Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Макроэкономикалық даму модельдерінің сипаттамалары
Макроэкономика теориясының негізі ретiнде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттардың шешiм қабылдау және сол берiлген шарттарда өзара қызметтерi арқылы қалыптастыру механизмдерi болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретiнде қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлi тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты iрi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесi, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секiлдi қабылдайтын шешiмдерiне әсерiн тигiзедi де, ал олар өз кезегiнде жиынтық сұраныстың көлемi мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байланыста болады. Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:
1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;
3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.
Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажеттi алғышарттардан тұрады. Үлгi қисынның, графиктiң және математиканың көмегiмен құрылған теориялардан белгiлi бiр қорытынды алуға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түсiндiруге тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүмкiндiк бередi. Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгеруi және сатып алынатын иiгiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз.
Экономикалық айнымалылар деп әртүрлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалық үлгiлер экономикалық шарттардың ең маңызды экономикалық айнымалыларға әсерiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.
Экономикалық үлгілердiң қорытындылары көбiнесе болжамдар түрiнде көрсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлермен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептер мен салдардың көрiнiсi болып табылады.
Макроэкономикалық үлгi – әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.
Экзогендi айнымалылар – алғашқы ақпараттар, сырттан ендiрледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.
Экономикалық принциптер арқылы түсiндiрiлетiн айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын айнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогендi айнымалылардың өзгерiсiн экзогендi айнымалылар арқылы түсiндiру болып табылады.
Үлгiнiң көмегiмен қамтамасыз етiлетiн экономикалық мәселелердi шешудегi жан-жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Үкiмет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдiк толқуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Шеңберлi ағым үлгiсi, АD-AS, Кейнс кресi, IS-LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгiлер макроэкономикалық талдау жүргiзудiң негiзгi құралдары болып табылады. Бұл үлгiлер қандайда бiр ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген үлгi экономиканың динамикасын және оның көрсеткiштерiн танып-бiлудегi пайдалылығымен бағалануы тиiс. Бағалаудың объективтiк қиындығы мынада болып табылады:
а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғышарттармен қамтамасыз ету;
ё) макроэкономикалық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көрсетуi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кетуi де ықтимал.
Ал өз кезегiнде үлгiнiң қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдалануға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Үлгiнiң шамадан тыс жеңiлдетiлуi үлгiде бiраз маңызды факторлардың ескерiлмеуiне әкелiп соғады, ал оның нәтижесiнде қабылданған шешiмдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген үлгiнi құрудағы басты қиыншылық – нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргiзуге қажеттi факторлар шеңберiн анықтау [1].
Макроэкономикалық көрсеткiштер жүйесі
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себептi, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмiнiң түсiнiгi болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негiзiнде қалыптасқан.
Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi. Үкiмет фирмалар мен азаматтардың экономикалық iс-әрекетi туралы, яғни белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлешерiн, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемi зерттеулер жүргзедi. Алынған деректер бойынша әртүрлi статистикалық көрсеткiштер есептелiнедi, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерiнiң талдауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көрнiстердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жасағанда көмек көрсетедi.
Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы Ұлттық өнiм (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.
ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi. Статистикалық деректер мемлекеттiң экономика министрлiгiнiң 3 айда бiр есептеуi бойынша, экономикалық iс-әрекет нәтижесiн бiрыңғай көрсеткiшпен беруге негiзделген. ЖҰӨ-дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп көрсетуге болады:
1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.2) Өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызметтердiң жалпы шығын көлемi.
ЖҰӨ – экономика жағдайын сипаттайды, себебi адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбiрек қалайды. Яғни өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет көлемi жоғарылаған сайын, өзiндiк қанағаттану дәрежесiнiң деңгейi, өндiрiстiк және мемлекеттiк тұтыну деңгейi жоғары болады.
ЖҰӨ – экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын көлемiн бiрдей өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек.
Макроэкономикада маңызды деп есептелiнетiн қор-ағыньұғымына жататын кейбiр көрсеткiштердi қарастырамыз.
1. Инвестиция және негiзгi капитал.
Экономикадағы капитал – бұл белгiленген, анықталған уақытта жинақталған тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi өндiрушi күш. Инвестициялық шығындар – бұл белгiлi бiр уақыт аралығында негiзгi капиталды қолдауда және капиталдың өсуiне бағытталған өнiмдер ағыны. Осыдан төмендегiдей қатынасты алуға болады.
К = К-1 + I
мұндағы:
К – қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.
К-1 – қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры.
Қор өсiмi (К-К-1) инвестиция ағымына тең.
Егер инвестиция мен капитал қорының арасындағы байланысты тереңiрек қарастырсақ, онда төмендегi теңдеудi құрауға болады.
К= К-1 + I – DN
мұндағы:
DN – кейбiр капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемi пайдалану нәтижесiнде тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.
I – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.
I – DN – таза инвестиция.
2. Қор және байлық.
Жоғарыда қарастырылған қор – ағын ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және байлықты қарастыруға болады. Қор Ұлттық табыстың тұтынудан қалған бөлiгi, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi.
W- W-1 = S
(W – W-1) – қор жинағының өсiмi қорға тең.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.
Қор – ағын ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол ағындағы операция шоттары (СА) шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрсететiн тәуелдiлiк.
NIIP-1 + СА
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз.
