У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ы~ Ж~ЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫ~ Ы~ТЫ~ ОРНЫ ~Р~ ~олданыста~ы ы~ты~ ж~йесінде азаматты~ ы~ ~ы~ са

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.2.2025

         АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ  

1.ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОРНЫ

ҚР-ң қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық –құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі болып табылады.Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық  ҚР  Конституциясына сүйенеді.Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы: біріншіден,оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынсатардың шешуші роліне.екнішіден оның қолданылу аясының кеңдігіне,үшіншіден оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаймен ажырмасатай байланыстылығына қарай анықталады.ҚР-ң жалпы құқық жүйесіне, азаматтық құқықтан басқа, құққытың өзге салалаыр –мемелекеттк, қылмыстық,әкімшілік және басөа салалары кіреді.Азаматтық құқық бұлардан өзінің айрықша белгілерімен ерекшеленеді, яғни реттеу нысанасы мен әдістеріне сипаттайтын және негізге алынатын принциптерімен ерекшеленеді.        Азаматтық құқық  – қатысушылардың заңи теңдігіне, шарт еркіндігіне, мүліктік дербестікке, қол сұқпаушылыққа негізделген мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқық реттейтін мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланысты да байланыссыз да болуы мүмкін. Мысалы, азаматтың ар-намысына нұқсан келтіретін және шындыққа жанаспайтын мәлімет баспасөз ақпарат құралдары бетінде жарық көрсе, азамат бұл ақпаратты жариялаған газет (журнал және т.с.с.) редакциясынан қателік екенін білдіріп кешірім сұрауларын талап ететін болса, бұл мүліктік емес жеке құқығына келтірілген нұқсанды қорғау болып табылады және мүліктік сипатта болмайды, яғни мүліктік қатынастармен байланысты емес. Ал егер, зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе және азамат моральдық зиянды өтеуді талап етсе, моральдық зиянды өтеу ақшалай нысанда болады, яғни мүліктік емес жеке қатынастардың мүліктік қатынастармен байланысты болғанына көз жеткіземіз.

2.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ                 ҚР-ң қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық –құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі болып табылады.Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық  ҚР  Конституциясына сүйенеді.Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы: біріншіден,оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынсатардың шешуші роліне.екнішіден оның қолданылу аясының кеңдігіне,үшіншіден оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаймен ажырмасатай байланыстылығына қарай анықталады.ҚР-ң жалпы құқық жүйесіне, азаматтық құқықтан басқа, құққытың өзге салалаыр –мемелекеттк, қылмыстық,әкімшілік және басөа салалары кіреді.Азаматтық құқық бұлардан өзінің айрықша белгілерімен ерекшеленеді, яғни реттеу нысанасы мен әдістеріне сипаттайтын және негізге алынатын принциптерімен ерекшеленеді

Құқықтың сабақтас салаларынан азаматтық құқықтың айырмашылығын оның ұғымы мен өзіндік ерекшелегін анықтайтын белгілер бойынша айқындайды.Ең алдымен, оынң нысанасына қарай айқындайды.Құқықтың мүліктік қатынастарды реттемйетін барлық салалары (мысалы,әкімшілік,қылмыстық құқық) реттейтін нысанасына қарай азаматтық құқықтан айқын ажыратылады.Ал мүліктік қатынсатарды құқықтың басқа салалары қамтитын тұстарда межеленіп бөліну құқықтық реттеу әдісімен жүргізіледі.

3.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ

     Азаматтық құқықтық нормалар реттеп отыратын қоғамдық қатынастарды азаматтық  құқықтың   пәні деп түсінсек  болады. Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) ретінде :

-материалдық игіліктер бойынша туындайтын мүліктік қатынастар;

 -материалдық емес игіліктер мен құқықтардан туындайтын мүліктік емес жеке қатынастар табылады.

       ҚР АК 1-бойынша  Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынынастар,сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.    Мүліктік қатынастар дегеніміз-мүлікті,яғни заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену, пайдалану жөніндегі қатынастар.Ал мүліктік емес  жеке қатынастар дегеніміз-бұл ең алдымен интеллектуалдық меншік обьектілері,яғни ғылым,білім,өнер,тех.шығармашылық туындыларын,т.с.с жасаудан туындайтын қатынастар.

