Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экология

Работа добавлена на сайт samzan.net:


1. Экология пəні

экологияны бірінші болып ғылымға енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель 1869 ж. экологияға мынадай анықтама берді: «экология»- табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің, осы ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың арақатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жануарларының бір-бірімен байланысын зерттеу. Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымдардың құрамына еніп, организмдермен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экология шеңбері оданда әрі кеңіді. Қазіргі заманығы экология – қарқынмен дамып келе жатқан жер планетасындағы барлық тіршілік иелері үшін іс жүзінде аса зор маңызды, кешенді ғылым болып саналады.

Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдык проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық жəне географиялық микро жəне макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы).

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мəселелері:

организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;

биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;

табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану жəне қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;

2. Экологияның зерттеу нысандары

Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық жəне географиялық микро жəне макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы).

Зерттеу обьектілері-особь, популяция, түр және биоценоз, фитоценоз, зооценоз, микробиоценоз, экожүйелер. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама беру үшін өсімдіктер физиологиясы, анатомиясы, морфологиясы, биохимиясы, систематикасы, биологиясын зерттеуге арналған әдістерді пайдаланады. Сондықтан да эколог-биолог ғалымдар ғылыми-теориялық негіздерін, зерттеу әдістемелерін толық біліп, ғылыми-зерттеу.  

Ортаға бейімделудің экологиялық механизмдері. Бұл механизмдерді экология әдістерімен анықтау үшін ең алдымен популияциялардың адаптивтік құрылымы зерттелуі қажет. Экологтардың алдында: мінез-құлықтың адаптивтік белгілерін, географиялық, локалдық және маусымдық өзгергіштікті, популияциялардағы биологиялық процестердің адаптивтік ырғағын, түр ішіндік топтардың үйірдің, отардың,полонияның, популияцияның және т.с.с беімделуге байланыста құбылмалылығын, өсімдіктер мен жануарлардың кеңістікте таралуының бейімделгіштік формаларын және зерттеу сияқты мәселелер туралы.

3. Экологияның зерттеу әдістері

Басқа ғылымдар сияқты экология ғылымының да өзіндік кешенді әртүрлі зерттеу әдістері бар. Экология ғылымының негізгі теориялық әдістеріне сипаттама жасау, жүйелі түрде талдау, модельдеу жатады. Ал бақылау, салыстырмалы түрде талдау жасау, тәжірибелер, мониторинг жүргізу негізгі эмпиристік әдістер болып табылады.Жүйелік тұрғыдан қарастыру экологияның кез келген обьектісі, тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланысты болады, жүйе көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады.

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялык жəне эксперименттік зерттеу əдістері бар.

Далалық зерттеу əдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу объектілері - особь, популяция, түр жəне олардың табиғи бірлестіктері, т.б. болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама беру үшін физиология, биохимия, анотомия, систематика ғылымының зерттеу әдістері қолданылады.

Экологиялық болжам және мониторинг қоршаған ортаның жағдайы және қоршаған орта жағдайын бақылау, басқару.

Мониторинг биосфера оның жеке бөліктерінің, элементтерінің, жағдайының синтропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау. Мониторинг биосфера жағдайы геофизикалық, геохимиялық, биологиялық көрсеткіштері арқылы сипатталады.

Мониторинг қызметінде дистациолды және автоматты бақылау әдістері рөлі артып келеді. Мониторинг жүйесі ақпараттық болып табылады, оның міндетіне қоршаған табиғи ортаның сапасын басқару кірмейді.

Пайдаланған әдістер бойынша космостық, авиациялық, жер беті мониторингі, ал зерттеу әдістері бойынша химиялық, физикалық, биологиялық.

Математикадық әдітерімен модельдеуматематикалық белгілердің көмегімен зерттеуге арналған жүйенің кейбір параметрлерініңмәндері өзгертіліп, жасанды жүйенің өзгеруін яғни соңғы нәтижесінң қалай өзгеруін анықтау. Иқазіргі замандағы экологияда статистикалық математика логика, сандар теориясы, матрицалық алгебралық байланысты ақпараттарымен кибернетика теориясы әдістері.  

 Эксперименталдық әдістер арқылы организмнің дамуына кейбір жеке факторлардың әсерін тәжірибе арқылы анықтауға және экологиялық механизмдерін білуге мүмкіндік береді. Табиғаттағы тәжірибенің бақылаудан өзгешелігі – организмге белгілі бір фактордың әсері жасанды жағдайда жүргізіледі. Экологиялық тәжірибенің мысалы ретінде орман шетіндегі қорғаныс сызықтарын, меморациялық жұмыстарды, жануарларды бұрын тіршілік етпеген аудандарға көшіру жұмыстарын келтіруге болады.

Экологияда қазіргі кезде кибернетика мен теория әдістері, математикалық әдістер қолданылады. Әсіресе электрондық есептеу машиналарын қолдану және экологиялық жүйелерді модельдеу кең таралып келеді. Бұл әдістің ерекшелігі, яғни объектімен немесе жүйемен қатар оның қолдан жасалған жасанды көшірмесі де зерттеледі.

Химиялық әдістер– қауымдастық-тағы жеке организмдерде минералды заттардың, органикалық заттардың жинақталуын анықтау.

Физиологиялық әдістержеке организмдер мен қауымдастықтағы болып жатқан физиологиялық процестерді анықтау.

Геоботаникалық картаға түсіру- картаға өсімдіктер ассоциациялары немесе ассоциация топтары түсіріледі.

4. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері жəне құрылымы 

Экология ғылымы күрделі де көп қырлы. Қазіргі таңда экология тарамдалған жүйелер деп қарастырылады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен бағыттарды: биоэкология, геоэкология, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік деп ерекшелеуге болады.Қазіргі кезде экология ғылымы жаратылыстану, техникалақ және қоғамдық құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық бағыттарының негізінде биоэкология іргетас идеялары жатыр.Биоэкологиялық жүйелерді зерттеу бойынша биоэкология:

-аутэкология(особьтар және организмдер экологиясы);

-дэмэкология(популияциялар экологиясы);

- эйдэкология(түрлер экологиясы);

-синэкология(қауымдастықтар экологиясы);

- биогеоценология(экожүйелер туралы ілім);

- ғаламдық экология болып бөлінеді.

Органикалық әлемнің ірі систематикалық категорияларын сәйкес  биоэкологияны:

  1.  микроорганизмдер экологиясы;
  2.  саңырауқұлақтар экологиясы;
  3.  өсімдіктер экологиясы;
  4.  жануарлар экологиясы деп бөледі.

Жалпы экология (экзоэкология) – тірі материяның жоғары: организм, популияция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгейлерін зерттейді.

Жалпы экологияның негізінде: экологиялық морфология, экологиялық физиология, экологиялық систематика, экологиялық генетика, биохимиялық экология сияқты жаңа пәндер пайда болды. Бұл деңгейлерді экологияның жаңа бөлімі эндоэкология зерттейді.XX ғасырдың 90-шы жылдары экологияда жаңа бағыт – геоэкология дами бастады. Геоэкология қоғамдық, техникалық және жаратылыстанудың көптеген бағыттарымен тығыз байланыста жеке ғылыми бағыт ретінде дамуда.Қазіргі кездегі экологияның басты бағыттары болып адам экологиясы және әлеуметтік экология болып табылады.Адам экологиясы – кешенді антропожүйе мен биосфераның бір біріне әсер етуі заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Әлеуметтік экология – қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін зерттейді.1974 жылы американдық эколог Барри Колемонер биоэкология мен әлеуметтік экология ережелерін толықтырып экологияның негізгі төрт заңын тұжырымдады:

1. Табиғатта бәрі өзара байланысты.

2. Мәңгілік ешнәрсе жоқ.

3. Табиғаттың талғамы күшті.

4. Өздігінен ештеңе болмайды.

Экология - биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Ікезең. Биоэкологиялык зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдын аяқ шенін камтиды. Мəселен, К. Линей (1707-1788), Ж Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас 71741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), Шоқан Уəлиханов (1835-1865), т.б. экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.

ІІ кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу жəне даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.

ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл ғаламдық ғылымдар мен əлеуметтік, экономикалық жағдайлар жəне проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы жəне адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экология ғылымының негізгі мақсаты - биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дəрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дəрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

 5.Ғылымдар жүйесінде экологияның орны

Экологиялық ойлаудың одан әрі дамуына ХІХ ғ. басында биографиялық пайда болуы әсер етеді. Гумбольдтың және т.б. ғылымдардың еңбектері өсімдіктері географиялық жаңа бағыты анықтады.

Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімінің басқа салаларына енуін экологизация д.а.

Аутоэкология- жеке организмдер арасындағы қарым-қатынасты, оның табиғи ортамен байланыстары отырып зерт. бөлімі, яғни жеке ағзаға табиғи факторлары қарай әсер етеді, одан ағза қалай жауап береді. Организмдегі морфологиялық, физиологиялық мәселелер қараст.

Демэкология- бір түрге жататын ағзалар «особьтер» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра атыра зерт. жүргізіледі.

Синэкология- бірлестіктер экологиясы ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар жиынтығын біртұтас ағзалар ретінде зерт.

Геоэкология- экологиялық дүниелерді биосфералық деңгейде зерт. құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер ондағы қарым-қатынастар, бірлестіктер тұрақтылығы кеңістікпен уақытқа қатысты өзгеруі экожүйенің олардың практикалық маңызы туралы ғылыми-теориялық зерт. жүргізіледі.

Қолданбалы экология- экология ғылымы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қорытынды пайдалану.

6. Экология мен экономиканың байланысы. 

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

  1.  бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
  2.  суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
  3.  жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

   7. Экология мен эволюция iлiмiнiн байланысы

Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары  төменде келтірілген.

  1.  Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4,5 млрд.ж бұрын басталды. Алғашқыда пайда болған атмосферада температурасы жоғары, тез қалпына келетің сутегі, азот, су буы, метан, аммиак және инертті газдардан құралған көміртегі тотығының , формальдегид пен жай қосылыстар болуы мүмкін.
  2.  Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құрылып, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы  мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.
  3.  Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиакативтіліктің және әртүрлі энергетикалық күш нәтижесінде көміртегінің, азоттың, сутегінің, оттегінің жай қосылыстары конденсация мен полимерзация процестеріне түсуі арқылы органикалық қосылыстар түзілген.
  4.  Төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады. Себебі, жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі. Осы антропогендік кезеңнің  көрнекті оқиғасы, эволюцияның басқарушы – саналы адамның пайда болуы. Адамзат қоғамының пайда болуы мен дамуы өте көп мөлшерде зат пен энергия ағысын тартып, биологиялық айналымның тұйықтығын бұзды.

Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін 5 сатыға бөлуге болады: 1. адамзат биосфераны әсері әдеттегі биологиялық түр ретінде ғана болған; 2. адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін, бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған; 3. табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған; 4. жер жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірген; 5. биосфераның барлық экологиялық құрауыштарын түгілімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.

  8. Экология және адамзат прогресci

  Адамзаттың тарихы - адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынасының тарихы болып табылады. Әр түрлi дәуiрлер бiр-бiрiнен табиғатқа адамның қатынасымен оны меңгеру ерекшелiктерiмен сипатталады.

  1-кезең - палеолит дауiрi. Көбiнесе бұл кезеңде биогендi кезең деп атайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бiрге едi, оның тiршiлiк кызметi жинау мен аңшылықтан кұрайды. Палеолиттiң ұзақтығы 2 млн жылдан астам уақытты ең көп уақытты алып жатқан кезең.

  2-кезең - аграрлық кезең. Адамнын мәдени жер өндеуге көшуiнен басталған неолит дәуiрi (б.з.д. 8-7 г.). Неолит дәуiрiнен бастап егiншiлiк пен мал шаруашылығының дамуына байланысты коғам биосфераға күштi әсер ете бастады. Ормандар кесу, шалғындық далаларды жырту, жануарлардың жою нәтижесiнде ғаламшардың орасан зор территориялары бiртiндеп кұмды, шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады.

  3-кезең - индустриалды кезең. Қоғаммен табиғаттың өзара қатынасындағы техногендi дәуiрдiң шарықтау шыны болды.  Ол 17 ғ. бастап 20 ғ. ортасына дейiнгi уағытты алып жатыр.

  Кен өндiру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы куатты өндiру бiрнеше есе артты. ауыл шаруашылығының химияланғанына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерiн сапалы өзгердi.   

  4-кезең - қазiргi коғам мен табиғаттын өзара қатынасында индустриалдық кезеннен акпараттық экологиялық кезеңге өтуi байқалып отыр. Бұл кезең ғаламшар ресурстарының шектеулi екендiгiн түсiнумен сипатталды. Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғарғы дәрежеде дамуы техника мен өндiрiстiк технологияның биосфераға зиянсыз негiзде дамуына мүмкiндiгiн бере алады.

9. Экология - ғылым

  Қазiргi жағдайда экология қазiргi заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шенберiнен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен iшкi мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химя-биологиялық және қогамдық ғылымдар циклiне тең келетiн бiлiмдер циклiне айналды.

Экология - табиғат пен қоғамдағы көп денгейлi жүйелердiң құрылықпен байланысы туралы панаралық бiлiмдер саласы.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзiнiң тiршiлiгiнiң сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.

10. Биосфера түсiнiгi. Биосфераның бiртұтас заңы

  Биосфера ұғымын алғаш рет ғылымда 19 ғ.-да француз ғалымы Ламарк, ал кейiн термин ретiнде ЗЮСС қолданды. Биосфера, "тiршiлiк аймағы" туралы ғылыми iлiмдi жетiлдiрген орыс ғалымы Вернадский болды. Биосфера деп тiршiлiгi бар кеңiстiктi, ягни тiрi организмдер немесе олардың тiршiлiк өнiмдерi кездесетiн жерлердi айтады. Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өзара байланысын атмосфераның төменгi, бүкiл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды. Биосфераның атмосферадағы шекарасы мухиттың ен терең жерлерiне дейiн жетедi. Литосфераның тiршiлiк тау жыныстарының температурасымен шектеледi. Биосфера эволюциясы - түрлердiң үздiксiз бiр мезгiлде өзгеру және бiр түрдiң жойылып, бұрын болмаған 2-шi түрлердiң пайда болу құбылысы. Қазiргi биосфераның қалыптасуы - ғасырлар бойы орын алған алғаш эволюцияның нәтижесi.биологиялық эволюциянын негiзгi сатылары:

  1. Ғаламшар мен оның атмосфералық түзiлуi 4,5 млрд жыл бұрын басталды.

  2. Күннiң сәулелену энергиясы мен атмосфераның бiртiндеп булануының нәтижесiнде заттардың абиотикалық айналымы пайда болады. Молекулалардың түзiлуi орын алды.

3. Көмiртегiнiң, азоттың, сутегiнiң, оттегiнiң жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестерiне түсуi арасындағы органикалық қосылыстар түзiлген.

4. Төртiншi сатысы антропеген сатысы деп аталады.

  Адамдардың iс-әрекетiне байланысты биосферада болатын негiзгi өзгерiстер турi:

  -жердiн беткi кабатынын курылымынын өзгеруi;

  - биосфераның құрамын, айналымын өзгерту;

  - кейбiр организмдер түрiн жою;

  -жер шарының кейбiр аудандарындағы және ғаламшар денгейiндегi энергиялық тепе-теңдiктi өзгерту

11. Биосферанын құраушылары

Вернадскийдің биосфера геологиялық кездейсоқ емес әр түрлі 7бөліктерден тұрады деп есептеді:тірі зат,биогенді,өлі,биологиялық өлі,радиоактивтті ыдыраушы заттар,шашыранды атомдардың заттары және космостық заттар. Мұның ішінде алғашқы 4уі маңызды болып саналады. Тірі зат. әдебиетке бұл ұғымды Вернадский енгізді. бұл химиялық құрамы,энергия және салмағы арқылы біріккен бүкіл тірі организмдердің жиынтығы. Биогенді зат(көмір,мұнай,әк тас,шым тезек және т.б.)-Жердің бүкіл геологиялық тарихында тірі организмдер құрған, қуатты энергия көзі болып табылатын органикалық және органо-минералдық заттар. Өлі заттар-түзілу процесіне тірі заттар қатыспаған тірі организмдердің тіршілік ету орталары немесе субстрат.Биологиялық өлі заттар  тірі және өлі заттардың(үгілу қабаты

12. Биосферадағы атмосфераның рөлi

  Атмосфера - бiздiң планетамыздың ғарыш кеңiстiгiмен шектесiп жатыр. Жерден атмосфералық газдың молекулаларын ыдыратып, атомды ионға айналдырады. Сондықтан атмосфераның ен жоғарғы қабаты - иондардан тұрады, оны ионосфера деп атайды. Атмосфера - тропосфера, озон қабаты стротосфера, мезосфера, экзосфера, ионосферадан тұрады. Ионосферадан кейiн ғарыш бар. Әр қабаттың атқаратын функциясы, газдардың құрамы, биiктiк деңгейi, тығыздығы бар.

  Атмосферанын газдык курамы:

1. Азот (N) - 78,08%

2. Оттегi (O) - 20,95%

3. Аргон (Аr) - 0,93%

4. Көмiрқышқыл газы - 0,03%

5. Қалған газдар - 0,01%

13.Биосферадағы гидросфераның рөлі.

