Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Лекция тезисі Философия ж~не ~леуметтіксаяси п~ндер кафедрасы 22 бетті~ 22 беті СМЖ О~у~д

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-10

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 02/067

Пәннің оқу-әдістемелік кешен 

Лекция тезисі

Философия және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

22 беттің 22 беті

СМЖ «Оқу-әдістемелік»

ҮК НҮ 07 - 2011

Баспа 1.Дана №1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

«Философия және әлеуметтік-саяси пәндер»  кафедрасы

«Дінтану» пәнінен лекция тезистері


Лекция №1.

Жоспар:

  1.  Дін
  2.  Мифология
  3.  Мәдениет

Сабақтың мақсаты: Дінтану ғылымына пән және ғылым ретінде түсінік беру, дін ұғымы, мәні, зерттеулер мәселелері, дін туралы және діни сенім теорияларды түсіндіру мен діннің қоғамдағы ролі туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеті: Дінтану саласының басқа гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарымен арақатынастарын  ашықтап түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Дін–әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарих,саяси-әлеуметтік,дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.Ол ықылым заман-дардан бәрі адамзатпен бірге жасасып келеді.Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

«Дін» түсінігі латынның «геlіgіо» сөзінен шыққан. Бұл дегеніміз ар-ұятты қарым-қатынас, ар-ұят, абырой, мәдениет заты. Дінтануда дінге нақты анықтама берілмеген. Көрсетілген анықтамалар діннің тек кейбір аспектілерін ғана қамтиды. Дінге біржолата анықтама беру мүмкін емес, «дін» мағынасын тек дін құрамынан анықтауғаболады.

 Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік,биологиялық, психологиялық  және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарас-тырады.Теология(көне грек тілінде teos-құдай,logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім(көне грек тілінде konfessio-мойындау,ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының,адам мен Абсолюттің, адам ман біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.

 Мифология дегеніміз- адамдардың өздерін қоршаған орта туралы түсінігін тарихи,өздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткізуі.Бірақ,бұл бір ғана құбылысқа, жеке бейнеге,бір оқиғаға қатысты болса, ол миф деп аталады. Ал мифология - адамдардың жалпы дүние- танымынан қабардар ететін немесе оны тегістей дерлік қамтитын осы мифтердің қатар түзеген жүйесі.Ғалымдар мифологияны ұжымдық сана деп есептейді. Яғни, мифологиядағы бейнелер арқылы ұжымдық түсінік қалыптасады. Адам-дардың әр тобының өздері мекен қылған жердің ерекшеліктеріне қарай түйсік – түсініктері әртүрлі болуынан бір таным объектісі немесе бір қатардағы адамшы-лық нормалары туралы әңгімелейтін мифологиялық материалдарының сан алуан болуы ықтимал.Олардың байқағандары, көргендері және түйгендері санасында екшеліп, көркем өнер үлгілері түрінде(сурет,ән,би,т.б.)көрініс береді.Осыдан біртіндеп әлемдік мәдениет нұсқалары жинақтала бастайды.

 Мифологиялық сананың ерекшклігі – онда адам мен қоршаған орта бөлек нәрселер деген түсінік жоқ,жеке бір адамның санасы ру не тайпа санасы ауқы-мынан асып шықпайды, санадағы бар нәрсе объективті бар немесе болған деп саналады.Ажыратылмаған ұжымдық сана сол күйінде табиғатқа, қауымға көшіріледі, табиғатты „табиғатты жандандырып”оған адам бейнесі беріледі. Мифтерге әсірелеу(метафора),бейнелер арқылы жеткізу (символизм) т.б.тән.

 Мифтер өзінің мазмұнына қарай космогониялық(әлемнің жаратылысы туралы), теогониялық(құдайлардың пайда болуы туралы),астрогониялық (планеталар мен жұлдыздардың пайда болуы туралы),антропогендік (адамдардың пайда болуы туралы),этногендік(рулар мен тайпалардың пайда болу туралы), эсхатологиялық(ақырзаман,топан суы туралы),қаһармандақ,т.с.с. болып бірнешеге тарайды. Осылай сананың пайда болып, жетілуінің ең ерте кезінде мифология әлемді танудың, қабылдаудың және әлемдегі барды түсіндірудің бірден-бір тәсілі, сол кездегі адамдардың білімінің жиынтық көрінісі болды.

 

 Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996


Лекция №2.

Жоспар:

  1.  Діннің әлеуметтік, танымдық, психологиялық негіздері.
  2.  Діннің әлеуметтік негіздері.
  3.  Діннің танымдық, негіздері.
  4.  Діннің психологиялық негіздері.

Сабақтың мақсаты: Дін қоғамда атқаратын қызметтері мен ролін айқындау, дін классификациясының принциптерін түсіндіру және олардың әлеуметтік-психологиялық негіздерін түсіндіру.

Сабақтың міндеті: Дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Діни сана, әр тарихи кезеңде,түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады.Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы-діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс сакрализация (латын тілінде sakra-қасиетті) деп аталады.

 Екіншісі-діни сана қоғамдық санада басымдықпен көрінбейді, одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады;діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді;қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланады; бірақ,діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.

Үшіншісі-діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды,діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады,діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды,діни және азаматтық өкіметбиліктері біржола ажыратылады.Бұл үрдіс секуляризация үрдісі(латынша saecularis-зайырлы)деп аталады.

 Діни қызмет:ілімдік және ғұрыптық болады.Діни қызмет дегеніміз-діни ілімді жинақтап, саралау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру.

 Діни насихат,дінді уағыздау,діни оқу орындарында білім беру де- осы қызмет саласының міндеттері.Одан кейінгі құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткеру,құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т.б діни қимыл-әрекеттердің бәрі ғұрыптық қызметтер деп аталады.

 Діни бірлестіктің мынадай түрлері бар:діни мекеме (мешіт,шіркеу,діни оқу орны т.б),діни секта және деноминация.Бұлардың ішінде шіркеу,мешіт т.б. бірлестіктің неғұрлым кең түрі саналады.Олардың орталықтандырылған(бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменне жоғарыға дейіні басқару жүйесі бар.

 Секта(латынның –ойлау тәсілі,ілім,бағыт деген мағынадағы сөзінен шыққан)әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым,әлеуметтік, дүние-танымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады,тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді.Секталарға тән нәрсе- өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім,оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік,секта мүшелерінің теңдігін жариялау.

 Деноминация(латынның denomen-атын өзгерту сөзінен)не басқа діни бірлестіктерден бөліп шығады, не әуелгі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер мыналар: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне деген сенім;кез-келген иланушының рухани қайта тууына деген сенім; оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенделік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің құқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.

 

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996


Лекция №3.

Жоспар:

  1.  Діннің алғашқы формалары және тарихи типтері.
  2.  Фетишизм, анимизм, тотемизм, магия.
  3.  Алғашқы діни сенімдердің әлемдік діндердегі орны.

Сабақтың мақсаты: Діннің көне түрлері олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі көріністерін қарастыру.   

Сабақтың міндеті: Діннің пайда болуы мен оның қоғамдағы даму кезеңдерін қарастыру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Болмыстың қай кезеңі болмасын, адамдар қандай да бір құдіретке сенуге ұмтылған. Діни немесе басқа да нанымдар адамдар сана-сезімін байлаған.

1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.

2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.

3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.

4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.

5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер./8/
 Олардың ішінде:

Фетишизм – табиғи заттарға табыну.

Магия – белгілі бір сиқырлықтың барысында болжау қабілетінің көмегімен табиғи заттар мен құбылыстарға қоғамдық өмірдің барысында, кейінірек өз мүмкіншілігімен адамдарға әсер ете білу.

