Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Персоналды бас~ару п~нінен тест с~ра~тары 11

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 31.5.2024

«Персоналды басқару»

пәнінен тест сұрақтары

1. «Менеджмент» - дегеніміз:

А.  Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

В.  Билік және басқару өнері;

С.  Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

Д.  Басқару органы, әкімшілік бөлігі;

Е.  Барлық жауап дұрыс.

2.  Менеджмент функциясына жатпайтын нұсқаны көрсетіңіз:

А. Ынталандыру;

В.  Жоспарлау;

С.  Бағалау;

Д.  Бақылау;

Е.  Ұйымдастыру.

      3. Басқару жүйесіндегі жүйелерді басқару шартына жатпайтын нұсқаны атаңыз:

А. Басқарушы мен басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланыстың болуы;

В.  Жүйенің басқару ықпалын күшейту қабілеті;  

С.  Жүйелердің жалпыдан жекеге ауысуы;

Д.  Жүйелердің динамикалығы;

Е.  Жүйелердің тұтастық сипаты.

4. Ұйымдық құрылымды қалыптастыру әдісіне жатпайды:

А.  Сараптық-талдамалық;

В. Ұйымдық үлгілеу;

С.  Мақсаттарды құрылымдау;

Д.  Ұқсастықтар;

Е.   Синтездеу.

5.  Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы процестердің негізгі сатылары:

А.  Құрылымдау, сараптау, композиция;

В.  Композиция, құрылымдау, регламенттеу;

С.  Композиция, сараптау, регламенттеу;

Д.  Регламенттеу, сараптау, талдау;

Е.  Дұрыс жауап жоқ.

6.  Жұмысшыларды іріктеу жүйесіне кірмейтін нұсқаны таңдаңыз:

А.  Қызметкердің қандай қоғамдық ұйымға мүше болғандығы;

В. Белгілі бір оқу орнымен үнемі қатынаста болу, жұмысқа қабылдау кезінде кепілдемелер жүйесін қолдану;

С. Отбасылық жағдайды зерттеу, кепілдемелер мен сын-пікірлерді бағалау;

Д.  Міндетті түрде сынақ мерзімін белгілеу және одан өту қорытындыларын шығару;

Е.  Сынақтама және әңгімелесу.

7. Шешім қабылдау процесі дегеніміз:

А.  Басқару функцияларын орындауға қажетті байланыс процесі;

В.  Ұйымдағы болжау фнукциясын жүзеге асыратын процесс;

С. Ұйымның нарықтағы орнын анықтаушы процесс;

Д.  Мемлекеттік ұйымдар мен ұйымның қарым-қатынасын реттеуші процесс.

Е.  Жоғарыда берілген барлық жауаптардың жиынтығы.

8. Шешім қабылдау процесінде Минцберг жетекшінің 4 рөлін бөліп көрсетті. Осыған орай артық нұсқаны көрсетіңіз:

А. Жұмыстағы бұзылуды түзетуші маман;

В. Келісім жасаушы маман;

С. Кәсіпкер

Д. Талдау жүргізуші

Е. Ресурстарды бөлуші

9. Интуициялық шешім дегеніміз:

А.  Білім мен жинақталған тәжірибеге байланысты таңдау;

В.  Өзінің дұрыстығын сезінгенде жасалынған таңдау;

С. Өткен тәжірибеге байланысты емес таңдау;

Д.  Мемлекеттік органдар тарапынан бұйрық және өкім түрінде жасалынған шешім;

Е.  Жоғарыда берілген барлық жауаптардың жиынтығы.

10. Талқылауға негізделген шешім дегеніміз:

А.  Білім мен жинақталған тәжірибеге байланысты таңдау;

В.  Өзінің дұрыстығын сезінгенде жасалынған таңдау;

С. Өткен тәжірибеге байланысты емес таңдау;

Д.  Мемлекеттік органдар тарапынан бұйрық және өкім түрінде жасалынған шешім;

Е.  Жоғарыда берілген барлық жауаптардың жиынтығы.