Гидросфера(гидро грекше су, су қабаты) – тіршіліктің сұйықтық ортасы. Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Гидросфера табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін, жер бетінің жалпы ауданының 71 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді. Гидросферадағы су жер бетіндегі барлық мұхиттармен теңіздердің, өзендер мен көлдердің, мұз тауларының және жер асты сулары жатады.Оның жалпы қоры 2 миллиард текше километрге жуық.Жер бетіндегі ағзалардың денесіндегі су жер шарындағы барлық өзендерден судан бес есе артық. Су жануарлар салмағын 50, ал өсімдіктер  салмағының 70-95 пайызындай орын алады. Суда қарапайым өсімдіктердің барлық типтерінің,жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілік типтерінің, омыртқасыз жануарлардың барлық типтерінің және омыртқалылар класының өкілдері өмір сүреді.Бұлардың кейбіреулері  (балықтар,ішек қуыстылар, балдырлар, т.б. ағзалар) тек суда ғана өмір сүре алса,ал кейбіреулердің (қос мекенділер) өмірі белгілі бір кезеңде ғана сумен байланысты. Біраз жәндіктердің даму кезеңі де суда өтеді.

14. Су тіршілік ортасы.

Су-тіршілік ортасы. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71 % камтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мəңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.

Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тəн ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамызСуларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар д.а. Қазіргі кездегі гидросфера тек қазіргі кездегі тірі заттың ғана емес,ертедегі геологиялық дәуірлердің тірі затының тіршілік әрекетінің өнімі болып табылады. Ғалымдардың есептеуі бойынша бүкіл гидросферадағы судың(теңіз, мұхит, өзен, көлдер) биологиялық айналым екі миллион жылда аяқталады. Яғни су планетасының бүкіл тірі заты арқылы айналып өтеді. Әлемдік мұхиттың сулары шамамен 3000 жылда жаңарады.Ағынсыз көлдердің cуы 200-300 жылда өзендердің суы әр 12 күн сайын жаңарып отырады. Тіршілік ортасы ретінде суға тән қасиет оның қозғалғыштығы. Эволюция процесінде суда тіршілік ететін ағзалар судың қозғалғыштығына бейімделген. Мысалы, жасыл және диатомды балдырлар, су мүктері су түбіндегі тастарға бекінеді. Жануарларда да сулы ортаның қозғалғыштығына бейімделушіліктері қалыптасқан. Ағысы қатты өзендерде мекендейтін балықтардың көлденең кесінділері дөңгелек, бұл гидродинамика тұрғысынан ең тиімді пішін болып табылады. Ағынды су қоймаларында тіршілік ететін омыртқасыздар әдетте су түбінде мекендейді, денесі жалпақ,көпшілігінің құрсақ жағында су астындағы заттарға бекінетін әр түрлі  мүшелері болады

   Қоңыржай ендіктердің суларында мекендейтін су ағзаларының өмірінде ағынсыз су қоймасындағы судың вертикалды  қозғалысы маңызды рөл атқарады. Су үш қабатқа бөлінеді: жоғары қабатында температураның маусымдық ауытқуы үлкен, ортаңғы қабаты термоклин д.а.,ол температурасының күрт өзгерістерімен сипатталады,ал төменгі қабатта температураның жылдық ауытқуы болмайды деуге болады. Жаз кезінде судың ең жылы қабаттары судың бетінде, ал салқын су түбінде болады, ал қыс кезінде керісінше.

 15.Биосферадағы литосфераның рөлі. 

Литосфера (тас қабаты лито-грекше тас, сфера шар қоршау)(тау жыныстары) барлық тірі организмге керекті минералдық элементтермен қамтамасыз ететін экосистемалардың ірі компоненттерінің бірі. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді.Жердің қатты қабатының 16 км тереңдікке дейінгі химиялық құрамы әр түрлі.Онда бәрінен де оттек көп (50 % жетеді). Кремний оның жартысындай. Алюминий 7 %, ал темір 4 % шамасында кездеседі.Магний, кальций, калий, натрий масса бойынша 10 % орын алса, ал қалған 80 элементтің меншігіне тек 3-3,4 %  қана тиеді. Литосферада тіршілікті  ең алдымен тау жыныстары  мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15 км тереңдікте +100˚С ден асады.

16. Жердің биосферасы.Оның эволюциясы.

XIX ғасырдың басында ғылымға «биосфера» түсінігін енгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) болған. «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін «гидросфера», «литосфера» ұғымдарымен бірге  XIX ғасырдың аяғында атақты  Австрия геологы Э.Зюсс (1831-1914) ұсынады. Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады.Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын немесе ұшыраған бөлігін айтады. Жердің биосферасы  ғаламдық ашық жүйе болып табылады.Оның «кіруі» - бұл космостан келетін күн энергиясының ағыны ,ағзалардың тіршілік қызметінде түзілген заттар.Биосфера өздігінен реттелетін жүйе.Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуан түрлілігімен сипатталады.Табиғат жағдайларының көптүрлілігі Жердің күрделі рельефінің әсерінен де түзіледі.Бірақ Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі ағзалар жасайды.Ғалымдардың болжауы бойынша қазіогі биосферада тірі ағзалардың шамамен екі млн. түрі бар. Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы.Биосфераның тағы бір белгісі оның космоспен тығыз байлансытылығы (көбіне Күнмен).    Биосфера эволюциясы. 1926 жылы Ленинград қаласында үш жылдан соң Парижде және кейінірек Берлинде  Вернадскийдің «Биосфера» деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», «Өмір аймағы» атты очерктері жарық көрді. Биосфераның эволюциясы – түрлердің және олардың арақатынасының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Б.э. биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және биологиялық эволюциядан тұрады  Тарихи тұрғыдан қарасақ адам пайда болып биосфераға әсерін тигізе бастаған шақтан осы кезеңге дейінгі уақыт аралығында биосфераның өзгеруін бес сатыға бөледі:

  1.  адамзаттың биосфераға әсері биологиялық түр ретінде ғана болған;
  2.  адамзаттың қалыптасу кезеңінде экожүйелерді өзгертпейтін бірақ өте қарқынды түрде аңшылық орын алған;
  3.  табиғи процестердің өзгеруіне байланысты экожүйе де өзгере бастаған;
  4.  жерді жырту мен ормандарды кесу арқылы табиғатқа зиян келтірілген;
  5.  биосфераның барлық экологиялық құрауыштары түгелімен әлемдік өзгерістерге ұшыраған.

17.Топырақ тірі ағзалардың тіршілік ортасы.

Топырақтану ғылымының негізін салған орыстың жаратылыс зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Оның ғылыми зерттеулері геология, минералогия, топырақтану, география, агрономия салаларына жатады. Эдафиттік факторлар дегеніміз экологиялық фактор ретіндегі топырақтың қасиеттері. Топырақ структурасымен белгілі бір суөткізгіштігімен және аэрациялануымен сипатталады. Топырақтың жоғары қабатында өсімдіктердің қореқтенуіне қажетті элементтер – фосфор, азот, кальций, калий және т.б. шоғырланған. Топырақтағы суда газдар, ерігіш  тұздар, қореқтік заттар мен тірі ағзалар үшін улы заттар да болады. Топырақ ерітіндісі қышқыл, нейтралды немесе сілтілі болуы мүмкін. Топырақ ағзалардың тіршілік әрекетімен тығыз байланысты болғандықтан,оған бірқатар биологиялық ерекшеліктер тән.Өсімдіктердің тамырлары өсу, өлу және ыдырау барысында топырақты қопсытады да белгілі бір структураны құрайды. Сонымен қатар олар басқа ағзалардың тіршілік етуіне жағдай жасайды. Жер қазушы жануарлар топырақ массасын араластырып отырады,ал өлгеннен кейін микроорганизмдер үшін органикалық заттың көзі болып табылады. Топырақ түзілудегі маңызды фактордың бірі  - рельеф.Тереңдікке байланысты топырақтағыкөмірқышқыл газдың мөлшері артып,оттегінің мөлшері кемиді. Ауаның температурасы жоғарылағанда ауа  кеңиді де топырақтан шығады, ал төмендегенде ол топырақ бөлшектерінің арасына интенсивтігі түрде енеді. Ертеден келе жатқан топырақ түзушілер микроорганизмдер. Олардың негізгі қызметі физиологиялық белсенді заттардың синтезі, гумус түзу, органикалық қалдықтардың толық минералдануы. Топырақ микроорганиздерінің ішінде өсімдіктердің де, жануарлардың да өкілдері бар. Ең алдымен бұл біржасушалы және көпжасушалы балдырлар. Бірақ топырақтың микрофлорасында саңырауқұлақтар,актиномицеттер мен бактериялар көп. Топырақтың микрофаунасында амебалар мен кірпікшелілер, микроскопиялық жұмыр құрттар - нематодалар ерекше орын алады.Сонымен қатар топырақта жасушалық емес микроорганизмдер – бактериофагтар (бактериялардың вирустары) мен вирустар да болады.   

18. «Адам және табиғат» жүйесі

Адамның өмірі табиғатпен тікелей байланысты десек,соның барысында зат ,энергия,ақпарат алмастыру секілды процестер жізеге асырілад . Ал адамның табиғатқа әсері басқа да тірі  мәндерімен салыстырғанда ,1-ден , саналы  және өзгертшілік сипатта  болады. Екіншіден  адам табиғатқа өзінің даралық ерекшігімен ғана жер етіп қоймайды , қоғам арқылы да жер етеді. Адам табиғаттың шексіз мұғитындағы жеке дара түрган  арал емес ол құрлықтың немесе  тұтас өнердың бір бөлігі ғана ,ол адамдар  қауымынан ,қоғамнан түрады. АЛ қоғам болса  өзара бір – бірімен көршілес жайғана жеке адамдар  тобы емес , отбасымен басталып азаматықпен аяқталатын үйымдврынын байланысы . Әлеуметтік экология адамзат қоғамы мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды, өндірістік қызметтің қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттеріне тікелей және жанама әсерін, антропогенді факторлардың адамның денсаулығы мен адам популяцияларының гендік қорына экологиялық әсерін зерттейді. Ол табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі болып табылады. Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп қарастыруға болады. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта.

  1.  Табиғи орта (Н.Ф.Реймерс бойынша «бірінші табиғат») – адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұщыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар.
  2.  Адамның әсерінен өзгерген табиғи орта («екінші табиғат») немесе квазитабиғи (латынша квази-ұқсас, сондай сияқты). Бұларға егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар және т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз.
  3.  Адамның қолымен жасалған орта («үшінші табиғат») немесе артетабиғи орта (латынша арте-жасанды). Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Бұл ортаға қалдықтардың жиналуы, ластану тән. Индустриалды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады.
  4.  Әлеуметті орта. Бұл ортаға адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, психологиялық ажуал, денсаулық сақтау, жалпы мәдени байлықтар, материалдық қамтамасыз ету деңгейі және т.б. кіреді. Оның адамға әсері күннен-күнге артып келеді.

19. Табиғатты пайдалану. Табиғатты пайдалану басқару негіздері.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурсатырмен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Оладың табиғат ресурсатарынан ерекшелігі олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатадыСарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3 %-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар, т.б.). Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бқтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саын бірнеше мыңға артып отырады.Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты. Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30 %-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы         1-3 ºC-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер корымыздың келемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дүрыс пайдаланбау салдарынан топырақ дегра-дацияға үшырап, қүнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мəліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым жəне 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр.

Соңғы жылдары байқалып отырған əлемдік климаттың өзгеруі қазақстанның шел, шөлейтті белдемдеріне əсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың кұнарсыздануы, бүлінуі жəне шөлге айналуы прогрессивті түрде жұруде. Мəселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдык жəне 33,2 млн. т органикалық тыңайткыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға кыскарған. Топырақтану институтынын мəліметі бойынша Қазақстанның қүнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мүның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

20.Экожүйе. Даму заңдылықтары. 

 Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Табиғи экожүйелерде организм популяциясының жағдайлары тұрақты түрде өзгеріп отырады. Кез келген экожүйе динамикалық болып табылады. Онда үнемі оның негізгі компоненттерінің тіршілік әрекеттері мен күйі, популяциялардың ара қатынасы өзгеріске ұшырап отырады. Экожүйелерге тән ерекшелік олардың тәуліктік, маусымдық және көпжылдық динамикасының болуы.Экологиялық сукцессиялар. Бірлестіктердің құрылымы белгілі бір уақыт барысында, біртіндеп қалыптасады. Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен ауысуын сукцессиялар деп атайды (латынша succesio – біріздік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу). «Сукцессия» ұғымын 1898 жылы Г.Каулсон енгізген. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, тұрақты соңғы бірлестік – климаксты бірлестік деп аталады. Климакс (грекше klimax – баспалдақ) – берілген орта жағдайларындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. «Климакс» ұғымын 1916 жылы Ф.Клементс ұсынған.

Бір биогеоценоздың екіншісіне өтуі бірден болмауы да мүмкін. Барлық уақытта экотон деп аталатын аралық белдеу болады (мысалы, тоған мен құрлық экожүйесінің арасында батпақты кеңістік, бұталар орман мен даланы бөліп тұрады және т.б.). Шекаралық белдеу үлкен болуы да мүмкін, бірақ ол шектесіп, жатқан экожүйелерден жіңішке болады. Әдетте экотонды бірлестіктердің едәуір түрлері, кейде тек экотонға тән түрлер кіруі мүмкін. Олардың кейбіреулерінің популяцияларының тығыздығы және түрлердің саны шекаралас жатқан экожүйелерден де артық болады. Бірлестіктер шекарасындағы тірі ағзалардың тығыздығы мен алуантүрлілігінің арту тендениясын шекаралық эффект деп атайды.

21Қауымдастықтардың таралуы

Биотопта организмдердің алғашқы мекен ете бастауы оның экологиялық қажеттілігімен анықталады. Тірі организмдер абиотикалық және биотикалық факторларға бейімделіп бір-біріне зиян келтірмей тіршілік ететін болып биоценозда белдеу қабаттары түрінде таралады. Белдеулік (ярустылық) – бұл биоценоздың қабаттарға, белдеулерге т,б қабаттық құрылымдарға бөлшектенуі. Белдеулік өсімдік қауымдастықтарында (фитоценоздарда) айқын көрінеді. Осыған байланысты өсімдік қауымдастығындағы қабат бөлігі, оның әр түрлі қызмет атқаратын органдар өсімдік (жер бетіндегі – жапырақтары мен бұталары, түйнектері; өсімдіктердің жер бетіндегі органдарының экобиоморфалық қабат көріністері –шөптер, екінші қабатында – бұталар, ал үшінші қабатында – ағаштар) және соларға сәйкес кездесеін дайын органикалық заттарды тұтынушылар мен оларды ыдыратушылар тіршілік етеді. Фитоценозда белдеулік жағдай биіктігімен ажыратылатын өсімдіктер болғанда ғана болады. Биоценоздағы белдеулік тек қана биіктігімен ғана емес, ондағы организмдер түрлерімен анықталады. Бірақ мұндай заңдылыққа жатпайтын да организмдер болады. Олар бір белдеуден екінші белдеуге ауысып тіршілік етеді (паразиттер, лианалар, эпифиттер, жануарлар).

22Қауымдастық пен биоценоздардың тұрақты тіршілікте болуы

  

23. Қауымдастық энергиясы, энергия ағыны, өнімділігі, сенімділігі. қауымдастақтардағы қоректік байланыстарды-бір организм екінші ореалистерге байланыстырады  екінші организмге энергия тасымалдауды қарастыруға болады,Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгі троф-қ денгей қалыптасады.Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымынынң белсенділігімен сипатталады. Қауымдастықтардың өнімділігі экожүйедегі процесі деп- тердің күн сәулесін пайдалану арқылы қандай жылдамдықпен органикалық заттарды синтездеуіне байланысты белгілі бір уақыт іщінде өсімдіктердің синтезінде органикалық заттарын қауымдастықтын алғашқы өнімі деп аталады. Белгілі бір уақыт ішінде комуниттермассасынын өсуіне соңғы өнім деп аталады. Зат жəне энергия ағымы. В. И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің түрақты дамуы ондағы тірі затардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нəтижесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элементгері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша əрбір элемент тірі организмдерді əлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нəтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Экожүйедегі энергия. Яғни, заттарды ыдыратып, қайта калпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады. Экологиялық пирамида. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қорек-тің (азық) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жүмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын үстап түруға жүмсалады.. Бүл зандылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған. Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің барлық топтарындағы тірі зат мөлшерін биомасса деп атайды. Биомассаның түзілу жылдамдығы биоценоздың өнімділігімен сипаттталады.биоценоздың  өнімділігі 2 түрлі болады. Олар-бірінші реттік өқнімділік-фотосинтез кезіндегі белгілі уақыт өлшем бірлігінде түзілген өсімдіктер биомассасы және екінші реттік өнімділік-алғашқы өніммен қоректенетін жануарлардың(консуметтер) биомассасы.екінші реттік өнімділік-автотрофты организмдер жинақтаған энергияны гетеротрофты организмдердің пайдалануы нәтижесінде түзіледі. Өнімділік,әдетте бір жылдағы құрғақ затқа шаққанда әр түрлі өсімдік қауымдастықтарында түрліше болатын аудан,не көлем бірлігіндегі масса бірлігімен есептеледі. Биоценоз организмдердің тарихи қалыптасқан комплексі болып және одан да үлкенірек жалпы табиғи комплекс-экожүйенің бір бөлігі болып табылады.

