Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
28 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.
28 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1. Осы Стандарт қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу үшін қолданылуға тиіс. Алайда ол:
(а) тәуекелді капиталы бар ұйымдар,
немесе
(b) инвестициялық сақтандыру қорларын қосқанда, өзара қорлар, пайы бар инвестициялық қорлар және осы секілді құрылымдар қауымдасқан ұйымдарға салған инвестицияларға қолданылмауға тиіс,
олар бастапқы танудан кейін пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланады не 39-«Қаржы құралдары тану және бағалау» ІAS сәйкес саудаға арналған ретінде жіктеледі. Мұндай инвестициялар 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес әділ құн бойынша бағалануға тиіс, ал әділ құндағы өзгерістер осы өзгерістер орын алған кезеңдегі пайдалар мен залалдар туралы есепте танылуға тиіс.
АНЫҚТАМАЛАР
2. Осы Стандартта терминдер төменде аталған мағыналарда пайдаланылады:
Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.
Шоғырландырылған қаржы есептілігі топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып ұсынылатын қаржы есептілігі.
Бақылау ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді.
Бірлескен бақылау шарт бойынша экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың (кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын алады.
Жеке қаржы есептілігі бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.
Елеулі ықпал - инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес .
Еншілес ұйым басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.
3. Жеке қаржы есептілігі үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылатын қаржы есептілігі де, не еншілес ұйымы, не қауымдасқан ұйымы, не бірлескен қызметке қатысу үлесі жоқ ұйымның қаржы есептілігі де болып табылмайды.
4. Жеке қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, бірлескен қызметтегі кәсіпкерлердің үлестері теңбе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі осындай қаржы есептілігіне ілесе жүруі мүмккін немесе ілеспеуі де мүмкін.
5. 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS Халықаралық стандартының 10-параграфына сәйкес шоғырландырудан, сондай-ақ 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS Халықаралық стандартының 2-параграфына сәйкес теңбе-тең шоғырландырудан немесе осы Стандарттың 13 (с)-параграфына сәйкес үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісінен босатылатын ұйымдар тек қана жеке қаржы есептілігін ұсына алады.
Елеулі ықпал
6. Егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20%-ына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және керісінше, егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының 20%-ынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалы бар екенін жоққа шығаруы міндетті емес.
7. Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
(а) инвестициялар объектісінің директорлар кеңесіндегі немесе сондай басқару органындағы өкілдігі;
(b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты әзірлеу барысына қатысуы;
(с) инвестор мен инвестициялар объектісі арасындағы ірі операциялар;
(d) басқару қызметкерлерімен алмасуы;
не
(е) маңызды техникалық ақпарат беруі.
8. Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында компанияға дауыс құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға (әлуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады. Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлуетті дауыс құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау кезінде есепке алу қажет. Егер, мысалы, әлуетті дауыс құқықтары болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.
9. Әлуетті дауыс құқықтарының елеулі ықпалға үлес қосатын-қоспайтынын бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлуетті құқықтарға ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (әлуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және кез келген шарттық келісімдерді қосқанда жеке-жеке, сол сияқты бір-бірімен байланыста) зерделейді.
10. Ұйым инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық саясатының мәселелерінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін жоғалтумен бірге инвестициялар объектісіне тигізетін елеулі ықпалын жоғалтады. Елеулі ықпалды жоғалту абсолютті және салыстырмалы ие болу деңгейінде өзгерістер болған кезде де, сол сияқты осындай өзгерістер болмаған кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жоғалту, мысалы, қауымдасқан ұйым мемлекет тарапынан, сот, әкімшілік немесе реттеуші орган тарапынан бақылау объектісіне айналғанда орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық келісім салдарынан да болуы мүмкін.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі
11. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісіне сәйкес, инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады және олардың баланстық құны инвестордың алынған күннен кейінгі инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы танылған үлесіне ұлғайтылады немесе азайтылады. Инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалының инвесторға тиесілі үлесі инвестордың пайдасы мен залалында танылады. Инвестициялар объектісінен алынған табыс инвестициялардың баланстық құнын азайтады. Инвестордың инвестициялар объектісіне қатысуының теңбе-тең үлесінің инвестициялар объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің нәтижесінде туындайтын, оның пайдалары мен залалдары туралы есебіне кіргізілмеген өзгерістерін көрсету үшін баланстық құнды түзету қажеттігі туындауы мүмкін.