11. Жұмыс уақыты дегеніміз:

А.  Қызметкердің жұмыс орнындағы уақыты мен демалыс кезіндегі уақытының арақатынасы;

В.  Қызметкердің демалыс уақытын қоса есептегендегі уақыты;

С.  Қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт;

Д.  Еңбек құралының істен шығып қалған уақытын есептемегендегі жұмыс уақыты;

Е.  Қызметкердің жұмыс уақытынан тыс қосымша еңбек еткен уақыты.

12. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес апталық жұмыс уақытының ұзақтығы қанша сағат?

А.  45 сағат;

В.  40 сағат;

С.  50 сағат;

Д.  55 сағат;

Е.  Заңда жұмыс уақытына шектеу қойылмаған.

13. Қызметкерлердің қандай категориясы үшін апталық жұмыс уақыты 24 сағаттан аспауы тиіс?

А.  Ауыр дене жұмыстарымен және зиянды еңбек түрлерімен айналысатын қызметкерлер үшін;

В.  Жалғыз басты аналар үшін;

С.  Театр қызметкерлері үшін;

Д.  14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;

Е.  Мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін.

14. Қызметкерлердің қандай категориясы үшін апталық жұмыс уақыты 36 сағаттан аспауы тиіс?

А.  Ауыр дене жұмыстарымен және зиянды еңбек түрлерімен айналысатын қызметкерлер үшін;

В.  Жалғыз басты аналар үшін;

С.  Театр қызметкерлері үшін;

Д.  14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;

Е.  Мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін.

15. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес түнгі жұмыс уақыты болып қай аралық есептелінеді?

А.  23 сағаттан бастап таңғы сағат 7-ге дейінгі уақыт;

В.  19 сағаттан бастап таңғы сағат 3-ке дейінгі уақыт;

С.  21 сағаттан бастап таңғы сағат 5-ке дейінгі уақыт;

Д.  20 сағаттан бастап таңғы сағат 4-ге дейінгі уақыт;

Е.  22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт.

16. Вахталық әдіс бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебін анықтау кезінде қандай кезең алынады:

А.  Қызметкердің жұмыс орнына жеткенге дейінгі уақыт аралығы;

В.  Бір жылдан жоғары кезең;

С.  Ай, тоқсан және бір жылдан аспайтын кезең;

Д.  Басқару органы, әкімшілік бөлігі;

Е.  Барлық жауап дұрыс.

17.  Проблема дегеніміз:

А. Жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай ;

В.  Болашаққа жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру жолдары мен бағыттары;

С.  Ұйымның өнім мен қызметтерді сату және өткізу әрекеті;

Д.  Жүйенің ішкі және сыртқы ортамен қарым-қатынасын анықтау жолы;

Е.  Жүйенің ұқсас жүйемен арадағы қалыптасқан жағдайы.

18. Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдық генерациялау - бұл:

А.  «Дельфи» әдісі;

В.  «Ми шабуылы» әдісі;  

С.  «Филлипс» қисығы;

Д.  «Баламалық» әдіс;

Е.  «Z» теориясы .

19. Компромисс дегеніміз:

А.  Мақсаттарды дұрыс құрау кезіндегі жанама ықпалдар;

В. Мақсаттар мен проблемалар арасындағы айырмашылық;

С.  Мақсаттарды құрылымдау;

Д.  Мәлімет алмасу процесі;

Е.  Ақпараттарды тарату және сұрыптау.

20.  Шешім қабылдау процесіне әсер етпейтін факторды атаңыз:

А.  Жетекшінің жеке бағасы;

В.  Тәуекелділік деңгейі және теріс салдар;

С.  Ұйым туралы бәсекелестердің пікірі;

Д.  Уақыт және өзгеріп отыратын орта;

Е.  Шешімдердің өзара тәуелділігі.