24. Табиғи қор туралы ілім. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдаланудың шектелуі

Табиғи ресурстар –адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың,құбылыстардың,табиғи денелердің жиынтығы.(Ауа, күн, жел,су,жер,орман,табиғи құрылыс материалдары,пайдалы қазбалар ,,т.бТабиғи ресурстың бірінші белгісі-түрі.Бұл белгіге сәйкес  олар табиғи құбылыстар(күн энергиясы,жел)өсімдіктер әлемі,жануар әлемі,табиғи заттар(су,ауа)пайдалы қазбалар(мұнайалтын)бөлінеді.

Екінші белгісі-қоры.

Табиғи русурстарын адамның тіршілігі үшін пайдаланамыз.4түрлі пайдалануы бар:тіршілігін қамтамасыз ету(тыныс алу,су ішу )шаруашылық-экономикалық,денсаулық,мәдени тұрғы дан болады.

Шаруышылық-экономикалық түрі тек адам үшін пайдалану.Экономика субъектері(фабрика,заводттар,)адам үшін күнделікті қажетті тауарлар.

Денсаулық –Табиғи ресурстарды  ауруларды емдеу,профилактика шаралар үшін пайдаланады.

Мәдени тұрғыны –мәдени және танымдық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғи ресурстарын қолданады.

Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктер: -табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтіру қатар жүру керек

-табиғи байлықтарды кешенді пайдалану

-табиғи байлықтарды қайта пайдалану

-табиғатты қорғау шараларын жүргізу

-қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру

25. Табиғат жəне экономика. Отын-энергия ресурстары түрлері. 

Энергияның физикалық түсінігін басқа, экономикалық, техникалық, саяси және тағы басқа да түсініктері бар.  Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артуда. Бірақ традициялды табиғи отындардың  (мұнай, газ, көмір т.б.) қоры шексіз емес. Көбейткіш-реакторларда плутонийді пайда қылатын уран мен торий-ядролық отындардың де қоры шексіз емес.Термоядерлық отынның – сутегінің қоры шексіз болғанымен, бірақ адамның басқаруымен жүретін термоядерлық реакциялар жүзеге асырылған жоқ және де қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Тығырықтан шығудың екі жолы бар: энергоресурстарды экономды жұмсау және традициялды емес жаңартылатын энергия қорларын қолдану Электр энергиясы көзінің альтернативті түрлері

Жел энергиясы

   Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы ауалық масалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп   Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының потенциялы 1200 ТВт дейін жетед, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с ) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.

   Қазіргі кезде жел электрагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс аралдарда, Арктикада және  үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс орналасқан мыңдаған ауылшаруашылдық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн штатында тұратын американец Генри клюз екі мачта құрып оған екі жел двигателімен генераторларды орналастырды. әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр аппаратураны(телевизо, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді.

   Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға  олардың қымбаттылығы кедергі жасайды  Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері шығарылған. Құрылғыны проектілеуде ең үлкен қиыншылық ол кез келген желдің жылдамдығында пропеллердің айналу жиілігі біркелкі болуы тиіс.Өйткені генераторды желіге қосқанда ол жиілігі 60 немсе 50 Гц айнымалы ток тудыру керек. Сондықтан лопасттердің көлбеулік бұрышы реттеліп отырулы тиіс:жел күшті болғанда бұл бұрыш сүйірірек болуы тиіс, жел қозғалысы әлсіздеу болғанда бұл бұрыш арту керек. Лопасттерді реттеумен қатар  генератор мачтада желге қарсы автоматты түрде айнауы тиіс.       Өзендер энергиясы

  Ағындагы судың энергиясы көп мыңжылдықтар бойы адамзатқа қызмет етеді. Оның Жердегі қоры орасан көп. Күннен келетін энергияның біраз мөлшерін жұтатын, Әлем мұхиты аккумулятор ретінде қызмет етедіАдамзат ең алғаш өзендер энергиясын қолдануға үйренді. Қазіргі кездегі гидроэлектрлістанцияларда су үлкен жылдамдықпен турбиналардығы лопастеріне бағытталады. Қуаты бойынша гидроэлектлістанциялар кішкентай (қуаты 0,2 Мвт-тан бастап), кішкене (2 Мвт-тан), орташа (20 Мвт-қа дейін) және үлкен (20 Мв-тан үлкен).  Судың ағу жылдамдығы гидроэлектростанцияларды  бөлудің екінші критериі.ГЭС-ді құруға өте көп шығындар кетеді. Бірақ ол шығын компенсацияланады.  Қазіргі замандағы жоғарлы инженерлі деңгейде проектілендірілген ГЭС-тердің қуаты 100 МВт-ты асады, ал олардың ПӘК-і 95%-ды құрайды.   Қоршаған ортаның ластанбауы,  эксплуатацияның қарапайымдылығы және табиғаттың өзімен орнына келетін энергия қоры гидроэлектростанциялардың ерекшеліктері. Бірақ үлкен гидроэлектростанцияға плотинаны құру өте күрделі есеп болып шықты. Қуатты гидротурбиналарды айналдыру үшін плотинаның артында өте көп су жинау керек. Египеттік пирамидаларды құруға жұмсалған материал мен салыстырғанда плотнаны құруға қажет материал орасан көп. Геотермалдық энергия

  Жер, бұл кішкентай жасыл ғаламшар,- біздің ортақ үй.Жер онша үлкен емес: оның үлкен бір бөлігінде жасыл өсімдіктер өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл ғажап та және тыныш ғаламшар кейбір уақытта мінезін көрсетеді, жылдар бойы өзі ақысыз берген  марапаттарын жоққа ұшыратады.  Үлкен апаттар-тайфундар мен смерчтер мыңдаған өмірлерді әкетеді, ешкімге бағынбайтын өзендер мен теңіздердің сулары өз алдында бәрін бұзады, орман өрттері саналған уақыттың ішінде үлкен аймақтарды оның құрылыстары мен егіндерімен жоғалтады.Бірақ бұның бәрі оянған вулкан мен салыстырғанда ештеңе емес.

Жауап түрі

Жаза

Негіздеме

Жауаптылар

Әкімшілік

Ескерту,айып пұл,затты тәркілеу, жұмыс істеу құқығынан айыру

ҚР әкім.құқық бұзу кодексі

24 бап

Заңды және жеке тұлғалар

Азаматтық құқықтар

ҚР азамат құқықтық заңы

Заңды, жеке тұлғалар

Дисциплинарлық

Ескерту,сөгіс беру,қатаң сөгіс,сый ақыдан айыру,жұмыстан босату

Еңбек заңы

Қызметтегі тұлғалар

Материалдық

Шығынды, зиянды өтеу, зиянды түзеу

Еңбек заңы

Жеке тұлға

Қылмыстық

Қылмыстық жазалау,қамауға алу

ҚР қылмыстық заңы

Заңды және жеке тұлға

   Жер шарының ішінде тығылулы тұрған орасан көп энергияның стихиялық шығуымен адамзат көптен бері таныс.    Жер энергетикасы – геотермалдық энергетика Жердің табиғи жылулық энергиясын қолдануды өзінің базалық нүкте ретінде алады. Бір киломметр тереңдікті есепке алып Жер қыртысының үстіңгі қабатының темературалық градиенті 20-300С, және, Уайттың мәліметтері бойынша(1965 ж.),  тереңдігі 10 км жер қыртысының жылу мөлшері 12*1026Дж. Бұл жылулық ресурстар  4,6*1016т  көмірдің жылулық ресурсына эквивалентті. Бұл  техникалық және экономикалық әлемдегі көмір ресурстарының жылулық ресурстарынан 70 мыңнан астам рет көп. Бірақ, жер қыртысының үстінгі қабатындағы (10 км тереңдікке дейін) геотермалдық жылулық, оның көмегімен әлемдегі энергетикалық проблемаларды шешу үшін өте жайылған. Өнеркәсіпте қолдану үшін қажет ресурстар жекелеген геотермалдық энергияның  қайнар көздері ретінде берілген, олар қолайлы тереңдікте шоғырланған, өздерінің температурасы және көлемі электр энергия ретінде немесе жылу ретінде қолдану үшін жеткілікті.

26. Адамның тұтыну жүйесіне экологиялық тұрғыдан қарау. 

Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі жəне болашақ үрпактың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-əрекеттерін шектеу жəне табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне табиғат қорғау заңдары. Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу əрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.

Экология мен табиғат корғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құраушыларында экологиялық факторларды қоршаған ортамен жəне адамның іс-əрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітіледі. Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бір-бірімен үйлесімді əрекет еткенде ғана табиғат апаттарына жол бермейді. Нəтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:

1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты жəне қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген

2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жана бір затты дүниеге əкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде коқсықтар көбеюде.

3. Заттардағы барлык өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді.

4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынастар ұзақ жылғы түрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі

мүмкін.

Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны корғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

27. Экология жəне өмір, олардың құқықтық негіздері. 

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері.Экологиялық заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады.Экологиялық құқық бұзушылық -бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адамденсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс.Қоршаған ортаға тигізетін зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.

Зардаптың 2 түрлі формасын ажыратады;

-залал.( табиғи орта,ресурстар,сандық және сапалық кемуі)

-шығын.( табиғат пайдаланушы үшін жауапкершілік)

28. Ғылым мен білім беру саласы және экология.

Экологиялық ағарту. БҰҰ  Қазақстанды  экологиялық жағдайы өте нашар елдер қатарына жатқызды. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізіледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдар қажетті нормативтік – құқықсыз базалар. Экон-қ механизмдер болғанымен іс жүзінде ол заңдар, ережелер өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі – азиялықтардың  экол-қ мәдениеті деңгейінің төмендігі.Экологиялық мәдениет – бұл азаматтардың экологиялық сауаттылығы, ақпараттармен хабардар болуы, табиғатты тиімді пайдаланудың нормаларын күнделікті орындау белсенділігі мен сенімділігі.Экологиялық тәрбие – бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға , оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға рұқсат етеді.

Экологиялық білім беру – балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

    Заң бойынша, эк-қ білім берубәріне ортақ, кешендік, үздіксіз болуы қарастырылған.

     Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек.

     Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әр түрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып, адам санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.

Үздіксіз принципі азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие мен білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.

   Экологиялық білім беру мен тәрбиенің негізгі мақсаты – қоғамдық сананы экологияландыру б.т. экология міндеті – адамдардың тіошілік барысында қалыптасатын рухани ортаны сақтау.

29.Радиоэкологиялық проблемалар.

Жер шарындағы экологиялық жағдай күннен-күнге шиеленісе түсуде. Бұрын-соңды болмаған саяси әлеуметтік экономикплық даму үрдістерінен өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығыршықтан шығу жолы іздестірілуде. Дүниежүзілік өркениетті елдер арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастарының молаюы мемлекеттік экологиялық сараптауды күейтуді қажет етіп отыр. Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тазалығына сараптама жасау 1980 жылдан бастап қолға алынған. Өйткені химиялық тыңайтқыш арқылы алынған өнімдер әлдеқайда арзан, ал таза өнімдердің бағасы жоғары болып келеді. Күн сайын адамзат алдында экологиялық проблемалардың саны артып, оны шешу жолдары қиындай түсуде.

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарық, Тайсойған т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада,183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде – 225, АҚШ – 1032, Қазақстанда - 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккенді көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан және Пәкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин, Яр (Ресей) мен Лобнор(Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.

Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында ұолданылды.Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихында бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар.

     Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі болыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған.

30Атом энергиясы

Атом өнеркәсібі — уран кенін өндіру, өңдеумен шұғылданатын, одан атом энергиясын (ядролық энергияны) өндіретін және сол энергияны пайдаланып жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы. Ядролық энергия өнеркәсіпте, ғылымда, медицинада және басқа салаларда пайдаланылады. Дүн. жүз. тәжірибеде А. ө-нің әскери және азаматтық бағыттары қалыптасқан. А. ө. атом ядросының ыдырау процесінен туатын энергияны пайдалану принципімен жұмыс істейтін атом электр стансасын (АЭС) салу, ядролық энергияны пайдаланып кеме, поезд жүргізуге және самолет, ракета ұшыруға арналған қондырғы — атом қозғалтқышын жасау негізінде дамыды. А. ө. 50-жылдардың орта шенінде, атап айтқанда, 1954 ж. бұрынғы КСРО-да (Обнинск қ.) тұңғыш АЭС (қуаты 5 Мвт) іске қосылғаннан кейін жеке өнеркәсіп саласы болып қалыптасты. Бұдан кейін Колдерохоллда (Англия, 1956), Шиппингпортта (АҚШ, 1957) АЭС-тары іске қосылды. 1997 ж. барлығы 437 АЭС жұмыс істеді. Олар дүн. жүзіндегі электр қуатының 17ы-ін өндірді. Қазақстан уран қорының молдығы жөнінен дүн. жүз-де 1-орынды иемденеді. 50-жылдардан бастап Қазақстандағы 20 кен орнында уран өндіру жұмыстары жүргізілді.Қазақстанның барлық аймақтарында уран өндірумен айналысатын өндіріс орындары бар. Олардың ең ірілері: Тың тау-кен химия комбинаты (Орт. Қазақстан), Ертіс химия-металлургия зауыты (Шығыс Қазақстан), Каспий жағалауы тау-кен металлургия комбинаты (Батыс Қазақстан), Оңт. Қазақстан кен басқармасы, т.б. Қазақстандағы тұңғыш АЭС Ақтау қ-нда салынған (1973) шапшаң нейтронмен жұмыс істейтін БН-350 реакторы бар энергия комбинаты. Ол Маңғыстау облысын энергиямен жабдықтайды, сондай-ақ, әлемдегі су тазартатын бірден-бір атомдық қондырғы болып табылады (реакторды 2003ж. тоқтату көзделген). Бұдан басқа Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығында 4 зерттеу реакторы жұмыс істейді. Оның 3-еуі Курчатов қ-ның маңында, 1-еуі Алматы қ-ның жанындағы Алатау қалашығында орналасқан.

31 Дара ағзалар экологиясы аутэкология

Қазіргі заманда экология ғылымы зерттелетін объектілердің ерекшеліетеріне, әдістерінебайланысты бірнеше бөлімдерден тұрады:

    Аутэкология-(грекше autos-өзім) жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғащ рет 1896 ж. Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды. Аутэкология алдымен организмдерің өлі материядан айырмашылығын,зат алмасукөбею өзгергіштік және тұқым қуалаушылық,өсуі мен дамуы,тітіргенгіштігі,қозғалысы және бейімделушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады. Аутэкологияның міндеті түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға ылғал,жоғары және төменгі температураға, ортаның тұздылығы) физиологиялық, морфологиялық және т.б бейімдеулерін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт-орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды.

32.Экологиялық факторлар анықтамасы.

Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөлінеді.

Абиотикалық факторлар- бұл тірі ағзаларға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы және т.б.)

Биотикалық факторлар- бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паратиза және т.б.)

Антропогенді факторлар- адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосферадаға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшофттардың бұзылуы және т.б.)

33. Тірiшіліктің негізгі  орталары олардың сипаттамалары

Тіршілік ортасы дегеніміз - кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында негізгі  төрт  тіршілік  ортасы  бар.  Олар:  су,  құрлық-əуе,  топырақ  жəне  тірі организмдердің өзі. Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада организмдердің тіршілігі үшін температураылғалдылықжер бедеріжелжыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін организмдердің орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

Су — тіршілік ортасы. Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы,тығыздылығытұтқырлығыоттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір организмдер тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін организмдерді пелагостар деп атайды. Екіншісі — су тубі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін организмдер бентостар деп аталады. Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак организмдерді (фитопланктондармен зоопланктондардыпланктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп   атайды. Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі организмдерді (басаяқты ұлулардыбалықтарды, және т.б.) нектондар(грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ организмдер пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады.

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен жәнеатмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатынпедосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактерияларсаңырауқұлақтарқұрттар және т.б.) тіршілік етеді. Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақтакөмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген организмдердің тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін организмдер — педобионттар деп аталады.

Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке организм тіршілік ортасына айналган. Бір организмді екінші бір организм тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тәнпаразиті болады. Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер тобын — эндобионттар  (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттерсимбионттар  (селбесіп тіршілік ететіндер),  комменсалдар және т.б. деп бөледі.

 34 Либихтің минимум заңы

Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б жатады.

   Оптимум ережесі. Кез келген фактордың организмге оң әсер ететін шектері болады. Фактордың жоғары  немесе төмен дәрежедегі әсері организмге теріс әсер етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдіктің өсуіне кері әсер етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялық фактордың опттимум вймағы деп аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмнің тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум аймағы жатыр.Шектеулі факторлар ережесі – бұл ереженің маңыздылығы сол, жеткіліксіз, тапшы немесе мөлшөрден  көп факторлар әсері организмге теріс әсер етеді, сонымен қатар басқа факторлардың да мүмкіндіктерін тіпті ол фактор оптимум жағдайда болса да төмендетеді.

  Неміс ғалымы Ю.Либих (1840 ж.) топырақтағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге әсерін зерттей келе мынадай тұжырым жасады: «Өнімділік ең аз мөлшердегі затқа (факторға) байланысты». Бұл пинципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды. Либих өз заңын тұжырымдай келе шектеулі мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырақтағы аз мөлшердегі аз мөлшердегі химиялық элементтерді есептеді. Олар микроэлементтер деп аталады.

