Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1. Конституциялық құқықтың түсiнiгi, пәнi және тәсiлдерi.
Конституциялық құқықты 3 түрге бөліп қарастыруға болады: 1-Құқық саласы ретінде конституциялық құқық бұл қоғам мен ммелекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ ҚР-ң конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құрылысы, жергілікті өзін-өзі басқарудың негіздері табылады.
Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері бұл конституциялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.
3) Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Ол жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. 4) Ғылым ретінде конституциялық құқықка өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық кұқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыкқа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құкықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды.
Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні болып конституциялық құқық саласы табылады деп айтуға болады. Олай болса, бір ауыз сөзбен айтқанда ғылым ретіндегі конституциялық құқық бұл конституциялық құқық саласын зерттейтін ғылыми ережелердің жиынтығы. Ал, конституциялық құқық ғылымының зерттеу тәсілдері бұл жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің амал, әдістері. Конституциялық құқық ғылымының зерттеу әдiстеріне келесі әдістер кіреді: тарихи, қисындық, статистикалық, философиялық, салыстыру, талдау, синтез, анализ, дедукция, индукция, т.б.
2. ҚР конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі
Ғылым ретінде конституциялық құқықка өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық кұқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыкқа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құкықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды.
Конституциялық құқық ғылымы жоғарыда айтқандай мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызмеету негіздерін, қағидаларын, мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара карым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Мұнымен шектлемей конституциялық құқық ғылымы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары жүйесін де, сайлау жүйесін де зерделеп, саралайды. Сайлау мен референдум мәселелеріне конституциялық құқық ғылымы демократияның қайнар көзі ретінде ерекше назар аударады.
Зерттеу нәтижесінде конституциялық құқық ғылымы аталмыш мәселелерді жетілдіру, дамыту, тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар береді. Тиісті қоғамдық қатынастарды зерттеп қана қоймай конституциялық құқық ғылымы оларды реттейтін нормалардың жай-күйін, кемшін тұстары мен олардың тиімділігін де зерттейді. Зерттеу нәтижесі жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына әсер етуі мүмкін. Конституциялық құқық бүкіл құқық жүйесінің жетекші, фундаменттік саласы болғандықтан жаңа конституциялық-құқықтық қатынастардың, жаңа конституциялық-құқықтық нормалардың пайда болуы басқа құқық салаларына да өзгерістер алып келуі ықтимал. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы тиісті мәселелерді басқа құқық салаларымен салыстырмалы, байланысты жағдайда зерттейді деп айтуға болады. Жоғарыда айтқанымыздай зерттеу нәтижесі бойынша ғылым ұсыныстар береді, халық өкілдігі ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары т.б. сиякты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды.
3. Конституциялық құқықтың өзге құқық салаларымен арақатынасы. Конституциялық құқықтың жүйесi.
Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық белгілі бір қоғамдық қатынастар тобын, нақты айтсақ ҚР-ң конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітсе, ғылым ретінде ол сол бір қатынастарды, олардың реттелу жай-күйін, реттеу тәсілдері мен амалдарын, тарихи даму өзгешеліктерін зерттейді, оларды жетілдіру, дамыту жөнінде ұсыныстар береді.
Ғылым ретінде конституциялық құқықка өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық кұқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыкқа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құкықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды.
Конституциялық құқық ғылымы жоғарыда айтқандай мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызмет ету негіздерін, қағидаларын, мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара карым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Мұнымен шектлемей конституциялық құқық ғылымы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары жүйесін де, сайлау жүйесін де зерделеп, саралайды. Сайлау мен референдум мәселелеріне конституциялық құқық ғылымы демократияның қайнар көзі ретінде ерекше назар аударады.
Жеке адамның конституциялық құқықтық жағдайы конституциялық құқық ғылымының өзекті ауқымды мәселесі болып табылады. Адам мен азаматтың құқы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқының халықаралық құқық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге ғылымда айрықша назар бөлінеді.
Зерттеу нәтижесінде конституциялық құқық ғылымы аталмыш мәселелерді жетілдіру, дамыту, тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар береді. Тиісті қоғамдық қатынастарды зерттеп қана қоймай конституциялық құқық ғылымы оларды реттейтін нормалардың жай-күйін, кемшін тұстары мен олардың тиімділігін де зерттейді. Зерттеу нәтижесі жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына әсер етуі мүмкін. Конституциялық құқық бүкіл құқық жүйесінің жетекші, фундаменттік саласы болғандықтан жаңа конституциялық-құқықтық қатынастардың, жаңа конституциялық-құқықтық нормалардың пайда болуы басқа құқық салаларына да өзгерістер алып келуі ықтимал. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы тиісті мәселелерді басқа құқық салаларымен салыстырмалы, байланысты жағдайда зерттейді деп айтуға болады. Жоғарыда айтқанымыздай зерттеу нәтижесі бойынша ғылым ұсыныстар береді, халық өкілдігі ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары т.б. сиякты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды.
Конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері. Теориялық қорытындылар бере отырып конституциялық құқық ғылымы қайнар көздердің кең көлеміне сүйенеді. Ғылымның қайнар көзі ретінде ғылыми тану негіздерін құрайтын факторлар ұғынылады. Мұндай қайнар көздерге конститциялық құқықтық нормалардан тұратын нормативтік құқықтық актілер, ғылыми еңбектер, ... жатады. Ғылым "конституциялык, құқык" деп аталғандықтан, оның негізгі қайнар көзі болып Конституция табылады. Конституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі - отандық, сондай-ак, шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, зандық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай катысты еңбектері.
Конституциялық құқық ғылымының басқа бір қайнар көзі практика, яғни конституциялық құқықтық нормалар мен институттардың әрекет етуі негізінде өмірде болып жатқан процесстер. Ғылыми танудың қайнар көзі болып практика табылмаса, ғылым қажетті шамада өзінің міндеттерін орындау алмас еді. Сондықтан, ғылымның қайнар көзі ретінде мемлекеттік органдардың, конституциялық құқықтық қатынастың басқа да субъектілерінің нақты практикалық қызметі, бүкіл қоғамдық-саяси қызмет саналады.
4. Конституциялық құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нышандары, ерекшелiктерi, түрлерi
Конституциялық құқықтық норма бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды. Конституциялық құқықтық нормалардың негізгі нышандары болып келесілер табылады:
- Конституциялық құқықтық норма жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен түрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.
- Конституциялық құқықтық норма нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілі бір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).
- Конституциялық құқықтық норма нақты анықталған жүріс-тұрыс ереже. Бұл оның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.
- Конституциялық құқықтық норма мәжбүрлі ереже, яғни оның орындалуы мемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етіледі.
Конституциялық құқықтық нормалардың өзге құқықтық нормалардан ерекшеліктері:
- конституциялық құқықтық нормалардың негізінде белгілі бір құқықтық қатынастардың түрі пайда болады.
- конституциялық құқықтық нормалар реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Яғни, конституциялық құқықтың нормалары ерекше сипаттағы, негізгі, фундаменталдық қатынастарды реттейді.
- қайнар көздері (бастаулары) бойынша ерекшелінеді, яғни конституциялық құқықтық нормалар басқа құқықтық нормаларға қарағанда мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда көбірек белгіленген. Тиісінше заңи күші де көбінесе жоғарырақ болып келеді;
- конституциялық құқықтық нормалар бірнеше бағытты қамтуға арналған.
- конституциялық құқықтық нормалар құрылымына қарай ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық нормаларда өзге құқықтық нормаларға қарағанда санкция өте сирек кездеседі.
- конституциялық құқықтық нормалар көбіне нақты реттеушілік емес, жалпы реттеушілік сипатта болады. Мұнда мақсат, міндет, анықтама, мәртебе, қағида нормалары көп болады.
- конституциялық құқықтық нормаларға құрылтайшылық немесе ұйымдастырушылық сипат тән.
Конституциялық құқықтық нормалардың түрлері:
1) мазмұны немесе пәні бойынша:
- конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;
- жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін нормалар;
- мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын бекітетін нормалар;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы негіздерін бекітетін нормалар.
2)заңи күші бойынша:
- конституциялық - конституцияда көрініс тапқан нормалар
- субконституциялық - конституциядан өзге актілерде, яғни заңдарда, Президенттің жарлықтарында, Парламенттің қаулыларында, Үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, Конституциялық Кеңестің қаулыларында және т.б. көрініс тапқан нормалар.
3)әрекет ету аумағы бойынша:
- республикалық - республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар;
- жергілікті - республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.
4)құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байланысты:
- өкілеттік (құқық) беруші нормалар - субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар;
- міндет жүктеуші нормалар - адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар;
- тиым салушы нормалар - қандай да бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар.
5)құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталғандық, нақтылық дәрежесіне байланысты:
- императивтік нормалар;
- диспозитивтік нормалар;
Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән, оның орындалуы біржақты өктем болып келеді. Мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады /35бап/. Ал, диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі.