21.  Жөндеу шаруашылығында жоспарлы-ескертулік жөндеу келесі жұмыстар тізбегінен тұрады:

А.  Күрделі жөндеу, аралық жөндеу, ішінара жөндеу;

В.  Аралық жөндеу, жоспарлық жөндеу;

С. Күрделі жөндеу, жоспарлық жөндеу, жөндеу аралық қызмет көрсету;

Д.  Жөндеу аралық қызмет көрсету, мерзімдік профилактикалық операциялар, жоспарлық жөндеу;

Е.  Ішінара жөндеу, мерзімдік профилактикалық опера-циялар, күрделі жөндеу.

22. Жабдықты пайдалану жағдайына байланысты жуу, майын ауыстыру, дәлдікке тексеру, ұсақ бұзылыстарды жою мақсатында жүргізілетін жөндеу түрі:

А.  Мерзімдік профилактикалық операциялар;

В.  Күрделі жөндеу;

С.  Жоспарлық жөндеу;

Д.  Аралық жөндеу.

Е.  Дұрыс жауап көрсетілмеген.

23. Кәсіпорынды уақытылы және толық көлемде бекітілген параметрлерге сәйкес энергиямен қамтамасыз етуші, энерго жабдықтарын жөндеу бойынша жұмыстарды орындаушы шаруашылық - бұл:

А. Жабдықтаушы шаруашылық;

В. Энергетикалық шаруашылық;

С. Жөндеу шаруашылығы;

Д. Маркетинг бөлімі;

Е. Локомотив шаруашылығы.

24. Энергетикалық шаруашылық құрамына кірмейді:

А.  Электрлік өткізгіш жабдықтар, трансформаторлық қондырғылар;

В.  Телефондық, радиобайланыс құралдары;

С. Энергия жабдықтарын жөндеу бойынша цехтар;

Д.  Электрлік, бу, ауа, газ жүйелері;

Е.  Дайын өнімді өткізу және қоймалау.

25. Техникалық шаруашылық қызметіне жатпайды:

А.  Құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді нормалау және жоспарлау;

В.  Тиімді сақтау және тұтынушыларға құралдарды тиімді тарату;

С. Құрал-жабдықтарды сатып алу;

Д.  Құрал-жабдықты қалпына келтіру;

Е.  Құралдарды үнемді пайдалану бойынша шараларды іске асыру, бақылау, есеп жүргізу.

26. Ұйымдағы қызметкерлердің жүріс-тұрысымен, мінезімен және оларды басқару стильдерімен байланысты саясат:

А.  Фискалдық саясат;

В.  Қаржылық саясат;

С.  Кадрлық саясат;

Д.  Инвестициялық саясат;

Е.  Инновациялық саясат.

27. Кәсіпорындағы кадрлық саясаттың негізгі ерекшеліктеріне жатпайды:

А.  Стратегиямен байланыс;

В.  Ұзақ мерзімді жоспарлауға бағытталу;

С.  Кадрлар рөлінің мәні;

Д. Кадрлармен жұмыс істеуге байланысты функциялар мен процедуралардың жиынтығы;

Е.  Ұйымның қаржылық дамуын реттеу.

28. Кадрлық саясатты қалыптастыру принциптеріне жатпайды:

А.  Ғылыми дәлдік;

В.  Жүйелік;

С.  Тиімділік;

Д.  Үнемділік;

Е.  Тұтастық.

29. Кадрлық саясатты бағалау критерийларына жатпайтын нұсқаны таңдаңыз:

А.  Персоналдардың сандық және сапалық құрамы;

В.  Кадрлардың ауысу деңгейі;

С.  Жүргізілетін саясаттың икемділігі;

Д.  Қызметкерлердің қоғамдық ұйымдарға мүше болуы;

Е.  Қызметкерлер мүддесін ескеру деңгейі.

30. Ұйымдық өзгерістердің екі типі көрсетілген нұсқаны таңдаңыз:

А.  Ақпарттық және өндірістік өзгерістер;

В.  Операциялық және трансформациялық өзгерістер;

С.  Өндіріс процесінің өзгеруі;

Д.  Кадрлар құрамының жаңаруы;

Е.  Ақпарттық және әкімшілік өзгерістер.

