У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Хан Шатыр Б~йтерек А~орда Бейбітшілік ж~не келісім сарайы М~~гілік Ел монументі к~птеген

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 1.2.2025

Оқытушы: Бүгінгі біздің саяхат сабағымыз Елордамыздағы соңғы жылдары салынған керемет ғимараттар төңірегінде болмақ.

Айнұр: Меніңше, Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Хан Шатыр»,  «Бәйтерек»,  «Ақорда»,  «Бейбітшілік және келісім сарайы»,  «Мәңгілік  Ел» монументі, көптеген аспанмен  таласқан әсем ғимараттар  бой көтерді. Бұл сәулеттік ансамбльдердің композициялық өзегі  бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.

Ақназар: Дұрыс айтасың, мен өзім көріп тамашалаған «Мәңгілік ел» монументі туралы айтқым келеді. Аталмыш Салтанат қақпасы Астана қаласының ең жарқын  сәулеттік ғимараттарының бірі. Еліміздің мерейтойына арналып арнайы жасалған бұл ғимараттың негізгі идеясы – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Салтанат қақпасы осы 20 жылдың  ішінде қол жеткізген жетістіктеріміз бен жас мемлекетіміздің дамуын сипаттайды.       Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық тойына арналып  салынғандықтан, бұл архитектуралық құрылыстың биіктігі 20 метрді құрайды. «Мәңгілік Ел» қақпасын әлемнің басқа Салтанат қақпаларымен салыстыратын болсақ, онда ғимарат біріншіден шығыстық стилі жағынан, екіншіден сұлбасы жағынан өзгешеленеді екен. Қақпаның әр қапталынан қуыс ойықшалар орын тепкен. Осы қуыс ойықшаларда қазақ халқы туралы  мәлімет беретін мүсіндер орналастырылған. «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының авторлары Астана қаласы архитектура және сәулеттік құрылыс басқармасының бас дизайнері Сағындық Жанболатов пен  жас сәулетші Қанат Қорғанов болса, ғимараттағы мүсіндердің авторы Мұрат Мансұров жетекшілік еткен шығармашылық топ.

Томирис: Иә, Ақназар, сенің ақпаратың қызықты екен. Мен Бейбітшілік пен келісім сарайы жайында айтып берейін. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Сарай Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республиканың  жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы – атақты британ сәулетшісі Норман Фостер.

Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 метр, ауданы 25,5 мың шаршы метр.  Сарай болат пен тастан тұрғызылған.   Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы  Нью- Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған. Бейбітшілік пен келісім сарайында  1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған, оның кіре берісі жер астында орналасқан. 

Қырмызы: Айшагүлдің әңгімесінен де бұл ғимараттың ерекшелігін білдік. Ал, «Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр. Шатырдың ішінде бірнеше деңгейде көптеген дүкендер, мейрамханалар, кинотеатрлар және спорт кешені орналасқан.

Астананың температурасы жазда +30 градустан қыста -30 градусқа дейін төмендейтіндігіне қарамастан, мұнда әртүрлі климаттық белдеу сақталып, оның ішінде жаз кезіндегідей тұрақты температура қамтамасыз етіледі. Сәулетшілер толқынды бассейн, өзенше және сарқыраманы да ойластырған. Шатыр құрылысы төрт жылға созылды. «Хан Шатыр» кешенін салуда британдық сәулет фирмасы жоспарлаған арнайы 150 метрлік көлбеу құрастырмалар орнатылған. Сондай-ақ, оның күн сәулесін өткізетін мөлдір жабыны қазақстандық климаттың қандай күшті аяздарынан да қорғайды.

Оқытушы: Сонымен, саяхат сабағымызда елордамыздың көрнекті жерлері туралы қызықты ақпараттармен таныстық. Енді осы жерлерді аралап қайтайық.

Байтерек

Бәйтерек архитектурасы - ХХI ғасырдың басындағы алғашқы ұлттық сәулет туындысы. Металдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 метр, Астана қаласының елорда мәртебесіне ие болған жылға байланысты таңдалған. Әлемде бірінші  рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биікке көтерілуі бойынша) ие болды. Бәйтерек  - халқымыздың руханиятының ажырамас бөлігі. Қазақ халқының: «Бәйтеректей тамыры терең жайылған ұрпағың көп болсын, елің, жерің тыныш, кабырғаң қайыспасын, тіккен отауың шайқалмасын, бәйтеректей беделді тұлға бол» деген баталы сөзі бар. Міне, сол Бәйтерек ғимараты мемлекет басшысы отырған Ақорданың құбылаға қараған жағында орналасқан. Астана бәйтерегі бүгінде халқымыздың мәртебесін биіктетіп, еңсесін көтеріп тұр. Ол - Астананың ғана емес, халықтың символына айналды.

«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен, оған қол табы тигенде Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген  осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 тонна металл құрылыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дарқандықтың көрінісі секілді.  




1. чтобы изображение воспринималось надо чтобы между 2 колбочками была одна невозбужденная
2. Все персонажи события и диалоги были рождены в воображении автора и не могут рассматриваться как взятые из
3. Русских Ведомостей
4. Учебное пособие- Психолого-педагогические аспекты тестирования
5. Контрольная работа на тему ldquo;Философия истории Карла Марксаrdquo;
6. Quint prte.
7.  Основные отличия языков МЭК61131 от языков программирования общего назначения
8. Методические рекомендации Ответ на первый вопрос начните с характеристики житейских психологических знан.html
9. Тема- Анализ организации маркетинга на предприятии 1
10. лекція тварин АВТОРЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступенякандидата сільськогосподарс