   Шектеулі тек абиотикалық фактор болмауы да мүмкін. Мысалы, інжірдің отаны жерорта теңізі, ал тозаңдатушы-Blastophaga psenes арасы болып табылады. Калифорнияға жерсіндірілген інжір тозаңдатушы араларды алып келгенше жеміс бермеген.

35.Шелфордтын  Толеранттық заңы

Толеранттық, төзімділік – адамның әлеуметтік өмірдегі тұрмыс-тіршіліктегі әр түрлі процестерге, қоғамдағы әртүрлі қайшылықтарға барынша сабырлы және орнықты қарым-қатынасы. Адамның жеке өміріндегі, қоғамның дамуында кездесетін көптеген қиындықтар, үйлесімсіздіктер, ауытқулар объективтік сипаттағы заңды құбылыстар. Олар тұлғаның жеке өміріндегі әлеуметтік субъектінің рухани жетілу барысында қажетті асулар, маңызды баспалдақтар. Қиындықтарды жеке білу адамның әлемге деген қатынасының белгілі бір оңды бағытта, құндылықты бағдарда қалыптасуына негіз болады. Сонымен қатар осы қатынастардың негізінде дүниетанымдық жүйеде мағыналық негізде шынайы руханилықпен, мәнділікпен көмкерілген құрылымдардың қалыптасуына мүмкіндік ашылады. Толеранттық адамның дүниеге қатынасындағы қарапайым шыдамдылықпен біршама биікке көтерілген деңгейі. Өйткені шыдамдылық адамның табиғи қасиеттерінің маңызды көрінісінің бірі болса, төзімділік осы шыдамдылықтың сабырлықпен астасқан сапалы көрінісі болып табылады. Шыдамдылық табиғи қайсарлық, табиғи рухтың мықтылығы көмектессе, төзімділікке парасаттылық пен зерделіліктің, ақыл мен руханилықтың өзара бірігуі негіз болады. Сондықтан толеранттық ешкашанда пенденің кез-келген шешімге басын шұлғып, қиынсыз әр нәрсеге көнгіштік танытумен, принципсіз іс-әрекеттерімен, қоғамды бұзушыларды қолданумен айқындалмайды. Ол адам үшін негізінен ақиқаттың шынайы жолына, тұлғалық жетілудің биігіне баратын алғашқы баспалдақ іспетті. Толеранттық өзінің дүниетанымдық көкжиегіне құрамдас бөлік еткен адам ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, парасаттылық пен зұлымдықтың ара жігін ажыратуға мүмкіндік алады.

Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер етеді.

Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 ж. В.Шелфорд болды.

Шелфордтың толеранттық заңы: экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латынша tolerantia-шыдау, төзім), яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

36.Популяциялар экологиясы демэкология

Демоэкология-(грекше demos-халық) немесе популяциялар экологиясы-қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін популяция санының өзгеруін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас,жыныс, көбею, өлу, табиғатағы санығ тығыздығы, таралуы,және т.б) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметерді қарастырады.

2. Популяцияның статикалық сипаттамасы

Популяцияның  табигаттагы  саны  мен  тыгыздыгы.  Популяцияның  саны  мен

тығыздығы  оның  касиеттерін  сипаттайтын  негізгі  көрсеткіш  болып  саналады.

Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың

жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта түрақты болмайды. Оның аз немесе көп

болуы особь-тардьщ өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты.

Популяцияның  тығыздығы  белгілі  бір  көлемдегі  немесе  кеңістік-тегі  особьтардың саны  мен биомассасының  салмағымен  өлшенеді.  Мəселен, 1 гектардағы

шыршалардың саны 150 немесе 1 м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5 г. Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы

кездеспейінше  жүре  беруі  мүмкін.  Осыған  орай,  популяциялардың  кездейсоқ, біркелкі жəне топтанып таралу жолдары бар. Кездейсоқ  таралу - тек  бірегей  ортаға  тəн күбылыс.  Мəселен,  егістіктерде  зиянкес жəндіктердің  таралуы  алғашында  кездейсоқ  болғанымен  бірте-бірте  көбейе  түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипатын алады. Популяцияның  табиғаттағы  санын  озін-өзі  реттеу  мүмкіндігі  бар.  Əрбір  түрдің көбеюінің жоғарғы жəне төменгі шегі болады.  

Организмдердін  жалпы  шығынын  үш  типке  жіктеп  қарастыруға  болады.  Яғни, организмдердің тірі қалу мүмкіндігінің үш типі бар (4.1-сурет). Тірі  қалу  мүмкіндігінің  бірінші  типі  көбінесе  насекомдарға,  ірі  сүтқоректілерге, ағаштарға,  адамдарға  тəн.  Бүл  жағдайда  организм-дердің  өмір  үзақтығы  біркелкі дами келе ең соңғы жылдары (кəрілік кезеңі) қысқа уақыт аралығында шығын күрт көбейіп кетеді.  Екінші типке жататын организмдердің өлім-жітімі өмірінің ұзына бойында түрақты болатын түрлерге тəн. Бүларға түшы суларда тіршілік ететін ішек куыстылар жатады, əрі бүл сирек кездесетін қүбылыс. Үшінші  тип  те  көптеген  организмдердің  өкілдерін  қамтиды.  Организмдердің өсімталдығы  жəне  шығынымен  қатар  олардың  кеңістікте  таралуы (миграция)  да

табиғаттағы  саны  немесе тығыздығына  тікелей  əсер  етеді.  Популяция  өзінің  бар

мүмкіндігінше ареалын кеңітуге тырысады.  Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жəйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны

өсімталдыгы  жогары  типке  жатқызамыз.  Ондай  популяцияларды  көбінесе  үсақ организмдердің өкілдері күрайды. Популяцияларға  қатысты  организмдердің  предпродуктивті,  репродуктивті  жəне пострепродутивті  экологиялық  топтарын  ажыратады.  Жастық  күрылымы  аз  немесе көп болуы əрбір особьтің өмірінің үзақтығына байланысты. Кейбір біркүндіктер деп

аталған насекомдардың личинкаларының жасы бірнеше жылға созылса, ал ересектері

бірнеше  күн  ғана  өмір  сүреді.  Бүған  жататын  организмдер  езінің  табиғаттағы  сан мөлшерін  тез  арада  қалпына  келтіреді.  Табиғатта  популяциялардың  санының  азаю

процесі  ондағы  жас  особьтардің  азайып,  ересектерінің  көбейгендігін  көрсетеді. Негізінен жас особь-тардың көп болуы популяцияның сандық жəне сапалық қүрамын жаңартып, əрі түрақты үстап түруға тікелей əсер етеді. 3. Популяцияның динамикалық сипаттамасы  Популяциялардың  өсімталдығы,  өлім-жітімі (шығымы)  жəне  таралуы  мен  орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тəуелді болып келеді.

Организмдердің  көбею  мүмкіндігі  өте  жоғары.  Оны  организмнің  биотикалық потенциалы дейді. Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да

көп байланысты.  Популяцияның шығыны (өлім-жітімі)  дегеніміз -белгілі бір уақыт аралығындағы  өлген  особьтарының  саны.  Организмдердің  шығыны  орта

жағдайларына,  қорекке,  ауруларға,  популяцияның  жас  ерекшеліктері  мен  т.б. көптеген  факторларға  тəуелді  болып  келеді.  Кейбір  организмдердің  шығыны  жас

кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі.

Популяциялардың  тұракты,  өсімтал  жəне  өте  сирек  кездесетін  типтерін  ажыратуға болады.  Тұрақты  популяцияларда  организмдердің  тууы  мен  шығыны  тепе-теңдік

сақтап  кезектесіп  келіп  отырады.  Сол  сияқты  популяцияның  тұрақты  болуы генетикалық-тарихи,  биологиялық  жағдайларға  да  байланысты.  Табиғатта популяциялардың  тұрақты  болуы  особьтардың  тууы  мен иммиграциясына  жəне шығыны мен эмиграция жағдайына да байланысты. Иммиграция кезінде организмдер

особьтері  популяция  құрамына  қосылып  отырса,  ал  эмиграция  бойынша  кеміп азайып  отырады.  Аталған  факторлар  үйлесімді  əрі  кезектесіп  отырған  жағдайда

популяция  өзінің  тұрақтылығын  ұзақ  уақытқа  сақтауы  мүмкін.  Сонда  ғана  біз популяцияны тұрақты дей аламыз. Табиғатта сирек болса да популяциялардың кейбір түрлерінің өсу немесе өлім-жітімі шектен тыс көбейіп кету жəйі кездеседі. Егерде популяция күрт көбейіп кетсе, оны

өсімталдығы  жоғары  типке  жатқызамыз.  Ондай  популяцияларды  көбінесе  ұсақ организмдердің өкілдері құрайды.

37.Популяция анықтамасы. , сипаттамалары

Популяция (лат.populus-халық, тұрғын халық) – белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың пайда болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы жән үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы, бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статикалық сипаттамалары(саны,тығыздығы,ареалы,орналасуы,жас ерекшелігі,жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статикалық сипттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу,санау арқылықысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипаттамаларын  анықтау ұзақ мерзімді(бір ұрпақ жаңаратындай)қажет етеді; Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен  өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады.Сондай-ақ,популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де  әсер етеді. Кейбір жануарлардың(шегіртке,бөкендер т.б) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі.

   Популяция терминін 1903ж.Дания  биологы В.Иогансен енгізді.Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын  бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық,генетикалық,экологиялық бағыттарды біріктіретін биологиялық жаңа саласы-популяциялық биология қалыптасты.  Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу,зиянды түрлердің санын тежеу,экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде(интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.

 38Популяциялардын тиршилик ету зандылыктары

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді.

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумактарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен үзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегей-лігіне байланысты болады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болған-дыктан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мəселен, кəдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген əрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы жəне басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Популяцияның табиғаттағы саны мен тығыздығы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особьтардың жалпы саны организмдердін саны табиғатта тұрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особьтардың өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты.

Популяцияның тығыздығы белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1м3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0,5г.

Осыған орай, популяциялардың кездейсоқ, біркелкі және топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу – тек бірегей ортаға тән құбылыс. Мәселен, егістіктерде зиянкес жәндіктердің таралуы алғашында кездейсоқ болғанымен бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипатын алады.

Популяцияның табиғаттағы санын өзін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбәр түрдің кобеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады.

Популяциялардың тұрақты, өсімтал және өте сирек кездесетін типтерін ажыратуға болады. Тұрақты популяцияларда организмдердің тууы мен шығыны тепе-теңдік сақтап кезектесіп келіп отырады. Сол сияқты популяцияның тұрақты болуы генетикалық-тарихи, биологиялық жағдайларға да байланысты. Табиғатта популяциялардың тұрақты болуы особьтардың тууы мен иммиграциясына және шығыны мен эмиграция жағдайына да байланысты. Иммиграция кезінде организмдер особьтері популяция құрамына қосылып отырса, ал эмиграция бойынша кеміп азайып отырады. Аталған факторлар үйлесімді әрі кезектесіп отырған жағдайда популяция өзінің тұрақтылығын ұзақ уақытқа сақтауы мүмкін. Сонда ғана біз популяцияны тұрақты дей аламыз.

39.Экологиялық қуыс анықтамасы.

Экологиялық қуыс- организмнің тіршілік ету жағдайына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы; түрдің жүйедегі энергия тасымалдауда атқаратын рөлі. Экологиялық қуысқа өзінің орналасқан кеңістігі, қоғамдастықта атқаратын функцияналдық рөлі және қоршаған орта факторына (температура, ылғалдылық, қысым, топырақ құрамына, т.б.) төзімділігі жатады. Экологиялық қуыс 3 бөлінеді: кеңістік, қоректік, гиперкеңістік. Кеңістік- организмдердің тұрақты мекені. Коректік- коректену ерекшеліктеріне байланысты орны; Гиперкеңістіктік- көп өлшемді аумақ, оның өлшемі экологиялық факторға байланысты.

Бір экологиялық қуысты 2 түр қатар иелене алмайды. Экологиялық қуыс бәсекелестік жолмен бөлінеді. Әр түрдің бәсекелестік күрестегі табысы абиотикалық факторға болады. Түрдің маңызды көрсеткіштерінің бірі- оның экологиялық ауқымдылығы.

Әр түрге жататын 2 организм бірдей қорларды пайдаланған жағдайда, олардың қуыстары қабысып кетеді. Егер қор мөлшері жеткіліксіз болса, немесе басым түскен түр аз бәсекелесіп бейімдеушілік аймағының шетіне қарай ығысады.   

40.Биоценоз, биогеоценоз, экожуйе

Биоценоз(грек.bios-өмір,koinos-жалпы,ортақ)-бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар ж.е микроорганизмдер популяциясының жиынтығы. Биоценоз ұғымын 1877жылы неміс зоологы К.Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердіңжай жиынтығы емес,реті,бір-бірімен байланысқан жүйе. Биоценоздың құрамдас бөліктеріне: фитоценоз (өсімдіктер жиынтығы), зооценоз (жануарлар жиынтығы), микоценоз (саңырауқұлақтар жиынтығы), микробоценоз (микроорганизмдер жин.) жатады.

Биогеоценоз-тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотоп) тірі организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. Биогеоценоз ұғымын 1944жылы академик В.Н.Сукачев ұсынды.Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді. Бірақ,ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде табиғатта тірі және өлі компоненттер жиынтығы құрылады.    Орта жағдайлары ұқсас кеңістектікте тіршілік ететін организмдер қауымдастықтарын Биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп-биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценоз белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организмдер тобы ретінде қарастыруға  болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе-биогеоценозды құрайды.Биогеоценоздар әртүрлі мөлшерде, көлемде болуы мүмкін.Экожүйе-зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер  арасында  биоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады.Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мыс:томар,құмырсқа илеуі, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен бірге табиғи аймақ, физико-геогрфиялық аудан сияқты одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Экожүйе ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды.Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз-белгілі бір өсімдіктер жамылғысы алып жатқан территориялық  ұғым. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:Микрожүйе\ мыс, шіріп жатқан ағаш діңіМезоэкожүйе\ орман, көл,батпақ.Макроэкожүйе\ континент, мұхитҒаламдық экожүйе \жер биосферасыЮ.Одум табиғи эко\дің үш түрін бөледі: жер беті\тундра,дала,шөл,т.б.\Тұщы су\көлдер, өзендер,батпақтар\Теңіз\ ашық мұхит, өзен құйылыстар\ экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мыс, жер беті экожүйесі үшін-өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүцелері үшін-судың физикалық қасиеті жатыр.Биогеоценоздар  әртүрлі мөлшерде,көлемде болуы мүмкін. Мыс: орман,көл,шалғындық ж\е т.б. Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биоценоз  мынадай құрамдардан тұрады.-продуценттер –өндірушілер(жасыл өсімдіктер),күн энергиясын пайдалана отырып  денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотрофты  организмдер.Бұлар қоректік тізбектің бірінші буыны.консументтерт-ұтынушылар,продуценттер арқылы дайын органикалық   заттармен бірге ондағы энергияны пайдаланатын гетеретрофты организмдер (бірінші дәрежелі өсімдік қоректі жануарлар, екінші дәрежелі-ет қоректілер және үшіншідәрежеліжыртқыштар.)редуценттерыдыратушылар,органикалық қалдықтарды дырататын,биологиялық зат  айналымын аяқтайтын  (шартты түрде) организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер)-өл табиғат компоненттері

41. Ағзалар арасындағы қарым қатынастар

Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік ету барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым – қатынастардың негізгі типтер: бәсекелестік,жыртқыштық, комменсализм, мутуализм,симбиоз,синойкия, паразитизм. Бәсекелестік – бір н.е бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы т.б ресурстардың жетіспеуінентуындайтын қарым-қатынас. Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғары формасы ретінде бағалаған.бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп,екіншісін ығыстырады н.е жойып жібереді.кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқ.емес басқа да(мінез құлық, тұрақ үшін, аумақтық т.б)факторлардың жетіспеуінен де болады. Жыртқыштық- қорек, аумақ т.б ресурстар үшін бірін бірі өлтіру,қуу, жеу арқ.көрініс береді.Жыртқыштық-түрлер арасындағы қарым қатынастардың жоғарғы ф.сы. жыртқыштық орг.р үшін оңайға түспейді. Жыртқыш жемтігін іздеп, тауып,ұстауы к.к. жемтік жауынан қорғану үшін жоғары бейімделушілік қасиетке ие. Олар өсімдіктерде тікен,жағымсыз иіс түрінде берілсе,жануарларда улы без, панцирлер,қорғаныс түстер,түрін өзгерту, қашып кету т.б құбылыстар арқ.жүзеге асады. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көпқоректілерге айналған. Мыс.,қасқыр көпқоректі болса,кейбір құстар тек балықпен қоректенеді.   Паразитизм – бір түр өкілінің екінші түр өкілін қорек н.е тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқ.тіршілік етуі. Бұл процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы ж.е ішкі паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы н.е өте қауіпті ауру тарататын түрлері де бар. Мыс.,біздің жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп,ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, қатерлі аурулар(сүзек,тырысқақ, безгек т.б)таратады. Симбиоз- екі түрге жататын организмдердің кеңістікте біріне бірі еш зиянын тигізбей,керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті,шаян мен актиния арасындағы селбесіп тіршілік етуі жатады. Комменсализм – бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып, оған ешбір зиянын тигізбеуі.кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы н.е қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мыс.,ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Бұл симбиоздың бір ф.сы ретінде белгілі. Мутуализм – әр түрге жататын орг.дің бір біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі. Мыс.,құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс. Зоохария – жануарлардың орын ауыстыру арқ.өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату. Зоохария-өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәт.де өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер п.б олар құстар, сүтқоректілердің ж.е басқа жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп,осы арқ.алыс кеңістіктерге таралуы. Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын – пассивті (эктозоохория) дейді.ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқ. таралады. Оларды – активті (эндозоохориялық) таралу жолы дейді. Аллелопатия – организмдердің денесіне өзіне тән химиялық заттар шығару арқ. Қарым қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс н.е жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мыс.,кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп,томат т.б)теріс әсерін тигізсе,ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейді. Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқ.қарым қатынас жасаудың тағы бір түрін – аменсализм д.а.      

