Будь умным!

У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

90жылдарында~ы ~лемдік дамуда орын ал~ан т~бегейлі ~згерістер ~ылыми зерттеушілер ~шін де сондайа~ саясат

Работа добавлена на сайт samzan.net:

ХХ ғасырдың 80-90-жылдарындағы әлемдік дамуда орын алған түбегейлі өзгерістер ғылыми зерттеушілер үшін де, сондай-ақ саясаткерлер алдына да халықаралық қатынастардың сипаттары мен заңдылықтары бойынша мәселелерді барлық қырынан қойды десе болады. Жаңа саяси даму қарқыны жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен қоса, ғаламдық өзаратәуелділіктің ұлғая түсу төңірегінде ұлтараздық қақтығыстар мен керағар ағымның күшеюін де, халықаралық лаңкестіктің қатерлі шегіне шығуын да, ең соңында бұрыннан қалыптасқан халықаралық қауіпсіздік құрылымында да жаңа қатерлер орын алды. Халықаралық қатынастардың қалыптасып қалған жүйесінің, сонымен бірге соған негізделген әлемдік тәртіптің де ыдырай бастауы, ғалымдарға, сарапшылар мен мемлекет қайраткерлеріне көптеген күрделі мәселелерді туғызды.

Бір-бірімен өзара тығыз байланысқан және өзаратәуелді дүние халықаралық қатынастардағы субъектілердің саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйесінің даму деңгейіне қарамастан, бірінші кезекте мемлекетаралық келісушілік пен өзара қарым-қатынас, ынтымақтастық мәселесін шешу қажеттігін ұсынуда. Өзаратәуелді дүниеде саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастар тек осы саладағы үрдіс негізінде ғана маңызды емес, сондай-ақ оның бейбітшілік пен қауіпсіздік ісінде де мәні аса зор. Өйткені адамзаттың тұйықталған және оқшауланған саяси-экономикалық және мәдени күйден біртұтас адамзат қауымдастығына қарай бет бұруы тарихи дамудың жан-жақты қажетті үрдісі болып табылады.

Яғни, қоғам ішінде кең етек алған саяси-экономикадағы, техникадағы, қарым-қатынас құралдарындағы, ғылым мен білім берудегі интеграциялық үрдістер оны тұтас бір үйлесімге айналдырып, нығайта түсуде. Өркениеттің өрлеуі, ғылыми-техникалық саланың дамуы, адамзаттың тіршілік ету мүмкіндігін жеңілдете түсті. Ғасырлар бойы үстемдік етіп келген тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу үрдісінде адамзатқа деген ізгілікті қамқорлық басым мәнге ие болып, әлем өзаралық жүйелі интеграция үрдісі шеңберінде дамуда. Әлемнің әр аймағында саяси, әскери, экономикалық саладағы интеграциялық бірлестіктерінің құрылуы да бүгінгі күннің заңды құбылысына айналды. Дегенмен, бүгінгі күні жалпы шеңбері айқындала түскен жаһандық интеграция үрдісі оп-оңай қалыптаса қалған жоқ. Алдымен  жаһандану ұғымын да нақтылы айқындап алған дұрыс.

Қазіргі әлемдік ғылым мен саясаттағы кең көлемдегі саяси әуестіктің шашыраңқылығынан ортақ мойындалынған жаһандану анықтамасы жоқ, дегенмен бүгінгі күнге айқындалған тұжырымдамалық сипаттамасы бойынша жаһандану - осы үрдістегі барлық елдер-қатысушылардың ұдайы өндірісінде сыртқы факторлар (экономика, әлеуметтік және мәдени) рөлінің ұлғая түсуі, ұлттық кедергілерсіз бірыңғай әлемдік нарықтың (нарықтардың) қалыптасуы және барлық елдер үшін бірыңғай заңнамалық жағдайдың құрылуы.

