У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Таби~ат жа~дайына байланысты Грекия б~лінеді- 3ке

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

ГРЕЦИЯ.

  1.  Грекия  орналасты: Балқан  түбегінің  оңтүстігінде.

  1.  Балқан түбегін айнала қоршап жатқан теңіздер: Эгей, Иония, Жерорта теңіздері.

  1.  Табиғат жағдайына байланысты Грекия бөлінеді: 3-ке. Оңтүстік, Орта, Солтүстік.

  1.  Оңтүстік  Грекияның атауы: Пелопонес. 

  1.  Орталық  Грекияның атауы: Аттика.

  1.  Солтүстік Грекияның атауы: Македония.

  1.  Грецияның ең  үлкен  аралы: Крит.

  1.  Крит-Ахей  өркениеті  қалыптасты: Б.з.б. ІІ мыңжылдары.  

  1.  Криттегі  ең  ірі  қалалар: Кносс пен Фест  болды.

  1.  Криттің ең  атақты  патшасы: Минос  болды.

  1.  Криттегі киелі деп саналған жануар: Бұқа.

  1.  Б.з.б. XV ғ. Крит патшалығы  күйреді: Вулканның  атқылауынан.

  1.  Ежелгі дәуірде Оңтүстік  Грекиядағы  Пелопонесте қалыптасқан мемлекет: Ахей. 

  1.  Ежелгі Грекиядағы ахейлік мемлекеттердің ішіндегі ең ірі қала-мемлекет: Микены.

  1.  Микены қаласының орнында қазба  жұмыстарын жүргізген археолог: Генрих  Шлиман  болды.

  1.  «П» әрпі тәрізді етіп салынған «Арыстандар қақпасы» орналасқан қала: Микены.

  1.  Б.з.б. 1200 ж. Микенының  Агамемнон  деген  көсемі  Кіші  Азиядағы  басып  алған қаласы: Троя.

  1.  Гомердің «Илиада» мен «Одиссея»  поэмасы арналды: Троя соғысына.

  1.  Б.з.б. ХІІ ғ. Балқан түбегіне үлкен қауіп төндірген: Дорий тайпасы.

  1.  Б.з.б. ХІІ ғ. Грециядағы алғашқы ірге көтерген шағын мемлекеттер талқандалды: Дорий  тайпасының  шапқыншылығынан.  

  1.  Грекияда  алғашқы  қауымдық  құрылыс  ыдырап, құл  иеленушілік  құрылыстың  белгілері  пайда  болды: Б.з.б. ХІ-ІХ ғ.ғ. 

  

  1.  Б.з.б. ХІ-ІХ ғасырларда гректердің негізгі кәсіптері: Мал мен егін шаруашылығы.

  1.  Грекияда  темір  өңдей  бастады: Б.з.б. ХІ ғ. 

  1.  Грекиядағы қала-мемлекеттердің атауы: Полистер.

  1.  Б.з.б. VІІІ-VІ ғ. - 100 астам полистер пайда болды.
  2.  Грециядағы қала-мемлекеттердің ішіндегі күш-қуаты мол болды: Афины мен Спартаның.

  1.  Грециядағы бай қала-мемлекет: Коринф.

  1.  Грециядағы ең әдемі, әсем қала: Милет.

  1.  Афины  мемлекеті орналасты: Аттика.  

  1.  Афины  қаласы  пайда  болды: Б.з.б. ІІ мыңжылдықта.

  1.  Акрополь дегеніміз: Тас қорғандары бар қамал.

  1.  Қаланың  ішкі  бөлігін: Агора (базар,алаң) деп  атаған.

  1.  Ежелгі Грекияда агора, бұл .... : Айналасы қоғамдық үйлермен қоршалған қаланың ішкі бөлігі.

  1.  Афиныдағы билік – ақсүйектердің қолында болды.

  1.  Аттика тұрғындарына үкім жүргізді: 9 адамнан тұрған Ақсүйектер кеңесі.

  1.  Афины  мемлекетінің  құрамына кірген елді мекеннің саны: 12.

  1.  Аттика аймағы халқының біртұтас атауы: Афинылықтар. 

  1.  Шонжар-афинылықтар бүкіл Аттиканы бағындырып алды: Б.з.б. VІІІ ғ.

  1.  Б.з.б. VІІІ ғ. бағындырылған Аттика аймағын басқарды: Ақсүйек шонжарлардан тұрған ақсақалдар

        кеңесі.

  1.  Аристократия  дегеніміз: Шонжарлардың  билігі.

