У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

ШТ о~ытуды~ ~дістемесі о~у ж~не практикалы~ п~н ретінде

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

  1.  ШТ оқытудың әдістемесі оқу және практикалық пән ретінде.

 Әдістеме термині (грек тілінен аударғанда metodike) яғни белгілі бір пәнді оқытудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әдістеме оқу пәні ретінде болашақ мұғалімге теориялық және практикалық даярлық жасауды үйрететін пән.

   Әдістеме курсы келесі бөлімдерден тұрады.

  1.  Оқытудың лингводидактикалық негіздері. Мұнда қарастырылатын әдістеменің мазмұны мен ретінде; оның басқа ғылымдармен байланысы; зерттеу әдістері; оқытудың мақсаты мен міндеттері; принциптері, әдістері, құралдары, ұйымдастыру формалары кіретін жүйе
  2.  Қарым – қатынастың тілдік құралын оқытудың әдістемелік негіздері. (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық лингвоелтану)
  3.  Қарым – қатынас қызметін (әрекетін) оқытудың әдістемелік негіздері (аудир, сөйлеу, оқу, жазу, жазба тіл, аударма)
  4.  Оқыту процесін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету (сабақ жоспарлау, сабақ түрлері, бақылау, сабақтан тыс жұмыс формалары, оқытудың жаңа технологиялары)
  5.  ШТ оқытушысының профессиограммасының мазмұны және мамандыққа қойылатын талаптар
  6.  ШТ оқыту этаптары, деңгейі және профилі
  7.  ШТ оқыту әдістемесінің дамуының негізгі этаптары

   ШТ оқыту әдістемесі курсының негізгі бөлімдерінен таныса отырып студенттер тілге үйретудің мақсатын (қандай нәтижеге жетеді), мазмұнын (нені үйрету), әдіс – тәсілдерін (қалай үйрету), қолданатын құралдардың (ненің көмегімен) анықтай алады.

   Сонымен әдістеме курсы пән ретінде оқытушыларда профессионалдық компетенция (тілді үйретудің әдіс – тәсілдерімен танысу, нәтижесінде тілді үйрету қабілеті) мен оқушыларда коммуникативті компетенция (оқитын тілді практикалық қолдану) қалыптастыруды қамтамасыз етуді көздейді.

   ШТ пәнінің ерекшелігі оны оқытудың мақсатының тек қана сол пән туралы білім алу ғана емес сол сияқты әр түрлі тілдік қызметтің дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру    

     Әдістеме 3 түрге бөлінеді:

  1.  Жалпы әдістеме ШТ оқытудың нақты жағдайларынан (этаппен, профильмен және ана тілінің ерекшелігімен байланысты) тыс ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттауға арналған.
  2.  Жалпы әдістеме Н.Д. Гальскова «Современный метод обучения иностранного языка» Колкер «практический метод обучения иностранного языка» оқу құралдарын және А.А. Монтьевтің «Общий метод обучения иностранного языка» хрестоматиясын оқу ұсынылады.
  3.  Жеке әдістеме нақты жағдайларда ШТ оқыту мәселелері және оқушының ана тілінің ерекшеліктерін есепке алу. (Мысалы мектеп оқулықтарының авторлары)
  4.  Арнайы әдістеме Бұл жұмыс түрі оқылатын тілдің кейбір жақтарын (жеке аспектілерін, тілдік қызметі түрлерін, техникалық құралдарды қолдану, бақылау т.б.) оқытуды сипаттайды

   ШТ пәні бойынша әдістеме – тілді оқыту заңдылықтары мен ережелері, оны меңгеру жолдары, оқитын тілдің көмегімен тәрбие беру туралы ғылым.

Әдістеме практикалық пән ретінде оқытушының алдына қойған мақсатына жету үшін жұмыс тәсілдері туралы түсінік береді. Бұған оқыту технологиясы немесе жұмысты ғылыми ұйымдастыру ұғымдары сәйкес келеді.

  1.  Тыңдап түсінуге үйрететін жаттығулар.

Тыңдап-түсіну – cөз әрекетінің түрі. (Аудирование)

Тіл жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою. Сонда ғана оқушылар тыңдау барысында назарын мәтіннің мазмұнына аударады.

Тыңдап түсінуді дамытуға арналған жаттығулардың ең негізгісі Pre-listening, while-listening, post-listening activities жүргізу. Прелистнигде сұрактар койылады. Ол сурактар окушыларды тындалынатын тексттін мазмұны жайлы ой береди. Алдын ала дайындайды. Кейін тыңдау барысында Fill in the gaps тапсырмасын орындау окушылардын зейінін тындауға тура бағдарлайды. Кейін аудированиени түсіну деңгейлерін анықтау үшин тест алуға болады.

  1.  тыңдауға арналган мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
  2.  мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты мәселе болуы керек;
  3.  мәтіннің берік логикасы болуы шарт және ол жаттықтырушы тілмен баяндалуға тиіс;
  4.  мәтінде ауызша сөздің әр түрі болғаны жөн диалог, монолог, сондай-ақ диалог-монолог аралас келген жөн;
  5.  тыңдап-түсінуге арналған мәтіндердің көлемі төменгі кластарда 1 —1,5 минут, ортаңғы кластарда 2—2,5 минут, жоғарғы кластарда 3—4 минуттен аспауы керек.

  1.  Шетел тілдерін оқыту әдістемесі ғылым ретінде.

 Әдістеме ғылыми пән ретінде педагогика бойынша жеке дидактика – яғни нақты оқу пәнінің оқыту теориясы болып табылады.

       Әдістеме ғылымы ШТ оқытудың мақсатын мазмұнын, құралдарын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын зерттейді, оқитын тіл елдерінің мәдениетімен таныстырады. Сонымен бірге оқу – тәрбие және тілді меңгеру жолдарын оқу процесінде зерттейді.

   Әдістеме терминінің негізгі мазмұнын құрайтын үш ұғыммен әдістемеге анықтама беруде жиі кездесеміз. Олар тілді оқыту (learning), үйрену (acquisition), меңгеру (skill)

   Оқыту – оқытушы мен оқушының бірігіп қызмет етуі, нәтижесінде жеке тұлғаны, оның білімі мен тәрбиесін дамыту қалыптастырылады. ШТ үйрену – оны оқу нәтижесінде немесе практикалық сол тілде сөйлеушілермен қарым – қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Меңгеру процесінде оқушылар меңгерудің әр түрлі стратегияларын қолданады.

   Әдістемеде терминімен қатар қолданылатын терминдердің бірі лингводидактика. 1696ж академик Н.М. Шанский тілді оқыту мақсатында сипаттау үшін енгізген.

   Лингводидактиканың нысаны – тілді оқытудың методологиялық негіздері: лингводидактиканың ғылыми статусын, міндетін, пәні мен құрылымын негіздеу (сүйену, обоснование); оның дидактика мен методикамен байланысын зерттеу т.б.

   Әдістеменің ғылыми жеке пән ретінде қарастырылуы көп жылдар бойы дау туғызып келеді.

   Қазіргі әдістемені ШТ оқытудың теориясы деген пікір: әдістеме жеке ғылым болып табылады, әдістеме үшін базисті ғылымдардың (лингвистика, педагогика, психология, социология, культурология) мәліметтеріне сүйенеді дейді.

   Бұл пікір мынадай аргументтерді келтіреді.

  1.  Әдістеменің өзінің оқытатын пәні бар. Ол оқытудың әрі мақсаты, әрі құралы.
  2.  Әдістеменің өзінің ұғымдық аппараты яғни берілген сала бойынша терминдер жүйесі бар.
  3.  Әдістеменің өзінің зерттеу нысанасы бар.
  4.  Әдістеменің өзінің зерттеу пәні бар. Ол әдістеме ғылым ретіндегі қалыптасқаннан бергі білімдер жинағы.

  1.  ШТ үйретудегі өздік жұмыс және сыныптан тыс жұмыс түрлері.

Өздік жұмысы шет тілін оқытудағы маңызды бөлімі болып табылады. Өйткені сынып сабақтарына берілген сағаттар аз болғандықтан, оқушылардың өздік жұмысының едәуір көлемін талап етеді. Оқытушы оқушылардың өздік әрекеттерінің дамуына едәуір көңіл аудару керек. Сәйкесінше оқушылар мынаны ұйғару керек:

  1.  Өздік жұмысының мақсатын және оны орындау нәтижесін түсіну;
  2.  Өздік жұмыс тәртібін білу;

Өздік жұмысы сынып уақытында да, сыныптан тыс та жүргізіле береді (жазбаша немесе ауызша түрде де). Сонымен қатар жұмыс индивидуалды, жұпты немес топтық түрде өткізіледі.

Сыныптан тыс жұмыс аудиториялық сабақтар кестесінен тыс өткізіледі. Мысалы: түрлі үйірмелердегі жұмыс, демалыс кешіне қатысу, экскурсия, мұражай мен көрмелерге бару, фильмдер мен спектакльдерді көру, қызықты адамдармен кездесу т.б. Бұлар оқытудың анағұрлым қоры мен оқыту мақсатына жетудің құралы болып табылады.

  1.  Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.

ШТОӘ өзі жеке ғылым бола тұрып басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде әдістеме үшін негізгі пәндер: тіл білімі, педагогика, психология, әлеуметтану, елтану. Оларды әдістемеге ұқсас ғылымдар деп атайды.

   Әдістеме педагогиканың бөлімі жеке дидактиканың бірі болғандықтан педагогикамен тығыз байланысты. Егер педагогика кез-келген пәнді оқытудың теориясы болса, жеке дидактика педагогиканың нақты пәнді оқытудың (мысалы: шетел тілі) ережелерін пайдаланды. Педагогикадан әдістеме көптеген ұғымдарды және ережелерді алған. Мысалы: принциптер, оқу процесі және оның заңдылықтары, әдістері мен ұйымдастыру формалары туралы ұғымдар.      

   Әдістеме үшін тағы бір негізгі ғылым – психология. Психология жанды нәрселердің дамуы мен психикалық қызметтерінің қалыптасуының заңдылықтары. Психологиядан әдістеменің алатыны: тілді меңгерудің ерекшеліктері, оқу процесіндегі оқушының жеке психологиялық ерекшеліктері, білімді, сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту сипаты. Психологиядан тілді меңгерудің мотивтерін, оқудағы есте сақтау түрлері мен оның ролін алынады. Мотивацияның ішкі және сыртқы түрлері де болады. Әдістеменің психологиямен байланысы әсіресе жалпы және жас ерекшелігі психологиясы, психолингвистика және педагогикалық психологияда көрінеді.

Әдістеме және тіл білімі

     Лингвистика (тіл білімі) – тілдің құрылымы мен қызметінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Тілді оқыту әдістеменің негізі болса, лингвистиканың нысанасы болады.

  1.  Сабақ құрылымы және сабақты жоспарлау.

Сабақтың құрылымы – сабақты үйлестірудің әртүрлі нұсқаларында оның негізгі  сипаттамаларыныңсақталуымен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы.Сабақ ұйымдастырылған бірлік ретінде тұрақты және вариациялық компоненттерден тұрады. Тұрақтыларға сабақтың басталуы, негізгі бөлімі және аяқталуы жатады. Варияциялық оқытудың мақсаты мен этабына байланысты болады (жаңа тақырыпты түсіндіру, көрнекілік құралдырын қолдану ). Бұл элементтерге мыналар жатады: сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, үйге тапсырма беру, сабақтың қорытындысын шығару.

Сабақты жоспарлау өте маңызды. Жоспарлаудың үш түрі белгіленген:

  1.  Әр сабақты жоспарлау (поурочное планирование) – оқытушының жұмыс дәптері. Мақсаты сабақтың маңызын, оқытушының оқытудағы  және оқышулардың оқу материалын меңгеру реттілігін анықтайды. Бұл жоспарда сабақтың тақырыбы, жүзеге асыру әдістері, материалдық қамсыздандыру анықталады. Бұл жоспар нақты және барынша қысқа. Мұнда қалыптастыруға қажет білімдер, дағды іскерліктер көрсетіліп, оған жетуге қажет жаттығулар мен тексттер, сабақтың әр компонентіне кететін уақыт белгіленеді.
  2.  Unit planning (тематическое планирование). Бір тақырып аясындағы бірнеше сабақтарды қамтиды. Тақырыптық жоспарлау кезінде сабақтардың жалпы мақсаты, әр сабақтың мақсаты, сабақтың әр кезеңіндегі мақсаттың жүзеге асуы анықталады. Тақырыптық жоспарда келесі 9 бағаналар бар: 1)сабақ периодтар саны. Мысалы: Мұғаім 22інші сабақтың төрт периодын жоспарлайды; 2) әр кезеңнің мақсаттары; 3) тілдік құралдар; 4-7) дағдылар; 8) құрал-жабдықтар; 9) үй жұмысы;
  3.  Перспективное планирование. Бүкіл кезең бойы оқытушы мен оқушылардың жұмыс жүйесін анықтайды. Мұнда жеке құрамдас кезеңдердегі оқытудың мақсаты, сол кезеңдерде жеткен тіл меңгеру деңгейі және бақылау формалары белгіленеді.

  1.  ШТ әдістемесінің ғылым ретінде зерттеу әдістері.

Әдістеменің зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері – құбылыстардың тану мен оқудың жолдары. Зерттеу әдістері 2 топқа бөлінеді: 1) теориялық әдістерабстрактілеу, анализ және синтез, салыстыру, дедукция мен индукция, модельдеу, экстраполяция жасау (қорытындыны тарату) Теориялық деңгейде қолданылатын әдістер маңызды байланыстар мен педагогикалық құбылыспен процестің заңдылықтарын анықтауға, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға, оларды ғылыми белгілер негізінде жүйелеуге бағытталған.

