Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
ҚҚҚ
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
Өндіріс- адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Қажеттілік- адамның бір нәрсеге мұқтаждығы. Өндіріс нәтижесінде игіліктер алынады.
Игілік-қажеттілікті қанағаттандаратын құрал. Игіліктер тікелей- тұтыну құралдары және жанама - өндіріс құралдары болып бөлінеді. Сонымен қоса игіліктер материалды қызмет және материалды емес қызмет деп бөлінеді. Материалды қызметке- заттың кеңістікте жылжуын қамтамасыз ететін қызметтер, мысалы: тасымалдау, ал материалды емес қызметер адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандарады, мысалы: адвокат қызметі, білім беру және т.с.с.
Демек, өндіріс процесі материалды тауарлармен қызметтер және материалды емес тауарлармен қызметтер өндірісінен тұрады. Сәйкесінше, материалды және материалды емес өндіріс түрлерін айырады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінде қоғамдық өнім алынады, ол өз қозғалысында келесі кезеңдерден өтеді: өндіріс - бөлу - айырбас - тұтыну.
Өндіріс- материалды игіліктер мен қызметтер пайда болатын бастапқы кезең. Бөлу- қоғамдық өнімнің нарықтық шаруашылықта бөлінуі. Айырбас- қоғам байлығының ұлғаюына ықпал етеді. Тұтыну- өндіріс нәтижесін- игіліктерді қажеттілікті қанағаттандару үшін пайдалану. Тұтыну: жеке және өндірістік болып табылады. Жеке- адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен игіліктерді тұтынуы, мысалы: киім, азық- түлік және т.с.с. Өндірістік- жаңа игіліктерді өндіру мақсатымен өндіріс құралдарын тұтыну, мысла: шикізат, материал және т.с.с.
Қазақстан Республикасындағы ақша - несие саясатының негізгі құралдары. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясятыбұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:1)Рестрикциялық ақша-несие саясаты;2)Экспанцондық ақша-несие саясаты. Рестрикциялық ақша-несие саясаты екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. Экспанциондық ақша-несие саясаты несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Қаржылық жүйе және оның құрылымы. Қаржылық жүйесі келесі субъектілердің қаржыларынан құралады: 1)мемлекет және оның институттары;2)фирмалар;3)кәсіпорындар, компаниялар, қоғамдар және т.б.;2)тұрғындар-үй шаруашылықтар .Мемлекет бюджеті қаржы жүйесінің басым бөлігін құрайды. Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп. Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға кететін шығындар құрайды.