6)құқықтық реттеу механизміндегі атқаратын рөлі бойынша:
- жалпы анықтама, қағида, мақсат, міндет нормалары;
- материалдық - мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің қызметтерінің негіздерін, олардың құқықтық мәртебелерін, құзыреттерін, құқықтарын т.б. жағдайларын айқындайтын нормалар;
- процессуалдық - материалдық норманың жүзеге асырылу процедурасын белгілейтін нормалар.
5. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi. Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көздерi ретінде Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері.
Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтық нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті ммелекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді . Ішкі қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:
Конституция;
Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар және жай заңдар
Президенттің жарлықтары: конституциялық заң күші бар жарлық, жай заң күші бар жарлық, нормативтік жарлық;
Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;
Үкіметтің қаулылары;
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері;
Декларация, регламенттер, ережелер...
ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Конституция бұл мемлекет өмірінің негізгі бастауларын мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы немесе актілердің жиынтығы.
Конституцияның ерекшеліктері:
- қоғамның батлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс- тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъектілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс- тұрысын реттейді;
- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән;
- конституцияға жалпы құрылтайшылық сипат тән. Конституцияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады
-ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғалатын акт болып табылады. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақстан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.
6. Конституциялық құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен мазмұны Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы
Конституциялық құқықтық қатынастар бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді: 1. субъектісі конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкімшілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, , азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар);
2. объектісі - (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, материалдық игіліктер, құнды заттар, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);
3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер, заңи фактілер
Конституциялық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:
қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;
басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;
қоғам өмірінің барлық жақтарында болады;
кейбір субъектілері ерекше келеді (мемлекет, халық, ұлт т.б.)
Конституциялық құқықтық қатынастар белгілі бір жағдайлардың нәтижесінде пайда болады, өзгеріп, жойылады. Ол жағдайлар заңи фактілер. Олай болса, заңи факті дегеніміз конституциялық құқықтық қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін, жоятын оқиға немесе іс-әрекет. Оқиға ол конституциялық құқықтық қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін немесе жоятын адамның еркіне байланысты емес жағдайлар .Іс-әрекет бұл конституциялық құқықтық қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін немесе жоятын әрекет немесе әрекетсіздік.
7. «ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.
Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:
Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;
Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;
ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды.
8. ҚР тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау
Қазақ КСР Президенті кызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Казақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.1990 жылғы 25 қазанда Қазак КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны кабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған кол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық оъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылыгы енгізілді.Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.
«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау.
Бұл Конституциялық заң бұрынғы одақтас республикалардың Ресейдің,Украинанның,Беларуссияның арасында жасалған Беловеж келісімінің нәтижесінде Кеңес одағы таратылған кезде қабылданады.Қазақстан атынан бұл отырысқа Президент Назарбаев қатыспады және бұл келісімге қол қойған жоқ.Назарбаев ТМД-ны оған қатысатын мемлекеттердің толық құқылы және тең қатысуы негізінде құруды ұсынды.Осылайша ТМД-ның құрылу үрдісі келесідей сатылы түрде жүрді:8 қазанда ТМД ның құрылуы үш мемлекеттердің-Ресей,Украина,Белоруссия аралығындағы келісім нәтижесінде жүргізілді.13 желтоқсанда бес Орта Азиялық мемлекеттің Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстанның, ТМДның толық және тең құқылы құрылтайшысы болуға әзір екендігі туралы арыз жасалды. Осы уақытта бұл үрдістермен қоса 1991 жылғы 16 желтоқсанда қираған Кеңес Одағы жағдайында Республиканың Жоғарғы Кеңесі «ҚР мемлекеттік тәуесіздігі»туралы Конституциялық заң қабылданды. Заң келесі тараулардан тұрды: ҚР тәуелсі мемлекет; ҚР халқы мен азаматы; ҚРның мемлекеттік өкімет органдары; ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері; ҚР дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі; ҚРның мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау; Қорытынды ережелер. Осы заңның идеяларын құрылымынан артық мазмұндау жүйесі болған емес және қазірдің өзінде жоқ. Заңда Қазақстан халқының ұғымына да нақты анықтама берілді.Заңда мемлекеттік билікті жүзеге асырудың барлық нысандары көрсетілді:билікті халықтың тікелей іске асыруы және билікті халық сайлаған мемлекеттік органдар арқылы іске асыру.Заңда басты орынды адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялык және хұқылык мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толык иеленеді, өзінің ішкі және сырткы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді 1 бабында айтылады
9. 28.01.1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
Мазмұны:
Жоғарғы Кеңес Конст. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдады.
1993 жылғы Қ.Р. конст. 4 бөлімнен және 131 баптан тұрды. 1-бөлім «Азамат, оның құқығы, оның бостандығы мен міндетері»
2-бөлім «қоғам, оның құрылыс негіздері»
3-бөлім «мемлекет, оның органдары мен институттары»
4- бөлім «конст. сақтау кепілдіктері
Конс кабылдау себептери
ҚР ның шынайы егемендігі фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі
Адам мен азаматтардың неғұрлым кең құқықтарымен бостандықтарын кон-қ тұрғыда бекемдеудеті
Экономикалық себеп- меншіктің алуан түрлілігі мен негізделген экономикалық жүйені бекіту
Саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалы өзгерістерді конс-қ тұрғыда бекіту
Сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау
Республиканың жаңа конституциясын әзірлеудің алғы шарттары мен себептерінің ішінде Назарбаевтың мемлеекттің және халықтың егемендігін қолжеткізі мен оны қамтамасыз ету қажеттігін алдынғы қатарға қоюы жатады. Нақтылы егемендікті орнату тығыз бірлікте конс-ның өзінде баянды ету арқылы аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету міндеті алға қойылды. Конс-лық реформалардың осы идеяларының бірінші кезекті маңызы бар деп жариялануының себебі: 1937ж. ж-е 1978ж. конст-ң Қазақ КСР і заң жүзінде егеменді болып саналған, КСРО құрамындағы Қазақ КСР-нің шынайы болған емес, өйткені жоғарғы билік Қазақ КСР-нің емес КСР жоғарғы партия органдарының ж-е мемлекеттің қолында еді. Респ-ң сыртқы саяси өмірінде ешқандай құқығы болған жоқ. Өзінің заңдралыылығы да болған емес,заңдары іс жүзінде КСРО заңдарының көшірмесі еді. Өзінің азаматтығы да болған емес, ол ортақ одақтық азаматтық еді.Кеңес одағы тарағаннан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қ.Р. м тәуелсіздігі туралы» конст. Заң қабылдады. Егедікпен байланысты негізгі идеялармен қағидалар конст. Заң күшіне ие болды.
Адам мен азаматтырдың неғұрлым кең құқықтыры мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу.
Бұл 1993 жылы конституцияны қабылдаудың тағы бір себебі. Жоғарғы Кеңесті 1992 жылы маусымдағы сессиясында конст-ның құқықты негізді тұрақтандыру және алдағы мақсат іқа жетудің конст.- құқықтық құралдарын, соның ішінде адам және азамататың құқықтары мен бостандықтарын бекемдеу үшін қажет екенін атап көрсетті. Жаңа жағдайда құқықтары мен әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру қажет еді.Алайда, осы талапқа сәйкес құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйесін түбегейлі өзгерту ескі 1978 жылы конституцияға жекелеген түзетулер енгізу арқылы мүмкін емес еді. Жаңа жағдайда республика азаматтары иеленуге тиіс жалпы адамзаттық кең құқықтар мен бостандықтарды дәйектеу міндеті жаңа конст. Қабылдануын талап етті.
Экономикалық себеп- меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту. Ендігіде нарық қатынастарын дамыту үшін экономикалық реформалаудың осынау алғашқы қадамдарын конст. Дәйектеу, сол арқылы жеке меншікке бейімделген алғашқы лап нарық заңдарындағы қағидаттарды бекемдеу қажет болды. Сол себептен жаңа конст. жекешелендіру, яғни социалисттік меншікті жеке меншікке айналдыру жолымен жасалатын жеке меншік институты бекемдеп беру қажеттігі туды. Яни экономиканы дамыту үшін 1993 жылғы конст. қабылдануының маңызы зор болды.
Саяси жүйе мен мемл. тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конст. тұрғыда бекіту және оларды демократияландыру мен құқықтық мемлекет құру бағытында одан әрі жетілдіру жаңа конст. әзірлеудің маңызды себебі.
Сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау үшін жаңа конст. негіз қалау керек еді бұл 1993 жылғы Конст. қабылдау себептерінің бірі.Терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастан нышандары 1978 жылы Қазақ ССР Конст. орнына жаңа конст-қ рәсімдеуді талап етті. Көнергенді ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конст. баянды ететін ата заң қажет болды.
10. 30.08.1995 жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.
1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылғы Конституцияны қабылдауға себеп болды. 1995 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:
1. Орыс тілінің мәртебесін айқындау.
Жерге жеке меншік бекіту мәселесі.
Азаматтық мәселесі.
Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі.
Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру.
Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселесі.
Сот жүйесін реформалау.
