұмыс істеу жүргізілмейді:

жарылыстар бойынша қауіпті қатып қалған су айдындары мен болоталарда;

мүмкін опырылым, қопарылым, құрғақ және шіріген ағаштар (олардың екі еселенген биіктігінен кем) маңындағы учаскелерде;

объекті иесінің келісімінсіз қорғаныс аумағы шегінде;

6) жарылмайтын қозу көздері әсері болатын аумақтар тастардан, металл бөліктерінен, құрғақ ағаштардан және бұрғылаудан (орманда) және тағы басқа тазартылады;

7) мачталары бар құрылғыларды ауыстыру кезінде, жұмыс үзілісі кезінде жүктер мачтаның төменгі жағында болады және бекітіледі;

8) профиль бойынша қозғалу және мачталары көтерілген құрылғылар жолдары бойынша көшу, жұмыс жобасында көзделген жағдайдан басқа;

9) жұмыс және үзіліс кезінде көтерілген сейсмикалық антенналар-камералармен, тіреу плиталарымен, шағылысушылар астында жұмыс істеуге жол берілмейді;

10) тәуліктің қараңғы кезінде жарылмайтын көздері орналастырудың қауіпті аумақтары жарықтандырылады.

2-параграф. Электр барлау жұмыстары

106. Қауіпті кернеулік көздерімен жұмыс істеу кезінде персоналдың электр қауіпсіздігі жөніндегі біліктілік топтары болады.

107. Диэлектрикалық қорғаныс құралдарының, блокировкалардың, тыстары мен қоршаулардың, операторлар және желілердегі жұмыскерлер арасындағы байланыс құралдарының болуы, дұрыс жұмыс істеуі және жинақтылығы объектілердегі жұмыс жетекшілері күн сайын жұмыс басталуы алдында бақыланады.

108. Қауіпті кернеулік көздерімен жұмыс істеу (оларды қосу және токты қоректендіруші желелер мен тізбектерге беру) желілердегі операторлар мен жұмыскерлер арасындағы мықты байланысты қамтамасыз ету кезінде жүргізіледі. Қоректендіруші және қабылдаушы желілерде орындалатын барлық технологиялық операциялар жұмыскерлер таныстырылған алдын ала белгіленген және бекітілген сигнализациялар және байланыс командалары жүйесі бойынша жүргізіледі.

109. Сымдарды керу арқылы сигналдар беруге жол берілмейді.

110. Жүйенің жұмыс барысында негізделген өзгертулер жағдайында (сызба, режимдер, және тағы басқа) жұмыс жетекшісі объектіде барлық орындаушыларды өзгертулермен таныстырады.

111. Геологиялық барлау жұмыстары кезінде пайдаланылатын электр қондырғыларын, желілер құрылғыларын, жерге қосуларды орнату және пайдалану зауыт-шығарушының нормативті техникалық құжаттарымен сәйкес іске асырылады.

112. Елді мекендердегі қауіпті кернеулік көздері қорғалады: елді мекен емес жерлерде-оларды күзетсіз қалдыруға болады, бірақ олар бұл жағдайда қоршалады және ескерту плакаттарымен белгіленеді.

113. Қауіпті орындарда салынған желілер трассасы бойында және электр кернеулік көздеріне қосу орындарында «Кернеулік астында өмірге қауіпті!» ескерту плакаттары ілінеді.

114. Электр кернеулігі көздерін қосуды желілердегі барлық дайындау жұмыстары аяқталған соң оператор жүргізеді. Оператор электр кернеулігі көздерін өлшеу және сөндіру жұмыстары аяқталғанға дейін басқару пультінде болады.

3-параграф. Грави барлау, магнит барлау және

радиметрикалық жұмыстары

115. Профиль бойынша автомобиль көліктерінің қозғалуы үшін бақылау бекеттерінде геофизикалық приборлар көлік құралдарының оң жағынан жолдың жүру бөлігі шегінен тыс орнатылады.

116. Иондалған шағылысу көздерімен жұмыс істеу кезінде персоналдың радиошағылысудан сақтануын қамтамасыз етіледі.

Ашық тау-кен орындарындағы жұмыстар (радиометрикалық сынақтар, жыныстар үлгілерін таңдау және тағы басқа) осы Талаптың 18 және                   19 тарауларында баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.

8-тарау. Ұңғымалардағы геофизикалық жұмыстар

1-параграф. Жалпы талаптар

117. Геологиялық-технологиялық зерттеулерден басқа (әрі қарай-ГТЗ) бұрғылау процесіндегі ұңғымалардағы геофизикалық жұмыстар геофизикалық ұйымның бақылау тұлғасы маманының жетекшілігімен жүргізіледі.

Аварияларды жою аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.

118. Дайындалған ұңғымаларда геофизикалық жұмыстарды жүргізуге жол беріледі. Жұмыс объектілерінің дайындығы технологиялық регламентке сәйкес актімен расталады.

119. Геофизикалық қондырғыларды орналастыруға арналған алаңдар:

1) жұмысты ұйымдастыру жобасына сәйкес қондырғының қауіпсіз орналасуын қамтамасыз етеді;

2) қабылдау көпірі және ұңғыма аузындағы машинистің бақылау шартымен каротажды көтергіштің көлденең орналасуын қамтамасыз етеді;

3) авариялық жағдайда кедергісіз эвакуациялануын қамтамасыз ететін кіре-беріс жолдары бар;

4) жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына сәйкес қондырғының қауіпсіз орнатылуын қамтамасыз етеді;

5) тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылады.

120. Геофизикалық қондырғыларды жасанды ғимараттарда (эстакадаларда, теңіз бұрғылау құрылғыларында) орналастыру жобаға сәйкес жүргізіледі.

121. Бұрғылау құрылғыларының электрқондырғылары геофизикалық жұмыстар жүргізу алдында оның жұмысқа дайындығы тексеріледі:

1) геофизикалық қондырғылар мен аппаратураларды күштік немесе жарықтандыру желілеріне қосу үшін қондырғыны орналастыруға арналған алаңдардың шеттерінде (немесе одан 40 м артық емес) жерге қосу контактілі сөндіретін құрылығысы бар және 380 В кернеуліктегі унифицирленген төрт полюсті және 220 В үш полюсті ажыратқышы бар щит орнатылған;

2) геофизикалық қондырғының жекелеген жерге қосылатын сымдарының бұрғылау құрылғысының жерге қосу контурына қосуға арналған орны белгіленген; олардың қосылуы болттармен немесе струбциналармен орындалады.

122. Ұңғыма аузын орналастыру ұңғыма приборларының қауіпсіз түсірілуі мен көтерілуін қамтамасыз етеді.

123. Бағыттаушы блок (тартпалы ролик) немесе жердің блок балансы ұңғыма аузына қатты (болттармен, хомуттармен) бекітіледі. Оларды арқанды бұрандалармен бекітуге, ауыр заттармен қысуға жол берілмейді.

124. Ілмелі блок (ролик) ұршықтасқа штроптар немесе таль блок ілмегіне артпалы сақина арқылы тікелей ілінеді. Ілмелі блоктарды қорғаныс тыстарынсыз (қапсырмалар) қолдануға жол берілмейді.

125. Ілмелі және жер үстіндегі блоктарды бекіту бөлшектерінің мықтылығы көтергіштерді іске қосу кезінде блоктардың әрбір жөндеуінен кейін және жылына бір ретттен жиі емес кез келген жағдайда тексеріледі.

Таль блок тартпасының дұрыс жұмыс істеуі геофизикалық жұмыстарды жүргізу алдында тексеріледі.

126. Ұңғыманың бұрғылау қондырғысы барлық геофизикалық жұмыстар жүргізу кезінде оны пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұрғылау кезінде оларды орындау процесінде бұрғылау бригадасының вахтасы болады.

127. Геофизикалық жұмыстар кезінде (бұрғылау кезіндегі ГТЗ басқа) бұрғылау бригадасының басқа жұмыстарды орындауы объектідегі геофизикалық жұмыстар жетекшісінің келісімі бойынша жүргізіледі.

Бұл жағдайда геофизикалық жұмыстар жетекшісі бұрғылау бригадасының жұмыскерлеріне қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық жүргізеді және адамдардың қауіпті аумаққа баруына рұқсатты қамтамасыз етеді.

128. Геофизикалық жұмыстар (ұңғыманы қосымша өңдеу, ұңғымада қалдырылған приборларды бұрғылау трубалары арқылы көтеру) жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі бұрғылау агрегаттарының жұмысы кезінде геофизикалық бөлімшелердің персоналы бұрғылау жұмыстары жетекшісінің келісімі бойынша бұрғылау құрылғысында болады.

129. Бұрғылау трубалары арқылы жүргізілетін геофизикалық жұмыстар бұрғылау және геофизикалық ұйымдармен бірлесіп бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі.

130. Геофизикалық жұмыстар жүргізу алдында бұрғылау құралдары және инвентарьлар геофизикалық партияның жұмыс істеуіне кедергі жасамайтындай етіп орналастырылады және бекітіледі. Геофизикалық станциялар мен ауыздар арасында кабельдің және адамдардың қозғалуына кедергі келтіретін, каротажды көтергіш шығыры машинистінің ұңғыма аузындағы көруді шектейтін заттарды қоюға жол берілмейді. Ұңғыма аузындағы алаңдар және қабыдаушы көпірлер дұрыс жұмыс істейді және бұрғылау қоспасынан, мұнайдан, майлау материалдарынан, қардан мұздан тазартылған. Өтетін жерлерге кедергі жасайтын жерлерді жинау және заттардың ұңғыма приборларына тасымалдау мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың үстінен өтетін жерлер (траптар, көпірлер) орнатылады.

131. Геофизикалық қондырғыларды электр желісімен қосатын кабельдер жерден 0,5 м кем емес биіктікте ілінеді.

Геофизикалық қондырғыларды қоректендіру көздеріне қосу станцияның электр сызбасын жинауды аяқтағаннан және тексергеннен кейін жүргізіледі.

132. Салмағы 40 кг артық ұңғыма приборларын арнайы құралдар (тасушы, белдіктер, клещті захваттар және тағы басқа) арқылы тасымалдауға жол беріледі. Осындай және ұзын өлшемді приборларды (салмағына қарамастан 2 м артық) ұңғымаға түсіру және көтеру механизацияланған әдіспен жүргізіледі.

133. Ұңғыма приборларын, аппараттар мен жүктерді кабельдерге бекіту мықтылығы кабельдің шектік үзілу күшінен артық емес.

134. Кабел ұзындығы ұңғыма снарядын максимальды тереңдікке түсіру кезінде шығыр барабанында кабельдің соңғы орамы қатарында жартысынан кем емес қалатындай етіп қамтамасыз етіледі.

135. Ұңғыма снарядтарының түсуін (көтерілуін) бақылау кабельдің жылдамдығын, тереңдігін және керілуін өлшеу көрсеткіштері бойынша орындайды.

136. Блокқа ұңғыма аспаптарын тоздырмау үшін кабельге үш бақылау белгісі орнатылады.

Қоршау бағанының башмағына ұңғыма аспаптары жақындаған кезде және соңғы ескерту белгісі пайда болғаннан кейін кабельдің көтеру жылдамдығы төмендейді.

137. Каротажды көтергіш тұрақты тежеуішпен орнату орнында тіреуіш башмакпен (қадақтармен, якорьмен) кабельді керу кезінде шығырдың максималды жүк көтеруіне тең ауысуы болмайтындай етіп белгіленеді.

138. Ұңғымадан жұмысты бастау аладында тежеуіш басқару жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі, кабель салушының, көтергіштің қорғаныс қоршауы, шығырдың автомобиль рамасына бекітілу мықтылығы, геофизикалық қондырғының жерге қосылу сымдарының толықтығы тексеріледі.

139. Ескерту сигналы берілгеннен кейін жұмысты орындау процесінде адамдардың қауіпті зоналар аумағында болуына жол берілмейді:

1) ату-жарылысы және радиациялы қауіпті жұмыстар кезінде;

2) ілініп кеткен жерден босатылған кабельдер трассасынан көтергіштен ұңғыма аузына дейінгі арақашықтық кем емес;

3) ұңғыма аузынан және қозғалатын кабельден екі метрден кем емес.

140. Ұстаудан босату мақсатымен кабельдің тарту күші айыру күшінен  50 % жоғары емес.

141. Жарылғыш және радиоактивті заттары бар ұңғыма приборларын түсіру алдында бақылау шаблондау жүргізіледі: шаблон диаметрі, ұңғыма жабдықтары тиісті мөлшері мен салмағынан кем емес, ал ұзындығы мен салмағы артық емес.

142. Геофизикалық жұмыстарды жүргізу:

1) бұрғылау қоспасын жұтқан кезде;

2) кабелдердің керілуі пайда болғанда, ұңғыма снарядтарының бірнеше рет тоқтауы кезінде (снарядтардың белгілі орындарда немесе каверналарда тоқтауынан басқа жағдайда);

3) метеожағдайлардың төмендеуі кезінде, көрінудің 20 м төмендеуі, желдің штромдық деңгейге дейін (20 м/с артық) күшеюі, қатты мұз қатқанда тоқтатылады.

143. Ұңғымадан адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпті және авариялық жағдайлар пайда болғанда геофизикалық бөлімшелерінің қызметкерлері қауіпсіз орындарға жедел эвакуацияланады.

2-параграф. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің

электрлік әдістері

144. Өлшеуіш сызбасының қоректендіруші тізбегіне кернеулік ұңғыма приборын және зондты ұңғымаға түсіргеннен кейін беріледі.

Жер бетінде приборлардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру (градуирлеу, эталонирлеу) үшін токты қоректендіруші тізбекке қосу қажет болғанда отряд (партия) персоналына ол туралы ескертеді.

145. Өлшеулерді аяқтағаннан кейін және кабельдерді көтеруді мәжбүрлі тоқтату кезінде кабельдік желідегі кернеулік сөндіріледі. Зертхана мен көтергіштің ток көзінен ажыратқанннан кейін қорғаныс жерге қосуды алуға жол беріледі.

146. Ұңғыма приборларын, қосылатын бөлшектерді, токтардың электр зақымдануы бойынша қауіпті немесе оларды қоректендіруге арналған генерирлеушілерді жөндеу және тексеру кернеулік алынған кезінде орындалады. Кернеулік алынбай жұмыс істеуді талап ететін жөндеулер (өлшеу, жинастыру, тексеру) қауіпсіздік шаралары қолданыла отырып, шеберханаларда жүргізіледі.

3-параграф. Ұңғымалық геофизика әдістері

147. Ұңғыма приборлары мен зондтар тізбегінде қауіпті кернеулік пен токтарды пайдалану кезінде жер үсті аппаратуралары мен қондырғыларды қоректендіру үшін осы Талаптың 8 тарауы 2 параграфының талаптары басшылыққа алынады.

148. Жер үсті желілерді салу кезінде, жерге қосуларды орналастыру және онда жұмыс істеу кезінде ұңғымалық электр барлау әдістерінде осы Талаптың 17 тарауы 2 параграфының талаптары орындалады.

4-параграф. Ұңғымалардағы ату-жарылыс жұмыстары

149. Жарылыс материалдарынан жасалған бұйымдармен (әрі қарай-ЖМ) және ату-жарылыс аппараттарымен жұмыстың барлық сатысында жұмыс істеу кезінде қауіпті зоналарды анықтау, белгілеу және қорғау, электрмен жару қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталады.

150. Бұрғылау қоспасына (перфорациялық сұйық) әрбір ұңғымаға арналған қабаттар үшін тиісті ашу шарттарына сәйкес келетін параметрлерге геологтың және бұрғылау мастерінің қолы қойылған акт жасалады.

151. Қауіпсіздік шараларын қабылдаған жағдайда кернеулігі 36 В артық электрқұрылғыларын жансыздандыру аумағында пайдалануға (блокировкалау құрылғысын қолдану, электрқорғаныс класының артуы, сезімталдығы төмендеген жарылыс құралдарын қолдану және тағы басқа) жол беріледі.

152. Ұңғымадан электр қондырғыларын жансыздандырудан бастап аппаратты 50 м тереңдікке дейін түсіруге дейін 400 м радиуста электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Осы талаптарды орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда (ұңғыма шахталық аумақта, елді-мекенде болғанда) электр жарылыс желісін блокировкалау құрылғысын пайдалану талап етіледі.

153. Геофизикалық жұмыстар жетекшісі аттыру-жарылыс аппаратурасының іліп кетуін жоюға тартылатын бұрғылау бригадасының персоналына қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық жүргізеді. Іліп кетуді жою жөніндегі жұмыстар бақылау тұлғасының тікелей қатысуымен тікелей жетекшілік жасауымен және геофизикалық жұмыстар жетекшісінің бақылауымен жүргізіледі.

154. Ұңғымада іліп кеткен зарядталған аппаратты басқа аппаратпен аттыру арқылы жою объект иесі ұйым басшыларының және жұмыстарды орындаушылардың келісілген шешімі бойынша жол беріледі.

5-параграф. Бұрғылау процесінде ұңғымаларды

геологиялық-технологиялық зерттеу

155. ГТЗ станцияларын орнатуға арналған алаңдар және оларға коммуникациялар жеткізу келесі талаптарға сәйкес келеді:

1) олардың орналасуы бұрғылауға басқа көлік құралдарының еркін келуін қамтамасыз етеді;

2) станцияларды датчиктермен және шығару қондырғыларымен байланыстыратын қосу кабельдері тіреулерге ілінеді немесе кез келген көлік құралдарымен және жылжымалы механизмдермен зақымдану мүмкіндігін болдырмайтын қорғаныс құралдарында болады. Датчиктер кабельдері бұрғылау бригадасының жұмысына кедергі келтірмейді;

3) алаңға бұрғылау қондырғысының күштік жинау қондырғысының жеке сөндіруші құрылғысынан өткізгішті бұрғылау және су контурынан жерге қосатын 380 В кернеулік беріледі;

4) станцияға баратын жолдар жарықтандырылған, ал қолайсыз метеорологиялық жағдайларда олардың бойында леер (жіптер) жүргізіледі.

156. ГТЗ зертханалары және бұрғылау станциялары сөйлесу құрылғыларымен байланыстырылған.

157. Салмақ датчигін монтаждау (демонтаждау) жүктемесі азайтылған талий жүйесінде жүргізіледі. Салмақтың датчигі талий арқаны ұшының бекітілуінің дұрыс жұмыс істейтін механизміне немесе бұрғылау еденінен 2 м артық емес биіктіктегі талий арқанға орнатылады.

158. Жүктеме желісінде қысым датчигін алу және орнату қысымды атмосфералыққа дейін төмендетуден және насостың қосылуына қарсы шаралар қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

159. От қауіпті материалдарды сақтау және пайдалану өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

160. ГТЗ бөлімшелері қызметкерлерінің бұрғылау бригадасының жұмыс процесі кезінде онда орналасқан геофизикалық қондырғыларға қызмет көрсету бұрғылауға кіруі бақылау тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.

6-параграф. Ұңғымаларды және гидродинамикалық

зерттеулерді сынау

161. Сыналатын қаттарды кабельге түсіруге дайындау көпірлерде, төселімдерде техникалық пайдалану нұсқаулығына, технологиялық регламентке сәйкес келеді.

162. Ұңғымада сынама алу құралдарын герметизациялау арнайы құралдар арқылы жүргізіледі.

9-тарау. Аэрогеофизикалық жұмыстар

163. Әуе көліктерін (ұшақтар, тікұшақтар) пайдалану кезінде бортоператорлар және фотооператорлар ретінде оқулардан өткен, медициналық куәландыруы бар және жұмыстарды қауіпсіз орындау нұсқаулығынан өткен тұлғаларға жол беріледі.

Нұсқаулық азаматтық авиация қызметкерлерімен жүргізіледі.

164. Аэрогеофизикалық жұмыстарды жүргізуге жіберілген тұлғалар қызметтік жолаушыларды тасымалдауға арналған авиациялық көліктерді пайдалану, сыртқы ілмекте жүктерді тасымалдау және құрылыс-монтаждау жұмыстар, ұшыру кезінде түсірулер кезіндегі қауіпсіздікті реттейтін қолданыстағы нормативтік актілерді, әуекөліктері және жер қызметтерінің шартты белгілерінің кодтарын біледі.

165. Партия бастығының тапсырмасы ретіндегі ұшудың әзірленген жоспары экипаж командиріне белгіленген үлгіде рәсімделеді.

166. Рұқсат беру құжаттарын әзірлеу (ұшуға тапсырыс беру, ұшу тапсырмалары), ұшу аппараттарында геофизикалық аппараттарды орнату, геофизикалық қызметтер және әуе компаниясы қызметтері қызметкерлерінің авиациялық көлік пайдаланудың барлық сатыларындағы өзара қатынасы, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі олардың арасындағы міндеттерді бөлісуі түсіру ұшуларын реттейтін технологиялық регламентпен анықталады.

167. Ұшу аэродромында двигательдерді іске қосудан олардың қону аэродромында бұрандалары толық тоқтағанға дейін, қонудың аралық орындарды болу уақытын қоса алғанда ұшуға қатысатын барлық қатысушылар кеме командиріне бағынады және оның барлық нұсқауын орындайды.