2) эмпирикалық (тәжірибеге негізделген) әдістер – ғылыми - әдістемелік әдебиетті талдау, ғылыми бақылау, оқытушының тәжірибесін жалпылау, сұхбат, тәжірибелік тексеру оқытуы, сұрақнама, тестілеу, хронометраж, жұмыс нәтижесін статистикалық талдау.

   Эмпирикалық деңгейдегі әдістер зерттеу нысанасына, оқитын құбылыс пен процестердің сыртқы сипатын оқуға бағытталған. Олар жинақтау, фиксация, классификация, және оқу процесінің сапасын көтеру үшін маңызды әдістемелік сипаттағы қорытынды мен кепілдіктер алу үшін материалды жалпылауды қамтамасыз етеді.

   Ғылыми әдебиетті талдаудың мақсаты – тақырып бойынша ғылыми мәліметтер жинау, оқылатын білім саласындағы жетістіктерді анықтау.

   Ғылыми бақылау және педагогикалық тәжірибені жалпылау. Эмпирикалық деңгейдегікең тараған зерттеу әдісі. Нәтижесінде зерттеуші сабақтың барысын және оған қатысушылардың мінез – құлқын реттейді.

   Сұхбат. Сұхбатқа қатысушылардың қойылған сұрақтарға берген жауаптарын талдау нәтижесінде ақпарат алудың кең тараған әдісі. Сұхбат кезінде сабақтың мақсаты, тәсілі, сабақтың нәтижелігі, оқытушының шеберлігі талқыланады.

   Тәжірибе зерттеушінің ұсынған бағдарламасы бойынша жаппай оқыту жүргізуге негізделген эпирикалық әдіс.

   Эксперимент. Зерттеуші жұмыс гипотезасын оқу топтарының бірінде сабақ барысында тексеріп оны басқа дәстүрлі топтың оқушыларының жетістіктерімен салыстырады.

   Сұрақнама. Арнайы даярланған сұрақтардың жауаптарын талқылау арқылы ақпарат алу.

   Тестілеу. Зерттелушінің тілді меңгеру деңгейі, жеке басының ерекшеліктері арнайы тест тапсырмаларының көмегімен анықталады.

   Хронометраж. Бұл зерттеу әдісі оқу процесінің жеке бөлімдерінің ұзақтығын өлшеумен байланысты. Осы мақсатта сабақ барысын таспаға жазып алу қолданылады.

  1.  Сабақтың құрылымы мен түрлері. Дәстүрлі емес сабақтар

Сабақтың құрылымы – сабақты үйлестірудің әртүрлі нұсқаларында оның негізгі  сипаттамаларыныңсақталуымен тұтастығын қамтитын сабақ элементтерінің жиынтығы.Сабақ ұйымдастырылған бірлік ретінде тұрақты және вариациялық компоненттерден тұрады. Тұрақтыларға сабақтың басталуы, негізгі бөлімі және аяқталуы жатады. Варияциялық оқытудың мақсаты мен этабына байланысты болады (жаңа тақырыпты түсіндіру, көрнекілік құралдырын қолдану )

Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат – сабақтың құраушылары деп қарау керек.

Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей  емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.

Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.

  1.  Шетел тілін оқытудың мақсаттары.

Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін оқытуда төрт түрлі мақсат көзделеді: 1)білімдік мақсат; 2)тәрбиелік мақсат; 3)жетіктіру мақсаты; және 4) практикалық мақсат.

Шетел тілін оқытудың аталған мақсаттарын бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес, олар өзара тығыз байланысты. Бұлардың ішіндегі ең бастысы практикалық мақсат. Практикалық мақсат дегеніміз оқушылардың шетел тілін сөз әрекетінің әр түрінде қатыныс құралы ретінде игеруі. Демек оқушылар шетел тілінде ауызша айтылған сөзді тыңдау арқылы түсінуге, жазбаша мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын тікелей немесе сөздіктің көмегімен түсінуге және өз ойын сол тілде ауызша, жазбаша түрде жеткізе білуге тиіс.

  1.  ШТ оқытудағы фонетикалық жаттығулар.

Дыбыстарды түсіндіру негізгі төрт компоненттен тұрады: 1) дыбысты көрсету, 2) осы дыбыстың айтылу жолын оның артикуляциясын түсіндіру, 3) ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға арналған жаттығулар, 4) дыбысты оқушының айтып дағдылануы.

Фонетикалық  дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар екі топқа бөлінеді: 1) тыңдауға арналған (recognition), яғни мұғалімді немесе жазбаны тыңдау. Мұнда есту дағдылары мен дыбыстарды ажырата білу дағдылары қалыптасады; 2) дыбыстарды қайталауға арналған (reproduction). Оқушылардың дыбыстау дағдыларын дамытады.

Тек есту арқылы орындалатын фонетикалық жаттығуларға мынадай мысалдар келтіруге болады. Бірқатар дыбыстарды (сөздерді) тыңдап, (...) дыбысын естігенде қол көтеріңдер; мына сөйлемдерді тыңдаңдар да, сұраулы (хабарлы, бұйрық, аяқталмаган) сөйлем естігенде қол көтеріңдер. Графикалық сүйенішпен (ягни жазбаша текске сүйене отырып) орындалатын жаттыгулар мынадай болуы мүмкін. Бірқатар сөздердің (сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) ішінен мұғалім /диктор айтқан сөздің (сөз тіркесінің, сөйлемнің) астын сызыңдар (әр қатардан тек бір ғана сөз (сөз тіркесі, сөйлем) айтылады; мұғалімнің сөзінде кездескен сөйлемдердегі екпін түсіп тұрған сөздердің астын сызыңдар.

  1.  Шетел тілдерін оқытудың мазмұны және оның компоненттері.

Оқытудың жалпы мазмұны және оның қүрамдас бөліктері тіл құбылыстарының, тақырыптардың, текстердің тек бір шамалы бөлігін қамтиды. Осыған орай, методикада «тіл мен сөз материалдарының минимумы» деген ұғым бар. Бұл ұғымға алға қойған міндетті шешуге қажетті тілдік материалдың ең аз көлемі, тақырыптар минимумы мен текстер минимумы жатады. Әр минимум белгілі критерийлерге сүйене отырып іріктеледі.

В. А. Бухбиндер мен В. Штраусстың редакциясымен шыққан «Шетел тілдерін оқыту методикасының негіздерінде»  оқытудың мазмұнына тіл материалын, іскерліктер мен дағдыларды, сөз материалын және ана тілінде жоқ тіл құбылыстарын енгізуді ұсынады. Ал сөз материалы деген ұғымға Г. В. Рогованың пікірі бойынша , сөз үлгілері, монолог және диалог түріндегі айтылымдар үлгісі, белгілі тақырыптарды қамтитын текстер енгізіледі.

Сонымен қатар оқытудың мазмұнына сөз материалын да енгізу керек деген ұсыныс орынды сияқты. Олай болса, оқытудың мазмүны мынадай компоненттерден тұрады: арнайы іріктеліп алынған, меңгеруге жататын тіл материалы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және орфографиялық материал); ауызша және жазбаша сөзді дамытуға негіз болып табылатын тақырыптар; ауызша және жазбаша текстер; оқушылардың ана тілінде жоқ тіл құбылыстары; фонетикалық, лексикалық, грамматикалык, орфо- графиялық дағдылар; оқыту барысында анықтама әдебиетті қолдану іскерлігі; сөз материалы (сөз үлгілері, монолог пен диалог түріндегі айтылымдар үлгілері).

  1.  Дыбыстаудағы қателер типологиясы және оларды түзету жолдары

Әр тілдің фонетикалық жүйесінде өзіне тән ерекшеліктері тәрізді ағылшын тілінде де біздің ана тілімізде кездеспейтін айтылуы қиындық туғызатын дыбыстар бар. Мұндай дыбыстармен жұмыс істеу кезінде кездесетін қиыншылықтар немесе оқушылардың жіберетін қателіктері:  

  1.  қазақ тілінде жоқ дыбыстар,
  2.  артикуляция (анық айтылуы)
  3.  интонация (екпін, пауза)
  4.  интеграция (in the, hard times)

Осы сияқты жіберілетін қателермен жұмыс жүргізу үшін

  1.  оқушының қатесін түсіндіру (тілдің позициясын түсіндіру)
  2.  оқушыға айтылғанды қайталатқызу
  3.  бірнеше рет тыңдату

Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға қоятын бағдарламаның екінші талабы — апроксимация принципіне сүйену. Апроксимация деген шет тілінің дыбыстарын дәл ағылшынша айту емес, соған жақындату деген сөз. Егер оқушы ағылшынша сөйлегенде, кейбір дыбыстарды қате айтса да, ондай қателер оның сөзін түсінуді ауырлатпаса немесе мүлде түсініксіз етпесе, ондай қателерге қарсы күресіп, түзетпей-ақ қойса да болады.

Фонетикалық  дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар екі топқа бөлінеді: 1) тыңдауға арналған (recognition), яғни мұғалімді немесе жазбаны тыңдау. Мұнда есту дағдылары мен дыбыстарды ажырата білу дағдылары қалыптасады; 2) дыбыстарды қайталауға арналған (reproduction). Оқушылардың дыбыстау дағдыларын дамытады.

Фонетикалық дағдыларды қалыптастыруда техникалық құралдардың маңызы өте зор. Оның артықшылықтары:

  1.  дыбыстау мен интонацияны түзетуге болады;
  2.  мәтінді бірнеше рет қайталап тыңдауға болады;
  3.  ағылшын тілінде әр түрлі жылдамдықпен айтылатын сөзді түсіну қабілетін дамытуға болады;
  4.  сол тілде сөйлеушілерді тыңдауға мүмкіндік береді.

  1.  Шетел тілдерін оқытудың әдістері.

     «Әдіс» ұғымы (грек тілінде –зерттеу жолы) –мақсатқа жету жолы деген ұғымды білдіреді. Ол әдістеменің негізгі категориясы болумен қатар, оқыту жүйесінің компоненті болып табылады. Әдіс ұғымы қазіргі ғылымда 3 түрлі мағынада қолданылады: жалпыметодологиялық , жалпы дидактикалық және жеке дидактикалық.

1.   Жалпыметодологиялық  әдістердің көмегімен қоршаған ортаны өзіне тән қасиеті мен заңдары арқылы танып білу іске асырылады. Мұндағы негізгі орын грек философы Сократ, Платон, Аристотель, неміс классикалық философтары: Кант, Фихте, Гегельге беріледі. Оқытушы үшін ғылыми танымның формалары мен жолдарын анықтайтын және лингводидактика саласында зерттеу жұмысының методологиялық негіздері ретінде қолданылуын анықтайтын жалпыметодологиялық әдістерді білу маңызды.

2.   Жалпыдидактикалық әдістер. Бұл әдіс барлық пәндерде оқытудың, білімнің, және тәрбиенің мақсатына жету үшін қолданылады. Оған жаңа метерилды түсіндіру, үлгерімді тексеру т.б. жатады. Бұл әдістер универсалды болумен қатар әр пәнде өзіндік ерекшеліктері де болады. Сонымен жалпыдидактикалық әдістер – оқушының білім алу, тәрбие және даму мақсаттарына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың өзара байланысы жолдарының жиынтығы.

3. Жекедидактикалық (жеке әдістемелік) әдістер. Жалпыдидактикалық әдіске қарағанда жекедидактикалық  әдістер нақты бір немесе бірнеше пәннің өзінің ерекшеліктерін сипаттайды. ШТ оқыту әдістемесінде әдіске жекедидактикалық ұғым ретінде 2 жақты анықтама беріледі: 1) әдіс оқытудағы бағыт ретінде. Мұны ШТ оқытудың әдістемесі анықтайды, яғни оқытудың әдісі – оқудағы мақсатты, міндеттер мен мазмұнды іске асыратын және осы кезде қолданылатын тәсілдерді анықтайтын оқыту бағыты; 2) тілдің бір аспектісін оқытудың тәсілі ретінде.

Әдіс  тілді оқытудағы стратегияларды, соның негізіндегі оқытушының оқу әрекетінің тактикасын қарастырады және сабақта оқытудың моделі ретінде іске асырылады. Әдістің оптималдығы туралы белгілі әдіскер П.Хэгбольдт: «Өзінің әдісін ең жақсы ғылыми және тілді меңгерудің қысқа жолы деушілер, барлық ауруды бірден емдейтін дәріні жарнамалаушы дәрігер сияқты немесе жексенбілік газеттегі француз, испан тілдерін 20 сағатта үйретемін» деген жарнаманы еске түсіреді» дейді.

 Ал Л.Н.Толстой «Әдістің жақсы не жаман түрлері болмайды, оның кемшілігі тек бір әдісті ғана қолдануында» дейді.

  1.  Фонетикалық дағдыларды қалыптастырудағы жаттығулар.

Дыбыстарды түсіндіру негізгі төрт компоненттен тұрады: 1) дыбысты көрсету, 2) осы дыбыстың айтылу жолын оның артикуляциясын түсіндіру, 3) ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға арналған жаттығулар, 4) дыбысты оқушының айтып дағдылануы.

Фонетикалық  дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар екі топқа бөлінеді: 1) тыңдауға арналған (recognition), яғни мұғалімді немесе жазбаны тыңдау. Мұнда есту дағдылары мен дыбыстарды ажырата білу дағдылары қалыптасады; 2) дыбыстарды қайталауға арналған (reproduction). Оқушылардың дыбыстау дағдыларын дамытады.