Осы себептерге қоса жаңа Конституция қабылдаудың тағы бір идеясы үш таған идеясы.Президент Конституцияны үш таған идеясы:адам азаматтық қоғам,мемелекет идеясына сәйкес құрудың маңызын негіздеп берді.Осы үш таған бойынша,адам қоғам мен мемлекеттегі ең жоғары құндылық ретінде,құқықтар мен бостандықтардың кең көлемін иеленуші ретінде әрі осы тағандардың үшеуінің де бастапқы элементі ретінде көрінеді.Оның негізгі ережелері мен жаңалыктары.Конституциялық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланысты.Бұл кезең одан әрі жалғасуда.Осы Конституцияның бірқатар елеулі жаңа қырларына тоқталсақ,онда КСРОның да,Қазақ КСРінің де не Конституциялары,не заңдары еске алынбайды.Конституция күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген ҚРсы заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінің одан әрі қолданылатыны туралы айтылды.Оларды конст/қ нормаларға сәйкес келтіру-заң шығарушы органдардың міндеті.Президенттік басқару жүйесі орнықтырылды.Атқарушылық билікке жақынн тұрғанымен Президент енді биліктің бірде бір тармағына жатпайды.Қалыптасып үлгерген қоспалаталы Парламент орнықтырылды.Конст/қ Сот сот органы болып табылмайтын Конст/қ Кеңеспен алмастырылды.
11. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртібі. ҚР Конституциясына енгiзілген өзгертулер мен толықтырулар
ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізудің екі жолы бар:
1. Президенттің бастамасы бойынша Парламент енгізеді;
2. республикалық референдум арқылы.
ҚР Конституциясының 62 бабының 3 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша Республика Парламенті Конституцияға ӛзгертулер мен толықтыруларды әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде тӛрттен үшiнiң кӛпшiлiк даусымен палаталардың бірлескен отырысында енгiзедi.
Ал, Конституцияға ӛзгертулер мен толықтыруларды референдумда енгізу тәртібіне келсек, Қазақстан Республикасының Конституциясына ӛзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы республикалық референдум мыналардың бастамасы негізінде Президенттің шешімімен ӛткізіледі:
1. Президенттiң ӛзінің бастамасымен;
2. Парламенттiң ұсынысымен;
3. Үкiметтiң ұсынысымен.
Президент Парламент немесе Үкімет білдірген ұсыныс бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) референдум ӛткізу туралы.
2) референдум ӛткізбей-ақ Конституцияға енгiзiлетiн ӛзгертулер мен толықтырулар жобасын Парламенттiң қарауына беру туралы. Мұндай жағдайда Конституцияға ӛзгертулер мен толықтыруларды жоғарыда атап кеткендей тәртіппен (палаталардың бірлескен отырысында әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде тӛрттен үшiнiң кӛпшiлiк даусымен) Парламент енгізеді.
3) Конституцияға ӛзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы ұсынысты қабылдамай тастайды. Егер ұсыныс Парламентпен білдірілген болса және оны Президент қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен тӛртiнiң кӛпшiлiк даусымен Парламент осы ӛзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.
Конституцияға ӛзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі референдумға шығарылған жағдайда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының (18 жасқа толған, әрекет қабілеттігі бар, соттың айыптау үкімі бойынша түрмеде отырмаған азаматтардың) жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол ӛткiзiлдi деп есептеледi. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға ӛзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық мањызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
Қазакстан Республикасының соңғы Конституциясына 3 рет түзетулер енгізіледі: 1998 жылы 7 казанда және 2007 жылы 21 мамырда 2011 2 акпанда. 2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулар бойынша «кезектен тыс сайлау Республика Президентінің шешімімен тағайындалады» деген толықтыру енгізілді.
12. ҚР Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды
Конституциялық құрылыс негіздері бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқанымыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мемлекеттік басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған..
Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:
1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:
1) халық билігі
2) идеологиялық және саяси алуандылық;
3) жергілікті өзін-өзі басқару;
4) өкілді биліктің болуы;
5) сөз бостандығы;
2. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет. мемлекетте құқықтың үстемдік етуі. Белгілері:
1) заңның жоғарылығы;
2) соттың тәуелсіздігі;
3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;
5) биліктің бөлінуі;
6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.
3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет.Белгілері:
1) жұмыссыздықтан қорғау;
2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;
3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту
4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;
5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті; .
4. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:
1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды
2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;
3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей.
5. Қазақстан Республикасы егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:
1) тұтастығы мен қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі жарияланған аумағы болады;
2) мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабылдауға құқылы;
2) мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;
3) бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;
4) қаржы жүйесін өзі анықтайды ұлттық валютасы болады;
5) қарулы күштерін құрады;
6. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Біртұтас мемлекет әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша бірліктерге бөлінеді (облыс, аудан, қала, т.с.с.), бірақ тиісті бірліктердің басқару органдары мен олардың қызметі жалпымемлекеттік нормалармен реттеледі.
7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағидаты танылады.
8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.
Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.
9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық татуластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.
13. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары
Сыртқы істер министрлігінің құзыреті
Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;
3) шетелде тұратын отандастарымызбен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;
4) ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органның келісуімен:
визалардың санаттары мен түрлерін, оларды берудің, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін қысқартудың және ұзартудың тәртібін айқындайды
5) шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға келу рұқсаттарын беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады,
6) осы Заңның 6-бабына сәйкес:
Қазақстан Республикасына келу туралы өтініш берген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді әрі оларды Қазақстан Республикасының осыған уәкілетті мемлекеттік органдарына жібереді;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құжаттарды консулдық заңдастыруды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді;
9) халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
10) заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады;
2) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат және Қазақстан Республикасынан кетуге Қазақстан Республикасына келуге рұқсат береді;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі уәкілетті органның келісуімен көшіп келушілердің төлқұжаттарын тіркеудің және олардың жүріп тұру тәртібін, сондай-ақ, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге олардың кіруін, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;
4) көшіп келушілерге шекара аймағына кіру құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
5) көшіп-қонушылардың заңнамада белгіленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру ережелерін сақтауын бақылайды;
6) шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібінің сақталуын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
7) азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуін ресімдейді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
14. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:
1. Қазақстан Респбликасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшолоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, ӛзін-ӛзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:
- халық билігі
- идеологиялық және саяси алуандылық;
- жергілікті өзін-өзі басқару;
- өкілді биліктің болуы.
2. Қазақстан Реаспубликасы құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні мемлекетте құқықтық үстемдік етуінде. Белгілері:
- заңның жоғарылығы;
- соттың тәуелсіздігі;
- жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;
- биліктің бөлінуі;
- мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.
3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Белгілері:
- жұмыссыздықтан қорғау;
- отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;
- әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту
- адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет бұл діннің мемлекеттен бӛлінуі. Белгілері:
- дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды
- мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;
- барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Ешбiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;
- ешбір дін міндетті дін ретінде бекітілмейді;
- дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық азаматтармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;
- діни бiрлестiктер заң талаптарын және хұқық тәртiбiн сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi
15. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол ӛзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан біртұтас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін ӛз аумағы әкімшілік-аумақтық бӛліністерге бӛлінетін мемлекет.
Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекет басшысы, жоғары лауазымды тұлға. Президент дауыс беру жолымен бес жыл мерзімге сайланады.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Бүгінгі таңда, республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала, 175 әкімшілік аудан, 87 қала, 35 кент және 6 982 ауылдық елді мекен кіреді
16. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар: түсiнiгi, ерекшеліктері, түрлерi. Жеке құқықтар мен бостандықтар.
Алдында атап кеткеніміздей, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы барлық құқық салаларының нормаларында көрініс тапқан құқықтар мен бостандықтардың жиынтығымен анықталады. Ал, жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. конституциялық құқықтар және бостандықтар дегеніміз Республика Конституциясында бекітілген, әркімге тумысынан тән болатын, адамнан бөлінбейтін құқықтар және бостандықтар.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың ӛзге құқықтар мен бостандықтардан бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
1. конституциялық құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің негізгі заңы Конституцияда бекітілген.
2. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адам үшін, қоғам үшін неғұрлым маңызды болып табылады.
3. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адамға әдетте тумысынан тән болып табылады және ажырамайды ;
4. жалпы алғанда конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адамға, азаматқа тән;
5. конституциялық құқықтар мен бостандықтар жалпы құқықтар мен бостандықтардың ядросы, негізі болып табылады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың 3 түрі бар:
- жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және тікелей мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бӛлінбейді
- саяси құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің азаматтығында болуға байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың ммелекеттің саяси ӛміріне қатысуын байқатады;
- әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар.
Жеке құқықтар мен бостандықтар:
Әркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы
Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы
Өмір сүру құқығы
Әркім өзінің жеке басының бостандығы құқығы
Қадір қасиетіне қол сұғылмаушылық құқығыэ
Әркімнің қай ұлтқа, қай партияға,қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету көрсетпеу құқығы
Сөз бен шығармалардың еркіндігі құқығы
Әркімнің республикадан тыс жерлерге кету құқығы
Әркімнің ар ождан бостандығы құқығы
Әркімнің тынығу құқығы
18. Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрация, митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1-бап. Заңдарда жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдыќ, топтық,жеке мүдделер мен ќарсылыќ бiлдiрудiң нысандары ретiнде, сонымен ќатар ќоғамдыќ орындарда аштыќ жариялауды, киiз үйлер, шатырлар, өзге де ќўрылыстар тўрғызуды, пикет қоюды түсiну керек.