31. Басқарудағы өндіріс процесін, процедурасын жақсартумен байланысты өгеріс түрі:

А.  Трансформациялық;

В.  Операциялық;

С.  Ақпараттық;

Д.  Әкімшілік;

Е.  Дұрыс жауап көрсетілмеген.

32. Дау-жанжалды шешу әдістеріне жатпайтын нұсқаны атаңыз:

А.  Ақпаратты ұсыну;

В.  Қызметкерлерді шешім қабылдауға тарту;

С.  Жаңалықты қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған келісімдер;

Д.  Мәжбүрлеу;

Е.  Қосымша сыйақы тағайындау.

33. Басқарудағы жұмысты ұйымдастырудың 3 кезеңін атаңыз:

А.  Жұмыс орнын анықтау, кадрларды таңдау, мәліметті жинақтау;

В.  Жұмысты бөлу, міндеттерді қисынды блоктарға топтастыру, жұмысты үйлестіру;  

С.  Жұмысты орындау әдістерін анықтау, баламалы нұсқаларды таңдау, нәтижені талдау;

Д.  Қызметкердің міндеттерін анықтау, қызметкерді категорияларға жіктеу, қызмет барысын бақылау;

Е.  Мәлімет тарату, арна таңдау, мәліметті қабылдау

34. Табыстау ережелеріне жатпайды:

А. Атқару мен талап етілетін іс-әрекет деңгейін айқындау;

В. Нәтижелер туралы есеп уақытын анықтау;

С.  Табысталатын билікке қатысты ұйымды хабардар ету;

Д.  Бағыныштығы болашақ қызмет стратегиясын дайындауға, кадрлық өзгерістер жасауға рұқсат беру;

Е.  Бағыныштыларға тапсырылатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беру.

35.  Басқарудағы коммуникация дегеніміз:

А.  Екі немесе одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген мәлімет алмасу байланысы;

В.  Ұйымның ішкі және сыртқы ортасына талдау жасау процесі;

С.  Ұйымның болашақ даму стратегиясын дайындау;

Д.  Қаржылық операцияларды жүргізу құралы;

Е.  Өнімді сату мен өткізу арнасы.

36.  Өкілеттіліктерді табыстау түріне жатпайды:

А.  Толық табыстау;

В.  Шектеулі табыстау;

С. Нөлдік табыстау;

Д.  Альтернативті табыстау;

Е.  Керісінше табыстау.

37.  Коммуникацияның түрлерін атаңыз:

А.  Ұйымдардағы деңгейаралық коммуникация;

В.  Төменнен жоғарыға көтеру коммуникациясы;

С.  Әр бөлімдер арасындағы коммуникация;

Д.  Жұмысшы тобы мен басшы арасындағы коммуникация

Е.  Барлық жауап дұрыс.

38. Коммуникациялық процестегі мәлімет алмасу процесінің элементтерін атаңыз:

А.  Мәлімет жіберуші;

В.  Арна;

С.  Мәліметті алушы;

Д.  Хабар;

Е.  Барлық жауап дұрыс.

39.  Коммуникациялық процестегі жіберуші мен алушы арасындағы мәліметтермен алмасу кезеңдеріне жатпайтын нұсқаны анықтаңыз:

А.  Кодтау және арна таңдау;

В.  Жаңа идеяның пайда болуы немесе мәліметтерді таңдау;

С. Басқа тұлғаға идеяны жеткізу үшін мәлімет жіберу;

Д.  Мәліметтерді маңыздылық дәрежесіне қарай топтастыру;

Е.  Декодтау.

40. Коммуникациялық процестегі декодтау дегеніміз:

А.  Жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігіне аудару;

В.  Мәліметтерді сақтау, оның таралып кетпеуін бақылау;

С. Мәліметтерді маңыздылық дәрежесіне қарай топтастыру;

Д.  Мәліметтерді жіберу арнасын таңдау;

Е.  Алынған ақпарат туралы жауап беру.