12. Әлуетті дауыс құқықтары болған жағдайда инвестордың инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы және инвестициялар объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің үлесі ағымдағы ие болу үлестерінің негізінде айқындалады және әлуетті дауыс құқықтарын ықтимал орындауды немесе айырбастауды көрсетпейді.
ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Қауымдасқан ұйымға салынған инвестиция:
(а) мұндай инвестиция 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген;
(b) 27 IAS Халықаралық стандартының 10-параграфында көзделген, қауымдасқан ұйымға салған инвестициясы бар бас ұйымға шоғырландырылған қаржы есептілігін тапсырмауға мүмкіндік беретін ерекше жағдай қолданылатын;
не
(с) төмендегі:
(і) басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйым және оның басқа иеленушілері, оның ішінде басқа жағдайларда дауыс құқығы болмайтын, инвестордың үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданбайтыны жөнінде хабардар етілген және қарсы болмайтындары да инвестор болып табылған;
(іі) инвестордың борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта айналыста болмаған (ішкі немесе шетелдік қор биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қоса алғанда, биржадан тыс нарықта);
(ііі) ашық нарықта кейіннен қандай да бір құралдар класын айналысқа шығару мақсатында инвестор өзінің қаржы есептілігін бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға ұсынбаған немесе ұсыну барысында болмаған;
және
(іv) инвестордың соңғы және кез келген аралық бас ұйымы ашық қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін шығарған жағдайлардың бәрі қолданылатын жағдайларды қоспағанда, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып есепке алынуға тиіс.
13 (а)-параграфында сипатталған инвестициялар 5 IFRS Халықаралық стандартында көзделген тәртіпке сәйкес есепке алынуға тиіс.
Бұрын сатуға арналған ретінде жіктелген қауымдасқан ұйымға инвестиция мұндай ретінде тану критерийлерін қанағаттандыруын тоқтатқан кезде, ол сатуға арналған ретінде жіктей бастаған күннен бастап үлестік қатысу әдісін пайдалану арқылы есепке алынады. Тиісінше осындай қатысу үлесі сату үшін арналған деп жіктелген кезден басталатын кезеңдер үшін қаржы есептілігі тиісті түрде түзетілуге тиіс.
16. [жойылған]
17. Алынған түсімдер негізінде табысты тану инвестордың қауымдасқан компаниянға салған инвестициясы бойынша алған табысының мөлшерлеріне сәйкес келмеуі мүмкін, себебі алынған табыстың қауымдасқан компания қызметінің нәтижелерімен байланысы шамалы болуы мүмкін. Инвестор қауымдасқан компанияға айтарлықтай ықпал ететіндіктен, ол оның қызметінің нәтижесіне, яғни, инвестицияның рентабельділігіне де мүдделі. Инвестор бұл мүдделілікті есепте өзі ұсынатын қаржы есептілігіне осы қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы өз үлесін кіргізу арқылы көрсетеді. Қорыта келгенде, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі есептілікте инвестордың таза активтері және таза пайдасы немесе залалы туралы егжей-тегжейлі ақпарат болуын қамтамасыз етеді.
18. Инвестор үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қауымдасқан ұйымға елеулі ықпал етуді жоғалтқан күннен бастап тоқтатуға міндетті және осы күннен бастап инвестицияны қауымдасқан ұйым 31 IAS Халықаралық стандартының анықтамасына сәйкес еншілес ұйым немесе бірлескен қызмет мәртебесін алмайды деген шартпен 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес есепке алуға тиіс.
