Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Халықаралық Бизнес Академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Макроэкономика
Тақырыбы: Экономикалық өсу және экономика мәселелері
Орындаған:Есеп және аудит мамандығының 2 курс студенті
Қабланбаева Айнұр
Тексерген: Макенова Гүлсім
Алматы 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
І-тарау Экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарты
1.1. Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері....................................5
1.2. Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері..........................................................................................6
1.3. Экономикалық өсу циклділік экономикалық даму формасы
ретінде...............................................................................................10
ІI-тарау Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық -
инновациялық стратегиясы
2.1. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер.........................13
2.2. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық
өсу.................................................................................................15
2.3. Қазақстан Ресубликасында сыртқы экономикалық байланыстың
және сыртқы сауданың дамуы.............................................16
ІІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу бағытын
талдау
3.1. Мемлекеттің дамуындағы негізгі экономикалық бағыт..........18
3.2. Экономикалық дамудың бүгіні мен ертеңі...............................19
Қорытынды.........................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер..................................................................................23
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылығы және саясат саласының жоғарғы органдарының қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес. Сонымен қатар сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды.
Осы экономикалық өсу процесі дүниежүзінде басты мәселенің бірі болып табылады. Экономикалық өсу процесі арқылы елдегі өнеркәсіптің, ғылыми техникалық прогрестің, ауыл шаруашылықтың және білім сапасының өсуі арқылы мамандардың қызметінің өсуіне алып келеді.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарттарын, Қазақстан Республикасының дамуының индустриядық-инновациялық стратегиясын, Қазақстан Республикасының экономикалық өсу бағытын талдау.
Осы мақсатқа сай жұмысты жазуда жазуда төмендегідей міндеттер
қойылған:
Курстық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда экономикалық өсудің түсінігі мен типтері, көп факторлы моделі мен қазіргі заманғы моделі және экономикалық өсудегі циклдық дамуы қарастырылады. Ал, екінші тарауда экономикалық даму процестеріндегі кедергілер, ҚР-ның өнеркәсібінің бүгінгі кемшіліктері және сыртқы сауданың дамуы қарастырылған. Үшінші тарауда ҚР-сы экономикалық өсудің негізгі бағытын талдау, Президентінің қазақ халқына жолдауындағы экономикалық өсуді дамыту мәселесі қаралады.
Сонымен бірге қосымшалар да бар. Онда экономикалық өсудің ресурстары, экономикалық өсімнің артуына факторлардың қосқан үлесі және экономикалық ұзақ циклдер мерзімі көрсетілген.
Курстық жұмысты жазудағы қажет мағлұматтар «Жалпы экономикалық теория» (Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин), «Макроэкономика» (Р.Фишер, Р.Дорнбуш), «Макроэкономика» (Агапова Т.А., Серегина С.Ф.), «Қазақстан-2030» (Н.Ә.Назарбаев) және тағы да басқа әдебиеттерден, сондай-ақ, басқа да арнайы әдебиет материалдарынан жинақталды.
І - тарау Экономикалық өсудің ұғымы мен негізгі шарты
1.1. Экономикалық өсудің түсінігі мен типтері
Экономикалық өсудің ұғымы. Экономикалық өсу параметрі, оның динамикасы ұлттық шаруашылықтың даму және мемлекеттік экономиканы реттеу үшін кең қолданылады. Халық шаруашылық және саясат саласының жоғарғы органдарының (Қазақстан Республикасының үкіметі, жоғарғы Совет, Президент) қызметін экономикалық өсу динамикасы мен өмір сүру динамикасының деңгейіне қарап бағалайды. Экономикалық өсу, оның қарқыны, сапасы және басқа көрсеткіштер тек қана ұлттық шаруашылықтың потенциалына ғана байланысты емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық және сыртқы саясат факторларына да едәуір деңгейде байланысты болды. Мәселен, дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасының екі есе қымбаттауы ғылыми-техникалық прогресс приоритетінің өзгеруіне, өнеркәсіп өндірісінің экономикалық динамикасына әсер етті.
Экономикалық өсу деп нақты бір мерзім ішінде өндірілген тауар немесе көрсетілген қызмет түрінің көлемінің артуын айтамыз. Кей жағдайда (мәселен, қазіргі Қазақстан республикасында) арту деген керісінше болуы да мүмкін демек ол өндірістің төмендеуі деген сөз экономикалық өсу бұрынғы (алдыңғы) мерзіммен салыстырмалы түрде алынған процент немесе абсолютті өлшеммен де өлшенеді. Экономикалық өсудің түпкі мақсаты тұтыну, халықтың әл-ауқатының жақсаруы. Оның өлшемдері жоғарыда келтірілді. Біздің елде ұзақ мерзім бойы ресурстың көптеген бөлігі армияға жұмсалды.