4.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСІ

  Азаматтық құқықтың әдісі дегеніміз–қоғамдық қатынастарды бірізділік тәртіпке салатын, реттейтін және қорғайтын құқықтық тәсілдер мен құралдардың жиынтығы. Тыйым салу және міндеттеу әдістерінен өзггеше,азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің  жалпы сипаттамасы жалпыға рұқсат ету ретінде түсіндірілуі мүмкін,яғни азаматтық айналымға қатысушылардың өздері қалайтын іс-әрекетті мемлекеттің рұқсат етуі ретінде көрінуі мүмкін.Азаматтық құқықтық реттеу әдісінің ерекшеліктеріне:

-тараптардың заңи теңдігі;

-тараптар еркінің дербестігі;

-тараптардың мүліктік дербестігі;

-азаматтық құқықтарды қорғау;-

-азаматтық құқықтық жауапкершіліктің  мүліктік сипатта болуы жатады.

5.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Азаматтық құқықтың қағидаттары:

-қатысушылардың заңи теңдігі қағидаты бойынша азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы барлық тұлғалар заң алдында да және бір-бірінің алдында да тең болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болуы мүмкін мемлекеттің өзі де осы қатынастарда өзге қатысушылармен тең саналады және артықшылыққа ие бола алмайды;

-меншікке қол сұқпаушылық қағидаты бойынша тұлғаны меншігіндегі мүліктен айыруға заңнамамен қарастырылған жағдайларда ғана жол беріледі

-шарт еркіндігі: тұлға шарт бойынша әріптесті дербес таңдайды, тараптар шарт жасасуда және оның жағдаяттарын анықтауда еркін;

-жеке істерге заңсыз қол сұғуға жол бермеу қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзінің кәсіпкерлік немесе өзге де заңды істеріне кез келген тұлғаның заңсыз араласуына жол бермеуге құқылы, соның ішінде жария биліктің заңсыз әрекеттерінен қорғануды жүзеге асыра алады;

-азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, оларды қалпына келтіру және қорғау қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзіне тиесілі құқықтарды заңнама шеңберінде жүзеге асыруға және қиындық пен кедергі жасаушыларға тыйым салуға, қорғауды өзі немесе сот арқылы жүзеге асыруға құқылы;

-құқықты теріс мақсатта пайдалануға жол бермеу қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзіне тиесілі құқықтар мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңнама шеңберінде қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді жүзеге асырған кездерде өзгеге зиян келтірмеуі тиіс, яғни теріс мақсатта пайдаланбауы қажет.

- диспозитивтік қағидатына сай азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелердің бағасын, мазмұны мен мерзімдерін және өздері үшін өзге де қажетті болып табылатын жағдаяттарды өз қалауларына қарай жүзеге асыра алады. Дегенмен, мұндай дербестік пен ынталылық заңнамамен бекітілген императивтік талаптарға қайшы келмеуі қажет.

6.ҚР АЗМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ 

ҚР –ң Азаматтық құқықтық жүйесі пандектілік жүйе моделімен құрылған,яғни жан-жақты,ауқымды болып келеді.Азаматтық құқық жүйесінің негізін кезінде рим құқығы қалаған. Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшартменшік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және мұрагерлік.ҚР-да жүйенің азаматтық құқықтың жүйесінің бірінші буыны жалпы ережелер болып табылады,оның қағидалары азаматтық –құқықтық  нормалар қамтитын қатынастар шеңберін,бұл нормалардың заңдық күші,оның уақыттағы кеңістіктегі күші, жарамдылық  жағдайларын,түсіндірілуі мен асырылуын анықтайды.Азаматтық құқықтың біртұтас жүйесінде жалпы ережелерден кейін азаматтық құқықтар міндеттердің субьектілері,олардың құқық құқық және әрекетқабілеттілігінің пайда болуы мен өзгеруі,тоқтатылуы туралы бөлімдер келеді. Нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынсатарды реттейтін міндеттемелік құқық азаматтық құқықтың ең ірі бөлімі.Одан кейін шарттан тыс міндеттемелерді (деликт)қамтиды.Қабылданған жүйе бойынша деликтіден кейін интеллектуалды меншікке арналған.Одан сон мұрагерлік қатынастарын реттейтін  мұрагерлік құқық  азаматтық құқық жүйесінің қорытынды бөлімі болып тұр.