168. Ұшу және қону уақытында:

1) ұшуға қатысатын барлық адамдар әуе кемесі командирінің нұсқаулығынсыз жұмыс орындарын тастамайды;

2) түсіру аппаратурасын тексеруге, әуе кемесі командирін ұшуға (қонуға) қатысы жоқ және ұшу қауіпсіздігіне қауіп төнуіне байланыссыз сұрақтармен көңілін аударуға жол берілмейді.

169. Ұшу кезінде түсіру аппаратурасын қосу (сөндіру) фюзеляжды жиналатын құрылғылардан тыс шығару және жинау әуе кемесі командирінің рұқсатымен жүргізіледі.

170. Тікұшаққа тросты немесе кабель тросты ілгіште ілінетін шығу гондолында геофизикалық аппартураларды (гравиметрлер мәліметтерін қолданған кезде) орналастыру кезінде арнайы трос кесушілер қолданылады.

Пиробытыралы трос кесушімен жұмыс істеу кезінде ЖМ жұмыс істеу ережелерін біледі.

171. Қоректендірудің аэродромдық көздерін қолдана отырып, жерде түсіру аппаратурасын қыздыру және сынау үшін қосу бортмеханиктің қатысуымен жүргізіледі. Жұмыс істемейтін каналдардың жекелеген блоктарының электрқоректендіру көздері сөндіріледі.

172. Аппаратураны жерден қоректендіру агрегаттарының двигательдері ұшақ (тікұшақ) тұрағынан 50 м жақын орналастырылмайды.

173. Түсіру аппаратурасының электр қоректендіруін әуе кемесін жанар маймен толтыру кезінде қосуға жол берілмейді.

174. Оператор-геофизик ұшу орындау кезінде ұшу аппараты экипажымен және жердегі топтарымен байланыс қамтамасыз етіледі.

175. Тікұшаққа ілінетін табан гравиметрлерінің тросты ілгіштің ұзындығы 40 м кем емес.

176. Табан гравиметрлерінің қабаттары түсіру (көтеру) жүргізілетін тікұшақ люктерінің қоршаулары мүмкін, ал қабат құрылғысын бақылайтын бортоператор сақтандыру белдігімен және қорғаныс көзілдірігімен жұмыс істейді.

177. Тросты ілгіште тікұшаққа ілінетін немесе кабель-троспен түсірілетін табан гравиметрлерінің жұмысында жол берілмейді:

1) қолайсыз ауа-райы жағдайында (бұлттылық биіктігі 150 м кем, көрінуі 3 км кем, жел жылдамдығы 20 м/с);

2) тростардың ағаштармен шатысуы мүмкін тұтас орманда;

3) жазғы және күзгі-көктемгі маусымда учаскенің бұлттанған жерлерінде;

4) ӘЖ өтетін профиль учаскелерінде.

178. Әуекөліктері құралдары (десантты-түсіру жұмыстары, ауа алаңдарынан таңдалған қону орындары) жанындағы жұмыстар жүргізу кезінде:

1) ашық от көздерін соның ішінде темекі шегу орындарын да ұшақтан (тікұшақтан) қауіпсіз қашықтықта пайдаланылады;

2) қондырғылар жұмыс істеп тұрған бұрандалардан 25 м кем емес қашықтықта орналастырылады және жұмыс істелінеді;

3) әуе көлігі құралдарының ұшу (қону) бағытынан ұшу (қону) орнына қарай 50 м кем емес қашықтыққа алыстатылады.

179. Мәжбүрлі қону, таңдап алынған алаңдарға (уақытша аэродромдар) қону кезінде:

1) әуе кемесі командирінің рұқсатымен және қызметтік істер бойынша (авариялық жағдайдан басқа) әуе кемесін тастау;

2) әуе кемесінен тікелей көріну шегінде жалғыз шығу;

3) алдын ала белгіленген сигнал бойынша әуе кемесінің тұрағына жедел қайту.

180. Аэрогеофизиклық жұмыстар орындайтын барлық қызметкерлерді сигнализация құралдары, борт тағамдары, дәрі қорапшасы, суға арналған ыдыстар, құтқару кеудешелермен (су үстінде жұмыс істеу кезінде) қамтамасыз ету.

10-тарау. Жер асты кен қазбаларындағы геофизикалық жұмыстар

181. Жер асты кен қазбаларында геофизикалық жұмыстар орындайтын жеке құрам осы Талаптың 15, 18 және 19 тарауларының талаптарын орындайды.

182. Қолданыстағы кен кәсіпорындарында геофизикалық жұмыстар жүргізу кезінде осы ұйымның жеке құрамы басшылыққа алатын қауіпсіздік талаптары орындалады.

183. Жұмыстар жүргізуге арналған учаскелер ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес анықталады.

184. Кен орнында жұмыс басталу алдында жер асты жағдайында жұмыс істеуге жіберілген барлық қызметкерлер кен қазбаларында орналасқан аварияларды жою, негізгі және көмекші шығу орындарымен таныстырылады.

185. Жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар анықталған жағдайда жұмысты тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, бақылау тұлғасына хабар беріледі.

186. Геофизикалық аппаратураны орындау геофизикалық жұмыстар орындалатын кен орынның, қазбалардың газ шаң режимі талаптарына сәйкес келеді.

187. Қазбалардағы тасылымдарды бақылау кезінде қауіпсіз қашықтықта аппаратураның орналасу орнының екі жағынан ескерту белгілері қойылады.

188. Бақылау тұлғасының рұқсатынсыз қазбалар қабырғалары мен төбелерін жалаңаштауға арналған бекітпелерді алуға жол берілмейді.

189. Өрлеме ұңғымаларда ұңғымалардан жыныстар бөліктерінің құлау жағдайында қауіпсіздік қамтамасыз ететін қондырғыларсыз геофизикалық зерттеулер жүргізуге жол берілмейді.

11-тарау. Ядролық-геофизикалық әдістер

190. Барлық ядролық-геофизикалық және радиометрикалық зерттеулерде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету радиоактивті заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындалады.

191. Кен қазбаларында өлшеулер жүргізу және зертханалық зерттеулерге сынамалар дайындау үшін осы Талаптың 18, 19 және 20 тарауларының тиісті талаптары басшылыққа алынады.

12-тарау. Гидрогеологиялық және

инженерлік-геологиялық жұмыстар

192. Ұңғымаларды бұрғылау, монтаждау, демонтаждау және бұрғылау және басқа да құрылғыларды, қондырғыларды (соның ішінде су көтеру) жылжыту, көпірлер орнатумен (жасанды забой), колонналар құю, ұңғымаларды жөндеу және жою байланысты ұңғымалардағы цементтеу жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

193. Қаттардың үзілуі, ұңғымаларды тұзды қышқылды өңдеу, технологиялық регламентке және осы Талаптың 6 тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

194. Тәуліктің қараңғы кезінде жұмыс істеу кезінде жұмыс орындары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады.

195. Жұмыс алаңы жоспарланады, тазартылған және ыңғайлы кіре-берісі мен кіру жолдары болады.

Қазаншұңқырларда, карьерлерде және тағы басқа жерлерде орналасқан бақылау бекеттеріне баратын жолдар мен троптар жергілікті жерде қауіпсіз жүруге орналастырылған; түсу үшін (300 артық еңіс кезінде) қоршаулары бар сатылар орнатылған.

196. Бақылау-өлшеу құралдарына ыңғайлы бару қамтамасыз етіледі. Өлшеулерді алу үшін алаңдар жабдықталған: алаңдардың 1 м артық биіктікте орналасқан кезінде оның 1,25 м қоршауы болады және қоршауы бар сатылармен жабдықталған.

197. Кен қазбаларында гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық жұмыстар бақылау тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.

Кен қазбалары сенімі желдеткішпен қамтамасыз етіледі, ал бақылау-өлшеу құралдары, механизмдер мен құрылғылар аттыру жұмыстарынан кейін мұқият тексеріледі.

198. Жол берілмейді:

1) кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларында, оларды тікелей жұмыстар жүргізілу кезінде жұмыстар жүргізуге;

2) ақауы бар түсіру-көтеру қондырғыларымен гидрогеологиялық құралдарды түсіруге және көтеруге;

3) насос құрылғылары мен объектінің басқа учаскелерінде объектідегі жұмыстарды орындаумен айналыспайтын адамдардың болуына.

199. Жүктеме немесе қысым жағдайында тұрған құрылғыларды, өлшеу аппаратураларын, қысымды трубаларды, ауа құбырларын, насостарды, гидравликалық құрылғыларды бөлшектеуге және жөндеуге жол берілмейді.

13-тарау. Гидрогеологиялық жұмыстар

1-параграф. Тәжірибелік су тарту, жүктемелер, құюлар

200. Компрессорлық құрылғылар мен ауа құбырларын пайдалану қолданыстағы өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Эрлифті және жүктеме су тартуы кезінде қолданылатын ұңғымалар арматуралары, қондырғылары, бір жарым жұмыс қысымына престелген. Опрессовка жасау нәтижесі актімен рәсімделеді.

201. Ұңғыма бекітілген колонналардың орама трубаларының жоғарғы жағы жоба талаптарына сәйкес келеді.

202. Ұңғымадағы су труба құбыры немесе шлангі арқылы жұмыс алаңынан тыс шығарылады. Бұл жағдайда тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды су алу, жолдарды жуып кету және тағы басқа жол берілмейді.

Су ағызылатын трубақұбыры немесе шланг су төгу орнына қарау еңіс орнатылады және жобаға сәйкес сенімді бекітіледі.

203. Жол берілмейді:

1) фонтан тәрізді ұңғымаларда олардың ауыздарын жабдықтағанға дейін байқауға;

2) ұңғымадан су шығаратын труба астында болуға;

3) су ағызылатын трубаға қарсы тұруға.

204. Бекітпесі ескірген құдықтардан, ұңғымалардан, ауыздары бекітілмеген шурфтар мен шахталардан тәжірибелік су тартуға жол берілмейді. Шурфтармен, басталатын шурф, шахта немесе ұңғымадан су тарту кезінде қазбалар ауыздары мықты щиттермен жабылады.

205. Өлшеу бактары арқылы дебиттерді өлшеу кезінде:

1) бактар олардың мықтылығын қамтамасыз ететін арнайы алаңға орнатылады;

2) бак сыйымдылығы 200 л артық болған кезде ол төгу қондырғысымен жабдықталады.

206. Жанатын газдар бөлінетін ұңғымаларда жол берілмейді:

1) өлшеулерді контактілі деңгей өлшеуіштермен және басқа да жарылыс қауіпті құралдармен жүргізу;

2) орама трубаларды күтуге және оларды болат заттармен ұруға;

3) ұңғыма жанында темекі шегуге немесе ашық от ұстауға.

207. Су тарту жүргізетін байқаушыға немесе шеберге жазғы уақытта жаңбыр мен желден тасаланатын орынмен, қыста жылынатын ғимаратпен жабдықталады.

208. Ұңғымадан суды науашықтар арқылы су тарту кезінде оларды ұңғыма аузынан алу және су төгу үшін бұрылатын науашық көзделеді.

209. Ұңғымаға жобаға сәйкес келмейтін фильтрлер секциясын, бұрғылау және орама трубаларды түсіруге жол берілмейді.

210. Ұңғыма тереңдігі 5 м, фильтрлер диаметрі 75 мм артық болғанда фильтрлерді орнату, түсіру және көтеру жүк көтеру механизмдері арқылы іске асырылады.

211. Электр сымдары бар жүктемелі насоспен су тарту кезінде жол берілмейді:

1) насостың су көтеру колоннасын трубаларға арналған тиісті құрылғылар мен хомуттарсыз орналастыруға;

2) зарарсыздандырылмаған кабель кезінде насосты түсіру және көтеру;

3) электродвигательдерге жұмыс істейтін бригада немесе шығыр жағынан кабельдер қосуға, қоректендіруші кабель су көтеру колонналарына бір-бірінен 15 артық емес қашықтықта қапсырмалар арқылы бекітіледі; электрмен жүктелген насостардың іске қосу механизмдері құлыпқа жабылатын будкалар немесе ғимараттарда орналастырылады.

212. Насос агрегаттарына қоректендіру желісінде (тәжірибелік ққрылғының жұмыс алаңымен қатар) қажет болған жағдайда электр қондырғылардан кернеулік алынатын ортақ ажыратқыш орнатылады.

213. Қолданыстағы және тасталған қазбаларда гидрогеолоогиялық байқаулар осы Талаптың 18 тарауының талаптары сақталған жағдайда жүргізіледі.

214. Шурфтар немесе шахталарда орналастырылған насостармен су тарту кезінде олар қоршалады.

215. Жүктемеге арналған насостық құрылғының екі манометрі болады: насосты немесе құятын тампондаушы жасайтын құрылғының басында.

216. Тампондарды ұңғымаларға орнату алдында:

1) ұңғыманың оқпанын әзірлеп, оны шаблондар бойынша тексеру;

2) бір-екі колонналы тампондарда қосылулардың дұрыстығына көз жеткізу, пневматикалық және гидравликалық тампондардың қорғаныш қалқаншаларының дұрыс жұмыс істеуін, ауа магистральдары мен оқшаулаушы құрылғыларды тексеру.

217. Бір-екі колонналар тампондарды ұңғымаға орнату кезінде жобаға сәйкес патрубкалар кілттерін өсіруге жол беріледі.

218. Ұңғымаға 0,5 МПа жоғары қысымда су беруге арналған трубақұбырлары және басқа да табиғи тіреулер тіреулерге салынады.

219. Трубақұбырларында пайда болған тығындарды насостың көмегімен итеруге жол берілмейді. Сынамаларды тоқтатып және тығындардың жойғаннан кейін қайта жаңғыртылады.

220. Зерттелетін ұңғыма интервалына су жиналғаннан және бұранданы жапқаннан кейін ұңғымадан су шашырауы мүмкін ауа бұрандасы жанындағы су өлшеуішінің жанында тұруға жол берілмейді.

221. Тереңдігі 1 м және одан артық уақытша су қоймасын (қазаншұңқыр) тәжірибелер жүргізу үшін биіктігі 1,25 м қоршаулармен қоршалады немесе тақтайлардан жасалған төсеулермен жабылады.

222. Кен жыныстарының фильтрациялау коэффициенттерін шурфтарға немесе ұңғымаларға құю әдісімен анықтау кезінде келесі шарттар сақталады:

1) тұрақсыз жыныстарда шурфтар қабырғалары қазбаның барлық тереңдігі бойына бекітіледі;

2) су беруге арналған өлшеуіш бактар шурф аузынан 1 м кем емес қашықтықта орналастырылады және сенімді бекітіледі;

3) ұңғыманың ауыздары жабдықталады, ал шурфтар су деңгейін өлшеуге арналған саңылаулармен жабылады.

2-параграф. Режимдік байқаулар

223. Режимдік байқаулар кезінде:

1) режимдік байқаулар объектілері тексеріледі және қозғалыстың қауіпсіз бағыты таңдап алынады; қауіпті орындарды (карстілі түтікшелер, түсіп кеткен орындар және мибатпақтар) жергілікті жерде белгіленеді; оларды айналып өту болмаған жағдайда өтетін жерлер жабдықталады;

2) ылдыйлы жағалау жарларында су өлшеу бекеттеріне бару жолдарында сатылар, түсетін орындар, сатылық жүретін орындар, биіктігі 1,25 м кем емес қоршаулармен жабдықталған өтетін көпірлер салынады, оларды саздан, қардан мұздан тазартып, құм немесе күл себеді;

3) байқау жүргізу сызбасы, жоспары және кестесі жасалады;

4) әрбір топқа қозғалудың нақты бағытын көрсете отырып, учаскелер бекітіледі;

5) топтар алыс орналасқан учаскелерге жіберілген кезде аралық түнеу орындары және топтың қайтуының бақылау уақыты анықталады.

224. Көпірлер тұрағына, жағалық және басқа да ғимараттарға су өлшеу таяқшаларын орнатумен айналысатын қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, су түсіп кетуден сақтандырылады.

225. Режимдік байқау кезінде жол берілмейді:

1) 2 адамнан кем топты өлшеуге жіберуге.

Ескерту: қала және елді-мекен бекеттеріндегі гидрорежимдік байқауларды бір адам жүргізуге жол беріледі;

2) қар борау, боран және тәуліктің қараңғы кезінде байқау жүргізу;

3) су өлшеу таяқшасының жанында жүзіп жүрген мұз немесе су айдынынан мұздың жылжуы байқалған жағдайда су өлшеу үшін таяқшаға баруға және суға түсуге;

4) төменгі жақтағы, шурфтағы және басқа да орындарда газдың жиналуы мүмкіндігі бар орындарда газдалған ұңғымалардың ауыздары жабдықталады; газдалатын ұңғымаларда қауіпсіздіктің ескерту белгілері қойылады;

5) байқау желілеріне жобаға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін құдықтар енгізіледі.

3-параграф. Гидрометрикалық жұмыстар

226. Жүзу құралдарын пайдалана отырып, гидрометрикалық жұмыстар жасау кезінде су көлігіндегі қауіпсіздік талаптары орындалады.

Кеме қатынасы немесе жүзетін өзен арқылы арқан тарту су көлігінің қозғалысын және су шаруашылығын пайдалануды реттейтін ұйымның жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.

227. Гидрометрикалық жұмыстарды катер немесе понтоннан жүргізу кезінде құтқару құралдары бар қайықтар болады.

228. Қайықта және понтонда мұзжарғышта, тұманда, тәуліктің қараңғы уақытында желдің жылдамдығы 4 балдан жоғары болғанда, ар өзен катерлерінде-желдің жылдамдығы 5 балдан жоғары (Бофорт шкаласы бойынша) болғанда өзен және су айдындарында жұмыс істеуге және жылжуға жол берілмейді.

229. Якорь беру кезінде қайық тұмсығымен ағынға қарсы бағытталады және оның тепе-теңдігі сақталады.

230. Су айдынының тереңдігі 6 м дейін болғанда өлшеу жұмыстары өлшеу құрылғылары арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстарды жүргізетін қызметкер құтқару белдігімен жұмыс істейді және суға түсіп кетуден сақтандырылады. Өлшеу құрылғысы ағынның бағытына қарай ұсталады.

231. Көлденең профильдер бойынша тереңдікті өлшеуге жол беріледі:

1) еспелі қайықтар мен катерлерден ағын жылдамдығы 1,5 м/с дейінгі өзендерде;

2) тиісті қуаттылықтардағы моторлы қайықтар мен катерлерден ағын жылдамдығы 1,5 м/с артық өзендерде;

3) өлшеу кемесінің түрі мен двигатель қуаттылығының ағыны қатты өзендерде (2 м/с артық) жергілікті жағдайларға байланысты анықталады.

232. Тереңдікті өлшеу құрылғысымен немесе өзендік кемелерден лотпен өлшеу ақырын жүру арқылы (1 м/с дейін) жүргізіледі.

233. Жол берілмейді:

1) жұмыстар жүргізу кезінде бортта және орындықтарда тұруға. Өлшеу құрылғысы салмағының 10 кг артық болғанда оны көтеру және түсіру арқылы қолдануға;

2) лот-линьді қолға орауға.

234. Жүзу, қисық галстар немесе ағынды көлденең өлшеу кезінде өлшеу құрылғысы және лот ағынға қарай қайықтың немесе катердің жоғарғы бортынан тасталады.

Өлшеу кемесінің корпусына өлшеу құрылғысы түскен немесе ілініп қалған жағдайда ол жедел жіберіледі.

235. Катерден өлшеу кезінде жұмыс орны леер немесе биіктігі 1,1 м кем емес фальшбортпен қоршалады.

Қайықтан өлшеу кезінде қызметкер қайықтың мұрындық бөлігінің табанында ағынға қарай борттың жоғарғы жағына бетімен тұруға.

Өлшеу кемесі қатып қалғанда тереңдікті белгілеу және лот арқылы өлшеуге жол берілмейді.

236. Эхолотпен жұмыс істеу кезінде:

1) су тарту дірілдегіштерін орнату оларды трос немесе жіппен кемеге ілгеннен кейін жүргізіледі;

2) эхолоттың қақпағы жұмыс кезінде жабылады;

3) катерге (шлюпка) орнатылатын эхолоттың бөліктері тепе-тең орналастырылады.

237. Шығыр және кран-балка қолданбай борттан тыс қандай да бір құралдарды тастауға және ұстауға жол берілмейді.

238. Жол берілмейді:

1) барлық құралдар судан көтерілмей және көлік жағдайында бекітілмегенге дейін якорьды көтеруге;

2) ауада шығырларда бос бекітілген гидрометрикалық құралдары бар қайықтарда ауысулар орындауға;

3) шешілмеген тұтқалар кезінде шығыр тежеуішінде гидрометрикалық құралдардың түсірілуіне;

4) храпты механизмі жоқ гидрометрикалық құралдарды түсіру үшін шығыр пайдалануға.

239. Гидрометрикалық жұмыстар жүргізуге арналған понтондар, көпірлер биіктігі 1,25 м қоршаулармен жабдықталған.

240. Кептелу аумағында жұмыс істеуге жол берілмейді.

241. Уақытша даладан төмен гидрометрикалық жұмыстар жүргізу кезінде су тасу жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

242. Су тасқыны, толқулар, орман балқуы және басқа да қиындатылған жағдайларда жұмыс істеу кезінде барлық құтқару құралдары бар кезекші қайық болады.

243. Ағын жылдамдығы 1,5 м/с өзендерде жұмыс істеу кезінде якорь жүзетін құралға қажетті жағдайда шабылып тасталатын арқанмен бекітіледі.