Шаманизм – кейбір адамдардың аруақтармен қатынас жасау мүмкіндігіне сену арқылы, сол аруақтар арқылы адамдардың ауруын емдеу, жақсы аңшылықты қамтамасыз ету, қай жұмысы болса да алға бастыру, жауын жауғызу сияқты әрекеттер жасау.

Табиғатқа табыну – әртүрлі жануарлар мен өсімдіктердің аспан денелерінің (ай, күн, жұлдыз) құдіретті күші болып сыйынған адамға жәрдемі тиеді деген сенімге келу.

Ата-бабалар аруағына сену – қайтыс болған ата-бабаларының аруағына сыйыну, оларға ұрпақтарын жебеп жүреді немесе оларға жәбір көрсетеді деп сену.

Диханшылыққа, малшылыққа табыну – егіншілік пен мал өсіруді жеке сала ретінде қарап, оған табынады. Бұл жерде малға, дән егелеріне табынады.

Анимизм – айналадағы көзге көрінбейтін заттардың тіршілік ететініне, табиғаттан тыс елестердің - жандар мен аруақтардың әрекет өмірлеріне сену.

Міне, осы құбылыстарды алғашқы қоғамдық құрылыстың кезінде діни сенімдер деп олар әр қилы және әртүрлі мәнде болады деп түсіндіреді. Солай бола тұра, оларға ортақ нәрсе – айналадағы нақты дүниенің үстінен бір күштің үстемдік етуін жоққа шығара алған жоқ.

Ежелгі адамның сенімінің сырын ашу үшін ғалымдарға аз еңбек ету керек болмады. Белгілі бір тарихи кезеңде құрмет тұтатын мүліктің үстінен алдамшы әрекет жасау, қатаң, нақты тәртіппен жүргізілген сияқты тылсым күш табиғаттан бөлінген жоқ. Бірте-бірте адамның санасында өзінше бөлектенген жеке күшке айналды.

Мысалы: ұстаным, жол, заңдылық, бой ұстану, Алла мен құл арасындағы байланысты тәртіптейтін жүйе, дүниенің мағынасын ашатын тылсым күш деген көптеген мағыналары бар. Адам қоғамда өмір сүретін болмыс болғандықтан, әркімнің жеке және қоғамдық өмірін, қарым-қатынасын реттеуші де дін болып табылады. Дін қоғамда өзіндік бір бағытта тіршілік етпейді. Ол қоғамның тіршілік әрекетімен: яғни саясатпен, экономикамен мәдениетпен, құқықпен, және тағы басқа қоғам құрылысымен тығыз байланыста. Діннің қоғамға ықпалы табынушылық кеңселер. діндарлар қауымдастығы және басқа да ұйымдар арқылы жүзеге асады. Cондықтан да, алғашқы діни сенімдердің әлемдік діндердегі орны ерекше.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996


Лекция №4. Көне Египет діні.

Жоспар:

1. Көне Египет мифология.

2. Дінінің ерекшелігі.

Сабақтың мақсатыі: Египет дінінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, дін ілімінің ерекшеліктері және Египет тарихы мен мәдениетіндегі маңызын қарастыру

Сабақтың міндеті: Көне Египет діндерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

 Египетте дін бүкіл мәдениеттің біртұтас негізі болды және сәулет,бейнелеу өнерлерінің,әдебиеттің қайталанбас туындыларын жасады. Түпнұсқалардан қолда бары б.д.дейінгі 2600-2300 жылдарындағы Көне патшалық дәуірінің «Пирамидалар мәтіні» мен б.д. дейінгі ХХІ-ХVІІІ ғасырлар шамасындағы Орта патшалық дәуірінің «Саркофагтар мәтіндері» сияқты жекелеген жазулар. Жаңа патшалық дәуірі «Өлілер кітабы» , «О дүниеде не бары туралы кітап» деген, тағы басқа бірқатар діни шығармалардан көрініс табады.

Көне Египеттің құдайлар пантеоны Жоғарғы және Төменгі Египет патшалықтарының құрылуы барысында қалыптасты, Көне  Египетте ертерек дәуірлерде Жер – Ана және оның күйеуі, Нил өзенінің иесі Хапиді культі басым болды. Олар баршаға тіршілік сыйлаушы деп аталды. Одан біртініректе жер құдайлары Геб және Акер, олармен қатар аспанды мадақтайтын ана құдіреті кейпіндегі Нут құдайына сиыну орныққан уақыттың өзінде Жер – Ана мен Хапи культінің мерейі жоғары болды. Египпеттіктердің көнедегі тотемдік нанымдары құдайлармен рәміздерге енгізілген хайуанаттар культінен көрініс береді.

Египетті Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде атақты Фива қаласынан шыққан фараондар (перғауындар) биледі. Ра –Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы Амонмен теңдестрілді. Сөйтіп, бұл екеуі біріктіріліп Амон – Ра Күн құдайы пайда болды.

Көне Египеттің  мифтері әлемнің  жаралуын әртүрлі түсіндіреді. Бір қаңида бойынша ең мәртебелі Күн құдайы Хаостан пайда болы делінсе, екінші  бірінде су болып, одан керемет лотос гүлі бөлініп шығып, осы гүлден Ра пайда болды да, осыған дейін қараңғылық қапасында жатқан жерге жарық шашады. Тағы бір Хаостан көтеріліп шыққан аралға келіп ғажайып құс жұмыртқа салып, одан Ра шығады. Жаратылу туралы ең күрделі миф Гелиополис қаласында туған. Біртін келе күн құдайы Рамен біріктірілген Атумен құдайы Хаостан пайда болып, өзін - өзі ұрықтандырып, екі құдіретті – ауа құдайы Шу мен дымқылдық құдайы Тефнутті дүниеге келтіреді. Олардан жер құдайы Нут туады.

Мифтердің ішінде Мемфис қаласының қорғаушысы Птах атты құдайдың әлемді жаратуы туралы миф ерекше маңызды. Бұл құдай барлық дүниені,бүкіл дүниені оймен және сөзбен жаратқан. Ол аттарын тізіп айта отырып, алғашқы сегіз құдайды жаратады. Осымен бірге Амон – Ра Египет дінінде «барлық әкелерді, барлық құдайлардың әкесі, көкті көтеріп, жерді орнтушы, бірден – бір ұл құдай» болып қала береді. «Амон» сөзі «құпия», «тылсым» деген мағынаны білдіреді. Яғни оның бүкіл брлмысы көзге көрінбейтін, ғайып, тылсым. Ол Египеттің барлық қалаларында бас құдай болып танылды. өзге құдайлардың бәрі жиыла келе осы бір Амон – Раның болмысын сипаттаушы болып танылды. Амон – Ра бір уақытта Осирис те, Птах та, басқа құдайлар кейпінде де бола алады деп саналды. Мәселен, кештің құдайы Атум, таңды сәулендендіруші Хепри болса, осылардың екеуі де, сонымен бірге Күннің де құдайы жиынтығында Амон – Ра деп танылды. Ол тотемдік рәміз қаршыға және алып мысық кейпінде де бейнеленді. Антропозооморфтық бейнесінде қаршыға басты, күн тәрізді тәж киген адам түрінде саналды. Амон – Ра әлемнің баршасына иелік жасап, күндіз алтын қайықпен нілді жүзіп жүреді, түнге қарай жер асты дүниесін кезеді деп есептелді. Ол - әлемге өзінің үш көмекшісі – данышпандыұ әйел құдайы Сиа, құдіретті сөз құдайы Ху және әлемдегі тәртіп пен әділет сақшысы, өзінің құдай дағуасындағы қызы Маат арқылы патшалық етті.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006


Лекция  № 5.
 Көне Грециядағы дін.

Жоспар:

1. Көне Грек діні.

2.Көне Рим діні

Сабақтың мақсаты: Көне Грек-Рим дінінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, дін ілімінің ерекшеліктері және Грек Рим тарихы,  мәдениеті мен өркениетінің маңызын қарастыру.  

