У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~Р Жо~ар~ы сотыны~ 2000

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

Есірткі, психотроптық, және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1998 жылғы 14 мамыр N 3. Тақырып өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен.

      Есірткі, психотроптық, улы заттарды және прекурсорларды заңсыз айналымға түсіргені үшін жауапкершілік сол заттарды дайындауға пайдаланатын құрал-жабдықтар үшін жауапкершілік белгілейтін заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен және осы категориядағы істер бойынша сот әділдігін жүзеге асырудың сапасын көтеруді көздей отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

      1. Есірткі, психотроптық заттарды және оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланылатын заттарды (прекурсорлар), 2002 жылғы 8 тамызда күшіне енген "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар үшін ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсіндіру керек. ("Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымша")
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

       1-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатын көздемей шағын және ірі мөлшерде заңсыз иемденіп алуда, сақтауда, тасымалдауда қылмыстық жазалауға жататын әрекет белгілері болмайды.
      Көрсетілген әрекеттерді жасауға кінәлілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабының негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 7 нормативтік қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       2. Жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа товарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, туып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейінгі қалдығын жинап алуды т.б. заңсыз алу деп түсіну керек.

       2-1. Есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз тасымалдау «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» ҚР Заңының 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес тасымалдау тәсіліне қарамастан белгіленген тәртіпті бұзып, оларды орнынан көшіру жөніндегі кез келген қасақана іс-әрекеттер болып табылады.
      Есiрткi, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз пайдаланып жүрген адамдар, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша басқа да адамдар тасымалдауды жүзеге асыра алады. Аталған заттарды орнынан көшіруді басқаларға тапсырған адам тасымалдауды ұйымдастырушы, ал егер, тасымалдауды қылмыстық заң бойынша жауапкершiлiкке тартылмайтын (мысалы, есi дұрыс емес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн жасы толмаған, немесе заттың сипаты туралы хабарсыз) адамдарға тапсырса, онда қылмысты орындаушы ретiнде жауапқа тартылады.
      Есірткіні және психотроптық заттарды тасымалдау олар тасымалдана бастаған сәттен бастап аяқталды деп есептеу қажет.
      Адамның өзінің жеке басының пайдалануына арналған есірткі немесе психотроптық заттарды сапарға шыққан кезінде шағын мөлшерде сақтауы заңсыз тасымалдау деп саралануға тиіс емес.
      Адамның есірткіні немесе психотроптық заттарды көп мөлшерде тасымалдау фактісінің өзі онда оларды өткізу, өткізу мақсатында тасымалдау немесе осы әрекеттерге бірге қатысу ниеті болғанын куәландыра алады.
      Ескерту. 2-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       3. Сол заттарды кінәлінің арнайы рұқсатсыз иелігінен (өзінен, жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқада орындардан) тауып алумен байланысты кез-келген қасақана әрекет заңсыз сақтау болып табылады.
      Өткізу мақсатында заңсыз сақтау пиғылымен жасалғандығы жөнінде мәселені шешу үшін, бұл заттар анық өткізуге дайындалғандығын дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (мысалы, жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылса, оларды өзі ғана қолданатынын жоққа шығаратын жағдайда, бөлшектеу, оларды дайындайтын және бөлуге арналған құралдар мен жабдықтардың болуы, кінәлінің өзі есірткіні қолданбайтындығы фактісі т.с.с.).

       3-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз алу, тасымалдау немесе сақтау:
      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз жасалса, ҚК-нің 259-бабының 1-1-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігі бойынша;
      г) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен жасалса, сондай-ақ осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      д) егер осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша саралауға жатады.
      Ескерту. 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       4. Кез-келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі зат Тізімге енгізілген затқа айналдырылса, заңсыз дайындау болып табылады. Ал сол заттардың формасын өзгерту (ұстау, таблеткаға қалыптау, пилюли, плиткалар, пасталар т.б.) заңсыз дайындау болып есептелмейді.

       4-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       5. Есірткі немесе психотроптық затты дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдалану мақсатында қолдан немесе өндірістік жолмен жасалған заттар немесе соған ыңғайланған құралдар (тұрмыстық-шаруашылық бағыттағы заттардан басқа) соларды жасауға арналған құрал және аспапқа жатады деп түсіну керек.
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .

       6. Белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін тазарту (жат қоспалардан тазарту) заңсыз өңдеу болып есептеледі. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұсату, кейбір бөлшектерден ажырату және басқада түрлендіру (сол заттан басқа бір есірткі зат алынбаса) заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді.

       6-1. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       7. Есiрткiні немесе психотроптық заттарды заңсыз жөнелту деп оларды байланыстың кез келген түрімен, арнайы адам арқылы, сондай-ақ жануарларды, құстарды пайдаланып жіберуді түсiну керек.
      Жөнелтуді ресімдеу, яғни жүкті байланыс кәсіпорнының немесе көлік ұйымының ресми өкіліне не жөнелтуді жүзеге асыратын адамға тапсыру кезін жөнелту аяқталған сәт деп есептеген жөн.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу немесе жіберу:
      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса, сондай-ақ осы әрекеттерді есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте не адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      г) егер осы әрекетті есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша саралауға жатады.
      Ескерту. Қаулы 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       8. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатымен заңсыз иемденіп алған, тасымалдаған немесе сақтаған не өткізу мақсатымен немесе онсыз, есірткі немесе психотроптық заттарды дайындаған, ұқсатқан, жөнелткен не өткізген адамдардың әрекеттері, егер ол көрсетілген қоғамдық қауіпті әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін бұрын жасаған және бұл үшін сотталмаған болса, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалу белгісі бойынша ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігінің "б" тармағы бойынша дәрежеленетіні соттарға түсіндірілсін. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса  немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
      Бір адамның есірткіні, психотроптық заттарды бірнеше сатып алушыға не бір сатып алушыға екі немесе одан да көп рет сатуы, оның ішінде біраз уақыт өткізіп барып сатуы, егер кінәлінің өткізген сайын сатудың әрбір фактісі бойынша өзінің осындай пиғылды көздегені анықталса, есірткі немесе психотроптық заттарды бірнеше мәрте сату деп дәрежеленеді.
      Ескерту. 8-тармақ алып тасталды - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22 N 19, 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 7, өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

       9. Есірткі, психотроптық заттарды прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа тұлғаларға заңсыз өткізу немесе берудің кез-келген осы бағыттағы тәсілін заңсыз өткізу деп түсіну керек (сату, сыйлау, қарызын өтеу, айырбастау, қарызға беру, басқа тұлғаға укол салу т.с.с.).

