Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Астана медицина университеті

Работа добавлена на сайт samzan.net:


                                  "Астана медицина университеті" АҚ

Оперативті хирургия және анатомия кафедрасы

  

   СӨЖ

Тақырыбы: Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.

                                                                                 Орындаған: Амангельдинова А.

                                                                                 Топ: 214 ЖМ

                                                                                 Тексерген: _______________

                                                              Астана 2013ж.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Қанның қантамырлармен қозғалуы

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Қанның қантамырлармен қозғалуы. Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі.

Үлкен қанайналым шеңбері

Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия ұантамырларына жеткізіледі. Қан қсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

Үлкен қанайналым шеңбері —> жүректің сол жақ қарыншасынан басталып —> дене жасушаларына қан таратады —> жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі - қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.

Кіші қанайналым шеңбері

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.

Кіші қанайналым шеңбері —> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —> өкпеге қан тартады —> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.

Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.

Оттегіне қаныққан қан — артерия қаны (алқызыл түсті таза қан), көмірқышқыл газына қаныққан қан - вена қаны (қоңырқай қызыл түсті қан).

Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантмырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады. Жұрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне (инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23—27 секунд.

Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады.

Қан қантамырлардың бойымен ағу кезінде қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия қантамыры - қолқада болады. Жүректен алшактаған сайын артерия қантамырларында кан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105-120 мм. Ұсақ артериялар мен қылтамырларда 20-25 мм. Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді. Қанның жалпы қантамырлар бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Одан:

Жүректің ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан қысымының түрліше болуы.

Тынысалу және тыныс шығару кезінде кеуде қуысында қысымның үнемі өзгеруі.

Веналық қантамырлардың ішінде болатын қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы.

Веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуы пайда болады.

Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан (қолдың қарынан) өлшейді. Жас, дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70-80 мм. Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауруларды гипертония (гр. hyper - үсті, жоғары), ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония (гр. hupo - асты, төмен) дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы сопақша мида орналасқан.

Тамырдың соғуы жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы октын-октын серіппелі кеңейеді (лат. pulsus - соғу, итеру). Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен айдайды. Күшпен айдалған қан одан әрі артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып және мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70-75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Jump up ↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х

Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь"

 




1. Бизнес и предпринимательство
2.  В 900 прибыл для в прокуратуру Заводского района прохождения практики г
3. Издательское дело и редактирование Петербургский инс
4. На тему- Iсторiя макiяжу
5. Грипп свиней
6. а Аналоги зарубежного производства модель марка 1
7. ЗАПИСКА Дисципліна Економічна діагностика за освітньопрофесійною програмою має статус вибіркової.
8. Управление земельным фондом
9.  Побутовоадміністративні світильники 2
10. студия vill f вилла Mison Дом scenseur m
11.  Труд как фактор производства- спрос и предложение
12. Введение
13. Международная купля-продажа
14. Шоковая терапия в Казахстане
15. Связь между массой и энергией
16. ТАКТИЧЕСКАЯ ПОДГОТОВКА для студентов обучающихся по программе подготовки младших командиров
17. экономических дисциплин АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫК БАЗОВЫЙ КУРС Программ.html
18. Ехать нужно обязательно чтобы увидеть все собственными глазами
19. Просвещение не покупатьвыдадут в библиотеке 2 Алгебра 10 ~ Коляг
20. Загрязнение воздушной среды в Мурманской области