Сабақтың міндеті: Көне Грек-Рим дінінің тарихы мен еркешеліктерін түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Көне Грек мифологиясы. Дінтану – көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар – хтон ( грек тіл.-жер) немесе Олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе Олимп кезеңі және бертінгі немесе героикалық кезең. Бірінші, хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктің негізі әрі анасы – асыраушы Ұлы Жер-Ана. Мифология бойынша жер тіршілік иесі және оның барлық тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыл-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Бұл кезеңдердегі мифологияның басты кейіпкерлері – медуза, химера, гидра т.б.

Классикалық немесе Олимп кезеңі патриархқа өтумен, алғашқы мемлекеттердің пада болуымен ерекшеленеді. Бұл тұтатай мифологияның жаңа арнаға өтуіне жол ашты. Табиғат құбылыстарымен шендестірілген құбыжық құдайлар орнына адамға қайырымды құдайлар бейнелері пайда бола бастайды. Жаңа құдайлар әлемнің, қоғамның және адамның тұтастығы үшін күрескерлер болып суреттелді. Олардың барлығы әлемнің тең ортасы деп танылған Олимп тауына топтастырылды. Осы орталықты айнала қоршаған космос кеңістігі ұғымы қалыптасты. Бұдан шет жатқан, бұрынғы және бір ізге түсірілмеген дүние жоқ болмыс Хаос деген түсінік орнықты.

Олимп кезінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне – Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасйды. Ұлы Ана-Жер  бейнесі енді Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайлардың бейнесіне ауысады. Мифология бойынша Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары. Теңіз құдайы Посейдан мен жер асты дүниесінің құдайы Айд Зевстің ағалары болып келеді.

Бертінгі немесе героикалық кезеңде әлеуметтік қатынастарда қайшылықтардың күшейе түсуімен полистер арасындағы бәсекелестіктерге байланысты бұқараның құдайларға сенімдері шайқала бастады. Халықта құдайлар қаншама күшті болмасын, Зевстің өзі де, оның сүййікті ұлы Геракл де қанша ерлік жасамасын, олардың бәрі – құдайлар да, адамдар да ақыр-соңында тағдырға тәуелді деген түсінік орныға бастағаны аңғарылады.Осыған қарай грек пантеонының жартылай құдай, жартылай адам қаһармандары да халыққа қаталдық танытады. Жасаған күнәлары үшін немесе айтқан кеңестерін орындамағаны үшін қатаң жазалайды. Мәселен, Троя соғысына қатысты адамдар, соның ішінде жеңілгендері де,жеңгенднрі де қатаң жазаланады.

Көне гректердің құдайлар пантеоны. Көне грек мифологиясы мен діннен Гомердің «Илиада» және «Одиссея» және Гесоидтың Теогония» поэмаларында (б.д.д. VIIІ ғ.) мол мағлұмат беріледі.

Гесиод өзінің поэмасында әлемнің жаратылуы және құдайлардың пайда болуы туралы әңгімелейді. Ол бастапқыда Хаос, Гея-Жер, Тартар және Эрос сияқты құдіретті күштер болды, әлемнің жаратылуында Гея-Жердің орны ерекше, ол Уран-Аспанды дүниеге келтіреді, осындан соң ол Уранмен және Тартармен қосылып, түрлі құбыжықтарға өмір береді деп жазады. Гомер бойынша Зевс аспанға, Посейдон теңізге, Аид жер асты әлеміне иелік етеді. Олимп тауы барлық құдайлардың ортақ  «үйі» болады, сонымен бірге Зевс барлық Олимп құдайлардың үлкені. әлем ортасынан жермен бөлінген жұмыртқа тәрізді болды, оның жоғарысында аспан, төменінде Тартарға дейін терңге кететін төменгі аспан болды, жер үстінде Олимп тауы тұрады, осы әлемнің жаратылуын Зевс аяқтады деп жазды Гомар. Зевстің бірнеше заңды әйелдері болған. Олар: Метида – ең ақылды әйел құдай Афинаның анасы; Фемида - әділет құдайы (одан әділет және тағдыр құдайлары туған); Гера – Олимптегі бас әйел-құдай,соғыс құдайы Арес пен кәсіпшілік құдайы Гефестің анасы, заңды некенің, қалалар мен қаһармандардың жебеушісі. Көне грек мифологиясы бойынша Зевс көптеген құдайлардың, нимфалар  мен музалардың әкесі саналады. Мәселен, сауық құдайлары харит, өнерді қолдаушы тоғыз муза, Персефона, Артемида, Афродита, Аполлон, Гермес – бәрі Зевстен туған.

 Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006

Лекция № 6. Көне Қытайдағы Діндер.

Жоспар:

1.Көне Қытайдағы діндер

2. Дао діні.

3. Конфуций діні

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Қытай, Конфуций, Дао діндерінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, дін ілімінің ерекшеліктері, мәдениеті мен өркениетінің маңызын қарастыру.

Сабақтың міндеті: Ежелгі Қытай діндерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Дао діні Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа фолософиялық-дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы немесе Кун-ұстаз (европалық транскрипцияда-Конфуций) болды. Конфуций б.э.д. 551 жылы туып, 407 жылы дүниеден қайтты.

Конфуцийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Оның ішінде ғұламаның шәкірттерінің де қосқандары аз емес. Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:

-«Өзгерістер кітабы». Бұл кітап құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздер тпотастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы мүмкін.

Көне тарих кітабы». Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді;

Діни өлеңдер кітабы». Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген;

Салтанатты рәсімдер кітабы»;

Көктем мен күз кітабы». Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу князьдығының тарихы баяндалады.

«Да-Сюэ» (Ұлы ілім), «Чжун-юн» (Тепе-теңдік туралы), «Лун-юй» (Әңгімелер мен ойлар) және Кун-Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн-Цзының атымен аталған еңбек – екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше,Кун-Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.

 Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып-білуге адамның ақылы жетпейді.

 Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәпіштеп жазып шыққан. Мұнда  дінге, көне мифтердегі айтылған құдайларға сенгендіктен емес, тарих жіне халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса, олар соғұрлым маңызды және құнды деп есептеген.

 Діни ғұрыптар мен рәсімдер адам мен құдірет иесін байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Кофуцийдің түсігінігінде ғұрыптпр мен салттарды сақтамайтын адам - өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес, мақұлық. Яғни, конфуйийліктегі құлшылық объектісі – көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Философтың өмірі – осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша, үш мың ереже мен үш жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды өте ұнатқан. Аспан құдіреті – Тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құрбандық ғұрыптарына үнемі қатынасып отырған. Сонымен бірге,әлдекім Құдіретті Аспан туралы сөз қозғай бастаса,бұл уақытты босқа шығындау деп, ашу шақыратын болған. Ал оның шәкірттерінің кейбірі Аспан – табиғаттың бір бөлегі және ол туралы сөз етудің еш қажеті жоқ деп тура қайырып тастайтын.

 Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006


Лекция № 7.
  

Көне Үнді діндері

Жоспар:

1.Индуизмнің пайда болуы, эволюцияның негізгі бағыттары.

2.Ведалар.

3.Брахманизм.

Сабақтың мақсаты: Ежелгі Үнді діндерінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері, мәдениеті мен өркениетінің маңызын қарастыру.

Сабақтың міндеті: Индуизм дінінің тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру және студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп  пайдалануға, онымен   жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.б.з.д. бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды.Олар:  қасиетті істер жолы(басты шарты-құрбандық атау); таным жолы (медитация және құдіреттті болмыс туралы ойлар);адалдық жолы (құдайға және оның рахымына сену).