19. Инвестицияның қауымдасқан қатынастар тоқтаған күнгі баланстық құны 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес қаржы активі ретінде бастапқы бағалау кезіндегі оның өзіндік құны болып қарастырылуы тиіс.
20. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану үшін лайықты көптеген рәсімдер 27 IAS Халықаралық стандартында сипатталған шоғырландыру рәсімдеріне ұқсас келеді. Оның үстіне, еншілес ұйымды алғанда есепке алу кезінде қолданылатын рәсімдердің тұжырымдамалық негізі қауымдасқан ұйымға инвестиция алғанда есепке алу кезінде де пайдаланылады.
21. Топтың қауымдасқан ұйымдағы үлесі бас ұйымның немесе оның еншілес ұйымдарының осы қауымдасқан ұйымға қатысу сомасына тең болады. Топтың құрамындағы басқа қауымдасқан ұйымдардың немесе бірлескен қызметтің иелену үлестері осы мақсаттарда ескерілмейді. Қауымдасқан ұйымның еншілес, қауымдасқан компаниялары немесе бірлескен қызметі болғанда үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданған кезде пайдалар немесе залалдар және таза активтер ретінде шоғырландырылған қаржы есептілігінде танылатын (қауымдасқан ұйымның қауымдасқан ұйымдары мен бірлескен қызметінің пайдалары мен залалдарының және таза активтерінің оған тиесілі үлесін қосқанда), бірыңғай есеп саясатын жүзеге асыру үшін қажет кез келген түзетулерден кейінгі шамалар қолданылады (26 және 27-параграфтар).
22. Инвестор (оның шоғырландырылған еншілес ұйымдарын қосқанда) мен қауымдасқан ұйым арасындағы «төменнен жоғары» және «жоғарыдан төмен» операцияларының нәтижесінде туындаған пайдалар мен залалдар инвестордың қаржы есептілігінде тек қана инвестордың осы қауымдасқан ұйымға қатысу үлесіне жатпайтын сомада ғана танылады. «Төменнен жоғары» операциясының бір мысалы активтерді қауымдасқан ұйымнан инвесторға сату болып табылады. «Жоғарыдан төмен» операциясының мысалы активтерді инвестордан қауымдасқан ұйымға сату болып табылады. Инвестордың қауымдасқан ұйымның осы операциялар нәтижесінде туындаған пайдалары мен залалдарындағы үлесі алынып тасталады.
23. Қауымдасқан ұйымға салынған инвестициялар ол қауымдасқан ұйым болған күннен бастап үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып есепке алынады. Инвестиция алынғаннан кейінгі осы инвестиция құны мен инвестордың қауымдасқан ұйымның сәйкестендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесінің арасындағы кез келген айырма 3-«Кәсіпорындар бірлестіктері» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес есепке алынады. Тиісінше:
(а) қауымдасқан ұйымға жатқызылатын іскерлік бедел инвестицияның баланстық құнына кіргізіледі. Алайда, бұл іскерлік бедел-абыройды амортизациялауға тиым салынады, сондықтан да ол инвестордың қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы үлесін айқындауға кіргізілмейді,
(b) инвестордың қауымдасқан ұйымның сәйкестендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесінің инвестиция құнынан кез келген асып кетуі инвестицияның баланстық құнынан алынып тасталады және табыс ретінде инвестордың қауымдасқан ұйымның осы инвестиция алынған кезеңдегі пайдасы мен залалындағы үлесінің есебіне кіргізіледі.
Сонымен қатар, есепке алу мақсатында инвестордың қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы үлесіне тиісті түзетулер жасалады, мысалы, сатып алынған күнгі әділ құнына сүйене отырып, амортизацияланатын активтерді амотизациялау. Дәл осылайша, инвестордың қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы үлесін осы ұйым таныған, оның ішінде іскерлік бедел-абыройға немесе негізгі құралдарға қатысты құнсызданудан болған залалдарға тиісті түзетулер жасалады.
24. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланылған кезде инвестор қауымдасқан ұйымның ең соңғы қаржы есептілігін пайдаланады. Инвестор мен қауымдасқан ұйымның есептік күндерінде айырмашылық болғанда, мұны жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін болмаған жағдайлардан басқа кезде, соңғысы инвестор үшін арнайы түрде инвестордың есептік күнгі есептілігін құрайды.
25. 24-параграфқа сәйкес, қауымдасқан ұйымның үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылған кезде пайдаланылған қаржы есептілігі инвестордың есептік күнінен басқа есептік күні жасалған болса, осы күн мен инвестордың қаржы есептілігі жасалған күннің арасындағы кезеңде болған елеулі операциялар мен оқиғалардың ықпалын есепке алу үшін түзетулер жасау қажет. Кез келген жағдайда қауымдасқан ұйым мен инвестордың есепті күндері арасында үш айдан аспауға тиіс. Есепті кезеңдердің ұзақтығы мен есепті күндер арасындағы кез келген айырма кезеңнен кезеңге бірдей болуға тиіс.
26. Инвестордың қаржы есептілігі осыған ұқсас жағдайларда болған операциялар мен оқиғалар үшін бірыңғай есеп саясатын қолдану негізінде жасалуға тиіс.
27. Егер қауымдасқан ұйым осыған ұқсас жағдайларда болған осы сияқты операциялар мен оқиғаларға қатысты инвестордың есеп саясатынан өзгеше есеп саясатын қолданса, онда қауымдасқан ұйымның есеп саясатының инвестор қауымдасқан ұйымның қаржы есептілігін үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану үшін пайдаланған жағдайда инвестордың есеп саясатына сәйкес келуін қамтамасыз ететіндей түзетулер жасау қажет.
28. Егер қауымдасқан ұйымның инвестордан өзге тараптар иелік ететін кумулятивті артықшылығы бар және капитал ретінде жіктелген акциялары айналыста болса, инвестор дивидендтер жарияланғанына немесе жарияланбағанына қарамастан, осы акцияларға дивидендтер бойынша түзетулер жүргізілгеннен кейін пайдалар мен залалдардағы өз үлесін есептейді.
29. Егер инвестордың қауымдасқан ұйымның залалдарындағы үлесі оның оған қатысу үлесін құраса немесе одан асып кетсе, инвестор одан арғы залалдардағы өз үлесін тануды тоқтатуға тиіс. Қауымдасқан ұйымдағы қатысу үлесі негізінен, инвестордың қауымдасқан ұйымға салған инвестициясының бір бөлігін құрайтын кез келген ұзақ мерзімді қатысу үлестерімен қатар, осы қауымдасқан ұйым инвестициясының үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісінің көмегімен есептелген баланстық құнына тең болады. Мысалы, өтелуі жоспарланбаған немесе таяу болашақта өтеу мүмкіндігі жоқ бап негізінен алғанда ұйымның осы қауымдасқан ұйымға салған инвестициясын ұлғайтады. Осындай баптарға артықшылығы бар акциялар және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек немесе кредиттер, бірақ сауда-саттық дебиторлық немесе кредиторлық берешек емес, немесе тиісті кепіл қамтамасыз етуі бар дебиторлық берешек, мысалы, қамтамасыз етілген кредиттер жатқызылуы мүмкін. Жай акцияларға салынған инвестициялардың үстіне үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып танылған залалдар кері бағыныштылық (яғни тарату кезіндегі басымдық) тәртіппен инвестордың қауымдасқан ұйымға қатысу үлесінің басқа баптарына жатқызылады.