Тек есту арқылы орындалатын фонетикалық жаттығуларға мынадай мысалдар келтіруге болады. Бірқатар дыбыстарды (сөздерді) тыңдап, (...) дыбысын естігенде қол көтеріңдер; мына сөйлемдерді тыңдаңдар да, сұраулы (хабарлы, бұйрық, аяқталмаган) сөйлем естігенде қол көтеріңдер. Графикалық сүйенішпен (ягни жазбаша текске сүйене отырып) орындалатын жаттыгулар мынадай болуы мүмкін. Бірқатар сөздердің (сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) ішінен мұғалім /диктор айтқан сөздің (сөз тіркесінің, сөйлемнің) астын сызыңдар (әр қатардан тек бір ғана сөз (сөз тіркесі, сөйлем) айтылады; мұғалімнің сөзінде кездескен сөйлемдердегі екпін түсіп тұрған сөздердің астын сызыңдар.

  1.  Шетел тілдерін оқытудың принциптері.

         Оқытудың принциптері – тұтастай оқу процесіне және оның құрамына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар оқу процесінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін әдістеменің негізгі категорияларының бірі. Оқу принциптері адамның табиғи заңдылықтарды жалпылап, оларды нәтижелі түрде қолдану үшін шығарады.

    Шетел тілдерін оқыту принциптерінің белгілі бір классификациясы берілмейді. Бірақ оқытушы өз қызметін бағыттауда принциптерді әдістеменің негізгі мазмұнын құрайтын ғылымдардан, соның ішінде дидактика, лингвистика және психологиядан алады. Бұл принциптер өзара байланысты және оқу процесінің қойған мақсатына жету жолында біртұтас жүйе құрады. Қазіргі кезеңде негізгі әдістемелік принцип ретінде коммуникативтік принцип саналады.

Дидактикалық принциптер

Лингвистикалық принциптер

Психологиялық принциптер

Жеке әдістемелік принциптер

- Саналылық

- Белсенділік

- Көрнекілік

- Тұрақтылық

- Жеңілдету

- Пәнаралық координация

- Мәдениетаралық байланыс

- Кәсіби компетенттілік

- Жүйелілік

- Концентризм

-Лингвистикадағы тіл және сөйлеу деңгейлерін анықтау

- Функционалдық

- Стилистикалық дифференциация

- Тілді минимизациялау

- Мотивация

- Сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру

- Оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру

- Адаптациялық

- Коммуникативтік

- Ана тілді ескеру

- Ауызшаны алға шығару

- Сөйлеу әрекетінің түрлерінің өзара байланысы

- Кәсіби бағыттау

- Аппроксимация

- Ситуативті- тематикалық ұйымдастыру

- Тілді меңгеру деңгейін ескеру

Дидактикалық принциптер дидактикадағы білім беру және оқыту теориясының  негізгі бөлімдерін көрсетеді. Дидактикалық принциптерді анықтаған Я.А.Коменский (1592-1670).

Лингвистикалық принциптер әдістеменің базистік ғылымы ретінде тіл біліміне негізделеді.

Жеке әдістемелік принциптер ШТ оқытудың негізгі әдістемелік принципі – коммуникативтік принцип. Бұл принцип бойынша оқыту процесі қарым-қатынастың табиғи немесе соған жақын жағдайда ұйымдастырылады. Бұл принципті іске асыру оқу процесін шынайы коммуникация процесіне жақындату және ол оқушының белсенді шығармашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады.  

  1.  Грамматикалық жаттығулардың түрлері.  

Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудағы жаттығулардың түрлері.

Г.В.Рогова грамматикалық жаттығуларды төмендегідей бөлуді ұсынады:

1) Recognition exercises  – ең оңай жаттығулар.

2) Drill exercises - репродукцияны талап ететін күрделірек жаттығулар: қайталау (repetitive),  орнына қою (completion), алмастыру (substitution), құрылымын өзгерту (transformation),  оқытушының сұрақтарына жауап беру.

3) Creative exercises (шығармашылық, сөйлеу жаттығулары): сурет бойынша сөйлем құрастыру, сұрақ қою, тақырып бойынша сөйлеу, диалог құру, драматизация, фильмнің желісі бойынша сөйлеу, әңгімелеу, аударма, дискуссия.

  1.  Шетел тілдерін оқытудың құралдары.

Оқытудың құралдары –оқу құралдары мен техникалық құралдар кешені. Бұл құралдардың көмегімен оқытушының тілді оқыту мен оқушының тілді меңгеру жұмысы жүзеге асырылады. Оқыту құралдары әдістеменің негізгі категорияларының біріне жатады және тілді оқыту мен меңгеру процесін жеңілдетеді, нәтижелі етуге ықпалын тигізеді.

    Құрылымына қарай оқыту құралдары оқытушыға арналған, оқушыға арналған, аудио-визуалды және техникалық құралдар болып бөлінеді.

    Оқыту құралдары типтік оқу кешені (немесе оқу-әдістемелік кешен) оқушылардың нақты санымен белгілі профиль жағдайында жұмыс істеуге арналған. Мұндай кешеннің міндетті компоненттеріне: оқулық, мұғалімге арналған құрал, аудиовизуалды қосымша материалдар (грамжазба, компьютерлік бағдарлама, видеофильмдер).

Оқытушыға арналған құралдар

Оқушыға арналған құралдар

Аудиовизуалдық құралдар

Техникалық құралдар

  1.  Білім стандарты
  2.  ШТ оқыту бағдарламасы
  3.  Анықтамалық және ғылыми әдебиет
  4.  Әдістемелік әдебиет

  1.  Оқулық
  2.  Оқу кітабы (хрестоматия)
  3.  Тіл дамыту құралдары
  4.  Жаттығулар жинағы
  5.  Анықтамалар
  6.  Сөздік

  1.  Фонограммалар
  2.  Видеограммалар
  3.  Видеофонограммалар

  1.  Дыбыстық-техникалық
  2.  Жарық-техникалық
  3.  Дыбыс пен жарық техн.
  4.  Компьтерлік құралдар

  1.  Ойын технологияларының түрлері мен маңызы.

 Ойын-оқушылардың шығармашылдығы мен ой-өрісін дамытушы факторы.  Ағылшын тілін оқытудың мақсаты–оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:

  1.  стол үсті ойындары
  2.  дидактикалық ойындар
  3.  қозғалыс ойындары
  4.  іскерлік ойындар
  5.  интеллектуалдық ойындар

Стол үсті ойындары

Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

Дидактикалық ойындар

Оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Қозғалыс ойындары

Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізуге болады.

Іскерлік ойындар

Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.

Интеллектуалдық ойындар

Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар–шаралар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

  1.  Шетел тілдерін оқытудағы фонетикалық дағдылардың орны мен рөлі.

Тіл материалын игеру дегеніміз оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дүрыс қолдана білу дағдысын меңгеру деген сөз. Демек, шетел тілін оқыту процесінде тіл материалымен оқушыларды таныстырып қою жеткіліксіз, оларға осы материалдың қалай қолданылатынын көрсетіп, оны дұрыс қолдануға дағдыландыру керек.

Адамдар бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасағанда ауызша сөзді қолданады. Олай болса, шетел тілінің дыбыстық жағын үйренудің ауызша сөз үшін маңызы зор. Егер адам шетел тілінде сөйлегенде сол тілдің дыбыс- тарын дұрыс айтпаса, онда оны тыңдаушылар түсінбеуі мүмкін, яғни адамның ойын өзгелерге түсінікті түрде жеткізе алмағаны. Демек, ол сол тілді қатынас құралы ретінде пайдалана алмады деген сөз. Сондықтан сөйлеп үйрену ушін фонетикалық дағдылар ауадай қажет. Онсыз адам сөйлей алмайды, ал, сөйлей қалғанда, оны тыңдаушылар түсінбейді.

Фонетикалық дағдылардың қажеттігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дүрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдап отырып, естігенін түсіне алмайды. Оның себебі: адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда, естігенін іштей қоса айтып отырып, оны өз санасында қалыптасқан дыбыс жүйесімен салыстырады, сөйтіп оны таниды, түсінеді. Ал оның санасында дүрыс қалыптасқан дыбыс жүйесі, фонетикалық дағдылары жоқ болса, онда ол естігенін тамымайды, түсінбейді. Демек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, сонымен қатар басқа адам сөйлегенде, біреудің сөзін тыңдап-түсіну үшін үлкен рөль атқарады.

Жазба текстерді оқығанда адам оны іштей дыбыстап отырады. Демек, оқу кезінде де ішкі сөз қатынасады. Олай болса, оқығанын түсіну үшін жақсы қалыптасқан фонетикалық дағдылар қажет. Ал дауыстап оқуда бұл дағды- лардың қажеттігіне ешқандай күмән жоқ, өйткені жазба текстегі хабарды өзгелер де тындай отырып, түсінсін деген мақсатпен дауыстап оқиды. Фонетикалық дағдылары қалыптаспаған адам дауыстап оқыса, оны ешкім түсінбейді. Сондықтан шетел тілін оқытуда фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек.

  1.  Шетел тілдерін оқытудың дидактикалық принциптері.

        Оқытудың принциптері – тұтастай оқу процесіне және оның құрамына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар оқу процесінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін әдістеменің негізгі категорияларының бірі. Оқу принциптері адамның табиғи заңдылықтарды жалпылап, оларды нәтижелі түрде қолдану үшін шығарады.

Дидактикалық принциптер дидактикадағы білім беру және оқыту теориясының  негізгі бөлімдерін көрсетеді. Дидактикалық принциптерді анықтаған Я.А.Коменский (1592-1670).

Саналылық принципі дидактикалық приніциптерінің жетекші орнын алады. Бұл принципті қолдану оқушылардың шет тілдік сөйлеудің мазмұнын, сөйлеу тұратын бірліктерді ұғыну және сол бірліктерді қолдану тәсілдерді түсінуді болжайды. Атақты әдіскер Беляев айтқан: дағды мен шеберлік (іскерлік) қалыптасуы тілді меңгеру үдерісін түсіну барысында анағұрлым тез болады.

Белсенділік принципі деп сабақ барысындаға сөйлеу белсенділігін айтады. Бұл оқушы әрекетіндегі психикалық шиеленісті (напряженность) білдіреді, яғни зейін, ойлау, есте сақтау, оқитын тіл тәсілдері негізінде өз ойын құру және тұжжырымдау. Белсенділіктің негізгіздері: мақсат, мотив, ынта және қызығушылық.

Көрнекілік принципі оқытудағы ең маңыздылардың бірі. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

Тұрақтылық принципі оқушылар есінде оқу материалын сақталуын және қарым қатынастың түрлі ситуацияларында оны қолдану мүмкіндігін айтады. Мәліметті меңгеру тұрақтылығына сол материалдың түсінуге оңайлығы, икемді баяндау, оқушыларға эмоционалды әсер етуді қамтамасыз ететін, әр түрлі жаттығулар қолдану негізінде жетуге болады.

Жеңілдету принципі, яғни бұл бірінші сабақтан бастап материал  оқушылардың жас және интелектуалды  ерекшеліктеріне сай келуін қарастырады. Ал сол материалды меңгеруі оқушыларға қиындық туғызбау керек.

Пәнаралық координация, бұл түрлі дисциплиналар тақырыптарының байланысуын қарастырады. Мұның мақсаты қайталануды болдыртпау және тақырыптардың және қоршаған ортаның құбылыстарының оқушының санасында бірыңғай қабылдауын қамтамасыз ету. Коменский жазған: «Өзара байланыста болатынның барлығы, сол байланыспен оқытылу керек»

Мәдениетаралық байланыс оқу тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде, оқытушы сол тәлде сөйлейтін адаммен мәдни аралық байланыста оқушылардың ұлттық мәдени ерекшеліктерін ұйғаруы

Кәсіби компетенттілік

  1.  Сөйлеудің лексикалық дағдыларын қалыптастыру,  жаңа лексикамен таныстыру және іріктеу.

Тілді білу – оның құрамы мен сөздерін меңгеру. Лексика – тілді оқытудың аспектілерінің бірі.

     Лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудің өте манызды құралы. Лексиканы лексика үшін емес, оны сөзде қолдана алу үшін меңгеру керек яғни басқалардың сөзін түсіну, өз ойын жеткізу үшін қажет лексиканы қолдана алу.

      Мектеп оқушыларына қажет лексиканың көлемін бағдарлама анықтайды.

Шетел тілдерін оқыту барысында сол тілдің барлық сөздік қорын меңгеру мүмкін емес, өйткені шетел тілін оқытуға бөлінген уақыт шектелген. Совет методикасында лексикалық минимумды іріктеудің негізгі принциптерін біршама толық түрде қамтыған И. В. Рахманов  ең әуелі активтік сөздік пен пассивтік сөздікті ажырату қажеттігін атап көрсетеді. Ол әуелі пассивтік сөздікті іріктеу принциптерін келтіреді: 1) сөздердің тіркесу қабілеті, 2) стильдік шектелмегендігі, 3) семантикалық құндылығы, 4) сөз тудыру құндылығы, 5) көп мағыналылығы, 6) көмекші сөз ретінде қолданылу мүмкіндігі және 7) жиілігі . Бұлардың алғашқы үшеуі негізгі, соңғы төртеуі қосымша принциптер. Осы принциптер негізінде пассивтік сөздікті іріктеп алған соң, соның ішінен активтік сөздікті іріктеп алу керек. Ол үшін жоғарыда аталған принциптерге қосымша тағы да екі принцип қолданылады: синонимдерді минимумға енгізбеу және ұғымдарды түсіндіру принципі.