 42. Г.Гаузенин баселестик аркылы жою принципи

Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты иелене  алмайды. Өмір сүруі үшін бір түр міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек. Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен және ортаның бірдей қорларын пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді.     Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметімен сипатталады. Шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австралияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді.  Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Cебебі бір жыртқыш болса, екіншісі қалдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. Мәселен, өсімдік гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында н/е тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды.    Сол сияқты ормандағы ағаш тектес н/е шөптесін өсімдіктер ярустылыққа байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық – әртүрлі организмдердің экологиялық қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: фундаментальды және  іске асырылған. Фундаментальды қуыс – түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған – түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.

43. Коректик тизбектер, жане трофикалык денгейлер, коректик торлар

қоректік тізбектің бірінші буыны.консументтерт-ұтынушылар,продуценттер арқылы дайын органикалық   заттармен бірге ондағы энергияны пайдаланатын гетеретрофты организмдер (бірінші дәрежелі өсімдік қоректі жануарлар, екінші дәрежелі-ет қоректілер және үшіншідәрежеліжыртқыштар.)редуценттерыдыратушылар,органикалық қалдықтарды дырататын,биологиялық зат  айналымын аяқтайтын  (шартты түрде) организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер)-өл табиғат компоненттері.Элтон пирамидасы  Биоценоздағы қоректік тізбектің \азық\ барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның  жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу,қозғалу,көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы  екіншісіне дейін толық өңделмейді.Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таучылған болар еді.Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық  деңгейден  екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы ж\е энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты кезінде эколооог Ч.Элтон зерттеп өзінің есімімен Элтон пирамидасы деп атаған.Эко-қ пирамиданың негізгі 3 типі бар:1) Сандық пирамида организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды. С.п энергияның жыртқыш-қоек байланысы арқылы жүреді де,трофикалық деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтардың саны продуценттерден консументтердің әр деңгейіне өткен сайын азая береді.Әдетте жыртқыштың дене мөлшері қорегінен үлкендеу болуы к\к, өзінің биомассасын сақтау үшін оған бірнеше н\е көптеген қоректі жеуі к\к.

44.Экологиялық пирамида анықтамасы.

Энергия тасымалдау кезіңде қоректік тізбектегі қатынастар нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға  ие болады.

Жалпы жағдайда трофтық құрылымды кезекті трофты деңгейлерден уақыт бірлігіндегі аудан бірлігіне шаққан энергия шамасымен анықтауға болады. Оларды экологиялық  пирамида түрінде кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зерттеген С.Элтон (1927 ж.) экологиялық пирамиданың 3 негізгі типін бөліп көрсетеді.

1. Сандар пирамидасы3/далалар саны) әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент- ағаш, ал бірінші ретті консумент- бунақденелілер болғанда, бірінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады.

2. Биомассалар пирамидасы. Әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды. (органикалық заттардың құрғақ массасы г/м3). Өндрушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.

3. Энергия пирамидасы (Дж/м3 жыл) кезекті трофтық деңгейдегі энергия ағынының шамасы немесе «өнімдігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алануы керек.

Сандар пирамидасы                  Биомассалар пирамидасы       Энергия пирамидасы

(аудан бірлігіндегі шамалар)  (массаның құрғақ салмағы)     (Дж/м3 жыл)

    

45 Биосферадагы заттар айналымы

Зат айналымы- айналасындағы заттар  бір трофикалық  деңгейден екінші  деңгейге өткен кезде әлсін- әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады.Планетадағы барлық заттар үнемі айналымда болады.Күн энергиясы Жер бетінде екі зат айналымын қамтамасыз етеді:үлкен(геологиялық,биосфералық) және кіші(биологиялық). Биосферадағы заттардың үлкен айналымы негізгі екі кезеңмен ерекшеленеді:Жер дамуының бүкіл геологиялық өне бойында жүріп келетін және биосфераның дамуында негізгі роль атқаратын процесс. Геологиялық зат айналымы-тау жыныстарының түзілуімен,үгілуімен және бұзылған өнімдердің –сынықтар мен химиялық элементтердің  кейін басқа жерге ауысуымен байланысты.Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия мен зат айналымын,яғни,химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар.  Кіші немесе биологиялық зат айналымы бұл-өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер және топырақ арасындағы зат айналымы. Биологиялық айналымның мәні екі қарама-қарсы,бірақ бір-бірімен байланысты процестердің нәтижесінде –органикалық заттардың түзілуі және олардың бұзылуы жүреді.

46 Вернандскийдин ноосфера туралы илими

Ноосфера -адамның парасытты тіршілігі оның дамуын қамтамасыз негізгі фактор болып табылатын биосфераның жаңа жай-күйі.

Вернадскийдің шарттары:1)Адамзыттың бір тұтас болуына,кез келген құрылықтың немесе мұхитты бір шетіндегі оқиға Жер бетінің басқа жерлеріне әсер ету

2)Қазіргі таңдағы байланыс құралдары мен ақпарат алмасудың сол сәтте хабардар ету үшін өзгеруі

3)Адам теңдігі ноосфераның қажетті талабы

4)Адамдар теңдігі нәтижесінде жалпы  өмір деңгейінің өсуі сондай ақ халықтың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға шарраларға әсер ету мүмкіндіктері

5)Энергетиканың дамуы ,өмір сүру деңгейінің көтеру үшін жаңа энергия көздерін ашу және пайдалану

6)Қоғам өмірінде  соғысты болдырмау

 47 Орныкты даму концепциясы. Орныкты дамудын негизги модельдери

Биосфера Жер бетінде адамның пайда болғанына дейін болған.Адам биосферассыз тіршілік ете алмайды.Адамзат тіршілігіне қауіп төндірген Жаһандық экологиялық пробламалар  әлемдік қауымдастықты осы жағдайдан шығудың жаңа жолдарын іздеуге орнықты даму концепциясын жасауға етуде.БҰҰ-ның  конференциясында 1992ж, Рио де Жанейрода қабылдады.модельдер ұйғарымдары:

1)өндірістің материалдық және энергия сыйымдылығын төмендету,қалдықтарды  азайту,улы заттар айналымын азайту

2)экологиялық критерилерді ескертетін бағаның құрылуына ауысуды және салық пен айып пұл жүйесімен бірге жаңа экономикалық қауіпсіз қор және энергия сақтау технологиясын пайдалануды ынталандыру

3)Ауыл шаруашылығын тиянақты жүргізуді және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру арқылы аудандарының дамуына жәрдем беру,өсімдік және жануар өнімдерінің нәрлі қасиеттерін жақсарту,ауыл шаруашылығы зиянтестермен күресу жолдарын пайдалану,,,,,т.б

4)Индустриалды дамыған елдердің дамып келе жатқан елдерге алдыңғы қатарлы технологияларды,осы елдерден алынған генетикалық материалдардың негізінде құрылған жаңа технологияларды беру.

5)Барлық елдер үшін бірдей экологиялық стандарттарды қалыптастыру,орнықты дамудың біртұтас жаһандық бағытын анықтайтын институттарды құру ,,т.б

48.ҚР-ның орнықты даму концепциясы

 Елдiң орнықты дамуы дегенiмiз қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерiне қатер төндiрмейтiн даму болып табылады.   Қазақстан Республикасы үшiн орнықты дамуға көшу аса қажеттiлiк болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебiнен экономиканың өсуi тек белгiлi бiр кезеңде ғана болуы мүмкiн. Қазiргi жағдайда өсiм мен даму неғұрлым озық тетiктердi талап етедi.
      Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясының негiзiнде де тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы әлемдiк қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретiнде XXI ғасырға арналған күн тәртiбiнде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммитi (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөнiндегi әлемдiк саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған мiндеттердi орындау жөнiнде мiндеттемелер қабылдады.

 Қазақстан Республикасы үшiн орнықты дамуға көшу кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады. Ол үшiн орнықты дамудың әр кезеңiне арналған белгiленген өлшемдер анықталады (1-кесте).
     
Дайындық кезеңi (2007-2009 жылдар) - орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтiң барлық салаларына енгiзу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшiн жағдай жасау.
     
Бiрiншi кезең (2010-2012 жылдар) - Қазақстан Республикасының әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз ету.
     
Екiншi кезең (2013-2018 жылдар) - өмiр сүру сапасы деңгейi бойынша әлемдiк дамудағы көшбасшылар арасындағы елiмiздiң жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдiң экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету.
      Үшiншi кезең (2019-2024 жылдар) - орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдерiне қол жеткiзу.

Қазақстан Республикасында орнықты дамуға көшудiң негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
      -бүкiл қоғамды орнықты дамуға қол жеткiзу процесiне тарту;
     - орнықты даму үшiн саяси негiз жасау;
     - ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекеттi басқаруға деген жүйелi көзқарас, дамудың негiзгi көрсеткiштерiн болжамдау, жоспарлау және реттеу тиiмдiлiгiн арттыру;
     - ел экономикасына жоғары технологияларды белсендi енгiзу нәтижесiндегi экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
     - ғылым мен бiлiм берудiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;
     - салауатты қоғам үлгiсiн енгiзу негiзiнде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;
     - қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметi ретiнде қоршаған ортаны қорғау қызметiн жетiлдiру;
     - трансөңiрлiк экожүйелiк көзқарас негiзiндегi аумақтық даму.
      Орнықты дамуға көшудiң басымдықтары мыналар:
      -өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн енгiзу;
      -жаңа және экологиялық қауiпсiз технологияларды пайдалану;
      -орнықты көлiк жүйелерiн дамыту;
      -энергетикалық тиiмдiлiк және энергия жинақтау;
      -орнықты дамудың өңiрлiк проблемалары;
      -халықтың әлеуметтiк қауiпсiздiгiнiң деңгейiн арттыру;
      -экологиялық және гендерлiк аспектiлердi ескере отырып, кедейшiлiкке қарсы күрес;
      -орнықты даму үшiн ғылым мен бiлiм берудi одан әрi дамыту;
      -тарихи және мәдени мұраны сақтау;
      -халықтың денсаулығына төнетiн экологиялық қауiп-қатердiң алдын алу және азайту;
     - шөлейттенуге қарсы күрес;
      -биологиялық әралуандықты сақтау;
      -эмиссияларды, оның iшiнде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;
      -сапалы ауыз суға қолжетiмдiлiк;
      -трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;
      -радиациялық және биохимиялық қауiпсiздiк;
      -қалдықтарды кәдеге асыру.

Тұжырымдаманың мақсаты өмiр сүру сапасын арттырудың және елдiң ұзақ мерзiмдi келешекте бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзi ретiнде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық даму аспектiлерiнiң теңгерiмiне қол жеткiзу болып табылады.

49.Табиғи ресурстар және Табиғатты  утымды пайдалану.

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурсатырмен қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Оладың табиғат ресурсатарынан ерекшелігі олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды. Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылу бойынша жіктелуінің маңызы - ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресустардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымымен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3 %-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар, т.б.). Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бқтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саын бірнеше мыңға артып отырады.

Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктер: -табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтіру қатар жүру керек

-табиғи байлықтарды кешенді пайдалану

-табиғи байлықтарды қайта пайдалану

-табиғатты қорғау шараларын жүргізу

-қоршаған табиғи ортаға антропогендік қысымды азайту үшін жаңа технологияларды ендіру

50Табиғи ресурс классификациясы

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылу бойынша жіктелуінің маңызы - ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресустардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымымен салыстырмалы түрде айтылады.

51. табиғи ортаның сапасы мен халық денсаулығы\

52.Экологиялык  мониторинг анықтамасы.

Мониторинг –(monitor-еске салушы, алдын ала ескерту) биосфера немесе оның жеке бөліктерінің элементтерінің  жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі. Мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық, физико географиялық, геохимиялықжәне биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Мысалы, билогиялық мониторинг қоршаған ортаның функциялық және құрылымдық биологиялық  белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін. Мониторингтің базалық, ғаламдық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық т.б. түрлері бар.

  Базалық - жалпы биосфераның табиғи құбылысына бақылау жүргізу.

  Ғаламдық - жер биосферасы мен экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау.

  Аймақтық - белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау.

  Авиациялық - экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау.

  Ғарыштық - экоқұбылыстарды ғарыштық құралдың көмегімен бақылау.

  Қоршаған орта мониторингі - адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы адамдарға табиғатта болып жатқан қауіп қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай ақ мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда жүргізіледі.

Экологиялық болжам және мониторинг қоршаған ортаның жағдайы және қоршаған орта жағдайын бақылау, басқару.

Мониторинг биосфера оның жеке бөліктерінің, элементтерінің, жағдайының синтропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау. Мониторинг биосфера жағдайы геофизикалық, геохимиялық, биологиялық көрсеткіштері арқылы сипатталады.

Мониторинг қызметінде дистациолды және автоматты бақылау әдістері рөлі артып келеді. Мониторинг жүйесі ақпараттық болып табылады, оның міндетіне қоршаған табиғи ортаның сапасын басқару кірмейді.

Пайдаланған әдістер бойынша космостық, авиациялық, жер беті мониторингі, ал зерттеу әдістері бойынша химиялық, физикалық, биологиялық

53 Қазіргі заманның әлеуметтік экологиялық проблемалар және орнықты даму

 Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурстарын пайдалануға, радияция әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік - экономикалық  проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан териториясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

  1.  бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
  2.  суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
  3.  жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

54 Климаттын галамдык жылынуы. Киото хаттамасы. Климаттық ғаламдық жылынуы- биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және бей ортаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы даұылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістерСолт. Жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4 С-қа көтеріледі. 1997 жылы Киотто хаттамасына сәйкес,өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012ж 1990жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55 пайызға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне дейін енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнімен қарауда. 2000ж Гаага қаласында өткен коонференцияда әрбір индустриалды елдер зиянды заттарды атмосфераға бөлудіі азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Қазақстанда 2006ж дейін 2008-2012 аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

55 ОЗОН кабаты

Озон қабатының бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0, 004 %  құрайды.Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Жер бетіне барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына байланысты. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Озон қабаты үшін ең қауіпті заттар – үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольды баллондарда пайдаланатын фреондар.  Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомның атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі б-ша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған.

 56  Қышқыл жаңбырлар, улы тұмандар.  

Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашақтықтарға тасымалдануы. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар, пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт және азот қышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын-шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп, экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10мкг/м3, күкіртті газ – 50мкг/м3-ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері кұкірт қышқылының концентрациясы 10-30мкг/м3, қылқан жапырақтылар – шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе кқбейгенде тіршілігін жояды. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына, өсімдіктер жабынына, су айдындарын қышқылдануына алып келуде. Атмосфераның күкірт диоесидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы – отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.

Улы және фотохимиялық тұман.  Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс – улы тұман. Улы тұмандар 3 түрлі – ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) – газ тәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы тұрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200м биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы тұман(лос-анжелестік тип) – азонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық акуаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте  қалың тұман емес көкшіл түтүн түзеді. Мұзды улы тұман (Аляскалық тип) – арктика мен субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа-райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тқратын қалың тұманның пайда болуына әкеледі. Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микорклиматының нашарлауына – тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді.  ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап Лос-анджелес қаласында да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70%  құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды  фотохимиялық тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары өле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардығ қозуына алып келеді.

57  Ормандардың азаюы. Шөл шөлейттену

Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтаудан үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы  50жылда адамның қатысуымен жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100жылда жер бетіндегі орман массивтерінің 40пайызы жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20млн га тропикалық ормандар жойылуда. Соңғы 10жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90пайызға өсіп, жылына 1,8 пайызды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия, Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері ХХ ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12пайызға көбеюде, яғни оттегі тепе-теңдігінің бұзылу қауіпі бар. Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.БҰҰ-ның мәліметтері бойынша , Азия, Африка және Латын Америка елдеріндегі ауыл тұрғындарын шамамен 90пайызы қала халқының 30пайызы негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Комерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.БҰҰ-ның Рио-де –Жанейродағы конференциясынан (1992ж) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993жылы Бандунг қаласындағы Индонезия кездесудегі әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.Қазақстан аумағының 3,2паыйызы ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше еліміз орман қорғау ісі бойынша  әлемдік тәжірибеден көп артта  қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ. Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белең алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40 пайызын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады, ал сексеуілдің онсыздаэкологиясы нашар, ылғалы аз. Топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізге белгілі. Айта кетерлігі , 1992 жылы орман кқшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың га болса, он жылдан соң 2002 жылыбқл көрсеткіш 8,9 мың га дейін қысқарған. Шөлейттену. Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және анторпогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз  табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсідміктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз  пайдалану және т.б ) пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде. Қазіргі таңда әлемнің әр түрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі-табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымын сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогендік қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9млн км2-ге жеткен және жыл сайын 7млн га жер пайдаланудан шығып ұалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда-19%, Африкада-23%,Австралияда-45%, Оңтүстік Америкада-10%-ын құрайды. Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.