Индуизмның тұңғыш қауымы-«адживака» тақуалық жолын тұтып,тән құмарлығымен күресті.Бірақ Вишуға табынды.Адживака» діни идеяларын бхагаватами» толықтыра түсті.Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті.ХІІ ғасырда брахмандар жарты  құдай-Римаға ерекше тұғыр орнатты.

ХV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла ьастады.Осының нәтижесінде Вишнудің көшілік арасындағы мәртебесі   жоғарылай түсті.Шиваға құлшылық жасауда осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті.Бірақ көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ.Керісінше,осы көп құдайлар бір тұтас діни түсінік аясында құрметтеліп,  индуизм баршаның дініне айналды.

Индуизм үшін «Махабхрата» және Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары  пантеоны туралы кең әңгімелейді.Рамаянада» Ританың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады.

Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға Түсініктемелер беретін Бхагават-Гита»(Жартушы өлеңі немесе құдірітті өлең)философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді.  Концепцияның негізінкүллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы  ретіндегі пракрит (материя,табиғат) туралы және одан дербес таза рух-пуруша(кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құрайды.Осылардан шығарма авторларының  екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді.

«Бхагавад-Гитаның» негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудың сегізінші  аватарасы (осы кейіпте көрінуі)болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік (варналық) қызметі мен міндеттерін орындауға,тұрмыс-тіршілігі жемістеріне бейтарап болуғы,өзінің бар ойын құдайларға бағыштауға үйретеді.Кітап адамның дүниеге келуі мен өлуінің құпиялары,материя мен адам табиғатының арақатынасы, адамның тіршіліктегі өмірін анықтаушы табиғат тудырған үш материалдық бастау-тамас(әрекетсіз),раджас(құмаршыл,іскер,жігерлендіруші),саттва (рухтандырушы,ой сарайын ашатын,саналы) және осылардың түстері (тиісінше қара,қызыл және ақ түстер), йога жолы(өзінің өмірін йога арқылы санасын жетілдіруге арнаған адам жолы),Ақиқат және ақиқат емес білімдер туралы көне үнді философиясынан мол мәліметтер береді.Байсалдылық,құмарлықтан аулақ болу,тіршілікке байланбау сияқтылар басты адамшылық қсиеттері қатарынан аталады.

Йога «Ведаларға» сүйенеді және Веда философиялық мектептерінің бірі болып табылады.Ол әрі философия,әрі тәжірибе(харекет),жекелей алғанда,әр адамның рух еркіндігіне жету жолы,ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз есімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналады.Медитацияны жақсы меңгерген жағдайда адам   самадха күйіне (толық интраверсия)енді.

Индуизмнің тағы бір арнасы-«пурана» діни-мистикалық поэмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар геналогиясы топтастырылған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайларының ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса,бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып,”Тримурти”немесе үштік ұғымы орнығады.Брахманың өзін барлық өзге құдайларды жаратушы бас құдаймын деп жариялағаны үшін оны  Шиваның жазалап,бес басының бірін шауып тастағаны,сөйтіп оның адам-құдай бейнесін алуы туралы айтылады.Одан гөрі кейініректегі аңыздарда Брахма әлемді Вишну мен Шиваныңнұсқауымен жаратты делініп,оның Тримуртидегі тұғыры қайта қалпына келтіріледі.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006

Лекция № 8  

Жоспар:

  1.  Буддизм дінінің негізінде пайда болған діни ағымдар.
  2.  Адамгершілік жайындағы буддистік оқулар.

Сабақтың мақсаты: Буддизм дінінің пайда болуы, дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері, Буддизм мектептері және олардың көзқарастарымен таныс болу. 

Сабақтың міндеті: Буддизм дінінің пайда болуы және таралу тарихы жөнінде мәліметтер беру. Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп  пайдалануға, онымен   жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

         Арийлер мифологиясында кейіннен көне үнді діни дәстүрлерінен орын алған, соның ішінде будда діні қабылданған отыз үш негізгі құдірет иесі болды. Оларды бастапқыда “перілер” деп атап, орындарына қарай үш топқа жіктеді. Олар васу- жер құдайлары, рудра- ауа құдайлары және адитья – аспан құдайлары болып ажыратылды. Олардың бәрі бірігіп аспанның тылсым күштері- асулармен күресті. Құрбандық ғұрыптары атқарылғанда, бұл құдайлардың бәрі бір бейнеге топтастырылып, Вишвеведа, яғни “Барлық құдайлар “деп аталып ортақ дұға оқылды.

       Көне үнділерде де барлық діндерге тән құдайлар пантеоны болды. Олар аспан құдайы Деус –Питар мен жер құдайы – Притхивиді ерекше құрметтеді. Өзге құдайлардың көбі осылардан тарады деп санады. Сол сияқты шексіздікті сипаттаушы Адити әйел құдайынан Митра, Варуна, Арьямана, Аншу, Бхагу, Дхатар, Индра және Вивсват туады деген сенім болды.

      Митра(дос, одақ,беріктік) адамдардың достығы мен бірлігінің кепілі, оларды ауру-сырқаудан сақтаушы, күннің шығуы мен батуын қадағалаушы, аспан мен жерді ұстап тұрушы, сондықтан ең жоғарғы құдай саналды . Веда мифологиясында Варуна мен Митра бейнелері бір. Өйткені ол екеуі де әлемдегі адамшылық әдеп- тәртібінің бұлжымастығы (дхарман) үшін жауапты.

  Мың көзді Варуна құдайы жер мен аспанды ажыратып, әлемді жасаушы, ол барлық құдайларға, перілер мен адамдарға әмір жұргізеді, жаңбыр құдайы болуы себепті бүкіл су иесі. Ол аспанды мекен етеді. Сол биіктен жер бетіндегі болып жатқан барлық істерді бақылап, әлемдегі заңдылықтың сақтаушысы және бірден-бір төрешісі ретінде адал жолдан ауытқығандарды жазалап отырады.

     “Ведаларда”кейде “құдайлар патшасы”аталатын Индра жауынгер – құдай, пнрілермен соғысып, оларды жеңуші найзағай құдайы, жауынгерлерге батылдық пен қуат беруші бейнесінде суреттеледі. Бірде зұлым Вритра аспан суларын, яғни жауынды ұрлап алды, Индра онымен соғысып, суларды жерге қайтадан қайтарды. Индра аспанда бұлттарды сиыр кейпінде айдап жүреді, содан жерге жауын жауып , ол ұрысқа енгенде, жанында әрдайым маруттар- ағайынды жауын мен жел құдайлары еріп жүреді, делінеді мирфологияда.

     Рудра- маруттарды тудырушы, ашу мен ыза құдайы, солтүстікті мекендеген, адамзатқа  түрлі аурулар жіберіп отырған, сонымен бірге қандай науқастан болмасын айықтырушы керемет емші де. Оның бейнесі түрлі- түсті бояулармен беріледі. Әдетте қарны қара, арқасы қызыл, мойны көк түспен боялады.

       Агни-веда гимндерінде құдіретті оттың символы, дін уағыздаушы құдай, адамдар мен құдайлар арасындағы байланыстырушы. Агни әрқашан адамдардың құлшылық тілектерімен бірге құдайларға жететін қасиетті құрбандық оты тұтатылған жерден табылады. Ол алтын шырайлы, жарқын сәулелі, жылу беруші данышпан және аса инабатты құдай кейпінде беріледі. Агнидің ерекшелігі- оның үштік табиғаты: үш басы, үш тілі және үш нұры бар, үш жерді мекен етеді.

      Сома- өзі де құдай дағуасында бола отырып, мәңгілік ғұмыр, қуат, бақыт пен қуаныш беретін “сома”құдіреті шырынының символы.“Сома” адамдар ғана емес, сонымен бірге құдайларға да қуат береді, әйтпегенде олар қаһармандық жасай алмаған болар еді деп саналған . Ай мен Күннің шапақ атып тұруы да соның еркінде.