2-бап. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы республикалыќ маңызы бар ќаланың, астананың, ауданның жергiлiктi атќарушы органға өтiнiш берiледi.
Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi ќоғамдыќ бiрлестiктердiң немесе Ќазаќстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасќа толған өкiлдерi бередi.
3-бап. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бурын жазбаша нысанда берiледi. өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе ќозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяќталатын уаќыты, ќатысушылардың ыќтимал саны, өкiлдердiң және ќоғамдыќ тәртiптiң саќталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тўратын және жўмыс iстейтiн жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның республикалыќ маңызы бар ќаланың, астананың, ауданның жергiлiктi атќарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
4-бап. Республикалыќ маңызы бар ќаланың, астананың, ауданның жергiлiктi атќарушы органы өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бурын өкiлдерге (уйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды. Республикалыќ маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атќарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақурылым объектiлерiнiң қалыпты жумыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн усынады. Шешiмге ќолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жоғары турған атқарушы органға шағым жасауға болады.
5-бап. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеулеп өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде өкiлдер (ўйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, улттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық қурылысын күш қолданып қулату, аумақтық тутастығына қол қойу, сондай-аќ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бузу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдыќ тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, республикалыќ маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы орган буларды өткiзуге тыйым салады.
Буқаралыќ шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-аќ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн уйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
20. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
Адамның және азаматтың құқықтық жағдайы барлық құқық салаларының нормалары жүзеге асу процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде адам мен азамат ие болатын құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде сипатталса, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері бұл жеке тұлға мен мемлекеттің өзарақатынасын, жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын көрсететін және Конституцияда бекітілген құқықтар, бостандықтар және міндеттер жүйесі ретінде анықталады.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы алдымен оның мәртебесіне: азамат, шетелдік азамат, азаматтығы жоқ адам екендігіне байланысты. Құқықтардың неғұрлым кең көлеміне (саяси құқықтарды қоса, оның ішінде сайлау құқықтары, саяси партияларға бірігу құқығы, мемлекеттік қызметке кіру құқығы, ...) тиісті мемлекеттің азаматтары ие болады, тиісінше олар неғұрлым көбірек міндеттер атқарады. Әдетте шетел азаматтары саяси құқықтарды иеленбейді. Азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы көбінесе шетел азаматының жағдайына ұқсас, теңестірілген болып келеді.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидалары:
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі және жалпыға тәндігі қағидасы;
б) құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы қағидасы құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы міндеттерді орындаудан бөлінбейді.
в) мемлекеттің құқықтар мен бостандықтарды сақтау және қорғау, оларды кепілдендіру міндеттілігі қағидасы;
г) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың тұрақтылығы қағидасы;
д) адамдардың мүдделерінің мемлекет мүдделерінен басымдығы қағидасы;
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері келесідей элементтерді қамтиды. Бұл элементтер жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерінің мазмұнын құрайды:
азаматтық. Азаматтық бұл жеке тұлғалардың арасынан ҚР азаматтарын бөліп көрсететін элемент.
конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер.
конституциялық құқықсубъектілік азамат құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігіне ие болса ғана конституциялық құқықтар мен бостандықтардың толық көлеміне ие болады және толық көлемде міндеттер атқарады.
конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу кепілдіктері.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі азаматтық. Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады және "билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді".
Жеке тұлға мен мемлекет арасындағы “азаматтық” байланысы белгілі бір қағидаларға негізделеді. Азаматтықтың жалпы және өзіндік қағидаларын көрсетуге болады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:
азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының, бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді.
азаматтықтың еріктілігі қағидасы азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;
азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азаматтығы тұрақты болып табылады
бір азаматтық қағидасы ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;
ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы
азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы
ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды;
қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын алу бала туылған кезде оның ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууылуына қарай шешілуі мүмкін.
21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар
жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және тікелей мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бостандығына, ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.
Саяси құқықтар мен бостандықтар байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың ммелекеттің саяси өміріне қатысуын байқатады;
әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар.
ҚР-ның конституциясындағы азаматтарға берілген саяси құқықтар мен бостандықтар:
Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралу құқығы
Азаматтардың бірлесі бостандығына құқығы
Азаматтардың мүлкін жеке меншігінде ұстау құқығы
ҚР- азаматы бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар мен митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы
ҚР азаматтарының мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгінуге, жеке және ұжымдық өтініштерді жолдау құқығы
Республикалық референдумға қатысу құқығы
Мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын сайлау және сайлану құқығы
Азаматтардың ммлекеттік қызметке кіру тең құқығы
Азаматтардың әскери қызмет атқару құқығы
ҚР ның Конституциясында берілген әлеуметтік-экономикалық құқықтармен бостандықтар:
Әркімнің билікті заң көмегімен тегін алу құқығы
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым қатынас, тәрбие, оқу, және шығармашылық тілін еркін таңдап алу құқығы
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы
Әркімнің тұрғын үйіне қолсұғылмаушылық құқығы
Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына еңбегі үшін теңдей бір кемсітусіз сыйақы алуына, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығы
Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы
ҚР азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда заңды негіздерде ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
ҚР азаматының денсаулығын сақтау құқығы
Азаматтардың мед-налық көмек алу құқығы
Тегін орта білім алу құқығы
22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. ҚР азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі азаматтық. Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады
азаматтық - тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады. Қандай да бір тұлға нақты бір мемлекеттің азаматы болуы мүмкін, тиісінше сол мемлекетпен құқықтық байланыста болады., азаматтық бұл өзара құқықтар мен міндеттер туындайтын жеке тұлға мен мемлекеттің арасындағы саяси-құқықтық байланыс. Жеке тұлға мен мемлекет арасындағы “азаматтық” байланысы белгілі бір қағидаларға негізделеді. Азаматтықтың жалпы және өзіндік қағидаларын көрсетуге болады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:
азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының, бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді.
азаматтықтың еріктілігі қағидасы азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;
азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азаматтығы тұрақты болып табылады
бір азаматтық қағидасы ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;
ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды;
азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді
ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды;
қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын алу бала туылған кезде оның ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууылуына қарай шешілуі мүмкін. ҚР азаматық туралы заң
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтықты тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
20-бап. Азаматтықтан шығу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
23. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың өкiлеттiктерi.
Азаматтық мәселелермен айналысатын субьектілер және олардың өкілеттіктері
-Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы;
осы Заңда көзделген реттерде Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау туралы шешімдер қабылдайды;
-. Iшкі iстер органдарының өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, облыстардың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi:
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қазақстан Республикасының азаматтығына алынғандығын және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығын тiркеудi жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тiркейдi.
-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.
Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.
24. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы жүзеге асыруға арналған, оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар. Олардың үш түрін көрсетуге болады:
1. әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер. Бұл кепілдіктер адамдардың құқықтар мен бостандықтарды еркін пайдалануын қамтамасыз ететін тиісті орта мен материалдық негіздің болуын анықтайды мысалы, әлеуметтік тұрақтылық, дамыған экономика, қоғамның барлық әлеуметтік қажеттіктеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін мекемелер жүйесінің болуы т.б.
2. саяси кепілдіктер адамдардың еркін дамуы мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған мемлекеттің саясаты саяси құрылымдардың тұрақтылығы, олардың азаматтық келісімге қол жеткізу қабілеттігі, қоғамда тұрақсыздықты жою, азаматтардың саяси мәдениетінің тиісті деңгейі.
3. заңи кепілдіктер адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар - әрбір құқықтың нақты кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі.
ҚР Конституциясындағы кепілдіктер:
өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі
Әркімнің тынығу құқығы бар.
Тұрғын үйге қол сұғылмайды.
Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі
25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Орта білім алу міндетті.
. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті7
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 ж. 19 маусымдағы ҚР заңымен т.б. заң актілерімен анықталады. Шетелдіктер бұл Қазақстанда тұратын, оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Оларға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар кіреді. Ал, Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар бұлар Қазақстан Республикасының азаматы емес, сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің құқықтық мәртебелері көбіне сәйкес келе бермейді. Негізгі айырмашылықтары келесілерде:
1. кейбір лауазымдарды тек ҚР азаматтары ғана иеленеді;
2. мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа кіру ҚР азаматы болып табылмайтындар үшін шектелген;
3. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін еркін жүріп-тұру құқығы шектелген;
4. жалпыға бірдей әскери міндеттілік шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға емес тек ҚР азаматтарына ғана тарайды;
5. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің деликтқабілеттігі бірдей емес.
6. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан мемлекетінің саяси өміріне араласа алмайды.
Сонда да аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық мәртебесінің жалпы сипаттамасын беруге болады. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі бұл Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Конституциямен, заңдармен және өзге құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері, жауаптылығы.
Қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесінің мазмұнын келесідей бөлшектер құрайды:
конституциялық құқық нормаларымен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің кешені;
бұл құқықтар мен міндеттерді заңмен қорғау және мемлекеттік,
Қазақстан Республикасының Конституциясы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді.