Бұл көрсеткiш мемлекеттiң таза қарызының мөлшерi Dd пен бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы тәуелдiлiктi көрсетедi.
Dd – Dd-1 – DEF
Нақты өмiрде мемлекеттердiң ЖҰӨ-н есептеу күрделi мәселе. Сондай күрделi экономиканы өндiрiс пен қызметтерiн шығынын қоса отырып, тiкелей түсiнуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсiнiк алу үшiн, оның басты қалыптасу принциптерi туралы бiлу қажет.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемi қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енедi. Сол себептi, өндiрiс нәтижесiнде қор өсiмi пайда болады. ЖҰӨ көбейедi.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлерi ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелiнедi, ал кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерi нарықта сипатталмайды, сол себептi нарықтық базасы жоқ. Дегенмен осы көрсетiлген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгiзiлу керек, сол үшiн оларды өлшеу керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелiнген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелiнген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретiнде қолданылады. Пәтердi уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын тјлеп, тұруға берген үйдiң шығындары, бәрi ЖҰӨ-дi есептегенде осы жалдау төлемiне есепке енгiзiледi.
Ұлттық есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң көрсеткiшi – бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шығын құрауыштары және табыс көрсеткiштерi деп 25-топқа бөлуге болады.
Экономистердiң көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бөлiнуi және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:
Тұтыну (С)Инвестициялар (I)Мемлекеттiк сатып алу (G)Таза экспорт (Хn)Сонымен, ЖҰӨ-дi Y символымен јрнектеп, мына јрнектi аламыз:
Y = С+ I + G + Xn
ЖҰӨ–бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттiк шығындардың және таза экспорт көлемдерiнiң жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбiр шығын құрауышы осы топтардың бiреуiне жатады. Бұл теңдiк өрнек болуы – осыған кiретiн айналымдардың анықтамасы әсерiнен теңдiк орындалады. Бұл Ұлттық есепшот тепе-теңдiгi деген атау алады.
Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлiнедi:
Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлар;Ұзақ мерзiмдi қолданылатын тауарлар;Көрсетiлген қызмет.Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киiм және азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.
Ұзақ мерзiмдi тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мысалы, машиналар, кiржуатын машиналар, т.б. жатады.
Көрсетiлген қызмет түрiне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.
Инвестиция мынадай топтарға бөлiнедi:
1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясы жатады);
2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
3) Қор инвестициясы.
Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.
Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретiн үйлердi салудағы шығындар.
Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).
Мемлекеттiк шығындар – өкiмет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.
Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда шеңберiнде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар жиынтығына тең болады:
ЖҰӨ =С + I + G
Бiрақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда әлемдiк нарыққа “нетто-экспортшы” ретiнде қатысады, сонда ЖҰӨ iшкi шығын көлемiн жоғарылатады Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда бiз әлемдiк нарыққа “нетто-импортершы” ретiнде қатысады, сонда таза экспорт терiс мән болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен жоғары болады [2].
Мемлекеттің бәсекелес дамуының стадиялары
Елдер арасындағы бәсекелестіктің ғаламдық процестеріне негізделген жағымсыз үрдістерді азайту үшін ұлттық экономикалар арасында валюталық, несиелік, салықтық қатынастарды реттеу мақсатында көптеген ұйымдар, комиссиялар, конвенциялар, тағы басқа институттар құрылған. 20 жылдан астам уақыт Бүкіләлемдік экономикалық форум қамқорлығымен бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша ғылымизерггеу жобасы жұмыс істейді. Осы жобаның шеңберінде ұлттық бәсекеге қабілеттілік ретінде "жалпы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен есептелетін шынайы жан табысының өсу қарқынын тұрақты жоғары деңгейде ұстап отыру қабілеттілігі" түсініледі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жобасында еларалық салыстырмалы талдау жасалады, сондай-ақ статистикалық өңдеудің көмегімен жинақ индексі шығарылады. Осы индекстер жиынтығы қарастырылып отырған елдердің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін анықтап, сәйкесінше, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламалары жасалып, қабылданады [3].
Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық және инфляция
Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі. Жұмыссыздық өндірістің тиімділігінің артуымен немесе жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін, жұмыс күшінің құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық ілгерілеушіліктің және мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы қате құрылымдық саясаты салдарынан туындайды.
Жұмыссыздықты қалыптасу сипаттарымен байланысты негізінен үш түрге жіктеуге болады:
уақытша (фрикциондық) жұмыссыздық;құрылымдық жұмыссыздық;циклдік жұмыссыздық.Уақытшы жұмыссыздық (Uf) – бұл өздерінің біліктілігіне және жеке қалауларына сәйкес келетін жұмысты іздеп жүрген немесе күтіп отырған жұмыс күшінің бір бөлігі. Бос жұмыс орындары және оған үміткерлер туралы ақпараттар жеткіліксіз, тіптен бар болған күннің өзінде бұл ақпараттар таралуы үшін белгілі шамада уақыт қажет. Міне, сондықтан да жұмыстан өз қалауы бойынша немесе еріксіз босағандар және жұмыс күшінің құрамына жаңадан қосылған мамандар белгілі бір мерзім аралығында жұмыссыз болады. Бұл топтың басты артықшылықтарының бірі – олардың еңбек нарығында сата алатын дайын «кәсіби дағдысы» бар. Яғни, олар өздерінің еңбек күшін тез арада сата алады. Қорыта айтқанда, уақытша жұмыссыздар өздерінің еңбек күшін тез арада сату арқылы, қысқа мерзімді кезеңде жұмысбастылар санатына қосылады.