244. Гидрометрикалық жұмыстар жүргізу кезінде трос арқылы тұстамалар белгілеу өзен ағынының 2,5 м/с дейінгі жылдамдығында жол беріледі.

Арқанның мықтылығы есепке сәйкес келеді. Арқан күндіз жалаушалармен, түнде фонарьлармен белгіленеді. Арқан тартушы құрылғылар дұрыс жұмыс істейді, қажет болғанда жылдам батыруды қамтамасыз етеді.

Тіреулер бекітуінің мықтылығы арқанның және механизмдердің дұрыс жұмыс істеуі жұмыс басталар алдында тексеріледі.

245. Арқан жұмыс істемеген уақытта өзен түбіне, ал механизмдер, тартушы арқандар өшірілген және оларды бөтен адамдар қосу мүмкіндігі болмайтындай шаралар қабылданады.

246. Арқан бойынша қозғалу үшін құралдар (ілмектер, тізбектер, және тағы басқа) қолданылады. Арқаннан қолмен ұстауға жол берілмейді.

247. Жол берілмейді:

1) арқанмен мұз бұрғылау кезінде бұрғылауды жылдамдату мақсатында мұз бұрғылау құралының жоғары жағына денемен құлауға;

2) тұманда, қар боранында, қатты қар жауу кезінде мұзда жүруге.

248. Диаметрі 20 см оймалар қадалармен қоршалады. Мұз жанындағы жолдарда және елді мекендерде диаметрі 20 см оймалар оюға жол берілмейді, диаметріне байланыссыз, олар қоршалады.

Барлық оймалар мерзімді қардан тазартылып, олардың маңындағы мұздарға құм себіледі.

249. Мұзда тұрақты және ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді жылытуға арналған орындар орнатылады.

250. Жүзу құралдары бар гидрометрикалық жұмыстар кезінде өтетін кемелерге жақындауға жол берілмейді.

251. Гидрометрикалық тұстамаларды гидрогеологтар (гидрологтар) таңдайды. Өзеннің ауыз жағында, өзен қайраңында, шоңғалдарда және басқа қауіпті орындарда тұстамаларды орнатуға жол берілмейді.

14-тарау. Инженерлік-геологиялық жұмыстар

252. Тау жыныстарының компрессиондық және жылжымалы қасиеттерін анықтау кезінде дала тәжірибелерін жүргізу кезінде:

1) құралдарды орнату кезінде арқандар, хомуттар, ілмектер және рычагтардың жарамдылығын, ал жүктемелік қабаттарда бекіту құрылғысының мықтылығын, тіреулер мен домкраттар орнату кезінде ауыр салмақтағы ілмелі рычагтардың орналасуын, олардың құлауына қарсы шаралар қабылдай отырып тексеріледі;

2) рычагтарды бір жаққа қарай жылжытқан жағдайда жылжыту параметрлерін анықтау үшін құралдарды қосу үлгілер арқылы жүргізіледі;

3) тәжірибелер жүргізілетін қазбалар қабырғалары мен төбелері бекітіледі, қазбаларды жер үсті және жер асты суларымен толтырылуының алдын-алу шаралары қабылданады. Қазбаларда тәжірибе жүргізуге тікелей қатысушы адамдар болады;

4) авария кезінде адамдардың жедел шығуын қамтамасыз ететін қазбалардан еркін шығу орындары болады;

5) құрылғылар мен қондырғылар түрлері дала сынамалары үшін шектік есептік жүктемелерге байланысты таңдалады; жер астына анкерлік бағандарды тереңдету кезінде тіреу балкасының мүмкіндігі есептік мүмкіндігінен 25 % артық.

253. Тау жыныстарының компрессиялық және жылжу қасиеттерін анықтау үшін дала тәжірибелерін жүргізу кезінде:

1) қазбаларда қабаттардың алыну кезінде адамдардың болуына;

2) жүк платфоомасы мен рычагтары астында адамдардың болуына жол берілмейді.

254. Егер тәжірибе уақытында жарамсыздық анықталған жағдайда тәжірибені тоқтатып, барлық жарамсыздықтар жойылғаннан кейін қайтадан басталады.

255. Шурфтарға жаңбыр және қар суларының түсуін болдырмау үшін соңғылары щиттермен және палаткалармен жабдықталады және шурф шетінен 1,0-1,5 м кем емес қашықтықта жер астынан валмен қоршалады.

256. Жер асты қазбаларында тәжірибелік жұмыстар жүргізу кезінде тәжірибелік камераның төбесіндегі тіреу бетон жастықтар 0,4 м кем емес тереңдікте салынатын анкерлік якорьлармен бекітіледі.

Бетон жастықтарды дайындау сапасы олардың статикалық жүктемелер кезінде бұзылу мүмкіндігін болдырмайды.

257. Тәжірибелер жүргізуге арналған жұмыс жүктемесінде орнатылған гидравликалық домкраттар жұмыс жүктемесі 25 % артық болатын жүктеме кезінде сыналады. Домкраттарды сынау оларды жөндеуден кейін жүргізіледі, бірақ жылына 1 реттен жиі болмайды.

258. Гидравликалық домкраттарды пайдалану кезінде жол берілмейді:

1) жарамсыз домкраттармен, гидравликалық жастықтармен, насосты агрегаттармен, май жүргіштермен және манометрлермен жұмыс істеуге;

2) домкраттың поршень штогының, оның ұзындығынан ¾ бөлігінен артық шығуына;

3) шығатын тығынды жылдам бұрандау арқылы қысымды күрт төмендетуге.

259. Гидроқұрылғының екі жарамды манометрі болады: біреуі насоста, ал екіншісі-жастықта немесе домкратта.

260. Жол берілмейді:

1) насосты жабық бұрандалармен қосуға;

2) максимальды жұмыс қысымынан жоғары қысымды жоғарылатуға жол беруге.

261. Гидроқұрылғыны іске қосу кезінде тәжірибе жүргізумен айналысатын барлық қызметкерлер олардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілетін орындарда болады.

262. Электр қуатының кенеттен тоқтатылуы кезінде насос агрегатына қызмет көрсетуші тұлға насосты жұмыс істеуге қосатын электрдвигательді сөндіреді.

263. Байқау бекеті және гидравликалық құрылғының авариялық жарықтандыруы болады.

264. Тау қазбаларындағы жыныстардың қозғалу параметрлерін анықтау жөніндегі тәжірибелер жүргізу кезінде құрылғы кемінде екі бұранды домкратпен бекітіледі.

265. Гидравликалық жастықтармен бұрандалы домкраттарды қолдана отырып, тәжірибелік құрылғыны пайдалану кезінде оның сақтандыру металл (алынатын) тысы болады, ал бұрандалы домкраттардың сақтандыру металл белдігі болады.

266. Әрбір жүргізілген тәжірибеден кейін камера технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі және қауіпсіз жағдайға келтіріледі.

267. Прессиометрлер арқылы жыныстардың сығылғыштығына және кедергісіне, ұңғымада жылжуына тәжірибе жүргізу кезінде келесі шарттар орындалады:

1) анықтау алдында шлангілер, газ редукторы, бұранда, баллондар жарамдылығын тексеру;

2) анықтауды қысқы мезгілде жүргізу кезінде ұңғыма аузының үстінен жылытатын ғимарат салу;

3) манометрлер көрсеткіштерін бақылау және қысымның шектен жоғары болуына жол бермеу.

268. Жол берілмейді:

1) сынау жүргізу кезінде ұңғыма аузының үстінде болуға;

2) приборлар, өлшеу аппаратураларының жарамсыздығы, ауа шығуы, редуктор қалқаншасының тежелуі, деформация мегзегішінің аномальды көрсеткіші кезінде тәжірибе жүргізуге.

Жарамсыздық анықталған жағдайда сынақ жүргізу тоқтатылады, жоғары қысым көздері сөндіріледі, ал прессиометр жүйелеріндегі қысымдар түсіріледі.

269. Пенетрационды-каротажды станциялармен жұмыс істеу кезінде радиоактивті заттармен және пайдалы қазбаларды іздестіру және барлау кезінде иондалған шағылысулардың басқа көздерімен жұмыс істеу қауіпсіздігі, осы Талаптың 6 және 15 тарауларының талаптары қамтамасыз етіледі.

270. Жер астарын динамикалық зондирлеу арқылы дала сынауларын жүргізу кезінде:

1) жұмыс алдында және жұмыстың әрбір сағатында соққы элементтерінің, оның қосалқы құрылғыларының жарамдылығы, бағыттау жағындағы оның бекітілу мықтылығы тексеріледі, құрылғының соққы механизмінде жарықтардың болмауына көз жеткізіледі;

2) өлшеулер толық сөндірілген және механизмнің тежеуіш құрылғысына қойылғанда жүргізіледі;

3) штангілердің резьбалық қосылуларының бекітілу мықтылығы тексеріледі.

271. Статикалық зондирдеу әдісі бойынша дала тәжірибелерін жүргізу кезінде:

1) жұмыс басталу алдына пенетрационды құрылғы бекітуінің мықтылығы, оның ұңғымамен бір осьте болуы және ортақ болуы, алаңның көлбеулігі тексеріледі;

2) құрылғының гидравликалық жүйесінің жарамдылығы тексеріледі.

272. Жол берілмейді:

1) пенетрационды құрылғылардың соққы элементтері әсер ету аумағында, гидравликалық домкраттармен жүктемелік алаңдарға жақын жерде адамдардың болуына;

2) бұрандалы домкраттарды қолдана отырып, компрессионды, жылжымалы жер асты қасиеттерін анықтауға статикалық зондирлеуге.

273. Динамикалық зондирлеу үшін құрылғыларды пайдалану кезінде компрессорлық құрылғыларды пайдаланудың техникалық және осы Талаптың 15-тарауының талаптары сақталады.

15-тарау. Бұрғылау жұмыстары

274. Кіре-беріс жолдарын салу, бұрғылау құрылғыларын салу, қондырғыларды, жылыту, жарықтандыру құрылғыларын орнату жоба бойынша жүргізіледі.

Жобалар қондырғыларды пайдаланудың техникалық шарттарына және осы Талапқа сәйкес әзірленеді.

275. Бұрғылау құрылғысы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жұмыс қауіпсіздігін арттыратын механизмдермен және қосалқы құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

276. Бұрғылау құрылғыларында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер мен мамандар жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдаланады.

Бұрғылау құрылғыларында қорғаныс бас киімдерінсіз болуға жол берілмейді.

16-тарау. Құрылыс монтаждау жұмыстары

1-параграф. Жалпы талаптар

277. Бұрғылау құрылғысынан тұрғын үй және өндірістік ғимараттарға, темір және шоссе жолдарының күзет аумақтарына, инженерлік коммуникацияларға, ӘЖ дейінгі қашықтығы мұнара биіктігінен кем емес және оған 10 м қосылады, ал магистральды мұнай және газ құбырларына дейін қауіпсіз аумақ қашықтығынан кем болмайды.

278. Елді мекендерде және өнеркәсіп ұйымдары аумағында бұрғылау құрылғыларын монтаждау өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша жобада көрсетілген жұмыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ететін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралары жүргізу шартында аз қашықтықта жүргізуге жол беріледі.

2-параграф. Бұрғылау құрылғыларын орналастыру

279. Бұрғылау мұнаралары болат арқандарды тартпалармен бекітіледі. Тартпалар бекітулерінің саны, диаметрі және орны дайындаушының техникалық құжатына сәйкес келеді.

Тартпалар диогональды жазықтықта жолдармен, әуе электр желілерімен, маршты сатылармен және өтпелі алаңдармен қиылыспайтындай болып орнатылады.

Тартпалардың төменгі жақтары тарпа муфталар арқылы якорьға бекітіледі. Тартпалар бекітулері кемінде үш қысқышпен орындалады.

Жол берілмейді:

1) екі тартпаның бір якорьға бекітілуіне;

2) жалғасқан арқаннан тартпаларды орнатуға.

280. Саусақтар, білте орналастыру және білте қабылдау доғасы олар сынаған жағдайда құлаудан сақтандырылған және ерітінді сулар блогы мен элеватор қозғалысына кедергі жасамайды.

281. Мұнара немесе мачта биіктігімен өлшенетін ұшақтар (тікұшақтар) биіктікте ұшу мүмкіндігі бар аудандарда бұрғылау құрылғысының мұнарасы мен мачталарында сигналды оттар болады.

282. Стационарлық және жылжымалы бұрғылау қондырғыларында жұмысшы (негізгі) шығу жағынан қалыңдығы 70 мм кем емес, көпірдің ені 2 м кем емес тақтайдан, 1:25 еңіс орналасқан қабылдау көпірі орнатылады. Қабылдау көпірінің төсеу бойынша ұзындығы 14 м кем болмайды.

Бұрғылау және орама трубаларды қабылдау көпірі маңында орналастыру үшін трубалардың сырғанаудан қорғайтын қосалқы құрылғысы бар сатылармен жабдықталады.

Өздігінен жүретін және жылжымалы бұрғылау құрылғыларын бұрғылау, колонкалы және орама трубалармен жұмыс істеуге арналған сатылармен жабдықтауға жол беріледі. Бұл жағдайда бұрғылау құрылғысынан негізгі шығатын орын траптармен немесе екі жақты қоршауы бар сатылармен жабдықталады.

283. Бұрғылау насостарының сақтандырғыш құрылғылары сақтандыру қалқаншасы кенеттен іске қосылған кезде қабылдау ыдысына жуу сұйығы тасталатын төгу желісімен жабдықталады.

284. Төгу желісінің күрт бүгілуі болмайды және қатты бекітіледі.

285. Бұрғылау насостарын және оның байлауларын опрессовкалау салалық стандарттарға сәйкес дайындаушы жүргізіледі. Монтаждау кезінде опрессовка дайындаушының пайдалану құжаттарына, жобаға және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Опрессовка нәтижесі актімен рәсімделеді және техникалық құжаттарында тіркеледі.

286. Бұрғылау насостары сақтандыру қалқаншасы дайындаушының техникалық паспортына сәйкес жинақталады.

3-параграф. Бұрғылау мұнараларын монтаждау, демонтаждау

287. Мұнаралар мен жүктерді (шығыр, тіреу, жебе, арқан, блок, домкраттар) көтеру механизмдері мен құралдарының максималды мүмкін жүктемеге қатысты дайындаушының салалық стандарттарына сәйкес мықтылық қоры болады.

Көтеру басталғанға дейін көтеру механизмдері, құралдар, арқандар, тізбектер және басқа құрылғылардың техникалық жағдайлары техникалық құжаттарды тіркей отырып, жұмыс жетекшісі жүргізеді.

288. Мұнараны көтеру алдында жетекші:

1) мұнараның дұрыс жиналуына;

2) мұнара элементтерінде қалып қойған құралдар немесе басқа заттардың болмауына;

3) көтеру жүйесінің дұрыс жабдықталу және арқанмен бекітілуіне;

4) тіреу плиталарының бекітілу мықтылығына көз жеткізеді.

289. Жинақталған бұрғылау мұнарасын көтеру және түсіру мұнарадан оның биіктігінен 10 м қоса алғанда қашықтықта орналасқан көтеру шығыры, крандар немесе тракторлар арқылы жүргізіледі. Жұмыскерлер де осы қашықтықта болады. Мұнараның тіреу аяқтарының негізі оларды көтеру кезінде жылжуын болдырмау үшін мықты бекітіледі.

Көтеру шығырларының фрикциалық және храпты тежеуіштері болады.

290. Көтерілетін мұнара мұнараның құлап кетуіне кепілдік беретін сақтандыру трапымен жабдықталады.

291. Бұрғылау мұнарасын жинау, бөлшектеу және жөндеу жүргізілетін белдеуде қалыңдығы 70 мм кем емес тақтайшадан тұтас жабулар орнатылады.

292. Монтаждау және демонтаждау кезінде мұнара белдіктеріне адамдарды көтеру үшін ілмелі баспалдақтар, маршты сатылар немесе тонельді түрдегі сатылар орналастырылады. Көтеру биіктігі 5 м артық болғанда сатылар мұнара конструкциясына бекітіледі, бұл жағдайда марштық сатылар және тоннельді түрдегі сатыларды қолдануға жол беріледі.

4-параграф. Жылжымалы және өздігінен жүретін

құрылғыларды монтаждау, демонтаждау

293. Талий жүйесін жабдықтау және крон локты алаңы жоқ мачтаның кронблоктарын жөндеу саты-баспалдақ қолдана отырып, мачта түсірілген жағдайда немесес осы Талаптың 2 тарауының талаптарын сақтай отырып арнайы алаңдарда жүргізіледі.

294. Өздігінен жүретін және жылжымалы бұрғылау құрылғыларының мачталары жұмыс жағдайында бекітіледі: бұрғылау процесінде оның дөңгелектерінің жылжуын болдырмау үшін мықты бекітіледі.

5-параграф. Бұрғылау қондырғыларын монтаждау, демонтаждау

295. Жүк көтеру крандарын қолдана отырып, бұрғылау құрылғыларын монтаждау, демонтаждау құрылғының қолданыстағы талаптарына және жүк көтеру крандарын қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес іске асырылады.

296. Қозғалатын заттарды қондырғы механизмдері, тартпалар арқылы қолдап және бағыттайды.

Көтерілтін жүктерде және оларды қозғалту жолында тұруға жол берілмейді.

6-параграф. Бұрғылау құрылғыларын қозғалту

297. Стационарлы және жылжымалы бұрғылау құрылғыларын қозғалту бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі. Бақылау тұлғасына (жұмыс жетекшісі) қауіптілігі жоғары учаскелері (ӘЖ, газмұнай құбырлары және басқа учаскелер) көрсетіле отырып, бұрғылау құрылғысын жылжытудың бекітілген жоспары және трасса бағыты беріледі.

Мұнараларды және бұрғылау құрылғыларын жылжыту трассалары алдын ала таңдалады және дайындалады. Трассаның түсуден көтерілуге күрт ауысуы және керісінше ауысулары болмайды. Мұнаралар мен бұрғылау құрылғыларының қозғалуына рұқсат етілген бір жақты еңістер құрылғының (мұнараның) техникалық паспортымен және пайдалану құжатымен рұқсат етілгеннен артық болмайды.

Трасса жақтардың бағыты бойынша сол жақта белгіленетін қадалармен белгіленеді. Қадалар бір-бірінен 100 артық емес қашықтықта орналастырылады, ал трасса бұрылыстарында және жабық жерлерде-олардың көрінуін қамтамасыз ете отырып орнатылады.

Көрінуі жақсы учаскелерде қадалар орналастыру міндетті болмайды.

298. Бұрғылау құрылғыларының мұнараларын қатты тұман, жаңбыр, қару жауу, көк тайғақ, желдің күші 5 баллдан жоғары болғанда (немесе мұнаралары жоқ блоктарда 7 балл), ал күрт қиылысатын орындарды қатты 4 баллдан жоғары желде (Бофорт шкаласы бойынша) қозғалтуға жол берілмейді.

Бұрғылау құрылғыларын тәуліктің қараңғы уақытында жылжыту кезінде жылжитын бұрғылау құрылғысы мен тягач арасындағы трасса қозғалу бағытына қарай жарықтандырылады.

299. Тіке жағдайда қозғалатын мұнарадан тракторларға дейінгі қашықтық мұнара биіктігі және 10 м қосқандағы қашықтықтан кем емес. Жергілікті жердің қолайсыз жағдайларында бұл қашықтық қысқаруы мүмкін, бірақта бұл жағдайда мұнараның құлауына қарсы сақтандыру тартпасының қолдану міндетті.

Мұнараны еңіс қозғалту жағдайында оның сырғанауын болдырмау үшін мұнара негізіне бекітілетін сақтандыру тартпасы қолданылады.

Мұнаралар қозғалу кезінде осы жұмыспен айналыспайтын адамдардың мұнараның бір жарым биіктіктегі қашықтықтан кем қашықтықта болуына жол берілмейді.

300. Бұрғылау құрылғыларының немесе мұнаралардың қозғалуы кезінде оларда қалған барлық заттар және қозғалатын заттар бекітіледі. Қозғалатын бұрғылау құрылғыларында адамдардың болуына жол берілмейді.

17-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау

1-параграф. Жалпы талаптар

301. Ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі жұмыстар жоба, геологиялық-техникалық наряд болған кезде бұрғылау құрылғысын монтаждау аяқталған және бұрғылау құрылғысын пайдалануға қабылдау туралы актіні (осы Талаптың 4-қосымшасы) рәсімдеуден кейін басталады.

2-параграф. Бұрғылау қондырғысын және құралдарын пайдалану

302. Талий жүйесінде бұрғылау станогының (құрылғысының) паспортында рұқсат етілген арқандар қолданылады.

Талий жүйесін жабдықтағаннан кейін бақылау тұлғасы талий жүйесінің конструкциясын, арқан ұзындығын және диаметрін, сертификат номерін, дайындалу күнін және арқанның іліну күнін қарау Журналына жазады.

303. Талий арқаны шығыр барабанынан барабан конструкциясымен көзделген құрылғы арқылы бекітіледі.

Түсіру және көтеру операцияларының барлық жағдайында шығыр барабанында арқанның үштен кем емес тармағы қалдырылады.

Бұрғылау құрылғысының машинисті барлық жұмыс істеуші арқандарды ауысым алдында қарап шығады.

