Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1.Экологиялық кадастр құрастыру принциптері, экологиялық кадастрды құрайтын табиғи ресурстар сызба-нұсқасын келтіріңіз.
Экологиялық кадастр белгілі бір аумақтағы табиғат ортасының ерекшеліктерінің жиынтығын кешенді бағалау және сипаттау. Қазақстан Республикасы экологиялық кадастрының негізгі принциптері:
1)Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарының жай күйін бағалау;
2)орман су қорын бағалау;
3)Қазақстан республикасының өсімдіктері менжануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану;
4)қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;
Экологиялық кадастр
Жануарлар кадастры(аңшылық кәсіп) |
Жер кадастр жануарлар кадастры
Су кадастры |
Балық қоры кадастры |
Орман кадастры |
Минералдық ресурстар кадастры |
Өсімдіктер кадастры,дәрілік өсімдіктер |
2.Жер кадастрын құрастыру принциптерін баяндаңыз.
Жер кадастры мемлекетаумағындағыжерресурстарыныңтабиғи жәнешаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделітұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі белгілейді
Жер кадастрының негізгі принциптері:
Жүйесінің бірыңғайлылығы;
Мәліметтердің сенімділігі;
Мағлұматтардың толықтығы;
Үзіксіздігі;
Құжаттылығы;
Мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы қолжетерлігі;
Үнемділігі;
Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы. Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік негізде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында екіншісі жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолары (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, үлестірілуін және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылықтық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті дәлділікті мағлұматтармен қамтамасыз ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін қолдану керек. Жерлер жәй-күйіне, пайдалануына байланысты алқапта бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлік жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген кәзіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана орындалады.
Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлер туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлік мағлұматтардың тәптіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, республика) тәуелді. Жер қорының мөлшерлері, жай күйі, пайдалануы туралы дәл және толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынылуы керек.
Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлік құжаттарда есепке алынып жазылады. Өзгерістердің түріне байланысты бір мағлұматтар (есепке алу, тіркеу) жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары (бағалық) оқтын-оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңартылып отырады. Сөйтіп, кадастр мәліметтері кәзіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор.
Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтығы, қол жетерлігі. Материалдарды кадастрлік құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлік ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағлұматтары және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.
Жер кадастрының үнемділігі. Кәзіргі өлшеу, зерттеу әдістерін, сондай-ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағлұматтарды алу және оларды кәзіргі деңгейде ең аз шығынмен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының үлестіруі, жай-күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.
3.Жер пайдалану құқықтық негіздерін келтіріңіз.
Жер пайдалану құқығы жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:
1)мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;
2)осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
3)тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;
4)бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;
5)жеке және заңды тұлғалар.
Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі.Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.
4.Жер кадастрының жер участкелерін тіркеу, орналастыру, пайдалану, құжаттарын дайндау іс-шараларын көрсетіңіз.
151-бап. Жерге орналастыру процесi
1.Жерге орналастыру процесi мынадай кезеңдердi қамтиды:
-жерге орналастыру iсiн жүргiзудi бастау;
-дайындық жұмыстары;
-жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзiрлеу;
-жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келiсу және бекiту;
-жерге орналастыру жобасын орындау.
2.Жерге орналастыруды жүргiзу бойынша тапсырыс берушi, жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзу кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып табылады.
3.Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың:
1)жерге орналастыруды жүргiзу жөнiндегi тапсырыс берушiнiң: жеке өзi немесе өкiлi арқылы жерге орналастыру процесiнiң барлық сатысында қатысуға;
-жерге орналастыру iсiнiң материалдарымен танысуға;
-өз ұсыныстарын қарауға енгiзуге;
-жерге орналастыру процесiнде туындаған келiспеушiлiктердi шешуге қатысуға құқығы бар;
2)әзiрлеушiнiң (жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның):
-мемлекеттiк органдардан жерге орналастыру жөнiнде қажеттi ақпарат алуға;
-тапсырыс берушiлермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;
-жерге орналастыру жобаларын жүзеге асыру барысына қандай да бiререкше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергiлiктi атқарушы органдарды оның нәтижелерi туралы хабардар етуге және жердi пайдалану мен қорғау iс-тәжiрибесiн жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
-жерге орналастырудың ескiрген схемалары мен жобаларын жетiлдiру немесе қайта өңдеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
3)жерге орналастыру кезiнде құқықтары мен заңды мүдделерi көзделуi мүмкін үшінші тұлғалардың:
-жерге орналастыру мәселелерi талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелерi туралы өз мүдделерiн көздейтiн ақпарат алуға;
-жерге орналастыру процесiнде өздерiнiң мүдделерiн қозғайтын заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға құқығы бар.
4.Жерге орналастыру процесiне қатысушылардың мiндеттерi:
1)жерге орналастыру процесiнiң барлық қатысушылары:
Қазақстан Республикасының жер заңдарын сақтауға;
жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөнiндегi құзыреттi мемлекеттiк органдар талаптарын орындауға;
жерге орналастыру процесiнде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті;
2)жобалау құжаттамасы келiсiлетiн және оны бекiтетiн атқарушы органдар оны бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi;
3)жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi:
жерге орналастыруды жүргiзу мақсатын, мiндеттерiн, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзiмдерiн анықтауға;
қажеттi материалдар мен құжаттарды беруге;
жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;
орындалған жұмыстарды бiр ай iшiнде қабылдауға немесе дәлелдi түрде бас тартуға мiндеттi;
4)жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеушi:
барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдiстемелiк нұсқауларға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға;
зерттеу, iздестiру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдiре отырып жүргiзiлген жер учаскелерiнiң жай-күйiн бастапқы қалпына келтiруге;
жерге орналастыру құжаттамасында көзделген iс-шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауiпсiздiгi үшiн жауап беруге мiндеттi.
1.Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары, сондай-ақ өзге де уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2.Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар мыналар:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары ;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ;
жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган болып табылады.
5.Жер кадастрының жер участкелерін бағалау іс-шараларын көрсетіңіз.
Жер бағасы капиталға айналған жер рентасы. Егер жердің адамзаттың мекені тұрғысынан қарасақ, жерге ешқандай баға жоқ. Жерсіз адам да, жан-жануар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Жерді жаратуға ешқандай да адам еңбегі шығындалмаған. Өздігінен адам еңбегінің нәтижесі бола алмайтындықтан жердің құны болмайды. Жеке меншік жағдайында жер тауар ретінде алып-сатылады, тауар айналысына енеді, яғни жер бағаланады. Жер бағасы, бір жағынан, рента мөлшерімен, екінші жағынан, қарыз процентімен белгіленеді. Жер бағасы рентаның көмегімен анықталады, ал жер рентасы жер иесінің оны пайдаланушыдан алатын табысының бір бөлігі, яғни арендалық төлемнің бөлігі. Егер жер учаскесі жыл сайын 10000 теңге рента келтіретін болса, ал банк салымнан 10% алатын болса онда жердің бағасы (10000100):10=100000 теңге болады, бұл жерге төлем шамасын жуықтап анықтау үшін пайдаланылатын әдіс . Өндіріс факторы ретінде жер тауарлық сипат алады, ол сатылады және сатып алынады, оның нарықтағы бағасы оған сұранысқа тәуелді болады. Өндірістік құрал-жабдықтар нарығына түсуден бұрын жер экономикалық жағынан бағаланады жер кадастры арқылы (старттық баға).
Жер кадастры деп жер туралы мәліметтердің жиынтығын атайды. Салыстырмалы цифрлар арқылы жер топырағының ауыл шаруашылық өндірісіне жарамдылық дәрежесі белгіленеді, жер сапасы жағынан бағаланады. Ірілеп бағалау жердің жарамдылық (пайдалылық) класын белгілеумен аяқталады, ал жан-жақты бағалау бонитеттік балдар (әдетте 100 балдық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бонитеттік балды белгілеу үшін критерий ретінде негізгі ауыл шаруашылық өнімдерінің көпжылдық түсімділігі (өнімділігі) қол- данылады. Жер еңбек процесіне жатпайды. Ол ауыл шаруашылығында еңбек заты, бірақ өнімі емес.
Сондықтан жерді бағалау үшін керек жағдайлар мынау:
жердің тұтыну қасиеттеріне баға беру;
жердің пайдалы қасиеттеріне баға беру.
Бұдан басқа, жер учаскелеріне, жылжымайтын объект деп, оңашаланған су объектері, ормандар және басқа объектер жатқызылады.
Жылжымайтын объект ретіндегі жер учаскесінің физикалық параметрлерінен және сипаттамаларынан басқа құқықтық тәртібі болады. бұл оның сәйкестігіне (ұқсастығына) және бағаланған құнына өте мәнді әсер етеді. Жер учаскесін сипаттайтын құқықтық тәртіптің белгілері: жер учаскесі орналасқан шеңбердегі жердің категориясы, жер учаскесін пайдалану мақсаты, меншіктің формасы, сервитуттар. оған заттық құқықты шектеу.
Жерді бағалаудың бірнеше әдістері бар. Салыстырмалы құнарлылықты дифференциялдық жер табысы қамтамасыз етеді. Бұлардың көлемі табиғат жасаған құнарлылықтың дәрежесімен ғана емес, жерді жетілдіру үшін жасалған қосымша капитал салымдары мен еңбектен тәуелді болады. Бірақ жер сатылғанда, оның иесі жердің қыртысын салып қоймайды, ол одан жылдар бойы табыс (рента) алу құқын сатады. Сондықтан, оның есебі бойынша, жер үшін алынатын сома, егер ол банкіде сақталғанда, оған процент формасында рентаға тең табыс әкелуге тиісті.
Мұндағы Жб - жердің бағасы, Рм - рента мөлшері және Қпм - Қарыз процентінің мөлшері.
Ауыл шаруашылық жерлердің құны, әдетте, белгілі бірнеше шамаға көбейтілген ағымдағы ақшаға шағылған арендалық төлем түрінде көрсетіледі немесе басқа сөзбен, осы рентаны "бірнеше жылға сатып алу" түрінде. Бірақ бұл көрініспен алғашқы танысу болып табылады. Жерді бағалау жүйесі бірнеше элементтерден тұрады. Осыған жататындар:
жер учаскелерінің құқықтық тәртібі және сапалық сипаттамалары туралы кадастрлық тіркеу кітабының информациясы;
басқа көздерден түсетін жер учаскелерімен мәміле туралы информация, жер және басқа жылжымайтын мүліктер нарықтары туралы информация;
бағалау аймақтары мен жер учаскелері бойынша жердің кадастрлық бағалануы;
кадастрлық карталар және жер құнының регистрлері.
Жерді бағалау жүйесі, осымен қатар, жерді бағалау және қайта бағалау бағытында қызмет ұйымдастыруды талап етеді. Қазақстан экономикасының реформалану жағдайында жер салыстырмалы бағаланады, өйткені көлеңкелі нарықтың болуы, жер учаскелерімен мәмілелер туралы, жерді пайдаланатын кәсіпорындарының шаруашылық қызметтерінің нәтижесі туралы ақиқат мәліметтердін, жоқ болуы, жерді жақсарту шығындары мен тиімділігінің парапар еместігі, халықаралық практика қабылдаған жерге баға беру принциптері мен әдістерін механикалық түрде қолдануға мүмкіндік бермейді. Неоклассикалық теория жердің құнын басқа өндіріс факторларынікіндей, түпкі өнімнің құнынан туынды етіп түсінеді. Мысалы, егер астықтың бағасы төмендесе, онда осыны өсіретін жерге де сұраныс төмендейді, ал сұраныс төмендегенде, арендалық төлем ставкасы да төмен болады.
6.Қазақстанның жер санаттарының сандық және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз.
Қазақстан Республикасының жер қоры
1.Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
1)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2)елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3)өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4)ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5)орман қорының жерi;
6)су қорының жерi;
7)босалқы жер.
2.Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.
3.Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:
1)орманды дала;
2)дала;
3)қуаң дала;
4)шөлейттi;
5)шөлдi;
6)тау етегi-шөлдi-далалық;
7)субтропикалық шөлдi;
8)субтропикалық-тау етегi-шөлдi;
9)орта азиялық таулы;
10)оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.
Қазақстан Республикасы жер қорының санаттар бойынша құрылысы және бөлінуі /01.01.2007ж./
Жер санаттары |
Ауданы, көлемі, мың га |
Жиынына % есебінде |
А/ш мақсатындағы жерлері |
86824,1 |
33,2 |
Елді мекендер жерлері |
21938,7 |
8,4 |
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа мақсаттағы жерлер |
2519,4 |
0,9 |
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлері |
4540,8 |
1,7 |
Орман қоры жерлері |
23245,5 |
8,9 |
Су қоры жерлері |
4020,9 |
1,5 |
Босалқы жерлер |
118068,0 |
45,2 |
Жер жиыны |
261157,4 |
100 |
Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру
Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
7.Жер ресурстарының сандық көрсеткіштерінің мәліметтерін көрсетіңіз.
1)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
2)елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің ) жері
3)өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашыылығы мақсатына арналған жер
4)ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
5)орман қорының жері
6)су қорының жері
7)босалқы жер
Көрсеткіштер атауы |
бірлік |
2010 ж. |
2010 ж.қоры-тынды-сы |
тексеруге жататын ауыл шаруашылық алқаптарын іздестірумен қамту, оның ішінде: |
% |
28 |
28 |
топырақтық |
% |
15,8 |
15,8 |
геоботаникалық |
% |
9,0 |
9,0 |
бағалау |
% |
3,2 |
3,2 |
шаруа қожалықтарының жер учаскелерін паспорттармен қамту |
% |
82,8 |
82,8 |
ауыл шаруашылық мақсатындағы алқаптарын 100% экономикалық бағалаумен қамту |
% |
53 |
53 |
8.Қазақстанның табиғи климаттық аймақтарына сипаттама беріңіз.
Қазақстан Республика аумағында 4 табиғи зона таралған. Соған байланысты әр табиғи зонаның ерекшеліктері бар. Олар :
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып түрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. Қаңтардың орташа температурасы -16°-18°С, шілде айында солтүстігінде 18°С-тан, оңтүстігінде 23°С-қа дейін жетеді. Жылына 220-310 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая түседі. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді.
Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.
Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.
Қазақстанның шөлейт зонасы дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық аумағының 14%-ын алып жатыр.
Шөлейт зонасы. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашын мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, қыста және жазда жауын-шашын аз жауады. Жаз барлық жерлерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық күндері 40°С дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері Ойыфл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Зонада 3000-нан астам көл бар.
Шөлейттің негізгі топырағы ашық қара қоңыр топырақ. Топырақтың беткі қабатында шірінді 2-3% ғана.
Өсімдіктер жамылғысы: бетеге, жусан, түймедақ, боздан, изен, ебелек, теріскен, көкпек, долана, мойыл, итмұрын, қарақат өседі.
Шөлейт жануарлары: саршұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары, қара шұбар жылан, қалқан тұмсық жылан. Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі.
9.Қазақстанның агроклиматтық ресурстарын сипаттаңыз. Қазақстанның ірі 19 қалаларындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайы «Казгидролит» РГП ның 2000 ж бақылауларының негізінде сипатталады. Бұл кезеңдегі Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттар өте жоғары дәрежеде деп бағаланады. Формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы 3 ПДК ден, фенолдікі 2 ПДК ден, шаңтозаң мен азот диоксидінікі 1ПДК ден жоғары.
Қазақстан қалаларының ауа бассейнін ластаушы көздер: формальдегид, фенол, азот диоксиді, көміртегі оксиді хлорлы сутек, күкіртті сутек және шаңтозаң. Бұл заттардың орташа, кейде жоғарғы концентрациялары ПДК ден 15 есе артық болып отырады. адамдардың денсаулығы үшін экологиялық қауіптілік дәрежесін осы заттар туралы қысқаша мәліметтер сипаттайды.
Қазақстан территориялары бойынша Өскемен қаласында ауа бассейндерінің ластану дәрежесі жоғары болып табылады. Бұдан басқа өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарының нәтижесінде Лениногорск, Шымкент, Ақтөбе қалаларынд және автокөліктердің атмосфераны ластау нәтижесінде Алматы қаласында ауа бассеині ластанған.ауаның неғұрлым тозаңдануы Жезқазған қаласында, Шымкент және Ақтау қалаларында байқалады.Қазақстанның көптеген қалаларында формальдегидридтің, азот диоксидінің фенолдың ПДКдан орташа асқаны байқалады.
Тұтасымен алғанда, берілген мәліметтер Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталықтары бойынша АЛИ көрсеткішінің өсіп келе жатқандығын сипаттайды.Көптеген қалалар мен өнеркәсіп орталықтары ауа бассейнінің ластануының басты себебі автокөлік құралдарының қызметімен байланысты.
Атмосфера ластануының алдын алу көптеген шаралардың өткізілуімен байланысты. Олардың ішінде барлық өндірістік кәсіпорындарын тазалау құрылғыларымен жабдықтауды, атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын тастауды жоятын немесе төмендететін жаңа экологиялық құрылғыларды жетілдіру және оларды өндірістік кәсіпорындарға енгізуді атап өтсе болады.
Атмосфералық ауаны қорғаудың міндеті Қазақстандағы климат глобальды өзгеру процестерімен тығыз байланысты үлкен мәселелерді шешу болып табылады. Оларға мыналар жатады:
парник эффектісі мәселесі
қышқылдық жауыншашын мәселесі
озоносфераның бұзылу мәселесі
космостық апаттарды ұшырумен байланысты атмосфераның бұзылу мәселесі және т.б.
Ғарыштық аппараттарды нәтижесінде атмосфераның ластануы.Ракета двигателдерін сынақтан өткізу және «Протон» сияқты ғарыштық аппараттарды ұшыру жер атмосферасының жоғарғы қабатының бұзылуына әкеп соғады.Ол жер режимінің ,ауа ылғалдылығының өзгеруі сияқты ауа райы режимінің жекелеген параметрлерінің ракетаның ұшу траекториясына жақын жерде уақытша (2-3күн) бұзылуынан көрінеді. Алайда, Қазақстан территориясындағы «Байқоңыр» космодромынан ластануында қандай да болмасын мәнді бұзылулар байқалмайды.
