РЕФЕРАТ Та~ырыбы- Жер за~дарын б~з~аны ~шін жауапкершілік т~рлері
Работа добавлена на сайт samzan.net:
Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
от 25%
Подписываем
договор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Жеге орналастыру және Кадастр» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері»
Орындаған:Есенгулова К.И
ЗУ-302
Тексерген:Дабылова Б.Е
Алматы-2011 ж
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) ГАЖ-дың даму тарихы
ә) Құрамды бөліктері
б) ГАЖ-дың пайдалану салалары
III. Қорытынды
Геоақпараттық жүйелер 1960 жылдардың соңында дамыса, соңғы 10 жылда бұл технология өте қарқынды пайдаланылуда. Мұндай қарқынды дамудың басты себебіәрине, есептеу техникасының дамуы болып отыр. Геоақпараттық жүйелер пайдаланылатын кең көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар, модельдік есептер, сапалы графика машина ресурстарын едәуір талап етеді. Осы уақытқа дейін геоақпараттық жүйелер үшін жарамды сипаттамалары бар ЭЕМ өте қымбат, әрі оны тек ірі қалалардағы үлкен мекемелер ғана пайдалана алады.
1990 жылы геоақпараттық жүйелерді сатып алу үшін 500 мың шартты бірлік, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуге 1 млн шартты бірлік қажет болды. Қазір есептеу техникасы бағасының едәуір төмендеуіне байланысты, жылдам әрекеттігі машиналарды потенциалды сатып алушылар жетерлік. Күннен-күнге көбейіп отырған геоақпараттық жүйелерді пайдаланушылар, жинақталған ақпарат алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Мысалы, ATLAS GIS сияқты кейбір жүйелер тапсырыс берушінің өтінішімен, даяр деректер қоры арқылы жинақталады. Осыған байланысты қазір геоақпараттық жүйелерді кіші қалалар мен облыстар, жеке өнеркәсіп салалары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, т.б. сатып ала алады. 1993 жылы Denver-based Research Corporation жүргізген кіші қалалар мен 3,5 млн халқы бар қалалардың 386 респондентін қамтыған геоақпараттық жүйелер нарығын зерттеу нәтижесі, Солтүстік Америка қалалары мен кенттері шамамен 40% геоақпараттық жүйелерді сатып алғанын көрсетті. Сонымен қатар олардың 15%-ы алдағы 12 ай ішінде, ал 45%-ы 2-3 жылдан кейін сатып алуға ойы бар екендігі белгілі болды.
Соңғы 10-15 жылда шетелдерде және отандық тәжірибеде геоақпараттық жүйелердің басым бөлігі ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына мәселелерді шешудің ақпараттық негіз болып табылады:
- басқару деңгейінің шешімін қабылдау;
- қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау;
- қала аумағындағы өнеркәсіп пен азаматтық белгідегі объектілерді тиімді жобалау;
- қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау;
- аумақтың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық жағдайларын зерттеу және олардың экономикалық бағасы;
- қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар) есепке алуды және тиімді пайдалануды жетілдіру;
- қалалық коммуналдық шаруашылықтың инженерлік желісінің орналасу орны мен пайдаланылуы жөніндегі ақпараттарды алу;
- көп мақсатта пайдаланылатын техногенді процестер мен жер қойнауының табиғи қорлары жөніндегі мәліметтерді, тау-кен-геологиялық мәліметтерін жинау;
- табиғи ресурстарды, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы, салық
3
- салуды жүргізу;
- аймақтық ресурстарды тұтынушылардың, жекеменшік иесінің, басқа тұтынушылардың құқығын қорғау.
Осылай геоақпараттық жүйелер-өзінің функциялары мен атқарылуы бойынша көп мақсатты болып табылады. Ол мекемелер мен азаматтардың қалалық ортасы жөніндегі мәліметтермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Геоақпараттардың тұрақты пайдаланушыларына мыналарды жатқызуға болады:
- басқарушы және орындаушы өкіметтің қалалық құрылымдары;
- жоспарлаушы органдар:
- салық инспекциясы;
- заң және құқық қорғау органдары;
- қаланың сәулет-жоспарлау және жер қызметтері
- пайдаланушы мекемелер (коммуникациялар, транспорт, ғимараттар мен құрылыстар);
- ғылыми-зерттеу, жобалау институттары;
- құрылыс мекемелері;
- сауда мекемелері, барлық міндеттегі биржалар;
- әлеуметтік-экономикалық, техникалық қадағалау инспекциялары мен бақылау органдары;
- шетел серіктестері мен инвесторлар;
- кәсіпкерлердің кқммерциялық білім алуы;
- жеке тұлғалар.