      9-1. Есірткі немесе психотроптық заттарды өткізу:
      а) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігі бойынша;
      б) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, ҚК-нің 259-бабының 2-1-бөлігі бойынша;
      в) егер осы әрекет есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты аса ірі мөлшерде жасалса, сондай-ақ осы әрекетті есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте не адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса, ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі бойынша;
      г) егер осы әрекетті есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға көрінеу қатысты жасалса, ҚК-нің 259-бабының 4-бөлігі бойынша саралауға жатады.
      Кінәлі адам, сатып алушыны жаңылыстырып, есірткі немесе психотроптық заттар деп өзге заттарды өткізген жағдайда, оның әрекеттері алаяқтық деп саралануға жатады.
      Алдаудың әсерімен осындай заттарды сатып алған адамның әрекеттері есірткіні немесе психотроптық заттарды сатып алуға оқталу деп саралануға жатады.
      Есірткіні немесе психотроптық заттарды өткізудегі немесе сатып алудағы делдалдың әрекеттерін оның кімнің мүддесі үшін (өткізушінің немесе сатып алушының) әрекет етуіне қарай, есірткіні немесе психотроптық заттарды өткізуге немесе салып алуға қатысушы деп саралаған жөн. Егер бұл ретте делдал сатып алушының да, өткізушінің де мүддесі үшін әрекет етсе, онда ол өткізуге бірге қатысқаны үшін жауапкершілік көтереді.
      Егер адам есірткінің немесе психотроптық заттардың нақты иесінің өтініші бойынша оларды өткізуге тікелей қатысса, онда оның әрекеттері өткізуге бірге қатысу деп саралануға жатады.
      Егер есірткі немесе психотроптық зат тұтынушының өзінікі болса, соңғысының өтініші бойынша екінші адамның оған аталған затты егуін заңсыз өткізу деп саралауға болмайды.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11 N 7 қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       9-2. ҚК-нің 259-бабының түрлі бөліктерімен көзделген бірнеше қылмыс жасалған кезде, бұл әрекеттер тұтас алғанда осы баптың ең қатаң жазаны көздейтін және әрбір қылмыстың белгілерін қамтитын бөлігі бойынша ғана саралануға жатады. Бұл ретте қылмыстық заңның осы бабының өзге бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге қатысты белгіленген саралау белгілері бойынша айып тағылып, үкімде көрсетілуге тиіс.
      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының  2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      9-3. Адамның есірткіні ірі мөлшерде өткізу мақсатында оны заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бірнеше дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің б) тармағы бойынша, ал оның бөлігін бір дүркін өткізуі - ҚК-нің 259-бабы 2-1-бөлігі бойынша саралануға жатады.
      Адамның есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында оны заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бір дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің в) тармағы бойынша саралануға жатады.
      Адамның есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау және оның бөлігін бірнеше дүркін өткізу әрекеттері ҚК-нің 259-бабы 3-бөлігінің б) және в) тармақтары бойынша саралануға жатады.
      Бұл ретте кінәлі жасаған барлық әрекеттердің, яғни есірткіні өткізу мақсатында оны заңсыз алудың, тасымалдаудың немесе сақтаудың, сондай-ақ өткізудің белгілері бойынша айыптауда және үкімде көрсетілуге тиіс.
      Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының  2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      9-4. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес есірткіні немесе психотроптық заттарды жедел сатып алу және өзге де жедел-іздестіру іс-шаралары оларды жүргізу үшін заңмен көзделген негіздер болғанда ғана, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен оған жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетінін соттардың назарда ұстағаны жөн. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде азаматтарды құқық бұзушылықтарды жасауға итермелеуге және арандатуға болмайды.
      Жедел-іздестіру іс-шарасына іске мүдделі немесе қылмыстық қудалау органдарына тәуелді не олардың қатысуымен болып жатқан әрекеттерді толық әрі дұрыс қабылдай алмайтын адамдардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың куәгерлер ретінде қатысуы соттың жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайтын нақты деректер деп тануына әкеледі.
      Ескерту. 9-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының  2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       10. ҚК-тің 250-бабында көрсетілген жауапкершілік, аталмыш заттарды мемлекет ішіне заңсыз кіргізу немесе мемлекеттен тысқары шығарғаны үшін қолданылады, ал олардың Қазақстан Республикасы көлеміндегі бос қоймалар немесе еркін кедендік шекара аймағындағы заңсыз қозғалыс жағдайына қолданылмайды.

       11. Есірткі немесе психотроптық заттардың, күшті әсер ететін, улы заттардың, прекурсорлардың нақтылы түрін, атауын, мөлшерін, салмағын және көлемін анықтау, сондай-ақ оларды дайындау үшін қолданылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың жарамдылығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет.
      2002 жылғы 8 тамызда күшіне енген көрсетілген заттардың шағын, ірі және өте ірі мөлшерін заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге сәйкес белгілеген жөн ("Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2-қосымша).
      Егер қылмыс сол көрсетілген күнге дейін жасалса, онда осы заттардың мөлшерін анықтау кезінде "Бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 қаулысымен бекітілген және 1998 жылғы 29 сәуірден бастап күшіне енген Тізімді және Жиынтық кестені басшылыққа алу қажет, ал егер әрекет одан бұрын жасалса - КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Есірткі заттарды қадағалау жөніндегі тұрақты комитеттің 1990 жылғы 19 желтоқсандағы N 16 Қорытындысын негізге алу керек.
      Осы орайда, егер жаңадан бекітілген Тізім мен Жиынтық кестеге сәйкес жауаптылық немесе жаза жеңілдетілсе немесе қылмыс жасаған адамның жағдайы өзгедей жақсарса, онда осы ереженің кері күші қолданылатынын назарда ұстау қажет.
      Жиынтық кесте әр есірткінің немесе психотроптық заттың мөлшері мен түрін жеке-жеке анықтайтындықтан, егер тұлға әр түрлі есірткімен немесе психотроптық заттармен ұсталса, онда кінәлінің әрекетін дәрежелеу кезінде әр түрлі есірткінің немесе психотроптық заттардың жалпы салмағын қосып есептеуге жол берілмейді.
      Жұлынған зығыр өсімдіктері мен апиын көкнәрінен тұратын есірткі мен психотроптық заттардың мөлшері мен салмағын анықтау кезінде оның есірткісі жоқ бөліктерін (топырақ, тамырлар және т.б.) қоспай, бөліп тастаулары қажет.
      Адамнан құрамында есірткі бар (күшті әсер ететін) ерітінділер табылған кезде ерітіндінің осы мөлшерін алу үшін есірткінің немесе психотроптық заттың ірі немесе аса ірі мөлшерде пайдаланылғаны сараптама жасау жолымен анықталған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық туындайтынын соттар назарда ұстаулары қажет. <*>
      Есеңгірету үшін притондар ұйымдастырғаны және ұстағаны үшін ҚК-тің 272-бабы бойынша жауапқа тарту мәселесін шешуде, есірткі немесе психотроптық зат болып табылмайтын дәрілікке пайдаланылатын немесе басқа да заттар, оларды пайдаланғанда адамға есеңгірету ықпалын тигізетіндігін анықтау мақсатында, осыған сәйкес сараптама жасау қажет.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999.04.30. N 2 қаулысымен.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