Қазақстанда жергілікті деңгейдегі климат өзгеруінің жағымсыз экологиялық салдарлары өндірістік технологияны жетілдіру және өндіріс пен көлік құралдары қалдықтарының көлемін қысқарту негізінде шешілуі тиіс.
10.Топырақ бонитировкасының мақсаты мен міндеттерін,топырақ бонитировкасын жасау әдістерін көрсетіңіз.
Топырақ бонитировкасы (нем. bonitieren топырақ құнарлылығын бағалау, лат. bonitas құнарлылық) - топырақтарды олардың маңызды агрономиялық қасиеттеріне қарай салыстырмалы бағалау. Топырақ құнарлылығын анықтайтын жақсы көрсеткіштермен қатар, ауылшаруашылығына қажетті басқа да жағдайлар қарастырылады: рельеф, ылғалдылық, микроклимат және т.б. Топырақ бонитировкасын балл көрсеткіштері бойынша бағалайды. Әдетте топырақ бонитировкасында топырақ зерттеулері үшін негізгі материалдар болып, топырақтың механикалық құрамы, ондағы гумус және өсімдік азық элементтерінің болуы, қышқылдығы (pH), маңызды физикалық қасиеттері және т.б.
Мақсаты «топырақ процесстері - топырақ» призма арқылы көрінетін топырақ құраушы факторлардың үйлесімділігін талдау негізінде оқыту; а) тұзданған топырақтардың қалыптасу ерекшеліктерін, жіктелуін, географиялық таралу заңдылықтарын және олардың құнарлығын көтеру
шараларын б) топырақтардың балл бонитетін анықтай білу. Міндеттері:
а)топырақтардың тұздануына жағдай жасайтын элементарлы топырақ процесстерінің сипатын (бағыты мен қарқындылығын) және нақты топырақ құраушы факторлардың үйлесімділігінің мәліметтері негізінде олардың морфологияда айқындалуын, тұзданған топырақтардың кескіндерінің
құрамы мен қасиеттерін; б) топырақтың балл бонитетін әдістерін анықтау;
Топырақ бонитеттеу шкаласының әдісі:
Бонитеттеу шкаласын құрауға керек материалдар үш әдіспен жөнделеді:
11.Жерді агроөнеркәсіптік топтастыруды келтіріңіз.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар.
АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.
бұл ауыл шаруашылығы.
тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.
Топырақты агроөнеркәсіптік топтастыру бұл топырақ түрлерінің ішіндегі агроөндірістік көрсеткіштері бірдей немесе ұқсас және де бір типті құнарландыру жұмыстарын қажет ететін қасиеттері бойынша топырақтарды ажырату. Бұған мысал ретінде бидай, картоп, күріш, қант қызылшасы және күнбағыс алқаптарын атап көрсетуге болады.
Бонитировка және топырақтың агроөндірістік тобы жердің экономикалық бағасының негізі болып табылады.
12.Қазақстанның жер ресурстарын табиғи-климаттық аймактары бойынша орналасуын көрсетіңіз.
ҚР аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді:
1)орманды дала
2)дала
3)қуаң дала
4)шөлейтті
5)шөлді
6)тау етегі шөлді далалық
7)субтропикалық шөлді
8)субтропикалық тау етегі шөлді
9)орта азиялық таулы
10)оңтүстік сібір таулы аймақтары
Орманды дала зонасы Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм,
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті,Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып түрады.
Шөлейтті зонасы Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - Ойыл, Жем, Topғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3000-нан астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады.
Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га,республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.
Тау Мұғалжар тауы мен Үстірттің аралығында ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 75-90 км, ені 15 км, абсолюттік биіктігі 215 м, салыстырмалы биіктігі 120-150 м аралығында. Солтүстік беткейі тік жар, көлбеу келген, оңтүстігі аласара түседі де жазыққа ұласады. Тау етегі құрғақ жыра, сайлармен тілімделген. Топырағы сұрғылт қоңыр түсті. Климаттық жағдайы шұғыл континенталды, жазы ыстық, қысы суық. Ең жоғары температура +40ºС +45ºС, ең төменгі температура -42ºС -49ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-175 мм /2/.
13.Жер ресурстарын экономикалық бағалау принциптерін келтіріңіз.
Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:
Елдің жер ресурстарын пайдалану жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен түйіседі, оның міндеттері Қазақстан Республикасының жер заңнамасын мемлекеттік органдардың, жеке, заңды және лауазымды тұлғалардың сақтауын, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтауды және жоюды қамтамасыз ету, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын, жер кадастры және жерді орналастыруды жүргізудің дұрыстығын және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау бойынша іс-шараларды орындау, Республикадағы жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру.
14.Қазақстан топырақтарының бонитет баллдарын есептеп шығаруын көрсетіңіз.
Бонитеттеу нәтижесі топырақтарды егіншілікке игергенде құнарлылығында мүмкін болатын өзгерістерді сандық бағалауға және топырақ құнарлығын сақтау мен көтеру арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнімдер алуға арналған шараларды құрастыруға негіз болмақ.
Топырақ зерттеу кезінде оның басқа топырақтармен салыстырылғандағы өнім беру мүмкіндігінің қаншалықты айырмашылығы бар екендігі анықталады. Топырақ бонитетінің мақсаты- топырақтың құнарлылығын оның даму тарихымен байланыстырып, сол даму барысындағы табиғи және әлеуметтік өзгерістердің топырақтың құнарлылығына деген әсерін анықтау.
Топырақ бонитеттеу үшін оның барлық қасиеттерін толығымен зерттеп, топырақтың құрамын, құрылымын, көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарының бірнеше жылдық өнім беру мүмкіндігін қарастырып, зерттеп, зерделеу қажет.
Топырақты бонитеттеу экономикалық бағалаумен жалғасады, ол деген-жер қорының құрамды бөліктерін өзара салыстыру арқылы оның тиімділігін анықтау. Экономикалық бағалауда, тек топырақ құнарлығын анықтап қана қоймай, ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы сапасында белгілі территорияның өнім алудағы шығын мөлшерін анықтайтын құрлық өзгешеліктерін (жер бедері, топырақ жамылғысы, өнім өткізу орнының алыстығы, т.б.) есептейді. Экономикалық бағалаудағы есептер бағамен жүргізіледі, оның маңызды көрсеткіштеріне алынған азықтың жалпы мөлшері және таза табыс жатады.
Топырақ бонитетін анықтайтын (1979) Мемлекеттік әдіс мына формуламен анықталады:
Топырақ бонитеті =
Мұндағы:
К дегеніміз топырақ критерилері
Мысалы: Алматы облысы таулы даласының қара топырағының балл бонитетінің жоба есебі.
Т.б. =
Түзету коэффициенттер:
Ауыр сазды топырақтың механикалық құрамы - 0,95
Натрийдің мөлшері (болмауы) 1,0
Топырақтың тұзссыздығы 1,0
Тастақ (болмауы) - 1,0
Қуатты топырақ (100 см тереңдігі) 1,0
Гидроморфностік (жер асы суы 6 метрден терең) 1,0
Сөйтіп жердің сапасы 64 баллмен бағаланады. Жер топырақ (топырақ) жоғары табиғи құнарлықпен сипатталады.
15.Жер ресурстарын экономикалық бағалау. Жердің құны, төлемдерін көрсетіңіз.
Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;
• рудалы, пайдалы қазбалар қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін, т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар химия шикізат (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.), отқа төзімді матеиалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар, т.б.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:
Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс.
Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау азайту, қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы, т.с.с.
Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі уақыт факторын есептеу. Өйткені табиғат ресурстарын игеруге едәуір бір мерзімдік күрделі қаржы жұмсалады, ал нәтижесі ұзақ мерзімде біртіндеп алынады.
Уақыт факторын есептеудің ең белгілі жалпы қабылданған тәсілі шығындарды бір жылға келтіру. Ол бойынша әр жылда жұмсалатын күрделі қаржы сомасы B=(1+E) коэффициентіне көбейтіледі не бөлінеді. Мұнда Е әр жылға тиімдерді шығындарды бір жылға келтіру нормалы коэффициенті (күрделі есептеулермен анықталады), tшығын жұмсалған жыл мен келтірілген жылдың айырмашылығын көрсететін жылдар көрсеткіші.
Әдетте, барлық жылдағы шамалар шығындар тиімдер өндіріс жұмыс істей бастаған жылға келтіріледі. Алғашқы жылдардың шығындары соңғы жылға келтірілгенде олар В коэффициентіне көбейтіледі, ал соңғы жылдардікі алғашқы жылға келтірілгенде коэффициентіне бөлінеді.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.
Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау. Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әр түрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және әр түрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады.
Қазіргі кезде топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше варианттары белгілі. Оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: біріншісі топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау; екіншісі жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.
Топырақтың бонитет балдары оның сапалық қасиеттерінің сандық көрсеткіші болып табылады, аймақта өсірілетін басты дақылдың көпжылдық орташа түсіміне сәйкес болады. Бонитет балдары ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлылығын анықтауға, оларды тиімді пайдалануды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жер тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады. Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады. Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты дифференциалды рента туындайтын алғышарт бар.
Дифференциалды рентаның алғышарттары бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым қатынастар.
Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифференциалдық тиім және ренталық тиім. Дифференциалдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Ол ғылыми-техникалық жетістікті қолдану және еңбекті жақсы ұйымдастыру нәтижесінде еңбек тиімділігін арттыру арқылы дербес шығынды қоғамдық қажетті шығыннан азайтқандағы үнемді көрсетеді.
Рентаны есептеу өте маңызды теориялық және әдістемелік мәселе болып табылады. Бірнеше экономистер рентаны есептеу үшін нақты қалыптасқан табиғат ресурстарын пайдалану шығындарын қолдануды ұсынады. Бірақ, ол салыстырмалы ресурстардың әділ бағасы бола алмайды. Рентаны анықтаудың басты принципі нақты ресурсы пайдаланғанда алуға болатын халық шаруашылығына ең жоғары тиімді анықтағыш болуға тиіс. Осыған байланысты су пайдаланудың рационалды режимін қамтамасыз ететін, су тұтынуды азайтатын, табиғат ресурстарын ең тиімді пайдалану бағыттары қарастырылуы керек. Бұл мәселе тек табиғат пайдалану саласымен ғана шектеліп қалмайды. Ол салааралық сипатта және барлық салаларда үйлесімді іс-әрекеттерді талап етеді.
16.Жер участкелерін орналастыру және пайдалану жұмыстарын сипаттаңыз.
Жерге орналастыру мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларынбелгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.
17.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріңіз.
Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріңізҚазақстан жеррегиондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады. Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең оңғы орынды алады, тіпті үркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.
Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді, біздің ойымызша, оны 25% дейін көтеруге болады.
Жер бетіндегі және жер асты суларының Қазақстанның геожүйелеріне экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа йе. Ол өзен жүйесінің жйілігі және су қоймаларының гидрологиялық және гидрохимиялық режимі арқылы көрінеді. Өзендердің бастаулары , су режимі , жылдық су қорының өзгермелілігі және т.б. гидроэкологиялық факторлар неғұрлым маңызды болып табылады.Осы факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Оңтүстік шығыс Қазақстанның таулары және таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған. Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады. Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай өзендері. Қазақстандағы сегіз мың өзен ғана он шақырымнан ұзын.ірі өзендердің көпшілігі (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу) трансшекаралық өзендер болып табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.
18.Су ресурстары және су кадастрын құрастыру принциптерін келтіріңіз.
Қазақстанның жер бетіндегi су ресурстары 100.5 км3, олардың iшiнде тек 56.5 км3 ғана республика аумағында құралады, қалған көлемi Орталық Азия мемлекеттерiнен, Ресей Федерациясы мен Қытайдан келiп түседi.
Өзен ағынының көлемi бойынша Қазақстан ғаламшардағы сумен неғұрлым аз қамтамасыз етiлген елдердiң қатарына жатады. Су ресурстарының аумағы бойынша бөлiнiсi мейлiнше әркелкi әрi аймақтар мен экономика салаларының сумен әркелкi және тұрақсыз қамтамасыз етiлуiне алғышарт жасайды. Қажеттi су тұтыну көлемi 54.5 км3, ал сулылығы орташа жылдағы шаруашылықта пайдаланылуы мүмкiн қолда бар көлемi 46.0 км3-ден аспайды.
Қуаңшылық жылдары су ресурстарының жалпы көлемi 58 км3-ке дейiн, ал қолда бары тиiсiнше 26 км3-ке дейiн азаяды.
Қайтымды сулар көлемi - 4.0 км3-ке жуықты құрайды, су көздерiне қайтарылатыны - 2.0 км3-ден аспайды, қалған ағыны сiңiп кетедi немесе құрдымға кетедi. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негiзгi көзi болып табылады, оларды кәдеге жарату мен тазарту әзiрге шешiмiн тапқан жоқ.
СУ КАДАСТРЫ мемлекеттік су ресурстары туралы мәліметтердің жүйеленген жинағы. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының “Су кодексіне” сәйкес суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау енгізілді. Суды есепке алу мен мемл. Су кадастрын жүргізу “Қазгидромет” респкбликалық мемлекеттік мекемесіне (жер үсті сулары), геология және жер қойнауын қорғау органдарына (жер асты сулары) және Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қарасты су ресурстары көлтіне суды пайдалануды есепке алу жүктелген. Бірыңғай мемлекеттік су қорына: өзендер, көлдер, бөгендер, су қоймалары, мұздықтар, жер асты сулары, ішкі теңіз сулары, т.б. су көздері жатады. Су кадастрының материалдары су ш-н жоспарлауда, жобалауда, мелиорац. шаралар жүргізуде, су сапасын болжауда, халық ш. салалары мен жеке кәсіпорындар арасында су үлестіру кезінде кеңінен пайдаланылады.
су кадастрын құрастыру принциптері:
1.суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалануды жоспарлау;
2. су ш-н жоспарлау, жобалау, мелиорац. шаралар жүргізу;
3. су сапасын болжау;
4. халық ш. салалары мен жеке кәсіпорындар арасында су үлестіру;
5.Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау т.б;
19.Су ресурстарын пайдалану құқықтық негіздерін көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының су ресурстары пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн су объектiлерiнде шоғырланған жер бетi және жер асты сулары бүкіл қорының жиынтығы болып табылады.
Су пайдалану құқықтарын жүзеге асыру
1.Су пайдалану құқығы заңмен қорғалады. Осы Кодекспен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде көрсетiлген негiздер бойынша ғана су пайдалану құқығынан айырылуы мүмкiн.
2.Олардың су пайдалану құқығына қысым көрсетiлуiмен байланысты атқарушы билiк органдары тарапынан су пайдаланушылар қызметiне араласуға осы Кодекспен көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
20.Қазақстанның су бассейндерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз.
Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қосаалғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды. Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.Республикадажалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді, біздің ойымызша, оны 25% дейін көтеруге болады.
Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай өзендері. Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.
21.Судың сапасын анықтау, бағалау әдістерін сипаттаңыз.
Судың сапасы сипатталатын негізгі көрсеткіштеріне лайлылық, түстілік, судың иісі мен дәмі, кермектілік, сілтілік, тотықтандыру, құрғақ қалдық және әртүрлі химия заттардың мөлшері, бактериялардың жалпы саны, коли-титр, коли-индекс кіреді. Лайлылық дегеніміз судағы қалқыма заттардың мөлшері. Стандарт бойынша ауыз судың лайлығы 1,5 мг/л-ден аспау керек.
Судың түстілігі пайда болатыны суда бояйтын заттардың, балдырдың және фульвоқышқылының әсері. Ауыз судың түстілігі, платина жөне кобальт шкаласы бойынша 20 градустан артық болмау керек.
Ауыз судың дәмі мен иісі бес баллды шкала бойынша судың +20°С температурасында 2 баллдан артық болмау керек. Активтік реакция судың сілтілік немесе қышқылдық дәрежесін көрсетеді, ол сутегінің иондарының концентрациясымен сипатталынады. Стандарт бойынша ауыз судың РН 6 мен 9-дың аралығында болғаны жөн.
Судың кермектілігі кальций мен магнийдің ерітілген тұзының мөлшерін көрсетеді Ауыз судың жалпы кермектілігінің шекті мөлшері 7,0 мг-экв/л-ден аспау керек, ерекше жағдайларда 10 мг-экв/л-ге дейін рұқсат етіледі.
Судың сілтілігіне себеп болушы оның ішіндегі бикарбонаттар карбонаттар, гидраттар және басқа әлсіз қышқылдардың тұздары.
Судың физикалық қасиеттерін анықтау
Су көздерін ветеринариялық-санитариялық тексеру кезінде судың сапасын ең алдымен оның физикалық қасиеттері бойынша бағалайды, мұнда келесі көрсеткіштерге: температурасы, түсі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, лайлығы мен тұнбасына назар аударады.
Су температурасы. Арнайы термометр немесе шаригі 5-6 қабат дәкемен оралған кәдімгі термометрмен өлшейді.
Температураны тікелей су көзі жанында су сынамасын алғанда өлшейді.
Термометрді 10-15 минутқа суға салады да, оның көрсеткіштерін судан ала салғанда, тұрақты температура орныққаннан кейін бірден белгілейді.
Жануарлар үшін ауыз судың температурасы 10-120 С, буаз және ауру малдар үшін 150 С дейін және төлдер үшін жасына байланысты 15-300 С болуы керек.
Судың түсі. Сапалық тұрғыдан анықтауды ақ фонда биіктігі 10 12 см екі пробиркаға құйылған дистильденген және зерттелетін суды салыстырып жүргізеді.
Судың түсін кестені қолданып, градуспен өлшейді.
Түсінің сапалық анықтауын хромокобальт шкаласы бойынша жүргізеді.
Иістер табиғи хош иісті, батпақ иісті, шірік иісті, топырақ иісті, зең иісті, балық, күкіртсутегі, шөп иісті, белгісіз, және жасанды хлор, фенол, бензин, камфора иісті болуы мүмкін.
Жақсы ауыз суы иіссіз болуы керек, ал рұқсат етілетін иіс 200 С температурада 2 баллдан жоғары болмауы керек.