304. Талий арқанының қозғалмайтын ұшы құрылғылармен бекітіледі, мұнараның элементтеріне жанаспайды.

305. Арқанды көтеру құралдарымен қосу сынабекітпе арқылы және кемінде үш бұранда қысқыштар немесе арқанды құлып арқылы жүргізіледі.

306. Болат арқандарды кесу және отау құралдар арқылы іске асырылады.

307. Арқандарды түсіру көтеру операцияларында келесі жағдайларда қолдануға жол берілмейді:

1) арқанның бір тармағы үзілгенде;

2) диаметрі 20 мм дейінгі арқанның қосылу қадам ұзындығында үзілген сымдар саны 5 %, ал диаметрі 20 мм артық арқанда 10 % құрағанда;

3) арқан тартылған немесе шатысқан және оның ең кіші диаметрі 90 % құрайды және бастапқысынан кем;

4) өзекшенің жыртылуынан бір тармағы қысылған;

5) арқан оралып қалғанда.

308. Түсіру-көтеру операцияларын жүргізу үшін завод дайындаушылардың салалық стандарттарын қанағаттандыратын заводтарда сериялық шығарылатын жүк көтеру құрылғылары мен құралдар (элеваторлар, фарштулдар, жартылай автоматты элеваторлар, ұршықтас-тығындар және басқа да құрылғылар мен құралдар) қолданылады.

309. Бұрғылау насостары және олардың байламдары (компенсаторлар, трубақұбырлары, шлангілер және сальниктер) пайдалануға енгізу алдында насостың техникалық паспортында көрсетілген есептік максимальды қысымға опрессовкаланады.

Насостың сақтандырғыш қалқаншасы жұмыстарды ұйымдастыру жобасында көрсетілген опрессовка қысымы төмен болғанда іске қосылады.

310. Насостар байламдарын опрессовкалау кезінде қауіпті аумақта болуға жол берілмейді.

311. Опрессовкалауға арналған құралдарды демонтаждау жүйедегі қысым алынғаннан кейін жүргізіледі.

312. Опрессовка нәтижесі актімен рәсімделеді.

313. Жол берілмейді:

1) жетекші труба маңындағы жүктемелі шлангінің байлануын және оның құлауын болдырмауды ескертетін құралдарсыз жұмыс істеуге;

2) насостардың қысқы уақытта ұзақ тоқтап тұрғаннан кейін жүктемелі трубақұбырының өтімділігін және төгу желісін тексермей іске қосуға;

3) трубақұбырларында пайда болған тығындарды насоспен айдауға;

4) трубақұбырларды, шлангілерді, сальниктерді оларға жуу сұйықтарын беру кезінде жөндеуге;

5) шлангілерді насоспен, сальникпен және өзара сымдар, істіктер және қапсырмалар арқылы қосуға;

6) жүктемелік шлагілерді тербелуден және жетекші трубадан оның айналасында оралып қалуынан қолмен ұстауға;

7) айналып тұрған жетекші трубаны өлшеуге.

3-параграф. Механикалық колонкалы бұрғылау

314. Жол берілмейді:

1) мұнара саусақтарына орнатылмаған білтелерді қалдыруға;

2) қабылдау көпірінен бұрғылау, колонкалы және орама трубаларды көтеруге және оларды 1,5 м/с артық болатын элеватор қозғалысының жылдамдығында түсіруге.

315. Көлденең ұңғымаларды бұрғылау кезінде жетекші труба барлық ұзындығы бойынша қоршалады.

316. Бұрғылау трубаларын сазды ерітінділерден тазарту құралдармен көтеру кезінде жүргізіледі.

317. Бұрғылау трубаларының білтелері ұзындығындағы айырмашылық 0,5 м артық емес жол беріледі, бұл жағдайда білтелердің минимальды ұзындығы жұмыс алаңының едені деңгейінен 1,2 м кем емес, ал білтелердің максимальды ұзындығы-1,7 м артық болмайды.

318. Шпиндельдің механикалық бытыраларын бекіту шпиндельді толық тоқтатып, айналдырушының қосу және сөндіру тұтқасының нейтральды жағдайға қайта қосқаннан кейін жүргізіледі.

319. Сальникті, бұрғылау трубаларын, бұрау және қайта бұрау жөніндегі операциялар алаңда жасалады. Биіктікте жұмыс істеу осы 2 тарауының талаптарын сақтай отырып орындалады.

320. Бұрғылау трубаларын ұңғыма аузынан білте орналасатын орыннан және кері қарай орын ауыстырған кезде, трубаларды мұнаралар саусақтарына орнату үшін ілмектер қолданылады. Жоғарғы алаңда орналасқан ілмектер байланады.

321. Жыныстарды бұзатын құралдарды бұрау және қайта бұрау және кернді ілінген колонкалы трубалардан алып шығу келесі шарттарды орындай отырып жасалады:

1) труба ілінген жағдайда тежегішпен ұсталады, трубаларды ұршықтас-тығында, оралмалы элеваторда немесе жабық және ілмекпен фиксацияланған жартылай автоматты элеварторда ілуге жол беріледі;

2) трубаның төменгі жағынан еденге дейінгі қашықтық 0,2 м артық емес.

322. Жартылай автоматты элеваторларды пайдалану кезінде:

1) элеваторды ұршықтас-амортизаторға ілу;

2) периметрі бойынша металл борттары бар биіктігі 350 мм кем емес білте қоятын тұғырларды қолдану;

3) элеваторды білте бойынша көтеру кезінде машинист білті тұғырынан   1 м кем емес қашықтықта болады.

323. Колонкалы трубадан кернді алу кезінде жол берілмейді:

1) ілмелі жағдайда тұрған колонкалы трубаны төменгі жағынан қолмен ұстап тұруға;

2) ілінген колонкалы трубадағы керн жағдайын қолмен тексеруге;

3) кернді колонкалы трубаны шырақ арқылы сілкілеп, колонкалы трубаны қыздыру арқылы алуға.

324. Жол берілмейді:

1) түсіру көтеру операция процесінде элеваторларды түсіру кезінде бастарын бекітуге;

2) бұрғылау бытырасының кенеттен тоқтаған жағдайда бытыраны салынбалы вилкаға немесе шарнирлі хомутқа орнатқанға дейін ұңғымада элеваторды және бастарын түзетуге, түсіруге және енгізуге.

325. Бұрғылау трубаларын труба бұру арқылы бұрау немесе қайта бұрау кезінде оларды басқаруға машинистке рұқсат етіледі.

Труба бұруды басқару батырмасы вилкамен басқару батырмасының бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі болмайтындай етіп орнатылады.

326. Труба бұру жұмыстары кезінде:

1) айналмалы білтені қолмен ұстауға;

2) бұрғылау трубасының құлып саңылауына вилканы салуға немесе оларды толық тоқтағанға дейін алуға;

3) құлыпты және ниппельді қосулардағы 2,5 м артық саңылаулар мөлшерінен артық болатын ұзартылған тұтқалы және барланған жетекші вилкаларды қолдануға;

4) қатты тартылған резьбалық қосуларды босату үшін қосымшы труба кілттерін қолдануға;

5) резьбалық қосуларды босатудың бастапқы сәтінде жүргізушінің айналу бағытында тұруға;

6) труба бұруды қосуды жүргізу, егер салынатын вилка центраторда еңіс орналасса, ал вилканың соңғы жағы қақпақтар арасындағы шығынқы жердегі тереңдетілген орынға кірмесе жол берілмейді.

327. Алынбалы керн қабылдаушымен бұрғылауға арналған труба ұстаушымен жұмыс істеу кезінде:

1) бұрғылау трубаларын қысу үшін труба диаметріне тең желкендер қолданылады;

2) труба колонналарын қысу ол толық тоқтағаннан кейін іске асырылады;

3) бұрғылау колоннасының қозғалысы ашық труба ұстаушы кезінде іске асырылады;

4) колонкалы бытырасын ұңғымадан көтеру алдында және бұрғылау алдында желкендер қалқаншасы алынады.

Труба ұстау педалін аяқпен ұстауға болмайды және бұрғылау колоннасы қозғалу кезінде ұңғыма аузынан тікелей жақын жерде тұруға болмайды.

4-параграф. Сығылған ауамен үрлеумен және

газ сұйықты қоспалармен бұрғылау

328. Ұңғыма аузының қондырғылары бұрғылау құрылғысының жұмыс алаңына тозаңдалған ауаның, аэрирленген сұйықтың және газ сұйықты қоспаның (көпірік) өту мүмкіндігін болдырмайды.

329. Ұңғымаларды көпірік қолданумен бұрғылау кезінде циркуляциялық жүйе тұйықталған. Ұңғымадан шығатын көпірік көпірік бұзушыда бұзылады.

330. Компрессорлық құрылғылар мен ауақұбырларын монтаждау және пайдалану қысыммен жұмыс істейтін компрессорлық құрылғылар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.

331. Компрессорлы сығымды құрылғылар (әрі қарай-КСҚ) пайдалануға беру алдында және жөндеуден кейін опрессовкаланады. Опрессовка КСҚ орнатылған бұрғылау насосы опресстелетін қысымға техникалық сумен қысымдалып жүргізіледі. Опресссовка нәтижелері актімен рәсімделеді.

332. Ауа құбырларында бұрғылау құрылғысының шегінде ауа қысымын көрсететін манометр, ұңғымаға ауа берілуін реттейтін бұранда және қауіпсіз аумаққа ауа жіберетін сақтандырғыш қалқанша орнатылады.

Манометр байқауға ыңғайлы орынға орнатылады.

333. Ұңғымаларды көпірік қолдану арқылы бұрғылау кезінде бұрғылау трубаларының колонналары сыртқы жағына қарағанда муфты мен құлыпты қосулардан оңай ажыратылатын кері қалқаншалармен жабдықталады.

334. Кері қалқаншалар құралдар арқылы бұрап алуға дейін түсіру көтеру операцияларын жүргізу уақытында колоннадағы қысым төмендетіледі.

335. Қоқыстар мен аэрирленген сұйықтарды шығаруға арналған трубалар желдетілген жағынан орналастырылады және ұзындығы 15 м кем болмайды.

Қоқысталған ауаны атмосфераға тікелей шығаруға жол берілмейді. Оны тазарту үшін қоқыс аулаушы орнатылады.

336. Герметизацияланған құрылғылар мен тозаңнан ЖҚҚ болғанда құрғақ жыныстарды ауамен үрлеу арқылы ұңғымаларды бұрғылауға (кондуктордың астынан бұрғылау) жол беріледі.

337. Ауа құбыры 10 минут ұстала отырып, бір жарым қысымда тығыздалады. Опрессовка жүргізілгеннен кейін қалдық қысым қалдырылады.

338. Жүктеме желіде ауаның (көпірік) артық қысымы болғанда жол берілмейді:

1) сальниктегі тығындарды бұрап алу немесе ажыратқыштағы саңылауды сынақ аралық материалдарды салу үшін ашуға;

2) бұрғылау бытырасын арттыруға;

3) ауақұбырын, арматураны, сальникті жөндеуге.

339. Жол берілмейді:

1) шлангіні бүктеу арқылы ауа жіберуді тоқтатуға;

2) қатып қалған шлангілерді ашық отпен жылытуға.

5-параграф. Соққы-арқанды бұрғылау

340. Станок жанындағы жұмыс алаңы таза ұсталады және шығарылатын жыныстар жүйелі тазартылады, ал қысқы уақытта мұзбен қардан тазартылады.

Кеңейту кескіштерін толтыру кезінде оны орап отырғызылған трубаларға түсіру кезінде кескіштердің қолды кесіп кету мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылданады.

341. Құрал-жабдықтар және науашық арқандардың максималды мүмкін жүктемеге қатысты 2,5 кем емес мықтылық қоры болады.

342. Науашық пен бұрғылау бытырасын ұңғымаға түсу кезінде бағыттау үшін, тербелістен ұстау үшін және басқа жаққа қарай тасымалдау үшін тасталатын тастама ілмектер қолданылады.

343. Жол берілмейді:

1) бұрғылау бытырасы үшін бағыттайтын құрылғысы жоқ ұңғымаларды бұрғылауға;

2) бұрғылау бытырасын көтеруге және түсіруге, соққы механизмі іске қосылған жағдайда ұратын басын бекітуге;

3) қашауды ілінген жағдайда ауыстыруға;

4) бұрау механизмінің жұмыс істеу кезінде кілттік әсер ету радиусында болуға және тартылған арқан бағытында болуға;

5) науашық қалқаншасын тікелей қолмен ашуға;

6) бұрғылау бытырасын және науашықтарды олар ұңғымаға түсу кезінде қолмен бағыттауға, тербелуден ұстауға және көтеру кезінде оларды бір жағына қарай алып кетуге;

7) бұрғылау бытырасын және науашықтарды олардың мачтаға мықты бекітпей ілінген жағдайда тастауға;

8) резбалары әлсізденген бұрғылау бытырасын қолдануға;

9) ұңғымалар ауыздарын жұмыс шарттары талап етілмей ашық тастауға;

10) диаметрі 500 мм артық ұңғыма ауыздарын қоршамай тастауға;

11) орама трубалар мен басқа ауыр салмақты заттарды станок мачтасы арқылы 10 м артық қашықтыққа бағыттаушы роликтер болмаған жағдайда тартуға;

12) колонна трубаларының төменгі жақтарын хомуттармен бекітпей орап отырғызылған трубалардан бұрау және бұрап алуға, колонна трубаларын ұстауға шарнирлі және тізбекті кілттер трубаларын пайдалануға;

13) жұмыс арқанының ролигі жарамсыз амортизаторында бұрғылау жүргізуге.

6-параграф. Керннің гидрокөлікті ұңғымаларын бұрғылау

344. Түсіру көтеру операцияларында элеватордың трубаларды қосып алуы айналдырушы толық оқтаған кезде жүргізіледі. Айналдырушының өздігінен іске қосылуын болдырмау мақсатында, басқару тетігінің тұтқасы айналдырушымен фиксацияланған нейтральды жағдайға қойылады, ал айналым санын реттеу бұрандасы толық ашық болады.

345. Жол берілмейді:

1) жуу жүйесін, механикалық ақаулары бар жеңдерді пайдалануға немесе оқ тізерлерге қатысты жеңдердің жасалу учаскелерінің қозғалуына;

2) жуу жүйесінің бұранда тұтқасын жүктемелік магистралда қысымын нольге дейін төмендетпей сұйық ағынының бағытын өзгертуге ауыстыруға.

7-параграф. Шнекті бұрғылау

346. Станоктарды ауыстыру кезінде, мачталарды көтеру және түсіру кезінде айналдырғыш төменгі соңғы жағдайда бекітіледі.

347. Ұңғымаларды бұрғылау жүргізіледі:

1) бағыттаушы құрылғыларды пайдалана отырып;

2) шнек пен шпиндельдің осі бойынша тексерілуінен кейін.

348. Бұрғылау бытырасын құрастырушы шнектер ұңғыма аузынан жоғары, пайдалану алдында қоқыстан тазартылады.

349. Көтеру кезінде немесе бұрғылау процесінде өсіру кезінде шнектерді ажырату оларды вилкаға немесе кілт-қапсырмаға отырғызғаннан кейін жүргізіледі.

350. Жол берілмейді:

1) трубада немесе шнек спиралінде ақаулары бар шнектермен бұрғылауға;

2) қосу элементтері тозған шнектерді (дүмдер, муфталар, саусақтар) колонналардың жеткілікті қаттылығын қамтамасыз етпейтін саусақтардың жарамсыз фиксаторларын қолдануға;

3) айналдырушыны ілінген қалыпта көтеру шығыр арқылы бағыттаушыға қосымша бекітусіз ұстауға, көтерілген айналдырушы астында тұруға;

4) айналу уақытында шнектердегі қоқыстарды қолмен немесе басқа заттармен тазартуға;

5) бұрғылауды қоршалмаған шнекпен жүргізуге.

8-параграф. Дірілді бұрғылау

351. Дірілдеткішті қосу бөліктерінің мықтылығы және техникалық ахуалы оны іске қосу алдында және пайдалану кезінде дайындаушының техникалық құжаттарына және технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.

Корпустарында және детальдарында қандай да бір зақымданулары бар дірілдеткіштерді қолдануға жол берілмейді.

352. Дірілдеткіш детальдарының резьбалық қосулары контргайкалармен тартылады және шплинтіленеді.

353. Дірілдеткіш электрдвигателі жеке рубильник арқылы қосылады.

354. Дірілдеткішті ілмекпен және көтеру жүйесінің элеваторымен қосылуының мықты жабылатын құрылғысы болады.

355. Дірілді құрылғы бағыттаушы құрылғымен жабдықталған. Бұрғылау кезінде трубаларды қолмен бағыттауға және ұстауға болмайды.

356. Дірілді құрылғыны қарау және майлау, ауыстыру кезінде дірілдеткіш соңғы төменгі жағдайда болады.

357. Дірілдеткіш жұмыс кезінде оның эксцентриктері айналатын жазықтықта тұрмайды.

358. Дірілдеткіш электрдвигателіне баратын кабельдің зақымдануын болдырмау және қысқа зақымдану болуына жол бермеу үшін кабель дірілдеуші бөлшектермен қатыспайды.

359. Дірілдеткіштің және станок шығырының бірлескен жұмысы алдында, орама трубаларды алу кезінде және аварияларды жоюда:

1) талий жүйесін және шығырдың станок рамасына және рама фундаментіне мықты бекітілуі тексеріледі; анықталған жарамсыздықтар жойылады;

2) мұнаралар қаралады, жарамсыз элементтер жаңаларымен ауыстырылады, әлсіз резбалық қосулар тартылады;

3) бұрғылау құрылғыларынан станок шығыры басқарушы тұлғадан басқа адамдар шығарылады.

Дірілдеткіштің және станок шығырының бірлескен жұмыстары кезінде бір уақытта трубаларды домкратпен тартуға жол берілмейді.

9-параграф. Үлкен диаметрлі ұңғымаларды, шурфтарды бұрғылау

360. Қызметкерлердің бұрғылау кезінде шурф аузына жақын жерде болуына жол берілмейді.

361. Бұрғылау ұштарын көтергеннен кейін оны жыныстардан тазарту үшін шурф ауызы мықты щитпен жабылады. Бұрғылау ұштарын шурф ауызы ашық кезде тазартуға немесе ауыстыруға жол берілмейді. Бұрғылаушыны жыныс бөлшектерінің соққысынан ұштарды механикалық тазарту уақытында жыныстар бөлшектерінің соққысынан қорғау үшін жұмыс орны щитпен қоршалады.

362. Жобалық диаметр бойынша шурфты алғашқы рет тереңдеткеннен кейін ауыздардың құлауынан сақтау үшін тіреу плитасы орнатылады.

363. Бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін жұмыстағы үзілістер кезінде шурф ауыздары тіреу плитасына бекітілген щитпен жабылады. Щит тіреуі оның ауыздан шығып кету мүмкіндігін болдырмайды.

364. Шурф алаңы таза ұсталады және рифленген қатты жабуы болады.

365. Күтілетін газды жатып қалу немесе су тартқы қысымды қаттағы күтілетін орындарда шурфтарды бұрғылау осы жағдайда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын көздейтін жоба болғанда жүргізіледі.

366. Забойдағы газды қаттарға жақындаған кезінде шурф аузындағы ауа ортасының жағдайына жүйелі байқау ұйымдастырылады.

10-параграф. Жер асты тау кен қазбаларын бұрғылау

367. Жер асты тау кен қазбаларын бұрғылау кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі талабы және осы Талаптың 18 тарауының талаптары басшылыққа алынады.

368. Камералар (қуыстар) мөлшері өндірулер қабырғалары мен қондырғылар арасындағы өтетін орындардың қауіпсіз енін жобаға сәйкес қамтамасыз етеді және мыналардан кем емес құрайды:

1) қозғалмайтын детальдар жағынан 0,7 м;

2) қозғалатын детальдар жағынан 1 м;

3) бұрғылау бригадасының орналасу жағынан 1,8 м.

369. Егер оларға қызмет көрсетуге кедергі болмаған жағдайда, камералар қабырғаларына қондырғылар мен механизмдерді тығыз орнатуға жол беріледі.

370. Бұрғылау механизмдері және қондырғылар олар камерадан және қуыстан шықпайтындай етіп қолданыстағы тау кен қазбаларына орнатылады.

371. Камерадан (қуыстан) шығатын жерден екі жағынан бірдей 40 м қашықтықта бұрғылау агрегаты орнатылған орында механикалық көлігі қазбаларға жолда адамдардың болуы туралы ескерту белгілері орнатылады. Камерадан (қуыс) шығу жолдары жарықтандырылады.

372. Мұнаралардағы сатылар 800 артық емес еңіспен орнатылады және сөрелерде саңылаулар үстінен орнатылмайды; сатылар ұштары сөрелерге мықты бекітіледі. Бұл жағдайда:

1) люктердің еркін мөлшерлері 0,6 х 0,7 м;

2) сатылар негізінен тіке қазбалар біреуіне дейінгі ең кіші қашықтық 0,6 м құрайды.

Сатылық сөрелер арасындағы қашықтық 6 м артық , сатылар ені 0,6 м кем және баспалдақтар арасындағы қашықтық 0,3 м артық болмайды.

