Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Ас қорыту жолының бастапқы бөлігі, алдыңғы жағы жанынан ерінмен және ұртпен,үстіңгі жағынан қатты және жұмсақ таңдаймен, астыңғы жағынан ауыз қуысымен шектелген. Мүшелердің және тіндердің жиынтығы болып табылады.
(ауыз қуысы)
Олар бұлшық ет қабатынан тұрады, сыртынан терімен жабылған, ал ауыз қуысының кіре берісі жағынан мүйізгектенбейтін көп қабатты жазық эпителийден тұрады.
(ерін)
Сілемей қабық, үстіңгі және астыңғы жақтың альвеолярлы өсіндісін жауып тұратын, онда сілемей асты қабаты болмайды, өйткені сілемей қабық альвеолярлы өсіндінің сүйек қабығымен тығыз байланысады.
(қызылиек)
Бұлшық еттік мүше. Түбірі, денесі, ұшы, астыңғы ,үстіңгі, жаны бүйір шеттері болып бөлінеді. Қалыпты жағдайда ұшы астыңғы жақтың күрек тістерімен жанасады. Сілемей асты қабаты болмайды және сілемей қабық бұлшық еттерге тығыз бекітілген. Артқы үштен бір бөлігінде лимфагенді тіндердер көп және аз мөлшерде фолликула түрінде жиналған.
(тіл)
Сілемей қабығының құрылысы біркелкі емес. Тігісінің аймағында және тістерге жақын бөлігінде сілемей асты қабаты болмайды және сілемей қабық сүйек қабығына тығыз бекітілген. Алдыңғы бөлігінің сілемей асты қабатында майлы тіндер бар, ал артында сілемейлі бездер, осы бөліктегі сілемей қабыққа иілгіштік береді. Алдыңғы үштен бір бөлігінде жіктелген жақтан 3-4 іркістер тарайды.Эпителиалдық қабат мүйізгектенеді.
(қатты таңдай)
Бұл мүше арқылы сыртқы ұйқы артериясы және самай артериясы өтеді. Беттің нервісі онда өрім құрайды. Оның шығу өзегі үстіңгі екінші молярдың деңгейінде ауыздың кіре берісіне ашылады. Мүшенің құрылысы бөліктерден тұрады.
(құлақмаңы безі)
Қышқылдар мен сілтілерді бейтараптандыру(нейтрализовать) қабілеттілігімен және бикарбонатты, фосфатты және белокты жүйелерімен анықталады. Оның жоғарғы көрсеткіші тістің кариеске тұрақтылығын жоғарылаушы фактор болып табылады.
(сілекейдің буферлі сыйымдылығы )
Биологиялық сұйықтыққа,сілекей бездерінен бөлініп шығатын секреттерден басқа микрофлораларды және оның тіршілік өнімдерін, пародонт қалталарының ішіндегілерді,қызылиек сұйықтығын,десквамиялық (десквамированный) эпителийді,ауыз қуысына миграцияланатын лейкоциттерді,тамақ қалдықтарын және тағы басқаларды кіргізеді. Ол салыстырмалы тығыздықпен 1,001-1,017 жабысқақ сұйықтық болып келеді.
(ауыз сұйығы)
Тін қабығы,тістің түбірін жабатын, 68% органикалық емес ,32% органикалық заттектерден құралады. Химиялық құрамы және құрылысы іріталшықты сүйекке ұқсайды. Негізгі заты оның кальцийдің тұздарымен сіңдірілген, коллагенді талшықтармен өткізілген, олар осындай альвеоланың сүйек тіндерінің талшықтарымен байланысады.
(тістің цементі)
Сілтілік белок, муколитті ферментке әсер етеді. Ол барлық бөлінетін сұйықтарда анықталған, олар әсіресе көздің жасының сұйығында көп, сілекейде, қақырықта. Ол лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігін ширатады, биологиялық тіндердің регенерациясына да қатысады.
(фермент лизоцим)
Организмнің спецификалық емес қорғаныш реакциясы. Бұл процесте басты рольді нейтрофильді гранулоциттер және макрофагтар болып табылады. Олар микробтарды және басқа клеткаларды, бөлшектерді ұстап алып оларды ферменттер лизосом- протеазы,пептидазы,нуклеаздар,фосфатаздар және басқаларының көмегімен қорытады.
(фагоцитоз)
Тығыз дәнекерлі тін, жасушаларға, коллагенді және эластикалық талшықтарға бай. Түбір цементімен және альвеоланың сүйек тінінің арасында болады, қан тамырлары, лимфатикалық тамырлары және нерв талшықтары бар.
(периодонт)
Структурасыз органикалық қабық, эмаль эпителийінің қалдығы. Ол эмаль призмаларының мембранасымен тығыз байланыста болады. Жаңа жарып шыққан тістің сауытын толық жабады.
(кутикала)
Тістің бетінде құрылыссыз жасушасыз пленка (жуандығы 0,1-1,0 мкм), гликопротеинді сілекейден құралады. Тістің бетінде механикалық барьері болып табылады, бірақ оған микроорганизмдер, тамақ қалдықтары жеңіл жиналып қалып қояды.
(пелликула)
Структуралы, желімді және баттасқан тістің қағы, жасушааралық заттектерден және бактериялардан ,сілекей компоненттерінен,бактерия алмасу өнімдерінен, тамақ қалдықтарынан, эпителиалық жасушалардан, лейкоциттерден және макрофагтардан тұрады. Жартылай өтетін мукоидты қабатпен жабылған, пелликула үстіне орналасады.
(тіс қағы)
Тістің минералды шөгінділері, тістің қақтарының кальцинелуі нәтижесінде пайда болады. Осы құрылымның бетінде әрқашанда минералданбағантістің қағы болады.
(тіс тасы)