41.Ұйымдағы персоналды басқару әдістері:

А.  Ұйымдастырушылық-әкімшілік;

В.  Әлеуметтік-психологиялық;

С.  Экономикалық;

Д.  Болжамдық;

Е.  Дұрыс жауап А, В, С.

42. Персоналды басқару аспектілерін атаңыз:

А.  Техникалық-технологиялық;

В.  Ұйымдастырушылық-экономикалық;

С.  Құқықтық;

Д.  Әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық;

Е.  Барлық жауап дұрыс.

43. Қызметкерлердің саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақытын пайдалану және тағы басқа қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін басқару аспектісінің түрі:

А.  Техникалық-технологиялық;

В.  Ұйымдастырушылық-экономикалық;

С.  Құқықтық;

Д.  Әлеуметтік-психологиялық;

Е.  Педагогикалық.

44. Басқару қанша деңгейге бөлінеді:

А.  3;

В.  4;

С.  2;

Д.  7;

Е.  Дұрыс жауап жоқ.

45. Процесс дегеніміз -

А.  Жүйенің күрделік дәрежесі;

В.  Жүйе элементтері арасындағы өзара іс-қимыл;

С.  Детерминацияланған жүйе;

Д.  Жүйенің аса маңызды ерекшелігі;

Е.  Жүйенің серпінділігі.

46. Егер жүйеде______________болмаса, онда бұл жүйе басқарылудан қалады:

А.  Иерархия;

В.  Функция;

С.  Ұйым;

Д.  Экономика;

Е.  Байланыс.

47. Жүйе дегеніміз не?:

А.  Зерттеу объектісі және таным құралы;

В.  Өзара байланысты элементтер жиынтығы ;

С.  Әрекет еткен кезде жүйеге тән емес кіші жүйелердің жиынтығы;

Д.  Орта, жоғары деңгейлердің байланысы;

Е.  Дұрыс жауабы А және Д

48. Бейресми ұйымдар дегеніміз:

А.  Алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің сапалы үйлестірілуі;

В.  Мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін басшылық еркімен құрылған адамдар тобы ;  

С.  Қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылған ұйым;

Д.  Құрылым мен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болған ұйымдар;

Е.  Міндеттерді орындау барысында ұйымдардың ресурстарды тиімді пайдалануы

49. Ұйым дегеніміз:

А.  Жалпы мақсатқа құрылған адамдар тобы;

В. Қызметтері мен айлық табысы ұқсас адамдар тобы;

С.  Өзара байланыста болатын жүйелер жиынтығы;

Д.  Бір-біріне тәуелді күрделі топтар;

Е.  Функциялардың жиынтығы.

50.  Коммуникацияның неше кезеңі бар?

А.  5;

В.  3;

С.  4;

Д.  2;

Е.  7.

51.  Басқарудың неше функциясы бар?

А.  5;

В.  3;

С.  7;

Д.  2;

Е.  4.

52.  Ұйым қызметін бақылаудың қанша түрі бар?

А.  5;

В.  3;

С.  7;

Д.  2;

Е.  4.

53. Қызметкерді марапаттаудың формаларын атаңыз:

А.  Ұйымдық және бөлімдік;

В.  Арнайы және тапсырыспен;

С.  Қызметік және деңгейлік;

Д.  Материалдық және моральдық;

Е.  Барлық жауап дұрыс.

54.  Биліктің қанша түрі бар:

А.  5;

В.  3;

С.  7;

Д.  2;

Е.  4.

55. Басқарушыны арнайы және пайдалы білімдердің иесі деп қабылдағанда жүзеге асырылатын билік түрі:

А.  Сыйақыға негізделген билік;

В.  Мәжбүрлеуге негізделген билік;

С. Эталондық билік;

Д.  Эксперттік билік;

Е.  Заңды билік.