373. Бұрғылау жүргізілетін камералар мен қуыстарды, олардың қосымша қазбаларын үңгілеу, желдету және бекіту осы Талаптың 18 тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

374. Бұрғылау жүргізілетін қазбалардан бұрғылау агрегатының электрқондырғыларын және аппаратураларын орындау кен орнының газ тозаң режимінің талаптарына сәйкес келеді.

375. Жоғарыға бағытталған ұңғымаларды, су ағыны едәуір келетін ұңғымаларды бұрғылау кезінде ұңғыма ауыздары су ағынын су төгу арналарына бағыттайтын герметизацияланған құрылғымен жабдықталады. Газ пайда болған кезде газды каптациялау жөнінде шаралар қабылданады.

Сөрелерді және басқа ғимараттарды бұрғылау кезінде олардың мықтылығы жүйелі тексеріледі.

376. Ұңғымаларды бұрғылау үшін камераның жұмыс алаңдарын бөгде заттармен толтыруға жол берілмейді.

377. Санитарлық нормалар шегінде ауа тазалығын қамтамасыз ететін ауамен бұрғылау кезінде бұрғылау құрылғысы тозаң аулау және тозаң салудың қажетті құралдарымен жабдықталады.

11-параграф. Су бетінен бұрғылау

378. Жалпы талаптар:

1) кеме қатынасы көлдері мен өзендерінде бұрғылау жұмыстары су көліктерін реттеу және су шаруашылығын басқару органдарынан рұқсат алғаннан кейін басталады;

2) кеме қатынасы өзендерінде жұмыс істеу кезінде құрылғыларда кеме мен сал қозғалысын бақылайтын және сигналды белгілерді білетін кезекші болады.

Өзендерде шоғырлар, сарқырамалар мен иірімдер болған кезде оларға дейін 100 м қауіпті аумаққа кіруге тыйым салынатын қауіпсіздік белгілері қойылады;

3) жұмыстар жүргізуге жол берілмейді:

5 баллдан жоғары жел болғанда;

мұзжарғыштармен нольдік балқуда;

қатты тұман кезінде судоход трассаларында;

4) түнгі уақытта оттардың 50 м кем емес қашықтықта оттар көрінетін есеппен қойылатын жарықтанбайтын сигналды оттарсыз;

5) траптарға, трюмдарға, люктерге, шығатын орындарға және өртке қарсы және құтқару құралдарына бару жолы үнемі ашық;

6) құрылғылардың биіктігі 1,25 м және еден деңгейінде биіктігі 0,20 м кем емес борт тақтайшасымен бекітілген қоршауы болады. Еден мен қоршаулар арасында екі аралық параллель рейкалармен бекітіледі.

Құрылғылар және жұмыс алаңдарының едендері қалыңдығы 70 мм кем емес тақтайшалардан жасалған;

7) құрылғының барлық қызметкерлері дабыл соғылу жағдайында өз орындары мен міндеттерін, батушыларды құтқару ережелерін біледі;

8) әрбір құрылғының тұрақты радиобайланысы және құтқару құралдары (екі шеңбері немесе екі жұп шарлары, бригаданың әрбір қызметкерінің құтқару белдіктері немесе кеудешелері), ұзындығы 28 кем емес көбік арқандары болады. Құрылғыларда кезекші құтқару қайықтары болады, оларды басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

379. Жүзбелі құрылғыларды ұңғымаларды бұрғылау кезінде:

1) жағалауға шығуға арналған арқандардың 6 еселіктен кем емес мықтылық қоры болады;

2) жүзбелі құрылғыларда авария жағдайында немесе ауа райы қолайсыз жағдайда үш тәуліктен кем емес тиісілмейтін азық-түлік қоры және ауыз су қоры болады, ал суық уақытта вахта қызметкерлеріне арналған киім кешек комплектілері болады (тиісілмейтін азық-түлік және ауыз су қоры тағайындалған қызметкермен жүйелі жаңартылып отырылады);

3) құрылғы корпусы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталады;

4) жүзу құрылғыларын қозғалту кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қолданыстағы талаптарын сақтай отырып жүргізіледі;

5) құрылғыларды шығыр арқылы жылжыту кезінде тартылғын тізбектер және арқандар оқпанында шығыр барабанынан 1 жақын жерде болуға жол берілмейді;

6) құрылғылар жағаға шығарылады, тізбектерде құрылғының тиісті жүк көтеру якорьлары болады. Жағаға шығару якорының жүк салу орнында қалтқылар орнатылады;

7) жүзу негіздерінің жүк көтергіштігі қондырғыларға қолданылатын жұмыстар шарттарына жауап береді;

8) қалқымалы орындардан және қосылған вельботтардан бұрғылау кезінде мұнара (мачта) биіктігі мен жұмыс алаңдарының мөлшері тұрақтылық есебімен анықталады;

9) жүзу құралдарынан бұрғылау кезінде жем немесе мұрынында мөлшері 2,5 х 2,5 м кем емес жұмыс алаңы орнатылады;

10) барж және шаландыдан бұрғылау кезінде құрылғыға үлкен тұрақтылық беру үшін соңғылары есептеулерге сәйкес жүктермен жүктелген. Жүк ретінде құйылған сұйықтарды қолдануға жол берілмейді.

380. Табан жанындағы қозғалмайтын құрылғылардан ұңғымаларды бұрғылау кезінде:

1) құрылғының жұмыс алаңы мүмкін толқынның биіктігінен 0,5 м кем емес биіктікте артық биіктікте су үстінде орнатылады;

2) тіреу құрылғысынан бұрғылау кезінде негіздің биіктігі мен ені (ұзындығы) арасындағы арақатынас 1:1 кем болмайды.

2 м артық тереңдікте олардың негіздеріне жүктеме беріле отырып, тіреулер орнатылады.

Ағын жылдамдығы 2,5 м/с артық өзендерде, теңіздермен үлкен көлдерде тіреулер якорлармен, ал жағалауға жақын жерде жағалаудағы арқандармен тербеледі.

Тіреулердің жұмсақ жер астына батып кетуінің алдын алу үшін жастықтарды немесе тіреуіш айқыш-ұйқыш бекітіледі;

3) тіреуіш гидротехникалық ғимараттарды су деңгейі күрт өзгеретін (су ағып келуі немесе штормдық ауа райы салдары) су айдындарында тіреуіш құрылғыларын орнату кезінде олар якорларды тартпалармен бекітіледі;

4) бағандардан бұрғылау кезінде соңғылары су айдынының табанына толық кусталармен салады және оларды өзара мықты бекітеді.

12-параграф. Қыздырылған сулар мен буларда бұрғылау

381. Қыздырылған сулар мен буларда ұңғымаларды бұрғылау БҚҚ жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жүргізіледі.

13-параграф. Белсенді жуу сұйықтарымен бұрғылау

382. Белсенді жуу сұйықтарын (әрі қарай-БЖС) қолдана отырып, бұрғылау кезінде жұмыскерлер тиісті арнайы киім-кешекпен, арнайы аяқ-киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.

383. Белсенді жуу сұйықтарын қолдану кезінде ластану деңгейіне байланысты арнайы киімдерді тиімді жуу құралдарын қолдана отырып, механикалық әдіспен, айына бір реттен жиі емес жуылады.

384. БЖС көзге түсуінің алдын алу үшін қызметкерлер түсіру көтеру операциялары кезеңінде қорғаныс көзілдіріктерін немесе мөлдір экраны бар (көзілдірігі бар маскалар) щиткаларды қолданады.

385. БЖС терінің кенеттен ластануы мүмкін жұмыстарды орындау кезінде қызметкерлер гидрофильді мазьдарды және пасталарды қолданады.

386. Науалар жүйесі жердің БЖС түсуінен қорғалуын қамтамасыз етеді. Саңылауы жоқ ағаш немесе металл науалар: оларды саздану немесе жергілікті жағдайларға байланысты оқшаулаудың басқа тәсілдері пайдаланылады.

387. БЖС жер асты және жер үсті су айдындарына түсу мүмкіндігін бақылау геологиялық кәсіпорындар технологиялық регламентпен белгіленген мерзімдерде жүргізеді.

14-параграф. Дірілдетуге қарсы майларды қолдану

арқылы бұрғылау

388. Дірілдетуге қарсы майлау жұмыстары процесінде ластанған түсіру көтеру құралдары (әрі қарай-ДҚМ) тазартылуға және жууға жатады.

389. Бұрғылау трубаларына ДҚМ дайындаумен және жағумен байланысты жұмыстарды орындау үшін жұмыс орындаушыларды көрсетілген жұмыстар кезінде пайдаланатын қосымша қорғану көзілдіріктерімен, алжапқыштармен, қолқаптармен және арнайы аяқ-киімдермен қамтамасыз етіледі; жұмыстар аяқталған кезде қорғаныс құралдары арнайы бөлінген орындарда сақталады.

390. ДҚМ ластанған арнайы киімдер, өндірістік жағдайлар мен санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, белгіленген мерзімдерде әрі қарай содамен нейтрализациялау арқылы және сумен мұқият шаю арқылы жүйелі жуылады.

391. ДҚМ дайындау сулы моншаларда бұрғылау құрылғысынан тыс арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

392. Майлауды дайындауға арналған ыдыстар жартысынан артық емес толтырылады.

393. ДҚМ және майлау құрамына енгізілетін жанар-жағар материалдар (әрі қарай-ЖЖМ) бұрғылау құрылғысынан 50 м кем емес қашықтықта және дайындау орындарында және майларды қыздыру орындарында сақталады.

394. ДҚМ бұрғылау трубаларына бұрғылау құрылғысының ғимаратына орналасатын сериялық дайындалатын құрылғылар арқылы салынады.

395. ДҚМ бұрғылау трубаларына күректер немесе ұзындығы 0,5 кем емес тұтқалары бар кистілер арқылы салуға жол беріледі.

ДҚМ пайдалану кезінде жол берілмейді:

1) бұрғылау бытырасын оны қолмен қозғалту уақытында майлауға;

2) қолқапсыз жұмыстарды орындауға.

15-параграф. Жуу ерітінділерін дайындау

396. Жуу ерітіндісін дайындауға арналған алаң өз көлемі жағынан қондырғыларға ыңғайлы қызмет көрсетуді (гидротүтікшелер, саз араластырғыш, транспортерлер және тағы басқа) қамтамасыз етеді, қалыңдығы 40 мм тақтайдан жасалған еңіс орналасқан, сұйық ағынын дренажды арналарға қарай ағуын қамтамасыз ететін мықты төселімі болады.

397. Саз араластырғыштың 1,0 биіктікте орналасқан люк маңында ені 1 м кем емес қоршауы және оларға баратын траптары бар көпіршелер орнатылады. Траптардың ені 1,5 кем емес болады, көлденең планкалар бір-бірінен 0,25 м қашықтықта және еңіс орналасуы 300 артық емес сырғанауға қарсы орналасады.

398. Саз араластырғыштың люктері тіреуішті торлармен жабылады. Торлар ұяшықтарының көлемдері 0,15 х 0,15 м артық болмайды.

399. Сыйымдылығы 2 м3 және одан да жоғары саз араластырғыштарды пайдалану, өнімділігі тәулігіне 25 м3 артық жуу ерітінділерін дайындауға арналған құрылғыларды пайдалану кезінде бастапқы материалдарды тиеу механизацияланған.

Саз араластырғыштың жұмыс істеуі кезінде сазды және басқа материалдарды люкке ломдармен, күректермен және басқа да заттармен итеруге, люктен торларды алуға және люк арқылы ерітінді сынамасын алуға жол берілмейді.

400. Саз араластырғышты жөндеуге тоқтату кезінде саз араластырғыш шкифінен беру белдіктерін шешіп, ал іске қосу құрылғыларында «Қоспа-адамдар жұмыс істеуде» плакаты ілінеді.

401. Саз ерітіндісі мен судың жер қоймалары (амбарлар) барлық периметр бойынша биіктігі 1 м кем емес қоршалады немесе төсеулермен жабылады.

402. Сілтілер мен қышқылда қосу арқылы ерітінділер дайындау кезінде жұмыскерлер көзілдіріктермен немесе арнайы маска көзілдіріктермен, респираторлармен, резина қолқаптармен, алжапқыштармен және етіктермен жабдықталады.

16-параграф. Ұңғымаларды бекіту

403. Орап отырғызылған трубалардың колонналарын түсіру немесе көтеру алдында бұрғылау шебері мұнараның, қондырғының, талий жүйесінің, құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының (әрі қарай-БӨА) жарамдылығын және фундаменттердің ахуалы тексеріледі. Анықталған ақаулар трубаларды түсіру немесе көтеру басталғанға дейін жойылады.

404. Орап отырғызылған трубалар колонналар секциялары оларды көпірлерден көтеру кезінде бұрғылау мұнарасына еркін өтеді.

405. Орап отырғызылған трубаларын түсіру және көтеру процесінде жол берілмейді:

1) орап отырғызылған трубалардың колонналар секцияларының еркін тербелуіне жол беруге;

2) трубалардың тербелуін тікелей қолмен ұстауға;

3) трубаларды арқанмен орап алып, көтеруге, тастауға және тасымалдауға;

4) салмағы 50 м артық орап отырғызылған трубаларды трубалық арбаларды пайдаланбай тасымалдауға және шығаруға.

406. Орап отырғызылған трубаларды калибрлеу кезінде ұңғыма аузының үстінен көтеру алдында калибрдің құлауы мүмкін бағытта тұруға жол берілмейді.

407. Ұсталған колонна трубаларын қолмен, кілтпен және басқа құралдармен айналдыру алдында машинист алдымен көтеру арқанының әлсіз жерін таңдайды, ал трубаларды дайын айналдыру кезінде олардың өз еркімен түсуін кез келген уақытта тоқтатады.

408. Трубаларды алу кезінде шығыр және гидравликалық станоктың бір уақытта жұмыс істеуіне жол берілмейді.

409. Цементтеу жөніндегі жұмыстарды бастауға дейін цементтеу агрегаттарын, құю бастарын, манифольды опрессовкалау максимальды қысымда жобаға және жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүргізіледі. Сақтандыру қалқаншалары мен манометрлер жарамдылығы тексеріледі.

Құю бастары бұрандамен және манометрмен жабдықталады.

410. Цемент қоспасын дайындау кезінде қызметкерлер респираторлар мен қорғану көзілдіріктерін пайдаланады.

17-параграф. Аварияларды жою

411. Аварияларды жою жөніндегі жұмыстарды жою жоспарына (әрі қарай-АЖЖ) сәйкес жүргізіледі.

412. Аварияларды жою жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін бұрғылау шебері және машинист мұнараның, қондырғының, талий жүйесінің, түсіру көтеру құрал-жабдықтарының және БӨА жарамдылығын тексереді.

413. Ұңғымадағы трубаларды қоса алумен байланысты аварияларды жою кезінде шығырмен және гидравликалық станокпен бір уақытта жүктеме салуға жол берілмейді.

414. Трубаларды кесу кезінде домкрат сынамаларының жан жаққа таралуын болдырмау үшін сынамалар өзара қосылып, домкратқа немесе станокқа болат арқанмен бекітіледі.

415. Трубалар оларды домкрат арқылы алу кезінде домкраттан жоғары жағынан шарнирлі хомуттармен сақтандырылады.

416. Домкраттарды қолдану кезінде жол берілмейді:

1) домкрат және станок шығыры арқылы бір уақытта трубалардың тартылуын жүргізуге;

2) талий жүйесінің тартылған трубаларын орын ауыстыру және домкраттарды түзету кезінде ұстауға;

3) жүктеме астындағы домкраттың қисайған орындарын түзетуге;

4) домкрат басы мен лафет немесе хомут арасындағы төселімдерді пайдалануға;

5) домкратқа қандай-да бір заттарды қоюға;

6) домкрат поршені штогының шығуы оның ұзындығынан ¾ артық болғанда;

7) шығу тығынын жедел бұрап алу арқылы қысымды күрт төмендетуге.

417. Бұрандалы домкраттарды ұңғымадағы бұрғылау бытырасын алумен байланысты аварияларды жою үшін пайдалануға болмайды.

418. Соққы құрал-жабдықтарын пайдалану кезінде бұрғылау трубаларының бұралып қалмауы бақыланады.

Соқққы құрал-жабдықтары арқылы трубаларды ұру кезінде шарнирлі хомут қойылады.

419. Аулау трубаларын қою кезінде авариялық трубалармен қосу үшін оларды бұрап алу кезінде аулау трубаларының құлауына қарсы шаралар қабылданады.

420. Аулау трубалары арқылы авариялық трубаларды бұрап алу бұрғылау станогы арқылы жүргізіледі.

Авариялық трубаларды қолмен бұрап алуға жол берілмейді.

18-параграф. Гидрогеологиялық жұмыстар кезінде

ұңғымаларды жөндеу

421. Бұрғылау құрылғысы немесе көтергіш ұңғыма осі бойынша ортаға бағытталады.

422. Кептіру ғимаратының үстінде орналасқан ұңғымада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде машинистің ғимарат ішінде жұмыс істейтін адамдармен байланысы қамтамасыз етіледі.

423. Құмды тығындарды тазарту кезінде жол берілмейді:

1) науашықты жұмыс алаңының еденіне тікелей төгуге;

2) науашықты арқан әлсіздігі пайда болғанда түсіруге; соңғысы жедел шығыр барабанына шығарылады;

3) науашықты көтеру және түсіру кезінде ұңғыманың аузында тұруға;

4) фонтанды ұңғымалардағы жұмыстарды жүргізу кезінде.

424. Тартальда арқанның тартпалы роликтен немесе кронблокты шкифтен ыршып түсуі кезінде түсіру көтеру операциялары, заводқа дейінгі арқан тоқтатылады, ұңғыма ауыздары бекітіледі.

425. Құмды тығынды сумен жуу кезінде жуу сұйығы оның ұңғымаға түсу мүмкіндігін болдырмау үшін алыстатылады.

19-параграф. Ұңғымаларды жою

426. Бұрғылау аяқталған соң және әрі қарай пайдалануға көзделмеген ұңғыманы зерттегеннен кейін олар жойылады.

427. Ұңғымаларды жою кезінде:

1) бұрғылау құрылғысының фундаментін алып тастау;

2) бұрғылау құрылғысын демонтаждаудан кейін қалған барлық шұңқырлар мен шурфтар жабылады;

3) ЖЖМ ластанған жерлер жойылады, алаңдар тегістеледі және рекултивация жасалады;

4) су айдындарының ластануының алдын алу және судоходство мен балық аулауға кедергі жасау жөнінде шаралар қабылдау;

5) су айдыны түбінен шығатын орап орнатылған трубалар жойылады.

18-тарау. Тау-кен барлау жұмыстары

1-параграф. Жалпы талаптар

428. Тау-кен барлау жұмыстарын жүргізу жоба бойынша іске асырылады.

429. Осы Талаппен реттелмеген барлық жағдайларда тау-кен барлау қазбаларынан пайдалы қазбаларды жүргізу, пайдалану және жоспарланған қазулар кезінде ашық әдіспен немесе жер асты жұмыстарында пайдалы қазбаларды кен орындарында барлау кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары орындалады.

430. Үздіксіз жұмыс процесі бар жер асты кен қазбаларына қызметкерлерді жіберуді бақылау тұлғасы жарылыс жұмыстарынан кейін іске асырады.

431. ЖҚҚ және басқа құралдары жоқ тиісті мамандықтағы тұлғалар жеке жарық көздерінсіз тау кен қазбаларына жіберілмейді.

432. Тау-кен барлау жұмыстарына қатысы жоқ тұлғалар, тау кен қазбаларына бастықтың немесе техникалық жетекшінің рұқсаты бойынша бақылау тұлғасының алып жүруі бойынша жіберіледі.

433. Тау-кен қазбаларын жүргізу техникалық жетекші бекіткен әрбір жұмыс түріне (бұрғылау жару жұмыстары, жер асты жұмыстарында бекіту, желдету) арналған жұмыс паспортына сәйкес жүргізіледі.

Тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық шарттардың өзгеруі кезінде қазбалар паспорттарын бекіту (жоба) жүргізу уақытында қайта қарастырылады.

Қиылыстары жоқ шурфтар үшін желдету болмайды, параметрлер мәндері және желдету режимі бұрғылау жарылыс жұмыстары паспортында көрсетіледі.

434. Жыныстарды түсіру эстакадаларының төселімі болады, адамдар мен вагонеткалардың құлауының алдын алатын қоршаулармен перила жабдықталған, эстакада соңында рельсті жолдарда мықты тіреу бруспен жабдықталады.

Жылжымалы құрам мен түсіруге қарама-қарсы жақтағы қоршаулар перила арасындағы эстакада ені 0,7 м кем емес еркін өтетін орынмен қамтамасыз етіледі.

Перила төселімнен биіктігі 0,15 м кем емес бортты тақтаймен жабдықталған.

Жер қазу құрылғысын қолдану арқылы үйінділерді тазарту кезінде эстакаданың зақымдануын ескертетін шектеулер қолданылады. Тәуліктің қараңғы уақытында эстакадалар жарықтандырылады.

435. Жарлардағы және үңгірлердегі үйінділерді орналастыру кезінде жаңбыр және су тасқыны суларының өтуіне арналған құрылғылар көзделеді.

2-параграф. Тау-кен қазбаларын жер үстінен үңгілеу және бекіту

436. Бекітуі жоқ ілмелі борттары бар қазбаларды жүргізу тереңдігі 2 м тұрақты жыныстарда рұқсат етіледі.

