Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

іАбайсыз ~ылмысты~ мінез~~лы~ адам ~ызметіні~ к~птеген салаларында орын алады

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.11.2024

Абайсызда жасалған қылмыстылық жүйесiнде автокөлiк қылмыстылығының орны. Абайсыз қылмыстар қылмыстылық мінез-құлық механизмі мен оның детерминанттарының ерекшеліктері бойынша криминологиялық классификацияға бөлінеді.Абайсыз қылмыстық мінез-құлық адам қызметінің көптеген салаларында орын алады. Олар мынадай салалар: - өндірісте машиналарды, механизмдерді және жоғары қауіптілігі  бар басқа да стационарлық құралдарды пайдалану; - жоғары қауіптілік көзі болып табылатын көлік құралдарын пайдалану; - құрылыс, жарылыс және таудағы жұмыстар; - энергия тасығыштарды тасымалдау және сақтау; - табиғи ортаны ластау және бүлдірумен байланысты осы ортадағы жұмыстар; - дәрі-дәрмек жасау, адамдарды емдеу және ветеринарлық көмек; - қате шешім шығарған жағдайда қоғамда қауіпті зардаптардың орын алуымен сипатталатын лауазымдық және кәсіби қызметтер; - тұрмыстық сипаттағы жоғары қауіптілік көздерін пайдалану.Осы жағдайларды ескере отырып, абайсыз қылмыстық мінез-құлықтың келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: - ауыл шаруашылығындағы машиналар мен механизмдерді қолдану қауіпсіздігі ережелерін бұзу; - көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу; - энергияны өндіру және беру, энергия тасушыларды тасымалдау және сақтау барысындағы қауіпсіздік ережелері; - экологиялық қауіпсіздік ережелері; - медициналық қауіпсіздік ережелері; - тұрмыстық қауіпсіздік ережелері;- жоғарыда қарастырылған жағдайлардан басқа лауазымдық және кәсіби міндеттерді орындау қауіпсіздік ережелері; - мүліктік қауіпсіздік ережелері.Абайсыздық қылмыстардың үлесі өсіп келеді және барлық тіркелген қылмыстардың ішінде 15-20%-ды құрайды.Абайсыз қылмыстылыққа тән көрсеткіштердің бірі – виктимділік деңгей, яғни кінәлілердің қылмыстық абайсыздығына жағдай жасайтын жәбірленушілердің құқықбұзушы немесе  басқа да қате әрекеттері кіретін оқиғалардың саны болып табылады. Абайсыз қылмыстылық үшін виктимділік көрсеткіші 20%-ды құрайды. Абайсыз қылмыскерлердің тұлғасы Абайсыз қылмыскерлердің екі типін бөліп көрсетуге болады: біріншілері қылмысты менмендікпен жасайды, мұндай тұлғалар зардаптың болу мүмкіндігін түсіне отырып, бірақ олар сол зардаптың алдын аламын деп не болмаса мүлде болдырмаймын деп ойлайды; ал екіншілері қылмысты немқұрайдылықпен жасайды, бұл жағдайда тұлға өз әрекеттерінің зардаптарын біле тұра, оны болжамайды және болжағысы да келмейді.

Абайсыз қылмыстылықтардың криминогендік жағдайлары мен себептеріне: - немқұрайды жөндеу, технологиялық мінездемесі стандартқа сәйкес келмейтін бөлшектерді қолдану, машиналар мен механизмдерді тоқтатпай, жөндеу жұмыстарын жүргізу; - жұмысшылардың психологиялық және операциялық жағдайға әкеп соғатын қалыпты жұмыс барысын бұзу; - машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша қауіпсіздік шаралары туралы құжаттар мен нұсқаулардың кемшіліктері; - өлшеу және бақылау аппараттарының болмауы немесе жарамсыздығы; - қауіпті абайсыз кәсіби және тұрмыстық әрекеттердің латенттілігі және жазаланбаушылығы; - қауіпсіздік нормаларының қайта бұзылуына әкімшіліктің, қызметкерлердің, жеке тұлғалардың немқұрайдылықпен қарауы  жатады.

Автожол қылмыстығына сәйкес келетiн жағдайлар. - немқұрайды жөндеу, технологиялық мінездемесі стандартқа сәйкес келмейтін бөлшектерді қолдану, машиналар мен механизмдерді тоқтатпай, жөндеу жұмыстарын жүргізу; - жұмысшылардың психологиялық және операциялық жағдайға әкеп соғатын қалыпты жұмыс барысын бұзу;- машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша қауіпсіздік шаралары туралы құжаттар мен нұсқаулардың кемшіліктері; - қауіпті абайсыз кәсіби және тұрмыстық әрекеттердің латенттілігі және жазаланбаушылығы; - қауіпсіздік нормаларының қайта бұзылуына әкімшіліктің, қызметкерлердің, жеке тұлғалардың немқұрайдылықпен қарауы  жатады.

Автокөлiк қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы. немқұрайды жөндеу, технологиялық мінездемесі стандартқа сәйкес келмейтін бөлшектерді қолдану, машиналар мен механизмдерді тоқтатпай, жөндеу жұмыстарын жүргізу; - жұмысшылардың психологиялық және операциялық жағдайға әкеп соғатын қалыпты жұмыс барысын бұзу; - машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша қауіпсіздік шаралары туралы құжаттар мен нұсқаулардың кемшіліктері; - қауіпті абайсыз кәсіби және тұрмыстық әрекеттердің латенттілігі және жазаланбаушылығы; - қауіпсіздік нормаларының қайта бұзылуына әкімшіліктің, қызметкерлердің, жеке тұлғалардың немқұрайдылықпен қарауы  жатады.

Ауыр зорлау қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы. Зорлық қылмыстылық – бұл тұлғаға қылмыстық заңдармен тыйым салынған дене немесе психикалық зорлық көрсетумен сипатталатын қоғамдық қаупі аса жоғары әлеуметтік патологияның  бір нысаны.Зорлық қылмыстарын мынадай топтарға бөлуге болады:  өмірге және денсаулыққа қарсы зорлық қылмыстары;  тұлғаның жыныстық қол сұғылмаушылығы мен жыныстық бостандығына қарсы зорлық қылмыстар; жеке бостандыққа қарсы зорлық қылмыстар; күш көрсетумен ұласқан меншікке қарсы қылмыстар;  күш көрсетумен ұласқан қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар;  бас бостандығынан айыру орындарындағы зорлық қылмыстар.Зорлық қылмыстары қоғамдық қауіптілік деңгейі мен келтірілген зиянның ауырлығы бойынша басқа қылмыстардан асып та түседі. Олар қоғамға үлкен, орны толмас зардабын тигізеді.Барлық қылмыстардың ішінде зорлық қылмыстарының үлесі 20%-ды құрайды, соның ішінде ауыр зорлық қылмыстары (кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, күш қолданумен ұласқан тонау және қарақшылық) 15%-ды құрайды. Мысалы,  Қазақстан бойынша 2003 жылы кісі өлтірудің жалпы саны – 1991,  денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 2216, зорлау – 1341, тонау – 7449, қарақшылық – 2279, қорқытып алушылық – 1077 болса,  2004 жылы  - кісі өлтірудің жалпы саны – 2091,  денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 2341, зорлау – 1468, тонау – 11516, қарақшылық – 3003, қорқытып алушылық 1105 болды2. Мұндағы қылмыстардың өсуі Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің қылмыстарды тіркеу міндеттілігін бекітетін бұйрығының есебінен болып отыр, яғни берілген уақыт кезіндегі латенттік қылмыстардың көп бөлігі осы статистиканың құрамына енгізіліп отыр. Зорлық қылмыстарының құрылымында қарулы агрессия, яғни атыс қаруларын қолдану арқылы зорлық жасау саны күрт өсіп отыр. Қылмыстық статистикада атыс қаруларын қолдану арқылы зорлық жасау жағдайлары жеке бөлінетін болды. Ашылу деңгейі аз және нарық қатынастары кезеңіне дейін сирек кездесетін тапсырыспен кісі өлтіру қылмыстары да жиі кездеседі. Сонымен бірге, адамды кепілге алып, соңында оны өлтіру де көбейді. Адам өлтірудің көптеген түрлері әрекет ету сипаты бойынша террористік актілеріне жақындай бастады.Ауыр зорлық қылмыстарының коммерциялануы, ұлттануы және саясаттануы аса ауыр жағдайларға әкеп соғады.

Жоғарыдағы себептемені тудыратын негізгі криминологиялық жағдайларға:1) заңсыз қару айналымының алдын алуының жеткіліксіздігі; 2) маскүнемдіктің, нашақорлықтың және таксикоманияның алдын алудың нашарлығы; 3) тұрмыстық, маргиналдық қақтығыстарды ерте алдын алудың әлсіздігі; 4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы зорлық және порнографияны үгіттеу; 5) кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке итермелеу не тарту және мұндай әрекеттер үшін жазалаушы заңдардың қолданылмауы; 6) маскүнемдікке салынған, кедей, қатыгез жанұяның құлдырауы.

Әлеуметтiк психолгияның криминогендiк  диформация жүйесiнiң сипаттамасы -қылмыстылық себептерiнiң экономикалық, тұлғааралық, еңбек, құқықтық жүйесi ретiнде.

Бағдарлама түрлерi. Мақсаттық бағдарлама тәсiлдерiн қолдану. Криминологиялық жоспарлау (бағдарлама жасау) қылмыстылыққа қарсы мақсаттар мен міндеттер негіздерінде оларды шешудің нормативтік, ақпараттық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету жолдары мен құралдары көрсетілетін жоспар құру бойынша мақсатты бағытталған үрдісті құрайды. Криминологиялық жоспарлар басқару құжат-жоспарлар нысанында жүзеге асырылады және келесі түрлерге бөлінеді:  деңгейі мен көлемі бойынша: аумақтық, жергілікті және жеке объектідегі;  жоспарды бекітетін билік органы бойынша;  қатысушыларының құрамы мен олардың ролі бойынша: ведомствоаралық және ведомстволық;  бағытталуы бойынша: аумақтық және салалық; пәні бойынша: жалпы қылмыстылықпен немесе қылмыстардың жеке түрлерін қамтамасыз ететін;  мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Криминологиялық жоспарлау базасы қылмыстылық үрдістеріне, оған қарсы күреске әсер ететін қылмыстылық туралы берілген болжау болып табылады. Сонымен бірге, жоспар құрушылар қылмыстың даму тенденциялары мен басқа да мән-жайларын бағалайды. Бағдарламалар қылмыспен күресті басқарудың стратегиялық деңгейінде жасалады. белгілі бір мерзімде міндеттер мен мақсаттарды қарастырады және арнайы деңгейдегі басқа да мақсаттардың алдындағы басымдылықтармен байланысын, қылмыспен күресу субъектілері мен құралдарын анықтайды. Ал, жоспарлар қылмыстылықпен күресу субъектілерінің міндеттерін, бағыттарын, қызметтерін, осы күрестің ұйымдастырылуын  нақтылап, нақты іс-шараларды, жауапты орындаушыларды, реттілікті және мерзімдерді қарастырады. Қысқа мерзімді криминологиялық жоспарлау тоқсанға, жартыжылдыққа, бір жылға есептеліп, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталады. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау осы мерзімдегі болжауларға байланысты. осындай түрлері қылмыстылықпен күрестің  тиімділіктерін анықтауға, алдағы уақытқа міндеттер қоюға, оларды шешудің жолдары мен құралдарын анықтауға бағытталады. Сөйтіп, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау стратегиялық мақсаттарын анықтайтын, олардан пайда болатын міндеттерді, қатысушылар жүйесін анықтайтын ірі масштабты бағдарламалардың нысанында болады. Кешенді және ведомствоаралық криминологиялық жоспарлау белгілі бір аумақта, белгілі бір әлеуметтік өмір саласында, халық шаруашылығы саласында қылмыстылықпен күрестің кешенді мақсаттары мен міндеттерін жетілдіруді қамтиды. Оның негізгі мақсаты түрлі қылмыстылықпен күресу субъектілерін біріктіру және оларды тиімдірек шаралар қолдануға бағыттау болып табыладыВедомстволық жоспарлау тиісті ведомство, органға жататын қылмыстылықпен күресуге қатысушылардың міндеттері мен мақсаттарын дайындаудан тұрады. Ведомстволық криминологиялық жоспарлауды өз құзіреттері мен міндеттері шегінде ішкі істер органдары, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік органдары, басқа да қылмыспен күресу органдары жүзеге асырады.

Батыс мемлекеттердегi қылмыстылықтың негiзгi себептерi және жағдайлары. Шет елдердегі қылмыстылықты ескерту туралы ғылыми зерттеулер көрсеткендей, шет елдегі қылмыстылықты ескерту ауқымды шаралармен ерекшеленеді. Шет елде ескерту методология әдісі негізінде жүзеге асады. Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм. Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа. Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдардың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медициналық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай криминологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ пiкiрлер.Жалпы криминологиялык таным диалектикалық - материалистiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi. Бipiншiден, кылмыскерлiк әлеуметтiк құбылыс ретiнде қаралады, және тиiсiнше, оны зерттегенде әлеуметтiк ғылымдардың, оның iшiнде социологияның әлеуметтiк психологияның әдicтерi пайдаланылады. Әр түрлi әлеуметтiк құбылыстармен, процестермен, институттармен қатар адам да зерттеледi, бiрақ ол биологиялық тұрғыдан емес қоғам мүшесi, қоғамдык дамудың жемiсi peтiндe зерттеледi. Криминологтердiң қылмыскердiң жеке басы туралы айтып жүргенi кездейсоқтық емес. Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс. Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің өзге де актiлерiмен өзара байланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады. Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi. 
Төртiншiден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстардың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады. Бесiншiден, зерттелетiн криминалдық құбылыстардың iшкi қайшылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыскерлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жағынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, оларды дамыту және мадақтау. 
Биологиялық криминологиялық теориялар. Қылмыскер тұлғасын зерттеуде бірден – бір күрделі де түбірлі мәселелердің бірі болып қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтіктің және биологиялықтың ара қатынас болып табылады. Ол принципиалды құқықтық және тәжірибелік мәнге ие. Оның шешіміне қылмыстылықтың себебін анықтау және онымен күрестің негізгі бағыттарын анықтау көбінде осыған байланысты. Қылмыскер тұлғасы ұғымының әртүрлі анықтамалары бар, криминологиялық ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуметтік сапсын білдіретін құрлым ретінде қарастырудан бастау алады. Тұлға қоғамдық қатынастар процессінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенуінің жемісі. Оның үстіне, адамда әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтікке бағыныштылық қатынаста болады және ол «адам бейнесі» түрінде көрініс табады .Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса, әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды. Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мн сыртқы (қызметтің) жиынтығы болып табылады . Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптаскан. Мысалы бұл туралы 1844 жылы К.Маркстың өзі де жазған. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланыс арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік – психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.

Қылмыскердің тұлғасындағы әлеуметтік пен биологиялық біртұтастығының  арақатынасы туралы пікір талас тікелей практикаға шығады. Биологиялық факторларға басымдылық беретін авторлар, қылмыскерді зерттеу кезінде жетекші рольді психиаторға, психологияға, биологиялық әдістер мен тәсілдерді қолдануға береді. Әлеуметтік факторлардың шешуші ықпал етуін жақтаушылар мінез – құлықты түзеуге әлеуметтік бағдарламалар туралы жазады. Қазіргі уақытта тек биологиялық факторларға басымдылық беретін шекті көзқарастар артта қалды, бірақ  бірқатар гентиктер мен криминологтар генетикалық аномалиялардың адам мінез құлқына әсер ететінін дәлелдеген генетиканың соңғы жетістіктерін назардан тыс қалдырмауды ескертеді.

Дiн негiздегi қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы Діни экстремизм – қоғам өмірінде құқықтық категориялық құбылыс ретінде, бір діни ұйымның, сектаның немесе басқа бір қылмыстық субьектілердің базасында құрылған, ең шеткі қисынсыз көзқарастардың жақтаушылары болып табылатын, басқа дүниетанымдар мен діни сенімдерге шыдамсыздықпен қарайтын, бір немесе бірнеше конфессия, секта және басқа да қылмыстық субьектілердің шеңберінде заңға қайшы тікелей қасақана мақсат ұстанатын, азаматтардың, тарихи қалыптасқан қоғамның, ұлттық мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға бағытталған, діни ұйым, секта және басқа қылмыстық субьектілер мүшелерінің немесе жеке сенуші тұлғалардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері ».  Діни экстремизм бір немесе бірнеше конфессия арасында жеккөрушілік, шыдамсыздық, араздық сияқты әрекеттерден туындайды. Көбінше саяси мақсаттарға пайдаланады. Бір жағынан зайырлы мемлекетке қарсы немесе билік ететін орындарға өз конфессия өкілдерін бекіту үшін әрекет етеді.  Діни экстремизм кейбір ұйымдарда аяусыз культтік акцияларда ( ұжымдық жаппай өз-өздерін өлтіру )  көрінуі мүмкін. Діни экстремизм бағыттарының бірі тоталитарлық секталар болып табылады Сонымен діни экстремистік бағыттағы қылмыстар туралы құқықтық анықтама мына мазмұнда тұжырымдадым: « Діни экстремистік бағыттағы қылмыстар – конституциялық құрылымға, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұтастығы мен аумақтық мызғымастығына, конституция кепілдік беретін азаматтардың және басқа да субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне, діни сенім немесе өзіндік ар-ождан бостандығын бұзуға бағытталған қоғамға-қауіпті, қылмыстық-жазаланатын, тікелей қасақана ниетпен жасалатын іс-әрекеттер жиынтығы ». Статистикалық мәліметтер бойынша, 1989 жылдың 1 қаңтарына дейін 671 діни қауымдастық, 20 конфессия мен деноминациялар болды, ал 1995 жылдың 1 қаңтарында 1180 діни бірлестік, конфессия саны 30-ға жетті, 1997 жылдың 1 қаңтарында 30 конфессияның 1642 діни бірлестігі жұмыс жасады, 2001 жылдың 1 қаңтарында 2300 діни бірлестік, ал қазіргі мәлімет бойынша 46 конфессия, 4000-нан астам діни бірлестік қызмет жасауда. Мәліметтен байқалғандай, 1989-2008 жылдар аралығында конфессиялар саны 20-дан, 46-ға дейін өскен. Сонда 19 жылда 26 конфессия қосылған. Ал осы конфессиялардың діни бірлестіктерінің саны 671-ден, 4000-нан асқан. Бұнда да 19 жылда 3329 –дай діни бірлестік қосылған. Бір жағынан зерттеушілердің айтатыны, Қазақстан Республикасында 118 ұлт пен этностар тұрады. Сондықтан көпұлтты және көпконфессиялы дейді. Осы аргументтер әр түрлі конфессияларға пайда болуына негіз болуы заңдылық дейді. Қылмыстық кодексіндегі 164 бабы бойынша жазаланатын қылмыстардың динамикасын былайша қарстыруға болады: 2000 жылы қылмыстық іс қозғалған базалық көрсеткіші бойынша 100 ( 2 іс ), 2001 жылы - 0, 2002 жылы – 50, 2003 жылы – 4 есе, 2004 жылы – 3,5 есе, 2005 жылы 46 есе, 2006 жылы – 51 есе, 2007 жылы – 52 есе болды. Бұның ішінде әсіресе діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың қатысы бар.

Жол травматизмiнiң арнайы  және жалпы профилактикасының жүйесi. Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы      Жарақаттанулар мен уланулар орасан зор материалдық шығындар келтiрiп, мыңдаған адамның өмiрiн қиюда. Бiздiң елiмiзде жыл сайын 100 мың тұрғынға шаққанда 4 мың адамның жарақаттануы тiркеледi, яғни, жыл сайын Қазақстанның 600 мың тұрғыны жарақат алады. Жарақаттан денi сау адамдар, жұмысқа қабілеттi жастар, көбiнесе 20-дан 40 жасқа дейiнгi ерлер қаза болатындықтан, жағдай шиеленiсуде.  Бiздiң елiмiзде травматизмнен қайтыс болу қатерлi iсiктердi басып озып, қан айналымы ауруларына ғана жол берiп, екiншi орынға шықты. Травматизмнің едәуiр өсу тенденциясын атап өту қажет, көлiк құралдарының күрт көбеюiнен, құрылыс техникасының және құрылыс объектiлерiнiң конструкциясының дамуы мен күрделенуiнен, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзалалардан, өнеркәсiптiң, зәулiм үйлер құрылысының қарқынды дамуынан болып отыр.    БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ Бағдарламаның жалпы мақсаты - оларды төмендету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру және ведомствоаралық интеграция негiзiнде бiлiм беру және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында травматизмнiң алдын алу және төмендету, жарақаттық зақымдануларды емдеу және диагностикалаудың қазiргi заманғы әдiстерiн жасау және практикаға енгiзу болып табылады. 

Заңдылықтар кемшiлiктерiнiң криминогендiгi.