Құрылымдық жұмыссыздық (Us) – бұл жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өнеркәсіптегі технологиялық ілгерілеушілікпен байланысты туындайтын, жұмыссыздықтың бір түрі. Яғни, құрылымдық жұмыссыздар – олар ғылыми-технологиялық ілгерлеушілік нәтижесінде мамандықтары аса қажетсіз немесе мүлдем жарамсыз болуы себепті жұмыстан шығып қалғандар не жұмыс таба алмай жүрген тұлғалар. Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе еріксіз (амалсыз) және ұзақ мерзімді сипатта болады. Себебі, еңбек нарығында олардың «дайын машығына» (мамандығына) сұраныс жоқ болғандықтан, оларға кәсіби қайта даярлықтан өтуіне немесе тұрғылықты мекендерін ауыстыруларына тура келеді. Аталмыш шаралар едәуір ұзақ уақытты қажет етеді.
Уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың негізгі айырмашылықтары:
уақытша жұмыссыздардың еңбек нарығында тез сата алатын дайын машықтары бар, ал құрылымдық жұмыссыздар қосымша оқу оқымай, не қайта даярлықтан өтпей немесе тұрғылықты мекендерін ауыстырмай тез арада жұмыс таба алмайды;уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болады, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді және бұл ұлттық экономика үшін де ауыр (жағымсыз) құбылыс;уақытша жұмыссыздық әлде қайда қалаулы болып табылады. өйткені, көптеген адамдар өз еркімен «жұмыс аралық» күйде болады және олардың төмен жалақылы жұмыстан жалақысы жоғары жұмысқа ауысуы нәтижесінде жеке табыстарының артуы еңбекке ынталарын арттырады. Мұндай салдар еңбек өнімділігінің артуына алып келеді және нәтижесінде ұлттық өнімнің көлемі арта түседі.Циклдік жұмыссыздық (Udd) – экономикалық циклдің құлдырауы кезеңінде жиынтық тұтыну шығындарының азаюы салдарынан өндірістің қысқаруымен байланысты пайда болатын, жұмыссыздықтың бір түрі. Циклдік жұмыссыздар – бұлар ұлттық өндірістің қысқаруымен байланысты жұмысын жоғалтқандар. Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазасында уақытша және құрылымдық жұмыссыздық циклдік жұмыссыздықпен толықтырылады. Ал, циклдік өрлеу фазасында циклдік жұмыссыздық болмайды (Udd = 0).
Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазаларындағы кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы жаппай жұмыссыздыққа алып келеді. Мұндай кезде жұмыссыздарды басқа кәсіпке оқыту арқылы қайта даярлау немесе олардың тұрғылықты мекен-жайларын ауыстыруы жұмыссыздықтан құтылудың жолы болып табыла алмайды. Өйткені, басым жағдайда дағдарыс оты ұлттық экономиканы тұтастай шарпиды және ол әлемдік деңгейге де өрбуі әбден мүмкін [4].
Жұмыссыздық – бұл еңбекке қабілетті адамның жұмыссыз қалуы. Ал, жұмыссыз қалу адамдардың тұрмыстық жағдайын нашарлатып ғана қоймайды, сонымен қатар бұл жағдайда адамдар моральдық тұрғыдан да күйзеліске ұшырайды. Өйткені, бір жағынан жалақы басым көпшіліктің бірден-бір табыс көзі болып табылса, екінші жағынан жұмыссыз қалған жан өзін қоғамға қажетсіз сезінуі мүмкін [5].
Жұмысқа жарамсыздар немесе жұмыс күшіне жатпайтындар: кәмелеттік жасқа толмағандар, зейнеткерлер, үй шаруасындағылар, оқушылар, күндізгі оқу бөлімінің студенттері, жұмысы жоқ болғанымен жұмыс іздемейтіндер, жұмыс іздеуден жалыққандар, арнайы мекемелерде бас бостандығынан айырылып қамауда отырған, яғни сотталып жазасын өтеп жүргендер мен психиатриялық ауруханаларда ұзақ уақыт бойы емделіп жатқандар және т.б.
- жұмыс күші
Еңбек нарығынан кету
Еңбек нарығына ену
туу
өлім-жітім
Е
U
- жұмысқа жарамсыздар
зейнеткерлер
балалар
жұмыс
іздемейтіндер
басқалары
өлім-жітім
Сурет-2 – Жұмыс күші мен жұмысқа жарамсыздардың негізгі ағындары
Жұмыссыздық аса күрделі мәселе болып табылатындықтан, оның алдын алу және онымен күресу мемлекеттік деңгейде дұрыс саясат жүргізу арқылы ғана оң нәтижеге әкеледі. Жұмыссыздықпен күрес сұранысқа сәйкес кадрлар даярлау, елдің демографиялық жағдайына, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс күшін оңтайлы орналастыру, жалақы деңгейін реттеу секілді алуан түрлі іс-шаралар негізінде жүргізіледі. Жұмыссыздықпен күресудің мұндай әдіс-амалдардың ішінен келесі әдістерді атап көрсетуге болады. Олар:
» классикалық тәсіл;
» Кейнсиандық тәсіл;
» Мальтузиандық тәсіл.