30. Инвестордың үлесі нөлге дейін төмендетілгеннен кейін қосымша залалдар қамтамасыз етіледі және міндеттемелер тек инвестор өзіне заңдық немесе жүктелген міндеттер қабылдаған немесе қауымдасқан ұйымның атынан төлемдерді жүзеге асырған дәрежеде ғана танылады. Егер қауымдасқан ұйым кейіннен пайдалар жарияласа, онда инвестор оның осы пайдадағы үлесі танылмаған залалдардың үлесімен теңестірілгеннен кейін ғана осы пайдадағы өзінің үлесін тануды жаңартады.
Құнсызданудан болған залалдар
31. 29-параграфқа сәйкес қауымдасқан ұйымның танылған залалдарын қосқанда, инвестор үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдаланғаннан кейін, инвестордың осы қауымдасқан ұйымға салған таза инвестициясы бойынша құнсызданудан болған кез келген қосымша залалды тану қажеттігін анықтау үшін 39 IAS Халықаралық стандартының талаптарын қолданады.
32. Инвестор сонымен қатар инвестордың қауымдасқан ұйымдағы үлесі бойынша құнсызданудан болған қандай да бір қосымша залал танылған-танылмағандығын анықтау үшін 39 IAS Халықаралық стандартының талаптарын қолданады.
33. Қауымдасқан ұйымға салынған инвестицияның баланстық құнына кіргізілген іскерлік бедел-абырой жеке танылмайтындықтан, ол 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартындағы іскерлік беделді құнсыздануы бойынша сынақтан өткізу туралы талаптарды қолдану арқылы құнсыздану бойынша бөлек сынақтан өткізуге жатқызылмайды. Мұның орнына, 39 IAS Халықаралық стандартының талаптарын қолдану құнсыздану белгілерін байқатқан барлық жағдайларда, инвестицияның баланстық құны 36 IAS Халықаралық стандартына сәйкес оның өтелетін сомасын (сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, пайдалану құнының және әділ құнының ең үлкен мәнін) оның баланстық құнымен салыстыру арқылы құнсыздануы бойынша тұтас сынақтан өткізіледі. Инвестицияны пайдаланудан болған құнды айқындау кезінде ұйым мыналарды:
(а) оның операцияларынан түсетін ақша ағындарын және инвестицияны түпкілікті іске асырудан түсетін түсімдерді қоса алғанда, қауымдасқан ұйым шамамен жүргізетін ақша қаражатының болжанған болашақ ағындарының дисконтталған құнынан өз үлесін;
немесе
(b) пайда болуы инвестициядан алынатын дивидендтерден және оның түпкілікті іске асырылуынан күтілетін болжанған ақша қаражатының болашақ ағындарының дисконтталған құнын бағалайды.
Дұрыс жол берілгенде, екі әдіс те бірдей нәтиже береді.
34. Жеке қауымдасқан ұйым пайдалануды жалғастырудан түсетін ақша қаражатының келетін ағындарын жасамайтын, ұйымның басқа активтері жасайтын ақша қаражатының ағындарынан айтарлықтай дәрежеде тәуелсіз бола алатын жағдайларды қоспағанда, қауымдасқан ұйымға салынған инвестицияның өтелетін сомасы әрбір қауымдасқан ұйым бойынша жеке-жеке бағаланады:
Жеке қаржы есептілігі
35. Қауымдасқан ұйымға салынған инвестиция инвестордың жеке қаржы есептілігінде 27 IAS Халықаралық стандартының 37-42-параграфтарына сәйкес есепке алынуға тиіс.
36. Осы Стандарт ашық қол жету үшін қандай ұйымдар жеке қаржы есептілігін жасау керек екенін белгілемейді.