7. Романо-германдық азаматтық құқықтық жүйесі  (билетте бұл сұрақ жоқ)

8.Ағылшын-американдық азаматтық құқықтық жүйе (келмейді)

9.Мұсылмандық азаматтық құқықтық жүйесі(келмейді)

10.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАЙНАРКӨЗ ТҮСІНІГІ. Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Ол алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясы.Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген. 

-Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтікқұқықтық актілері жатады.

-Халықаралық шарттар (конвенциялар).Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

11. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМА ЖҮЙЕСІ                   Азаматтық құқықтың заңнама жүйесі -әр түрлі заң күші бар құқықтық-нормативтік актілердің жиынтығы. Азаматтық заңнама жүйесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, соған сәйкес қабылданған өзге де заңдарды, тең құқықты қатысушылардың ақша-тауар, мүліктік қатынастарын және мүлікпен байланысты өзіндік беймүліктік қатынастарын, сондай-ақ, мүлікпен байланысы жоқ өзге де қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарын, Парламент қаулыларын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларын (заңнамалық актілерін) қамтиды. Азаматтық заңнаманың нормалары заңдарда, нормативтік-құқықтық актілерде, заңнан туындаған нормативтік актілерде және халықар. шарттарда (келісімдерде) тұжырымдалған.

Заңнама жүйесінде мемлекеттің Конституциясы Негізгі Заң немесе Ата Заң болып табылады. Ол жоғары заңи күшке ие: мемлекеттік органдардың бүкіл заңдары мен басқа да нормативтік актілері Конституцияның негізінде және соған сәйкес шығарылуға тиіс. Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің ЖарлықтарынҚазақстан Республикасы ПарламентініңҚазақстан Республикасы Үкіметініңқаулыларын қамтиды.

12.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ КЕҢІСТІККЕ,УАҚЫТҚА,ТҰЛҒАЛАРҒА  ҚАРАЙ КОЛДАНЫЛУЫ

Жалпы ереже бойынша, азаматтық заңнама Қазақстан Республикасы аумағында тұратын/орналасқан барлық тұлғаларға қолданылады. Азаматтық заң құжаттарының керi күшi болмайды және өздерi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған қатынастарға қолданылады.

Азаматтық заң құжаттары күшiне енгiзiлгенге дейiн пайда болған қатынастар бойынша ол өзi күшiне енгiзiлгеннен кейiн пайда болған құқықтар мен мiндеттерге қолданылады.  

Ал азаматтық құқықтың тұлғаларға қарай қолданылуы жалпы ереже бойынша барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.Ерекше жағдайларға қатысты,мәселен шетел және азаматтығы жоқ тұлғаларға кейбір құқықтар мен міндеттер шектеледі.Мысалы,еркін жүріп тұруына, шекаралық заставаларға,әскери қалашықтарға,жабық обьектілерге кіруге құқығы жоқ.

Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдiк жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi

13.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАС ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ        АЗАМАТТЫҚ құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:

– азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары дербестікке, мүліктік оқшаулыққа және заңи теңдікке ие;

– азаматтық құқықтық қатынастың туындауына әкеп соғатын негізгі заңи фактілер болып мәмілелер, яғни құқықтық қатынас қатысушыларының ерікті еркін білдіру актілері табылады;

– қатысушылар құқықтық қатынас мазмұнын дербес анықтау мүмкіндігіне ие (шарт еркіндігі);

– азаматтық құқықтар бұзылған және азаматтық міндеттер орындалмаған жағдайда, құқықтық кепілдіктер мен жауапкершілік мүліктік сипатта болады;

-бұзылған азаматтық құқықтарды қорғау негізінен алғанда сот тәртібімен жүзеге асырылады

Азаматтық құқықтық қатынастың құрылымы: субъектілері, объектілері, мазмұныАзаматтық құқықтық қатынастың субъектілері дегеніміз – нақты азаматтық құқықтық қатынасқа қатысуына байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлғалар. Оларға жататындар:

– жеке тұлғалар;

– заңды тұлғалар;

– мемлекет;

– әкімшілік – аумақтық бөліністер.