Классикалық әдіс бойынша:
Классикалық мектептің жақтастарының көзқарастары бойынша, жұмыссыздықтың туындауының негізгі себебі – ол өте жоғары жалақы деңгейі болатындықтан, олардың пікірінше жалақы деңгейін төмендете отырып, жұмыссыздықты қысқартуға болады (Сурет-3).
С
L4
L3
L2
L1
L
DL
SL
W3
W2
W1
W
0
В
Б
Ә
А
Uw
Мұндағы, W – жалақы деңгейі, %;
L – жұмысбастылық деңгейі, %;
DL – еңбекке сұраныс, адам;
SL – еңбек ұсынысы, адам;
Uw – күтілім жұмыссыздығы, адам;
А – еңбек ұсынысы мен еңбекке сұраныстың теңдестігі нүктесі.
Сурет-3 – Жұмыссыздықпен күресудің классикалық тәсілі
Егер, жалақы деңгейі (W2) еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының теңдестігі нүктесі деңгейінен (Сурет-3-те А нүктесінен) жоғары болса, онда елдегі жұмыссыздық ұлғаяды. Себебі, еңбек ұсынысының сұранысынан артып кетуі (SL > DL) кезінде жалақы деңгейінің көтерілуі үрдісі (W1-ден W2-ге) жүріледі. Мұндай жағдайда, кейбіреулер әлде қайда жоғары жалақылы жұмысты күтіп уақытша жұмыссыздық күйін кешеді. Осындай себеппен байланысты туындаған жұмыссыздық түрін күтілім жұмыссыздығы (Uw) деп атайды. Оның шамасы тең болады:
Uw = L3 – L2
Керісінше, жалақы деңгейі (W1-ден W3-ке) төмен жағдайда да жұмыссыздықтың шамасы (UА) жоғарлайды және ол тең болады:
UА = L4 – L2
Жұмыссыздықтың әлде қайда қалаулы деңгейіне еңбек ұсынысы мен еңбекке сұраныстың теңдестігі жағдайында (А нүктесінде), яғни жалақы деңгейінің теңдестігінде (W1) қол жеткізуге болады.
Кейнсиандық тәсіл
Жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен жұмыссыздық туындайды. Жиынтық сұраныстың (АD) өзгерісі ұлттық өндірістің көлемін (Ү) өзгеріске ұшыратады (Сурет-4). Демек, ол жұмыс күшіне деген сұранысқа ықпал етуші негізгі фактор болып табылады. Кейнсиандықтардың пікірінше ұлттық өндіріс пен жұмысбастылықтың шамасы ұсыныс факторларымен емес, төлем қабілетті сұраныс факторларымен анықталады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуімен (Сурет-4-де АD1-ден АD2-ге) жұмыссыздық та төмендейді. Кейнсиандық теорияға сәйкес жұмыссыздықты азайту үшін жиынтық сұранысты ынталандыру соның ішінде мемлекеттік шығындарды көбейту, салықты азайту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шараларын мемлекет тарапынан жүргізуге болады.
АD2
Ү
АD1
АS
Рд
0
Ү1
Ү2
Сурет-4 – Жұмыссыздықпен күресудің кейнсиандық тәсілі
Мальтузиандық тәсіл
Ағылшын экономисті Томас Мальтустың пікірінше жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі – халық санының теңгерімсіз өсуі. Олай болса, Мальтузиандық тәсіл бойынша, жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін мемлекеттік деңгейде бала тууды шектеу саясатын жүргізу, жұмыссыздықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Инфляция деңгейі. Сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы. Болжанған және болжанбаған инфляция
Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция (inflatio) – бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.
Макроэкономикалық үлгілерде инфляция деңгейі келесі түрде бейнеленеді:
Рдо – Рдө
π = ———— × 100 %
Рдө
мұндағы, π – инфляция деңгейі, %;
Рдо – ағымдағы кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %;
Рдө – базистік кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %.
Орташа баға деңгейі баға индексінің көмегімен анықталады. Кей жағдайларда инфляция деңгейін анықтауда тұтыну бағасының индексі (СРІ) қолданылады. Онда, инфляция деңгейі келесі түрде өрнектеледі:
СРІо – СРІө
π = ——————
СРІө
мұндағы, СРІо – ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %;
СРІө – базистік кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %.
Егер, инфляция деңгейі көрсеткішінің мәні теріс таңбалы (π > 0) болса, онда аталмыш кезеңде дефляциялық үрдіс жүрілгені. Яғни, дефляция – ол елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі төмендеуі үрдісі [7].