Судың дәмі. Анықтауды сынама алған жерде тек судың санитарлық тұрғыдан қауіпсіздігіне сенімді болғанда ғана жүргізеді. Күманды жағдайларда оны алдын ала 5 - 10 минут қайнатып, 20-250 С дейін суыту қажет болады. Дәмін (татымын) анықтау үшін шамамен 15 мл суды ауызға алып, бірнеше секунд ұстап, жұтпай дәмін анықтайды. Шикі судың дәмін анықтағаннан кейін ауызды марганец қышқылды калийдің әлсіз ертіндісімен шаю қажет.
Судың дәмін: қышқыл, сілтілі, тұзды, ащы-тұзды, кермек, ауыз қуыратын, тәтті; татымын: темірлі, кермек, хлорлы, металл, балық дәмді деп белгілейді.
Дәмі мен татымының қарқындылығы баллмен: татымы жоқ 0, өте әлсіз 2, сезілетін 3, анық 4, өте күшті 5 баллмен бағаланады.
Судың мөлдірлігі. Анықтау үшін суды биіктігі бойынша сантиметрге бөлінген цилиндрге құяды, оның түбіне Снеллен шрифты бар баспа қағаз салады. Содан кейін біртіндеп суды резина түтігі бар төменгі тубустан шрифт анық көрінгенше ағызады. Бағана биіктігі бойынша оның мөлдірлігін сантиметрмен өлшейді.
Далалық жағдайда судың мөлдірлігін анықтау үшін диаметрі 1 1,5 см болатын сымтемір сақинаны қолданады. Тұтқасынан ұстап, сымтемірді 500 1000 мл көлемді цилиндрға құйылған зерттелетін суға оның контурлары көрінбей қалғанша батырады. Содан кейін, сантиметрлік сызғышпен сақина анық көрінетін жерге дейінгі тереңдігін өлшейді. Сақина бойынша зерттеуден алынған деректерді Снеллен шрифты бойынша көрсеткішке кестемен аударады:
30 см жоғары мөлдірлігі бар су жақсы деп саналады; 10 нан 30 см қолдануға рұқсат етіледі. Судың мөлдірлігін: мөлдір, әлісіз мөлдір, сәл лайлы және күшті лайлы деген терминдермен анықтайды.
Судың лайлығы. сынамада органикалық және минералды текті ерімеген және коллоидты заттардың болуымен шартталады. Судың лайлылығы мен мөлдірлігі арасында белгілі бір тәуелділік бар.
Осыдан лайлылықты анықтауды судың белгілі мөлдірлігін айналдырып кесте бойынша жүргізеді:
Судағы тұнба. Зерттелетін суды шайқап, биіктігі 30 см кем емес өлшем цилиндріне құяды да, бір тәулік тыныштықта қалдырады.
Мөлшері бойынша тұнбаның болуы: тұнба жоқ, аздаған, байқалатын, үлкен тұнба; сапасы бойынша үлпек, сазбалшықты, құмды, сазды және т.с.с түсін көрсете отырып (сұрғылт, қоңыр, қара және сол сияқты) сипатталады.
22.ҚР су бассейндеріне жалпы сипаттама беріңіз.
Кейбiр iрi өзендер бассейнінің жеке проблемалары және олардың су қорларының қолдануы.
Сырдария өзенi бассейіні күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында. Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су қорының қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды. Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде.
Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.
Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады. Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейіндері шамамен су көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi.
Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады.
Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады.
Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын қалыптастыруды реттей алмауда.
Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған.
Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды.
Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек.
Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейін болып табылады және ол қарқынды ластануда.
Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады.
23.Су ресурстарын экономикалық бағалау. Судың құнын есептеуді көрсетіңіз.
Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
Озық технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін пайдалану.
Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары оларды ауыл шаруашылық, және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т.б.
Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялық өңдеулерден өткізу.
Суға зиянды әсерлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру .
Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін болады. Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданылады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты жағдайда су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек. Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар пайдаланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көбейтумен байланысты. Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифференциалдық тиім және ренталық тиім. Дифференциалдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Ол ғылыми-техникалық жетістікті қолдану және еңбекті жақсы ұйымдастыру нәтижесінде еңбек тиімділігін арттыру арқылы дербес шығынды қоғамдық қажетті шығыннан азайтқандағы үнемді көрсетеді.
Рентаны есептеу өте маңызды теориялық және әдістемелік мәселе болып табылады. Бірнеше экономистер рентаны есептеу үшін нақты қалыптасқан табиғат ресурстарын пайдалану шығындарын қолдануды ұсынады. Бірақ, ол салыстырмалы ресурстардың әділ бағасы бола алмайды. Рентаны анықтаудың басты принципі нақты ресурсы пайдаланғанда алуға болатын халық шаруашылығына ең жоғары тиімді анықтағыш болуға тиіс. Осыған байланысты су пайдаланудың рационалды режимін қамтамасыз ететін, су тұтынуды азайтатын, табиғат ресурстарын ең тиімді пайдалану бағыттары қарастырылуы керек. Бұл мәселе тек табиғат пайдалану саласымен ғана шектеліп қалмайды. Ол салааралық сипатта және барлық салаларда үйлесімді іс-әрекеттерді талап етеді.
24.Жайық-Каспий су бассейні кадастрын келтіріңіз.
Қазақстан Республикасының су қоры мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілуге тиіс Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі барлық су объектілерінің жиынтығын қамтиды.
Жайық Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.
Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі. Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Жайық-Каспий бассейнінің балық ресурстарын қорғау тиімділігін арттыру мақсатында, уылдырық шашу кезінде ағымдағы жылы Үйлестіруші кеңестің шешіміміен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы маңынан негізгі мақсаты Жайық-Каспий бассейнінің балық ресурстарын заңсыз аулау фактілерін анықтауға және тоқтатуға бағытталған облыстың құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының біріккен қызметін үйлестіру болып табылатын Жедел Штаб құру ұсынылды.
25.Тобыл-Торғай су бассейні кадастрын көрсетіңіз.
Тобыл (орыс. Тобол) Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км², Қазақстандық алабы 130 мың км². Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі Қараадырдан басталып, Ертіске құяды. Басты салалары Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар. Бастаулық бөлігінде Торғайқолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м³/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады. Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды.
26.Есіл су бассейні кадастрын көрсетіңіз.
Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзен жүйесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады. Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауы етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км². Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см.
Өзен негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.
Есіл суын бақылау кезінде 1937 ж. оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 ж. түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км³. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.
Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды.
Бүгінде Есіл өзенінің жалпы ауданы 243, 37 мың шаршы км. Оның 690 шақырымы СҚО аумағынан өтеді. Жыл сайын өзеннен өндіріс орындары мен халық игілігіне 315 млн. текше метрден артық таза ауыз су алынады екен. Мамандардың айтуынша, тұтынушыға жеткенше судың 60 пайызы ысырап болады. Су ресурсы деген Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі Экономиканың қай саласын алмасаңыз сусыз дамып, өркендеу мүмкін емес. Есілдің бойындағы су мәселесі күрделі жағдайда. Қазір Ертіс каналынан су алып жатырмыз Астанаға дейін. Бүгін жетіп жатқан шығар. Келешек онымен шектелмейді. Әрі ойлауымыз керек.
Есіл өзенінің су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау жөнінде 2006-2020 жылдарға арналған бағдарлама құрылған. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік қазынадан 209 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның 47 млрд. Солтүстік Қазақстан өңіріндегі су көзінің сапасын арттыруға бағыталмақ.
Сонымен қатар Есіл ауданының Есіл өзенінде қожайынсыз обьект - «Союзцелинвод» ұйымының Есіл гидроторабы анықталды. Оның құрамына көлемі 15 млн. м3 су қоймасы (Есіл өзені арнасына шоғырландыратын сиымдылық ретінде), сорғыш станциясы мен оң жағада су қотарғыш (Преснов магистральды су тасығыштарды пайдалану басқармасы) 4- қақпалы темір бетонды бөгет, сол жағада тыныш бөгет кіреді. Гидротораптың барлық қақпалары көтерілген және құрылыс аяқталған сәттен бастап түсірілмеген. Гидротораптың құрылыс және пайдалануға енгізу құжаттары жоғалған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитетінің «Есіл су» РМК балансында тек сорғыш станция ғана тұр.
Осыған байланысты, облыс ТЖ департаментінің бастығы Есіл бассейн кеңесінің мүшелеріне аталған гидротехникалық құрылыс жағдайын әрі қарай анықтау үшін Солтүстік Қазақтан облысының су қоймалары бар үш гидроторабын (Ғ. Мүсірепов ауданы -Шарық - 8,2 млн. м3 , Тайсара 7,5 млн. м3 - Есіл ауданы 15 млн. м3 ) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитетінің «Гидротехникалық құрылысының техникалық жағдайын көп салалы зерттеу» бағдарламасына енгізуге ықпал ету жөнінде ұсыныс жасады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар есепке алына отырып, Бассейн келісіміне қол қойылды.
27.Нұра-Сарысу су бассейні кадастрын көрсетіңіз.
Нұра-Сарысу су бассейні Қазақстан Республикасы орталығында орналасқан су шаруашылық бассейні. Бассейн территориясына Нұра және Сарысу өзендерін, Теңіз және Қарасор көлдері кіреді. Нұра-Сарысу су шаруашылық бассейні аумағында 1 млн. жуық адам өмір сүреді. Бассейн құрамындағы Нұра өзені ұзындығы 978 км, бассейн көлемі 58 100 км2 тең. Нұра Теңіз көліне барып құяды. Мұнда аса ірі өндірістік қала Қарағанды бар. Су қоры өте шектеулі.
Ластанудың басты көздері өндіріс қалдықтары және канализация. Нұра өзенінің ең басты ластаушысы Теміртаудағы карбид зауыты. Ол өнеркәсіп технология бойынша катализатор ретінде сынапты пайдаланған. Қазіргі уақытта өзен түбіне 25 т сынап жиналған.
Су қоры 4,59 км³ құрайды (Қазақстандағы су ресурстарымен қамтамасыз етілген бассейндердің бірі). Шектес территориялардан су келмейді. Бассейн шегінде 1,7 км³ қалыптасады.
Бассейн территориясы ылғалдылық жетіспейтін ауданға кіреді. Бассейн өзендерінің ерекшелігі болып жылдық ағынның негізгі көлемі көктемнің қысқа мерзімінде өтеді. Нұра озені алабында бақылау кезеңдерінің әртүрлі аралықтарында ағынды режимін бақылаумен айналысатын 70-тен аса гидрологиялық бекет жұмыс жасады. 1968-2002 жж. аралығында каналды пайдалану кезінде Нұра өзені алабындағы тұтынушыларға 8526 млн м яғни орта есеппен жыл сайын 236 м.ш немесе 7.49 м су жіберіліп отырған.
Нұра өзені Балықты тж. ст. (Сергиополь- скос ауылы) тұстамасындағы табиғи ағындыны қалпына келтіру үшін, оның жоғары ағысындағы Нұра өзені - Шешенқара ауылы. Шартты-табиғи кезең (1935-1970 жж.) үшін орташа жылдық су өтімдерінің байланыс графигі тұрғызылып, 0,97±0,002 тең кор- реляция коэффициенті есептелді, регрессия теңдеуі мынадай түрге ие: у=1,71х - 0,08. Нұра өзені - Балықты т.ж. ст. (Сергиопольское ауылы) ағындысы 1971 жылдан бастап осы теңдеу бойынша қалпына келтірілді. Әр жыл сайын басқа алаптардан келіп құйылатын қосымша ағынды А0^0в-0б теңдеуі арқылы, калпына келтірілген табиғи және бақыланған ағынды арасындағы айырмашылық ретінде есептелді. 1971 жылдан 2006 жылға дейінгі АQ орташа көпжылдық мәні 5,21 м тең, ол Қ.И. Сәтпаев атындағы негізгі каналдан Қарағанды облысына жіберілетін судың 70 %-ын құрайды, ал қалған 30 % сүзілуге, тікелей арнадан және су қоймаларынан су алуға, ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалады.
Осылайша, 1933-2006 жылдар аралығындағы кезең үшін, жылдық ағындының табиғи қатары калпына келтірілді. Алынған қатар параметрлік Фишер, Стьюдент және параметрлік емес Вилькоксон критерийлері бойынша біртектілікке тексерілді. Біртектілік гипотезасы зерттеліп отырған қатар үшін а=0,05 мәнділік деңгейінде жоққа шығарылмайды. Нұра өзені Балықты тж. ст. (Сергиопольское ауылы) жылдық ағындысының қалпына келтірілген қатарының статистикалық пара- метрлерін есептеу кезінде А.Г. Алексеевтің графоаналиталық әдісі қолданылды.
28.Ертіс су бассейні кадастрын көрсетіңіз.
Өзеннің Қазақстандағы ұзындығы 1200 км. Бассейн аумағының жалпы көлемі 1, 64 млн. км2. Бүгінде өзен суы екі жасанды канал арқылы тармақталады. Біріншісі Ертіс-Қарағанды (ұзындығы 485 км), ал екіншісі 2000 жылдардың басында Қытай аумағында Қарамай қаласындағы мұнай өндірісі үшін салынған (ұзындығы 300 км). Ертіс суын Астананың қажеттіліктеріне жарату үшін оны Есіл бассейнімен канал арқылы байланыстыру жобасы қарастырылып жатыр. Бұл да Ертіс өзеніне қосымша қысым болып келері сөзссіз. Өзенді ластау факторлары: тау-кен өндірісі және ежелден келе жатқан Семей ядролық полигонының салдары.
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.
Ертістік бассейндік су шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша облыстың су қоры құрайды:
1017 өзен 30 млрд. м3 орташа жылдық ағынды және жалпы ұзындығы 28 мың. км.; 1967 көл су масса көлемі 6,5 млрд. м3 (Алакөл және Сасықкөл көлдерінсіз); 75 жуық су қоймасы және кіші тоғандар (сиымдылығы 53 км3) бекітілген пайдалану қоры жылына 2,4 млрд. м3 жер асты сулары Өнеркәсіпте, құрылыста, көлік және тұрғын үй-коммуналдық салаларда суды тұтыну және суды бұру көлемін тіркеу 2-ТП-су шаруашылық статистикалық есептеме формасы бойынша жүргізіледі. Жер беті сулары мен жер асты суларының көп бөлігі пайдалануда тіркеумен қамтылған.
Ертіс бассейнінде бөгеу соңғы сегіз жылда орташа көрсеткіш мөлшерінде. Жалпы су бөгеуде 191,85 млн.м3 (32,9%) - бұл жер асты және шахты-кен сулары және 389,64 млн.м3 (67,1%) - бұл жер беті сулары. Ертіс өзені бассейнінде жалпы көлемнен 544,64 млн.м3 және Ресейден алынған көлемнен 4,12 млнм3 коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке 90,78 млн.м3 алынған (16,5%), өнеркәсіп қажеттілігіне 215,75 млн.м3 (39,3%), ауыл шаруашылығымен - 207,76 млн.м3 (37,8%), балық шаруашылығымен - 7,35 млн.м3 (37,8%) және тағы басқа қажеттілікке 27,08 млн.м3 (5,1%) алынған. Басқа қажеттілікке жер асты және шахты-кен суларын бөгеу кірді, олар пайдаланылмайды транзитпен су нысандарына ағызылады.
Ағымды жылда ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 240,51 млн.м3 алынды, оның 223,30 млн.м3 (92,8%) жер беті және 17,21 млн.м3 (7,2%) жер асты сулары. Соңғы төрт жылда суды бөгеу және осы қажеттіліктерге пайдалану 90 млн. м3 азайды және ол суармалы жерлердің аз пайдалануымен байланысты. Соңғы тоғыз жыл бойынша суды пайдалануды талдай келе, белгілейміз:
-шаруашылық ауыз су қажеттілігі бойынша азғана ауытқулар байқалады;
-өндіріс қажеттілігі бойынша өнеркәсіп өндірісінің ұлғаю себептері бойынша суды қолдану мөлшерінің үдемелі өсуі байқалуда;
-жүйелі суару бойынша суды пайдалану суарылылатын алаңға байланысты (соңғы жылдары суарылатын жерлердің санының азаюы 5 мың га. құрады, бұл суды бөгеуді 22,8 млн.м3 төмендетті);
-жайылмалы суару бойынша суды пайдалану да аланының кішірейуіне қарай азайды;
-ауыл шаруашылықты сумен қамтамасыз ету бойынша суды пайдалану айтарлықтай өзгермеді;
-жайылымдарды суландыру бойынша суды пайдалану мал басының өсуіне қарай өсуде (2001ж. бері мал басының өсуі қарқынды жүруде және осы кезеңде суды пайдалану екі есе өсті);
-тоғанды-балық шаруашылығы бойынша суды пайдалану отырғызу материалын өндіру мөлшерінің азаю себебімен біртіндеп кемуде. Соңғы жылы бөгеу азғана төмендеді және 7,35 млн.м3 құрады.
29.Балқаш Алакөл су бассейні кадастрын көрсетіңіз
Балқаш Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды.
Алакөл Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі.
Сонымен қатар аумағы 20 мың гектардан асатын бұл өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.
Балқаш-Алкөл су бассейнін жақсарту жөнінде Қазақстан Республикасында түрлі іс шаралар жүргізілуде.
-«Іле-Балқаш бассейндегі экологиялық жағдайдың күйі туралы»;
-«2007-2011 жылдарға арналған Алматы облысының су нысандарын тиімді пайдалану және қорғау бойынша аймақтық бағдарламасын әзірлеу»;
-«2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын Алматы облысының ауылдық елді мекендерінде жүзеге асыру»;
-«Балқаш көлінің Бертыс және Торғаналық шығанақтарының экологиялық жағдайын жақсарту және улы (ауыр) металдармен ластануын төмендетуге арналған ісшаралар туралы»;
-«Балқаш-Алакөл бассейнінің су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың негізгі мәселелері туралы»;
-«Алматы қаласының шағын өзендері» Бағдарламасы бойынша 2007 жылдың жұмыс қорытындысы»;
-«Экожүйелік басқаруды жүзеге асыру мақсатында Балқаш-Алакөл бассейндік корпорациясын құрудың Тұжырымдамасы»;
- «Балқаш қаласының су ресурстарын басқарудың күрделі мәселелері»;
- «Мемлекеттік органдардың өндіргіш күштерін дамыту және орналастыру сүлбесі құрамында Үлкен Алматы шатқалы ауағында су ресурстарын тиімді пайдаланудың кешенді жоспарын әзірлеу және қабылдау»;
-«Үлкен Алматы шатқалындағы су ресурстарының жәй-күйі туралы»;
-«Балқаш-Алакөл бассейндегі сушаруашылық нысандарындағы төтенше жағдайлар туралы»;
-«Морендік көлдердің жәй-күйі және олардың қауіпсіздігі туралы»;
Су ресурстарын пайдалану және қорғау саласының бірқатар өзекті мәселерері . Қолданыстағы және трансшекаралық өзендерді есептегенде жоспарланып отырған гидрологиялық бекеттердегі судың өтімі мен сапасы туралы; жер асты суларының анықталған қорлары және қорларын қайта анықтау туралы; шайынды суларды күрделі тазартудың мәселері туралы; сондай-ақ Балқаш көлін және Іле өзенінің атыраптарын сақтаудың экомәселелері шешу жөніндегі кадастрлық жұмыстар жүргізілуде.