Индустриалды дамыған капиталистiк мемлекеттердегi қылмыстылықтың жағдайы. Шет елдердегі қылмыстылықты ескерту туралы ғылыми зерттеулер көрсеткендей, шет елдегі қылмыстылықты ескерту ауқымды шаралармен ерекшеленеді. Шет елде ескерту методология әдісі негізінде жүзеге асады. Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм. Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа. Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдардың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медициналық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай криминологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ пiкiрлер.Жалпы криминологиялык таным диалектикалық - материалистiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi. Бipiншiден, кылмыскерлiк әлеуметтiк құбылыс ретiнде қаралады, және тиiсiнше, оны зерттегенде әлеуметтiк ғылымдардың, оның iшiнде социологияның әлеуметтiк психологияның әдicтерi пайдаланылады. Әр түрлi әлеуметтiк құбылыстармен, процестермен, институттармен қатар адам да зерттеледi, бiрақ ол биологиялық тұрғыдан емес қоғам мүшесi, қоғамдык дамудың жемiсi peтiндe зерттеледi. Криминологтердiң қылмыскердiң жеке басы туралы айтып жүргенi кездейсоқтық емес. Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс. Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің өзге де актiлерiмен өзара байланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады. Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi. 
Төртiншiден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстардың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады. Бесiншiден, зерттелетiн криминалдық құбылыстардың iшкi қайшылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыскерлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жағынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, оларды дамыту және мадақтау. 
Кәмелетке жасы толмағандар мен жастар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы. Динамикасы . Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы 14-18 жас аралығындағы тұлғалар жасайтын қоғамдағы қылмыстардың жиынтығы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының өзіндік ерекшеліктері бар, олар мұндай қылмыстылықтың деңгейінен, динамикасы мен құрылымынан, сондай-ақ себептері мен жағдайларынан көрінеді. Осы ерекшеліктер кәмелетке толмағандардың тұлғасының белгілі бір  қасиеттеріне және олардың қоғамдағы мәртебесіне байланысты болып табылады. Осыған сәйкес мұндай қылмыстылыққа қарсы күресті ұйымдастырудың да ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігі белгілі-бір жас категорияларына байланысты және 2 топтан тұрады: 14-15 жастағылар және 16-17 жастағылар. Алайда, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылыққа әсер ететін кейбір құбылыстар кішірек жастағы жасөспірімдерде (10-13 жас) де, жастар (18-21 және 22-25 жас) арасында да кездеседі. Оны алдын алу шараларын қолдану барысында ескеру қажет. Біріншіден, ересек адамдарға қарағанда жасалған қылмыстардың шеңбері тар, бұл кәмелетке толмағандардың ерекше әлеуметтік және құқықтық мінездемесімен түсіндіріледі. Екіншіден, ересек адамдарға қарағанда ауыр және аса ауыр қылмыстар. Дегенмен, орташа алғанда аталған қылмыс санаттары біртіндеп көбейіп келеді. Жалпы, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымында ұрлықтардың, тонаулардың, зорлау, автокөлік құралдарын ұрлау және бұзақылық қылмыстарының саны артып отыр (барлық қылмыстардың 80 пайызы). Кәмелетке толмағандар қылмыстылығы көбінесе топтық сипатта болады (бес қылмыстың үшеуі топпен жасалады). Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының соңғы кездегі ерекшелігіне атыс қаруының кең қолданылуы жатады. Кәмелетке толмағандардың зорлау немесе ұрлық жасау кезінде ұйықтатын не есірткі заттарын пайдалану жағдайлары да белгілі. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының динамикасы соңғы 15 жылда аса қолайсыз болып отыр: ересектердің қылмыстылығынан 2-2,5 есе асып озады. Ұйымдастырушылық, қарулану және нашақорлықтандыру өсіп отыр. Қоғамдық қаупі жоғарылауда.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердiң ерекшелiктерi.Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің тұлғасы келесі белгілермен сипатталады:а) әйел жынысындағы құқық бұзушылардың жалпы деңгейі төмен, шамамен 8%-ға теңестіріледі (барлық қылмыскерлер арасында бұл көрсеткіш 15%-ды құрайды), алайда ол жеке жылдарда өсіп отырады; ә) ересек адамдарға қарағанда психикалық олқылықтары бар тұлғалардың салыстырмалы жоғары болуы (30% дейін, ал қиын отбасынан шыққандардың 60 %-ы).

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын-алу арнайы шаралары және жалпы жүйесi. Арнайы алдын алу ең  алдымен кәмелетке толмағандар ісі мен олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияға жүктеледі. Қалыптасқан тәжірибені сараптай отырып, 10-14 жастағы кәмелетке толмағандар қоғамға қарсы бағыттағы түрлі топтарға кіретінін байқауға болады. Олардың басым үлесі жалпы білім беру мекемелерінде оқитыны да құпия емес. Сондықтан да орта мектептерді арнайы алдын алу субъектілері ретінде қарастыру толық негізді.Қазіргі кездегі мектептерде оқу-тәрбиелеу үрдісінің әлсіз ұйымдастырылуы әлі көп уақыт бойы жасөспірімдердің едәуір бөлігінің мектептерден түңілуіне әкеп соғады. Оның себебі – оқытушылардың дайындығының болмауы, олардың өз бетімен кеткен балалармен жұмыс істеуге қабілетсіздігі  болып табылады.  Көп жағдайда мұғалімдер «қиын» жасөспірімдермен жұмыс істеудің оңай жолын таңдайды, яғни кез-келген жолмен олардан құтылуға тырысады (басқа сыныпқа, мектепке аудару және т.б.). Бүгінгі күннің өзінде жалпы білім беру мекемелеріндегі алдын алу қызметін жетілдіру мақсатында мектептерде өз бетімен кеткен, кәмелетке толмаған қиын тұлғалардың мәселелерін шешумен айналысатын арнайы қызметтер құру қажеттігі туындап отыр. Қылмыс жасап үлгермеген орта мектеп оқушыларымен жүргізілетін негізгі ескерту жұмыстары  полиция органдары мен кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімшелерде емес, сол мектептердің өзінде жүзеге асырылуы тиіс. Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын алдын алудың негізгі субъектілерінің бірі болып табылады. Кәмелетке толмағандарға қарсы жеке ескерту шараларын өткізумен қатар олардың міндетіне кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерге тартатын тұлғаларды, сондай-ақ өздерінің тәрбиелеу, оқыту және асырау сияқты міндеттерін орындамайтын ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін анықтау жатады. Ішкі істер жүйесінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, ұстау, бейімдеу, ақтау орталықтары (ЦВИАРН) қызмет атқарады.

Кәмелетке толмағандардың отбасымен, мектеппен, еңбекпен сәтсiздiк   жағдайына байланысты қылмыстылық шарттары. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері. Соңғы кездері қылмыс жасаушылардың жас деңгейі жасарып бара жатқандағы Жасы кәмелетке толмағандары ересектердің қылмыстық іс-әрекеттерге тарту фактілері де Жасы кәмелетеке толмағандардың 90-95 пайызы – ер балалар. Жеткіншктердің Жасөспірім қылмыскерлерге тән қасиетке келсек, олар өздерінің іс-әрекетін жоғары
Жасы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық кәсіпті, қылмыстық нормалар мен
Жалпы, адам жақсы- жаманды отбасынан біліп, оның қыр –Қоршаған орта демекші, ендігі бір жүргізілетін социологиялық зерттеудің бір Соңғы кездері ата-ана аяқ астынан қарызға белшеден батып, дүние-
Бала тәрбиесіндегі тағы бір аңғараралық жай, пайдакүнемдік- зорлық сипаттағы
Жасөспірімдер жасайтын қылмыстың бір түрі – ұрлық олардың үлесіндегіСонымен қатар, жасөспірідер арасындағы қылмыстың себебін батыс елдердінің оқымыстылары“Халықаралық түрме реформасы” ұйымының бас хатшысы Вивиен Стерн ханым Қылмысқа баруы ықтимал балалардың тағы бір тобы кезбелікпен күн 2.1. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу жолдары 
Қылмыстылықпен күресте ең маңызды іс- оның алдын алу, одан 1.Жастардың кітап оқып, театрға баруға, жалпы рухани өсіруге  2. ”Балаларға көмек көрсету орталығын” ашу, әрі мұндай орталықтарда
3.Ұйымдастырушылық бағытындағы республикалық, аймақтық, облыстық және аудандық, ауданаралық жасы4.Республика шеңберінде арнаулы мемлекеттік криминалогиялық орталық, ғылыми зерттеу институты
5.кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жұмыс жүргізетін әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің -ювеналдық полиция; -ювеналдық соттар; -реабилитациялық (патронаждық) қызметтер; 
-омбудсмен (кәмелетке толмағандар құқығы жөніндегі өкілі) қызметін ашу; 6.бұрын сотталып, рақымшылық алған, берекесіз отабасылардан шыққан жасөспірімдердің мамандық 7.міндетті квоталарды белгілеу жолымен кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру және8.жастарға арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, жастардың еңбек9.оқу орындарында психо-педагогикалық қызметтер құру; сонымен қатар олардың типтік10.балаларды қорғау мәселесі жалпы әлеуметтік қорғау проблемасынан ажыратылуы тиіс.  Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы Халықаралық ережелерде кәмелетке толмағандардыңБҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылғы 29 қарашада кәмелетке толмағандарғаҚылмыстық іс жүргізу заңдылығымен осы тараудың Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр,Кәмелетке толмаған қылмыскер дегеніміз кім? Кәмелетке толмаған қылмыскер –Екіншіден, олар ойын-сауық пен құмар ойындарына бейім болады. 
Үшіншіден, өзге адамның қайғы-қасіретіне немқұрайлы қарайды, әлсіздердің есебінен өзін
Төртіншіден, олар заң бойынша тиым салынғандардың барлығын форсализм деп Бесіншіден, әдетте олар құқық қорғау органдарына қатысты өшпенділік және Сонымен құқыққа қарсы әрекет етуші кәмелетке толмағандарға этикалық –Кәмелетке толмаған қылмыскерлер өздерінің заң сыйлаушы құрдастарынан жоғары агрессивтігімен Кәмелетке толмаған қылмыскердің бойынан өзімшіл, қоғамға жат, сонымен бірге
Кәмелетке толмаған қылмыскер үшін танымдық және рухани қажеттіліктердің Кәмелетке толмаған қылмыскер шамадан тыс индивидуалдығымен, өзімшілдігімен, өз тілегін Кез – келген өзге адам сияқты кәмелетке толмаған қылмыскерКәмелетке толмаған қылмыскер күрделі және көп қырлы құбылыс, сондай-ақ
Кәмелетке толмағандар қылмыскерлерді жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескеру, сол кәмелетке
Кәмелетке толмағандардың құнды бағыттылығына талдау жасай отырып, оны мынадай 1) жалпы қызығушылықтар; 2)жақындары мен достарының қызығушылығы; 3)жеке қызығушылықтар (материалдық және материалдық емес сипаттығы). Кәмелетке толмағандардың материалдық қажеттіліктері екі жолмен қалыптасады. Біріншісі –Екіншісі – кәмелетке толмаған қылмыскер бойында заң сыйлаушы өз
Қазіргі таңда жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстар өзінің алуан түрлілігімен 14 жастағылар – 11%; 15 жастағылар - 7%;16- 17 жас аралығындағылар -14 жасар балалар қылмысты көбіне топтасып жасайды. Жалпы, 2-3 баладан құралған топтар қалаларда 33 пайызды құраса,Бұл сияқты көрсеткіштерді М.С.Нәрікбаевтың да зерттеу жұмысынан байқауға болады.Бұдан шығатын қортынды, кәмелетке толмағандардың осы сияқты өз қажеттіліктерін Кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы әрекеттерінің себебі

Кәсiби қылмыстылықтың алдын-алу бағыттары. Кәсіби қылмыстылықтың үш негізгі белгілері бар: 1) қылмыстық іс-әрекеттің тұрақты түрі; 2) саралануы, яғни белгілі-бір дағдылар мен білімді қажет етуі; 3) кіріс көзі болып табылуы. Жалпы кәсіп дегеніміз - өмір сүру көзі болып табылатын еңбектік қызметтің сипаты, түрі. Кәсіптің анықтамасы тұйыққа әкеліп тірейді, өйткені кәсіп деп қоғамға пайдалы жұмысты айтамыз, яғни оны жасауға рұқсат бар. Сондықтан да, кейбір криминологтардың айтуы бойынша бұл кәсіпті криминалды кәсіптілік деп атау қажет, өйткені кәсіптілік белгілі-бір кәсіппен айналысуды білдіреді.Кәсіби қылмыстылықты сипаттаушы белгілерге: бір типті қылмыстарды жүйелі жасау, мамандық; арнайы икем мен дағдылардың болуы (мысалы, алаяқтар ортасында қырық шақты «мамандық» түрлері болады); қылмыстық әрекет негізгі өмір сүру көзі болып табылады; қылмыскердің қылмыстық ортаға жатуы (ол біріккен қызметпен, қолдаумен және ортақ психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты); қылмыстық іс-әрекеттің тұрақтылығы мен жанаруын сипаттайтын арнайы субмәдениеттің болуы. Кәсіби қылмыстылықты ескертудің маңызды бағыты - түрме халқын қысқарту. Ал қазіргі уақытта Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан  тұлғалардың саны айтарлықтай жоғары. Мемлекеттегі қылмыстылықтың өсуі және жалпы ескерту жүйесінің құлдырауы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың қысқартылуынан гөрі, көбеюін болжауға мүмкіндік береді. Кәсіби қылмыстылықтың іргетасын тұрғын жері, жұмысы жоқ, нашақорлық пен маскүнемдікке салынған тұлғалар есебінен бастау алып отырған қоғамның маргиналды қабаты құрайды.

Кәсiби қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы. Кәсіби қылмыстылықтың үш негізгі белгілері бар: 1) қылмыстық іс-әрекеттің тұрақты түрі; 2) саралануы, яғни белгілі-бір дағдылар мен білімді қажет етуі; 3) кіріс көзі болып табылуы. Жалпы кәсіп дегеніміз - өмір сүру көзі болып табылатын еңбектік қызметтің сипаты, түрі. Кәсіптің анықтамасы тұйыққа әкеліп тірейді, өйткені кәсіп деп қоғамға пайдалы жұмысты айтамыз, яғни оны жасауға рұқсат бар. Сондықтан да, кейбір криминологтардың айтуы бойынша бұл кәсіпті криминалды кәсіптілік деп атау қажет, өйткені кәсіптілік белгілі-бір кәсіппен айналысуды білдіреді.Кәсіби қылмыстылықты сипаттаушы белгілерге: бір типті қылмыстарды жүйелі жасау, мамандық; арнайы икем мен дағдылардың болуы (мысалы, алаяқтар ортасында қырық шақты «мамандық» түрлері болады);

қылмыстық әрекет негізгі өмір сүру көзі болып табылады; қылмыскердің қылмыстық ортаға жатуы (ол біріккен қызметпен, қолдаумен және ортақ психологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты); қылмыстық іс-әрекеттің тұрақтылығы мен жанаруын сипаттайтын арнайы субмәдениеттің болуы.

Криминалдық рецидивистiң алдын-алу жүйесi. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстық-құқықтық, пенитенциарлық  және криминологиялық рецидивизм бөліп көрсетіледі. Бірінші түрі рецидивтің қайталанған соттылық ретіндегі заңдық анықтамасынан шығып отыр. Екіншісі, соттылық жазадан босатылғаннан кейін, әсіресе, бас бостандығынан айырудан кейін ескеріледі. Үшіншісі, криминологиялық не іс жүзіндегі рецидив соттылықтың болуына, алынып тасталуына қарамастан нақты қайталанған қылмыстарды қарастырады. Рецидивтік қылмыстылықтың құрылымы: а) соттылық санымен; ә) жалпы және арнайы қылмыстың қайталануымен; б) рецидивті қауіпті қылмыстардың деңгейімен; в) интенсивтілігімен, яғни жазасын өтеуден кейін қылмысты қайталауымен; г) аса қауіпті рецидив үлесімен сипатталады. Рецидивтік қылмыстылықты ескерту жоғарыда аталған криминалдық жағдайлардың үш түрін жоюға немесе әлсіретуге бағытталған. Біріншіден, жазалау тәжірибесін нығайту қажет – кінәлі тұлғаларды объективті түрде әділ жауаптылыққа тарту. Екіншіден, рецидивтік қылмыстылықты жүзеге асыру қылмыстық-атқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі. Қылмыстық–атқару кодексін (ҚАК) қабылдау – криминалды рецидивті ескертуге өз үлесін қосты. Үшіншіден, жазадан босатылған тұлғалардың қоршаған ортаға бейімделу жүйесін құру әрі қажетті, әрі адамгершілікке тән болып табылады.

Криминалдық рецидивистiң тұлғасы. Қылмысты қайталаған адамның тұлғасы жынысы мен жасы бойынша бірінші рет қылмыс жасаған тұлғалардан ерекшеленеді. Бұл жерде әйелдердің жалпы үлесі жоғары болып келеді. Қылмысты қайталаған тұлғалардың жасы бостандықтан айыру орындарында отыруына байланысты басқа тұлғалардан 3-5 жасқа үлкен болып келеді. Мақсаттық белгілеріне байланысты қылмысты қайталаған тұлғалар пайдакүнемдік және зорлық пайдакүнемдік типтерге жатады. Рецидивтік қылмыстылықтың себептері мен жағдайы басқа да барлық қылмыстылықтар сияқты итермелеуші себептемелерден және бұрынғы қылмыстары үшін жазасын өтегеннен кейін қылмыс жасаған тұлғалардың криминогенді психологиясынан тұрады. Рецидивтік қылмыстылықтың себептемесі көбінесе эмоцияналдық ызғармен, кекшілдікпен және өз құрбандарына деген аяушылық сезімнің жоқтығымен сабақтасып, пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік мүдделерге негізделеді. Соттылықтың өсуіне байланысты құқықтық психологиясы құқықтық тыйымдарға белсенді бағынбаумен, құқық қорғау органдарын жек көрушілікпен ерекшеленеді. Қылмысты қайталаған тұлғалардың екі қарама-қарсы типін бөліп көрсетуге болады: 1) құрамы аз - «беделділер»; 2) қалғандары - түзетуге, әлеуметтік бейімделуге қабілетсіз, ерік-жігерсіз тұлғалар. Пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік себептемені қалыптастыратын криминогенді жағдайға және рецидивтік әрекеттерге итермелейтін жағдайлар үш топқа бөлінеді: қылмыстық жауаптылыққа не жазаға тартудың негізділігіне байланысты; жазаны өтеумен байланысты;постпенитенциарлы жағдайлар, яғни жазасын өтегеннен кейінгі өмір сүру жағдайы және сотталушының әлеуметтік қияндықтарынан туындайтын жағдайлар.Соңғы жылдары жазаның негізсіз соттық либерализация тенденциясы байқалып отыр, ол криминалды рецидивтің өсуінің, оның кәсіптену және ұйымдасқан қылмыспен біртұтас болуының объективтік тенденциясымен сәйкес келмейді. Қауіпті қылмыскерлерді кепілдікке жіберу және соттардың алдын ала қамауды ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруы осындай қылмыскерлердің жауаптылықтан жалтаруына әкеп соғады, әрине, бұл жағдай қатаң сынға тап болады. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сай келмейтін уақытша ұстау изоляторлары нағыз қаталдықты тәрбиелеу мектебіне айналды. Рецидивтің интенсивтілігі бұрынғы пенитенциарлы жүйенің кемшіліктеріне байланысты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамтамасыз етумен айналысатын органдардың жоқтығының салдарынан өсіп келеді.  Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар бойынша комиссияның болмауы жасөспірімдердің қоғамдық ортаға бейімделуін қиындатып отыр. Ал әрбір үшінші қылмыстың қайталануын жасаған тұлға қылмыстық жолын кәмелетке толмаған шағында бастаған.

Криминология ұғымы, оның мемлекеттiк органдарда тәжiрибелiк қызмет үшiн пәнi және мәнi. Криминологияның пайда болуы және дамуы үш есіммен байланысты: 1764 жылы Ч. Беккарианың «Қылмыстар және жазалар туралы» атты кітабы шықты, «криминология» сөзі сол кездерде қолданылмағанымен, онда қылмыстылықтың табиғаты мен оны әлеуметтік бақылау туралы салыстырмалы ой-пікірлер көрсетілді. Сонымен бірге, 1885 жылы италиялық ғалымдар Р. Гарофало және П. Топинард «Криминология» атты кітап шығарып, бұл елде қылмыстылық туралы ғылымның негізін қалаушылардың бірі болды. Қылмыстар, қылмыстылық және жазалар туралы жеке ой-пікірлер Ежелгі Грекия, Рим, Ежелгі Қытай, Үнді елдерінің және ортағасырлық данышпандардың еңбектерінде кездеседі. Қылмыстылықты зерттеу кеңестік дәуірдің 20-30-жылдарында да жалғастырылды. Қылмыстылық жағдайларының, оның себептерінің, қылмыскер тұлғасының сараптамасын әділет және милиция органдары, мемлекеттік аппарат қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер, студенттер және қоғам өкілдері жүргізді. Осы кезеңдегі көрнекті теориялық зерттеулерге М.Н. Гернеттің, А.А. Герцензонның, Д.П. Родиннің және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңына қарай криминологиялық зерттеулерді тереңдетіп жүргізу бойынша істер алға басты. Арнайы заң әдебиеттерінде қылмыстылыққа қарсы күрестің көкейтесті мәселелері жөнінде мақалалар жиі жарық көретін болды. Кеңестік криминология негіздері алғаш рет 1964 жылы Мәскеу университетінің және Свердловск заң институтының заң факультеттерінде оқытыла бастады.

ХХ ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде Е.И. Қайыржанов, Д.С. Шуақмайтов, И.Ш. Борчашвили, З.О. Ашитов, Г.С. Мауленов, Н.М. Әбдіров, Р.Т. Нұртаев, И.В. Корзун, И.И. Рогов, Р. Орынбаев, В.А. Сергиевский, С.М. Рахметов және т.с.с. қазақстандық ғалымдар экономикалық, экологиялық, ұйымдасқан, әйелдер қылмыстылығы, зорлық және пайдакүнемдік қылмыстылықтар бойынша көптеген еңбектер жазып, сол жылдары республиканың Криминологтар Ассоциациясы құрылды. Криминологиялық ілімдердің дамуына қарай қылмыстылық себептерінің тұжырымдамалары қалыптаса бастады. Осы саладағы негізгі тұжырымдамаларға примитивті-рационалистік, антропологиялық және әлеуметтік тұжырымдамалар жатады.

2. Криминологияның мақсаты, міндеттері, қызметі және мәселелері Криминологияның теориялық мақсаты қылмыстылықпен күрестегі көкейтесі мәселелерді анықтау бойынша ғылыми қызметтің нәтижесін сөз жүзінде айту болып табылады. Криминологияның тәжірибелік мақсаты қылмыстылықпен күрестің тиімділігін арттыру үшін ғылыми және тәжірибелік ережелер, ұсынымдар және қорытындылар жасаудан тұрады. Тәжірибелік мақсаттар кадрлар дайындығымен, олардың материалдық және техникалық қамтамасыз етілуіне байланысты болады. Криминологияның мақсаттары мен пәні оның міндеттерін анықтайды. Криминологияның негізгі міндеттері: 1) қылмыстылықтың жағдайына, деңгейіне, динамикасына әсер ететін объективті және субъективті факторларды зерттеу; 2) қылмыс түрлерін, онымен күресу тәсілдерін анықтау үшін әлеуметтік-криминологиялық зерттеу жүргізу; 3) қылмыскер тұлғасын, нақты қылмысты жасау механизмін анықтау, қылмыстық мінез-құлық түрлерін және қылмыскер тұлғасын жіктеу; 4) қылмыстылықтың негізгі бағыттары мен оның алдын алу шараларын анықтау.

Криминологияның негізгі функцияларына сипаттамалы, түсінік беруші және болжаушы қызметтер кіреді.Сипаттамалы қызмет криминология пәнін қамтитын құбылыстар мен үрдістерді жиналған тәжірибелік материалдар негізінде көрсету болып табылады. Түсінік беруші қызмет зерттеліп отырған үрдістің сипаты мен ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Мәселе – бұл күрделі және тәжірибелік сұрақ.