Әртүрлі елдердегі инфляциялық үрдістің себептері де сан түрлі. Өйткені, мұндағы инфляцияны қоздыратын факторлардың комбинациясы сол елдегі нақты экономикалық жағдайларға байланысты болады. Енді осылардың кейбіреулеріне тоқталар болсақ:
Біріншіден, инфляция мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мақсатында «ақша станогын» белсенді пайдаланған кезде ұлғаяды. Яғни, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы орталық эмиссия банкінен заемдар арқылы қаржыландырылса, айналыста пайда болған артық ақша массасы салдарынан инфляция қарқыны ұлғаяды;
Екіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуінің себебі, қазіргі қалыптасқан экономикалық жүйенің ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезең нарықтық экономикаға, яғни өндірушілері көп, тауарлары мен қызметтері сан алуан, капитал ауысуы оңай жетілген бәсекелес нарыққа соншалықты ұқсамайды. Қазіргі нарық әлде қайда олигополиялық нарыққа жақын келеді. Ал, олигополист едәуір дәрежеде бағаны бақылайды. Олар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес нарықта олигополисттер мен монополисттер тауарлар ұсынысын қысқарту арқылы, «жасанды» тапшылық жасай отырып, жоғары баға деңгейіне ұмтылады;
Үшіншіден, елдің экономикасының ашық болуы, оның экономикасына біртіндеп әлемдік шаруашылық байланыстарға тереңдеп енуі барысында импорттық инфляция қауіпін төндіреді. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі әркез шектеулі болады. Әрине, ел ұлттық валютасын ревальвациялау* арқылы импортты арзандата алады. Алайда, ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта елдің экономикасының бәсекеге қабілетін төмендетеді;
Төртіншіден, инфляциялық күтіліс салдарынан инфляция өзіне-өзі дем беруші сипат алады. Яғни, баға деңгейінің көтерілуі жағдайында өмір сүріп
үйренген халық бағаның бұдан әрі өсуін күтеді. Мұндай кезде еңбекшілер жалақының (табыстың) көтерілуін талап етеді. Табыстың өсуінің қолайлы әсерінен және бағаның өсуінен қауіптенген халық тауарларды көптеп сатып ала бастайды. Сұраныстың артуын пайдаланып және қосымша жалақылық шығындары салдарынан өндірушілер өз өнімдеріне бағаларды көтереді [5].
Инфляцияны қалыптасуы, өтуі, анықталуы, қарқыны және т.б. себептерімен байланысты келесі түрде жіктейді:
Бағаның еркіндігі дәрежесі бойынша:
ашық инфляция – еркін (бақылау орнатылмаған) бағаның деңгейінің көтерілуі үрдісі;қысымға түскен – үкіметтің баға мен табысты уақытша тұрақтандыру мақсатында, бағаға бақылау орнатуы кезіндегі инфляция;Инфляцияның өту қарқыны бойынша:
сырғымалы – инфляцияның қарқыны жылына 10 %-ға дейін (π < 10);өршімелі – жылына 10 %-дан 200 %-ға дейін(10 ≤ π < 200 );гиперинфляция – жылына 200%-дан артық (π ≥ 200).Елдегі шетел валютасына сұраныстың төмендеуі ұлттық валютаның бекітілген айырбас бағамының төмен белгіленгенін білдіреді. Мұндай жағдайда, елдің экспорттан алатын пайдасы төмендейді және импорты артады. Бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін төмендетеді. Сондықтан, Ұлттық банк ұлттық валютаның бекітілген айырбас бағамын көтереді және бұл шара ұлттық валютаны ревальвациялау деп аталады [6].
Инфляцияның пайда болу тегіне байланысты:
сұраныс инфляциясы – артық жиынтық сұраныс салдарынан пайда болған инфляция;ұсыныс инфляциясы – жеткіліксіз жиынтық ұсыныс салдарынан пайда болған инфляцияИнфляцияның байқалу дәрежесіне байланысты:
болжанған инфляция – экономикалық агенттердің алдын-ала болжаған деңгейінде (күтіп отырған қарқынмен) өтетін инфляция;болжанбаған инфляция – экономикалық агенттер күтпеген қарқынмен өтетін инфляция.Бағаның өсуарқынына экономиканың қаншалықты нәтижелі бейімделуіне байланысты:
балансталған инфляция – басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты өзгеруіне сәйкес бағаның бірқалыпты өсуі;балансталмаған инфляция – бұл кезде экономика өзгеріп жатқан жағдайларға уақтылы бейімделе алмайды.Инфляцияның таралу ауқымына қарай:
ұлттық;әлемдік және т.б..Енді, шығу тегіне байланысты сұраныс және ұсыныс (шығындар) инфляцияларына нақтырақ тоқталайық:
Сұраныс инфляциясы – бұл ұлттық экономиканың әлуетті деңгейіне жуық шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне баға деңгейінің көтерілуі. Ұлттық экономика өзінің әлуетіне жақындаған және жеткен кезде артық жиынтық сұранысқа толық жауап қата алмайды. Өйткені, экономикадағы барлық ресурстар қолданыста болған кезде ұлттық өндірістің нақты көлемі одан әрі ұлғая алмайды. Мұндай жағдай, қалыптасқан артық жиынтық сұраныстың тұрақты нақты өнім көлеміне бағаның жоғарлауы мәселесін, яғни сұраныс инфляциясын туындатады [7].
AS
Pд
AD1
AD2
AD3
AD4
Pд1
Pд2
Pд3
Pд4
0
Y
Y2
Y*
Y1
Сурет-5 – Сұраныс инфляциясы
Бұл жағдай сызбалық түрде Сурет-5-те бейнеленген. Ұлттық өндіріс өзінің әлуетіне (Ү*) жақындаған кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD1-ден AD2-ге) өндіріс көлемінің өсуіне (Ү1-ден Ү2-ге) ықпал етуімен қатар, баға деңгейінің де көтерілуіне (Рд1-ден Рд2-ге) алып келеді. Ал, экономикалық әлуетке қол жеткен кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD3-тен AD4-ке) өндіріс көлеміне (Ү*-не) ықпал ете алмағанымен, баға деңгейінің көтерілуін (Рд3-тен Рд4-ке) болдырады.