    

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006


Лекция  №9.

Жоспар:

  1.  Христиан дінінің негізінде пайда болған діни ағымдар
  2.  Мифтік және тарихи қалыптасуы.
  3.  Інжіл (Библия) – киелі кітап: Көне және Жаңа өсиеттер.

Сабақтың мақсаты: Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыты – православие мен католицизмнің пайда болуын және тарихын білу. Олардың дүниетанымдық көзқарастарынмен танысу.   

Сабақтың міндеті: Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп  пайдалануға, онымен   жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады.  Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі – Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді.

Вавилон, парсы, македон басқыншылығын (б.д.б. VІ-ІІ ғғ.) және жат елдік Птоломейлер мен Селеквидтер әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық еврейлер аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізеді. Б.д.б. 140 жылдан бастап тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар тұрғындарға иудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Б.д.б 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алады, сөйтіп, Сирия провинциясына қосылған Иудея Рим империясының бір бөлігіне айналды. Иудея мен Самария өзін-өзі басқарудың соңғы белгілерінен айырылды. Саяси тәуелсіздіктен айырылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдады. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралды. Бұл еврейлердің діни-ұлттық топтары – хасидейлер (ізгі иудейлер)  мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етті. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін, жат жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырды. Бұл Жаңа Өсиет мәтіндерінде көрініс тапты. Әлеуметтік құрамы бойынша фарисейлер қала тұрғындарының орта таптарынан (саудагерлер мен қолөнершілерден, синагога оқытушыларынан) тұрды.

Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі, ішкі қайшылықтар, сенімсіздік пен селқостық, болашақтың бұлыңғырлығы сезімі мен мистикалық сарыуайым сарындарын туындатты. Біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның иудей халқын құтқарып, “иудей патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмады, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермеді. Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды. Христиан ілімі Қасиетті Жазу – Библия мен Қасиетті Аңызға – шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер – “игі хабарлар” арқылы таралды.

Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді. Сонымен қатар топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған евангелиялар да, мысалы, назорейлер, эбиониттер, еврейлер евангелиялары да пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 апостолдар ілімі (“Дидахе”), Герма “Пастрі” сияқты аян алу жанрына жататын кітаптар да  кездеседі.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996

Лекция №10.

Жоспар:

  1.  Православие және оның негізіндегі секталар.
  2.  Католицизм және оның даму сатылары.

Сабақтың мақсаты: Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыты – православие мен католицизмнің пайда болуын және тарихын білу. Олардың дүниетанымдық көзқарастарымен танысу.  

Сабақтың міндеті: Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп  пайдалануға, онымен   жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Христианшылдық біртұтас діни ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына таралу барысында ол әр елдің жағдайына, қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға, жергілікті дәстүрлерге бейімделді.

Христиан дініндегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың – православие мен католицизмнің пайда болуы еді. Бұл жіктелу бірнеше ғасырлар бойы жүрді. Ол Рим империясының батыс пен шығыс бөлігіндегі феодалдық қатынастардың даму ерекшеліктеріне және олардың арасындағы бәсекелестікке байланысты болды.

Рим империясының екіге бөлінуі шіркеудің ыдырауына соқтырды. Оған Батыста латын, Шығыста грек тілдерінің үстемдік етуі, мәдени дәстүрлердің өзгешелігі бір жағынан себепші болса, екінші жағынан әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделер, ықпал үшін күрес, дін тану мәселесіндегі келіспеушіліктер қосылды. Әсіресе Рим христиан қауымы мен Константинополь қауымы басшылары арасындағы қақтығыс өткір сипат алды. 867-ші жылы Рим папасы Никалай І мен Константинополь патриархы Фотий бір-бірінен біржола қол үзді. Осыдан христиандық тарихында әрқайсысының өз жолы бар екі бағыт пайда болды. Батыс шіркеу рим-католик шіркеуі («католик»- латынша «жалпыға бірдей, әлемдік») немесе католик шіркеуі деп, ал шығыс- грек – православие (гректің « жалпыға ортақ, әлемдік» деген сөзінен) шіркеуі деп аталды.

ХVІ ғасырда Батыс Европада жаңа пайда болып келе жатқан буржуазия мен феодализм арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Бұл католик шіркеуіне терең әсер етті. Реформация деп аталған католицизмге қарсы кең қозғалыс орын алды. Осының салдарынан христиандықтың тағы бір тармағы- протестанизм пайда болды. Ол өз ішінен түрлі салараға бөлінді.

Православие. Православие діні ІІ ғасырдан бастап Шығыс Рим империясындағы (Византияда) басым дінге айналды. Константинополь патриархы ресми түрде шіркеу басшысы деп жарияланғанымен, ол абсолютті билікке ешқашан ие болған емес.

Өз билігі өзінде болған мұндай шіркеулер саны үнемі өзгеріп отырды. Қазір осындай өз билігі өз қолындағы он бес шіркеу бар. Олар- Константинполь (Түркия) , Александрия (Египет), Антиох (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузин, Серб, Румын, Болгар, Кипр, Эллада, Албан, Поляк, Словакия және Америка шіркеулері. Соңғысы Орыс шіркеуінен 1970 жылы бөлініп шықты. Бес православие шіркеуінің автономиялық мәртебесі бар. Олар- Синай, Финн, Жапон, Украина және Белорусь шіркеулері. Олар автокефальді (тәусілдік) шіркеулерден елеулі мөлшерде ғана тәуелді.

Православиелік ілімінің негізі-Қасиетті Жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсеиет. Соңғысына алғашқы жеті әлемдік собордың үкімдері мен негізінен ІІІ-ХІ ғасырлар  аралығында өмір сүріп, христиан догматтарын жасаған, «шіркеу әкелері» аталған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.

Католицизм. Рим – католик шіркеуі Батыс Европаның ХVI ғасырға дейін айрықша үстемдік етті.

Католик шіркеуінің басшысы- Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады. Оны кардиналдар коллегиясының жиыны – конклав сайлайды. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен  дипломатиялық қатынас жасайды. өткен ғасырдың аяғынды Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды. Бұл христиандықтың өзге салаларынан католицизмнің басты айырмашылықтарының бірі болып табылады.

Бірақ, католицизмнің ең басты айырмасы-Қасиетті Рухтың Әке-құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен де таралуы (филиокве-сөзбе-сөз-ұлынан да) туарлы түсінік. Бұл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды. Сол редакциясы православиеден гөрі өзгеше.

Аса маңызды догмат- «шамадан артық қажет істер» туралы ілім. Католиктердің түсінігінде шіркеудің ұзақ тарихында Ғайса, Құдай-ана және әулиелер жасаған игі істер шамадан артылады. Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстінде осы «жақсылықтарды» өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002

Лекция  №11.

Жоспар:

  1.  Протестантизм және ондағы негізгі бағыттар: лютерандық, кальвинистік, англикан шіркеуі.
  2.  Қазіргі заманғы христиандық және саясат.

Сабақтың мақсаты: Протестант бағытының пайда болуы, дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктерін айқындау. Олардың діни сенімдік принциптерін  білу.

Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Протестантизм. Христиандықтың өз ішінен екінші рет ірі конфессияға бөлінуі XVI ғасырда болды. Бұл кезде Европада феодализмге қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси күрес басталған еді. Феодализмнің идеологиялық тірегі болғандықтан басты соққы католицизмге қарсы бағытталады.бұл қозғалыс «реформация» «лат. тілінен «қайта құру,тузету».) деп аталды.

Реформацияның басталуы Мартин Лютердің (1483-1546) есімімен байланысты. Ол өте талантты адам еді. Діни ілім профессоры, неміс тілінің тамаша білгірі Мартин Лютер Інжілді бірінші болып неміс тіліне аударды.