Егер азаматтық құқықтық қатынастың қатысушылары құқыққа ие болса – несие беруші, ал міндет атқаратын тұлға болса – борышқор деп аталадыАзаматтық құқықтық қатынас объектілері дегеніміз – құқықтық қатынасты туындататын және қатысушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын материалдық немесе материалдық емес игіліктер және құқықтар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілеріне заттар (оның ішінде, ақша, бағалы қағаз), өзге де мүлік (оның ішінде, мүліктік құқықтар), жұмыстар, қызметтер, қаржы құралдары, интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған  нәтижелері, өзге де материалдық және материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны дегеніміз – азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективтік азаматтық құқықтары мен міндеттері             Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері

Құқыққа ие және міндет атқаратын  тұлғалардың өзара байланысының сипатына қарай құқықтық қатынастар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсолюттік құқықтық қатынаста құқыққа ие нақты тұлғаның субъективтік құқығына анықталмаған міндетті тұлғалардың міндеті сай келеді. Мысалы, меншік иесінің өз затын пайдалану, иелену және билік ету құқығына өзге барлық тұлғалардың кедергі жасамау, рұқсатсыз пайдаланбау міндеті қарсы тұрады.

Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқыққа ие тұлғаның белгілі субъективтік құқығына міндетті тұлғаның нақты міндеті сай келеді. Мысалы, заем шарты бойынша (заем беруші) қарызды алған тұлғадан (заемшыдан) ғана талап етуге құқылы.

Азаматтық құқықтардың көлеміне қарай құқықтық қатынастар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.

Мүліктік қатынастар материалдық игіліктер жөнінде және мүліктің нақты тұлғада болуында немесе бір тұлғадан өзге тұлғаға ауысуына байланысты туындайды.

Мүліктік емес қатынастар материалдық емес игіліктер мен құқықтар (ар-намыс, абырой, іскерлік бедел, өмір, денсаулық, шығармаға авторлық құқығы және т.б.) жөнінде туындайды. Бұзылған (нұқсан келтірілген) мұндай құқықтарды қорғау үшін мүліктік шаралармен (моралдық зиянды өтеу) қатар, мүліктік емес сипаттағы шаралар да қолданылады. Мысалы, авторлықты тану; іскерлік беделге нұқсан келтірген және шындыққа сай келмейтін жарияланған мақаланы жария жоққа шығару және т.б.

Азаматтық құқықтық қатынастар құқыққа ие тұлғаның мүдделерін қанағаттандыру тәсіліне қарай заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастар ретінде де бөлінеді.

Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын білдіреді және құқыққа ие тұлғаның әрекеттерімен жүзеге асады. Мысалы, меншік құқығындағы затты иелену, пайдалану, билік ету.

Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастардың динамикасын реттейді, яғни затты беру, жұмысты орындау, қызметті көрсету жөніндегі қатынастарда көрініс табады. .

Азаматтық құқықтық қатынастардың басым көпшілігі күрделі болып келеді, себебі, екі тарапта да (әр қатысушы да) өзара байланысты құқықтар мен міндеттер (сатып алу-сату, айырбас шарттары және т.б.) болады.

14.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ,ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ          Құқықтық қатынастың пайда болуы үшін  нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады. Азаматтық құқықтық қатынстарды өзгерту немесе тоқтату үшін  осындай мән-жайлар қажет болады.Мқндай мән-жайлар –заңдық фактілер деп аталады.Бқл құқықтық қатынсатың нақты алғышарты болып табылады.Заңдық факт дегеніміз- заң құқықтық қатынсатардың пайда болуын,өзгеруін немес тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай. Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:

1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;

2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;

4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;

5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;

6) басқа жаққа зиян келтiру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;

8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Заңдық фактілердің құқықтық қатынастардың ықпал етуіне қарай құқықты туғызатын,құқықты өзгертетін және құқықты тоқтатын  деп бөлуге болады.Шарт жасау арқылы немесе зиян келтіру салдарынан құқық туады ;мерзімнің өтуі,шарттың бұзылуы немесе  орындалуы құқықтық қатынастың тоқтатылуына әкелсе; қалыптасқан құқықтық қатынастың мазмұнын өзгерту ол құқықты өзгертуге әкеледі.

15.АЗАМАТТАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ 

Азаматтық құқықта әрбір адамның,мейлі ол ҚР азаматы болсын,мейлі басқа елдің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын  ол азаматтық құқықтың субьектісі болады .

«Жеке тұлға» ұғымына Қазақстан Республикасының азаматы, шет ел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға кіреді. Бұл үш категорияға жататын адамдардың қай-қайсысы болмасын жекеше немесе көпше түрде жеке тұлға ұғымын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы «азаматтар» терминін қолдану арқылы жеке тұлға (яғни, Қазақстан Республикасының азаматы, шет ел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға) ұғымын (тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте) қамтиды.

Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атұару қабілеті оның құқық қабілеттілігі болады.Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену,жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп,оларды орындау қабілеті оның әрекетқабілеттілігі болады. 

16. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ  ҰҒЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Құқық қабілеттілік,жеке тұлғаларды қоса алғандағазаматтыұ ұүұыұтың барлық субьектілерінің азаматтық құқық субьектілігінің негізі болып табылады.Азаматтық құқық қабілеттілігі жоқ субьект мүлдем азаматтық құқық субьектісі бола алмайды.Азаматтардың құқық қабілеттілігі – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті, делінген ҚР Азаматтық кодексінде. Дегенмен, біздің пікірімізше құқыққабілеттілік – қабілет емес, мүмкіндік болса керек. Яғни, заңнамамен бекітілген азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару мүмкіндігі және бұл мүмкіндік заңнамамен кепілдік етіле отырып, азаматтың туылған сәтінен басталады. Азаматтың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұнын азаматтың Қазақстан Республикасы аумағында да, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе өзге азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығын алуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болады.

     Азаматтың құқық қабілеттілігі дүниеге келген (туылған) сәтінен басталады және оның қайтыс болуымен тоқтатылады.

    Азаматтың құқық қабілеттілігін шектеу заңнамамен қарастырылған тәртіп, мерзім және жағдайларда орын алуы мүмкін. Мысалы, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған адамның құқық қабілеттілігінің мазмұнын құрайтын құқықтары мен заңи бостандықтары шектелуі мүмкін, соның ішінде, қылмыстық жаза мерзімі аяқталмай кез келген елді мекенді және өзге мемлекеттерді еркін кезіп жүре алмайды және т.б.

17.АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ  

    Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз – азаматтың өз әрекеттері негізінде азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті. Азаматтардың әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады.

- он төрт жасқа дейінгі әрекет қабілеттілік бойынша азамат жасына сай келетін ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы. Мысалы, бес жасар бала дүкеннен балмұздақ сатып алатын болса, мәміле оның жасына сай келеді деп танылады және жарамды болып саналады.

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда олардың заңды өкілдері (ата-анасы немесе асырап алушысы не қорғаншысы, қамқоршысы) олардың табыстарына билік ету құқығын шектеуге немесе ол құқықтан айыруға құқылы. Мысалы, осы жастағы азамат өз табысын мақсатсыз және тиімсіз, яғни, спирт ішімдіктерін алып ішуде немесе сол сияқты пайдасыз нәрселерге жұмсауда болса, онда ата-анасы шектеу қоюға құқылы.

- он сегіз жастан бастап толық әрекет қабілеттілік танылады. Толық әрекет қабілеттілігі бар азамат кез келген азаматтық құқықтық қатынастарға қатыса алады, мәмілелерді жасауға құқылы.

Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) үшін жасы он алтыға толған адам, егер еңбек шарты бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келсе заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының) келісімімен (рұқсатымен) айналыса алады, яғни мұндай азамат толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін. Эмансипация қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе сот шешімі бойынша жүргізіледі.

Егер азамат спирт ішімдіктеріне және/немесе есірткі заттарға салыну нәтижесінде өз отбасын ауыр материалдық жағдайға ұшырататын болса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындалады.

Егер азамат ақыл-есі кемдігі немесе жүйке ауруына шалдығуы салдарынан өзінің не істегенін білмесе және оған жауап бере алмаса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қорғаншы тағайындалады.

Егер азамат ішімдік ішуінен, есірткі заттарды пайдалануынан тиылса немесе оның ақыл-есі медициналық қорытындыға сай дұрысталса, сот алдыңғы шешімдерінің күшін жоюы мүмкін.

Мына жағдайларда:

- он төрт жасқа дейінгі азаматтың ата-анасы қайтыс болса;

- он төрт жасқа дейінгі азаматтың ата-анасы ата-аналық құқықтарынан айрылса;

- азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылса, қорғаншылық тағайындалады.

Егер:

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтың ата-анасы қайтыс болса;

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтың ата-анасы ата-аналық құқықтарынан айрылса;

- азаматтың әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылса, қамқоршылық тағайындалады.