30.Шу-Талас су бассейні кадастрын көрсетіңіз.
Шу Қырғызстан мен Қазақстанжеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км (Қазақстан аумағында 800 км), су жиналатын алабы 148000 км² (Қазақстан аумағында 62500 км²). Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу аталады. Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты, Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғары Ортотоқой және Төм. Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің суайрығы айқын емес. 20 ғ-дың 50-жылдарында Шу суының бір бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған. Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ. Арнасының ені орта ағысында 50 100 м, төменгі ағысында 40 60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған.
Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы,Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын СЭС салынған. Жылдық ағынының 14,8%-ы көктемде, 58,3%-ы жаз-күз айларында, 26,9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып, желтоқсан наурызда қатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи қалпынан өзгеріп кеткен. Көп жылдық орташа су ағымы Амангелді ауыл тұсында 77 м³/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу өзен суының 55%-ы пайдаланылады
Талас өзені Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен, ұзындығы 661 км, су жиналатын алабы 52700 км². Қазақстандағы бөлігі 453 км. Негізінен,Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады.
Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауы мұздықтарынан шығатын Қарақол жәнеҮшқоша өзендері қосылған жерден басталып, Мойынқұмдағы Айдын көлінежетпей құмға сіңіп, тартылып қалады. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, ені 1 2 км, жазыққа шыққан төменгі бөлігінде кең, 25 30 км. Көп жылдық мұз, жауын-шашын суынан толысады. Маусым тамыз айларында тасиды.
Тараз қаласынан төменгі ағысында Таластан бірнеше тармақ (Шалқы, Көделі, Тасарық, т.б.) таралады. Суы көктемде, күзде тұщы, сәл кермек, ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Тараз қаласы тұсында секундына 27,4 м³. Өзен бойында, Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-деҚазақбай бөгендері және Талас Аса каналы салынған. Егін суаруға пайдаланылады.
31.Арал-Сырдария су бассейні кадастрын көрсетіңіз.
Бассейннің табиғи жағдайы, көлемі, жалпы су балансы, ауыз сумен қамтамасыз ету. Арал-Сырдария бассейнінің ауданы 345 мың км2 жерді алып жатыр және ол екі әкімшілік облысты қамтиды. Олар: Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстары.
Бассейн маңындағы халықтың саны 2,6 млн-ға жуық (жалпы Республика халқының 17 %), оның ішінде қала тұрғындары 1,2 млн адам (46% бассейін бойынша) жəне ауыл халқы 1,4 млн адам (54%).
Бассейннің негізін Сырдария өзені құрайды. Ол Қазақстаннан тыс жерде Ферғана даласында жатқан Нарын мен Қарадария өзендерінің біріккен жерінен бастауын алады. Біріккен жерінен оның жалпы ұзындығы 2212 км, ал Нарын бастауынан 3019 км жер. Өзен Қазақстан территориясы бойынша Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін 1627 км-ге созылып жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 346 км, Қызылорда облысында 1281 км-ге созылған.
Арал-Сырдария су шаруашылық бассейнінде су қорларының сулылығы орта болған жылдары 17,92км3/жыл, ал су аз жылдары 14,24км3/жыл бағаланады. Мұндағы ағынның міндетті шығыны 5,82км3/жыл-мен бағаланады, 2,8км3/жыл көлемдегі ағын су өзен арналарының жəне су қоймалардағы судың беткі қабаттарының булануына, сондай-ақ өзен арналарының фильтрациясына жұмсалады. Арал теңізінің деңгейін көтеруге бағытталған экологиялық бос ағызу 3,1км3/жыл құрайды. Сулылығы орта болатын жылдарда қолдануға арналған су қорлары 12,02 км3ді, ал 20 жылда бір қайталанатын құрғақшылық жылдары олар 9,3км3/жылды құрайды.
Арал-Сырдария бассейні, су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады. Əсіресе Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық жоғалтты. Шөлді аймаққа айналу процесі 2 млн га жерді қамтыды. Сырдарияға коллекторлы-дренаждық улардың, елді мекендердің, өндіріс пен ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы, судың химиялық, бактериялық лайлануына, əрі елді мекендердегі халықтың ауруға шалдығуына əкеп соғады. Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы - жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы.
Су қорын экономикалық бағалау. Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады.
Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын шамасы (З) су тасымалдаушы құрылым шығыны мен (И) алынатын суға шығындарды (Q • З) пайдаланылатын су ресурстарының көлеміне (Q) қатынасымен анықталады.
Арал-Сырдария алабының су ресурстары. Арал-Сырдария алабының су ресурстары (Водные ресурсы Арал-Сырдарьинского бассейна) Сырдария өзенінің алабы 39° 23'46° солтүстік ендік пен 61°-78°24° шығыс бойлық бойында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км-ге, Батыстан Шығысқа қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы өзен жүйесінің ағысынан арнасы бойынша ең шеткі нүктесіне дейін 3019 км. Өзен Орталық Азияның төрт мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Тәжікстан) аймағын басып өтеді. Оның алабында ұзындығы 10 км-ден асатын 497 тұрақты өзен бар. Бұлардың жиынтық ұзындығы 14750 км. Өзеннің су жинау алабының ауданы 462 мың км2. Антропогендік факторлардың сипатын анықтайтын алабының негізгі ерекшелігі оның аумағының қалыптасу зонасы ағынды пайдалану немесе "таралу" зонасына бөлінуі.
Алаптың жазықтық бөлігін алып жатқан каналдар желісінің көмегімен тауларда қалыптасқан ағын аумақ бойынша таралады, содан кейін барып транспирацияға және жер асты суларының қорын толықтыру үшін сейіледі. Сонымен бірге тарамданған кәріздеу және коллектрлеу желісінің құрылысы ағындыны табиғи гидрографиялық желіге жоне көптеген табиғи төмендеген жер бедеріне жинауға мүмкіндік тудырады. Осының нәтижесінде табиғи ыңғайлы жағдайда ағынның сейілу зонасы мелиорация құрылысының кейбір этаптарында оның қайтадан қалыптасу зонасы болуы мүмкін.
32.Қазақстанның орман қоры және орналасуын сипаттаңыз.
Қазақстан Республикасының орман қоры,Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді.
Әсіресе тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк шыршасы, т.б.) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Ең ірі орманды аумақтар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3,8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған, т.б.) бұл көрсеткіш 0,1%, ал Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 2724,9мың м2 гектар болды.
Бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер жаңбыр, т.б.) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіп баптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
33.Орман кадастрының құрастыру принциптерін келтіріңіз.
Орман кадастры орман алқаптарының көлемі, сапасы туралы мәліметтер жиынтығы. Орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттiк орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.
Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу, құрастыру принциртері мен ережелері:
1.Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлiгi болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органмен (бұдан әрi - уәкілетті орган) және оның аумақтық органдарымен бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзіледi.
3.Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады.
4.Жеке орман иеленушілер мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажет материалдарды уәкілеттi органға бередi.
5.Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимiн, оны орман иеленушілерiне бөлудi, орман қорының сандық және сапалық жай-күйін, мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнiндегi мәлiметтер жүйесiн және орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызмет нәтижелерiн бағалау үшiн қажетті орман қорының экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы басқа да деректердi қамтиды.
Мемлекеттiк орман кадастры көрсеткіштерінiң тiзбесін және ормандардың экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкілеттi орган айқындайды.
6.Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажет орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.
7.Мемлекеттік орман кадастры орман орналастыру жұмыстарына толық циклын жүргiзу, орман қорының мемлекеттiк есебi материалдарының және орман қоры туралы мәлiметтердi қамтитын басқа да есепке алу құжаттарының негiзiнде жасалады.
8.Орман шаруашылығының мемлекеттiк мекемелерi: есептi жылдан кейiнгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ағымдағы өзгерiстер мен орман қорының жай-күйi туралы мәлiметтердi орман кадастрының материалдарына енгізедi; есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтарға дейiн орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша ведомстволық тегiне қарай уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрi - аумақтық органдар) немесе орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды қайта өндiру және өсiру саласындағы облыстық атқарушы органдарға (бұдан әрi - облыстық атқарушы органдар) бередi.
9.Орман шаруашылығы саласындағы аумақтық және облыстық атқарушы органдар жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде, түсiндiрме жазбалары бар жиынтық есептемелер әзiрлеп, оларды уәкілеттi органға жолдайды.
10.Мемлекеттік орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзумен және мемлекеттiк орман қорын пайдаланумен байланысты емес мақсаттарда орманды жерлердi ормансыз жерлерге көшiру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн алу, орманды пайдалану үшін төленетін ақы мөлшерін айқындау, орманды пайдаланушылар мен орман иеленушілердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
11.Мемлекеттiк орман кадастры ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн пайдаланып, сондай-ақ қағазға басылған күйiнде жүргiзiледi.
34.Орман шаруашылығын ұйымдастыру және басқару қызметіне сипаттама беріңіз.
Орман шаруашылығы экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру, орманды күту, сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау, ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға байланысты орман қорларын тиімді сақтауға бағытталған жобаларды іске асыру, ормансыздануды бақылау, елде орман шаруашылығын басқарудың заманауи әдістерін енгізу және лайықты әдет-дағдыларын дамыту қажеттілігі бойынша мақсаттарды орындау қажет.
Орман шаруашылығын ұйымдастыру:
1.Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру:
1)орман орналастыру iсiн жүргiзудi;
2)мемлекеттiк орман қорын санаттарға бөлудi;
3)мемлекеттiк орман қорын алқаптар түрлерi бойынша бөлудi;
4)кесу жасын белгiлеудi;
5)кесу жүйесi мен орман ресурстарын молықтыру жүйесiн белгiлеудi;
6)орман пайдалану нормаларын белгiлеудi;
7)ормандарды күзету мен қорғау жөнiнде шаралар белгiлеудi;
8)орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығын жүргізуді;
9)ормандарды зерттеу, есепке алу, күзету, қорғау, молықтыру, орман өcipу, орман пайдалануды реттеу және Қазақстан Республикасының орман заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды қамтиды.
2.Мемлекеттiк орман қорын тиiмдi күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк орман иелiктерi аумағы орманшылықтарға, орман шеберi учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлiнедi.
35.ҚР орман шаруашылығы қызметі, мақсаттары мен міндеттерін келтіріңіз.
Орман шаруашылығы экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру, орманды күту, сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау, ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
Қазақстан аумағының орман шаруашылығы геогрографилық ерекшеліктеріне қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:
Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” Республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”)6 “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының ПрезидентіменҮкіметіәкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе стансасы бар.
Орман шаруашылығы алдына қойылған мақсаттар алдыңғы қатарлы технологияларды белсенді енгізуді, жаңа ғылыми әзірлемелерді және мамандар арасында заманауи білімдерді таратуды талап етеді. Осыған байланысты саланы ғылыммен қамтамасыз етуде республиканың бастаушы мекемесі ретінде Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОШҒЗИ) рөлі арта түседі. 55 жылдан аса қызмет ету мерзімінде ҚазОШҒЗИ 3500 аса ғылыми мақалалар шығарды, өндіріске 250-ден аса ұсынымдар және басқа да нормативтік-нұсқаулық құжаттар дайындалды, 90-нан аса қорғау құжаттары, оның ішінде кәдімгі қарағайдың сорттарына 7 патент және 1 инновациялық патент алынды.
Орман шаруашылығның міндеттері:
-орман қорын, орманды молықтыру мен орман өсірудің жай-күйіне, күзетуге, қорғауға, пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
-орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу, орман орналастыру және орман шаруашылығы жобалауларын жүргізуді қамтамасыз ету.
Орман шаруашылығы мекемесінің тұрақтылық жағдай жасаудағы негізгі мақсаты мен есебі ғылыми зерттеу, жобалық іздену негізінде орманды орналастыру деректері негізінде мемлекеттік орман қоры ормандарын сырттан және орман заңын бұзудан, зиянкес пен аурудан қорғау, орман тұқымдық және тұқымбақ шаруашылығын қалпына келтіру болады.
36.ҚР орман қорларын экономикалық бағалауын көрсетіңіз.
Орман қорларын экономикалық бағалау бойынша жұмыстардың барлық жиынтығын ұйымдастыру төрт негізді кезеңді құрайды:
1)орман қоры жерлерін бағалаудың ғылыми негіздемесін нұсқаулық жасау;
2)орман қорын бағалауды жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жасау;
3)әр түрлі табиғи климаттық аймақтар үшін, типтік нұсқаулықтарды бір қатар шаруашылыққа оларды пайдалану жолымен ресми мақұлдау;
4)барлық орман қоры жерлерін бағалау.
Орман қоры жерлерін бағалау
1.Орман қоры жерлерінің учаскелерін экономикалық бағалау орманның көп функционалды ролін ескере отырып жүргізіледі. Бағалаудың объектісі болып, орман қорының учаскелері болып табылады, олардың нақты шекарасы бар және белгілі бір орналасқан жерімен, табиғи жағдайларымен, физикалық мөлшерімен, құқықтық және шаруашылық режимімен сипатталады. Сонымен қатар, төмендегілер бағалаудың жеке объектісі болып табылады:
1)жақсартылмаған жер учаскелері (ғимараттар, құрылыстар, жолдар алқаағаштар т.б);
2)сүрекдіңдер мен арнайы мақсаттағы алқаағаштар;
3)басқа орман ресурстық қорының болуы (шайыр, ағаш шырыны, қосалқы орман ресурстары, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізаттар мен өсімдіктердің, жануарлардың басқа да өнімдері).
4)ормандардың пайдалы экологиялық қасиеттері (оттегін бөлу, көмірқышқыл газын сіңіру, топырақты су және жел эрозиясынан қорғау, су сіңіру, бальнеологиялық және климат реттегіш қасиеттері).
2.Жақсартылмаған жер учаскелерінің құны (алқаағаштар, құрылыстар, ғимараттар т.б) орман қоры жерлеріне кіретін орманды және ормансыз жерлер бағалау обьектілері болып табылады.
Орманмен қамтылған жердің экологиялық бағасы (Бэ), орманның экологиялық маңыздылығының экономикалық бағалануы (П), учаскедегі алқаағаштың толымдылығына байланысты (т), аумақтың ормандылығы мен орманның табиғи пайдалы қасиеттеріне байланысты (Ко) және (Кт қ) коэффициенттерді қолдану арқылы формула бойынша анықталады:
Бэ = П Ко Т Кт
3.Орман қоры жерлерінің жалпы экономикалық бағалануының есебі. Орман қорының экономикалық бағасы деп оны тиімді, кешенді пайдаланғандағы алынатын барлық потенциалды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді яғни орманның халық шаруашылық құндылығының ақшалай өлшемі деп ұғамыз. Орман қоры ретінде ондаған ағаш қоры, орман жері, қосымша және жанама өнімдер, орманның экологиялық қызметтері бағаланады. Орман қорының жалпы экономикалық бағасы жер учаскесінің тұратын құнына, учаскедегі тиімді сүрек қорының құнына, экологиялық бағалау құнына және басқа да пайдалы орман өнімдерінің құндарының (орман ресурстарын қосымша пайдалану, сүрек шырынын, шайыр дайындау, орманды қосымша пайдалану шегінде орман қорының учаскесін аң шаруашылығы үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру рекреациялық, туристік, спорт шаралары үшін пайдалану) қосындысына тең.
Ормандағы ағаш қорының экономикалық бағалануы:
,
мұндағы, Ма кесімге жарамды ағаш қоры; rà 1м3 кесілген ағаштан алынатын жылдық рента; Т ағаштың кесімге жарамды жасы; T ағаш қорын бағалау жасы.
Орман жерін бағалағанда, оны тиімді пайдаланғанда үздіксіз өнім алуға болатыны ескеріледі. Сондықтан негізгі кесімдер бойынша орман жерінің экономикалық бағалануы:
,
мұндағы, Мb 1 га орман жеріндегі жылдық ағаш өсімі; rb 1 га орман жерінен алынатын рента.
Егер бағаланатын орман алқабынан жылма-жыл бірдей ағаш дайындауға болады десек, ол жерді формуласымен бағалауға болар еді. Мұнда R 1га алқаптан шексіз алынатын тұрақты жылдық рента. Бірақ орман жері рентаны бірнеше жылдан кейін ағаштары кесімге жарамды болғанда ғана бере бастайды. Сондықтан жоғарыдағы формула қолданылады. Оны қолдану шарттары:
-орман жері ағашы пісіп жетілгенше пайдаланылмайды;
-жылдық ренталар тең;
-уақыт факторын есептейтін дисконттау коэффициенті тұрақты.
37.Орман қорларын өрт қауіпінен сақтау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану жолдарын түсідіріңіз.
Орман қоры мемлекет аумағындағы барлық ормандар мен орман шаруашылық қажетіне арналған жерлер. Орман қорлары жеріндегі жабайы аң жануарларын қору, заңсыз тал-тарақтарды кесуге жол бермеу, орман қорын өрттен сақтау оның алдын-алу, орман қорларын молайту, байытутабиғатты қорушылардың негізгі міндеттері Орман өрті абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орман пайдалану орман пайдалану өдістері мен нысандарының заңды және экономикалык реттелген жиынтығы.Орман қорларын тиімді пайдаланып оларды қалпына келтіру үшін ен алдымен біз орманды өрттен сақтап,зансыз ормандағы ағаштарды кесуді тоқтатуымыз керек.Орман өртінің ең басты себебі ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарын орындамау.Ал оны қалпына келтіру үшін бәрнеше жыл керек. Орманды қалпын келтіру ен алдымен онын топырағынан басталады.Ол үшін жарамсыз жерлерді оңдеуден өткізіп ,мелиорациялау кеерек.Орман қорларын тиімді пайдаланбау орман қорларынын азаюына алып келеді.