Саяси құқықтарға мыналар жатады: мемлекеттік қызметке кіру құқығы, қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысу құқығы, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығы
Атап кеткеніміздей шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар біршама құқықтарды шектеулермен иеленеді. Олардың бірі еңбек ету бастандығына құқық. Қазақстанда жүрген шетелдіктерді үш топқа бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер;
2. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер;
3. транзиттік шетелдіктер.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер деп тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарынан рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады. Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетелдіктер транзиттік шетелдіктер деп танылады.
Шетелдіктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келiсiмде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан кетедi.
Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдайларда:
а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;
б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;
в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейiн;
г) Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген өзге де негiздер бойынша рұқсат етiлмейдi.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетелдік оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.
ҚР-ның шегiнен қуып жiберу. Шетелдік мына жағдайларда:
а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
в) егер ол шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса;
Заң бойынша бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген шетелдіктерге шығарып жіберу туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
27. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары
“Сайлау құқығы” түсінігі көпмағыналы болып табылады. Біз оны екі мағынада қарастырамыз: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы бұл мемлекеттің өкілді органдарын және жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынада сайлау құқығы бұл азаматтың мемлекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалыптастыруға қатысу құқығы. Олай болса, субъективтік тұрғыда сайлау құқығы екі мағынада анықталады:
белсенді сайлау құқығы бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай-да бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы;
бәсең сайлау құқығы бұл азаматтардың өкілді органдарға, сайланбалы лауазымдарға сайлануға құқығы.
Қазақстанда сайлау туралы қатынастар ҚР Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңмен реттеледі. ҚР-ғы сайлау туралы заңға сәйкес сайлау құқығы бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы.
Жоғарыда атап кеткеніміздей сайлау құқығының екі түрі бар: белсенді сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы . Белсенді сайлау құқығы әдетте 18 жасқа толған бастап пайда болады. Сайлауға қатысу үшін әрекет қабілеттігі болуы керек және соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған болуы қажет. Азаматта белсенді сайлау құқығы болғанымен, бәсең сайлау құқығы болмауы мүмкін.
Қазақстанда сайлаулар белгілі бір қағидаларға сәйкестікте өткізіледі. Сайлау құқығының қағидалары:
1.жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни 18 жасқа толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т.б. қарамастан сайлауға қатысу құқығы.
2.тең сайлау құқығы сайлаушылардың сайлауларға тең негіздерде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Тең сайлау құқығының мазмұны екі элементті қамтиды: а) сайлаушылардың сайлауға тең негізде қатысуы; б) сайлаушылардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы.
3. төте сайлау құқығы Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтадың тiкелей сайлауы. Тікелей бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.
4. жанама сайлау құқығы Сенат депутаттарын таңдаушылардың -маслихат депутаттары болып табылатын ҚР азаматтарының сайлауы.
5. жасырын дауыс беру сайлаушылардың Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі ерік білдіруіне қандай да болсын бақылаудың жасалуын болдырмау үшін олардың жасырын түрде дауыс беруі.
6. еркін сайлау қағидасы азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы, яғни сайлаушының сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесін өзінің шешуі.
Сайлаудың түрлері. Сайлауды әртүрлі негіздер бойынша бірнеше түрлерге бөлуге болады:
өткізілу аумағы бойынша: жалпыұлттық және жергілікті;
азаматтардың ерік білдіру әдісіне қарай: тікелей және тікелей емес ;
өткізілу уақытына қарай:
а)кезекті сайлау - тиісті органның не лауазымды тұлғаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай өткізілетін сайлау;
б) кезектен тыс сайлау - тиісті органның не лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы орай өткізілетін сайлау.
в) қосымша сайлау - шығып қалғандардың орнына сайлау.
г) ішінара сайлау алқалы сайланбалы органды ішінара жаңарту мақсатында өткізілетін сайлау.
- кімді сайлайтынына байланысты: президенттік сайлау, парламенттік сайлау, муниципалдық сайлау
28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
Сайлау жүйесі бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидаттарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жәйесі және бара-бар өкілдік сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:
1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында және маслихат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жйүесі қолданылады.
2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етеді. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан астамының дауысын алуы қажет.
3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.
сайлау жүйесі бойыншаҚазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парламентте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын мандаттар санын иеленеді.
29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
Қазақстанда сайлаулар өткізу кезінде сайлау округтері, сайлау учаскелері құрылып, пайдаланылады. Сенат депутаттарын сайлауда сайлау округтері құрылмайды. Сайлау округтерінің үш түрі болады:
А) бірмандатты сайлау округі. Мұнда әр округтен тек бір ғана депутат сайланады. Бір округтегі кандидаттар саны көп болуы мүмкін, бірақ сайланған тұлға біреу ғана болады. Бірмандатты округ мажоритарлық жүйеге тән болып келеді.
Б) Көп мандатты (полиноминальный) сайлау округі. Мұндай көп мандатты округ маслихаттан өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде құрылады.
В) Біртұтас округ. Мұндай округ бүкіл мемлекеттің аумағын қамтиды.
Қазақстанда сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссиялары құрады, олар республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың шамамен тең саны ескеріліп құрылады.
Сайлау округтері әдетте сайлау учаскелеріне бөлінеді. Сайлау учаскелері бұл сайлаушыларға барынша қолайлылық түғызу мақсатында құрылатын дауыс беру үшін арналған орын. Ол мына жағдайлар ескеріле отырып құрылады: - әрбір сайлау учаскесінде 3 000 аспайтын сайлаушы болуы; - әкімшілік аумақтық бөліністегі әкімшілік-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы
30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
Саяси жүйені көпшілік ғалымдардың көзқарасына сүйеніп көмегімен халық өзінің мемлекеттік, саяси билігін жүзеге асыратын мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Саяси жүйенің негізгі элементтері Конституцияның “Жалпы ережелер” бөлімінде бекітілген.
Саяси жүйенің негізгі элементі болып мемлекет табылады. Одан басқа элементтеріне саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ... кіреді.
Марксизм-ленинизм идеологиясына сәйкестікте кеңестік социалистік мемлекет құрылды. Мемлекеттің саяси жүйесінің орталық элементі болып кеңестік Конституцияға сәйкес коммунистік партия танылды. Ол қоғамның дамуының басты бағыттарын анықтап, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгіледі.
Кеңес өкіметінің құлдырауымен оның қағидаттары да өзгеріп, бірқатары жойылды. Марксизм-ленинизм іліміне негізделген коммунистік партияның бағдарламасы мемлекеттік идеология болудан қалды. 1993 жылғы тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қоғамдық бірлестіктердің тең құқылы мүмкіндіктерінің болуына кепілдік бере отырып қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология орнына жүре алмайтындығын бекітті.
Ал, 1995 жылы қабылданған Конституция жоғарыда атап кеткеніміздей Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылатындығын бекітті.
Идеологиялық әр-алуандылық Қазақстанда түрлі идеологиялық көзқарастар мен ағымдардың өмір сүруі мен әрекет етуіне рұқсат берілетіндігін білдіреді. Бұл түсінік кез-келген ағымдардың өмір сүруіне рұқсат етпейді. Олардың алдына қойылатын шарт олар ҚР-ның конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру идеясын жарияламауы тиіс, сондай-ақ әлеуметтік, діни және ұлтаралық араздықты тудырмауы керек.
Саяси әр-алуандылық қоғамда түрлі саяси партиялардың және ұйымдардың әрекет етуі мүмкіндігін білдіреді.
31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
Экономикалық жүйе меншіктің алуантүрлігі, кәсіпкер-ліктің және бағаның еркінділігі, тиянақты бәсекелестік қағида-ларымен, сондай-ақ адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру-ға бағытталған басқа да шаруашылық қызметінің түрлерімен сипатталатын Конституцияда және басқа заң актілерінде бекітілген экономикалық қатынастардың құрылысы. Экономикалық жүйенің негізгі қағидалары:1. меншіктің алуантүрлігі;2. меншікке ешкімнің қол сұқпауы;3. меншіктің барлық субъектілерінің теңдігі;4. меншік иесінің құқығын мемлекеттің қорғауы;5. экономикада монополизмді жою;6. еркін кәсіпкерлік;7. бәсеке;8. еркін баға;9. салықтарды төлеу міндеттілігі;10. адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру;11. т.б.Экономикалық жүйенің негізі болып меншік табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән екендігін бекітеді жеке, мемлекеттік. Қазақстан Республикасында мем-лекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей қорғалады. Мемлекет-тiк меншiк екі түрге бөлінеді: республикалық және коммуналдық меншiк. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын келе-сілер құрайды: республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк. Меншiк құқығы бұл субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымы негіздерінде меншік нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп, нарықтық қатынастар конституциялық түрде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бірдей дәрежеде мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды.
Конституцияға сәйкес меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызме етуге тиіс. Меншік субъекілері мен обектілері меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді
32. ҚР-ның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы: ұғымы, жүйесi, категориялары. Елдi мекендер және аймақ
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық
құрылысының жүйесi
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл , поселке, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.
2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң категориялары
Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.
Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi.
Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық округ аймақтар болып табылады.
Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi.