Ілмелі беткейлерде баспалдақты қазбаларды 6 м тереңдікке, әрбір кертпеш биіктігі 2 м артық емес және берма ені 0,5 кем емес жағдайда тұрақты жыныстарда бекітусіз өткізуге жол беріледі. Бұл шектеулер табиғи қиябет бұрышты беткейде тұрақты жыныстардың қазбаларын үңгілеуге таратылмайды.

Тұрақты емес жыныстарда қазбалар жүргізу кезінде беткейлер немесе беткейлі табиғи қиябет бұрышына дейін тегістеледі.

Бекіту түрі, бекіту қажеттілігі немесе бекітусіз үңгілеу мүмкіндігі геологиялық-маркшейдерлік ескертулер журналында белгіленеді және бекіту паспортына енгізіледі.

437. Қиябет бұрышы 300 артық беткейлерде борт бекітуі беткей шыңына қарық (ор) деңгейінен 0,5 м кем емес шығарылады.

438. Жыныстары ауысатын қазбаларды тереңдігі 2,5 м артық үңгілеу кезінде ені 0,5 м кем емес берма қалады.

439. Жыныстары ауысатын қазбаларды үңгілеу кезінде сөрелер орнату орындарындағы бекіту күшейтіліп, сөрелердің өзі биіктігі 0,15 м кем емес тақтайлардан жасалған борттармен қоршалады.

440. Адамдарды тереңдігі 1,5 м артық тау кен қазбарларына сатылар, қоршаулары траптар немесе сусымалы түсірім арқылы түсіруге жол беріледі.

441. Бұрышы 350 артық беткейлерде тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде және жартасты жарлар болғанда жұмыскерлер сақтандыру құралдарын (қорғау белдіктері, сақтандыру арқандары) қолдана отырып жұмыс істейді.

442. Үлкен жарларда, ормандарда, жыраларда, шатқалдарда жұмыс алаңдары тексеріледі және сырғып түсетін жыныс бөліктерінен, ілініп қалған сучьелер мен тастардан, мүмкін опырылымдардан, көшкіндерден және су басулардың қауіпсіздік шаралары қабылданады.

Жыныстар маңдайшалары, беткейлер жағынан қауіп төндіруші жылжымалар, құламалар немесе опырылымдар астында жұмыс істеуге жол берілмейді.

443. Тау-кен жұмыстарының жетекшісі забойлар, борттар, қарықтар мен орлар, кертпештер мен беткейлердің жағдайын қарайды. Құлау қаупі болғанда жұмысты тоқтатады, адамдар мен механизмдерді қауіпсіз жерге шығарады.

444. Тау-кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғылары жұмыстары кезінде жұмыс органдары мен олардың элементтерінің (арқан, тізбек, штоктар және тағы басқа) қауіпті әсер ету аумағында болуға жол берілмейді. Қауіпті аумақ технологиялық регламентпен, жобамен анықталады және қажет болған жағдайда жұмыс жүргізу орындарында жалаушалармен, плакаттармен немесе басқа құралдармен белгіленеді.

445. Өзінше жүретін тау-кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғыларын пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу кезінде жол берілмейді:

1) пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мәліметтерден артық бұрышты беткейлерде қолдануға;

2) жұмыс істеп тұрған двигательдермен қараусыз қалдыруға және жұмысшы орган жерге түсірмеген жағдайда;

3) двигатель сөндірілмеген жағдайда жөндеу, реттеу және майлау жұмыстарын жүргізуге, қондырғыларды көлденең емес жазықтықта орнатпаған жағдайда, жерге түсірілмеген және орнықсыз орындарға қойылған жұмыс органы кезінде, дөңгелектердің астына тіреулер (гусеница) қойылмаған жағдайда жұмыс істеуге.

446. Қиябет шетінен тау-кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғыларының дөңгелегіне дейінгі қашықтық ұйымның жұмыс жобасымен және технологиялық регламентпен анықталады.

447. Тау кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғылары жұмыс істемеген жағдайда қауіпсіз көлік жағдайында болады және бөтен адамдардың қондырғыларды қосуын болдырмайтын шаралар қабылданады.

448. Жер асты қазбаларын үңгілеу және бекіту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі талабына сәйкес іске асырылады.

3-параграф. Тау-кен құтқару қызметі, аварияларды жою жоспары

449. Жер асты тау-кен барлау қазбарларына (шахта, штольня және ұзындығы 100 м артық тарақтары бар шурфтар) кәсіптік авариялық-құтқару қызметтері қызмет көрсетеді.

Барлық барлау штолендері, шахталар мен жалпы ұзындығы 100 м артық тарақтары бар шурфтарда аварияларды жою жоспары жасалады.

19-тарау. Сынамалық жұмыстар

1-параграф. Жалпы талаптар

450. Тау-кен қазбаларында сынамалар алу жөніндегі жұмыстар осы Талапта көзделген қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалады.

451. Пайдалану, барлау және тасталған тау-кен қазбаларында, байыту фабрикаларының үйінділерінде сынама жөніндегі жұмыстар сыналатын участокта Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өнеркәсіп қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бақылау тұлғасының рұқсатымен жүргізіледі.

2-параграф. Сынамаларды таңдау

452. Орта және жоғары қуаттылықтағы жыныстар мен кендер сынамаларын таңдау және қолмен өңдеу кезінде қорғаныш көзілдіріктері қолданылады.

453. Қазбаларда сынамаларды тікелей таңдау орындарынан өтетін күштік және жарықтандыру кабельдері токтан алынады, ал қажет болғанда қайтадан монтаждалады.

454. Сынамаларды 2 м артық биіктікте таңдау сатылармен және қоршаулармен жабдықталған көпірлерден жүргізіледі, ал 3 м артық биіктікте бұдан басқа сақтандыру белдіктері қолданылады.

Сынамаларды таңдау сонымен қатар, қозғалмайтын немесе қоршаулары бар ілмелі сөрелерден (люлка) жүргізіледі. Ілмелі люлкалар тежеуіш құрылғысымен жабдықталған шығыр арқанына бекітіледі. Арқан, шығырдың жүк көтергіштігі және шығырдың бекіту бөліктерінің (якорьлеу) 7,5 еселік кем емес жүк көтеру және оны толық жүктеген кезде ілмелі сөре салмағына бекіту мықтылығының қоры болады.

455. Шпурлы стакандары болатын забойда сынамалар алу кезінде жұмыс жүргізуге рұқсатты бақылау тұлғасы береді.

3-параграф. Ашық тау-кен қазбаларын және табиғи жалаңаштануды сынамалау

456. Үлкен жарлардан өткен қазбаларда сынамалар алу кезінде қазбалардың беткейлері мен борттарынан жыныстар бөліктерінің түсуінен қорғану жөніндегі шаралар (қорғаныс барьерлер, қорғау щиттері) қабылданады.

457. Бір немесе бірнеші сынама алушылар бір уақытта жұмыс істеу кезінде олардың жұмыс учаскелерінің қашықтығы 1,5 м кем болмайды.

458. Сынамалы кертпештер үстінде орналасқан бермалар шеттері, жыныстардан бос болады. Алынған жыныстар қазбаның жоғары контурынан 0,5 м кем емес қашықтықта орналастырылады. Өңделген сынамаларды қазбалардың бермалары мен кертпештеріне салуға жол берілмейді.

459. Тас құлау, жар және қар кәрніздері, жар үйінділерімен, қабырғалары әлсіз тұрақты тар шатқалдар мен ілініп қалған шойтастармен зақымданған учаскелерден сынама алуға жол берілмейді.

460. Өзен және көлдердің жағалық жалаңаштануын судан сынамалауға жұмыс істеуге кедергі келтірмейтін якорланған қайық немесе сал тербелісі кезінде жүргізуге рұқсат етіледі.

Су кемерінен төмен сынама алу дистанциялық сынамалау және сынама жинауды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар, инструменттер немесе механизмдерді қолдана отырып жүргізіледі.

4-параграф. Жер асты тау-кен қазбаларын сынамалау

461. Тіке қазбалардан сынамалар алу кезінде жол берілмейді:

1) қабырғалар мен забойларды бір уақытта сынамалауға;

2) қауғаларды түсіру және көтеруге;

3) сынама алу орнынынан төмен орында адамдардың болуына.

462. Кен түсіру люктері немесе оқпан маңынан сынама алу кезінде соңғысы щиттермен немесе тақтайлармен жабылады.

463. Көлденең қазбалардан сынама алу кезінде:

1) қолмен сынама алу кезінде жұмыс істеушілер бір-бірінен 1,5 м кем емес қашықтықта болады, ал механизацияланған жағдайда-жұмыс істеушілер арасындағы қашықтық қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі басшылықпен анықталады;

2) тасылым қазбаларында сынамалар алу рельстік жолмен қозғалыс болмағанда немесе жұмыс қауіпсіздігі жөніндегі шаралар қабылдай отырып жүргізіледі.

464. Жол берілмейді:

1) төбеде сынама алу кезінде сынама алушыдан 2 м жақындықта болуға;

2) үңгілеу циклінің (бұрғылау және шпурларды зарядтау, жыныстарды жинау), негізгі операцияларымен бірге қазбалар забойларында сынама алуға.

5-параграф. Үйінділерді сынамалау

465. Үйінділерді сынамалау орындарында мүмкін опырылымдардан шаралар қабылданады.

466. Улы газдар бөлетін байыту фабрикалары мен үйінділердің эфельді өрістерін сынамалау жоба бойынша жүргізіледі.

Улы газ бөлу жағдайында сынама алумен айналысатын барлық қызметкерлер ЖҚҚ қамтамасыз етіледі.

467. Құлау қаупі бар үйінділер беткейлерінде сынама алу жөнінде жұмыс істеушілер үстінен ілініп қалған жыныстар бөлшектері мен шойтастары алынып тасталады.

468. Үйінділердің әлсіз немесе жылжымалы учаскелері (сынама алу орындарынан жоғары жерлерде, сонымен қатар сынама алушыларлардың үйінділер бойынша қозғалу орындары бойынша) бекітіледі немесе альпинистік сақтандыру жасалады.

Үйінділер үстінен шашылатын материалдан сынама алу кезінде тақтайлардан төселім салынады.

469. Сумен толтырылған үйінділерден сынама алу жоба бойынша жүргізіледі.

470. Керн (қоқыс) сынамасын өңдеу алаңдарда (ғимараттарда) жүргізіледі.

471. Керні бар жәшіктер штабельдерінің биіктігі оның құлаудан тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

472. Егер үздіксіз алу қолданылатын қондырғының конструкциясы бойынша көзделмеген жағдайда, станоктың жұмыс істеу кезінде колонкалы бұрғылауда сынама алушыны орнату және алуға жол берілмейді.

6-параграф. Шурфтарды (дудок) сынамалау

473. Сынама алушының сатылардан жұмыс істеу кезінде олар сақтандыру белдігімен бекітіледі.

474. Тұрақсыз немесе жеткіліксіз тұрақсыз жерлерде монолиттер алу кезінде забойлық секциялар терезелері арқылы соңғыларының тіреуіш құрылғылары бар тұстамалары болады.

7-параграф. Сынамаларды өңдеу

475. Жұмыстардың стационарлық сипаты кезінде сынамаларды өңдеу ғимараттарда жүргізіледі.

Маусымдық немесе уақытша жұмыс сипатында сынамаларды өңдеу жоспарлау және өңдеудің технологиялық процестері еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайын және жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықталған ашық алаңдарда, маңдайшалар, палаткалар немесе ғимараттарда (соның ішінде жылжымалы) жүргізіледі.

476. Сынамаларды механикалық өңдеуге арналған ғимараттар қиылысқан тартпалы желдеткіштермен қамтамасыз етіледі.

477. Сынамаларды кептіру желдеткішпен жабдықталған жекелеген ғимараттарда жүргізіледі.

478. Тозаң пайда болу ошақтарының нақ үстінде жеке тартпа немесе тозаң жұтатын құрылғылар орнатылады.

479. Сынамаларды өңдеуге арналған орындар жергілікті бүйірлі тозаң сорғыштармен жабдықталады.

480. Токсикалық заттары бар сынамалармен жұмыс істеу және токсикалық заттар сынамаларын өңдеу кезінде тартпа желдеткішімен жабдықталған мөлдір бокстар пайдаланылады.

481. Сынамаларды өңдеуге арналған жұмыс ғимараты қоқыстардан жүйелі тазартылады. Бұл жағдайда:

1) еден жуу күн сайын жүргізіледі;

2) қабырғалар, төбелер, терезелер және жарықтандыру арматуралары аптасына бір реттен жиі емес ылғалды шүберекпен сүртіледі, ал айына бір реттен жиі емес жуылады.

Тозаңдарды құрғақ жинауға жол берілмейді.

482. Сынамаларды өңдеуге арналған ғимараттарда құрамында зиянды заттары бар сынамаларды сақтауға жол берілмейді.

483. Сынамаларды өңдеуге арналған қондырғылар арасындағы және құрылғылар мен ғимарат қабырғалары арасындағы өтетін орындарының ені 1 м кем болмайды.

484. Сынамаларды механикалық өңдеуге арналған қондырғылар мықты діріл сөндіру негіздерде пайдаланылады.

485. Сынамаларды өңдеуге арналған ғимараттардағы электр құбырлары ылғалды ғимараттағы электрқұбырларына қойылатын талаптарға жауап береді.

486. Ұсату-үгіту қондырғыларында жұмыс бөлшектерін тазарту, түсіру саңылауларының енін реттеу және алынған тозаң аулаушы құрылғылар кезінде қосылу мүмкіндігін болдырмайтын блокировкалаушы құрылғы көзделеді.

487. Тас кесуші (керн кесуші) станоктар қызмет көрсетуші құрамды өңделетін жыныстардың су пульпасынан және ұшындыларынан қорғайтын мөлдір экранмен жабдықталады.

488. Жер асты кен қазбаларында сынамаларды механикалық өңдеуге жол берілмейді.

Қолданыстағы карьерлерде сынамаларды өңдеу осы мақсатқа арналған орындарда жүргізіледі.

489. Салмағы бірнеше тонна болатын сынамаларды ірі бөлшектермен бірге өңдеу қорғаныс борттарымен қоршалған алаңдарда жүргізіледі.

490. Сынамаларды қолмен ұсату және сүрту жабық орындарда жүргізіледі.

491. Ұсатылған сынамаларды қолмен себелеу қақпақтармен тығыз жабылатын илеуіштермен жүргізіледі.

492. Жұмыскерлер сынамаларды қолмен өңдеу кезінде олар бір-бірінен 0,5 м қашықтықта орналасады.

8-параграф. Сынамаларды жуу

493. Тәуліктің жарық уақытында дала жағдайында жұмыс істеу кезінде немесе жұмыс орнында станционарлық жарықтандыруы болады.

494. Табиғи су тартқыларында және су айдындарында опырылымдар мен тас құлауы мүмкін орындарда, қауіпті шоңғалдар, құлаулар, ілді және бату жағалауларында сынамаларды жууға жол берілмейді.

Метеорологиялық жағдайдың (күн күркіреу, қатты жаңбырлар) өзгеруі кезінде сынамаларды су басу және сел қауіпті су тартқыларында жуу тоқтатылады, барлық қызметкерлер қауіпсіз орынға ауыстырылады.

495. Жыл бойғы жұмыс режимі кезінде байыту құрылғысы жабдықталған жылыту (жылжымалы немесе стационарлық) ғимаратта орнатылады. Қондырғыларды ғимараттарға орналастыру типтік сызбаға сәйкес іске асырылады.

496. Жылжымалы байыту құрылғыларын мұзда, су айдындарында орнату кезінде алдын ала барлық қолданылатын қондырғылар мен көліктердің мұзға түсетін жалпы жүктеменің салмағын, жылы сулар құйылған кезде мұздың еру мүмкіндігін ескере отырып, мұздың мықтылығы анықталады.

497. Ауаның теріс температурасындағы суды төгу, құрылғының жұмыс алаңының мұздалу мүмкіндігін болдырмайтын етіп жабдықталады.

498. Құрамында минералдар бар, қыздыру кезінде зиянды заттар және сынапты амальгамдар (арсенопирит, галенит, пирит және тағы басқа) бөлетін сынамаларды өңдеу концентраттары мен өнімдерін кептіру жеке ғимаратта кептіру жәшіктерінде, пештерде және тартпа желдеткіштермен жабдықталған басқада құрылғылармен жүргізіледі.

20-тарау. Зертханалық жұмыстар

1-параграф. Жалпы талаптар

499. Зертханалар ғимараттары мен имараттары өндіріс зияндылығы, санитарлық нормалар мен өндірістік объектілердің жобалау талаптарын ескере отырып жабдықталады.

500. Желдеткіш жүйесінің жарамсыздығы кезінде зиянды заттар, газдар мен булар шығаратын тартпа жәшіктерде жұмыстар тоқтатылады.

501. Ауамен жарылыс қауіпті қосындылар құрайтын жанатын сұйықтармен, жанатын тозаңдар және газдармен жұмыс істеу кезінде зертхана ғимараттарында электр қондырғылары жарылыс қауіпті орындауда қолданылады.

502. Зиянды заттары бар ағынды суларды қалалық кәріздерге ағызуға жол берілмейді. Егер олардың концентрациясы белгіленген нормалардан артпаса және ағындардың биологиялық тазартылуына әсер етпейді. Цианситы және басқа да улы қосындылары бар ағынды сулар алдын ала зарасыздандырылады.

503. Зиянды газдар (күкіртсутегі, цинаситі сутегі, мырышты сутегі және тағы басқа) бөле отырып, химиялық реакциялар жүретін ағындарды біріктіруге жол берілмейді.

504. Химиялық заттары бар ыдыстардың тиісті этикеткалары болады. Улы заттары бар банкілерге «У» жазуы жазылады.

505. Химиялық ыдыстарда азық-түлік өнімдері мен тағам қабылдау өнімдерін сақтауға жол берілмейді. Өндірістік ғимараттарда тағам сақтауға, қабылдауға және темекі шегуге болмайды.

506. Ауыр сұйықтар, қышқылдар, сілтілер және басқа да улы сұйықтарды ауызбен түтікше арқылы соруға болмайды.

507. Улы газдар немесе сынап булары бөлінетін ғимараттарда жұмыс істейтін адамдар газға қарсы құралдармен қамтамасыз етіледі. Қышқылдар және сілтілермен жұмыс жүргізілетін барлық зертханаларда кезекші газ қайтарушылар болады.

508. Қорытпаларды құймақалыптарға құю орындары қосымша сорғыштармен жабдықталады, ал мырышты қорытпаларды қорғасынсыздау тартпа желдеткіштері қосылған жағдайда жүргізіледі.

509. Металл құймақалыптар құюлар үшін тазартылады, құрғақ бормен майланады және қыздырылады.

510. Жоғары қысымдағы баллондармен жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар құрылысы және қауіпсіз пайдалану талаптары басшылыққа алынады.

511. Жұмыс орындарында қышқылдар, сілтілер және ыстық сұйықтарды ауысымдағы нормадан артық сақтауға жол берілмейді.

2-параграф. Шлифовалды жұмыстар

512. Шлифовалдау шеберханасының ғимаратына су мен электр қуаты жүргізіледі.

513. Әрбір шлифовалды станок сорғы желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

514. Құрамында суда еритін тұздары бар тау-кен жыныстарын шлифовкалау кезінде резина қолғаптарсыз жұмыс істеуге жол берілмейді. Кері материалдар жабдықталған ванналарда жуылады.

515. Шлифтерді дайындау кезінде жыныстарды цементтеу, бальзамдарды қайнату тетіктері жабық тартпа жәшіктерде жүргізіледі.

516. Кері абразивті материалдарды жуу, ғимаратты жуу және тартпа жәшіктерін тазарту резина қолғаптарымен жүргізіледі.

3-параграф. Химиялық-аналитикалық және

гидрохимиялық жұмыстар

517. Зиянды және улы газдар мен булар шығарумен байланысты жұмыстар тартпа жәшіктерінде жүргізіледі. Тартпа жәшіктері есіктеріндегі ауа жылдамдығы жартыдан артық ашылған тұстама кезінде 1,0 м/с кем болмайды.

518. 1-4 класстағы зиянды заттар салынатын ғимараттар үздіксіз жұмыс істейтін қиылысқан-тартпа желдеткішпен қамтамасыз етіледі.

519. Оттектерді сутегімен қалпына келтірумен байланысты жұмыстар жүргізу кезінде сутегі олардан толық ауаны шығарғаннан кейін трубкамен тиглилер қыздырылады.

520. Қышқылдар, бром, аммиак, сілтілердің концентрирленген ерітінділері және басқа да улы заттар құю, балқытылған қышқылдармен, улармен (цианисті және сынап тұздары, мырыш қосындылар, бруцин, цинхонин, күкірткөміртегі, ақ фосфор және тағы басқа) жұмыс істеу, тартпа жәшіктерінде натрий пероксиді қорытындыларын сумен араластыру қышқылға төзімді арнайы киімде, резина қолқаптарында, сақтандыру көзілдіріктерінде жүргізіледі.

521. Натрий пероксидінің столға төгілген балқытылған массасы құммен себіледі. Сумен жууға жол берілмейді.

Құрамында органикалық заттары немесе көмірі бар кендерді араластыруға жол берілмейді.

522. Күкірткөміртегімен, бензинмен және басқа от қауіпті сұйықтармен жанып тұрған газ оттарынан және қыздырылған беттерден 5 м жақын жерде жұмыс істеуге жол берілмейді.