 Яғни, жаһандасу – бұл әртүрлі қоғамның әлемдік ауқымдағы өзара әрекеті мен өзара үйлесуінің объективті интеграциялық үрдісі. Адамзаттың барлық тарихи даму сатысында әртүрлі этностар, ұлттар, халықтардың интеграциялық үрдісі жүріп келді. Әлемде интеграция ағымы әрқашан да болды. Бұл ағым этникалық, ұлттық, мемлекеттік шеңберде көрініс тапты. Тарихи қозғалыстың тәжірибесінде әлем көпқырлы болғанымен біргелкі, бірлік күші мен әрекетіне ие деген ой қалыптасты. Интеграция саясатын ынтымақтастықтың дамуымен, мемлекеттің егеменділігінің сақталуымен, мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидасын ұстанумен, ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін құрметтеумен, мәдени алмасумен, әлемдік құрылымның көпжақтылығымен байланыстырамыз.

Жаһанданудың әділ даму үрдісі жағдайында әлемдік экономика мен мәдениеттің біркелкілігіне апаратын ағымдар әрекет етеді. Субъектілердің қызметтерін ортақ қағидаларға бағындыратын ғаламдық экономикалық желісі ғана қалыптасып қоймай, сонымен бірге жалпы әлемдік мәдениетті кеңейте түсетін тиісті социомәдени бейімделуде жүзеге асады. Мұндай жағдайда мәдениет алмасуының және өркениетті бағыттар арасындағы өзара қатынастарды берік орнататын тетіктерін құрудың жағымды мүмкіндіктері мен болашағын айқындау мәселесі маңызды мәнге ие болады. Жаһанданудың объективті үрдісімен қатар ХХ ғасырдың 70-жылдары тек теорияда ғана емес сонымен бірге идеологияда, саясатта, экономикалық тәжірибеде үстем бола бастаған неолибералды жаһандану теориясы да қызу даму үстінде болды

Неолибералды жаһандану – мемлекеттің әлеуметтік, мәдениеттік, өркениеттілік пен табиғи ерекшеліктерін ескере қоймай, нарықтық тетіктер мен бәсекелестік еркіндіктерін, ғылыми-техникалық өрлеудің нәтижелерін толыққанды пайдаланудағы адамзаттың саяси, өндірістік және мәдени өмірінің жаһандық интеграциясының жеделдетілген нұсқасы. Жеке тұлғалық еркіндіктерді кеңейту, шаруашылық өмірге мемлекеттің араласуын шектеу және нарыққа бейімделу - неолибералды жаһанданудың басты талаптары болып табылады. Жекешелендіруге, сауда мен бағаны еркіне қоюға, салықтық саясаттың қатаңдығына, кәсіпкерлік қызметті қайта ретттеуге, мемлекеттің қаржылық қызметін барынша қысқартуға ерекше мән беріледі.

Бүгінгі әлемдік, аймақтық деңгейде неолибералды жаһанданудың мемлекетаралық қатынастарға, жалпы мемлекеттердің даму үрдісіне қалай әсер ете алуы мүмкін деген мәселе туындайды. Өмірдің даму үрдісінде белгілі болғандай неолибералды жаһандануды негізгі жүзеге асырушылар дамыған Батыс елдері мен неолибералды жаһанданудың институциялық-құқықтық орталығына айналған  олардың бақылауындағы Дүниежүзілік валюта қоры (ДВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Бүкіләлемдік банк (ББ) сияқты жетекші халықаралық экономикалық ұйымдар. Бұл тұжырымды дәйектеуде белгілі экономист М.Кастельстің сөзімен айтқанда, үкіметтерге тікелей жасалынған саяси қысым арқылы немесе Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Бүкіләлемдік банк (ББ), яки Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) қызметінің негізінде ұлттық экономикаларға олардың өзіндік ерекшеліктерін ескерусіз қалдырып, «құрылымдық бейімделудің» қатаң шарттарын міндеттеді. М.Кастельс: «Жаһандық экономиканың қалыптасуындағы басты орындаушылар үкіметтер, әсіресе үлкен жетілік үкіметтері және олардың халықаралық институттары...», деп жазды [1].

Әсіресе бұл үрдістер тәуелсіз ел ретінде халықаралық қатынастар жүйесіне жаңадан қосылған Орталық Азия елдерінің тәжірибесінде айқын көрініс тапты. Аймақ елдері аталған жетекші ұйымдарға мүше болу үшін ұлттық әлеуметтік-экономикалық шектеуліктерге негізделген бірқатар талап-міндеттерді орындауға амалсыз көнген болатын. Соның нәтижесінде аймақ елдерінің қарапайым халқының әлеуметтік еркіндіктері біршама қысқартылғанын білеміз.