Криминологияның жеке ғылым ретiнде пайда болуы және тарихи дамуы.Қылмыс себептерінің примитивті-рационалистік тұжырымдамасы. ХVIII ғасырда ағартушы-философтар (Монтескье, Вольтер, Беккариа және т.б.) дүниені ортағасырлық теологиялық тұрғыдан түсіндіруге табиғат пен қоғамды жалпы-материалистік, рационалды және ғылыми түрде түсіндіруді қарсы қоюға әрекет жасады. Осы тұрғыдан олар қылмыстылық және қылмыс түсініктерін анықтауға тырысты. Қылмыс себептерінің антропологиялық тұжырымдамасы. «Бірде, түн уақытында болып жатқан олқылықтарды көре тұрып, мен үшін қылмыскерлердің мән-мәселесі шешілгені анық болды» - осындай сөздерді, ХIХ ғасырдың 70-жылдары түрме дәрігері Ч. Ломброзо айтқан еді. Оның ойынша, ол қылмыскер белгілерінде қарапайым алғашқы қауымдық адамдардың ұқсастықтарын байқады. «Қылмыскер  - бұл өз мінез-құлықтарымен алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар мен төмен тұрған жануарлардың зұлымдығын бойына жинаған атавистік пенде. Адам тумысынан қылмыскер болады. Оның айқын дене белгілері болады». Ломброзо тумысынан пайда болған қылмыскерлердің кестесін жасады – сол кестеде адамның сыртқы белгілері бойынша, автор ойлағандай, тұлғаның сырт келбетінен оның қылмыскер екендігін анықтауға болады. Ломброзо теориясы бойынша дене нормасын моральды пенде деп санап, адам белгілерінің объективті нормалары болатыны туралы пікірлер айтты. Ломброзо іс жүзінде қылмыскер үшін «монғол типтес» нәсіл белгілері тән екендігін дәлелдегісі келді. Яғни, ол еуропалық қылмыскерлерді алғашқы қауымдық адамдарға немесе монғолдарға теңестірді. Әрине, бүгінгі күні бұл тұжырым теріске шығып отыр, өйткені ол нәсілдік көзқарас болып табылады.Қылмыстық мінез-құлықтың әлеуметтік тұжырымдамасы. Қылмыстылық жеке қылмыстық актілерден құрала отырып, белгілі бір құбылысты құрайды, яғни ол (қылмыстылық) әлеуметтік феномен ретінде тек қана қоғамда өмір сүреді және осы қоғамның жағдайларына байланысты болады. 1813 жылдың 9 шілдесінде Брюссельдегі бельгиялық Корольдықтың Ғылыми Академиясында астроном және математик А.Ж. Кетле баяндама жасады. Ол: «Біз қанша адам туылып, қанша адам дүние салатынын алдын ала болжайтын болсақ, сол сияқты қанша тұлғалар өз отандастырының қандарын төгіп, қаншама азамат алаяқ болатынын, қаншасы улаушы болатынын алдын ала анықтай аламыз... Біздің алдымызда үнемі түрмемен, шынжырмен және дармен төлеуге міндеттейтін есеп жатыр», – деді. Бұл тұжырым әлеуметтік физика концепциясының қағидаларына сәйкес келеді. Криминология – бұл қылмыстылықты, қылмыскер тұлғасын, қылмыстылықтың себептері мен шарттарын, оның алдын алу әдістері мен құралдарын зерттейтін әлеуметтік-құқықтық ғылым. Криминология ғылымының объектісі – қылмыстылықпен және басқа да құқық бұзушылықтармен, қылмыстылық себептері және шарттарымен, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қылмыскер тұлғасының орнымен, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Криминологияның заты криминологияның объектісін құрайтын қоғамдық қатынастардың даму заңдылықтарын, заңдарын, қағидалары мен қасиеттерін зерттеу болып табылады. Криминология 4 негізгі элементтерден құралады: 1. Қылмыстылық – белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалатын қылмыстар жиынтығын құрайтын қоғамдағы әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық құбылыс. 2. Қылмыскер тұлғасы – оның қоғамға қарсы құбылыстардағы орны мен ролі. Қылмыс субъектілерінің жеке қасиеттері туралы деректерде қылмыс себептері туралы ақпараттар бар. Қылмыскер тұлғасы жаңа қылмыстардың - рецидивтің алдын алу ретінде қарастырылады. 3. Қылмыстың себептері мен алғышарттары (криминогенді детерминантар) – олар қылмыстылықты тудыратын жағымсыз экономикалық, демографиялық, психологиялық, саяси, ұйымдастырушылық-басқару құбылыстар мен үрдістерді көрсетеді.4. Қылмыстылықтың алдын алу (ескерту) деп қылмыстылықтың себептері мен шарттарын әлсіретуге, жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралардың жүйесі танылады. Алдын алу жүйесі: бағытталуы бойынша, әрекет ету механизмі, сатылары, көлемі, мазмұны, субъектілері бойынша сараланады. 2. Криминология пәнінің сипаттамасы Көптеген заң ғылымдарының салалары сияқты криминология Жалпы және Ерекше бөлімге бөлінеді.Жалпы бөлімде қылмыстылық, қылмыскер тұлғасы, қылмыстылық себептері мен жағдайлары, қылмыстылықпен күрес, сондай-ақ криминология ғылымының дамуы оқытылады. Аталған криминологиялық құбылыстар мен түсініктер қылмыс түрлерінің ерекшеліктеріне байланыссыз жалпы түрде қарастырылады. Ерекше бөлімде қылмыс түрлерінің, қылмыстық әрекеттердің немесе қылмыскерлер контингентінің ерекшеліктерінің криминологиялық сипаттамасы беріледі.

Криминология ғылымдар жүйесіндегі орны Криминологияның басқа құқықтық ғылымдармен қарым-қатынасы әр-алуан болып келеді.

Заң ғылымдарының ішінде криминология көбінесе қылмыстық құқықпен байланысты: қылмыстық құқық теориясы және оған негізделген қылмыстық заң криминология үшін міндетті болып табылатын қылмыстар мен қылмыскерлерге заңды сипаттама береді.Өз кезегінде криминология қылмыстық заңға, заң шығару және құқыққолдану тәжірибесінде қылмыстылық деңгейі, оның құрылымы мен динамикасы, қылмыстардың алдын алу тиімділігі туралы ақпараттар береді және қоғамдық-жағымсыз құбылыстарға салыстырмалы болжам жасайды. Белгілі-бір әрекетті қылмысты деп табуға немесе  басқа да құқықбұзушылықтардың қатарына жатқызуға байланысты норма шығармашылық қызметінің жүзеге асуына әсер етеді.Криминология мен қылмыстық іс жүргізудің байланысы қылмыстық іс жүргізу бағытталған қоғамдық қатынастар дайындалып жатқан қылмыстарды ескертуге, істерді мәні бойынша шешуге, қылмыс жасау себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған. Криминология мен криминалистиканың байланысы: криминалистика қылмыстың себептері мен жағдайлары туралы іс жүзіндегі деректерді табу, бекіту әдістемесін жетілдіруге бағытталған, сонымен бірге ол тұлғаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың ұйымдастырушылық-тактикалық құралдарын қарастырады, ал криминология оларды жетілдірудегі негізгі бағыттарды көрсетіп, сондай-ақ осы алдын алулық шараларды қылмыстың алдын алудағы негізгі мәселелер ретінде қарастырады. Криминология мен қылмыстық-атқару құқығының байланысы: криминология мен қылмыстық-атқару құқығының қарым-қатынасы көбінесе қылмыстың қайталануына, жазаны өтеудің нәтижелілігіне, сонымен қатар, жазасын өтеген тұлғалардың қайта әлеуметтенуіне байланысты. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару құқығы жазаны өтеу процесінің өзін зерттейді, ал криминология – қылмыстың қайталануының себептері мен жағдайларын, сотталғандарды түзету шараларының тиімділігін арттыруды қарастырады. Криминологияның деликтологиямен арақатынасы. Деликтология – бұл қылмыстық емес құқық бұзушылықтар туралы, олардың себептері мен жағдайлары туралы, құқық бұзушының жеке басы және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы пәнаралық кешенді ғылым және заңнамадағы бағыттардың бірі болып табылады. Оған әкімшілік, азаматтық, тәртіптік және отбасы деликтологиясы жатады. Әкімшілік деликтология: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейтін құқық бұзушылықтарды зерттейді; Әкімшілік құқық бұзушылықтардың  арақатынасы екі ағым бойынша қарастырылады. Біріншісі – кейбір құқықбұзушылықтардың қылмысқа айналып кету мүмкіндігі, мысалы, ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық және т.б.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың басқа түрлері қылмыстардың жасалуына және қылмыскердің жеке басының қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасайды. Тәртіптік деликтологияға құқықтық қатынастардағы теріс қылықтарды, тәртіптік жауаптылықты реттейтін еңбек, әскери, мемлекеттік құқықтар жатады. Ол тәртіптік құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайларын, оларды ескерту шараларын зерттейді.

Тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу өндірістік құрылыс ережелерін, техникалық қауіпсіздік ережелерін, жол және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу сияқты қылмыстардың алдын алу қызметін атқарады. Азаматтық деликтология: азаматтық деликтология – бұл кәсіпкерлік, мүліктік қатынастар, міндеттерді атқару саласында азаматтық-құқықтық құқық бұзушылықтарды оқу және ескерту аумағы, азаматтық-құқықтық, қаржы, салық санкцияларын қолданудың ерте сатысында экономикалық қылмыстардың алдын алуға көмектеседі. Отбасы деликтологиясы: отбасылық жанжалды  - ажырасу, баланы қараусыз қалдыру және тұрмыстық қылмыстармен, кәмелетке толмағандардың қылмысымен шектескен құқық бұзушылықтарды зерттейді. Олардың алдын алуға, отбасылық әл-ауқатты көтеруге, аталған құқық бұзушылықтардың қылмысқа айналуын болдырмауға әсер етеді. Криминология және әлеуметтік ғылымдар.

Криминология қылмыстылықтың және қылмыстың себептері мен жағдайларын тану үшін жалпы, әлеуметтік және заңдық психология деректерін қолданады, өйткені олар қылмыскер тұлғасын саралау барысында басты роль ойнайды. Криминология қылмыстылықпен күресте және кәмелетке толмағандардың қылмыстары, тұрмыстық және басқа да қылмыстардың алдын алу кезінде болжау және жоспарлауға қажетті демография, әлеуметтану және саясаттану деректерін қолданады.

Криминологиядағы социологиялық және психологиялық әдiстер. 

Криминологиялық зерттеудің арнайы әдістері – бұл тиімді реттеу мақсатында объектіні немесе процесті нақты зерттеу әдістері мен тәсілдері.

Криминологиялық зерттеудің арнайы әдістерінің түрлері:

сараптық зерттеу (топ және үлкен-кішілігіне байланысты орналастыру);

әлеуметтік зерттеу;статистикалық сараптау; әлеуметтік әдістер (сұрау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу); қызметтік сараптау және т.б. (дисперсиондық және корреляциялық).Аналитикалық зерттеу әдісінің мінездемесі. Қылмыстылық туралы статистикалық деректерді аналитикалық зерттеу қылмыстарды топтау және үлкен-кішілігіне байланысты орналастыру жолымен жүргізіледі; Статистикалық топ – бұл белгілі бір сапалық өзгеріс бойынша немесе басқа да елеулі белгілер бойынша бірлік жинақтарын біртекті және сапалық қасиеттерге бөлу. Криминологиялық зерттеудегі топтардың негізгі міндеттері  - қылмыстылыққа, қылмыскер тұлғасына, қылмыс құрбандарына, қылмыстардың себептері мен жағдайларына және қоғамның әсер етуіне толық және жан-жақты көлемді мінездеме беру. Қылмыстарды үлкен-кішілігіне байланысты орналастыру – қылмыстық-репрессиялық шаралар жағынан тиімділігін анықтау белгісі бойынша жүргізіледі. Социологиялық  әдістердің сипаттамасы.Криминологиялық зерттеудің әлеуметтік әдістері: сұрау жүргізу – бұл объективті фактілер, пікірлер және ойлар туралы деректерді жинау әдістері. Ол негізінен сұраушы мен сұралып отырған тұлғаның арасында жүреді (сауалнама, сұхбат және т.б.). сұхбаттасу – субъективтік талқылау және тағы басқа іске мәні бар ақпараттарды жинауға көмектеседі. Сондықтан да сұхбат жүргізуші мен жауап алынатын адамның арасындағы қарым-қатынас сұраудың бұл түрін жүргізуге қатаң талаптар мен міндеттер қояды. Сұхбаттасудың үш түрі болады:1) құрастырылған – мұнда сұрақтар бойынша жауап беріледі;

2) жинақталған – нақты объект зерттеледі; 3) Жинақталған емес (еркін) – мұнда сұрақтар болмайды, нақты тапсырма бойынша ақпарат тізімін анықтау қажет.сауалнама жүргізу – тұлғалардың пікірі мен көңілдерін, құқықтар мен талаптардың деңгейі туралы ақпараттар алудың тиімді тәсілдерінің бірі. Сауалнама жүргізу топтық немесе жеке бола алады.Сауалнама жүргізу әдісін қолдану сатылары мынадай: 1) зерттеу бағдарламасынан туындайтын сұрақтарды құру; 2) сауалнамадағы сұрақтарды орналастыру; 3) сауалнаманы талқылау және сын-пікірге салу; 4) бастапқы сұрау; 5) ескертулерді назарға алу және нағыз сауалнама шығару; 6) сауалнаманы көбейту; 7) сауалнамаларды тарату және ақпарат жинау; 8) сауалнамаларды логикалық сараптау; 9) сауалнамаларды кодтау және кесте құру; 10) ақпараттарды статистикалық өңдеу. Сауалнама жүргізу әдісінің басымдылығы: аз уақыт ішінде және аз құралдарды жұмсай отырып, зерттеліп отырған топ тұлғаларынан қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді; белгілі бір уақыт аралығында өткен өзгерістерді анықтау мақсатында тез арада қайта сұрау жүргізуге мүмкіндік береді; жан-жақты бақылау, білікті саралау жолымен нысаны және мазмұны бойынша жоғары сапалы сауалнама сұрақтарын дайындауға мүмкіндік береді; қажет болған жағдайда сұралушылардың жасырындығын қамтамасыз ету мүмкіндігі.Әлеуметтік зерттеу әдісі. 

Әлеуметтік зерттеу қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттейтін әдіс болып табылады. Контент-сараптау – бұл мәтіннің мазмұнын негізгі сөзі бойынша бағалау тәсілі, яғни, ол мәтінде көбінесе мазмұндық сөзді анықтайды.Таңдаулы әдіс – бұл 500-ден астам адам қатысқан топты әлеуметтік зерттеу. Іріктеу процесі әлеуметтік объектілердің сапалық сипаттамаларының арақатынасына негізделеді. Таңдап алынған мақсатқа байланысты іріктеудің мүмкін дәлдігі анықталады. Жорамалды іріктеу кезінде белгілі бір элементтердің таңдауға, түсуге бірдей мүмкіндіктері болады.Мақсатты  іріктеу – бұл жорамалдылық принциптері қолданылмайтын таңдаудың түрі. Оның ішіне: стихиялық, негізгі массив және квоталық іріктеу тәсілдері кіреді. Сараптамалық бағалау әдісі – зерттеуші үшін маңызды болып табылатын мәселелер бойынша белгілі-бір ғылым немесе тәжірибе саласында мамандардың пікірлерін жетілдіруден, алудан және т.б. тұрады.

Криминологиялық болжаулар ұғымы және мақсаты. Кез-келген қызметтің сәттілігі көбінесе оған қатысты болашақтағы оқиғаларды болжаудың сенімділігімен байланысты. Болжау қорытындылары алдын ала осындай оқиғаларға дайындалуыға, күштер мен құралдарды дұрыс жұмсауға, оптималды шешім қабылдауға, өз қызметін жоспарлауға, соның  нәтижесінде  алға қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Криминологиялық болжау – қылмыстылық және оның детерминанттарының жағдайы, белгілі бір уақыт ішінде қылмыстылыққа әсер ету мүмкіндігі туралы болашақтағы жағдай туралы бағдарлау болып табылады. Н.Ф. Кузнецованың пікірі бойынша, криминологиялық болжауда мыналарды зерттеген жөн:

  1.   қылмыстылыққа тұрақты және қарқынды әсер ететін әлеуметтік үрдістердің жағдайы мен тенденциясын сипаттайтын 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер;  болжау кезеңіне осы жағдайлар мен тенденциялардың болуы мүмкін өзгерістері туралы деректер;  қылмыстылықтың деңгейі, құрылымы, динамикасын, сондай-ақ қылмыскерлердің түрлері мен контингенттері, аумақтық бөлінуі, қол сұғу объектілері бойынша 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер;  аталған кезеңде қылмыстың алдын алу шаралары мен қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану практикасының құрылымын, көлемін, тенденцияларын сипаттайтын таңдау зерттеулерінің деректері мен нәтижелері;  алдыңғы 1-3 жылдармен салыстырмалы түрде  болжауды дайындау барысындағы қоғамдық пікірдің жағдайы мен тенденциялары туралы деректер;  жаңа қылмыстар, қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен әдістері туралы деректер;  аумақаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстар туралы деректер;  қылмыстылықтың жағдайы және онымен аралас аумақтар мен тетелес мемлекеттерде болжау туралы ақпараттар

Криминологиялық болжаулардың әдiстерi және болжау түрлерi. Криминологиялық болжау – қылмыстылық және оның детерминанттарының жағдайы, белгілі бір уақыт ішінде қылмыстылыққа әсер ету мүмкіндігі туралы болашақтағы жағдай туралы бағдарлау болып табылады. Н.Ф. Кузнецованың пікірі бойынша, криминологиялық болжауда мыналарды зерттеген жөн:  қылмыстылыққа тұрақты және қарқынды әсер ететін әлеуметтік үрдістердің жағдайы мен тенденциясын сипаттайтын 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер;  болжау кезеңіне осы жағдайлар мен тенденциялардың болуы мүмкін өзгерістері туралы деректер;  қылмыстылықтың деңгейі, құрылымы, динамикасын, сондай-ақ қылмыскерлердің түрлері мен контингенттері, аумақтық бөлінуі, қол сұғу объектілері бойынша 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер;  аталған кезеңде қылмыстың алдын алу шаралары мен қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану практикасының құрылымын, көлемін, тенденцияларын сипаттайтын таңдау зерттеулерінің деректері мен нәтижелері;  алдыңғы 1-3 жылдармен салыстырмалы түрде  болжауды дайындау барысындағы қоғамдық пікірдің жағдайы мен тенденциялары туралы деректер;  жаңа қылмыстар, қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен әдістері туралы деректер;  аумақаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстар туралы деректер;  қылмыстылықтың жағдайы және онымен аралас аумақтар мен тетелес мемлекеттерде болжау туралы ақпараттар Болжаудың түрлеріқылмыстылықтың іс жүзіндегі дамуын сипаттайтын көрсеткіштерді орнату және т.б.;  басым жоспарларды жетілдіру үшін елеулі әсері бар барлық мән-жайларды анықтау;  құрылымдық бөлігі ретінде құқыққорғау органдарының оптималды дамуына бағытталған қылмыстылыққа қарсы күрестің жалпы концепциясын шығару;  болашақтағы қылмыстылықтың деңгейі, құрамы және динамикасында болу мүмкін өзгерістерді анықтау;  осы өзгерістерге жол ашатын мән-жайларды анықтау.

Криминологиялық жоспарлар ұғымы және мақсаты. Криминологиялық жоспарлау (бағдарлама жасау) қылмыстылыққа қарсы мақсаттар мен міндеттер негіздерінде оларды шешудің нормативтік, ақпараттық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету жолдары мен құралдары көрсетілетін жоспар құру бойынша мақсатты бағытталған үрдісті құрайды. Криминологиялық жоспарлар басқару құжат-жоспарлар нысанында жүзеге асырылады және келесі түрлерге бөлінеді:  деңгейі мен көлемі бойынша: аумақтық, жергілікті және жеке объектідегі;  жоспарды бекітетін билік органы бойынша;  қатысушыларының құрамы мен олардың ролі бойынша: ведомствоаралық және ведомстволық;  бағытталуы бойынша: аумақтық және салалық; пәні бойынша: жалпы қылмыстылықпен немесе қылмыстардың жеке түрлерін қамтамасыз ететін;  мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Криминологиялық жоспарлау базасы қылмыстылық үрдістеріне, оған қарсы күреске әсер ететін қылмыстылық туралы берілген болжау болып табылады. Сонымен бірге, жоспар құрушылар қылмыстың даму тенденциялары мен басқа да мән-жайларын бағалайды. Бағдарламалар қылмыспен күресті басқарудың стратегиялық деңгейінде жасалады. Олар белгілі бір мерзімде міндеттер мен мақсаттарды қарастырады және арнайы деңгейдегі басқа да мақсаттардың алдындағы басымдылықтармен байланысын, қылмыспен күресу субъектілері мен құралдарын анықтайды. Ал, жоспарлар қылмыстылықпен күресу субъектілерінің міндеттерін, бағыттарын, қызметтерін, осы күрестің ұйымдастырылуын  нақтылап, нақты іс-шараларды, жауапты орындаушыларды, реттілікті және мерзімдерді қарастырады. Кешенді және ведомствоаралық криминологиялық жоспарлау белгілі бір аумақта, белгілі бір әлеуметтік өмір саласында, халық шаруашылығы саласында қылмыстылықпен күрестің кешенді мақсаттары мен міндеттерін жетілдіруді қамтиды. Оның негізгі мақсаты түрлі қылмыстылықпен күресу субъектілерін біріктіру және оларды тиімдірек шаралар қолдануға бағыттау болып табылады. Ведомстволық жоспарлау тиісті ведомство, органға жататын қылмыстылықпен күресуге қатысушылардың міндеттері мен мақсаттарын дайындаудан тұрады. Ведомстволық криминологиялық жоспарлауды өз құзіреттері мен міндеттері шегінде ішкі істер органдары, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік органдары, басқа да қылмыспен күресу органдары жүзеге асырады.Криминологиялық зерттеулердi ұйымдастыру. Криминологиялық зерттеу – бұл қылмыстылық ретінде кешенді теріс әлеуметтік үрдістің даму заңдылықтарын және заңдарды тану мен оқу, оның пайда болуы және даму себептері мен жағдайларын, осы үрдістегі қылмыскер тұлғасының орны мен ролі, құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескертуде оңтайлы шешімдер қабылдау болып табылады.Қылмыстылықты зерттеу және онымен күресу шаралары 3 сатыдан тұрады: дайындық – ғылыми гипотезаны орнату, зерттеу бағыттарын жетілдіру; жұмыстық – құралдарды жетілдіру, сынау, мәліметтерді жинау және т.б.; қорытынды – қорытынды жасау, есептер құрастыру, тәжірибеге зерттеу нәтижелерін енгізу. Зерттеу операцияларын өткізу кезектілігі: жалпы міндетті орнату; бағдарлама құрастыру – гипотезаны құрастыру, зерттеудің негізгі бағыттарын анықтау; зерттеу әдістерін анықтау – қандай ақпарат қажетті, оны алу тәсілдері, ақ парат көлемін анықтау және бағалау; жұмыс жоспарын құрастыру; құралдарды өңдеу  - сауалнамаларды, жауап алу қағаздарын, сұхбат бланкілерін және т.б. дайындау; әдістемені нақтылау (тексеру);ақпарат жинау – бақылау, сұрау, құжаттармен танысу және т.б.; алынған ақпаратты  статистикалық өңдеу;зерттеу нәтижелері бойынша қорытындыларды құрау және нақты ережелерді өңдеу, оларды тәжірибеге енгізу. Криминологиялық зерттеулердің ең маңызды сатыларының бірі – зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу болып табылады. Енгізудің нысандары: әлеуметтік даму, қылмыстылықтың және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жоспарларын дайындау, қылмыстылықпен күресте республикалық және аумақтық бағдарламалар және құқыққорғау органдарының қылмыстылықпен күрестегі жұмыс жоспарларын дайындауы; қылмыстылыққа қарсы әрекеттердің көкейтесті мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді және басқа да басқару құжаттарын дайындау; аналитикалық анықтамаларды, баяндама қолхаттарды, әдістемелік жазбаларды дайындау; оқу үрдісінде ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар өткізу арқылы зерттеу нәтижелерін қолдану; қылмысқа қарсы тұру бойынша құралдар мен әдістер қызметін жетілдіруді көздейтін нысандарды, ғылыми ұсыныстарды дайындау.