58  Әлемдік мұхиттардың ластануы

Тіршілік алғаш рет ғалымдар суда пайда болған деп есептейді. Гидросфера табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін, жер бетінің жалпы ауданының 71 %-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Судың негізгі қорын, яғни 94 %-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды  судағы еріген қосылыстарының мөлшері  жиырма жылда мұхитта он есе көбейген   Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластауыштар- мен;пестицид және химикат,мұнай мен оның өнімдерінен ластану негізгі проблемалардың бірі. Су тапшылығын көптеген ғалымдар  соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшері көбеюіне байланысты температура- ның көтерілуімен байланыстырады.Осыдан бірін-бірі тударатын проблемма тізбегі;энергия көп бөліну-парникті эффект-су тапшылығы-азық жетіспеу.соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6 градусқа көтерілді

59 Биоалуантүрліліктің азаю мәселелері

Биоалуантүрлілік азайып жатыр, себебі адамдардың тікелей немесе жанама әсерлері. Жаппай балық аулаудың әсерінен, теңіз суларында олар азайып жатыр, «Қызыл Кітапқа» енгізу арқасында кейбір түрлер сақталып келуде, ал сақталмай жойылып кеткендері қаншама. «Адам – нағыз жыртқыш консумент» деп бекер айтпайды. Жыл сайынғы өнеркәсіп қалдықтары салдарынан теңіз сулары, атмосфера ластануда. Ол адам баласының өз ісіне тиянақсыз, жеке бас пайдасын ғана ойлауынан. Бізде жыл сайынғы бөлінетін қалдықтардың 10%  ғана қайтадан өңделеді, ал қалған бөлігі ашық аспан астында, сол күйі қайта өңделуден өтпейді. Бұл адам денсаулығына өте зиян. Завод, Фабрикадан шыққан газдар ауаға шығарылады, ол да неше түрлі экологиялық проблемаларды тудырады. Топырақ эрозиясын да адам өз қолымен жасап отыр. Бет алды малды жаюб сол жайылыды жерлердің флорасын бұзады. Шөптер тапталып, тақыр жерлер көптеп пайда болады. 1954 жылы басталған «Тың және тыңайған жерлер» саясаты бойынша егістік жерлерді көбейту арқылы көптеген жерлердегі топырақтар тозаңданып кетті. Экожүйеде барлық нәрсе өз мөлшерімен орналасады, яғни, табиғи тепе – теңдік болады. Ал адам баласының немқұрайдылығынан ол бұзылып отыр. Осының барлығын қалпына келтіру үшін адамзат біраз жұмыстар атқару керек. «Жасыл ел» бағдарламасы сияқты бағдарламаларды көбейту керек. «Бір тал кессең, он тал ек» деген мақал қазіргі экологиялық жағдай үстіне дөп келеді. Д.Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері сүтқоректілердің 36,құстардың 94 түрлерінің жер бетінен мүлдем жойылып кетуіне адам себепші.ҚР қазір 300-ден аса жануарлардың жойылу қаупі бар. Олардың қатарына-қар барысы,қызыл қасқыр,құдыр,дала мысығы,арқар,қарақұйрық және т.б. жатады.Ал құстар-дуадақ,ұлар,безгелдек,аққу және т.б.жатады.Жануар дүниесін қалпына келтірудің 4 жолы бар;аулауға тыйым,тіршілік ортасын бұзбау,қолдан көбейтуге бейімдеу,лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу.

60 Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурстарын пайдалануға, радияция әсеріне және қалдықтарға байланысты. Арал теңізі негізгі экологиялық катастрофа және әлеуметтік - экономикалық  проблема эпицентрі ретінде болып отыр. Сумен қамтамасыз ету және оның сапасы Қазақстанда алаңдатушылық туғызуда және орнықты даму үшін Ұлттық жоспарда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарының бірі. Сәулеленуге ұшырау мәселелері Қазақстан териториясында бұрынғы одақтың ядролық полигондардың болуына байланысты. Сондай-ақ тазаланбаған өнеркәсіп қалдықтарының көптеп бөлінуі де үлкен экологиялық проблемалар туғызуда. Каспиий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің дейгейі 17 метрге төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондағы тіршілік иелеріне өте зор теріс әсер етуде ( теңіз балықтары мен құстар әлемі, итбалықтардың қырылуы жиілеп кетті) Жануарлар дүниесінің қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тиым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге биімдеу, лабораториялық жағдайды гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.

61 Каспий. Арал  Балкаш проблемалары                             Каспиий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің дейгейі 17 метрге төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондағы тіршілік иелеріне өте зор теріс әсер етуде ( теңіз балықтары мен құстар әлемі, итбалықтардың қырылуы жиілеп кетті) Жануарлар дүниесінің қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тиым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге биімдеу, лабораториялық жағдайды гендік қорын сақтап қалу жұмыстары. Антарктикадағы мұз таулардың еруіне  Қазақстанда Арал өңірінің,Семей жерінің,Балқаш маңының,Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар себеп болып отыр. Орта Азияның ірі өзендері – Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану. Арал  теңізінің  деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен-күнге тартылып барады, ал оның маңындағы  Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан  батпақтанып  барады. Іле  өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді. Балқаш көлі маңында "Ташкен - 4" жəне "Байқоңыр" ғарыш айлағында орналасқан. Бүл жерлерде топырақ беті өте кауіпті гептил жанармайы мен жəне ракета "коқыстарымен" ластанған.

62 Қазақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері                           .Полигондар аймағы ұзак жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймəлім еді. Шын мəнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарық Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты əсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынактардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом каруы сыналған елдермен салыстырсақ Ресейде - 225, АҚШ-та - 1032, Қазақстанда -500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан жəне Пəкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар. Яролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бүл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны əлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар . Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мəліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі обылыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған. ҚР 30 % адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиоактивті газ-радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі жоғары.ҚР кәсіпорындарында иондаушы сәулелерді пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам,радиациялық зерттеу барысында 16 сы адам өміріне қауіпті 700 бақылаусыз жұмысы анықталып жабылған.бактериологиялық ластану.арал теңізіндегі Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметі бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупін туғызып отыр. Возрождение аралында оба,күйік,тулеремия сияқты өте қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары болуы мүмкін.

63 ҚР ерекше қорғалатын  табиғи айиақтар                  Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрі көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық  және табиғи саябақтармен ботаникалық бақтар, биосфералық резервтер. Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат бермейді. Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында мынадай қорықтар жұмыс істейді: Ақсу-Жабағылы, Барса- Келмес, Наурызым, Алматы, Қорғалжын, Марқакөл, Бетпақдала, Қаратау қорығы т.б. Қорғалымдар - белгілі бір шаруашылық тұрмыстарын жүргізе отырып табиғаттың ерекше объекілерін қорғауға алынған жүйелі ұйымдардың түрі. Ұлттық саябақтар - табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне жатады. Міндеті халықты рекреациялық қамтамасыз ету. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері - айрықша немесе белгілі бір  жерге тән, ғылыми, мәдени танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Мемлекеттік қорғалымдар - табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттеріне сақтау калпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық байланысты ұстап тұру мақсатында құрылады.

 

64  Севилья стратегиясы Қызыл кітап                                            Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

65 Күн энергиясы, жел энергиясы     Күн -  энергияның іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғнифотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. Көбінесе күн энергиясын жинау әр түрлі коллекторлардың көмегімен жүргізіледі. Қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде ( АҚШ, Израиль және т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде Күн энергиясын пайдаланады. Парниктерден қарапайым құрылғылардың көмегімен Күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар : тастар, су, металл, құм және т.б. болуы мүмкін. Күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, Қазақстанның, Орта Азияның оңтүстік бөліктерінің теплицаларында кеңіненен қолданылады. Күнді электр энегиясын өндіруде пайдалануға болады. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыру фотоэлементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Бірақ фотоэлементтерді қолданудың қиындығы олардың өте қымбат болуы мен үлкен аудан алуына байланысты. Күн радиациясына бай елдерде шаруашылықтың жекеленген салаларын толық күн энегргиясымен электрификациялау жобалары жасалған. Мұндай энергияны пайдалану жоғары дәрежедегі экологиялығына байланысты дәстүрләі жолмен алынған энегриядан пайдалы болып шығады. Күн энергиясын электр энегриясын айналдырудың екінші жолы, бұл – турбогенераторды қозғалысқа келтіретін суды буға айналдыру процесі. Бұл жағдайда күн сәулелерін жинайтын көптеген линзалары бар эногомұнаралар және арнайы күн тоғандары жасалады. Күн энергиясын фотосинтез немесе биомасса арқылы алуға болады. Фотосинтез энергиясын алудың ең қарапайым жолы – органикалық затты жағу. Өнеркәсіптік даму жолына түспеген елдер үшін бұл негізгі әдіс болып табылады. Бірақ органикалық затты басқа отын көзіне айналдыру жолын пайдаланғанда алдымен оны экологиялық жағынан тиімді түрге, яғни органикалық затты биогазға немесе этил спиртіне айналдырып алу қажет.

Жел энергиясы

Ертеден келе жатқан энегия көзі ретінде желдің ролі ерекше. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді(мысалы, диірмендер, ағаш кесу құралғылары және т.б.). бірақ оны электр энергиясын алуда пайдалану тек соңғы жылдарда ғана қызығушылық туғыза бастады. Зерттеулер жел двигательдерінің үнемі жел тұрып тұратын аудандарда жергілікті халықтың    

Біз ауалық мұхиттың түбінде-желдер әлемінде өмір сүреміз. Қозғалыстағы ауалық масалардың энергиясы орасан көп. Жел энергиясының қоры, ғаламшарымыздағы барлық өзендердің гидроэнергияларының қорынан жүз есе көп. Біз тұратын ауалық мұхитта тынышты емес. Біздің мемлекетіміздің төңірегінде соғатын желдер, елімізді электрэнергиясымен қамтамасыздандырады. Еліміздегі климаттық жағдайлар жел энергетикасының дамытуға қолайлы.

   Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының потенциялы 1200 ТВт дейін жетед, бірақ осы потенциалды қолдануға Жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с ) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.

   Жел қозғалысының энергиясы жел жылдамдығының үшінші дәрежесіне пропорционал. Бірақ, идеалды құрылғының көмегіменде бұл энергияны толығымен электр энергиясына айналдыруға мүмкіндік жоқ.  Жел қозғалысының энергиясын пайдалы қолдану коэффициенті(ПҚК), теориялық есептеулер бойынша 59,3% құрайды. Басылымға шыққан мәліміттер бойынша, практикада жел энергиясының ең  үлкен ПҚК-і  реалды жел агрегатында жуықтап алғанда 50% жақын болады, бірақ бұл тек қана проектіде қарастырылған желдің оптималды жылдамдықтарында ғана. Одан басқа, жел қозғалысының энергиясының бір бөлігі механикалық энергия электр энергиясына түрленген кезде жоғалады, оның ПӘК-і 75-95%.  Осының барлығын ескере отырып, реалды агрегат проектіде қарастырылған тұрақты жылдамдықтар диапозонында жұмыс  істесе ғана, желдік агрегаттың меншікті электрлік қуаты жел қозғалысының қуатының 30-40%-ын құрайды. Бірақ кей-бір кезде, желдің жылдамдығы есептелген жылдамдықтардың шектерінен шығып кетеді. Бір жағдайда желдің жылдамдығы тым төмен болады, бұл жағдай да жел агрегаты жұмыс істей алмайды. Екінші жағдайда желдің жылдамдығы тым көп болады, бұл жағдайда агрегат істен шығып қалмау үшін оны тоқтатуға тура келеді. Егер желдің жылдамдығы номиналды жылдамдықтың мәнінен асса, генератордың номиналды қуатынан аспау үшін, желдің механикалық энергиясының барлығы қолданылмайды. Осы фактілердің барлығын ескере отырып жыл бойындағы электр энергиясының меншікіті шығарылуы жел энергиясының 15-30% -ын құрайды.

   Қазіргі кезде жел электрагрегаттары электр тогымен мұнайшыларды қамтамасыздандырады; олар жетуге қиын жерлерде жұмыс істейді, алыс аралдарда, Арктикада және  үлкен халық топтары тұратын жерлерден алыс орналасқан мыңдаған ауылшаруашылдық фермаларда да жұмыс істейді. Мэн штатында тұратын американец Генри клюз екі мачта құрып оған екі жел двигателімен генераторларды орналастырды. әр-біреуі 6В, 60В және 2В-тан тұратын 20 аккумулятор оған желсіз күні жұмыс істейді, ал бензин двигателі оған резерв ретінде тұрады. Бір айда Клюз жел агрегаттарынан 250кВт*сағ энергия алады; бұл оған барлық шаруашылығын жарықтандыруға және электр аппаратураны(телевизо, тоңазытқыш т.б.) жұмыс істетуге жетеді.

   Жел электрлік агрегаттарды кеңінен қолайлы жағдайларда қолдануға  олардың қымбаттылығы кедергі жасайды

   Қазіргі заманда жел электрлік генераторлардың әр-түрлі прототиптері шығарылған.

66 Экология аныктамасы        Экология - биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, "Экология" терминін ғылымға алғаш енгізген Э. Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос - үй, тұрақ, мекен жəне логос - ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ, мекен туралы ғылым -деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.  Экология жеке ғылым ретінде негізінен ХХІ ғ. аяғында қалыптасты. ХХ ғ. ортасына дейін гидробиологтардың, ботаниктердің экологиялық мектептері қалыптасты. Олардың әрқаәсысында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады. Ең алғаш рет «экология» деген сөзді пайдаланған Ган-Генрих Девид Тюро. Ол 1858 ж. 1 қаңтарда бір досына Гоар мырза елі конкордта, ботаника және экологиямен айналысуда деп жазған. Ал экологияны бірінші болып ғылымға енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель 1869 ж. экологияға мынадай анықтама берді: «экология»- табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің, осы ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың арақатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен жануарларының бір-бірімен байланысын зерттеу. Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдык проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.  Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық жəне географиялық микро жəне макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер, т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы (динамикасы). Экология ғылымының негізгі зерттейтін мəселелері: -организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы; -биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер; -табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану жəне қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері; Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, географиялық орналасу заңдылығына, топырақ кұрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау жəне баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі əрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз

67 .Биосфераның анықтамасы

    «Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда XIX ғ. Француз ғалымы Ж.Б.Ламарк, ал кейін термин ретінде австралиялық ғалым Э.Зюсс қолданды.

     Биосфера деп тіршілігі бар кеңістікті, яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.

     Қазіргі таңдағы биосфера көптеген компоненттерден – тірі және өлі табиғаттардан тұратын жүйе. Ол энергия мен заттардың биогеохимиялық айналымдарымен өзара байланысқан атмосфераның төменгі, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын қамтиды. Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып, бұрын болмаған екінші түрлердің п.б. құбылыстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы – ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуына дайындық кезеңінен, яғни биол-қ эволюциядан тұрады.

Алғашқы «биосфера» термині француздың белгілі натуралисті Жан Батис Ламарктің (1744 – 1829)  еңбектерінде кездеседі. Оның пайымдауынша «биосфера» термині грекше «биос» - тіршілік, «сфера» - шар немесе қабық дегенді білдіреді Олай болса, жер ғаламшардағы тіршілік аймағы бар қабат болып саналады.Бұл туралы кейіннен көптеген зерттеулер шықты, ғылыми деректер жинақталып, түрлі жаратылыстану ғылымдарында қолданыла бастады. Биосфера терминін геология ғылымында кеңінен австрия ғалымы Э.Зюсс 1875 ж. қолданды.

Биосфера жөніндегі алғашқы ғылыми ой – пікірлер 19 және 20 ғасырлардағы шет елдерде шыққан атақты ғалым В.В.Докучаев еңбектеріндеде кездеседі.

Биосфера туралы тұтас ілімнің негізін салған көрнекті орыс ғалымы, геохимик  В.И.Вернадский (1863 – 1945) болды. Ол Жердің химиялық құрылысын тіршілік химиясымен байланыстыра отырып, жер бетін өзгертудегі тірі ағзалардың ролін ашып берді. В.И.Вернадский оларды «тірі заттар» деп атаған. В.И.Вернадский биосфера туралы ілімін қазіргі дүние жүзінің ғалымдарына толығымен мойындатты.

Сонымен, эволюция барысында Жер ғаламшарының айналасындағы тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті және қолайлы ерекше қабық немесе биосфер пайда болды.

Қазіргі замандағы биосфера өзіне литосфераның жоғарғы жағын және атмосфераның төменгі жағын толығымен, гидросфераны да енгізеді.

Гидросфера –жер ғаламшарындағы барлық су айдындарын құрайды.Оған жер бетін алып жатқан мұхиттар мен теңіздер, өзендер мен көлдер, жерүсті және жерасты суларын жатқызады.Гидросферада тірі ағзалар массалары біркелкі орналаспаған.Негізгі масса,фитопланктондар су үстінің (50-80 мертлік қабаттарында) күн сәулесі түсетін ,соның нәтижесінде фотосинтез процесі жүретін қабаттарында кездеседі. Тірі ағзалар сондай- ақ 11 км. тереңдікте де кездеседі (Мариан қазаншұңқырында погонофорлар кездескен).