Геоақпараттық жүйелердің құру мен жұмыс істеу ұйымдастыру-құқықтық, ғылыми-техникалық, технологиялық және қаржы-экономикалық сипаттағы бірқатар ерекше міндеттерімен біріккен. Оларды ақпараттық қамтамасыздандыру әдістерінен ауыстыру мүмкін емес.
Геоақпараттық жүйелердің маңызы туралы көптеген дамыған елдерде, оған бөлінетін назар бойынша да бағалауға болады. Бұлардың көбісінде ұлттық және аймақтық мекемелер құрылған, олардың міндеті:
геоақпараттық жүйелер мен автоматтандарылған картографияға байланысты зерттеу жұмыстарын дамыту, қалалық жоспарлау саласындағы ұсыныстарды өңдеу, осы ақпараттарды алу, тарату бағдарламасын үйлестіру, геоақпараттық жүйелердің желісін құру. Осы мақсат үшін құқықтық база жасалып, қуатты апараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру жүргізіледі. Қажетті мамандарды даярлау мен қайта мамандандыру қалпына келтіріледі. Мысалы, Калифорния штатында (АҚШ), 1991 жылы геоақпараттық жүйелердің мәселелерімен штат тіршілігінің көптеген қызметін анықтайтын жоспарлау бойынша 72 мамандандырылған бөлім айналысты. Ақпараттық жүйе ресурстары: жер, ауа, су, жылжитын және жылжымайтын мүлік, жұмыс күштері, қаражат (ақша), материалдар, концепциялар мен технологиялар. Жүйенің міндеті- нақты аумақтағы адамдар өмірінің деңгейін жоғарылату. Осындай бөлімдердің жылдық айналымы 1991 жылы 2,5 млрд USD-ға жетті.
4
Геоақпараттық жүйелердің көмегімен жүзеге асырылатын операциялар:
- Деректерді енгізу-геоақпараттық жүйелерде технологиялық циклдің мерзімін маңызды түрде қысқартатын автоматтандырылған сандық карталарды құру прцесі.
- Деректерді басқару-геоақпараттық жүйелер кеңістік пен атрибутивті деректерді әрі қарай талдау мен өңдеу үшін сақтайды.
- Деректерге сұраныс пен талдау-геоақпараттық жүйелер картада орналасқан объектілердің қасиеттері жөніндегі сұраныстарды орындайды. Мағұлматтарды алу немесе құбылыстарды болжау үшін көптеген параметрлерді салыстыра отырып, күрделі талдау прцестерін автоматтандырады.
- Деректерді көзбен шолу (визуализация)-деректердің қолайлы түрде берілуі, олардың талдану сапасы мен жылдамдығына тікелей әсер етеді. Объектілердің жағдайы жөніндегі есеп графиктер, диаграммалар, үш өлшемді бейне түрінде жасалуы мүмкін.
Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері әртүрлі қызмет салалары:
Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері әртүрлі қызмет салалары мен әртүрлі қызмет салалары мен түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолданылуы мүмкін. Геоақпараттық жүйелерді пайдаланудың кейбір мысалдары:
Маркшейдірлік іс:
- пайдалы қазбаларды игеретін кәсіпорындарды жобалау, салу және қайта құру жұмыстары үшін инженерлік іздеу мен топографиялық-геодезиялық жұмыстар;
- мұнай-газ және рудалы кен орындарын өңдеу кезінде пайдалы қазба қорларын тиімді алу үшін олардың сандық модельдерін құру және пайдалану;
- минералды ресурстарды тиімді пайдалануды, жер қойнауы мен пайдалы қазбалардың қоршаған ортасын қорғауды қамтамасыз ету бойынша мониторингті зерттеу жұмыстары;
- пайдалы қазба кенінің модельдерін жасау мен барлау нәтижелері бойынша сандық және сапалық құрылымдық көрсеткіштерді сипаттау үшін, геологиялықөмаркшейдірлік деректерді өңдеуді автоматтандыру;
- жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде жерді бағалау мен есептеу үшін жоспарларды, сызбаларды құру;
- кенорныдарын жерасты және ашық тәсілдермен игеру кезіндегі технологиялық процестердің маркшейдерлік қамтамасыздандырылуы;
- әртүрлі жол магистральдарының құрылысы кезіндегі барлық жұмыс түрлерінің геодезиялық қамтамасыздандырылуы;
- тау-кен және мұнай-газ өндірістерінде геодинамикалық мониторинг жүргізу.