Криминологиялық зерттеулердiң мақсаттары. Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады. абстрактiден нақтығa көтерiлу; жорамал;  жүйелiк-құрылымдық талдама (жүйелiк амал);  тарихи әдic;  салыстыру; динамикалық және статистикалық әдiстер.1.Абстрактіден нақтыға көтерілу. Танымның бұл әдiсi зерттеушiнiң теориялық даярлығының белгiлi бiр деңгейде болуын, жорамал жасауды, теориялық ұғымдар мен түсiнiктердi пайдалануды, абстрактiлi ойлауды керек етедi. 2 Жорамал. Ал iздестiру бағытын көрсетедi, зерттеушi назарын шындықтың қандай да бiр кездерiне аударады, зерттеудi бiр мақсатқа бағыттауға мумкiндiк бередi. Жорамал, бiрiншiден, криминологияда белгiленген ғылыми негiзделген ережелермен үйлесiмде болуы тиiс, екiншiден, тиiстi болжамның дәлелдi болу мүмкiндiгiмен сипатталуы керек. 3 Жүйелік амал. Бұл әдiс саны белгiлi өзара байланысты элементтердi қамтитын белгiлi бiр құрылымы бар белгiлi бiр күрделi ұйымдасқан жүйе ретiнде зерттелетiн объектiнi (бiздiң жағдайда қылмыскерлiк пен қоғам) қарауды көздейдi. Қылмыскерлiк дегенiмiз көптеген жай қылмыстарға ғaнa емес, олардың жүйесi, ол жайында келесi тарауда толығырақ айтылады. Өте жалпы түрде жүйенi қандай да бip тұтастық құрайтын өзара байланысты элементтердiң кешенi деп ұғыну қалыптасқан. 4.Тарихи әдіс. Ал қылмыскерлiктi тарихи тұрғыдан, қозғалыста зерттеудi қамтамасыз етедi. Қылмыскерлiкке талдау жасағанна, әдетте, қылмыскерлiктiң сипаттамасы мен үрдiсiн, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен байланысын ашуғa мүмкiндiк беретiндей ұзақ кезең алынады. Қылмыскерлiктiнң аймақrық ерекшелiктерiн зерттегенде тарихи салыстырмалы-тарихи әдiс алынады. 5 Салыстырмалы әдіс. Әр мемлекеттердегi, мемлекеттiң әр аймақтарындағы қылмыскерлiк, жынысы, жасы және әлеуметтiк жағдайы және т.б. әр түрлi адамдардың қылмыскерлiгi салыстырылады. Ұқсастық әдiсi қолданылғанда кеңістік -уақытқа байланысты қылмыскерлiк сипаттамасының қылмыскерлiктiң қайталанып 'тұратын сипаттамасымен және адамдар өмірінің қайталанып тұратын жағдайымен ұқсастығымен анықталадыАйырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерлiктiң бiр мемлекеттерде, бiр аймақтарда кездесетiн, ал басқаларда кездеспейтiн сипаттамалары анықталады. 6.Динамикалық және статистикалық әдісте криминологияқ зерттеулерде кеңінен қолданылады.  Әcipece, қылмыскерлiкте жататын осы жаппай құбылыстарды зерттеуде бұл статистикалық әдic кеңінен пайдаланылады. Динамикалық және статистикалық әдiстер әр түрлi бiлiм бередi. Динамикалық заңдылықтар дегенiмiз даму заңдылығы. Оларды қолдану себептiк байланыстарды aнықтауға алып келедi.

Куш қолдану қылмыскерiнiң тұлғасы. дегеніміз әрекетінде сыртқы белгілермен бірге қылмыстық мінез-құлықтық сипаты біріккен жағымсыз әлеуметтік қасиеттердің жиынтығымен сипатталатын қоғамға қарсы бағыты көрінетін қылмыс жасаған тұлға.Аталған анықтамада қылмыскер тұлғасы түсінігінің жалпы әлеуметтік және қылмыстық құқықтық мазмұнның арасындағы қарым-қатынасы көрінеді.Әрбір тұлға әлеуметтік мәнді қасиеттердің, тұрмыс және қоғамның рухани жағдайының жеке көрінісі болып табылады.Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер тұлғасы туралы ол тек сот кінәлі деп тапқан қылмыс жасаған кезде ғана айтуға болады. Қылмыскер тұлғасының құрылымына: биофизиологиялық, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық және адамгершілік, әлеуметтік-рольдік, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер жатады. Биофизиологиялық белгілер - бұл жас, жыныс, денсаулық жағдайы, дене конституциясының ерекшеліктері, жүйке жүйесінің табиғи қасиеттері  және т.б. Адамның биологиялық табиғаты – жеке тұлғаның пайда болуы және қайталанбайтындығын білдіретін даралығының қажетті жағдайлары. Адамдардың кейбір психологиялық мінездемесі  генетикалық сипатта болады. Жеке тұлғаның генетикалық ерекшеліктері мен психофизиологиялық мүмкіндіктеріне оның қоршаған ортадан алған әсері, өмірдің нақты жағдайларындағы тәрбие және т.б. әрекеттерге байланысты болып табылады.

Қоршаған ортаның жағымсыз құбылыстарына қарсы тұрудың белсенділігін сипаттайтын генетикалық шартты дәрежесінің маңызы зор. Әлеуметтік-демографиялық белгілер – жас, жыныс, білім, әлеуметтік жағдайы, қызмет түрі, ұлттық және кәсіби белгілері, қала немесе ауылдық тұрғынға жатуы сияқты сипаттамалардан  тұрады. Қылмыскердің жастық сипаты криминогенді белсенділіктің дәрежесі мен қылмыстық мінез-құлықтың ерекшеліктері туралы болжауға мүмкіндік береді. Білім алу және интеллектуалды деңгейі қылмыс сипатын анықтайды.Ең криминогенді әлеуметтік топ қоғамдық пайдалы іспен айналыспайтын тұлғалар болып табылады: олар барлық қылмыскерлердің үштен бір бөлігін құрайды.

Отбасы жағдайы, материалдық қамтамасыз етілу деңгейі және тұрғын жайы туралы деректердің маңызы зор. Қылмыскер тұлғасының құрылымында оның психологиялық және адамгершілік қасиеттерінің мәні үлкен. Бұл белгілер адамның ішкі мазмұнын – оның дүниетанымдық және адамгершілік белгілері мен  қасиеттерін тануға көмектеседі. Дүниетанымдық тұрғы тұлғаның жалпы бағытын, оның мақсаттылығын анықтап, оның барлық әрекеттері мен дағдыларына әсерін тигізеді. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасын оның  интеллектуалдық,  еріктілік және эмоциялық белгілері толықтырады. Интеллектуалдық белгілерге ақыл-ойының даму деңгейі, білімі, өмірлік тәжірибесі жатады.  Эмоциялық белгілер жүйке процестерінің күші, тұрақтылығы, сезім динамикасы, эмоциялық қозуы және қоршаған ортаның  құбылыстарына басқа да жауап беру белгілерінен тұрады. Еріктілік қасиеттер – қабылданған шешімді орындап, жүзеге асыра білу қабілеттігі, өзінің қызметін реттей білу, тұрақтылы, нақтылық және басқа белгілерден көрінеді.

Тұлғаның әлеуметтік ролі мен әлеуметтік мәртебесі де оның тұлғасын сипаттауда маңызды болып табылады.  Әлеуметтік роль дегеніміз тұлғаның қоршаған ортасына байланысты және сол ортадағы  орнына байланысты орындайтын нақты әлеуметтік қызметтері болып табылады. Әлеуметтік роль адамның әлеуметтік мәртебесімен және оның құқықтары және міндеттерімен байланысты. Әлеуметтік мәртебесіне сәйкес адамнан белгілі өзіне тән бір мінез-құлық күтіледі. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер -  криминологияда басты рөлдердің бірін ойнайды. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер тұлғаның әлеуметтік деформациясының дәрежесін, қылмыскердің елеулі белгілерін атауға мүмкіндік беретін оның  ерекше қасиеттерінің дәрежесін анықтайды.

Күш қолдану қылмыстарының алдын-алу жүйесi. – бұл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын табу, жою немесе бейтараптау, сонымен бірге, қылмыс жасауға бейім тұлғаларға жағымды әсер ету бойынша әлеуметтік-құқықтық қызметі. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу қылмыстылыққа қарсы күрестегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Қанша айтқанмен, қылмыстың алдын алуға бағытталған қызмет, бірінші кезекте жоғары білікті кадрлармен, материалды және техникалық құралдармен, арнайы техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді талап етеді. Алдын алу жұмыстарының ең елеулі кемшілігі көп жағдайларда оның формальдылығы болып табылады. Көбінесе, ол жеке алдын алуларға қатысты. Осы қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі толық жетілдірілмеген. Көп жағдайда аталған кемшіліктердің салдары қызметкерлердің өз еріктері бойынша шешім қабылдауына әкеп соғады, яғни, осының өзі алдын алуның тиімділігін жоққа шығарады. Жеке алдын алуның құқықтық негіздері, оның өткізілу көлемі мен шекаралары да толық анықталмаған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу – бұл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын табу, жою немесе бейтараптау, сонымен бірге, қылмыс жасауға бейім тұлғаларға жағымды әсер ету бойынша әлеуметтік-құқықтық қызметі. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу қылмыстылыққа қарсы күрестегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Қанша айтқанмен, қылмыстың алдын алуға бағытталған қызмет, бірінші кезекте жоғары білікті кадрлармен, материалды және техникалық құралдармен, арнайы техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді талап етеді. Алдын алу жұмыстарының ең елеулі кемшілігі көп жағдайларда оның формальдылығы болып табылады. Көбінесе, ол жеке алдын алуларға қатысты. Осы қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі толық жетілдірілмеген. Көп жағдайда аталған кемшіліктердің салдары қызметкерлердің өз еріктері бойынша шешім қабылдауына әкеп соғады, яғни, осының өзі алдын алуның тиімділігін жоққа шығарады. Жеке алдын алуның құқықтық негіздері, оның өткізілу көлемі мен шекаралары да толық анықталмаған.

Күш қолдану қылмыстарының себептерi және жағдайы. Қылмыстылықтың себептері  - бұл қылмыстылық пен қылмыстарды түпкі нәтижесінде заңды түрде пайда болдыратын әлеуметтік-психиолгиялық детерминанттар. Қылмыстылық жағдайлары – бұл өздері қылмыстылық тудыра алмайтын, бірақ оның тууына белгілі бір жолдармен әсер ететін құбылыстар кешені. Қылмыстылық жағдайлары үш негізгі топқа бөлінеді: көмектесуші жағдайлар (оқиға, құбылыс, уақыт және орын жағдайларының негізін құрайды);қажетті жағдайлар (мұндай жағдайларсыз оқиға болмауы да мүмкін); жеткілікті жағдайлар (барлық қажетті жағдайлардың жиынтығы). Детерминация түрлері. Құбылыстардың өзара қатынас түрлерінің барлығы детерминизм деп аталады. Бұл жерде себептіліктің өзі детерминизмнің бір түрі болып табылады. Уақыт байланысы – «ерте немесе кеш» принципі бойынша құбылыстарды бағалайды. Кеңістіктегі байланыс – белгілі бір қылмыстардың территория бойынша таралуы, яғни қылмыстардың географиялық, этникалық және т.с.с. түрлерін білдіреді. Жағдайлардың байланысы – қылмыстың жеке түрінің жағдайы өзгерген кезде оның құрылымы да өзгереді дегенді білдіреді. Қызметтік (функционалды) байланыс – екі өлшемнің математикалық тәуелділігін көрсетеді. Біріншісі өзгерсе, екіншісі міндетті түрде өзгереді. Корреляция – белгілі бір фактордың өсуі немесе кемуі бойынша бір жаққа өзгеруі екінші факторлар қатарында міндетті түрде өзгеріс тудыратын жалпылама жүйелердегі көп факторлы байланыстар. Мәселен, мемлекеттегі экономиканың әлсіреуі белгілі бір деңгейде осы жердегі қылмыстардың көбеюіне әсер етеді. 2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері  мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі:1. Қылмыстың деңгейі бойынша:қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша:әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық.3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті.4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтағы тенденциялар. Қазіргі таңда ҚР аса өзекті қылмыстық тенденцияларға ұрлық, тонау,зорлық, сыбайлас жемқорлық, халықаралық террористік актілер, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстылық тенденциясының өсуде.2010 жылдың 8 айында 110 мыңнан астам қылмыс тiркелдi, бұл 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңiне қарағанда 10,8%-ға көп. Бұл ретте 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылықтың деңгейi 75-тен 82-ге дейiн өскен.Қылмыстылықтың, оның iшiнде ауыр және аса ауыр түрлерiнiң өсу үрдiсiн азайтуға, кiсi өлтiрудiң, денсаулыққа ауыр зиян келтiрудiң, қарақшылық шабуылдың санын қысқартуға, топтық және жасөспiрiмдер қылмысының деңгейiн төмендетуге қол жеткенiне қарамастан, 2009 жылдың көрсеткiштерiмен салыстырғанда 2010 жылы: тонау саны 17,4%-ға көбейдi; бөтеннiң мүлкiн ұрлау 25,0%-ға, оның iшiнде пәтерлерден 39,8%-ға, мал ұрлау 12,5%-ға көбейдi; ұрлық саны 14,9%-ға және автомашиналарды айдап әкету 14,8%-ға көбейдi; қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 41,5%-ға, оның iшiнде көшелерде 37,6%-ға өстi; қылмыстық жазаланатын бұзақылықтар саны 24,3%-ға өстi;жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқушылары жасаған қылмыстар саны 12,3%-ға өстi; бұрын қылмыс жасаған адамдар жасаған қылмыстар саны 3,7%-ға өстi; алкогольге және есiрткiге мас күйде жасаған қылмыстар саны 32,1%-ға өстi; есiрткi заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар 14,8%-ға төмен анықталған. Құқық бұзушылық профилактикасының әдiстерiн жетiлдiру,қылмыстардың және құқық бұзушылықтың деңгейiн төмендету,азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерiн қорғау жүйесiн күшейту. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру; Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң профилактикасы;Есiрткi қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы Қылмыстың қайталануының профилактикасы;Қоғамдық орындар мен көшелердегi қылмыстың деңгейiн төмендету;Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы,Көшi-қон саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;Мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-әрекет;қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиiмдi жүйесiн құру; Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық нормативтiк құқықтық базаларды жетiлдiру; Құқық бұзушылық профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; Құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселесi бойынша кадрларды дайындау және оларды    бiлiктiлiгiн арттыру.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.

Өткен жылдың 12 айында бұрнағы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыс санының деңгейі 39,1 пайызға (206 801-ден 287 681-ге) артты.Сондай-ақ жалпықылмыстық қылмыстардың да 40,1 пайызға артқаны байқалды.Қылмыстылықтың өсуі бұрын неғұрлым көбірек жасырылып келген қылмыстың ұрлық 46,7 пайыз, (121 617-ден 178 461-ге), бұзақылық 63,1 пайыз ( 10 650-ден 17 375-ке), алаяқтық 50,3 пайыз (15 059-дан 22 638-ге), тонау 11,8 пайыз (18 117-дан 20259-ға) сияқты түрлері бойынша артқан.Қылмыстың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың басым бөлігін (83 пайызын) құрайды.Қылмыс құрамында аса ауыр қылмыс үлесі 1,1 пайызды (3081), ауыр қылмыс – 10,7 пайызды (30 696), ауырлығы орташа қылмыс -79,4 пайызды (228 444), аса ауыр емес қылмыс 8,9 пайызды (25 460) құрайды.Бұл ретте еліміздегі қылмыстылық ахуалы жалпы алғанда шиеленіскен жоқ, бұған кісі өлтірудің 10,8 пайызға (1 420 –ден 1 266-ға), қарақшылықтың 15,1 пайызға (1 962-ден 1 666-ға) төмендегені дәлел.Жалпы қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалады. Бұл еліміздің құқыққорғау органдарында өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап арыздар мен хабарламалардың барлық түрлерін біртұтас тіркеудің енгізілуімен, сондай-ақ жалпы қылмыстылықтың, соның ішінде бұрын көрсеткіш қуып, қылмыстың жасырылуына себеп болып келген ауырлығы орташа және аса ауыр емес қылмыстардың ашылуына басқаша баға берумен түсіндіруге болады.Сөйтіп, тіркеудің ашықтығы мен қылмыстың ашылуы көрсеткішін қолдан көтеруге мүдделіліктің жоқтығы қылмыстарды шынайы тіркеуді қамтамасыз етіп, қылмыстылық үдерістерге әсер ететін алғы шарттардың жиынтығын ашып берді.

Құқық қолданудағы қаталiктер қылмыстылық жағдайы ретiнде. Құқық қолдану құқық нормаларын іс жүзіне асырудың ең маңызды тәсілдерінің бірі. Құқық қолдану күрделі процесс ретінде бірнеше сатылардан тұрады және оларға қойылатын та-лаптар өте зор. Құқық қолданудың бірнеше сатылардан өтуінің негізгі мақсаты істі, оқиғаны жан-жақты, терең мағынада ұғыну, зерттеу және сол арқылы қателіктер мен әділетсіздікке жол бермеу болып табылады.Мысалы  Қылмыстық Кодекстің 61 бабы   Жоғарғы Соттың қазақ бөлімінің бақылау жұмысы ҚК 61-ші бабын қолдануда соттар өте дөрекі қателіктер жзіберді деп тапқан. Бұл қателіктер 61 баптың бөлімдерін орнымен, дұрыс қолданбаудан туған. Атап айтқанда, істеген қылмысты 61 баптың 1 тармағына (әкімшілік тәртіпке жауапқа тарту) жататын меншік иелеріне 61-ші баптың 2-ші тармағын қолданып, қылмыстық жауапқа тартқан. Қылмыстық Кодекстің 61-ші бабының 3-ші тармағы науқан жоспарын орындамауға алдын-ала келісіп, ұйымдасқан адамдар тобын жазалауға қолданылуына қарамай, келісу факті болмаған жағдайда, тіпті іс бойынша өткен жалғыз адамға қарсы да қолданылған. Сонымен қатар, соттар 61-ші баптың 3-ші тарауымен жазалау үшін, айыпталынушылардың бір-бірін танымайтындықтарын, әр ауылдан болғандықтарын ескермей, бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше істерді біріктіруге дейін барған (7). «Еңбекші қазақ» газетінде ҚК 61-баппен соттау мәселесі төңірегінде мақалалар көптеп жазылған. Мысалы, «Астық дайындау жұмысы тап тартысы» деген мақалада: «...Ендігі жерде артық астықтарын бермеген байларға әлеумет қарсылығын мұнан да күшейтіп, басқа округтерде де астық дайындау жұмысын алға бастыру керек... Артық астық бермей, социалистік құрылысымызға бөгет болған байларға, кулактарға қарсылық көрсету, әрине, тап тартысын күшейтеді» (8), - деген. Келесі мақалада «...Заң жолын жеңіл санап, ойыншық етушілер тап дұшпаны. Жалпы ресейлік орталық аткомінің қаулысы бойынша қылмыс заңының 61 ст. Жүзінде өзгеріп отыр. 1-бөлімін ауылдық, поселкелік советтердің қарауына жататын болып отыр. Кейбір жерлерде бұл қаулыны жүзеге асыруда құрғақ әкімшілік жолына салынып кетушілер де жоқ емес...» (9), - деген жолдар бар.

Қылмыскер тұлғасы негiзгi түрiнiң криминологиялық сипаттамасы. Қылмыскер тұлғасы туралы мәселе криминологиядағы біршама күрделі және түрлі талас тудыратын мәселелердің бірі болып табылады. “Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының бір тұтастығы бекітілген. Тұлға – бұл “адамның әлеуметтік бет бейнесі”, қоғамдағы әлеуметтік даму,қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “ әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.Тұлға дегеніміз кім ?  Бұған байланысты келесі парадигмалар бар: Тұлға — әлеуметтік қатынастар субьектісі ретіндегі индивид ; индивид тұлға болады. Қылмыскер тұлғасы – индивидтің қылмыс жасау сипатында көрінетін психикалық ерекшеліктер жиынтығы.Тұлға – бұл индивидуалдық, қайталанбастық. «Адам» және «персона (тұлға)» түсініктері ажыратылады.Адам ұғымы кең деп саналады, себебі кез келген адам тұлға емес, керісінше кез келген тұлға адам. Криминологияда қылмыскер  тұлғасы ретінде  қоғамға қауіпті  әрекет жасаған  кінәлі адам тұлғасын түсінеді.А.А.Герцензон: «Қылмыскер – индивид, нақты өмірлік жағдайға байланысты ондағы қоғамға қарсы аморальдық көзқарастарының барына байланысты қоғамға қауіпті әрекет жасаған» деп анықтама береді.Профессор Н.С.Лейкина өз алдына: «Қылмыскер тұлғасы – бұл осы адамға тән қоғам мүдделеріне жағымсыз көзқарастарының және оны шешу үшін қоғамға қауіпті жол таңдау немесе оның нәтижелерін тойтаруға деген белсенділік танытпау нәтижесінде қылмыс жасаған адам тұлғасы».И.И.Карпец және  В.Б.Сахаров сынды профессорлар: «Қылмыскер тұлғасы ретінде қылмыстық заңды бұзған кінәлі адамды сипаттайтын әлеуметтік және әлеуметтік маңызды қасиеттер, белгілер, қатынастар жиынтығы және оның қоғамға ғауіпті мінез – құлқына әсер ететін басқа да мән жайлар мен шарттардың ұштасуын түсінеді».Қылмыскер тұлғасын  қалған басқа адамдар көпшілігінен ажыратып көрсету құқықтық және әлеуметтік (әлеуметтік – психологиялық ) критерийлер негізінде жүзеге асырылады.Қылмыскер тұлғасын тек құқықтық критерий тұрғысынан анықтау, оны қылмыс жасаған ретінде қарастырады. Бірақ, мұндай тұрғыдан қарау тавтология элеметтерін көрсетеді. Қылмыскер тұлғасының мұндай түсінігі «формальді сипатқа ие».