        12. ҚК-тің 265-бабының 1-бөлігімен жауапқа тарту үшін сот заттармен айналысу ережесін бұзу фактісі жеткілікті, қажетті жағдайда оны осыған сәйкес сараптама жасау арқылы айқындау қажет екендігі түсіндірілсін. Бұл әрекетті осы баптың екінші бөлігімен дәрежелеу үшін, ережелерді бұзудан елеулі зияндар келтіру немесе сол заттардың ұрлануы шарт. Бұл ретте елеулі зиян болып адамдардың ауруы, ғимараттың, қоршаған ортаның ластануы, жұмыстың тоқтауы немесе өндірістік циклдың бұзылуы т.б. табылады. Абайсызда адам өліміне әкеліп соқса немесе адам өміріне ауыр зиян келтірсе, ондай әрекеттер ҚК-тің тиісті бабы бойынша қосымша дәрежеленуге жатады.

       13. Есірткі, психотроптық және улы заттарды қолдану тәртібін бұзу, ұрлау мақсатымен жасалса немесе ұрлыққа ұласатын болса, онда бұл әрекет ҚК-тің 265-бабының 2-бөлігі және 260-бабының осыған сәйкес бөлігінің жиынтығымен дәрежеленеді.
      Тұлға есірткі, психотроптық және улы заттарды қолдану ережесін бұзумен бірге қызмет мүддесіне қарсы қылмыс жасаса (пара алу, қызмет өкілдігін теріс пайдалану, заңсыз сыйлық алу т.б.) ондай тұлға ҚК-тің 265-бабымен және аталған қылмыстары үшін басқа баптардың жиынтығы бойынша жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен.

        14. Өздерiнiң қызмет бабы бойынша есiрткi, психотроптық және улы заттарға, оларды дайындауға немесе қайта өңдеуге пайдаланатын құрал-жабдықтарға қатысы бар лауазымды және лауазымсыз тұлғалар, сондай-ақ аталғандар оларға қызмет бабы бойынша пайдалануға немесе сақтауға берiлген адамдар Қылмыстық кодекстiң 260-бап екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 263-баптың үшiншi бөлiгінде және 265-бабында көрсетiлген қылмыстардың субъектiлерi болып табылады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы сотының 2000.12.22. N 19 қаулысымен .