Дамыған елдердің басқа елдерге жасаған мұндай қысымының негізгі мәні жаһандануға жалпыға бірдей сипат беру, сонымен бірге оның серпілісін жеделдетуде қандай да бір елдің жағдайына байланысты болмайтындай, экономиканың даму қарқыны мен халықаралық еңбек бөлісінің әділ даму қарқынынан асып түсуі керек. Бұл өз бәсекелестерінен қуаты жағынан да, өндірісті ұйымдастырумен де, қаржылық қолдауға ие болуымен де басым түсетін дамыған елдердің ірі корпорацияларына жаңа нарықтарды игеруде еш қиындық туғызбады.

Яғни, неолибералды жаһандануды белсенді түрде жүзеге асырушылар қатарында трансұлттық корпорациялар алғы шепте болды. Трансұлттық корпорациялардың зор экономикалық әлеуеті мен ұтқырлығы ұлттық мемлекеттердің тиімділігіне нұқсан келтіре отырып, биліктің жаңа орталықтарын құру мүмкіндігіне, ғаламдық деңгейде нарықтық қатынас ережелерін қалыптастыруға ие болуда. Сонымен қоса жаһандану үрдісі ұлғайған сайын үкіметтердің сыртқы әлем талаптарына еру міндеттіліктері де арта түсуде. Яғни, ешкімге бағынышты болмаған жаһанданудың тарихи объективті үрдісі енді институцианалды ресімделінген және саналы бағытталған неолибералды жаһандану үрдісіне айналды.

Неолибералды жаһандану бүгінгі күштеу арқылы жүзеге асуында экономикалық интеграцияның табиғи даму үрдісін бұзды, дәстүрлі әлемдік тәртіптің барлық қағидатты негізіне нұқсан келтірді. Шын мәнінде жаһанданудың негізгі жемісін қуатты елдер көруде. Жаһандану игілігінің әділ үлестірілмеуі аймақтық, ұлттық және мемлекетаралық деңгейдегі қақтығыс қатерлерін туғызады.

Кезінде БҰҰ Бас хатшысы К.Аннан: «жаһандану тағдырдың сыйы емес, қайта өздерінің тұрмыстық игілігін немесе үйреншікті өмір қалпынын шырқын бұзған күйзелту күші екендігін миллиондаған және миллиондаған азаматтар өз бастарынан өткізіп көздері жетуде», деген болатын [2].

Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) жаһандануды «көпқырлы халықаралық тауар айналымының ұлғаюы және көлемінің өсуі, қызмет көрсету мен капиталдың халықаралық ағымы, сонымен бірге технологиялардың әлдеқайда жылдам және кең көлемде таралуының салдары ретінде әлем елдерінің экономикалық өзаратәуелділігінің күшейюі» деп сипаттайды [3].

  Жаһандануды жақтаушылар оны адамзат қоғамы өмірінің барлық жақтарын қамтитын кең көлемдегі, көп жоспарлы үрдіс деп қарастырады.

Біріншіден, олардың ойынша жаһандану экономиканың өзіндік дамуынан шығады.

Екіншіден, тауардың, капитал мен ақпараттың еркін айналымына түрткі болып, жаһандану «адамзаттың тұрмыс халінің дамуы үшін еңжақсы жағдай» жасайды [4].

Үшіншіден, жаһандану бірыңғай әлемдік әлеуметтік-экономикалық құрылыстың қалыптасуына, іс жүзінде бірнұсқалы дамуға жетуге мүмкіндік туғызады.

Төртіншіден, «мәдениеттің халықаралық таралуы, маңыздылығы жағынан жоқ дегенде экономикалық үрдістен кем емес» [5].

Жаһандану үрдісі үш өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұрады – жаңа халықаралық еңбек бөлісі,халықаралық өндіріс және саяси қатынастар.