56. Ұйымдағы ережеге сәйкес басқаларды билеу құқығына негізделген билік:

А.  Сыйақыға негізделген билік;

В.  Мәжбүрлеуге негізделген билік;

С. Эталондық билік;

Д.  Эксперттік билік;

Е.  Заңды билік.

57. Басқару процесінде ықпалды тиімді пайдалана алу үшін басқарушыға қойылатын талаптардың ішінен қате нұсқаны табыңыз:

А.  Басшы айтып отырған қажеттілік көзі белсенді, әрі өзекті болуы тиіс;

В.  Ықпал етіліп отырған адам орындауы арқылы сол қажеттілікке қол жеткізе алатынын сезіне білуі тиіс;

С.  Ықпал ету қызметкерлердің материалдық жағдайын көтеру арқылы ғана мүмкін болады;

Д.  Ықпал етіп отырған адам ықпалды қанағаттану көзі немесе кейбір қажеттілікке қанағаттанбағандығын білдіруі тиіс;

Е.  Ықпал етіліп отырған адам егер де басшының ойынан шыға алатындай күш сала алатынына сенуі тиіс.

58. Қызметкерлердің өндіріс процесіне араласуы қатаң бақылауда ұсталынуы керек. Егер қызметкер қателік жіберсе оны қатаң түрде жазалап отыру керек және қызметкерге сенім артпау керек. Бұл принцип басқарудың қай теориясына тән?

А.  «Х» теориясы;

В.  «Y» теориясы;  

С.  «Филлипс» қисығы;

Д.  «Баламалық» әдіс;

Е.  «Z» теориясы.

59. Қызметкердің жұмысына сеніммен қарау керек. Шамадан тыс бақылау қызметкердің жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, сондықтан қызметкердің өзіне ерік беріп оның қызметіне араласпау керек. Бұл принцип басқарудың қай теориясына тән?:

А.  «Х» теориясы;

В.  «Y» теориясы;  

С.  «Филлипс» қисығы;

Д.  «Баламалық» әдіс;

Е.  «Z» теориясы.

60. Қызметкердің жұмысы бақылауда болуы керек, алайда қажет деп табылған жағдайда марапаттау және сенім білдіру көрсетілуі керек. Бұл принцип басқарудың қай теориясына тән?

А.  «Х» теориясы;

В.  «Y» теориясы;  

С.  «Филлипс» қисығы;

Д.  «Баламалық» әдіс;

Е.  «Z» теориясы.

61. Ұйымның ішкі ортасының факторлары:

А. Халықаралық оқиғалар, экономикалық жағдай, саяси жағдай;

В.  Әлеуметтік-мәдени факторлар, ғылыми-техникалық прогресс;

С. Тұтынушылар, бәсекелестер, жабдықтаушылар;

Д. Мақсаттар, міндеттер, персоналдар, ұйымдық құрылым

Е. Ресурстар, тұтынушылар, мемлекеттік басқару органдары

62. Ұйымның сыртқы ортасының факторлары:

А. Өнім өндіру технологиясы, өндіріс процесі;

В. Мақсаттар, міндеттер, миссия, қызметкерлер;

С. Тұтынушылар, бәсекелестер, жабдықтаушылар;

Д. Мақсаттар, міндеттер, персоналдар, ұйымдық құрылым

Е. Дұрыс жауап көрсетілмеген

63. Кадрлық жоспарлаудың мақсатына кірмейтін нұсқаны көрсетіңіз:

А. Адамдарға керек уақытында қажетті көлемде олардың бейімділігі мен талаптарына сәйкес жұмыс орындарын ұсыну;

В.  Адамдардың әлеуметтік және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

С. Кәсіпорын өнімі мен қызметін нарыққа ұсыну;

Д. Қызметкерлер еңбегінің сапасына баға беру;

Е. Адамдардың қоғамдық және саяси ұйымдардағы орны мен беделін анықтау

64. Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру бағыттарына жатпайтын нұсқаны көрсетіңіз:

А. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйелерін және нысандарын анықтау;

В. Қызметкелердің лауазымдық қызмет ақыларының жүйесін әзірлеу;

С. Қызмет бағыттарынан түскен табыстан салықтық және басқа да міндетті төлемдерді шегеру;

Д. Қызметкерлердің бөлек жетістіктеріне төленетін қосымша ақының көлемін анықтау және критерийлерін ендіру;

Е. Қызметкерлерге сыйақы беру жүйесін және көрсеткіштерін негіздеу.