Экономикалық өсудің типтері. Дүние жүзілік экономика тарихы экономикалық өсудің екі типін біледі. Экстенсивті өндіріс факторларын сан жағынан ұлғайту арқылы қол жетеді. Интенсивті экономикалық өсуге факторларды сапалық өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері пайдаланылады. Интенсификация нәтижесінде тек өнім көлемі артып қана қоймай, сонымен қатар оның сапасы жақсарады.
Нақты өмірде де экстенсивті, не интенсивті даму түрі таза түрде болмай, әртүрлі көлемде ұштасады. Әрқашанда не интенсивті немесе экстенсивті дамудың бір түрі екіншісінен басымдау болуы мүмкін. Оны анықтау өндіріс өсімінің үлесіне тікелей байланысты болады. Мәселен, алынған өсім сапасын арттыру есебінен бе, әлде сандық фактор әсерінен бе, міне, осыны анықтаса болғаны. Мысалы, 70-80 жылдарда СССР-да ұлттық табыс өсімінің 20-30% интенсивті фактор есебінен алынды. Мұндай көрсеткіш өнеркәсібі дамыған елдер де 50% асады.
1.2. Экономикалық өсудің көп факторлы моделі және қазіргі заманғы модельдері
Экономикалық өсудің ресурстары. Экономикалық өсудің негізгі факторларына еңбек, жер және капитал жатады. Осылардың әрқайсысы өз алдына «екінші кезектегі» факторлардың жиынтығы болып табылады. Мәселен, капитал бұл өндіріс үйі, жабдықтар, шикізат, отын және т.б. Олар әртүрлі дәрежеде өндірілген жалпы ұлттық өнімге әсерін тигізеді. Капиталға сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрессті жатқызуға болады, өйткені оның жалпы ұлттық өнімінің құрылымы мен мөлшеріне әсер етуінен бұл өлшемдер тұрақты өсіп отырады. Сонымен қатар экономикалық өсудің сыртқы факторына қоғамдағы сұраным жиынтығын жатқызуға болады. Өйткені, бұның әсерінен экономикалық өсудің саны мен сапасы және құрылымы әрқашан оңға өзгеріп отырады. Мұнда есте болатын бір жай, сұраным жиынтығынан басқа ректордың бәрінде ұсыным факторына жатқызуға болады.
Ресурстардың әрқайсысы басқа ресурстарға байланысты және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне орай тұрақты өзгеріп отырады. Бұл ресурстар экономикалық өсуге әсер еткенде әртүрлі функцияны орындайды. Ол құн мен натуралды формадағы әртүрлі көрсеткіштермен өлшенеді.
Бұл аталған ресурстарды сонымен қатар экономикалық өсуге тікелей әсер ете алатын ресурстар деп атауға болады. Жанама жолмен әсер ететін көптеген ресурстар бар. Мәселен, өнімнің немесе қызмет көрсетудің сұранымы көбіне еңбек ақының мөлшері мен динамикасына байланысты болады. Оның нақты мөлшері жұмысшылар мен кәсіпкерлердің коллективтік шарт жасау кезінде ережемен анықталады. Сонымен қатар бұл мемлекеттің фискалдық саясатын халықтың қорлануға икемді болуы, тұтыну бюджетінің құрылымына байланысты келеді. Біздің елімде әкімшілік бұйрық ету кезінде мемлекет бұл жағдайлармен санасқан жоқ. Мұның өзі жоспарлау мен жобалау процес бұрмалады. Басқа мысал келтірейік. Капиталды және бүкіл өндірісті жоғары дәрежеде пайдалану кәсіпкерлік қызметтің деңгейіне байланысты. Ал мұның өзі менеджердің біліміне, талантына, батылдығына және басқа да функциялардың сапасына байланысты болатыны белгілі.
Жоғарыда келтірілгеннің бәрі де экономикалық өсудің көп факторлы моделін сипаттайды.
Қосымшада еңбек өнімділігінің өсімі құрамындағы компоненттердің арифметикалық соммасы 78%, бұл 68%-тен артық. Сондықтан да заңдылық институционалдық факторлар «минус» белгісімен көрсетілген. Мәселен, Америка Құрама Штаты 70-80 жж. табиғатты қорғаудың жаңа заңдылығына сәйкес технологиялық процестерді өзгерту және тазарту құрылысын салу жөнінде шараларды жүзеге асырады. Мұның өзі жалпы ұлттық өнім көлемін ұлғайтуға емес, капиталға және ғылыми техникалық прогреске жұмсалатын шығындардың бір бөлігін табиғатты қорғауға мәжбүр етті.