       15. Есірткі немесе психотроптық заттарды пайдалануға көндіру деп, басқа тұлғалардың оларды тұтынуға ниетін қоздыруға бағытталған кез-келген қасақана әрекетін (үгіттеу, ұсыныс жасау, ақыл беру, адастыру, алдау, қорқыту) түсіну керек. Тұлғаға есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға әсер ету мақсатымен, икемденуші тұлға оны қолданса да немесе басқа бір себептермен қолдана алмаса да (икемделушінің қолданудан бас тартуы, басқа тұлғалардың араласуы т.с.с.) қылмыс аяқталған болып есептеледі. Бұл жағдайда, икемделген тұлға бұдан бұрын сол заттарды қолданғандығы оның жауапкершілігін шешуде маңыз атқармайды.
      Кінәлінің ол заттарды әр мерзімде, әртүрлі тұлғаларға немесе бір ғана тұлғаға қатысты бағыттап жасаған ниетін қоздыру ҚК-тің 261-бабының үшінші бөлігінің «а» тармағымен, ал бұл әрекеттер бір мезгілде екі одан да көп тұлғаларға жасалған болса онда көрсетілген баптың 2-бөлігінің "в" тармағымен дәрежеленеді.
      Есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға көндіру жәбірленушінің абайсызда өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соқса, ондай әрекеттер ҚК-тің басқа баптарымен қосымша жеке адамға қарсы дәрежеленуді қажет етпейді. Қылмыстық кодекстің 261-бабы төртінші бөлігінде көрсетілген ауыр зардаптарға абайсызда жәбірленушінің денсаулығына келтірілген залал, есірткіге тәуелді болу, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, немесе қастандық жасауы, жүйке ауруы немесе осы ауырудың күшеюі және ВИЧ инфекциясын жұқтыру және т.б. жатады.
      Егер есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға көндіру кезінде кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зардап тигізсе, оның әрекеті ҚК-тің 261-бабы үшінші бөлігі б) тармағының және 103-баптыңсәйкес бөлігімен дәрежеленуі керек.
      Есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға кәмелетке толмаған тұлғаны көндіргені үшін, ҚК-тің 261-бабы үшінші бөлігінің а) тармағы бойынша қылмыс субъектісі болып тек кәмелетке жеткен тұлға ғана табылады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       16. Притон деп есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға берілетін және оған бейімделген тұрғын үй немесе тұруға болмайтын үйлерді айтады.
      Притон ұйымдастыру деп оларды құруға арналған әрекеттерді (іздеу, жалдау, үйлерді және жиһаздарды осыған сай етіп жабдықтау т.с.с.), ал үй болған жағдайда есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға ниеті бар тұлғаларды тарту әрекеттері табылады т.с.с.
      Притонды ұстау, оның жүйелі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерден тұрады (оны материалдық жағынан қамтамасыз ету, күзету, жөндеу, клиенттерге қызмет көрсету, қолдану үшін құралдармен жабдықтарды табу т.с.с.).
      Егер притонды ұйымдастыру және ұстау есірткі заттарды заңсыз айналымға салумен немесе оны қолдануға көндірумен ұштасса, бұл әрекеттер ҚК-тің 264-бабының соған сәйкес бөлігімен және басқа жасаған қылмыстар үшін жауапкершілікке тартатын баптар жиынтығымен дәрежеленеді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

       17. Тізімде көрсетілген, құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді кез-келген жер учаскесіне дәнін рұқсатсыз отырғызуды, ал оны заңсыз себу деп егіске күтім жүргізіп, оны пісу сатысына жеткізуді заңсыз өсіру деп түсіну керек.
      Сапасын арттыру деп өсіруге тиым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді сұрыптау яғни олардың жаңа сорттарын өсіріп шығарумен әрі қарай жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттер танылады.

      17-1. ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігінің санкциясы жазаның баламалы түрлерімен толықтырылуына байланысты, сот үкім шығарған  кезде, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталғанның жеке басын, сондай-ақ кінәлінің жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, жаза тағайындау туралы шешімін негіздеуге тиіс.
      Бұл орайда, егер жазаның жеңіл түрі жазаның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бермеген жағдайда, жасалған қылмыс үшін көзделген жазалардың ішінен жазаның әлдеқайда ауыр түрі қолданылады. <*>
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

       18. Қылмыстық кодекстің 259-бабының қосымшасында көрсетілген негіздермен тек екі жағдай мүмкіндігі болған кезде: есірткі немесе психотроптық заттарды өз еркімен тапсырған немесе сол заттарды медициналық емес мақсатта қолдануға байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған, және ол заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты қылмыстарды ашуға белсенді көмек көрсеткен тұлға, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сол заттарды нақты қолдану мүмкіндігі бол тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады. Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты алдын ала тергеу орындарына осы қылмыстарды ашуға немесе жолын кесуге жүргізілетін іс-шараларға белсенді көмек көрсетіп, қылмыстық іске қатысты жақтарды іздестіріп, олардың мекен жайын тауып, ұстау және есірткі немесе психотроптық заттарды табуға көмектесуі т.с.с., осы қылмысты ашуға субъектінің өз еркімен жасаған көмегі болып есептеледі.

       19. Есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымға түсуіне байланысты істі қараған кезде, соттар қажетті жағдайда, айыпкерге нашақорлық немесе таксикоманиядан еркінен тыс емделуді қолдану мәселесін шешу үшін сот-наркологиялық сараптама тағайындауы қажет. Нашақорлық немесе таксикоманиядан емделуді қажет ететін тұлғаларға ҚК-тің 88-бабының талабына сәйкес еркінен тыс емдеу шараларын қолдану туралы мәселені талқылау керек.