18.АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІ ӘРЕКЕТҚАБІЛЕТТІЛІГІ

  Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, кәмелетке толмағандардың әрекетқабілеттілігін шектеу тікелей заң  актілерімен жүзеге асырылады, ал кәмелетке толмағандардың әрекетқабілеттілігін шектеу  тек сот арқылы шешіледі.

14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады,сондықтан олардың атынан ата-аналары,асыраушылары,қорғаншылары мәмілелер жасайды.Әрекетке өабілетсіз кәмелетке толмағандаркелтірген зиян үшін де осылар табылады.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы.

Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.

Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн осы Кодекстiң ережелерi бойынша жауап бередi.

19.АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІ       

Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi.

Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуiр жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабiлеттiлiгi бар деп таниды, бұдан кейiн одан қорғаншылық алынады.

Жүйке ауруы немесе ақыл –естің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматтар әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.Егер азамат спирт ішімдіктеріне және/немесе есірткі заттарға салыну нәтижесінде өз отбасын ауыр материалдық жағдайға ұшырататын болса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындалады.

Егер азамат ақыл-есі кемдігі немесе жүйке ауруына шалдығуы салдарынан өзінің не істегенін білмесе және оған жауап бере алмаса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қорғаншы тағайындалады.

Егер азамат ішімдік ішуінен, есірткі заттарды пайдалануынан тиылса немесе оның ақыл-есі медициналық қорытындыға сай дұрысталса, сот алдыңғы шешімдерінің күшін жоюы мүмкін.

Мына жағдайларда:

- он төрт жасқа дейінгі азаматтың ата-анасы қайтыс болса;

- он төрт жасқа дейінгі азаматтың ата-анасы ата-аналық құқықтарынан айрылса;

- азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылса, қорғаншылық тағайындалады.

Егер:

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтың ата-анасы қайтыс болса;

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтың ата-анасы ата-аналық құқықтарынан айрылса;

- азаматтың әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылса, қамқоршылық тағайындалады.      20.ХАБАР ОШАРСЫЗ КЕТУ

Егер азаматтың тұрғылықты тұратын жерінде бір жыл бойы ол туралы ешқандай деректер болмаса, мүдделі тұлғалардың (ата-анасы, кәмелетке толған балалары және с.с.) арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді.

Егер азаматтың тұрғылықты тұратын жерінде (яғни, бейбітшілік уақытта) үш жыл бойы ол туралы ешқандай деректер болмаса немесе соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметші немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіздер болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамды, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот өлді деп жариялауы мүмкін.

Сот шешімінде нақты күн көрсетілмесе, оның заңды күшіне енген күні, азаматтың өлген күні болып есептеледі.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және өлді деп жариялау, мұндай адамның мүлкіне қорғаншылық тағайындау, сондай-ақ оның өзге де мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын қорғау және жүзеге асыру үшін қажет. Жоғалған адамның меншігінде мүлкі болуы мүмкін. Мысалы, сенімхат берілмеген автокөлікті иесінен өзге адамдардың жүргізуіне болмайды. Отбасылық қатынастарды да құқықтық реттеу қажеттігі туындауы мүмкін. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы жолдасынан үміт үзіп, басқа адамға тұрмысқа шыққысы келеді. Бір адаммен заңды некеде тұрған кезінде бұған жол берілмейді. Егер де азаматты өлді деп жариялау жөніндегі сот шешімі болса, мұрагерлік құқығы бойынша мұра ашылады, оған тиесілі мүліктің тағдырын заң тұрғысынан шешу, сондай-ақ қажеттілік болса некені тоқтатып тұрмысқа шығу немесе үйлену (жаңадан некеге тұру) мүмкіндіктері туындайды.




1. Контрольная работа по менеджменту 3 Выполнила- ст
2. Русский язык как неродной
3. тема могла б будувати її посвоєму що призвело б до несумісності і непереносимості програм
4. Реферат- Вероятностные сетевые модели в средней школе
5. лекция новинок декоративной косметики компании Батэль
6. Вариант 1 1.1. Как изменяется давление идеального газа в ходе процесса 12 на приведенной ниже VT д
7. Маркетинг был востребован практикой в связи с возникшими трудностями со сбытом товаров исторически в боле
8. Морено Торроба
9. ПТК ~ це спеціально обладнане приміщення що складається з кімнати для групової та індивідуальної психопро
10. В настоящее время в большинстве стран мира наблюдается интенсивное внедрение лазерного излучения в био