АҚПАРАТТЫ АШУ
37. Мынадай ақпарат:
(а) солар үшін ашық баға белгілеулері бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардың әділ құны;
активтердің, міндеттемелердің, табыстардың және пайдалар мен залалдардың жалпы сомаларын қоса алғанда, қауымдасқан ұйымдардың қорытынды қаржы ақпараты;
егер инвестор өзінің еншілес ұйымдары арқылы тікелей немесе жанама түрде инвестициялар объектісінің қолданыстағы немесе әлуетті дауыс құқығының 20 немесе одан көп пайызына иелік етсе, бірақ өзінің елеулі ықпалы жоқ деп есептесе, инвестордың елеулі ықпалы болмауының болжамы бұзылатын себептер;
егер инвестор өзінің еншілес ұйымдары арқылы тікелей немесе жанама түрде инвестициялар объектісінің қолданыстағы немесе әлуетті дауыс құқығының 20 немесе одан көп пайызына иелік етсе, бірақ өзінің елеулі ықпалы жоқ деп есептесе, инвестордың елеулі ықпалы болуының болжамы бұзылатын себептер;
үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылған кезде қауымдасқан ұйымның қаржы есептілігі пайдаланылса және инвестордың есептік күнінен және есептік кезеңінен басқа күні немесе кезеңде жасалса, қауымдасқан ұйым қаржы есептілігін жасаған күн және басқа есептік күнді және есептік кезеңді пайдаланудың себебі;
қауымдасқан ұйымдардың инвесторға ақшалай дивидендтер, кредит немесе аванстарды қайтару түрінде қаражат аудару жөніндегі мүмкіндігіне қойылған кез келген шектеулердің (мысалы, кредит-заем уағдаластықтарының немесе әкімшілік талаптардың) сипаты мен дәрежесі;
егер инвестор қауымдасқан ұйымның залалдарындағы өз үлесін тануды тоқтатса, қауымдасқан ұйымдардың кезең ішіндегі залалдарының, сол сияқты жинақталған, танылмаған үлесі;
қауымдасқан ұйымның есепте 13-параграфқа сәйкес үлестік қатысу әдісі бойынша көрсетілмеу фактісі;
және
жиынтық активтерді, жиынтық міндеттемелерді, табысты және пайда мен залалды қоса алғанда, қауымдасқан ұйымдардың есепке алу үшін үлестік қатысу әдісі қолданылмайтын не жеке-жеке, не топтар бойынша қорытынды қаржы ақпараты.
38. Қауымдасқан ұйымға салынған, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылатын инвестициялар ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктелуге тиіс. Инвестордың осындай қауымдасқан ұйымдардың кез келген тоқтатылған қызметіндегі үлесі бөлек ашып көрсетілуге тиіс. Инвестордың осындай қауымдасқан ұйымдардың тоқтатылатын қызметіндегі үлесі де жеке ашып көрсетілуге тиіс.
39. Инвестордың қауымдасқан ұйымның тікелей меншік капиталында танылған өзгерістердегі үлесі 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес инвестордың тікелей меншік капиталында танылуға және меншік капиталдағы өзгерістерде ашылуға тиіс.
40. 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес инвестор:
(а) қауымдасқан ұйымның басқа инвесторлармен бірігіп қабылдаған шартты міндеттемелеріндегі өз үлесін;
және
(b) қауымдасқан ұйымның барлық немесе кейбір міндеттемелері бойынша инвестордың жеке жауапкершілікте болуы нәтижесінде туындайтын сол шартты міндеттемелер туралы ақпаратты ашуға міндетті.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ
41. Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға тиіс. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданатын болса, ол мұны ашып көрсетуге міндетті.
БАСҚА ҚҰЖАТТАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ
42. Осы Стандарт 28-«Қауымдасқан компанияларға салынған инвестицияларды есепке алу» IAS Халықаралық стандартын (2000 ж. редакциясындағы) алмастырады.
43. Осы Стандарт мынадай түсіндірмелерді алмастырады:
(а) 3 SIC-«Қауымдасқан ұйымдармен жүргізілген операциялар бойынша іске асырылмаған пайдалар мен залалдарды алып тастау»;
(b) 20 SIC-«Капиталды есепке алу әдісі залалдарды тану»;
және
(с) 33 SIC-«Шоғырландыру және үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі әлуетті дауыс құқығы және иелену үлестерін бөлу».
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.