       19-1. Соттар тергеудің заңсыз тәсілдері туралы сотталушылардың арыздарын мұқият әрі жан-жақты тексеруге тиіс. Бұл орайда қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер жүргізу заңын бұзу және бұрмалау жолымен алынған дәлелдемелерін анықтау мақсатында олардың жедел-іздестіру өндірісінің және тергеу амалдарының тәртібін реттейтін қылмыстық-заңнама талаптарын сақтауына ерекше назар аудару қажет.
      Арызда көрсетілген уәждер анықталған жағдайда осындай жолмен алынған дәлелдемелер алып тастауға жатады.
      Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

       20. Бұл категориядағы істер бойынша айғақ заттар тағдыры ҚІЖК-нің 121-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес шешілуі қажет.

       21. Соттар қылмыс жасауға мүмкіншілік тудыратын себеп пен жағдайларға көңіл аударып, сонымен бірге алдын-ала тексеру кезінде, заң қарастырғандай, ол заттарды алу немесе тарату көздерін, есірткі немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымының нәтижесінде алынған ақша қаражаттары мен мүліктерді заңдастырудың көздері мен жолдарын анықтап, оған негіз болған жағдайда ҚІЖК-нің 387-бабына сәйкес, жеке қаулы шығаруы қажет. <*>
      Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Сотының 2003.07.11. N 7 қаулысымен .

       22. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының:
      - 1988-жылғы 25-наурыздағы 2-ші санды Пленум қаулысы мен өзгертулер енгізілген 1986-жылғы 10-қазандағы "Нашақорлықпен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот тәжірибесі туралы" 16-шы санды;
      - 1988-жылғы 25-наурыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 2-ші санды қаулысымен "Нашақорлықпен күресуге бағытталған заңдарды қолдануға байланысты сот тәжірибесі туралы" 1986-жылғы 10-қазандағы 16-шы санды қаулысына өзгерістер енгізу туралы;
      - 1991-жылғы 5-сәуірдегі 2-ші санды "Жамбыл облысы соттарының есірткі құралдарымен заңсыз айналысу туралы заңдар талаптарын орындау барысы туралы" қаулылары күшін жойды деп танылсын;
      - 1987-жылғы 24-желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Есірткі заттарды ұрлау, оларды заңсыз түрде дайындау мен таратуға және басқада есірткі құралдары, күшті әсер ететін және улы заттарға байланысты істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 12-ші санды қаулысы қолданылмайды деп танылсын.
      Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Пленум хатшысы,
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК




1. ФИРМЕННЫЙ СТИЛЬ- ПОНЯТИЕ И СОДЕРЖАНИЕ Существование фирменного стиля является одним из важнейших услов
2. ПЕДАГОГИКА Л
3. Intel Pentium III
4. Системы налогообложения Республики Беларусь и зарубежных стран
5. Реферат- Разработка рекомендаций по эффективному использованию экотуристского потенциала России
6. Государственные требования по охране труда установлены статьей 211 ТК РФ
7. Тема- Вычисление корней не линейного уравнения выполнил студент Дюмеев Данил АК110
8. и тд- Кант- Автор произведения Божественная комедия-Данте Алигьери- Автор произведения Слово о законе и
9.  Язичництво Вірування поділялися на три групи- 1 фетишизмнеживим предметам 2 тотемізмрослинам і тварина
10. Николай Николаевич Бенардос
11. Причины и последствия мирового экономического кризиса
12. Производительность станков существенно зависит от силовых параметров к которым относятся мощность приво
13. Следовательно чем выше уровень психологической подготовки сестры тем выше уровень ее работы в целом
14. Тема 6 Основы правового регулирования порядка предупреждения и проведения процедур банкротства предприяти
15. тематики и информатики Курс- 2 Дисциплина- Информатика Семестр- 4 Ф
16. Гігієна праці це розділ профілактичної медицини який вивчає вплив на організм людини трудової діяльност
17. школы вроде Гарвардской или Уортонской предлагают устаревшие шаблонные программы которые научат вас скор
18. Конец люси конец теории антропогенеза
19. вариант Distinguish between vrible переменные costb fixedпостоянные costnd c mixes смешанныеcost
20. Белорусский государственный экономический университет Бобруйский филиал Кафедра маркетинга и учетно