Ол 1517 жылы 31 қазанда өзі қызмет қылатын храмның есігін шегелеп, оған атақты 95 тезисін жазып іліп, ашық қарсылыққа шықты . оған Лютер қызмет жасайтын Витенберг қаласына Рим өкілінің индульгенцияны жаппай сатуға келуі мұрындық болды. Индульгенция бастапқы кездері құдай жолында жүргендерге сыйлық тәрізді болса, енді ол товарға айналды. Осы жолы да индульгенцияны сатып, одан түскен қаржыны Римдегі әулие Петр соборын салуға бағыттау көзделді.

Лютер шіркеуді өз ішінен реформациялауға ұмтылды. Ол өз ілімін Інжілге, діннің рәміздеріне қарсы емес, оған соңғы уақыттарда қосылған нәрселерге ғана қарсы деген берік сенімде болды. Лютерандар ресми Римнен 1521 жылы біржола қол үзді. Бұл «аусбург өсиеттері» деген құжатпен бекітілді.

Лютер идеясы Германияда, одан кейін Скандинавия елдерінде үлкен қолдау тапты. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, католик шіркеуінің қолдауына сүйенген феодалдық қанаудан неміс бюргерлері мен шаруалары ауыр зардап шекті. Екіншіден, Рим неміс князьдарының ісіне ұсақ нәрселердің өзінде араласа берді. Католицизмнің экономикалық, саяси, рухани өктемдігі неміс княздарының наразылығын тудырды. Осыдан құтылудың жолы, олардың пікірінше, өз діні болуы тиіс деп түсінді. Рейхстаг  1529 жылы бұған қарсы әрекет жасады. Неміс князьдары  оған қарсы тұрды. Осыдан жаңа атау – «протестанизм» пайда болды.

Лютердің реформаторлық идеяларын Швейцарияда Ульрих Цвингли (1484-1531) мен Жан Кальвин (1509-1564) батыл қолдап, одан әрі терендетті.

У.Цвингли өзінің қызметін мемлекет мәртебесіндегі қала - Цюрихте жүргізді. Ол монастырларды жапқызды, шіркеуден көркем сурет пен музыканы аластатты. Ол Лютер мен онын жактастары реформациялауда жарты жолда тоқтап кдлды деп есептеді. Цвинглидің өмірі кайғылы аякгалды: ол католиктермег ұрыста кдза тапты.

Ж.Кальвин өзінің насюатын Женевада жүргізді. Ол өзінін реформаторлық идеяларын "Христиан дінінің уағыздары" деген еңбегіндс айтты. Бұл еңбектің соңғы варианты 1559 жылы харық көрді. Оның ілімі протестантизм ішіндегі жекедіни ағым болып қалыптасты.

Кальвиннің ілміндегі басты қағида — адам тағдырының әуел бастан жазылып қойылғандығы. Ол кімнің тамұққа баратыны, кімнің жұмақ рахатын көретінін құдай әуелден-ақ жазып қойған, сондықтан адамдардың бір нәрсені өзгертемін деп жанталасуы бекершілік деп уағыздады.

Ол бойынша, құдайға құлшылық жасаудың басты нысаны — еңбек. Кімде-кім бұл дүниеде жақсы еңбектенсе, соны о дүниенің рахаты күтіп тұр.

Францияда Кальвиннің ізбасарлары атақты гугеноттар, Англия мен Шотландияда просвитериандар болды. Бүгінде просвитериан шіркеуі дүние жүзінің көптеген елдерінде бар.

Англиядағы реформация қозғалысы протестантизм солғын түрде көрініс беретін англикан шіркеуінің құрылуына жол салды. Бұл қозғалысты король Генрих ҮІІІ (1491-1547) басқарды. Ол Ватикан үстемдігін ауырсынды. Екінші жағынан жеке басының мүддесі болды. Ватикан корольдің әйелінен ажырасып, екінші рет үйленуіне тыйым салды. Бірақ, басты себеп одан әлдеқайда тереңде жатыр еді. Англияның Франция мен Испания сиякты католиктік елдер каупі алдында күш алуы жене шіркеу мен монастырлер есебінен мемлекет қазынасын толыктыру сияқты саясн және экономикалық мүдделер  алдыңғы қатарға шықты. Ватиканмен арадағы бұл карсыластық ақырында Генрих ҮШ-нің 1553 жылы шіркеуден аласталуымен аяқталды. Ал 1554 жылы ағылшын парламенті Агылшын шіркеуін Римнен төуелсіз деп жариялады. Осы уакыттан бері ағылшын шіркеуін король  мен королева басқарады.

 

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002

Лекция  № 12

Жоспар:

  1.  Ислам дінінің пайда болуы және негізгі ерекшеліктері: ағымдар, діни оқулықтар.
  2.  Қасиетті Құран – кітабы, адам мен дүниенің жаратылысы жайында.

Сабақтың мақсаты: Ислам дінінің пайда болуы, тарихи, мәдени-рухани дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері. Ислам дінінің  сенімдік жүйесін және қоғамда алатын орны туралы мәліметтермен танысу.

Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Басқа да дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар.Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып , жұптасып, шымдасып жатады. Бірақ, Ислам дінінің шығу дәуірінде, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.

Ислам діні-дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін.

Бұл діннің арабтардың ортасында пайда болып, кең қанат жаюына қандай тарихи жағдайлар әсер етті және мұндай сирек құбылыстың саяси - әлеуметтік, этнографиялық түп – тамырын қайдан іздеуге болады? Міне, бұл сұрақтарға көптеген зерттеушілер жауап іздеуде кейде толықтай болмаса да исламға  дейінгі және ежелгі исламдық дәуірлерден сан – салалы деректер желісінде жауап тапқандай болады. Ондай бағалы тарихи деректерді Оңтүстік Арабияның қалаларында сақталған ескерткіштер мен көне жазулар құрайды. Сондай-ақ исламға дейінгі VI-VII ғасырларда жазылған ауызша мұра арабтық поэзияда арабтардың күнделікті тұрмыс – салты, көптеген тайпалар мен  қарым-қатынасы, діни –наным сенімі туралы көптеген деректер келтірілген. Ал, Құранның өзі ежелгі және исламға дейінгі арабтардың тарихы туралы ең негізгі дерек көзі болып табылады.VI-VII ғасырларда Арабия халқының көп бөлігі көшпенді малшылар болды. Негізінен оларды арабтар деп атады: ‘араб, а‘раб, ‘ураб, урбан .

Тек VII ғасырдан кейін ғана бұл этноним ислам дінін қабылдаған және біртіндеп араб тіліне көшкен отырықшы халықтардың ортасында кеңінен тарала бастады. Тым ерте кезде мал шаруашылығымен айналысқан оңтүстік арабтары иемендер және басқаларының тілдері көшпелі тайпалар диалектісіне сәйкес келсе де, өздерін арабтарға қарсы қойды. Бұл қарсылық шежіреде көрініс тапқан. Онда солтүстік тайпалардың ата-бабасы – мудар, ал оңтүстік тайпалардікі – Иаруб болып саналады. Араб тілі – Таяу Шығыстың ежелгі тілдері ассирия, финикий, еврей, арамей, вавилон, ахмар және эфиопияның басқа да тілдері енетін семит тіл тармағына жатады. Бұлардың ішінен араб тіліне ең ұқсасы ежелгі еврейлік пен оның бүгінгі таңдағы нұсқасы иврит.

Ежелгі кезеңде шамамен б.з.б III мың жылдықта Солтүстік Арабияда еврейлермен арабтардың түп тамыры бір этникалық және тілдік қауымды құраған. Таурат сарындары мен сабақтас арабтардың аңыздарына құлақ салсақ,  көне өсиеттегі Ибрахимнің баласы Ысқақтан еврейлер, Исмайлдан арабтар тараған. Ысқақ пен Исмайлдың шешелері бөлек болғанымен, әкелері бір ағалы-інілі туысқандар. Сондықтан  арабтық – еврейлік аңыздарда ортақ кейіпкерлер мен сәйкес оқиғалар көп. Бірақ б.з.б XIII ғасырда Палестинаны жаулап алған еврей тайпалары сол жерде отырықшылыққа көшіп басқа семиттерден біржола бөлініп, жеке халық болып қалыптасады.