  1.  Қарапайым  халықты (егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер) атауы: Демостар.  

  1.  Б.з.б. 594 ж. Афинының архонтты (басқарушы) етіп сайлады: Солонды. 

  1.  Афины демосының мүддесін көздейтін заңдар шығарған тұлға: Солон.

  1.  Солон  реформасының  нәтижесінде:
  •  Бүкіл  Аттиканың  ер  азаматтары  Афинаның  азаматтары  болып  есептелінді.
  •  Ру ақсүйектердің билігін жойды.
  •  Қарыздарды жойды.

  1.  Афиныда Демократияның  негізін  қалады: Солонның  заңдары.  

  1.  Афиныдағы жоғарғы  өкімет: Халық  жиналысы.

  •  Айына  төрт рет, 20 жасқа  толған  ер-азаматтар  қатысты.

  1.  Гректер өзінің мемлекеттік басқару  ісін атады: Демократия. 

  1.  Афины  демократиясын  нығайтып, дамытқан көрнекті  мемлекеттік  қайраткер: Клисфен.

  •  Клисфен бесжүздіктер  кеңесін  құрды.
    •  Кеңес  ең жоғарғы  мемлекеттік орган  болды.

  1.  Ең жоғарғы сот – халық  сотын  құрды: Клисфен.

  1.  Клисфен тұсында Афиныға басқа грек қалаларынан  келген  қоныс  аударушылар: «Афины  азаматтығын» алды.  

  1.  Афины  қуатты, бай  мемлекетке  айналды: Б.з.б. V ғ. 

  1.   Б.з.б. V ғ. Афинылықтарды атады: «Теңіз қожасы».

  1.  Афины Грекиядағы нағыз демократиялық мемлекетке  айналды: Б.з.б. V ғ.

  1.  Б.з.б. V ғ. Грекияда тұңғыш рет байлығы мен даңқына қарамай, кез келген азамат: Сот  болып  сайлана  алды.

  1.  Афинылық әр азамат міндеттелді: Әскерде немесе флотта қызмет етуге.

  1.  Грекияда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін: Ақша реформасын жүргізді.

  1.  Б.з.б. 443 ж. – 429 ж. ең жоғарғы  қызмет, бірінші  стратег(қолбасшы)  болды: Перикл.   

  •  Б.з.б. V ғ. ортасында  таланттымен, білімділігімен, шешендігімен атақты  болды.

  1.  Перикл тұсында Афины қаласы Грекияның барлық басқа қалаларынан асып түскен: Әдемілігі жағынан.

  1.  Афины мен Спарта мемлекеттері Грекия жерінде жеке-дара билік етуі үшін: Бүкіл Грекия жерін одаққа бөлді.

  1.  Афины одағына енді: Аттика мен Солтүстік Грекия.

  1.  Пелопонес одағына енді: Оңтүстік Грекия мемлекеттері. 

  1.  Б.з.б. V ғ. екінші жартысындағы ірі соғыс: Пелопоннес соғысы.

  1.  Б.з.б. 431 ж. Басталған Пелопонес соғысының себебі: Афины мен Спарта  арасындағы  бақталастық.

  1.  Пелопонес соғысы созылды: 30 ж.

  1.  Пелопонес соғысының нәтижесі: Грекия күйзеліске ұшырады.

  1.  Афиныдағы  басты  мереке: Ынтымақ  мерекесі.

  1.  Ежелгі грек жыл санауы бойынша ынтымақ мерекесі өткізілген: Жаңа жылдың алғашқы айында.

  •  Шілде мен Тамызда  тойланып, алты  күнге  созылды.

  1.  Түн ішінде қолға шамшырақ ұстап, салтанатты түрде жүгіруден басталатын мереке: Ынтымақ мерекесі.

  1.  Б.з.б. VІІ ғ. бастап барлық қалаларда тарай бастаған Дионис құдайдың құрметіне жасалған  мереке: Егіншілер мерекесі.

  1.  Б.з.б. V - ІV ғ.ғ. салына бастады: Театр (грекше – ойын көрсететін алаң).

  1.  Афиныдағы акропольдің етегіне салынған театрға сыйған көрермендер саны: 17 000.

  1.  Театрдың пайда болуы байланысты: Дионис құдайдың құрметіне жасалған мерекемен.

  1.  Орхестра дегеніміз: Ойын  көрсететін  алаң. 

  •  Сахнаны – скене  деп  атаған.

  1.  Грециядағы театрларда қойлатын негізгі екі шығарма: Комедия мен Трагедия.