5
Геодезия және картография:
- далада түсірілген геодезиялық деректер негізінде топографиялық пландарды құру;
- геодезиялық өлшеу деректерін алғаш рет енгізу;
- жердің сандық моделін өңдеу және құру;
- векторлау жолымен әртүрлі бағыттағы карталарды құру;
- карталарды жаңарту;
- оперативті картаға түсіру;
- карталарды редакциялау, жинақтау және басып шығару;
- тақырыптық карталар мен атластарды жинау және т.б.;
Ақпараттық жер жүйелері:
- жерге орналастыру, жердің бас жоспары мен үш өлшемді моделін құру;
- инженерлік геология;
- рельефті ұйымдастыру, т.б.
Халықтың тұрмыс-тіршілігін бақылау:
- денсаулық сақтау (халықтың ауру деңгейін, халықтың жастық-жыныстық құрылымын, денсаулық көрсеткіштерін қадағалау);
- әлеуметтік қызмет көрсету;
- жұмыспен қамтамасыз ету, т.б.;
- білім беру (мектеп мекемелері желісін оңтайлау, аймақтағы талапкерлердің жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) түсуін, ЖОО мониторингін, мамандар тапшылығын талдау, т.б.)
Әкімшілік-аумақтық басқару:
- аумақтық және салалық жоспарлау;
- қаланың жоспарлануы мен объектілерді жобалау;
- инженерлік коммуникацияның, жер, қала құрылысының ағаш отырғызу кадастрларын енгізу;
- техногенді-экологиялық, т.б. төтенше жағдайларға болжам жасау;
- көлік ағындары мен қалалық көлік маршруттарын басқару;
- экономикалық мониторинг желісін құру;
- қаланың инженерлік-геологиялық аудандастырылуы.
Телекоммуникациялар:
- транкті және ұялы байланыс, дәстүрлі желілер;
- телекоммуникациялық желілерді қарқынды жоспарлау;
- антенналардың, ретранслятордың т.б. тиімді орналасуын таңдау;
6
- кабельдерді төсеу маршруттарын (бағыттарын) анықтау;
- оперативті диспетчерлік басқару.
Инженерлік коммуникациялар мен желілер:
- сумен қамтамасыз ету және канализация желілеріндегі тұтынушыларға баға беру;
- инженерлік коммуникация жүйелері үшін апатты жағдайлар болдырмау;
- инженерлік ғимараттарды жобалау (жол құрылысы, құрылыс алаңдарын даярлау, гидрология мен гидравлика бойынша есептеулер, т.б.);
- сыртқы коммуникация профильдерін жобалау;
- инженерлік желілер күйінің мониторингі және апатты жағдайларды болдырмау.
Көлік (транспорт):
- автомобиль, теміржол және авиатранспорт инфрақұрылымы мен оның дамуын басқару;
- жылжымалы құралдарының паркін басқару және логистика;
- қозғалысты басқару, маршруттарды тиімді ету және жүк ағындарын талдау.
Мұнай-газ кешені:
- геологиялық барлау және далалық ізденіс жұмыстары;
- мұнай мен газ құбырларының технологиялық жұмыс істеу режимдерінің мониторингі;
- магистральді құбырларды жобалау;
- апатты жағдайлардың салдарын талдау, модельдеу.
Экология:
- экологиялық жағдайлар мен қауіпті табиғат құбылыстарын бағалау және мониторингі, техногенді әсерлер және олардың салдарын бағалау;
- экологиялық экспертиза;
- экологиялық апаттарды моделдеу және олардың салдарын талдау;
- табиғатты қорғау шараларын жоспарлау.
Орман шаруашылығы:
- орман шаруашылығын стратегиялық басқару;
- ағаш дайындауды басқару, орманға деген тәсілдерді жоспарлау және жобалау;
- орман кадастрларын енгізу.
7
Ауылшаруашылығы:
- ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің өңделуін жоспарлау;
- жер иелері мен егістік жерлерді есепке алу;
- ауылшаруашылық өнімдірі мен минералды тыңайтқыштардың тасымалдануын оңтайлау.
8
Қолданылған әдебиеттер:
- Жер ресурстарын басқару,Т.И.Есполов, Ж.Т.Сейфуллин
Астана-2005 ж.
- Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері, М.А.Гендельман, Ж.Қ.Қрықбаев
Астана-2004 ж.
www.gooogle.ru
9