65. Басқарудың жоғары деңгейіне кімдер жатады?

А. Бөлім басшылары, бригадир;

В.  Директор, атқарушы директор;

С.  Цех басшысы;

Д.  Бухгалтерия;

Е. Кадрлар бөлімінің қызметкерлері.

66. Жауапкершілік дегеніміз?

А.  Қызметкердің жұмысын бақылау;

В.  Марапаттау шараларын жүзеге асыру;

С.  Билік ету;

Д.  Өз айтқанына басқаларды көндіру, өз пікірін дәлелдеу;

Е.  Белгілі міндеттерді орындау және оларды шешуге жауап беру.

67. Өкілеттіліктер дегеніміз?

А.  Ұйымның ресурстарын пайдалану құқығын шектеу;

В.  Қызметкерлердің күш-жігерін белгілі міндеттерді орындауға бағыттау;

С.  Белгілі міндеттерді орындау және оларды шешуге жауап беру;

Д.  А және В жауабы;

Е. В және С жауабы.

68. Түнгі жұмыс ауысымында жұмыс істеуге жіберілмейді:

А.  Жұмыс орнынан алыс тұратын қызметкерлер;

В.   Зейнет жасына жақындағы қызметкерлер;

С.  Бірнеше жұмыс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлер;

Д.  18 жасқа толмағандар және медициналық анықтамасы бар адамдар

Е. Ауыр жұмыс түрлерін атқаратын қызметкерлер

69. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңына сәйкес ер адамдардың зейнетке шығу жасы қанша?

А.  57 жас;

В.  64 жас;

С.  58 жас;

Д.  65 жас;

Е. Дұрыс жауап көрсетілмеген.

70. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңына сәйкес әйел адамдардың зейнетке шығу жасы қанша?

А.  57 жас;

В.  64 жас;

С.  59 жас;

Д.  65 жас;

Е. Дұрыс жауап көрсетілмеген.




1. Френеля Интеграл Френеля и дифракция света
2. возвышенность на северозападной окраине города
3. 015 Вероятность рождения мальчика равна 051
4. Влияние температуры на пластичность металла
5. гідросфера охарактеризувати склад гідросфери визначити основні екологічні проблеми та знайти шляхи їх в
6. ВСТУП Кожний власник автомобіля рано або пізно зіштовхується із проблемою непрацюючого генератора
7. Visul можно догадаться что в Visul Bsic реализован визуальный стиль программирования
8. время расстояние
9. задание Преддипломной практики студентов 5 курса специальности 100103 Социальнокультурного сервиса и тур
10. Час здоровья и спорта Учебный час выделяемый на проведение данных занятий по согласованию с Министерств
11. Решение можно рассматривать как продукт управленческого труда а его принятие ~ как процесс ведущий к появл
12. на тему- Предприятие в рыночной экономике План лекции- 1
13. Модуль 1 Гидроксикислоты 1
14. Методика викладання економіки Метою державного іспиту з дисципліни Методика викладання економіки
15. Задание- Заполните лист первичной оценки
16. ПОНЯТИЕ И ВИДЫ ОБЯЗАТЕЛЬСТВ
17. Гликемический индекс англ
18. МОЛЕКУЛЯРНОГО ВЧЕННЯ Атомномолекулярна теорія як фундамент сучасної хімії
19. Программное обеспечение вычислительной техники и автоматизированных систем
20.  Домарксистское понятие о материи