Қылмыскер тұлғасында әлеуметтiк және биологиялық теориялар. Қылмыскер тұлғасы.Бұл ұғымының әр түрлі анықтамалары бар, криминологиялық  ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуметтік сапасын білдіретін құрылым ретінде қарастырудан бастау алады.Тұлға қоғамдық қатынастар процесінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенудің жемісі. Оның үстіне, адам әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады.Әлеуметтік пен биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтілікке бағыныштылық қатынаста болады және ол “адам бейнесі “ түрінде көрініс тапады. Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса,әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды.Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мен сыртқы (қызметінің) жиынтығы болып табылады. Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптасқан. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланысының арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік – психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.

Қылмыскер тұлғасының құрылымы, оның сипаттамасы. Қылмыскер тұлғасы  құрылымын анықтаған кезінде оның басқа адамдармен әртүрлі қарым – қатыныас процесінде қалыптасқан және оны өз алдына қатынас пен түйсік қызметінің субьектісін жасайтын, ол алдымен оның әлеуметтік маңызды қасиеттерін жиынтығын білдіретінін назарға алуымыз керек. Тұлғаның бұл аспектісі бізге өте маңызды, себебі ол тұлғаны қоғамның, әлеуметтік топтардың немесе басқа да қауымдықтастардың мүшесі,  әлеуметтік типтік сипаттардың иесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Қылмыстың жасалу  себептері тек  тұлғаның теріс  әлеуметтік бойына сіңген сипаттары болып табылатыны бәрімізге мәлім.Жекелеген психологиялық процестердің, жағдайлардың қолайсыз ерекшеліктері және биологиялық алғышартталған қасиеттер тек осы әрекетке ықпал етуші себепкер болуы мүмкін. Қылмыскер тұлғасының криминологиялық талдауы қылмыстылық мінез – құлықты қоса алғанда адамның мінез – құлық механизмдерінде көрініс табатын индивидуалды психологиялық ерекшеліктерді де және биологиялық алғышартталған қасиеттерді де максималды ескере отырып талдауды білдіреді.  Қылмыскер құрылымында оны айқындап көрсету қылмыс жасаудың себептерін психологиязацилауын немесе биологизациялауын білдірмейді өйткені, көптеген психологиялық ерекшеліктер мен биологиялық алғышарттар қасиеті әлеуметтік факторлардың анықтаушы, бағыттаушы ықпалында болады.Қылмыскер тұлғасы  құрлымының басқа  да варианттары  бар. Мысалы, олар:әлеуметтік – демографиялық және қылмыстық құқықтық белгілерді;қоғамдық өмірдің түрлі аясындағы әлеуметтік құбылыстар мен белсенділіктер;өнегелік қасиеттер;психикалық ерекшелітерді қамтиды.

Қылмыскер тұлғасының ұғымы және оны криминологияда зердеулердiң шектерi. Қылмыскер тұлғасы дегеніміз әрекетінде сыртқы белгілермен бірге қылмыстық мінез-құлықтық сипаты біріккен жағымсыз әлеуметтік қасиеттердің жиынтығымен сипатталатын қоғамға қарсы бағыты көрінетін қылмыс жасаған тұлға.Аталған анықтамада қылмыскер тұлғасы түсінігінің жалпы әлеуметтік және қылмыстық құқықтық мазмұнның арасындағы қарым-қатынасы көрінеді.Әрбір тұлға әлеуметтік мәнді қасиеттердің, тұрмыс және қоғамның рухани жағдайының жеке көрінісі болып табылады.

Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер тұлғасы туралы ол тек сот кінәлі деп тапқан қылмыс жасаған кезде ғана айтуға болады. Қылмыскер тұлғасының құрылымына: биофизиологиялық, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық және адамгершілік, әлеуметтік-рольдік, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер жатады. Биофизиологиялық белгілер - бұл жас, жыныс, денсаулық жағдайы, дене конституциясының ерекшеліктері, жүйке жүйесінің табиғи қасиеттері  және т.б. Адамның биологиялық табиғаты – жеке тұлғаның пайда болуы және қайталанбайтындығын білдіретін даралығының қажетті жағдайлары. Адамдардың кейбір психологиялық мінездемесі  генетикалық сипатта болады. Жеке тұлғаның генетикалық ерекшеліктері мен психофизиологиялық мүмкіндіктеріне оның қоршаған ортадан алған әсері, өмірдің нақты жағдайларындағы тәрбие және т.б. әрекеттерге байланысты болып табылады.

Қоршаған ортаның жағымсыз құбылыстарына қарсы тұрудың белсенділігін сипаттайтын генетикалық шартты дәрежесінің маңызы зор. Әлеуметтік-демографиялық белгілер – жас, жыныс, білім, әлеуметтік жағдайы, қызмет түрі, ұлттық және кәсіби белгілері, қала немесе ауылдық тұрғынға жатуы сияқты сипаттамалардан  тұрады. Қылмыскердің жастық сипаты криминогенді белсенділіктің дәрежесі мен қылмыстық мінез-құлықтың ерекшеліктері туралы болжауға мүмкіндік береді. Білім алу және интеллектуалды деңгейі қылмыс сипатын анықтайды.Ең криминогенді әлеуметтік топ қоғамдық пайдалы іспен айналыспайтын тұлғалар болып табылады: олар барлық қылмыскерлердің үштен бір бөлігін құрайды.

Отбасы жағдайы, материалдық қамтамасыз етілу деңгейі және тұрғын жайы туралы деректердің маңызы зор. Қылмыскер тұлғасының құрылымында оның психологиялық және адамгершілік қасиеттерінің мәні үлкен. Бұл белгілер адамның ішкі мазмұнын – оның дүниетанымдық және адамгершілік белгілері мен  қасиеттерін тануға көмектеседі. Дүниетанымдық тұрғы тұлғаның жалпы бағытын, оның мақсаттылығын анықтап, оның барлық әрекеттері мен дағдыларына әсерін тигізеді. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасын оның  интеллектуалдық,  еріктілік және эмоциялық белгілері толықтырады. Интеллектуалдық белгілерге ақыл-ойының даму деңгейі, білімі, өмірлік тәжірибесі жатады.  Эмоциялық белгілер жүйке процестерінің күші, тұрақтылығы, сезім динамикасы, эмоциялық қозуы және қоршаған ортаның  құбылыстарына басқа да жауап беру белгілерінен тұрады. Еріктілік қасиеттер – қабылданған шешімді орындап, жүзеге асыра білу қабілеттігі, өзінің қызметін реттей білу, тұрақтылы, нақтылық және басқа белгілерден көрінеді. Тұлғаның әлеуметтік ролі мен әлеуметтік мәртебесі де оның тұлғасын сипаттауда маңызды болып табылады.  Әлеуметтік роль дегеніміз тұлғаның қоршаған ортасына байланысты және сол ортадағы  орнына байланысты орындайтын нақты әлеуметтік қызметтері болып табылады. Әлеуметтік роль адамның әлеуметтік мәртебесімен және оның құқықтары және міндеттерімен байланысты. Әлеуметтік мәртебесіне сәйкес адамнан белгілі өзіне тән бір мінез-құлық күтіледі. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер -  криминологияда басты рөлдердің бірін ойнайды. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер тұлғаның әлеуметтік деформациясының дәрежесін, қылмыскердің елеулі белгілерін атауға мүмкіндік беретін оның  ерекше қасиеттерінің дәрежесін анықтайды.

Қылмыскер тұлғасының классификациясы– белгілі бір критерийлерге байланысты оларды топтарға бөлу болып табылады. Қылмыскер тұлғасы қылмыскер емес тұлғадан қоғамдық қауіптілігімен ерекшеленеді. Қоғамдық қауіптіліктің сипаты қылмыстық мінез-құлықтың себептік бағытына байланысты. Қылмыскер тұлғасының қоғамға қауіптілік дәрежесі осы бағыттың  тұрақтылығы мен тереңділігіне байланысты өзгереді. Жоғарыда аталған себептерге байланысты қылмыскерлердің классификациясы екі критериден тұрады: себептіліктің сипаты мен мазмұны; криминогендік бағыт алуының тереңдігі мен сипаты. Себептіліктің сипаты мен   мазмұны бойынша қылмыскерлердің негізгі топтары: адамның тұлғасына және оның құндылықтарына: өміріне, денсаулығына, денесіне қол сұғылмаушылығына деген жағымсыз қарым-қатынас (зорлықтық тұлға типі);пайдакүнемдік бағыттылығы (пайдакүнемдік типі);өзінің азаматтық және еңбектік міндеттеріне көрінеу салақтық қарым-қатынастағы тұлға; міндеттері мен талаптарға жауапкершіліксіз және немқұрайды қарым-қатынастағы тұлғалар (абайсыз қылмыскерлер); өзінің жеке (сондай-ақ жақын туыстарының) қажеттілігінің басымдылығына бағдарлаушы; қарапайым (элементарлы) өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлаушы.Криминогендік бағытталуының тереңдігі мен тұрақтылығы бойынша қылмыскерлердің негізгі топтары: пайдакүнемдік бағыттағы (пайдакүнем тип);өзінің азаматтық және еңбектік міндеттеріне көрінеу теріс қарым-қатынасы; талаптары мен міндеттеріне жеңілтек және жауапсыз қарайтындар (абайсыз қылмыскерлер); өзінің жеке қажеттілігіне бағдарлайтын;қарапайым өмірлік қажеттіліктерін бағдарлайтын. Тұлғаның криминогенді-себептік бағытын тереңдігі мен тұрақтылығына байланысты келесідей бөлінеді: кенет оқиғалардың салдарынан және барлық алдындағы мінез-құлқына қарама-қайшы бірінші рет қылмыс жасаған тұлғалар (кездейсоқ қылмыскерлер);бірінші рет қолайсыз өмірлік жағдайлардың салдарынан қылмыс жасаған, бірақ жалпы жағымсыз қасиеттерінен гөрі жағымды қасиеттері басым тұлғалар (жағдайлық қылмыскер);бірінші рет қылмыс жасаған және одан бұрын жағымсыз жағынан сипатталатын тұлғалар (тұрақсыз қылмыскерлер);бірнеше рет қылмыс жасаған тұлғалар және бұрын сотталған тұлғалар (жағымсыз қылмыскерлер; аса қауіпті рецидив субъектілері (аса жағымсыз қылмыскерлер). Қылмыскер тұлғасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау ойды Б.В.Волженкин білдіреді:1) қоғам мүшесі ретінде жалпы белгілері;2) барлық қылмыскерлерге тән, бірақ қарапайым азаматтарданөзгеше белгілері;3) сол қылмыскерді ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері.9

Ал А.Б.Сахаров пен Ю.Д.Блувштейндікі бірсыдырғы болып келеді.А.Б.Сахаров үшке бөлсе (әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-биологиялық), Ю.Д.Блувштейн тұлғаны

құраушы қасиеттерді беске жіктейді: демографиялық; әлеуметтік;құқықтық; психологиялық; биологиялық (медициналық та осыған кіреді).

Қылмыскерлер типологиясы. Қылмыскер тұлғасы дегеніміз әрекетінде сыртқы белгілермен бірге қылмыстық мінез-құлықтық сипаты біріккен жағымсыз әлеуметтік қасиеттердің жиынтығымен сипатталатын қоғамға қарсы бағыты көрінетін қылмыс жасаған тұлға.Аталған анықтамада қылмыскер тұлғасы түсінігінің жалпы әлеуметтік және қылмыстық құқықтық мазмұнның арасындағы қарым-қатынасы көрінеді.Әрбір тұлға әлеуметтік мәнді қасиеттердің, тұрмыс және қоғамның рухани жағдайының жеке көрінісі болып табылады.Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер тұлғасы туралы ол тек сот кінәлі деп тапқан қылмыс жасаған кезде ғана айтуға болады. Қылмыскер тұлғасының құрылымына: биофизиологиялық, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық және адамгершілік, әлеуметтік-рольдік, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер жатады. Қылмыскер тұлғасын,жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар:1) әлеметтік - демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.2) әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар,қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.3) тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б. 4) қылмыстық әрекетінің қарқыныдылығы мен сипатына қарай:

қайталанған, рецидив (арнайы , аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы.5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.ә) тұлғалық-мотивациялық қасиеттеріне қарай:1) аса қауіпті қылмыскерлер;2) зорлықшыл қылмыскерлер;3) пайдакүнем қылмыскерлер;4) нәпсіқұмар қылмыскерлер;5) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер;6) абайсызда қылмыс жасаушылар.б) Жасаған қылмысының түріне қарай: 1) ұрылар; 2)қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады.в) тұлғаның криминогендік асқыну дәрежесіне қарай:1) ''кездейсоқ қылмыскерлер'' - алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар;2) ''ситуативтік қылмыскерлер'' - сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар;3) ''тұрақсыз қылмыскерлер'' - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін өзге құқық бұзушылық жасағандар;4) ''кәнігі қылмыскерлер'' - бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап,бұрын сотталғандар;5) ''аса қауіпті қылмыскерлер'' - бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар.г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай:1) Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері:құқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамқа қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер,аса қауіпті рецидивистер).2) Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз және қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен

болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны

өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.3) Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер.4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды.5) Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б. д) қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай:1) абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші.2) аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші, көп уақыт пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың басшылары да кіреді.3) қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тәртіпті бұза отырып, меншікке қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды емес.4) қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.  

Қылмыстардың себептерi және жағдайлары. Қылмыстылықтың себептері  - бұл қылмыстылық пен қылмыстарды түпкі нәтижесінде заңды түрде пайда болдыратын әлеуметтік-психиолгиялық детерминанттар. Қылмыстылық жағдайлары – бұл өздері қылмыстылық тудыра алмайтын, бірақ оның тууына белгілі бір жолдармен әсер ететін құбылыстар кешені. Қылмыстылық жағдайлары үш негізгі топқа бөлінеді: көмектесуші жағдайлар (оқиға, құбылыс, уақыт және орын жағдайларының негізін құрайды);қажетті жағдайлар (мұндай жағдайларсыз оқиға болмауы да мүмкін); жеткілікті жағдайлар (барлық қажетті жағдайлардың жиынтығы). Детерминация түрлері. Құбылыстардың өзара қатынас түрлерінің барлығы детерминизм деп аталады. Бұл жерде себептіліктің өзі детерминизмнің бір түрі болып табылады. Уақыт байланысы – «ерте немесе кеш» принципі бойынша құбылыстарды бағалайды. Кеңістіктегі байланыс – белгілі бір қылмыстардың территория бойынша таралуы, яғни қылмыстардың географиялық, этникалық және т.с.с. түрлерін білдіреді. Жағдайлардың байланысы – қылмыстың жеке түрінің жағдайы өзгерген кезде оның құрылымы да өзгереді дегенді білдіреді. Қызметтік (функционалды) байланыс – екі өлшемнің математикалық тәуелділігін көрсетеді. Біріншісі өзгерсе, екіншісі міндетті түрде өзгереді. Корреляция – белгілі бір фактордың өсуі немесе кемуі бойынша бір жаққа өзгеруі екінші факторлар қатарында міндетті түрде өзгеріс тудыратын жалпылама жүйелердегі көп факторлы байланыстар. Мәселен, мемлекеттегі экономиканың әлсіреуі белгілі бір деңгейде осы жердегі қылмыстардың көбеюіне әсер етеді. 2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері  мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі:1. Қылмыстың деңгейі бойынша:қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша:әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық.3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті.4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар

Қылмыстық  тәртiп механизмi ұғымы. Криминологияны кейде макрокриминология және микрокриминология деп бөдушілер де кездеседі. Осыған сүйенсек, макрокриминологиясы қылмыстылықты құбылысын ретінде социологиялық деңгейде зерттесе,миекрокриминология тек жеке қылмыстың болу себептерін психологиялық деңгейде зерттейді.Қылмыстық құқық қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы көрінісін ғана зерттейді, өйткені ой әлі де қылмыс емес, сол себепті де тек қана қылмыстың объективтік жағы (қылмысқа дайындалудан бастап) көрініс тапқанда ғана ол іске кіріседі. Ал криминология болса, оны микрокриминология деңгейінде себептерін зерттейтін болғандықтан әуелгі түркісінен бастап, тіпті, ол мотивтің пайда болуының де себептеріне тереңдеп үңіледі. ‘’Қылмыс’’ пен ‘’Қылмыстық мінез-құлық’’ ұғымдары бірдей емес, соңғысы алдыңғысына қарағанда кеңірек. Өйткені қылмыс тек заңда келтірілген әрекет түрі болса, қылмыстық мінез-құлық осы әрекетке алып келген себеп-жағдайларды да білдіреді. Бұл тізбек тек қана қылмыстық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа да тән. Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туабітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес. Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда ‘’Қарным ашып тұр’’- дегеніміз мұқтаждық та, ‘’Қалай тамақ тауып жеймін?’’- дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол “өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы”. Мүдде сонымен бірге, мұқтаждық, құндылық т.б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын олардың мұқтаждық-мүдделері және т.б. итермелеуші күштер. Маркстің сөзімен айтқанда ‘’ескі мұқтаждықтарды қанағаттандырып болған соң жаңа мұқтаждықтардың туындауының өзі - тарихи процесс’’.?!! “Егер мұқтаждық, ең алдымен, мұқтаждық затына бағытталса, мүдде мұқтаждықты қанағаттандыра алатын заттарды, құндылықтарды, игіліктерді тарату соларға байланысты болатын әлеуметтік қатынастарға, институттарға, құрылымдарға бет түзейді”.12 Нақты өмір жағдайы - ол тұлғаның қылмыс жасауына ықпал еткен қылмыс жасаудан бұрын орын алған сыртқы мән-жайлардың жиынтығы.Е.І.Қайыржанов ‘’нақты өмір жағдайы’’ мен ‘’қылмыс жасау ситуациясынан’’ ажыратып алуды ұсынады, яғни алғашқысы қылмысқа дейін орын алса, соңғысы қылмыстық ниетті жүзеге асыруды бастаған сәттен қылмыс жасауды аяқтағанға шейін орын алады. Қылмыстық құқықта қылмыс үстінде орын алатын объективтік өмірдің мән-жайларын бейнелей алатын ‘’ситуация’’ атты белгі жоқ. Бар болғаны ‘’қылмыс жағдайы’’ деп аталатын қылмыс құрамының белгісі бар. Бұл осы қылмыс жасау ситуациясына сай келетін сияқты, дегенмен қылмыстық құқық доктринасында қылмыс жағдайымен қоса, қылмыс ситуациясы белгісін қосуды ұсынушы авторлар болған. Ол украин ғалымы Е.Ф.Фесенко ҚК бойынша да қылмыс құрамының орын, жағдай, уақыт сияқты белгілерін қамти алатын теңіз қарақшылығандағы (240-бап) ''теңіз немесе өзен кемесі'' (орын+жағдай), отанға опасыздықтағы (165-бап) ''қарулы жанжал кезі'' (орын+уақыт+жағдай) т.б. келтіруге болады. Нақты өмір жағдайын ‘’сылтаудан’’ ажыратып алған жөн. Егер де нақты өмір жағдайы өзінен өзі объективтік тұрғыда туындайтын болса,сылтауды қылмыскер өзі туындатады және қылмыскер оны саналы түрде пайдаланады. Мысалға, эмоционалдық жағынан ұстамсыз екеніні біле тұра қылмыскер оны әдейі сондай күйге алып келеді және осыны сылтауратып, дене жарақатын салады. Тағы бір айта кетерлігі ‘’сылтау’’ (предлог) мен ‘’дәлел-себепті’’(повод) шатыстыруға болмайды. Оның алғашқысын қылмыскер өзі туындататын болса, соңғысы нақты өмір жағдайының ішіне енеді. Мысалға, нақты өмір жағдайының бір түрі - криминогендік ситуация қылмыс жасаудың дәлел-себебі болып табылады.Есте ұтайтын нәрсе, нақты өмір жағдайы объективтік тұрғыда туындайды дегенмен де, оның қылмыс жасау механизміндегі рөлі қылмыскердің осы сиуацияға берген субъективтік мазмұнына байланысты. Айталық, ұрлық жасауға келген екі тұлғаны алайық: бірі -кенеттен, ол ойламаған жерден туындаған экстрималдық жағдайды қылмыс жасауды жеңілдетуші фактор деп бағаласа, керісінше, келесісі қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін (кедергі келтіруші фактор деп  бағалайды).