Шығындар инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы – бұл орташа шығындардың өсуі немесе жиынтық ұсыныстың азаюы салдарынан туындайтын баға деңгейінің көтерілу үрдісі. Орташа шығындардың өсуі тұрақты жиынтық өнім көлеміне жалпы шығындарды ұлғайтады. Орташа шығындардың өсуінің негізгі себептері:
атаулы еңбек ақының еңбек өнімділігінің өсуіне теңгерімсіз өсуі; шикізаттарға бағалардың көтерілуі;Салықтың артуы және т.с.с.Орташа шығындардың өсуі фирма пайдасын азайтады, ол өз кезегінде фирманың өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді. Нәтижесінде, берілген баға деңгейінде жиынтық ұсыныс азаяды. Жиынтық сұраныстың өзгеріссіз көлемінде (Сурет-6-те АD) жиынтық ұсыныстың қысқаруы (АS1-ден АS2-ге) баға деңгейін көтереді (Рд1-ден Рд2-ге), яғни инфляция қарқынын үдетеді.
AS2
AS1
Pд
AD
Pд1
Pд2
0
Y
Y1
Y2
Сурет-6 – Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Егер, инфляция атаулы еңбек ақының теңгерімсіз өсуі, шикізаттарға бағалардың көтерілуі, салықтың артуы және т.б. себептермен байланысты орташа шығындардың өсуі салдарынан туындаса, мұндай инфляцияны шығындар инфляциясы деп атайды. Шығындар инфляциясы белгілі бір дәрежеде өзін-өзі шектеуші сипатта болады. Нақтырақ айтсақ, орташа шығындардың өсуі салдарынан өндіріс көлемінің қысқаруы, өндірістің қосымша шығындарының өсуін тежейді. Өйткені, жұмыссыздықтың көбеюі кезінде атаулы еңбек ақының мөлшері азаяды, сәйкесінше фирманың жалақылық шығындары қысқарады. Шығындардың қысқаруы және үй шаруашылығының табыстарының азаюы инфляцияның өсуін тежейді.
Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының үйлесуі инфляция шиыршығын (спираль) туындатады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуі мен жиынтық ұсыныстық қысқаруының қатар өтуі жағдайында баға деңгейінің көтерілуі, гиперинфляцияны туындатады. Мысалы, экономиканың толық жұмысбастылыққа жуық сатысында, ақша ұсынысының ұлғаюы нәтижесінде жиынтық сұраныстың өсуі (АD1-ден АD2-ге) өндіріс көлемінің ұлғаюына (Ү1-ден Ү2-ге) ықпал етумен қатар, баға деңгейінің де көтерілуін (Рд1-ден Рд2-ге) туындатады (Сурет-7). Өндірістің ұлғаюымен байланысты ресурстарға
Рд2
Б
Г
Ғ
Ә
АD3
A
АS2
Ү
Рд
0
АS1
АD1
Рд1
Ү1
АD2
АS2
Рд3
Рд4
Рд5
Ү2
Ү3
Ү4
Ү5
Сурет-7 – Инфляциялық шиыршық
сұраныстың артуы және ресурстардың толық дерлік жұмысбастылығы, уақыт өте келе олардың бағаларын өсіреді. Өндіріс шығындарының бұлай ұлғаюы жиынтық ұсынысты (AS1-ден AS2-ге) азайта отырып баға деңгейінің Рд2-ден Рд3-ке көтереді. Нәтижесінде, ұсыныс инфляциясы туындайды. Егер, мұндай жағдай одан әрі жалғасар болса инфляция қарқыны үдей түседі де, инфляциялық шиыршық орын алады [7].
Портер теориясы
Майкл Поттер салалық пайдалылықтар анықтайтын 5 бәсекелестік күштерді ажыратады:
Егер (customers) тапсырыс берушілер (себептен тәуелсiз) жабдықтаушыға қарағанда көп күшке ие болса, олар бұл артықшылықтарын пайдаланады және жабдықтаушының пайда маржаларын азайтады.
Егер ұйымның (suppliers) жабдықтаушыларында күшті нарықтық артықшылығы бар болса, сонымен бірге олар бұны пайдаланады және де өз өнімдерін анағұрлым қымбаттырақ сатады.
Егер (substitutes) тауарлардың қызметтердің ауыстырғыштары бар болса, олар ұйым тағайындаған бағаның өлшемін шектейтін болса, демек олар оның пайдасының мөлшерін нақ осылай шектейді.
Егер салаларда (rivalry) қарқынды бәсекелестік бар болса, онда ол қатысушыларды бағалық, зерттеушілік, жарнамалық соғыстарға қатысуға мәжбүрлеп қосады, және де бұл бағаның төмендеуіне себеп болады.
Егер салаларда (new entrants) жаңа қатысушылар көрініп қалса, және, олар өздерімен бірге қосымша қорларды әкеледі және нарықтың бұрынғы қатысушыларынан пайданы тартып алуға ұмтылады. Бәсекелестік көбейеді, ал пайда азаяды. Бұл күштер бірігіп саланың пайдасының шекті потенциалдығын анықтайды.
Портер-Лоулер теориясы мынадай бес элементтен тұрады:
А) жұмсалған күш-жігер, сезіну, алынған нәтиже, марапаттау, қанағат деңгейі
В) арна, ақпарат, жіберуші, алушы, қабылдау
С) қажеттілік, валенттілік, релеванттық, дегегирлеу және өкілеттілік
Д) еш қайсысы дұрыс емес
Е) алынған нәтиже, марапаттау, қанағат деңгейі, дегегирлеу және өкілеттілік.