  •  Трагедия сөзін грек тілінен аударғандағы мағынасы текелер өлеңі.

 

  •  Комедия сөзін грек тілінен аударғандағы мағынасы көңілді шаруалар әні.

  1.  Эсхилдің 70 астам  трагедиялық  шығармаларының  ішіндегі  ірісі: «Бұғауланған Прометей».

  1.  Б.з.б. V ғ. өмір сүрген «Антигона» трагедиясының авторы: Софокл.

  1.  «Бұлт», «Сона», «Құстар»  атты  комедиялардың авторы: Аристофан.

  1.  Пелопонестегі Олимпиялық  ойындар өткізілген қаласы: Олимпия.

  1.  Зевс құдайдың құрметіне олимпия ойыны жазда өткізілген: Төрт жылда бір рет.  

  •  Олимпиялық  ойындар бес  күнге созылған.

  1.  Олимпиялық  ойындар кезінде Грекия қалаларына тыйым  салынды: Өзара  соғысына.  

  1.  Тұңғыш Олимпия ойындары өткізілді: б.з.б. 776 ж. 

  1.  Гректер  өздерінің  жыл  есептеуін санайды: Алғашқы Олимпиялық  ойынның өткізілгенінен бастап.

  1.  Олимпиялық  ойындарға жазушылар мен ақындар қатысты: Өз  шығармаларын  оқып  беру  үшін.

  1.  Олимпиялық  ойындардың жеңімпаздарына жасалған ең  жоғары  және  құрметті  марапат: зәйтүн  гүлалқасын  сыйлады.

  •  Жеңімпаздарға туған  қаласында мүсін  орнатылған.

  1.  Гректерде діни нанымдар пайда  болды: Б.з.б. ХІ-ІХ ғ.ғ. 

  1.  Гректердің сиынатын  құдайлардың  саны: 40.

  1.  Гректер құдайларын көбінесе бейнелеген: Аң, құс  ретінде.

  1.  Гректер құдайларды өмір  сүреді  деп  есептеді: Олимп  тауында.

  •  Ағайынды  құдайлар:

  1.  Құдайлардың әкесі, көктің  құдайы: Зевс.

  1.  Теңіз  құдайы: Посейдон.

  1.  Өлілер  құдайы: Аид.

  1.  Жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісінің құдайы: Дионис.

  1.  Даналық пен жеңістің  құдайы: Афина.

  1.  Сұлулық пен махаббаттың  құдайы: Афродита.

  1.  Грекиядағы өнім және өсімдік құдайы: Деметра.

  1.  Табиғаттан  тыс  тіршілік иелері  мен  таңғажайып  құбылыстар, оқиғалар  туралы  аңыз  әңгімелерді  атайды: Мифтер.

  •  Аргоновтар  туралы  мифте  гректердің  Қара теңізге  жасаған  саяхаты  әңгіме  болады.

  1.  Грек аңызында аргонавтардың алтын жүнді қой терісін әкелу үшін аттанған өлкесі: Кавказ.

  1.  Сәулет  өнері жоғары  дамыды: Б.з.б. V ғ.

  •  Гректер  Афинаны  көріп, таңғалмаған  адамды  ең  төмен  адам  деп  санаған.

  1.  Афины қаласының ең көрікті және әсем жері: Акрополь мен Агора болған.

  1.  Гректер сәулет  өнерінің  үш  стилін қалдырған, олар:
  2.  Коринфтік.
  3.  Дорийлік.
  4.  Иониилік.

  1.  Грекиядағы ең үлкен діни құрылыс: Храм.

  1.  Мүсін  өнерін  дамытудағы  еңбектері  жоғары  болған грек  мүсіншілері: Фидий мен Мирон.

  •  Фидий  мүсіндері  дүниежүзілік  тарихқа  енді.

  1.  «Әлемнің  жеті  кереметінің» бірі  Зевс  мүсінін жасаған: Фидий.  

  1.  «Әлемнің  жеті  кереметінің» бірі Зевс мүсіні орналасқан: Олимпия  қаласында.

  1.  Фидийдың басшылығымен Парфенон храмы тұрғызылды: Афинаның құрметіне.

  1.  Афина мүсіні орналасқан Грекиядағы ең атақты храм: Парфенон.

  •  Грек  мектептері  үш  басқышты  болған.

  1.  Грек мектептеріндегі үшінші басқыштың атауы: Гимнасия.

  1.  Тәрбиеленушілерді шешендік өнерге баулыған Грекиядағы мектеп: Гимнасия.
  2.  Грекияда болмаған мектеп түрі: Қыз балалар мектебі.