Жаһанданудың құрамдас бөлігі болып табылатын саяси факторларға ең алдымен социалистік жүйенің және Кеңестер Одағының күйреуін, соның нәтижесінде ондаған елдердегі социалистік бағыттағы саяси тәртіптерді өз өздерінің жоюын жатқызуға болады. Социализмнің құлауы, біріншіден, бұл бағыттың «тұйыққа тірелетіндігін» айқындады, соған орай капитализм әлемдік дамудың бірден-бір нұсқасына айналды. Екіншіден, ол біртекті нарықтық қатынастар мен жеке меншіктің пайда болуы ықтимал экономикалық кеңістіктің кеңеюімен қатар жүрді. Басқаша айтқанда, бұрынғы социалистік және социалистік бағыттағы елдерге таралуы арқылы жаһанданудың экстенсивті (сандық жағынан ұлғаюы) түрде кеңеюі мүмкін болды.

Халықаралық саяси жүйенің батысшылдық үрдісі де байқалады: әлемдік жүйенің даму сипатын айқындаудың негізгі тұтқасы Батысқа қарасты. Неолибералды жаһандану саясаты бірбағытты әлемді құру тұжырымдамасымен, жүйелі өркениетті құру, «үлкен сегіздік» елдерін бір орталықтан басқарумен ұқсастырылады. Неолибералды жаһандану ХХІ ғасырдағы әлемдік геосаяси кеңістікті экономикалық және саяси тұрғыдан қайта бөлісу күресінің айнасы іспеттес болуда.

 Жаһандану үрдісі барысында дамыған елдердің басқа әлемге жұмыла қарсы тұруы байқалуда. Іс жүзінде жаһанданудың жүзеге асуына бірқатар әрекеттер түрткі болды. Солардың бірі екі түрде жүзеге асқан либерализациялау. Бір жағынан көптеген халықаралық шарттар негізінде кедендік тарифтерді төмендету, тарифсіз кедергіледі жою, экспорт пен импортты ресімдеу әрекеттерін қысқарту жөнінде келісімге келу. Екінші жағынан, сыртқы экономикалық байланыстарға қатысты ішкі заңнамада бірмезетте өзгерістер жүргізілді.

Жаһанданудың келесі әрекеті мемлекеттік, кооперативтік, ұжымдық және басқа да нысанды меншіктерді жеке қолға беру ретіндегі жекешелендіру болды.

Жаһандану әлеуметтік салада да бірқатар мемлекеттерде көптеген мәселелер туғызуда. Сонымен бірге атап өтетін жағдай ол жаһанданудың экономикаға қатысты емес салада да өзіндік салдарын байқауға болады. Сондай салалардың бірі қауіпсіздік мәселесі, яғни жаһандану үрдісі қақтығыстардың шығуына себепші болуы мүмкін. Басқа сала – жергіліктіліктен ірі көлемге артуға қабілетті саяси дағдарыстар. Үшінші сала ретінде экология мен денсаулық мәселелерін атап өтуге болады. Жалпы жаһандану халықтың өмір сүру әлеміне, діліне, әлеуметтік мінез-құлқына өзіндік деңгейде орасан зор ықпал етері айқын. Жаһандану үрдісі жағдайында адамдардың құнды бағдарлары мен мәнділігі де өзгеріске түсері хақ. Жеке тұлғаның әлеуметтік-құлықтық қасиетінің және оның қоғаммен қатынасының өзгеріске түсуі әрине түбінде адамзаттың тарихи дамуында өзіндік із қалдырады. Ғылыми-техникалық өркениеттің өзекті құбылысы ретінде жаһандық ақпараттық қағамның қарқынды қалыптасу үрдісі мәдениеттің жекелік құрамдас бөліктерінің ескерусіз қалуына әкелері айқын. Сонымен бірге, жаһанданудың қазіргі сәтінде қоғамдық үрдістің басқарылуының күрт төмендеуі байқалады. Азғана топ мемлекеттердің мүдделеріне қарай пайдалануға қарсы тұру мақсатында жаһандану үрдісіне әлдеқайда нәтижелі түрде араласа алуына мүмкіндік беретін қоғамдық дамудың институттары мен басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Неолибералды жаһандану қуатты ұстаным мен бәсекеге төзімді елдер мен халықаралық корпорациялар үшін өте жайлы. Тек тым дамыған елдер ғана оның жемісін көру мүмкіндігіне ие десе болады. Негізінен америкалық экономика жаһандануда, соның негізінде басқа нарыққа ену нәтижесінде басым пайдаға кенелуде. Ал бәсекелестікте әлсіреген елдер мен өнеркәсіптер үшін қолайсыз болуда.