Оқушыларды жаңа сөзбен таныстыру кезеңінің негізгі мақсаты — олардың санасында сол сөздің есіту-көру-моторлық бейнесін қалыптастыру және оның қолданылуымен таныстыру. Яғни жаңа сөзбен істелетін жүмыстың алғашқы кезеңінде оқушыларды сөздің дыбыстық бейнесімен таныстырып, оның қалай айтылатынын оқушыларға тыңдату, оны дұрыс айтуға үйрету мақсаты көзделеді, сондай-ақ жаңа сөз қандай сездермен тіркесе алатынын көрсету көзделеді. Келесіде жаңа сөзді контексте енгізе отырып, мұғалім оның айтылу ерекшелігін оқушыларға көрсетеді, оны олардың санасына жеткізіп, сөзді дұрыс айтуға үйретеді. Осыдан кейін сөздің мағынасын түсіндіруге көшеді.

Жаңа сөзбен жұмыс істеудің келесі екі кезеңі бар: бірі — сөздерді алғаш бекіту кезеңі, екіншісі — олардың қолданылуын автоматтандыру кезеңі. Жаңа сөзді алғаш бекіту түсіндірумен қатар жүреді. Сөзді бекіту мен автоматтандыру жұмысы жаттығулар негізінде жүзеге асырылады.

  1.  Дыбыстауды қалыптастыру мен түзетудегі техникалық құралдардың маңызы.

Соңғы кезде оқу-тәрбие процесінде техникалық құралдарды қолдануға үлкен мән беріліп келеді. Ғылымның өсіп-өркендеуі елеулі техникалық прогреске жол ашып отырған жағдайда оқу-тәрбие жұмысында жақсы табыстарға жету үшін ғылыми-техникалық жетістіктерді оқыту процесінде кеңінен пайдалану керек. Шетел тілін оқыту процесін жеделдету мен жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды қолданудың маңызы зор:

1.  Техникалық құралдар оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруі- не, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

Оқытудың техникалық құралдары сабақта әр түрлі мақсатқа қолданылады. Олардың комсгімен тіл материалын түсіндіруге, оны бекітуге, сондай-ақ соз іскерліктері мен дағдыларын дамытуға болады. Техникалық құралдар фонетикалық дағдыларды дамытуда оқушылар мен мұғалімге үлкен көмек көрсетеді. Мұнда негізінен күй- табақ ойнатқыш пен магнитофон қолданылады. Күй-табақтан немесе магнитофоннан оқушылар шетел тілінде диктордың үлгілі сөзін тыңдап, дыбыстардың қалай айтылатынын, сөздердің екпінін, сөйлемдердің интонациясын естиді де, оған еліктеу арқылы шетел тілі дыбыстарын дұрыс айтуға, сөздердің екпінін дұрыс қоюға, сейлемдерде дауыс ырғағын, интонациясын бұлжытпай айтуға дағдыланады. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін күйтабақ ойнатқыштан гөрі магнитофон тиімдірек, өйткені магнитофонға мұғалім өзі жаза алады, мұнда әр дыбыстан, сөзден кейін үзіліс жасауға мүмкіндік бар. Сөз шапшаңдығын да мұғалім өз оқушыларының шама-шарқына мөлшерлеп өзгертіп отырады.

Магнитофонның көмегімен фонетикалық дағдыларды

қалыптастырғанда, мұғалім таспаға жеке-жеке дыбыстарды арасына үзіліс қалдыра отырып жазады. Сондай-ақ құрамында .жаттықтырылуға тиісті дыбыстар бар сөздер мен сөйлемдерді де үзіліспен жазып алады, Оқушылар әуелі жеке дыбыстарды тыңдап, арасындағы үзілісте сол дыбыстарды дұрыс айтып жаттығады. Сосын сөздер мен сөйлемдерді тыңдап, үзілісте оларды қайталап айтады. Сөйтіп, оқушылар жеке дыбыстардың айтылуын ғана емес, сөздердің айтылуын, дауыс екпінін, сөйлемдердің интонациясын меңгеріп алады. Магнитофон әсіресе шетел тіліндегі тақпақтар мен өлеңдерді үйренуде үлкен көмек береді.

  1.  Жазу және жазбаша сөйлеуге үйрету. Жазуға үйретудегі қиындықтар.

Жазба сөз сөз әрекетінің айырықша түрі, ол ақпаратты графикалық байланыс каналы арқылы, яғни графикалық түрде қалыптастырып, сөз тудырады. Сөз әрекетінің басқа түрлерінен жазба сөздің ерекшелігі оның күнделікті өмірде қолданылуы аясының әлдеқайда тарлығында. Жазуға үйрету барысында оқушылар белгілі қиындықтарға кездеседі. Бұл қиындықтар әсіресе графика мен орфаграфияның ерекшеліктеріне байланысты. Графика саласындағы қиындықтар мынамен байланысты: ағылшын тілінде жазылуы қазақ әріптеріне ұқсас, бірақ мүлде басқа дыбыстарды таңбалайтын әріптер бар (мысалы Р, і, с т.б). Оқушылар бұл әріптерді қазақ әріптерімен шатыстыруы нәтижесінде толып жатқан қателерге ұрынады.

Орфаграфия саласында да белгілі бір қиындықтар бар: 1) дыбыс пен әріп арасында сан жағынан сәйкестік жоқ. Мысалы ағылшын тіліндегі ч дыбысы екі немесе үш әріптің қосындысы береді: tch. 2) бір әріп бірнеше дыбысты таңбалайды. Мысалы s дыбысы сөздің басында, ортасында, дауысты дыбыстың алдынды, екі дауысты дыбыстың ортасында, з дыбысын берсе; сөздің аяғында, дауыссыз дыбыстың алдында с дыбысын білдіреді. 3) бірнеше әріп бір дыбысты білдіреді: k, c, ck, q әріптері мен әріптер қосындысы к дыбысын береді. 4) кейбір әріптер мысалы h, e алдыңғы дауысты дыбыстың созылыңқы айтылатынын білдіріп тұрады да, өздері оқылмайды.

  1.  ШТ оқытудың коммуникативтік принциптері.

    Оқытудың принциптері – тұтастай оқу процесіне және оның құрамына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар оқу процесінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін әдістеменің негізгі категорияларының бірі. Оқу принциптері адамның табиғи заңдылықтарды жалпылап, оларды нәтижелі түрде қолдану үшін шығарады.

Қазіргі кезеңде негізгі әдістемелік принцип ретінде коммуникативтік принцип саналады. ШТ оқытудың негізгі әдістемелік принципі – коммуникативтік принцип. Бұл принцип бойынша оқыту процесі қарым-қатынастың табиғи немесе соған жақын жағдайда ұйымдастырылады. Бұл принципті іске асыру оқу процесін шынайы коммуникация процесіне жақындату және ол оқушының белсенді шығармашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады.  Коммуникативті принцепті ұстанған кезде сабақтың бағытында оқытудың мақсаты (тілді қарым қатынас құралы ретінде меңгеру) және мақсатқа жету құралы тығыз байланысты.

Сонымен қатар бұл принцип оқушылардың шығармашылық әрекетінің белсенділігін талап етеді. Мысалы: ұжымдық жұмыстарды кеңінен пайдалану, қарым қатынас құралы ретінде тілге әрдайым айналу, проблемды ситуацияларға деген көңіл, шығармашылық тапсырмалар т.б.

Ерекшеліктері: мотивированность, мақсаттылық, жеке мәні, индивидуалды қарым-қатынас, сөздік ойлау белсенділігі, өзара әрекет, ұласу(контактность), ситуациялық, ақпараттық, жаңашыл, функционалдылық, тапқырлық, проблемалық,

  1.  Сөйлеудің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру. Грамматикалық материалдарды іріктеу

Грамматиканы сөйлеу әрекетінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Грамматика мұнда ұйымдастырушы роль атқарады. Сөздік формалар сөз тіркестерінде, сөйлемде, мәтінде бірігеді. Мысалы: біз a tall woman десек дұрыс естіледі, ал a woman tall десек дұрыс емес болады. Сөйлеудегі грамматикалық дағды грамматикалық құбылысты автоматтандырылған, комуникативті мотивті түрінде қолдану.

Дұрыс және автоматтандырылған сөздің формасын құруды тілдік морфологиялық дағдылар деп аталады. Оған мыс етістіктің жеке жалғауларын дұрыс қолдану тағы басқалары жатады.

Дұрыс және автоматтандырылған сөз тәртібін сөйлемде құру синтаксистік сөйлеу дағдылары болады.

Бұл дағдылардың ауызша – сөйлеу дағдыларынан айырмашылығы жазбаша процесте жазылған нәрсеге қайтып келуге, талдауға, анықтауға, орфографиялық ережелерді қолдануға мүмкіндік бар.

Сөйлеу әрекетінің рецептивті грамматикалық дағдылары автоматтандырылған грамматикалық құбылыстың есту – сөйлеу байланысын автоматтандыру.

Рецептивті активті тыңдап түсіну грамматикалық дағдылары көру – графикалық пен сөйлеу образдарының байланысына негізделген.

Пассивті рецептивті дағдыға 1) тәжірибе нәтижесінде мәтінде грамматикалық құбылысты танып түсіну; 2) дискурсивті – операциялық грамматикалық талдау жасау дағдысы жатады.

Сонымен тілдік грамматикалық дағдылар дискурсивтілікпен, коммуникативті еместігімен сипатталады. Оны психологиялық әдебиетте «ақыл» немесе «интеллектуалды» деп аталады.

  Грамматикалық материалмен жұмыс істеу негізгі 4 этаптан тұрады:

  1.  Грамматикалық құбылысты таныстыру және грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін негіз жасау.
  2.  Сөйлеу грамматикалық дағдыларын ауызша тілде автоматтандыруды қалыптастыру.
  3.  Грамматикалық дағдыларды сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде қолдану.
  4.  Сөйлеу қабілетін дамыту.

  1.  ШТ оқытудағы жеке әдістемелік принциптер.

        Оқытудың принциптері – тұтастай оқу процесіне және оның құрамына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар оқу процесінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін әдістеменің негізгі категорияларының бірі. Оқу принциптері адамның табиғи заңдылықтарды жалпылап, оларды нәтижелі түрде қолдану үшін шығарады.

Жеке әдістемелік принциптер. ШТ оқытудың негізгі әдістемелік принципі – коммуникативтік принцип. Бұл принцип бойынша оқыту процесі қарым-қатынастың табиғи немесе соған жақын жағдайда ұйымдастырылады. Бұл принципті іске асыру оқу процесін шынайы коммуникация процесіне жақындату және ол оқушының белсенді шығармашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады.  

- Ана тілді ескеру оқитын тіл мен ана тіліндегі айырмашылқтар негізіндегі оқитын тілдегі қиыншылықтарды ескереді.

- Ауызшаны алға шығару принципі қарастырады: оқу материалының ауызша енгізу және бекіту; ауызша түрде өтетін сөйлеу практикасының болуы.

- Сөйлеу әрекетінің түрлерінің өзара байланысы оқу бағдарламасы негізінде төрт түрлі дағдыны бір уақытта қалыптастыру (speaking, listening, writing, reading)

- Кәсіби бағыттау шет тілі сабағында және басқа да сабақтарда оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын және болашақ мамандығын есепке алу.

- Аппроксимация (латын тілінен аударғанда жақындау), яғни егер қарым қатынас бұзылмай, хабар мазмұны түсінікті болып қалғандағы оқушылардың істеген қателіктеріне мейіріммен қарау.

- Ситуативті- тематикалық ұйымдастыру

- Тілді меңгеру деңгейін ескеру

  1.  Тыңдап түсінуге үйрету. Аудиомәтінмен жұмыс істеу әдістемесі.

Тыңдап түсінуді дамытуға арналған жаттығулардың ең негізгісі Pre-listening, while-listening, post-listening activities жүргізу. Прелистнигде сұрактар койылады. Ол сурактар окушыларды тындалынатын тексттін мазмұны жайлы ой береди. Алдын ала дайындайды. Кейін тыңдау барысында Fill in the gaps тапсырмасын орындау окушылардын зейінін тындауға тура бағдарлайды. Кейін аудированиени түсіну деңгейлерін анықтау үшин тест алуға болады.

  1.  тыңдауға арналган мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
  2.  мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты мәселе болуы керек;
  3.  мәтіннің берік логикасы болуы шарт және ол жаттықтырушы тілмен баяндалуға тиіс;
  4.  мәтінде ауызша сөздің әр түрі болғаны жөн диалог, монолог, сондай-ақ диалог-монолог аралас келген жөн;
  5.  тыңдап-түсінуге арналған мәтіндердің көлемі төменгі кластарда 1 —1,5 минут, ортаңғы кластарда 2—2,5 минут, жоғарғы кластарда 3—4 минуттен аспауы керек.

  1.  ШТ оқытудың стратегиялық мақсаты.

Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін оқытуда төрт түрлі мақсат көзделеді: 1)білімдік мақсат; 2)тәрбиелік мақсат; 3)жетіктіру мақсаты; және 4) практикалық мақсат. Соңғы жылдардағы әдебиеттерде тағы бір мақсат қарастырылған стратегиялық(глобальді). Бұл оқушыларға қатысты қоғам тапсырысының бейнесі болып табылады. Стратегиялық мақсаттың мәні тілді оқыту барысында екінші тілдік тұлғаны қалыптастыру. Демек, сол тілде сөйлейтін адамдардың деңгейінде шет тілін меңгеру.