38.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар кадастрын құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағыҚазақстан Республикасының заңнамасы
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
4.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағынегiзгi принциптер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:
1)биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту;
2)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау;
3)мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
4)ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;
5)ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
6)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық;
7)жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;
8)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
9)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
39.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар сипаттамаларын жасаңыз.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.Ерекше қорғалатын аумақ кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады Мемлекеттiк табиғи қорық табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған. Мемлекеттiк табиғи резерват табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Қазақстанда қазіргі уақытта 5 резерват ұйымдастырылған. Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
40.ҚР қорықтарын, парктерін, ұлттық парктерін, резерваттарын сипаттаңыз.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілер, ғылыми зерттеулерге, ағарту және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекетті қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.Қорықтардың басты мақсаты табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен табиғи қоса сақтау, табиғат кешендерінің даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.Қаз-ғы қорықтар Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды,Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған,Алматы қорығы 1964 жылы құрылған,Барсакелмес қорығы 1939 жылы ұйымдастырылған,Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған,Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған,Үстірт 1984 құрылды,Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған,Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған,Қаратау қорығы 2004 жылы құрылды.Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған.Олар Баянауыл,Іле-Алатауы,Алтынемел,Көкшетау,Қарғалы,Бурабай,Қатонқарағай,Шарын,Сайрам-өгем, Көлсай көлдері,Жоңғар Алатауы,Бұйратау м.ұ парктер. Мемлекеттiк табиғи резерват табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Қазақстанда қазіргі уақытта 5 резерват ұйымдастырылған. Олар Ертіс орманы,Семей орманы,Ырғыз-Торғай,Ақжайық,Алтын дала.
41.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б. бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендейді.Жануарлар әлемі кадастры Кадастрдың жасалуына базалық негіз болған «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар әлемін қорғау және тиiмдi қолдануының қамтамасыз ету үшiн құрамында жануарлардың географиялық таралуы туралы жануарлар әлемінің мемлекеттк кадастрын және жануарлардың мемлекеттік есебін, олардың жағдайы мен санын, мекендейтін жерінің сипаттамасын, шаруашылықта қолдану сияқты мәлiметтердiң жиынтығын жүргізетін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы «Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы» №1153 Қаулысы болды. Жануарлар әлемi кадастрының порталы аңщылық нышаны болып табылатын жануарлар түрлерінің мемлекеттік есебінің жүйеленген мәліметтерін құрайды. Кадастр жүйесі пайдаланудың сенімді таратылған сақтайтын геоақпараттық функционалдық элементтер, мәліметтер базасын басқару және ұйымдастыру құралдарын пайдалану негізінде құралған заманауи компьютерлік технологияларды қолдану, арқылы ақпараттық ресурстарды жедел ұсынуды және көп мақсатты міндеттерді шешуді ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды басқару, ақпаратты сақтау және толықтыруды үйлестіру үшін бағытталған.
42.ҚР кәсіпқой-аңшылық жануарлар кадастрын құруды сараптаңыз.
Жануарлар әлемі кадастры Кадастрдың жасалуына базалық негіз болған «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар әлемін қорғау және тиiмдi қолдануының қамтамасыз ету үшiн құрамында жануарлардың географиялық таралуы туралы жануарлар әлемінің мемлекеттк кадастрын және жануарлардың мемлекеттік есебін, олардың жағдайы мен санын, мекендейтін жерінің сипаттамасын, шаруашылықта қолдану сияқты мәлiметтердiң жиынтығын жүргізетін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы «Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы» №1153 Қаулысы болды. Жануарлар әлемi кадастрының порталы аңщылық нышаны болып табылатын жануарлар түрлерінің мемлекеттік есебінің жүйеленген мәліметтерін құрайды. Кадастр жүйесі пайдаланудың сенімді таратылған сақтайтын геоақпараттық функционалдық элементтер, мәліметтер базасын басқару және ұйымдастыру құралдарын пайдалану негізінде құралған заманауи компьютерлік технологияларды қолдану, арқылы ақпараттық ресурстарды жедел ұсынуды және көп мақсатты міндеттерді шешуді ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды басқару, ақпаратты сақтау және толықтыруды үйлестіру үшін бағытталған.
43.Қазақстан Қызыл кітабына енген жануарлар, оларды сақтап қалу іс-шараларын келтіріңіз.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы |
7. Тас сусары |
2. Жалман |
8. Шұбар күзен |
3. Роборовский атжалманы |
9. Түркістан сілеусіні |
4. Сары алақоржын |
10. Қазақстан арқары |
5. Қызыл қасқыр |
11. Алтай арқары |
6. Сабаншы |
ҚҰСТАР
1. Қызғылт бірқазан |
18. Жекдуадақ |
35. Жұртшы |
2. Бұйра бірқазан |
19. Тарғақ |
36. Ақсұңқар |
3. Жалбағай, қалбағай |
20. Кіші шалшықшы құс |
37. Ителгі |
4. Қара дегелек |
21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс |
38. Лашын |
5. Қоқиқаз |
22. Қарабас өгіз шағала |
39. Тұрымтай |
6. Сұңқылдақ аққу |
23. Қарамойнақ шағала |
40. Үкі |
7. Кіші аққу |
24. Қарабауыр бұлдырық |
|
8. Қутұмсық қаз |
25. Ұбақ, қолаңтөс |
|
9. Қызыл жемсаулы қарашақа |
26. Балықшы тұйғын |
|
10. Қара тұрпан |
27. Жыланшы қыран, бүркіт |
|
11. Дөңтұмсық тұрпан |
28. Бақалтақ қыран |
|
12. Ақбас үйрек |
29. Дала қыраны |
|
13. Алтай ұлары |
30. Қарақұс |
|
14. Ақ тырна |
31. Бүркіт |
|
15. Ақбас тырна |
32. Ақиық субүркіт |
|
16. Дуадақ |
33. Аққұйрық субүркіт |
|
17. Безгелдек |
34. Сақалтай, қозықұмай |
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Шұбар батбат кесіртке |
4. Шұбар кесіртке |
2. Зайсан батбат кесірткесі |
5. Жолақты әбжылан |
3. Үлкен көз кесіртке |
Қазақстан табиғатының байлығы мен жануарларын қорғау максатында Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел,Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған. Ұлттық қорықтар, қорықшалар бар. Сонымен қатар әр қалада зоопарыктер бар.
44.ҚР өзендер мен көлдеріндегі, су қоймаларындағы балық түрлерін анықтау және бағалау жұмыстарын талдаңыз, балықтар қорының реестрін құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
Қазақстанның балық шаруашылығы су айдындары қорының құрамына Каспий және Арал теңіздерінің, Балқаш көлінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Тасөткел және басқа су қоймаларының, көлдер мен өзендердің едәуір акваториялары кіреді.Каспий теңізінде Шоқыр, Каспий итбалығы, Құртпа, Ішті балық, Бекіре. Арал теңізі Камбала - сүйекті балық. Балқаш көлінде Қызыл қанат, шортан, сазан.Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері,Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайымелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.
45.Кәсіпшілік балықтар қоры, оларды қалпына келтіру іс-шараларын келтіріңіз.
Кәсiпшiлiк балық аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында және балық аулау объектiсi болып табылатын балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру. Балық шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) ғана жүзеге асырылады.Жеке кәсіпкерлер заңнамада белгіленген тәртіппен берілген жануарлар әлемін пайдалануға рұқсаты болғанда кәсіпшілік балық аулаумен шұғылдануға құқығы бар. Сондай-ақ олар су тоған балық шаруашылығы (учаске) иесі ұсынған сервитутпен, яғни балық шаруашылығының қажеттілігі үшін басқа су объектілерін мақсаттық пайдалануға шектеулі құқықпен қамтамасыз етіледі.Кәсіпшілік балық аулауды орындау кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер, олардың қызметіне қойылатын бірінші дәрежелі талаптарды оларға бекітілген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) балық ресурстарын қорғауды, көбейтуді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан, әрбір балық шаруашылық бассейніне (тоғандарына) балықтарды кәсіпшілік аулау өлшемі бекітіледі.
46.Қазақстанның су бассейндеріндегі балық қорлары, балық шаруашылығының халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі үлесін бағалаңыз.
Шүлбі су қоймасы орта өнімді су қойма болып табылады. Қазіргі кезде Шүлбі су қоймасы балық өсіруден гидралогиялық тәртіп бойынша қолайсыз болғанына қарамастан ШҚО маңызы жағынан 2-ші балық кәсіпшілік су қоймасы болып табылады. Балық өнімінің негізін торта және алабұға сонымен қатар табан құрайды. Көксеркенің саны және оны аулау біртіндеп өсуде. Су қойманың биоценоз процесінің қалыптасуы аяқталған жоқ, оған жіңішке денелі мөңке мен жіңішке денелі өзен шаянының пайда болуы және тез таралу дәлелдері айғақ болуда. Шүлбі су қоймасындағы балықтың қорын қорғауды, пайдалануды және қайта өндіруді оңтайлату мақсатында ұсынылады: торта, алабұга, табанның қорларын пайдаланудың өсін көбейту мақсатында міндетті түрде аумен аулауды енгізу;
Бұқтырма су қоймасы Жоғарғы Ертіс бассейнінің көлемді және өнімді суқоймасы, ол жалпы биоөнімнің 80-90% береді. Бұқтырма су қоймасында қазіргі кезде жергілікті ихтиофаунасы құрамындағы балықтың 16 түрі мекендейді, соның ішінде өнімділері шортан, алабұға, торта, аққайран, оңғақ, мөңке, лақа, сонымен қатар табан, көксерке, сазан, көкшұбар, ал бекіре, ақбалық-нельма, таймень мүлде құрып кетті, шортан, оңғақ, мөңке, таутан, сазан, лақа сияқты балықтар аулауға өз маңыздарын жоғалтты. Бұқтырма суқоймасындағы бағалы балық қоры ақырындап азайып барады. Реттейтін органдардың негізгі міндеттерінің бірі көксеркені ғана өндіруден кәсіпшілікті барлық ихтиофаунаны игеруге қайта бағдарлау, аумен аулаудың үлесін арттыру, балықты қайта өңдеуді ұйымдастыру (балық ұны, фарш, консерва, т.б.).
47.Қазақстанның өсімдіктер қоры және флоралық кадастрын құрастыру принциптерін келтіріңіз.
Қазақстан да өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра,рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары ОңтүстікБалқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 35 млн. жыл),неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Өсімдіктердің мемлекеттік кадастры (ӨМК) өсімдіктер туралы жинақталған деректер. ӨМК мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік ғылыми мекемелер мен кәсіпорындар орындаған ресми әкімшілік аумақтағы (аудан, облыс, республика) өсімдіктер туралы дерек жинайды. Қазір Қазақстанның 3 облысы (Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл) бойынша ӨМК жасалынған. ӨМК 2 бөлімнен тұрады. І бөлім өсімдіктердің конспектісі. Мұнда зерттелген аумақтың табиғи жағдайына, өсімдік жамылғысына толықтай сипаттама жасалып, сол жердегі өсімдік түрлерінің тізімі беріледі. Әр өсімдіктің қандай тұқымдасқа жататыны (оның латынның және жергілікті атауы), түрдің латынның және жергілікті бинарлық атауы, жалпы биологиялық сипаттамасы; экологиялық сипаттамасы, Қазақстанда таралу ерекшелігі, зерттеліп отырған ресми аумақта таралуы көрсетіледі. ІІ бөлім ресми аумақтың сиреп бара жатқан және жойылу қаупі бар өсімдіктер тізімі немесе Қазақстанның “Қызыл кітабы”
48.ҚР жайылым жерлері, олардың экологиялық ахуалын жақсарту іс-шараларын көрсетіңіз.
Қазақстан жерінің 181 млн гектар алқабы табиғи жайылымды жерлер. Ауыл шаруашылығының еншісіндегі 61,2 млн гектары (33,8 пайыз) жекеменшіктің қолында, 10,6 пайызы ғана ауылдар айналасындағы азаматтардың ортақ меншігіндегі аумақтар. Біздің жеріміздің 60 пайыздан астамы жайылымдық жер. Қазір республикамызда мал жаюға жарамды 188,4 миллион гектар жер бар деседі. Біз қазір оның 82,4 миллион гектарын пайдаланамыз, бұл дегеніміз бар жайылымдық жердің үштен бір бөлігін ғана пайдаланып, қалғанын жарамсыз деп танып отырмыз. Республикамыз төрт табиғи-климаттық аймақ пен екі таулы аймақта орналасқандықтан, біздің жайылымдарымызды пайдалану маусымдық сипатқа ие.
Бұл жерлердегі жыл сайын жаңаратын азық ресурсы шамамен 25 миллион тонна шөпке тең, бұл өзінің құнары бойынша бір миллиард пұт бидайға тең. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, бұл жыл сайынғы азық қоры 1,2 миллиард долларға бағаланады.
Сонымен қатар, осы бір ұлттық байлығымызға үлкен қауіп төніп тұр. Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі ҚР агенттігінің деректері бойынша, 25,5 миллион гектар жеріміз тозып кеткен. Бұл дегеніміз не? Біріншіден, ауыл шаруашылығы жағынан алғанда мал азығы массасының 50 және одан да жоғары пайызын жоғалтып алдық. Екіншіден, экологиялық тұрғыдан алғанда, жердің жоғары қабаты эрозияға ұшырап, шаңды-құмды ортаға айналды, бұл шаңды дауылдарға әкеледі. Үшіншіден, азығы жеткіліксіз болған мал дұрыс төлдей алмайды, бұл төрт түлік иелерінің экономикалық жағдайына әсер етеді.
49.ҚР шабындық жерлері, олардың экологиялық ахуалын жақсарту іс-шараларын көрсетіңіз.
Шабындық жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады.Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі. Тау шабындығы ылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 30 ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99-ы табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7,3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай,Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс,Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі. Мұндай шабындықтың әр гектарынан 8 10 ц пішен алынады. Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ өседі, олардан 8 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шөлейт аймағында өсетін шабындықта масақты шөптер мен бидайық кездеседі, оның әр гектарынан 5 7 ц пішен жиналады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле сияқты ірі өзендердің алқабында ғана болады. Бұл жерлердің шөбі ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі масақты өсімдіктер, әр гектарынан 10 15 ц-ден 20 25 ц-ге дейін пішен жиналады. Республикада шабындық жерлерді жақсарту үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөп тұқымы егіледі. Қаіргі кезде экологиялық жағдайы тәуір деп айтарлықтай аймақ Қазақстан жерінде жоқ десе,артық айтқандық болмас. Алайда, олардың ішінде экологиялық шырғалаңның шырмауына мықтап түскен Арал өңірі бәрінен де оқшау тұр. Бұл аймақтың экологиялық жай- күйінен хабардар болу үшін Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тұз аралас шаң-тозаңды , әр түрлі химиялық заттарымен қаныққан суы ішуге жарамсыз, Сырдариясын, аппақ сары бұрқыраған егістік, шабындық, жайылымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Осы орайда экологиялық хал-ахуалды жақсартудың шұғыл шараларын ұйымдастырудың керек екнін де түсінеміз. Экологиялық мәселелерге келгенде, жастар да қарап қалмай өз үлестерін қосу керек деп есептеймін. Себебі экологиялық проблемаларды шешу бұл жаппай халықтық іс.Қолайлы экологиялық жағдай жасау мақсатында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктерін айтқым келеді.
50.Қазақстанның тағамдық өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз.
Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер бізге бұрыннан мәлім. Баклажан.Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баклажанның гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.Баклажан - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баклажанның өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1,5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады.Қызанақ .Қызанақ алқа тұқымдас, қосжарнақты, шөптекті өсімдік. Ол жылу сүйетін өсімдік болғандықтан, алдымен көшетте егіледі. Қызанақтың жемісінен алынған шырыны тағамға пайдаланылады. Жеміс құрамында витаминдер (С, Р, В, А, К) өте көп. Қызанақты тұздал, сүрлемелеуге де болады.Ол-біржылдық өсімдік. Бұрыштар.Болгар тәтті бұрышы мен қызыл бұрыштар да алқа тұқымдас өсімдіктер. Бұрышта С витамині болады. Тағамды дәмдеуге пайдаланылады.Картоп.Ол - тағамдық және техникалық өсімдік, мал азығы ретінде де қолданылады. Картоптың жемісі жидек екенін естеріңде ұстаңдар. Ал тамырындағы түйнектер - оның жерасты өркені. Картопты тұқымынан өсіруге болады. Ең қолайлысы - картоптың көзшесі бар түйнек бөліктерінен өсіру. Картоп түйнегінде крахмал мол болады.
51.Қазақстанның шикізат-техникалық өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз.