Қылмыстық-статистикалық әдiс және қылмыстылық пен қылмыскер тұлғасын есепке алатын мемлекеттiк жүйе. Нақты статистикалық әдістердің ішінде криминология көп арқа сүйейтіні - ол байқау, бірақ ол социологиялық емес, статистикалық байқау. Байқаудың өзі статистикалық зерттеулердің бірінші сатысы екендігі анық. Статистика да құбылыстардың сапалық жағын есепке ала отырып, сандық жағын зерттейді және оның заңдылығын анықтауға тырысады. Заңдылықтар статистикалық қана емес, динамикалық та бола алады. Екеуінің айырмашылығы сонда - динамикалық заңдылықты жаратылыстану ғылымдары бойынша жалғыз ғана зерттеу объектісін алып анықтауға болады. Мысалға, тарақанның көбею инстинкті бар екендігін жүздеген-мыңдаған тарақанды зерттемей-ақ, бір-екі, ары кеткенде оншақты мұртты қоңызды зерттеп-ақ анықтаууға болады. Ал статистикалық заңдылықты тек қана массаны, зерттеу объектісін жаппай алып қана анықтауға болады. Статистикалық заңдылығын анықтауға жататын құбылыстың бірі - қылмыстылық. Бірді екілі қылмыстың себебін ғана анықтап, оларды барлық қылмыстырға таңуға әсте болмайды.Сондықтан да қылмыстылық деп аталатын салыстырмалы жаппай

құбылыстың көріністерін неғұрлым кеңірек, көбірек алып қарастыруға тырысу керек. Қылмыстылықты жаппай байқау мүмкін емес, әрі латенттік қылмыстардың да бар екенін ескеру керек. Статистикалық байқаудағы жиынтық бірлігінің толықтығаны қарай оны: жаппай байқау және іріктеп байқау деп бөлуге болады.Іріктеп байқау да үш түрге жіктеледі: а) негізгі массивті байқау(барлығы мүмкін болмаса да негізгі басым бөлігін назарға алу); ә)монографиялық байқау (жеке бір мәселені мұқият, бүге-шігесіне дейін

талдау); б) таңдаулы байқау. Соңғы байқау түрін қолданғанда құбылыстың объективтік заңдылығын анықтау үшін жиынтық бірліктері тек қана кездейсоқ алынуы керек, яғни алдын ал зерттелмей, бас-көзіне

қарамай алынуы керек. Мысалға, рецидивистік қылмыстылық қылмыскер кәмелетке толмай тұрғанда жасаған қылмыстарына бастау алады деген гипотезаны дәлелдеуге бір зерттеуші бел буды делік. Ол

үшін рецидивистердің зерттелетін бөлігі кездейсоқ алынуы керек, Егер де зерттеуші өз ойын дәлелдеу үшін алдын ала атүсті байқау жүргізіп, тек қана кәмелетке толмаған шағында қылмыс жасаған рецидивистерді

ғана зерттеу объектісіне алып, қалғандарын ысырып қойса, құбылыстың объективтік заңдылығы шықпайды, тек қана зерттеушінің субъективтік пікірі болып қана қалады. Дәл осы сияқты, Ломброзо барлық қылмыскерлерді зерттей алған жоқ, тек он бір мыңына ғана қолы жетті. Бұл оның таңдаулы байқауы. Сөйте тұра, ол тек бас сүйегінде атвизимдері барларды ғана емес барлық ‘’қолына түскен‘’ қылмыскерлерді зерттеу объектісіне айналдырған жоқ па еді?!! Математикалық статистика таңдаулы байқаудың мынандай

түрлерін ажыратады: қарапайым, кездейсоқ, жүйелік, типтік, сериялық, екісатылы, аудандандырылған, квота принципі бойынша таңдау т.б. Осы жерде заңдылықты көрсету қабілетіне орай репрезентативтілік

ұғымына назар сала кеткен жөн. Репрезентативтілік дегенімізбасты жиынтықтың параметрлерін таңдаулы жиынтықтың көрсете алу қабілеті. Мысалға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға қатысты үш жүзқылмыстық істі зерттеп, кәмелетке толмағандарсанының шамамен 14%-нде қылмыстық жолға түсуіне жолдас-жоралары ықпал еткен деген заңдылығын шығарамыз. Бірақ бұл Қазақстанда жасалған үш жүз кәмелетке толмаған адамның қылмысы ғана. Ал шын мәнінде жылына он мыңдаған кәмелет жасына толмаған адам қылмыс жасайды. Егер де осы жыл сайын жасалатын кәмелетке олмағандардың қылмысын тіркеп, олардың сеьептерін бірден есепке алатындай құрал табылса және осы құралымыздың өзі шыныда да олардың 13,4%-нде олардың қылмыс жасауына жолдас-жоралары итермелейді деп анықтаса заңдалығын, онда расында да жоғарыда кездейсоқ таңдалып алынған үш жүз қылмыстық істің репрезентативтілігі бар. Егер де мүлде жақындамайтын заңдылық анықталса, керісінше, зерттелген материалдардың репрезентативтілігі жоқ болып шығады.

Қылмыстылық  себептердiң психологиялық теориялары. Қылмыстылық тарихи өзгермелі болып келеді. Қылмыстылықтың жағдайы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияларда бірдей емес. Оның деңгейі мен құрылымы нақты формацияның мазмұны мен тенденциясына, қылмыс себептері мен жағдайларына, сонымен қатар, мемлекет анықтаған қылмыстық кінә ортасына байланысты өзгеріп отырады. Қылмыстылықтың өзгермелілігі қылмыстық заңнаманың тарихынан көрініп отырады. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болып табылады, оның субъектілері тұлға ретінде қалыптасады. Қалыптасқан өндірістік қатынастар өндірістік күштермен сипатталатын жиынтыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық заңдардан құрылғандықтан, қылмыстылықтың әлеуметтенуі басталады. Қылмыстылық статистикалық көптілік емес, құбылыс болып табылады. Басқа құбылыс сияқты оның да себепті байланысы бар, ол экономика, саясат, идеология, психология, құқық сияқты құбылыстармен тығыз байланысты. Қылмыстылықтың белсенділігі мен сипаты криминогенді және антикриминогенді сипатпен анықталады.

Қылмыстылық деңгейi. Қылмыстылықтың деңгейі Қылмыс деңгейі белгілі бір тұрғындардың санына шаққандағы қылмыстар сомасымен, оларға қатысушылардың санымен есептелетін сандық сапалық сипаттама. Қылмыстылықтың деңгейі оны бағалау критериі болып табылады. Латентті қылмыстылық – іс жүзінде жасалған қылмыстардың нақты, бірақ жасырынған немесе тіркелмеген бөліктерін білдіреді. Қылмыстылық деңгейін бағалау барысында латентті қылмыстардың болуы мүмкін мөлшерін ескеру қажет. Латентті қылмыстылық екі түрге бөлінеді: а) жасырын қылмыстылық; б) жасырылған қылмыстылық. Біріншісі, құқыққорғау органдарымен қылмыстың жасалуына байланысты немесе басқа да мән-жайларға байланысты табылмаған қылмыстар. Екіншісі, құқыққорғау органдарының құқыққа қарсы әрекеті негізінде статистикалық есептерте көрсетілмеген қылмыстар. Латенттіліктің деңгейі кейбір қылмыс түрлерінде елеулі ерекшеленеді. Қасақана кісі өлтіру және қасақана денсаулыққа түрлі сипаттағы зиян келтіру қылмыстарының латенттілік деңгейі төмен, ал пара алу, тұтынушыларда алудың латенттілік деңгейі жоғары болып отыр. Құрылу механизмі бойынша латентті қылмыстылық үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) арыз берілмеген қылмыстар – бұл жасалған, алайда осы қылмыстан зардап шеккен жәбірленушілер, куәгерлер, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар оны біле тұрып құқық қорғау органдарына хабарламаған қылмыстар; 2) есептелмеген – бұл құқық қорғау органдарына белгілі болған, алайда белгілі бір себептерге байланысты (қылмыстың ашылуы көрсеткішін жоғарылату, өз мүддесіне байланысты қылмысты жасыруе, т.б.) тіркелмеген және тергелмеген қылмыстар; 3) анықталмаған – тіркелген, арыздалған және тергелген қылмыстар, алайда лауазымды тұлғалардың қателігі салдарынан қылмыс құрамы немесе оқиғасы анықталмауынан есептелмеген қылмыстар. Ресей криминологы Я.И. Гилинскийдің пікірінше, латентті қылмыстылық үш түрге бөлінеді.Кәдімгі латентті қылмыстылықта қылмысты тіркеуші органдарға қылмыстың жасалуы белгісіз болады. Жасанды латентті қылмыстарда құқық қорғау органдарына қылмыс фактісі белгілі болады, бірақ олар қылмысты тіркемейді. Шекаралық латенттілік заңдық қателік, қылмысты дұрыс сараламаудың салдары, яғни, құқық қорғау органдарына қылмыс оқиғасы белгілі болғанымен, олардың қателесуі нәтижесінде ол қылмыстық әрекетке жатқызылмайды Қылмыстың деңгейінің көрсеткіштері.Көрсеткіш дегеніміз – қылмыстылық деңгейінің есебі жүргізілетін ресми қылмыстылық статистика. Оның ішіне мыналар кіреді: қылмыс туралы жәбірленушінің арыздары мен шағымдары;тіркелген қылмыстардың саны; қылмыс жасаған тұлғалардың табылу саны; үкім бойынша қылмысқа кінәлі тұлғаларды соттау саны.

Қылмыстылық динамикасы. Қылмыстылық басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты сапалық және сандық қасиеттермен сипатталады, олардың ішіне деңгей, құрылым және динамика кіреді.Қылмыстылық құрылымы қылмыс түрлерінің қатынастарымен анықталады. Құрылым көрсеткіштері қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігінің сандық сапалық сипаттамасын береді. Қылмыстылықтың динамикасы дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында оның өзгерісін белгілейтін көрсеткіш. Қылмыстылық динамикасы әлеуметтік құбылыс ретінде екі факторлар тобының әсерінде болады. Біріншісі, бұл қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары, тұрғындардың демографиялық құрылымы және басқа да қылмыстылыққа әсер ететін үрдістер мен құбылыстар. Екіншісі, қылмыстардың аумағын кеңейтетін немесе тарылтатын қылмыстық заңның өзгеруі. Қылмыстылық динамикасының статистикалық көрінісі, қылмыстарды өз уақытында табу және тіркеу бойынша қызметке байланысты. Қылмыстылық абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен өлшенеді. Қылмыстылықтың объективтік  көрсеткіші – бұл тұрғындар санына шаққандағы қылмыс көлемі (қылмыстылық коэффициенті). Бұл  коэффициент мына формуламен есептеледі:   

         Қ х 100000

ҚК =  ,

    Т

Бұл жерде  ҚК – қылмыстылықтың коэффициенті, Қ – бұл тіркелген қылмыстардың абсолютті саны, Т  - барлық тұрғындардың абсолютті саны, ал қылмыс саны әдетте 100 мыңмен есептеледі.

Қылмыстылық және қылмыс оның қатынастары. Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі əлеуметтік,қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мəні өзгерген жоқ. Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. «Қылмыстылық» ұғымы, көбіне қылмыстың көптігі туралы, олардың статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады. Бұл - қылмыстылық анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру.Сонымен, қылмыстылық - біршама дербес, тұтас, қоғамға едəуір қауіпті құбылыс. Ол қоғамның əр түрлі салаларына, əр түрлі қоғамдық қатынастарға тараған. Бұл тұрғыдан алғанда ол «əлеуметтік» сөзінің кең мағынасындағы əлеуметтік құбылыс. Соған байланысты мынаны ұмытпау керек: қылмыстылық – қоғам ағзасындағы жат дене емес, ол оның сипаттамаларының, ондағы бар қатынастардың өзінше өзгеруінің нəтижесі, тірі ағзадағы рак ісігі сияқты оның қайта пайда болуы. Ракпен ауырған бауырды алып тастау - адамды өмірденайыру. Қылмыстылық қанша етек жайса да қоғам адамдардың өмірлік маңызы бар мүдделерін қамтамасыз етуге тиіс. Қылмыстылық қоғамда болады, қоғам оны тудырады. Бұл тезис клиникалық криминология өкілдерінің пікірін өзгерте алмайды. Егер адамның туа біткен немесе бойына кейін біткен қасиеті оның іс-қимылын қылмыстық деп кесіп көрсетсе, ол есі дұрыс деп танылмайды. Қылмыс дегеніміз - белгілі бір жасқа жеткен, өз əрекетінің мəнін ұғынатын жəне оған басшылық ете алатын есі дұрыс субъектінің айыпты іс-əрекеті. Ал, қылмыстылық - жай əлеуметтік қана емес, əлеуметтік-психологиялық құбылыс, себебі ол адамдардан жəне олардың іс-қимылынан, əрекетінен тысқарыда болмайды. Ол адамдардың жалпы қоғамға қауіпті іс-қимылын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешімнің басқа да жақтарына жол беретін жағдайлардағы айыпты іс-қимылды да көрсетеді.

Қылмыстылық және қылмыстар ұғымы себептер мен жағдайлар жүйесi. Қылмыстылық  - бұл белгілі бір мемлекетте және белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жүйесін көрсететін әлеуметтік-тарихи өзгермелі және қылмыстық-құқықтық құбылыс. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болып табылады, оның субъектілері тұлға ретінде қалыптасады. Қалыптасқан өндірістік қатынастар өндірістік күштермен сипатталатын жиынтыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық заңдардан құрылғандықтан, қылмыстылықтың әлеуметтенуі басталады. Қылмыстылық статистикалық көптілік емес, құбылыс болып табылады. Басқа құбылыс сияқты оның да себепті байланысы бар, ол экономика, саясат, идеология, психология, құқық сияқты құбылыстармен тығыз байланысты. Қылмыстылықтың белсенділігі мен сипаты криминогенді және антикриминогенді сипатпен анықталады. Қылмыстылықтың жағдайы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияларда бірдей емес. Оның деңгейі мен құрылымы нақты формацияның мазмұны мен тенденциясына, қылмыс себептері мен жағдайларына, сонымен қатар, мемлекет анықтаған қылмыстық кінә ортасына байланысты өзгеріп отырады. Түрлері: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, Зорлық қылмыстылығы, Пайдакүнемдік және парақорлық жөніндегі қылмыстылық, Ұйымдасқан қылмыстылық, Кәсіби қылмыстылық, Рецидивтік қылмыстылық, Абайсыз қылмыстар, Экологиялық қылмыстылық, Әскери қылмыстылық, . Әйелдер қылмыстылығы Қылмыстылықтың себептері  - бұл қылмыстылық пен қылмыстарды түпкі нәтижесінде заңды түрде пайда болдыратын әлеуметтік-психиолгиялық детерминанттар. Қылмыстылық жағдайлары – бұл өздері қылмыстылық тудыра алмайтын, бірақ оның тууына белгілі бір жолдармен әсер ететін құбылыстар кешені. Қылмыстылық жағдайлары үш негізгі топқа бөлінеді: көмектесуші жағдайлар (оқиға, құбылыс, уақыт және орын жағдайларының негізін құрайды);қажетті жағдайлар (мұндай жағдайларсыз оқиға болмауы да мүмкін); жеткілікті жағдайлар (барлық қажетті жағдайлардың жиынтығы). Детерминация түрлері. Құбылыстардың өзара қатынас түрлерінің барлығы детерминизм деп аталады. Бұл жерде себептіліктің өзі детерминизмнің бір түрі болып табылады. Уақыт байланысы – «ерте немесе кеш» принципі бойынша құбылыстарды бағалайды. Кеңістіктегі байланыс – белгілі бір қылмыстардың территория бойынша таралуы, яғни қылмыстардың географиялық, этникалық және т.с.с. түрлерін білдіреді. Жағдайлардың байланысы – қылмыстың жеке түрінің жағдайы өзгерген кезде оның құрылымы да өзгереді дегенді білдіреді. Қызметтік (функционалды) байланыс – екі өлшемнің математикалық тәуелділігін көрсетеді. Біріншісі өзгерсе, екіншісі міндетті түрде өзгереді. Корреляция – белгілі бір фактордың өсуі немесе кемуі бойынша бір жаққа өзгеруі екінші факторлар қатарында міндетті түрде өзгеріс тудыратын жалпылама жүйелердегі көп факторлы байланыстар. Мәселен, мемлекеттегі экономиканың әлсіреуі белгілі бір деңгейде осы жердегі қылмыстардың көбеюіне әсер етеді. 2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері  мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі:1. Қылмыстың деңгейі бойынша:қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша:әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық.3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті.4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар. Көлемі бойынша:Ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі барлық қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары Әртүрлі қылмыстар топтарының және оның құрылымдық бөліктерінің себептері мен жағдайлары; Нақты қылмыстың себептері мен жағдайлары Әлеуметтік маңызы бойынша: Қылмыстылықтың жалпы әлеуметтік себептері мен жағдайлары ;Әр түрлі әлеуметтік топтардағы және қоғамдық өмір саласындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары;Жеке қылмыстық мінез құлықтың себептері мен жағдайлары Аумақтық таралуы бойынша: Мемлекет көлемінде қылмыстылықтың себептері мен жағдайы;Әр түрлі аймақтардағы, облыс, қалалардағы қылмыстылықтың;себептері мен жағдайлары;Нақты елді ме-кенде (қала, аудан, ауыл) және жеке-леген объектілердегі қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары

Қылмыстылық құрылымы. Қылмыстылық құрылымының негізгі көрсеткіштері.1) аса ауыр, ауыр, онша ауыр емес қылмыстардың арақатынасы; 2) ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыстардың саралануы бойынша арақатынас; 3) кең таралған қылмыстардың үлесі;4) кәмелетке толмағандардың қылмыстық үлесі;5) топтық қылмыстылық, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстылықтың үлесі;6) қылмыстың қайталануының үлесі; 7) қылмыстылықтың географиялық, яғни, аумақ бойынша бөлінуі; 8) қарудың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың үлесі; 9) есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың үлесі; 10) көшедегі қылмыстар; 11) трансұлттық қылмыстар;

12) қылмыстылыққа баға беру.

Қылмыстылық профилактика ұғымы. Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын  қарастыру немесе  қылмыс жасаған тұлғанын қайта  қылмыс жасамауынын алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық  шаралар қолдану арқылы іске асырылады.Қылмыстылықтың алдын алу шараларын жіктеҚылмыстылықтың алдын алу шаралары келесі негіздер бойынша жіктеледі: ескерту қызметінің әлеуметтік деңгейі бойынша; қамтитын көлемі бойынша;аумақтық масштабы бойынша; әсер ету бағыты мен түрі бойынша; жетілдіру және қолдану субъектісі бойынша. Алдын алу қызметінде әлеуметтік деңгей бойынша шаралар үш топқа бөлінеді: жалпы әлеуметтік шаралар; әлеуметке қайшы келетін шаралар; арнайы (криминологиялық) шаралар. Жалпы әлеуметтік алдын алу шаралары қоғамның дамуына байланысты ретімен жүзеге асырылады. Қылмыстылықты жалпы әлеуметтік ескерту әлеуметтік қызметтің ең маңызды да ұзақ мерзімді түрлерімен байланысты және ірі көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылады. Қылмыстылықты ескертудің жалпы әлеуметтік шараларына қоғам мүшелерінің, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер жатады. Экономикада және тұтынушылық нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, тұрғындардың төлеу қабілеттілігін жоғарылату экономикалық және басқа да қылмыстылықтарды ескертудің алғышарты болып табылады.Тұрмыстық, зорлық және басқа да қылмыстардың қысқаруына тұрғын үй мәселелерін, жанұя қатынастарын жақсарту, әйелдердің еңбек ету және тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы қорғау, бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша шаралар ықпал етеді.Арнайы (криминологиялық) шараларға криминогенді факторларды анықтау, жою, әлсірету және бейтараптандыруға, қылмыс жасауы мүмкін тұлғаларды түзетуге бағытталған шаралар жатады. Арнайы алдын алу деңгейінде қылмыстылық, оның жеке түрлерімен және нақты қылмыстармен күресу мақсаты сәйкес әлеуметтік бақылау шаралары үшін жалғыз және жетелеуші болып табылады. Арнайы алдын алу шараларын жетілдіру және жүзеге асыру қылмыстылықтың болуымен, оның жағдайымен және криминогендік детерминанттардың болуымен тікелей байланысты. Жалпы аталған алдын алулық шаралардың белгілі бір мақсаты болады, мысалы, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, контрабанда және қызметтік міндеттерін көрінеу орындамауға қарсы күрестің бірден-бір мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау, экономиканың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету, жанұя мен балалардың мүдделерін қорғау болып табылады. Қылмыстылықтың алдын алу шараларын көлем бойынша жіктеу.Көлемі бойынша ескерту шаралары келесі топтарға бөлінеді: жалпы (жақсыз) шаралар;ерекше (топтық) шаралар;жеке (индивидуалды) шаралар. Жалпы ескерту шаралары жалпы қылмыстылықтың немесе оның жеке түрлерінің себептері мен жағдайларын әлсіретуге, бейтараптандыруға, табуға және жоюға арналған. Олар жеке анықталмаған объектілер шеңберіне бағытталған: қылмыс жасауға, есірткі пайдалануға, жезөкшелікке бейім тұлғаларға қатысты; пайдакүнемдік қылмыстардың болуына мүмкіндік жасайтын жағдайларға қатысты, мысалы, тұрғын үй немесе кеңсе бөлмелерінің қауіпсіздік стандартына сәйкес келмеуі; құжаттарды, ақшаны, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және тіркеу ережелерін сақтамау және т.б.Жеке алдын алуда жеке тұлғаға қатысты жалпы әлеуметтік және арнайы шараларды нақтылау қажет: қоғамға қарсы бағытталған және қоғамға қауіпті қылық жасауы мүмкін нақты тұлғаға қатысты қолайсыз әсерлерді жою шаралары; қылмыстық жолға әкелетін әлеуметтік келеңсіз мінез-құлықты және т.б. өзгерту шаралары; дайындалып жатқан қылмыстардың алдын алу бойынша кейінге қалдырылмас шаралар қолдану және оларды жасау әрекеттерін тыю. Бағытталуы мен түрлері бойынша қылмыстылықты ескерту шараларын жіктеу және олардың әрекеттері барлық деңгейлер, масштабтар және көлемдердегі алдын алу шараларын бөліп көрсетеді:әлеуметтік-экономикалық шаралар; йымдастырушылық-басқару шаралар;идеологиялық шаралар; әлеуметтік-психологиялық шаралар; медициналық және педагогика-психологиялық шаралар; техникалық шаралар; құқықтық шаралар.

Қылмыстылық себептерiнiң  классификациясы   және жағдайлары. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері  мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі:1. Қылмыстың деңгейі бойынша:қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша:әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық.3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті.4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар

Қылмыстылық талдауы: негiзгi амалдар. Қылмыстылықты талдау оның нақты сапалық жəне сандық сипаттамаларын айқындауға бағындырылуы тиіс. Бұл əдістер кешенін қолдануды керек етеді. Талдау барысында қылмыстылық пен оның өзгеруінің криминологияда айқындалып қойған жəне əдебиетте баяндалған заңдылықтары ескеріледі. Бұл қылмыстылықтың нақты жағдайлардағы ерекшеліктерін дəлірек бағалауға, оның əр түрлі құрылымдық элементтерінің жаңа үрдістері мен өзіндік ара қатынастарын уақтылы айқындауға мүмкіндік береді.