Екінші тілдік тұлға терминін ғылыми айналымға Ю.Н.Караулов(1987) енгізді. Жәнеде Виноградов алғаш енгізген тілдік тұлға ұғымынан шығады. Екінші тілдік тұлға құрылымында үш деңгейді бөліп қарастыруға болады:

  1.  Вербальды симантикалық (тілдің жүйесін білу және әр түрлі қатынас ситуациялардында қолдана білу)
  2.  Когнитивті
  3.  Прагматикалық

  1.  Қарым-қатынастың монологтық, диалогтық және полилогтық формаларына үйрету.

Ауызша сөздің, соның ішінде сөйлеудің екі түрі бар: монолог турінде  сөйлеу және диалог турінде сөйлеу. Оқушылар ауызша сөздің осы екі түрін де тыңдап-түсінуге тиіс. Сондықтан тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығуларының екі түрін ажыратқан жөн: диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары және монологты тыңдап-түсінуге үйретеьін сөз жаттығулары.

1.Диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар мыналар:

  1.  диалогты тыңдаңдар, соған ұқсас сол тақырыпқа диалог құрыңдар;
  2.  диалогтың басын тыңдап, әріптестердің бірінің соңғы реплиқасын кеңейтіп, толықтырыңдар;
  3.  магнитофонға жазылған диалогты тыңдап, кейіп- керлердің әңгімесін қайталап айтып беріңдер;
  4.  күйтабаққа жазылған диалогты тыңдаңдар да, оның мазмұнын монолог түрінде айтып беріңдер (кейіпкерлердің біріне мінездеме беріңдер, диалогқа тақырып табыңдар да, оны түсіндіріңдер) т. б.

2. Монологқа немесе палилогқа қатынасы арқылы диа- логты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар:

  1.  таспаға жазылған сұрақтарды тыңдаңдар да, үзілісте сол сұрақтарға болымды (болымсыз) түрде жауап беріңдер;
  2.  диалогтың басын тыңдаңдар, оны жалғастырып, оқушылардың бірімен әңгімелесіңдер;
  3.  диалогты тыңдаңдар, оны кеңейтіңдер;
  4.  диалогты тыңдаңдар, сөз болып отырған мәселеге байланысты өз пікірлеріңді айтыңдар.

3. Монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары:

  1.  мәтінді тыңдап, төмендегі екі сұраққа толық жауап беріңдер;
  2.  тыңдаған мәтіннің аяқ жағын (басын, ортасын) мазмұнын айтып беріңдер;
  3.  фильмді (диафильмді) көріп, оның негізгі идеясын түсіндіріңдер;
  4.  тыңдаған хабарды мағыналық үзінділерге бөліп, оларға тақырып қойыңдар;
  5.  мәтінді тыңдап, оған төмендегі жоспарды қолдану арқылы рецензия құрастырыңдар: 1) хабардың тақырыбы; 2) оның кейіпкерлері; 3) қысқаша мазмұны; 4) негізгі идеясы; 5) тыңдаған хабарға баға.

Полилог  – шығармада оқиғаға қатысушы бір топ адамның образын жасайтын, яғни топты танытатын құрал. Мұнда автор ситуацияны баяндау кезінде бірнеше адамдардың қатысқан сөздерін береді. Сол арқылы әр кейіпкердің өзіндік бейнесін толықтырып нақтылай түседі.

  1.  ШТ оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы.  

ШТОӘ өзі жеке ғылым бола тұрып басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде әдістеме үшін негізгі пәндер: тіл білімі, педагогика, психология, әлеуметтану, елтану. Оларды әдістемеге ұқсас ғылымдар деп атайды.

   Әдістеме үшін тағы бір негізгі ғылым – психология. Психология жанды нәрселердің дамуы мен психикалық қызметтерінің қалыптасуының заңдылықтары.

   Психологиядан әдістеменің алатыны: тілді меңгерудің ерекшеліктері, оқу процесіндегі оқушының жеке психологиялық ерекшеліктері, білімді, сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту сипаты.

   Психологиядан тілді меңгерудің мотивтерін, оқудағы есте сақтау түрлері мен оның ролін алынады.

   Мотивацияның ішкі және сыртқы түрлері де болады.

      Әдістеменің психологиямен байланысы әсіресе жалпы және жас ерекшелігі психологиясы, психолингвистика және педагогикалық психологияда көрінеді.

  1.  Шетел тілдері бойынша бақылаудың мақсаты, функциялары, түрлері  және формалары.

 Бақылау бұл оқушының белгелі бір мерзімде тіл меңгеруінің қандай деңгейне жеткенін анықтау. Бақылау сабақтың бір бөлігі, оның уақытында мұғалім оқушылардың өткен материалды меңгеруі мен практика жүзінде қолдануын бағалайды. Бақылау мыналарға мүмкіндік береді:

  1.  Мұғалімге оқушылар тобының және әр оқушыны жұмысының қорытындысы; өзінің жұмысының нәтижелері туралы мәлімет алуға
  2.  Оқушылардың оқу мотивациясын жоғарлатуға; одан да жақсы оқуға.

Бақылаудың функциялары:

  1.  Диагностикалық тілді меңгеру деңгейін бағдарламаның талабымен сәйкестігін анықтайды;
  2.  Үйретуші (обучающий)сабақта өткен материалды қайталау мен бекітуді қамтамасыз етеді;
  3.  Басқарушы (управляющий) – тілді меңгеру үдерісін басқарады;
  4.  Түзетуші (корректирующий);
  5.  Ынталандырушы;
  6.  Бағалаушы;

Қазіргі методикада тексерудің жүргізілу мерзіміне қарай оның мынадай түрлері бар: 1) күнделікті (ағымдағы) тексеру, 2) тақырыптық тексеру (бір тақырып аяқталған соң, соның соңындағы тексеру), 3) мерзімді тексеру, 4) қорытынды тексеру (жыл аяғындағы тексеру).

Бақылаудың формалары: индивидуалды, фронталды (мұғалімнің барлық класппен әңгімелесуі), топтық, жұптық. Айтылған формалардың әрқайсысы ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге асырылады.

  1.  ШТ оқытудың лингвистикалық принциптері.

Оқытудың принциптері – тұтастай оқу процесіне және оның құрамына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар оқу процесінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін әдістеменің негізгі категорияларының бірі. Оқу принциптері адамның табиғи заңдылықтарды жалпылап, оларды нәтижелі түрде қолдану үшін шығарады.

Лингвистикалық принциптер әдістеменің базистік ғылымы ретінде тіл біліміне негізделеді.

- Жүйелілік принципі тілді өзара байланысқан  біртұтас біріктірілген әр түрлі деңгейдегі элементтерді жүйелілік құрылғы ретінде қарастырады (тілдік бірлік коммуникативті және функционалдық маңыздылығына байланысты қаралады; оқушылар санасында шет тілі түсінігін жүйелі түрде қалыптастыру; грамматиканы лексикамен өзара байланыстыра оқыту).

- Концентризм принципі лексико-грамматикалық материалдарды енгізу мен іріктеудің сипаты. Мұнда өтілген материалға тереңдетіле және кеңейтілген түрде қайта айналу қарастырылады.

-Лингвистикадағы тіл және сөйлеу деңгейлерін анықтау меңгеру объектісі болған жалпы тілдік және сөйлеу құбылысындағы үш аспектті ерекшелейді. Олар: тілдік (тілдік жүйе), сөйлеу (тіл көмегімен ойын құрастыру мен тқжырымдау жолдары), сөйлеу әрекеті (қатынас процессін жүзеге асырады).

- Функционалдық сабақтағы тілідік материал пікірлердің бар болуының есебінен қарастырылады.

- Стилистикалық дифференциация принципі оқыту барысында түрлі сөйлеу стиліне тән тілдік және сөйлеу ерекшелігін есепке алу маңыздылығы.

- Тілді минимизациялау, бұл тілдік және сөйлеу тәсілдерін іріктеу.

  1.  Оқуға үйрету. Оқудың түрлері және мәтіндерді іріктеудің  критериилері.

 Кейбір балалар оқуға тез үйренеді және ата – аналар бұған толық түрде қанағаттанады. Басқалары алғашқы әліппеге үйренуде қиналады.оқуға үйретудің мақсаты – оқушылардың әр - түрлі деңгейдегі мәтіндерді оқып түсінуі болып табылады:

  1.  Мәтіннің негізгімазмынын түсіну( танып оқу);
  2.  мәтіннің мазмұнын толық түсіну (зерттеп оқу);
  3.  керекті ақпаратты теріп алу (ізденіп оқу).

Сөйтіп аталған оқу түрлеріне қойылатын талаптар мыналар:

Таныса оқу : мәтіндегі барлық фактілердің кем дегенде 70 % -ін түсіну, бірақ мәтіндегі барлық негізгі, басты фактілерді міндетті түрде түсіну қажет. Басты ақпа- ратты дәл түсініп, қосалқы ақпаратты дұрыс түсіну керек. Кемелденген оқудың ең төменгі сатысына жеткенде, оқу жылдамдығы минөтіне 140—150 сөз, кемелденудің «студенттік» деп аталатын деңгейінде 250—300 сөз оқу керек .

Зерттей оқу: түсінудің толықтық деңгейі —100%, барлық ақпаратты (басты ақпаратты да, қосалқы ақпарат- ты да) дәл (адекватты түрде) түсіну қажет. Оқудың бұл түрі ушің оқу жылдамдығы минөтіне 50—60 сөзден кем болмауы керек, ал «студенттік» деңгейде минөтіне 130— 150 сөз .

Қарап шығу: оқудың бұл түрі оқырманнан өте жоғары дәрежеде дамыған оқу іскерлігін талап етумен қатар, оның өте бай тіл материалын меңгеруін талап етеді. Сондықтан орта мектепте қарап шығудың кейбір элементтерін ғана үйретеміз: мәтіннің (әңгіменің) тақырыбын, не туралы екенін анықтауға үйрету керек. Оқужылдамдығы минөтіне 1 —1,5 бет.

Мәтіннің мазмұнын түсіну үшін қандай ой операцияларын жаттықтыруға байланысты мынадай оқу түрлері болады: аналитикалық оқу және синтетикалық оқу; оқығанның мазмұнын тікелей аудармасыз түсініп оқу және ана тіліне аудару арқылы түсініп оқу (аудармасыз оқу және аударып оқу). Оқу барысында оқушыға көрсететін көмектің сипаты мен дәрежесіне қарай оқудың мынадай түрлерін ажыратамыз: сөздікпен оқу және сөздіксіз оқу; қиындығы алдьш ала жойылған оқу және қиындығы алдын ала жойылмаған оқу. Ұйымдастыру түріне байланысты оқудың түрлері: Қласта оқу және үйде оқу; жаттығу ретінде (мұғішімнің тапсырмасымен) оқу және нағыз, өз бетімен оқу; фронталды оқу (барлық класс бір кітапты оқиды) және индивидуалды оқу (оқушылар әр түрлі кітаптар оқи- ды). Дауыстап оқудың түрлері: хормен оқу және жеке-жеке оқу.

Аналитикалық оқу дегеніміз тіл жағынан қиын мәтіндердегі тіл материалын: грамматикалық құбылыстар мен кейбір сөздерді талдау арқылы сол мәтіннің мазмұнын түсініп оқу; Синтетикалық оқу деп оқушылар мәтіннің мазмұнын ешқандай талдаусыз, ана тіліне аудармай, тікелей түсінуін айтамыз.

  1.  Оқытушыға және оқушыға арналған оқу құралдары.

Оқытудың құралдары –оқу құралдары мен техникалық құралдар кешені. Бұл құралдардың көмегімен оқытушының тілді оқыту мен оқушының тілді меңгеру жұмысы жүзеге асырылады. Оқыту құралдары әдістеменің негізгі категорияларының біріне жатады және тілді оқыту мен меңгеру процесін жеңілдетеді, нәтижелі етуге ықпалын тигізеді.

    Құрылымына қарай оқыту құралдары оқытушыға арналған, оқушыға арналған, аудио-визуалды және техникалық құралдар болып бөлінеді

   Оқытушыға арналған құралдар. Сабақты нәтижелі ұйымдастыруды және оқытушының кәсіби деңгейін көтеруді көздейді.

Тілдік білім стандарты – ШТ белгілі бір кәсіп бойынша оқыту (мектепке дейінгі, мектепке немесе ЖОО-на даярлық, ЖОО-дағы шетел тілі (тілдік немесе тілдік емес), ЖОО-нан кейінгі, курстық шетел тілі т.б.) мақсаты мен мазмұнының лингвоәдістемелік сипаттамасы болып табылады. Ол бір жағынан білімді стандарттау болса, екінші жағынан оның вариативтілікті яғни оқу материалдары мен бағдарламаларды таңдауды қарастырады.

      Тілдік бағдарламалар – білім стандартының негізінде жасалатын нұсқаулық әдістемелік құжат. Онда оқытылатын білім, дағды, қабілеттер қатары беріледі. Мұнда басты назар оқу материалының мазмұнына яғни фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, қарым-қатынас тақырыптары мен ситуацияларына аударылады, сонымен қатар оқу құралдары мен әдебиеттер тізімі және тілді меңгерудің соңғы нәтижесінің деңгейі беріледі.