Техникалық өсімдіктер дегеніміз - кез-келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер. Олардан өндірілетін өнімдерге байланысты техникалық өсімдіктер май алынатын, тоқыма үшін пайдаланылатын, крахмал алынатын, каучук, қант алынатын дақылдарға жіктеледі. Сондай-ақ илік, бояу және дәрілік өсімдіктер де болады. Алайда техникалық дақылдарды өзге мәдени дақылдардан ерекше шектеп қарауға болмайды. Өйткені техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік қасиеттері де болуы мүмкін.Үпілмәлік (клещевина) - көпжылдық сүттіген тұқымдас қосжарнақтылар класына жататын техникалық дақыл. Ол - биіктігі 10 метрге дейін жететін бір үйлі өсімдік. Бірінші жылы сабағының биіктігі 60-500 сантиметрге жетелі де күзгі салқында тіршілігін тоқтатады. Сабағының іші қуыс, буын-буынды, көп бұтақты болып келеді. Жапырақтары үлкен, ұзын сағақты. Гүлшоғыры - бұтақтар ұшында болатын шашақгул. Оның астыңғы бөлігінде аталық гүлдер, үстіңгі бөлігінде аналық гүлдер орналасады. Жемісі - қауашақ. Қауашағы домаланған немесе сопақтау, үш ұялы болады. Әрбір ұнда бір-бірден тұқымы бар. Қауашақ сыртын тікенектер қаптайды. Үпілмәліктің тұқымында 40-58%-ға дейін өте тұтқыр, кеуіп кетпейтін май болады. Оның майы төмен температурада да қатпайды және бензинде нашар ериді. Үпілмәлік майы авиациялық моторларды майлауға, металлургияда, тері, мата, сабын алу өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Үпілмәлік майы жеуге жарамсыз, медицинада іш жүргізуге қолданады. Үндістанда, басқа да елдерде түтіндемейтін болғандықтан, майшам ретінде пайдаланылады. Сабағының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқылады. Оның отаны - Шығыс Африка. Қазақстанда бір түрі - кәдімгі үпілмәлік Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған біржылдық өсімдік. Оның биіктігі 60-400 сантиметрге дейін жетелі. Үпілмәлік жылуды, жарықты, ылғалды, қара топырақты жерлерде өседі. Тұқымы 12-14С- де өнеді. Өсімді кезеңі 110-150 күн. Үпілмәлікті екпе дақылдар тәрізді жыртылған жерге кең қатарлап себеді. Себу нормасы - 1 гектарға 25-30 килограмм тұқым шашылады. Бұйдакендір (канатник)- құлқайыр тұқым дасқа жататын біржылдық, шөптекті өсімдік. Оның жапырағы, гүлдері ірі болады. Күлтесі - сары түсті. Жемісі - 11-30 ұялы қауашақ. Қауашақтың әр ұясында 3 - 5 ұсақ тұқымдары болады. Бұйдакендірдің сабақтарында 17-27% талшық бар, одан арқан есетін, қап тоқитын жіп алынады. Тұқымында тек техникалық мақсатқа пайдаланылатын 18-20% май болады. Отаны - Қытай деп есептеледі. Қазақстанда Каспий теңізінің маңында, Мұғалжарда өседі. Торғай, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле,Күнгей Алатауларында кездеседі. Бұйдакендір жарық сүйеді, ыстыққа төзімді.Жалбызтікен (алтей)- құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150 сантиметрге дейін бойлай өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік.
52.Қазақстанның малазықтық өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз.
Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады: 1.сүрлем, 2.көпжылдық бұршақ тұқымдастар, 3.көпжылдық астық тұқымдастар, 4.біржылдық астық тұқымдастар, 5.біржылдық бұршақ тұқымдастар, 6.малазықтық тамыр жемістілер, 7.малазықтық бақша дақылдар, 8. Жемазықты дақылдар. Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты сүрлем алу және жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме азықтандыру.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұны және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а.ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б.
Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т.б.жатады.
Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз өсіріледі.
53.Қазақстанның талшықты және эфир-майлы өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз
Талшықты (тоқыма) дақылдарынан Қазақстанда мақта өсімдігі, зығыр өсімдігі өсіріледі (Оңтүстік Қазақстан облысында). Оның егістік аумағы орта есеппен жыл сайын шамамен 195 мың га жетті, ал мақта шитінің жалпы түсімі 415 мың тоннадан асты. Мақта (Cossypіum), қозақұлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін ОртаАзия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 11,5 м. 12 негізгі бұтақтан 1015 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 35 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 2040 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Зығыр (Lіnum) зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар.Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр (L. usіtatіssіmum) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т.б. Эфир майлары күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің эртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция эдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда жэне басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық қүрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға және түйілуге қарсы дәрі, жүрек жүмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.
54.ҚР дәрілік өсімдіктер ресурстарын сипаттаңыз.
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр жэне асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда. Дэрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе химиялық құрамы мөлшерінде жэне олардың дам организміне тигізетін физиологиялық эсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал.
55.Минералдық ресурстар (қазба байлықтар) кадастрын құрастыру прициптерін көрсетіңіз.
Минералды ресурстардың Мемлекеттік кадастры ҚР табиғи ресурстарының ахуалы туралы мәліметтерді кеңістікті-үйлестіруді көрсетеді және өңдейді, сақтайды, жүйелеу, жинақтаудың автоматтандырылған жүйесін береді, бұл мәліметтердің сараптамалары Республикамыздың аймағындағы минералды ресурстарды сақтауға және қайта қалпына келтіруге, қорғаумен байланысты, ғылыми және өндірістік, басқарушылық міндеттерді шешу кезінде тиімді қолдану үшін қажет. Бұл жүйе “Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысына сәйкес құрылған.
Минералды ресурстар Мемлекеттік кадастрлерінің негізгі міндеттері мен мақсаттары:
табиғи ресурстардың ахуалы туралы шынайы және дер кезіндегі ақпараты туралы мемлекеттік басқару органдарына, ғылыми орта өкілдеріне, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларына ақпараттық қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының есебі, қазіргі заман бағдарламалы-техникалық құралдарды қолдану негізінде ақпаратты өңдеу және сақтау, жинақтау мүмкіндіктерінің стандартизациясы;
шолыма-сараптамалық сипаттағы құжаттардың және мемлекеттік статистикалық есептердің автоматты түрде құрылуы, ақпараттық ресурстарға жедел рұқсатты қамтамасыз етеді.
Кадастрлар қызметі:
ақпараттарды жинау, жүйелеу, өңдеу
ақпаратты сақтау және жинақтаудың координациясы
қазіргі заман талабының компьютерлі технологияларын қолдану
цифрлы картография
стандарттарға негізделі
біртұтас ақпараттық кеңістік
ақпараттық ресурстарды басқару
табиғатты қолдану мәселелерін шешу
Минералды ресурстарды таусылмайтын, тегін нәрсе сияқты түсіну, Қазақстанның берік нарық жолына түсуімен байланысты кадастрлық қызметтің табиғат ресурстарын кадастрлық бағалау элементінің мәні арта түсті. Минералы ресурстарды үнемді пайдалану мен қорғау үшін оның сандық, сапалық ресурстарын ғана емес, құндық бағасын да біліп отыру керек. Осы және басқа да біз ұсынған принциптерді заң жүзінде бекіту кадастрлық қызметті сауатты бәрі тиімді жүргізуге аса қажет.
Сонымен, минералды ресурстар кадастрын жүогізуде мына принциптерді сақтау керек:
Минералды ресурстар кадастрының принциптері дегенде, қолданыстағы заңмен бекітілген, минералды ресурстар кадастрын жүргізумен байланысты қатынастарды реттеу саласындағы басты бағыт пен құқық нормаларының мәнін білдіретін негіздерді түсіну керек. Бұл негіздер (кадастрдың) қоғамның экономикалық шарттарында жатыр. ҚР бағдарламасы мен экономикалдық саясатына негізделген олар біздің қоғамымыздың дамуының әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарын бейнелейді және мемлекеттің кадастрға қоятын талаптарын қалыптастырады. Минералды ресурстар кадастры принциптерінің мәнін асыра бағалау қиын, себебі соның негізінде мемлекеттік басқару органдарының экология саласындағы қызметі құрылады.
56.ҚР қазба байлықтарының сандық және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз.
Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
•жанатын отын-энергия қоры көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;
•рудалы, пайдалы қазбалар қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін, т.б. металдар кендері;
•бейруда пайдалы қазбалар химия шикізат (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.), отқа төзімді матеиалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар, т.б.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі: Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс. Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау азайту, қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы, т.с.с. Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану. Қазақстан жер қойнауындағы басты байлық түсті және қара металдар: мыс, мырыш, қорғасын, никель, вольфрам, молибден, темір және марганец рудалары, хромиттер. Республикада сондай-ақ, тас көмір мен қоңыр көмір, мұнай мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп. Жалпы алғанда, Қазақстан жер қойнауында 90-нан астам пайдалы қазбалардың түрі бар. Менделеевтің периодтық кестесіндегі элементтердің республикада табылмағаны жоқ деуге болады. Экологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда, осынау пайдалы қазбалардың өте маңызды ерекшелігі сол, олар көбінесе, жер бетіне жақын жатады, және сондықтан карьерлерден ашық әдіспен арзан алынады. Қазба қорларының молдығымен және сан алуандығымен кенді Алтай, Қаратау, Мұғаджар таулары, Торғай жазығы мен Маңғыстау түбегі ерекше көзге түседі. Қазақстанның дәлелденген газ қоры 2009 жылдың басында 1,82 трлн м³ (BP бағалауы бойынша), ол әлемдік қордың 1,7% -ын құрайды. Республика әлемдегі барланған уран кен орындарының қоры бойынша әлемде екінші орын алады, Қазақстан кен орындарында 1,69 млн тонна уран бар. Қазақстанның минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және малибден-үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен никель- сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің үлесі 200млрд. тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Шу, Теңіз-Қорғалжын, Іле, Орал Каспий жатады. Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам мұнай мен газ кен орыедарыныңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отарған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна. Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғандамұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл айын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орынындағытабиғи газ қоры1,3 триллион куб метрді құрайды. Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұный мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл правинцияларының болашағы зор. Қазақстан металл кен орындары барланған. Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торгай теміркен орныда өндіріледі.
57.Отын-энергетикалық ресуртар кадастрын құрастыру принциптерін келтіріңіз.
Қазақстанның отын өнеркәсібі негізінен мұнай, газ және көмір, тақтатас, шымтезекті өндіру мен өңдеуден тұрады. Отын-энергетикалық кешені- отын өнеркәсібі мен электр энергетикадан тұрады. Ол энергетикалық ресурстарды өндіріп, өңдеу және жылу мен энергияны өндіру, оларды тасымалдау, тарату, пайдалану бойынша салалардың күрделі жүйесі. Қазақстан өндіргіш күштерінің даму қарқыны мен орналасу ерекшеліктері көбінесе отын - энергетика базасына байланысты. Еліміздің экономикасында бұл кешен шетелдік және отандық инвестицияны өзіне тартатын приоритеттік өнеркәсіп салаларының бірі. Энергиямен қамтамасыз ету деңгейі еліміздің экономикалық даму негізін құруға, ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуге және еңбек өнімділігін арттыруда үлкен рөл атқарды. Жан басына шаққандағы электроэнергия өндіру - халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуы деңгейін анықтайтын көрсеткіш.
Отын-энергетикалық ресуртар кадастрын құрастыру принциптері:
1) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
2) электр энергетикасы, атом энергетикасы, минералдық ресурстар, отын-энергетика кешені, көмір, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі және атом энергиясын пайдалану салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) отын-энергетика кешенін дамытуды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
5)минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіруді қамтамасыз ету және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалану болып табылады.
электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну (желілер бойынша 0,4 кВт электр энергиясын беру мен тұтынудан басқа) және ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардың жылу энергиясын өндіруі саласында;
техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы, жабдықтың пайдалану сипаттамасы, энергия өндіретін, энергия беретін, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың (жылу желілерінен және белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан кем қазандықтардан басқа) технологиялық мұқтаждықтарына электр энергиясы мен жылу энергиясын жұмсау нормалары саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін (техникалық регламенттерді қоспағанда) әзірлейді және бекітеді;
6)жобалау, салу, жабдықтардың пайдалану және техника-экономикалық сипаттамалары, табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына арналған электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
7)инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы бекітеді;
8)энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер және инвестициялық шарттар жасасады;
9)энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерді және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды орындауына мониторинг жүргізеді;
10)энергия өндіруші ұйымдар тобын құрады;
11)жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
12)тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетгік органмен бірлесіп бекітеді;
13)кепіл болатын жеткізушіні анықтау тәртібін және оның жауапкершілігі аймағын бекітеді;
14)энергетикалық сараптама жүргізудің әдістемесін, тәртібі мен мерзімін белгілейді;
15)электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін жасау тәртібін белгілейді;
16) электр энергиясын орталықтандырылған сату нарығының жүйелік операторын және операторын айқындайды;
17) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастырылу ерекшеліктерін айқындайды;
18) қосарлас (шунттаушы) электр желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
19) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі авариялық бұзылулардың сыныптамасын, оларды болдырмау және жою үшін қолданылатын шараларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
20) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;
21) заттай көрінісінде ұлттық отын-энергетикалық теңгерімді әзірлейді;
22) энергия үнемдеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді;
23) Энергия үнемдеу сараптамасы туралы ережені әзірлейді;
24) энергия үнемдеу бағдарламаларын әзірлейді;
58.Отын-энергетикалық ресурстардың санды және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз.
Қазақстанның отын өнеркәсібі негізінен мұнай, газ және көмір, тақтатас, шымтезекті өндіру мен өңдеуден тұрады. Отын-энергетикалық кешені- отын өнеркәсібі мен электр энергетикадан тұрады. Ол энергетикалық ресурстарды өндіріп, өңдеу және жылу мен энергияны өндіру, оларды тасымалдау, тарату, пайдалану бойынша салалардың күрделі жүйесі. Қазақстан өндіргіш күштерінің даму қарқыны мен орналасу ерекшеліктері көбінесе отын - энергетика базасына байланысты. Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын
(мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау
енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты. Мұнай өнеркәсібі дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады. Мұнай өнеркәсібі күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар). Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008 жылы 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды. Мұнай аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%- ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ- қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар 500 м-ден төмен ңдтеікртее орналастғыарны. Л Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді. Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам
мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады. Дүниежүзі бойынша газ өндірісі XX ғасырдың ортасынан бастап өркендей бастады, содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи газбен қатар, мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот тыңайткыштары мен полимер өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен өндіреді, су астындағы газ жинау қондырғылары 500 м-ден астам тереңдікте жұмыс істейді. Қазіргі
кезде дамыған елдердің отын-энергетика құрылымында газ үлесі көмірмен бірдей мөлшерде. 2006 жылы дүниежүзінде 3646 млрд м3 табиғи газ өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен АҚШ-тың үлесіне тиесілі (40-сызбанұскаға қараңдар). Қазақстанда 2008 жылы 32,9 млрд м3 табиғи газ өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1474 м3-ден келеді.
Көмір өнеркәсібі Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 5060-жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.
59.Қызыл кітап және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер кадастрын құрастыру прициптерін көрсетіңіз.
Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Өсімдіктердің мемлекеттік кадастры (ӨМК) өсімдіктер туралы жинақталған деректер. ӨМК мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік ғылыми мекемелер мен кәсіпорындар орындаған ресми әкімшілік аумақтағы (аудан, облыс, республика) өсімдіктер туралы дерек жинайды. Қазір Қазақстанның 3 облысы (Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл) бойынша ӨМК жасалынған. ӨМК 2 бөлімнен тұрады. І бөлім өсімдіктердің конспектісі. Мұнда зерттелген аумақтың табиғи жағдайына, өсімдік жамылғысына толықтай сипаттама жасалып, сол жердегі өсімдік түрлерінің тізімі беріледі. Әр өсімдіктің қандай тұқымдасқа жататыны (оның латынның және жергілікті атауы), түрдің латынның және жергілікті бинарлық атауы, жалпы биологиялық сипаттамасы; экологиялық сипаттамасы, Қазақстанда таралу ерекшелігі, зерттеліп отырған ресми аумақта таралуы көрсетіледі. ІІ бөлім ресми аумақтың сиреп бара жатқан және жойылу қаупі бар өсімдіктер тізімі немесе Қазақстанның “Қызыл кітабы”. Бұл кітапқа енгізілген түрлер Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау комиссиясы мақұлдаған санат бойынша мынадай талантарға сай іріктеледі: 0(Ех) ұзақ жылдар табиғатта кездеспеген, жойылып кеткен түрлер; 1(Е) жойылып кету қаупі бар түрлер; 2(U) сирек түрлер, тез жойылып кету қаупі бар түрлер; 3(R) саны азайып бара жатқан түрлер; 4(І) белгісіз, бүгінгі күнде анықталмаған түрлер; 5(Со) ресурстық (дәрілік, тағамдық, әсемдік, жем-шөптік) түрлер. Сондай-ақ, “Қызыл кітапқа” енген түрлер бойынша төмендегідей мәліметтер беріледі: сиректік статусы; түрдің толық морфологиялық сипаттамасы; таралу ерекшелігі; экологиясы және биологиясы; саны мен ареалының өзгеру бағыты; шектеуші факторлар; қорғау шаралары.
Жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргiзу
Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры табиғи еркiндiк жағдайларында, ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда республика аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтiн жабайы жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) таралуы, биологиялық жай-күйi, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiн, сондай-ақ осы жануарлардың тiршiлiк ету жағдайлары (мекендейтiн ортасы), жүргiзiлетiн биотехникалық, қорғау, қалпына келтiру және өзге де iс-шаралар туралы негiзгi деректердi қамтиды.
Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастрын құрайтындар мыналар болып табылады:
1) жануарлар дүниесiнiң гендiк қор кiтабы - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi. Ол жануарлар дүниесiн есепке алудың және оның кадастрының бірыңғай зоологиялық негізiн қамтамасыз етеді және мынадай:
республика фаунасының құрамы;
жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) жүйелiк жағдайы, олардың ғылыми атаулары туралы мәлiметтердi;
жануарлардың таралуы және олардың саны;
экологиялық жүйелері мен популяцияларының таралуы жай-күйiнiң өзгеру үрдiстерi;
жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы мәлiметтердi қамтиды;
2)аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерiнiң кадастр кітаптары - өздерінiң аумақтық органдары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегi мекемелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
3)балықтардың және балық аулау объектiлерiне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кiтаптары - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
4)омыртқасыз жануарлардың ауыл шаруашылық кадастры кiтабы - өсiмдiктердiң зиянкес жәндiктерi мен ауыл шаруашылығы үшін пайдалы жәндiктер туралы өзінің аумақтық органдары беретін деректер бойынша өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргізедi;
5)омыртқасыз жануарлардың орман кадастры кітабы - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін жәндіктер - орман зиянкестерi мен орман шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы мәлiметтердi қамтитын деректер бойынша орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi;
6)сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң кадастры кiтабы - Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерi туралы өздерiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер негiзiнде тиiстi уәкiлеттi органдар және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
7)жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың жылдық есептерi;
8)жануарлар санын есепке алу материалдары.
Жануарлар дүниесiнiң кадастры цифрлық геоақпараттық жүйелер негiзiнде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Кадастр кiтаптарын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi орган айқындайды. Кадастрлар шеңберiнде алынған жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу мен тiркеу нәтижелерi Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерi мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiне тегiн берiледi.