Көптеген шаруашылық саласында кластерді қальштастыру «сәнге» айналғандай. Оған нәтижесін көруге, бірінші, методологияық тұрғыдан қарастыру тиімді: Кластер - бір географиялақ ортада кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекетін, қимылын, байланысын рыноктық жолмен үйлестіру арқылы шикізатты түпкі өнімге дейін жеткізудің толық технологиялық қызметін қамту арқылы нақта бір шаруашылық саласында бәсекелік басымдьіқтарды қамтамасыз ету жүйесі.
Әлем елдерінің бісекеге қабілеттілігін бағалау
Елдер бойынша бәсекеге қабілеттілікті бүкіләлемдік экономикалық форум (Женева), Бүкіләлемдік банк, басқару мәселелері бойынша Еуропалық форум (Женева) бағалайды. Елдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін 380 экономикалық, әлеуметтік және саяси сала критерийлері, сондай-ақ 100 критерий бойынша халықаралық сарапшылар ойлары пайдаланылады. Өнеркәсiп саласының бәсекеге қабілеттілігін өткізу көлемінің шамамен 60%-ын құрайтын жетекші кәсіпорындар анықтайды. Компанияның және өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтайтын көптеген әдістер бар.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігi ISO 9000 және 14000 серияларының талаптарына сай болуы тиiс. Оны жобалау, жасау, өндіру және өткізу сияқты «сапа ілгегінің» барлық сатысында мақсатты және жүйелi түрде жүзеге асыра отырып, анықтау қажет [8].
Бәсекеге қабілеттілік түсінігі тауар сапасы түсінігіне қарағанда динамикалық және кең түрде қолданатын түсiнiк. Ол кең шамада өзгеруі мүмкін және оның деңгейi тек ұқсас тауармен салыстырғанда ғана анықталады. Эталон немесе ұқсас тауар ретiнде нарықта тұрақты үлкен көлемде өткізілетін, тұтынушының талғамына сәйкес келетiн және бәсекелестерде де өндiрiлетiн келешегi зор тауарлар таңдалынып алынады [9].
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжау нақты кезеңдерден тұратын күрделі жұмыс.
Бірінші кезеңде – бәсекеге қабілеттілік мақсаты белгіленеді. Нақты жағдайларға байланысты бұл мақсаттарға нарықтағы өткізу келешектерін бағалау, тауардың (яғни ұқсас тауардың) бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау, оның деңгейін көтеру үшін іс-шараларды жетiлдiру жатады. Екінші кезеңде тауарға қойылатын талаптар сатып алушылардың талаптары мен сұранысы туралы әр түрлі ақпараттарды талдау негізінде айқындалады. Бәсекеге қабілеттіліктi бағалаудың барлық көрсеткiштерiн нормативтi, техникалық, экономикалық деп үш топқа бөлуге болады.
Алғашында тауар бәсекеге қабілеттілiгiнiң нормативтік параметрлері анықталады. Бәрінен бұрын тауардың патенттік тазалығы бағаланады. Содан кейін стандарттар мен талаптарға тауар параметрлерінің сәйкес келуі белгіленеді. Жоқ дегенде 1 нормативтік көрсеткіш (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтың, өзара алмастырушы, санитарлы-ветеринарлық) белгіленген талапқа сай келмейтін болса, бәсекеге қабілеттілікті бағалау процесі ары қарай жүргiзiлмейдi. Бәсекеге қабiлеттiлiктің нормативті параметрлерiн бағалау үшiн 1 немесе 0-ге тең индексі енгізіледi. Тауар сапасы міндетті стандарттарға, нормативтерге және шарттарға сай келсе, индекс 1-ге, ал сәйкес келмесе 0-ге тең болуы мүмкiн. Егер нормативтiк көрсеткіштердiң бiреуi 0-ге тең болса, онда жалпы көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл тауардың бәсекеге қабілеттілігі жоқ екенiн көрсетедi.
Нормативтік параметр(Jнп) бойынша жалпы топтық көрсеткіш Jнп әр көрсеткіштердiң (qi) туындысын көрсетедi:
Тауардың техникалық сипаттамасын санды түрде техникалық параметр бірлігі шамасының (Теі) сондай эталон параметр шамасына, олардың қуаттылығы, икемділігі, сыйымдылығы, өнімділігі, жанар-жағармай шығындары бойынша салыстыру арқылы көрсетуге болады
tні – талданып жатқан (жаңа) тауардың і-ші параметр шамасы.
tэі – ұқсас немесе эталон тауардың і-ші параметр шамасы.
Техникалық параметр бойынша (Jтп) топтық көрсеткішті белгілеу үшін әр параметрдің мәнділігі есебінен бірлік көрсеткішті (Li) жинақтау қажет:
n – бәсекеге қабілеттілік бағаланатын техникалық параметр саны.
Параметрлердің 3-ші тобына экономикалық көрсеткіштер жатады. Топтық экономикалық көрсеткішті (Jэп) анықтау үшін талданып отырған тауар (Цп) мен эталон немесе ұқсас-тауардың тұтылу бағасын салыстыру қажет.
Тауардың тұтыну бағасы сату нарық бағасы мен барлық шығындар түрінде белгіленеді.