    Оқытушыға арналған құрал - әдістемелік нұсқаулар, яғни жұмыс формасы мен тәсілдері, педагогикалық процесті ұйымдастыру жолдары т.б. ұсынылады. Бұл құралдың әсіресе жас мамандар үшін маңызы өте зор.

     Әдістемелік әдебиет оқытушыны тілді оқытудағы түрлі тәжірибелермен таныстыра отырып, оқыту деңгейін көтеруге ықпал етеді.

     Анықтамалық және ғылыми әдебиет шетел тілін оқыту пәні туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

  Оқушыға арналған құралдар

Оқулық – оқытудың негізгі құралы. Ол тілдік материалдың ауызша және жазбаша үлгілерін құрайды. Оқулықты құрастыруда автор мынадай маңызды принциптерге сүйенеді:

- оқытудың жоспарланған мақсатына жету үшін оқулық мазмұнының өзектілігі мен жеткілікті болуы;

- оқушының оқу материалдарын меңгеруі үшін жеңілдетілуі.

Оқулықтың мазмұнына фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, әлеуметтік-мәдени мәтіндер, мәтіндерге берілетін түсіндірме, жаттығулар (тілдік, сөйлеу, шартты сөйлеу т.б.), сөздік, көрнекіліктер кіреді.

Сөздіктер – шетел тілін үйренудегі негізгі құралдардың бірі. Олар екі тілдік, бір тілдік, арнайы (тезаурус Питер Роже) сияқты түрлерге бөлінеді.

  1.  Шетел тілдері бойынша білім, дағды және қабілеттерді  бағалаудың функциялары, түрлері.

Тексеру мен бағалау мектептегі оқу-тәрбие жұмысының маңызды құрама бөлігі балып табылады. Ол оқушыларға материалды қалай игергенін, қандай кемшіліктер барын, әрі қарай қалай жұмыс істеу, не істеу керектігін көрсетеді. Мұның үлкен тәрбиелік мәні де бар, өйткені тексеру мен бағалау оқушыларды өз жүмысының нәтижесін сын көзбен бағалауға үйретеді. Тексеру мен бағалау мұғалімге де оқу-тәрбие жұмысының жетістіктерімен қатар оның кемшіліктерін де көрсетіп, оны жақсарту жолдарын іздеуге қозғау салады.

Қазіргі методикада тексерудің жүргізілу мерзіміне қарай оның мынадай түрлері бар: 1) күнделікті (ағымдағы) тексеру, 2) тақырыптық тексеру (бір тақырып аяқталған соң, соның соңындағы тексеру), 3) мерзімді тексеру, 4) қорытынды тексеру (жыл аяғындағы тексеру).

Тексеруді ұйымдастыру жолдарына қарай оның мынадай түрлерін ажыратады: а) фронталды тексеру (яғни бір мезгілде бүкіл кластың білімін, іскерліктерін, дағдыларын тексеру), ә) жеке оқушының білім, іскерлік, дағдыларын тексеру, б) ауызша тексеру, в) жазбаша тексеру, г) бір тілде тексеру, ғ) екі тілде тексеру (яғни аударма арқылы тексеру).

Оқушылардың білімін, іскерліктері мен дағдыларын мұ- ғалім сабақтың әр кезеңінде қажет болған жағдайда тек- серуіне болады. Бірақ бағаны сабақтың соңында қойған дұрыс. Сабақтың басында мұғалім ескертіп қояды: сабаққа белсене қатысқан оқушы сабақтың соңында істеген еңбегіне сай баға алады. Сондықтан оқушылар бүкіл сабақ бойына белсенді қатысып отырады. Ал жауап берісімен бағасын алған соң, оқушы сабақ барысында істеліп жатқан басқа жұмыстарға араласпай қалуы мүмкін.

  1.  Жеке дидактикалық әдістер.

«Әдіс» ұғымы (грек тілінде –зерттеу жолы) –мақсатқа жету жолы деген ұғымды білдіреді. Ол әдістеменің негізгі категориясы болумен қатар, оқыту жүйесінің компоненті болып табылады. Әдіс ұғымы қазіргі ғылымда 3 түрлі мағынада қолданылады: жалпыметодологиялық , жалпы дидактикалық және жеке дидактикалық.

Жалпыдидактикалық әдіске қарағанда жекедидактикалық  әдістер нақты бір немесе бірнеше пәннің өзінің ерекшеліктерін сипаттайды. ШТ оқыту әдістемесінде әдіске жекедидактикалық ұғым ретінде 2 жақты анықтама беріледі: 1) әдіс оқытудағы бағыт ретінде. Мұны ШТ оқытудың әдістемесі анықтайды, яғни оқытудың әдісі – оқудағы мақсатты, міндеттер мен мазмұнды іске асыратын және осы кезде қолданылатын тәсілдерді анықтайтын оқыту бағыты; 2) тілдің бір аспектісін оқытудың тәсілі ретінде.

Әдіс  тілді оқытудағы стратегияларды, соның негізіндегі оқытушының оқу әрекетінің тактикасын қарастырады және сабақта оқытудың моделі ретінде іске асырылады. Әдістің оптималдығы туралы белгілі әдіскер П.Хэгбольдт: «Өзінің әдісін ең жақсы ғылыми және тілді меңгерудің қысқа жолы деушілер, барлық ауруды бірден емдейтін дәріні жарнамалаушы дәрігер сияқты немесе жексенбілік газеттегі француз, испан тілдерін 20 сағатта үйретемін» деген жарнаманы еске түсіреді» дейді.

  1.  Шетел тілдері бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру түрлері, кезеңдері мен құрылымы.

 Сабақты жоспарлау өте маңызды. Жоспарлаудың үш түрі белгіленген:

  1.  Әр сабақты жоспарлау (поурочное планирование) – оқытушының жұмыс дәптері. Мақсаты – сабақтың маңызын, оқытушының оқытудағы  және оқышулардың оқу материалын меңгеру реттілігін анықтайды. Бұл жоспарда сабақтың тақырыбы, жүзеге асыру әдістері, материалдық қамсыздандыру анықталады. Бұл жоспар нақты және барынша қысқа. Мұнда қалыптастыруға қажет білімдер, дағды –іскерліктер көрсетіліп, оған жетуге қажет жаттығулар мен тексттер, сабақтың әр компонентіне кететін уақыт белгіленеді.
  2.  Unit planning (тематическое планирование). Бір тақырып аясындағы бірнеше сабақтарды қамтиды. Тақырыптық жоспарлау кезінде сабақтардың жалпы мақсаты, әр сабақтың мақсаты, сабақтың әр кезеңіндегі мақсаттың жүзеге асуы анықталады. Тақырыптық жоспарда келесі 9 бағаналар бар: 1)сабақ периодтар саны. Мысалы: Мұғаім 22інші сабақтың төрт периодын жоспарлайды; 2) әр кезеңнің мақсаттары; 3) тілдік құралдар; 4-7) дағдылар; 8) құрал-жабдықтар; 9) үй жұмысы;
  3.  Перспективное планирование. Бүкіл кезең бойы оқытушы мен оқушылардың жұмыс жүйесін анықтайды. Мұнда жеке құрамдас кезеңдердегі оқытудың мақсаты, сол кезеңдерде жеткен тіл меңгеру деңгейі және бақылау формалары белгіленеді.

Оқуды ұйымдастыру түрлері бұл сабақ барысындағы оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым қатынас түрлері. Шет тілін оқыту сабағында тікелей және жанама ұйымдастыру түрлері орын алады.

Әрбір әдіске, оқыту тәсіліне сәйкес өзінің тиісті мұғалім мен оқушының арасындағы, оқушылардың сөз арасындағы қарым–қатынасты анықтайтын ұйымдастыру формасы болады. Мұғалім сабақта жалпы топтық және оның дара формасындағы бүкіл оқу процесін басқарады. Оқу процесін ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрі сабақта әр түрлі реттілікпен және әр түрлі үйлесімдікпен қолданылады. Қазіргі жағдайда оқыту процесі тиімді түрде білім, білік дағдысын қалыптастыру, ұжымдағы қарым – қатынас т.б. үйлесімді түрде ұйымдастыру формасы қолданылады. Сабақта уақыттан ұту, бірін–бірі оқыту жағдайын тудыру, жеке бастың дамуына айтарлықтай ықпал жасау сияқты оқытудың ұжымдық формасы үлкен роль атқарады.

Сабақтың кезеңдері:

                   I. Ұйымдастыру

                  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

                  ІІІ. Жаңа сабақ

                  ІV.Сарамандық жұмыс

                  V.Сабақты қорытындылау

Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабақ құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын оқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады. Сабақ құрылымы әр алуан болады. Мысалы, құрама сабақ мынадай жоспарда жүргізілуі мүмкін: 1) ұйымдастыру кезеңі; 2) үй тапсырмаларын тексеру; 3) өткен материалдарды қайталау; 4) жаңа материалды өту; 5) өткен материалды баяндандыру; 6) үйге тапсырма; 7) қорытындылау, бағалау.

  1.  ШТ оқытудың аудивизуалды құралдары.

     Оқытудың құралдары –оқу құралдары мен техникалық құралдар кешені. Бұл құралдардың көмегімен оқытушының тілді оқыту мен оқушының тілді меңгеру жұмысы жүзеге асырылады. Оқыту құралдары әдістеменің негізгі категорияларының біріне жатады және тілді оқыту мен меңгеру процесін жеңілдетеді, нәтижелі етуге ықпалын тигізеді.

    Құрылымына қарай оқыту құралдары оқытушыға арналған, оқушыға арналған, аудио-визуалды және техникалық құралдар болып бөлінеді.

ОАВҚ қолдану - көру, есту немесе көріп-есту сияқты қабылдау арқылы ақпарат алу. Олар есту (фонограммалар), есту-көру (видеофонограммалар).

 Бұл құралдар білімдік және білімдік емес болуы, сонымен қатар табиғи құралдардың да (Бұқаралық ақпарат құралдары) қолданылуы мүмкін. ОАВҚ шетел тілін оқытудың сапасын көтеруде нәтижелі құрал болып табылады, яғни сабақта дидактикалық көрнекілік принципі орындалады, оқытудың мотивациясы көтеріледі және тілдік ортаның жетіспеушілігінің орнын толтырады.

Оқытудың аудиовизуалдық құралдары (ОАВҚ)

Фонограммалар

Видеограммалар

Видеофонограммалар

- Грамжажазба

- Магниттік жазба

- Радиохабар

  1.  Табиғи заттар мен іс-әрекет;
  2.  Көркемөнер: суреттер, өнер туындылары, репродукция, слайдтар, диафильмдер, фотосуреттер, геогр. Карталар.

- Кинофильмдер

- Видеофильмдер

- Телехабарлар

- Компьтерлік бағдарламалар

  1.  Оқытушының кәсіби-педагогикалық функциялары, педагогикалық қабілеті және жеке қасиеттері.

Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары:

  1.  конструктивтік, мұғалім оқу — тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау; оқушы іс — әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау; негізделген инновациялық іс-әрекеттерді тандау, ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма-ларды ұйымдастыруы қажет.
  2.  ұйымдастырушылық, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру; оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау; оқушыларды әртүрлі оқу — тәрбие жұмыстарына баулу; шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
  3.  дамытушылық, инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;  оқушының білімге қызығушылығын арттыру; лдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс — тәсілдерін қолдану;
  4.  тәрбиешілік, оқушының тұлғалық қалыптасуы мен дамуында, олардың адамгершілік қасиеттер мен этикалық нормалардың қалыптасуынан көрінеді
  5.  гностикалық, грек тілінен аударғанда білім,тану.
  6.  Бағалаушылық
  7.  Мотивациялық

Ф.Н.Гонолобин, Н.В.Кузьмина, И.В.Страхов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі сипатталады.

  1.  Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының блім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу. Өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
  2.  Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына математика, физика, химия, биология, тарих т.б. сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
  3.  Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын, ренішін, сабаққа қаншалықты әзір, әзір емес екенін т.б. бірден байқайды.
  4.  Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімнің нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
  5.  Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру, мұғалім өз жұмысын ұйымдастыра білу.
  6.  Коммуникативтік қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынасты жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру.
  7.  Авторитарлық  – бұл оқушыларға эмоционалды-ерікті түрде әсер ету қабілеті мен осының негізінде оқушылар арасында беделге ие болу.
  8.  Болжамалы  - өзінің оқыту және тірбие жұмысының нәтижелерін болжау қабілеті.

Оқытушының жеке қасиеттері: педагогикалық білгірлік (эрудиция); педагогикалық ойлау; байқағыштық; зеріктік, тапқырлық; педагогикалық болжау. Сонымен қатар идеалды оқытушының психологиялық портреті: сыпайылылық; талғампаздық; байсалдық пен сабырлық; адалдық; ақжүректік; жігерлілік; жауапкершілік; ауытқымаушылық; өзіне сын көзбен қараушылық; жаңалықты сезіну.

  1.  ШТ оқытудың әдістемесінің жалпыметодологиялық және жалпыдидактикалық әдістері.

     «Әдіс» ұғымы (грек тілінде –зерттеу жолы) –мақсатқа жету жолы деген ұғымды білдіреді. Ол әдістеменің негізгі категориясы болумен қатар, оқыту жүйесінің компоненті болып табылады. Әдіс ұғымы қазіргі ғылымда 3 түрлі мағынада қолданылады: жалпыметодологиялық , жалпы дидактикалық және жеке дидактикалық.