60.Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің очерктерін құрастырыңыз
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
балықтың 4,қосмекенділердің 1,бауырымен жорғалаушылардың 8,құстардың 43,сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.
Екінші басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Ондабалықтардың 16,қосмекенділердің 3,бауырымен жорғалаушылардың 10,құстардың 58,сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, ондажәндіктердің 96,шаянтәрізділердің 1,ұлулардың 6,құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.
Үшінші басылым“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
1-категория жойылып бара жатқан;
2-категория саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория сирек кездесетін;
4- категория ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның
Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10,
қыналардың 1 түрі берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді
Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек, тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл, ұлар және т.б.), жорғалаушылар, қосмекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км- ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала, т.б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі.
61.Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғау іс-шараларын құрыңыз.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және алтай тауларыөсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, құлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 ж. қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің 155, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, қосмекенділердің 33, балықтардың 140 түрі тіршілік етеді. Қазақстанда біраз аң мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақұйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, т.б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала, сарыала қаз, шалшықшы т.б. атауға болады.
Жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру жолдары. Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар орман зиянкестері кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырау-құлақтар мен вирустар. Зиянкестердің кесірінен құрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45%-ы сапасыз болып шығады. Кейбір жылдары жүздеген гектар ормандардағы зиянкестермен үзбей күресуге тура келеді. Олар химиялық биологиялық күрес жолдарымен жүзеге асады. Химиялық күресте химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау қоршаған орта мен барлық тірі организмдер үшін ұқыптылықты қажет етеді. Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Срндықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнар, меруертгүл, жабайы жүзім, т.б. жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.
62.Жер қойнауына көмілген зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар, шайынды сулар кадастрларын құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
Жер қойнауына зиянды заттарды көму және сарқынды суларды ағызу қоршаған ортаны улы химикаттарды, сілтілерді, қышқылдарды, қолдануға тыйым салынған өнімдер мен материалдарды одан әрі пайдалануға және қайта өңдеуге жарамайтын жер бетінде және ашық алаңдарда сақталатын зиянды улы қалдықтармен ластаудың алдын алуға бағытталған шара болып табылады.
4.Жер қойнауына зиянды заттарды көму және сарқынды суларды ағызу үшін тиісті түрде жабдықталған табиғи жерасты қуыстары, кен шығарылған жерлер, ұңғымалар мен арнайы салынған қоймалар пайдаланылады.
5.Жер қойнауына зиянды заттарды көмуге және жер қойнауына сарқынды суларды ағызуға бір реттік және мерзімсіз берілетін рұқсатты алу үшін жеке немесе заңды тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1)жер қойнауына зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларды ағызуға арналған өтінімді;
2)жер қойнауына көмілуге тиіс зиянды заттардың және сарқынды суларды ағызудың сипаттамасын;
3)зиянды заттарды және сарқынды суларды жинақтау, тасымалдау және сақтау жүйесінің сипаттамасын;
4)зиянды заттарды және сарқынды суларды пайдалану мен залалсыздандырудың қолданылатын технологиялары туралы қысқаша мәліметтерді екі данада ұсынады.
Жер қойнауына көмуге жататын зиянды заттар мен сарқын сулардың сипаттамасы мынадай мәліметтерді:
1)өнімнің (материалдың) атауын;
2)шаруашылық қызметі объектісінің иесі берген, нәтижесінде зат түзілетін техникалық өндіріс немесе үдеріс туралы ақпаратты;
3)мемлекеттік немесе аккредиттелген жеке талдамалық зертхананың қорытындысында ұсынылған заттың жеке сипаттамасын (өрт-жарылыс қауіптілігі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен ұйлесімділігі);
4)шаруашылық қызмет объектісінің иесі анықтайтын, нәтижесінде зиянды заттар мен сарқынды сулар түзілген зиянды заттардың және сарқынды сулардың түзілуі мен сақталуының жылдық көлемін;
5)мемлекеттік немесе аккредиттелген жеке талдамалық зертхананың қорытындысы бойынша ұсынылған қауіптілік сыныбын көрсете отырып, зиянды заттардың және сарқынды сулардың толық химиялық құрамын, уытты компоненттері болуын қамтуы тиіс.
Жер қойнауына зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларды ағызуға арналған жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жобалау тек белгілі бір шекараларда (келісімшарттық аумақта) зиянды заттарды көму және сарқынды суларды ағызуды оқшаулау мүмкіндігі туралы және олардың жер қойнауының көршілес учаскелеріне және жерасты суларына қосылуын болғызбау кепілдігін қамтамасыз ету туралы инженерлік-гидрогеологиялық экологиялық зерттеулердің кешені негізінде алынған геологиялық-гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, экологиялық деректер болғанда ғана рұқсат беріледі.
11.Жеке және заңды тұлғалар жер қойнауына зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларды ағызуға арналған жерасты құрылыстарын салуда және (немесе) пайдалануда:
1)халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауды;
2)табиғи ландшафттарды және жарамсыз болған жерлерді қайта өңдеуді, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды сақтауды;
3)жер сілкінісін, көшкінді, су басуды, жер астындағы судың тасуын болдырмау мақсатында жер қойнауының жоғары қабаттарының энергетикалық жай-күйінің қасиеттерін сақтауды;
4)өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды;
5)авариялар мен олардың салдарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруды;
6)аварияларды, оқыс оқиғалар оқшаулау және жою үшін материалдық және қаржылық ресурстардың резервтерін;
7)авариялар, оқыс оқиғалар жағдайында бақылау, хабарландыру, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйесін құруды қамтамасыз етеді.
63.ҚО ластану реестрін құрастыру және экожүйелердің деградациялану деңгейін бағалауды көрсетіңіз.
Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағыЭкологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2.Қоршаған ортаның ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) онда ластану учаскелерінің түрлері мен шығу көзі, олардағы ластаушы заттардың көлемі мен шоғырлануы, ластану учаскелерінің тиесілілігі мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер жиналатын деректер банкі болып табылады.
3.Тізілімнің жүргізілуін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Тізілім орталық және аумақтық тізілімдерден тұрады.
4.Тізілім ластану учаскесінің тізілімдік паспорты (бұдан әрі - тізілімдік паспорт) негізінде жүргізіледі.
2.Тізілімді жүргізу тәртібі
5.Әрбір ластану учаскесіне табиғат пайдаланушы тізілімдік паспорт жасайды және оны тиісті аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына ұсынады.
6.Ереже қолданысқа енгізілетін күні бар, табиғат пайдаланушылар ластаған учаскелерге қатысты 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тізілімдік паспорттар жасалады және 2008 жылғы 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жіберіледі.
7.Жаңа ластану учаскесіне арналған тізілімдік паспортты табиғат пайдаланушы оны анықтағаннан кейін үш ай ішінде жасайды
8. Тізілімдік паспорт (осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес) мыналарды қамтиды:
1)тіркеу нөмірін;
2)ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы мен оның географиялық координаттарын;
3)нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге де қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрін;
4)меншігінде (иелігінде) ластану учаскесі орналасқан аумақ бар табиғат пайдаланушыны;
5)жер санатын;
6)ластану учаскесінің параметрлерін;
7)орналасудың техникалық шарттарын;
8)химиялық құрамын (ластаушы заттардың атауын, көлемін және шоғырлануын);
9)ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдарды;
10)ластану учаскесінің зерттелу дәрежесін;
11)ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамаларын;
12)ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шараларды.
9.Тізілімдік паспортты жасаған және тіркеген лауазымды тұлғалардың аты-жөнін және атқаратын лауазымын көрсете отырып, оған қол қойылады.
10.Тізілімдік паспорт аумақтық, қоршаған ортаны қорғау органында қабылданады, тіркеледі, есепке қойылады және сақталады.
11.Ластану учаскелерін тіркеу табиғат пайдаланушыдан тізілімдік паспортты алған күннен бастап бір ай ішінде ресімделеді.
12.Тізілімдік паспорттар Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда олар тіркелмейді және олар аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарына түскен күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде табиғат пайдаланушыға тіркеуден бас тартылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде пысықтауға қайтарылады.
13.Тіркелген тізілімдік паспорттар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ресімделген тізілімге енгізіледі.
14.Табиғат пайдаланушыға тіркелген тізілімдік паспорттың көшірмесі беріледі.
15.Тізілімдік паспорттың осы Ереженің 8-тармағының 4), 6), 8), 12)тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін табиғат пайдаланушы жыл сайын жаңартып отырады және 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жібереді.
16.Аумақтық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:
1)аумақтық тізілімге тиісті жазба енгізу жолымен ластану учаскелерін тіркеуді;
2) тізілімдік паспорттарды аудандар бойынша толықтыруды және сақтауды;
3)мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді;
4)аумақтық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды), оның ішінде алып тастаудың күні мен негіздерін көрсете отырып, тізілімнен ластану учаскесін алып тастауды.
17.Әрбір ластану учаскесіне тіркеу нөмірі беріледі. Аумақтық тізілімнен алынып тасталған тіркеу нөмірі жаңа ластану учаскелеріне берілмейді. 18.Ластану учаскелерін аумақтық тізілімнен алып тастау аумақтық қоршаған ортаны қорғау органымен келісілген ластануды жою туралы жобаны және осы учаскеде орындалған жұмыстар актісін табиғат пайдаланушының ұсынуы негізінде жүргізіледі. 19.Аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары аумақтық тізілімді жыл сайын 10 мамырдан кешіктірмей электрондық жеткізгішпен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) ұсынады, жаңа ластану учаскелері анықталған жағдайда ақпарат аумақтық тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынылады. 20.Орталық тізілімді жүргізуді орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
21.Орталық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды:
1)ластану учаскелері туралы ақпаратты орталықтандырылған жинауды;
2)орталық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды);
3)мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді.
22.Орталық тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарынан келіп түскен жазбаша ақпараттың негізінде орталық атқарушы орган жасайды.
3.Қорытынды ережелер. 23.Тізілімге тізілімдік паспорттардың уақтылы енгізілуін, ақпараттың дұрыстығын бақылауды, сондай-ақ ластану учаскелерінің тізілімдік паспорттарын талдауды, есепке алуды, жүйелеуді, сақтауды және оларды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құруды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары жүзеге асырады.
65.Есеп: Эталон ауыр құмбалшықты оңтүстік қара топырақтың гумусты қабатының (А+В) қалыңдығы 76 см, ондағы гумус қоры 234 т/га. Қалыңдығы орташа (А+В) 59 см, гумус қоры 165,2 т/га кұңгітр қара-қоңыр топырақтың бонитет баллдарын анықтаңыз (Ф.Я.Гаврилюк бойынша).
Шешуі:
Бб=Sф/Sф*100
Борт=Б1+Б2/2;
Б1=59/76*100=77,6
Б2=165.2/234*100=70.6
Жауабы: Борт=74,1балл
66.Есеп: Топырақтың бонитет баллын келесі мәліметтер бойынша есептеңіз (Ф.Я.Гаврилюк әдісімен): оңтүстік қара топырақта А+В = 76 см, гумус қоры 234 т/га; орташа қалыңдықты қара-қоңыр топырақта А+В = 45 см, гумус қоры 116,3 т/га; шалғынды күңгірт қара-қоңыр топырақта А+В = 55 см, гумус қоры 217,8 т/га.
Шешуі:
1)эталон А+В=76см, гумус 234т/га
2)қара-қоңыр А+В=45см, гумус 116,3т/га
3)күнгірт қара қоңыр А+В=55см, гумус 217,8т/га.
Бб=Sф/Sф*100;
Бк2орт=Бк2.1+Бк2.2/2;
Бкл.орт=Бкл1+Бкл2/2;
Бк2.1=45/76*100=59,21
Бк2.2=116,3/234*100=49,7
Бкл2=55/76*100=72,37
Бкл2=217,8/234*100=93,08
Бк2орт=54,45
Бкл.орт=72,83
67.Есеп: Жаздық арпаның көпжылдық орташа өнімі кәдімгі қара топырақта 15 ц/га тең, оңтүстік қара топырақта 13,5 ц/га, күнгірт қара-қоңыр топырақта 11,0 ц/га, орташа қара-қоңыр топырақта 8,0 ц/га, ашық қара-қоңыр топырақта 6,0 ц/га. Өнімділігі бойынша топырақтардың бонитет баллдарын есептеп шығарыныз.
Шешуі:
Бб=Sф/Sф*100
Бч1=13,5/15*100=90
Бк3=11.0/15.0*100=73.3
Бk2=8.0/15.0*100=53.3
Бk1=6.0/15.0*100=40
68.Есеп: Кестедегі мәліметтер бойынша топырақтың бонитет баллын Топырақтану институтының әдісі бойынша есептеңіз:
Топырақ типі |
Гумус қоры, т/га |
Жалпы азот, т/га |
Сіңірілген катиондар суммасы, мг-экв / 100 г |
||
АЖ |
А+В |
АЖ |
АЖ |
А+В |
|
Оңтүстік қара |
120 |
234 |
6,39 |
33,1 |
36,2 |
Күңгірт қара-қоңыр |
98,6 |
165,2 |
5,91 |
26,2 |
30,1 |
Орташа қара-қоңыр |
89,8 |
116,3 |
5,79 |
24,3 |
25,1 |
Ашық қара-қоңыр |
54,0 |
62,0 |
3,92 |
17,9 |
18,7 |
Топырақ бонитет баллын (Б) есептеу формуласы: Б = (БГ + БА + БС ) : 3;
Мұнда БГ - гумустың даллы; БА - азоттың баллы; БС сіңірілген катиондар баллы.
69.Есеп:Қазақстан Республикасының егістігіндегі топырақ бонитиров-касының ресми әдісі бойынша кәдімгі орташа қара-қоңыр топырақ тірлерінің бонитет баллдарын есептеңіз. Жарты метрлік қабатта орташа гумус мөлшері, %:
Эталонды топырақта гумусы 7 %. Есептеу формуласы: Б = (ГФ : ГЭ)х100.
Шешуі:
Б1=1,13/7×100=16,1 Б1=0,50/7×100=7,1
Б2=1,32/7×100=18,8 Б2=0,81/7×100=11
Б3=1,55/7×100=22,1 Б3=0,92/7×100=13,1
Б4=1,94/7×100=27,7 Б4=1,41/7×100=20,1
Б5=2,15/7×100=30,7 Б5=1,81/7×100=25
Б6=2,10/7×100=30
70.Есеп:Эталон топыраққа кәдімгі қара топырақты алып Қазақстанның жазығындағы егістік топырақтарының бонитет баллдарын екі әдіспен есептеп шығарыңыз: Топырақтану институтының және есептеуге 0-50 см қабатын алып, эталондық гумус мөлшеріне 5,62% алып ҚР ресми әдісімен.
71.Есеп: Жаздық бидайдың көпжылдық орташа өнімі кәдімгі қара топырақта 14 ц/га тең, оңтүстік қара топырақта 12,1 ц/га, күнгірт қара-қоңыр топырақта 10,1 ц/га, орташа қара-қоңыр топырақта 7,1 ц/га, ашық қара-қоңыр топырақта 5,1 ц/га. Өнімділігі бойынша топырақтардың бағалану баллдарын есептеп шығарыныз.
Шешуі:
1)Қара топырақ
Б=12,1/14*100=86,4
2) Күңгірт қара-қоңыр топырақ
Б=10,1/14*100=72,1
3)Орташа қара-қоңыр топырақ
Б=7,1/14*100=50,7
4)Ашық қара-қоңыр топырақ
Б=5,1/14*100=36,4
72.Есеп: Келесі мәліметтер бойынша топырақтардың бонитет балдарын есептеңіздер: оңтүстік қара топырақта А+В = 76 см, гумус қоры 234 т/га; қара-қоңыр топырақта А+В = 45 см, гумус қоры 116 т/га; шалғынды қара-топырақта А+В = 55 см, гумус қоры 217 т/га.
Шешуі:
1)эталон А+В=76см, гумус 234т/га
2)қара-қоңыр А+В=45см, гумус 116,3т/га
3)күнгірт қара қоңыр А+В=55см, гумус 217,8т/га.
Бб=Sф/Sф*100;
Бк2орт=Бк2.1+Бк2.2/2;
Бкл.орт=Бкл1+Бкл2/2;
Бк2.1=45/76*100=59,21
Бк2.2=116,3/234*100=49,7
Бкл2=55/76*100=72,37
Бкл2=217,8/234*100=93,08
Бк2орт=54,45
Бкл.орт=72,83
73.Есеп: Жаздық арпа егілген әр қайсысының көлемі 10 га болатын үш егістіктің танаптық агроэкономикалық бағасын төменгі кестедегі мәліметтер бойынша анықтаңыз:
Танап сипаттамасы |
Дақыл өнімділігі, ц/га |
Өнімнің өздік құны, тенге/ц |
Жұмсалған күрделі қаржы, мың тенге/га |
Соңғы танап |
10 |
1000 |
36,0 |
1-ші тана бойынша |
20 |
900 |
24,0 |
2-ші тана бойынша |
25 |
800 |
27,0 |
3-ші тана бойынша |
35 |
700 |
29,0 |
Шешуі:
1)10ц/га х 1000=10 000теңге х 10га=100 000-36000=64000теңге
2)20ц/га х 900=18 000теңге х 10га=180 000-24000=156000теңге
3)25ц/га х 800=20 000теңге х 10га=200 000-27000=173000теңге
4)35ц/га х 700=24 500теңге х 10га=245 000-29000=216000теңге
74.Есеп:Ауыспалы егістік алқабы үш топырақ контурынан тұрады: 1)Таза ауыр-құмбалшықты күңгірт қара-қоңыр топырақ - 40 га, 2)Ауырқұмбалшықты күңгірт қара-қоңыр топыраққа 30-50% шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ араласқан 160 га, 3)Ауырқұмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топыраққа 10-20% таза сортаң араласқан - 200 га. Осы алқаптың орташа балл бонитетін есептеп шағарыңыз, әр топырақ былай бағаланса: ауырқұмбалшықты күңгірт қара-қоңыр топырақ 80, ауыр-құмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топырақ 60, шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ 120, таза сортаң 40 балл.