Нормативтік, техникалық және экономикалық, параметрлер бойынша топтық көрсеткіштер (индекстер) негізінде талданып жатқан тауардың кешенді көрсеткіші (Кк) немесе бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші есептелінеді:
Есептелген коэффицент негізінде талданып отырған тауардың бәсекеге қабілеттілігі жөнінде шешім қабылданады. Кк <1 болған жағдайда талданатын тауар эталонынан немесе ұқсас тауардан бәсеке қабілеттілігі төмен болады, Кк = 1 болғанда талданатын тауар мен эталон тауар тең көрсеткішке ие болады, ал егер Кк >1 болғанда талданып отырған тауар ұқсас тауардан асып түседі. Кк >1 болғанда осы тауарды өндіру және нарыққа шығару жөнінде шешім қабылданады, ал Кк <1 болса, онда бәсекеге қабілеттілiктiң қажетті деңгейіне жету мақсатында техникалық және экономикалық параметрлерді көтеру үшін тиісті іс-шаралар жасау керек. Бұндай бағалау тауарды жасау кезеңінде бәсекелес тауарға қарағанда көп жағдайда тұтынушыны қанағаттандыратын сапа, сервис, өндіріс шығындары және баға сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Бәсекеге қабілеттілікті анықтаудың бірден бір әдісі оның негізгі параметрлерінің тізімін жасау және сол бойынша көпбалды жүйемен барлық бәсекелес бұйымдарды бағалау болып табылады. Нәтижесінде әр таңдап алынған параметрге бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткіші қалыптасады. Параметрлерді таңдау кезінде бәсекеге қабілеттілік нақты тұтынушының қажеттілігін білдіретін көрсеткіштер үшін ғана анықталады. Таңдап алған параметр дұрыстығы және оның мәні сарапшылар бағалауымен бекітіледі. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау объектісі ретінде ұқсас тауар алынады [8].
Бәсекеге қабiлеттiлiктi бағалау 3 кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде оның параметрлері белгіленедi және олардың маңызы анықталады. Мысалы, кондитерлік өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның органолептикалық, «дәмдік сапасы», өнім қауіпсіздігі, бағасы, орауы және өндіруші имиджі деген көрсеткіштері арқылы анықталады. Бұл көрсеткіштердің маңыздылығын анықтау үшін сарапшыларға 1-ден 5-ке дейін аралықтағы шкала ұсынылады. Көрсеткiштердi таңдау тұтынушы қызығушылығы арқылы түсіндіріледi. Бұйым қауіпсіздігі сапа сертификатымен бекітілген дәрігерлік-биологиялық талаптарға, шикізат пен тамақ өнімдері сапасының санитарлық нормаларына сай келетін сертификаттармен анықталады. Мемлекеттiк стандарт органдары тағам бұйымдарының сапасын бағалау кезiнде оргонолептикалық көрсеткіштерді (формасы, түсі және сыртқы түрі, құрылымы және консистенциясы, дәмі және иісі) қолданады.
Бәсекеге қабілеттілік параметрлерін бағалау 5 балды жүйе арқылы жүргiзілуі мүмкін. Сарапшылардан пікір сұрау арқылы параметрлердің мәнділік коэффиценті анықталды.
Зерттеудің екінші кезеңінде тұтынушылардан пікір сұрау жүргізіледі.
Үшінші кезеңде сұраныс нәтижесі талданып, өнім бәсекеге қабілеттілігі бағаланады. Әр параметр бойынша бәсекеге қабілеттілік коэффиценті есептелінеді [9].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құрамы – оның сапасы. Тауар сапасы мен тауар құндылығы екеуі бір ұғым деуге болады. Әйтсе де сапаға қарағанда құндылық-субъективті, абстрактiлi түсінік. Тұтынушы көзқарасы тұрғысынан өнім құндылығы тауар таңбасы, оның тұтынушымен қабылдануы, психологиялық тиімділігі, беделi, яғни маркетинг күшін көрсететін белгілермен анықталады. Соңғы жылдары тауар таңбаларын құруға байланысты өнім шығарушылардың қоғамдық беделінің мәні айтарлықтай күшейді[10].
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Агапова, Т.А. Макроэкономика /Т.А.Агапова, С.Ф.Серегина. – М.: МГУ, 2004.Бункина, М.К. Макроэкономика. (Основы экономической политики): учебное пособие /М.К.Бункина, В.А.Семенов – М. : "ДИС", 1996. – 120 с.Бурда М., Вишлош Ч. Макроэкономика: учебник. 2-е изд. Под ред. М.Бурда, Ч.Вишлош, В.В.Лукашевича, К.А.Холодилина. – СПб. : Судостроение, 1998. – 544 с.Вечканов, Г.С., Вечканова, Г.Р. Макроэкономика/ Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова – СПб. : Питер, 2001. – 115 с.Гальперин, В.М., Гребенников, П.И., Леусский, А.И., Тарасевич,Л.С. Макроэкономика /В.М.Гальперин, П.И.Гребенников, А.И.Леусский, Л.С.Тарасевич – СПБ. : СПбГУЭФ, 1997.Дорнбуш, Р., Фишер, С. Макроэкономика / Р.Дорнбуш, С.Фишер – М.: Изд-во МГУ, 1997.Задоя, А.А. Макроэкономика /А.А.Задоя – Москва, 2004.Мухамадиева, Б.М Краткий курс макроэкономики. Под ред. Б.М.Мухамадиева – Алматы, 2004.Киселева Е.А. Макроэкономика /Е.А.Киселева – М.: Эксмо, 2005Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., Киселева Е.А. – КОГУП, «КОТ», 2004.