1.   Жалпыметодологиялық  әдістердің көмегімен қоршаған ортаны өзіне тән қасиеті мен заңдары арқылы танып білу іске асырылады. Мұндағы негізгі орын грек философы Сократ, Платон, Аристотель, неміс классикалық философтары: Кант, Фихте, Гегельге беріледі. Оқытушы үшін ғылыми танымның формалары мен жолдарын анықтайтын және лингводидактика саласында зерттеу жұмысының методологиялық негіздері ретінде қолданылуын анықтайтын жалпыметодологиялық әдістерді білу маңызды.

2.   Жалпыдидактикалық әдістер. Бұл әдіс барлық пәндерде оқытудың, білімнің, және тәрбиенің мақсатына жету үшін қолданылады. Оған жаңа метерилды түсіндіру, үлгерімді тексеру т.б. жатады. Бұл әдістер универсалды болумен қатар әр пәнде өзіндік ерекшеліктері де болады. Сонымен жалпыдидактикалық әдістер – оқушының білім алу, тәрбие және даму мақсаттарына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың өзара байланысы жолдарының жиынтығы.

    Қазіргі кезде оқуға іс-әрекет ретінде қарауға негізделген кең тараған жалпыдидактикалық классификация. Мұндағы әдіс 1) оқу пәнін меңгеруді қамтамасыз ету (сөздік, көрнекілік, практикалық-ізденушілік, индуктивтік, дедуктивтік т.б.); 2) оқу процесінде ынталандыру  және мотивацияны арттыру (рөлдік ойындар, оқу дискуссиялары, жоба әдістері т.б.); 3) бақылау немесе өзін-өзі бақылау (сұрақ қою, сынақ, емтихан т.б.).

   Әдістерді іске асыруға оқытушы мен оқушы қатысатындықтан жалпыдидактикалық әдісті екі өзара байланысты әдістер тобында талқылауға ыңғайлы қарама-қарсы топта қарастыруға болады:

Жалпыдидактикалық әдістер

Оқыту  әдісі

Оқу әдісі

Көрсету, таныстыру

Түсіндіру

Жаттықтыруды ұйымдастыру

Қолдануды ұйымдастыру

Коррекция

Бағалау

Танысу

Ойлану

Жаттығуға қатысу

Практика

Өзін-өзі түзету

Өзін-өзі бағалау

  1.  Шетел тілдерін оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар түрлері.

Педагогикалық технология дегеніміз – алдыға қойған мақсатқа жету үшін, таңдап алынған форма, әдіс, оқу тәсілдерінің тиімділігін және ағымдық нәтижелерді тексеру мен бағалау үшін оқу үдерісін басқарудың әдістері мен құралдарының жүйесі.

Педагогикалық технология тіл үйренуші мен оқытушының оқу үдерісін жобалап және ұйымдастыруда бірігіп қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызатын, жан-жақты ойластырылған педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі

Шетелдік тілдің оқыту әдістемесіне жаңа инновациялық технологияларды қатыстырады: дистанционды оқыту, Модульдік  оқыту технологиясы, Ойындар технологиясы, Дамыта оқыту жүйесі, Жеке бағдарлы дамыта оқыту (И.Якиманская), Пікірсайыс (дебат) т.б

Дистонциондық оқыту. Қашықтықта (дистантты) оқыту -  бұл қашықтықта оқыту әдісі,оқытушы мен оқушы әр түрлі жақта  болады.Тарихи, қашықтықта оқыту сыртай оқуды білдіреті. Бірақ қазір - бұл аудио,видеотехниканы,ғаламтор және спутникті байланыс  каналдарын қолданатын  оқыту әдісі. Қашықтықта   оқыту түрінің  қолайлығы:

  1.  психологиялық жайлылық, өз компьютеріңіздің алдында үйреншікті жайда оқу.
  2.  оқытудың арнайы мерзімдері және шапшаңдығы;
  3.  дербестіктің жоғары үлесі;
  4.  территориялық және уақыт шектеуін жеңу.

Дамыта оқыту. Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков)

  1.  ШТоқытудың психологиялық  принциптері.

Оқытудың принциптері – тұтастай оқу процесіне және оның құрамына қойылатын талаптарды анықтайды. Олар оқу процесінің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін әдістеменің негізгі категорияларының бірі. Оқу принциптері адамның табиғи заңдылықтарды жалпылап, оларды нәтижелі түрде қолдану үшін шығарады.

- Мотивация адамның мұқтаждығын қанағаттандырумен байланысты әрекетке ниеттену, талаптану ретінде  мотивті түсінуге негізделген.  Оқытушы оқушылар әрекетінің негізінде жатқан мотивтерді біліп, оқу мотивациясын жоғары деңгейде ұстай білу керек.

- Сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру оқыту барысында сөйлеу әрекет өзгерісінің динамикасын белгілейді.

- Оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру оқыу процессін максимизациялау мақсатында оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын дәйектейді.

- Адаптациялық. Алғашқы рет Сурыгин ұсынды (2000). Адамның қоршаған орта жағдайының өзеруіне және тіршілік әрекетіне адаптациясын түсінуне негізделген. (адаптацияның үш түрі: физиологиялық, қоғамдық психологиялық, академиялық)

  1.  Шетел тілін оқытудың коммуникативтік тәсілі, коммуникативтік және тілдік компетенция.

Шетел тілін оқытудың коммуникативтік тәсілі қарым-қатынас жасаушылардың нәтижелі қарым-қатынасының табысты өтуіне әсер етеді. Коммуникация сөзі латын тілінде «барлығы бөлісетін тұтас» мағынасын береді. Коммуникация – екі жақты ақпарат алмасу және ортақ түсіністікке келу. Егер өзара түсіністік болмаса коммуникация да болмайды. Коммуникативтік қабілет адамдардың дүниетанымына, көзқарасына әсер етсе, коммуникативтік тәсілді қолдану оқу процесінде тепе-теңдікті сақтауға әсерін тигізеді.

  Коммуникативті тәсіл – оқу процесі мен шынайы қарым-қатынасты барынша жақындатады. Басты мақсат – шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру және оқушыларда коммуникативтік компетенция қалыптастыру.

Коммуникативтік компетенция оқушылардың тіл құбылыстары арқылы әр түрлі коммуникативтік тапсырмаларды дұрыс шешуі яғни, тіл арқылы оқушының өзіндік ойлауын, жан дүниесін, дүниені қабылдауын, оның тілін қалыптастыруы.

Тілдік компетенция - бұл оқушылардың тілдік материалдарды терең білуі (фонетика, морфология, лексика, синтаксис, этнолингвистика, этномәдениет, т.б.) және бұл білімдерін әр түрлі жағдайда дұрыс қолдануы (орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық, стилистикалық сауатты болуы);

  1.  Шетел тілдері бойынша бақылауға қойылатын талаптар

Бақылаудың нәтижелілігі оның дидактика және шет тілін оқыту әдістемесінің талаптарына сәйкес болуымен тікелей байланысты. Бақылауға қойылатын негізгі талаптар:

  1.  Объективтілігі – оқушылар бағалау критерийлерімен таныс болып, мұғалімнің сол критерийлерді ұстануы және бағалауда субъектилікті минимумға түсіру.
  2.  Жүйелілік (регулярность) – бақылау жүйелілігі бақылаудың тәртіпті түрде жүретіндігінің көрсеткіші.
  3.  Диференцированный характер яғни бақылау формасы тексерілетін сөйлеу әрекетінің немесе тіл аспектісіне сәйкес болу керек. Сонымен қатар бақылау формасын оқыту этабы мен оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып таңдалынады.
  4.  Бақылау тапсырмалары анық және айқын болу қажет.

  1.  Шетел тілінде қарым-қатынастың монологтық, диалогтық және полилогтық формаларына үйрету.

Ауызша сөздің, соның ішінде сөйлеудің екі түрі бар: монолог турінде  сөйлеу және диалог турінде сөйлеу. Оқушылар ауызша сөздің осы екі түрін де тыңдап-түсінуге тиіс. Сондықтан тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығуларының екі түрін ажыратқан жөн: диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары және монологты тыңдап-түсінуге үйретеьін сөз жаттығулары.

1.Диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар мыналар:

  1.  диалогты тыңдаңдар, соған ұқсас сол тақырыпқа диалог құрыңдар;
  2.  диалогтың басын тыңдап, әріптестердің бірінің соңғы реплиқасын кеңейтіп, толықтырыңдар;
  3.  магнитофонға жазылған диалогты тыңдап, кейіп- керлердің әңгімесін қайталап айтып беріңдер;
  4.  күйтабаққа жазылған диалогты тыңдаңдар да, оның мазмұнын монолог түрінде айтып беріңдер (кейіпкерлердің біріне мінездеме беріңдер, диалогқа тақырып табыңдар да, оны түсіндіріңдер) т. б.

2. Монологқа немесе палилогқа қатынасы арқылы диа- логты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар:

  1.  таспаға жазылған сұрақтарды тыңдаңдар да, үзілісте сол сұрақтарға болымды (болымсыз) түрде жауап беріңдер;
  2.  диалогтың басын тыңдаңдар, оны жалғастырып, оқушылардың бірімен әңгімелесіңдер;
  3.  диалогты тыңдаңдар, оны кеңейтіңдер;
  4.  диалогты тыңдаңдар, сөз болып отырған мәселеге байланысты өз пікірлеріңді айтыңдар.

3. Монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары:

  1.  мәтінді тыңдап, төмендегі екі сұраққа толық жауап беріңдер;
  2.  тыңдаған мәтіннің аяқ жағын (басын, ортасын) мазмұнын айтып беріңдер;
  3.  фильмді (диафильмді) көріп, оның негізгі идеясын түсіндіріңдер;
  4.  тыңдаған хабарды мағыналық үзінділерге бөліп, оларға тақырып қойыңдар;
  5.  мәтінді тыңдап, оған төмендегі жоспарды қолдану арқылы рецензия құрастырыңдар: 1) хабардың тақырыбы; 2) оның кейіпкерлері; 3) қысқаша мазмұны; 4) негізгі идеясы; 5) тыңдаған хабарға баға.

Полилог  – шығармада оқиғаға қатысушы бір топ адамның образын жасайтын, яғни топты танытатын құрал. Мұнда автор ситуацияны баяндау кезінде бірнеше адамдардың қатысқан сөздерін береді. Сол арқылы әр кейіпкердің өзіндік бейнесін толықтырып нақтылай түседі.

  1.  Тестілеу бақылаудың  құралы ретінде. Тест түрлері

 Тест (ағылшын test сынау, тексеру) - ғылыми өлшемдер негізінде сыналған әр түрлі мақсатта педагогикалық өлшеулер жүргізуге қолданылатын, қысқаша стандартталған, сынау уақыты шектелген тапсырмалар жиыны. Тест тапсырмалары білім тексеру кезінде, білімдерін бекіту әрі дамыту кездерінде қолданылуы мүмкін. Тест тапсырмалары оқушылар мен студенттердің пәндерден алған білімдерін тексеруге ғана қолданбай олардың өз беттерімен білім қорларын тереңдетуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және алған білімдерін күнделікті практикада қолдануына мүмкіндік береді.

Дәстүрлі бақылау тапсырмалары мен тест тапсырмаларының негізгі ерекшелігі тест әрқашанда арнайы шаманы (матрица) қолданумен өлшенеді. Сондықтан, тест нәтижесінде қойылған баға объективтілігімен ерекшеленеді. Тест тапсырмалары ашық (оқушы негізгі текстті толықтыру керек) және жабық (оқушы берілген бірнеше варианттардын ішінен керекті жауапты таңдайды) болып келеді.

Әдебиеттерде тесттің екі түрі белгіленген:

  1.  Нормативті хабардар (нормативно-ориентированный)norm referenced testсыналатындардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға бағытталған.
  2.  Кретериально-ориентированный(criterion referenced test) – оқушылардың өткен материалдарды меңгеру деңгейін бағалау үшін қолданылады.

Формасы бойынша тестер жекеше (сараптаушы  мен сынаушы бетпе - бет келсе), топтық (бір мезетте адамдардың үлкен  тобы сыналса), ауызша (жеке адаммен), жазбаша (топтық); бланкілік (дәптер, кітапша түріндегі, қолдану ережесі жазылған, есептердің шығарылу жолы көрсетілген, тапсырмалар мен жауаптарға арналған графалары бар), пәндік (тест тапсырмалары арнайы нақты нәрсе түріндегі: модельдер, кристалл торлар, химиялық ыдыстар); аппаратуралық, компьютерлік (сынаушыны ЭВМ арқылы диалог түрінде тексеру), вербальді (сынаушының негізгі жұмыс мазмұны түсініктермен, ойлау әрекетімен сөздік-логикалық формадада өтуі) , вербальді емес (тестілік материал көрнекі түрде - сурет, графикалық көрініс, сызу түрінде).\

  1.  Сөйлеудің лексикалық дағдыларын қалыптастыру,  жаңа лексикамен таныстыру және іріктеу.

 Тілді білу – оның құрамы мен сөздерін меңгеру. Лексика – тілді оқытудың аспектілерінің бірі.

     Лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудің өте манызды құралы. Лексиканы лексика үшін емес, оны сөзде қолдана алу үшін меңгеру керек яғни басқалардың сөзін түсіну, өз ойын жеткізу үшін қажет лексиканы қолдана алу.

      Мектеп оқушыларына қажет лексиканың көлемін бағдарлама анықтайды.

