Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша ішкі жиынтық бағалау жұмысының спецификациясы
Сынып: 11
Оқыту тілі: қазақша
Тоқсан: ІІІ
Спецификация 11-сыныптағы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша ішкі жиынтық бағалау жұмысын сипаттайды.
«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні төмендегі критерийлер арқылы бағаланады:
Критерийлер |
Сипаттамалары |
Білу және түсіну |
Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес нақты деректерді, ақпарат пен сипаттауларды білу немесе түсіндіру арқылы еске түсіру. |
Қолдану |
Ақпаратты қолдану және бұрын алған білімді, жаңа немесе таныс емес жағдай мен контексте пайдалану. Білу, түсіну және дағдыларды оқу жұмысында қолдану арқылы көрсету. Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес білімді пайдалануды көрсетудің тәсілдері ретінде практикалық жұмыстар, жобалық жұмыстар, проблемаларды шешу, диаграммалармен жұмыс, жаңа немесе әр түрлі нәтижелерді ойлап табу болып табылады. |
Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу |
Дерекнамадан, талдаудан, жинақтаудан және ақпаратты бағалаудан шығатын пікірді қалыптастыру. Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес ақпарат немесе нәтиже жинау қабілетін жинауды және оны талдау бойынша дұрыс түсіндіруді көрсету. Деректерді дұрыс жинау және пайдалану бойынша болжамдарды зерттеу, өзінің жеке шешімін жасау және бағалау. Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес өзі жасаған қорытынды, шешімдері жайында ойлау қабілетін көрсету. |
Коммуникация және рефлексия |
Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес ойлар мен пікірлерді, деректерді, ақпаратты ауызша және жазбаша түрде ұсыну. Басқалар ұсынған мәліметті тыңдау және оған тиісті жауап қайтару қабілеті. Басқаларға өз қөзқарасын түсіндіру жайында талқылау жүргізу, олардың көзқарасын түсіну, одан кейін жалпы түсінікке, қорытындыға келу. Пікірлерді, ойларды және оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс әрекеттер жасау. |
Сынып: 11
Тоқсан: ІІІ
Тапсырманың орындалу уақыты: 80 минут
Ұпай саны: 40 ұпай
Критерийлер |
Ұпай сандары |
Басты оқу мақсаттары |
Тапсырмалардың түрлері |
A Білу және түсіну |
10 |
ОМ1. Мемлекетті басқарудың құралдары мен әдістерін атайды; ОМ4. Қазақстанның мемлекеттік басқаруының мақсаттарын біледі; |
Тест тапсырмалары. (Көп жауап нұсқаларынан таңдау жасау) |
B Қолдану |
10 |
ОМ1. Қазақстан үшін экономиканың маңыздылығын түсінеді; ОМ2. Болашақ реформалардың басты басымдылықтарын ұсынады. |
Ашық сұрақтарға жауап беру. |
C Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу |
10 |
ОМ1. Саяси және әлеуметтік реформалардың түрлерімен танысады және оларды сыни тұрғыдан бағалайды; ОМ2. Әртүрлі көзқарастар мен мәліметтерді сын тұрғыдан бағалайды; |
Аналитикалық кестені толтыру. |
D Коммуникация және рефлексия |
10 |
ОМ2. Өз жұмысын ауызша және жазбаша түрде тиімді жариялайды. |
Эссе жазу. Оқушылар берілген 3 тақырыптың 1-еуін таңдап алады. |