  •  Жазуды  балауыз  жағылған  тақтайшаларға  жазған.

  1.  Гректердің әріптерді салуға арналған ұшы үшкір темір біздің атауы: Стиль.

  1.  Гимнастикамен, жүгірумен, күреспен шұғылданатын мектеп: Палестра (пале-күрес).

  •  Гректер балдарын 18 жасынан қала сыртында орналасқан гимнасияға  берген.

  1.  Ежелгі гректерден шыққан аңыз-әңгімелердің атауы: Mиф.

  1.  Б.з.б. 12-8 ғасырларда  өмір  сүрген  зағип  ақын: Гомер.

  1.  Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары жырланды: б.з.б. VIII.

  1.  Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары хатқа түскен: Б.з.б. VI ғ.

  •  Ол  қолына  кифара  атты  музыкалық  аспапты  алып  өлеңдер  жырлаған.

  1.  Математикалық білімнің дамуына үлес қосқан, барлық нәрсенің бастапқы негізі сан деп  қараған ғалым: Пифагор.  

  1.  Көлеңкесіне  қарап  пирамидалардың  биіктігін  өлшей  білген  математик: Фалест.

  1.  Грекияда органикалық  заттардың  шығуы  туралы  тұжырымға негіз  болды: Эмпедокл  ілімі.  

  1.  Медицина  ғылымының  негізін  қалағандардың  бірі – Гиппократтың  еңбектерінің саны: 60 жуық.  

  1.  Философия ғылымының негізін  салушылардың  бірі – Аристотельдің (384-322 ж.) 

  1.  Аристотельдің мемлекет пен мемлекеттің құрылымына, түрлеріне  арналған еңбегі: «Саясат».

  1.  Грек  философы Демокриттің шығармаларының саны: 300.

  1.  Тұңғыш  рет  дүние  атомдардан  тұрады, атомдар  мәңгілік және қозғалыста  болады  деген  пікірді айтқан: Демокрит.

  1.  Спарта  мемлекеті орналасты: Пелопоннесте.  

  1.  Спарта мемлекетіндегі жоғарғы ұйым: Ақсақалдар кеңесі.

  1.  Ақсақалдар кеңесі тұрды: 30 адамнан.

  1.  Спарта мемлекетінің басқару құрылымының ерекшелігі: 2 патшасы болды.

  1.  Спарталықтар көп уақытын жұмсайды: Дене шынықтыруға.

  1.  Спарта мемлекетінің негізін қалады: Дорийліктер.

  1.  Спартада басыбайлы бағыныштыларды атады: Илоттар деп. 

  •  Жоғарғы  ұйым – ақсақалдар  кеңесі  болды.
    •  Айына  бір  рет – халық  жиналысы  шақырылды.

  •  Соғыс,бейбітшілік,мемлекеттік  мәселелер  қаралды.

  •  Өкімет  билігі  патшаның  қолында  болды.

  1.  Спарта мемлекетінің құрылымы: Олигархия (аз адамдардың билеуі).

PAGE  6




1. Екологічний стан р Південний Буг Характеристика та заходи щодо його поліпшення
2. Сибэлектромотор Выбросы вредных веществ в атмосферу За 2002г
3. междунар интеграция рабочие места налоги развитие НТП здоровая конкуренция приводит к снижению цен
4. до горечи и печали поздно
5. Тема 2. Материя и формы ее существования
6. это организация власти экономически господствующего класса оно является орудием диктатуры ~ классового го
7.  БОРЬБА С ВОДОЙ Все суда должны иметь аварийное снабжение в объеме не менее указанного Регистром РФ
8. Определить кинетическую энергию груза 1 в момент времени t3с масса груза 1 равна 324 кг d220см d330см524 Дж Гр
9. Международная классификация болезней, 10й пересмотр, неврология (методичка)
10. Джерела і приймачі оптичного випромінювання
11. это одна из самых необычных и неожиданных историй успеха второй половины ХХ века
12. Андо Хиросигэ
13. идентификаторы программы 9
14. Защита организмов от радиации
15. 2014по 16022014 Контрольные работы будут приниматься только первые 3 дня сессии
16. Варіант 1 Політичні ідеї у державах Стародавнього Сходу Політичні ідеї марксизму
17. темах телекоммуникаций ПКСТ программа контрольное задание и методические указания для студентов
18.  познании бытии человеке природе Философское
19. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата філософських наук.html
20. Металлы диэлектрики и полупроводники с точки зрения зонной теории.html