Қылмыстылық ұғымы және түрлерi. Қылмыстылық  - бұл белгілі бір мемлекетте және белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жүйесін көрсететін әлеуметтік-тарихи өзгермелі және қылмыстық-құқықтық құбылыс. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болып табылады, оның субъектілері тұлға ретінде қалыптасады. Қалыптасқан өндірістік қатынастар өндірістік күштермен сипатталатын жиынтыққа негізделген әлеуметтік-экономикалық заңдардан құрылғандықтан, қылмыстылықтың әлеуметтенуі басталады. Қылмыстылық статистикалық көптілік емес, құбылыс болып табылады. Басқа құбылыс сияқты оның да себепті байланысы бар, ол экономика, саясат, идеология, психология, құқық сияқты құбылыстармен тығыз байланысты. Қылмыстылықтың белсенділігі мен сипаты криминогенді және антикриминогенді сипатпен анықталады. Қылмыстылықтың жағдайы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияларда бірдей емес. Оның деңгейі мен құрылымы нақты формацияның мазмұны мен тенденциясына, қылмыс себептері мен жағдайларына, сонымен қатар, мемлекет анықтаған қылмыстық кінә ортасына байланысты өзгеріп отырады. Түрлері: Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, Зорлық қылмыстылығы, Пайдакүнемдік және парақорлық жөніндегі қылмыстылық, Ұйымдасқан қылмыстылық, Кәсіби қылмыстылық, Рецидивтік қылмыстылық, Абайсыз қылмыстар, Экологиялық қылмыстылық, Әскери қылмыстылық, . Әйелдер қылмыстылығы

Қылмыстылықтың алдын-алу ұғымы және жүйесi. Қылмыстылықтың алдын-алу – қылмыскердің жеке тұлғасымен тығыз байланысты. Қылмыстылықты алдын-алу мәселесі 3деңгейде қарастырылады. 1.Жалпы әлеуметтік, 2.Арнайы криминологиялық, 3.Жеке. Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс болғандықтан онымен күресу кешенді түрде жүргізілгенде ғана сәтті жүзеге асады. Сондықтан қылм/пен күресуде эконом/қ, әлеуметтік-мәдени, тәрбиелік ж/е құқықтық шаралар қолдану дұрыс болады.

Қылмыстылықтың алдын-алуда арнайы шаралар классификациясы. Қылмыстылықтың алдын алу шаралары келесі негіздер бойынша жіктеледі: ескерту қызметінің әлеуметтік деңгейі бойынша; қамтитын көлемі бойынша;аумақтық масштабы бойынша; әсер ету бағыты мен түрі бойынша; жетілдіру және қолдану субъектісі бойынша. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен, өндіріс және әлеуметтік жағдайдағы кризистік құбылыстармен байланысты криминогендік шараларды жою, әлсірету және бейтараптандыруға бағытталған. Оған: аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау шаралары;  экономиканы сауықтыру және жалпы жағдайды тұрақтандыру шаралары; салық төлеуді қамтамасыз ету шаралары. Ұйымдастырушылық-басқару шараларына басқару аппараттарының жұмысын мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік бақылауды жетілдіру жатады, оның міндеті мүліктік, лауазымдық және экономикалық қылмыстылықтардың болуына әсер ететін кемшіліктер мен бұзушылықтарды шектеу болып табылады. Ұйым/қ-басқару шараларының құқық қорғау қызметі саласында маңызы зор: оның реттелуі, қылмыстылықтың жеке түрлеріне қолданылатын әдістемелік, кадрлық алдын алуды қамтамасыз ету. Идеологиялық шаралар дегеніміз қоғам мүшелерінде адамгершілік көзқарас қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын және шектейтін шаралар. Әлеуметтік-психологиялық мазмұндағы шаралар елде, жеке аумақтар мен жерлерде жеке қоғам контингенттері мен топтарында өз қауіпсіздігіне, өзара көмекке дайындығына сенімділігін, құқыққорғау органдарына деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталған.  Медициналық және педагогика-психологиялық алдын алу шараларына мыналар жатады:  айналадағыларға қауіп тудыратын аурулардың алдын алу, осы аурулармен ауыратын тұлғаларды емдеу;  әлеуметтік тұрақсыздық тудыратын және қылмыстың жасалуына себеп болатын мінез-құлықтарды: жезөкшелікті, маскүнемдікті, қайыршылықты тарататын тұлғаларға қарсы әсер ету шараларын қолдану. Қылмыстылықтың алдын алудың құқықтық шараларына мыналар жатады:  қылмыстылық, әкімшілік, еңбек, азаматтық, жанұя және заңдардың басқа салаларын жетілдіру арқылы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтау, әлсірету, жою және бейтараптандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу;  қылмыс жасау жағдайларының тууына кедергі жасайтын құқықтық тыйым салу мен шектеулерді енгізу және жетілдіру; әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мінез-құлықтарынан арылту мақсатында әкімшілік-құқықтық әсер ету шараларын енгізу және жетілдіру.

Қылмыстылықтың виктимологиялық факторлары. Виктимизация – тұлғаны қылмыс құрбанына айналдыру үрдісі, сондай-ақ жалпы және жеке тәртіптегі осы үрдістің нәтижесі.Виктимділік – белгілі-бір қасиеттеріне (рухани, кәсіби және т.б.) байланысты адамның объективті жағдайлардың әсерінен қылмыстық қол сұғудың субъектісі болуының жоғары қабілеттілігі.Виктимология – қылмыс құрбаны туралы ілім, қол сұғудың құрбаны болуға қабілетті жәбірленуші туралы ғылым.Нақты қылмыс жағдайы сипаттамасының виктимологиялық аспектісі. Виктимология қылмыс құрбанының мінезі мен мінез-құлықтарын, оның қылмыс жасау сатыларының барлық кезеңдеріндегі қылмыскермен байланысын зерттейтін криминологиядағы жеке бағыт болып табылады. Сондықтан да, жеке қылмыстық қылықтағы себептік кешендерде виктимологиялық аспектілерді ескермеуге болмайды. Виктимологияның міндеттері қылмыста зардап шеккен тұлғаларды зерттеу, олардың қылмыс жасау сатыларында қылмыскермен байланысын анықтау болып табылады. Виктимологиялық мінез-құлық абайсыз, тәуекелдік, жәбірленушінің өзіне қауіпті болады, яғни, осыған байланысты криминогенді жағдай тудыруы мүмкін,  кейбір жағдайларда қылмыстың жасалуына себеп болады. Көптеген құқыққа қарсы әрекеттер жәбірленушінің өзіне байанысты болуы мүмкін. Ол мына жағдайлар: оқиғалық жағдайлардың ерекшеліктері (мас болу), тұлғаның денсаулық жағдайы (сезім органдарының кемшіліктері), ерекше психикалық көңіл-күйі;өзінің тұлғасына, қауіпсіздігіне, ар-намысына, мүлкінің сақталуына немқұрайды қарауы;бұрын өзіне қарсы жасалған қылмыстар жайлы құқық қорғау органдарына хабарлағысы келмеуі;қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті реттейтін ережелерге жеңілтектікпен қарауы;заңсыз мәмілелерге келісуі. Виктимологиялық зерттеулер қылмыс (ерекше) пен қылмыстылықтың (жалпы) қатынасын екі негізгі деңгейде жүзеге асырады. Ерекше деңгейде виктимологиялық зерттеу жәбірленуші әрекеттерінің қылмыс тудыру әсерін анықтайды.  Жалпы деңгейде зерттеу виктимдік мінез-құлықтың заңдылықтарын анықтауға, олардың себептерін табуға мүмкіндік береді. Виктимологиялық зерттеулердің тағы бір мақсаты жәбірленушілерге тікелей әсер ету арқылы нақты қылмыстардың алдын алудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Қылмыстылықтың қарама-қайшылығы  себептерiмен жағдайларының көзi ретiнде. Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар:себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері  мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі: Нақты қылмыстардың себептері мен жағдайларының түсінігіне құқыққа бағынатын тұлғаларға тән емес, бірақ қылмыскерлерге тән тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері кіреді, сонымен бірге, оның әлеуметтік және психологиялық мәртебесі және басқа да мән-жайлар жатады. Қылмыс – бұл өмірлік дағдының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, қажеттіліктердің дисгармониясы және деформациясымен байланысты тұлғаның мінез-құлқының көрінісі. Табиғи ортаның ерекшеліктерімен бірлікте бұл қасиеттер қылмыстық мінез-құлықтың себептері мен себептемелерін тудырады.Өз кезегінде, тұлғаның криминогендік ерекшеліктері оның қолайсыз ортада дамуына байланысты теріс қалыптасу үрдісінің нәтижесі болады. Кейбір нақты қылмыстың себептері криминогендік себептеменің негізі болып табылады. Қылмыстылықтың себептерін тудыратын әрекеттер жасаған кезде қылмыскердің қалыптасып, өмір сүру және нақты қылмыс жасаған кездегі жағдайларын зерттеудің маңызы зор. Тұлғаның психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктері оның криминогендік әсерін күшейтеді. Қылмыстық мінез-құлық механизміБірнеше болуы мүмкін қылмыстық мінез-құлықтың ішінен таңдап алу қажеттігін анықтайтын психикалық үрдістер мен тұлға жағдайының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы қылмыстық мінез-құлық механизмі болып табылады. Аталған тізбекте ең бастысы – себеп. Себептің қалыптасу негізінде қажеттіліктер жатыр. Себепті қанағаттандыру құралдары мен жолдарын таңдау. Ол субъектіге нақты себептерді табу үшін қажетті болып табылады. Қылмыстық мінез-құлық механизмінің елеулі элементі ерік болып табылады. Ол адамның өз әрекеттері мен мінез-құлықтарын саналы түрде реттеуін түсіндіреді. Тұлғаның еріктілік қасиеттері мақсаттылық, тұрақтылық және сенімділіктен байқалады. Нақты қылмыстық мінез-құлықтар механизміндегі криминогендік жағдайлар. Криминогендік жағдай дегеніміз тұлғаны қылмыс жасау шешіміне итермелеген оқиға немесе жағдай болып табылады. Нақты қылмыстық мінез-құлықтар механизміндегі жағдайдың орны туралы айтатын болсақ, криминогендік жағдай қылмыскер, қоршаған орта және қылмыс арасында орынды алады. Нақты қылмыстық мінез-құлықтар механизміндегі жағдайдың орны әр түрлі болып табылады. Ол абайсызда жасалған және жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстарда шешуші роль атқаруы мүмкін. Алдын алулық жағынан жағдайлар белгілі бір жердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігі тұрғысынан қарастырылады. Оларды бағалау көбінесе қылмыстық-құқықтық жағынан құнды болып келеді.

Латенттiк қылмыстылық. іс жүзінде жасалған қылмыстардың нақты, бірақ жасырынған немесе тіркелмеген бөліктерін білдіреді. Қылмыстылық деңгейін бағалау барысында латентті қылмыстардың болуы мүмкін мөлшерін ескеру қажет. Латентті қылмыстылық екі түрге бөлінеді: а) жасырын қылмыстылық; б) жасырылған қылмыстылық. Біріншісі, құқыққорғау органдарымен қылмыстың жасалуына байланысты немесе басқа да мән-жайларға байланысты табылмаған қылмыстар. Екіншісі, құқыққорғау органдарының құқыққа қарсы әрекеті негізінде статистикалық есептерте көрсетілмеген қылмыстар. Латенттіліктің деңгейі кейбір қылмыс түрлерінде елеулі ерекшеленеді. Қасақана кісі өлтіру және қасақана денсаулыққа түрлі сипаттағы зиян келтіру қылмыстарының латенттілік деңгейі төмен, ал пара алу, тұтынушыларда алудың латенттілік деңгейі жоғары болып отыр. Құрылу механизмі бойынша латентті қылмыстылық үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) арыз берілмеген қылмыстар – бұл жасалған, алайда осы қылмыстан зардап шеккен жәбірленушілер, куәгерлер, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар оны біле тұрып құқық қорғау органдарына хабарламаған қылмыстар; 2) есептелмеген – бұл құқық қорғау органдарына белгілі болған, алайда белгілі бір себептерге байланысты (қылмыстың ашылуы көрсеткішін жоғарылату, өз мүддесіне байланысты қылмысты жасыруе, т.б.) тіркелмеген және тергелмеген қылмыстар; 3) анықталмаған – тіркелген, арыздалған және тергелген қылмыстар, алайда лауазымды тұлғалардың қателігі салдарынан қылмыс құрамы немесе оқиғасы анықталмауынан есептелмеген қылмыстар. Ресей криминологы Я.И. Гилинскийдің пікірінше, латентті қылмыстылық үш түрге бөлінеді.Кәдімгі латентті қылмыстылықта қылмысты тіркеуші органдарға қылмыстың жасалуы белгісіз болады. Жасанды латентті қылмыстарда құқық қорғау органдарына қылмыс фактісі белгілі болады, бірақ олар қылмысты тіркемейді. Шекаралық латенттілік заңдық қателік, қылмысты дұрыс сараламаудың салдары, яғни, құқық қорғау органдарына қылмыс оқиғасы белгілі болғанымен, олардың қателесуі нәтижесінде ол қылмыстық әрекетке жатқызылмайды

Латенттiлiк қылмыстықтың айқындау әдiстерi. Латентті қылмыстарды анықтайтын факторлар:жәбірленушінің құқық қорғау органдарына хабарламауы; қылмыс келтірілген зардаптың аздығы; жәбірленушінің уақытының болмауы; қылмыскерді жазалаудың шынайылығына күмәндану;жәбірленушінің, куәгердің қылмыскермен ерекше қарым-қатынасы; қылмыскердің жәбірленушіні, куәгерді және т.б. қорқытуы;құқықтық сананың төмен болуы.

Латенттiлiк қылмыстылық деңгейiне әсер ететiн факторлар. жәбірленушінің құқық қорғау органдарына хабарламауы; қылмыс келтірілген зардаптың аздығы; жәбірленушінің уақытының болмауы; қылмыскерді жазалаудың шынайылығына күмәндану;жәбірленушінің, куәгердің қылмыскермен ерекше қарым-қатынасы; қылмыскердің жәбірленушіні, куәгерді және т.б. қорқытуы;құқықтық сананың төмен болуы. Латентті қылмыстылық – іс жүзінде жасалған қылмыстардың нақты, бірақ жасырынған немесе тіркелмеген бөліктерін білдіреді. Қылмыстылық деңгейін бағалау барысында латентті қылмыстардың болуы мүмкін мөлшерін ескеру қажет.Латентті қылмыстылық екі түрге бөлінеді: а) жасырын қылмыстылық; б) жасырылған қылмыстылық. Біріншісі, құқыққорғау органдарымен қылмыстың жасалуына байланысты немесе басқа да мән-жайларға байланысты табылмаған қылмыстар. Екіншісі, құқыққорғау органдарының құқыққа қарсы әрекеті негізінде статистикалық есептерте көрсетілмеген қылмыстар. Латенттіліктің деңгейі кейбір қылмыс түрлерінде елеулі ерекшеленеді. Қасақана кісі өлтіру және қасақана денсаулыққа түрлі сипаттағы зиян келтіру қылмыстарының латенттілік деңгейі төмен, ал пара алу, тұтынушыларда алудың латенттілік деңгейі жоғары болып отыр. Құрылу механизмі бойынша латентті қылмыстылық үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) арыз берілмеген қылмыстар – бұл жасалған, алайда осы қылмыстан зардап шеккен жәбірленушілер, куәгерлер, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар оны біле тұрып құқық қорғау органдарына хабарламаған қылмыстар; 2) есептелмеген – бұл құқық қорғау органдарына белгілі болған, алайда белгілі бір себептерге байланысты (қылмыстың ашылуы көрсеткішін жоғарылату, өз мүддесіне байланысты қылмысты жасыруе, т.б.) тіркелмеген және тергелмеген қылмыстар; 3) анықталмаған – тіркелген, арыздалған және тергелген қылмыстар, алайда лауазымды тұлғалардың қателігі салдарынан қылмыс құрамы немесе оқиғасы анықталмауынан есептелмеген қылмыстар. Ресей криминологы Я.И. Гилинскийдің пікірінше, латентті қылмыстылық үш түрге бөлінеді.Кәдімгі латентті қылмыстылықта қылмысты тіркеуші органдарға қылмыстың жасалуы белгісіз болады. Жасанды латентті қылмыстарда құқық қорғау органдарына қылмыс фактісі белгілі болады, бірақ олар қылмысты тіркемейді. Шекаралық латенттілік заңдық қателік, қылмысты дұрыс сараламаудың салдары, яғни, құқық қорғау органдарына қылмыс оқиғасы белгілі болғанымен, олардың қателесуі нәтижесінде ол қылмыстық әрекетке жатқызылмайды.

Профилактика субъектiлерi, оның мақсаттары және функциялары. Жалпы қылмыстылықтың, соның ішінде нақты қылмыстардың жасалуы мен таралуына әсер ететін жағдайларды анықтау, жою, әлсірету және бейтараптандыру бойынша қызметі заңмен жүктелген органдар, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, сондай-ақ, лауазымды тұлғалар мен жеке азаматтар Қылмыстың алдын алу субъектілері  болып табылады. Алдын алу субъектілері мемлекеттік және қоғамдық жүйелердегі орны бойынша келесідей жіктеледі: мемлекеттік және жергілікті органдар;үкіметтік емес, соның ішінде, коммерциялық және коммерциялық емес қоғамдық құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар; азаматтар.

Қылмыстылықтың алдын алу қызметінің міндеттері, құзіреті және мазмұны бойынша алдын алу субъектілері:  жалпы құзіреттегі билік органдары;  арнайы емес органдар;  жекелей арнайы емес органдар;

арнайы органдар болып бөлінеді. Конституцияға сәйкес заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни, қылмыстылықты ескерту Қазақстан Республикасы мен оның субъектілерінің ортақ міндеті болып табылады. Қылмыстылықтың алдын алудың арнайы емес субъектілері – бұл шаруашылық құрылымдар, спорт және мәдениет мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары; табиғатты қорғау, көші-қонды реттейтін, еңбекке орналастыруды, зейнетақылық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды, тұрғын үй-коммуналдық мекемелерді реттейтін органдар болып табылады. Кейбір жағдайларда осы алдын алу субъектілері қылмыстылықтың алдын алуға көмектессе де, алайда, олардың қызметіне бұл міндет аса жүктелген жоқ. Жекелей арнайы алдын алу органдары қатарына денсаулық қорғау, оқу және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері, сондай-ақ, табиғатты қорғау, бақылау-ревизиялық және аудиторлық ұйымдар жатады. Олардың алдыңғыларынан бөліну себебі екеуінің арасында  белгілі бір шек қою, өйткені осы органдардың қылмыстылықтың алдын алуға елеулі көмегі тиеді. Қылмыстылықтың алдын алудың арнайы субъектілері – алдын алу басты міндеттері мен қызметтеріне кіретін құқық қорғау органдары болып табылады. Бұл – сот, прокуратура, ішкі істер, кеден, ұлттық қауіпсіздік, шекара қызметі органдары. Құқыққорғау органдарына кейбір арнайы қоғамдық бірлестіктер, адвокатура және күзет қызметтері де жатады.Қылмыстылықтың алдын алу шараларын көлем бойынша жіктеу.Көлемі бойынша ескерту шаралары келесі топтарға бөлінеді: жалпы (жақсыз) шаралар;ерекше (топтық) шаралар;

жеке (индивидуалды) шаралар. Жалпы ескерту шаралары жалпы қылмыстылықтың немесе оның жеке түрлерінің себептері мен жағдайларын әлсіретуге, бейтараптандыруға, табуға және жоюға арналған. Олар жеке анықталмаған объектілер шеңберіне бағытталған: қылмыс жасауға, есірткі пайдалануға, жезөкшелікке бейім тұлғаларға қатысты; пайдакүнемдік қылмыстардың болуына мүмкіндік жасайтын жағдайларға қатысты, мысалы, тұрғын үй немесе кеңсе бөлмелерінің қауіпсіздік стандартына сәйкес келмеуі; құжаттарды, ақшаны, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және тіркеу ережелерін сақтамау және т.б.Жеке алдын алуда жеке тұлғаға қатысты жалпы әлеуметтік және арнайы шараларды нақтылау қажет:

қоғамға қарсы бағытталған және қоғамға қауіпті қылық жасауы мүмкін нақты тұлғаға қатысты қолайсыз әсерлерді жою шаралары; қылмыстық жолға әкелетін әлеуметтік келеңсіз мінез-құлықты және т.б. өзгерту шаралары; дайындалып жатқан қылмыстардың алдын алу бойынша кейінге қалдырылмас шаралар қолдану және оларды жасау әрекеттерін тыю. Бағытталуы мен түрлері бойынша қылмыстылықты ескерту шараларын жіктеу және олардың әрекеттері барлық деңгейлер, масштабтар және көлемдердегі алдын алу шараларын бөліп көрсетеді:әлеуметтік-экономикалық шаралар; ұйымдастырушылық-басқару шаралар;идеологиялық шаралар; әлеуметтік-психологиялық шаралар; медициналық және педагогика-психологиялық шаралар;

техникалық шаралар; құқықтық шаралар. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен, өндіріс және әлеуметтік жағдайдағы кризистік құбылыстармен байланысты криминогендік шараларды жою, әлсірету және бейтараптандыруға бағытталған. Оған: аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қорғау шаралары;  экономиканы сауықтыру және жалпы жағдайды тұрақтандыру шаралары; жауапсыздық және жұмыссыздыққа қарсы күрес, өндірістік емес шығындарды тіркеу, сақтау және азайту, мүліктің сақталуын бақылау және кінәлілерді жазалау шаралары;  салық төлеуді қамтамасыз ету шаралары;  кадрларды дайындау шаралары жатады. Ұйымдастырушылық-басқару шараларына басқару аппараттарының жұмысын мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік бақылауды жетілдіру жатады, оның міндеті мүліктік, лауазымдық және экономикалық қылмыстылықтардың болуына әсер ететін кемшіліктер мен бұзушылықтарды шектеу болып табылады. Ұйымдастырушылық-басқару шараларының құқық қорғау қызметі саласында маңызы зор: оның реттелуі, қылмыстылықтың жеке түрлеріне қолданылатын әдістемелік, кадрлық алдын алуды қамтамасыз ету. Идеологиялық шаралар дегеніміз қоғам мүшелерінде адамгершілік көзқарас қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын және шектейтін шаралар.Әлеуметтік-психологиялық мазмұндағы шаралар елде, жеке аумақтар мен жерлерде жеке қоғам контингенттері мен топтарында өз қауіпсіздігіне, өзара көмекке дайындығына сенімділігін, құқыққорғау органдарына деген сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Осы шаралардың елеулі бөлігі әлеуметтік тәрбиелеу институттары және оқу мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Медициналық және педагогика-психологиялық алдын алу шараларына мыналар жатады:  айналадағыларға қауіп тудыратын аурулардың алдын алу, осы аурулармен ауыратын тұлғаларды емдеу;  әлеуметтік тұрақсыздық тудыратын және қылмыстың жасалуына себеп болатын мінез-құлықтарды: жезөкшелікті, маскүнемдікті, қайыршылықты тарататын тұлғаларға қарсы әсер ету шараларын қолдану.Техникалық шараларға:  материалдық құндылықтарды өндіру, сақтау, жасау, шығаруда сандық және сапалық көрсеткіштерді бүлдіруді, банктік операцияларда жалғандық жасауды қиындататын;  тұрғын үйлерге, қызметтік бөлмелерге тонау мақсатында кіруді болдырмайтын;  өндіріс және көлікте апаттық жағдайдың болуына кедергі жасайтын және т.б. құралдар мен құрылғылар жатады.Қылмыстылықтың алдын алудың құқықтық шараларына мыналар жатады:  қылмыстылық, әкімшілік, еңбек, азаматтық, жанұя және заңдардың басқа салаларын жетілдіру арқылы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтау, әлсірету, жою және бейтараптандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу;  қылмыс жасау жағдайларының тууына кедергі жасайтын құқықтық тыйым салу мен шектеулерді енгізу және жетілдіру; әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мінез-құлықтарынан арылту мақсатында әкімшілік-құқықтық әсер ету шараларын енгізу және жетілдіру;  қос превенциядағы қылмыстық-құқықтық нормаларды енгізу арқылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың болуының алдын алу;  қылмысты аяғына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқаны үшін жеңілдіктер беру;  қылмыстарды толық ашқаны үшін марапаттауды кең қолдану;  алдын алу субъектілерінің қызметін құқықтық реттеу; өз көзқарасы бойынша құқықтық нормаларды сақтау деңгейін көтеру үшін құқықтық сананы тәрбиелеу; азаматтарда алдын алу белсенділігін тәрбиелеу және оларды қылмыстылыққа қарсы күресте бір-біріне көмектесуге дағдыландыру; қылмыстардан қауіпсіздік стандартын нормативтік бекіту.