Литосфера – (грекше –«литос» - тас) жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысты қатты қабығы. Литосфера қабатында тірі ағзалар 2-3 км.тереңдікте де таралған.

Жердің ауа қабаты атмосфера деп аталады.Құрлықтың  үстіңгі 100км  биіктікке дейінгі бөлігіндн атмосфера қабаты орналасқан. Оның шеті жер бетіндегі тірі ағзалардың тіршілігін Күннің  ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын ерекше қабат- озон  қабатымен шектеседі, оның тіршілік үшін маңыздылығына байланысты «озон қорғаны» деп те атайды.

Сонымен, биосфера жердің үш қабатындағы (гирдросфера, литосфера, атмосфера) тірі ағзалар тіршілік етеді (В.И.Вернадский бойынша,тірі денелер).

Биосферадағы тірі ағзалар биомассаының ең көп тараған аймағы құрлық пен мұхит бетінде, яғни литосфера мен атмосфераның, гидросфераның және атмосфераның, литосфера мен гидросфераның түйіскен шекарасында байқалады. Бұл жерлерде тіршілікке өте қолайлы жағдайлар: температура, ылғалдылық, оттегі және ағзалардың қоректенуіне қажетті заттар және басқада элементтер жеткілікті түрде кездеседі.

Биосферадағы тірі ағзалардың ең көп шоғырланған аймағын В.И.Вернадский «тіршіліктің беткі қаймағы» деп таған. Атмосфераның жоғарғы қабатына көтерілген сайын және теңіз бен мұхиттардың терең қабатына жақындаған сайын тіршіліктің шоғырлануы азаяды.Биомассаның жиналуы жасыл өсімдік тіршілік әрекетіне тікелей байланысты болады.

Жалпы тірі ағзалардың химиялық құрамы атмосфера және литосфера құрамынан көп айырмашылық жасайды.Оның есесіне олардың химиялық құрамында сутегі мен оттегі атомдары көбірек кездеседі, бірақ тірі ағзалар құрамында көміртегі, кальций және азоттың мөлшері басым болады. Тірі ағзалардың құрамында Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де кездеседі деп айтуға болады. В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша тірі ағзалар Әлемдік материяның ең белсенді бөлігін құрайды. Олар биосферадағы күрделі геохимиялық жұмыстарды жүзеге асырып, Жердің беткі қабаттарын түрлі өзгерістерге ұшыратады.

Биосферада екі түрлі эат айналымы жүзеге асырылады:

Үлкен – геологиялық – тірі және өлі табиғат атомдары арасындағы  биогендік миграция.

Кіші – биологиялық – тірі ағзалар атомдары арасындағы биогендік миграция.

Биосферада кейбір активті химиялық элементтер атомдар күйінде бір ағзадан екіншісіне немесе өлі табиғатқа және қайтадан үздіксіз өтіп отыру нәтижесінде тұрақты болады.

Соңғы  600 млн.жылда кембрийден бастап, Жер бетіндегі негізгі айналымдар өзгерген жоқ. Биосфераның тұрақтылық жағдайы ең алдымен олардағы  тірі табиғат жағдайына, күн энергиясының фиксациясына және  атомдардың биогендік миграциясына тікелей байланысты.

Бірақ бұл тұрақтылықтың да шегі  болады, оның бұзылуы үлкен келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.

Жер бетінде биосфераның тұрақтылығын бұзатын биосфералық емес энергия көздері пайда болды (атомдық, сутектік).

Қазіргі заманда адамзат баласының өзі де қоршаған ортаға өз өмірлеріне қауіп туғызатын  көптеген залалдар келтіріп отыр. Бұл залалдарды әзәрше  қалыпқа келтіруге болады. Сондықтанда экология ғылымының да алданда тұрған ең елеулі міндеттердің бірі – биосферадағы  болып жатқан процестерді  реттеу және бұзылған  ортаны қалпына келту жұмыстарын қолға алу.Биосфераның заңдарының негізі орындалуда, бірақ барлық дүние жүзі елдерінің экологтарының қосылуымен  үлкен іс тындыруға болады.

 68 Сукцессия аныктамасы

Сукцессия- жер бетінің белгілі бір бөлігі аймағындағы бір биоценоздың екіншісіне ауысуы. Ол организмнің бір-бірімен ж\е олардың қоршаған ортаның абиотикалық факторлардың арасындағы өзара қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Сукцессия белгілі бір уақыт аралығын қамтиды. 2 түрі бар.

Алғашқы сукцессия бұрын ешқандай организмдер тіршілік етпеген бос кеңістікте пайда болады.

Екінші реттік сукцессия негізгі адамның іс-әрекетінен тікелей байланысты. Сукцессия орыстың ғалымы В.Н.Сукачев 2-ге бөледі:

  1.  Эндогендік-  Сукцессия бастапқы биогеоценоздың өз  ішінде пайда болады.
  2.  Экзогендік- Сукцессия қоршаған ортада болып жататын сыртқы себептер мен адамның іс-әрекетінен туындайды.

69 . Гена анықтамасы.

ГЕН (грек. Генос\тұқым)-тек тұқым қуалаудың қандай да бір белгісін қарастыратын материалдық бірлік генде клетканың құрылымы мен қызметін жиынтығы - оның генетипін құрайды.”Ген” терминін алғаш рет 1909 рет Дания ,алымы Иогансен енгізді. Барлық гендер ДНҚ-дан тұрады ж\е әрбір жеке клеткадан мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ-дан тұрады ж\е әрбір жеке клеткадағы осындай гендер  жеке ДНҚ молекулалар үзіндісі емес, хромосома деп аталатын ірі құрылымдық бірлік қүрамында болады. Клетка бөліну кезінде бұл хромосома екі еселенеді ж\е жақа түзілген жас клеткалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының көшірмесін алады. Бұлар ұрпақтан ұрпаққа беріледі, тұқым қуалайды. Әртүрлі организмдерде геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеуид негіздері жұбынан құралады. Генетикада ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ арқылы помепептидтер мен белокқа тасымалдануы экспрессия н\е гендердің көрінуі гендердің негізгі қасиетінің бірі- олардың жоғарғы тұрақтылығының тұқым қуалағыш өзгерістері-мутацияға ұшырау қабілеттілігі мен үйлесімділігі.

70. Хромосома анықтамасы.

Хромосома- клетка ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын ж\е организмдер мен клеткалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын оргоноидтар. Хромосома өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар ж\е оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хомосома алғаш рет В.Валдейер ашты. Ол Хромосома негізгі болғыштармен қарқынды болатын тығыз денешік деп аталады. Бірақ Хромосома сыртқы пішіні клетка цикліне әртүрлі сатыларында өзгеріп отырады. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене клеткаларында Хромосома ұрықтану процесі біреуін анықтап, ал екіншісіне аталықтан алған екі хромотидтерден тұрады. Мұндай Хромосома гомологты деп аталады. Клеткадағы Хромосома Толық жиынтығын кариотип деп атайды. Прокариоттар мен вирустарда Хромосома болмайды .Хромосома клеткада өте күрделі құрылымға ие ж\е өте маңызды қызмет атқарады.

71. Гомеостаз анықтамасы.

Гомеостаз-организмнің не биологиялық жүйенің ішкі ортасының құрамы мен қасиетінің салыстырмалы динамикалық тұрақтылығы ж\е негізгі физиологиялық қызметінің орнықтылығы Гомеостаз алғаш рет француз ғалымы К.Бернер қалыптастырды 1878ж Гомеостазпринципі биологиялық құрылымдарда әртүрлі деңгейде орындалады. Гомеостаз организмнің қалыпты жағдайын сипаттайтын әртүрлі тұрақты көрсеткіштерімен анықталады. Өсімдіетерде клетканың Гомеостаз күйін плазламела мен тонопласт анықтайды. Плазламела \ сыртқы ортадан клеткаға түсетін қоректік иондар мен судың мөлшерін реттейді.

Тоноплас- вакуольден протоплазмаға қосалқы қоректік заттардың өтуін қамтамасыз етеді. Генетикалық н\е популяциялық Гомеостаз - қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты популяциялық генетикалық құрылымының тұрақтылығы мен біртұтастылығын сақтау  қабілеттілігі. Биоценоздағы тіршілік ететін түрлердің құрамы мен сандық мөлшері де Гомеостаз арқылы сақталады.

72 Мутация аныктамасы                                                                                                     Мутация (лат. Mutation –өзгеру) клеткадағы геннің табиғи (спонтанды) не жасанды (индукциялық) жолмен өзгеруі. Тірі табиғаттағы вирустар, микроорганизмдерден бастап жоғарғы сатыдағы өсімдік, жануар, адам барлығы да мутацияға ұшырайды. Жыныс клеткалары мен спораларда пайда болған мутация (генеративтік) тұқым қуады. Дене клеткаларында болатын мутация (сомалық) тұқым қумайды. Дене клеткаларында мутантты ткані бар особьтарды мозаика не химерлер деп атайды. Вегетативтік жолмен (бүр түйнегінен) көбейетін организмге сомалық мутацияның үлкен маңызы бар. Тұқым қуалайтын қасиеттің өзгеріске ұшырауы 18, 19 ғасырларда  көптеген ғалымдарға белгілі болды. Бірақ терең ғылыми зеттеу 20ғасырда эксперименттік генетика негізінде жүргізілді. Генетикаға мутация терминін    1901ж голланд ботанигі Х. Де Фриз енгізді.                                               Хромосома аппаратының өзгеруіне байланысты мутацияның геномдық, хромосомалық, гендік не нүктелік деген түрлері бар.

Геномдық мутация клеткадағы хромосома санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар:

а. Полиплоидия-хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі;

ә. Гаплоидия- диплоидты хромосома жиынтығының кемуі.

б. Анеуплоидия- хромосома жиынтығының бірнеше еселенбей өсуі; Хромосомалық мутация микроскоп арқылы көрінетін хромосома структурасындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей учаскесінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) не оның басқа бір учаскеге ауысуына байланысты.

Гендік не нүктелік мутация ДНК молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруі. Ол молекулалық дәрежеде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде организм биохимия, физиология, морфологиялық өзгеріске ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден анық не біраз уақыт аралығында біртіндеп байқалады. Полиплоидты мутанттардың клеткаларымен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қасиеті сақталады, ал тақ болса, бұл қасиет сақталмайды. Рендік мутация кезінде организм үлкен өзгеріске ұшырайды. Кеде бір геннің өзгеруінен организмнің бірнеше бнлгі-қасиеттері өзгернді. Гендік мутация  доминантты (басыңқы), жартылай доминантты және рессесивті (бағыныңқы) болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келеді. Бұл өзгерістер организмге әр түрлі физикалық , химиялық фокторлар-мутагендеолің әсер етуінен пайда болды. АҚШ генетигі С.Райт (1889-1988), ағылшын биологы Дж.Холдейн (1892-1964) қазіргі попул. генетикалық негізін салған.  

73.Продуцент анықтамасы                                                                  Продуценттер (лат. producens- өндіруші, түзуші) фотосинтез немесе хемосинтез нәтижесінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін автотрофты организмдер. Продуценттер гетеротрофты организмдер консументтер мен редуценттерге қарама-қарсы қойылады. Судағы және жер бетіндегі экожүйедегі негізгі продуценттер - жасыл өсімдіктер экожүйеде продуценттер бірінші тропиктік деңгейді құрайды.

74.Консумент анықтамасы                                                                                                                 Консументтер – (лат.consumo-тұтынамын) тұтынушылар қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консумент тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консумент алғашқы (бірінші ретті) және соңғы (екінші ретті) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір өсімдік текті микроорганизмдер), ал соңғысына жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. Консумент деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы консумен редуценттерге  (органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдер) жатпайды. Сонымен қатар консумент ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент-консумент- редуцент қатарын жіктеуде қолданылады. Экологиялық жүйеде консумент басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады.

75.Редуцент анықтамасы                                                                        Редуцент (лат. Reducentis- қалпына келтіруші), ыдыратушылар – өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтары) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер. Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. Редуценттер табиғи бірлестіктердегі (биоценоздардағы), экожүйедегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбекте редуценттердің қызметі аяқталады, Сондықтан редуцент кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында)  басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады.

Резукценттер:

Продуценттер(түзетушілер)-консументтер(шөпқоректі тұтынушылар)-консументтер(1-ретті шөпқоректі тұтынушылар)- консументтер(2-ретті шөпқоректі тұтынушылар)

Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны және т.б тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін редуценттер судың биологиялық тұрғыдан тазарту септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін редуценттер топырақ құнарлылығын арттырады.

 76 .Автотрофты компонент                                                                       Автотрофтар (гр.өзім) қорек күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық минералды заттардың органикалық затты синтездейтін организмдер. Бұларға фотосинтез процесі жүретін жасыл өсімдіктер, балдырлар, фотосинтезге қабілетті фототрофтық бактериялар жатады. Автотрофтылар  фототрофтылар және хемотрофтылар болып бөлінеді. Фототрофтылар органикалық заттарды синтездеу үшін күн энергиясын пайдаланса, хемотрофтылар химиялық байланыстардың энергиясын пайдаланады. Автотрофты организмдер қауымдастықтардағы бірінші қоректік тізбек құрайтын биосферадағы органикалық заттардың алғашқы продуценттері. Автотрофты организмдердің табиғатта рөлі орасан зор, өйткені олар биосферадағы органикалық заттардың негізгі бөлігін құрайды

 77.Гетеротрофты компонент                                                                    Гетеротрофтар (гр. Heteros-бөтен, басқа және  trophe-қорек) дайын органикалық қосылыстармен қоректентін организмдер. Бұларға барлық жануарлар  мен адам, сондай-ақ, кейбір өсімдіктер (саңырауқұлақтар кейбір бактериялар) мен микроорганизмдер жатады. Гетеротрофты микроорганизмдер метатрофты және паратрофты болып бөлінеді. Метатрофтар немесе сапрофиттер өсімдіктер мен жануарлардың өлекселерімен қоректенеді. Бұларға - топырақтағы жіне судағы органикалық заттарды бүлдіретін микрооганизмдер жатады. Ал паратрофтар тек тірі организмдер блогында ғана өсіп-өнеді. Бұған адам мен жануарларда ауру тудыратын микроптар жатады. Алайда, микроорганизмдер мен өсімдіктерді гетеротрофты және автотрофты деп бөлудің өзі шартты түрде алынады. Өйткені, кейбір гетеротрофты организмдер органикалық есес заттарды (CO2) сіңіре алады.  1921 ж орыс ғалымы А. Ф. Лебедев тіпті нағыз гетеротрофты организмдердің де (кейбір бактериялар, саңырауқұлақтар) CO2 сіңіре алатындығын анықтаған.

78 . Популяция анықтамасы. 

Популяция (лат.populus-халық, тұрғын халық) – белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың пайда болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы жән үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы, бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статикалық сипаттамалары(саны,тығыздығы,ареалы,орналасуы,жас ерекшелігі,жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статикалық сипттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу,санау арқылықысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипаттамаларын  анықтау ұзақ мерзімді(бір ұрпақ жаңаратындай)қажет етеді; Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен  өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады.Сондай-ақ,популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де  әсер етеді. Кейбір жануарлардың(шегіртке,бөкендер т.б) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі.

   Популяция терминін 1903ж.Дания  биологы В.Иогансен енгізді.Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын  бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық,генетикалық,экологиялық бағыттарды біріктіретін биологиялық жаңа саласы-популяциялық биология қалыптасты.  Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу,зиянды түрлердің санын тежеу,экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде(интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.

79.  Генотип анықтамасы. 

Генотип (ген және грек.typs-пішін,үлгі)- тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы."Генотип" терминін 1909ж. Дания генетигі В.Иогансен ұсынған.Оған барлық геном(ядролық гендер) мен плазмогендер(цитоплазмалық  гендер) жатады. Генотип организмдегі тұқым  қуалаушлық қасиеттің негізі болып есептеледі.Генотип болашақ организмнің дамуында,құрылысында,тіршілігінде,яғни барлық белгілерінде,қасиеттерінде,фенотипінде көрінеді. Организмнің тұқым қуалау белгісі немесе қасиеттері, оның дамып қалыптасуы генотиптің құрамындағы белгілі бір геннің қызметіне байланысты болады,сондықтан бір геннің қызметі өзін қоршаған генетикалық ортаға байанысты.Мыс.,өсімдік жапырағына жасыл түс беретін пигмент хлорофильдің түзілуін белгілі бір ген анықтайды.Ал ол ген өз қызметін атқару үшін оған қолайлы жағдай,яғни жарық қажет.Сонда ғана жапырақ жасыл түске боялады.Ал ол ген өз қызметін атқару үшін оған  қолайлы  жағдай,яғни жарық қажет.Сонда ғана жапырақ жасыл  түске боялады.Егер өсімдікті қараңғы жерде өсірсе, ол бозарып кетеді,себебі,ген өзінің қызметін толық атқара алмағаны.Генотиптің сыртқы және ішкі орта жағдайларымен байланыстылығы организмнің фенотиптік белгілерін дамытады.Кейде организмдердің генотиптері ұқсас болғанымен,әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамуына байланысты,фенотиптері түрліше қалыптасады.Мыс., бір енеден туған егіз қозыны екі түрлі ортада өсірсе, күтімі жақсы болғаны тез өсіп жетіледі де,ал күтімі нашар болғаны көтерем болып қалады.