Қазіргі әлемдік нарық – бұл еркін бәсекелестік заңдарының недәуір өзгерістерге тап болған жүйесі. Трансұлттық корпорациялар ең алдымен алдыңғы қатарлы және бәсекеге қабілетті қор мен күш қуатты (жоғары технологиялар; білікті жұмысшы күші, «ноу-хау», жоғары технологиялар патенті) жеке дара иемдену құқына ие болуда. Сонымен бірге мұның қатарына ғылыми-техникалық өрлеу мен білім беру саласы да кіреді. Неолибералды экономикалық жағдайда нарықты жалпыға бірдей жаһандандыру жергілікті және аймақтық нарықты, ұлттық үкімет тарапынан қорғаусыз қалған, трансұлттық корпорациялармен бәсекелесуге ешқандай да мүмкіндігі жоқ ұсақ және орта кәсіпорындарды күйзеліске ұшыратуда. Нәтижесінде көптеген аймақта жыл сайын өсіп жатқан жаппай жұмыссыздық, еңбек ету жағдайының күрт төмендеуі, жұмыс істеу аптасының ұзаруы мен еңбек ақының төмендеуі байқалады.

Жаһандану жағдайында мемлекет аралық көші-қон кең етек алуда. Заңды және заңсыз көші-қон үрдісінің ұлғая түсуіне «аймақтық қақтығыстар» және ішкі саяси тұрақсыздық та әсер етуде .Сонымен бірге заңды-заңсыз көші-қон әлемнің көптеген мемлекеттерінің бұрынғы моноұлттық негізінің әлсіреуіне әкеледі. Осындай жағдайда қазіргі көпұлтты қоғамға ұлттық мемлекеттер құрылған қағидалардан бас тартпай үйлестіруші мемлекет пен қоғамның өзегін таба қою әлдеқайда қиынға соғады.

Этникалық араздық пен жікшілдік әлемнің көптеген елдері үшін ортақ мәселе болуы ықтимал. Дегенмен тарихи түптамырлығы бір Түркия мен Орталық Азия елдері үшін жаһанданудың мұндай жағымсыз жағы тым айқын бола қоймас. Өйткені әлемдегі осындай жаһандану үрдісінде бірлесе отырып даму Түркия Республикасы мен Орталық Азия елдері үшін де өте зор мәнге ие екендігі сөзсіз.

Түркі әлемінің ішінде Түркия мемлекеті жаһандану үрдісіне кең көлемде араласып кеткен мемлекеттердің бірі екендігі ақиқат. Бұл ел еуропалық интеграция басталғанда-ақ сол өзара үйлесудің ортасында болуға ұмтылған алғашқы мемлекеттер қатарында болды.

Тіпті ХХ ғасырдың 50-жылдарының басында-ақ Түркия батыстық НАТО сияқты әскери-саяси топқа мүше болып, жақын араласқан, бұл да үйлесу үрдісі жедел қарқынмен дамыған батыспен жақын болғандығының айғағы. Жаһандану үрдісі көптеген дамыған елдерге жаңа аймақтарды игеруге түрткі болды. Өйткені жаңа тыныс алу кеңістігі қажет еді. Сол жағынан алғанда да Түркия еліне түбі бір тарихи тамырлас орталықазиялық елдермен ынтымақтастықты нығайтуды тарихтың өзі белгілегендей.

Екінші жағынан Орталық Азия елдері үшін де өзіне бауырлас елдің жаһандану үрдісіне бір қадам жақындығы болашақ әлемдік шеңбердегі дамуда зор тәжірибе алуға мүмкіндік берері айқын.