Жауабы:
К3=40га
К3+Кл=160га
К3сн+СН=200га
Барлығы=400га
K3-80-40га+96га 136*80=10880
К3CH-60б-170га 170*60=10200
Кл-120б-64га 64*120=7680
CH-40б-30га 30*41200
29950/400=74.9б
75.Есеп: Солтүстік Қазақстан облысында 400 га-дан түратын алқаптың 4 топырақ контуры бар: 1) кәдімгі қара топырақ 200 га, 2) шалғынды қара топырақ 90 га, 3) сортаңданған қара топырақ 70 га, 4) таза сортаң 40 га. Осы алқаптың орташа балл бонитетңн есептеп шығарыңыз әр топырақ былай бағаланса: кәдімгі қара топырақ 100, шалғынды қара топырақ 120, сортаңданған қара топырақ 70, сортаң 45 балл.
Шешуі:
1)Кәдімгі қара топырақ -200га *100=20000
2)Шалғынды қара топырақ - 90га *120=10800
3)Сортаңдалған қара -70га*45=3150
4)Таза сортаң СH -40га* 45= 1800
76.Есеп: Қарағанды облысының ЖШС шаруашылығын жері мынандай топырақтардан тұрады: ауырқұмбалшықты карбонатты оңтүстік қара топырақ 2400 га, бонитет баллы 100; ауырқұмбалшықты карбонатты қара-қоңыр топырақ 8400 га, бонитет баллы 85; ауыр-құмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топырақ 4300 га, бонитет баллы 60; шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ 1040 га, бонитет баллы - 120, таза сортаң 2800 га, бонитет баллы - 40 балл. ЖШС шаруашылық жерінің орташа балл бонитетін есептеп шығарып бағалаңыз.
Шешуі:
2400 га *100 = 240000
8400 га * 85 = 7140000
4300 га * 60 = 2580000
1040 га *120 =124800
5)таза сортаң=CH- 2800 га * 40 = 112000
=18940 га
77.Есеп:Ақмола облысының ЖШС шаруашылығын жері мынандай топырақтардан тұрады: ауырқұмбалшықты карбонатты оңтүстік қара топырақ 1550 га, бонитет баллы 97; ауырқұмбалшықты карбонатты қара-қоңыр топырақ 20400 га, бонитет баллы 87; ауыр-құмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топырақ 3800 га, бонитет баллы 66; шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ 2030 га, бонитет баллы - 120, таза сортаң 850 га, бонитет баллы - 45 балл. ЖШС шаруашылық жерінің орташа балл бонитетін есептеп шығарып бағалаңыз.
Шешуі:
1)Ч1=1550га х 97балл =150350
2)К3к =20400га х 81балл=1652400
3)К3=3800га х 66балл=250800
4)Кл3=2030га х 120балл=243600
5)СН=850га х 45балл=38250
∑т=28630га
∑б.б. =2335400балл
Борт=∑б.б/∑т
Ботр=2335400/28630=81,57
78.Есеп: Аудандары 400 га-дан ауыспалы егістіктің 2 алқаптарындағы жаздық бидайдың көпжылдық оорташа өнімділігің есептеп болжаңыз. 1-ші алқаптың топырағы ауырқұмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр, бонитет баллдары 79. 2-ші алқап 3 компонентті: балл бонитеті 86 негізгі карбонатты қара-қоңыр топырақпен балл бонитеті 116 болатын 20-30% ауданында шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ араласқан, олардың арасында балл бонитеті 45 сортаңдар 10% ауданда алып жатыр. Бидайдың өнімімен бағалағанда 1 балл бонитет құны 10,4 кг бидай.
Шешуі:
1)К3=79банитет балл х 200га =15800б
2)К3=86балл х 150га=12900б
3)Кл=116балл х 30га=3480б
4)СН=45балл х 20га=900б
(15800+12900+3480+900)/400=82,7балл
79.Есеп: Ақмола облысының егістігің Шортанды ауданында бонитеті 100 балл оңтүстік қара топырақ - 12%, бонитеті 88 балл күнгірт қара-қоңыр топырақ - 73%, бонитеті 32 балл сортаң - 15% жерін алып жатыр. Шортанды ауданы жерінің орташа бонитет баллдарын есептеп өнімділігін болжаңыз, егерде 1 баллдың құны 9,4 кг бидайға тең болса.
Шешуі:
100б * 12%=1200
88б * 73%=6424
32б * 15%=480
--------------------- (8104)/100 = 81,04 * 9,4 = 761,7
Сонымен, Шортанды ауданы жерінің орташа бонитет балы 81,04 б тең, ал 1 баллдың құны 9,4 кг бидайға тең болса онда орташа бонитет балы 761,7 кг бидайға тең.
80.Есеп: Ақмола облысының Есіл ауданының егістігінде бонитеті 87 балл күнгірт қара-қоңыр топырақ - 50%, бонитеті 67 балл сортаңданған қара-қоңыр топырақ - 30%, бонитеті 32 балл сортаңдар - 20% жерін алып жатыр. Есіл ауданы жерінің орташа бонитет баллдарын есептеп өнімділігін болжаңыз, егерде 1 балл құны 9,5 кг бидайға тең болса.
Шешуі:
87б * 50%=4350
67б * 30%=2010
32б * 20%=640
---------------------(7000)/100 = 70 * 9,5 = 665
Сонымен, Есіл ауданы жерінің орташа бонитет балы 70 б тең, ал 1 баллдың құны 9,5 кг бидайға тең болса онда орташа бонитет балы 665 кг бидайға тең.
1 |
Экологиялық кадастр құрастыру принциптері, экологиялық кадастрды құрайтын табиғи ресурстар сызба-нұсқасын келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 |
Жер кадастрын құрастыру принциптерін баяндаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 |
Жер пайдалану құқықтық негіздерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 |
Жер кадастрының жер участкелерін тіркеу, орналастыру, пайдалану, құжаттарын дайндау іс-шараларын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 |
Жер кадастрының жер участкелерін бағалау іс-шараларын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6 |
Қазақстанның жер санаттарының сандық және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 |
Жер ресурстарының сандық көрсеткіштерінің мәліметтерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8 |
Қазақстанның табиғи-климаттық аймақтарына сипаттама беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9 |
Қазақстанның агроклиматтық ресурстарын сипаттаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 |
Топырақ бонитировкасының мақсаты мен міндеттерін, топырақ бонитировкасын жасау әдістерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
11 |
Жерді агроөнеркәсіптік топтандыруды келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
12 |
Қазақстанның жер ресурстарын табиғи-климаттық аймактары бойынша орналасуын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
13 |
Жер ресурстарын экономикалық бағалау принциптерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
14 |
Қазақстан топырақтарының бонитет баллдарын есептеп шығаруын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
15 |
Жер ресурстарын экономикалық бағалау. Жердің құны, төлемдерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
16 |
Жер участкелерін орналастыру және пайдалану жұмыстарын сипаттаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17 |
Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
18 |
Су ресурстары және су кадастрын құрастыру принциптерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
19 |
Су ресурстарын пайдалану құқықтық негіздерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
20 |
Қазақстанның су бассейндерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
21 |
Судың сапасын анықтау, бағалау әдістерін сипаттаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
22 |
ҚР су бассейндеріне жалпы сипаттама беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
23 |
Су ресурстарын экономикалық бағалау. Судың құнын есептеуді көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
24 |
Жаиқ-Каспий су бассейні кадастрын келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
25 |
Тобыл-Торғай су бассейні кадастрын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
26 |
Есіл су бассейні кадастрын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
27 |
Нұра-Сарысу су бассейні кадастрын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
28 |
Ертіс су бассейні кадастрын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
29 |
Балқаш-Алакөл су бассейні кадастрын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
30 |
Шу-Талас су бассейні кадастрын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
31 |
Арал-Сырдария су бассейні кадастрын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
32 |
Қазақстанның орман қоры және орналасуын сипаттаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
33 |
Орман кадастрының құрастыру принциптерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
34 |
Орман шаруашылығын ұйымдастыру және басқару қызметіне сипаттама беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
35 |
ҚР орман шаруашылығы қызметі, мақсаттары мен міндеттерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
36 |
ҚР орман қорларын экономикалық бағалауын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
37 |
Орман қорларын өрт қауіпінен сақтау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану жолдарын түсідіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
38 |
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар кадастрын құрастыру принциптерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
39 |
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар сипаттамаларын жасаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
40 |
ҚР қорықтарын, парктерін, ұлттық парктерін, резерваттарын сипаттаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
41 |
Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз, фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
42 |
ҚР кәсіпқой-аңшылық жануарлар кадастрын құруды сараптаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
43 |
Қазақстан Қызыл кітабына енген жануарлар, оларды сақтап қалу іс-шараларын келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
44 |
ҚР өзендер мен көлдеріндегі, су қоймаларындағы балық түрлерін анықтау және бағалау жұмыстарын талдаңыз, балықтар қорының реестрін құрастыру принциптерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
45 |
Кәсіпшілік балықтар қоры, оларды қалпына келтіру іс-шараларын келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
46 |
Қазақстанның су бассейндеріндегі балық қорлары, балық шаруашылығының халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі үлесін бағалаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
47 |
Қазақстанның өсімдіктер қоры және флоралық кадастрын құрастыру принциптерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
48 |
ҚР жайылым жерлері, олардың экологиялық ахуалын жақсарту іс-шараларын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
49 |
ҚР шабындық жерлері, олардың экологиялық ахуалын жақсарту іс-шараларын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
50 |
Қазақстанның тағамдық өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
51 |
Қазақстанның шикізат-техникалық өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
52 |
Қазақстанның малазықтық өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
53 |
Қазақстанның талшықты және эфир-майлы өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
54 |
ҚР дәрілік өсімдіктер ресурстарын сипаттаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
55 |
Минералдық ресурстар (қазба байлықтар) карастрын құрастыру принциптерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
56 |
ҚР қазба байлықтарының сандық және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
57 |
Отын-энергетикалық ресурстар кадастрын құрастыру принциптерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
58 |
Отын-энергетикалық ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштерін келтіріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
59 |
Қызыл кітап және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер кадастрын құрастыру принциптерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
60 |
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің очерктерін құрастырыңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
61 |
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін қорғау іс-шараларын құрыңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
62 |
Жер қойнауына көмілген зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар, шайынды сулар кадастрларын құрастыру принциптерін көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
63 |
ҚО ластану реестрін құрастыру және экожүйелердің деградациялану деңгейін бағалауды көрсетіңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
64 |
ҚР территориясындағы ірі қалдықтар қоймаларын бағалаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
65 |
Есеп: Эталон ауыр құмбалшықты оңтүстік қара топырақтың гумусты қабатының (А+В) қалыңдығы 76 см, ондағы гумус қоры 234 т/га. Қалыңдығы орташа (А+В) 59 см, гумус қоры 165,2 т/га кұңгітр қара-қоңыр топырақтың бонитет баллдарын анықтаңыз (Ф.Я.Гаврилюк бойынша). |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
66 |
Есеп: Топырақтың бонитет баллын келесі мәліметтер бойынша есептеңіз (Ф.Я.Гаврилюк әдісімен): оңтүстік қара топырақта А+В = 76 см, гумус қоры 234 т/га; орташа қалыңдықты қара-қоңыр топырақта А+В = 45 см, гумус қоры 116,3 т/га; шалғынды күңгірт қара-қоңыр топырақта А+В = 55 см, гумус қоры 217,8 т/га. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
67 |
Есеп: Жаздық арпаның көпжылдық орташа өнімі кәдімгі қара топырақта 15 ц/га тең, оңтүстік қара топырақта 13,5 ц/га, күнгірт қара-қоңыр топырақта 11,0 ц/га, орташа қара-қоңыр топырақта 8,0 ц/га, ашық қара-қоңыр топырақта 6,0 ц/га. Өнімділігі бойынша топырақтардың бонитет баллдарын есептеп шығарыныз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
68 |
. Есеп: Кестедегі мәліметтер бойынша топырақтың бонитет баллын Топырақтану институтының әдісі бойынша есептеңіз:
Топырақ бонитет баллын (Б) есептеу формуласы: Б = (БГ + БА + БС ) : 3; Мұнда БГ - гумустың даллы; БА - азоттың баллы; БС сіңірілген катиондар баллы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
69 |
Есеп: Қазақстан Республикасының егістігіндегі топырақ бонитиров-касының ресми әдісі бойынша кәдімгі орташа қара-қоңыр топырақ тірлерінің бонитет баллдарын есептеңіз. Жарты метрлік қабатта орташа гумус мөлшері, % : Топырақ түрлері Қалыңдығы орташа Қалыңдығы төмен Құмды 1,13 0,50 Құмдақты 1,32 0,81 Жеңіл құмбалшықты 1,55 0,92 Орташа құмбалшықты 1,94 1,41 Ауыр құмбалшықты 2,15 1,81 Жеңіл балшықты 2,10 - Эталонды топырақта гумусы 7 %. Есептеу формуласы: Б = (ГФ : ГЭ )х100. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
70 |
Есеп: Эталон топыраққа кәдімгі қара топырақты алып Қазақстанның жазығындағы егістік топырақтарының бонитет баллдарын екі әдіспен есептеп шығарыңыз: Топырақтану институтының және есептеуге 0-50 см қабатын алып, эталондық гумус мөлшеріне 5,62% алып ҚР ресми әдісімен.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
71 |
Есеп: Жаздық бидайдың көпжылдық орташа өнімі кәдімгі қара топырақта 14 ц/га тең, оңтүстік қара топырақта 12,1 ц/га, күнгірт қара-қоңыр топырақта 10,1 ц/га, орташа қара-қоңыр топырақта 7,1 ц/га, ашық қара-қоңыр топырақта 5,1 ц/га. Өнімділігі бойынша топырақтардың бағалану баллдарын есептеп шығарыныз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
72 |
Есеп: Келесі мәліметтер бойынша топырақтардың бонитет балдарын есептеңіздер: оңтүстік қара топырақта А+В = 76 см, гумус қоры 234 т/га; қара-қоңыр топырақта А+В = 45 см, гумус қоры 116 т/га; шалғынды қара-топырақта А+В = 55 см, гумус қоры 217 т/га. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
73 |
Есеп: Жаздық арпа егілген әр қайсысының көлемі 10 га болатын үш егістіктің танаптық агроэкономикалық бағасын төменгі кестедегі мәліметтер бойынша анықтаңыз:
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
74 |
Есеп: Ауыспалы егістік алқабы үш топырақ контурынан тұрады: 1)Таза ауыр-құмбалшықты күңгірт қара-қоңыр топырақ - 40 га, 2)Ауырқұмбалшықты күңгірт қара-қоңыр топыраққа 30-50% шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ араласқан 160 га, 3)Ауырқұмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топыраққа 10-20% таза сортаң араласқан - 200 га. Осы алқаптың орташа балл бонитетін есептеп шағарыңыз, әр топырақ былай бағаланса: ауырқұмбалшықты күңгірт қара-қоңыр топырақ 80, ауыр-құмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топырақ 60, шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ 120, таза сортаң 40 балл. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
75 |
Есеп: Солтүстік Қазақстан облысында 400 га-дан түратын алқаптың 4 топырақ контуры бар: 1) кәдімгі қара топырақ 200 га, 2) шалғынды қара топырақ 90 га, 3) сортаңданған қара топырақ 70 га, 4) таза сортаң 40 га. Осы алқаптың орташа балл бонитетңн есептеп шығарыңыз әр топырақ былай бағаланса: кәдімгі қара топырақ 100, шалғынды қара топырақ 120, сортаңданған қара топырақ 70, сортаң 45 балл. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
76 |
Есеп: Қарағанды облысының ЖШС шаруашылығын жері мынандай топырақтардан тұрады: ауырқұмбалшықты карбонатты оңтүстік қара топырақ 2400 га, бонитет баллы 100; ауырқұмбалшықты карбонатты қара-қоңыр топырақ 8400 га, бонитет баллы 85; ауыр-құмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топырақ 4300 га, бонитет баллы 60; шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ 1040 га, бонитет баллы - 120, таза сортаң 2800 га, бонитет баллы - 40 балл. ЖШС шаруашылық жерінің орташа балл бонитетін есептеп шығарып бағалаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
77 |
Есеп: Ақмола облысының ЖШС шаруашылығын жері мынандай топырақтардан тұрады: ауырқұмбалшықты карбонатты оңтүстік қара топырақ 1550 га, бонитет баллы 97; ауырқұмбалшықты карбонатты қара-қоңыр топырақ 20400 га, бонитет баллы 87; ауыр-құмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр топырақ 3800 га, бонитет баллы 66; шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ 2030 га, бонитет баллы - 120, таза сортаң 850 га, бонитет баллы - 45 балл. ЖШС шаруашылық жерінің орташа балл бонитетін есептеп шығарып бағалаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
78 |
Есеп: Аудандары 400 га-дан ауыспалы егістіктің 2 алқаптарындағы жаздық бидайдың көпжылдық оорташа өнімділігің есептеп болжаңыз. 1-ші алқаптың топырағы ауырқұмбалшықты сортаңданған күнгірт қара-қоңыр, бонитет баллдары 79. 2-ші алқап 3 компонентті: балл бонитеті 86 негізгі карбонатты қара-қоңыр топырақпен балл бонитеті 116 болатын 20-30% ауданында шалғынды күнгірт қара-қоңыр топырақ араласқан, олардың арасында балл бонитеті 45 сортаңдар 10% ауданда алып жатыр. Бидайдың өнімімен бағалағанда 1 балл бонитет құны 10,4 кг бидай. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
79 |
Есеп: Ақмола облысының егістігің Шортанды ауданында бонитеті 100 балл оңтүстік қара топырақ - 12%, бонитеті 88 балл күнгірт қара-қоңыр топырақ - 73%, бонитеті 32 балл сортаң - 15% жерін алып жатыр. Шортанды ауданы жерінің орташа бонитет баллдарын есептеп өнімділігін болжаңыз, егерде 1 баллдың құны 9,4 кг бидайға тең болса. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
80 |
Есеп: Ақмола облысының Есіл ауданының егістігінде бонитеті 87 балл күнгірт қара-қоңыр топырақ - 50%, бонитеті 67 балл сортаңданған қара-қоңыр топырақ - 30%, бонитеті 32 балл сортаңдар - 20% жерін алып жатыр. Есіл ауданы жерінің орташа бонитет баллдарын есептеп өнімділігін болжаңыз, егерде 1 балл құны 9,5 кг бидайға тең болса. |