Бұл сұйықтар кездейсоқ төгілген жайдайда барлық оттарды сөндіріп электр қыздыру приборлары сөндіріледі.

523. Бензин, эфир және басқа да оңай жанатын сумен араласпайтын сұйықтар жанған кезде олар құммен, көмірқышқыл және ұнтақты өрт сөндірушілермен сөндіріледі.

524. Жарылыс немесе улы сұйықтар шашырауы мүмкін жұмыстар сақтандыру көзілдіріктерінде жүргізіледі.

525. Күкірт қышқылын суық судың жұқа ағынымен құйып, үздіксіз араластырылады.

526. Натрий пероксиді темір қақпақтары бар темір ыдыстарда сақталады. Металл калий натрийі және литийі ылғалы жоқ керосинде сақталады, бұл үшін жабылатын темір немесе шыны кең өңешті банкілер қолданылады.

527. Натрий пероксидімен жұмыс істеу кезінде (араластыру, себу, өлшеу және тағы басқа) лаулаудың алдын алу үшін қағаз және ағаштан немесе басқа оңай қышқылданатын материалдан дайындалған бұйымдарды (ыдыстар, шпательдер) қолдануға болмайды.

528. Барлық құрғақ реактивтер, әсіресе сілтілі металлдар мен олардың гидроксидтері (улы сілтілер) пинцеттер, фарфорлы қасықтар, шпательдер және резина қолқаптарымен алынады.

529. Бромы, сутек пероксиді (пергидроль), фторлы сутекті қышқылы және басқа улы сұйықтар бар ыдыстар тартпа жәшіктерінде жүргізіледі. Бұл жағдайда бромы бар ыдыстар таз немесе қорапқа салынады.

530. Пиросульфат қорытпасын дайындау кезінде қыздыру жүргізілетін чашка тартпа жәшігіне мықты штативте орналастырылады.

Қорытпа толық суығанға дейін чашканы штативтен алуға жол берілмейді.

531. Улармен жұмыс жүргізілген орындар жұмыс аяқталған соң мұқият жуылып зарарсыздандырылады.

532. Вакуумде жұмыс істеуге арналған ыдыстар вакуумды насос арқылы алдын ала сақтандырғыш ағаш қақпақтар астында сыналады және маркировкасы болады. Жұмыс кезінде ыдыстар мөлдір сынбайтын материалдан жасалған жәшіктерге салынады.

4-параграф. Металл сынабымен жұмыс істеу

533. Сынамаларды өңдеу қиылысқан тартпа желдеткішпен, 16-180 артық емес температурада тартпа жәшіктерімен қамтамасыз етілген жабдықталған ғимараттарда жүргізіледі.

534. Ғимараттардың қабырғалары, төбелері, терезелері есіктері табиғи олифтегі ашық түсті майлы сырлармен сырланған, едені жағулар арқылы желімделетін тегіс линолеуммен жабылады; тігістері мұқият бекітіліп, олардың беті табиғи олифамен жағылады, қабырға маңындағы линолеум шеттері 100 мм көтеріліп бекітіледі.

535. Ғимараттардағы едендер, қабырғалардағы есіктер, терезелердің саңылаулары, сынап тамшылары қалып қоятын тегіс емес орындары болмайды; қабырғалар өзара қиылысқан, төбемен және еденмен қиылысқан орындары жинау үшін ыңғайлы болу үшін дөңгелектенген.

536. Жұмыс үстелдері, жәшіктер және басқа да орындардың беттері тегіс, майлы сырмен боялған және еденнен 20 см төмен емес бос кеңістікті сақтай отырып, олардың астындағы едендерді жинау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін аяқтарымен орналастырылады.

537. Үстелдердің және тартпа жәшіктерінің жұмыс беттері шамалы көтерілген борттары болады, шамалы көтерілген борттарды көтере отырып, бетті төменгі жақтарына бекітілетін, линолеуммен жабады. Төгілген сынап ағыны үшін сынапқа арналған құрылғы үшін құрал жабдықтар орнатылатын патрубкалары бар саңылаулары көзделеді.

538. Электрмоторлар, іске қосатын және жабық қалыпта жұмыс істейтін, ғимаратта сумен жууды қолдануға мүмкіндік беретін жарықтандыру аппаратуралары болады.

539. Технологиялық, кәріздік және су трубақұбырлары максимальды жасырылған және мүмкіндігіне қарай ғимараттан тыс орналасқан; кабельдер трубаларда салынған, жарықтандыру сымдары жасырын немесе роликтердегі немесе оқшаулардағы винилді жабудағы сымдарды қолдана отырып орындалады.

5-параграф. Ғимараттарды ұстау

540. Сынамаларды өңдеуге арналған ғимараттарда қиылысқан тартпа желдеткіштері жұмыстар жүргізуге дейін 30 минут бұрын қосылады және олар аяқталғаннан кейін осы уақыт аралығында сөндірілмейді.

541. Тартпа желдеткіштері есіктеріндегі ауа жылдамдығы барлық ашық тұстамаларында күнделікті жұмыс кезінде-0,5 м/с кем емес және сынапты қыздырумен байланысты жұмыстар кезінде 1 м/с. Тартпа жәшіктерінің есіктері биіктігіне қарай 20-30 см артық болмайды.

542. Күн сайын ғимаратта ылғалды жұмыстар жүргізіледі. Ал айына         1 реттен жиі емес, қабырғаларды, есіктерді, терезелерді төбені, жарықтандыру аппаратураларын ыстық сабын сумен жуу енгізілетін күрделі жинау жүргізіледі. Жинауға арналған жекелеген щеткалар, шелектер, шүберектер болады, оларды басқа ғимараттарға қолдануға жол берілмейді.

543. Жинау химиялық демеркуризация құралдарын қолданып, соңынан едендерден ерітінділер қалдықтарын жуу арқылы жүргізіледі.

544. Сынап тамшылары еденге түскен жағдайда ол жақын тұрған науға бағытында 1,5-2 кгс/см2 қысыммен су ағынымен жуылады немесе амальгамирленген табақшалар (мыс немесе ақ қаңылтырдан) немесе кисточка көмегімен жиналады. Еденді сынаптан зарарсыздандыру үшін оны 1 шелек      25 м2 алаңға 10-20 % есебінен хлорлы темір ерітіндісімен өңдейді.

545. Оның еденге сіңуін бодырмау және барлық ғимаратқа таралмауы үшін ластанған учаскелердегі тамшылар жиналады және ортаға қарай бағытталады.

546. Сынаппен жұмыс істеу кезіндегі қолданылатын эмальданған ыдыс азот қышқылының әлсіз ерітіндісімен жуылады немесе 15 г бихроматтың 50 мл күкір қышқылының қоспасымен  мұқият шайылады және қосымша 30 % йодты калий ерітіндісіндегі 2,5 % йод ерітіндісімен жуылады.

547. Жылына 2 реттен жиі емес ғимараттағы ауада сынаптың болуы тексеріледі.

6-параграф. Сынапты сақтау

548. Сынап қоры қоймаларда және өндірістік ғимараттарда амортизацияланған қорапта металл табандарда орнатылған аузы бұралып тығындалатын болат баллондарда немесе вакуумды жабылған герметикалық тығынды темір ыдыстарда сақталады.

549. Төменгі жағында бұранда орналасқан баллонға сынап салынады. Егер көрсетілген конструкциядағы баллондар болмаған жағдайда, сынапты басқа ыдысқа құюға ыңғайлы еңісті қамтамасыз ететін құрылғыға салынған және бекітілген ыдысқа құйылады.

550. Сынап тартпа жәшігінде сейфте, сынбайтын ыдыста немесе металл табанды амортизацияланған қорапта орнатылған жұмыс жүргізуге қажетті мөлшерде шыны ыдыста сақталады.

Шыны ыдыстың көлемі 500 см3 болады.

551. Сынапты шағын көлемде (20-30 мл) зертханалық жәшіктерде сақтауға болады.

552. Өңделген сынапты оның ауаны ластау мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда қоймаларда уақытша сақталады.

7-параграф. Сынапты қайнату (булау)

553. Сынапты қайнату (булау) ауа қозғалысының жылдамдығы 1 м/с кем емес кезінде тартпа жәшіктерінде жүргізіледі.

554. Сынапты қайнату құмды моншада 50 % азот қышқылы ерітіндісінде шыны ыдыста аздап қыздыра отырып жүргізіледі.

555. Алынған ерітінді фильтрі бар түтікше арқылы шыны стаканға құйылады; фильтр дистиллирленген сумен жуылады, құрғатылады және анализге тапсырылады.

556. Буға ұқсас сынаптар бөлетін технологиялық қондырғылар сынап буларын олардың пайда болған жерінде аулау жөніндегі сорғыштармен және агрегаттармен қамтамасыз етіледі.

557. Трубақұбырлардың еңісі, ал фланцты қосулардың тысы болады.

558. Құрамында сынабы бар ерітінділерді немесе қоспаларды беретін центробежды сальниктер астынан сынапқа және ауыстырылатын материалдар ерітінділеріне төзімді материалдардан жасалған табандар орнатылады.

559. Сынап буы бөлінуі мүмкін ғимараттарда орнатылатын электрдвигательдер нитроэмальды құраммен өңделген тығыз жабысқан металл тыстармен жабылады. Тыстар тігістері алдын ала дәнекерленеді.

560. Сынап-майлы насостардан шығатын орындарды фильтр-жұтушыларды тазартады.

561. Сынап қосындыларымен ластанған ағынды сулар тазартылады. Ол үшін раковина тұстарында және кәріздік желі барысында ұстаушылар орнатылады.

562. Оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа бағытталған есіктер, өтетін орындар, терезе оймалары маңында, эмальданған табандарда бекітілген сынаппен толтырылған приборларды жылыту приборлары мен қыздыру беттері маңында орналастыруға жол берілмейді. Сынап аппаратурасының шыны бөліктері қоршалады.

563. Сынаппен жұмыс істеу кезінде жуан химиялық ыдыстарды немесе сынбайтын шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады.

564. Сынапқа ашық қолмен немесе оны ауызбен соруға жол берілмейді. Ашық сынаппен манипулация жасау (оны тазарту, дистилляциялау, приборларды толтыру және тағы басқа) хлорвинил немесе жұқа резина қолқаптарымен табан үстінен тартпа жәшіктерде және жұмыс істеуші желдеткіште жүргізіледі.

565. Дем алу органдарын қорғаугаз қайтарғыштар, оқшаулаушы оттекті приборлар немесе патрондары алмасатын респираторлар арқылы іске асырылады. Дем алу органдарын қорғау құралдары мына жағдайда қолданылады:

1) сынаптың үлкен мөлшері төгілген авариялар кезінде;

2) жергілікті желдету жүйесінің істен шығуы кезінде.

566. Сынаппен жұмыс істейтін қызметкерлердің арнайы киімдері үй киімдерінен бөлек сақталады және аптасына бір реттен жиі емес жуылады.

8-параграф. Спектральды талдау

567. Спкетральды зертханада спектрлерді (доға, ұшқын, жалын) қоздыратын әрбір көздері жану өнімдерінің толық жойылуын қамтамасыз ететін сорғыш құрылғылармен жабдықталады.

568. Конденсирленген жалынмен жұмыс істеу кезінде штатив бәсеңдеткіште-дауыс шығарылмайтын жәшікте орнатылады.

569. Электродтарды қайрау үшін станоктар тозаң жұтушы құрылғылармен жабдықталады.

570. Жұмыс істеушілердің көру қабілетін ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғау шағылысу көздер алдынан қаракөк немесе қызыл түсті стационарлық немесе уақытша экрандар қою арқылы іске асырылады.

571. Ацетилді жалынмен жұмыс істеу кезінде:

1) ацетилді баллон қапсырмалар (хомуттар) арқылы арнайы тұраққа қыздыру приборлары және басқа жылу көздерінен 5 м жақын емес қашықтықта және ашық оттан 10 м қашықтықта орналастырылады;

2) ацетилоны бар баллонды ашқанға дейін от жағу алдында жүктемелі насостың оттыққа ауа беріп тұрғанына көз жеткізіледі;

3) отпен жұмыс жасап болғаннан кейін ацетилен берілуін тоқтатып, содан кейін жүктемелі ауа тоқтатылады.

572. Спектральды прибор штатив астындағы стол қақпағы табақшалы әкпен немесе басқа отқа төзімді материалмен тігіледі.

573. Жұмыс кезінде ұстаушыларға және электродтарға тиісуге жол берілмейді. Электродтарды ауыстыру кезінде генератор сөндіріледі және оның сыйымдылық тізбектері разрядталады. Түсіру аяқталғаннан кейін генератор сөндіріледі.

574. Жол берілмейді:

1) құрылғыларда доғамен, ұшқынмен, жалынмен және қауіптілігі жоғары басқа құралдармен бір адамның жұмыс істеуіне;

2) жарықтану газы немесе доғалы, ұшқынды, жалынды ацетилин ағуы анықталған ғимаратта немесе ашық отты пайдалануға, электр құрылғыларын қосу және сөндіруге.

9-параграф. Рентгенді спектральды және рентген

құрылымдық анализ

575. Рентген құрылғылары жеке ғимараттарда орналастырылады. Басқару пульттары олар жеке блоктар ретінде орындалған жағдайда араласқан ғимаратта орналастырылады.

576. Арнайы бөлінген ғимараттарда құрылғыларды орналастыру:

1) құрылғылар арасындағы өтетін орындар ені 1,5 м кем емес;

2) ғимараттар көлемдері құрылғылардан бос аумақтар жалпы алаңның жартысынан кем емес құрамын құрайды.

577. Едендер оқшауланған материалдардан (ағаш, линолеум немесе ағаш төселім бойынша полихлоридті жабулар) орындалады.

578. Рентген лабораториялары құрылғының қоректендіру желісінен бөлек электр жарықтарымен қамтамасыз етіледі.

579. Құрылғыларды монтаждау және қайтадан монтаждауды рұқсаты бар құрам жүргізіледі.

580. Жоғары вольтты сымдар сымдарға және клеммаларға тиюі толық жойылатындай етіп орналастырады. Блокировкалау құрылғылары аптасына бір реттен жиі емес тексеріледі.

581. Құрылғыларды жөндеу кернеулік алынған кезде жүргізіледі.

582. Рентген камераларын орнату немесе рентген спектрометрлерінде кассеталарды орнату кезінде қызмет көрсетуші қызметкер тікелей шағылысу әсері трубкасының алдында тұруға жол берілмейді. Көрсетілген операциялар мырышты шынылардың қорғаныс экранын пайдалана отырып жүргізіледі.

583. Түтікшелерді тексеру кезінде жұмыс режимі құрылғысының барлық түтікшелері мырышпен жабылады.

50 кВ дейінгі жұмыс кернеулігі кезінде мырыш табақшалары 1 мм кем емес; 100 кВ-2 мм; 150 кВ-3 мм болады.

10-параграф. Электронды-микроскопты зерттеулер

584. Электронды микроскопия зертханасында приборларды пайдалану осы Талаптың 20 тарауының 9 параграфына сәйкес іске асырылады.

585. Әрбір электронды микроскоптың желіден сөндірілетін жеке құрылғысы болады.

586. Блоктарда блокировкалаушы құрылғыларынсыз жоғары кернеулікті қосуға жол берілмейді.

587. Жоғары кернеулік алынғанға дейін приболарға ауа енгізуге жол берілмейді.

588. Конденсаторларды бәсеңдетуден кейін кейін ағынды іздеуішті жөндеуге жол беріледі.

589. Ағын іздеуіштің торын және электронографты суыту үшін сұйық азот қолданылады. Сұйық оттегін қолдануға жол берілмейді.

590. Барлық формалы вакуумды насостардың дауысы оқшауланады.

11-параграф. Масс-спектрометрикалық зерттеулер және

абсолюттік жасын анықтау

591. Зертханаларда аргонды құрылғылар болған жағдайда абсолютті жасты анықтау үшін осы Талаптың 20 тарауының 3 параграфының талаптары орындалады.

592. Масс-спектрометр құрғақ қиылысқан тартпа желдеткішпен жабдықталған құрғақ ғимаратта орнатылады.

593. Аналитикалық бөлшектер бағандары және іске қосу бағандары биіктігі 20 мм металл (ғимарат еденінің сынаптан ластануынан қорғау үшін) табандардан жасалған орындарға орналастырылады.

594. Аргонды құрылғы үстінен сорғыш құрылғылар орналастырылады.

595. Жұмыс аяқталғанннан кейін сынап Мак-Леод манометріне салынады.

596. Сынап буларын жою үшін форвакуумды насостың выхлоп патрубкаларының ғимараттан шығатын орны болады.

597. Дардың шыны ыдыстары шүберектен немесе жұмсақ сым сеткалардан жасалған тыстарға салынады.

598. Масс-спектрометрмен жұмыс істеу кезінде келесі қауіпсіздік шаралары сақталады:

1) қосылған жоғары кернеулікте жалғыз адамның ғимаратта болуына, аспаптың өлшеу бағанының ішіне кіруге жол берілмейді;

2) аналитикалық бөлік бағанының күштік щитіне сөндіргіші бар жеке қабырға щитінен фазалардың үзілу рельесі және магнитті іске қосушы арқылы кернеулік беруге;

3) блокировкалау құрылғысының іс-әрекеті аптасына бір реттен жиі емес тексеріледі;

4) жоғары вакуумды торларды толтыру үшін сұйық азот пайдаланылады.

599. Масс-спецтрометрдің барлық бағандары жерге қосылады.

12-параграф. Люминесцентті анализ

600. Люминесцентті анықтауларды орындау приборлары жеке ғимаратта орналастырылады.

601. Люминесцентті анализбен айналысатын қызметкерлер қорғаныс көзілдіріктерімен қамтамасыз етіледі.

13-параграф. Шлихоминералогиялық, петрографиялық палеонтологиялық және палинологиялық зерттеулер

602. Шлихоминералогиялық және петрографиялық анализдерге (ауыр сұйықтармен жұмыс істеу, сынамаларды алдын ала химиялық өңдеу, механикалық анализ) дайындалу операциялары қиылысқан тартпа желдеткіштерімен жабдықталған жеке ғимараттарда орындалады.

603. Ауыр сұйықтармен жүргізілетін барлық жұмыстар тартпа жәшіктерінде қорғаныс көзілдіріктерімен және резина қолғаптарымен орындалады.

Кездейсоқ шашыраған немесе төгілген сұйықтар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.

604. Органикалық сұйықтар (эфир, спирт, бензин, бензол) жабық металл жәшіктерде сақталады. Олармен жұмыс істеу жанып тұрған газ оттықтары мен басқа да қыздыру приборларынан алыс орында тартпа жәшіктерінде жүргізіледі.

605. Сынамаларды орналастыру жұмыстары тартпа жәшіктерде жүргізіледі.

14-параграф. Фотожұмыстар

606. Әрбір фотозертханалық цехтар бөлімшесінде қиылысқан тартпа желдеткіштері орнатылады.

607. Ерітінділер тығындалатын шыны бөтелкелерде сақталады. Анықтағыш пен фиксаждың үлкен мөлшері қақпақтары бар банкілерді сақталады. Банкілер эмальданған немесе тот баспайтын болаттан жасалған. Химикаттар ерітінділері бар ыдыстардың тиісті этикеткалары болады.

608. Улы химиялық реактивтерді таразы ыдыстарына қағазсыз салуға болмайды, өлшегеннен кейін қағаз жойылады.

609. Этикеткалары жоғалған химиялық реактивтері бар банкілер сынамалық зертханаға құрамын анықтау үшін жіберіледі.

610. Қол терісінің зақымдануын және олардың метолды экземамен сырқаттануын болдырмау үшін ерітінділермен жұмыстар аяқталғаннан кейін қолды жылы сумен, сабын сырғанауы кеткенге дейін 2-3 минут шамасында жуады.

611. Шыныларды қышқылдармен жуу, аммиак қара түрімен қаралануы, сульфат ерітіндісіне күкірт қышқылын қосу, дақтарды күкіртті натрий ерітіндісіндегі түр сериясына бояу, күшті қышқылдар мен сілтілердің суда еруі, фиксаждың таңдалған күміс ерітінділерімен отырғызу тартпа жәшіктерде орындалады.

612. Доғалық және сынапты-кварцты жарықтандырушыларды пайдалану кезінде олар қорғаныс шыныларымен жабдықталады; осы жұмыстарды орындаушы қызметкерлер қара шынылы қорғаныс көзілдіріктерімен жабдықталады.

15-параграф. Пайдалы қазбаларды байыту

613. Ұсату, үгіту, соққылау және классификациялау, гравитациялау, магнитті және электр сепарациялау, флотациялау бөлімшелері жалпы алмасу қиылысқан тартпа желдеткішімен және тозаңданушы агрегаттардың жергілікті сорғыштармен жабдықталған әртүрлі ғимараттарында орналастырылады.

614. Кәріздік қарықтар щиттермен жабылады.

615. Ұсату және гравитация бөлімшелеріндегі едендердің 4-50 еңісі болады. Қондырғылар жанындағы сырғанаудың алдын алу үшін рифленген резина жолдары немесе ағаш төселімдер салынады.

616. Магниттік сепаратор жұмыс істеу кезінде оған металл заттарды жақындатуға және оның параметрлерін өлшеуге жол берілмейді.

