Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Биология. ІІІ тоқсан.
Бақылау жұмысы
9 сынып. 2012-2013 оқу жылы.
А- деңгейі
1 нұсқа
Макроэволюция дегеніміз не? Сипаттама бер.
Нәсілдердің түрін қысқаша сипаттау.Нәсілдік деген не?
Моногибридті шағылыстыру дегеніміз не?
Мына терминдерге түсінік бер: доминантты, рецессивті, аллельді, гамета, ген.
ІІ нұсқа.
Микроэволюция дегеніміз не? Сипаттама бер.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болу кезеңдерін атап, сипаттаңдар.
Дигибридті шағылыстыру дегеніміз не? Мысал келтір.
Мына терминдерге түсінік бер:гомозигота, гетерозигота,генотип, фенотип,хромосома.
В деңгейі
1 нұсқа
Ароморфоз дегеніміз не? Мысал келтір.
Адамның тік жүруімен еңбек құралын пайдалану тәрізді бейімделуі неге байланысты болды.Ертедегі маймыл тектілер неге тік жүруге бейімделді?
Генетика ғылымы нені зерттейді? Оны ашқан кім?
Мендельдің басымдылық заңы дегеніміз не? Оның мәні неде? Мысал келтір.
Мына термин сөздерге түсінік бер: гамета, хромосома, мутация,генетика, ген.
ІІ нұсқа
Идиоадаптация дегеніміз не? Мысал келтір.
Адамның маймылдардан дамығаны жөніндегі дәлелдің қайсысы шындыққа жақынырақ? Неліктен?
Адам генетикасының әдістері. Тұқым қуалау аурулары.
Мендельдің екінші заңы. Ажырау заңы. Мысал келтір
Мына термин сөздерге түсінік бер: мутация, модификация, инверсия, транслокация, дупликация.
С деңгейі
1 нұсқа
Макроэволюцияның 3 бағыты арасындағы арақатынас қандай? Мысал келтір. Бұлардың қайсысы жиі, қайсысы сирек өтеді және неліктен.
Антропогенез дегеніміз не? Антропогенездің қандай факторлары басты рөл атқарады?
Мендельдің ІІІ заңы. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауы. Шағылыстыру сызбанұсқасын және Мендель тәжірибесін пайдаланып, тәуелсіз тұқым қуалаудың дұрыстығын дәлелдеңдер.
Шешесінің қаны гетерозиготалы ІІІ топ, әкесінікі гомозиготалы ІІ топ, балаларының қан тобын анықта.
Мутациялық өзгергіштік дегеніміз не? Хромосомдық мутацияға сипаттама бер.
Мына терминдерге түсініктеме бер: полиплоидия, геномдық мутация, инверсия, делеция , аутосома.
ІІ нұсқа.
Макроэволюция бағыттары және ол туралы ілімнің авторы кім?
Жер бетінде қашан және неге нәсілдер қалыптасты. Қанша нәсіл бар?
Медициналық генетика дегеніміз не? Жыныс хромосомалары мен аутосомдық өзгерістерге байланысты болатын қандай ауруларды білесің?
Адамда қара көзділік гені (А) көк көзділікке (а) қарағанда доминантты, ал оңқайлық (В) солақайлыққа (в) қарағанда доминантты қасиет көрсетеді генотипі Аа вв болатын форманың фенотипі қандай болады?
Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не? Ол неге тәуелді?
Мына терминдерге түсініктеме бер: гаплоидты, анеуплоидия, аллельді, гамета, мутация.