80. Фенотип анықтамасы. 

 Фенотип(грек.phaino-көріну және тип)- организмнің онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерініңжиынтығы.Фенотип организмнің тұқым қуалау негізі болатын генотип пен сол организмнің дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайлары өзара әрекеттесуінен  пайда болады.1909ж.фенотип терминін алғаш рет дат ғалымы В.Иогансен ұсынды.Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды,ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады.Генотип пен фенотип арасында нақты күрделі байланыс болмайды,яғни генотиптің өзгеруі әрқашан фенотиптің өзгеруімен қатар жүрмейді.Сондықтан генотиптері толық түрде бірдей болып келетін бір жұмыртқалы егіздердің өзі әр түрлі тіршілік жағдайларында дамып жетілген болса,олардың арасында айтарлықтай үлкен фенотиптік айырмашылықтарды байқауға болады. Микроэволюция барысында сұрыпталу дара бастардың фенотиптері бойынша жүріп отырады.Соның нәтижесінде популяцияда генотип арқылы бақыланатын қажетті деген фенотиптері бар даралар сақталып отырады.Популяцияда генотипі әр  түрлі дара бастар болған жағдайда фенотип б.ша сұрыпталу генотип б.ша сұрыпталуға алып келеді. Генотиптік өзгергіштік болған жағдайда фенотип б.ша сұрыпталу ешқандай нәтиже бермейді.Мұны Иогансен таза линияларға жүргізген сұрыпталу тәжірибелер арқылы көрсетіп берді.

81.Абиотикалық фактор анықтамасы. 

Абиотикалық факторлар-өлі табиғатты әсері (жылу, жарық, қысым, ылғалдылық, радиоактивті сәулелер, жел, судың химиялық құрамы)

Абиотикалық факторлар қасиетіне байланысты:химиялық  және  физикалық болады.

Химиялық факторлар: ауа құрамы, ондағы әр түрлі заттар, су түбіндегі қалдықтар.                

Физикалық факторлар: ауа ылғалдылығы, су буының мөлшері, газ қысымы,күн сәулелерінің радиациясы.

82.Биотикалық фактор анықтамасы. 

Биотикалық фактор,биогендік фактор-организмдердің тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері.Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы,мұнда әр түрге жататын организмдер бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді.Мысалы,жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір организм екінші бір организмді  қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді,т.б. Биотикалық факторлар  бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мыс., ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері,ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы,т.б. Биотикалық фактор түрішілік  және түраралық болып ажыратылады.Түрішілік биотикалық факторға жануарлар,өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы  әрекеті мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез құлығы т.б. әсерлер жатады. Түраралық биотикалық факторға комменсализм(сіңісу),симбиоз(селбестік),нейтрализм(бейтарап селбесу),масылдық(басқа организм есебінен күн көру),жыртқыштық әсерлер жатады.Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекшк ауытқуы организмдердің қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей болмайды,соның нәтижесінде табиғи тепе теңдік бұзылады.

83. Антропогендік фактор анықтамасы. 

Антропогендік фактор(грек.anthrops-адам,genos-тегі,пайда болуы,лат.factor-іс әрекет)-адамның барлық тірі  организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері.Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс әрекетінің нәтижесінде атмосфера,өзен,көл және мұхит құрылымының өзгеруі,сондай ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп жалпы экожүйенің құрамы мен құрылымының бұзылуы жатады.Қазіргі кезде адамның іс әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда.20ғ.80жылдарында антарктиканың үстінде озон жыртығының пайда болуына дүние жүзінде климаттық жылынуының (атап айтқанда,дүние жүзі бойынша жылдық орташа темп.ң+0,5°C ға көтерілуі).Антарктикадағы мұз таулардың еруіне  Қазақстанда Арал өңірінің,Семей жерінің,Балқаш маңының,Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар себеп болып отыр.

84. Биогеоценоз анықтамасы. 

Биогеоценоз-тіршілік ету жағдайлары ұқсас,белгілі бір аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің(популяциялардың) тұрмыс тіршілік ортасы. Биогеоценоз терминін 1940ж.орыс ғалымы Сукачев ұсынған.Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды.Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау  процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін  құрайды.Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотропты организмдер жане гетеротропты организмдер болып бөлінеді. Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондайақ биогеоценоздағы зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп,сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биоценоздың негізін: продуценттер, понсументтер, редуценттер құрайды. Биоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер: түрдің алуан түрлілігі (осы Биоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны); популяция тығыздығы (бір түрдің судан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны); биомасса. Биогеоценоз табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман т.б)-табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе. Биогеоценоз-түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроциоздар. Бұған қолдан шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар; қолдан отырғызылатын  ормандар жатады.

85.Биомасса анықтамасы

Биомасса-тірі ағзалардың денесінің массасы. Бір түрдің,түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің(өсімдік, микроорганизмдер және жануарлардың) тіршілік  ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы. Өлшем бірліктеті: кг/га, г/ т.б. өсімдіктердің биамассасы фитамасса, жануарлардың  биамассасы зоомасса д.а.  Экожүйеде  энергияның таралуы мен  орташа  биамассаның арасындағы байланысты анықтау үшін Дж/ өлшемі пайдаланылады. Құрлықтағы  гетеротрофты организмдердің ішінде топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің биомассасы өте жоғары болады. Атап айтқанда, жауын құртының тіршілік ету ортасыны байланысты биомассасы  200-1500:кг/га аралығында болады.  Сүтқоректілер мен құстардың орташа жылулық биомассасы 1-15:кг/га (бірлік бұл көрсеткіш құстардың қыстауы мен қоныс аудуру кезінде жоғары болады) биосферадағы тірі организмдердің жалпы биомассасы , әр түрлі есептеулерге қарағанда 1,8. -2,4 болуы мүмкін.

86.Биотоп  анықтамасы

Биотоп-белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белегілі бір бірлестігімен биоценоз қоныстандырылған кеңістік. Биоценоздың  рельефі, климаттың жағдайы шамамен бірлікелкі болып келетін құрлықтағы немесе ауадағы алатын орны. Биотоп  өзінің табиғи және тарихи  қалыптасқан  географиялық орны мен фауна, флара және абиотикалық фактор жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе биогеоценоздарының анорганик құрлымдарынан тұрады.  Биотоп – биоценоздың бөлінбейтін құрамдас бөлігі биотоп  пен  биоценоз бірігіп , ірі бірлестік  биогеоценозды құрайды.

87Биоценоз анықтамасы

Биоценоз-қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктенр, жануарлар мен микроорганизмдер жиынтығы. Құрлылықтың  немесе  судың  белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғи жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы.  

Табиғатта əр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bіоs-өмір, kоіnоs-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар жəне микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К. Мебиус (1877 ж.). Биоценоз құрамындағы организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын биоценотиқалық тұрғыда қарастыру қажет. Өйткені, кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В. Н. Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жəндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) жəне өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.Биоценозды зерттеуші ғылым саласы - биоценология деп аталады.

Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мəнінде, екі ұғым да бірдей мағынаны білдіреді, əрі бірін-бірі толықтыра түседі.

Бірлесіп тіршілік етуші және ағзалардың өзара байланысы биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы).

Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта  аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді  (лат.биос - өмір,топос – орын).

Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды

Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де – экологиялық міндеттердің бірі  

В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар  мынандай төрт типке бөлінеді:

а) трофикалық,  б) топикалық в)фористік  г)фабрикалық.

Трофикалық байланыс бір түрдің  екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды.

Топикалық байланыс бір түрдің  тіршілік ету барысында екінші түрдің  кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды.

Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).

Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына)  басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.  

Биоценоздың құрылымы

Кез келген жүйенің  құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының  заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылымы көпжақта,олар мынандай аспектыларды бөледі.

    Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы  әртүрлі  түрлердің  олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі.

Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізіп  алады:

     Түрдің өте көп болуы –бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде  қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны.

Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықт ы  біртекті немесе әртүрлі тарлуында.

Доминантталу көрсеткіші қарастырылып отырған бір түрдің  топтағы  барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.

Биоценоздың кеңістіктік құрылымы оның өсімдіктік  бөлімінің – фитоценоз, жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.

Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосылыс тән.

Ярусты дегеніміз –жерүсті өсімдіктерінің  бірнеше қабаттағы  таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы) және басқалар.

Мозаикалыққа - өсімдіктердің горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы,микроценоздар,микрофиценоздар,парцелдар және т.б.).

Биоценоздың экологиялық құрылымы.Биценоздың бірлестіктің экологиялық құрылымын сипаттайтын түрлі типтері ағзаның экологиялық топтарының  қатынасы мен анықталады.

  88 .Диапауза анықтамасы Диапауза(грек diapausis-үзілу,кідіру жануарлар дамуының белгілі бір кезеңінде зат алмасу пайда болатын тіршілік процестерінің бәсеңдеп, организм дамуының кідіруі.көптеген жануарларда диапаузаның басталуы және аяқталуы күн ұзақтығына , температураға байланысты. Коловраткаларда, төменгі сатыдағы шаян тәрізділерде, шегірткелерде, жыртқыштарда (бұлан, қаракүзен ) ұрықтанған аналық клетканың бөлшектенуіне дейін эмбриональдық диапауза болады. Личникалық диапауза қара ала көбелек пен капуста қоңыр көбелегінің дамуында кездеседі. Бұлардың қуыршығы ағашта және топырақ арасында қыстайды. мысалдарда, жапырақ жегіш қоңыздарда диапауза имаға сатысында болады. Диапауза кезінде организмнің қолайсыз жағдайларға төзімділігі артады.          89.Иммиграция  анықтамасы Берілген ареалдың қолайсыздау бөлшектеріне популияцияның бір бөлігінің орын ауыстыру тығыздығы артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер (әсіресе тышқан тәрізді кеміріушілер ) мен құстарда да иммтграция байқалады. Иммиграция (lat immigrare-көшіп келу)-қоныстанушылық, келімсектік, бір рет мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мезгіл) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция (латынша іm-mіgrare – көшіп келу) – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция субъектілері: шетелдіктер – басқа мемлекеттердің азаматтары, қос азаматтығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасылары немесе қоныс аударуға тілек білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар

90. Рекультивация     Рекультивация - жерді қайта құнарландыру. Жерді қайта құнарландырурекультивация(лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына  және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын  биологиялық, техникалық, және химиялықәдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін  агротехникалық  жәнефитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру. 

91 Урбанизация анықтамасы Урбанизация (лат. Urbs – қала) - өнеркәсіп орындарының және тұрғын халықтың ірі қалаларға шоғырлануы, яғни ел немесе аудан экономикасында қала рөлінің артуы. Урбанизация негізінен жоғары дамыған индустриялы елдерге ғана тән. Урбанизацияның қалынптасуына себепші басты жағдайлар – белгілі территорияның шұғыл индустрияландырылуы және аймақтық еңбек бөлісу процесінің дамуы. Урьанизация нәтижесінде өндіргіш күштер өседі, экономикалық аудандар қалыптасады, халықтың мәдени деңгейі мен еңбекшілердің таптық ынтымақтығы артады, қала аумағы кеңейіп, конурбацияға айналады, елде қала тұрғындарының үлесі көбейеді.

92. Фреондар анықтамасы

Фреондар(лат.frigon- суық)- тоңазытқыш машиналарды суытқыш машиналарда суытқыш рагент ретінде қолданылатын құрамында фторы бар  қаныққан көмірсутектердің қосылыстары. Ф-дің  40-тан астам түрі белгілі, олардың көпшілігі өндірістік жолмен алынады. Техникада Ф-дар арнайы белгіленеді. Ол Ф  әрпімен ж\е үш саннан тұрады. Ф.-фреон, 1-сан көміртек атомдарының санынан 1-алғанда, ортаңғы сан сутек атомдарының санына 1-ді қосқанға, ал соңғы сан фтор атомдарының санына тең. Мысалы C2F3Cl3-Ф-113, CF2Cl2-Ф-012 деп белгілейді,т. б. Ф-  иіссіз газ н\е сұйықтық, олар органик. Еріткіштерде жақсы, суда нашар ериді. Ф\дың ең көп таралғандары дифтордихлорметан (CF2CL),        фтортрихлорметан(CFCl3 ) ж\е дифтордихлорметан(CHF2Cl2 ) олардың қайнау темп. Оларға сәйкес-29.8-23.80 C ж\е -40.80 C Ф. жанбайды, ауамен қосылып жарылғыш заттар түзбейді ж\е салыстырмалы түрде хим. Инертті, алайда ашық отпен жанасқанда улы дифтор ж\е фторхлорфосген түзіп, ыдырайды. Ф. \тоңазытқыш реагенттерден басқа, аэрозольдік драмада ұшқыш құраушылар (прополенттар), өрт сөндіргіш ретінде, сондай-ақ фторолефиндер мен ол,анардың негізінде түзілетін полимерлерді алу үшін шикізат ретінде қолданылады.Ф. стротосфераға көтерілгенде фотохим. ыдырауға түсіп, соның нәтижесінде хлор иондары бөлініп шығады. Бұл хлор иондары хим. реакцияның католизаторы  ғана болып қоймай, азон молекулаларын ыдыратып жер бетін ультрокүлгін сәулеленуден сақтайтын озон қабатына қатер төндіреді.

93. Цунами анықтамасы

   Цунами(жапонша-тсунами)\ мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биіктік. Ашық мұхитта 1 метрден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400-800 км\сағ-қа дейін. Мысалы. Адамзат тарихындағы Ц.-мен байлнысты ең ірі апат-  2005 ж. Оңтүстік -Шығыс Азияда болды. Индонезия жағасындағы жер сілкіну күші 8-9 балға жетіп, соның нәтижесінде биіктігі 10 м астам  Ц. Тарады. Таудай су толқындары жлоындағы елді мекендерді шайып әкетті. Ц-дің жойқын күшінен 300мың адамның өмірі қиылды. Ғаламат су толқындары жер сілкінудің эпицентрінен 6000км қашықтықтағы Африка жағалауына дейін жетті. Ц. Негізінен тынық мұхит жағалауында (Ресейдің ұиыр шығысында, Жапонияда, оңт. Шығыс Азияда) жиі қайтпаланады. 20ғ-дың 40-50ж АҚШ-та, Жапонияда ж\е КСРО-да халықты алдын ала сақтандыратын Ц.-қызметі құралды. Болжам Ц. Толқынының жер сілкіну эпицентрінен таралу жылдамдығымен есепке алуға негізделген.

94. Эйдэкология анықтамасы

   Эйдэкология (грек.ridos-түр)- түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгеиі тұрғысында қарастырады. Эйдэкология-  особь популяция, түр биоценоз, биогеоценоз биосфера деңгейінде қарым қатынастар туралы зерттеулер.

  95 .Мониторинг анықтамасы.

Мониторинг –(monitor-еске салушы, алдын ала ескерту) биосфера немесе оның жеке бөліктерінің элементтерінің  жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі. Мониторингте биосфераның жағдайы геофизикалық, физико географиялық, геохимиялықжәне биологиялық көрсеткіштері бойынша сипатталады. Мысалы, билогиялық мониторинг қоршаған ортаның функциялық және құрылымдық биологиялық  белгілер бойынша жүргізілуі мүмкін. Мониторингтің базалық, ғаламдық, аймақтық, авиациялық, ғарыштық т.б. түрлері бар.

  Базалық - жалпы биосфераның табиғи құбылысына бақылау жүргізу.

  Ғаламдық - жер биосферасы мен экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау.

  Аймақтық - белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау.

  Авиациялық - экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау.

  Ғарыштық - экоқұбылыстарды ғарыштық құралдың көмегімен бақылау.

  Қоршаған орта мониторингі - адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы адамдарға табиғатта болып жатқан қауіп қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай ақ мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда жүргізіледі.




1. Лабораторная работа 6 ПЛАН По дисциплине-Специализированные языки программирования Тема занятия-Выв
2. ЭФФЕКИВНОСТЬ НОРМ ПРАВА
3. Проблемы общей теории права и государства
4. 20г
5. ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ ОСНОВА ДЕЯТЕЛЬНОСТИ РУКОВОДСТВА ПРЕДПРИЯТИЯ В УСЛОВИЯХ КРИЗИСА 2
6. тематические модели для описания основных свойств жидкостей и газов
7. страховой и семейной медицине на рыночные отношения в здравоохранении
8. Конец или цепочка с гаком а также железный прут с рукояткой на одном конце и с крючком на другом применяющие
9. Методические рекомендации по ведению беременных женщин с артериальной ги
10. Я и природа Дом под крышей голубой
11. Фет Афанасий
12. Понятие права и признаки
13. Российский государственный педагогический университет им
14. Поняття і види державної служби
15. Розробка системи управління якістю додаткових послуг в ресторані
16. задание по теории механизмов и машин Механизм резания двухшатунной лесопильной рамы Задание 33 вари
17. I Альтерация D в мажоре- С повышением и понижением ІІ ступени в мажоре появляется следующий ряд аккордов- D3
18. Особенности деятельности предприятия, его структура
19. Бизнес план на тему Каким видом бизнеса вы хотели бы заниматься
20. изучение целей методов и средств экономической стратегии в таможенном деле таможенной политики основных