Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1.Қaзақстан Республикасының құқық жүйесіндегі азаматтық құқық.
Азаматтық құқық бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады.
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған.
Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.
І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
Азаматтық құқық дегеніміз азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
2. Азаматтық құқықтың қағидалары
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:
Азаматтық құкықтың қағидаларына:
- азаматтық құқық қатынасы қатысушыларының теңдік принципі;
- жеке істерге өздігінен араласуға шектеу қою принципі бұл принцип негізінен көпшілік билігінің әрекетінен қорғануға бейімделген;
- келісім еркіндігі: тұлға серіктесті келісім бойынша өздігінен таңдайды, екі жақ келісімшартқа отырған кезде және оның шарттарын анықтаған кезде еркін болады;
- азаматтық құқықтың, оның қалпына келуі мен қорғалуының еш мүлтіксіз жүзеге асуы принципі;
- тауардың, қызмет көрсетудің және еңбектің ҚР барлық аумақтарында еркін қозғалысы мен айналымы принципі.
Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
3. Азаматтық құқықтың жүйесі. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.
Азаматтық құқық бұл құқықтық нормалар жүйесі, бұл олардың тек бірлігін ғана емес, қосалқы сала мен институттарға жіктелуін, сарапталуын да ұсынады. Жеке қосалқы салалар мен институттың бөлінуі оларды құраушы нормалардың бір негіздегі біршама байланыстылығына негізделеді.
Азаматтық құқық жүйесі былайша бөлінеді:
- жалпы бөлімі, оның нормалары азаматтық құқықтың барлық қалған бөліктері үшін біріктіруші бастама болып табылады (мысалы, заңды және жеке тұлғалары туралы, азаматтық құқық нысандары туралы, меншіктік құқық туралы, келісімдер туралы, тағы да басқа нормалар);
- ерекше бөлімі, мына салалардағы қатынастарды реттейді: міндеттеменің жеке түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, халықаралық жекеше құқық және т.б.
Сонымен, азаматтық құқық жүйесі бұл бөлімдердің, институттардың және нормалардың ішкі логикалық байланыс пен тәуелділіктегі жиынтығы.
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің жүйесі
Азаматтық құқықтың қайнар көздері бұл азаматтық-құқықтық нормалардың көріну формалары.
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
а) Заңнама актілері, заңға тәуелді актілер;
б) Халықаралық келісімдер;
в) Іскери айналым әдеттері;
г) ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары.
Заңнама актілері мен заңға тәуелді актілер заңдылықтың кең түсінігіне енеді. Нормативтік-құқықтық актілердің орналасуы оның заңды күші бойынша (иерархия) кең тәжірибелік маңызға ие. Нормативтік-құқықтық актілер арасында қарама-қайшылық болған жағдайда иерархия көмекке келеді. Иерархияның жоғары сатысында тұрған актілерді басшылыққа алу қажет, ал егер актілер бір сатыда тұратын болса мерзімі бойынша кешірек қабылданғаны қолданылады (ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы).
4. Азаматтық құқықтың құқық қатынастарының ұғымы және түрлері. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері.
Азаматтық құқық қатынасы бұл азаматтық құқықтың нормаларымен реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан тең саналады.
Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:
- азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі, мүліктік жалпыламалығы және заңды теңдіктері;
- азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл келісім, мәмілелер;
- құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі;
- азаматтық құқық бұзылған жағдайдағы басым сот тәртібі.
Азаматтық құқықтық қатынас туралы неғұрлым анық көрініс оны тек қана біртұтас жалпы деп қарастырған кезде ғана емес, оның құраушы элементтерін жеке қарастырғанда да туады, оның қатарына құқықтық қатынастың мазмұны, субъектілері мен нысандары жатады.
Азаматтық құқық қатынасының құрылымы
Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді:
1) құқықтық қатынас субъектілері;
2) құқықтық қатынас нысандары;
3) құқықтық қатынас мазмұны.
Құқықтық қатынас субъектілері бұл азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері бола алады:
- жеке тұлғалар;
- заңды тұлғалар;
- мемлекет;
- әкімшілік-аумақтық бірліктер (ҚР АК 1 бабының 1 тарауы).
1 Өзара байланыс сипаты бойынша құқықты болған және міндетті тұлғаны абсолюттік және қатыстық құқықтық қатынас деп бөледі.
Абсолюттік құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаның субъективтік құқығына міндетті тұлғалардың анықталмаған тобының міндеттері хабарланады. Осылайша, меншік иесінің өзіне тиесілі затты иемденуге, қолдануға және басқаруға құқығына басқа барлық тұлғаның оған затты қолдануына кедергі болмау міндеттемесі сәйкес келеді. Сондықтан жауапкершілік шаралары да осы жағдайда құқықты болған тұлғаның абсолюттік құқығын бұзған кез-келген тұлғаға қолданыла алады. Қатыстық құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаға қатаң түрде анықталған міндетті тұлға және міндеттеменің орындалуын талап ету қарсы тұрады, ал оның орындалмаған жағдайында күштеу шараларын осы міндетті тұлғаға ғана қолдануға болады. Осылайша, тек қана қарызға ақша алған тараптардан қарыз қайтаруды талап ету қажет.
2 Азаматтық құқық нысаны бойынша мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынас деп бөледі.
Мүліктік құқықтық қатынас қашанда материалдық жағдайға (мүлікке) байланысты туады және де не нақты бір тұлғадан мүлікті табумен (меншік иесі құқығы және т.б.) немесе мүліктің бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуымен (келісімшарт бойынша, мұрагерлік тәртіпте) байланысты. Мүліктік құқықты қорғау үшін тек қана мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыздық айыбы, зиянның орнын толтыру және т.б.). Мүліктік емес құқықтық қатынас материалдық емес жағдайға байланысты туады, олар: ар-ұят, намыс, іскери бедел, шығарманың авторлығына құқық және т.б. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық шығын өтемақысы) мүліктік емес сипаттағы шаралар да қолданылады (авторлықты мойындау, көпшілік алдында теріске шығару және т.б.).
3 Құқықты болған тұлғаның қызығушылықтарын қанағаттандыру тәсілдері бойынша заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастарға бөледі.
Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын жанамалайды және құқықты болған тұлғаның өзінің әрекеттерімен жүзеге асырылады (мысалы, меншік иесі құқығында тұлғаға тиесілі затты иемдену, қолдану мен басқару).
Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастың динамикасын реттеп отырады: затты беру жайындағы қатынас, жұмысты орындау мен қызмет көрсету.
4 Қатысушылардың арасындағы құқық пен міндеттемелерді бөлу бойынша жай және күрделі құқықтық қатынастар деп бөлінеді. Азаматтық құқықтық қатынастардың көпшілігі күрделі болып табылады, яғни әрбір қатысушының бір мезгілде әрі құқығы, әрі міндеттемесі болады.
Қарапайым құқықтық қатынастарда бір қатысушыда тек қана құқық, ал екінші бір қатысушыда тек қана міндеттеме болады (мысалы, қарыз келісімінде).
. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Элементі :Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатынасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).
5. Азаматтық құқық қатынастарының туындау, өзгеру, тоқтатылу негіздері. Заңдалық фактілер.
Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Сондықтан заңды фактілер құқықтық норма мен азаматтық құқықтық қатынас арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз бір де бір азаматтық құқықтық қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді және тоқтатылмайды.
Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде түсінетініміз қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.
Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан және оны орнатып, өзгертіп немесе тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды.
Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген.
Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т.б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т.б.
Барлық әрекеттер мен оқиғалар азаматтық-құқықтық салдарларды
тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады.
Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынасын реттейді, олардың осы әрекетінен осы қатынастар қалыптасады, яғни заңды фактілердің негізгі массасын азаматтық құқықта адамдардың әрекеттері құрайды.
Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.
Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес.
Өзінің заңды мәніне қарай барлық заңды әрекеттер заңды істер және заңды актілер болып бөлінеді. Заңды істер дегеніміз азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын нақты бір заңды әрекеттер.
Заңды актілер бұл сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады.
Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі әкімшілік құқықтық қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады.
Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады. ҚР АК 147 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған әрекеті келісім болып саналады.
Осылайша, келісімдер қатарына мыналар жатады: әртүрлі келісімдер (сату-сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, мүлікті жалға алу, басқа жалға алу, қарыз және т.б.), конкурс жариялау, өсиетхат және басқа да заңды әрекеттер, бұлардың барлығы да нақты бір азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатымен азаматтық құқық субъектілерімен жасалады.
Осылайша, азаматтық құқықта заңды фактілер мынадай жіктеліске ұшырауы мүмкін:
а) оқиға мен әрекет;
б) заңды және заңсыз әрекеттер;
в) заңды әрекеттер және заңды актілер;
г) әкімшілік актілер мен келісімдер.
6. Жеке тұлғалар азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде.
«Азамат» және «жеке тұлға» ұғымының ара қатынасы. Азаматтық құқық қабілеттің мазмұны мен түсінігі, оның басталуы мен тоқтатылуы. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шет ел азаматтарының құқық қабілеттілігі.
Құқық қабілеттілікті шектеу.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі. Толық және жартылай әрекет қабілеттілік. Әрекет қабілеттілікті шектеу. Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібі. Қорғаншылық және қамқоршылық.
Азаматтардың мүліктік жауапкершілігі. Кәсіпкер-азаматтардың банкроттығы.
Азаматтардың тұрғылықты жері және оның құқықтық маңызы.
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялаудың құқықтық жағдайлары мен шарттары, тәртібі.
Азаматтық құқықтың субъектілерінің арасында АК ҚР азаматтарын және басқа да жеке тұлғаларды бөліп қарастырады, ҚР АК 2 тарауы соларға арналған. «Жеке тұлғаның» жалпы түсінігі ҚР АК 12-бабында қалыптасқан. Бұл бап жеке тұлға түсінігімен ҚР азаматтарын, шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды біріктіреді.
Демек, азаматтық айналымдағы бағалы қатысуы үшiн жеке тұлға қабiлеттiлiктiң азаматтық құқық иеленуi қажет, яғни азаматтық құқығы мен мiндеттеріне ие болуы керек және оларды жүзеге асыруы қажет. Бұл қасиетке ие болу да индивидтi азаматтық құқықтың субъектiсіне айналдырады. «Құқық иелену» термині азаматтық заңнамада қолданбайтын болса да, азаматтық құқық иеленудiң бастаулары экономикалық тауарлық қатынастарда негiзделедi, осы көрcетiлген қасиет позитивтi құқықпен бекiтіледі. Құқық иелену ұғымы өзi заң ғылымымен жасалған және ҚР-ның Конституциясында бекiтілген. Азаматтық құқық иелену бұл салалық құқық иеленудің түрлерінiң бiрi.
Заңды тұлғалардың құқық иеленуіне қарағанда жеке тұлғалардың азаматтық құқық иелену екіге бөлінедi:
- азаматтық құқықтық қабiлеттiлік;
- азаматтық әрекет қабілеттілігі.
Азаматтық құқықтық қабілеттілік : түсінігі, мазмұны. Азаматтық құқықтық қабілеттің субъективті азаматтық құқықтан айырмашылығы
Азаматтық құқықтық қабiлеттiк бұл құқықта танылатын азаматтардың азаматтық құқығы болуы мен азаматтық мiндеттер атқаруының мүмкіндігі. Азаматтық құқықтық қабiлеттiк адам болудың өзiнен ажырағысыз. Өмiр сүрiп отырған адам, тірі болғанда, ол құқықтық қабiлеттiкке ие болады. ҚР АК 13-шi бабында азаматтың құқықтық қабiлеттiгi оның тууы кезінде пайда болатынын және өлiммен тоқтайтынын бекiткен. Адам дүниеге келген болып есептелетiн сәт заңды емес, медициналық категориямен анықталады. Құқықтық қабiлеттiктiң тоқтатылуы биологиялық өлiммен байланысты.
Азаматтық құқықтық қабiлеттiктiң мазмұны азаматтық құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығын құрайды және азамат оған қолданыстағы заңға сәйкес ие бола алады.
Азаматтық құқықтық қабiлеттiктiң мазмұны (ҚР АК 14 бабы) мына мүмкіндіктерден тұрады:
- меншiк құқығында дүниеге ие болу;
- дүниенi мұра етiп мұраға қалдыру;
- кәсiпкерлiк және басқа да заң арқылы тыйым салынбаған қызметпен шұғылдану;
- заңды тұлғаны құру;
- заңға қайшы келмейтiн кез-келген мәмiлеге келу және мiндеттемелерге қатысу;
- тұратын жерiн сайлату;
- ғылымның, әдебиет және өнердің шығармасында авторлық құқығы болу;
- басқа мүлiктiк және дербес мүлiктік емес құқықтарды алу.
Бұл аталған құқықтардың ішінде неғұрлым маңыздысы конституциондық сипат. Бұл өзінің дербес мүлкіне ие болу, оны мұраға қалдыру, тұрғын үйге құқығы болу, авторлық құқығы болу және т.б. мүмкіндігі.
Мемлекет азаматтардың құқықтық қабiлеттiгiне кепiлдiк бередi. «Азаматты құқықтық қабiлеттiгiнен айыру және шектеудің қол жетімсіздігі»:
1) Ешкім де заң актілерінде ескерiлген жағдайда болмаса құқықтық қабiлеттiкте және әрекеттік қабiлеттiлiкте шектеле алмайды;
2) Заңнама актiлерімен бекітілген азаматтың құқықтық қабiлеттiк және әрекеттік қабілеттерінің немесе олардың кәсіпкерлік және басқа да бір қызметпен айналысуға құқықтарының шектелуі, шарттары мен тәртібінің сақталмауы тиiстi шектеу қоюды бекітетін мемлекеттiк немесе басқа да органның актілерінің нақты еместiгiн білдіреді;
3) Азаматтың құқықтық қабiлеттiктен немесе әрекет қабiлеттiлiктерінен толық немесе жартылай бас тартуы және басқа да азаматтың құқықтық қабiлеттiкке немесе әрекет қабiлеттiлiктеріне шектеу қоюға бағытталған келісімдер маңызсыз, тек қана мұндай мәмiлелер заң актілерiмен рұқсат етiлетiнде ғана болады.
Осылайша, азамат өздігінен құқықтық қабілетінен немесе әрекет қабілеттілігінен толықтай немесе жартылай бас тартуға құқығы жоқ.
Мемлекет тиiстi заңдар шығару жолымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуді өзі шешеді. Алайда бұл тек қана төтенше (әскери) жағдайларда ғана жасалына алады, мұнда осы шектеулердің әрекет ету мерзімі мен шегі көрсетіледі (ҚР Конституциясының 39 б., 1 т.).
Сонымен, құқықтық қабiлеттiк - бұл нақты заң фактілерінің (яғни заңның заң зардаптарының болуымен байланыстыратын тiршiлiк жағдайлары) негiзiнде тұлғада нақты жеке құқық (яғни жеке тұлғада бар тәуелдi құқық) пайда болатын ортақ алғышарт.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі. Кәселетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтық әрекет қабілеттілігі бұл азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарын іске асыруы мен жасай алуы және өзіне азаматтық міндеттемелерді құру мен оларды орындай алу қабілеті.
Әрекетке қабілеттілік мына жағдайда толықтай пайда болады:
- кәмелет жасқа толғанда, яғни он сегіз жасқа толғанда;
- 16 жасқа толған соң кәмелет жасқа толмаса да рұқсат етілген некеге тұру жағдайларында сол кезден бастап пайда болады.
Кейбiр мемлекеттердiң заңында эмансипация институты жұмыс iстейдi, ол жасы 16-ға толған, кәмелетке жасы толмаған тұлғаны егер де ол келiсiм шарты бойынша жұмыс iстесе немесе заңды өкілдердің келiсiмiмен кәсiпкерлiк жұмыспен шұғылданса, оны толық әрекетке қабілетті деп тануды білдіреді. Осы институт Қазақстан Республикасында заң шығару жағынан бекiтілмеген.
Әрекетке қабiлеттiлiк мынадай элементтерден тұрады:
- адам тәуелдi құқықтарды өз алдына жүзеге асыра алатын қабiлеттiлiгi;
- келісімшарттар жасай алу қабілеті;
- сол арқылы өзіне жаңа міндеттемелер жүктеу және құқықтарға ие болу;
- заңға қайшы әрекеттерімен келтiрiлген зиянға азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi ала білу қабілеті (деликтіге қабілеттілік).
Жас критерийлеріне байланысты азаматтарды былайша бөлуге болады:
1) толығымен әрекетке қабілетті тұлғалар (жоғарыда аталған тұлғалар, яғни 18 жасқа толған, некеге тұрған азаматтар);
2) 14 жасқа дейінгі әрекетке қабілетті емес тұлғалар;
3) 14 жастан 18 жасқа дейінгі жартылай әрекетке қабілетті тұлғалар.
14-ке дейiнгi жас шамасындағы кәмелетке жасы толмаған тұлғалар (жасөспiрiмдер) тек қана олардың жас шамаларына тиiстi майда тұрмыстық мәмiлелердi ғана өздігінен жасай алады.
Сонымен қатар ҚР АК 25 бабы бойынша кәселетке жасы толмағандар банкке салым салуға және де өзі салған салымды өздігінен дербес басқаруға құқылы. Басқа келісімдерді олардың аттарынан олардың заңды өкiлдерi жасайды.
14 жастан 18 жасқа дейінгі жартылай әрекетке қабілетті тұлғалар өздігінен жасай алады:
- майда тұрмыстық мәмiлелерді жасау;
- өз еңбек ақысы, стипендиямен немесе басқа табыстарына иелiк ету;
- ой-ақыл меншiгiнiң авторларының құқығын жүзеге асыру; 16 жастан бастап кооперативтердің мүшесі болу;
- банкке салым енгiзiп иелiк ету, сонымен бiрге олардың атынан енгiзiлген салымдарға иелiк ету.
Олар басқа мәмiлелерді келiсiмiмен заңды өкілдерінің келісімдерімен жасайды. Келiсiмнiң формасы жасалатын мәмiленiң формасына сәйкес келуi керек. Олар келтірілген зиянға өз алдына жауапкершiлiк жүктейдi. Егер кәмелетке толған азаматтың келтiрiлген зиянның орнын толтыруы үшiн жеткiлiктi қаражаты жоқ болса, заңды өкiлдері осы жағдайда жәрдемақы жауапкершiлiктерiн алады.
Азаматтық әрекетке қабілеттіліктің шектелуі мен одан айыру
Қабiлеттiлiк тек қана заңмен белгiленген жағдайда ғана шектеліне алатын азаматтың айырылмайтын қасиетi. Қабiлеттiлiктiң көлемiне жас шамасына байланысты белгiден тысқары және тұлғаға сәйкес қабiлеттiлiкте шектелген немесе одан айырылатын дәрiгерлiк белгi де ықпал етедi
Әрекетке қабiлеттiлiк екi жағдайларда болуы мүмкiн:
1) құқықтағы қамқорлық және қамқоршылық органдарымен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелет жасқа толмағандардың жас шамасында жеткiлiктi негiздер болған жағдайда (ҚР АК 22-шi бабының 3 тарауы) ой-ақыл меншiгi нысандарының табыстарымен иелiк етуге құқылы;
2) егер iшкiлiк немесе есiрткi заттарын пайдаланып, соның салдарынан өз жанұясын ауыр материалдық жағдайға қалдырса, әрекетке қабiлеттi азаматты сот қабілеттіліктен шектете алады (ҚР АК 27б).
Мұндай азамат майда тұрмыстық мәмiлелерiн өз алдына жасайды және өз мiндеттемелері бойынша мүлiктiк жауапкершiлiктi өз беттерiнше алып жүредi.
Әрекеттік қабілетіне шектеу қойылған азаматтың басқа мәмiлелерді шешуге, сонымен бiрге еңбек ақысын, зейнетақыны және басқа табыстарды алуға және оларды иемденуге тек қана қамқоршы келiсiмiмен ғана құқығы бар.
Азаматтың әрекетке қабілетсіздігіне негіз болған жойылған кезде ғана сот оны әрекетке қабілетсіздігі шектеулі деп тануы туралы шешімін қайтарып алады.
Азаматты әрекетке қабiлетi жоқ деп табу. психикалық бұзылу салдарынан өз әсерлерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе оған басшылық ете алмайтын азамат сотпен (ҚР АК 26-шы бап) қабiлетi жоқ деп мойындалады.
Психикалық бұзылу жан күйзелiсінің, ақылсыздықтың, есiрткi заттарын қолданудын және т.б. нәтижесі болуы мүмкін. Психикалық бұзылу туралы жеткiлiктi мәлiметтердi алу үшiн сот психиатриялық сараптама тағайындайды.
Сараптамалар қорытындысы және басқа да мәліметтер негізінде сот азаматтың өз әрекеттерін түсіну және басқара білу қабілеті туралы шешім жасайды (мысалы, нашақор нашақорлық құралдарды алу мақсатында дәріханаға келу арқылы өз әрекетінің мәнін түсінеді, бірақ оны басқара алмайды).
Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат ешқандай келісімдер жасай алмайды, сонымен қатар ұсақ тұрмыстық келісімдер де жасай алмайды. Оған бақылау, қамқорлық бекітіледі және келісімдерді оның атынан қамқоршысы жасайды.
Егер де оны әрекетке қабілетсіз деп таныған негіздеме жойылса, сот оны әрекетке қабілетті деп таниды.
7. Азамaтты хабар ошарсыз кетті деп тану және азаматты өлді деп жариялау.
Азаматты хабарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе оны қайтыс болған деп жариялау негіздері. Азаматты хабарсыз жоқ болып кеткен деп танудың құқықтық салдарлары
Азаматты хабарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе оны қайтыс болған деп жариялау мынадай заңды фактілердің жиынтығы болған кезде мүмкін болады:
- азаматтың тұрғылықты мекенжайында ұзақ мерзімде болмауы;
- оның қай жерде тұрып жатқанынан мәлімет болмау және ол мәліметті ала алмау;
- азаматтың тұрып жатқан мекенжайы туралы соңғы мәлімет алған күннен бекітілген мерзімнен көп уақыт өтуі.
Егер азамат туралы соңғы мәлімет алған күннен кейін бір жыл ішінде ол туралы, оның тұрып жатқан жері туралы мәлімет болмаса қызығушылық танытып отырған адамның өтініші бойынша ол адам сотпен хабарсыз жоқ боп кеткен деп танылады. Мерзімнің бекітілуі ҚР АК 28 бабының 2 тармағында көрсетілген.
Хабарсыз кеткен адамның мүлкін үнемі басқару қажет болған жағдайда қамқорлық және қамқоршылық органы сенiмдi адаммен осы мүлікті сенімді басқару туралы келiсiм шарт жасайды.
Хабарсыз кеткен адамның мүлкінен ол асырауға міндетті жандарға қаражат беріледі, сонымен қатар басқа мiндеттемелерi бойынша қарызын төлейді. Ал неке тоқтатылмайды, алайда жұбайының АХАЖ органдарына берген өтiнiші бойынша ықшамдалған ретте неке бұзылған болады. Дербес мiндеттемелерi тоқтайды.
Азаматтың табылуы немесе оның тұрғылықты жері туралы мәлімет алынатын болса, сот оны хабарсыз жоқ болып кеткен деген шешiмiн қайтарып алады. Мұндай соттық шешiм негiзінде азаматтың дүниесiн сенiмдi басқару да тоқтатылады. Егер жұбайы жаңа некеге тұрмаса неке де қалпына келедi.
Азаматты қайтыс болған деп жариялау негіздері. Азаматты қайтыс болған деп жариялаудың құқықтық салдарлары. Азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы шешімді жою
Мына жағдайларда азаматты сот қайтыс болған деп жариялайды (ҚР АК 31 бабы):
- тұрғылықты мекенжайында ол туралы соңғы 3 жыл ішінде мәлімет болмаса;
- егер де қатер төнген жағдайлардан, қайғылы жағдайдан соң оның жоғалуынан кейiн ағымдағы алты айдың ішінде тұрғылықты мекенжайында ол туралы мәлiметтер болмаса (бұл жағдайда азаматтың өлiмi оны хабарлау туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне кiрген күнінен емес, шамаланған опат болған күні жазылады);
- әскери қимылдар аяқталғаннан соң соңғы екі жыл ішінде оған қатысқан адам туралы мәлімет болмаса.
Азаматты қайтыс болған деп жариялау шынайы өлімнің де құқықтық салдарларының тууына әкеледі:
- мұрагерлікті ашу;
- жеке сипаттағы міндеттемелерді тоқтату;
- қайтыс болған деп жарияланған адаммен некені тоқтату;
- асырауындағы жанның асыраушысын жоғалтқан жағдайда алатын зейнетақы мен жәрдемақысын алуға құқығының тууы.
Азаматтың табылуы немесе оның тұрғылықты жері туралы мәлімет алынатын болса, сот оны қайтыс болып кеткен деген шешiмiн қайтарып алады (ҚР АК 32-шi бабы). Бұл жағдайда азамат кез-келген тұлғадан оған тегін ауысқан өзінің сақталған мүлкін қайтаруды талап етуге құқықты.
Мүлікті ақылы алған тұлға егер қайтыс болған деп саналған адамның тірі екендігін біле отырып алған жағдайда ғана (қара ниетті сатып алушы) барлық ауысқан мүлікті қайтаруға міндетті (ол мүмкін болмаған жағдайда оның құнын өтейді).
Егер қайтыс болған деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік бойынша мемлекетке ауысса, ол адамға қайтарылып беріледі (ҚР АК 32 б. 6 т.).
Егер жұбайы жаңа некеге тұрмаса неке де қалпына келедi.
8. Заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде.
Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері. Оның азаматтық айналымдағы рөлі.
Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі. Заңды тұлға органдарының құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғаның өкілдігі және филиялы. Еншілес заңды тұлға.
Заңды тұлнаны құру және тоқтату. Құрылтай құжаттары. Құрылтай құжаттары мен жарғының өзара қатынасы. Тарату және қайта құру. Заңды тұлғаның мүліктік жауапкершілігін өтеуі. Заңды тұлғаның банкроттығы.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан түсуі. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық және некоммциялық емес заңды тұлғалар.
Заңды тұлғаның жарғылық қоры және құрылтайшылардың үлесі. Шаруашылық серіктестігінің заңды тұлға ретіндегі ерекшелігі.
Акционерлік қоғамның заңды тұлға ретіндегі ерекшелігі. Өндірістік кооперативтің заңды тұлға ретіндегі ерекшелігі. Мемлекеттік кәсіпорынның ерекшелігі. Мемлекеттік кәсіпорынның түрлері.
Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы
Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері
Заңды тұлғаның түсінігі құқықтық категория ретінде цивилистикада (азаматтық құқық ғылымында) негіз тапты. Мұны жоғарыда айтылған теория бойынша сипаттауға болады.
Заңды тұлғаның заңды анықтамасы ҚР АК 33 бабының 1 тармағында берілген.
Осы анықтама бойынша заңды тұлғаның оны басқа құқық субъектілерінен ерекшелендіріп тұратын сипаттық белгілерін атап өтуге болады. Тек қана жиынтық түрінде ғана олар заңды тұлғаны анықтай алады. Сонымен,
1) ұйымдастырушылық бірлік бұл азаматтар ұжымы, олар өзара әсер етудің және қызмет жасаудың нақты бір ережелеріне бағынады;
2) мүліктік дербестік бұл белгі заңды тұлғаға өзі иелік етуге құқылы мүлікті бекітуде көрінеді;
3) дербес мүліктік жауапкершілік өзінің барлық мүліктерімен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді;
4) азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуы мен іске асыру, жауапкершілік тарту, арыз беруші болу және сотта жауап беруші болу мүмкіндігінен көрінеді.
9. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері және олардың ұғымы, түрлері.
Құқықтық қатынастардың обьектісі құқықтық қатынастың не нәрсеге бағытталып ықпал етуі. Құықтық қатынас неге ықпал ететінін білу үшін, ең алдымен құқық нормаларының обьектісін анықтау қажет. Олардың ықпал жасайты обьектісіне, адамдардың ерікті тәртібі жадатады. Құқықтық қатынас құқық нормаларымен белгіленген, жеке субьектілерге арналған жалпы құқықпен міндеттілікті анықтайды. Сондықтан, құқықтық қаынастың обьектісіне оған қатынасушылардың шын тәртібі жатады. Субьективті құқықтың мазмұндарына және заңды міндеттеріне байланысты құқықтық қатынастардың мүшелері өз тәртіптерін құрайды.
Құықтық қатынастың обьектісіне мазмұндары әр түрлі адамдардың тәртіптері де жатады. Мүліктік құқық қатынастарындағы белгілі өмір жағдайын қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тәртібі обьектіге жатады. Мысалы ,сатып-сату құқықтық қатынастардағы обьектіге, сатуға және сатып алуға қатынасушылардың тәртібі болып есептеледі.
Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатынасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).
10. Заңды тұлғалардың қайта құру, оның түрлері.
Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
4. Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.
11. Заңды тұлғалардың банкрот болуы
Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.
Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.
53-бап. Банкрот деп тану
1. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
2. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.01.21. N 68-I, өзгерту енгізілді - 1998.06.29. N 238 Заңдарымен.
54-бап. Банкроттық туралы iс жөнiндегi оңалту рәсiмi
Төлем қабiлетi жоқ борышкерге оның таратылуына жол бермеу мақсатымен төлем қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған, заңға қайшы келмейтiн кез-келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
Аталған шаралар оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оны жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмi банкроттық туралы заңдармен белгiленедi.
12. Заңды тұлғаны құрмай азаматтардың кәсіпкерлік қызметі.
Кәсіпкерлік азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
13. Заңды тұлғаларды тіркеу. Құрылтай құжаттары, олардың түрлері және мазмұны. Заңды тұлғаны қайта тіркеудің негіздері.
42-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және қайта тiркеу
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттік тiркеу тәртібі заңдарда белгiленедi.
2. Мемлекеттiк тiркеу деректері, оның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін - фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.
3. Заңды тұлға мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.
4. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi.
Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.
5. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртібін бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттік тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттік тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
6. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктеріндегі қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.
41-бап. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-әрекет жасай алады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
2. Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды.
3. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.
4. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне (оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның жарғысы бекiтiледi.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
4-1. Жалғыз құрылтайшының шешiмi заңды тұлғаны тiркеу жөнiндегi iс-әрекеттi жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау, мүлiктердi меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттары туралы шешiмдi және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.
Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары қабылдайды.
5. Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату ережелерi белгiленедi.
Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi.
Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
6. Бiр заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс.
7. Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
14. Заңды тұлғалардың таратылуы.
Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы, оның мәні олардың құқықтары мен міндеттері басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өткізілместен олардың істері мен мүлкінің жойылуында. Заңды тұлғалар таратылған кезде олардың өндірістік, сауда, ғылыми-техникалық және қоғамдық қызметі тоқтатылады, олардың несиегерлері қанағаттандырылады, үлескерлік жарналар заңды тұлғалардың мүшелеріне қайтарылады, олардың мүлкі сатылады. Кәсіпорын құрылған мерзімінің аяқталуына байланысты, құрылғандағы мақсатына жеткеннен кейін оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімі бойынша, сондай-ақ соттың шешімі бойынша таратылуы мүмкін
49-бап. Заңды тұлғаны тарату негiздерi
1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлға - ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, мақта саласын дамыту туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бiр жыл iшiнде оларсыз жұмыс iстей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
4) қызметiн заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;
қызметiн тиiстi рұқсатсыз (лицензиясыз) не заңнамалық актiлерде тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған;
5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкiн.
3. Осы баптың екiншi тармағындағы аталған негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талапты заң актілерінде осындай талап қоюға құқық берiлген мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайда несие берушiлер де сотқа беруi мүмкiн.
Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөніндегі мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi мүмкiн.
4. Егер заңды тұлға жөнiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп бойынша оны тарату туралы шешiм қабылданып, оның мүлкiнiң құны несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуы мүмкiн.
5. Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк берген тиiстi органның шешiмiмен заң актілерінде көзделген негiздер бойынша таратылуы мүмкiн.
50-бап. Заңды тұлғаны тарату тәртібі
1. Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша салық органына дереу жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
2. Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және осы Кодекске сәйкес тарату тәртібі мен мерзiмiн белгiлейдi.
Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiнде өкiлеттiк соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта таратылатын заңды тұлға атынан әрекет етедi.
3. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ оның несие берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеу тәртібі мен мерзiмi туралы ақпаратты орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялайды. Талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы жарияланған кезден бастап екi айдан кем бола алмайды.
Тарату комиссиясы несие берушiлердi анықтау және қарыздарын алу үшiн шаралар қолданады, сондай-ақ несие берушiлерге заңды тұлғаның таратылғандығы туралы жазбаша хабарлайды.
4. Несие берушiлер талаптарын қоюға арналған мерзiм аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, несие берушiлер қойған талаптар тiзбесi, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.
Аралық тарату балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату жөнiнде шешiм қабылдаған орган бекiтедi.
Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамына арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендiру кезiндегi облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.
5. Егер таратылатын заңды тұлғаның (мемлекеттік мекемелерден басқа) ақшасы несие берушiлердiң талабын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкiн сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша жария сатуды жүзеге асырады.
6. Таратылатын заңды тұлғаның несие берушiлерiне ақша төлеудi тарату комиссиясы осы Кодекстiң 51-бабында белгiленген кезек тәртібімен аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап, соған сәйкес жүргiзедi. Акционерлік қоғамдардың мүлкiн бөлу ерекшелiктерi олар туралы заңдармен белгiленедi.
7. Несие берушiлермен есеп айырысу бiткеннен кейiн тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.
8. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.
9. Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн таратылатын қазыналық кәсiпорынның - мүлкi, ал таратылатын мекеменiң ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда, несие берушiлер талаптарының қалған бөлiгiн осы кәсiпорынның немесе мекеменiң мүлкiн меншiктенушi есебiнен қанағаттандыру туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
9-1. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. Заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.
15. Шаруашылық серіктестіктердің ұғымы, түрлері және олардың айырмашылықтары.
Шаруашылық серіктестіктер (толық) арнайы кәсіпкерлік іспен айналасуға арнайыы құрылған тұлғалардың бірлестігі. Серіктестіктер кәсіпорындарды ұйымдастыруға екі немесе одан да көп әріптестер шешім қабылдағанда құрылады. Серіктестіктердің артықшылығы қосымша капиталды тартудың мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар бірнеше меншік иелерінің болуы әріптестердің әрқайсысының білімі мен біліктілігі кәсіпорын ішінде мамандануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік істің бұл түрінің кемшілігі қатысушылар салым көлеміне қарамастан толық материалдық жауапкершілікте болады.
58-бап. Шаруашылық серiктестiк туралы негiзгi ережелер
1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
2. Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенім серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн.
3. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық cepіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер азаматтар ғана бола алады.
4. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттары болып табылады.
Жарғы бiр адам (бiр қатысушы) құрған шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
6. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында осы Кодекстiң 41-бабының 4 және 5-тармақтарында аталған мәлiметтерге қоса әрбiр қатысушының үлес мөлшерi туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшерi, құрамы, мерзiмi және тәртібі туралы; серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу жөніндегі мiндеттердi бұзғаны үшiн қатысушылардың жауапкершiлiгi туралы ережелер, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
7. алынып тасталды
8. Шаруашылық серiктестiк, заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, басқа шаруашылық серiктестiктердiң құрылтайшысы болуы мүмкiн.
9. Шаруашылық серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысымен шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзу шартын жасасуға құқылы.
16. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Корпорация дегеніміз бүл оның құрушылары осымен бір мезгілде бірлесе және зандық тең негізде әрекет ететін қатысушылар болып табылатын өзін-өзі ұйымдастырған занды тұлға.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң орналасқан жерi деп оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi танылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзi орналасқан жерден тыс жерлерде филиалдар құрып, өкiлдiктер ашуға құқылы.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серiктестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзумен аяқталады.
Құрылтай шарты
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай шарты:
Құрылтайшылар қатарына кiретiн заңды тұлғаларды олардың тиiстi заңды тұлға атынан сенiмхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкiн. Шартқа қол қоюдан бас тарту серiктестiкке кiруден бас тартуды бiлдiредi. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берiлмейдi. Серiктестiктiң жекелеген қатысушылары мәртебесiнiң ерекшелiктерi барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтiнiнде көрсетiлуге тиiс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы серiктестiктiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн белгiлейтiн құжат болып табылады.
Серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде оның жарғысы құрылтай құжаты ретiнде қаралады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында:
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа ережелер де болуы мүмкiн.
Серiктестiктiң жарғысында оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн.
Серiктестiктiң нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейiнгi өзгерiстерi туралы барлық құжаттар серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда сақталады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы
Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшерi құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнгi айлық жүз есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне бара-бар сомадан кем болмауы керек. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (әрі қарай ЖШС) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының бір түрі болып табылады. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7) серіктестік жарғысын бекіту;
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін.
Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді.
Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады, жазбаша нысанда жасалады және нотариалды куәландырылады.
Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды.
Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады және нотариалды куәландыруға жатады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
4) серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
5) серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;
7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс.
Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін.
Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:
1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;
2) серіктестіктің 3 данадағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жарғысын;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты;
4) тұрған орнын растайтын құжат орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін);
5) құрылтайшылар мен басшының жеке басын кәландыратын құжат пен салық төлеуші куәлігінің көшірмелерін табыс етуге тиіс.
Серіктестік құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде жарғыны табыс ету талап етілмейді. Алайда Үлгі жарғының негізінде тіркеу туралы өтініште:
1) серіктестіктің атауы мен оның орналасқан жері;
2) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
3) серіктестікке қатысушылардың атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі;
4) серіктестіктің өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратыны туралы нұсқама көрсетілуге тиіс.
Өтінішке барлық құрылтайшылар қол қоюға тиіс, олардың қойған қолдарының түпнұсқа екені нотариат арқылы куәландырылуы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:
серіктестікті тіркеу туралы құрылтайшы өкілет берген тұлғамен қол қойылған өтініш;
3 данадағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі серіктестік жарғысы;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін төленетін алымды төлегенін растайтын құжат;
тұрған орнын растайтын құжат орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін;
құрылтайшылардың және басшының жеке басын куәландыратын құжат пен салық төлеуші куәлігінің көшірмелері.
Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы, сондай-ақ егер iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады.
Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек. 2008 жылға 1 ЕАК 1168 теңгеге теңгеге сәйкес келсе, серіктестіктің ең төменгі жарғылық капиталы 116 800 теңгені құрайды.
Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде жарғылық капитал және оның өз капиталымен арақатынасы тексерілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:
1) кез келген қатысушының талап етуі бойынша тәуелсіз сарапшымен жүргізілуі мүмкін. Сараптамаға мүдделі қатысушы ақы төлейді;
2) сот шешімі бойынша;
3) әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржы есептері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы
1. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін.
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
4. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.
17. Акционерлік қоғамының ұғымы, ерекшеліктері. Басқару органдары және олардың уәкілеттілігі.
85-бап. Акционерлік қоғам ұғымы
1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғамның акционерлерi осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.
2. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
3. Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе.
4. Акционерлік қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.
5. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.
87-бап. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады.
2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады.
3. Акционерлік қоғамның жарғысын бекіту тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
88-бап. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.
92-бап. Акционерлік қоғамды басқару
1. Акционерлік қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.
2. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актілерімен белгiленедi.
3. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлік қоғамның өзге органдарына беруге болмайды.
4. Акционерлік қоғамда директорлар кеңесi құрылады, осы Кодексте, заң актілерінде және акционерлік қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заң актілерінде және акционерлік қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлік қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.
5. Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлік қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi.
Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлік қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады.
6. Акционерлік қоғамда заң актілеріне сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкiн.
7. Акционерлік қоғам органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және қоғам атынан әрекет жасау тәртібі осы Кодекске, заңдарға және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi.
93-бап. Акционерлік қоғамды қайта құру және тарату
1. Акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Акционерлік қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртібі осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
2. Акционерлік қоғам шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.
18. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
Заңды тұлға өз мекенжайынан тыс жерде өкілдіктер мен бөлімшелер құруға құқылы (ҚР АК 43 бабы).
Өкiлдiк бұл заңды тұлғаның мекенжайынан тыс жерде орналасқан ерекшеленген құрылымдық бөлімше, ол заңды тұлғаның мүддесін білдіреді және оны қорғайды.
Бөлімшелер заңды тұлғаның өкілділіктен басқа барлық функцияларын немесе олардың бөлiгiн жүзеге асырады.
Барлық бөлімшелер мен өкiлдiктер заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілуi керек. Демек, бөлімшелер және өкiлдiктер дербес заңды тұлғалар болып табылмайды. Олардың жетекшiлерi өз өкiлеттiктерiн сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады. Бөлімше және өкiлдiктер олардың заңды тұлғасымен қабылданған жағдайлар негiзiнде жұмыс iстейдi.
43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері
1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi филиал болып табылады.
2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерiн қорғауды және өкілдігін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайтын оқшауланған бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.
3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болып табылмайды. Оларға мүліктi өздерiн құрған заңды тұлға бередi және олар бекiткен ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
4. Заңды тұлға (мемлекеттік мекеме) функцияларының бір бөлігін орындайтын, өзінің орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып танылады. Жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық жұмыс орны болып есептеледі.
Заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі заңдарда тікелей көзделген жағдайларда құрылады.
5. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.
Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.
Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлғаның уәкiлетті органы тағайындайды және олар соның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi
19. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдасқандық құқықтық нысандары, олардың ерекшеліктері.
Коммерциялық емес ұйымның өзге де
ұйымдық-құқықтық нысаны
1. Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
2. Дербес білім беру ұйымдары, нотариаттық палаталар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары алқалары, сауда-өнеркәсiп палаталары, кәсiби аудиторлық ұйымдар, меншiк пәтер иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.
3. Өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен реттеледi.
20. Бағалы қағаздарының ұғымы. Бағалы қағаздарының түрлері.
Бағалы қағаз бұл мүліктік құқықты куәландыратын арнайы рәсмделген қаржылық құжат.
Қазақстанда бағалы қағаздар үш санатқа бөлінеді:
Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауының себебі болған :
Жіктелу нышандары: |
Бағалы қағаздардың түрлері |
Қолдану мерзімі |
Мерзімді, мерзімсіз |
Пайда болуы |
Алғашқы, екінші нарық |
Қолдану формасы |
Қағазды- құжатты; қағазсыз, құжатсыз |
Ұлттық тиістілігі |
Отандық, шетелдік |
Пайдалану типі |
Инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес |
Иемдену тәртібі |
Ұсынушы, атаулы |
Шығару формасы |
Эмиссиялық, эмиссиялық емес |
Меншік формасы |
Мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
Айналыс сипаты |
Нарықтық, еркін айналыстағы, нарықтық емес |
Тәуекел деңгейі |
Қауіпсіз, аз қауіпті, қауіпті |
Табыстылығы |
Табысты, табыссыз, |
Қаражат салу формасы |
Қарызды, иеленушінікі, үлесті |
Экономикалық мәні (құқық түрі) |
Акция, облигация, вексель және б. |
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.
Артықшылығы ьар акциялар басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
21. Азаматтық құқықта жеке мүліктік емес құқықтарының ұғымы, түрлері және оларды қоғау
Мүліктік емес өзіндік құқықтар
141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау
1. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған жеке тұлғаның, осы Кодекстiң 9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстiң ережелерi бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар.
2. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша сот жүзеге асырады.
3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе құқық бұзған адамның кiнәсiне қарамастан, мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар қорғалуға тиiс. Қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс.
4. Мүлiктiк емес өзiндiк құқығы бұзылған адам өз таңдауы бойынша оны бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды немесе бұзушының есебiнен өз бетiнше қажеттi әрекеттер жасауды не олардың орындалуын үшiншi жаққа тапсыруды талап етуi мүмкiн.
142-бап. Мүлiктiк құқықтармен байланысты мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар
Мүлiктiк емес өзiндiк және мүлiктiк құқықтар бiр мезгiлде бұзылған жағдайда мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың бұзылғандығы үшiн жәбірленушiге тиесiлi өтем ескерiле отырып, мүлiктiк зиянның орнын толтыру мөлшерi ұлғаяды.
143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау
1. Азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi туралы тиiстi адамға мiндеттi түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып алынуға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртібін сот белгiлейдi.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.
5. Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.
6. Азаматқа қатысты оның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған болса, ол мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың таратылуынан өзiне келтiрiлген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, осы баптың азаматтың iскерлiк беделiн қорғау туралы қағидалары тиiсiнше заңды тұлғаның iскерлiк беделiн қорғауға да қолданылады. Заңды тұлғаның iскерлiк беделiн қорғауға осы Кодексте белгiленген тәртiппен залалдың орнын толтыру туралы қағидалар қолданылады.
7. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы.
144-бап. Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы
1. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар.
Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн.
2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келісімiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімiмен жариялануы мүмкiн.
145-бап. Өз бейнесiне құқық
1. Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келісімiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келісімiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.
2. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келісімiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келісімiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келісім талап етiлмейдi.
146-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы
Заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы болады, яғни тұрғын үйiне өзiнiң еркiнен тыс баса-көктеп кiрудiң кез келген әрекетiн тыюға құқығы Азаматтық құқықтың нысандарының ерекше топтарын материалдық емес игіліктер мен құқықтар құрайды, олар экономикалық мазмұны жоқ, олардың тасығыштарынан бөлінбейтін еркіндік пен игіліктер, олар заңнамамен мойындалған және қорғалған болады. АК 115 бабы оған мыналарды жатқызады:
- өмір мен денсаулық;
- адамгершілік;
- намыс пен жақсы ат;
- іскери бедел;
- жеке өмірінің қол сұғылмауы;
- жеке және отбасылық құпия;
- азаматқа тиесілі басқа да жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да мүліктік емес игіліктер, олар заң бойынша азаматқа туған сәтінен бастап тиесілі болады.
22. Азаматтық құқықта мәмілелердің ұғымы, нысандары және түрлері.
147-бап. Мәмiле ұғымы
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
148-бап. Бiржақты мәмiлелер мен шарттар
1. Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн.
2. Заңдарға немесе тараптардың келісімiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi.
3. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келісілген ерiк бiлдiруi қажет.
149-бап. Бiржақты мәмiлелердi құқықтық реттеу
1. Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады.
2. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы келмейдi.
150-бап. Шартпен жасалған мәмiлелер
1. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiнге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
2. Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын басталу-басталмауы белгiсiз мән-жайға байланысты етiп қойса, мәмiле кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
3. Егер шарттың басталуы тиiмсiз болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен кедергi жасаса, шарт басталды деп танылады.
Егер шарттың басталуы тиiмдi болатын тарап шарттың басталуына терiс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп танылады.
151-бап. Мәмiленiң нысаны
1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).
2. Заңдармен немесе тараптардың келісімiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.
3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.
4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
23. Мәмілелердің жарамдылығының шарттары. Мәмілелердің жарамсыздылығ. Жарамсыз мәмілелердің түрлері.
157-бап. Жарамсыз мәмiлелер мен жарамсыздықтың салдары
1. Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда, мүдделi тұлғалардың, тиiстi мемлекеттік органның не прокурордың талап-арызы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Көрсетiлген мәмiленi жасау нәтижесiнде құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған немесе бұзылуы мүмкiн тұлға мүдделi тұлға болып табылады.
2. Мәмiле жарамсыздығының негiздемелерi, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тiзбесi осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгiленедi.
3. Мәмiле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы екiншi тарапқа мәмiле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда (оның iшiнде, алынғандар мүлiктi пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетiлген қызмет түрінде болса) - қайтарылуға тиiс мүлiктiң құнын, мүлiктi пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлген қызметтердiң құнын, егер мәмiле жарамсыздығының өзге салдары осы Кодексте көзделмеген болса, ақшалай қайтаруға мiндеттi.
4. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екi тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға тиiстi болғандарының бәрi соттың шешiмi немесе үкімі бойынша тәркiленуге тиiс. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған ретте, екiншi тараптан алғандарының бәрi және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң бәрi тәркiленуге тиiс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң бәрi тәркiленуге тиiс.
5. Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бiрiнде ғана болған жағдайда оның мәмiле бойынша алғандарының бәрi екiншi тарапқа қайтарылуы тиiс, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге тиiс.
6. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген салдарды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған, не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеуге қатысты бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдар басталады.
7. Осы баптың 3-6-тармақтарында көзделген салдармен қоса, сот мәмiленiң жарамсыз болуын туғызған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты екiншi тараптың залалын оның пайдасына өндiрiп беруi мүмкiн.
8. Егер осы Кодексте, заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарға әкелiп соқтырмайды, бұған оның жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз болған мәмiлелер кiрмейдi.
9. Мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, сот нақты мән-жайларды ескеру арқылы оның одан әрi орындалуына тыйым салумен шектелуге құқылы.
158-бап. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiленiң жарамсыздығы
1. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.
2. Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзыретiн бұзатын мәмiленi қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк себептерден немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туындаса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
3. Егер мәмiлеге қатысушылардың бiрi оны мiндеттемесiн орындаудан немесе үшiншi жақ не мемлекет алдындағы жауапкершiлiктен жалтару ниетiмен жасалған ретте, ал мәмiленiң басқа қатысушысы бұл ниет туралы бiлген болса немесе бiлуге тиiс болса, мүдделi жақ (мемлекет) мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
159-бап. Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi
1. Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады.
2. Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады.
3. Осы Кодекстiң 23-бабында көзделген мәмiлелердi қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам (жас бала) жасаған мәмiле жарамсыз болады.
4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің келісімiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот заңды өкілдерінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Осы баптың қағидалары осы Кодекске сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылатын (осы Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы) кәмелетке толмағандардың мәмiлелерiне қолданылмайды.
5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле (осы Кодекстiң 26-бабы), егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.
6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
8. Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады (осы Кодекстiң 150-бабы.)
Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.
9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
10. Бiр тарап өкiлiнiң екiншi тараппен зұлымдық ниетте келiсуi нәтижесiнде жасалған мәмiленi сот жәбiрленушi тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Жәбiрленушi тарап шеккен залалды жәрдем беру тәртібімен өтеу (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы) терiс пиғылды өкiлге жүктелуi мүмкiн.
11. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
12. Осы баптың 3, 5-тармақтарында көзделген мәмiлелер жас балалардың немесе әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамдардың заңды өкілдерінің талабы бойынша, егер олар аталған адамдардың пайдасына жасалған болса, сот шешiмiмен жарамды деп танылуы мүмкiн.
161-бап. Мәмiленiң бiр бөлiгi жарамсыздығының салдары
Егер мәмiленi оның жарамсыз бөлiгiн енгiзбей-ақ жасауға болар едi деп ойлау мүмкiн болса, мәмiленiң бiр бөлiгiнiң жарамсыздығы оның басқа бөлiктерiнiң жарамсыз болуына әкелiп соқтырмайды.
24. Өкілдіктің ұғымы және түрлері.
Өкiлдiк дегенде түсінілетін оның өкiлеттiктерiнiң шектелуiнде мәмiлелердің және басқа да заң әрекеттерінің басқа тұлға мүдделерiндегi бiр тұлғамен, өкiлмен iске асырылуы. Өкiлмен оның өкiлеттiктерi негiзінде жасалатын мәмiлелер ұсынылатын азаматтың азаматтық құқығын және мiндеттерiн тiкелей құрып, өзгертiп, тоқтатады. ҚР АК 5-шi тарауды осы институтқа арнады.
Өкiлдiкке қажеттiлік мына жағдайда туады: мысалы, ұсынылатын
тұлғаның өзі заңға сәйкес (мысалы, әрекетке қабiлеттiлiгі болмағандықтан) немесе нақты тiршiлiк жағдайларына орай (мысалы, ауру, iссапар, қолы бос болмау) өз құқықтары және мiндеттерін өздігінен жүзеге асыра алмайды, бiрақ өкілдің арнайы бiлiмдері мен тәжiрибесiн пайдалану үшін, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін өкiлдердiң қызметтерiне жиi жүгінеді.
Өкiлдiк арқылы тек қана мүлiктiк емес, сонымен қатар кейбiр дербес мүлiк емес құқықтар да iске асырылады, дегенмен өз сипатына орай тек өзі ғана жасай алатын және заңда ескерiлген жағдайлардағы келісімдерді өкіл арқылы жасауға рұқсат берілмейді (мысалы өсиеттi тек қана өзi құра алады, сонымен қатар өмiрлiк асырау бойынша әртүрлі шарттар, т.б.)
7.2 Өкілдік түрлері
а) Өкілдік, әкімшілік актіге, сот шешіміне негізделген, яғни өкiл әкiмшiлiк ұйғарым күшімен соңғысының атымен жұмыс iстеуге мiндет артатын өкiлдiк. Ол мына жағдайларда жиi орын алады: заңды тұлғаның органы қызметкердiң қызметке тағайындалуы туралы бұйрық бергенде, осындайда ол өкiлдiң қызметтерін жүзеге асыруға қатысты, мысалы, сот қызметiнде өкіл болу, мәмiлелер және тағы басқа заң актiлерiнiң құрастырылуында өкiлдiктiң нақтылы көрнекi қызметінде, келісім жасауда, т.б.;
б) заңға негiзделген (заңды ) өкiлдiк, яғни нұсқау түзу бойынша пайда болған заңдардың қатынасы. Осылайша, жасөспiрiм балалардың заңды өкiлдерiмен өкiлеттiгi аналық және әкелiк айғақтарында тұрақтанатын ата-аналар болып табылады. Сондай рөл атқаратын бала асырап алу, қамқорлықтың анықталуы және басқа да заң факторларының қатары, онымен заң өкiлдiктiң пайда болуын байланыстырады. Өкiлдiктердің осы түрінiң ерекшелiктерi: бiрiншiден, ол өкiлдiң волеизъявления байланысты емес туады және екiншiден, өкіл тұлғаның өкiлеттiлігi заңмен тiкелей анықталған болады. Өкiлдiктiң бiрiншi түрi заңдының әртүрлілігі болып табылады;
в) келiсiм шартқа негiзделген өкiлдiк (келiсiмдік), міндеті өкiлдiктiң басқа да қарастырылған түрлерiнен айырмашылықта ол өкiлдiк ерiктi болып табылады, яғни ол өкiлдiң фигурасын ғана емес, оның өкiлеттiгiн де анықтаған ерiгi бойынша пайда болады. Бұдан басқа ұсынылатын тұлғаның атынан заңды әрекет жасауға өкiлдiң келiсiмі керек болады. Ұсынылатын тұлғаның және өкілдің аралығында келiсiм шарты жасалады, ол олардың iшкi арақатынасын анықтайтын болады (әдетте тапсырманың келiсiм шарты);
г) Азаматтық кодекстiң 166-шы бабы бiздiң азаматтық құқығымыз үшін өкiлдiктiң жаңа түрiн енгізеді, ол коммерциялық өкiлдiк. Коммерциялық өкiл үнемi кәсіпкер және мәмiле кәсiпкерлерінiң ататын әрдайым өз алдына келісімдер жасайды. Тиiстi жағдайдың есепке алынуымен дәстүрлi айтарлықтай айырмашылығы болатын өкiлдiктер конструкциясы жасалған. Заңға сүйенген тәртiптiң ерекшелiктерінiң бiрi өкiлдiктердің осы түрі үшiн бекітілген, мұнда сауда өкiлi кәдiмгi мәмiлелерден басқа, одан басқа тысқары біреу жасай алмайтын келісім жасауға құқылы.
Осының барлығын да есепке ала отырып, Азаматтық кодекс мұндай қатынастарды қолданудың міндетті шарттарының бірқатарына бекітеді. Олардың тым болмаса біреуінің жоқтығы коммерциялық өкілмен жасалған келісімнің жарамсыз деп танылуына толықтай негіздеме болып саналады.
Мұнда міндетті шарттарға жататындар:
1) Екі тарап та бір мезгілдегі коммерциялық өкілдікке келісім береді. Бұл тек заңмен бекітілген аранйы жағдайларда ғана осы ережеден тыс болады;
2) Коммерциялық өкіл тура көрсетілген құқыққа немесе құзырлыққа ие болады. Мұндай құзырлықтар жазбаша келісімдерде болуы мүмкін, оны екі жақ та коммерциялық өкілмен жасасады немесе олар берген сенімхат арқылы жасалады.
Коммерциялық өкiл тиiстi құқықтармен, азаматтық кодекспен үлестіріледі және оған сонымен бiрге нақтылы, оның мәртебесiнен шығатын міндеттемелер тапсырылады. Коммерциялық өкiлдiк өкiлмен iске асатындығынан және өтемдiк есептейтiн өкілмен жүзеге асырылады. Сонымен бiрге өкіл сыйлық берумен қатар шығындардың өтемақысын талап етуге құқылы болады. Екi жақтардың да мүдделерiн қорғау үшiн
анықталған шығындардың басқа сыйлық берудiң шарттары туралы және орнын толтыруын сауда өкiлiмен оған тең бөлiктердегi тараптармен есептесуi керек екендігі бекітілген.
Коммерциялық өкіл өз жасап жатқан сауда келісімдері туралы құпияны сақтауға міндетті. Мұндай міндеттілік соңына дейін сақталады.
25. Сенімхаттың ұғымы және түрлері. Сенімхаттың нысандары. Сенімхатты қайта беру. Сенімхаттың тоқтатылуы.
Сенiмхат дегеніміз бір тұлғаның екінші бір тұлғаға басқа бір тұлғаның алдында берген жазбаша өкiлеттiлігі болып табылады (ҚР АК 167 бабының 1 тармағы). Сенiм хат көбінесе ерiктi өкiлдiктiң өкiлеттiктерiн растауы үшiн беріледі. Дегенмен егер ерiктi өкiлдікте ұсынылатын және өкiлдiң аралығында келiсiм шартын негiзiне алатын болса, онда сенiм хатты беру өзінің заңды табиғаты бойынша бiржақтылық мәмiленi білдіреді. Басқаша айтқанда, сенiмхат беру үшін және оның заңды күшiн алуы үшiн өкiлдiң келiсiмi керек болмайды.
Сенімхат беру үшін негіз болған сенімхат немесе басқа да заңды факті үшiншi тараптарға қатысы болмайды. Өкілдің өзіне берілген өкілеттілік шеңберінде жасаған кез-келген мәмiлелері және басқа да заңды әрекеттері өкiлдер үшiн міндетті сипатта болады. Жеке алғанда өкiл олардың арасындағы өкілділік туралы жасалған келісімшартты бұзды деген сылтау айтып, сенiмхат негiзiнде жасалған келiсiм шарттарын орындаудан бас тарта алмайды.
Басқа сөзбен айтқанда, өкіл мен ұсынушының ішкі қатынасын анықтайтын келісімнің арасындағы айырмашылық болған жағдайында және өкiлдiк туралы сенiмхат берген өкiлге, оның құқықтары мен міндеттемелерінде үшiншi тараптармен жасалған келісімшарт негізінде, өкілдік туралы келісімшартта емес (мысалы тапсырма келiсiмшартында), сенiмхатта жазып алынған өкiлеттiліктер анықталады. Сенiмхаттарға қойылатын негiзгi талаптардың бiрi оның формасы (ҚР АК 167-шi бабының 2-8 тармақтары).
Сенiмхат мiндеттi түрде жазбаша болуы керек. Бұл жерде нотариалды форманы талап ететін келісімдер жасауға берілетін сенімхат туралы сөз болып отыр (мысалы, жылжымайтын мүлiкпен жасалатын мәмiлелер), онда олар нотариуспен куәландырылған болуы керек. Бұл ережеге жатпайтындар заңда ескерiле алады. Нотариус арқылы куәләндiруді талап ететін мүлікті басқару мен келісімдер жасауға берілетін сенімхат нотариалдық формада болуы қажет (егер басқасы заңмен ескерiлмесе).
Дегенмен мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: ереше түрде ресімделген жазбаша сенімхаттар заңмен талап етілген нотариалды куәлікті алмастыра алады. Мұндай жағдайлар өкілдер тап болған ерекше жағдайлармен байланысты. Бұл тізімге мыналар енеді:
1) госпитальда, шипажайда немесе басқа да әскери-емдік мекемелерде емделіп жатқан тұлғалардың сенімхаттары. Мұндай келісімді сол мекеменің басшысы, оның медициналық бөлім бойынша орынбасары немесе аға не кезекші дәрігер куәландыруы қажет;
2) әскер қатарындағы тұлғалардың сенімхаты, оны әскери бөлімнің командирі (басшысы), бөлімнің, мекеменің немесе әскери оқу орнының басшылығы куәландыра алады. Осындай тәртіпте бөлімнің, мекеменің немесе әскери оқу орнының нотариалдық кеңсе жоқ жерде орналасқан жағдайында (нотариус немесе қызмет барысына нотариалдық қызмет жасау кіретін басқа органдар) сол тұлғалармен куәландырылып, әскер қатарындағылардың отбасы мүшелеріне, қызметкерлерге, олардың отбасы мүшеле ріне сенімхат беріледі;
3) бас еркіндігінен айыру мекемелерінде жатқан тұлғалардың сенімхаты (түрмеде жатқандар), бұл сенімхат сол сәйкес бас еркіндігінен айыру мекемелерінің басшылығымен куәландырыла алады;
4) халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінде қарттар үйінде, мүгедектер үйінде және т.б. жерде жатқан кәселетке жасы толған, әрекетке қабілетті азаматтардың сенімхаты, бұл сенімхатты мекемеің әкімшілігі немесе жееткшісі, сәйкес органның орынбасарлары куәландырулары қажет.
Ал мынадай жағдайларда:
- еңбек ақысын алу немесе еңбек қатынасымен байланысты басқа да төлемдерді жасау;
- авторлар мен өнертапқышқа сыйақы төлеу;
- зейнетақы алу;
- жәрдемақы алу немесе шәкіртақы алу;
- азаматтардың банктегі салымын алу немесе ақшалай, сәлемдеме, тағы да басқа өзге корреспонденцияны алуға мына түрдегі сенімхаттар ұсыныла алады: олар сол тұлғаның оқып жатқан немесе жұмыс жасап жатқан ұйымымен куәландырылған болуы керек немесе оның тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрғын үй-пайдаланылмалы ұйымдармен куәландырылған болуы керек немесе емделуде жатқан болса, сол стационарлық емдеу мекемесінің әкімшілігімен куәландырылған болуы қажет.
Сенiмхаттарға олардың формасы туралы арнаулы талаптар да қойылады, мысалы, оларды сол ұйымның мөрiмен бекiту осы туралы заңда немесе басқа құқықтық актіде немесе тараптардың келiсiмiнде нұсқау бар болған жағдайда ғана қажет.
Ортақ ереже бойынша сенiмхатқа жетекшi қол қояды. Алайда егер ол ұйымның құрылтай құжатымен тиiстi өкiлеттiктермен және кез келген басқа жауапты тұлға қол қойылған кезде де нақты болып табылады.
Өкiлеттiктердiң мазмұны және көлемi бойынша сенiмхаттың үш түрi болады:
1) бас (жалпы) сенiмхаттар, олар нақты бір белгіленген уақыт мерзімі арылығында әр түрлі келісімдер мен басқа да заңды әрекеттерді жасау үшін беріледі (мысалы, заңды тұлғаның бөлімше жеткшісіне берген сенімхаты);
2) арнайы сенiмхаттар, олар бiрқатар мәмiлелер немесе басқа заң әрекеттерін жасау үшін беріледі. Оған жататын сенімхаттар: соттағы өкiлдiк үшін, арбитражды сот үшін, жүк тасымалдаушыдан тауарлық-заттық құндылықтарды, т.б. алуы үшiн берілетін сенiмхаттар;
3) бiр жолғы сенiмхаттар, олар белгiлi бiр мәмiленiң iске асырылуы немесе басқа заң әрекеті үшiн беріледі.
Сенімхаттардың куәліктері.
Нотариус сенімхаттарды бір немесе бірнеше адамның атынан, бір немесе бірнеше тұлғаның атына куәландырады.
Екінші біреуге жүктеу тәртібінде берілген сенімхат нотариус арқылы куәләндiрілуі қажет және сенiм ретiнде көрсетушi сенiмхат оның құқығы ескертiлген негiзгi сенiмхаттың ұсынысы бойынша немесе негiзгi сенiмхат бойынша өкiлдің мүдделерiн берген сенiмхат бойынша қорғауы үшiн осыған мәжбүр еткен дәлелдерiнiң ұсынысы бойынша беріледі. Екінші біреуге жүктеу тәртібінде берілген сенімхаттың негiзгi сенiмхат бойынша берiлген құқықтардан артық құқығы болмауы керек. Екінші біреуге жүктеу тәртібінде берілген сенімхаттың әрекет ету мерзімі өзі негіз етіп алған сенімхаттың әрекет ету мерзімінен артық болмауы керек.
Сенімхаттың мерзімі.
Азаматтық кодекс сенімхаттың ең шекті мерзімін бекіткен, ол мерзім үш жылды құрайды (ҚР АК 168 бабы). Ал одан көп мерзімге берілген сенімхаттың жарамдылық мерзімі тек үш жыл ғана болады. Сенімхатта мерзімінің көрсетілмеуі, болмауы оның заңды күшін жоя алмайды. Мұндай сенімхаттардың жарамдылық мерзімі бір жыл ғана болып саналады. Бірақ мерзіммен басқа нәрселер байланысты, ол аса міндетті талап, оны бұзған жағдайда сенімхат жарамсыз деп танылады, ол талап оның берілген күнінің міндетті түрде көрсетілуі. Егер сенімхат көп мерзімге берілген болса, оның жарамдылық мерзімі тек үш жыл ғана болып есептеледі.
Екінші біреуге жүктеу.
Сенімхат берудің барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже жеке өкілдің онда қарастырылған әрекеттің қажетті деп мойындалуы. Осы аталған себеп бойынша осы мақсатта берілген сенімхат (екінші біреуге жүктеу) негізінде басқа біреуге сәйкес әрекетті орындауды беру тек мына жағдайларда ғана мүмкін: не сол сенімхаттың өзінде екінші біреуге жүктеу құқығы қарастырылған немесе өкіл тұлға беріп отырған тұлғаның мүддесін қорғау үшін (ҚР АК 169 бабы) жағдайлардың негізінде тапсырмны орындауды екінші біреуге жүктеуге мәжбүр.
Мұнда сенімхат беретін тұлға мен жаңа өкілдің арасындағы байланысты анықтау үшін тек қана мекенжайы мен сол сияқты мәліметтер ғана қажет емес, сонымен қатар жаңа өкілдің кәсіби және басқа да сапаларын сипаттайтын мәліметтер де қажет.
Мұндай сенімхаттарға екі талап қойылады: біріншіден, ол барлық жағдайларда нотариалды түрде куәландырылған болуы қажет және екіншіден, екінші біреуге жүктеу кезінде берілген сенімхат түрлі шектеулерден шыға алмайды.
Екінші біреуге сеніп тапсыруды бекіту үшін берілген сенімхаттар алғашқы өкілдігіне берілген әрекеттердің тек бір бөлігін ғана немесе оны тұтастай қамти алады.
Сенімхаттың тоқтатылуы және оның салдары.
Сенімхаттың негізінде екі тараптың жеке қатынастары жатады. Осы себепті сенімхат мына жағдайларда бірден тоқтатылған болып саналады: қайтыс болған жағдайда, әрекетке қабілетті емес деп танылған жағдайда. Сонымен қатар сенімхаттың тоқтатылуының тағы да бір сәйкес жағдайы ұсынылатын тұлғаның немесе өкілдің заңды тұлғасының тоқтатылуы. Осы себепті құқық иеленуші өкілдің келісімімен оған жаңа сенімхат беруі қажет.
Сенімхатты тоқтатудың тағы да бір негіздемесі оның жедел сипатымен байланысты. Жарамдылық мерзімі өткен соң тоқтатылады, яғни екі жақтың келісімімен қажет болған жағдайда жаңа сенімхат берілуі қажет. Тағы бір ескеретін жайт сенімхаттың тоқтатылуы автоматты түрде екінші біреуге сеніп тапсыруды да тоқтатуға әкеледі.
Азаматтық Кодекстің 171 бабында өкіл тұлға үшін нақты бір кепілдіктер бар, сонымен қатар үшінші тұлға үшін ұсынылатын адаммен сенімхатты алып тастау жағдайында кепілдік бар. Бұл кепілдіктер мынадай: ұсынушы тұлға өкіл мен үшінші тұлғаға мүмкін болатын алып тастау туралы хабардар етуге міндетті. Мұндай міндеттеме ұсынушы тұлғаның қайтыс болған кезінде оның құқық иеленушісіне жатады (заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру).
Сенімхаттың тоқтатылуының құқықтық салдарлары өкіл адамның сенімхаттың тоқтатылуы туралы білген кезінде немесе білуі қажет кезде туады. Сондықтан, сәйкес кезңге дейін туған құқықтар мен міндеттемелер өкіл үшін де, құқық иеленуші үшін де маңызын жоғалтпайды.
Сенімхаттың күші жойылғаннан соң жасалған келісімді ұсынушы тұлға жеңіп шығуы мүмкін. Бұл үшін олар мына жағдайды дәлелдеуі керек: үшінші тұлға келісім жасалған кезеңде сенімхаттың күші жойылғандығын білді немесе білуге тиіс еді.
Өкілге бұл жағдайда жүктелетін міндеттеме ұсынушы тұлғаға сенімхатты бірден қайтарып беру. Бұл міндеттілік фактілік әрекеттер жасаудан емес, заңды әрекеттер жасаудан көрінеді. Осы себепті өкіл тұлғаның сенімхатты жоюы оны ұсынушы тұлғаға қайтарып берумен тең болады.
26. Азаматтық құқықтың мерзімдері: ұғымы, түрлері және есептеу.
Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі
Азаматтық құқықты жүзеге асыру мен қорғау уақыт факторымен тікелей байланысты. Азаматтық заң нақты бір белгіленген кезеңмен азаматтық құқықтық қатынастың тууын, өзгеруін және тоқтатылуын байланыстырады, оны жүзеге асыру қажеттілігі заңмен немесе әрекет келісімдерімен қарастырылады. Азаматтық құқықта мерзім дегенде түсінетініміз заңды салдарлармен байланысты уақыт кезеңі немесе аралығы.
«Мерзім» түсінігінің екі мағынасы бар: не нақты бір кезең немесе нақты бір уақыт мерзімі, аралығы және ол екі мағынада да қолданыла береді. Уақыт мәселесі тек қана кіші шаруашылық қызметтерінде ғана емес, мемлекеттің тұтастай экономикасында да маңызды роль атқарады. Кез-келген әрекеттің өндірілуі мен бағалануы мерзімді сақтаусыз мүмкін емес. Құқық пен міндеттеменің уақытпен қызмет жасауы азаматтық құқықтық қатынастың қатысушыларына заңды әсер етудің басты құралы.
Мерзім азаматтық айналымды реттейді, келісімдердің орындалуына да ықпал етеді. Сонымен қатар азаматтық құқықтардың іске асырылуы мен қорғалуы да уақыт факторымен тікелей байланысты екендігі де табиғи нәрсе. Азаматтық заңнама уақыт кезеңімен әрекет жасауды, құқықтық қатынастың тууын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады, олар келісіммен немесе заңмен қарастырылады. Азаматтық Кодекстің 172 бабында заң шығарушы азаматтық құқықтағы мерзімнің жалпы түсінігін былай деп береді: ол нақты бір кезең немесе уақыт бөлшегі, ол өтіп кеткен соң заңды салдарлар туады, бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады: өзінің заңды табиғаты жағынан мерзім бұл заңды факті, оның басталуымен заңнама заңды салдарлардың басталуын байланыстырады.
Мерзімді әдетте заңды фактілерге-оқиғаларға жатқызады, себебі уақыт адамның еркіне байланысты емес. Дегенмен уақыттың екі жақты табиғатын сипаттайтын басқа да көзқарастар бар. Пайда болу кезеңі бойынша еркін бола отырып (заң шығарушымен, сотпен, келісімге келуші екі жақпен бекітіледі), мерзім сонымен бірге тұлғаның еркінен тыс уақыт ағымына ие болады. міне, сол себепті азаматтық құқықтағы мерзімдер заңды фактілердің жеке категориясын ұсынады және сол себепті әрекетке де, оқиғаға да жатқызылмайды.
Азаматтық құқықтағы мерзімді есептеу тәртібі
Заңнама мерзімді есептеудің тәртібі мен ережелерін бекітеді. ҚР АК 172 бабының 1 тармағына сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен, уақыт кезеңінің өтуімен, т.б. анықтала алады.
Күнтізбелік күнге сілтеме көбінесе келісімшарттарда, соттың шешімдерінде қолданылады, нақты бір күн, ай, жылды көрсету жолымен заңдардың өзімен анықталады.
Мерзім аймен, жылмен, күнмен, аптамен және сағатпен анықталатын уақыт кезеңін көрсетеді (ҚР АК 172 бабының 2 тармағы).
Мерзiм үшiн маңызды болатын мән оның есептелуiнің ережелері, оның басталуы мен аяқталуын анықтау. 173-шi бапқа сәйкес мерзiмнiң басталуы «оның басталуы анықталған оқиғаның болғанынан немесе күнтізбелік күннен кейін ертеңінде басталады». Егер мұра қалдырушы 14 қыркүйекте қайты болатын болса, онда мұраның қабылдануына 6 айлық мерзiм 15 қыркүйектен саналады. Мерзiмнiң аяқталуы таңдаулы уақыт бiрлiгiне байланысты өзгешеленедi. Жылдар бойы есептелген мерзiм соңғы жылдың сәйкес айында және күнінде бітеді (ҚР АК 174 бабының 3 тармағы).
Егер айлармен есептеп шығаратын мерзiмнiң аяқталуы тиiстi саны жоқ болатын айға дәл келсе, онда мерзiм осы айдың соңғы күні бітеді. Егер екі жақты тараптармен келісілген мiндеттi орындаудың екі айлық мерзiмі 1 қаңтарда басталса, онда бұл мерзiмiнiң аяқталуы 28 (немесе 29) ақпанда болады.
Егер мерзiмнiң соңғы күнi демалыс күніне дәл келсе, онда мерзiмнiң аяқталу күнi (ҚР АК 175-шi бабы) жұмыс күнiнің ең жақын келесi күні болып есептеледi. Егер мерзiм қандай да бір әрекетті iске асыру үшiн бекітілген болса, ол мерзiмнiң соңғы күнiнiң 24 сағатына дейiн орындала алады. Бірақ бұл әрекет егер ұйымда жасалу керек болса, онда мерзiм сол ұйымда тиiстi операцияларды тоқтатқан сағатта бітеді.
Мерзiмнiң соңғы күнiнiң 24 сағатына дейiн ұйымға тапсырылған жазбаша өтініштер (ҚР АК 176-шы бабы) мерзiмінде тапсырылған болып есептеледi. Азаматтық-құқықтық мерзiмдер әр түрлi және алуан түрлі негiздер бойынша жіктеле алады.
Азаматтық құқықтағы мерзімнің түрлері
Мерзімді кімнің бекітетіндігіне байланысты олар былайша бөлінеді:
- заңды;
- келісімдік;
- соттық.
Заңды мерзімдер заңды және басқа да нормативті актілерде тіркеледі. Мұрагерлікті қабылдау үшін немесе одан бас тарту үшін заңмен 6 айлық мерзім беріледі. Келісімдік мерзімдер дегеніміз екі жақтың тарапынан олардың келісімімен бекітілген мерзімдер. Соттық мерзімдер дегеніміз сотпен бекітілген мерзімдер. Сот азаматтың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығаруды жариялау үшін мерзім тағайындауға құқылы (АК 143 бабы).
Құқықтық салдары бойынша мерзімдер былайша бөлінеді:
- құқық тудырушы;
- құқық өзгертуші;
- құқық тоқтатушы.
Құқық тудырушы мерзімнің мысалы ретінде меншік иесі құқығының пайда болу кезеңін анықтайтын заттарды беру кезеңін алуға болады.
Құқық өзгертуші мерзімнің өтуі немесе келуі азаматтық құқық пен міндеттеменің өзгерісіне әкеледі.
Затты беру кезеңінің кешіктірілуі мынаған әкеліп соғады: заттың кездейсоқ жоғалу тәуекелі мерзімнің кешіктірілуіне әкелген тұлғада жатады. Құқық тоқтатушы мерзімдер құқық пен міндеттеменің тоқтатылуына әкеліп соғады. Мысалы, егер мұра берушінің кредиторлары өздерінің наразылықтарын мұрагерлік ашылған сәттен бастап 6 ай ішінде бермесе, бұл наразылықтар қабылданбайды.
Бұлардан басқа да мынадай мерзімдер бар: императивтік және диспозитивтік, абсолюттік анықталған, қатыстық анықталған және анықталмаған, жалпы және арнайы.
Императивтік мерзімдер дегеніміз екі жақтың келісімімен ғана өзгертуге келмейтін мерзім. Оған жататындар талап арызының мерзімі (ҚР АК 177 бабы), сатып алу мерзімінің ескіруі (ҚР АК 240 бабы).
Диспозитивтік мерзімдер дегеніміз заңмен қарастырылған болса да, өзгертуге мүмкін болатын мерзім. Қарыз алушы адамға несие берушімен талап етілген күннен бастап 7-ші күні талап етілген кеезңмен анықталған міндеттемелерді орындау тапсырылады (ҚР АК 277 бабы), бірақ өзінің келісімімен тараптар бірден орындалуын жүзеге асыруға немесе неғұрлым ұзақ жеңілдік мерзімін беруді қарастыруға құқылы.
Абсолюттік анықталған мерзімдер нақты дәл кезеңді қарастырады, онымен заңды салдарлар байланыстырылады. Мысалы, күнтізбелік күнмен немесе нақты бір уақыт кезеңімен белгіленген мерзімдер.
Қатыстық анықталған мерзімдердің нақтылығы, дәлдігі азырақ болады, бірақ олар да нақты бір уақыт кезеңімен байланысты болады (мұндай мерзімге жататындар жеткізілім кезеңі, т.б.).
Анықталмаған мерзімдер заңмен немесе келісіммен қандай да бір мезгілдік бағдар қарастырылмаған жағдайда болады. Мысалы, мүлік уақытша ақысыз қолдануға немесе жалға осы пайдаланудың нақты мерзімін көрсетпей берілуі мүмкін.
Жалпы мерзімдер бұл жалпы маңызы бар мерзімдер, олар азаматтық құқықтың барлық субъектілеріне таратылады. Мысал сенімхаттың қызмет етуінің шектеулі мерзімі 3 жыл (ҚР АК 168 бабы).
Арнайы мерзімдер жалпыға ортақ ережеден бөлек ретінде бекітіледі және заңда тура нұсқаулық болған кезде ғана әрекет етеді.
Мына тағайындаулар бойынша мерзімді шектеу аса маңызды болып табылады:
- азаматтық құқықтың іске асу мерзімі;
- міндеттемелердің орындалуы;
- азаматтық құқықтың қорғалу мерзімі.
Азаматтық құқықтың қызмет ету мерзімі бұл құқықтың уақыт бойынша қызмет мерзімі. Олардың маңызы тұлғаға өзінің құқығын іске асыру үшін уақытты қамтамасыз етуде болады.
Тоқтатушы мерзiмдер азаматтық құқықты жүзеге асырудың мерзiмдерiнiң ерекше категориясы. Уәкiл тұлғада өзінің құқығын iске асыру үшiн белгiлi бiр уақыт бар, оның iске асырылмауы немесе лайықсыз жүзеге асырылуы салдарынан тоқтатылуы мүмкін болады. Мысал қарыздар адамның мұрагерлерiне талаптарын қою үшін несие берушіге берiлетiн 6 айлық мерзiм.
Наразылық мерзiмi мiндеттi тұлғаға құқықты болған субъекттiң наразылық білдіруін көрсету үшiн берілетін мерзiм. Осы ереже заң шығарушымен соттық iстердiң санын қысқарту және iс жүргiзу шығындарын кiшiрейту және қалпына келтiру және азаматтық құқығын қалпына келтіруді жылдамдату үшiн жасалған. Заң құқық бұзушыны жазбаша түрде наразылықтың қарастырылуының нәтижесі туралы арыз берушіге хабар беруге міндеттейді.
Кепілдеме мерзім дегенде түсінетініміз уақыт бөлшегі, ол кезде құқықты болған субъект бұзушылықтар табылған жағдайда қарыздар тұлғаға бұл туралы ескертуi қажет, ал ол өз кезегiнде бұзушылықты жоюға тиісті.
Кепiлдеме мерзiмдер субъективті азаматтық құқықты iске асырудың маңызды заңға сүйенген кепiлдiгiн білдіреді. Заңның мағынасы бойынша, кепiлдеме мерзiмдер сатып алушыны өнімнің жасырын кемшіліктерінен қорағу үшін бекітіледі, ол кемшіліктер әдеттегі қабылдау кезінде көрінбейді, білінбейді, бірақ өнімді сақтау, қолдану барысында көрінеді.
27. Талап мерзімі.
177-бап. Талап қою ұғымы
1. Талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi.
2. Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.
178-бап. Талап қою мерзiмдерi
1. Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.
2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 177, 179-186-баптарының ережелерi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, талап қоюдың арнаулы мерзiмдерiне де қолданылады.
179-бап. Талап қоюдың қолданылуы
1. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне қарамастан бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады.
2. Талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады.
3. Талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады.
Басты талап бойынша талап қою мерзiмiнiң бiтуiне байланысты қосымша талаптар (айыптарды өндiрiп алу, кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгi және т.б. туралы) бойынша да талап қою мерзiмi бiтедi.
180-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуi
1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
2. Белгiленген орындау мерзiмiне байланысты мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басталады.
3. Орындалу мерзiмi белгiленбеген не талап ету кезiмен белгiленген мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi мiндеттеменi орындау туралы талап қойылған кезден басталады, ал егер борышқорға сондай талаптарды орындау үшiн жеңiлдiк мерзiмi берiлсе, талап мерзiмiн есептеу аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн басталады (осы Кодекстiң 277-бабының 2-тармағы).
4. Регрестiк мiндеттемелер бойынша талап мерзiмiнiң өтуi негiзгi мiндеттеменi орындау кезiнен басталады.
28. Меншік құқығының жалпы ережелері
188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.
2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзіндегі тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөніндегі өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.
Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.
189-бап. Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы
1. Меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.
2. Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс.
Затты күтiмсiз және заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған шығындары өтелмейдi (осы Кодекстiң 263-бабы).
190-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
1. Иелiктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi.
2. Егер иелiктен айырушы адам заттарды беру мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi мерзiмiн өткiзiп жiберген тарап көтередi.
29. Меншік құқығына ие болу
1. Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншiк құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиедi.
Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған жемiстерге, өнiмге, табысқа меншiк құқығы осы Кодекстiң 123-бабына сәйкес алынады.
2. Меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен айыру туралы өзге мәмiленiң негiзiнде ие болуы мүмкiн.
Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға көшедi.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына - заңды тұлғаларға көшедi (осы Кодекстiң 46-бабы).
Меншiк иесiнiң мүлкiн меншiк иесiнiң еркiнен тыс басқа тұлғаға беруге осы Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берiлмейдi.
3. Осы Кодексте көзделген реттер мен тәртiп бойынша тұлға меншiк иесi жоқ мүлiкке, меншiк иесi белгiсiз мүлiкке, не меншiк иесi бас тартқан немесе өзге негiздер бойынша ол меншiк құқығын жоғалтқан мүлiкке меншiк құқығын алуы мүмкiн.
4. Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.
30. Меншік құқығының тоқтатылуы
1. Меншiк құқығы меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.
2. Мүлiктi меншiк иесiнен ықтиярсыз алып қоюға жол берiлмейдi, бұған мына реттер:
- меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға түскен;
- заң құжаттарына сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз иелiктен айырған;
-реквизицияланған;
- тәркiлеген;
- жер учаскесiн алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айырған;
- күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер;
- осы Кодексте көзделген өзге де реттер кiрмейдi.
3. Жекешелендiру туралы заң құжаттарында көзделген реттер, жағдайлар мен тәртiп бойынша мемлекеттiк меншiктегi мүлiк азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiне берiледi.
4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi.
31. Заттық құқықтың ұғымы. Шаруашылық жүргізу құқығы, жедел (оралымды) басқару құқығы.
Осы заманғы заң әдебиеттерінде "заттық құқықтар" ұғымы жиі қолданылатын, бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болып табылады. Заттық құқықтар кезінде рим құқығында да егжей-тегжейлі қарастырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін орнығып қалыптаспаған және барлық құқықтық жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде ұсынылып, теориялық тұрғыдан тиісінше дәлелденбеген.
Алайда кеңестік заң әдебиеттерінде ең қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Мұның себебі, заттық құқықтардың барлық кеңес өкіметі жылдарында азаматтық құқықтан біртіндегі ығыстырылып шығарылды да, онда меншік құқығы ғана қалды. Сондықтан заттық құқықтар туралы бөлім азаматтық заңдардан шығарып тасталды, ал көптеген заңгерлер табиғатта заттық құқықтар деген жоқ, мысалы, кепіл заттық құқыққа жатпайды, абсолюттік құқық ретінде меншік құқығы ғана бар деп дәлелдей бастады.
Қазіргі уақытта жағдай өзгерді. АК-ның II бөлімі "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар" деп аталады, АК-ға меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына арналған арнайы бап (195-бап) енгізілген, заттық құқықтардың жекелеген түрлері реттелуде.
Алайда заң әдебиеттерінде заттық құқықтар ұғымы мен олардың белгілері анық шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытка дейін заттық құқықтар санаттарын бөліп көрсету қажеттігіне күмән келтіреді.
Сондықтан заттық құқықтар ұғымына және олардың белгілеріне толығырақ тоқталамыз.
Заттық құқықтар ұғымы зат, мүлік, құқықтық қатынастар объектісі, мүліктік құқықтық қатынастар және басқа осы секілді ұғымдармен ажырамастай байланысты; бұл оқулықта олардың бәрі толық талданады. Сондықтан тек мыналарды атап өтеміз: заттық құқықтар мүліктік құқықтардың бір түрі болып табылады, зат мүліктің бір түрі ретінде заттық құқықтың объектісі болып табылады, заттар мен мүліктік игіліктер құқықтық қатынастар объектісі ұғымының негізі болады.
Осындай бастапқы ұғымдарға сүйене отырып, заттық құқықтардың мынадай негізгі белгілерін анықтауға болады:
Бұл ретте нақтылай түсетін екі жағдай бар. Біріншіден, олардың заңмен бекітілуі бұл құқықтар занда заттық құқықтар деп аталуы тиіс дегенді білдірмейді. Олардың мүліктік құқықтар санатына жатқызылуы және заң актілерінде көзделуі де жеткілікті. Олар заттық құқықтардың белгілері болғанда заттық құқықтардың санатына жатқызылады. Мысалы, кепіл немесе сервитут занда заттық құқықтар деп аталмаған. Кепіл АК-ның "Міндеттемелік құқық" бөліміне орналасқан, бірақ бұл оны заттық құқық деп тануға кедергі келтірмейді. Мұндай жағдай мынаған байланысты: кейбір құқықтар қатынастардың бір түрінде заттық құқық ретінде (кепіл ұстаушының барлық басқа адамдармен қатынастарындағы кепіл құқығы), келесі түрірнде - міндеттемелік құқық ретінде (кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің қатынастарындағы кепіл құқығы) қолданылады.
Екіншіден, заңда практикада кездесуі мүмкін деп саналатын заттық құқықтардың түрлеріне сілтеме ғана баянды етіледі. Нақты заттық құқықтар, әрине, нақты заңдық фактілердің негізінде пайда болады;
Көптеген зерттеушілердің жол беріп отырған бір ортақ методологиялық қателігін атап көрсету керек. Көптеген авторлар заттық құқыктың белгілерін аңыктауда меншік, иелену құқығына және басқа да айқын көрінетін заттық құқықтарға сүйенеді. Ал меншік құқығынан айқын көрінетін көптеген белгілер (мысалы, затқа нақты билік ету) кейбір басқа заттық құқықтарға, мысалы, ипотека немесе сервитуг кезінде толық сіңіп, жоғалып кетеді.
Заттық құқықтарды бір басты белгі - дара анықталған заттың объектісі ретінде әрекет ету белгісі біріктіретіндей болып көрінеді. Ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен абсолюттік қорғау белгісінін зор практикалық маңызы бар. Шынын айтқанда, белгілі бір құқықка заттық кұқық мәртебесі осы үшін беріледі. Жоғарыда аталған белгілердің барлық заттық құқықтарда кездеседі, олар кейбіреулерінде күшті, айқын байқалса, келесілерінде - әзер сезіледі, кейде өзгерген түрінде көрінеді. Мысалы, ипотекада затқа билік жүргізу секілді белгі әзер байқалса, оның есесіне, ілесе жүру және артықшылық құқығы күшті сезіледі.
Заттық құқықтардың басым көпшілігі осындай құқық пен заттық құқықтың объектісі болып табылатын заттың меншік иесі арасындағы міндеттемелік құқықтық қатынастармен байланысгы.
Заттық құқықтың анықталған белтілеріне сүйене отырып, заттық құқыққа анықтама беріп көрейік.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн:
- қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму);
- уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату;
- дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен құрал-сайман жасау және сату;
- энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желiлiк көлiк, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттiк басқаруын қажет ететiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын;
- заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртiбi белгiленген мемлекеттiк автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсiн ұстау мен дамыту;
- почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желiлерiн пайдалану;
- денсаулық сақтау, ветеринария, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
- бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
- қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру;
- жер кадастрларын, Қазақстан Pecпубликасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ететiн қызметтi жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бiрегей және сирек кездесетiн ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
Мемлекеттiк органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құруға тыйым салынады.
Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және өзге де заң құжаттарында белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады
202-бап. Оралымды басқару құқығы ұғымы мен оның мазмұны
Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.
Ескерту. 202-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.
203-бап. Оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату
Оралымды басқару құқығына ие болу мен тоқтату, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 13 және 14-тарауларында көзделген ережелер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
204-бап. Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi
меншiктенушiнiң құқығы
1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу мәселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.
2. Меншiк иесi мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк мекеменi бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келiсiммен белгiленедi.
Ескерту. 204-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320 Заңымен.
205-бап. Меншiк иесiнiң оралымды басқаруға
берiлген мүлiктi қайтарып алу және қайта бөлу құқығы
Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
Ескерту. 205-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320 Заңымен.
206-бап. Мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық
кәсiпорынның мүлкiне билiк ету
1. Мемлекеттiк мекеменiң, егер заң актiсiнде өзгеше белгiленбесе, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
2. Қазыналық кәсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi, сол мүлiктiң меншiк иесiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана иелiктен айыруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге, сондай-ақ дебиторлық берешектi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, беруге және есептен шығаруға құқылы.
Қазыналық кәсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзi өндiрген өнiмдi дербес сатады. Қазыналық кәсiпорынның табыстарын бөлу тәртiбiн оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi.
3. Қазыналық кәсiпорынның өзiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi сатуға және оған қатысты сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.
Ескерту. 206-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320, 2001.03.02. N 162, 2002.05.21. N 323 Заңдарымен.
207-бап. Қазыналық кәсiпорынның, мекеменiң және
мемлекеттiк мекеменiң борыштары бойынша
құрылтайшының жауаптылығы
1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Қазыналық кәсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиарлық жауаптылықта болады.Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.
2. Мекеме мен мемлекеттiк мекеменiң жауапкершiлiгi осы Кодекстiң 44-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен туындайды.
Ескерту. 207-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.
208-бап. Мекеменi меншiктену құқығының ауысуы
Мекеменi меншiктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзiне тиесiлi мүлiкке оралымды билiк жүргiзу құқығын сақтап қалады.
32. Жалпы меншік құқығы
Меншік құқығы, меншіктін өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орыннын бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасында мемлекеттіктің қалыптасуының одан кейін КСРО құрамында болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік актілер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Осы тарауда меншік құқығы саласындағы азаматтық заңдармен даму деңгейн түсінуге ықпал етіп, басты теориялық және іс жүзіндегі проблемаларды анықтауға, олардын шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеудің басты екі бағытың ерекшелуге болады. Біріншісі меншік құқығы туралы неғұрлым жалпы нормативтік және доктриналық ережелерді ағылшын саксон және роман герман құқық жүйесінде қарастыру. Бүгінгі таңда құқықтық дамыған екі түрін, яғни қазіргі басты екі жүйеге сәйкес келетін нормативтік соттық және нормативтік заңнамалық құқық жайлы сөз етуге болады.
Учо Маттеи меншік құқығының жалпы құқық жүйесінен мына басты ерекшелігін бөліп қарастырады. Ең алдымен, ағылшын тілдес елдердің құқықтық қауымдастығының өкілдері «Меншік» ұғымын кен мағынада түсініп, ол мазмұны бойынша экономистер қолданатың «Меншік құқығы» түсінігіне жақын болады. Соның нәтижесінде бұл категория құқықтың әр алуан саласын қамтиды, ал римдік құқық дәстүрінде оның ерекшелігі айқын сақталып, оны бірде бір осы заманғы цивилисит меншік құқығына жатқызбас еді. Мысалы акционерлік капитал мен жалға беруді сақтандыруға қатысты туындайтын қатынас жалпы құқық пен меншік құқық ұғымына жатқызылады.
Жалпы құқықты елдерде меншік құқығы нақты (жылжымайтын) мүлікпен және дербес (жылжитың) мүлікпен байланысты негізгі заңды техникалық дихотомия төнірігіндегі болатыны айтарлықтай мәнге ие. Бұлай бөлу бір біріне өзгеше аталған меншік түрлерінің қорғау тетігінің дамуымен сипатталады. У. Маттеи кейбір қатысушылықтың болғанына қарамастаң, жылжымалы және жылжымайтын мүлік институттары бір бірінен ажыратылған және ерекшеленген меншік құқығының аспекті түрінде бола отырып, қазіргі танда құқықта бөлек екі саланы құрайтынын атап өтеді.
У. Маттеиннің пікірінше құрлықтын құқық үшін меншік құқығын нормативтік реттеудің бөлек әлденеше, жалпы заңдылықтары бар. Ол, біріншіден, заттың құқықтық бірлік теориясы. Ұлы француз революциясы кезінде меншік иесінің құқығы күші феодализімге тән сипатта ажырату өріс алады. Менщік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнын шықпауға, әрі бағаланбауға тиіс болды, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатан түрде шектеліп отырды. Екіншіден, жеке басты еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты «байланыстырғыш» ретінде байқалады. Жеке адамның меншікке егемендігі мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеуді, аңғарту, рационалдық және саяси ойдың жаратыстану құқықтық мектептері өркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады.
33. Азаматтық-құқықтық міндеттеменің ұғымы, түрлері және субьетілері Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.
Бір тарап екінші тараптың пайдасына белгілі бір әрекет жасауға атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға не болмаса белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндеттенеді, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар.
Міндеттеменің элементтері тараптар, мазмұн, тақырып.
Міндеттеменің тараптары несие беруші және борышқор.
Міндеттеменің мазмұны тараптардың бір-біріне деген құқықтары мен міндеттері.
Міндеттеменің тақырыбы - міндеттеменің пайда болуына себепкер зат жатады.
Міндеттеменің пайда болу негіздері:
1) Тараптар арасында жасалатын келісім, яғни шарт;
2) құқық бұзушылық, яғни деликт;
3) шарттар тәріздес міндеттемелер (мысалы бөтендердің істерін тапсырмасыз жүргізу);
4) деликт тәрізді әрекеттерден туындайтын міндеттемелер.
Мiндеттемеге қатысушылар
1. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады.
2. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады.
3. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келісімiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн.
34. Азаматтық-құқықтық міндеттемені орындаудың ұғымы
272-бап. Мiндеттеменi тиiсiнше орындау
Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
273-бап. Мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмеуi
Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға және оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi
274-бап. Мiндеттеменi бөлшектеп орындау
Егер мiндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгiленбесе немесе iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.
275-бап. Мiндеттеменi тиiстi адамның орындауы
Егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе және iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, борышқор мiндеттеменi орындау кезiнде несие берушiнiң өзi немесе бұған ол уәкiлдiк берген адам орындауға қабылдайтын нәрсенi талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етедi.
276-бап. Мiндеттеменi үшiншi жақтың орындауы
1. Егер заңдарда немесе шартта көзделсе, сол сияқты үшiншi жақ тиiстi шарт арқылы тараптардың бiрiмен байланысты болса, мiндеттеменi орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшiншi жаққа жүктелуi мүмкiн.
2. Егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орындау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ ұсынған орындау iсiн қабылдауға мiндеттi.
3. Несие берушiнiң борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуы салдарынан өзiнiң бұл мүлiкке құқығынан (иелену, пайдалану, кепiлге салу құқығы және басқа құқықтары) айрылу қаупi төнген үшiншi жақ несие берушiнiң талабын борышқордың келісімiнсiз өз есебiнен қанағаттандыра алады. Бұл ретте мiндеттеме бойынша несие берушiнiң құқығы үшiншi жаққа көшедi және осы Кодекстiң талапқа көну туралы ережелерi (осы Кодекстiң 339-347-баптары) қолданылады.
277-бап. Мiндеттеменi орындау мерзiмi
1. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.
2. Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.
Ақылға қонымды мерзiмде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi, егер заңдардан, мiндеттеме шарттарынан, iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеме мәнiнен басқа мерзiмде орындау мiндетi туындамаса, борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап жетi күн мерзiмде орындауға мiндеттi.
278-бап. Мiндеттеменi бiрқалыпты орындау жөніндегі талаптар
Ұзақ мерзiмде орындалатын болып есептелген мiндеттемелер, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан туындамаса, бiрқалыпты, мiндеттеменiң осы түрi үшiн ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндiк, ай, тоқсан және т.б.) орындалуға тиiс.
279-бап. Мiндеттеменi мерзiмiнен бұрын орындау
1. Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, және оның мәнiнен туындамаса, борышқор мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындауға құқылы.
2. Кәсiпкерлiк қызметке байланысты мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан немесе мiндеттеменiң мәнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.
280-бап. Мiндеттеменiң орындалу барысы туралы ақпарат
Заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы туралы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн.
35. Азаматтық-құқықтық міндеттемені орындауды қамтамасыз ету
292-бап. Мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету әдiстерi
1. Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл, кепiлдiк жарна және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актілерінде белгiленедi.
2. Мiндеттеменi қамтамасыз ету туралы келісімнiң жарамсыздығы бұл мiндеттеменiң (негiзгi мiндеттеменiң) жарамсыздығына әкелiп соқтырмайды.
3. Негiзгi мiндеттеменiң жарамсыздығы оны қамтамасыз ететiн мiндеттеменi жарамсыз етедi.
293-бап. Айып төлеу ұғымы
Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.
299-бап. Кепiл ұғымы
1. Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.
Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.
2. Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады.
3. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, «өзен-теңізде» жүзетін кемелердің кепілі (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі. Осы Кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасына қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар жасалып жатқан теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзетін кемелерге, «өзен-теңізде» жүзетін кемелерге де қолданылады.
337-бап. Кепiлпұл ұғымы. Кепiлпұл туралы келісім нысаны
1. Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.
2. Кепiлпұл туралы келісім кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл ереже негiзгi мiндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнiң жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлпұл келісімiн жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады.
338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер
1. Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы.
Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсіпкер ретінде әрекет ететін тараптардың міндеттемелерінен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
2. Несие беруші өзіндегі зат иелігіне түскеннен кейін де оны иелену құқығын үшінші тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың ережесі қолданылады.
36. Кепіл міндеттемені қамтамасыз ету әдістемесі ретінде
321-бап. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау және кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу
1. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен тыс бұрын орындауды мына жағдайларда:
1) егер кепiл туралы шарттың ережелерiне сәйкестендiрiлмей кепiлге салынған нәрсе қалдырылған кепiл берушiнiң иелiгiнен шығып кетсе;
2) кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру туралы ережелердi бұзған (осы Кодекстiң 314-бабы);
3) егер кепiл берушi осы Кодекстiң 314-бабындағы 2-тармақта көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiл ұстаушы жауап бермейтiн (осы Кодекстiң 313-бабының 2-тармағы) мән-жайлар бойынша кепiлге берiлген нәрсе жоғалған жағдайда;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуды талап етуге құқылы.
2. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқылы, ал егер оның талабы қанағаттандырылмаса:
1) кепiл берушi кейiнгi кепiл туралы ережелердi бұзған;
2) кепiл берушi осы Кодекстiң 312-бабындағы 1-тармақтың 1 және 2-тармақшасында және 2-тармақта көзделген мiндеттемелердi орындамаған;
3) кепiл берушi кепiлге салынған мүлiкке билiк ету туралы ережелердi (осы Кодекстiң 315-бабының 2-тармағы) бұзған жағдайда кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алуға құқылы.
37. Міндеттеменің тоқтатылу негіздері
367-бап. Мiндеттеменi тоқтату негiздерi
1. Мiндеттеме орындалса, талаптан бас тарту төлемi төленсе, борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса, борышты кешiру арқылы борышқор мен несие берушi бiр тұлға болса, орындауға мүмкiндiк болмаса, мемлекеттік органның құжаты шығарылса, азамат қайтыс болса, заңды тұлға таратылса, толық немесе iшiнара тоқтатылады.
2. Мiндеттеменi тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана тоқтатуға жол берiледi.
3. Заңдар мен шартта мiндеттеменi тоқтатудың басқа да негiздерi көзделуi мүмкiн.
370-бап. Мiндеттеменi есепке жатқызу арқылы тоқтату
1. Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бiр тараптың өтiнiшi жеткiлiктi.
2. Мына талаптарды:
1) егер тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша талапқа заңды талап мерзiмiн қолдануға болса және ол мерзiм өтiп кетсе;
2) азаматтың өмірi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы;
3) алимент өндiрiп алу туралы;
4) өмiр бойы асырау туралы;
4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, лицензиядан айрылған не консервациялау немесе тарату процесінде тұрған банкке қойылатын талаптарды;
5) заңдарда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берiлмейдi.
3. Талап өзгеге өткен жағдайда борышқор жаңа несие берушiнiң талабына қарсы өзiнiң бастапқы несие берушiге керi талабын есепке жатқызуға құқылы.
Егер талап борышқор талап етудi беру туралы хабарды алған кездегi негiзден туындаса және талап мерзiмi оны алғанға дейiн туса, не ол мерзiм көрсетiлмесе немесе талап ету кезiмен белгiленсе, ол есепке жатқызылады.
371-бап. Мiндеттеменiң борышқор мен несие берушінiң бiр тұлға болуы себептi тоқтатылуы
Мiндеттеме борышқор мен несие берушi бiр тұлға болуы себептi тоқтатылады.
372-бап. Мiндеттеменiң жаңғыртылуға байланысты тоқтатылуы
1. Мiндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдiсiн көздейтiн басқа мiндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады.
2. Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі мiндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берiлмейдi.
3. Жаңғыртылу, егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, бастапқы мiндеттемеге байланысты қосымша мiндеттемелердi тоқтатады.
374-бап. Орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы
1. Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженiң күшi ақшалай мiндеттемелерге қолданылмайды.
2. Тараптың өзi де, екiншi тарап та мiндеттеменi орындауға жауап бермейтiн мән-жайдан тарап мiндеттеменi орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.
3. Борышқор несие берушiнiң әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда несие берушiнiң одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
375-бап. Мемлекеттік органның құжаты негiзiнде мiндеттеменiң тоқтатылуы
1. Егер жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салдарынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болмаса, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады. Осының салдарынан залал шеккен тараптар осы Кодекске сәйкес олардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
2. Мiндеттеменiң тоқтатылуына негiз болған жария құжат белгiленген тәртiп бойынша жарамсыз деп танылған жағдайда, егер тараптардың келісімiнен немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше жағдай туындамайтын болса және мiндеттеменiң орындалуына несие берушiнiң мүдделiгi жоғалмаса, мiндеттеме қайтадан қалпына келтiрiледi.
376-бап. Азаматтың қайтыс болуымен мiндеттеменiң тоқтатылуы
1. Егер мiндеттеменi орындау борышқордың жеке өзiнiң қатысуынсыз жүргiзiлмейтiн болса не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, борышқордың қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.
2. Егер мiндеттеменi орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса, не мiндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушiнiң қайтыс болуымен мiндеттеме тоқтатылады.
377-бап. Заңды тұлғаның таратылуымен мiндеттеменiң тоқтатылуы
1. Таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келуi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, мiндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие берушi) таратылғанда тоқтатылады.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру осы органдар орындамаған мiндеттемелердi тоқтатуға әкелiп соқтырмайды. Егер тиiстi органдардың қызметiн тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешiмде мiндеттеменi орындау жүктелетiн өзге мемлекеттік орган айқындалмаған болса, көрсетiлген мiндеттемелердi орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледi
38. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып өтейік.
39. Азаматтық-құқықтық шарт: ұғымы, мазмұны, түрлері, маңызы
Шарттық қатынастарды кездейсоқ қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен шартта байланыста. Біздің елімізде шарттық қатынастар нақтылы шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі танда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері пайда болуына орай жоспарлы шарттардың орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын еркін түрдегі шарттар жасала бастады. Азаматтық-құқықтық шарт тәуелсіз тауар өндірушілер мен таратушыларға дербестік негізде тауар-ақша айналымында барабарлық (эквиваленттік) және өтемелік принциптерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құқықтық нысан болып табылады.[1]
Шарт дегеніміз азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді. Оларды, егер екі жақты немесе көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру жағдайларында бір жақты да бола алады. Шарт ұғымы бұған қоса міндеттемеден де ажыратылады. Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқық қатынасы ретіндегі міндеттеме шарттан, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін. Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады. Шарт әр түрлі болып келеді:
1) Құқықтар мен міндеттердің тараптардың арасында бөліну сипатына байланысты шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді. Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға заем шарты келісімге сәйкес заем беруші заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай түрдегі және сападағы заттардың тең санын қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем алушының оларды меншік иесіне қайтарып беру міндеті ғана бар.
Өзара шарттар жағдайында екі тарап та кұкықтарға да, міндеттерге де ие болады. Осындай негіздерде тауар жеткізілімі, сатып алу-сату және т. б. шарттары жасалады. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға оның сатып алған заттарын беруге (өткізуге) міндетті, ал сатып алушы бұл заттарды өзіне беруді (өткізуді) талап етуге кұқылы. Сонымен бірге осы шартқа сәйкес сатып алушы сатып алған заттар үшін келіскен соманы төлеуге міндетті (осы шартқа сәйкес), ал сатушы оның төлеуін талап етуге кұқылы. Өзара шарттың ерекшелігі егер заңда, шартта немесе міндеттеменің мәнінде өзгеше көзделмесе, екі жаққа да міндеттемені бір мезгідде орындау жүктелетіндігінен көріңеді (АК-тің 284-бабы).
Консенсуалды шарт тараптардың барлық мәнді бөліктер бойынша келісімге қол жеткізген сәтінде жасалды деп есептеледі. Нақты шартты жасау үшін келісімге кол жеткізуден басқа тараптардың заттарды немесе ақшаны беру өткізу түріндегі нақты іс-қимылы талап етіледі. Осылайша заем, тауар жеткізілімі және т. б. шарттар жасалады. [2]
Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары). Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.
Шарт еркiндiгi. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.
Аралас шарт. Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.
Ақылы және ақысыз шарт. Шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне бiр нәрсе беруi керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бiр тарап екiншi тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен өзгеше туындамаса, шарт ақылы болуы мүмкiн.
Шарттың қолданылуы. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады (осы Кодекстiң 393-бабы). Тараптар өздерi жасасқан шарттың ережелерi олардың шартты жасасуға дейiн пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгiлеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартта шарттың қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, шарт бойынша тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкелiп соқтырады.
Қолданылу мерзiмi көрсетiлмеген шарт тараптардың онда белгiленген мiндеттемелердi орындауы аяқталып бiткен кезге дейiн қолданылады деп танылады. Шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды осы мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 387-бап өзгертiлдi
Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.).
Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.
Тұтынушылардың кейбiр категорияларына жеңiлдiк беру заңдармен жол берiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей болып белгiленедi.
Тұтынушыға тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуына жол берiлмейдi.
Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда осы Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады.
Заң құжаттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi жария шарттарды жасау және орындау кезiнде тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы мүмкiн.
Қосылу шарты. Ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берiлетiн құқықтардан айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың жауапкершiлiгiн жоятын немесе шектейтiн болса не қосылған тарап үшiн онда анық қиындық келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн мүдделерiн негiзге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Алдын ала жасалатын шарт. Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi.
Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды.
Шарт жасасатын жер
Егер шартта оны жасасатын жер көрсетiлмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерiнде немесе оферта жiберген заңды тұлғаның орналасқан жерiнде жасалған болып танылады.
Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы.
40. Азамамттық-құқықтық шартты бекіту, өзгерту және тоқтату
401-бап. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi
1. Егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.
2. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:
1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;
2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.
3. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (осы Кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.
402-бап. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі
1. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
2. Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 403-бап өзгертiлдi
403-бап. Шартты бұзу және өзгерту салдары
1. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады.
2. Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi.
3. Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда - шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.
4. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.
5. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 404-бап жаңа редакцияда
404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)
1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.
2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);
2) белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттік органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.
4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.
405-бап. Шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту
Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы.
Шарттың қолданылу мерзiмi осы Кодекстiң 397-бабының ережелерi бойынша ұзартылады.
41. Меншік құқықты және басқа заттық құқықтарды қорғау
259-бап. Меншiк құқығын тану
Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы.
260-бап. Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi
Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы.
261-бап. Адал алушыдан мүлiктi талап етiп алдыру
1. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе, және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.
2. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы.
3. Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейдi.
262-бап. Ақша мен бағалы қағаздарды талап етiп алдыруды шектеу
Ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден талап етiп алдыруға болмайды.
263-бап. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезiнде есеп айырысу
1. Меншiк иесi осы Кодекстiң 260, 261-баптары негiзiнде мүлiктi талап ете отырып, арам ниеттi иеленушiден бүкiл иеленген кезiнде өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн қайтаруды немесе өтеудi; адал иеленушiден иеленуiнiң заңсыздығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған немесе меншiк иесiнiң мүлiктi қайтару туралы талап қою жөніндегі хабарламасын алған кезден бастап өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсаған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын сот негiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы.
2. Заңсыз иеленушi өзi жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтiрмей бөлуге келсе, өзiнде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды бұлайша бөлу мүмкiн болмаса, адал иеленушiнiң жақсартуға жұмсаған шығындарын өтетудi талап етуге құқығы бар, бiрақ ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Арам ниеттi иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ.
264-бап. Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғау
Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.
265-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтарын қорғау
Меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де осы Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.
266-бап. Заңда көзделген негiздер бойынша меншiк иесiнiң құқықтары тоқтатылған кезде оның мүдделерiн қорғау
Қазақстан Республикасы меншiк құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды меншiк иесiне Қазақстан Республикасы толық көлемiнде өтейдi.
267-бап. Меншiк иесiнiң құқықтарын және басқа заттық құқықтарды бұзатын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар құжаттарының жарамсыздығы
1. Егер мемлекеттік органның не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке қуат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөніндегі құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.
2. Нақты iс бойынша сот шешiм шығарған жағдайда мемлекеттік органдардың заң құжаттарына қайшы келетiн құжаттары қолданылмайды.
Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залал тиiстi мемлекеттік органның тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелуге тиiс.
42. Міндеттемеде тұлғалардың ауысуы: талап ету құқығын беру (цессия) қарыздың ауысуы
339-бап. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысу негiздерi мен тәртібі
1. Мiндеттеме негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа адамға берiлуi; немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстыруы мүмкiн.
Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регрестi талаптарға қолданылмайды.
2. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы үшiн, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімi талап етiлмейдi.
3. Егер несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнiнде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие берушi осыдан туындайтын өзiне қолайсыз салдарға тәуекел етедi. Бұл жағдайда бастапқы несие берушiге мiндеттеменi орындағаны тиiстi несие берушiге орындағаны болып табылады.
4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша талап ету құқығын берудiң ерекшелiктерi заң актілерінде белгiленуi мүмкiн.
340-бап. Басқа адамдарға ауыстыруға болмайтын құқықтар
Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда алимент жөніндегі және азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi.
341-бап. Несие берушiнiң басқа адамға ауысатын құқықтарының көлемi
Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.
342-бап. Жаңа несие берушiнiң құқықтарына дәлелдемелер
1. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелердi өзiне табыс еткенше жаңа несие берушiге мiндеттемелердi орындамауға құқылы.
2. Талап етудi басқа адамға берген несие берушi оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшiн маңызы бар мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi.
343-бап. Жаңа несие берушiнiң талабына борышқордың қарсылық бiлдiруi
Борышқор мiндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушiге ауысқаны туралы хабарды алар кезiнде бастапқы несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушiнiң талаптарына қарсы қоюға құқылы.
344-бап. Несие берушi құқықтарының заң құжаттары негiзiнде басқа адамға ауысуы
Мiндеттеме жөніндегі несие берушiнiң құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетiлген мынадай жағдайлардың болуы негiзiнде:
1) несие берушiнiң құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесiнде;
2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкiндiгi көзделсе, несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешiмi бойынша;
3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушiнiң құқықтарын алып берген кезде;
5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.
345-бап. Талап етудi беру шарттары
1. Несие берушiнiң талап етудi басқа адамға беруiне жол берiледi, себебi ол заң құжаттарына немесе шартқа қайшы келмейдi.
2. Егер несие берушiнiң жеке басының борышқор үшiн елеулi маңызы болса, борышқордың келісімiнсiз мiндеттеме жөніндегі талап етудi беруге жол берiлмейдi.
346-бап. Талап етудi беру нысаны
1. Жазбаша (жай немесе нотариалды) түрде жасалған мәмiлеге негiзделген талап етудi беру тиiстi жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Мемлекеттік тiркеудi талап ететiн мәмiле бойынша талап етудi беру осы мәмiленi тiркеу үшiн белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс.
3. Ордерлi бағалы қағаз бойынша талап етудi беру осы бағалы қағаздағы индоссамент арқылы жасалады (осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағы).
347-бап. Талап етудi берген несие берушiнiң жауапкершiлiгi
Талап етудi берген бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында оған берiлген талаптардың жарамсыздығы үшiн жауап бередi, бiрақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшiн бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң алдында борышқор үшiн кепiл болуды өзiне алғаннан басқа жағдайда, сондай-ақ егер осы Кодексте немесе шартта өзгеше көзделмесе, жауап бермейдi.
348-бап. Борыштың ауысуы
1. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушiнiң келісімiмен ғана жол берiледi.
2. Жаңа борышқор несие берушiмен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негiзделген қарсылықтарын несие берушiнiң талабына қарсы қоюға құқылы.
3. Борышты аудару нысанына тиiсiнше осы Кодекстiң 346-бабының 1 және 2-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
4. Мiндеттеменiң жекелеген түрлерi бойынша қарызды аудару ерекшелiктерi заң актілерінде белгiленуi мүмкiн.
43. Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері. Сатып алу-сату шартының түрлері Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелгі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі колданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егср біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсак, ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережедері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты кезқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкінішлігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретіндс бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар найда болуына қарсы емес деп табу мүмкін.
Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлсмі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан. оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған занды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуте мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде өкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық катынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қөзғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тауар жеткізілімі шарты
2.2 Келісімшарт жасасу шарты
2.4 Қозғалмайтын мүлік сату шарты
2.5 Тұрғын үйді сату шарты
2.6 Кәсіпорынды сату шарты
44. Бөлшектеп сатып алу-сату, прокат және тұрмыстық мердігерлік шарттарының жалпы белгілері Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.
Егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы Кодекстiң 389-бабы) формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды. . Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.
Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады.
2. Прокат шарты жазбаша түрде жасалады.
3. Прокат шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
1. Прокат шарты бiр жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
2. Жалға алушының мүлiктi жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлiктi жалға алу шартын белгiсiз мерзiмге жаңарту туралы ережелер (осы Кодекстiң 557, 558-баптары) прокат шартына қолданылмайды.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
45. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының элементтері Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.
Егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы Кодекстiң 389-бабы) формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды.
46. Энергиямен жабдықтау шартының ұғымы және элементтері 1. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
2. Энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы). P05009S
3. Тараптар үшiн мiндеттi болып табылатын энергиямен жабдықтау шартының талаптары осы Кодекске және басқа да заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
1. Энергиямен жабдықтау шарты абонентпен онда энергиямен жабдықтаушы ұйымның желілеріне жалғанған қажеттi жабдық болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалады.
2. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда белгiленген тәртiппен абоненттi жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептеледi.
Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мұндай шарт белгiсiз мерзiмге жасалған болып есептеледi және осы Кодекстiң 490-бабында көзделген негiздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
3. Мерзiм аяқталғаннан кейiн энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi болмаған жағдайда ол шартта көзделген дәл сондай мерзiмге және нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледі. Шартты жаңа мерзiмге ұзартқан кезде тараптардың келiсiмi бойынша оның талаптары өзгертiлуi мүмкiн.
4. Егер шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн тараптардың бiрiнен жаңа шарт жасасу туралы ұсыныс енгiзiлсе, тараптардың қатынастары жаңа шарт жасалғанға дейiн бұрынғы жасалған шартпен реттеледi.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы абонентке (тұтынушыға) жалғанған желі арқылы энергия беруге мінденеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шарты көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдалынатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады. Тараптар үшін болып табылатын энергиямен жабдықтау шартының талаптары азаматтық кодекске және басқа да заң актілеріне сәйкес белгіленеді.
ХІХ-ХХ ғасырларда энергиямен жабдықтау қоғам өмірінде маңызды орын алды экономика дамуында міндетті талап болып табылады. Энергияны қандай да болмасын формасында жабдықтау қазіргі қоғамда көптеген құралдармен жасалады: электр машиналары, өндіріс құралдары, электрондық қондырғылар және тағы басқалары. Энергиямен тұтыну процессінің құқықтық формасы болып энергиямен жабдықтау шарты табылад.Егер шартын қолдану мерзімі аяқталғанға дейін тараптардың бірінен жаңа шарт жасасу туралы ұсыныс енгізілсе, тараптардың қатынастары жаңа шарт жасалғанға дейін бұрынғы жаалған шартпен реттеледі.
Азаматтық құқық объектілерін классификациялау жағынан қарағанда, энергия қозғалмайтын, жай, бөлінетін, тұтынатын зат болып табылады. Осы тауардың айналымының бірнеше ерекшелігі бар. Олар, энергияны тұтынудың және транспорттаудың, сақтаудың шектеулігінің және өндіріс процессінің тоқтамсыздығы тұтынушылардың қызметінің тауар сапасына әсері, ел масштабында энергия және газ жабдықтау системасының бірі болуы.
Олар мыналар: электр тасымалдау желілері, газ және су құбырлары, трансформатор және насос станциялары және тағы басқалары. Сонымен қатар, энергияны тұтұну да арнайы қондырғыларды талап етеді: инженерлік коммуникациялар, қадағалау өлшеуіш құралдар, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдар.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияныь тұрмыстық тұтұну үшін пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда энергетикалық желілердің, сондай-ақ энергия тұтұнуды есептейтін аспаптардың тиісті техникалық жай күиі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті, егер заң актілерінде өзгеше кезделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледі.
Энергетикалық желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай күйіне және оларды пайдалануға қойылатын талаптар заңдармен белгіленеді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерін абонент пайдалануындағы энергетикалық желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай күйін және қауіпсіздігін ақылау үшін аспаптарға жіберуге міндетті. Олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі заңдармен белгіленеді.
Тұтұнушының энергияны алуын және қауіпсіз қолдануын қамтамасыз ететін техникалық қондырғы жүйесі қосылған желі деп аталады. Қосылған желі арқылы энергияны қолдану және беру, энергиямен жабдықтау шартының басты ерекшелігі болып табылады. Осы арқылы энергиямен жабдықтау шартын басқа бірдей міндеттемелерден акйыруға болады. (Мысалға, тауар жеткізілім шартынан). Сонымен, балондағы табиғат газын сату, сатып алу сату немесе тауар жеткіз шарты болып табылады ма?
Егер де газ тұтұнушыға қосылған желі арқылы берілсе, онда ол энергиямен жабдықтау шарты болып табылады.
Бұл шарт сатып алу сатудың бір түрі болып табылады және азаматтық кодекстің нормаларымен реттеледі. Азаматтық кодекске қайшы келмейтін бөлімде энергияны жабдықтау туралы прнайы нормативтік актілер қолданылады. Ал, реттелмей қалған сұрақтарды сатып алу сату туралы жалпы ережелер негізінде шешіледі.
Энергиямен жабдықтау шарты консесуалды, қайтарымды, өзара болып табылады.
Энергиямен жабдықтау шартының тараптары болып азаматтар мен заңды тұлғалар табылады. Шарт бойынша сатушы болып негізінен кәсіпкер энергияны жабдықтайтын ұйым болады. Бөлек тауар нарықтығы жағдайды дамыту мақсатында мемлекет энергиямен жабдықтау шартының субьективті құрамына арнайы талаптар қойды.
Энергиямен жабдықтау шартының пәні болып энергия табылады. Осы шарттың пәні, жалғыз елеулі талабы болыпе табылады.Сонымен қатар энергиямен жабдықтау шартының пәні болып басқа да тауарлар да табылады: мұнай, мұнай өнімдері, су. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша негізінде қандай тауарды сатуға болатынын қалай анықтаймыз дейтін сұрақтар туады.Егер өнімді қабылдап алушымен қолдану және алу арнайы қосылған желінің көмегімен жүзеге асырылса, онда оның айналымы энергиямен жабдықтау шартының формасы негізінде жүзеге асырылды.
Шарттың бағасын көбінесе тараптар анықтамайды. Ол мемлекетпен бекітілген тариф бойынша жүзеге асырылады. Ол шарттың субъективтік құррамына байланысты анықталады. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, энергияны есептеу деректеріне сәйкес белгіленетін, абонент іс жүзінде алған энергия мөлшері үшін энергия ақысы төленеді.
Энергия үшін есеп айырысу тәртібі заңдармен немесе тараптардың келісімімен белгіленеді.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша сатып алушы болып азаматтар және заңды тұлғалар табылады.
Жалпы ереже бойынша энергиямен жабдықтау шарты негізінен анықталмаған мерзімге жасалады. Бірақ, заңды тұлғалар қатысатын шарттардың мерзімі болады. Олардың мерзімінің ұзақтығын тараптар анықтайды.
Сатушының энергияны тұтынушыға берген кездегі басты міндеті: а) белгілі бір мөлшерде; б) біреудің келісілген режимін сақтау; в) белгіленген сапасымен.
Беріліп жатқан энергияның мөлшері шарттың елеулі талабы болып табылады, егер, энергияны кәсіпкерлік мақсатта қолданатын абонент ретінде заңды тұлға немесе азамат табылса.
Энергиямен жабдықтау шартының мөлшері туралы алуға құқылыэнергияның мөлшерінің шегін анықтайды. Көп жағдайда энергиямен жабдықтау шарты тұтынушыға қолданып жатқан энергияның мөлшерін, сатушының қосымша шығындарын өтеп, бір бағытты тәртіпте өзгертуге құқық береді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартта көзделген мөлшерде және тараптар келіскен энергия беру режимін сақтай отырып, тұтынушыға жалғанған желі арқылы энергия беруге міндетті. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және тұтынушы қабылдаған энергияның мөлшері оның нақты тұтынушы туралы есеп деректеріне сәйкес анықталады.
Энергияны тұрмыстық қажеттілік үшін қолданатын азамат, энергияны өзіне қажетті мөлшерде ала беруге құқылы. Осыған байланысты мөлшер туралы талап бұндай энергиямен жабдықтау шартында елеулі болып табылмайды.
Егер энергиямен жабдықтаушы ұйым жалғанған желі арқылы тұтынушыға энергияны шартта көзделгенінен аз мөлшерде берсе, заң актілерінде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнінен туындалмаса, азаматтық кодекстің 419-бабында көзделген ережелер қолданылады.
Энергияны беру режимі энергиямен жабдықтау шартының елеулі талабы болып табылады (егер тұтынушы заңды тұлға немесе кәсіпкер азамат болса). Энергияны тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын азамат оны қандай да болмасын режимде қабылдауға құқылы.
Энергияны беру режимін бұзғаны үшін, энергияны жабдықтаушы ұйымға азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шаралары қолданылады. Бірақ, жауапкершіліктің негізі бұзудың себебіне байланысты. Сонымен, энергияны беруді тоқтатқаны үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымның жауапкершілігі, оның кінәлілігі болған жағдайда ғана пайда болады.
Беріліп жатқан энергияның сапасы мемлекеттік стандартқа және басқа да міндетті ережелердің талаптарына сәйкес келуі керек. Бөлек сапалы көрсеткіштерді, шарттың талаптарының келісімімен орнатылады. Энергияның сапасын анықтау тәртібі негізінен арнайы нормативтік актілермен және шарттың тараптарымен анықталады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен сапа туралы талап бұзылса, онда тұтынушыға ондай энергия үшін ақы төлеуден бас тарту құқығын береді. Сонымен қатар шағындарды өтеуді талап етуге құқылы. Ал, егер тұтынушы сапасыз энергияны қолданып қойса, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым сол қолданған энергия үшін ақы төлеуін талап етуге құқығы бар.
47. Жеткізілім шарты, оның мазмұны
1. Егер тараптар шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде тауарлардың жекелеген топтармен жеткiзiлiмiн көздеген болса және онда жекелеген топтардың жеткізілімі мерзімдері (жеткізілім кезеңдерi) белгiленбесе, заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, тауарлар ай сайын бiркелкi топтармен жеткiзiлiп отыруға тиiс.
2. Шартта тауар жеткiзiлiмi кезеңдерiн айқындаумен қатар, тауарлар жеткiзiлiмi (онкүндiк, тәулiктiк, сағаттық және т.б.) кестесi белгіленуі мүмкін.
3. Тауарлардың мерзiмiнен бұрын жеткiзiлiмi сатып алушының келiсуiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мерзiмiнен бұрын берiлген және сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесi кезеңде берiлуге тиiс тауарлар санының есебiне енгiзiледi.
1. Тауар беруші сатып алушыға немесе шартта сатып алушы ретінде көрсетілген адамға шарт бойынша тауарды тиеп-жөнелту (беру) жолымен тауарлар жеткiзiлiмiн жүзеге асырады.
2. Шартта тауар берушіге тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуi туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделген жағдайларда тауар берушi тауарларды тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазда көрсетiлген алушыларға тиеп-жөнелтудi (берудi) жүзеге асырады.
3. Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушiге жiберу мерзiмi шартта белгiленедi. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жiберу мерзiмi көзделмесе, ол жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей тауар берушiге жiберiлуге тиiс.
4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазының белгiленген мерзiмде табыс етiлмеуi тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға құқық бередi.
Тауар жеткізілім шарты дегеніміз жеткізіп беруші ұйым сатып алушы ұйымның меншігіне шаруашылығын жүргізуіне, өзі жасаған өнімді жедел басқаруға белгілі-бір мерзімде немесе мерзім ішінде беруді міндетіне алатын келісім. Ал, сатып алушы ұйым өнімді қабылдап, белгіленген бағасын төлеуге міндеттенеді.17 Жеткізіп беру- бұл кәсіпкерлікқызмет саласындағы ең көп тараған шарттардың бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда жеткізіп беру шартын сауда немесе кәсіпкерлік сатып алу сату деп атайды
Сатып алу- сату шартындағы сияқты жеткізіп беру шарты бойынша да тауарлар сатып алушының меншігіне немесе жедел басқаруына жүргізуіне өтеді. Алайда сатып алу сату шартына қарағанда тауар жеткізілім шартының мәні көп жағдайларда ұйымдардың, заңды тұлғалардың арасында белгілі- бір текстік нысандары бойынша саны, салмағы, өлшемі бойынша үліктік есептермен тұжырымдалады.
Сөйтіп, тауар жеткізілім шартындағы тараптар мемлекеттік, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болып табылады. Жеткізіп беру жөніндегі шарттық қатынастың құрылымы негізінде 2 тәсілмен сипатталады. Бұлар тура шарттық қатынастар және делдалды шарттық қатынастар.
Тауар жеткізілімі шартының жасау кезінде тараптар арасында шырттың жекелеген тараптары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасасуды ұсынған және басқа тараптан осы талаптарды келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тараптан оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.
Тауар жеткізілім шарты консесуалды және қайтарымдыболып табылады. Бұл шарт жария шарттар санына жатпайды. Бірақ заңда көрсетілген жағдайларда жеткізіп Шарттың тиісті талаптары бойынша ұсыныс алған, бірақ тьауар беру шартының талаптарын келісу жөнінде шара қолданбаған мерзімде шарт жасасудан бас тарту туралы екінші тарапқа хабарламаған тарап шарт талаптарын келісуден жалтару туғызған залалдарды өтеуге міндетті.
Шартта тауар жеткізілімі кезеңдерін айқындаумен қатар, тауарлар жеткізілім (онкүндік, тәуліктік, сакғаттық және т.б) кестесі белгіленуі мүмкін.
Тауар жеткізілім шарты негізінен сатып алушыға тауарды бөлек-бөлек партиялармен беруді көрсетеді. Бірақ, осыны шартта көрсету керек. Оны көрсетпеген жағдайда жеткізіп беруші сатып алушыға тауардың барлық мөлшерін бір уақытта беруге міндетті. Егер шартта бөлек- бөлек жеткізіп беру көрсетілсе, бірақ жеткізіп беру мерзімдері көрсетілмесе , жеткізіп беруші жалпы ереже бойынша сатып алушыға тауарды бірдей партиялармен ай сайын беріп оьыруға міндетті.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, онда сатып алушы тауар берушіге заң актілерінде белгіленген тәртіппен мерзімде тауар келіп түскен көп айналымы ыдысты және буып тию құралдарын құралдарын қайтаруға міндетті басқада ыдыспен буып, -түю заттары тауар берушіге шартта көзделген жағдайларда ғана қайтарылуға тиіс сатып алушының тауар жеткізілім шарты бойынша негізгі міндет тауарды қабылдап, және оның ақшасын төлеу сатып алушы тауар жеткізілімі шартына сәйкес берілген тауарды қабылдауды қамтамасыз ететін барлық қажетті іс -әрекетті жасауға міндетті .
Сатып алушы қабылдаған тауар заң актілерінде, тауар жеткізілімі шартында немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген мерзімде қаралуға тиіс.
Сатып алушының тауар жеткізілім шарты бойынша негізгі міндеті қабылдап және оның ақшасын төлеу сатып алушы тауар жеткізілімі шартына сәйкес берілген тауарды қабылдауды қамтамасыз ететін барлық қажетті іс - әрекетті жасауға міндетті сатып алушы қабылдаған тауар заң актілерінде, тауар жеткізілімі шартында немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген мерзімде қаралуға тиіс.
Сатып алушы сол мерзімде заң актілерінде, шартты немесе іскерлік айналым дағдыларында белгіленген тәртіппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауарын байқалған сәйсіздіктері немесе кемшіліктері туралы тауар баға берушіге жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті.
Сатып алушы осы заң актілерінде және шартта көрсетілген мерзім ішінде сәйкессіздіктерді және кемшіліктерді байқағаны туралы хабарламаса онда сатушы жауапты болмайды.
Сатып алу- сатудың жалпы ережелеріне қарағанда, тауарды қабылдау міндеті азаматтық кодекстің 466 бабында кең көрсетілген орындауды қабылдауға байланысты әрететтерді жүзеге асырумен қатар, ол өзіне тауарды тексеруге байланысты бірнеше қосымша міндеттерді кіргізеді, осылардың мазмұнын тек сатып алушыға жеткізіп беру тәсілі арқылы айыруға болады. Егер жеткізіп беру жеткізіпберушімен жүзеге асырылса, онда сатып алушы тауарды қарауға және олардың сапасын және санын тексеруге міндетті. Тексетудің мерзімін және тәртібін нармативтік актілер, тауар жеткізілім шарты немесе іс айналымы дәстүрлерімен анықтайды.
Егерде тауарлар сатып алушыға жеткізіп берушінің жеке өзі бермей, транмпорттық мекеме берсе, онда сатып алушы сол тауарларды транспорттық мекемеден белгіленген тәртіп бойынша қабылдап алуға міндетті.
Сатып алушының тауарды таңдау жағдайына, ол жалпы ереже бойынша беріліп жатқан жерде тексетуге міндетті.
Жеткіліксіз беріліп, орны толтыруға тиісті тауарлардың түр-түрін тараптардың келісімі бойынша айқындалады. Келісім болмаған жағдайда тауар беруші жетіспеушілікке жол берілген кезіңге арнап, белгіленген түр-түрі бойынша жеткілікзіз берілген тауарлар санының орнын толтыруға міндетті.
48. Келісім жасасу шартының тараптарының құқықтары мен міндеттері
Келiсiм-шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi.
Келісім шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін, - ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы тұлғаға беруге міндеттейді.
Келісім шарт жасасу шарты әр бір қоғамның жақсы жағдайының негізін құрайтын , ауыл шаруашылығына өте маңызды немесе қажетті , ауыл шаруашылық өнімдерін және заттарын жасауға байланысты қатынастарды көрсетеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінің спецификациясын бұл ауа рай жағдайына қатты байланысты. Бұл жағдай ауыл шаруашылық өнімін өндірушіні шарттың эканомикалық әлсіз тараптары ретінде көрсетеді (мысалы, тауар жеткізілім шартының сатушысыныа қароағанда). Сондықтан, келісім- шарт жасасуға байланысты қатынастарды заң жағынан нормалаудың негізгі бағыты бұл өндірісші сатушының экономикалық қабілетімен өндірісші сатушының экономикалық қабілетінің теңестіруі мақсатымен жасалады.33
Келісім шарт жасасу шарты сатып алу сатудың бір түрі болып табылады. Сонымен қатар келісім шарт жасау шарты жеткізіп берудің бір түрі болып табылады. Оның себебі келісім шарт жасасу шартының мазмұны тауар жеткізілім шартының жалпы түсінігімен қарастырылады. Келісім шартжасасу шартының мұндай екеулі мінезді болуы , оның құқықтық реттелуін ерекше мінезде болатынын көрсетеді. Келісім шарт жасасу шартын реттеуде тауар жеткізілім шартының нормалары қолданылады. Ал, реттелмей қалған сұрықтарды сатып алу сатудың жалпы ережелерімен шешеді
Сатып алу- сату сияқты келісім шарт жасасу шарты да қайтарымды.консесуалды және өз ара болып табылады .
Келісім- шарт жасасу шартын сатып алу сатудың басқады түрлерінен субьектілік құрамы және пәні арқылы айыруға болады.
Келісім- шарт жасасу шартының тараптары сактушы (өнімді өндіруші) және дайындаушы тұлға болыпи негізінен кәсіпкерлер табылады сондықтан келісім шарт жасу шартын негізінен шаруашылық (салдар) санына кіреді. Кәспкер статусы жоқ мемлекет және азаматтар келісімі шарт жас асу шартына қатыса алмайды.
Ауыл шаруашылық өнімін өндіру қызметінің негізгі түрі болып табылатын тұлға келісім -шарт жасасу шарт жасасу сатушысы болып табылады.Олар жеке кәсіпкерлер (фермерлік және крестияндық шаруашылықтың басшылары) немесе комерциялық ұйымдар. Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізуге заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі толықтай жетуі кереук. Осыған сәйкес дайындаушы болып тек қана кәсіпкер емес, сонымен қатар мемлекеттік орган да табылады.
Келісім шарт жасасу шартының пәні болып ауыл шаруашылық өндірісінің әр өнімі табылады.
Тауар жеткізілім шарты жеке анықталған заттарға да қатысты жасалуы да мүмкін. Бірақ, осы ережені келісім шарт жасасу шартына да қолдануға болады ма?- деген сұрақ туады. Ол анықтамаға сәйкес болмайды. Бұ келісім шарт жасасу шартының заңды реттеушісінің ауыл шаруашылық өнімін көптеп өндіруші тұлғаның мүддесін қамтамасыз ету мақсатына байланысты жасаған.
Келісім шарт жасасу шартының пәні болып табылатын өнім, оны кері жасауға немесе сатуға алынады. Ал, мемлекеттік қажеттілік үшін алынатын ауыл шаруашылық өнім мемлекеттік фондқа сақтауға салынады. Осы барлық жалпы болып, келісім шарт жасасу шартының пәні жеке, жанұя, үй жағдайларына қолдануға арналмағаны көрсетіледі.
Келісім шарт жасасу шартының мерзімі елеулі талаптарының бірі болып табылады. Бірақ, ол келісім шарт жасасу шартына оңдай маңызды емес. Көп жағдайда келісім шарт жасасу шартын жасасқан уақыт және оны орындау мерзімі келіспейді. Себебі, өнімді жасау (өсіру) керек. Ауыл шаруашылығында өндірілу мерзімнің ұзақтығы толықтай табиғат факторымен анықталады. Сондықтан, егер шартта мерзім туралы талап көрсетілмесе, онда ол сот арқылы толтырылуы мүмкін.
Келісім шарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шарты сияқты жазбаша нысанда жасалады. Келісім шарт жасасу шартын жасасқан кезде пайда болған сұрақтарды, тауар жеткізілім шартына қолданылатын ережелер арқылы реттейді.
Келісім шарт жасасу өндіруші дайындаушыға өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін мөлшері, сапасы мен түр түрі келісім шарт жасасу шартында көзделгендей етіп беруге міндетті.
Ауыл шаруашылық өнімін қабылдау дайындаушы орналасқан жерде немесе ол көрсеткен өзге орында жүзеге асырылатын жағдайда дайындаушының келісім шарт жасасу шартының талаптарына сәйкес келетін және дайындаушыға шартта келісілген мерзімде берілген ауыл шаруашылық өнімін қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Дайындаушы өнім сапасын стандарттарға сәйкес дәл анықтауды қамтамасыз етуге міндетті .
Келісім шарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнімін ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндірушіге оның талап етуі бойынша ауыл шаруашылықөнімін ұқсатудан қалған қалдықтарды шартта белгіленген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару міндеті көзделуі мүмкін.
Ауыл шаруашылық өнім үшін төлеу міндеті тауар жеткізілімі және сатып алу сату шартының жалпы нормалар арқылы анықталады. Төлеу негізінен аванс (толықтай немесе бөлшектеп) арқылы жүзеге асады.
49. Кәсіпорынды сату шартының ерекшеліктері Кәсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне (осы Кодекстiң 119-бабы) беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды.
2. Кәсiпорынның қызметкерлерi жөнiндегi құқықтар мен мiндеттер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен сатушыдан сатып алушыға ауысады.
3. Фирмалық атауларды, тауар белгiлерiн, қызмет көрсету белгiлерiн және сатушыны дараландыратын басқа да құралдар мен оның өнiмдерiн, оның атқаратын жұмысын немесе көрсететiн қызметiн пайдалану құқықтары, сондай-ақ лицензия негiзiнде дараландыратын құралдарды пайдалану жөнiнде сатушыға тиесiлi құқықтар, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға ауысады.
4. Тиiстi қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негiзiнде алынған құқықтар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауға тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына оның арнайы рұқсаты (лицензиясы) болмауынан сатып алушы орындай алмайтын мiндеттемелердiң енгiзiлуi сатып алушыны кредит берушiлер алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды. Міндеттемелерді орындамағаны үшін сатушы мен сатып алушы кредит берушілер алдында бірдей жауап береді.
5. Кәсіпорын бірыңғай мүліктік кешен болған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорынды сату ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
Ескерту. 493-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.15 N 253, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Кәсiпорынды сату шарты, осы Кодекстiң 495-бабының 2-тармағында аталған құжаттарды мiндеттi түрде қоса отырып, тараптардың қолы қойылған бiр құжат дайындау жолымен жазбаша түрде жасалады.
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғалараға беру құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер қосылмайды.
Кәсіпрынның қызметкерлері жөніндегі құқықтар мен міндеттер еңбек турала заң актілерінде көзделген тәртіппен сатушыдан сатып алушыға ауысады.
Фирмалық атауларды, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және сатушыны дараландыратын басқа құралдар мен оның өнімдерін, оның атқаратын жұмысын немесе көрсететін қызметін пайдалану құқықтары, сондай-ақ лицензия негізінде дараландыратын құралдарды пайдалану жөніндегі сатушыға тиесілі құқықтар, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға ауысады.
Тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауы тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына оның арнайы рұқсаты (лицензиясы ) болмауынан сатып алушы орындай алмайтын міндеттемелердің енгізілуі сатып алушыны несие берушілер алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды. Міндеттемелерді орындамағаны үшін сатушы мен сатып алушы несие берушілер алдында бірдей жауап береді.
Кәсіпорынды жекешелендіру тәртібімен сату ерекшеліктері жекешелендіру туралы заң актілерімен белгіленеді.
Кәсіпорынды сату қозғаклмайтын мүлікті сатып алу сату шартының бір түрі болып табылады. Азаматтық кодексте «кәсіпорын » түсінігі екі мағынада қолданылады. Құқық субъектісі ретінде. Құқық объектісі ретінде кәсіпорынның мағынасы мүліктің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Біріншіден, кәсіпорын бұл кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін арналған мүлік. Сондықтан, ол негізінен жеке және коллективті кәсіпкердің иелігінде болады. Екіншіден, кәсіпорын бұл бір мүліктік кешен. Ол тұтынбайтын, күрделі зат. Үшіншіден, кәсіпорын бұл қозғалмайтын зат. Пәні кәсіпорын болып табылатын мәмілелер екрекше талаптарға бағынады.
Коммерциялық қызмет жүргізу үшін кәсіпорынды қолдану әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады. Бірінші тәсілі, кәсіпорынды алу емес, оны қадағалау құқығымен алумен байланысты. Бұл, акцияны сатып алу нәтижесінде жүзеге асады. Басқа тәсілі кәсіпорынды зат ретіндесатып алу. Бұл тәсілдер бір-бірінен елеулі ерекшеленеді. Өзінің заңды нысаны және пайда болатын салдары ретінде.
Кәсіпорынды сату кезінде кәсіпорынға меншік құқығы бір кәсіпкерден (сатушы) екінші кәсіпкерге (сатып алушы) ауысады. Сонымен қатар, сатушының қолында сату бағасы ретінде төленген ақша соммасы болғандықтан, кәсіпкерлік қызметін жүргізуге мүмкіндігі бар.
Жалпы ереже брйынша сатушының арнайы рұқсат қағаздары (лицензия); шарттың пәніне кірмейтіндіктен сатып алушыға берілмейді. Басқаша айтқанда, бұл құқықтар азаматтық субъективтік құқықтар емес, сатушының субъективтік құқығының элементі болып табылады.
Кәсіпорынды сату шартының пәні ретінде сатушының меншігіндегі толық құрамдағы кәсіпорын ғана табылмайды, сонымен қатар сол кәсіпорынның бөлігі де табылады. Кәсіпорынның құрамына кіретін бөлек элементтерді сату, сатып алу сату туралы жалпы нормалар негізінде жүзеге асады.
Шарттың пәнінің маңызды бір ерекшелігі, оның құрамына кіретін үшінші бір тұлғалар алдындағы міндеті (қарыздар). Кәсіпорынды сату бұл субъективтік міндетті сатуға рұқсат беретін сатып алу - сатудың жалғыз түрі болып табылады. Міндетті сату сатушыдан сатып алушыға қарыздың ауысуын білдіреді.
Кәсіпорынды сату шартының тағы да елеулі талабы, оның бағасы болып табылады. Яғни, тараптардың келісімімен анықталған кәчіпорынның бағасы табылады. Бірақ, шартқа қол қояр алдында, бағаны анықтауға тікелей әсер ететін бірнеше құжаттарды дайындау қажет.
Сатуға жататын кәсіпорынының құрамы мен құны ,егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе,тараптардың келісімімен айқындалады.
Шартқа қол қойылғанға дейін тараптар:түгендеу актісін,бухгалтерлік балансты, кәсіпорынының құрамы және құны туралы тәуелсіз аудитордың қорытындысын,сондай ақ несие берушілерді,олар қойған талаптардың сипатын,мөлшері мен мерзімдерін көрсете отырып кәсіпорынның құрамына енгізілетін барлық борыштың (міндеттемелердің) тізбесін жасап, қарауға тиіс.
Шартқа қол қойылғанға дейін тараптар; түгедеу актісін бухгалтерлік балансты кәсіпорынның құрамы және құны туралы тәуелсіз аудитордың қорытындысын сондай-ақ несие берушілерді олар қойған талаптардың сипатын мөлшері мен мерзімдерін көрсете отырып кәсіпорынның құрамына енгізілетін барлық борыштың (міндеттемелердің) тізбесін жасап қарауға тиіс.
Осы формальды талаптарды орындамау шарттың жарамсыздығын білдіреді. Бірақ құжаттарды көрсету шарттың елеулі талабы ретінде санауға болмайды. Себебі мәміленің нысаны оның талаптарының санына кірмейді. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс және тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі.
Сатушының кәсіпорынды сатып алушыға беруді өткізу актісі бойынша жүзеге асырылды онда кәсіорынның құрамы жөніндегі жеке кәсіпорынды сату туралы несие берушілерге хабарлау жөніндегі деректер сондай-ақ берілген мүліктен табылған кемшіліктер туралы мәліметтер және оны жоғалтып алуға байланысты беру міндеттерін орындау мүмкін болмайтын мүліктердің тізбесі көрсетіледі.
Өткізу актісін жасауда және оны қол қоюға табыс етуді қоса алғанда кәсіпорынды беруге дайындау сатушының міндеті болып табылады егер шартта өзгеше көзделмесе соның есебінен жүзеге асырылады. Өткізу актісінде екі тарап қол қойған күннен бастап кәсіпорын сатып алушыға берілген деп есептеледі.
Сол кезден бастап кәсіпорын құрамында берілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қауіпі сатып алушыға ауысады.
Сатушы кәсіпорынды беруді дайындауға міндетті. Сонымен қатар өткізу актісін дайыдап, сатып алушыға қол қоюға әзірлеуге міндетті. Өткізу актісінің маңызды мағынасы бұл оған қол қойған бастап кәсіпорын сатып алушыға ауысты деп саналады.
Өткізу актісі арқылы кәсіпорынды сатып алушыға беру сатушының маңызды міндеті болып табылады. Сонымен бірге сатып алушыға затты беру міндеті сатып алу-сату шартының барлық түріндегі сатушының ең басты міндеті болып табылады.
Сонымен беру актісіне қол қойған кезден бастап кәсіпорын сатып алушыға берілді деп саналады, егер сатушы кәсіпорынды сатып алушыға кедергісіз алу жағдайын қамтамасыз етсе.
Кәсіпорынға меншік құқыға осы құқық мемлекеттік тіркеу кәсіпорын сатып алушыға ауысады.
Сатып алушының кәсіпорынға меншік құқығын мемлекеттік тіркеукәсіпорын сатып алушыға берілгеннен кейін тікелей жүзеге асырылады.
Шартта сатып алушыға берілген кәсіпорынға меншік құқығы кәсіпорынға меншік құқығы кәсіпорынға ақы төленгенше немесе өзге де мән- жайлар туғанға дейін сатушының өзінде қалдыру көзделген жағдайларда сатып алушы меншік құқығы өзіне ауысқанға дейін берілген кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктер мен құқықтарда кәсіпорынның қызметін мүліктік кешен ретінде қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса соншалықты дәрежеде пайдалануға құқылы.
Меншік құқығын сатып алушыға ауыстыру міндеті кәсіпроынды сату шартының анықтамасынан тікелей көрінеді. Кәсіпорынды сатып алушыға бергеннен кейін сол кәсіпорынға меншік құқығы сатып алушының атағына тіркелуі тиіс. Егер шартта басқаша көзделмесе. Бұл жерде қозғалмайтын мүлікті сату шартына қарағанда айырмашылығы, заң шартты мемлекеттік тіркеуін және құқықты тіркеуін (құқықтың ауысуы) нақты көрсетеді. Осының нәтижесінде сатып алушыға меншік құқығының ауысуы мынандай белгілі бір әрекеттер арқылы жүзеге асады: шартқа қол қою және оны мемлекеттік тіркеу.
Меншік құқығы сатып алушыға ауысқаннан бастап, сатушы шарт бойынша өзінің міндетін орындады деп саналады.
Берілуге жататын мүліктің мөолшері мен сапасы, кәсіпорынды сату шартының ішіне кіретін құжаттар арқылы анықталады.
Кәсіпорынды өткізу актісі бойынша құрама шартта көзденгенге сәйкес келмейтін кәсіпорынды сатушының беру және сатып алушының қабылдау салдары, егер шарттан өзгеше туындамаса, сатып алу сату шартына қолданылатын жалпы ережелер негізінде айқындалады.
Сатушы шартта көрсетілген мақсаттар үшін жарамсыз мүлікті сатып алушыға берген болса, онда бұндай жағдай сатып алушыға шартты бұзуын немесе өзгертуін талап етуге құқық береді. Бірақ, бұл құқық сатып алушы шарттың бұзылғаны туралы сатушыға дер кезінде айтып және сол кәсіпорынның жеткіліксіздерін сатушы дұрыстамаған жағдайда ғана пайда болады.
Кәсіпорынның анықталған кемшіліктері және жоғалған мүлік туралы мәліметтер көрсетілген өткізу актісі бойынша кәсіпорын берілген және қабылданған жағдайларда, егер мұндай жадайларда өзге талаптар қою құқығы шартта көзделмесе, сатып алушы кәсіпорынның сатып алу бағасын тиісінше кемітуді талап етуге құқылы. Сатушы мүлікті үшінші тұлғалардың құқығын бос етіп сатып алушыға міндетті.
Сатушы сатылатын кәсіпорынның құрамына енгізілген міндеттемелер жөнінде кәсіпорын сатып алушыға берілгенге дейін оны сату туралы несие берушілерге жазбаша түрде хабарлауға тиіс.
Борышты аударуға өз келісімін беру туралы сатушыға жазбаша хабарламаған несие беруші кәсіпорынның сатылатындығы туралы хабар алған күннен бастап үш ай ішінде міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінене бұрын орындауды және сатушының осыдан келген залалдаржы өтеуін не кәсіпорынды сату шартын толық немесе тиісті бөлігін жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Кәсіпорын сатып алушыға берілгеннен кейін несие берушінің келуінсіз сатып алушыға аударылып, берілген кәсіпорынның құрамына енгізілген борыш үшін сатушы мен сатып алушы бірдей жауап береді.
Несие берушілерге, кәсіпорынды сатып алушыға бергенге дейін борышты беру туралы хабарландыруы тиіс. Яғни, жазбаша нысанда траптармен өткізу актісіне қол қойғанға дейін. Бұндай хабарлау міндетісатушының мойнында болады. Себебі кәсіпорынды және сонымен бірге борышты сатып алушыға беруді сатушы жүзеге асыруына байланысты. Борыштың ауысуына келісім бермеген несие берушілер міндеттің тоқтатылуын немесе шарттың толықтай тоқтатылуын талап етуге құқылы.
Шарт бойынша сатып алушының негізгі міндеті алған кәсіпорын үшін ақы төлеу. Төлеу мерзімі және тәртібі сатып алу сату туралы жалпы ережелер негізінде анықталады.
Кәсіпорынды сатып алуға байланысты тауарды қабылдау міндеті азаматтық кодекспен арнайы реттелмейді. Бірақ, мұндай міндет бар. Оны, кәсіпорынды беру бойынша сатушы өзінің міндетін орындады деп есептеу үшін сатып алушының әрекеттерінің керектігін көруге болады. Осыған сәйкес сатып алушы өткізу актісіне қол қоюдан немесе кәсіпорынға меншік құқығын мемелекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуға құқығы жоқ.
50. Мүлікті жалдау (аренда) шартының ұғымы, түрлері. Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Жалға алушы жалға алған мүлiкке осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы.
3. Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүлiк жалдау шарттарына жатады. 1. Мүлiк жалдауға кәсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары және оларды пайдалану процесiнде өздерiнiң табиғи қасиеттерiн жоймайтын басқа да заттар (тұтынылмайтын заттар) берiлуi мүмкiн.
2. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар мүлiк жалдау объектiсi болуы мүмкiн.
3. Заң актiлерiнде мүлiктi жалдауға тапсыруға жол берiлмейтiн немесе шектеу жасалатын мүлiк түрлерi белгiленуi мүмкiн.
4. Заң актiлерiнде тұрғын үй-жайларды, жер учаскелерiн, жер қойнауы учаскелерiн және басқа да оқшауланған табиғи объектiлердi, соның iшiнде концессиялық келiсiмдер негiзiнде, сондай-ақ өзге де жағдайларда мүлiктiк жалдауға беру ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 541-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы
Мүлiк жалдау шартында жалға алушыға мүлiктi жалдау объектiсi ретiнде берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге тиiс.
Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлiктi жалдауға берiлуге тиесiлi объект туралы талап тараптармен келiсiлмеген деп, ал тиiстi шарт
Мүлiктi жалға беру құқығы оның меншiк иесiне тиесiлi.
Заң актiлерiнде уәкiлдiк берiлген немесе меншiк иесi мүлкiн жалға берудi тапсырған тұлғалар да жалға берушiлер бола алады.
51. Кәсіпорынды жалдау шартының ерекшеліктері. Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға (осы Кодекстiң 119-бабы), оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi.
2. Жалға берушiнiң тиiстi қызметпен айналысуға берiлген лицензия негізінде алған құқықтары, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушыға берiлмеуге тиiс. Шарт бойынша берiлетiн кәсiпорынның құрамына осындай арнаулы рұқсаты (лицензиясы) болмаған жағдайда жалға алушының орындауы мүмкiн болмайтын мiндеттемелердi енгiзу жалға берушiнi кредит берушiлер алдындағы тиiстi мiндеттемелерден босатпайды.
3. Кәсiпорынның қызметкерлерiне қатысты құқықтар мен мiндеттер жалға берушiден жалға алушыға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен ауысады.
52. Көлік құралдарын жалдау шартының тараптарының міндеттемелері және жауапкершіліктері
1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жүк тиеуге қабылданған өтiнiмде (тапсырыста), тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде тиiстi жүкті тасымалдауға жарайтын күйінде ақаусыз көлiк құралдарын беруге мiндеттi.
Жүк жөнелтушi тиiстi жүктi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.
2. Жүктi тиеудi (түсiрудi) көлiк ұйымдары мен жүк жөнелтушi (жүк алушы) көлiк туралы заң актiлерiнде және оларға сәйкес шығарылған ережелерде белгiленген талаптарды сақтай отырып, шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.
3. Жүк жөнелтушiнiң (алушының) күшiмен және құралдарымен жүзеге асырылатын жүк тиеу (түсiру), егер мұндай мерзiмдер көлiк туралы заң актiлерiнде және оларға сәйкес шығарылған ережелерде белгiленбесе, шартта белгiленген мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.
53. Мердігерлік шартының ұғымы, түрлері
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдiстерiн дербес айқындайды.
3. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк), егер осы Кодекстiң бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
4. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi бойынша қатынастар осы Кодекспен қатар мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiмен де реттеледi. Жұмысты мердiгердiң қарамағында орындау 1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалдарымен, күштерiмен және қаражатымен орындалады.
2. Мердiгер өзi берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшiн, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергенi үшiн жауапты болады. Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупi Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартта белгiленген жұмысты тапсыру мерзiмi басталғанға дейiн материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн материалдарды берген тарап мойнына алады.
Жұмыс нәтижесiн беру немесе қабылдау уақытын өткiзiп алған кездегi тәуекелдi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, уақытты өткiзiп алған тарап мойнына алады. Бас мердiгер және қосалқы мердiгер 1. Егер заң актiлерiнен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер - тапсырысшының алдында бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшы болады.
2. Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады.
3. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердiгер бiр-бiрiне өздерiнiң бас мердiгермен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
4. Бас мердiгердiң келiсiмiмен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшiншi тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн тiкелей тапсырысшының алдында жауапты болады.
5. Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да көп мердiгермен жасалса және мiндеттеме нысанасы бөлiнбейтiн болса, мердiгерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышқорлар және тиiсiнше ортақтасқан кредит берушiлер болып танылады. Мiндеттеме нысанасы бөлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген басқа да жағдайларда мердiгерлердiң әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз үлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi мойнына алады.
54. Тұрмыстық мердігерлік шартының түрлері Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жаслған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста мыналар көрсетілуі тиіс;
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердігерлік шартының міндетті талабы деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндег нормаларға сәйкес жасалатын мердігерлік шартындағы сияқты елеулі жағдайларға нысана және жұмысты орындау мерзімдері туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Оның қолымен расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және жұмыс орындау технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келмеуі тиіс.
Тапсырыс рәсімделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтін болса, ол Қазақ ҚСР ң «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік шартында жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол мердігер жариялаған прейскурантта көрсетілгеннен жағары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 644-бабына сәйкес мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және оған сенімді ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердігер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиіс.
Тапсырысшының тұтынушы ретіндегі құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары , орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат берумен мердігерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтерді қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етіледі. Бір жұмысты орындау өзге жұмыстар орындалуының міндеттілігіне әкелмеуі керек.
Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейін орындалса ғана келеді.Тапсырысшы мердігердің мәлімдемі жасау сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті.
Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде тапсырысшы тұтыныушының мүддесін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды да қарастырылады. Мердігер тапсырысшыға дайындалған немесе орындалған жұмыстың өзге нәтижесін тапсырған кезде тапсырысшыға соларды тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін қажетті талаптарды хабарлауға міндетті. Орындалған жұмыс нәтижесін пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының өзі немесе өзге тұлғалар үшін қолайсыз салдары да көрсетілуі керек.
Жұмысты орындағаннан кейін немесе нәтижесін қабылдауға және орындалған жұмысқа ақы төлеуге міндетті. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы жұмыс нәтижесін толық көлемде қабылдағаннан кейін ақы төлейді. Тараптардың келісімі бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезінде немесе аванс беру арқылы төленуі мүмкін.
Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киімдерді, тігін және тоқыма бұйымдарды ірі жөндеу, жаңарту мердігерлік шарттары, тапсырысшы шартта көрсетілген мөлщерде аванс төлеуі мүмкін.
Мердігердің жауапкершілігін қарастырайық. Тапсырысшы мердігерді жауапкершілікке тарта алады, егер мердігердің жұмыс (оның нәтижесі), мердігердің өзі жөнінде тиісті емес ақпарат беруі тапсырысшыға қажетті қасиеттері жоқ жмыстың орындалуына әкелсе. Сонымен бірге мердігердің жауапкершілігі тапсырысшының өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірген жағдай да туындайды. Соңғы екі жағдайда да шартты бұзып, келтірілген шығынды өндіріп алуға құқық береді.
Мердігер тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес қолданылуы үшін де жауапты болады.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары бойынша жұмыстардың кемістіктері тапсырысшының өзінің немесе өзге тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндей болса, кемістіктерді тегін жою туралы талап тапсырысшымен немесе оның құқықтық мирасқорымен, егер заңнамалық актілерімен өзге мерзімдер жұмысты қабылдау болған сәттен үш жыл ішінде жүзеге асыра алады. Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал егер келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады.
55. Құрылыс мердігерліктің ерекшеліктері Мердігерлік шарттың қарастырылып отырған түрі оның құқықтық өзгерістерін бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кезкңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып қарастырылған./1.3.,240б./ 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгізілген РСФСР Азаматтық кодексінің 220-235 баптарында және РСФСР дың Азаматтық кодексінің 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын «Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім туралы» Ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық түрлерін реттеу үшін арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері реттелген.
Бірақ өндірісте, барлық өндірістік процестердің директивті жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердігерлік-мердігерлік шарттардың жалпы көпшілігінен анық бөлініп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негізгі жүйелік азаматтық-құқықтық актілері күрделі құрылысқа мердігерлін шартты-мердігерлік шарттың түрі ретінде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрі ретінде қарастырылады.
Қазір құрылыс мердігерлігі шартының құқықтық реттелуі барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейді. Бірақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегі бірқатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердің жеке құқығының өңдеулері ескерілген, сондықтан құрылым мердігерлік ерекшеліктері бөлек айқындалуы қажет болып тұр. Қазіргі жағдайда мердігерлік шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шілдесіндегі ҚР ғы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы «Қазақстан Республикасының Заңы» маңызды әсерін тигізеді.
Олар бірқатар жағдайларда құрылыс мердігерлік жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскелеріне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан обьектілерді энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттің бір немесе өзге органдарымен жарна-құқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатынында көрінеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 651-бабына сәйкес құрылыс мердігерлігі шарты кәсіпорынды, үйді, ғимаратты немесе өзге де обьектіні салуға немесе қайта жаңартуға жасалады.
Кейбір жағдайларда құрылыс мердігерлігі нысанасы болып үйлер кешенін құрайтын кәсіпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келеді. Құрылыс мердігерлігі шеңберінде монтаждау, іске қосу, жөнге келтіру және салынып жатқан обьектімен байланысты өзге де жұмыстар орындалады.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір обьектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді./2.7., 242б./
Көрсетілген шарттың субьектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субьектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады.
Кейбір жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келеді.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Обьектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын обьектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп алуы керек.Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.
Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керектідайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін.
Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрған үйді, ғимаратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құрылысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дейін обьекті тапсырылады. Материалдық жағынан қамтамасыз ету құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты ағымды қаржыландыру және т.б. көзделуі мүмкін. Тапсырысшының бұл міндеттері шартта аталуы қажет. Тапсырысшы құрылым мердігерлігі шартында көзделген жағдайлар мен тәртіпте мердігерге жұмыстарды жүргізу үшін қажетті үйлер мен ғимараттар беруге, жүктердің тасымалдауын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау су мен бу желілерін уақытша жүргізуге, басқа да қызметтер көрсетуге міндетті. Олар үшін ақы шарттың өзінде көзделген тараптар бойынша төленеді. Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде заң актілерінде немесе шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен төлеуге міндетті. Жұмыс аяқталып, обьектіні қабылдап алған соң толық көлемінде төленеді.
Егер де тапсырысшы жұмыс обьектісі жұмысты өткізудің шартта белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін дүлей күштің салдарынан қирағаны немесе бүлінгеніне байланысты тәуекел атқарады. Онда тапсырысшы орындалған жұмысты қалпына келтіру үшін жұмыстардың құнын төлеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы «Қазақстан Республикасының Заңындағы 7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжаттамаға мыналар кіреді:
Құрылыс мердігерлігі шарты үшін ең маңыздысы құрылыс жоба жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштері ғана айқындалып қоймайды. Жқмыстардың көлемі, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырылады.
Жобалау-сметалық құжаттамадағы мұндай құжаттама өзінің тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисында шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Мердігер шарттан бас тартуға және тапсырысшыдан шарттан орындалған жұмыс бөлігіне бара-бар бағасын төлеуді, сондай-ақ осы сомамен жабылмаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Мердігер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне залалы болмаса, орындауға міндетті.
Менрдігерге қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі міндеттер жүргізеді.
Мердігер жұмыстың сапалы орындалуына жауап береді. Үйді немесе ғимратты қайта жаңғырту кезінде мердігер үйдің, ғимараттың немесе оның бөлігінің беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін төмендеткені немесе жойғаны үшін жауапты болады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдауды өз есебінен ұйымдастыруды және жүзеге асырады.Заң актілерінде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесін қабылдауға мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға тиіс.
Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдауды рәсіидлеудің арнайы тәртібі қарастырылады.Ол үшін екі тараптармен қол қойылатын акт рәсімделеді.егер мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға міндетті болса, онда қабылдау актілерінде осы тұлғалардың да қолдары қоюы тиіс.
Кейбір жағдайларда шартпен тапсырысшының талап етуі бойынша және тапсырысшының есебінен мердігер жауапты болмайтын кемшіліктерді мердігердің жою міндеті көзделуі мүмкін.
56. Сыйға тарту шарты. Сый тартуға тыйым салу. Сый тартуды шектеу. Сый тартуды жою. . Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi.
Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы мiндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Мұндай шартқа осы Кодекстiң 160-бабының 2-тармағында көзделген ережелер қолданылады.
2. Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды.
Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.
3. Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады.
Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады. Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң;
2) емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының;
3) мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сый тартуға жол берілмейді.
Сыйға тартуды шектеу 1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.
2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.
3. Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту осы Кодекстiң 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару арқылы сыйға тартуы осы Кодекстiң 348-бабында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту 1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 512-бабының 1-тармағы).
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша сыйға тартушының сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету құқығын бермейдi. 1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.
Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.
2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы.
3. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты банкроттық туралы заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады.
4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін.
5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.
57. Рента шартының жалпы мінездемесі
Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi.
2. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн. 518-бап. Рента шартының нысаны Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс.
58. Прокат шарты Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi.
Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады.
2. Прокат шарты жазбаша түрде жасалады.
3. Прокат шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы). 596-бап. Прокат шартының мерзiмi 1. Прокат шарты бiр жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
2. Жалға алушының мүлiктi жалға алу шартын жаңартуға басым құқығы туралы және мүлiктi жалға алу шартын белгiсiз мерзiмге жаңарту туралы ережелер (осы Кодекстiң 557, 558-баптары) прокат шартына қолданылмайды.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
59. Лизинг шартының ұығымы және элементтері
Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
Ескерту. 565-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.03.10. N 532 Заңымен . Лизинг нысанасы Yйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады.
Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
Лизинг шартының елеулi талаптары Лизинг шартында, осы Кодекстiң 542-бабында аталған талаптардан басқа, мынадай талаптар болуға тиiс:
1) мүлiктi сатушының атауы;
2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;
3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;
4) шарт мерзiмi;
5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары. 568-бап. Мүлiктi лизингке беру туралы
сатушыны хабардар ету Лизинг берушi лизинг алушы үшiн мүлiк сатып ала отырып, мүлiктiң белгiлi бiр тұлғаға лизинг ретiнде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиiс. 569-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi Лизингтiң нысанасы болып табылатын мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктi берген кезде лизинг алушыға ауысады. 570-бап. Лизинг шарты бойынша төленетiн төлемдер Лизинг шартына сәйкес төленуге тиiстi мерзiмдiлiк төлемдерi мүлiктiң шарт жасасқан кездегi баға бойынша құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң амортизациясы ескерiле отырып есептелуi мүмкiн. 571-бап. Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру 1. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тiкелей бередi.
2. Лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiк осы шартта аталған мерзiмде лизинг алушыға берiлмеген жағдайда, егер мерзiмiн өткiзуге лизинг берушi жауап беретiн мән-жайлар бойынша жол берiлген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеудi талап етуге құқылы. 572-бап. Сатушының жауапкершiлiгi 1. Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушыға - сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүлiктiң сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды тiкелей қоюға құқылы. Бұл орайда лизинг алушы аталған мүлiктi сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлiкке ақы төлеу мiндетiн қоспағанда, оны сатып алушы үшiн осы Кодексте көзделген құқықтары болады және міндеттемелердi мойнына алады.
Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi бiрлескен кредит берушi болады.
2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау
құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi. Сатушыны лизинг берушi таңдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тiкелей өз қалауы бойынша бiрдей жауап беретiн мүлiктi сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.
60. Кәсіпорынды жалдау шартының ерекшеліктері
Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға (осы Кодекстiң 119-бабы), оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi.
2. Жалға берушiнiң тиiстi қызметпен айналысуға берiлген лицензия негізінде алған құқықтары, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жалға алушыға берiлмеуге тиiс. Шарт бойынша берiлетiн кәсiпорынның құрамына осындай арнаулы рұқсаты (лицензиясы) болмаған жағдайда жалға алушының орындауы мүмкiн болмайтын мiндеттемелердi енгiзу жалға берушiнi кредит берушiлер алдындағы тиiстi мiндеттемелерден босатпайды.
3. Кәсiпорынның қызметкерлерiне қатысты құқықтар мен мiндеттер жалға берушiден жалға алушыға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен ауысады.
61.Мүлікті тегін пайдалану шартының (ссуда) ұғымы және мазмұны
Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктiң қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi. Несие берушi мүлiктi тегiн пайдалану шартының талаптары мен мүлiктiң мақсатына сай келетiн күйде беруге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк тегiн пайдалануға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтықтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) қоса берiледi. Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмесе, алайда оларсыз мүлiктi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаса не оны пайдалану несие алушы үшiн едәуiр дәрежеде құнын жойса, соңғысы сондай керек-жарақтар мен құжаттар берудi немесе шартты бұзуды және өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеудi талап етуге құқылы. Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе өрескел абайсыздықпен айтпай қалған осы мүлiк кемшiлiктерi үшін, егер бұл орайда несие алушыға нақты зиян келсе, жауапты болады. Несие алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн несие берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарландырылған несие берушi ақаулы затты тиiстi күйдегi соған ұқсас басқа затпен дереу ауыстыра алады. Несие берушi мүлiктiң шарт жасаған кезде өзi айтқан кемшiлiктерi үшiн немесе несие алушыға алдын ала белгiлi болған не несие алушы шарт жасаған кезде немесе затты берген кезде мүлiктi қараған немесе оның дұрыстығын тексерген уақытта табылған кемшiлiктер үшiн жауап бермейдi. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын өзгертуге немесе тоқтатуға негiз болмайды. Тегiн пайдалану шартын жасаған кезде несие берушi несие алушыға бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл құқығы және т.б) туралы Ескертуге міндетті.
Шартты мерзiмiнен бұрын бұзу-Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы: 1) мүлiктi шартқа немесе мақсатына сәйкес пайдаланбаған; 2) мүлiктi дұрыс күйiнде сақтау немесе оны ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған; 3) мүлiктiң жай-күйiне елеулі түрде нашарлатқан; 4) несие берушiнiң келiсiмiнсiз мүлiктi үшiншi тұлғаға берген жағдайларда талап етуге құқылы. Ал Несие алушы: 1) мүлiктi қалыпты пайдалануды мүмкiн етпейтiн немесе ауырлататын кемшiлiктерiн тапқан кезде, олардың бар екенi туралы шарт жасасу кезiнде бiлмеген және бiлуі мүмкiн болмаса; 2) егер мүлiк ол жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайдалануға жарамсыз күйде болса; 3) егер шартты жасау кезiнде несие берушi оған берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе; 4) несие берушi мүлiктi беру не оның керек-жарақтары мен оған қатысты құжаттарды беру мiндетiн орындамаса, тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.Сонымен қатар, Тараптардың әрқайсысы мерзiмi көрсетiлмей жасалған тегiн пайдалану шартынан, егер шартта хабарлаудың өзге мерзiмi көзделмесе, бұл туралы басқа тарапқа бiр ай iшiнде хабарлап, кез келген уақытта бас тартуға құқылы.Тегiн пайдалану шарты, егер шартта өзгеше көзделмесе, несие алушы азамат қайтыс болған немесе несие алушы заңды тұлға таратылған жағдайда тоқтатылады.
62.Ақшалай қызмет көрсету шарты
729-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру
(факторинг) шарты
1. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша бiр тарап (қаржы агентi) ақшаны басқа тараптың (клиенттiң) билiгiне бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал клиент қаржы агентiне клиенттiң (кредит берушiнiң) осы үшiншi тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзiнiң ақшалай талабын қаржы агентiне бередi немесе беруге мiндеттенедi.
Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруi мүмкiн.
2. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентінің мiндеттемелерi клиент үшiн бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және берудiң нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкiн.
3. Осы Кодекспен белгiленген (осы Кодекстiң 339-347-баптары) талаптарды беру туралы жалпы ережелер, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, ақшалай талапты берiп қаржыландыруға қолданылады.
730-бап. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру
туралы шарттың нысаны
Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты осы Кодекстiң 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып жазбаша түрде жасалуға тиiс.
731-бап. Қаржыландыруды алу мақсатындағы
берiлген ақшалай талап
1. Төлем мерзiмi келген ақшалай талап (қойылып келген талап) та, болашақта туындайтын ақша алу (келешектегi талап) құқығы да қаржы беру нысанасы болуы мүмкiн.
Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттiң қаржы агентiмен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегi талапты - ол туындаған кезден кешiктiрмей бiрыңғайландыруға мүмкiндiк беретiндей болып белгiленуге тиiс.
2. Қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап, егер онда өзгеше көзделмесе, қаржы агентiне ауысты деп есептеледi.
Келешектегi ақшалай талапты беру кезiнде шартта көзделген талапты берудiң нысанасы болып табылатын ақшаны борышкерден алу құқығының өзi пайда болғаннан кейiн қаржы агентiне ауысты деп есептеледi.
Егер ақшалай талапты беру белгiлi бiр оқиғамен байланысты болса, ол осы оқиға басталғаннан кейiн күшiне енедi. Мұндай жағдайда ақшалай талапты берудi қосымша ресiмдеу талап етiлмейдi.
63.Көлік міндеттері және оларды құқықтық реттеу
Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау. Қазiргi уақытта көлiктi мемлекеттiк басқару төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталған: -көлiк аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға; - көлiк аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға; - меншiк нысанына қарамастан көлiктiң барлық түрлерiнiң құқықтық және нормативтi мәртебесiн анықтайтын заңдық және өзге де актiлердiң, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға; - көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға; - көлiк қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттiк мұқтаждарының қажеттiлiктерiн уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге; - Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру мен мемлекеттiк реттеу функциясын жүзеге асыруға.
64.Көлік экспедиция шарты
Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы үшiн және басқа тараптың (клиенттiң - жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының немесе экспедитор қызметтеріне мүдделі өзге тұлғаның) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасасуға мiндеттенедi. Көлiк экспедициясы шартында қосымша қызметтер көрсету ретiнде экспорт немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжаттарды алу, кедендiк және өзге шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жай-күйiн тексеру, оны тиеу мен түсiру, клиентке жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондай-ақ өзге де операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткізу үшiн қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн. Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады. Клиент экспедиторға, егер ол оның мiндеттерiн атқаруға қажет болса, сенімхат беруге тиіс. Көлiк экспедициясы шарты консенсуалды, екi жақты және ақылы шарт. Көлiк экспедициясы шартының субъектiлерi (қатысушылары) болып бiр жағынан экспедитор және екiншi жағынан клиент табылады. Орын алып отырған шарттық қатынастар еркiндiгi заңды және жеке тұлғаларға шарттың екi тарабынан да көрiнуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ клиенттер үшiн көлiк экспедициясы қатынастарына iс жүзiнде қатысу мүмкiндiгi оларда қайсыбiр тасымалдау шартын бекiтуге құзыреттiлiктiң болуына тәуелдi болады. Ол кейбiр жағдайларда болмауы мүмкiн. Көлiк экспедициясы шарты бойынша тұлғаның клиент болу мүмкiндiгiн (қабiлеттiлiгiн) шектеудiң басқа бiр ықтимал жолы оның азаматтық құқықтық қатынастардың субъектiсi ретiндегi ерекше жағдайына негiзделетiн болады.
Көлiк экспедициясы шартының пәнi болып тасымалдауларды ұйымдастыруға (қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер, бiр уақытта, iс жүзiндегi және заңдық сипатқа ие болады. Клиент экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау ережелерi туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта көзделген мiндеттердi орындауына қажеттi өзге де ақпаратты беруге мiндеттi. Экспедитор клиентке алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, клиенттен қажеттi қосымша деректердi сұрауға мiндеттi. Көлiк экспедициясы шартының пәнi болып тасымалдауларды ұйымдастыруға (қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер, бiр уақытта, iс жүзiндегi және заңдық сипатқа ие болады.
65.Заем шартының ұғымы, банктік заем шартынан айырмашылығы
Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi. Орындалуы ақша немесе тектiк белгiсiмен айқындалған заттарды беруге байланысты шарттарда заем, егер заң актілерінде өзгеше белгiленбесе және тиiстi мiндеттемелердiң мәнiне қайшы келмейтiн болса, аванс, алдын ала ақы төлеу, тауарларға (жұмысқа және қызмет көрсетулерге) мерзiмiн ұзартып және бөлiп-бөлiп төлеу түрiнде беру көзделуi мүмкiн. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады. Заем шарты, егер А Кодексте немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi. Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi берiлген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледi. Заем нысанасын шартта көзделген мерзiмде, мөлшерде және жағдайда берiледi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заемшыға берген немесе оның банктегi шотына тиiстi ақша қаражаты есептелген кезден бастап берiлген деп есептеледi. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заемшы заем берудiң шартта белгiленген мерзiмiне дейін заем берушiнi бұл туралы хабардар ете отырып, заем алудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы. Тектiк белгiлерiмен айқындалатын заттарды заемға берген кезде олардың саны, түр-түрi, жинақтылығы, сапасы, ыдысы және (немесе) буып-түйiлуi туралы шарттарды орындау, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиiс. Заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын (ақшаны немесе заттарды) iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы. Сатып алу-сату, мүлiктi жалға алу немесе өзге негiздегi мәмiлелерден пайда болған кез келген мiндеттеме тараптардың келісімi бойынша заем шартымен ресiмделуi мүмкiн. Мiндеттеменi заем шартына ресiмдеу жаңалау туралы талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады және заем шарты үшiн көзделген нысанда жасалады. Сонымен қатар егер заем шарты кәсіпкерлік және тұтынушылық сипатта болса, банк заемы шарты тек кәсіпкерлік сипатағы мәміле болып табылады. Себебі шарттың бір тарабы банк.
66.Ақшалай талап беру қаржыландыру шартының ұғымы және елеулі талаптар
Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша бiр тарап (қаржы агентi) ақшаны басқа тараптың (клиенттiң) билiгiне бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал клиент қаржы агентiне клиенттiң (кредит берушiнiң) осы үшiншi тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзiнiң ақшалай талабын қаржы агентiне бередi немесе беруге мiндеттенедi. Ақшалай талапты беру қаржыландыру шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентінің мiндеттемелерi клиент үшiн бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және берудiң нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкiн. Төлем мерзiмi келген ақшалай талап (қойылып келген талап) та, болашақта туындайтын ақша алу (келешектегi талап) құқығы да қаржы беру нысанасы болуы мүмкiн. Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттiң қаржы агентiмен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегi талапты - ол туындаған кезден кешiктiрмей бiрыңғайландыруға мүмкiндiк беретiндей болып белгiленуге тиiс.
Қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап, егер онда өзгеше көзделмесе, қаржы агентiне ауысты деп есептеледi. Келешектегi ақшалай талапты беру кезiнде шартта көзделген талапты берудiң нысанасы болып табылатын ақшаны борышкерден алу құқығының өзi пайда болғаннан кейiн қаржы агентiне ауысты деп есептеледi. Егер ақшалай талапты беру белгiлi бiр оқиғамен байланысты болса, ол осы оқиға басталғаннан кейiн күшiне енедi. Мұндай жағдайда ақшалай талапты берудi қосымша ресiмдеу талап етiлмейдi. Қаржы агентiне ақшалай талапты беру, тiптi клиент пен оның борышқоры арасында оған тыйым салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанда да жарамды болып табылады. Егер ақшалай талапты берiп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агентiнiң ақшалай талапты кейiн беруiне жол берiлмейдi.
Клиент борышқормен жасалған шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұзған жағдайда, соңғысы агентке ауысқан талаптар бойынша өзi төлеген сомаларды, егер борышқордың осындай соманы тiкелей клиенттен алуға құқығы болса, қайтаруды қаржы агентiнен талап етуге құқығы жоқ.
67.Банктік қызмет көрсету шарты, ұғымы және түрлері
Банктiк қызмет көрсету шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша банктiк қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетiлген қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi. Банкпен банк шоты шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде банк шоттары ашылады. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз билік ету құқығына кепiлдiк бере отырып, банк шотындағы ақшаны пайдалана алады. Заңды тұлғалар (уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату үдерісінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мен азаматтардың банктердегі ақшаcына тек соттар, тергеу және анықтау органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым сала алады. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаcына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшаларын олардың келісімінсіз алып қою тек қана заңды күшіне енген сот актісі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Банктiк қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiн банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы. Клиент банктiк қызмет көрсету шарты бойынша өзiне банк көрсеткен қызметтерге шартта көзделген ережелер мен тәртiп бойынша ақы төлейдi Банк құпиясын жария етпеуге банк кепiлдiк бередi. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар клиенттерге банктiк қызмет көрсетуге байланысты бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заң актілерінде және банктiк қызмет көрсету шарттарында белгiленген шекте жауап бередi. Банктiк қызмет көрсету шарты: 1) банктiк шот шарты; Банктiк шот шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) пайдасына түсетiн ақшаны қабылдауға, клиенттiң клиентке немесе үшiншi тұлғаларға ақшаның тиiстi сомаларын аудару (беру) туралы өкiмдерiн орындауға және банктiк шот шартында көзделген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi. 2) ақша аудару шарты; Ақша аудару туралы шарт бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша клиентке бiр-ыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшiншi тұлғаға ақша аударуға мiндеттенедi. 3) банк салымы шарты; Банк салымы шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және салымның осы түрi үшiн заң актілерінде және шартта көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша салымды қайтаруға мiндеттенедi. 4) заңдарда немесе тараптардың келісімiнде көзделген өзге де шарт түрлері болып бөлінеді
68.Сақтау шартының ұғымы, түрлері
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады Сақтау шарты бойынша бiр тарап (сақтаушы) оған екiншi тараптың (жүк берушiнiң) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйiнде қайтаруға мiндеттенедi. Сақтау шарты зат сақталуға берiлген кезден бастап жасалған деп танылады. Сақтаушының нөмiрлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған белгiлер беруi арқылы заттарды қысқа мерзiмге сақтауға сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың және т.б. киім iлгiштерiне өткізулердi қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушiге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледi. Тұрмыстық қызмет көрсету түріндегі сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы мүмкiн. Сақтау шарты бойынша сақтаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi тараптардың келісімiмен белгiленедi. Заң актілерінде белгiленген жағдайларда сыйақының мөлшерi таксалар, ставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкiн. Сақтау шартының жекелеген түрлері: - ломбардта сақтау. Ломбард азаматтарға әр түрлі мүліктер үшін ақшаны заемға беріп отырады. Ломбард сақтауға алған мүлік үшін атаулы сақтау береді. Оған өткізілген зат келісімге сәйкес сол қабылдағанған сауда бағасына сөйкес болуы керек. - құндылықтарды банкте сақтау. Банктер өздерінің барысында құнды қағаздарды, қымбат металдар мен асыл тастарды, қүжаттарды сактауды жүзеге асырады. Аталган заттар банктің арнайы сейфтерінде сақталады. - көлік цйымдарыныц камераларында сақтау. Көлік ұйымдарының сақтау камералары жолаушылардың және басқа азаматтардың заттарын жол жүру құжаттарының бар-жоғына қарамастан сақтауға міндетті. Егер белгіленген мерзім өтіп кетіп, сактаудағы зат алынбайтын болса, онда ол ұйымдар бұл затты тағы да үш ай сақтап, тек үш ай өткеннен кейін ғана затты сатып, сақтаудың құнын алады. Егер заттың құны сақтау кұнынан асатын болса, онда затты сақтауға берген адамға қалған артык сома кайтарылады. - ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау. Театрға, кинотеатрға, т.б. барған кезде сендер сырт киімдеріңді киім ілгіштерге өткізесіңдер. Киімді қабылдап алған адам сендерге нәмірлі жетон береді. Кейін осы жетонды көрсету арқылы киімдеріңді кайтарып ала аласыңдар. Бұл аталған шарттың қолданылғанын көрсетеді. - қонақ цйлерде сақтау. Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оны жасау үшін ерекше жағдайлар қажет емес. Әрине бұған акша, валюта, т.б. құнды кағаздарды сақтау кірмейді. Ол үшін арнайы шарт жасасу керек. Міне, осындай жағдайда ғана қонақ үй оған жауап береді. - тауар қоймасында сақтау. Кеденде уақытша сақтау қоймалары, базарларда контейнер қоймалары болады. Бұл кәсіпкерлік қызмет өрісінде колданылады.
69.Тапсырма шарты, ұғымы, мазмұны
Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады. Тапсырма өзі арқылы өкілдік қатынастары қамтамассыз етілетін негізгі құқықтық нысандардың бірі болып табылады. Сенiм бiлдiрiлген өкiл өзiне берiлген тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындауға мiндеттi. Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс. Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкіл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл барлық талап етiлген iс-әрекеттердi тиiстi түрде атқарғанын, бiрақ тапсырма оның кiнәсiнсiз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиiс.Тапсырма шарты міндеттердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар: 1) сенiм бiлдiрушiнiң тапсырманы ауыстыруы; 2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң бас тартуы; 3) сенiм бiлдiрушiнiң немесе сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қайтыс болуы, олардың бiреуiн әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi немесе хабарсыз кеттi деп танудың салдарынан тоқтатылады. Сенiм бiлдiрiлген өкiл қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi немесе мұрагерлiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету жүктелген өзге де тұлғалар сенiм бiлдiрушiге тапсырма шартының тоқтатылғандығы туралы хабарлауға және сенiм бiлдiрушiнiң мүлкiн қорғау үшiн қажеттi шаралар қолдануға, атап айтқанда, сенiм бiлдiрушiнiң заттарын, сондай-ақ құжаттарын сақтауға және бұдан соң оларды өзiне беруге мiндеттi. Сенiм бiлдiрiлген өкiл болып саналатын заңды тұлғаның таратушысына да нақ осындай мiндет жүктеледi.
70.Сақтандыру шартының ұғымы, субъектілері және объектілер
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтандырушы) шартта көзделген уақиға басталған кезде екінші тарап (сақтанушы) төлейтін шартта уағдаласылған ақшалай сома (сақтандыру жарнасы) үшін сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Шарт тек жазбаша түрде ғана жасасылады, жеке немесе ұжымдық сақтандыру шарты болуы мүмкін. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
Сақтандыру объектiсi
1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуiне, пайдалануына және оған билiк етуiне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша сақтандыру объектiсi заң актiлерiмен айқындалады.
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатпайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектiсi болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.
Ескерту. 807-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Сақтандыру қызметінің субъектілері Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары.
71.Комиссия шарты
Комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшiн комитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мәмiле жасауға мiндеттенедi. Комиссия шарты жазбаша нысанда жасалуы тиiс. Комитент комиссионерге сыйақы төлеуге, шартта белгiленген мөлшерде қосымша сыйақы төлеуге де мiндеттi. Комитенттiң мәмiледе аты аталса немесе үшiншi тұлғамен мәмiле бойынша тiкелей қатынастарға кiрсе де, комиссионердiң үшiншi тұлғамен жасаған мәмiлесi бойынша комиссионер құқықтар иеленедi және мiндеттi болады. Комиссионер үшiншi адаммен жасаған мәмiледен туындайтын барлық мiндеттерiн орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиiс. Комиссионер өзiне алған тапсырманы комитенттiң нұсқауларына сәйкес орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде - іскерлік айналымының дағдыларына немесе әдетте комитент үшiн неғұрлым тиiмдi жағдайларда қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға мiндеттi. Комиссионерге комитенттен келiп түскен не комиссионер комитенттiң есебiнен сатып алған мүлiк комитенттiң меншiгi болып табылады. Комиссионер комитенттiң есебiнен түскен барлық соманың iшiнен комиссияның шарты бойынша өзiне тиесiлi соманы ұстап қалуға құқылы. Комитент комиссия шартында көзделген барлық тапсырмалардың күшiн жойған жағдайда, шарт тоқталады. Комиссия шарты жалпы негiздермен қатар: комиссионердiң шартты орындаудан бас тартуының; комиссионердiң қайтыс болуы, оны әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен немесе дәрменсiз (банкрот) деп танудың салдарынан тоқтатылады..Заңды тұлға-комиссионер қайта ұйымдастырылған жағдайда, егер қайта ұйымдастырудың болғаны туралы хабарлама алған күннен бастап бiр айдың iшiнде комитент шартты бұзғаны туралы хабарламаса, оның құқықтары мен мiндеттерi құқықтық мирасқорларына ауысады. Комитент-азамат қайтыс болған, ол әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға-комитент таратылған жағдайда комиссионер комитенттiң мұрагерлерiнен немесе өкiлдерiнен тиiстi нұсқаулар келiп түскенше өзiне берiлген тапсырманы орындауды жалғастыруға мiндеттi.
72.Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. Сенiмгерлiкпен басқару шартында:1) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысанасы және мерзiмi; 2) сенiмгерлiкпен басқаруға берiлетiн мүлiктiң құрамы; 3) пайда алушы туралы нұсқау; 4) сенiмгер басқарушының есеп беру мерзiмдерi мен нысаны; 5) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған жағдайда сенiп тапсырылған мүліктi алатын адамды көрсету көзделуге тиiс. Шарттардың жекелеген түрлерi үшiн заң актiлерiнде өзге де елеулi талаптар көзделуi мүмкін. Шартта басқа талаптар да, оның iшiнде басқарушыға берiлетiн сыйақының мөлшерi мен нысандары көзделуi мүмкiн. Шартта үшiншi тұлғалардың сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiкке құқығы көрсетiлуге тиiс. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалады. Сенiмгер басқарушы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды жеке өзi жүзеге асырады. Сенiмгер басқарушы өзiне сенiп берiлген мүлiктi басқару үшiн қажеттi iс-әрекет жасауды, егер ол бұған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актi арқылы уәкiлеттi болса не бұған пайда алушының мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мән-жайлар себептi мәжбүр болса және бұл орайда құрылтайшының нұсқауларын сұрауға мүмкiндiгi болмаса, басқа адамға тапсыра алады. Бұл орайда сенiмгер басқарушы өзi таңдап алған сенiм бiлдiрiлушiнiң iс-әрекеті үшiн өзi жасағандай жауап бередi. Мүлiктi тиiсiнше басқармаған жағдайда құрылтайшы немесе пайда алушы сотқа сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтату және залалдарды өтеу туралы талап қоя алады. Бұл орайда мiндеттердi тиiсiнше орындау үшiн өзiне қатысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдей алмаса, сенiмгер басқарушы мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн, кiнәлi деп саналады
73.Кәсіпкерлік кешен лицензия шарты (франчайзинг).
Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешен), соның iшiнде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, патент және т.б.) беруге мiндеттенедi. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты белгiлi бір көлемде лицензиялық кешендi, лицензиардың iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн (атап айтқанда, пайдаланудың мейлiнше аз және (немесе) мейлiнше кең көлемiн белгiлей отырып), белгiлi бiр қызмет аясына (лицензиардан алынған немесе пайдаланушы өндiрген тауарларды сату, өзге де коммерциялық қызметтердi жүзеге асыру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) қолданатын аумақты көрсетiп немесе көрсетпей пайдалануды көздейдi. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жазбаша нысанда жасалуы тиiс. Лицензиар кешендi кәсiпкерлiк лицензиялар шарты бойынша сататын (орындайтын, көрсететiн) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасының сәйкессіздігіне байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша субсидиарлы жауапты болады. Мерзiмi көрсетiлiп жасалған кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты Аз. Кодекстiң ережелерiне сәйкес бұзылуы мүмкiн. Шартта тараптар мерзiмсiз кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартынан, егер шартта хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзiмi көзделмесе, ол туралы басқа тарапты алты ай бұрын хабардар ете отырып, бас тартуға құқылы. Лицензия кешенiне кiретiн қандай да болсын жекелеген айрықша құқықтың басқа тұлғаға ауысуы шартты өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Жаңа құқық иеленушi басқаға ауысқан айрықша құқыққа қатысты құқықтар мен міндеттер бөлiгiнде шартқа кiредi. Лицензиар-азамат қайтыс болған жағдайда кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша оның құқықтары мен мiндеттерi соңғысы тiркелген немесе мұрагерлiк ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде кәсiпкер ретiнде тiркелетiн жағдайда мұрагерге ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады. Мұрагер тиiстi құқықтар мен мiндеттердi қабылдағанға дейiнгi немесе мұрагердi кәсiпкер ретiнде тiркегенге дейiнгi кезеңде лицензия кешенiн басқаруды белгiлi тәртiппен нотариус тағайындаған сенімгер басқарушы жүзеге асырады.
74.Зияткерлік меншік құқығы және оның объектілері
ҚР А Кодексінің 125 бабына сәйкес, зияткерлік меншігі деп, зияткерлік шығармашылық қайраткерлігінің нәтижесіне және оған теңетілген заңды тұлғаның жекелікті құралы, жеке және заңды тұлғаның өнімі, олармен атқарылатын жұмыстар немесе қызметтер көрсетуі (фирмалық атауы, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы) азаматтың немесе заңды тұлғаның айрықша құқығы. Зияткерлік меншік материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады Зияткерлік меншік нысандарына:
өнертабысқа‚ жаңалыққа‚ оңтайландырма ұсыныстарға‚ селекциялық жетістіктерге‚ пайдалы үлгілемелерге‚ өнеркәсіптік үлгілерге‚ т.б. берілген патенттердентуындайтын құқықтар;
ғылым‚ әдебиет‚ өнер туындыларын жасаушы ақыл-ой адамдарының кітаптар‚ спектакльдер‚ опералар‚ музыкалық туындылар‚ сызбалар‚ тәсімдер‚ формулалар‚ т.б. түріндегі зияткерлік жұмысының жемісі болып табылатын шығармалық қызметтің нәтижелеріне авторлық құқықтар;
фонограммалар жасаумен‚ орындаушылықпен‚ телерадиоэфир арқылы хабарлар берумен‚ клиптермен‚ т.б. байланысты сабақтас құқықтар;
заңды тұлғаларды және олардың өнімдерін дараландыру құралдарына (фирмалық атаулар‚ логотиптер‚ тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері‚ тауарлардың шыққан жерлерінің атауы) құқықтар;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан туындайтын құқықтар; ноу-хауға берілген құқықтар;
зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарына (қызмет бабындағы құпия мен коммерциялық құпия‚ оны әзірлеу мен қорғау жөніндегі құжаттар‚ ішкі фирмалық нұсқаулар‚ ережелер‚ т.б.) құқықтар жатады.
Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі конституцияға сәйкес заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтары мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының зияткерлік саладағы жетістіктері ұйымға мүше елдердің бәрінде бірдей қорғалады. Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін пайда табыс табу мақсатында лицензиясыз немесе меншік иесінің рұқсатынсыз жұмыс жасауы заң алдында жауапкершілікке әкеліп соғатындығын білуі қажет. Авторлық және сабақтас құқықтары бұзылған кезде, авторлармен немесе басқа да құқық иеленушілермен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізуіне арыз беріледі. Әділет органдарымен тексеріс жүргізіледі, нәтижесі бойынша бұзышылық айқындалған жағдайда, құқық бұзушыны қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тарту үшін тексеріс нәтижесі туралы материалдарды ішкі істе органдарына жолданады.
75.Конкурстық міндеттемелердің ұғымы және түрлері.
Конкурсттық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің бір түрі болып табылады. Конкурстық мiндеттемеде оның бастамашысы конкурстың өзi айқындаған нысанасы мен бастапқы шарттарының негiзiнде тұлғалардың белгiсiз немесе белгiлi бiр адамдар тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңiмпазына белгiленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық мiндеттемелердiң мазмұнына сәйкес шарт жасасуға мiндеттенедi. Конкурсқа қатысуға ұсынысты конкурстың бастамашысы тiкелей немесе конкурстың делдал-ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкiн. Делдалдың құқықтары мен мiндеттерi оның конкурстың бастамашысымен жасасқан шартымен айқындалады. Конкурстық міндеттеме шарты бұл кең таралған шарттардың бірі болғандықтан, ол өзішінде «сыйақыға жария уәде беру», «тендер», «аукцион» міндеттемелерді өз қатарына қосады. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі затты (құжаттарды, үй жануарларын т.б.) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талаптанады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламаларын жария етеді. Затқа оның меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы беруге уәде бере алады. Енді келесі міндеттеме түрі «тендер» нысанында саудаластық өткізген кезде оның бастамашысы өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттаың ең жақсы талаптарын тендер қатысушыларымен шарт жасасуға міндеттенеді.Тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер бастамшысына тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желмдеген конверттермен жіберу көзделінген. Тағы айта етсек осы шартпен қатысатын әрбір қатысушылардың кепілдік жарна енгізу міндеті көзделуі мүмкін. Аукцион да, тендер сияқты саудаластық жүргізудің ерекше нысаны болып табылады. Аукцион туындайтын міндеттемелерге сәйкес, конкурстық саудаластық нәтижелері бойынша сатушы аукционның затын ол үшін неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукцион қатысушысына сатуға міндеттенеді.
76.Автор құқығының ұғымы және объектілерінің түрлері.
Авторлық құқығы ретінде авторлардың өздік мүлік емес және мүлікті авторлардың құқықтары түсініледі. Авторлық құқығы, олардың сөз тәсіліне, мазмұнына және қадыр-қасиетіне, тағайындауына тәуелділігіне қарамастан шығармашылық қайраткерлігі болып табылатын ғылымның шығармашылығына, әдебиет және өнеріне таратылады. Авторлық құқығының объектісіне жатады:
1) Әдебиет шығармашылықтары;
2) Драмалық және музыкалық-драмалық шығармашылықтары;
3) Сахналық шығармашылықтары;
4) Пантомима хареографиялық шығармашылықтары;
5) Мәтінімен және мәтіні сіз музыкалық шығармашылықтары;
6) Аудиовизуалдық шығармашылықтары;
7) Кескіндеме, мүсін, кестелер және басқада бейнелік өнерінің шығармашылықтары;
8) Қолданбалы өнердің шығармашылықтары;
9) Сәулет, қалақұрылыс және бақ-бақшалы өнерінің шығармашылықтары;
10) Фотосурет шығармашылығы және фотосуретке ұқсас тәсілімен шығарылған шығармашылықтары;
11) Карталар, жоспарлар, нобайлар, география және топография ғылымына жататын үшөлшемді белзендірудің шығармашылықтары;
12) ЭСМ-на арналған программалары;
13) Басқада шығармашылықтар.
«Зияткерлік меншік құқықтары және сабақтас құқықтары туралы» Заңының 24 бабына сәйкес, қойылымға, орындауына, фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарататын ұйымдарға, олардың сөз тәсілі нысанына, мазмұнына және қадыр-қасиетіне, тағайындауына тәуелділігіне қарамастан сабақтас құқықтары таратылады. Фонограмма, эфирлік және кабелдік хабар тарату өндіруші, орындаушымен шарт бойынша сонымен қатар фонограммада жазылған немесе эфирге және кабель бойынша жіберілетін шығармашылықтарын автормен берілген құқық шегінде іске- асырады. Авторлық және сабақтас құқықтары бұзылған кезде, авторлармен немесе басқа да құқық иеленушілермен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеріс жүргізуіне арыз беріледі. Әділет органдарымен тексеріс жүргізіледі, нәтижесі бойынша бұзышылық айқындалған жағдайда, құқық бұзушыны қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тарту үшін тексеріс нәтижесі туралы материалдарды ішкі істе органдарына жолданады.
77.Зиян келтіргені үшін міндеттеме
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн. егер зиян өзiнiң кiнәсiнен келтiрiлмегендiгiн дәлелдесе, Зиян келтiрушi оны өтеуден босатылады. Егер келтiрiлген зиян оны келтiрудi жалғастыратын немесе жаңадан зиян келтiру қаупiн туғызатын кәсiпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндiрiстiк қызметтiң салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиiстi қызметiн тоқтатуды мiндеттеуге құқылы. Егер тиiстi қызметтiң тоқтатылуы қоғамдық мүдделерге қайшы келсе, сот оны тоқтату туралы талаптан бас тарта алады. Мұндай қызметтi тоқтатудан бас тарту жәбiрленушiлердi осы қызметтен келтiрiлген зиянды өтеттiру құқығынан айырмайды. Зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1)құқыққа кайшы іс-әрекет (әрекетсіздік); 2) зияннның болуы: 3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс;
4) кінә.
78.Мұрагерліктің ұғымы мен элементтері наследования.
Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады. Мұрага ие болудың келесі кезеңдері бар: Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады. Заң бойынша мүрагер болу құқығын, екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады. Үшінші кезекте, тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасының туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады. Жалпы АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға ие болу кезегі жетіге дейін болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңеледі және т. с. с. Жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді айтуға болады. Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығаралады. Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін: - заңға сай мұрагерлер; - заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар; - мемлекет пен жеке үйымдар. Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн. Егер мұрагерлiк құқығы басқа адамдар үшiн мұрагердiң мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердiң мұраны қабылдамауы немесе мұрагердi белгiленген негiздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың iшiнде мұраны қабылдай алады. Егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi (Кодекстiң 1072-2-бабы) дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады. Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердiң мұрагерлiк мүлiктегi үлестерiн анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердiң мұрадан өзiне тиесiлi үлесiн алу құқығын қорғау жөнiнде шаралар белгiлейдi. Бұған дейiн берiлген мұраға құқық туралы куәлiктердi сот жарамсыз деп таниды.
79.Өсиет бойынша мұрагерлік
Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығаралады. Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін: - заңға сай мұрагерлер; - заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар; - мемлекет пен жеке үйымдар. Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады. Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс. Мыналар: 1)нотариатта куәландырылған өсиеттер; 2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады. 3.Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн. Өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;
3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;
4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды. Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
80.Заң бойынша мұрагерлік
1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1064-баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.
2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
3. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
4. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкін. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.
1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi
1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.
1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегі
1. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi
1. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.
2. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады.
81.Мұрагерлікті қабылдаудың тәртібі
1. Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс.
2. Мұрагердiң мұраның бiр бөлiгiн қабылдағаны өзiне тиесiлi барлық мұраны қабылдағанын бiлдiредi.
Мұрагердi бiр мезгiлде бiрнеше негiздер бойынша мұра алуға шақырған кезде мұрагер осы негiздердiң бiрi бойынша, оның бiрнешеуi бойынша немесе барлық негiздер бойынша өзiне тиесiлi мұраны қабылдай алады.
Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берiлмейдi.
3. Мұраны бiр немесе бiрнеше мұрагердiң қабылдағаны мұраны қалған мұрагерлердiң қабылдағанын бiлдiрмейдi.
4. Қабылданған мұра, оны iс жүзiнде қабылдаған уақытқа қарамастан, сондай-ақ мұрагердiң мұраға қалдырған мүлiкке құқығы мемлекеттiк тiркелуге тиiстi болғанда, мұндай құқықтың мемлекеттiк тiркелген кезiне қарамастан, мұраның ашылған күнiнен бастап мұрагерге тиесiлi деп танылады.
1072-1-бап. Мұра қабылдау тәсiлдерi
1. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады.
Егер мұрагердiң өтiнiшiн нотариусқа басқа адам берсе немесе ол почта арқылы жiберiлсе, өтiнiштегi мұрагердiң қолын нотариус, нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлеттi лауазымды адам (ocы Кодекстiң 1051-бабының 5-тармағы) немесе осы Кодекстiң 167-бабының 3-тармағына сәйкес сенiмхатты куәландыруға уәкiлеттi адам куәландыруға тиiс.
Егер сенiмхатта мұраны алуға өкiлеттiк арнайы көзделсе, мұраны өкiл арқылы қабылдау мүмкiн болады. Заңды өкiлдiң мұраны қабылдауы үшiн сенiмхат талап етiлмейдi.
2. Егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер:
мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе;
мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса;
мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе;
өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп танылады.
1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзiмi
1. Мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.
2. Егер мұрагерлiк құқығы басқа адамдар үшiн мұрагердiң мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердiң мұраны қабылдамауы немесе мұрагердi осы Кодекстiң 1045-бабында белгiленген негiздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың iшiнде мұраны қабылдай алады.
1072-3-бап. Белгiленген мерзiмнiң аяқталуына қарай
мұраны қабылдау
Егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi (осы Кодекстiң 1072-2-бабы) дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.
Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердiң мұрагерлiк мүлiктегi үлестерiн анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердiң мұрадан өзiне тиесiлi үлесiн алу құқығын қорғау жөнiнде шаралар белгiлейдi. Бұған дейiн берiлген мұраға құқық туралы куәлiктердi сот жарамсыз деп таниды.
1072-4-бап. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк
трансмиссия)
Егер заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны осы Кодекстiң 1072-2-бабында белгiленген мерзiмде қабылдап үлгермей, мұра ашылғаннан кейiн қайтыс болса, онда мұраның оған тиесiлi үлесiн қабылдау құқығы оның мұрагерлерiне ауысады.
Қайтыс болған мұрагердiң осы құқығын оның мұрагерлерi мұраны қабылдауға арналған мерзiмнiң қалған бөлiгi iшiнде жалпы негiздерде жүзеге асыра алады.
Егер мерзiмнiң қалған бөлiгi үш айдан аз болса, ол үш айға дейiн ұзартылады.
Мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiн, егер сот қайтыс болған мұрагердiң мұрагерлерiнiң осы мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса, онда сот оларды осы Кодекстiң 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдады деп тануы мүмкiн.
Мұрагердiң осы Кодекстiң 1069-бабына сәйкес мiндеттi үлес ретiнде мұраның бiр бөлiгiн қабылдау құқығы оның мұрагерлерiне ауыспайды.
«ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы»пәні бойынша мемлекеттік емтиханға арналған сұрақтар
1.Қазақстан Рспубликасының азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, пәні және әдістемесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді. Сот төрелігін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді қорғау және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне жалпы ережелер Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуге, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады.
Императивті тәсіл АІЖ құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті құзіретке ие мемлекеттік билік ету органы б.т. Сондықтан соттың немесе судьяның іске қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске қатысушылар үшін міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік ету және бағыну қатынастарымен сипатталады. Ал диспозитивті тәсіл керісінше субъектілердің әрекеттерінің еріктілігіне бағытталадыерекшелігі осында.
2.Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері:
- ҚР Конституциясы;
- ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы (24.12.2000 ж.);
- ҚР Президентінің «ҚР Конституциялық Кеңес туралы» Жарлығы (29.12.1995 ж.);
- Азаматтық іс жүргізу кодексі 5-бөлім, 45-тарау, 426-баптан тұрады;
- Мемлекеттік (пошлина) баж туралы заң. Сот бажы;
- Прокуратура туралы ҚР Жарлығы;
- Адвокаттардың іс-әрекеттері туралы ҚР заңы. 5.12.1997 ж.;
- «Сот приставтары туралы» ҚР құқықтық актілері;
- Президенттің, Үкіметтің, әділет министрлігінің, салық комитеттерінің актілері;
- халықаралық актілер: келісімдер, мемлекет араларында көмек көрсету;
- шет мемлекеттерінен алимент іздестіру Конвенциясы
(30.12.1999 ж.).
Негізгі қағидалары: - заңдылық; - сот әділеттігі тек сот арқылы орнатылуы; - соттар тәуелсіздігі, заң алдындағы тендік, сот өндірісінің тілі. Осы іс жүргізу заңының әрекеті - мерзім бойынша жүргізіледі (АІЖК4-бабы).
3.Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары және оның субъектілері
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын АІЖ құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар. АІЖ құқықттық қатынастарының ерекшеліктері:
АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.
А) Негізгі құқыққатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар ( ҚР АІЖК 55-56 б.) арасында пайда болды.
В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.
- Сот және дербес талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар арасында.
- Сот және басталған іске қорытынды беру үшін қатысатын прокурор арасында.
- Сот және қорытынды беру үшін қатысатын мемлекеттік органдар арасында.
В) Қызметтік қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.
АІЖ құқықтық қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни, негізгі құқыққатынасынан пайда болады.
Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді
АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:
1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.
Оған: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.
2Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арыздаушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар. 3Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар. 4Соттағы өкілдер.
4.Азаматтық іс жүргізудің сатылары
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.
Азаматтық іс жүргізу сатылары
1- Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткуен адамның арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол тиісті ұйғарым шығарады.
2-Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы.
Азаматтық істерді қарағанда әзірлік жүргізеді, оның мақсаты істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды
1) талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтар мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді;
4) іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ баларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.
5) Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қарастыру мәселесін шешеді.
6) Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
3 - Сотта іс қарау сатысы.
Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады.
4 - Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс).
Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.
5 - Сот актілерін орындау сатысы.
Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай).
6 - Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі).
Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды
1) Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылыты қанағаттандырмай тастайды;
2) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
3) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
4) Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
5) Бірінші, апелляциялық сатыдағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым. Наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тис. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.
7-Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.
Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады
1) іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;
2) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;
3) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;
4) сот шешімін шығаруға негіз болғанбасқа орган қаулысының бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
5.Азаматтық іс жүргізудің түрлері және олардың айырмашылығы
6.ҚР азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары
Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидасы дегеніміз осы құқық саласының негізгі ережесін, мазмұны мен ерекшелігін айқындаушы нормалар.
АІЖҚ қағидалары бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан толық бір жүйені құрайды.
АІЖҚ-ң қағидалары 2 топқа бөлінеді:
1Конститутциялық, яғни мемлекеттің Конститутциясына бекітілген қағидалар. Оларға: Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі ҚР. Конститутциясы 14-бабы. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы 75-бабы, 1-тармағы. Судьялардың тәуелсіздігі 77-бабы т.б. жатады.
2Салалық яғни, мемлекеттің заң саласына бекітілген қағидалары. Оларға: Сотта істі қараудың жариялылығы , сот талқылауының ауызша және тікелей жүргізілуі , азаматтық істерді алқалы және жеке дара қарау т.б
7.ҚР Сот жүйесі (жалпы мінездемесі, сот құрылымы)
Сот жүйесiмен Қазақстанның барлық соттарының жиынтығын түсiну керек. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.
Жоғарғы Сотының құрамын Жоғарғы Соттың Төрағасынан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.Жоғарғы Соттың органдары: Қадағалау алқасы; Азаматтық істер жөніндегі алқа; Қылмыстық істер жөніндегі алқа; Соттың жалпы отырысы болып табылады. Сондай-ақ Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-конституциялық және баспа органы құрылады Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.
“Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес, облыстық және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Облыстық сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Облыстық сот органдарына :қадағалау алқасы; азаматтық істер жөніндегі алқа; қылмыстық істер жөніндегі алқа; соттардың жалпы отырысы жатады. Аудандық және оған теңестірілген соттарды уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Аудандық Сот Конституцияда және Сот жүйесі туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Аталған сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.
Жаңа заң белгілеген жаңалықтарының бірі Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
8.Азаматтық процестегі тараптар
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.
Тараптар сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Жауапкер талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшы мен жауапкер сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарслықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК-нің 47-бабы). Арнайы ҚР АІЖК-нің 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.
Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар
Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау.
Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі азаматтық і бойынша азаматтық іс жүгізудің негізгі қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап.
Тиісті тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы мүмкін. Тиісті емес тарап азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі бар тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады, яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап қобшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан бас тартуға болмайды.
9.Процессуалдық қатысушылық
Процессуалдық қатысушылық келесі жағдайларда пайда болады:
- даудың объектісі - бір құқық (мүлік, мұра, авторлық құқық);
- бір әрекет бірнеше қатысушыға бөлінсе.
Тиісті емес жауапкерді ауыстыру. Тиісті және тиісті емес жауапкерлер ұғымы белгіленген. Тиісті жауапкер - даулы материалдық қатынастардың тікелей субъектісі деп танылған тұлға, талап-арызға жауап беруге міндетті тұлға. Тиісті емес жауапкер - істің материалдары бойынша даулы материалдық қатынастардың субъектісі деген болжамға жатпайтын тұлға, іс бойынша жауап беруге міндетті емес. Тиісті емес жауапкер АІЖК 51-бабына сай ауыстырылады. Ол тек талап қоюшының келісі бойынша жүргізіледі, сот шешімімен рәсімделіп, тиісті жауапкер тартылады. Тек осындай ауыстыру жүргізілгеннен кейін жауапкер тиісті емес деп танылады. Сот қайта басынан бастап жүргізіледі.
Процессуалдық мирасқорлық - талаптың бір тұлғаның басқа тұлғаға өтуі (берілуі). Бұл процестің кез келген сатыларында болуы мүмкін.
Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар. Үшінші тұлға деп азаматтық процесте қаралған іске өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын тұлғалар танылады. Олардың негізгі сипаттары:
- басқа тұлғалардың арасындағы даулар бойынша процесіне кіріседі;
- өз мүдделерін қорғайды;
- сот шешімі олардың заңды негіздеріне байланысты болуы мүмкін;
- үшінші тұлға іске талап-арыз беру арқылы қатысады;
- іске қатысуы туралы сот шешімі шығарылады, АІЖК 344-бабы бойынша Іске қатысуына рұқсат етілуі белгіленген.
10. Процессуалдық мирасқорлық
54-бап. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы
1. Даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқық қатынастарындағы тұлғалардың басқа да өзгеру жағдайы) сот ол тарапты оның құқық мирасқорлығымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады.
2. Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.
11 Азаматтық процестегі үшінші тұлғалар
Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар. Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады.
Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің денгейі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады:
1-мәлімдейтін;
2-мәлімдемейтін.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 1200 теңге тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 80000 теңге ақша соманы ер жігіт өзінің тұған анасынан алады, ал 40000 теңге ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанан қосады. Бір жыл бірге сол пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады). Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын тараптың біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін.
Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді.
Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар бұл процеске кіру кезеңі.
Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы:
- процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарды;
- үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым-жартылай). Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға хақы бар;
- іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.
2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар - бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар (ҚР АІЖК 53б.)
Олардың сипаттамасы:
- егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;
- олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;
- дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу міндетін мойынына алады (ҚР АІЖК 47 б.).
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:
- өз бастамасы бойынша;
- тараптардың өтініші бойынша;
- іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдардың) өтінші бойынша;
- соттың бастамасы бойынша.
Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымамен белгіленеді.
Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысу жөнінде мысалы келтірек. Мысалы: Қыста жолдың тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі қала автопаркінің автобус жүргізушісі, ал екіншісі жеке меншік автокөлік жүргізушісі, аварияға ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес ол жұмыс істеп жүрген автопарк әкімшілігін (жауапкер ретінде) өндіріп алады. Сонда кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк әкімшілігі өз қызметкерлерінің жалақысынан ұстап қалып отырады, яғни сонымен даудың нысанасына дербес тараптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып автобус жүргізуші танылады.
12. Азаматтық процесте прокурордың қатысуы
55-бап. Прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы
1. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген, прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, жұмысқа қайтадан алу, жалақыны өндіріп алу, азаматты басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару, өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша міндетті.
Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін процеске өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасы бойынша қатысуға құқылы.
Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың қарауға белгіленген барлық істер туралы уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау туралы талап қойып, арыз беріп сотқа жүгінуге құқылы. Әлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне және арызына қарамастан талап қоюы мүмкін.
4. Егер талап қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.
5. Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаны істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.
6. Сот қарайтын дауда талап қоюшы немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.
13. Процессуалдық мерзімдер . Іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері
1. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімдерде жасалады.
2. Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды.124-бап. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу
1. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін.
2. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.
125-бап. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы
1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімінің соңғы айының тиісті ай мен күнінде бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
2. Жасалуына мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеті мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырса немесе байланыстың өзге де құралдары бойынша берілсе, мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.
3. Егер іс жүргізу әрекеті тікелей сотта немесе басқа ұйымда жасалуы тиіс болса; белгіленген ереже бойынша бұл ұйымдарда жұмыс аяқталатын немесе тиісті операциялар тоқтатылатын сағатта мерзім бітеді.
14. Сот шығындары.
Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы
Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
Мемлекеттік баж. Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді.
102-бап. Талап қою бағасы
1. Талап қою бағасы:
1) ақша қаражатын өндіріп алу туралы талап қоюларда - өндірілетін сомамен;
2) мүлікті талап ету туралы талап қоюларда - талап ету кезінде мүліктің тұрған жерінде нарық бағасы бойынша анықталатын, табылған мүліктің құнымен;
3) алименттер өндіріп алу туралы талап қоюларда - бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен;
4) мерзімді төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда - барлық төлемдер мен берулердің жиынтығымен, бірақ үш жылдан аспайтын жиынтығымен;
5) мерзімсіз және өмір бойы төлемдер мен берулер туралы талап қоюларда - үш жыл ішіндегі төлемдер мен берулердің жиынтығымен;
6) төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда - өтінуші азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын жалпы сомамен, бірақ бір жылдан аспайтын сомамен;
7) төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларда - қалған төлемдер мен берулердің жиынтығымен, бірақ бір жылдан аспайтын жиынтығымен;
8) мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда - шарттың (келісім-шарттың) қолданылуының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің жиынтығымен, бірақ үш жылдан аспайтын жиынтығымен;
9) азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құрылыстарға меншік құқығы туралы талап қоюларда - талап қою жасалған күнгі құрылыс тұрған жердегі нарық бағасы бойынша белгіленген құрылыс құнымен айқындалады, бірақ ол түгендеу бағасынан кем болмауға, немесе ол болмаған кезде - сақтандыру шарты бойынша бағалаудан төмен болмауға, ал ұйымдарға тиесілі құрылыстар үшін құрылыстың баланстық бағасынан төмен болмауға тиіс бағасымен;
10) бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қоюларда - барлық талаптардың ортақ сомасымен айқындалады.
2. Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетеді. Көрсетілген бағаның табылған мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.
103-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу
1. Талап қою кезінде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда мемлекеттік баж мөлшерін сот істі шешу кезінде анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетін бажды кейіннен қосымша өндіріп алу арқылы судья алдын ала белгілейді.
2. Істі қарау кезінде талап қою мөлшері ұлғайған жағдайда, баждың жетіспейтін сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.
104-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату
1. Мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 55, 56-баптарында аталған адамдар өздері қойған талаптан бас тартқан жағдайда мүддесінде осы талап қойылған талапкер, егер ол талапты қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлеуден босатылмаса, жалпы тәртіппен мемлекеттік бажды төлеуге міндетті.
106-бап. Мемлекеттік бажды қайтару
Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.
107-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:
1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;
4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;
5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;
10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады.
108-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиісті сомалар
1. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі.
2. Куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады.
3. Сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды.
4. Сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді. Егер аталған өтінішті екі тарап берсе немесе куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді.
6. Егер бұл жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істеген жұмыстары үшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот белгілейді.
7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргізгені үшін төленуге тиіс сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап, не өзіне сот осындай міндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиісті бюджетке енгізеді.
8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 109-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
109-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу
1. Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді.
2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.
110-бап. Сот шығындарын тараптардың арасында бөлу
1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге - талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара-бар беріледі.
2. алынып тасталды
3. Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.
111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу
1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттандырылған бөлігінің он процентінен аспауға тиіс.
2. Егер адвокат заң көмегін тарапқа судьяның (соттың) ұйғарымы негізінде тегін көрсетсе, сот осы бапта көрсетілген шығыстарды заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың пайдасына өндіріп береді.
112-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды өндіріп алу
Көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы дау білдірген не істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. Өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.
113-бап. Талап қоюдан бас тарту, бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім кезінде сот шығындарын бөлу
1. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы нәтижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.
2. Егер тараптар бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау кезінде сот шығындары мен өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе, сот бұл мәселелерді осы Кодекстің 111, 115-баптарында жазылған ережелерге лайықтап шешеді.
15. Талап арыздың ұғымы, элементтері және түрлері
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 8-бабының 1-бөлігі).
Талап - құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгіну.
Талап субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға (элементтеріне):
Талаптың мазмұны талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
Талаптың негіздемесі талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарына пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде - өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқаның білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің проссуалдық-құқықтық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1-ұйғару туралы талаптар;
2-мойындау туралы талаптар;
3-өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талап деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).
өзгертетін талаптар материалдық құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуысыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.
Материалдық- құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т.б.
16. Бұйрық іс жүргізудің жалпы мінездемесі
БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
Бұйрық арқылы іс жүргізу - азаматтық сотта іс жүргізу түрі
Біздің азаматтық сот ісін жүргізу процесін реттейтін 1999 жылы жаңадан қабылданған АІЖК-сі азаматтық іс жүргізуде жаңа бұйрық арқылы іс жургізу институттың құқықтық мәртебесін қалыптастырды және анықтады. Сомен жалпы іс қарау процедураның пробдемасын шешті және кейбір категория істер үшін оларды оңайлатылған нысанда қарап сот бұйрығын шығару арқылы белгілеген.
Бұйрық арқылы іс жүргізу - бұл бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің бір гүрі (ҚР АІЖК 2-бөлімнің 1-бөлімшесі).
Бұйрық арқылы іс жүргізу өндіріп алушының арызы бойынша қозғалады.
ҚР АІЖК-нің 21-бап 1-тармағына сәйкес сот азаматтық істер жөніндегі сот актілерін шешім, ұйғарым, қаулы және бұйрық нысанында қабылдайды.
Сот бұйрығы азаматтық іс бойынша шығарылатын болғандықтан оны шығарардан бұрын судьяның ұйғарымымен іс қозғалады. Бұл ұйғарым шағымдануға жатпайды.
Сот бұйрығы - бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрығы- атқарушылық құжат күші бар сот актісі, яғни мәні және күші бойынша сот шешіміне теңестірілген.
Сот бұйрығы (сот қаулысына қарағанда) азаматтық іс жүргізу барысында беріледі, бірақ оңайлатылған нысанда, бұнда тараптар ретінде талап қою бойынша іс жүргізуде сияқты талап қоюшы мен жауапкер қатыспайды, ал сотқа жүгінген өндіріп алушы және борышкер - өндіріп адушының талабы бойынша жауап беретін тұлға қатысады. Сот бұйрығы заңмен белгіленген мүліктік сипаттағы ақшалай сомаларды немесе жылжымалы мүлікті талаптар бойынша беріледі. Қалған барлығы - мүліктік емес сипаттағы және жылжымайтын мулікті өндіріп алу - бұл ережелерге сәйкес келмейді. Сот бұйрығы АІЖК-ніц 140-бабында аталған талаптары бойынша берілуі мүмкін:
1. Егер өндіріп алушы сот бұйрығын беру туралы арызбен қоса борышкердін міндеттемелігін растайтын құжаттарды олардың сәйкесті көшірмелерімен ұсынса. Ал табыс етілмесе судья арыз қабылдаудан бас тартады.
2.Жоғарыда аталған талаптар бойынша сот бұйрығы беріледі, егер ұсынылған құжаттар борышкердің міндеттемелігін нақты және айқын растайтын болса (мысалы, ұсынылған жазбаша келісім-шарттың шарттары түсінікті, дау болу мүмкіндігін жоққа шығаратын болса). Егер ұсынылған құжаттар негізінде шешуге жатпайтын құқық туралы дау көрініп тұрса, судья сот бұйрығын беруден бас тартады.
3.Сот бұйрығы берілуі мүмкін, егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түспесе. Егер борышкер қарсылығын білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, сот бұйрығын беруден бас тартады.
Егер сот бұйрығын беру туралы арыз заң талаптарын сақтап берілсе және мемлекеттік баж төленсе, судья оны қабылдайды, оның кешірмесін дереу борышкерге жібереді және борышкерге сот бұйрышның көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспеген қарсылыгын беруге мүмкіндік береді. Сондықтан өндіріп алушының арызы және оған қоса мәліметілген талапты растайтын құжаттар көшірмелері борышкер саны бойынша берілсе, олар борышкерге (борышкерлерге) сот хабарлаулары немесе хатымен жіберіледі.
Егер борышкер белгіленген 10 (он) күн мерзімде сотқа жауап бермесе немесе мәлім етілген талаппен келіскені туралы жауап бермесе, судья сот бұйрығын береді (ҚР АІЖК 149-бап 1-бөлігі).
Сот бұйрығы азаматтық іс жүргізу заңымен белгіленген нақты нысан бойынша шығарылады және оның мазмұнында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық тығарған судьяның тегі және аты-жөні;
3) өндіріп алушының атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;
4) борышкердің атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгіленуі;
7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбынын мөлшері;
8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемдекеттік баждың сомасы;
9)сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жоғарыда аталған 1)-5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердін туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп -бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі (ҚР АІЖК 146-6.).
Судья қол қойған сот бұйрығы екі данада жасалады, оның біреу сот жүргізетін істе қалады, екіншісі соттың мөрімен куәландырылады және өндіріп алушыға береді. Бұл сот ісін жүргізудің оңайлатылған ерекшелігі, сол сот бұйрығы:
• сотта істі қараусыз;
• өндіріп алушыны және борышкерді шақырмай-ақ;
• және олардың түсіндірмелерін тыңдамай-ақ беріледі.
Оған қоса процессуалдық әрекеттер жасалғаны туралы хаттама жүргізілмейді. Сот бұйрығы мазмұны бойынша сот шешіміне қарағанда айтарлықтай қысқа, оның сипттау және дәлелдеу бөліктері жоқ, тек атқарү парақтарында көрсетілетін мәліметтер бар.
Даусыз талаптардың түпкілікті тізімі ҚР АІЖК-нің 140-бабында керсетілген.
Сот бұйрығы судьямеи жеке-дара шығарылады:
1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапке таныса;
3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына жын нотариус жасаған акцептің күпі белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тар қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшіп алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөнілдегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса.
Егер талап "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Заңынын 20-бабының ережелеріңе негізделген болса және борышкер оны мойындаса, сомасы 50 (елу) айлық орта көрсеткішке дейінгі мөлшердегі тұтынушылар құқықтарын корғау туралы талап, сот бұйрыгын шығару тәртібімен қаралуға жатады. Тауардың (жұмыстардың, қызметтердін) тиісті емес сапасымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптар ғана емес, өзге де өтеу туралы талаптар мәлімделген кезде (моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру, айыппұл, іс жүргізу жөніндегі шығындарды өтеу және т.б.), өтініш талап қою бойынша өндірісінің тәртібімен қаралуға жатады.
Сот бұйрығының күшін жою туралы арызын бере алатын борышкер заңмен белгіленген мерзіммен шектелген. Борышкер сот бұйрғының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы (ҚР АІЖК 147-бап 2-бөлігі).
Бірақ бұндай арызды белгіленген мерзімде беру сот бұйрығының күшін жою үшін әлі жеткілікті емес. Бұны жасауы мүмкін, егер борышкер дәлелді себептер бойынша сот бұйрығының күшін жою туралы арызды уақытылы ұсынуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдесе.
Егер ондай мән-жайлар болмаса, судья сот бұйрығының күшін жоюдан бас тартады. Бұл жағдайда борышкер сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық тәртіпте шағымдануға құқылы. Сонымен қатар ол қадағалау тәртібі бойынша сот бұйрығының өзіне шағым беруге құқылы.
Егер борышкерден-белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымының көшірмесі оны шығарғаннан кейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымы шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖК 148-6).
17. Сот дәлелдемелерінің ұғымы және оларды бағалау
Соттық дәлелдемелер азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-эжайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерін, куәлардың айғақтарымен, жазбаша және заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жұргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталатын деректер.
Дәлелдемелерді жіктеу.
Соттық дәлелдемелерді үш негіздер бойынша жіктеуге болады:
1 істің мән-жайлары бойынша дәлелдемелердің байланыс сипаты;
2 қалыптастыру негізі бойынша;
3 дәлелдемелерді қалыптастыру процесі.
Енді әрқайсысын жеке қарастырайық.
Тікелей дәлелдеме-сәйкесті деректерді растайтын мән-жайлар анықтаумен тікелей байланысты дәлелдеме (мысалы, некеге тұру туралы куәлік).
Жанама дәлелдеме жеке алынған, бірнеше болжам тұжырымдарға, ізденістегі деректер бойынша бірнеше болжамдарға негіз болатын дәлелдеме. Мән-жайды белгілеу үшін тек бір жанама дәлелдеме жетпейді.
Тікелей және жанама дәлелдемелердің растығын сот анықтау қажет.
2.Қалыптастыру негізі бойынша:
Жеке дәлелдемелер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәнің айғақтары, сарапшының қортындысы, яғни жеке өзімен берілетін, айтылатын немесе ұсынылатын деректер.
Заттай дәлелдемелер жазбаша және заттай дәлелдемелер жиынтығы, яғни бұл іс бойынша маңызы бар әртүрлі құжаттар мен заттар.
С:В.Курылев дәлелдемелердің тағы бір түрін белгілеп отыр аралас дәлелдеме, яғни бұған сарапшының қортындысын жатқызады.
Бастапқы дәлелдемелер-өз көзімен көрген куәнің айғақтарындағы мәліметтер, шарттың түпнұсқасы, жарамсыз (сапасыз) тауар және т.б.
Туынды (өндірістік) дәлелдемелер-басқа дәлелдеменің мазмұнын қайта өндірістік дәлелдемелер. Бұл “Екінші қолдан” деп аталатын дәлелдемелер. Мысалы, болған оқиғаны өз көзімен көрген адамның айтқан сөзінен естіп айтатын куәнің айғақтары, шарттың көшірмесе, жарамсыз (сапасыз) тауардың бейнесуреті және т.б.
Бастапқы дәлелдемелер туынды (өндірістік) дәлелдемелерге қарағанда шындыққа жақын болады.
Мысалы, автокөлік адамда қағып кеткенді өз көзімен көрген куәнің айғақтары тікелей, жеке және бастапқы дәлелдемелер болып танылады.
Мысалы, үйге меншік құқығын тану туралы іс бойынша қарызға беру туралы қолхат-жанама, заттай (жазбаша) және туынды (өндірістік) дәлелдемелер болып танылады.
Ешқандай дәлелдемелер сот үшін алдын ала күші болмайды.
Мұнда тағы қажетті дәлелдемелер туралы айту дұрыс болады. әрбір категория істер бойынша белгілі дәлелдемелер ұсынусыз істі мәні бойынша шешу үшін қажетті дәлелдемелер бекітуі тиіс. Егер талап қоюшы талап арызын бұндай дәлелдемені көздеп сотқа ұсынбаса, онда кейіннен бәрібір ол ұсынуы тиіс. Аналогия бойынша жауапкерде белгілі дәлелдемелер ұсынуы қажет. Егер тараптар істі шешуге қажетті дәлелдемелерді ұсынбайтын болса, онда сот өз бастамасы бойынша оларға ол туралы ұсыныс жасайды. Мысалы, қажетті дәлелдемелерге:
* Неке бұзу істер бойынша некеге тұру куәлік (заттай дәлелдемені) ұсыну;
Қажетті дәлелдемелер басқа дәлелдемелерден ешқандай артықшылығы жоқ. Қажетті дәлелдемелер ұсынбауы сотта іс қараудың ұзақтығына және дауды дұрыс шешпеуге әкеп соғады.
18. Бірінші сатыдағы сот актілері
БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТ АКТІЛЕРІ (ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ)
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот шешім, қаулы, ұйғарым және бұйрық ретінде сот актілерін шығарады.
Бірінші сатыдағы сот актідері - жазба нысанында жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер1.
Сот актісі - бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге дауды мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.
Сот актілеріне тән белгілер:
-қүқық нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданумен жасалады;
-нақты бір жағдайда қолданылады;
-ресми акт болып танылатын - құжат.
Сот актілердің басқа құқықтық қолдану актілерінен ерекшедігі сот қызметімен, сот төрелігін жүзеге асырумен сипатталады. Яғни сот актісі:
-сот органның ерікті (жігерлі) актісі;
-тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған;
-істі дұрыс шешуді және оны шығару талаптарын сақталуын кепілдік ететін белгіленген процессуалдық тәртіпте шығарылады;
-белгіленген дәйектілікте қабылданады (өз қүрылымы бар);
-ҚР-сы аумағында тұратын немесе орналасқан барлық жеке және занды тұлғалар үшін міндетті болады.
ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар:
1) сот қаулысы;
2) сот шешімі;
3) сот ұйғарымы;
4) сот бұйрығы.
1.Сот қаулысы - бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара, алқа құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін ресімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі. Бірінші сатыдағы соттың барлық іс жүргізу қызметінің нысаны бойынша ҚР АІЖК кейбір нормаларында "қаулы" ұғымы қолданады. Мысалы, Г.В. Воронков "азаматтық процесте сот актілері" ұғымын қолдануды ұсынады.1 ҚР АІЖК
2.Сот шешімі - істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 217-6.1-6.). Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін сот шешім шығарумен аяқтайды. Сонымен сот жарыссөздерінен кейін немесе прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шеғым шығарады. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықтадғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды (ҚР АІЖК 219-6. 1-6.).
Әрбір сот шешімі Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Сот шешімі мынандай 4 (төрт) бөліктерден тұрады:
1- кіріспе бөлігі;
2- сипаттау бөлігі;
3- дәделдеу бөлігі;.,
4- қарар бөлігі.
Кіріспе бөлігінде шешім шығарылатын уақыт пен орын; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.
Сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.
Дәлелдеу бөлігінде істін сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемедердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде тадап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мумкін.
Қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөдігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыдарды қамтуға тиіс. Сот шешімінің қарар бөлігінде сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданғаны туралы көрсетіледі.
Судья заң талаптарын сақтай отырып шешімді жазбаша түрде толтырады. Одан кейін сот шешімді жариялайды. Жарияланған шешімге судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуге тиіс. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Шешімге түзету судьяның қол қоюының алдында айтылуға тиіс.
Сот істі мәні бойынша шешкен кезде:
• қысқаша (қысқартылған) шешім;
• дәлелді шешім шығарады.
19. Сот шешімінің кемшіліктері жөндеу
Сырттай шешім және оған шағым жасау тәртібі
Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады (ҚР АІЖК 261-6.).
ҚР АІЖК 262-бабы сырттай шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шешімнің мазмұны ҚР АІЖК 221-бабының ережелерінде белгіленеді. Сырттай шешім кәдімгі сот шешімі сияқты кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. Осылай сырттай шешімнің:
- кіріспе бөлігінде сырттай шешім шығарылған уақыт пен орын; сырттай шешім шығарған соттьщ атауы; судьяның, сот отырысының хатшысы және тараптар тегі, аты-жөні; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі;
- сипаттау бөлігінде сырттай іс жүргізу негіздері көрсетіледі;
-сырттай дәледі шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді, яғни сырттай шешім істі қарау аяқталған соң бірден дәлелді нысанда шығарылады (ҚР АІЖК 262-6. 2-6.);
-қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс (ҚР АІЖК 262-б. 3-6.).
Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талап қоюшыға да ол шығарылған күннен бастап үш куннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі (ҚР АІЖК 263-бабы).
Сырттай шешім ҚР АІЖК-нің 235-бабыньщ ережелері бойынша заңды күшіне енеді, егер оған шағым, наразылық жасалмаса, апелляциялық шағымдану 15 (он бес) күн мерзімі өткен соң. ҚР АІЖК 237 және 238-баптары негіздеріне сәйкес сырттай шешім дереу орындалуға жіберілуі мүмкін.
Егер соттың сырттай шешіміне апелляциялық шағым немесе наразылық берілсе, бірақ оның күші жойылмаса, онда апелляциялық қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 368-6.).
ҚР АІЖК-сі сырттай шешімге шағым жасаудың екі әдісін белгілейді.
Бірінші әдісі, тек жауапкер ғана қолдана алады. Жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Сырттай шешім шығарған сотқа жауапкер шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 5 (бес) күн ішінде арыз беруге тиіс (ҚР АІЖК 264-6.1-6.).
Екінші шағымдану әдісін талап қоюшы мен жауапкер тең қолдана алады. ҚР АІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігіне сәйкес сырттай шешімге апелляциялық тәртіппен тарап (талап қоюшы немесе жауапкер) шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің 15 (он бес) күн мерзімі сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру 5 (бес) күн мерзімі өткен соң есептеледі. Егер арыз берілген жағдайда - бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн есептеледі. Сондықтан бұл нормаға сәйкес жауапкер осы ек ішағым жасау әдістерін қолдана алады: біріншіден сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру арқылы, екіншіден - апелляциялық шағым беру арқылы.
Сот сырттай шешім шығарып, одан кейін жауапкердің сырттай шешімді бұзу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда, жауапкер соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы. Іске қатысушылар сырттай шешімді бұзу туралы ұйғарымға шағымдануға құқылы емес, себебі ол істің әрі қарай жылжуына кедергі жасамауды және мұндай ұйғарымға шағымдану құқығы заңда көрсетілмеген (ҚР АІЖК-нің 264, 268 және 344-баптары).
ҚР АІЖК 265-бабына сәйкес сырттай шешімнің кушін жою туралы арызда:
1) сырттай шешім шығарған соттың атауы;
2) арыз берген жауапкердің атауы;
3) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;
4) арыз беруші жауапкердің өтініші;
5) арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс. Арызға жауапкер немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды. Іске қатысушы адамдардың саны бойынша жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың көшірмесін сотқа ұсынады.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді (ҚР АІЖК 265-6. З-б.).
В.И.Решетняк және И.И.Черных айтуы бойынша бұл нормада қарама-қайшылық бар: бір жағынан заң шығарушы жауапкерді жағымсыз жағдайға соқтырады, екінші жағынан - сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз берумен байланысты шығыннан босатады. Олардың ой-пікірлері бойынша талап арызды қарау кезде сот және талап қоюшы үшін материалдық шығындар туындайды, сондықтан жауапкер сырттай шешімніц күшін жою арызын беруде мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Осындай арызды қабылдағаннан кейін сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнін күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелетін материалдардың көшірмесін жібереді (ҚР АІЖК 266-бабы).
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап 10 (он) күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау жөнінде соттың өкілеттігі ҚР АІЖК 268-бабында көзделген. Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап болған соң келесі ұйғарымдардың біреуін қабылдайды:
1) сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас таріу туралы;
2) сырттай шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы.
Соттың сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым (наразылық) жалпы тәртіп бойынша берілуі мүмкін (ҚР АІЖК 344-бабы).
Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемелерінің толық тізімі ҚР АІЖК 269-бабында көзделген. Осылай сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс:
-егер жауапкердің сот отырысына келмей қалуына дәлелді себептер болса;
-егер жауапкер дәлелді себептер туралы сотқа мезгілінде хабарлауға оның мүмкіндігі болмағанын сот анықтаса;
-егер жауапкер шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе.
Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта қарайды (ҚР АІЖК 270-бабы).
Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шығарған шешім сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкердің бұл шешімді сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге құқығы жоқ (ҚР АІЖК 270-бабы).
20. Талап арызға қойылатын талаптар
Талап арыз субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет.
Талап арыз мазмұны:
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-бөлігі).
Талап арыздың кіріспе бөлігінде:
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша арызда жауапкердің мәліменттері көрсетілген орнына органның (лауазымды тұлғаның) атауы, оның тұрғылықты жері және шағымдануға жататын әрекеттері немесе қабылданған шешімдер. Ерекше іс жүргізу істер бойынша арыздың кіріспе бөлігінде арыз беруші туралы мәліменттер.
Сонымен қатар талап арыздың кіріспе бөлігінде талап қоюдың нысанасын, егер талап мүліктік сипатта болса, онда бағасы белгіленуі тиіс.
Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:
Талап арыздың дәлелдеу бөлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады. Осы бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін заң нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасайтын болса, онда:
Талап арыздың сұрау бөлігінде мүдделі тұлғаның бұзылған құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін талаптары көзделеді.
Егер заңмен белгіленсе немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Талап арыздың соңында қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс, оларға:
Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның қол қояды.
21. Ведомстволығының соттылықтан айырмашылығы және соттылықтың түрлері АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІҢ ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СОТТЫЛЫҒЫ.
Ведомстволық бағыныстылық ұғымы мен түрлері.
Ведомстволық бағыныстылық құқық туралы немесе басқа да заңды ісін белгілі органның құзырлығына жатқызуы. Әр орган тек өзіне ведомстволық бағыныстылықтағы ған сұрақтарды қарастыруға құқылы. Заңды істердің ведомстволық бағыныстылығы негізі заңмен және тек кейбір жағдайларда заңға сәйкес нормативтік актілермен анықталады. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша істер қарастыруға құқығы бар органдар:
- соттар;
Ведомстволық бағыныстылық түрлері:
Жекеше ведомстволық бағыныстылық бір органның ведомстволық бағыныстылығындағы іс қарастыру, мысалы, азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер тек жалпы юрисдикциялық сотта шешіледі.
Көпше ведомстволық бағыныстылық бірнеше органдар ведомстволық бағыныстылығында іс қарастыру, мысалы, мекемелер, мен жеке тұлғалар арасындағы мүліктік дау аралық сотпен немесе жалпы юрисдикциялдық соттармен қаралып, шешілуі мүмкін.
Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығын анықтаудың негізі болып:
Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау азаматтық іс жүргізу кодексте және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
Сотқа бағынышты мүліктің дау оған заң актілерінде тыйым салынбаған кезде және азаматтық іс жүргізу кодекстің 170-бабының 4-тармақшасына және 192-бабына сәйкес тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қаралуына берілуі мүмкін.
Біреулері сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық талаптар сотта қаралуы тиіс. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы заңдарға қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.
Сот ведомствосының қарауына жататын талап қою бойынша, ерекше қоюмен іс жүргізу және ерекше іс жүргізу істер.
Талап қою бойынша іс жүргізу істер: азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері: мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылданған актіге дау айту туралы және т.б. (ҚР АІЖК 25-29 тарау).
Ерекше іс жүргізу істері: заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы; азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы; азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;
азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы;
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы; жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы; азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы; нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша; бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқытарын қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы. Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.
Соттылық ұғымы мен түрлері
Соттылық соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттерді бөлу.
Соттар азаматтық отбасылық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтың қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатынастар мен басқа да құықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды.
Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылданған актіге сотта дау жасалуы мүмкін.
Егер халықаралық шартта, ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды.
Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады.
Азаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі:
Әр қайсысын жеке қарастарайық.
Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай денгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді.
Аудандық, қалалық соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30 баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі.
Облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде ҚР АІЖК-нің 28-бабына сәйкес:
1-талап қою бағасын арыз берілген кезде заңда белгіленген 15 (он бес) мың айлық есептік көрсеткіштен асқан кезде тараптар, заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік даулар бойынша;
2-тараптардың біреуі халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын;
3-министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретін органдардың нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы;
4-аумақтық сайлау комиссияларының референдум, Қазақстан Республикасы Президентінің, өкілді органдар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) азаматтардың дау айтуы туралы азаматтық істерді қарайды.
Қазақстан Республикасының шегіне тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері лауазымды адамдардың заңға қайшы әрекеттеріне талап қоюы жөніндегі істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретін органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтік емес актілеріне дау айту туралы істерді Астана қаласының соты қарайды.
ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы);
1- ҚР-сы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне;
2- Республикалық референдум, ҚР-сы Президентін және ҚР-сы Парламенті депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР-сы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес басқа да істер Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында қаралуға жатқызылуы мүмкін.
Сондай-ақ мамандырылған соттардың қаралуына жататын азаматтық істер де топтық соттылыққа жатады (ҚР АІЖК-нің 30-бабы). ҚР “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен соттар мәртебесі туралы” (25.12.2000 жылы қабылданған) конституциялық заңның 3-бабының 3-бөлігіне және 6-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сондай-ақ ҚР-ның “Мамандандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттар құрылуы туралы” (09.02.2002 жылы қабылданған) Президентің Жарлығына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Астана, Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Манғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Онтүстік-Қазақстан облыстарында құрылуы тиіс. Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары құрылуы тиіс.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, ҚР АІЖК-нің 28-бабының бірінші бөлігінің 2),3),4) тармақшаларында, екінші бөлігінде, 29-бапта көзделген істерді қоспағанда, тараптарды заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүліктік және мүліктік емес даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды.
Азаматтық істердің басқа мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылуы ҚР АІЖК-мен белгіленеді.
Егер арызда бір-бірімен байланысты талаптар қойылып, олардың бірі аудандық (қалалық) сотқа, бірі жоғары тұрған сотқа қарасты болса, егер басқа іске қатысушылар бұған қарсы болмаған жағдайда, барлық талаптар жоғары тұрған соттың қарауына жатады (ҚР Жоғарғы Соты Пленумның №9 қаулысы, 30.06.2000ж.).
Аймақтық соттылық. Аймақтық соттылық дегеніміз ол сот жүйесінің бір қатардағы көптеген (аудандық және оларға теңестірілген немесе облыстық және оларға теңестірілген) соттардың қайсысы нақты азаматтық істі мәні бойынша қарайтыны.
Аймақтық соттылықтың келесі түрлерін атауға болады:
ҚР АІЖК-нің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.
22. Сотта өкілдік ету
Сотта өкілдік ету ұғымы.
Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК 58-бабының 1 бөлігі).
Өкілдік басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдік) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир, т.б. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болды. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (ата-анасы, асырап алушылар).
Сотта өкілдік ету дегеніміз басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс-әрекеттер жасау.
Сотта өкілдік ету басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.
Сотта аталған процессуалдық іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.
Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.
Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.
Сотта өкілдік ету түрлері.
Сотта өкілдік негіздеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
Шартты өкілдік ету еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұндай өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады. Азаматтық процесс бойынша тарап немесе үшінші тұлға ретінде қатысатын іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК 58-бабының 1-бөлігі). Сонымен қатар істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады (ҚР АІЖК 187-бабы 5-бөлігі).
Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады (ҚР АІЖК 59-бабы 7-тармағы).
Заңды өкілдік ету заңның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету. ҚР АІЖК-нің 63-бабы бойынша сотта заңды өкілдік ету:
- әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (14-18 жаста) немесе әрекетке қабілеті шектеулі (маскүнемдіктен, нашақорлықтан) азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналармен, асырап алушылармен, қамқоршылар немесе қорғаншылармен;
- хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен;
Сонымен заңды өкілдік ету туындау негізі үшін әртүрлі заңды фактілер қажет туыстық, асырап алушылық, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауы.
Заңды өкілдік істі сотта өздері жүргізеді немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АІЖК 63-бабы 4-бөлігі).
Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету төмен тұрған ұйымның арнайлы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы.
Қоғамдық өкілдік ету - өз мүшелерінің мүдделерін қорғауүшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдік етуі.
Ресми өкілдік ету тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын.
Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.
Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.
23. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
Азаматтың істі сотта қарауға әзірлеу азаматтық іс жүргізудің сатысы.
Талап арыз (арыз, шағым) қабылдау арқылы азаматтық іс қозғағаннан кейіи сот азаматтық процестің келесі азаматтық ісі сотта қарауға әзірлеу сатысына өтеді. Нақты азаматтық істі сотта қарау сатысында бұзылған немесе даулы құқықтар, бостандықтар және заңмен қорғалатын мүдделер қорғауы жүзеге асырылады. Егер істі қарау және шешу бойынша сәйкесті әзірлік жүргізілсе бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды қорғап шығуға мүмкіндік бар.
Кез келген азаматтық іс бойынша сотта қарауға әзірлеу жүргізілуі қажет, себебі бұл маңызды роль атқаратын азаматтық процестің жеке сатысы.
Сотта іс қарауға әзірлеуді жүргізу туралы заң талаптарын сақтау істі дұрыс және уақытылы шешудің негізгі шарттарының бірі. Сотта іс қарауға әзірлеу сатысы сотпен сәйкесті ұйғарым қабылдаудан басталады. Бұл ұйғарымда жүргізілуге тиіс әрекеттер белгіленеді. Істі сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты - істі дер кезінде және дұрыс шешуде қамтамасыз ету.
Осы мақсат ҚР АІЖК-нің 166-бабында көрсетілген міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтық істерді әзірлеудің_міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықгық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
Кейбір ғалымдардың пікірінше сотта іс қарауға әзірлеу сатысында тек сот қана әрекет етеді, бірақ бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сәйкес емес. Әрине судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлі жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотқа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.
Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама тағайындауға болады.
Іс жүргізуге қатысушылардың атқаратын рөлдері әртүрлі. Судья заңмен бекітілген іс-әрекеттер жасауға тиіс. Егер іс сот мәжілісінде қарауға тиісті түрде әзірленбесе, онда судья оны сот отырысында қарауға тағайындауға құқығы жоқ. Әзірленбеген іс : заңсыз және негізсіз шешім шығаруға, сондай-ақ осы сотпен қабылданған шешімді бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғады. Сотпен белгіленген дәлелдемелерді іске қатысушылармен ұсынбауы олардың мүдделерін қанағаттандырмайтын сот шешімін шығаруға әкеледі. Басқа қатысушылар іске қажет болған жағдайда қатысады.
Азаматтық істерді қарап талап арызды (арызды, шағымды) қабылдағаннан кейін судья істі сотта қарауға әзірлеу жүргізеді және ҚР АІЖК-нің 168-бабына сәйкес ұйғарым шығарады.
Келесі жағдайды ескерген жөн, егер жоғары тұрған сот төменгі сот шешімін бұзып және істі жаңа сот қарауына жіберсе, осы іс бойынша істі жүргізуші судья жаңадан істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым қабылдау қажет.
Істі сотта қарауға әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу бойынша іс жүргізу әрекетте
Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-нің 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта карауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді жүргізеді:
-талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша
-жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл кажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
-қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істін мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
-іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
-тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;
-оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
-куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
-тараптардың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін шешеді;
-тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
-кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды хабарландыра отыруға, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
-талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
-талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару туралы ұйғарым шығарады;
-басқа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
24. Сотта істі қарастыру және оның сатылары
Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне араласуға жол берілмеушілік нақты істерді шешкен кезде судьялардың Конституция мен заңдардың нормаларын басшылыққа алатындығын, нақты істе барлық мәселелерді өзінің ішкі сенімімен шешетіндігін және бір де бір мемлекеттік немесе қоғамдық мекеменің, бір де бір лауазымды адамның судьяға нұсқау беруге құқығы жоқ екендігің, қандай да істі болсын шешу тек қана сотқа жүктелгендікті білдіреді. Істі іс жүргізуде шешетін бірінші сатыдағы сот жоғары тұрған сотқа тәуелсіз болады.
Қандай да бір нысанда болсын судъяға істің жан-жақты, толық және объективті түрде қаралуына кедергі жасау мақсатында ықпал ету немесе заңсыз шешім шығарттыру қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Сотта іс қарау - істі мәні бойынша қарауға және шешуге бағытталған бірінші сатыдағы сот пен басқа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен тұратын азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жан-жақты, толық және заңды шешіледі. Бұл сатыда сот өз алдына қойылған мына:
-істі мәні бойынша шешу;
-тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу;
-сот қызметінің тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз ету;
-заңды тұлғалар мен азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру міндеттерді жүзеге асырады.
Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін (шешім, ұйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасынын азаматтық іс жүргізу кодексінің 175-бабына сәйкес азаматтық істі қарау сот отырысында жүргізіледі, сондықтан "сотта іс қарау" жане "сот отырысы" ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек. Әдебиетте осы ұғымдардың ара байланысы жөнінде көптеген ғылыми пікірталас бар. Осыдай, А.Ф.Клейман аталған ұғымдар ұқсас және бір мағына түсіндіретінін айтты: сот отырысында іс қарау не іс қарау сот отырысында өтетінін. Бірақ бұл мәселе жөнінде біздің ой-пікірімізше П.П.Гуреевтің айтуы дәйекті: сот отырысы - сотта азаматтық істерді қарау нысаны (формасы). И.М.Зайцев бұл ойды қолдап жалғастырады, ол бұл екі ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін жазды, олар мазмұны (сотта іс қарау) және нысан (формасы - сот отырысы) ретінде айқасады. Бұған қоса нақты азаматтық іс қарауы бір емес бірнеше сот отырысында өтуі мүмкін екенін айтты. Сотта іс қарау және сот отырысы ұғымдардың арасындағы айырмашылыққа И.К.Пискаревта өз назарын аударған болатын. Ол сот отырысындағы азаматтық істі мәні бойынша қарау тәртібі азаматтық процестің өзге де мәселедерін шешуге арналған сот отырысының процедурасынан айырмашылығы бар екенін дүрыс белгіледі, мысалы, сот шешімдегі қателіктерді түзету туралы (ҚР АІЖК 230-232-баптары), іс жүргізу мерзімдерін қалпына кедтіру туралы (ҚР АІЖК 128-бабы), сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы (ҚР АІЖК 408-бабы), сот тапсырмасын орындау туралы (ҚР АІЖК 73-бабы) және т.б. арыздар қарау.
Сотта іс қарау мен сот отырысы өту уақыты бойынша бір-біріне сәйкес келмейді. Осыдай, нақты азаматтық іс бойынша сотта іс қарау шешім немесе ұйғарым (мысалы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту) шығарумен аяқталады, ал сот отырысы осы іс бойынша істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарумен аяқталуы мүмкін. Осы сотта іс қарау сот отырысына қарағанда процессуалдык жағынан ұзақ бодуы мүмкін екенін білдіреді.
Сот азаматтық сот ісін жүргізудің бардық принциптерін (қағидаларын) басшылыққа алып азаматтық істерді қарап шешеді (ҚР АГЖК-нің 2-тарауы).
Соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды (ҚР АІЖК 37-бабының 1-бөлігі).
Соттың бірінші сатысында іс қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (17-тарау. "Сотта іс қарау") жеке тарауында көрсетілген. Өзге категория істерін қарап шешудің арнайы тәртібі ҚР АІЖК-нің 25-39-тарауларында белгіленген.
ҚР АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігіне сәйкес төрағалық етуші сот отырыстың барысына басшылық жасайды. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады.
Төрағалық етуші сот отырысында:
• істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын;
• іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын;
• процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың міндеттерін орындауын;
• процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз етеді.
Оған қоса заң сот отырысында төрағалық етушіге қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастау міндетін жүктеген және сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолдану.
Процеске қатысушылардың қайсыбіреуі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.
Сотта іс қарау бөлімдері
Соттың бірінші сатысындағы азаматтық іс қарайтын сот отырысын бөлімдерге бөліп қарастыруға болады.
Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған принциптерге негізделеді.
Сот отырысының әр бөлімінде жасалатын іс жүргізу әрекеттер жиынтығының өз мәні бар және азаматтық істер қарап шешуге байланысты нақты сұрақтар шешуге бағытталған.
Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы төрт бөлімдерден тұрады:
1) әзірлеу бөлімі;
2) істі мәні бойынша қарау бөлімі;
3) сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы бөлімі;
4) шешім шығару және оны жариялау бөлімі.
1. Әзірлеу бөлімі - алғашқы іс жүргізу әрекеттерін алдын ала -қорытындылау және іс мәні бойынша шешілуіне тиісті іс-әрекеттер жасалу үшін қажетті жағдайлар жасау бөлімі (Г.А.Жилин). Бұған байланысты ғылыми әдебиеттерде сотта азаматтық істер қараудың көрсетілген бірінші бөлімінің қажеттілігі анықталған. П П-Гуреева ғалымның ой-пікірі бойынша әзірлеу бөлімінің міндеті - осы сот отырысында істі қарап шешу үшін қажетті шарттар жасалғандығын тексеру. Осындай аспекте П.Я.Трубниковта әзірлеу бөлімінің міндетін белгілейді, ол "сот осы отырысында істі мәні бойынша толық және дұрыс қараумен байланысты барлық сұрақтар анықтайды және шешеді"- деп жазды. Сотпен әзірлеу бөлімінде шешілетін негізгі сұрақтарына келесі мүмкіндіктерді анықтау жатады:
-осы сот құрамында іс қарау;
-бар дәлелдемелер негізінде іс қарау мен шешу;
-процеске қатысушылардың біреуі келмей қалған жағдайда істі қарап шешу.
Әзірлеу бөлімінде жасалағын іс-әрекеттер, сондай-ақ ол іс-әрекеттер жасау кезегі ҚР АІЖК 180-191-баптарымен реттеледі. Заң осы бөлімде белгіленген нұсқау шегінде жүруін көздейді және келесі тәртіп бойынша іс жүргізу әрекеттерін жасауын алдын ала ескереді:
● сот отырысын ашу;
● процеске қатысушылардың келуін тексеру;
● аудармашыға оның міндеттерін түсіндіреді;
● куәларды сот отырысы залынан шығару;
● сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру;
● іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
● соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуі;
● іске қатысушы адамдар меи өкілдердің сот отырысына келмеу салдары;
● сот отырысына куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары;
●істі қарау кейінге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу;
● сарапшы мен маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Сот отырысын ашу (ҚР АІЖК 180-бабы). Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады. Судья кірген кезде сот отырысының хатшысы өзі ол туралы айтады. Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші (судья) сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға жататын жариялайды. Бұл бірінші сот отырысы басталуында іс жүргізу әрекеті, бірақ сотта іс қарау емес. Аталған іс-әрекет талап қоюшының, жауапкердің және басқа да процеске қатысушылардың келуіне байланыссыз сотпен жеке-дара жасалады. И.К.Пискаревтың айтуы бойынша процеске қатысушылардың біреуінің келмей қалуына байланысты істі қарау кейінге қалдыру заңмен белгіленген тәртіпті (процедураны) сақтамай жүргізетін болса, келген тұлғалардың іс жүргізу құқықтарына қысым жасайды (мысалы, қарсылық білдіру мен өтініш жасау мүмкіндігінен).
Процеске қатысушылардың келуін тексеру (ҚР АІЖК 181-бабы). Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін процеске қатысушылардың қайсысы процеске келгенін, ал егер олар келмеген жағдайда оның себебін анықтайды. Сот отырысында төрағалық етуші хатшыдан процеске қатысушылардың қайсысы келгені туралы сұрайды. Бұдан кейін хатшы іс бойынша кім келгенін, келмегендерге хабарланғаны туралы және олар жоқтығы туралы қандай мәліметтер бар жөнінде баяндайды.
Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру (ҚР АІЖК 182-бабы). Бұл іс жүргізу іс-әрекеті сот отырысының басынан басталады, ол сотта іс жүргізу тілін білмейтін тұлғаға іс қарауында жасалатын барлық әрекеттер мен мәліметтер жөнінде білу мүмкіндігі үшін өткізіледі. Аудармашысыз ол мұндай мүмкіндіктен айрылады, себебі ҚР АІЖК 182-бабында көрсетілген сот іс-әрекет жасағаннан кейін аудармашы өзіне жүктелген міндеттерін орындауға кіріседі. Төрағалық етуші аудармашыға тіл білмейтін тұлғаның түсініктерін, жауаптарын, арыздарын аудару міндетін түсіндіреді, ал тұлғаларға - іске қатысушы тұлғалардың түсініктерінің, жауаптарының, арыздардың мазмұнын және істе бар құжаттармен, дыбыс жазбалармен, сарапшының қорытындысымен, маманның консультациясымен, сондай-ақ төрағалық етушінің тапсырмаларымен, сот ұйғарымымен және шешімімен таныстырып түсіндіреді. Терағалық етуші аудармашыны ҚР Қылмыстық кодексінің 352-бабымен белгіленген жауаптылыққа жалғап аударғаны үшін тартылуы туралы ескертеді. Ол туралы қолхатты сот отырысының хаттамасына біріктіреді. Аудармашы сотқа өз еркімен келуге немесе өз міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайда ол әкімшілік құқық бұзушылық заңы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Саңырау, тілсіз, мылқау адамдар өзара араласуында қолданатын белгілерін аударатын (сурдо) аудармашыларына да ҚР АІЖК 182-бабында белгіленген тәртібі қолданылады.
Куәларды сот отырысы залынан шығару (ҚР АІЖК 183-бабы). Келген куәлар процеске қатысушылардың келуін тексерген соң бірден сот отырысы залынан шығарылады, ал іс бойынша аудармашы қатысқанда, онда оған аудармашының міндеттерін түсіндіргеннен соң шығарылады. Куәларды шығарғанға дейін оларға іс бойынша жауап беру үшін сот отырысы залына біртіндеп кіретіні туралы алдын ала ескертеді.
Төрағалық етуші сотта жауап берген куәлар жауап әлі бермегендермен бір-бірімен сөйдеспеу үшін шаралар қолданады.
Сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру (ҚР АІЖК 184-бабы). Төрағалық етуші сот құрамын жария ету кезінде өз тегін атайды, сондай-ақ істі алқалы қарауда басқа да судъялардың тегін, аты мен аты-жөнін атайды. Соңғысында сот отырысында төрағалық етушінің міндетін судьяның қайсысы орындайтынын белгілейді. Кейінен төрағалық етуші, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы болып кім қатысатынын хабарлайды және әрқайсының лауазым мәртебесін атайды. Содан соң төрағалық етуші іске қатысушы тұлғаларға қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді. Іске қатысушыларға заңмен берілген қарсылық білдіру құқы әділетті сот шешімін шығару процессуалдық кепілдіктердің біреу болып қарастырылады. Іске қатысушыларға қарсылық білдіру құқықтары түсіндірілгендігі туралы сот отырысының хаттамасына жазылады. Қарсылық білдіру негіздері, қарсылық білдіру туралы мәлімдемелер және оларды шешудің тәртібі, мәлімдемені қанағаттандырудың салдары ҚР АІЖК-нің 40-43-баптарымен реттеледі.
25. Сырттай іс жүргізу
260-бап. Сырттай іс жүргізу негіздемелері
1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
2. Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
3. Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.
4. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.
5. Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес.
261-бап. Сырттай іс жүргізу тәртібі
Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.
262-бап. Сырттай шешімнің мазмұны
1. Сырттай шешімнің мазмұны осы Кодекстің 221-бабының ережелерінде белгіленеді.
2. Сырттай дәлелді шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді.
3. Сырттай шешімнің қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс.
263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін жіберу
1. Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күнінен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.
2. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талапкерге ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.
264-бап. Сырттай шешімге шағым жасау
1. Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап бес күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы.
2. Сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал арыз берілген жағдайда - бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап он бес күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін
26. Ерекше талап іс жүргізудің ұғымы және маңызы
Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен
қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу
272-бап. Арыз беру
Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
273-бап. Арызды қарау
1. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдеріндегі түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс.
2. Арызды сот арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
274-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы
1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.
2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық, кассациялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
25-1-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын
бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі арыздар бойынша іс жүргізу
274-1-бап. Арыз беру
1. Жергілікті атқарушы органның шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуда азаматтың құқығы бұзылып отыр деп есептеген азамат осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық бойынша сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
2. Арызды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес, алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті күн мерзім ішінде сотқа беруге болады.
274-2-бап. Арызды қарау
1. Осы Кодекстің 274-1-бабында белгіленген мерзімдерде келіп түскен арыз - екі күн мерзімде, ал осы мерзім аяқталатын күні келіп түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
2. Сот арыз иесінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, аталған адамдардың сотқа келмей қалуы істі қарау және шешу үшін кедергі болып табылмайды.
274-3-бап. Арыз бойынша сот шешімі және оның орындалуы
1. Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу үшін іріктеу рәсіміне қатысуға азаматтың құқығы бұзылуын анықтаған сот шешімі алқабиге кандидаттардың алдын ала тізімдеріне түзетулер енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Сот шешімі тиісті жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
27. Ерекше іс жүргізудің ұғымы, маңызы ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ
Ерекше іс жүргізу - азаматтық сот ісін жүргізудің үшінші түрі, оның талап қоюмен іс жүргізу және ерекше талап қоюмен іс жүргізуден айырмашылыгы бар. Бұл айырмашылық сот ісін жүргізудің осы түрінің қүқықтық тегіне және оның жалпы процессуалдық ерекшеліктерінің сипатына, сондай-ақ ерекше іс жүргізуге әр санаттағы істердің жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Ерекше іс жүргізу - бүл арнайы соттыц азаматтық саыаттағы істеріне жатқызылган, құқық туралы дауы жоқ жәие қоргаудың арнайы құралдар мен тәсілдерді қолданумен сипатталатын азамат-тық іс жүргізудіц дербес түрі. Сот олардың заң фактілерін (әрекеттерін, оқиғаларын, жағдайларын) айқындау арқылы азаматтар мен ұйымдардьщ заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.
ҚР АІЖК-не сәйкес заң фактілерін анықтаудың екі тәртібі бар:
1) әкімшілік тәртіп;
2) соттық тәртіп.
Енді әр қайсына жеке анықтама берейік.
Ақиқат фактілер, яғни тиісті органның лауазымды адамының алдында жасалып жатқан немесе ресми құжаттармен растауға бодатын фактілер (баланың тууы, өлім, некені тіркеу, некені бүзу және т.б.) әкшшшк тәртіпте куәландырылады.
Ақиқат емес фактілер, яғаи не ресми тіркелуге жатпайтын (біреудің асырауында болу, тіркелмеген неке, әкелікті тану, хабар-ошарсыз кету және т.б.), не олардың жоғалуына байланысты ресми құжаттармен расталуга келмейтін (некені тіркеу факті, құқық беретін кұжаттардың тиістілігі) фактідер сот тәртібінде куәдандырыдады, өйткені олар тиісті бір фактіні растайтын дәлелдерді зерттеуді талап етеді. Ал егер талап қою бойынша іс жүргізу кезінде бұзылган немесе даулы қүқықты қорғау үшіи тиісті зан фактісін белгілеу керек болса, онда ерекше іс жүргізуде арыз берушінің мүддесі фактіні айқындаумен шектеледі. Фактіден туындайтын субъективті Құқықтар туралы мәселе ерекше іс жүргізу тәртібінен тыс шешіледі. Мысалы, егер баланыц әкесі айқын болмаса, ол ер азаматтан алименттер өндіріп алуга болмайды. Сондықтан осы ер азамат баланың әкісі болып табылатын факті анықтайды, содан кейін сот ар-Қьіды одан арыз беру аркылы алимепттер өндіріп алуға болады.
Айқындалган заң фактісіне негізделген субъективтік құқықтарға басқа адамдардың дауласуы болмау ерекше іс жүргізуде құқық туралы даудың жоқ екендігін білдіреді.
Азаматтық іс жүргізудің жалпы принциптері - заңдылық, диспозитивтік, тең құқылық, тікелейлік және т.б. - ерекше іс жүргізуінде қолданылады. Ерекше іс жүргізуде істер азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларынан (іс қозғау, істі әзірлеу, сотта істі қарау жәнеі т.б.) өтеді. Дәлелдеудің, хаттама жүргізудің, сот шешімдерін шығарудың және т.б.
Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.
Егер іегі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап кою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қоюі тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға ҚР АІЖК-тін 150,151-баптарында көзделген талаптарды сот белгіленген мерзімде орындау қажеті екндігі түсіндіріледі. Мүддеді адамдардың қарсылыктары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.
Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖК-тің 31-38-тарауларында белгіденген алынысгармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды.
Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:
1)заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;
2)азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;
3) азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекеіке қабілетсіз деп тану туралы;
4)азаматты психиатриялық стационарға мәжбүруіен жатқызу туралы;
5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық туралы;
6)жылжымалы затты иесіз деп тану және жыджымайтын мүдікке коммуналдық меншік кұқығын тану туралы;
7)азаматтың хал актілері жазуларының дұрыс еместігі анықтау туралы;
8)нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;
9) бағалы қағаздарды көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісіп жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы істер;
10) бала асырап алу туралы істер жатады.
КР АІЖК-де ерекше іс жүргізу тәртібімеп басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.
Ерекше іс жүргізудің басқа сот ісін жүргізу түрлерінен айырмашылықтарын белгілеуге болады. Ол құқық туралы даудың жоқтығы. Бұл іс жүргізуде тараптар, яғни талап қоюшы мен жауапкер жоқ. Ерекше іс жүргізу ісін қозғаган адам арыз беруші болып аталады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойышла қаралатып істерге қатысушы үшін мүдделі адамдар (азаматтар, ұйымдар, қаржы мекемелері, әлеуметтік сақтандыру органдары және т.б.) шақырыдады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша қаралатын істерге үшінші тұлғалар қатыспайды. Ерекше іс жүргізуде кұқық туралы да және талап арызы жоқ болғандықтан, онда талап арызын (толық немесе жартылай) тану немесе одан бас тарту, бітімгершілік келісім жасау, талап арызын қамтамасыз ету, қарсы талап, және т.б. ұғымдар қолданылмайды.
28. Сотта аппеляциялық іс жүргізу Апелляциядық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
Бірінші сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейінгі:
-шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердіц көшірмелерін келесі күннен кешіктірмері іске қатысушы адамдарға жібереді;
-шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген 15 (он бес) күн мерзім өткеннен кейін істі апелляциядық сатыға жібереді;
-іске қатысушы адамдарды істі апелляциялық сатыда қараудың орны мен уақыты туралы тиісінше хабарлайды. Істің апелляциялық сатыда қаралатын күні туралы хабар іс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс.
Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге 15 күн мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қаттысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.
Осы апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар:
•аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер женіндегі алқасы;
•облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы.
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:
-істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының;
-материалдык құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;
-істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.
Апелляциялық сатыдағы сот құрамы кем дегенде 3 (үш) судъядан тұрады, біреу төрағалық етуші болады.
Апелляциядық сатыдағы судья апелляциялық шағым берген немесе наразылық кедтірілген тұлғаның өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған, ҚР АІЖК-тің 237-бабында аталған істер бойынша шешімдерден басқа, шешімніц орындалуын тоқтата тұрады (ҚР АІЖК 343-бап).
Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді (ҚР АІЖК 345-6.1-6.).
Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады (ҚР АІЖК 335-6.3-б. және 345-6. 2-6.).
Апелляциялық сатыдағы сот шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыруы (ҚР АІЖК 336-6.), қайтаруы (ҚР АІЖК 337-6.) мүмкін.
Апелляциялық шағым берген тұлға апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға, ал наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Одан кейін шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.
Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап 1 (бір) айлық мерзімнен кешіктірілмей таралуға тиіс (ҚР АІЖК 349-бап).
Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу ҚР АГЖК-тің 41-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрде қатысады.
Апелляциялық сатыдағы сотта істі талқылау бөлімдері: сот отырысын ашу. Терағалық етугаі сот отырысын ашып, қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер істің қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды.
-Іске қатысушылардың келуін тексеру. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдардың қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардыц кімдер екенін айқындайды, өкілдердің өкілеттігін тексереді.
-Іске қатысушы адамдарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
-Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуініц салдары. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келамеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Содан кейін іске қатысушыларға соттың қайта өткізілетін отырысында істің қаралу уақыты мен орны жайында тиісінше хабарлайды. Бұл жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізіледі.
-Соттық іске қатысушы тұлғалар арыздарын шешуі. Іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді. Мәлімделген өтінімдерді шешу ҚР АІЖК-тің 186-бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінімдері бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге алын, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
-Істі мәні бойынша қарау. Істі мәні бойынша қарау судьянъң шағым жасалған шешімиің мән-жайы, апелляциялық шағымның, наразылықтыц дәлелдері және іс материалдары туралы баяндамасымен басталады. Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен екілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Апелляциялық шагым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Егер екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелді себептермен олар бірінші сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткеп тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын керсетуге міндетті. Апелдяциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы. Егер бұл түсініктемелер мен айтақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.
-Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етуші тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтінімдері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтінімдерді шешіп, содан соң жарыссөздеріне көшеді. Сот жарыссөздері ҚР АІЖК-тің 211-бабында кезделген ережедер бойынша өткізіледі, бұл орайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тараптар шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Сот жарыссөздерінен кейін прокурор іс бойынша қорытынды береді. Содан соң сот соттың актісін қабылдауға арналған кеңесу бөлмесіне кетеді.
-Апелляциялың қаулы шығару және оны жариялау. Апелляциялық саты істі қарау нәтижелері бойынша сот актісін қаулы түрінде шығарады (ҚР АІЖК359-бап). Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады. Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады (ҚР АІЖК 369-бап). Апелляциядық сатыдагы сот келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастау туралы;
2) бірінші сатыдагы соттың шешімін өзгерту туралы;
3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығару туралы (ҚР АІЖК 362-бап);
4) ҚР АІЖК-тің 364-бабында көзделген материалдык немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберу туралы (ҚР АІЖК 365 және 366-баптар);
5) ҚР АІЖК-тің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту не арызды қарамай тастау туралы (ҚР АІЖК 367-бап).
Апелляциялық сатыдан соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 368-бап).
29. Кассациялық сатыда іс жүргізу
383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы
Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген шешімдердің, қаулылардың және ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.
383-13-бап. Істі қараудың шектері
1. Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
2. Кассациялық сатыдағы сот мәлімделген талап қоюдың шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттейді.
383-14-бап. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері
Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша істі ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарауға тиіс.
383-15-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі
1. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысына, ұйғарымына орай қаралуға жататынын хабарлайды. Істі сот талқылауына дайындау бөлігінде сот осы Кодекстің 180, 189-баптарын басшылыққа алады.
2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.
383-16-бап. Іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуінің салдарлары
Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.
383-17-бап. Істі баяндау
Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау судьялардың біреуінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мән-жайын, бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының мазмұнын, кассациялық шағымның, наразылықтың уәждерін және оларға келіп түскен пікірлерді баяндайды, сондай-ақ шешімнің дұрыстығын тексеру үшін соттың қарауы қажет болатын өзге де деректерді хабарлайды.
383-18-бап. Іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері
Сот баяндамадан кейін сот отырысына келген, іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағымданған жағдайда талап қоюшы бірінші болып сөйлейді.
383-19-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалардың арыздарын шешуі
Іске қатысушы тұлғалардың кассациялық сатыда істі талқылауға байланысты барлық мәселелер жөніндегі арыздары мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.
383-20-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері
Сот істі кассациялық тәртіппен қарап:
1) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын және ұйғарымын - өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және егер іс апелляциялық тәртіппен қаралмаса, бірінші сатыдағы сотқа немесе егер кассациялық саты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың жіберген қателіктерін түзете алмаса, апелляциялық сатыдағы, бірақ судьялардың өзге құрамындағы сотқа жаңадан қарауға жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешімнің шығарылуға тиіс екені туралы алдын ала шешуге құқылы емес;
3) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға және осы Кодекстің 247, 249-баптарында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не арызды қараусыз қалдыруға;
4) бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін жоюға;
5) егер іс бойынша дәлелдемелерді жинау немесе қосымша тексеру талап етілмесе, бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот істің мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателіктерге жол берілсе, істі жаңадан қарауға жіберместен, бірінші сатыдағы соттың шешімінің немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының күшін жойып, шешімді қаулыны, ұйғарымды өзгертуге немесе жаңа сот актісін шығаруға құқылы.
383-21-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күшін кассациялық тәртіппен жоюдың негіздері
Соттардың заңды күшіне енген шешімдерінің, қаулыларының және ұйғарымдарының күші осы Кодекстің 364-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен жойылуға жатады.
383-22-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері
1. Кассациялық сатыдағы соттың актілері қаулылар нысанында шығарылады.
2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қаулы шығарған соттың атауы мен құрамы;
3) кассациялық шағым немесе наразылық берген тұлға;
4) шағым жасалған бірінші және/немесе апелляциялық сатылардағы соттың актісінің, кассациялық шағымның немесе наразылықтың және оларға берілген жазбаша пікірлердің, кассациялық сатыда істі қараған кездегі қатысушы тұлғалар түсініктемелерінің қысқаша мазмұны;
5) соттың тұжырымдар жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
6) кассациялық шағымды немесе наразылықты қараудың нәтижелері бойынша тұжырымдар көрсетілуге тиіс.
3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған кезде кассациялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу немесе оны жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағымда, наразылықта бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждерді негізсіз деп танудың негіздері көрсетілуге тиіс.
4. Кассациялық сатының қаулысы бес күннің ішінде түпкілікті нысанда жасалып болуға тиіс. Іс материалдарына қоса тіркелетін қаулының қарар бөлігін жария етуге жол беріледі.
5. Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазулар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе мәнін өзгертпей, шығарылған қаулыны түсіндiруге құқылы. Кассациялық сатыдағы соттың аталған мәселелер бойынша қаулысы шығарылған күннен бастап күшіне енеді.
383-23-бап. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысының заңды күші
Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
383-24-бап. Іс кассациялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен кассациялық шағымды қарау тәртібі
1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген кассациялық шағым кассациялық сатыдағы сотқа істі басқа шағымдар бойынша қарағаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
2. Егер мұндай шағымды қараудың нәтижесінде кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарылған кассациялық актінің заңсыздығы немесе негізсіздігі туралы тұжырымға келсе, онда оның күші жойылып, жаңа сот актісі шығарылады.
30. Қадағалау іс жүргізудің жалпы мінездемесі
Сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау
Қазақстан Республикасы Жоғары Соты қадағалау алқасының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы барлық соттарының заңды күшіне енген актілері, ҚР АІЖК-тің 43-тарауында көзделген негіздер болған сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мумкін.
Қадағалау тәртібімен ҚР АІЖК-нің 387-бабында көзделген себептер мен негіздер болған жағдайда ғана, ҚР АІЖК-тің 385-бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлар және ҚР АІЖК-тің 386-бабында аталған соттар тиісті соттан тексеру үшін азаматтық істі талап етуі мүмкін. Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар басқа да іске қатысушылар қадағалау шағымдары, өтінмдері, сол сиякты ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасарлары және облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге (қадағалау наразылығы) себеп болып табылады.
Материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.
Соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын, егер ҚР-ның Коисттуциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін (ҚР АІЖК 387-6. 4-6.).
Қадағалау тәртібі бойынша қадағалау шағымды немесе наразылықты қарайтын соттар:
1) Облыстың және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы: аудандық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне енген шешіміне, қаулысына, ұйарымына;
облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының апедляциялық қаулыларына қадағалау наразылықтары, ұсынымдары бойынша істерді қарайды.
2) Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы: облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқасының апелляциялық тәртіппен қаралмаған, істерді бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарылған шешімдеріне, қаулыларына, ұйғарымдарына;
облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадагалау алқасының қаулыларына қадағалау наразылықтары және ұсынымдары бойынша істерді қарайды.
3) Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының ісін бірінші сатыда қарау кезінде шығарған шешімдеріне, қаулыларына, ұйғарымдарына;
Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының істерді апелляциялық және қадағалау тәртібімен қарау кезінде шығарған қаулыларына;
Жоғарғы Соты қадағалау адқасының ҚР АІЖК-тің 384-ба-бының екінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істерді қарайды (ҚР АІЖК 386-бап),
Соттын шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне етен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде қадағалау шағымын, наразылығын беруге болады. Соттың заңды күшіне енген шешімі, ұйғарымы, қаулысы адам мен азаматтың ҚР-ның Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұсқан келтіретін болса және осы сот актілерін ҚР Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныса әр кезде (мерзіммен шектелмейді) қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін (ҚР АІЖК 388-бап).
Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы заңды күшіне енген шешімді, қаулыны, ұйғарымды қайта қарау туралы ұсынымды карау үшін іспен, шағыммен және оған қоса тіркелген материалдармен бірге тиісті қадағалау сатысына жібереді.
31. Заң күшіне енген сот актілерін жаңа ашылған жағдайлар бойынша жаңадан қарастыру
Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысының ұғымы және негіздер
ҚР АІЖК-нің 404-409-баптары заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібін реттейді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы істі сотта қадағалау тәртібімен қатар заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаудыдарын қайта қараудың екінші нысаны болып табылатын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау ерекше тәртібін көздейді. Осы екі нысанның өз ара айырмашылығын процессуалистер ең бастысы істерді қайта қараудың негіздері мен әдістері бойынша жүргізеді.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыдарын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау - азаматтық процестің дербес сатысы.
ҚР АІЖК-сі бойынша заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері болып мыналар табылады:
1)арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;
2)заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәделдемелердің жалғандығы;
3)заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері;
4)белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шегаімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою (ҚР АІЖК 404-бап).
Сондыктан мұнда жаңа емес, ал жаңадан анықталған мән-жайлар туралы айтылады, яғни сотта іс қарау кезінде болған іс үшін елеулі мән-жайлар туралы, бірақар берушіге және сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған.
Жаңадан анықталған мән-жайлар - бұл сотта істі қарау кезінде болған және оны шешу үшін елеулі маңызы бар, арыз беруші не сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаган, сондай-ақ осы іске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу-ыиа, езгеруіне немесе қысқартылуына әсер ететін заңды фактілер.
Мысалы, заңды мұрагерлік тәртіп бойынша сот мүлікті бөлген соң қайтыс болған адамның өсиеті анықталуы.
Егер де жаңадан анықталған мән-жайлар сотқа шешім шығару кезінде белгілі болған да, онда ол сол іс бойынша соттың қорытынды шешіміне әсерін тигізуші еді.
Егер де соттың шығарған шешімінің негізділігіне әсер тигізетін жаңа дәлелдемелер анықталса, онда ол істі қадағалау тәргібі бойынша қайта қарауға негіз болып табылады.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталган мән-жайлар бойынша қайта қарауға негіз болған мән-жайлар дәлелдену қажет, себебі осы сот актілерін қайта қарау туралы арызды шешетін сот қайта қарау үшін негіз бар - жоғын анықтау тиіс.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың және қадағалау тәртібі бойынша қайта қараудың бір-бірінен мынандай айырмашылығы бар:
-қайта қарау негіздері бойынша (ҚР АІЖК 387 және 404-баптар);
-қайта қарау объектісі бойынша;
-істі қайта қарау туралы сұрақты тудыруға құқығы бар тұлғалар бойынша;
-істі қаріта қарайтын сот өкілеттігі бойынша;
-істі қайта қараудың процессуалдық тәртібі бойыиша. Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыдарын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы сот актілерін шығарған сот қайта қарайды, ал қадағалау тәртібі бойынша шығарған сот актісін қаііта қарауды әр кезде жоғары тұрған сот жузеге асырады.
Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау пәні ретінде, әдетте, бірінші сатыдағы сот шешімі, істі қысқарту туралы (яғни іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) ұйғарым, сондай-ақ қайта қарау сатыдағы соттың қаулыдары табыдады. Сонымен соттың бұйрыгы мен жеке ұйғарымы жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау пәніне жатпайды, себебі мұндай сот актілерін ҚР АІЖК-нің 44-тарауында заң шығарушы көздемеген.
32. Атқарушылық іс жүргізудің маңызы
Атқарушылық іс жүргізу ұғымы, әдістері және міндеттері
Бұл тақырып бойынша біз тек кейбір мәселерді атап көрсетіп отырмыз, толық сіздер арнайы "Атқарушылық іс жүргізу" деп аталатын курс (пән) бойынша өтесіздер.
Атқарушылық іс жүргізу дегеніміз бұл соттың нормативтік актілерін және басқа органдардың юрисдикциялық актілерін мәжбүрлеп орындату мақсаты болып табьматын азаматтық іс жүргізудің бір сатысы.
Әр құқық садасы өзі реттейтін нақты қоғамдық қатынастары болады. Сондықтан атқарушылық іс жургізуде нақты қоғамдык қагынастарын регтеуге бағыттаулады, яғни азаматтық және шаруашыдық істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын (1), мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық ісгер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды (2) міндетті түрде және уақытылы орындау, сондай-ақ өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындаумен байланысты қатынастар (3).
Осы атадғам құқықтық қатынастарын реттеуге екі әдіс түрін белгілеуге болады. Олар: диспозитивтік (өз мәні бойынша рұқсат етуші) және императивтік (өз мәні бойынша міндеттеуші, мәжбүрлеуге).
" Атқарушылық іс жүргізу жәе сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы заңьшың 1-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізудің мынадай міндеттері көзделген:
•азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын міндетті және уақытылы орындау;
• мүдікті ондіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды міндетті және уақытылы орындау;
• осы заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаудыдарын орындау.
Атқарушылық іс жүргізу пәннің қайнар көздері ретінде келесі нормативтік актілерді атауга болады:
-ҚР Коиституциясы (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 30 август 1995жылы қабылданған;
-ҚР-сы бекіткен халықаралық шарттары (мысалы, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынас және құқықтық көмек туралы 1993-жылгы 22-қаңтардағы 10 мемлекет басшасы келісіп бекіткен Минск Конвенциясы);
-Атқарушылық іс жүргізудің қүқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілейтін, сондай-ақ сот орын-даушыларыиың құқықтық мәртебесін айқындайтын "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыдарының мәртебесі туралы" ҚР-сы заңы 1998 жылғы 30 маусым айында қабылданған;
-ҚР-ның басқа да заңдары (атқарушылық іс жүргізуте қатысушылардың құрамымен айқындадады).
33. Шет ел тұлғаларының қатысуымен іс жүргізу
ҚР-ның АІЖК-нің 45-тарауында шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша жүргізу тәртібі көрсетілген.
Осы кодекстің 423-бабында: ҚР-ныц соттары өздеріне ҚР-ның заңында немесе халыкаралық шартында көзделген тәртіппен берілген жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау (хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсініктемелер алу, жергілікті жерде сараптама және тексеріс жүргізу жәие т.б.) туралы шетелдік соттардың тапсырмаларын орындайды.
Бұған:
-тапсырманы орындау ҚР-ның егемендігіне қайшы келетін немесе ҚР-ның қауіпсіздігіне қатер төндіретін;
-тапсырманы орындау сот құзыретіне кірмейтін жағдайлардың қосылмайтыпы;
-шетелдік соттардың жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы тапсырмаларын атқаруы, егер ҚР-ның халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, заңда белгіленген тәртіппен жүргізетіні;
-ҚР-ның соттары жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы шетелдік соттарга тапсырмалар мен етіиіш жасауының мүмкіндігі;
-ҚР-сы соттарынын шетелдік соттармен қарым-қатынас жасау тәртібі ҚР-ның заңында және халықаралық шарттарында белгіленегіні кіреді.
Осы аталған халықаралық шарттың бірі - Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынас және құқықтық көмек туралы 1993-жылғы 22-қаңтардағы 10 мемлекет басшасы келісіп бекіткен Минск Конвеициясы болып табылады.
Конвснциясы қолданғанда 1997 жылы 28 наурызда Москва қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кездесуінде қосымша өзгерістер мен толықтырулар жасалғанын ескеріен жөн.
Бұл Конвенцияға 1997 жылы барлығы 12 мемлекет қосылып, қол қойган. Атап айтқанда: Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузля, Қазақстаи Респуб-ликасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясьт, Тэжікістан Республикасы, Түрікменстан, Өзбексган Республмкасы және Украина кіреді.
Конвенцияньщ 6-бабында келісуші жақтар бір-біріне қүқықтық көмекті осы елдердің заңдарында көрсетілген іс жүргізу арқылы, соның ішінде: қүжаттарды дайындау және жолдау, алу, қарау, тінту, айгақты заттарды алып беру, сараптамаларды өткізу, тарап-гарды, үшінші жақты, сезіктіні, айыпкерді, жәбірленушіяі, куәні, сарапшыиы сұрау, жеке адамды іздестіру, кылмыстық қудалау, қылмыстық жауапқа тарту үиіін адамды алдыріу немесе үкімді орындау, азаматтык Істер бойынша шешшдерді укшнщ азамат-тық талап бойынша болігіи орындау, кұжаттарын тану және оны орындау, құжаттарды тапсыру аркылы жүргізетіні корсетілген.
Конвенцияның 5 және 54-баптарына сәйкес, ҚР Әділет министрлігі арқылы түскеп шетелдік сот қаулыларып ҚР-ның облысы аумағында орындауға рұқсат беру мәселесі облыстық сот актісімен шешіледі. Шетелдік сот қаулыдарын тапып, рұқсат етілген соң, орындау қағазы жазылып, облыстық сот әкімшілігі комитеті-не жолданады. Қабылданган шешім туралы шетелдік Әділет министрлігі мен ҚР Әділет министрлігіне және өтініш жасаушы азамат немесе ұйымга мәлімденеді.
Шетелден түскен сот құжаттары Конвенция талабына сәйкес келмесе немесе бедгіленген азаматтың немесе ұйымның мекен-жайы дұрыс көрсетілмесе және оны анықтау мумкін болмаган жағдайда тапсырмаларды орындау жайлы өтініш қанағаттанда-рылмайды,
Мәселен, Ресей Федерациясынан, Барнаул қалалық сотынан А.Бой-кога сот қаулыларын тапсыру жайлы жіберілген тапсырма, бұл аза-мат құжатта көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындықтап, оның ме-кен-жайын анықтау мүмкін болмағандықтан орындалмаған.
Өзбекстан Республикасынан тускен Ташкент қаласының Сергілі аудандық сотының Ю.А.Голубевтеи алимент өндіру жайды шешімін орындау жайлы өтініште жауапкердің мекен-жайын Оңтүстік Қазақстан облысы, Жаңа арық колхозы деп дұрыс көрсет-пеген. Жауапкердің мекен-жайын корсеткенде ауданын, ауылдын қазіргі атьш және көшесін нақты керсету қажет. Облыста жауап-кер азамат тіркеуде жоқ екені анықталган соң, сүраныс жолданды. Өзбекстан Республикасынан Ташкент қаласы Фрунзе аудандық сотының Р.М.Сүлеймановтың пайдасына Жетісай ауданы, ЛениІ-І мақта тазалау заводынан келтірген залалды өндіру жайлы шешімді орындау жайлы сұраныс қанағаттандырылмады, себебі аталган завод 1995-жылы жойлып кеткен еді.
Шетелдік сот орындарынан түскен құжаттар Конвенцияда көрсетідген талаптарга сай келмеген кезде де сұраныс орындалудан бас тартылады.
Конвенцияның 53-бабында мәжбүрлеп сот шешімін орындату жайлы өтініштің жазылу тәртібі көрсетілген.
Шетелдің сот орындарына жоладанатын өтінішке:
1) талап қоюшының шетелдің тиісті сотына жазған өтініші, сот шешімінің мөрмен бекітілген көшірмесі, оның заңды күшіне енген уақыты жайлы, ҚР-да орындалған орындалмағаны жайлы анықтама;
2)сот шешіміпе қатысты тараптың сот мәжілісіне тиісті түрде шақырылганы туралы анықтама;
3) шешімі озгерген, толықтырылған жағдайда оны растайтын құжат;
4) тараптардың соттылық туралы келісімі жайлы құжат (ол туралы келіскен болса).
Көрсетілгеи барлық күжаттарда судьяның қолы және мөрі болуы тиіс.
Құжаттар қалыптасқан тәжірибеге сәйкес орыс тілінде жазылады.
Конвенция бойынша жіберілген сот тапсырмаларының орындалу мерзімі орташа 5 ай болып отыр. Бұл әрине, сот ісін уақытында қарауга сәйкес келмейтін мерзім. Судьялар Азаматгық және Қылмыстық істер жүргізу кодексінің талабымен шетелге сот тапсырмасының жолдануына байланысты өндірісгегі істі жүргізуді уақытша тоқтатуға алу жайлы үйғарым шығарады (АІЖК 242-6. 6-т.).
Қазакстан Республикасында шетелдік соттардың мынадай шешімдері орындауды талап етпейді:
• соты шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана жеке мәртебесін қозғайтын,
• егер неке бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық және Іпетелдік азаматтар арасындағы некені бүзу немесе жарамсыз деп тану туралы;
•егер некенің бұзылуы кезіиде ерлі-зайыптылардың екеуі де Қазақстан Республикасьшан тыс жерлерде турған болса, қазақстандық азаматтар арасындағы некені бүзу немесе жарамсыз деп тану турады шешімдер (ҚР АІЖК 426-бабы).
Қазақстан Республикасы азаматтары мен үйымдарының іс жүргізу қүқықтарына арнайы шектеулер қойылатын мемлекеттердің шетелдік тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы соған сәйкес шектеулер белгідеуі мүмкін (ҚР АІЖК 413-6. 4-6.).