Ханифшілер иудейлік және христиандық үлгілермен бір құдайға табынуды жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие болған тайпа көсемі немесе мемлекет басшысы бір дінді қалап, соны уағыздайтын. Яғни дін күшпен орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын.Ал  VII ғасырдағы Араб елінде оқиға мүлдем басқа жолға түсті: жаңа,хақ дінді саятшы көсем емес, дін уағызшы, Алланың елшісін насихаттап, Атлантикадан Үнді мұқитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет – Араб халифатын орнықтырды.

Адамзат тарихында осындай ересен бетбұрыс жасаған Меккедегі аса беделді құрайыш тайпасының Әшім әулетінен шыққан Мұхаммед пайғамбар еді.

Ислам «Мұхаммед пайғамбардың мөрі»- деп атайды. Өйткені ислам діні адамзат баласына келген және келетін ең соңғы хақ дін, Мұхаммед Алланың ең соңғы елшісі болып саналады.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006

Лекция  №13

Жоспар:

  1.  Ислам діні және өркениеті жайында.
  2.  Ислам ғылым және ғалымдар жайында.
  3.  Ислами модернизм.

Сабақтың мақсаты: Ислам дінінің пайда болуы, тарихи, мәдени-рухани дамуы кезеңдері, діни философиялық ілімінің ерекшеліктері. Ислам дінінің  сенімдік жүйесін және қоғамда алатын орны туралы мәліметтермен танысу. 

Сабақтың міндеті: Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп  пайдалануға, онымен   жұмыс істеуге үйрету. Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Теологтар алты кітапты беделді деп мойындайды. Олар - Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Иамаил әл – Бухаридің « Әлжәми ас – сахих», Муслин ан – Нишапуридің осы аттас кітабы, ибн Маджда Кәбуринидің, Әбу Дәуіт ас – Сиджистанидың, ән – Нисаидің «Сун-нан» атты кітаптары және Мұхаммед ат – Тирмизидің «Әл – жами әл – Кабир» еңбегі. Осылардың арасында әл – Бухаридің еңбегі беделді саналады. Ол алты жүз мың шамалы хадисті зерттеп, кітабына ақиқат (сахихи) хадистер деп 7250 хадисті енгізген.

Құран және осы хадистер негізінде және оларға иджма (алғашқы төрт халифтің шығарған қағида – ережелері) мен қияс (Құран, хадис және иджмаға сүйеніп шығарылған қағида – ережелер) қосылып, мұсылмандар үшін қағида – ережелердің жинақтары жасала-ды. Олар «фикх» - деп аталады. Ал фикх негізінде ислам қауымының тұрмысын реттейтін заңдар мен қағидалар жасалады. Бұлар «шариғат» (арабтың шариа – мақсатқа бастайтын тура жол деген сөзінен) деп аталады.

Құранның текстінің ең көне қолжазба түрінің сақталуы VII ғасырдың аяғына барып тіреледі.Мұндай көне Құран көшірмелері Меккедегі Қағбамен Мәдинадағы пайғамбар мешітінде сақталған. Сондай-ақ қолжазба кітаптін тағы екеуі бізге жеткен; бірі Каирдегі Египеттің ұлттық кітапханасында екіншісі  « Оспан құраны »  қазіргі Орта азия мұсылмандары діни басқармасында сақтаулы. Құранның аудармаларына тоқталсақ негізінен Құранды оқып-үйренуді батыс ғалымдары ертерек қолға алған, 1543 жылы Ретененсис оны латын тіліне, ал росс 1649 жылы ағылшын тіліне, Глеземакер 1658 жылы Голланд тіліне, 1688 жылы неміс тіліне айударған. Швейцариалық арабтанушы Адам Мец, неміс семитологі. Т.Нельдек, мажарлық И.Гольдцмер және т.б. Құарнды талдаумен түсініктемелер берумен айналысқан. Құранның ағылшын тіліндегі аудармасын Джорд Сэйле 1734 жылы Лондонда  бастырылды. Осы ағылшын басылымынан Алексей Колмаков 1792 жылы орысшаға аударған.Француз тілінде А,дю Риенің аудармасымен шықты. Петр І-інің бұйрығымен  1716 жылы орысшаға осы французшадан айдарылды.Кейіннен 1787 жылы Екатерина ІІ-шінің қаржысымен Осман-Исмайл мулланың даярлауы және түсініктерімен Құранның арабша тексті Петербургте алғаш рет басылды. Құранды арабшадан орысшаға бірінші рет көрнекті шығыстанушы Г.С.Саблуков аударды. Ол әуелі де Саратовта мұғалім, кейін Қазан қаласының діни академиясының профессоры болатын. Алғашқы нұсқасы 1878 жылы, екінші рет Қазанда 1884 жылы, ал үшінші рет 1907 жылы басылды. Ал, академик И.Ю.Крачковтың ғылыми аудармасы 1963 және 1986 жылдары Мәскеуде басылып шықты.

Мұсылман мемлекеттерінде қоғамдық заңдардың барлығы шариғат талаптарына бейімдеу Құран аяттарымен бекітіледі (Құран 3-ші сүре, 99-ші; 103-ші аяттар). Сондықтан да шариғаттың тағы да бір сүйенетін қайнар көздерінің бірі – иджама (Құран мен Сүннетті негізге ала отырып қоғамдағы діни ғалымдардың шығарған шариғатқа қайшы келмейтің фатуалары).

Құранның мәдени мұра ретіндегі маңызы дін ауқымынан да әлдеқайда кең. Ол ислам өркениеттінің гүлденуіне жол салды.ислам діні орныққан соң ерекше дамыған «араб тілді философия» аталған ғылым саласы марғау Европаның шығармашылық ойын оятты. Бұл ғылымның негізін салушылар қатарында әл –Кинди есімімен бір дәрежеде біздің данқты бабамыз Әбу –Насыр Мұхаммед әл –Фарабиесімі де орнымен аталады. Оның араб тілді аталуының мәні де сонда – ислам мәдениеттің көркеюіне хақ дінді қабылдаушы барлық халықтар солардың ішінде түркі халықтары да тең дәрежеде үлес қосты.Мұсылман мейрамдары.

Әр мұсылман үшін жұма – қасиетті күн. Ол бүкіл араб елдерінде демалыс. Рамазан айының жиырма жетінші түні – “ләйлат әл - қадр”- қадір түні. Бұл түнді шырақты сөндірмей тілек үстінде өткергендерге Алланың рақметі жауады. Оның шығу тарихы – Құран - Кәрим Алладан Мұхаммед пайғамбарға аян етілген.Ид - әл – фитр – ораза мейрамы. Рамазан айындағы оразадан соң, шәууәл айының бірінші жұлдызында аталады. Міндетті түрде фитр садақасы үлестіріледі.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  3.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006

Лекция №14

Жоспар:

  1.  Дәстүрлі емес діни қозғалыстар.
  2.  Олардың қоғамдағы  ролі мен мәні.

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттардың пайда болуының себептері. Оларды классификациялаудың принциптерін және ерекшеліктерін көрсету.

Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

Адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген:  “Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.” Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан - 2030” деген Қазақстан халқына жолдауында: “Әртүрлі этникалық  және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ,”-деген болатын.

Конституцияның бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазылған:

«3. Мақсаты немесе іс - әрекеті Республиканың Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік- топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

4.Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, содай – ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.

5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, содай – ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиысті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.”

Он төртінші бапта былай жазылған:

“2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез – келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.”