16-параграф. Химиялық-технологиялық жұмыстар

617. Құрамында ұшпалы улы заттар болатын материалдарды (күкірт және мышьяк, мырыш, сынап және тағы басқа) күйдіру тартпа жәшіктерінде жүргізіледі.

618. Сұйық хлормен жұмыс істеу кезінде жұмыс ғимараттарында сыйымдылығы 0,5 кг артық баллондарды қыздыру приборларының жанында орналастыруға, аппараттарды герметикалыққа тексерусіз қосуға жол берілмейді.

Сұйық хлормен жұмыс істеу және сақтау орындарында нейтралдаушы заттар (улы натр) және әрбір қызметкердің газ қайтарушысы болады.

619. Автоклавтарда қысыммен жұмыс істеу тартпа желдеткішімен жарақтандырылған, жабдықталған ғимаратта келесі ережелерді сақтай отырып жүргізіледі:

1) автоклавты реакциялық қоспамен толтыру оның жұмыс көлемінен            70 % артпайды; автоклавты қақпақпен жабу алдында тығыздалу орындары мұқият құрғақ болғанға дейін сүртіліп, ал автоклавты жабу кезінде гайкалар айқыш-ұйқыш бұралады;

2) сынақ аяқталғаннан кейін бөлме температурасына дейін суытылмаған автоклавты ашуға жол берілмейді; дегерметизациялау қорғаныс көзілдірікте айқыш-ұйқыш гайкаларды біртіндеп босату арқылы және артық қысымды жіберу арқылы жүргізіледі.

17-параграф. Сынамалы анализ

620. Сынамалы зертхана ғимараты максималды сорғышты және қалыпты ауа алмасуды қамтамасыз ететін қиылысқан тартпа желдеткішпен жабдықталады, ауа ортасын және зертхананы мырышпен ластануға сынамалау жүргізіледі.

621. Қорытпа, қорытпаларды құю, мырышты балқытуларды қорғасынсыздау қара түстегі қорғаныс көзілдіріктерде жүргізіледі. Қоқыстарды мырышты қорытпадан алу қыздырғыштардан қолқаптар және сақтандыру көзілдіріктерінде жүргізіледі.

Тигльдердегі үлкен королькилерді қайнатуға жол берілмейді.

622. Жұмыс алаңдарына түскен балқытылған массалар сумен суарылып, құммен себіледі.

18-параграф. Қатты жанатын қазбалар талдауы

623. Сығылған газбен толтырылған баллондарды қолдану кезінде технологиялық регламент талаптары орындалады.

624. Көмірді қыздырылған кептіру жәшіктерінде қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

19-параграф. Инженерлі-геологиялық зерттеулер

625. Жалпы химиялық операцияларды орындаумен байланысты жұмыстар осы Талаптың 20 тарауының 3 параграфының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

626. Жыныстарды соққыға сынау кезінде қорғаныс қоршаулары қолданылады.

627. Компрессорлы және гидравликалық инженерлі-геологиялық аспаптармен жұмыс істеу кезінде қысымдар алынғанға дейін оларды қараусыз қалдыруға, индикатордан есептеу көрсеткішін алудан басқа жағдайда аспапқа баруға жол берілмейді; басқа уақытта приборға қызмет көрсетуші қызметкер ілмектің бір жарым ұзындығынан кем емес қашықтықта болады. Струбциндер мен планкілер сенімді және мықты бекітілмесе сынамалар жүргізуге жол берілмейді.

628. Барлық инженерлік-геологиялық приборларда гирьлерді ілу гирьлер тесіктерін айқас орналастыра отырып жүргізіледі.

629. Ылғалдылығы минималды жыныстар кубиктерін ұсатуға сынау жүргізу кезінде ілмектің жоғары жағы рычагқа байланады, ал ілмектің дискісіне резиналы кілемше төселеді.

630. Приборлар мен баллондардың барлық қосулары максималды қысымды ескере отырып бекітіледі.

631. Баллондарға ауа айдау кезінде манометрлер көрсеткішін және қосу шлангілерінің ахуалы бақылауға алынады, шлангілердің қызуына жол берілмейді.

632. Артық қысымды алғаннан кейін қысымды сынау аяқталуына қарай гидравликалық аспап қақпағы алынады.

633. Тәжірибе кезінде қысым жетпеген уақытта жұмыс істеушінің қақпақ саңылауына жақындауына жол берілмейді.

20-параграф. Химиялық реактивтер қоймаларын пайдалану

634. Химиялық реагенттердің шығыстық қоймалары жеке орналасқан ғимараттарда орналастырылады. Зертханалық және өндірістік корпустарда қоймалар орналастыруға жол берілмейді.

635. Қоймалар ғимараттарының жекелеген қабырғалары, едендері және төбелері химиялық әсерлерге төзімді және жууға ыңғайлы.

636. Әрбір ғимаратта ағынды сұйықтарды нейтрализациялау үшін суару бұрандалары болады.

637. Қойма ғимаратында желдеткіш және сумен жылыту, киім ілетін орындар, душ және жуынатын орын, жұмыс киімдерін сақтайтын орындар болады.

638. Қатты әсер ететін қышқылдары және спирті бар сыйымдылығы 10 л және одан артық ыдыстар кәрзеңкеге қойылады. Бөтелкемен кәрзеңке арасындағы кеңістік жаңқалармен немесе басқа жұмсақ материалдармен толтырылады.

639. Қышқылдар мен химиялық реактивтер қоймалары тиісті қорғаныс құралдарымен, өртке қарсы құралдармен және күю және улану кезінде алғашқы көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі.

Қолданылған қысқартулар

ВҚЖ - вибрацияға қарсы жағулар;

БЖС - белсенді жуу сұйықтары;

АҚҚ - авариялық құтқару қызметі;

ӘТКБ - әскерилендірілген кен құтқару бөлімшесі;

ӘЖ - электр беру әуе желілері;

ЖЖМ - жанар жағар материалдары;

ГТЗ - геологиялық технологиялық зерттеулер;

ЕТҚК - ерікті тау кен құтқару командалары;

ЖЖК - жеке жарық көзі;

КҚҚ - компрессорлық қысу құрылғысы;

БӨҚ - бақылау өлшеу құралдары;

ШЖК - шектік жіберу концентрациясы;

АЖЖ - аварияны жою жоспары;

БҚҚ - бу қыздыру құрылғылары;

ЖҚҚ - жеке қорғану құралдары;

ҰҚҚ - ұжымдық құтқару құралдары;

ТШ - техникалық шарттар.

___________________

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

1-қосымша

Қарау журналының үлгісі

(сыртқы беті)

(геологиялық барлау ұйымының атауы)

Қарау

Журналы

(участок, объект атауы)

Басталған

«___» ______________________20 ___ ж.

Тексеру күні

Тексерушінің аты жөні

Анықталған кемшіліктер, бұзушылықтар

Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар

Жою мерзімі (қызметі, аты-жөні)

Тексерушінің қолы

Орындалу күні, атқарушының қолы

1

2

3

4

5

6

7

_____________________

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

2-қосымша

Партияның дала жұмыстарына шығуына

«______» ______________________20 ___ ж

Рұқсат етемін

Экспедиция (бөлім, зертхана) бастығы

Партияның «______» _____________20 ___ ж.

дала жұмыстарына шығуға дайындығын тексеру

Актісі

Біз төменде қол қойған экспедиция (бөлім, зертхана)

«______» _____________20 ___ ж. дала жұмыстарына шығуға дайындығын тексеру жөніндегі келесі құрамдағы комиссия

1.____________________ төраға

2.____________________

дайындығын тексеріп, келесі жағдайды анықтады:

1. Жұмысының әкімшілік ауданы, мекен – жайы __________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Жұмыс ауданының физико-географиялық сипаты _______________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Дала тапсырмасы __________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Жұмыс жағдайы, дала жұмыстарының мерзімі, алаңдарды өңдеудің күнтізбелік жоспары_________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

5. Құрамы ___________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. ИТҚ емтихан тапсыруы _____________________________________________

____________________________________________________________________

(аты-жөні, тегі лауазымы, күні)

7. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулық жүргізу (күні, нұсқаулық алушының, нұсқаулық берушінің аты-жөні, тегі) _________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Оқулардан өту:

әр түрлі жарақат алу және сырқаттану кезінде алғашқы көмек көрсету;

жүзу;

есу*

жүзу құралдарын басқару *

судан құтқару әдістері;

авариялар мен өрт кезінде әрекет ету ережелері;

стихиялық апаттар кезінде әрекет ету ережелері;

көлік жануарларымен айналысу ережелері;

альпинистік техника және тауларды сақтандыру амалдары* және тағы басқа.

9. Медициналық куәландыру және профилактикалық егулер жүргізу ____________________________________________________________________

(аты-жөні, тегі лауазымы, күні)

____________________________________________________________________

10. Партияның (отрядтың) жабдықтармен, арнайы аяқ киімдермен, арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі ** ______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Көлік құралдарымен қамтамасыз етілуі ** ________________________________________________________________________________________________________________________________________

12. Қауіпсіздік құралдарымен (қорғаныс, құтқару, күзет, сигнал) қамтамасыз етілуі ** ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

13. Байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуі ** _________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

14. Дәрі-дәрмектермен жабдықтармен, арнайы аяқ киімдермен, арнайы киімдермен  қамтамасыз етілуі ** ______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

15. Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі шаралар жоспары ** _________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

16. Қызметкерлердің дала жұмыстарына шығу кестесі ** ________________________________________________________________________________________________________________________________________

17. Санитарлық нұсқаушы ____________________________________________

(аты-жөні, тегі)

18. Бастығының пікірі ____________________________________________

____________________________________________________________________

19. Дала жұмыстарына дайындығы туралы қорытындысы __________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бастықтың қолы _________________________________

Қолдары     ____________________

                   ____________________

                   ____________________

* Егер бұл технологиямен немесе жұмыс жағдайымен көзделген болса.

** Тізім актіге тіркеледі.

Ескерту: Акт екі данада рәсімделеді. Бірінші дана ұйымда сақталады, екіншісі-партия (отряд) бастығында болады.

___________________

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

3-қосымша

Маршруттарды тіркеу журналы

(ауысулар, шығатын орындар)

______________________________________________________________

(дала бөлімшесінің атауы)

№ р/с

Күні, уақыты

Маршрут мақсаты (ауысу)

Жүру маршруты

Маршрутқа қатысушылары аты-жөні, тегі (ауысу, шығу)

Қайту мерзімі (күні, уақыты)

Қолдар

Жұмыс

Бақылау

Факт

Топ аға мүшесі

Бөлімше жетекшісі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

_____________________

Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

4-қосымша

Бұрғылау құрылғысын пайдалануға қабылдау туралы

Акті

Ұңғыма № ____________________ «______» _____________________20 ___ ж.

Келесі құрам __________________________________________________ бұрғылау құрылғысының іске қосуға дайындығын тексерді.

Тексеріспен анықталды: Бұрғылау қондырғысын монтаждау бекітілген жобаға және типтік сызбаға сәйкес жүргізілді.

І. Бұрғылау станогы

Типі _____________ шығарылған жылы ______ завод № __________________

1. Шығыр __________________________________________________________

2. Қоршау __________________________________________________________

3. БӨҚ _____________________________________________________________

II. Бұрғылау насосы

Типі ________________ шығарылған жылы _________ завод № _____________

1. Манометр ________________________________________________________

2. Сақтандыру қалқаншасы____________________________________________

3. Қоршаулар________________________________________________________

4. _________________________________________________________________

Типтегі және байламдағы _________________тұратын насос сынақтан өткізілді. Қысымы ___________________________ уақыт___________________ мин.

Қысымның түсуі ____________________ немесе % _______________________

___________________________________________________________________

Сақтандырғыш қалқаншасы қысымға орнатылған ________________________

III. Двигатель

Типі ____________ шығарылған жылы ________ завод № _________________

IV. Бұрғылау мұнарасы (мачта) және талий жүйесі

Типі ____________ шығарылған жылы _________ завод № _________________

1. Жұмыс алаңы (полати) _____________________________________________

2. Сатылар мен өтпелі алаңдар _________________________________________

3. Кронблок, талий блогы (жүк көтеруі) ________________________________

4. Арқан ___________________________________________________________________

5. Тартпа ___________________________________________________________

6. Білте орнатушы, білте қабылдаушы, білте қоятын орын ________________________________________________________________________________________________________________________________________

V. Электр қондырғылары

Типі ______________ шығарылған жылы ________ завод № ________________

1. Электрдвигатель_____________________________________________________

2. Электрсымдары ___________________________________________________

3. Диэлектрикалық құралдар___________________________________________

4. Қорғаныс жерге қосу _______________________________________________

5. Найзағайдан қорғау ________________________________________________

6. _________________________________________________________________

VII. Қорғаныс құралдарының болуы және ахуалы

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

VIII. Өртке қарсы құралдар

____________________________________________________________________

IX. Өнеркәсіптік санитария

1. Дәрі-дәрмек қорапшасы ____________________________________________

2. Жуынатын орын __________________________________________________

3. Жарықтандыру деңгейі ____________________________________________

4. _________________________________________________________________

5. __________________________________________________________________

X. Байланыс құралдары

Типі _____________ шығарылған жылы ________ завод № ________________

XI. Қызмет көрсетуші персоналда жұмыстар жүргізуге рұқсатының болуы

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

XII. Техникалық құжаттары

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Қорытындысы _____________________________________________________

__________________________________________________________________

қолдары

Мемлекеттік инспектор қорытындысы __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

қолы

_________________

Бөлім, тарау,

параграф

Мазмұны

Беті

1 - тарау

Жалпы талаптар

2 - тарау

Қауіптілігі жоғары жағдайда жұмыс істеу

3 - тарау

Қондырғыларды, аппаратураларды және құралдарды пайдалану

4 - тарау

Дала жағдайында жұмыс істеу

1 - параграф

Жалпы талаптар

2 - параграф

Вахталық кенттерді орналастыру және лагерлерді ұйымдастыру

3 - параграф

Орындар ауыстыру және бағыттарды жүргізу

5 - тарау

Әртүрлі табиғи жағдайларда қозғалу және жұмыс істеу кезіндегі қосымша қауіпсіздік талаптары

1 - параграф

Таулы аймақтарда

2 - параграф

Өзен, ойпат, жалаңаштану батпақты жерлерде

3 - параграф

Орман аумақтарында

4 - параграф

Қолданыстағы тау кен ұйымдарында және алдын ала барлауға алынған кен орындары алаңдарында

6 - тарау

Геофизикалық жұмыстар

1 - параграф

Жалпы талаптар

7 - тарау

Жердегі әдістер

1 - параграф

Сейсмобарлау жұмыстары

2 - параграф

Электр барлау жұмыстары

3 - параграф

Грави барлау, магнит барлау және радиметрикалық жұмыстары

8 - тарау

Ұңғымалардағы геофизикалық жұмыстар

1 - параграф

Жалпы талаптар

2 - параграф

Ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің электрлік әдістері

3 - параграф

Ұңғымалық геофизика әдістері

4 - параграф

Ұңғымалардағы ату-жарылыс жұмыстары

5 - параграф

Бұрғылау процессінде ұңғымаларды геологиялық-технологиялық зерттеу

6 - параграф

Ұңғымаларды және гидродинамикалық зерттеулерді сынау

9 - тарау

Аэрогеофизикалық жұмыстар

10 - тарау

Жер асты кен қазбаларындағы геофизикалық жұмыстар

11 - тарау

Ядролық-геофизикалық әдістер

12 - тарау

Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстар

13 - тарау

Гидрогеологиялық жұмыстар

1 - параграф

Тәжірибелік су тарту, жүктемелер, құюлар

2 - параграф

Режимдік байқаулар

3 - параграф

Гидрометрикалық жұмыстар

14 - тарау

Инженерлік-геологиялық жұмыстар

15 - тарау

Бұрғылау жұмыстары

16 - тарау

Құрылыс монтаждау жұмыстары

1 - параграф

Жалпы талаптар

2 - параграф

Бұрғылау құрылғыларын орналастыру

3 - параграф

Бұрғылау мұнарларын монтаждау, демонтаждау

4 - параграф

Жылжымалы және өздігінен жүретін құрылғыларды монтаждау, демонтаждау

5 - параграф

Бұрғылау қондырғыларын монтаждау, демонтаждау

6 - параграф

Бұрғылау құрылғыларын қозғалту

17 - тарау

Ұңғымаларды бұрғылау

1 - параграф

Жалпы талаптар

2 - параграф

Бұрғылау қондырғысын және құралдарын пайдалану

3 - параграф

Механикалық колонкалы бұрғылау

4 - параграф

Сығылған ауамен үрлеу арқылы және газ сұйықты қоспалармен бұрғылау

5 - параграф

Соққы-арқанды бұрғылау

6 - параграф

Керннің гидрокөлікті ұңғымаларын бұрғылау

7 - параграф

Шнекті бұрғылау

8 - параграф

Дірілді бұрғылау

9 - параграф

Үлкен диаметрлі ұңғымалаларды, шурфтарды бұрғылау

10 - параграф

Жер асты тау кен қазбаларын бұрғылау

11 - параграф

Су бетінен бұрғылау

12 - параграф

Қыздырылған сулар мен буларда бұрғылау

13 - параграф

Белсенді жуу сұйықтарымен бұрғылау

14 - параграф

Дірілдетуге қарсы майларды қолдану арқылы бұрғылау

15 - параграф

Жуу ерітінділерін дайындау

16 - параграф

Ұңғымаларды бекіту

17 - параграф

Аварияларды жою

18 - параграф

Гидргеологиялық жұмыстар кезінде ұңғымаларды жөндеу

19 - параграф

Ұңғымаларды жою

18 - тарау

Тау кен барлау жұмыстары

1 - параграф

Жалпы талаптар

2 - параграф

Тау кен қазбаларын жер үстінен үңгілеу және бекіту

3 - параграф

Тау кен құтқару қызметі, аварияларды жою жоспары

19 - тарау

Сынамалық жұмыстар

1 - параграф

Жалпы ережелер

2 - параграф

Сынамаларды таңдау

3 - параграф

Ашық тау кен қазбаларын және табиғи жалаңаштануды сынамалау

4 - параграф

Жер асты тау кен қазбаларын сынамалау

5 - параграф

Үйінділерді сынамалау

6 - параграф

Шурфтарды (дудок) сынамалау

7 - параграф

Сынамаларды өңдеу

8 - параграф

Сынамаларды жуу

20 - тарау

Зертханалық жұмыстар

1 - параграф

Жалпы талаптар

2 - параграф

Шлифовальды жұмыстар

3 - параграф

Химиялық-аналитикалық және гидрохимиялық жұмыстар

4 - параграф

Металл сынабымен жұмыс істеу

5 - параграф

Ғимараттарды ұстау

6 - параграф

Сынапты сақтау

7 - параграф

Сынапты қайнату (булау)

8 - параграф

Спектральды талдау

9 - параграф

Рентгенді спектральды және рентген құрылымдық талдау

10 - параграф

Электронды –микроскопты зерттеулер

11 - параграф

Масс-спектрометрикалық зерттеулер және абсолюттік жасын анықтау

12 - параграф

Люминесцентті талдау

13 - параграф

Шлихоминералогиялық, петрографиялық палеонтологиялық және палинологиялық зерттеулер

14 - параграф

Фотожұмыстар

15 - параграф

Пайдалы қазбаларды байыту

16 - параграф

Химиялық-технологиялық жұмыстар

17 - параграф

Сынамалы талдау

18 - параграф

Қатты жанатын қазбалар талдауы

19 - параграф

Инженерлі-геологиялық зерттеулер

20 - параграф

Химиялық реактивтер қоймаларын пайдалану

Қолданылған қысқартулар

1 - қосымша

Қарау журналының үлгісі

2 - қосымша

Партияның дала жұмыстарына шығуға дайындығын тексеру актісі

3 - қосымша

Маршруттарды тіркеу журналы (ауысулар, шығатын орындар)

4 - қосымша

Бұрғылау құрылғысын пайдалануға қабылдау туралы акті

Мазмұны

_______________________




1. Социальные сети и подросток
2. тематику и вырабатывал навык научного мышления кроме того он читал сочинения Адама Смита Юма Кондорсе деМ
3. ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ДИСЦИПЛИНЫ Утвер
4. Россия в мировом архитектурном процессе
5. Утилиты, буфер обмена, автоформат MS Excel
6. These very low tempertures re hrd to imgine
7. Типы мировоззрения
8. на тему Гигиена воды и водоснабжения Вариант А Выберите один наиболее правильный ответ 1
9. Государство можно рассматривать с разных позиций философской исторической социологической юридической
10. ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА ’ 4 ТЕМА- Выполнение вычислений в электронных таблицах.html
11. Анализ рентабельности на предприятии
12. Тульский государственный педагогический университет им
13. кончить мое воспитание как говаривалось тогда а просто мне захотелось посмотреть на мир божий.html
14. Тема- Образование СССР
15. тематическое естествознание которое существенно отличалось от античной и средневековой науки ещё не знавш
16. Многообразие растений 1 класс программа Гармония Задачи-
17. Тема 1. Основные понятия и методы теории информатики и кодирования 1.html
18. справочник по психоанализу Издательства- АСТ АСТ Москва 2010г
19. Курсовая работа- Экономические циклы
20. Искусственные сооружения на автомобильных дорогах Специальность- 2 ~ 70 03 31 Строительство дорог и транспо.