Профилактикалық шаралар классификациясы. Қылмыстылықтың алдын алу шаралары келесі негіздер бойынша жіктеледі: ескерту қызметінің әлеуметтік деңгейі бойынша; қамтитын көлемі бойынша;аумақтық масштабы бойынша; әсер ету бағыты мен түрі бойынша; жетілдіру және қолдану субъектісі бойынша. Алдын алу қызметінде әлеуметтік деңгей бойынша шаралар үш топқа бөлінеді: жалпы әлеуметтік шаралар; әлеуметке қайшы келетін шаралар; арнайы (криминологиялық) шаралар. Жалпы әлеуметтік алдын алу шаралары қоғамның дамуына байланысты ретімен жүзеге асырылады. Қылмыстылықты жалпы әлеуметтік ескерту әлеуметтік қызметтің ең маңызды да ұзақ мерзімді түрлерімен байланысты және ірі көлемдегі әлеуметтік мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылады. Қылмыстылықты ескертудің жалпы әлеуметтік шараларына қоғам мүшелерінің, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер жатады. Экономикада және тұтынушылық нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, тұрғындардың төлеу қабілеттілігін жоғарылату экономикалық және басқа да қылмыстылықтарды ескертудің алғышарты болып табылады.Тұрмыстық, зорлық және басқа да қылмыстардың қысқаруына тұрғын үй мәселелерін, жанұя қатынастарын жақсарту, әйелдердің еңбек ету және тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы қорғау, бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша шаралар ықпал етеді. Арнайы (криминологиялық) шараларға криминогенді факторларды анықтау, жою, әлсірету және бейтараптандыруға, қылмыс жасауы мүмкін тұлғаларды түзетуге бағытталған шаралар жатады. Арнайы алдын алу деңгейінде қылмыстылық, оның жеке түрлерімен және нақты қылмыстармен күресу мақсаты сәйкес әлеуметтік бақылау шаралары үшін жалғыз және жетелеуші болып табылады. Арнайы алдын алу шараларын жетілдіру және жүзеге асыру қылмыстылықтың болуымен, оның жағдайымен және криминогендік детерминанттардың болуымен тікелей байланысты. Жалпы аталған алдын алулық шаралардың белгілі бір мақсаты болады, мысалы, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, контрабанда және қызметтік міндеттерін көрінеу орындамауға қарсы күрестің бірден-бір мақсаты тұрғындардың денсаулығын сақтау, экономиканың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету, жанұя мен балалардың мүдделерін қорғау болып табылады

Рецидивтiк қылмыстардың  деңгейi және құрылымы. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстық-құқықтық, пенитенциарлық  және криминологиялық рецидивизм бөліп көрсетіледі. Бірінші түрі рецидивтің қайталанған соттылық ретіндегі заңдық анықтамасынан шығып отыр. Екіншісі, соттылық жазадан босатылғаннан кейін, әсіресе, бас бостандығынан айырудан кейін ескеріледі. Үшіншісі, криминологиялық не іс жүзіндегі рецидив соттылықтың болуына, алынып тасталуына қарамастан нақты қайталанған қылмыстарды қарастырады. Рецидивтік қылмыстылықтың құрылымы: а) соттылық санымен; ә) жалпы және арнайы қылмыстың қайталануымен; б) рецидивті қауіпті қылмыстардың деңгейімен; в) интенсивтілігімен, яғни жазасын өтеуден кейін қылмысты қайталауымен; г) аса қауіпті рецидив үлесімен сипатталады. Рецидивтік қылмыстылықтың құрылымы мынадай болып келеді: төрттен үш бөлігі бірінші реттік рецидив, яғни алғаш сотталған кейін бірінші рет қылмысты қайталау. Сондай-ақ, әртүрлі қылмыстар үшін соттылықты қарастыратын жалпы рецидивтің де саны басым болып келеді. Кәсіби қылмыстылыққа өту қаупі бар арнайы рецидив ұрлық (қалта және пәтер ұрлықтары), қорқытып алушылық, алаяқтық, контрабанда, заңсыз валюталық операциялар, иеленіп алу мақсатында автокөліктерді ұрлау, бұзақылық және нашақорлық сияқты тұрақты рецидивті қауіпті қылмыстарға тән. Криминалды қылмыстың қайталануы бірінші үш айда, жарты жылда және бір жылдан кейін интенсивті болып келеді. Рецидивтің болу мүмкіндігі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін үш жылдан соң күрт төмендейді. Криминалды рецидивтің жиынтығының ішінде аса қауіпті рецидивтің үлесі 3%-ды құрайды.

Рецидивтiк қыллмыстылықтың себептерi мен жағдайлары. Рецидивтік қылмыстылықтың себептемесі көбінесе эмоцияналдық ызғармен, кекшілдікпен және өз құрбандарына деген аяушылық сезімнің жоқтығымен сабақтасып, пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік мүдделерге негізделеді. Соттылықтың өсуіне байланысты құқықтық психологиясы құқықтық тыйымдарға белсенді бағынбаумен, құқық қорғау органдарын жек көрушілікпен ерекшеленеді. Қылмысты қайталаған тұлғалардың екі қарама-қарсы типін бөліп көрсетуге болады: 1) құрамы аз - «беделділер»; 2) қалғандары - түзетуге, әлеуметтік бейімделуге қабілетсіз, ерік-жігерсіз тұлғалар. Пайдакүнемдік және зорлық-пайдакүнемдік себептемені қалыптастыратын криминогенді жағдайға және рецидивтік әрекеттерге итермелейтін жағдайлар үш топқа бөлінеді: қылмыстық жауаптылыққа не жазаға тартудың негізділігіне байланысты; жазаны өтеумен байланысты;постпенитенциарлы жағдайлар, яғни жазасын өтегеннен кейінгі өмір сүру жағдайы және сотталушының әлеуметтік қияндықтарынан туындайтын жағдайлар.Соңғы жылдары жазаның негізсіз соттық либерализация тенденциясы байқалып отыр, ол криминалды рецидивтің өсуінің, оның кәсіптену және ұйымдасқан қылмыспен біртұтас болуының объективтік тенденциясымен сәйкес келмейді. Қауіпті қылмыскерлерді кепілдікке жіберу және соттардың алдын ала қамауды ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруы осындай қылмыскерлердің жауаптылықтан жалтаруына әкеп соғады, әрине, бұл жағдай қатаң сынға тап болады. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сай келмейтін уақытша ұстау изоляторлары нағыз қаталдықты тәрбиелеу мектебіне айналды. Рецидивтің интенсивтілігі бұрынғы пенитенциарлы жүйенің кемшіліктеріне байланысты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмыспен қамтамасыз етумен айналысатын органдардың жоқтығының салдарынан өсіп келеді.  Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар бойынша комиссияның болмауы жасөспірімдердің қоғамдық ортаға бейімделуін қиындатып отыр. Ал әрбір үшінші қылмыстың қайталануын жасаған тұлға қылмыстық жолын кәмелетке толмаған шағында бастаған.

Сексуалдық қатынастар  саласындағы қылмыстылықтың алдын-алу. Зорлық қылмыстарын жалпы алдын алулық ескерту көбінесе елдегі өткізіліп жатқан жалпы адамгершілік құндылықтарды тұрақтандырумен, әлеуметтік әділдік қағидасын жүзеге асыру сияқты экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты.  Осы жалпы әлеуметтік мәселелердің шешілуі зорлық қылмыстарға қарсы сәтті күресуге алғышарт жасайды. Бұл міндеттердің ішінде адамды негізгі рухани құндылықтарды сыйлауға тәрбиелейтін және тағы басқа ұқсас шараларды ерекше бөліп көрсетуге болады. Қарастырылып отырған саладағы негізгі арнайы криминологиялық алдын алу бағыттарына: а) нақты мақсаттар мен  міндеттер қою негізінде маскүнемдік және нашақорлыққа қарсы тұрақты күрес жүргізу;ә) отбасы және басқа да тұрмыстық жанжалдар үшін жасалатын құқықбұзушылықтарды уақытында тоқтату; б) көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз ету;  в) ұлтаралық және нәсілдік өшпенділікті тұтандыруға қарсы күшейтілген күрес жүргізу; г) қоғамға қарсы жастардың топтарын анықтау бойынша қызметті белсендендіру; д) зорлық қылмыстары мен бұзақылықтың түрлеріне байланысты әділ жауаптылықты қамтамасыз ету; е) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қатыгездікке, зорлыққа қарсы белсенді үгіт жүргізу жатады.

Сексуалдық қатынастар  саласындағы қылмыстылықтың детерминанты. Зорлық қылмыстылығының себептері мен жағдайлары, басқа қылмыстардағыдай кінәлінің криминогендік-деформацияланған психологиясына байланысты. Себептемелік бағыты бойынша кісі өлтірудің құрылымы, сондай-ақ тұлға ерекшеліктері агрессивті себептемені келесідей жіктеуге мүмкіндік береді:  жанжалдық-тұрмыстық себептеме, әдетте, маскүнемдік, нашақорлық, жанұядағы және даладағы жүйелі жазасыз зорлықтан және жәбірленушілердің виктимділігінен туындайды;  пайдакүнемдік себептеме тонау, қарақшылық, жалдамалы кісі өлтірумен байланысты; бұзақылық себептемелер қоғамдық тәртіп мен адамгершілікті құрметтемеумен байланысты;  өш алудың түрлері: бұрын жәбірленушіге қатысты жасалған зорлық үшін өш алу, саяси, кәсіптік және идеологиялық жақтырмаушылық, ұлттық және этникалық араздық.

Ауыр зорлық қылмыстарының коммерциялануы, ұлттануы және саясаттануы аса ауыр жағдайларға әкеп соғады. Жоғарыдағы себептемені тудыратын негізгі криминологиялық жағдайларға: 1) заңсыз қару айналымының алдын алуының жеткіліксіздігі; 2) маскүнемдіктің, нашақорлықтың және таксикоманияның алдын алудың нашарлығы; 3) тұрмыстық, маргиналдық қақтығыстарды ерте алдын алудың әлсіздігі; 4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы зорлық және порнографияны үгіттеу; 5) кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке итермелеу не тарту және мұндай әрекеттер үшін жазалаушы заңдардың қолданылмауы; 6) маскүнемдікке салынған, кедей, қатыгез жанұяның құлдырауы.

Сексуалдық қатынастар саласындағы қылмыскердiң тұлғасы. Кәмелет жасына толған, есі дұрыс тұлға. Зорлау қылмыстылығында ол тек ер азамат болып табылады. 14 жастан қылмыстық жауаптылыққа зорлағаны (120-бап) Зорлау, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi (121-бап) Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану үшін тартылады.

Сексуалдық қатынастар саласындағы қылмыстылық. Ол қылмыстардың құрамы ҚРҚК-нің 120, 121, 122, 123-баптарында көрсетілген.120-бап. Зорлау. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері.Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектің немесе әйел мен әйелдің қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер.123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету. Адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүлкiн бүлдiру немесе тартып алу жолымен не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттердi жасауға мәжбүр ету.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын-алу бағыттары. Ұйымдасқан қылмыстықтың қоғамдық қауіптілігі ұйымдаспаған қылмыстарға қарағанда ерекше болып келеді. Ол елдегі барлық саяси және әлеуметтік үрдістерге әсерін тигізеді. Егер криминологияда «ұйымдасқан қылмыс» түсінігі салыстырмалы жалпы, әлеуметтік, ұйымдасқан, қылмыстық-құқықтық құбылысты білдірсе, қылмыстық заң ұйымдасқан нысанда жасалған қылмыстардың белгілерін көрсетеді. Пайдакүнемдік немесе саяси ұйымдасқан қылмыстылықтарды қылмыстық заңда тек ұйымдасқан қылмыс ретінде сараланған қылмыстар құрай алады. Концептуалдық көзқарас бойынша ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тиімді әсер ету шараларын жетілдірудің маңызы зор. Олардың ішінде - ұйымдасқан қылмыстылықтың экономикалық негізін жою, қылмыспен айналысу, экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатын шараларды қарастыру қажет. Олардың көбі бүгінгі күні әлемдік тәжірибеде сыналып та үлгерді. Біріншіден, ол - күдікті қаржы операцияларын бақылауды күшейту шаралары. Екіншіден, азаматтық іс жүргізу тәртібімен құқыққа қарсы алынған мүлікті тәркілеу. Үшіншіден, заңсыз алынған  материалды игіліктер үшін жауаптылық. Төртіншіден, жастар үшін заңды өмір сүру көздерін кеңейту бағдарламасын жүзеге асыру. Бесіншіден, экономиканың заңсыз секторын заңдастыру (легализация). Алтыншыдан, сот тәртібімен жекешелендірудің криминалды және басқа да заңсыз актілерін жою. Жетіншіден, салықты төлеуден жалтаруға қарсы күресті нығайту.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы. Ұйымдасқан қылмыстықтың қоғамдық қауіптілігі ұйымдаспаған қылмыстарға қарағанда ерекше болып келеді. Ол елдегі барлық саяси және әлеуметтік үрдістерге әсерін тигізеді. Егер криминологияда «ұйымдасқан қылмыс» түсінігі салыстырмалы жалпы, әлеуметтік, ұйымдасқан, қылмыстық-құқықтық құбылысты білдірсе, қылмыстық заң ұйымдасқан нысанда жасалған қылмыстардың белгілерін көрсетеді. Пайдакүнемдік немесе саяси ұйымдасқан қылмыстылықтарды қылмыстық заңда тек ұйымдасқан қылмыс ретінде сараланған қылмыстар құрай алады. Қазіргі қылмыстық кодекс «ұйымдасқан топ» түсінігімен бірге «ұйымдасқан қауымдастық» түсінігін бөліп көрсете отырып, ұйымдасқан қылмыскерлердің деңгейіне байланысты жауаптылықты айырған. Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін құрылған тұрақты топ жасаса, онда ол ұйымдасқан топпен жасалған қылмыс деп саналады (ҚР Қылмыстық кодексінің 31-бабы). Егер қылмыс ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау мақсатында құрылған біріккен ұйымдасқан топтармен жасалса, онда ол қылмыстық қауымдастықпен (ұйыммен) жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыстық қауымдастық ұйымдасқан топтан бірлік белгісімен, қылмыстық әрекеттің ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауға бағытталғандығымен және бірнеше топтарды біріктіру мүмкіндігімен ерекшеленеді, сондай-ақ екеуінің арасындағы айырмашылық олардың ұйымдастыру деңгейлеріне байланысты қылмыстық қауысдастық міндетті түрде: а) бағынушылық құрылым; ә) қылмыстылық әрекеттің мамандығы; б) құқық қорғау органдары және басқа да билік органдарымен топ мүшелерінің парақорлық байланысын құрады. Сонымен қатар, олар мына белгілермен сипатталуы мүмкін: 1) қылмыстық әрекет аумағын кеңейтуге тырысу; 2) барлау және қарсы барлау жүйесін құру; 3) қылмыстық әрекет аумағын монополиялауға тырысу; 4) ортақ қаржы құралдарының болуы; 5) қылмыскер кадрларын «өсіру»; 6) қарулануы.Бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыстылықтың әсер ету аумағы ең аз дегенде 150 мемлекетке таралып отыр.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың себептерi мен жағдайлары. Ұйымдасқан қылмыстылықтың себептік кешені барлық қылмыстардың детерминанты болып табылатын жалпы және арнайы факторлардан тұрады.Ұйымдасқан қылмыстылық – тек бір күшті фактордың ғана нәтижесі емес, ол кейбір мемлекеттерде жоқ факторлардың өзара әсері болып табылады. Жалпы ТМД елдеріндегі, соның ішінде Қазақстандағы ұйымдасқан қылмыстылық 1990 жылдардағы құқықтық мәдениеттің төмендеуімен ұштасқан псевдодемократиялық революцияның туындысы болып отыр. Әлеуметтік-экономикалық құрылыстың баяу ауысуы мемлекеттік биліктің нашарлауымен сабақтасады. КСРО-ның таралуын ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуы мен дамуы тездетіп жіберді.Көптеген азаматтар демократияны шексіз әрекет ету деп түсінді. Көптеген әлеуметтік институттардың құлдырауы  адамгершілік құндылықтардың жоғалуына әкеп соқты. Ұйымдасқан қылмыстылық кеңестік дәуір адамдарын шебер пайдаланып кетті. Құқық қорғау жүйесінің жеткіліксіздігі, сонымен бірге, оның парақорлыққа салыну деңгейінің жоғары болуы жазаланбаушылық деңгейінің өсуіне және ұйымдасқан қылмыстардың жасалуына әкеп соғады.

Қазақстандағы ұйымдасқан қылмыстылық себептерінің даму жолынан басқа да көптеген елдер өтті: мемлекеттің бюрократиялық жүйесінің бөлінуі, әлеуметтік әділеттік қағидасының бұзылуы, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы. Нарықтық қатынастарға бірден ұту криминогенді жағдайлардың асқынуына себеп болды. Ұйымдасқан қылмыстылықтың көлеміне әсер ету үшін реформалардың әлеуметтік бағытын күшейту қажет.

Шетел криминологиясындағы социологиялық теориялар. Шет елдердегі қылмыстылықты ескерту туралы ғылыми зерттеулер көрсеткендей, шет елдегі қылмыстылықты ескерту ауқымды шаралармен ерекшеленеді. Шет елде ескерту методология әдісі негізінде жүзеге асады. Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм. Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа. Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдардың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медициналық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай криминологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ пiкiрлер.Жалпы криминологиялык таным диалектикалық - материалистiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi. Бipiншiден, кылмыскерлiк әлеуметтiк құбылыс ретiнде қаралады, және тиiсiнше, оны зерттегенде әлеуметтiк ғылымдардың, оның iшiнде социологияның әлеуметтiк психологияның әдicтерi пайдаланылады. Әр түрлi әлеуметтiк құбылыстармен, процестермен, институттармен қатар адам да зерттеледi, бiрақ ол биологиялық тұрғыдан емес қоғам мүшесi, қоғамдык дамудың жемiсi peтiндe зерттеледi. Криминологтердiң қылмыскердiң жеке басы туралы айтып жүргенi кездейсоқтық емес. Екiншiден, қылмыскерлiк басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс. Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің өзге де актiлерiмен өзара байланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады. Үшіншіден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi. 
Төртiншiден, криминологиялық маңыздылыққа ие құбылыстардың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады. Бесiншiден, зерттелетiн криминалдық құбылыстардың iшкi қайшылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыскерлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жағынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, оларды дамыту және мадақтау. 
Экономикалық дағдарыс қылмыстылық жағдайы ретiнде. Экономикалық дағдарыс қылмыстылық жағдайы ретінде келесідей құқықбұзушылықтардың орын алуымен сипатталады. 178-бап. Тонау. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау ; 175-бап. Ұрлық.Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау ; 385-бап. Тонаушылық Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын ұрлау (тонау) т.с.с.

Экономикалық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы. Оларға ҚРҚК-нің 7-тарауында көрсетілген қылмыстар жатады. 190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк ;191-бап. Заңсыз банктiк қызмет ;192-бап Жалған кәсіпкерлік;192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы; 193-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру ;194-бап. Кредиттi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану 194-1-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану; 198-бап. Көрiнеу жалған жарнама беру; 199-бап. Тауар белгiсін заңсыз пайдалану; 200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету; 202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу;202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi; 203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу; 204-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi; 205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу ;205-1-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту;206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату;207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату ;208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану;209-бап. Экономикалық контрабанда ;213-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау;214-бап. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару;215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер; 216-бап. Әдейi банкроттық;216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу; 217-бап. Жалған банкроттық; 218-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу;219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру; 220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану ; 221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы; 222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару; 222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері; 224-бап. Заңсыз сыйақы алу ;226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету; 226-1-бап. Рейдерлік; 227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа құқыққа қайшы кiру, ЭЕМ-ге зиян келтіретін бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату; 227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату

2




1. Сейчас в преддверии Нового года все желают друг другу Удачи Конечно и много чего еще но Удачи желаю
2. сани кататься на санках Bob til ~ обрезанный хвост Jingle ~ звон звенеть Len тощий Lnk ~ поджарый худощавый
3. Тема- Хозяйства населения Выполнила Студентка I курса Группа 11ЭУ Проверил Щ
4. лабораторная работа являются научными работами поскольку содержат в себе элементы научного исследования
5. управління та визначте його види
6. Как работать со сложными людьми
7. тема постулатів стосовно ризику як економічної категорії 1.html
8. Задача линейного программирования
9. Расчет прогноза уровня загрязнения водного объекта (фенолы)
10. КОНСПЕКТ ЛЕКЦИЙ Рекомендовано редакционно ~ издательским советом университета в качестве учебно
11. Нарезка частей каталога определяется нужная часть; в выбранной части по Сборному листу помещенному в нача
12. Общая экономическая теория Интерес владельца монопол
13. на тему- Оценка последствий управленческих решений Исполнитель- Студентка 3 курса 3 группы
14. Теория здоровья как новая учебная дисциплина в академиях физической культуры
15. Планирование и реализация готовой продукции
16. на тему Общие причины становления и развития PR в США
17. ТЕМА 1Понятие о семиотике
18. Методы стимулирования сбыта и формирования потребностей
19. Преамбула Принимая во внимание что народы Объединенных Наций вновь утвердили в Уставе свою веру в основ
20. Статья из первого издания Терапевтического лексикона практикующего врача изданного доктором Антоном Бум