3-бап. Қалалар мен басқа елдi мекендердiң категориялары
Қалалар және басқа елдi мекендер:
1) республикалық маңыздағы қалаларға бөлiнедi, бұларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар және, әдетте, бiр миллион адамнан астам халқы бар елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
2) облыстық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар, iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
3) аудандық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған жүйесi, кемiнде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамы жұмысшылар, қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
4) поселкелерге бөлiнедi, бұларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа экономикалық маңызды объектiлердiң жанындағы, кемiнде 3 мың адамы бар, оның кемiнде үштен екiсi жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн;
5) ауыл - саны кемiнде 50 адам болатын, халқының кемiнде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық өсiру шаруашылығында жұмыс iстейтiн қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерi және денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елдi мекен;
6) халқының саны кемiнде 50 адам шаруа және басқа да қоныстар ең жуық елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi.
4-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңдар
Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн құқықтық реттеудi Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де заңдар мен қалыпты құжаттар жүзеге асырады.
33. ҚР Президентiнің мәртебесі, сайлануы және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады.
ҚР президентін сайлау Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
Президент науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламенттiң шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында әдейi жасаған жағдайда, жауап бередi және бұл үшiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезеңде қозғалмайды.
34. ҚР Президентiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi;
9) Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;
10) республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;
11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
16) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
18) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
35. ҚР Президентiнiң актiлерi.
1995 жылғы Конституцияға сәйкес Президентке бірінші рет заң актілерін шығару құқығы берілді. Президент Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен ӛкiмдер шығарумен қоса Конституцияда белгіленген жағдайларда заңдар және заң күші бар жарлықтар да шығарады. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады.
Республика Президентiнiң жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң жарлықтарымен:
1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық ӛкілеттігі жүзеге асырылады;
2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және ӛкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт күшi болады.
Республика Президентiнiң өкiмдерi Конституцияның, заңдардың және Президент жарлықтарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң ӛкiмдерiмен:
1) әкiмшiлiк-ӛкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге асырылады;
2) Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
36. ҚР Парламентiнiң мәртебесi, құрылымы және құрылу тәртібі. Екі палаталы құрылымның қажеттігі.
ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын ӛкілді орган. Ӛкілді сипат қай елдің болмасын Парламентіне тән қасиет. Халықпен тікелей және жанама құрылатын бұл орган бүкіл халықтың атынан ӛкілдік етеді, барлық халықтың біртұтастығын білдіреді және азаматтардың билікті жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол халықтың, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақмат-мүдделері мен еркін бідіруші ретінде қарастырылады. Сондықтан да Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу және оларды заңдарда бейнелеу, ӛз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету.Парламент - бүкіл ҚР аумағында міндетті күші бар заң актілерін қабылдайтын заң шығарушы орган. Парламенттің басты мақсаты заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актiлерiмен белгiленедi. 1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:
Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
2. Сенат конституциялық заңда белгiленген тәртiппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан өкiлдiк ететiн депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жылда қайта сайланады.
3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды.
4. Мәжiлiс конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сайланатын жүз жетi депутаттан тұрады.
Мәжiлiстiң тоқсан сегiз депутаты саяси партиялардан партиялық тiзiмдер бойынша бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжiлiстiң тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
5. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
6. Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
37. Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатын Парламенттiң өкiлеттiгi.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.
1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді.
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен алынып тасталды
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру21. 1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
3)Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы
39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
Заң шығару процесі келесідей сатылардан тұрады:
1. Заң шығару бастамашылығы.
2. Заң жобасын Мәжілісте қарау.
3. Заң жобасын Сенатта қарау.
4. Заңға Президенттің қол қоюы және оны жариялау.
18-бап. Заңдарды қабылдау
1. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылау және дауысқа салу үшiн берiледi. Сенат қайта қабылдамаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.
2. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданады деп саналады. Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.
Сенат депутаттарының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзге¬ріс¬термен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы.
Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
2. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. шығару бастамашылығы болып табылады.
2. Заң шығару бастамашылығы құқығы тек Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылады және ол:
1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін арнайы жолдаумен ресімдейтін Республика Президентіне;
1-1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін тиісті ұсынумен ресімдейтін Парламент депутаттарына;
2) заң құжатының жобасын Мәжiлiске енгiзу туралы шешiмiн Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылдайтын Республика Үкiметiне берiледi.
3. Республика Президенті, депутаттар және Үкiмет енгiзген заң актiлерiнiң жобалары Мәжiлiс қаулысымен Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитеттерiне қарауға жiберiледi әрi бұлар жөнiнде Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң тұжырымдары болған ретте ғана оның пленарлық отырысында қаралуы мүмкiн.
4. Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты арттыруды көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң тұжырымы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
5. Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртiбiне байланысты өзге мәселелердi Мәжiлiс Регламентi шешедi.
Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi.
Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi. . Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi.
2. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданады деп саналады
2-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады.
Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.
Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.
Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Конституциялық заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
33-тармақ. Конституциялық заңның, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобасы түскен кезде Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда Парламенттің Қаулысымен заң жобасын қарау мерзімдері белгіленеді, содан кейін ол жұмыс істеу үшін Парламенттің Сенаты мен Мәжілісіне жіберіледі.
34-тармақ. Конституциялық заңдардың, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.
35-тармақ. Заң жобасымен жұмыс істеудің Парламент белгілеген мерзімі біткеннен кейін Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда заң жобасының бастамашысына немесе оның өкіліне сөз береді. Сонан соң әрбір Палатадан бір-бірден қосымша баяндамашыларға және белгіленген кезек ретімен депутаттарға сөз беріледі.
Бірінші оқылымында конституциялық заңның жобасы, сондай-ақ конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұжырымдамалық жағынан талқыланады.
36-тармақ. Заң жобасының екінші оқылымы кезінде бірлескен комиссияның төрағасы оның жұмыс қорытындылары жөніндегі ұсыныстарын айтып сөз сөйлейді.
Депутаттардың бірлескен комиссияға жазбаша түрде енгізген ескертпелері мен толықтырулары ғана талқылануға тиіс. Ұсынысын комиссия қабылдамай тастаған депутат Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Парламентке өз ұсынысын дауысқа қоюды өтініп жолдануға құқылы.
37-тармақ. Түпкілікті оқылымда дауыс беру қорытындылары бойынша Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен конституциялық заңды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайды. Дауыс бергенде белгіленген дауыс саны алынбаған жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және оны нақ сол сессия ішінде Парламенттің қарауына енгізуге болмайды.
38-тармақ. Парламенттің конституциялық заңды және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысы Парламенттің әрбір Палатасы депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
40. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
. Парламенттiң сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.2. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.3. Парламенттiң бiрiншi сессиясында, Сенат Төрағасы мен Мәжiлiс Төрағасы сайланғанға дейiн, Сенат пен Мәжiлiс отырыстарында тиiсiнше Республика Президентi және Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы төрағалық етедi.4. Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап, маусымның соңғы жұмыс күнi бiткенше өткiзiледi.5. Парламенттiң сессиясы Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырыстарында ашылып, жабылады. Парламенттiң сессиясын, әдетте, Республика Президентi ашады, ал ол болмаған кезде Мәжiлiстiң Төрағасы ашады.6. Парламенттiң сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президентi өз бастамасымен, Палаталар Төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысымен Парламенттiң кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн.
1. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.2. Республиканың Президентi, Премьер-Министрi мен Үкiмет мүшелерi, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокуроры, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, сондай-ақ Мемлекеттiк Хатшысы мен Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы кез келген, ашық, сондай-ақ жабық отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге хақылы.
41. Парламенттiң жұмыс және үйлестіруші органдары.
1. Парламенттiң үйлестiрушi органдары Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжiлiстiң Бюросы болып табылады.2. Палаталар Бюроларының құрамына Палаталар төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары кiредi. Мәжiлiс Бюросының құрамына Мәжiлiсте өкiлдiк ететiн саяси партиялар фракцияларының жетекшiлерi де енедi.3. Палаталардың Бюролары:1) Палаталардың комитеттерi мен комиссияларының жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;2) Палаталар үшiн заңдардың жобаларын және Парламент пен оның Палаталарының өзге де шешiмдерiн қараудың кезектiлiгi жөнiнде ұсыныстар дайындайды;3) бiрнеше комитеттердiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша комитеттердiң бiрлескен жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетедi;4) Осы Конституциялық заңмен Парламенттiң басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретiне жатқызылмаған Палаталар жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелерiн шешедi. 4. Палаталар Бюроларының отырыстарын Палаталардың төрағалары қажетiне қарай шақырады және олар өз мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болады
1. Парламенттiң жұмыс органдары Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi, сондай-ақ Палаталардың бiрлескен комиссиялары болып табылады.2. Палаталардың тұрақты комитеттерi заң жобалары жұмысын жүргiзу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн құрылады. Тұрақты комитеттер құрылған кезде Палаталар олардың тiзбесi мен сандық құрамын белгiлейдi, содан кейiн тұрақты комитеттердiң мүшелерiн сайлайды. Сенат пен Мәжiлiс құратын тұрақты комитеттердiң саны әр Палатада жетiден аспауға тиiс.3. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы, олардың сандық құрамы Палаталар арасында келiсу бойынша белгiленедi. Комиссиялардың мүшелерiн сайлауды әр Палата өздiгiнен жүзеге асырады.4. Парламент пен оның Палаталарының Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында, 57-бабының 5) және 6)-тармақшаларында көзделген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру мақсатында Парламент Палаталары арнаулы уақытша комиссиялар құрады.5. Тұрақты комитеттер мен комиссиялардың отырыстары олардың мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан ретте құқылы болады.6. Тұрақты комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады.7. Тұрақты комитеттер мен комиссиялардың өкiлеттiктерi мен қызметiнiң тәртiбi заңмен белгiленедi.