Кеңес Одағында соғыстан кейінгі үш бесжылдықтың жоспары орындалмағанның салдарынан экономикалық өсу қарқыны тежелді. Өсім қарқыны төмендеумен қатар қоғамдық өндіріс тиімділігінің деңгейі де кемиді.
С.Кон мен Г.Шредер есебі бойынша бүкіл совет экономикасы тиімділігінің салыстырмалы және абсолютті төмендеуі, әсіресе өнеркәсіпте күрделі қорларды пайдалану тиімділігінің кемуінен және еңбек өнімділігі өміснің қарқынының тежеуінен болатынын көрсетті. Мәселен, олардың жүргізген есебі бойынша 1973 жылдардағы тиімділік өсімінің орташа қарқыны 1,5% болса, ол мына көрсеткіштердің қосындысынан тұрады: 3,7% еңбек өнімділігінің артуы және қор қайтарымының жыл ішіндегі орташа қарқыны 3,2% кемуінен құралса, ал 1973-1978жж. осыған сәйкес көрсеткіштер 0,3 және 2,3 және 4,5%.
Экономикалық өсудің екі факторлы моделі жоғарыда экономикалық өсудің көпфакторлы моделі қарастырылды. Сонымен қатар нақты практикада екіфакторлы: еңбек және капитал моделі де кездеседі. Енді сол екіфакторлы модельдің сценариесін қарастыралық. Бірінші жағдайда ғылыми-техникалық прогресс еске алынбайды да, ал екінші жағдайда ол еске алынады. Бірінші жағдайда капиталдың қорлануы (ғылыми-техникалық прогресс болмағанда) шығын өзгермегенде түпкі шегіне жеткен өнім азаяды, былайша айтқанда түпкі өнімділік кемиді.
Енді ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін нақты жағдайда пайдаланғанда қандай болмақ, соны қарастыралық. Бұл вариантта еңбек пен капитал неғұрлым өнімді болады. Көп табыс бұрынғыдай еңбек және капитал шығыны мен-ақ алынуы да мүмкін. Инвестиция капитал қайтарымын көбейтеді.
Өндіріс экономикасына инвестиция әртүрлі әсер етеді. Оның бірі капитал шығынын көбейтіп, еңбек шығынын үнемдеуді қамтамасыз етсе, енді біреулері капитал бөлуді салыстырмалы түрде қысқартады. Егер мұның біріншісі еңбексақтағыш деп аталса, ал екінші капиталсақтағыш деп аталынады. Мұның салдарынан еңбекақы пайдамен салыстырғанда едәуір артады. Өнеркәсіп революциясынан бастап инвестиция еңбек шығынын салыстырмалы түрде көбінесе үнемдеуге бағытталған. Мұндай тенденция өндіріс тиімділігін арттырумен қатар еңбек жағдайымен байланысты көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Экономикалық өсу теориясының қазіргі заманғы зерттеу қорытындысының нәтижсіне сүйеніп инвестиция функциясының көптеген варианттарын жобалап айтуға болады. Солардың ішінен ғылыми-техникалық прогресс болмаған жағдайдағы инвестиция, ғылыми-техникалық прогресс жетістігін пайдаланғанда тірі және өлі еңбекті бұрынғыға қарағанда екеуінде ұнемдеу жағдайындағы инвестиция және басқа да варианттары болуы ықтимал.
Негізінен алғанда қазіргі кезде экономикалық өсудің үш түрлі моделі бар: кейнстік, неоклассикалық және тарихи-социологиялық. Енді осы аталған модельдерге жеке-жеке тоқталарлық.
Кейнстік модель. Олар басқа ғылымдар сияқты, макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраным ролі ең негізгі орында болатынын мойындайды. Сұранымның шешуші элементтері мультипликатор көмегі арқылы пайданы көбейте алатын инвестиция. Ал олардың өздері пайданың көбеюі нәтижесінде ғана болады. Өйткені, күрделі қаржы пайданы көбейту функциясын орындайды. Бірақта кейнсиандықтар өндіріс факторларының тиімділігін арттыру және олардың алмастыруға болатын позицияны ұстайтын неоклассиктерді жақтамайды.
Домар моделі. Домар моделінің алғашқы кейнстік модельден айырмашылығы, мұнда инвестиция тек табыс құрайтын фактор ғана емес, сонымен қатар ол жаңа қуат көзін табатын фактор да болып табылады. Сұраным және ұсыным балансының динамикасы Домар моделі бойынша жаңа қуат пен жаңа табыс құрайтын күрделі қаржы жұмсау динамикасымен анықталады. Демек, бұдан туындайтын негізгі міндет инвестицияның динамикасы мен көлемін анықтау қажет болады. Домар бұл жүйені шешу үшін үш теңдікті ұсынды: ұсыным теңдігі, сұраным теңдігі және сұраным мен ұсыным теңдігінің қосындысы.
Ұсыным теңдігі: dx=I; мұндағы х-өндіріс өсімі; 1 күрделі қаржы көлемі; 1:Х күрделі қаржының орташа өнімділігі, 1:Х өлшем бірлігі күрделі қаржы бірлігіне келетін алынған өнім өсімі. Осы теңдікте ғылыми-техникалық прогресс, жұмысқа қамту, табиғи ресурстар еске алынады.
Сұраным теңдігі: М=d i/1, мұнда α сақтау қорын жинауға орташа бейімделуі, мұның кері көрсеткіші мультипликатор өсімін анықтайды.
1.3. Экономикалық өсу циклділік - экономикалық даму формасы ретінде
Циклділіктің мәні. Көптеген ғалым-экономистер мысалы, Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон, «Экономикс» оқулығының бірінші авторы В.Леонтьев және басқа да көптеген отандық ғалымдар циклділіктің экономикалық заңдылық екенін теріске шығарып, оның заңдылығын мойындамаған. Өйтсе де, өмірдің өз салтанаты бар. Циклділік көптеген зерттеулер нәтижесінде дәлелденіп, бірсыпыра оқулықтардан өз орнын алды.
Циклділік бұл ұлттық шаруашылықтың және тұтастай бүкіл дүниежүзілік шаруашылығы қозғалысының жалпы формасы. Ол ұлттық шаруашылықтың әртүрлі элементтерінің бірқалыпты дамымауын көрсетеді. Сонымен қатар экономикалық прогрестің эволюциялық даму сатысынан революциялық даму сатысына ауысқанын көрсете алады. Циклділіктің өзіне тән ерекшеліктің бірі оның қозғалысы дөңгелек шеңбер бойымен емес, спираль (шиыршық сым) түрінде жүреді. Сондықтанда циклділік прогрессивті даму формасы болып табылады. Әр циклдің өз фазасы, өзіне ғана тән ұзақтылығы болады.
Циклділік бұл кем дегенде ұлттық экономика масштабындағы бір макроэкономикалық тепе-теңдіктен екіншісіне қарай қозғалуы. Нақты практикада бұл нарық экономикасының өзін-өзі реттеудің бір тәсілі, соның ішінде оның салалық құрылымының өзгеруі. Мұнымен қатар циклділік ұлттық шаруашылыққа және бүкіл дүниежүзілік шаруашылықты тұтастай алғанда, оған мемлекеттің әсер етуін тез сезінгіш келеді.
Экономикалық циклдің негізгі түрлері. Экономикалық циклдің бірнеше түрлері бар, кейде оларды толқындар деп те атайды.
Қоғамдық өндірістің дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экономиканың әртүрлі деңгейіндегі сұраным мен ұсынымның көптеген себептермен ұзақ уақыт бойына бұзылуының нәтижесінде болды.
Экономиканың тепе-теңдіктің бұзылуының үш негізгі тобы бар.
Ағымдық өзгерістер, олар сұраныс пен ұсыныстың күнделікті, маусымдық өзгерістеріне байланысты. Олар бірнеше сағат пен күнмен (мысалы, тауар тасудағы үзіліс) бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Орташа экономикалық циклдар. Ұзақтығы 8-12 жылға жететін экономикалық белсенділіктің толқындық өзгерістері. Экономистер оның себептерін әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, бір теория бұл жағдайда өндіріс құрал жабдықтарының ескіріп, жаңа құралдарға сұраныстың күрт өсуімен байланыстырады. Бұл күрт өскен сұранысқа ұсыныс бірден сәйкес келмейді.
Ұзақтығы, кезеңдері және шапшандығы жағынан бұл экономикалық циклдар әртүрлі. Бірақ олардың әрқайсысында төрт фаза болады.
Ұзақ экономикалық циклдар. Бұл ұзақтығы 40-60 жылдық «ұзын толқындар». Технологиялық дәуір алмасып, мамандардың мамандығын түбірімен ауыстыруын және тұтас кәсіпорын, өндіріс ғимараттары, сондай-ақ құрылыстардың инфрақұрылымын өзгертуге мәжбүр ететін жаңа ғылыми-техникалық түп негіздерге өтуге байланысты. «Ұзын толқындар» теориясы 1847 жылдан бастап зерттеле бастады. Ағылшын Ы. Кларк 1793 және 1847 жылдардағы дағдарыс араларындағы 54 жылдық үзіліске көп көңіл бөлді. Ол бұл кездейсоқ жағдай емес, объективті үзілістер екенін болжай білді.
Циклдар теориясына К. Маркс елеулі үлес қосты. Ол өз талдауын қысқа толқынды даму процесіне, артық өндіру дағдарысына ерекше мән берді.
Ұзақ экономикалық циклдар Ресей ғалымы М. Туган-Барановскийдің еңбегінде кездестіруге болады. Циклды даму теориясы орыс ғалымдарының А. Гельфанд (Парвус) еңбегінен де табамыз. Ол циклды даму капитализмге тән болатынын дәлелдеуге тырысты.
Кондратьевтің «ұзын толқындары» циклдық теориясын жасауда Н. Д. Кондратьев ерекше роль атқарды. Оның еңбегінің аса маңыздылығының бір көрінісі «Ұзын толқындар» теориясын көптеген шетел оқымыстылары оның атымен атайды. Ол Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Н. Д. Кондратьев 20-жылдардың өзінде ұзын толқын проблемасынан аса кең дискуссия ашқан. Оның 1928 жылы экономика институтының ғылыми советінің отырысында жасаған «Үлкен циклдар коньюктуралары» атты баяндамасы оны дүниежүзіне танымал етті. Кондратьевтің зерттеулері Еуропа елдерінің 100-150 жыл даму кезеңін қамтиды. Оның зерттеу объектісіне алынған көрсеткіштері: баға индексі, мемлекеттік қағаз, коньюктура, номинальды еңбекақы, сыртқы сауда айналымы, көмір алу, алтын, шойын балқыту және т.б. Кондратьев зерттеу нәтижесінде мынадай үлкен циклдарды бөліп көрсетті.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ұзақ толқынды зерттеушілер қатары көбейе түсті.Олар: И. Шумпетер, С. кузней, К. Кларк, У. Митчел, П. Боккара, Д. Гордон, Т. Кучинский т.б. 1983, 1935, 1987, 1988 және 1992 ж. ұзақ толқын проблемасына арналған халықаралық симпозиум болды.
ІІ - тарау Қазақстан Республикасының дамуының индустриялық-инновациялық стратегиясы
2.1. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер
Үдемелі экономикалық өрлеудің жолдары шын мәнінде барлық елдерге бірдей деуге болады.
1. Қолда бар табиғи ресурстардың қорын тиімді пайдалану. Бұл жұмыссыздар санын азайту ғана емес, сонымен бірге ресурстардың тиімді бөлінуіне ықпал жасайды.
2. Өндірістік ресурстардың қоры өсуі керек. Шикізаттар қоры өндіріс құралдарын ұлғайтып, еңбек пен алдыңғы қатарлы технологияны тиімді пайдалану арқылы қандай да болмасын экономикалық жүйе өнім өндіруді көтереді.
Ал кейбір елдер табысқа жетіп жатса, екіншілері кейін қалады. Оның басты себебі материалдық және әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты.
Экономикалық даму жолындағы кездесетін кедергілерді талдауда мына факторларды тиімді пайдалануға тоқталық: 1) табиғи ресурстарды; 2) еңбек ресурстарын; 3) капитал ресурстарын; 4) озық технологияны. Осымен байланысты әлеуметтік, институционалдық және мәдени факторлардың негативті ролін қарайық. Ең соңында үкімет саясаты мен шет елдер көмегінің ықпалына талдау жасайық.
Табиғи ресурстар. Табиғи қазбалы ресурстардың жер бетіне бөлінуі бірдей емес. Бір елде жер асты байлығы мол болса,бір елдерде жоқ. Табиғи ресурстардың молдығынан байып отырған елдер бар. Мысалы, мұнай экспорттайтын Жақын Шығыс елдері: Сауд Аравиясы, Кувейт, Иран, Ирак т.б. Екінші жағынан ескертетін жағдай, бұл байлықтар көпшілік жағдайда шет елдердің ірі мемлекетаралық корпорациялардың игілігінде болады. Сондықтан алынған пайда шет елге кетеді. Мысалы, біздің Батыс Қазақстан облысындағы дүниежүзілік мәні бар Қарашығанақ газ-конденсат жер асты байлығы Бритшгаз, Аджип компанияларының билігінде. Оның пайдасының басым көпшілігі шет елге кетеді. Экономикалық артта қалған елдердің көпшілігі Орталық және Оңтүстік Америкада, Африкада, Үндістан жарты аралығында, Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан. Ыстық, ылғалды климат өнімді еңбек етуге мүмкіндік бермейді, адамдар мен жануарлар және өсімдіктер арасында ауру кең тараған, ал арамшөп, зиянды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа ауыл шаруашылығының жауы.
Еңбек ресурстары. Еңбек ресурстары тұрғысынан қарағанда артта қалған елдерде:
Жұмыссыздық және жұмыс күшін жартылай пайдалану. Кедей елдерде жұмыссыздық, көпшілік экономистердің зерттеуі бойынша 15-20% шамасында болады дейді. Көпшілік елдерден жұмыс іздеп басқа елдерге барып жұмыс істейді. Мысалы, Түркия елінен 1 миллионнан астам жұмысшылар Батыс Европа елдерінде жұмыс істейді.
Ең төмен еңбек өнімділігі. Бұл проблема артта қалған елдердің басты қасиеті. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықпен қарулануы өте төмен, көбіне қол күші пайдаланылады. Ең басты проблема кәсіпкерлер аз, олар өз бетімен капитал жинап, тәуекел етіп өндіріс ұйымдастыра алмайды. Кәсіпкерлер табының жасақталуы оңдаған жылдарға созылады.
Капитал жинау (қорлану). Көпшілік экономистердің пікірі бойынша экономикалық өрлеудің ең басты факторы капитал жинау дейді. Бұл фактордың ролі мынада.
1. Барлық экономикалық артта қалған елдерде инвестициялық тауарлар жетіспейді: өндірістік құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, әлеуметтік инфрақұрылымдар. Өнімді көп өндіру үшін, еңбек өнімділігі жоғары болуы керек, ал ол еңбектің өндірістік қорлармен қарулану деңгейімен байланысты.
2. Инвестициялық тауардың өсуі өңделген, егіске жарамды жердің тапшылығымен байланысты. Егістікке жарамды жердің аздығы өндірісті интенсивті әдіспен жүргізуді талап етеді.
2.2. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтырлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.
Инфляцияны қолайлы деңгейде түсіре отырып, біз стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы мемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін неғұрлым кең және бара-бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз.
Ұзақ мерзімді болашақтағы макротұрақтандыру туралы әңгіме болғанда біз осы салада пайда болатын қауіпті болдырмауға әзір болуға тиіспіз. Пайдалы қазбаларымызды игеруге және экономиканың жекелеген секторларындағы үміт артып отырған экспорттың ұлғаюы біздің валютамыздың бағамын едәуір қиындыққа ұшыратып, оны көтеріп жіберуі мүмкін. Ал мұның өзі басқа салаларды, ең алдымен экспорт және қайта өңдеуші салаларды «жоғалту» қаупін төндіреді.
Сондықтан валюталық нақты ақша ағымының бір бөлігін импортты кең қолданбастан игере білуіміз керек. Бірақ адам санының аз болуына және қазірше халықтың сатып алу қабілетінің төмен болуына байланысты Қазақстанның ішкі рыногы өте шағын.
2.3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысының қалыптасуы және дамуы
Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бірін бірі толықтыратын халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, қазып шығаратын және өңдеу салалары, өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақ та бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дами алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстыратын дамыту болып саналады.
Дүние жүзілік тәжірибе бойынша бір елдің ішінде экономикалық реформалар, халық шаруашылығының құрылымын қайта құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары мен міндеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек бөлісу негізінде әлемдік шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді енбей ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді.
Экономикалық егемендік және нарыққа ену кезінде Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою және республиканың региондардың, кәсіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу.
Қазақстан КСРО құрамында болған кезінде республика КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігі және одақтық сыртқы экономикалық бірлестіктері делдалдығымен тек Одақтың экспорт және импорт операцияларына қатысып қана отырды. Ал осыдан түскен валюта осы мекемелерде қала берді.
ІІІ -тарау Қазақстан Республикасының экономикалық өсу бағытын талдау
3.1. Мемлекеттің дамуындағы негізгі экономикалық бағыт
Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде дүниежүзінің 170 астам елдері мойындады. Біздің жас республикамыздың қалыптасу кезеңінде көптеген экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар болды. Дүниежүзілік экономика тез қарқынмен сапалы жоғары деңгейге өтуде және біздің мемлекетіміздің басты міндеті болып дүниежүзінде өтетін барлық процестерге ілесіп, оған тез бейімделу табылады.
Экономиканың барлық салаларының қызметін сауатты жоспарлаудың арқасында еліміз экономикада бірқатар өсулерге жетіп, постсоветтік кеңістіктегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы қазақ халқына жолдауында ел экономикасын дамытудың экономикалық бағыттары анықталған. Жолдауда ұлттық өндіріс көлемінің өлшеуіші жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерін ұлғайту алға қойылып, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетсе, 2005 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді үш мың долларға дейін өсіру жоспарланып отыр. 2010 жылы оны 5800 АҚШ долларынан аса мөлшерге, 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге мүмкіндігіміз бар.
Экономикамыздың халықаралық стандарттарға сай өнім өндіруі мен қызмет көрсетуі бәсекенің даму негізінде реттеледі. Кез келген өркениетті қоғамның тамыры орта буынның дамуына байланысты. Сондықтан да шағын және орта бизнесті дамыту, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсету және несиелеу мәселелері шешілуде. Жолдауда осы мәселені шешу шараларына мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың бірқатар міндеттерін шағын және орта бизнеске беру, бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру жоспарланған. Қазірдің өзінде шағын және орта бизнес несиелеуде Халық банкі қомақты үлес алады. Өткен жылы несие қорының көлемі 233 млрд. теңгеге дейін немесе 40,2% өсті. Оның 75,3% компания мен кәсіпорындарды несиелеуге жұмсалуда. Халық банкі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруда стандарттық банк қызметі мен несие бағдарламасы түрлерін, Еуропалық қайта құру және Даму банкі желісі шеңберіндегі (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы ШОБ ті қаржыландыру бағдарламасын пайдаланылады. Даму Банкі мен Инвестициялық қорға жол қиындығынан «Шағын кәсіпкерлікті Дамыту қорын» ірі қаржылық мәркетке айналдыру керек. Индустриялық инновациялық даму саясатына сәйкес Алматы қаласында ақпараттық технология паркі және Алматы, Орал, Қарағанды қалаларында үш өңірлік технопарк салу бастау алды.
3.2. Экономикалық дамудың бүгіні мен ертеңі
Шетелдік сөздер сөздігінде стратегия гректің сtrategia деген сөзінен, яғни алғашқы кездегі мағынасы әскери өнердің құрама бөлігі, оның жоғарғы саласы дегенге саяды, кейіннен қоғамдық, саяси күресті басқару өнерінде, оны жүргізудің жалпы жоспарын білдіреді делінген. Кеңестік үлкен энциклопедияға тек әскери стратегия жөнінде ғана үлкен дерек бар. Қазіргі кездегі Мемлекеттік және Үкімет құжаттарында стратегия бірде ұзақ мерзімді бағдарлама, кейде ұзақ мерзімді жоспар ретінде қолданылады. Мәселен, «Қазақстан-2030» атты құжат бірде бағдарлама, бірде стратегия деп аталып жүр. Негізінде әскери, саяси, экономикалық, әлеуметтік тағы басқа салаларда алдағы уақытта жүзеге асырылмақ ұзақ мерзімді мақсаттардың бағыты мен беталысы және оларды іске асырудың нақты шаралары деп қараса дұрыс сияқты.
Осы тұрғыдан қарағанда, қай елдің де болмасын, ұзақ мерзім ішінде жүзеге асырмақшы басым мақсаттары және соларды орындауда әрқайсының өзіндік стратегиялары болады. Сол басым мақсаттардың өзі қай елде де бірнеше болатыны анық. Соның ішінде, елдің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігін, экономикалық тәуелсіздігін, халқының әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз етудің негізі болып саналатын ел экономикасын дамытудың да өзіндік стратегиясы болады. Осыған байланысты екі мәселе төңірегіндегі ұсыныс-пікір айтылады. Оның біріншісі экономиканың ойдағыдай қарқынды да табысты дамуының айқындалған стратегиялары бар ма? Болса қандай? деген сұрақтарға, екіншісі сол стратегиялар қалай орындалып жатыр, нәтижелері қандай? деген сұрақтарға байланысты.
Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді жеті басымдық аталған. Солардың үшеуі экономика саласына тікелей қатысты. Атап айтқанда: үшінші ұзақ мерзімді басымдық: шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, бесінші ұзақ мерзімді басымдық: энергетика ресурстары, алтыншы ұзақ мерзімді басымдық: инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарық экономикасы бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 700 доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол 2700 долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 3000 доллардай болады деген болжам бар.
2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жетуі әбден мүмкін.
Елдің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда, 2010 жылы екі есе ұлғайтуы жоспарланса да, бұл көрсеткішке 2009 жылы-ақ жетуге болады.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда 225% ұлғайды, ал былайғы дүниеде 1,3 еседен аз болды.
Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстан тұрақтылықты кепілдендіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін сенімді әріптес екенін барша инвесторлар біледі.
Қазақстаннның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында танылды, ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі таңда Ұлттық қорда 5 миллиард 300 миллион доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, елдің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жайында армандаудың өзі қиын еді.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, экономикалық өсу бұл тауар санының көрсеткішінің дамуы. Экономикалық өсудің ресурстары капитал, жер, еңбек ресурстардың қалай әсер ететіні қарастырылады. Экономикалық өсудің қазіргі заманғы зерттеу қорытындысына сүйеніп инвестиция функциясының көптеген варианттарын айтуға болады. Экономикалық өсудің кейнстік, неоклассикалық модельдері бар. Циклділік - бұл ұлттық шаруашылықтың және тұтастай бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың қозғалысының жалпы формасы. Экономикалық даму процесіндегі кедергілер, мұндағы табиғи ресурстарды, еңбек ресурстарын, капитал ресурстарын, озық технологияны тиімді пайдалану. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланысы арқылы өнеркәсіп және ауылшаруашылық, қазып шығаратын және халық тұтынатын заттар шығаратын орындарының дамуы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің қазақ халқына жолдауында экономикалық өсудің негізгі бағыты айтылады. Жолдауда ұлттық өндіріс көлемінің өлшеуіші жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерін ұлғайту және халықаралық стандартқа сай өнім өндіру мен қызмет көрсету бәсекенің даму негізінде реттеледі. Ел экономикасын дамытуда инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту бағыты тұр.
Еліміздің экономикалық өсуін дамыту үшін мынадай ұсыныстар қаралады:
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кесте 1
Экономикалық өсудің ресурстары
Ресурс |
Осы ресурстың сандық көрсеткіштері |
Жақсы және тиімді пайдалану жолдары |
Тиімділікті пайдалану көрсеткіштері |
Табиғи ресурстары |
Әрбір түрі үшін әрқилы көрсеткіш қолданылады |
Неғұрлым толық игеру, шикі затты комплексті және терең өңдеу, табиғат дүлейінен қорғану |
Өнімнің материал сыйымдылығы |
Еңбек ресурстары |
Еңбекке жарамды халық саны және оның квалификациясы мамандығы |
Білімді жетілдіру, денсаулық сақтау, еңбек ұйымдастыруды жақсарту |
Еңбек өнімділігі |
Кәсіпкерлік қабілеті |
Білімі, таланты, еңбексүйгіштігі |
Тұрақты жетілдіріп отыруы |
Пайда максимумы |
Негізгі капитал |
Өндіріс қуаттылығының өлшем бірлігінің қуаты |
Технологияны жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру |
Қор қайтарымы, өнім сапасы |
Ғылыми-техникалық прогресс және оның жетістігін пайдалану |
Өлшем бірлігіне жұмсалатын шығын деңгейі |
Ғылыми зерттеу сферасын дамыту және оның нәтижесін пайдалануды жақсарту |
Максимум пайда алу жаңа тауар мен қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту |
Сұраным жиынтығы |
Ақша көлемі |
Инфляцияға қарсы күрес, банк жүйесіндегі сұранымды реттеу |
Табысты әлеуметтік, әділетті бөлу |
Кесте 2
Экономикалық өсімнің артуына
факторлардың қосқан үлесі
ФАКТОРЛАР |
Жалпы ұлттық өнім өсіміне әр факторды қосқан өз үлесі % |
Еңбек шығынының өсімі Еңбек өнімділігінің артуы Ғылыми-техникалық прогресс Капитал шығындары Білім және кәсіби дайындық Өндіріс масштабындағы үнемдеу Ресурстарды бөлуді жақсарту Заңдылықинститутционалдық және басқа факторлар |
32 68 28 19 14 9 8 -9 |
Кесте 3
Экономикадағы ұзақ циклдар
Көтерілуі |
Қайтуы |
1799-1814 жж. 1849-1879 жж. 1896-1920 жж. |
1814-1849 1873-1896 жж. |