Он тоғызыншы бапта:

“1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және көрсету көрсетпеуге хақылы.”

Жиырмасыншы бапта:

“3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни,тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.”

Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық негіз жасалған. Бірақ, бүгінде 1992 жылы қабылдаған  “Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы” заңды 1995 жылғы қабылданған соңғы Конституция негіздеріне сай етіп, қайта толықтыру мәселесі басылым беттерінде талқыланып жатыр.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология болғандықтан діни әрекеттер шектеу қойылған болатын. Марксистік – лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрынғы күшін жойды. Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды.

Қазіргі Қазақстанда 46 конфессия  мен деноминациядан өкілдәік танытатын 2192 діни бірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бірі 1992 жылғы “Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы” заңмен реттелген.

Соңғы халық санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан ислам дінінің қоғам өміріндегі орны ерекше.

 Республикада лютеран шіркеуінің негізгі үш бағытының өкілдері бар. Олар – евангелие шіркеуі, лютеран ағайындар және Миссури синодының қолдаушылары. Бұлардың бәрі өз ілімдерін Ауксбург дін уағызына (1530 жылы) негіздейді. Айырмасы – құлшылықты атқару рәсімінде ғана. Сондықтан олар бір-біріне қарсы келмек былай тұрсын,әрдайым жәрдем көрсетіп отырады.

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  3.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006

Лекция № 15  

Жоспар :

1.ҚР  діни ұйымдар.

2.ҚР-ғы діни жағдай.

Сабақтың мақсаты: Еліміздегі ар-ождан бостандығы және оның заңмен реттелуі, діни жағдай және дінаралық келісім мәселелерін қарастыру. 

Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша мәліметтерді толық меңгеру.

 Меннониттер. Бұл діни ағымның негізін салушы католик священнигі Менно Симонс. Ол анобаптистерге өтіп, қианат жасамау принциптеріне негізделген өз қауымын құрды. Кейінірек менненизм принциптері Біздің ортақ христиан дінінің бас статияларының деклорациясы деген құжатта (1632) нақтыланды.

 Менониттерге тән нәрсе – адамдарды кәмелет жасқа жеткен соң шоқындыру. Шіркеу иерархиясы мойындалмайды. Сондықтан әр қауым өзін-өзін басқарады. Бірақ барлық қауымдардың жұмысын үйлестіру үшін АҚШ-та Менониттердің дүниежүзілік конференциясы құрылған.

 Менонизмге басты екі бағыт бар:шіркеулік және ағайындық. Соңғысы боптистермен жақындасып, солардың құлшылық жыйындарына қатысатын болды. Бертін келе боптистер құрамына түгелдей еніп кетті.

 Бүгін де ағайын менониттердің үлкен қоғамы (250 адам )Қарағандыда орналасқан.Оның Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бөлімдері бар. Олар шет елден қаржыланады. Бұл өз баспаханасын ұстауға,діни журнал,түрлі діни әдебиеттер шығаруға мүмкіндік береді.

 Сонғы кездері неміс ұлтының өз отанына қоныс аударуына байланысты менониттер қатары сейіліп келеді.Шіркеу менониттері түгелдей дерлік тарады.

 Қазақстанға ең кейін келген – баптистер. „Баптист” грекше „шомылдырамын” сөзінен шыққан. Олар республикада ХХ ғасырда пайда болды. Бірақ олардың діни ілімінің жүздеген жылдық тарихы бар. Тұңғыш баптист қауымдары Голландия мен Англияда 17 ғасырда пайда болды. Кейіннен Америкаға тарады. Қазір ол АҚШ-да христиан конфессиялары мен деноминациялары ішінде жетекші орында. Баптемизм Европаға ХІХ ғасырда тарай бастады. Баптистер өз іліміне лютерандық пен кальвинизмнен көп нәрселерді көшіріп алды. Олар христиандықтың жеті қағидасының төртеуін ғана мойындайды. Солардың өзін догмат есебінде емес, қарапайым салт есебінде ұстанады. Баптистер қауымдарын пресвитерлер мен кеңестер басқарады. 1905 жылдан баптистердің дүниежүзілік кеңесі жұмыс істейді. Одақ тарқағанға дейін евангиле христиан баптистерінің одақтық кеңестері болды. Қазір ол Ресей баптистері одағы болып өзгертілді. Қазақстанда баптистердің шіркеулер одағы құрылған. Оның діни орталығы Сайран қаласында. Жеті аймақтық орталығы бар.

Қазақстанда қазір 120-дан астам евангелие христиан баптистері тіркелген. Мұның сыртында тіркелмеген қауымдастықтар да бар.

1995 жылы Алматыда евангелие христиан баптистері шіркеулері кеңесінің діни ағарту орталығы құрылды. Сол сияқты 1992 жылдан бері Словян евангелиеленген қоғамының Інжіл миссиясы сырттай оқытатын Інжіл мектебін ашты. Ол бастауыш діни білім берді. Діни әдебиеттерді тарататын „Свет на Востоке”, „Эммануил”, «Каждый дом для бога» деген сияқты миссилары бар.

 Баптемизмнен бастау алатын қауымдардың бірі- пятидесятниктер. Ол 20 ғасырда АҚШ-та құрылды. Олардың діни ілімінің негізі – Жаңа өсиеттерде айтылғандай, Қасиетті Рух Ғайсаның тірілгенінен 50 күн өткен соң, оның шәкірттеріне қонғаны сияқты әрбір дінге сенушіге қонуы мүмкін. Қауымның аты да осыдан алынған. Ал қасиетті Рух дарыған адам пайғамбарлыққа, түрлі кереметтер жасауға, беймәлім түрлі тілдерде сөйлеуге қабілетті болады. Бұған жету үшін құлшылық мәжілістері алдында әркім өздерін есалаңның сәл алдындағы жағдайға дейін жеткізіп, қатаң ауыз бекіту керек. Сондықтан құлшылық мистикалық жағдайда өткізіледі. Осыдан бұл ағымдағылар түрлі андарға. т.б. мистикаларға сенеді.

 

Әдебиеттер:

  1.  Дінтану негіздері. Ғ.Есім., А.Артемьев., С.Қанаев.,Г.Біләлова Алматы.  2003
  2.  Дін және еркін ойшылдық. Аханов Б. Алматы.  2002
  3.  Діндер тарихы мен теориясы және еркін ой. Мұханов К., Әйтімбетова Г. Алматы 1996
  4.  Дінтану негіздері. Бәйтенова Н.Ж., Затов Қ.А. Алматы.  2006




1. Балансировка роторной системы
2. а максимальне відхилення від стану рівноваги б тривалість одного повного коливання в кількість колива
3. Новосибирск
4. Гражданско-правовой договор- понятие, содержание, функции.html
5. Мислителі різних епох
6. озон 2 оксид бария3 графит 4 сульфид калия Кристаллическая решётка графита 1 ионная 2 мо
7. Прокурорский надзор за исполнением законов при рассмотрении уголовных дел военными судами
8. Анализ каналов массовой коммуникации
9. Обучение движению и верховой езде
10. Реферат з БЖД АНАЛІЗ СТАТИСТИЧНИХ ДАНИХ З БЕЗПЕКИ
11. Задание для курсовой работы по предмету бухгалтерский учет
12. Экономическое развитие польских земель в первой половине XIX века
13. Название город
14. З~ясуйте суть національного багатства та його елементи
15. БелгородБорисовкаБелгород от Белгорода50 км В Борисовке названа в честь графа Бориса Шереметева Михай
16. Бригадна форма організації та оплати праці
17. Естественное движение населения в России
18. Трудовые ресурсы
19. психоаналитик супервизор и тренинговый аналитик Европейской Конфедерации Психоаналитической Психотерап
20. Виданням для дітей відводиться роль ідеологічного формування особистості що трагічно позначається на літе