42. ҚР Парламентiн тарату.
1. Республика Президентi Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейiн Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн тарата алады.2. Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде таратуға болмайды.3. Мәжiлiс таратылған жағдайда Парламенттiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi қызметiн уақытша, Мәжiлiстiң жаңа құрамы сайланғанға дейiн Сенат атқарады.Мұндай жағдайда Сенаттың конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртiбi Сенат Регламентiнде айқындалады. Республика заңнамасына сәйкес Парламент тұтастай немесе Мәжіліс жеке таратылуы мүмкін. 19.06.2007 жылы Парламент туралы заңға енгізілген ӛзгертулерге дейін Республика Президентi мынадай жағдайларда Парламентті тарата алатын: 1) Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген; 2) Парламент Премьер-Министрдi тағайындауға келiсiм беруден екi мәрте бас тартқан; 3) Парламент Палаталары немесе Парламент пен мемлекеттiк билiктiң басқа тармақтары арасында еңсерiлмейтiн келiспеушiліктер нәтижесiнде саяси дағдарыс туындаған жағдайларда. Соңғы ӛзгертулерге сәйкес Парламенттің және Парламент Мәжілісінің ӛкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібіне жаңалық енгізілді, яғни Республика Президенті Парламент палаталары тӛрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. Тарату жағдайлары анықталмаған.
Тӛтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Республика Президентi ӛкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiн бiр жыл ӛтпейiнше Парламенттi және Парламент Мәжілісін таратуға болмайды. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жӛніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады.
43. Парламент депутаттарының мәртебесi.
1. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясында оның Палаталарының бiрлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқынаа ант бередi. Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты жағдайда өткiзiледi.2. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.3. Парламент депутатының өкiлеттiгi орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша депутат iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.4. Парламент Мәжiлiсiнiң Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының өкiлеттiгi оның шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.5. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкiлеттiгi Республика Президентiнiң шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгi осы таңдаушылардың шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
6. Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
7. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзiн сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметiн тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
8. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғатын негiздердiң басталу фактiсiн көрсетiп қаулы қабылдайды және Парламенттiң тиiстi Палатасына Парламент депутатының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгiзу туралы шешiм қабылдайды.Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негiзiнде Парламент Палатасы тиiстi Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатады.9. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиiстi адамның Парламент депутатының өкiлеттiгiн жоғалтқаны жөнiндегi фактiнi көрсетiп қаулы қабылдайды.10. Парламент және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайларда тоқтатылады.
44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді
45. ҚР Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
1. Парламент депутаттары саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы.2. Саяси партияның фракциясы - заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиядан өкiлдiк ететiн депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол тиiстi саяси партияның мүдделерiн бiлдiру мақсатында Парламент Мәжiлiсiнде құрылады. Саяси партия фракциясындағы ең аз адам саны Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентiмен айқындалады. Саяси партия фракциясының құрамына Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары кiре алады. Депутаттың бiр ғана саяси партия фракциясының құрамында болуға құқығы бар.3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкiлеттiктерiн бiрлесiп жүзеге асыруға арналған бiрлестiгi. Депутаттық топтың құрамында Парламенттiң кемiнде он бес депутаты болуға тиiс.4. Саяси партиялардың фракцияларын тiркеу - Парламент Мәжiлiсiнiң Бюросында, депутаттық топтарды тiркеу Парламент Палаталарының Бюроларында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтарды тiркеу келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi.5. Парламент Мәжiлiсiндегi саяси партиялардың фракциялары мен Парламенттегi депутаттық топтардың өкiлеттiгi, ұйымдастырылуы мен қызметi, олардың жұмысын қамтамасыз ету Парламент пен оның палаталарының регламенттерiнде айқындалады.
46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен алынып тасталды.
10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. 1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.
3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Республика Үкiметi:
1. мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
2. мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
3. әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
4. Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
5. Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
6. құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;
7. мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;
8. мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
9. еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;
10. мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
11. ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;
12. табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
13. құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
14. келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi;
15. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;
16. өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.
47. ҚР Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуі
Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады.
Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады.
Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.
Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi.
Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.
Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi.
1. Республика Премьер-Министрi:
1. Үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi;
2.Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады;
3. халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге қол қояды;
4. Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы;;
5. Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
6. Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады;
7.Үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады;
8. Республиканың заңдарымен өзiне жүктелген басқа да өкiлеттiктердi атқарады.
Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.
Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.
Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi Республиканың Президентi он күн мерзiмде қарайды.
Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент оған мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады.
Үкiметтiң актiлерi, нормалар шығару қызметi.
Республика Үкiметiнiң актiлері
1. Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады.
2. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды.
3. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.
4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
5. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады.
6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады.
7. Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.
Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуi.
1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
2. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
4. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
48. Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.
Конституциялық қадағалау бұл заңдар мен ӛзге актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеруді, азаматтардың құқықтары мен болстандықтарын жоғары деңгейде қорғауды, билікті бӛлу қағидасын орындауды қамтамасыз ететін демократиялық институт. Басқаша айтқанда, конституциялық қадағалау бұл әдетте конституциялық соттар немесе арнайы құрылған мемлекеттік орган жүзеге асыратын, заңдардың және ӛзге нормативтік құқықтық актілердің Конституция ережелеріне сәйкес келуін бақылау. Конституциялық қадағалау билік бӛлінісі мен саяси және идеологиялық әралуандылық орын алған және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары кепілдендірілген құқықтық, демократиялық мемлекет үшін тән институт болып саналады. ҚР Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес конституциялық қадағалауды жүзеге асырады. Конституциялық қадағалау органдарының тағайымы мемлекет пен қоғамның Негізгі заңын қорғауда болып табылады. Конституциялық қадағалау органдары конституциялық заңдылық демократияның және оның саяси мәдениетінің табиғи элементі болып табылауына жәрдем жасау үшін құрылған деп айтуға болады. Жалпы алғанда Конституцияны қорғау ӛзге мемлекеттік органдармен де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ құқықтың басты қайнар кӛзі ретінде оның жоғарылығын қамтамасыз ету конституциялық қадағалау органдарының айрықша құзыры болып табылады. Конституциялық бақылаудың жүйесі туралы айтсақ, қазіргі жағдайда конституцияны қорғауды жүзеге асыратын органдардың үш үлгісін кӛрсетуге болады: біріншісі конституциялық қадағалауды жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы соңғы инстанциясы Жоғарғы Сот болып табылады; екіншісі еуропалық үлгі - арнайы құрылған сот органдары жүзеге асырады (конституциялық соттар); үшіншісі сот жүйесіне жатпайтын Конституциялық Кеңестер, бұл органдарды “квазисот” органдары деп те атайды.
1995 жылғы Конституция Конституциялық Соттың орнына Конституциялық Кеңесті құрды. Ол бұрыңғыдай республика Конституциясын қорғау жӛніндегі сот билігінің жоғары органы емес, ешбір билік тармағына кірмейтін, мүшелері тәуелсіз қызмет ететін конституциялық қадағалау органы болып табылады
49. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, өкілеттіктері.
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды;
2) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
Конституциялық Кеңестiң құрамы
Конституциялық Кеңес жетi мүшеден, соның iшiнде Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан тұрады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады. 1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республика Президенті қызметке тағайындайды, Конституциялық Кеңеске екі-екі мүшеден Парламент Палаталары төрағаларының ұсынуы бойынша тиісінше Парламент Сенаты мен Мәжілісі тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жанартылып отырады.
Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады.
1. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгi алты жылға созылады.
2. Шығып қалған немесе қызметте болу мерзiмi аяқталған жағдайда Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалады.
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi қызметтерiне адамдардың шығып қалған немесе осы қызметтерде болу мерзiмi аяқталған күннен бастап бiр ай iшiнде тағайындалады.
4. Егер Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшелерiне өкiлеттiк мерзiмi олардың қатысуымен Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселенi қарау кезеңiнде аяқталса, онда олардың өкiлеттiгi қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн сақталады.
50. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң түрлерi
1. Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.
2. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.
Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң нысаны
Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:
1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;
2) қорытындылар;
3) жолдаулар.
. Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды.
2. Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды.
3. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi.
4. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.
1. Конституциялық Кеңес мына жағдайларда қосымша шешімдер қабылдайды, егер:
1) Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме беру туралы мәселе қойылса.
2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса..
2. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс..
Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Өзге шешiмдердiң күшiне ену тәртiбiн Конституциялық Кеңес белгiлейдi.
2. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде Республика Президентiнiң қарсылықтары енгiзiлуi мүмкiн, олар:
1) Президент шешiмiнiң мәтiнiн алған күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi;
2) Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi.
3. Республика Президентiнiң қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi және конституциялық iс жүргiзу тоқтатылады.
51. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары болып табылады, олардың мәртебесi Конституциямен және осы Конституциялық заңмен, сондай-ақ Конституция мен осы Конституциялық заңда реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
11-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актiнiң олар үшiн сөзсiз мiндеттi күшi болмайды.Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
2. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ.
3. Қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн Конституциялық Кеңестiң қарауына арқау болып отырған мәселелер бойынша ешкiмнiң де пiкiр немесе кеңес сұрауға, ал Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң отырысынан басқа кезде, пiкiр айтуға немесе кеңес беруге хақы жоқ.
4. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн, осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болмайды.
5. Егер Конституциялық Кеңестiң қарауындағы мәселеге тiкелей жеке немесе жанама мүдделiгiне байланысты өзiнiң әдiлдiгiне күмән тууы мүмкiн болса, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшесi бұл мәселенi қараудан бас тартуға мiндеттi, мұны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиiс.
6. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң сотта немесе өзге құқық қолдану органдарында, заңды өкiлдiктен басқа, қорғауды немесе өкiлдiктi жүзеге асыруға, құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттерден босату iсiнде қандай адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.
12-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасалған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк органның басшысы ғана қозғай алады. Iстi тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры жүзеге асырады, ол Парламентке Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм беру туралы ұсыныс енгiзедi. Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi Республика Жоғарғы Соты қарайды.
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмайды.
4. Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкiлеттiгi тоқтатыла тұрмаған болса, Конституциялық Кеңестiң отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.
13-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқықтарының теңдiгi
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мәселелердi қарауда және олар бойынша шешiмдер қабылдауда
16-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету
1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнiң жалақыны Республика Президентi Республика Конституциясының 44-бабының 9)-тармақшасында анықталған тәртiппен белгiлейдi.
2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн тұрғын үймен, көлiкпен және өзге де қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу Республика Президентi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды;
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.
52. ҚР сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердiң қатысуымен жүзеге асырылады. Республиканың сот жүйесi Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгiленедi. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады. Соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3)-тармақшасында белгiленген жағдайда, - Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн. Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); 2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот). Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның iшiнде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкiн.Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Аудандық сот Конституцияда және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкiмi бойынша, ал аудандық сот төрағасының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған немесе өкiлеттiк мерзiмi аяқталған жағдайда төрағаның мiндетiн уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкiмiмен осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкiн. Облыстық соттың органдары: 1) жалпы отырыс; 2) апелляциялық сот алқасы; 3) кассациялық сот алқасы болып табылады. Облыстық сот өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды, сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды, облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады, заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Жоғарғы Сот жергiлiктi және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
53. ҚР прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. Республика Прокуратурасы төменгi прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бiрыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз жүзеге асырады және Республика Президентiне ғана есеп бередi. Республиканың Бас Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас прокурорды Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Облыстық прокурорларды Республика Президентінің келісімімен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайындайды. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларды Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайындайды. Республика прокуратурасының құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады. Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін;
1)Прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым,өтініш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсіндірме;
2)Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
Прокуратура органдары жоғары қадағалауды заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Заңдардың қолданылуына тексерісті прокурор өз өкілеттігі шегінде тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін:
1)ҚР Президентінің тапсыруына;
2)Заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәліметтерге;
3)Заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына;
4)жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргізеді.
54. ҚР-ғы жергiлiктi мемлекеттiк басқару: ұғымы, ерекшелiктерi, органдары
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару бұл тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi ӛкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет. Жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттің құрамдас бір бӛлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек, жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы, мемлекет тетігінің ерекше белшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие болады. Заңнамада жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті ӛкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны бекітілген және олар үшiн негiзгi талаптар мен шектеулер белгiленген. Яғни жергілікті мемлекеттік басқару органдары ӛз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Оларға Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет кӛрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады. Олардың қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн: 1) жергiлiктi бюджет: 2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiк; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
55. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
Жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды құру тәртiбi
1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
56. Мәслихаттың өкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
3. Мәслихат:
1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актiлерiн бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. 5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
57. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
Мәслихат ӛз ӛкілеттігін ӛзінің органдары, мәслихат сессиясының тӛрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихаттың органдарын үш түрге бӛлеміз:
1. тұрақты комиссиялар;
2. уақытша комиссиялар.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi
1. Тұрақты комиссиялар:
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;
2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Мәслихаттың уақытша комиссиялары
1. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
58. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы
Жергiлiктi атқарушы орган - облыстың , ауданның әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Конституцияға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншiктi басқару;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелердi шешу;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн ӛзге де ӛкiлеттiктердi жүзеге асыру;
Әкiм облыстық әкiмдiктi әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. Әкiм аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктi аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, тиiстi атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. Республикалық маңызы бар қаладағы)аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық округтiк әкiмдiктер құрылмайды.
Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң ӛкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бӛлiнiстiң әкiмi басқарады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Ӛзге әкімшілік-аумақтық бӛліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті ӛзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің ӛкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Әкiмияттар Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк құрылмайды.
Мәслихаттар ӛз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бӛлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен ӛкiмдер қабылдайды.
59. ҚР-ғы жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың конституциялық мәртебесi, функциялары
Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергiлiктi қоғамдастықтардағы басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.
Қазақстанда жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мiндеттерi
1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) жалпымемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтауға;
6) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
7) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстануға, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
8) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
60. Республикалық референдум тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi
Референдум бұл республиканың мемлекеттік және қоғамдық ӛмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша бүкіл халықтық дауыс беру. Ал, сайлау бұл азаматтардың мемлекеттік және жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарында ӛздерінің еріктері мен мүдделеріне сәйкес билікті жүзеге асыру үшін тиісті ӛкілдерге дауыс беру арқылы халық билігін жүзеге асыруға қатысуы болып табылады.
Референдум бұл қоғамдық ӛмірдің түрлі маңызды мәселелері жӛнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері.
Республикалық референдум бұл мемлекеттік маңызы бар шара. Референдум арқылы халық мемлекеттік биліктің қайнар кӛзі ретінде Конституцияны, заңдарды қабылдайды, оларға ӛзгертулер енгізу ісімен республикамыздың заң шығармашылық қызметіне қатысады.
Сонымен, референдумның бірнеше маңызды тұстарын кӛрсетуге болады:
1. халық тікелей заң шығарушы ретінде барлық азаматтар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін аса маңызды қоғамдық құқықтық нормаларды бекітеді;
2. референдум азаматтардың құқықтық санасының ӛсуіне ӛз ықпалын тигізеді;
3. референдум бұл қоғамдық пікірді білдірудің бір нысаны;
4. референдум мемлекеттік органдардың нормашығарушылық қызметінің жетілуіне ӛз септігін тигізеді;
5. референдум арқылы қоғамның мемлекеттік және қоғамдық істерге деген қызығушылықтары дамиды, ӛмірдің барлық салаларына ықпал етуі күшейеді.
Референдум қандай да бір мемлекеттік мәселелердің нақты шешілуінің ӛзіндік нысаны болып табылады. Ол халықтың қандай да бір мәселені тікелей ақырғы шешуі.
Сайлаулар секілді республикалық референдум да келесідей демократиялық қағидалар негізінде ӛткізіледі: азаматтардың еркін қатысуы, еркін түрде ерік білдіруі, азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең, тікелей қатысу құқығы.
Референдум ӛткізіп онда шешім қабылдау ұзақ та күрделі процесті қамтиды. Оны бірнеше сатыға бӛліп қарастырамыз:
Бірінші саты - республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық. Референдум тағайындау бастамашылығы:
1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;
2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде;
4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мӛлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады.
Екінші саты республикалық референдум ӛткізу (тағайындау) туралы шешім қабылдау. Мұндай құқық Республика Президентіне тән.
Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) референдум тағайындау туралы;
2) референдум ӛткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға ӛзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе ӛзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;
3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы
Референдум тағайындау туралы шешiмдi Республика Президентi тиiстi Жарлық шығару жолымен қабылдайды.
Үшінші саты референдумды ӛткізуге дайындық. Референдумға дайындық пен оны ӛткiзудi мыналар жүзеге асырады: Орталық референдум комиссиясының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық референдум комиссияларының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары, учаскелiк референдум комиссияларының функциясын орындаушы учаскелiк сайлау комиссиялары.
Тӛртінші саты дауыс беру және дауыс санау. Референдумда дауыс беру мерзiмi, орны, ұйымдастыру мен ӛткiзу тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады. Дауыс санауды учаскелік референдум комиссиясы жүзеге асырады.
Бесінші саты референдум қорытындысын шығарып, оны жариялау. Дауыс берудiң қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжiлiсiнде шығарылып, хаттамамен ресiмделедi, оған Орталық референдум комиссиясының Тӛрағасы, Тӛрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi қолдарын қояды және қаулымен бекiтедi.
Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан кӛбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум ӛткiзiлген деп саналады.
Егер дауыс берудiң нәтижесiнде референдумға қойылған мәселе бойынша оның оң шешiмiн жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан кӛбi дауыс берсе, ол жӛнiнде шешiм қабылданды деп саналады.
Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру ӛткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Алтыншы саты - республикалық референдум ӛткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы.