Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Таухид Улюһиядәлелдері және маңыздылығы
Таухид Улюһия
дәлелдері және маңыздылығы
www.darulhijra.ru сайты
بسم الله الرحمن الرحيم
Таухид Улюһия араб тілінде (Иләһ) деген есімнен алынған. Оның мағынасы: "Оған құлшылық етілетін және бойұсынылатын тәңір" - дегенді білдіреді. Бұл - Аллаһтың көркем есімдерінің бірі. Ал Улуюһия Аллаһтың сипаттарының біріне жатады. Демек, Аллаһ Оған құлшылық етілетін және бойұсынылатын Раббы. Сондықтан Аллаһқа ғана құлшылық ету және Оған бойұсыну парыз болады. Өйткені Раббың Аллаһ сені және бүкіл әлемді, ондағы барлық жанды және жансыз нәрселерді жаратқан. Бізге өзінің шексіз нығметтерін төккен. Сондай-ақ Аллаһ бүкіл әлемдегі істерді басқарады. Оның қалуынсыз ешнәрсе болмайды, ал Ол қалаған нәрсе міндетті түрде болады. Сонымен қатар Аллаһ барлық көркем сипаттар иесі және кез-келген кемшілік пен айыптан пәк. Сондықтан құлшылық осының барлығы оның қолында болған Раббымыз Аллаһқа арналуы керек. Осыған орай Таухид Улюһия дегеніміз ол: "Жалғыз Аллаһты құлшылықта бірлеу" - деген мағынаны білдіреді. Ол қалай болады? Ол: "пенденің “расында жалғыз Аллаһ қана шынайы құлшылыққа лайықты” - деп айқын білуімен және бұл сипатқа жаратылыстардың ешбірі ие емес" - деп иман келтірумен болады.
Егер адам осыны білсе және солай деп иман келтіретін болса, онда ол құлшылықтың барлық түрін (ішкі және сыртқысының) барлығын - тек Аллаһқа арнайды. Яғни, сырт көзге көрінетін: намаз, зекет, ораза, қажылық, жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару, әке-шешеге жақсылық қылу және туысқандық қарым-қатынасты ұстау сияқты құлшылықтың түрлерін Аллаһқа ғана арнап орындайды. Және сырт көзге көрінбейтін: Исламның негіздерін; Аллаһқа иман келтіру, періштелеріне иман келтіру, кітаптарына, елшілеріне, Ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру - сияқты жүрекпен атқарылатын құлшылықтың түрлерін де тек Аллаһқа арнаған күйде орындайды. Сонымен қатар осы амалдарында тек Раббысының сауабы мен разылығын ғана қалайды.
Дәлелдері:
Таухид улюһияның дәлелдеріне келер болсақ, Құранда Таухидтің бұл түріне байланысты дәлелдер өте көп, және әр түрлі болып келген. Тіпті ғұламалар: "Құранның барлығы таухид улюһия жайында" - деген. Осыған орай Құранда аяттар:
Аллаһ Тағала айтады:
"Ей адамдар, сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар! Мүмкін сақтанарсыңдар" 3
"Раббың тек Оның Өзіне ғана құлшылық етуіңді бұйырды" 4
"Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер, Оған еш нәрсені серік қоспаңдар" 5
Аллаһ тағала айтады:
"Жын мен адамзатты тек Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым!" 6
Аллаһ Құранда:
"Расында әр үмметке: "Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер де, тағуттан сақ болыңдар!" - дейтін елші жібердік" 7 - деді
"Сеннен бұрын қандай-да бір елші жіберсек, оған: "Расында Менен басқа ақиқат құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, сондықтан Маған ғана құлшылық етіңдер" - деп уахи етіп жібердік" 8 - деді.
«Аллаһ Өзінің әмірімен періштелерді қалаған пенделеріне (пайғамбарларына): "Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, сондықтан Менен ғана қорқыңдар!" - деген уахимен түсіреді!" 9
"Иман келтірген және имандарын зұлымдықпен араластырмағандар, міне - солар үшін амандық бар, әрі солар тура жолға түсірілгендер" 10
"Расында кімде-кім Аллаһқа серік қосса, ақиқатында Аллаһ оған жәннәтті харам етеді, әрі оның баратын жері тозақ болады. Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ" 11
"Аллаһпен бірге басқа біреуді тәңір қып, сөгіске ұшыраған және барлық жақсылықтан махрұм болып тозаққа түсіп жүрме"12
Сүннетке келетін болсақ, онда да осы таухидтің дәлелдерін және оның маңыздылығын баяндайтын хадистер өте көп.
1. Мұаз ибн Жәбәлдан риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (солляЛлаһу алайһи уа саллям) Мұазға айтады: "Ей Мұаз, Аллаһтың пендеге болған ақысын білесің бе?-дейді. Мұаз: "Аллаһ және Оның елшісі білушірек!" - дейді. Пайғамбарымыз (солляЛлаһу алайһи уа саллям) айтады: "Олардың Аллаһқа құлшылық етулері және Оған еш нәрсені ортақ қоспаулары" - дейді. Содан кейін пайғамбарымыз (солляЛлаһу алайһи уа саллям): "Пенделердің Аллаһқа болған ақыларын білесің бе?"-дейді. Мұаз: "Аллаһ және Оның елшісі білушірек!" дейді. Пайғамбарымбарымыз (солляЛлаһу алайһи уа саллям): "Аллаһтың оларды азаптамауы" - дейді. (Сахих Бухари / 7373)
2. Ибн Аббас айтады: Пайғамбарымыз (солляЛлаһу алайһи уа саллям) Мұазды Иемен жаққа жібергенде оған былай деп айтты: "Расында сен кітап иелерінен болған қауымға барасың, оларды шақыратын ең біріщі нәрсең: "Аллаһ Тааланы бірлеу болсын. Егер олар соны қабылдаса, Аллаһ оларға бес уақыт намаз парыз еткенін хабарла..." - деді. (Сахих Бухари / 7372)
3. Ибн Масуд айтады: Аллаһтың елшісі (солляЛлаһу алайһи уа саллям) былай деді: "Кімде-кім Аллаһтан өзге біреуге дұға қылған күйде өлсе, тозаққа кіреді!" (Сахих Бухари / 4497)
4. Жәбир ибн Абдуллаһ айтады: Пайғамбарымыз (солляЛлаһу алайһи уа саллям): "Кімде-кім Аллаһтың алдына Оған еш нәрсені серік қоспаған күйде барса, жәннәтқа кіреді. Кімде-кім Аллаһтың алдына Оған бір нәрсені серік қосқан күйде барса, тозаққа кіреді!" деді. (Муслим / 93)
Маңыздылығы
Таухид улюһияның маңыздылығына келер болсақ, таухидтің бұл түрі діндегі ең маңызды нәрсе болып табылады. Оның маңыздылығын қайдан білеміз? Өйткені:
1. Адамдар мен жындардың жаратылуынан болған мақсат ол Аллаһқа ғана құлшылық ету.
2. Аллаһтың бұл дінді шариғаттаған себебі - ол бір Оның Өзіне ғана құлшылық ету.
3. Кітаптардың түсірілуі және елшілердің жіберілуінен болған мақсат: таухид улюһияға бұйыру, оған шақыру және оған қарсы келуден сақтандыру.
4. Адамның дүние-ақыретте бақытты болуы бір Аллаһқа ғана құлшылық етуіне және Оған еш нәрсені серік қоспауына байланысты.
5. Таухид улюһияның болуы себепті жерде бетінде жақсылық тарайды және оның жоғалуымен - жамандықтар көбейеді.
6. Таухид улюһияның маңыздылығы үшін адамдар мұсылман мен кәпірге, біреулер жәннәттық, біреулер тозақтық болып екіге бөлінген.
7. Таухид улюһияның маңыздылығы себепті - әрбір пайғамбар өз елін ең бірінші осыған шақырған.
8. Таухид улюһияның маңыздылығы соншалықты, пайғамбарлардың қауымдары өздерінің діндерін және ата-бабаларының жолдарын тастамау үшін пайғамбарларға қарсы шыққан. Олардың кейбіреулерін өлтірген, біреулеріне жала жауып, үстінен мазақ қылған. Кейбірін есінен айрылған деген, кейбірін сиқыршы, өтірікші деген. Бірақ осы қиыншылықтарға қарамастан пайғамбарлар таухидті жеткізген, әрі діндерінде берік болған. Пайғамбарлар оларды бір Аллаһқа ғана құлшылық етуге бұйырып, оларды ширктен тыяды. Ал олар Аллаһқа серік қосудан тыйлмайды да, бәлкім: “бұл - біздің ата-бабаларымыздың ұстанған діндері, ол пұттарда біз үшін Аллаһтың алдында шапағат ету қасиеттері бар. Олар біздің дұғаларымызды Аллаһқа жеткізеді, олар болмаса Аллаһ біздің дұғаларымызды қабыл етпейді. Өйткені біз олар сияқты әулие емеспіз” - деп құлшылықтарында Аллаһқа серік қосады. Аллаһ Таала Құранда пайғамбарлардың қауымдары оларға қалай қарсы шыққандары жайлы айтады: Худ пайғамбар өз қаумын бір Аллаһқа құлшылық етуге шақырып, оларды келер қатты азаптан ескерткенде, олар оған:
"Сен біздерді құдайларымыздан бет бұрғызу үшін келдің бе?! Онда егер шыншылдардан болсаң, біздерге уәде еткен Аллаһтың азабын келтірші!" 13 - деді.
Солих пайғамбардың қаумы оған былай деген:
"Біздерді ата-бабаларымыздың құлшылық етіп келе жатқан пұттарына ғибадат етуімізден қайтарасың ба? Расында біз сенің шақырып жатқан дініңнен күманданудамыз!"14 - деген.
Құрайыштың кәпірлері пайғамбарымыз Мұхаммед (солляЛлаһу алайһи уа саллям) оларды таухидке шақырғанда, олар оған таң қалып былай дейді:
«Мүшрікер оларға өздерінен болған бір ескертуші келгенінен таңырқады, және кәпірлер: "Бұл бір өтірікші - сиқыршы, сонша құдайларды бір құдай ете ме? Расында бұл таң қаларлық нәрсе!"» 15 - дейді.
Сөйтіп олар "لا إله إلا الله" кәлимасын айтудан және оны қабылдаудан бас тартады.
Пайғамбарымыз (солляЛлаһу алайһи уа саллям) хадиінде айтады: "Кімде-кім “Ляя иляһа илляЛлаһ” деп айтса және Аллаһтан өзге құлшылық қылынып жатқан құдайларға қарсы болса, оның мал-мүлкі және қаны харам етіледі, және оның есебі Аллаһқа тән!"-дейді. (Сахих Муслим / 23)
Бұл дегені, таухид кәлимасын аузымен айтып қана қою адамды толық мұсылман қылмайды. Тіпті оның мағынасын біліп қою да, оны мойындау да жетпейді. Сондай-ақ тек жалғыз Аллаһқа құлшылық етумен шектелу де жетпейді. Қашан адам Аллаһтан өзге құлшылық етіліп жатқандарға қарсы болмайынша, ол толық мұсылман болмайды. Міне осы келген дәлелдердің барлығы таухид улюһияның маңыздылығын, және осы үшін пайғамбарлармен олардың қауымдарының арасында келіспеушіліктер пен қарсылықтар болғанын баяндайды.
Аллаһтан осы дінде ең ақырғы деміміз қалғанына дейін берік болуымызды сұраймын!
Елшілердің ең артығы пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның сахабаларына әрі оларға ергендерге Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!
3 Бақара: 21
4 Исра: 23
5 Ниса: 36
6 Зарият: 56
7 Нахль: 36
8 Әнбия: 25
9 Нахл: 2
10 Әнғам: 82
11 Маида: 72
12 Исра: 39
13 Ахқоф: 22
14 Һуд: 62
15 Сад: 4-5