Қазіргі уақытта әлемді бөліске салу байқалады, ұзақ мерзімге бағытталған күштердің құрылымы мен орналасуы айқындалуда және әр мемлекет, елдердің аймақтық тобы, ірі корпорациялар мүмкіндігінше тиімді де ықпалды өңірге ие болуға талпынуда. Құрама Штаттар мен Батыстың дамыған елдері жаһандану үрдісі жағдайында геоэкономикалық әсер ету тәсілдерін белсенді түрде пайдалануда. Егеменді елдерге әскери әрекетсіз экономикалық тұрғыдан осылай ықпал ету жоғары геоэкономикалық технологияларды пайдаланудың нәтижесінде жүзеге асуда. Геоэкономикалық әсер ету әрекеттерін жүзеге асыру барысында көбінесе экономикамен үйлесіп кеткен әскери-саяси жайттарды қолдану байқалады. Мұндай тәсілдерді пайдалану жаһандану үрдісінің жағымсыз жақтарын үдете түсуде. Сондықтан да жаһандану үрдісінің жағымсыз жақтарына қарсы тұра алу үшін де өңір елдерінің үйлесімді әрекеті елдердің өмірлік қажеттілігінен туындайды. Сол ретте әлемдік жаһандану үрдісі Түркия мен Орталық Азия елдерін де тығыз ынтымақтастықты негізге алу қажеттілігіне итермелейді.

Аймақ аралық өзара қарым-қатынастар үйлесімді де тиімді болудағы басты қағидалар түркі әлеміелдерінің даму деңгейіне қарай жіктемей, теңқұқылық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту басты геостратегиялық мақсаттардың бірі болып табылады.

Түркі әлемінің қазіргі және болашақ ұрпағының мүддесіне сай қоршаған ортаны қорғауға, шынайы және жан-жақты ақпаратқа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамзат даму мүмкіндігін арттыруға негізделетін жаңа, әділетті өркениетті құруға бағытталған неолибералды жаһанданудың демократиялық баламасына бар назарды аудару қажет. Өзара қатынаста бақталастық пен жаулыққа жол бермей, аймақаралық ынтымақтастық пен өзаракөмек Түркия мен Орталық Азия елдерінің басым бағыттары болуға тиіс.

Яғни, Түркия мен Орталық Азия елдері әлемдік жаһандану үрдісіндегі қайшылықтарға тап болмауы үшін адамзаттың дамуына қызмет ететін өркениет жетістіктерін – техникалық өрлеуді, ғылымды, оның әлеуметтік және рухани ізгіліктілік құндылықтарымен тоғысатын тәсілдерін тауып сақтай алатын жоғары деңгейдегі ынтымақтастыққа ұмтылуы қажет.

Осыған орай экономиканы жаһандандыру тек қиыншылықтарды ғана тудырып қоймай, сонымен бірге жалпыәлемдік мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдаймен де қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен соңғы онжылдықтарда қалыптасқан әлемнің барлық елдерін бір тұтастыққа топтастырған байланыс және ақпараттық жүйе. Жаңа-жаңа мемлекеттерді халықаралық Интернет торабына қосып ғаламшардың әртүрлі бөлігіндегі ауа-райын көптеген жыл бұрын алдын-ала жорамалдай отырып қоршаған орта мен табиғи қорды қорғаудың болмаған мүмкіндіктерін ашуда. Жаһандану үрдісінің арқасында ғылыми ойлардың кең көлемдегі халықаралық алмасуы мен әртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандары өте күрделі де тәжірибе жүзінде аз зерттелген білім саласында, оның ішінде экология, Жердің био- және ноосфера бойынша, демографияның экономикамен, этнографиямен, әлеуметтанумен, тарихпен, құқықпен, халықаралық қатынастармен өзара әрекеттестігін айқындау жөніндегі бірлескен зерттеулерді жүзеге асырудың теңдесі жоқ мүмкіндіктері туды. Барлығы үшін ортақ жетістіктерге жету бағытында мемлекеттердің ұлттық үкіметтік мекемелері мен бейүкіметтік және басқа да құрылымдар арасында байланыстарды дамыту мен интеграция үшін жаңа қолайлы жағдайлар пайда болды.

  Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін, жаһандану үрдісінің саясаты мен маңыздылығын, шығу себептері мен мәнін, әлеуметтік тұғырнамасын, негізгі бағыты мен даму болашағын, жаһандану үрдісінің Түркия мен Орталық Азия елдері үшін мәнін ғылыми тұрғыдан зерделеудің нәтижесінде бірқатар қорытындыға келуге болады:

1.  ХХ және ХХІ ғасырдың тоғысында заманның жаһандық мәселелері – негізгі әлеуметтік қауымдар арасындағы өзарақатынастар, қоғам мен табиғат арасындағы, әлеуметтік-мәдени және ізгіліктілік қатарындағы мәселелердің қарама-қайшылығын ұлғайтпау мақсатында мемлекет тарапынан алдын алу әрекеттерін қажет етеді.