Шетел тілдерін оқыту барысында сол тілдің барлық сөздік қорын меңгеру мүмкін емес, өйткені шетел тілін оқытуға бөлінген уақыт шектелген. Совет методикасында лексикалық минимумды іріктеудің негізгі принциптерін біршама толық түрде қамтыған И. В. Рахманов  ең әуелі активтік сөздік пен пассивтік сөздікті ажырату қажеттігін атап көрсетеді. Ол әуелі пассивтік сөздікті іріктеу принциптерін келтіреді: 1) сөздердің тіркесу қабілеті, 2) стильдік шектелмегендігі, 3) семантикалық құндылығы, 4) сөз тудыру құндылығы, 5) көп мағыналылығы, 6) көмекші сөз ретінде қолданылу мүмкіндігі және 7) жиілігі . Бұлардың алғашқы үшеуі негізгі, соңғы төртеуі қосымша принциптер. Осы принциптер негізінде пассивтік сөздікті іріктеп алған соң, соның ішінен активтік сөздікті іріктеп алу керек. Ол үшін жоғарыда аталған принциптерге қосымша тағы да екі принцип қолданылады: синонимдерді минимумға енгізбеу және ұғымдарды түсіндіру принципі.

Оқушыларды жаңа сөзбен таныстыру кезеңінің негізгі мақсаты — олардың санасында сол сөздің есіту-көру-моторлық бейнесін қалыптастыру және оның қолданылуымен таныстыру. Яғни жаңа сөзбен істелетін жүмыстың алғашқы кезеңінде оқушыларды сөздің дыбыстық бейнесімен таныстырып, оның қалай айтылатынын оқушыларға тыңдату, оны дұрыс айтуға үйрету мақсаты көзделеді, сондай-ақ жаңа сөз қандай сездермен тіркесе алатынын көрсету көзделеді. Келесіде жаңа сөзді контексте енгізе отырып, мұғалім оның айтылу ерекшелігін оқушыларға көрсетеді, оны олардың санасына жеткізіп, сөзді дұрыс айтуға үйретеді. Осыдан кейін сөздің мағынасын түсіндіруге көшеді.

Жаңа сөзбен жұмыс істеудің келесі екі кезеңі бар: бірі — сөздерді алғаш бекіту кезеңі, екіншісі — олардың қолданылуын автоматтандыру кезеңі. Жаңа сөзді алғаш бекіту түсіндірумен қатар жүреді. Сөзді бекіту мен автоматтандыру жұмысы жаттығулар негізінде жүзеге асырылады.

  1.  ШТ оқытудың дамыту және білімдік мақсаты.

Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін оқытуда төрт түрлі мақсат көзделеді: 1)білімдік мақсат; 2)тәрбиелік мақсат; 3)жетіктіру мақсаты; және 4) практикалық мақсат.

Мектепте оқытылатын пәндердің оқушыларға жалпы білім беруде өзіндік үлесі бар. Шетел тілі де оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге атсалысады. Шетел тілін оқу процесі ана тілін меңгеруді жақсартуға көп әсерін тигізеді. Оқушы шетел тілін үйрену арқылы ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек түсінеді. Толып жатқан аударма жаттығулар жасап, оқушылар шетел тіліндегі сөйлемдердің ана тіліндегі бірнеше варианттарын табады, сөйтіп ана тілін бұрынғысынан әлдеқайда жақсы меңгереді. Шетел тілін үйрену оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, мәтінге, тақырыпқа жоспар құру, жоспарға, суретке қарап, әңгіме айту оқушылардың логикалық жүйелі ойлауын дамытады.

Шетел тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамып, жетігуіне: дүниеге көзқарасының, ойы мен есінің, сезімі мен эмоциясының, рухани және эстетикалық көзқарасыньщ, мінезінің қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді.

Оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың дара тұлғалар болып қалыптасуына тілдік материалды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгерудің маңызы үлкен. Лексикалық, грамматикалық, фонетикалық дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділік, өз бетінше жүмыс істеуге қабілеттілік көрсетіп, қорытынды жасауға дағдылануға тиіс. Шетел тілін оқып-үйрене отырып, оқушылар өз ойын жүйелі түрде айтып жеткізе білу, шетел тілінен алған білімін, үйренген іскерліктері мен дағдыларын жаңа ситуацияларда шығармашылықпен қолдану іскерлігін меңгереді.

  1.  Шетел тілдері бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру түрлері, сабақ кезеңдері мен құрылымы.

Сабақты жоспарлау өте маңызды. Жоспарлаудың үш түрі белгіленген:

1) Әр сабақты жоспарлау (поурочное планирование) – оқытушының жұмыс дәптері. Мақсаты – сабақтың маңызын, оқытушының оқытудағы  және оқышулардың оқу материалын меңгеру реттілігін анықтайды. Бұл жоспарда сабақтың тақырыбы, жүзеге асыру әдістері, материалдық қамсыздандыру анықталады. Бұл жоспар нақты және барынша қысқа. Мұнда қалыптастыруға қажет білімдер, дағды –іскерліктер көрсетіліп, оған жетуге қажет жаттығулар мен тексттер, сабақтың әр компонентіне кететін уақыт белгіленеді.

2) Unit planning (тематическое планирование). Бір тақырып аясындағы бірнеше сабақтарды қамтиды. Тақырыптық жоспарлау кезінде сабақтардың жалпы мақсаты, әр сабақтың мақсаты, сабақтың әр кезеңіндегі мақсаттың жүзеге асуы анықталады. Тақырыптық жоспарда келесі 9 бағаналар бар: 1)сабақ периодтар саны. Мысалы: Мұғаім 22інші сабақтың төрт периодын жоспарлайды; 2) әр кезеңнің мақсаттары; 3) тілдік құралдар; 4-7) дағдылар; 8) құрал-жабдықтар; 9) үй жұмысы;

3) Перспективное планирование. Бүкіл кезең бойы оқытушы мен оқушылардың жұмыс жүйесін анықтайды. Мұнда жеке құрамдас кезеңдердегі оқытудың мақсаты, сол кезеңдерде жеткен тіл меңгеру деңгейі және бақылау формалары белгіленеді.

Оқуды ұйымдастыру түрлері бұл сабақ барысындағы оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым қатынас түрлері. Шет тілін оқыту сабағында тікелей және жанама ұйымдастыру түрлері орын алады.

Әрбір әдіске, оқыту тәсіліне сәйкес өзінің тиісті мұғалім мен оқушының арасындағы, оқушылардың сөз арасындағы қарым–қатынасты анықтайтын ұйымдастыру формасы болады. Мұғалім сабақта жалпы топтық және оның дара формасындағы бүкіл оқу процесін басқарады. Оқу процесін ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрі сабақта әр түрлі реттілікпен және әр түрлі үйлесімдікпен қолданылады. Қазіргі жағдайда оқыту процесі тиімді түрде білім, білік дағдысын қалыптастыру, ұжымдағы қарым – қатынас т.б. үйлесімді түрде ұйымдастыру формасы қолданылады. Сабақта уақыттан ұту, бірін–бірі оқыту жағдайын тудыру, жеке бастың дамуына айтарлықтай ықпал жасау сияқты оқытудың ұжымдық формасы үлкен роль атқарады.

Сабақтың кезеңдері:

                   I. Ұйымдастыру

                  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

                  ІІІ. Жаңа сабақ

                  ІV.Сарамандық жұмыс

                  V.Сабақты қорытындылау

Сабақтың құрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан варианттылығын, негізгі көріністерінің сақталуын қамтамасыз ететін сабақ элементтерінің жиынтығын айтады. Сабақтың құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады. Сабақ құрылымы қойылған мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, қолданылатын оқу әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алатын орнына байланысты анықталады. Сабақ құрылымы әр алуан болады. Мысалы, құрама сабақ мынадай жоспарда жүргізілуі мүмкін: 1) ұйымдастыру кезеңі; 2) үй тапсырмаларын тексеру; 3) өткен материалдарды қайталау; 4) жаңа материалды өту; 5) өткен материалды баяндандыру; 6) үйге тапсырма; 7) қорытындылау, бағалау.

  1.  ШТ оқытудың практикалық және тәрбиелік мақсаттары.

Жалпы білім беретін орта мектепте шетел тілін оқытуда төрт түрлі мақсат көзделеді: 1)білімдік мақсат; 2)тәрбиелік мақсат; 3)жетіктіру мақсаты; және 4) практикалық мақсат. Шетел тілін оқытудың аталған мақсаттарын бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес, олар өзара тығыз байланысты. Бұлардың ішіндегі ең бастысы – практикалық мақсат. Практикалық мақсат дегеніміз оқушылардың шетел тілін сөз әрекетінің әр түрінде қатыныс құралы ретінде игеруі. Демек оқушылар шетел тілінде ауызша айтылған сөзді тыңдау арқылы түсінуге, жазбаша мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын тікелей немесе сөздіктің көмегімен түсінуге және өз ойын сол тілде ауызша, жазбаша түрде жеткізе білуге тиіс.

Шетел тілін оқыту оқушылардың жан-жақты дамып, жетігуіне: дүниеге көзқарасының, ойы мен есінің, сезімі мен эмоциясының, рухани және эстетикалық көзқарасының, мінезінің қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп, олардың жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді. Шетел тілі пән ретінде оқушыларды ұлттық патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқып-үйрену барысында оқушылар әр түрлі текстерді оқиды, тыңдайды, мазмұнын айтып береді. Олардың мазмұны оқушыларға өз халқын сүюді, өзге халықтарды сыйлауды үйретуге тиіс. Шетел тілін оқу оқушылардың бойында еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастырып, дамытуға тиіс.

 Қазіргі ШТ оқыту әдістемесінде әдістің тура, саналы, құрама, интенсивті әдістер бар.

Тура әдістер ХІХ-ХХ ғасырда пайда болды. Оның өкілдері М.Берлиц (Германия), Ф.Туэн (Франция), Г.Суит (Англия), О.Есперсон (Дания) және т.б. Бұл әдіс тура (табиғи) деп аталу себебі оның өкілдері тілдік бірлік пен оның мағынасының арасында тура байланыс жасау және ана тілін қолданбауды, тілді меңгеруді интуитивті деңгейде жүргізуді қолдайды.  Тура әдістерге табиғи, аудиовизуалды, аудиолинвалды, әскери, гувернантка т.б. әдістер кіреді.

Саналы әдістер – тілдің фактілерін оқыту процесінде оқушының саналылығы және оның тілдік қарым-қатынаста қолданылу жолдары. Ол саналылық принципке негізделеді. Бұл принцип интуитивтілікке қарама-қарсы қойылады. Саналы әдістерге грамматикалық-аудармалық, саналылық-практикалық, саналылық-салыстырмалық әдістер жатады.

Құрама (аралас) әдістер тобы тура және саналы әдістердің белгілерінің болуымен сипатталады. Оның негізінде мынадай принциптер жатады: оқытудың сөйлеуге бағытталуы, жүйелілік, интуитивтілік пен саналылық, ауызшаны алға шығару, жазбаша мәтінге сүйену т.б. Құрама әдістерге: коммуникативтік, тандем әдістер жатады.

Интенсивтік әдістер – 1960-1970 жылдары шетел тілін аз уақыт ішінде үйреніп алу қажеттілігі туғанда пайда болады. Барлық интенсивтік әдістер мен тұлғаның психологиялық резервін белсендіруді көздейді. Сонымен қатар ол дәстүрлі әдістерден сабақты жүргізу, ұйымдастыру жағынан өзгешеленеді: педагогикалық қарым-қатынастың әр түрлі формаларына көңіл аудару, топта әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру, мотивацияны қолдау, псхологиялық кедегіні жою т.б. Интенсивтік әдістерге суггестопедия (болгар ғалымы Г.Лозанов, лат. suggestum- сыбырлау, әсерін ету), эмоцияналдық-мағыналық (И.Ю.Шехтер), белсендендіру (активизация) (Г.А.Китайгородская), гипонопедия, ритмопедия, экспресс-әдіс (И.Давыдова), Интел-әдіс т.б. жатады.




1. Пустыни подготовила учитель начальных классов Казакова Милана Сергеевна г
2. Операции страховых компаний с ценными бумагами
3. Тема 1 Друга світова війна 1939 1945 рр
4. Личность латperson личина человек взятый в системе его социально психологических характеристик позволяю
5. Феноменология в контексте наук о религи
6. Реферат- Кавернит
7. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук Вінниця ~ 2003
8. Одевайтесь завтра потеплее
9. Topics will include the Simple Sentence the Subject SubjectPredicte greement the Noun the rticle Verb Complementtion the djective the dverb Secondry prts of the sentence Predictive complexes
10. Издержки производства и реализации продукции
11.  20 г НАЗВАНИЯ ДИСЦИПЛИН Отчет ност
12. МОСКОВСКИЙ ФИНАНСОВОЮРИДИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ МФЮА Согласовано- Проректо
13. 13. Руководство работами с невзрывными источниками сейсмических колебаний газодинамическими электродинам
14. Вариант 1 1. Бухгалтерский учет ведется для получения информации- а о хозяйственных операциях в организа
15. Добавочный капитал на котором отражаются суммы- прироста стоимости внеоборотных активов выявленные по
16. На тему- Текстові процесори різних версій Microsoft Office та їх можливості Студента IIВ с-с Стебловського Миха
17. Содержание и структура философских знаний аксиология
18. солидированногобюджета 115доходовфедеральногО бюджета и 232 доходов Территориальных бюджетов
19. Введение3 1 Обоснование выбора параметров контроля и регулирование5 2 Обоснование выбора приборов и техн
20. а и левом Морозова гора площадь 100 га берегах Дона в пределах Среднерусской возвышенности.