2.  Әлем әр түрлі күштердің, саяси, экономикалық және мәдени тәртіп факторларының өзара әрекеттестігінен, әсіресе адамзаттың дүниетанымдық қондырғылары мен құндылық бағдарының күрт өзгеріске түсуі мен ығысуынан туындаған айқынсыздық пен тұрақсыздық кезеңіне аяқ басуда.

3.  Неолибералды жаһандану үрдісінің адамзат өмірінің барлық саласына іс жүзіндегі жағымды және жағымсыз әсері: саясатта «қырғи-қабақ» соғысы аяқталғанымен, екі бағытты жаулық күйі күйрегенімен бірбағытты әлем үстемдігінің қалыптасу мүмкіндігі; экономикада – нарықтық негізге бейімделінген неолиберализм; әлеуметтік салада – дәстүрлі қоғамдық қатынастарды әлеуметтік-ақпараттық технологиялардың ығыстыра бастауы; мәдениетте жалпы мәдениет пен батысшылдану етек алуда; адамның ішкі дүниесінде – қоғамдық және жеке тұлғалық сананың ақпараттық жүйеленуі, ақпараттық үстемділік белгілері.

4.  Әлем елдерінің даму деңгейіне қарай жіктемейтін, теңқұқылық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа, адамзаттың қазіргі және болашақ ұрпағының мүддесіне сай қоршаған ортаны қорғауға, шынайы және жан-жақты ақпаратқа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және адамзат даму мүмкіндігін арттыруға негізделетін жаңа, әділетті өркениетті құруға бағытталған неолибералды жаһанданудың демократиялық баламасын алға тарту. Яғни, бақталастық пен жаулыққа емес, жаһандық деңгейдегі ынтымақтастық пен өзаракөмек әлем елдерінің басым бағыттары болуға тиіс.

Сонымен, қазіргі әлем өте күрделі, қарама-қайшылықты, тұрақсыз десе болады. Адамзаттың өмір сүру жанталасымен бетпе-бет келді. Заманның ғаламдық мәселелері қандай болмасын әлеуметтік-саяси құрылымға немесе мәдени кеңістікке қарамастан барлық типтегі қоғамға тән. Алға өрлеу мүддесі үшін бүгінгі өркениеттің барлық әлеуметік түйіні әр тұлғаның құқы мен еркіндігі болатын сындарлы үйлесімге келуі қажет. Әлемдік өркениеттің қол жеткізген даму деңгейі бұған дейін болғаннан да жоғары басқару деңгейін талап етеді. Өйткені ол басқыншылық саясат пен үстемдікті тежеудің, халықаралық қатынастарды реттеудің қуатты құралы ретінде қарастырылады.

1. тема курсового проекта
2. Государственное регулирование бизнеса
3. на тему- Основные тенденции развития международного туризма в регионе Западной Европы Выполнила-
4. Универсальные логический языковой философский
5. ТЕМА 1Понятие о семиотике
6. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук
7. Смутное время в России[1].html
8. тематозная форма B
9. і. Сучасний етап розвитку сфери інформаційної діяльності системно пов~язаний як із процесами інформатизаці
10. Детективы
11. ПРАВО БЫТЬ РАВНЫМ
12. Тема 1 Организационные принципы работы ортопедического отделения и функциональная анатомия жевательного
13. тематическая модель закрытой транспортной задачи Целевая функция ~ минимизация затрат на перевозки
14. Статья 1. Цели Закона 1
15.  Общее понятие о стилях речи 2
16. Возможная опасность какоголибо неблагоприятного исхода
17. Фотонные сети связи
18. Единственное правило состоит в том что люди ограничены лишь своей энергией и воображением ведь можно кажды
19. РЕФЕРАТ дисертацiї на здобуття наукового ступеня доктора технiчних наук
20. РЕФЕРАТ дисертації на здобуттянаукового ступеня доктора історичних наук Київ ~ Дисер